Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 55 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 30 сәуірде № 13671 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі – Академия) оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Академияның Ректоры Ұ.С. Байжанов:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде алған кұнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
А. Дауылбаев

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 55 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асырудың қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асырудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 5-1-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі - Академия) оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін реттейді.

      3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) академиялық күнтізбе – демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) көрсетімен оқу жылы ішіндегі оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіптік практиканы өткізудің күнтізбесі;

      2) білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - БӨЖ) – өз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, рефераттар мен есеп берулер түрінде бақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс, білім алушының санатына қарай ол магистранттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі – МӨЖ) және докторанттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі – ДӨЖ) болып бөлінеді;

      3) ғылыми-әдістемелік жұмыс – педагогтардың кәсіптік құзыретін арттыру және білім беру процесінің инновациялық проблемаларын шешу арқылы білім сапасын қамтамасыз етуге ықпал ететін білім беру ұйымдары басшыларының, педагогтардың және құрылымдық бөлімшелердің бірлескен қызметінің көп деңгейлі, көп функциялы жүйесі;

      4) алып тасталды – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
      5) алып тасталды – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

      6) оқу-әдістемелік жұмыс - білім беру процесін оқытушылық, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарға жеткізу үшін психологиялық-педагогикалық, дидактикалық-әдістемелік және оқу-материалдық объектілермен қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымының қызметі;

      7) Оқу-әдістемелік кеңесі (бұдан әрі – ОӘК) – оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында құрылған басқарманың алқалы органы;

      8) оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОБӨЖ) – бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін, оқу сабақтарының жалпы кестесіне кіретін білім алушының аудиториялық жұмысы және ол оқытушының басшылығымен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОМӨЖ) немесе оқытушының басшылығымен жүргізілетін докторанттардың өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОДӨЖ) болып бөлінеді.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Оқу процесін ұйымдастырудың тәртібі

      4. Академия жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырады.

      5. Академияда оқу процесін ұйымдастыру үшін келесі оқу-әдістемелік құжаттар жүргізіледі:

      1) оқу тобының білім алушыларының сабақтарын, үлгерімін және қатысуын есепке алу журналы;

      2) профессорлық-оқытушылық құрамның (бұдан әрі - ПОҚ) жеке жұмыс жоспары;

      3) оқытушының оқу жүктемесін тіркеу журналы;

      4) оқу тобына емтихандық-рейтингтік ведомосі;

      5) алып тасталды – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
      6) алып тасталды – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

      7) білім алушының жеке жоспары;

      8) алып тасталды – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

      9) транскрипт;

      10) кәсіптік практика мен тағылымдама нәтижелері бойынша қорғау хаттамалары;

      11) алып тасталды – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

      12) Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - МАК) Төрағасының есебі.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Академиядағы оқу жылы тиісті жылдың 1 қыркүйегінен басталады және академиялық күнтізбеге сәйкес аяқталады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Білім алушыларды оқу сабақтарынан босату академияның Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты (бұдан әрі – ЖОКБИ) директорының жазбаша рұқсатымен жүргізіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Бір оқу жылының шеңберіндегі оқу процесін ұйымдастыру Ғылыми кеңестің шешімі бойынша Академия Ректорымен бекітілетін академиялық күнтізбе негізінде іске асырылады.

      9. Оқу сабақтарының кестесінде сабақты жүргізетін адамның көрсетілуімен әрбір курстың, оның жекеленген ағындары мен оқу топтарында сабақтардың өтетін уақыты, орны мен түрі туралы толық ақпарат қамтылады.

      Оқу сабақтарының кестесі оқу жоспары мен бағдарламаларына сәйкес келеді, негізгі педагогикалық талаптарға жауап береді және пәнді зерделеудің әзірленетін құрылымдық-логикалық сызбаларын ескере отырып дайындалады.

      10. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) (бұдан әрі – МЖМБС) талаптарына сәйкес Академия оқу нәтижелерін көрсететін жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді, олардың негізінде пәндер бойынша жұмыс оқу жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламалары (бұдан әрі – ОЖБ) әзірленеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары модульдік оқыту қағидаты бойынша әзірленеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Оқу пәндерінің мазмұны ОЖБ анықталады.

