"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі – Академия) оқулық басылымдары мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Академияның Ректоры Ұ.С. Байжанов:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
А. Дауылбаев |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 61 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары
академиясында оқулық басылымдары мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау,
сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөнiндегi
жұмыстарды ұйымдастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқулық басылымдары мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі – Академия) оқулық басылымдары мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
3. Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) автор – шығармашылық еңбегімен шығарма, ғылыми зерттеу, соның ішінде оқу және әдістемелік материалдарды дайындаған жеке тұлға;
2) авторлық ұжым – серіктес авторлар ретінде жинақталған жеке тұлғалар тобы;
3) оқу-әдістемелік кешен (бұдан әрі – ОӘК) – білім алушының пәнді өту үшін жетімді, толық ақпаратты қамтитын оқу пәні (пәндер) мазмұнын меңгеруін қамтамасыз етуге бағытталған жекелеген оқулық және әдістемелік басылымдардың жиынтығы;
4) оқулық басылымдары, оқу-әдістемелік кешендерінің мониторингі – оқулық басылымын, оқу-әдістемелік кешендерін білім беру процесіне енгізу нәтижелері жөніндегі ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу және тарату;
5) оқулық басылымдарын, оқу-әдiстемелiк кешендерін сынамақтан өткізу – білім беру ұйымдарының оқыту процесінде оқулық басылымдарын, оқу-әдiстемелiк кешендердің пайдалану тәжірибесін енгізу және кешенді зерделеу;
6) оқулық басылымдарына, оқу-әдiстемелiк кешендеріне сараптама – мазмұны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) (бұдан әрі – МЖМБС) , үлгілік оқу жоспарының және үлгілік оқу бағдарламаның ның талаптарына, оқыту, тәрбиелеу және дамыту мақсаттарына, қазіргі заманғы ғылыми түсініктерге және ғылымның психологиялық-педагогикалық талаптарына сәйкестілік бағасы;
7) оқулық басылымы – жүйеленген ғылыми, қолданбалы сипаттағы мәліметі бар, оқуға және оқыту үшін қолайлы түрде мазмұндалған, белгілі бір академиялық дәрежеде оқитындарға есептеліп, нақты білім беру (оқу) бағдарламасы бойынша білім беру процесінде пайдалануға арналған басылым;
8) сарапшы – сараптама жүргізуге тартылатын, білім беру, ғылым, техника және басқа да салаларда кем дегенде бес жыл еңбек өтілі және тиісті біліктілігі бар жеке тұлға;
9) электрондық жеткізгіштердегі оқулық басылымы – оқытуды автоматтандыруға арналған, оқу курсына сәйкес келетін және оқу жұмыстарының әр-алуан түрлерін қамтамасыз ететін, сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, бейне және өзге ақпараттың жиынтығы ретінде ұсынылған басылым.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Білім беру процесін оқу-әдiстемелiк қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру және профессорлық-оқытушылық құрамның жұмысын ынталандыру мақсатымен Академияда үздік оқулық басылымына, ОӘК байқау жүргізіледі.
Байқауды жүргізу тәртібі Академиямен дербес айқындалады.
2. Оқулық басылымдарын, оқу-әдiстемелiк кешендерін дайындау тәртібі
5. Оқулық басылымдарын, оқу-әдiстемелiк кешендерін әзірлеу автормен (авторлық ұжыммен) МЖБС-на, оқу пәні (пәндері) бойынша үлгілік оқу бағдарламасы және үлгілік оқу жоспарларына сәйкес келесі талаптарды ескере отырып жүргізіледі:
1) оқу пәні (пәндері) бойынша неғұрлым өзекті білімдерді енгізу;
2) ұсынылған оқу және әдістемелік материалдардың дұрыстығы;
3) білім алушылардың контингентін ескеру (білім беру бағдарламасын ескере отырып);
4) оқу материалы мазмұнының кәсіби, тәжірибелік бағыттылығы.
6. Оқулық басылымдарының, ОӘК авторлық ұжымының құрамына ғалымдар, оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, оқу басылымның бейіні бойынша мамандар және әдіскерлер кіреді.
