Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 5 маусымдағы № 204-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 4 шілдеде № 9570 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 304 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 18.09.2014 № 404 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 111 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8459 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінде:
      2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:
      06 «Басқа да салықтық емес түсімдер» сыныбында:
      1 «Басқа да салықтық емес түсімдер» кіші сыныбында:
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «

Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының квота көлемі резервін басқарудан және белгіленген мөлшер бірліктерін беруден түскен түсімдер

2

06

1

13

100





                                                                ».

      2. Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Ж.Т.Тоқабекова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министр                                          Е. Досаев