      ОЖБ білім беру бағдарламасының барлық пәндері бойынша әзірленеді, ОӘК отырысында қарастырылады және оқу-әдістемелік жұмыс мәселелеріне жетекшілік ететін проректормен бекітіледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. ОЖБ оқу жылы басталғанға дейін электронды және қағаз тасымалдағыштарда әзірленеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. ОЖБ-ны:

      1) негізгі бетті;

      2) оқытушы туралы мәліметтерді;

      3) пәннің сипаттамасын (пәнді оқудың мақсатын, міндеттерін, білім алушылардың біліміне, шеберлігіне, дағдылары мен құзыреттеріне қойылатын талаптарды, пререквизиттерді және постреквизиттерді);

      4) пәнді оқытудың тақырыптық жоспарын (дәрістерді, семинарлық (практикалық) сабақтарды – кесте түрінде);

      5) пәннің мазмұнын (дәріс, семинар (практикалық) сабақтарының сұрақтарын, ОМӨЖ, ОДӨЖ үшін тапсырмаларды, олардың сағатпен көлемін);

      6) оқытушының талаптарын, саясатты және рәсімдерді;

      7) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын;

      8) әдебиеттер тізімін: негізгі және қосымша құрайды.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Дәрістік кешен (дәріс тезистері), білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау және бағалау бойынша материалдар (жазбаша бақылау тапсырмалары, тест тапсырмалары, өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар тізімі және басқалар), оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеу (пәннің мазмұнына байланысты), мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер тізбесі ЖОКБИ кафедраларында оқытушыда қағаз тасымалдағышта сақталады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Осы Қағиданың 12, 15 және 22-тармақтарында көрсетілген құжаттардың электрондық нұсқалары тиісті пәндер оқытушыларымен оқу жылы басталғанға дейін оқу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйеге енгізіледі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. ЖОБ-ға өзгерістер мен толықтырулар кафедра меңгерушісінің ұсынысымен қажет болған жағдайда ОӘК отырысында талқыланғаннан кейін енгізіледі.

3. Оқу процесін жүзеге асыру тәртібі

      18. Академияда оқу процесі оқытудың кредиттік технологиясы бойынша жүзеге асырылады.

      19. Оқытудың кредиттік технологиясы білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы білім алушының пәндерді таңдауы мен сатылықпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде жүзеге асырылады.

      20. Оқытудың кредиттік технологиясы кезінде оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеу кредитпен өлшенетін оқытылатын материалдың көлемі бойынша іске асырылады.

      21. Білім беру бағдарламаларының мазмұны Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына сәйкес бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандартымен (бұдан әрі - МЖМБС) анықталады және оқу жоспарлары мен бағдарламалары арқылы іске асырылады.

      22. Академия магистранттар мен докторанттарды даярлауды:

      1) үлгілік оқу жоспарына (бұдан әрі – ҮОЖ);

      2) оқу жұмыс жоспарына;

      3) магистранттың және докторанттың жеке жұмыс жоспарына (бұдан әрі-МЖЖЖ/ДЖЖЖ) сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Оқу жоспарларының барлық нысандарында оқу жоспарының әрбір оқу пәніне әріптік және сандық белгілердегі тиісті кодты беруді қарастыратын пәндерін кодтаудың бірыңғай жүйесі пайдаланылады.

      24. Оқу жұмыс жоспарлары (бұдан әрі - ОЖЖ) ҮОЖ негізінде оқудың барлық кезеңіне әзірленеді және Академия ректорымен бекітіледі.

      ОЖЖ-да:

      1) пәндер тізбесі және олардың кредитпен еңбек сыйымдылығы;

      2) оқу тәртібі, оқу сабақтарының түрлері және бақылау нысандары;

      3) оқу қызметінің басқа да түрлері (практика, магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы, магистранттың ғылыми-эксперименттік жұмысы), тағылымдама, кешенді емтихан, магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау және т.б.) анықталады.

      ОЖЖ сабақ кестесін құруға және оқытушының оқу жұмысының еңбекті қажетсінуін есептеу үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      25. Алып тасталды – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. ОЖЖ нысаны, құрылымы және әзірлеу тәртібі Академия дербес анықтайды.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Магистрант және докторант МЖЖЖ/ДЖЖЖ негізінде оқиды, ол ғылыми жетекшінің (консультанттың) басшылығымен құрылады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. МЖЖЖ/ДЖЖЖ оқудың барлық кезеңіне жасалады және мынадай бөлімдерді қамтиды:

      1) ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, есептілік мерзімі мен нысаны);

      2) практика, тағылымдама (бағдарлама, база, есептілік мерзімі мен нысаны);

      3) негіздемесі мен құрылымы бар диссертацияның (жобаның) тақырыбы;

      4) диссертацияны (жобаны) орындау жоспары;

      5) ғылыми жарияланымдардың жоспары, ғылыми-практикалық (ғылыми-теориялық конференцияларға) қатысу және басқалар.