7. Дайындалған оқу басылымдары мен ОӘК академияның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының (бұдан әрі – ЖОКБИ), кәсіби деңгейді арттыру институтының (бұдан әрі – КДАИ) тиісті кафедрасының, Академияның ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының (бұдан әрі – ВҒЗИ) орталығының тиісті отырыстарында қарастырылады.
Оқу басылымдарын және ОӘК қарау барысында Академияда оларда сәйкестіктің бар болуы тұрғысынан Академия ректорының бұйрығымен белгіленген тәртіпте тексеріледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7-1. Оқу басылымдарын, ОӘК қарастыру нәтижесі бойынша Академияның ЖОКБИ, КДАИ-дың кафедралары, ВҒЗИ орталығы мынадай:
1) оқу басылымын, ОӘК ғылыми және педагогикалық сараптамаға жіберу туралы;
2) оқу басылымын, ОӘК пысықтау туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Оқу басылымын, ОӘК пысықтау туралы шешім, егер тексеру нәтижесі оларда Академия ректорының бұйрығымен белгіленген сәйкестіктің рұқсат етілген деңгейінен кем болған жағдайда қабылданады.
Кафедра, орталық отырысы хаттамасының көшірмесі авторға (авторлық ұжымға) шешім шығарылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Ескерту. 2-тарау 7-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Оңтайлы сараптау қорытындысы болған жағдайда оқулық басылымы, ОӘК Академияның оқу-әдістемелік кеңесінде және Академияның Ғылыми кеңесінде қарастырылуға жатады.
3. Оқулық басылымдарына, оқу-әдiстемелiк кешендерге
сараптау жүргізу тәртібі
9. Білім беру қызметінде пайдалануға ұсынылатын оқулық басылымдары, ОӘК мазмұнынның МЖБС талаптарына, үлгілі оқу жоспарлары мен бағдарламаларына, ғылыми зерттеулерге, оқытудың, білім алушылардың даму мақсаттарына, психологиялық-педагогикалық ғылымның қазіргі кезеңдегі талаптарына, ОӘК әдістемелік және ғылыми аппаратына қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау үшін оларға сараптау жүргізіледі.
10. Сараптаманы Академияның редакциялық-баспа қызметін ұйымдастыру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – бөлімше) ұйымдастырады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Автор (авторлық ұжым) оқулық басылымына және ОӘК сараптау жүргізу үшін бөлімшеге мынадай материалдарды жолдайды:
1) авторы (авторлық ұжым), титулды бетіне сәйкес атауы, тілі, басылымнан шығу жылы көрсетілген оқулық басылымына, ОӘК сараптау жүргізу туралы баянатты (өтінішті);
2) ЖОКБИ, КДАИ кафедраларының, ВҒЗИ орталығы отырысының хаттамасынан көшірме;
3) оқулық басылымының, ОӘК екі данасы немесе электронды оқулық басылымы үшін CD (DVD)-дискісі;
4) басылымның негізгі тұжырымдамалық ойларын, әзірленуінің өзектілігін, МЖБС, үлгілік оқу бағдарлама талаптарының іске асуын, ал қайта басылып шығарылатын оқулық басылымдары үшін – автормен (авторлық ұжыммен, әзірлеушімен) енгізілген өзгерістері мен толықтыруларын қамтитын оқу басылымына, ОӘК түсіндірме жазба;
5) екі сын-пікір – ішкі және сыртқы;
6) электронды оқулық басылымдары, ОӘК үшін - орнату бойынша нұсқаулық және пайдаланушы үшін басшылыққа алынатын еркін нысандағы нұсқаулық;
7) Академияның оқу басылымын оларда сәйкестіктің бар-жоғына тексеру нәтижесі туралы анықтама, есеп.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Оқу басылымдарына, ОӘК сараптама жүргізу үшін бөлімшемен ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы) немесе (PhD) философия докторы дәрежесі бар Академияның профессор-оқытушылық құрамының, қызметкерлерінің және оқу басылымы әзірленген саланың мамандары болып табылатын практикалық қызметкерлер қатарынан үш адамнан аспайтын сарапшылар тартылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Сарапшыларға автормен (авторлық ұжыммен) ұсынылған құжаттардың барлық жиынтығы беріледі.
