"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі – Академия) білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидалары бекітілсін.
2. Академияның Ректоры Ұ.С. Байжанов:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
А. Дауылбаев |
Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 60 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары
академиясында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын
ұйымдастыру және одан өту қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың кәсіби практикадан және тағылымдамадан өтуін ұйымдастырудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1 бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясында (бұдан әрі – Академия) білім алушылардың кәсіптік практикасымен мен тағылымдамасын ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды.
3. Кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру мен өткізу Академияның кафедра меңгерушілеріне, Академияның оқу-әдістемелік жұмыс және халықаралық ынтымақтастық бөлімшелерінің басшыларына, сонымен қатар жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Институты директорына жүктеледі (бұдан әрі – ЖООКБИ).
4. Кәсіптік практика және тағылымдама қорытындысы Академияның Оқу-әдістемелік кеңесінің (бұдан әрі - ОӘК) отырысында қарастырылады.
5. Білім алушылар кәсіптік практика және тағылымдамадан өту кезінде қабылдайтын ұйымның ішкі жұмыс тәртібінің ережесін сақтайды.
2. Кәсіптік практикадан өту тәртібі және ұйымдастырылуы
6. Кәсіптік практика білім беру бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады, академиялық күнтізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) (бұдан әрі – МЖМБС) талаптарына сәйкес анықталады және мынадай түрлерге бөлінеді: педагогикалық, зерттеу, кәсіптік.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Практика көлемі мен еңбек сыйымдылығы МЖМБС және Үлгілік оқу жоспарының (бұдан әрі - ҮОЖ) талаптарына сәйкес есептеледі.
8. Кәсіптік практиканың тиісті базасы айқындалатын кәсіптік практикадан өтудің әрбір түрінің мақсаты, міндеті және бағдарламасы болады.
8-1. Оқу процесін ұйымдастыру кезінде кәсіптік практиканы академиялық кезеңнен тыс та, академиялық кезеңмен қатар да енгізуге болады.
Ескерту. 2-тарау 8-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Академия кәсіптік практикадан өту туралы кәсіптік практиканың әрбір түрі бойынша құжаттарды әзірлейді.
10. Білім беру бағдарламаларының талаптарына және мамандарды даярлау бейініне сәйкес білім алушылардың кәсіптік практикасын өткізу бойынша базалар ретінде (бұдан әрі – практикалар базасы) мемлекеттік органдар және білім беру ұйымдары анықталады.
Кәсіптік практика Академия ректорының бұйрығымен ЖОКБИ-дың тиісті кафедрасына бекітіледі (бұдан әрі – жауапты кафедра).
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Кәсіптік практика Академия және практика базалары арасында практика басталардан кемінде бір ай бұрын жасалған шарттар (меморандумдар, келісімдер) негізінде өткізіледі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Келісімде Академияның, практика базалары мен білім алушылардың құқықтары мен міндеттері анықталады.
13. Кәсіптік практиканы өткізу үшін ЖОКБИ-дың директоры практика басталар алдында кемінде бір ай бұрын практика базаларымен келісілген бағдарламаны және күнтізбелік кестелерді бекітеді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Кәсіптік практика бағдарламасы практикалар базасын ұйымдастыру қызметінің сипатын, мамандық бейінін ескере отыра жауапты кафедрамен әзірленеді және ОӘК бекітіледі.
15. Кәсіптік практикадан өту бағдарламасында мамандық бейіні, практикадан өту түрінің ерекшелігі, кәсіби стандарттар мен білім беру бағдарламаларына қойылатын талаптар қамтылады.
16. Практикадан өтуді бастамас бұрын білім алушыларды кәсіптік практика бағдарламасымен, есеп құжаттамасына қойылатын талаптармен таныстырылатын жауапты кафедраның отырысы өткізіледі.
Отырыс нәтижелері хаттамамен ресімделеді.
17. Кәсіптік практиканы өтуі үшін білім алушылар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіптік практикадан өтудің жеке жоспарын және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіптік практикадан өту күнделігін құрастырады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 10.07.2019 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Кәсіптік практиканы өту бойынша білім алушыларға Академияның жауапты кафедраларынан және практика базаларынан жетекшілер тағайындалады.
Жетекшілердің қызметтері, міндеттері мен жауапкершіліктерін Академия және практика базалары өздігінше немесе келісім бойынша анықтайды.