      6) МЖЖЖ/ДЖЖЖ белгіленген мерзімде орындалғаны туралы белгі;

      7) диссертацияны (жобаны) дайындау;

      8) диссертацияның (жобаның) нәтижелерін практикалық, педагогикалық және ғылыми қызметке енгізу;

      9) аралық және қорытынды аттестаттаудан өту: кешенді емтихан тапсыру, диссертацияны (жобаны) қорғау және басқалар.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. МЖЖЖ/ДЖЖЖ ЖОКБИ директорымен үш данада бекітіледі: біреуі - білім алушының оқу ісінде сақталады, екіншісі – кафедраларға (орталықтарға) беріледі және МЖЖЖ/ДЖЖЖ уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін негіз болады; үшіншісі – магистрантқа және докторантқа тапсырылады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Магистрлік және докторлық диссертация (жоба) тақырыптарын белгілеу тәртібі, ғылыми жетекші (кеңесші) тағайындау МЖМБС талаптарына сәйкес анықталады.

      Магистрлік диссертацияның (жобаның) мазмұнына және ресімделуіне, оларды дайындау және қорғауға талаптар Академиямен дербес анықталады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30-1. Жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін магистрант және докторант жеке жұмыс жоспарын орындау тұрғысынан академиялық аттестаттаудан өтеді. Магистрантты және докторантты академиялық аттестаттаудан өткізу тәртібі Академия дербес анықтайды.

      Магистрант және докторант жеке жұмыс жоспарымен қарастырылған іс-шараларды белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, Академияның Ішкі тәртіп қағидаларымен орнатылған тәртіпте оған шаралар қолданылуы мүмкін.

      Ескерту. 3-тарау 30-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңдерінен, демалыстардан, кәсіптік практика мен тағылымдамадан тұрады. Бітіруші курста оқу жылына қорытынды аттестаттау кезеңі кіреді.

      Академияда академиялық кезең семестрде 15 апта ұзақтыққа ие болады.

      Аралық аттестаттау кезеңі кемінде 1 апта ұзақтыққа ие болады.

      Каникулдық демалыстар білім алушыларға әрбір академиялық кезеңнен кейін беріледі, онда бітіруші курстан басқа оқу жылындағы каникулдық демалыс кемінде 6 аптаны құрайды.

      32. Ұзақтығы кемінде 2 аптаны құрайтын академиялық қарызды немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жою үшін (бітіруші курсты есепке алмағанда) жазғы семестр енгізуге жол беріледі.

      Жазғы семестр каникулдық демалыс есебінен немесе академиялық күнтізбе бойынша бөлек жоспарланады.

      33. Академияның ПОҚ педагогикалық жүктемесін жоспарлау академиялық сағат немесе кредит көлемінде жүзеге асырылады. Бұл ретте аудиториялық сабақтардағы педагогикалық жүктеме оқытушының білім алушымен байланысы уақыты бойынша есептеледі.

      Әрбір білім алушымен жеке жұмыс түрлеріне жұмсалатын уақыт шығыны (МӨЖ/ДӨЖ тапсырмаларын қабылдау, емтихан қабылдау, оның ішінде МАК құрамында, магистрлік/докторлық диссертацияларға жетекшілік ету) Академияның дербес бекіткен уақыт нормасы негізінде есептеледі.

      Академиялық сағаты 100 минутқа тең зертханалық сабақтарды қоспағанда, академиялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең.

      Білім алушылардың кәсіптік практикасының барлық түрлерінің, ғылыми-зерттеу жұмыстарының, қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең.

      34. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауды және магистранттар мен докторанттардың аптадағы ғылыми-зерттеу (зерттеу-тәжірибе) жұмысын жоспарлау білім алушылардың 54 сағатқа (6 күндік жұмыс аптасында БӨЖ-ді қосқанда күніне 9 сағат) тең апта ішіндегі нормативтік жұмыс уақытына байланысты анықталды.