14. Бір оқу басылымының, ОӘК сараптамасы, тиісті шешім қабылданғаннан кейін алпыс жұмыс күні ішінде Академияның ЖОКБИ, КДАИ кафедраларының, ВҒЗИ орталығының отырысында ұйымдастырылады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Сараптамалық қорытындыда мынадай шешімдердің бірі көрсетіледі:
1) басылымға және (немесе) оқу процесінде пайдалануға ұсынылады;
2) пысықтауды талап етеді;
3) басылымға және/немесе оқу процесінде пайдалануға ұсынылмайды.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Автор (авторлық ұжым) сараптау нәтижелері туралы сараптау қорытындысы шыққаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Бөлімшемен хабарландырылады.
17. ОӘК сарапшыларының оң қорытындысы негізінде Академияның Ғылыми кеңесі оқу басылымын, ОӘК баспаға және/немесе оқу процесінде пайдалануға ұсынады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Автор (авторлық ұжым) сараптама нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Академияның ЖОКБИ, КДАИ кафедраларының, ВҒЗИ орталығының шешімі бойынша оқу басылымдарына, ОӘК қосымша сараптама жүргізіледі, оны жүргізу осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес өзге сарапшыларға тапсырылады.
Қосымша сараптаманы бөлімше ұйымдастырады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Сарапшылардың қорытындысы негізінде пысықталған оқулық басылымдарына, ОӘК осы Қағидаларадың 11-14 тармақтарына сәйкес сараптау жүргізіледі.
20. Оқулық басылымын, ОӘК пысықтау туралы қорытынды сарапшылармен қайта шығарылған жағдайда, оларды кейін сараптау сәйкес шешім шығарылған соң кемінде бір жылдан соң жүргізіледі.
4. Оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді сынамақтан
өткізу, оларға мониторинг жүргізу және басып шығару тәртібі
21. Жаңадан әзірленген оқулық басылымдарын сынамақтан өткізу бір оқу жылы ішінде жүргізіледі.
22. Сынамақтан өткізу оқулық басылымды кейіннен оқу процесіне енгізу мақсатымен жүргізіледі.
23. ОӘК (немесе оның жекелеген элементтерін) сынамақтан өткізу кем дегенде бір оқу жылында жүргізіледі.
24. Оқулық басылымдарын, ОӘК сынамақтан өткізу білім беру мекемелерінде жүргізіледі.
25. Сынамақтан өткізу нәтижелері автордың (авторлық ұжымның) қатысуымен Академияның оқу-әдістемелік кеңесінде оқулық басылымын, ОӘК білім беру қызметінде пайдалану мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін қаралуға жатады.
Сынамақтан өткізу нәтижелері бойынша оқулық басылымын, ОӘК жетілдіру бойынша ұсыныстар шығарылған жағдайда, олар оқулық басылымдарына, ОӘК мониторинг жүргізу кезінде есепке алу үшін Бөлімшеге тапсырылады.
Оқу-әдістемелік кеңестің шешімі қабылданған күнінен бастап бір жыл ішінде күшінде болады.
26. Бөлімше оқулық басылымдарын, ОӘК мониторингін келесі мақсаттарда жүргізеді:
1) Академияда білім беру процесін, оқу бағдарламаларын қазіргі заманғы оқулық басылымдарыгмен қамтамасыз ету сұрақтары бойынша талдау жасау;
2) оқу процесінде пайдаланылатын оқулық басылымдары, оқу-әдістемелік кешендерінің сапасын жақсарту және оларды өзектендіру қажеттігінде.
Мониторинг нәтижелері бойынша Бөлімше ұсыныстар шығарады және оларды Академияның оқу-әдістемелік кеңесі және Ғылыми кеңесінің қарауына енгізеді.
27. Оңтайлы тәжірибені енгізу мақсатында Академия өзінің оқу басылымдарымен айырбас жасауды кейіннен оларды білім беру ұйымдарының оқу процесіне енгізумен жүргізеді.
28. Оқулық басылымдары, ОӘК Академияның және/немесе автордың (авторлық ұжымның) қаражаты есебінен басылып шығарылады.
Оқулық басылымын, ОӘК басып шығару Академияның оқу-әдістемелік кеңесі және Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.
29. Оқулық басылымын, ОӘК редакциялау және теру Бөлімшемен қамтамасыз етіледі, бұл аяқталған соң олардың таралымы жүргізіледі.