19. Білім алушыларды практиканың барлық түріне жолдау, практикадан өту мерзімі, орны, жетекшісі көрсетіле отырып Академия Ректорының бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Бұйрық, практика өтпестен бұрын бір апта мерзімнен кешіктірілмей шығарылады.
20. Кәсіптік практикадан өту қорытындысы бойынша білім алушылар Академияның кәсіптік практика жетекшісі тексеретін есеп дайындайды. Тексеру қорытындысы бойынша Академия жетекшісі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде кәсіптік практика жетекшісінің пікірін дайындайды.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 10.07.2019 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Практика базаларының жетекшілері білім алушылардың кәсіптік практикасын аяқтағаннан кейін Академияға ұсынылатын кәсіптік практика нәтижесі туралы, жеке жоспардың орындалуы туралы жазбаша түрде пікір дайындайды.
22. Білім алушылардың кәсіптік практика нәтижесі туралы есебін жауапты кафедра меңгерушісі және оның оқытушыларынан, кәсіптік практика жетекшілерінен тұратын ЖООКБИ директорымен құрылатын комиссия қарастырады.
Комиссия отырысына ұсынылған есепті қорғау үшін білім алушылар шақыртылады. Есепті қорғау нәтижесі балдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі бойынша бағаланады.
Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
23. Кәсіптік практикадан өту бойынша бағалары кәсіптік практика базаларының жетекшілерінің бағаларын есепке ала отыра яғни қорытынды баға 40% құрайды, және есепті қорғау қорытындысы бойынша комиссияның бағалауы 60% құрайды. Әрбір баға 100 балдық шкала бойынша қойылады.
24. Білім алушының практикадан өтуі бойынша есептік құжаттары (жеке жоспар, кәсіптік практикадан өту туралы күнделігі және есебі, пікірлері) Академиядағы оқуы аяқталғаннан кейін екі жыл бойы кафедрада сақталады.
25. Кәсіптік практика бағдарламасы, кәсіптік практиканың жеке жоспары талаптарын орындамаған, кәсіптік практикадан өту базасынан теріс пікір алған немесе есепті қорғаған кезде қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушылар келесі академиялық кезеңде теориялық оқумен қатар немесе жазғы (қосымша) семестрде осы практика түрін қайта өтуге жіберіледі.
26. Сырқаттануына немесе басқада себепті жағдайларға байланысты курспен бір мезгілде кәсіптік практикадан өтпеген білім алушылар Академия Ректорының бұйрығына сәйкес басқа уақытта өтеді.
3. Педагогикалық практиканы өткізу және ұйымдастырудың
әдістемелік қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар
27. Білім алушылар үшін педагогикалық практика 3 кредиттен кем емес көлемде ұйымдастырылады.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Педагогикалық практика шарттар (меморандумдар, келісімдер) жасалған ЖОО-да өткізіледі. Докторанттар үшін педагогикалық практиканы ЖОКБИ-дың базасында өтуге болады.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Педагогикалық практиканы өткізу мақсаты практикалық дағдылар мен оқыту әдістерін қалыптастыруға бағытталған.
30. Педагогикалық практика теориялық оқыту кезеңінде оқу процесінен қол үзбей жүзеге асырыла отыра магистранттар мен докторанттар бакалавриатта және магистратурада сабақтар жүргізуге тартылады.
31. Педагогикалық практиканың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) педагогикалық шеберлік негіздерін меңгеру;
2) оқу-тәрбиелік және оқыту жұмысын өзі меңгеру қабілеті мен дағдысы;
3) педагогикалық зерттеудің дағдыларын игеру.
32. Педагогикалық практика бағдарламасы мамандықтың білім беру талаптарына сәйкес әзірленеді және білім алушының кәсіби маңызды қабілеттерін дамытуға және педагогтің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған.
4. Зерттеу практикасын өткізу мен ұйымдастырудың
әдістемелік қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар
33. Білім алушылар үшін зерттеу практикасы 3 кредиттен кем емес көлемде ұйымдастырылады.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.34. Зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерін игере отыра, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерімен, эксперименттік деректерді өңдеу және интерпретациялаумен танысу мақсатында өткізіледі.
35. Зерттеу практикасының негізгі міндеті зерттеулердің заманауи әдістемесін игеру.
