Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 60 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 сәуірде № 13657 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі – Академия) білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидалары бекітілсін.
      2. Академияның Ректоры Ұ.С. Байжанов:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельге жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                              А. Дауылбаев

Қазақстан Республикасының
Бас Прокурорының   
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 60 бұйрығымен     
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың кәсіптік
практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту
қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың кәсіби практикадан және тағылымдамадан өтуін ұйымдастырудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1 бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясында (бұдан әрі – Академия) білім алушылардың кәсіптік практикасымен мен тағылымдамасын ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды.
      3. Кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру мен өткізу Академияның кафедра меңгерушілеріне, Академияның оқу-әдістемелік жұмыс және халықаралық ынтымақтастық бөлімшелерінің басшыларына, сонымен қатар жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Институты директорына жүктеледі (бұдан әрі – ЖООКБИ).
      4. Кәсіптік практика және тағылымдама қорытындысы Академияның Оқу-әдістемелік кеңесінің (бұдан әрі - ОӘК) отырысында қарастырылады.
      5. Білім алушылар кәсіптік практика және тағылымдамадан өту кезінде қабылдайтын ұйымның ішкі жұмыс тәртібінің ережесін сақтайды.

2. Кәсіптік практикадан өту тәртібі және ұйымдастырылуы

      6. Кәсіптік практика білім беру бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын ескере отыра академиялық күнтізбеге сәйкес анықталады (бұдан әрі - МЖМБС) және келесі түрлерге бөлінеді: педагогикалық, зерттеу, өндірістік.
      7. Практика көлемі мен еңбек сыйымдылығы МЖМБС және Үлгілік оқу жоспарының (бұдан әрі - ҮОЖ) талаптарына сәйкес есептеледі.
      8. Кәсіптік практиканың тиісті базасы айқындалатын кәсіптік практикадан өтудің әрбір түрінің мақсаты, міндеті және бағдарламасы болады.
      9. Академия кәсіптік практикадан өту туралы кәсіптік практиканың әрбір түрі бойынша құжаттарды әзірлейді.
      10. Білім беру бағдарламаларының талаптарына және мамандарды даярлау бейініне сәйкес білім алушылардың кәсіптік практикасын өткізу бойынша базалар ретінде (бұдан әрі – практикалар базасы) мемлекеттік органдар және білім беру ұйымдары анықталады.
      Кәсіптік практика тікелей басшылық жасайтын Академия проректорының бұйрығымен Академияның тиісті кафедрасына бекітіледі (бұдан әрі – жауапты кафедра).
      11. Практикалар базаларымен жасасқан келісімдер оқу жылының басталуына бір ай қалған мерзімнен кешіктірілмей жасалады.
      12. Келісімде Академияның, практика базалары мен білім алушылардың құқықтары мен міндеттері анықталады.
      13. Кәсіптік практиканы өткізу үшін Академия практика базаларымен келісілген бағдарламаны және күнтізбелік кестелерді бекітеді.
      14. Кәсіптік практика бағдарламасы практикалар базасын ұйымдастыру қызметінің сипатын, мамандық бейінін ескере отыра жауапты кафедрамен әзірленеді және ОӘК бекітіледі.
      15. Кәсіптік практикадан өту бағдарламасында мамандық бейіні, практикадан өту түрінің ерекшелігі, кәсіби стандарттар мен білім беру бағдарламаларына қойылатын талаптар қамтылады.
      16. Практикадан өтуді бастамас бұрын білім алушыларды кәсіптік практика бағдарламасымен, есеп құжаттамасына қойылатын талаптармен таныстырылатын жауапты кафедраның отырысы өткізіледі.
      Отырыс нәтижелері хаттамамен ресімделеді.
      17. Білім алушылардың кәсіптік практикасын өткізу бойынша осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес формасы бойынша кәсіптік практикадан өтудің жеке жоспары және 2 қосымшасына сәйкес формасы бойынша кәсіптік практикадан өту туралы күнделік құрастырылады.
      18. Кәсіптік практиканы өту бойынша білім алушыларға Академияның жауапты кафедраларынан және практика базаларынан жетекшілер тағайындалады.
      Жетекшілердің қызметтері, міндеттері мен жауапкершіліктерін Академия және практика базалары өздігінше немесе келісім бойынша анықтайды.
      19. Білім алушыларды практиканың барлық түріне жолдау, практикадан өту мерзімі, орны, жетекшісі көрсетіле отырып Академия Ректорының бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Бұйрық, практика өтпестен бұрын бір апта мерзімнен кешіктірілмей шығарылады.
      20. Кәсіптік практикадан өтудің қорытындысы бойынша білім алушылар Академияның кәсіптік практика жетекшілері тексеретін есеп дайындайды. Тексеру қорытындысы бойынша Академияның кәсіптік практика жетекшілері осы Қағиданың 3 қосымшасына сәйкес формасы бойынша жазбаша пікір дайындайды.
      21. Практика базаларының жетекшілері білім алушылардың кәсіптік практикасын аяқтағаннан кейін Академияға ұсынылатын кәсіптік практика нәтижесі туралы, жеке жоспардың орындалуы туралы жазбаша түрде пікір дайындайды.
      22. Білім алушылардың кәсіптік практика нәтижесі туралы есебін жауапты кафедра меңгерушісі және оның оқытушыларынан, кәсіптік практика жетекшілерінен тұратын ЖООКБИ директорымен құрылатын комиссия қарастырады.
      Комиссия отырысына ұсынылған есепті қорғау үшін білім алушылар шақыртылады. Есепті қорғау нәтижесі балдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі бойынша бағаланады.
      Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
      23. Кәсіптік практикадан өту бойынша бағалары кәсіптік практика базаларының жетекшілерінің бағаларын есепке ала отыра яғни қорытынды баға 40% құрайды, және есепті қорғау қорытындысы бойынша комиссияның бағалауы 60% құрайды. Әрбір баға 100 балдық шкала бойынша қойылады.
      24. Білім алушының практикадан өтуі бойынша есептік құжаттары (жеке жоспар, кәсіптік практикадан өту туралы күнделігі және есебі, пікірлері) Академиядағы оқуы аяқталғаннан кейін екі жыл бойы кафедрада сақталады.
      25. Кәсіптік практика бағдарламасы, кәсіптік практиканың жеке жоспары талаптарын орындамаған, кәсіптік практикадан өту базасынан теріс пікір алған немесе есепті қорғаған кезде қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушылар келесі академиялық кезеңде теориялық оқумен қатар немесе жазғы (қосымша) семестрде осы практика түрін қайта өтуге жіберіледі.
      26. Сырқаттануына немесе басқада себепті жағдайларға байланысты курспен бір мезгілде кәсіптік практикадан өтпеген білім алушылар Академия Ректорының бұйрығына сәйкес басқа уақытта өтеді.