      35. Оқу сабақтары басым түрде белсенді шығармашылық нысандарда жүргізіледі (кейс-стади, іскерлік ойындар, тренингтер, диспуттар, дөңгелек үстелдер, семинарлар).

      36. Білім алушылардың оқытудың кредиттік технологиясы кезінде өзіндік жұмысы ОБӨЖ және БӨЖ-ге бөлінеді.

      37. Білім алушылардың өзіндік жұмысының жалпы көлеміндегі ОБӨЖ (МОӨЖ/ДОӨЖ) үлесін Академия дербес анықтайды.

      38. Білім алушылардың барлық оқу тапсырмалары бойынша оқу жетістіктері осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі бойынша бағаланады.

      39. Оқытудың барлық кезеңінде меңгерілген пәндер транскрипте кредиттер мен бағалардың әріптік және сандық эквивалентте көрсетілуімен осы Қағидалардың 2 қосымшасына сәйкес нысанда жазылады.

      Транскрипт оқытудың кез келген уақытында білім алушының жазбаша өтініші бойынша беріледі.

4. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру

      40. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметі ғылым мен білімді интеграциялау, оқу және тәрбие процесін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу мен енгізу және профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру мақсатында МЖМБС-ке сәйкес жүзеге асырылады.

      41. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметтің міндеттері болып табылады:

      1) білім беру бағдарламаларын іске асыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;

      2) білім беру үдерісіне жаңа технологияларды, әдістерді, құралдар мен нысандарды дайындау, енгізу және қолданыстағыларды жетілдіру;

      3) педагогтың шығармашылық ойлауын дамыту, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасыз ету, педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру болып табылады.

      42. Академияның оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметі мынадай бағыттарды қамтиды:

      1) алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе мен білім беруді ақпараттандыруды қорыту және тарату жөніндегі іс-шараларды өткізу;

      2) білім алушылардың өзіндік жұмысын әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу;

      3) білім беру процесін оқу әдебиеттерімен және ғылыми-әдістемелік әзірлемелермен қамсыздандыру мониторингін жүзеге асыру;

      4) оқытудың жаңа технологиялары бойынша, оның ішінде кредиттік технология бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік құжаттар әзірлеу және енгізу;

      5) мәндес мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын бірыңғайландыру жөнінде ұсыныстарды енгізу;

      6) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді, МЖМБС жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      7) оқу процесіне заманауи оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік, дидактикалық материалдарды және оқытудың автоматтандырылған жүйелерін бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін, ақпараттық-кітапханалық жүйелерін енгізу;

      8) ЖОБ әзірлеу, ҮОБ жобаларын дайындауға қатысу;

      9) МЖМБС талаптарын ескере отырып, ОЖЖ мен ЖОБ-ты сараптау;

      10) оқулықтар, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік кешендер, оқу-әдістемелік, оның ішінде электрондық тасымалдағыштағы құралдарды және дидактикалық материалдарды әзірлеу;

      11) оқытудың сапасын, білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін талдау;

      12) магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұны мен нысандарын ұйымдастыру, үйлестіру, талдау;

      13) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша тақырыптық ғылыми, ғылыми-әдістемелік семинарларды, конференцияларды, кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;

      14) ғылыми жобаларды, ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді әзірлеу және конкурстарға қатысу, олардың нәтижелерін оқу процесіне енгізу;

      15) мамандықтар бойынша магистранттарды, философия докторларын (PhD) даярлауды ұйымдастыру және іске асыру.

      43. Академияның оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметі оқу процесін, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын, үйлестіретін Академияның барлық құрылымдық бөлімшелерінде жүзеге асырылады.

      44. Құрылымдық бөлімшелер келесі оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті жүзеге асырады:

      1) қарамағындағы бөлімшелердің оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметіна басшылық жасау;

      2) оқу-тәрбие процесінің, әдістемелік жұмыстың жай-күйін талдау және оларды жетілдіру жөнінде ұсынымдаманы пысықтау;

      3) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік өнімдердің жариялануына және таралуына талдау және ұсынымдама жасау.

      45. Ұжымдық әдістемелік жұмыстың нысаны пәндік комиссиялар, педагогикалық шеберлік мектебі, әдістемелік мәжілістер, семинарлар және конференциялар болып табылады.