36. Зерттеу практикасының базалары:
1) Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығында тіркелген немесе Академияның Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітілген тақырыптар бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ЖОКБИ-дың кафедралары;
2) Академияның ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты;
3) ғылыми-зерттеу орталықтары, ЖОО институттары;
4) ведомстволық ЖОО ғылыми-зерттеу институттары болып табылады.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.37. Зерттеу практикалары бағдарламасы мамандықтың білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес әзірленеді және заманауи ғылыми зерттеулер өткізу үшін дағдыларды игеруге бағытталған.
38. Зерттеу практикасының мазмұны білім алушылардың диссертациялық зерттеу тақырыбымен анықталады.
5. Өндірістік практиканы өткізу мен ұйымдастырудың
әдістемелік қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар
39. Өндірістік практика магистранттар үшін 2 кредит, ал докторанттар үшін 3 кредит көлемінен кем емес өткізіледі.
40. Өндірістік практиканың мақсаты оқу барысында алған теориялық білімдерін, оқытылған мамандық бойынша тәжірибелік дағдыларды, біліктілігімен және кәсіптік қызмет тәжірибесін бекіту болып табылады.
41. Өндірістік практиканың негізгі міндеті болып табылады:
1) кәсіби біліктіліктері мен дағдыларын жетілдіру;
2) кәсіби қызметтің озық әдістерін меңгеру;
3) ұйымдастырушылық тәжірибе алу.
42. Өндірістік практика бағдарламасы мамандықтың білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес әзірленеді және кәсіптік стандарттарының талаптарына сәйкес білім алушының кәсіби маңызды қабілеттерін дамытуды қалыптастыруға бағытталған.
43. Өндіріс практикасының базасы оқытылған бейіндік мамандығына сәйкес келетін құқық қорғау органдары болып табылады.
44. Өндіріс практикасының мазмұны диссертациялық зерттеу тақырыбымен анықталады.
6. Тағылымдамадан өту тәртiбi мен мерзімдері
45. Магистранттардың тағылымдамадан өтуі оқу жылының екінші және төртінші семестр аралығында, докторанттардың тағылымдамадан өтуі оқу жылының екінші мен алтыншы семестр аралықтарында жүргізіледі.
45-1. Тағылымдаманы оқу процесінен қол үзбей теориялық білім алу кезеңінде өтуге рұқсат етіледі.
Ескерту. 6-тарау 45-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.46. Білім алушылар тағылымдамадан білім алушылардың қорытынды аттестациясына дейін екі айдан кешіктірілмей өтуі керек.
47. Тағылымдама мемлекеттік және құқық қорғау органдарында, білім беру және (немесе) ғылыми ұйымдарында және (немесе) шетел мемлекеттерінде (бұдан әрі - тағылымдама базалары) диссертациялық зерттеу тақырыптары немесе білім алушылардың жеке шақырулары есепке алынып жүргізіледі.
Білім алушылар үшін ғылыми ұйымдарда және (немесе) тиісті салалар немесе қызмет аяларының ұйымдарында, сонымен бірге шетелде ғылыми тағылымдаманы міндетті түрде өту қарастырылады.
Шетел мемлекеттеріндегі тағылымдама базаларының тізімі Академияның халықаралық ынтымақтастық бөлімшесімен (бұдан әрі – бөлімше) білім алушылардың жеке шақыртуларын ескере отырып құрастырылады.
Мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, білім беру және (немесе) ғылыми ұйымдарындағы тағылымдама базаларының тізімі жауапты кафедрамен құрылады және Оқу-әдістемелік кеңесте бекітіледі.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.48. Тағылымдама базалары білім беру бағдарламаларының ғылыми бағытына, диссертациялық зерттеу тақырыбына, материалдық-техникалық базаға сәйкес, сондай-ақ білікті профессорлық-оқытушылық құрамды, ғылыми қызметкерлерді және практикалық қызметкерлерді ескере отырып анықталады.
Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.49. Білім алушы тағылымдамадан өту үшін ғылыми жетекшінің (ғылыми кеңесшінің) қатысуымен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоспар жасайды, ол тағылымдама базасымен келісіледі және жауапты кафедра отырысында қаралады.
Білім алушы шетелдік тағылымдамадан өту кезінде тағылымдамадан өту жоспарын шетелдік тағылымдамадан өту базасымен тағылымдаманың кезеңін, мерзімін, орнын және тақырыбын келісу үшін бөлімшеге береді.
Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.50. Тағылымдамадан өту базасымен білім алушыларды тағылымдамаға қабылдау расталған жағдайда, жоспар Академия ЖОКБИ-ы директорымен бекітіледі.