3. Педагогикалық практиканы өткізу және ұйымдастырудың
әдістемелік қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар

      27. Педагогикалық практика білім алушылар үшін 3 кредит мөлшерінен кем емес (3 апта, мамандықтың ҮОБ жоспарлаған кредиттеріне қарамастан) ұйымдастырылады.
      28. Педагогикалық практика келісім шарттары бар ЖОО жүргізіледі.
      29. Педагогикалық практиканы өткізу мақсаты практикалық дағдылар мен оқыту әдістерін қалыптастыруға бағытталған.
      30. Педагогикалық практика теориялық оқыту кезеңінде оқу процесінен қол үзбей жүзеге асырыла отыра магистранттар мен докторанттар бакалавриатта және магистратурада сабақтар жүргізуге тартылады.
      31. Педагогикалық практиканың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      1) педагогикалық шеберлік негіздерін меңгеру;
      2) оқу-тәрбиелік және оқыту жұмысын өзі меңгеру қабілеті мен дағдысы;
      3) педагогикалық зерттеудің дағдыларын игеру.
      32. Педагогикалық практика бағдарламасы мамандықтың білім беру талаптарына сәйкес әзірленеді және білім алушының кәсіби маңызды қабілеттерін дамытуға және педагогтің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған.

4. Зерттеу практикасын өткізу мен ұйымдастырудың
әдістемелік қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар

      33. Зерттеу практикасы білім алушылар үшін 3 кредиттен кем емес мөлшерінде (3 апта, мамандықтың ҮОБ жоспарланған кредиттеріне қарамастан) ұйымдастырылады.
      34. Зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерін игере отыра, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерімен, эксперименттік деректерді өңдеу және интерпретациялаумен танысу мақсатында өткізіледі.
      35. Зерттеу практикасының негізгі міндеті зерттеулердің заманауи әдістемесін игеру.
      36. Зерттеу практикасының базалары:
      1) ғылыми-зерттеу орталықтары, ЖОО институттары;
      2) ведомствоаралық ЖОО ғылыми-зерттеу институттары;
      3) Академияның ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты болып табылады.
      37. Зерттеу практикалары бағдарламасы мамандықтың білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес әзірленеді және заманауи ғылыми зерттеулер өткізу үшін дағдыларды игеруге бағытталған.
      38. Зерттеу практикасының мазмұны білім алушылардың диссертациялық зерттеу тақырыбымен анықталады.