      46. Оқу-әдістемелік құжаттама Академияның тиісті құрылымдық бөлімшелерімен әзірленеді, кафедра, ОӘК отырыстарында талқылаудан өтеді және олардың оң қорытындысына ие болған соң ЖОКБИ директорымен бекітіледі.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
  Жанындағы
Құқық қорғау органдары
академиясына білім беру
технологияларын қолдана
отырып, оқу процесін
ұйымдастыру қағидаларына
1-қосымша

Білім алушылардың оқу жетістіктерін дәстүрлі баға шкаласына ауыстыра отырып, бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Әріптік жүйе бойынша баға

Сандық эквивалент

баллдар (%-дық мазмұны)

дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54

FX

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24

  Қазақстан Республикасы Бас
прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясында
Білім беру технологияларын қолдана
отырып оқу процесін ұйымдастырудың
қағидаларына 2-қосымша

      Нысан

      _____________________________________________________________________

      (жоғары оку орнының атауы/ the name of High Educational

      _____________________________________________________________________

      Estabishment/наименование высшего учебного заведения)

      _____________________________________________________________________

      Транскрипт /The transcript/ Транскрипт

      Серия №

      Аты-жөні/Name/Ф.И.О.( при его наличии)_______________________________

      Факультеті/Faculty/Факультет

      _____________________________________________________________________

      Мамандығы/Specialty/Специальность ___________________________________

      Түскен жылы/Year/Год поступления ____________________________________

      Оқу тілі/Language/Язык_______________________________________________

№ п/п

Пәндер атауы/ Courses/ Наименование дисциплин

Кредит саны/ Credit hours/ количество кредитов

Бaғa/ Grade/Оценка

Пайызбен/ In persent/ в процентах

Әріптік/ Аlphabetі/ Буквенная

Балмен/ In points/ в баллах

Дәстүрлі жүйемен/ Traditional/ традиционная

1

2

3

4

5

6

7












































      Кәсіптік практиканы өтті/Has passed professional

      practice/Прошел профессиональные практики

Кәсіптік тәжірибеден өту түрлері/ The orm of professional practice/ Виды профессиональных практик

Тәжірибеден өту кезеңіі /the period of passage of practice/ Период прохождения практики

Кредит саны/ Credit hours/ Количество кредитов

Баға/Grade/Оценка

пайызбен/ inperset/ В процентах

Әріптік /alphab ic/ Буквенная

Балмен/inpoints/ В баллах

Дәстүрлі жүйемен/ Traditiona / Традиционная























      Білім алушыларды қорытынды аттестаттау/Final state

      attestation/Итоговая аттестация обучающихся

Мемлекеттік емтиханды тапсырды/ Has passed the state examinations/Сдал государственные экзамены

МАК хаттамасының күні және нөмірі Дата и номер протокола ГАК/ date and number of the report of SAC

Баға/Grade/Оценка

пайызбен in persent/В процента

Әріптік/ alphabet c/ Буквенная

Балмен/in points/В баллах

Дәстүрлі жүйемен/ Traditional/ Традиционная

Мамандығы бойынша/On a speciality/ По специальности






Пәндер бойынша/ On disciplines/ По дисциплинам:

























      Қорытынды жұмысты орындады және қорғады/Has executed and has

      defended degree work/Выполнил(а) и защитил(а) выпускную работу

Қорытынды жұмыстың тақырыбы/ Theme of degree work/Тема выпускной работы

МАК хаттамасының күні және нөмірі/date and number of the report of SAC/ Дата и номер протокола ГАК

Кредит саны/ Credit hours/ Количеств кредитов

Баға/Grade/Оценка

пайызбен in persent/ В процента

Әріптік/ alphabet c/ Буквенная

Балмен/in points/в баллах

Дәстүрлі жүйемен/ Traditio al/ Традицио ная


ГАК










































      Жалпы кредит саны/Total Hours Passed/Общее число кредитов _____

      _____________________________________________________________________

      GPA__________________________________________________________________

      РЕКТОР/RECTOR /РЕКТОР (қолы/signature/подпись)

      Директор ИПВО/the Director /ЖООКБИ директоры

      (қолы/signature/подпись)

      ХАТШЫ/SECRETARY/СЕКРЕТАРЬ (қолы/signature/подпись)

      Tipкeу №/vegistration №/регистрационный №

      М.О М.П.

      "___" ____________20___г.