Шетелдік тағылымдамадан өту кезінде бекітілген жоспар бөлімшеге тағылымдаманың болжамды кезеңіне дейін кемінде 4 апта (таяу шетел) және 6 апта (алыс шетел) бұрын жіберіледі.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.51. Білім алушы Академияның ЖОКБИ оқу-әдістемелік жұмыс бөлімшесіне мынадай құжаттарды:
1) Академия ректорының атына ғылыми жетекшінің/кеңесшінің, кафедра меңгерушісінің, ЖОКБИ директорының және Академияның жетекшілік ететін проректорының қолы бар баянат;
2) тағылымдамадан өту үшін тағылымдамадан өту базасынан мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аудармасы бар шақыру-хаттың көшірмесі (қажет болған жағдайда);
3) тағылымдамадан өту жоспарын ұсынады.
Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.52. Академия ректоры оң шешім қабылдағаннан кейін, үш жұмыс күні ішінде ЖОКБИ-дың оқу-әдістемелік жұмыс бөлімшесіне білім алушыны тағылымдамаға жіберу туралы бұйрықты Академия ректорына қол қоюға енгізеді.
Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.53. Білім алушылар Қазақстан Республикасынан тысқары шығуға бес жұмыс күні қалғанда мемлекеттік құпияны сақтау бойынша Академияның бөлімшесінде нұсқаулықтан өтеді.
54. Алыс шетелге шығатын болса визаларды ресімдеу Бөлімшемен қамтамасыз етіледі.
55. Білім алушылар тағылымдамадан өту кезеңінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағылымдама күнделігін жүргізеді және қабылдайтын шетелдік білім беру және (немесе) ғылыми ұйымының Жарғысын сақтайды.
Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 10.07.2019 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.56. Сырқаттануына немесе басқада себепті жағдайларға байланысты тағылымдамадан өтпеген білім алушылар Академия Ректорының шешімімен кейінгі мерзімге ауыстырылады.
57. Білім алушылар тағылымдаманы аяқтағаннан кейін ЖОКБИ-дың оқу-әдістемелік жұмыс бөлімшесіне тағылымдамадан өткенін растайтын құжатты (сертификат, куәлік, анықтама және т.б.) ұсынады.
Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.58. Білім алушы тағылымдама аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні өткеннен соң, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағылымдамадан өткені туралы есеп жасайды.
Есеп ғылыми жетекшімен (кеңесшімен), жауапты кафедра меңгерушісімен расталады және ЖОКБИ-дың оқу-әдістемелік жұмыс бөлімшесіне өткізіледі.
Білім алушының тағылымдама нәтижелері туралы есебін жауапты кафедра меңгерушісі және оның оқытушылары арасынан ЖОКБИ директорымен құрылған комиссия қарайды.
Есепті қорғау үшін білім алушы комиссия отырысына шақырылады. Есепті қорғау нәтижелері бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесіне сәйкес бағаланады.
Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту Қағидаларының 1-қосымшасы |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 10.07.2019 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы
Құқық қорғау органдарының академиясы
Кәсіптік практикадан өтудің жеке жоспары
________________________________________
(магистранттың/докторанттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
________________________________________
(білім беру бағдарламасының коды және атауы)
Практиканың басталуы: 20__ж. "____" _________
Практиканың аяқталуы : 20__ж. "____" _________
Практика базасы ___________________________________________________________
№ | Жұмыстың атауы* | Өткізу мерзімі | Орындалуы туралы белгі | Аяқтау нысаны |
Кафедра отырысында талқыланды және мақұлданды ___________________________
20__ж. "____" _________ №__ хаттама
Кафедра меңгерушісі _______________________________________________________
(сыныптық шені, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Магистрант (докторант) ______________ 20__ж . "____" _________
Практика жетекшісі ______________ 20__ж. "____" _________
* Жұмыстың атауы практика түрін ескере отырып, құрастырылады.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту Қағидаларының 2-қосымшасы |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 10.07.2019 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы
Құқық қорғау органдарының академиясы
Кәсіптік практикадан өту күнделігі ________________________________________
(магистранттың/докторанттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
________________________________________
(білім беру бағдарламасының коды және атауы)
Практиканың басталуы: 20__ж. "____" _________
Практиканың аяқталуы : 20__ж. "____" _________
Практика базасы
________________________________________________________________
Кәсіптік практикаға жолданды
____________________________________________________
____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры бұйрығының күні және нөмірі)
Кәсіптік практиканың бағдарламасы Оқу-әдістемелік кеңестің отырысында қаралды және бекітілді
20__ж. "____" _________ №__ хаттама
Магистранттың/докторанттың кәсіптік практикадан өтуінің жеке жұмыс жоспары кафедра отырысының шешімімен мақұлданды
20__ж. "____" _________ №__ хаттама
1. Кәсіптік практика кезеңінде магистранттың/докторанттың жұмысының қорытындысы бойынша есеп
Мерзімі | Кәсіптік практика бағдарламасына және магистранттың/докторанттың кәсіптік практикадан өтуінің жеке жұмыс жоспарына сәйкес бір күн ішінде атқарылған жұмыстардың қысқаша мазмұны | Орындалуы туралы белгі | Практика жетекшісінің қолы |
2. Кәсіптік практика кезеңінде магистрантты/докторантты көтермелеу және жазалау туралы ақпарат
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
3. Кәсіптік практика қорытындысы бойынша магистранттың/докторанттың тұжырымдары мен ұсыныстары
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту Қағидаларының 3-қосымшасы |
Нысан
Кәсіптік практика жетекшісінің пікірі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Кәсіптік практика жетекшісі _______________________________
"___" ____________ 20__ ж.
Магистрант/докторант_______________________________________
"___" ____________ 20__ ж.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту Қағидаларының 4-қосымшасы |
Нысан
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясы
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты
Тағылымдамадан өту жоспары
Т.А.Ә. (болған кезде) _________________________
Мамандығы _____________________________________
1 | Тағылымдамадан өтетін ел | |
2 | Ұйым | |
3 | Тағылымдамадан өту мерзімі | |
4 | Тақырыбы | |
5 | Өзектілігі мен жаңалығы | |
6 | Мақсаты | |
7 | Міндеттері | |
8 | Зерттеу объектісі | |
9 | Күтілетін нәтижелер |
Тағылымдамадан өту кестесі
№ | Іс-шара атауы | Іс-шараны өткізу мерзімі | Зерттеуде қолданылатын технологиялар мен әдістер | Есеп беру нысаны |
Кафедра отырысында қарастырылды
20__ж. "__" __________ № "__" хаттамасы
Магистрант/докторант Т.А.Ә. (болған кезде)
Ғылыми жетекшісі Т.А.Ә. (болған кезде)
Кафедра меңгерушісі Т.А.Ә. (болған кезде)
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту Қағидаларының 5-қосымшасы |
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 10.07.2019 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы
Құқық қорғау органдарының академиясы
Тағылымдама күнделігі
________________________________________
(магистранттың/докторанттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
________________________________________
(білім беру бағдарламасының коды және атауы)
Тағылымдаманың басталуы: 20__ж. "____" _________
Тағылымдаманың аяқталуы : 20__ж. "____" _________
Тағылымдама базасы
___________________________________________________________
Тағылымдамаға жолданды
______________________________________________________
___________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары
академиясының ректоры бұйрығының күні және нөмірі)
Тағылымдаманың жоспары _______________________________________бекітілді (лауазымы, сыныптық шені ) 20__ж. "____" _________
1. Тағылымдама кезеңінде магистранттың/докторанттың жұмысының қорытындысы бойынша есеп
Мерзімі | Тағылымдама жоспарына сәйкес бір күн ішінде атқарылған жұмыстардың қысқаша мазмұны | Орындалуы туралы белгі | Тағылымдама жетекшісінің қолы |
2. Тағылымдама кезеңінде магистрантты/докторантты көтермелеу және жазалау туралы ақпарат
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
3. Тағылымдама қорытындысы бойынша магистранттың/докторанттың тұжырымдары мен ұсыныстары
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
4. Тағылымдама базасынан жетекшінің қорытындысы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Тағылымдама базасынан жетекшісі __________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)
_________________________
(датасы, мөрі)
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту Қағидаларының 6-қосымшасы |
Нысан
Тағылымдамадан өту туралы магистранттың/докторанттың есебі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Құқық қорғау органдары академиясы магистранты/докторантының есебі кафедра отырысында талқыланды және мақұлданды
20__ж. "__" __________ № "__" хаттамасы
Кафедра меңгерушісі ___________________________ Т.А.Ә. (болған кезде)
Магистрант /докторант________________________________________________
"___" ____________ 20__ ж.
Тағылымдама жетекшісі _______________________________________________
"___" ____________ 20__ ж.