5. Өндірістік практиканы өткізу мен ұйымдастырудың
әдістемелік қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар

      39. Өндірістік практика магистранттар үшін 2 кредит, ал докторанттар үшін 3 кредит көлемінен кем емес өткізіледі.
      40. Өндірістік практиканың мақсаты оқу барысында алған теориялық білімдерін, оқытылған мамандық бойынша тәжірибелік дағдыларды, біліктілігімен және кәсіптік қызмет тәжірибесін бекіту болып табылады.
      41. Өндірістік практиканың негізгі міндеті болып табылады:
      1) кәсіби біліктіліктері мен дағдыларын жетілдіру;
      2) кәсіби қызметтің озық әдістерін меңгеру;
      3) ұйымдастырушылық тәжірибе алу.
      42. Өндірістік практика бағдарламасы мамандықтың білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес әзірленеді және кәсіптік стандарттарының талаптарына сәйкес білім алушының кәсіби маңызды қабілеттерін дамытуды қалыптастыруға бағытталған.
      43. Өндіріс практикасының базасы оқытылған бейіндік мамандығына сәйкес келетін құқық қорғау органдары болып табылады.
      44. Өндіріс практикасының мазмұны диссертациялық зерттеу тақырыбымен анықталады.

6. Тағылымдамадан өту тәртiбi мен мерзімдері

      45. Магистранттардың тағылымдамадан өтуі оқу жылының екінші және төртінші семестр аралығында, докторанттардың тағылымдамадан өтуі оқу жылының екінші мен алтыншы семестр аралықтарында жүргізіледі.
      46. Білім алушылар тағылымдамадан білім алушылардың қорытынды аттестациясына дейін екі айдан кешіктірілмей өтуі керек.
      47. Білім алушылардың тағылымдамадан өту орны Академияның халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыратын бөлімше (бұдан әрі – Бөлімше) құрастырған білім алушылардың арнайы шақыртуын ескере отыра шетелдік білім беру және ғылыми ұйымдар тізбесі негізінде анықталады.
      48. Тағылымдамадан өтетін білім беретін және ғылыми ұйымдар мамандықтың ғылыми бағытына сәйкес болуы керек, қажетті заманауи материалдық-техникалық базасы мен білікті профессорлық-оқытушылар құрамы болуы қажет.
      49. Білім алушылар тағылымдамадан өтуі үшін ғылыми жетекшісінің қатысуымен (ғылыми кеңесшісімен) осы Қағиданың 4 қосымшасына сәйкес формасы бойынша жоспар құрастырылады (бұдан әрі - Жоспар) және Бөлімшеге шетелдік білім беру және ғылыми ұйымдармен тағылымдама кезеңі, мерзімі, орны және тақырыбы бойынша келісу үшін жіберіледі.
      50. Шетелдік білім беру және ғылыми ұйымдардың білім алушыларды тағылымдамадан өтуге қабылдауы расталған жағдайда Жоспар ЖООКБИ директорымен бекітіледі.
      Бекітілген Жоспар тағылымдамадан болжамды өту кезеңіне дейін 8 апта (жақын шетел), 12 апта (алыс шетел) бұрын Бөлімшеге жолданады.
      51. Акдемияның оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру бөлімшесіне тағылымдамаға жіберілген білім алушылар келесі құжаттарды ұсынады:
      1) Академия Ректорының атына ғылыми жетекшінің, кафедра меңгерушісінің, ЖООКБИ директорының және Академияның бірінші проректорының рұқсаты бар баянат;
      2) шетелдік ұйымнан тағылымдамадан өту үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде аудармасы бар шақырту хатының көшірмесі;
      3) тағылымдамадан өту жоспары.
      52. Академия Ректоры оң шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру бойынша бөлімше білім алушының шетелде тағылымдамадан өту бойынша іссапарға жіберу бұйрығының жобасын әзірлеп, қол қою үшін кадр жұмысы және ішкі бақылау бөлімшесіне береді.
      53. Білім алушылар Қазақстан Республикасынан тысқары шығуға бес жұмыс күні қалғанда мемлекеттік құпияны сақтау бойынша Академияның бөлімшесінде нұсқаулықтан өтеді.
      54. Алыс шетелге шығатын болса визаларды ресімдеу Бөлімшемен қамтамасыз етіледі.
      55. Білім алушылар тағылымдамадан өту кезеңінде осы Қағиданың 5 қосымшасына сәйкес формасы бойынша күнделік жүргізеді және қабылдайтын шетелдік білім беру мен (немесе) ғылыми ұйымдардың Жарғысын сақтайды.
      56. Сырқаттануына немесе басқада себепті жағдайларға байланысты тағылымдамадан өтпеген білім алушылар Академия Ректорының шешімімен кейінгі мерзімге ауыстырылады.
      57. Тағылымдамадан өткеннен кейін білім алушылар тағылымданы өтті деген растайтын құжатты (сертификат, куәлік, анықтама және т.б.) Академияның оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша бөлімшеге тапсырады.
      58. Тағылымдама аяқталғаннан соң бес күннен кейін білім алушылар осы Қағиданың 6 қосымшасына сәйкес формасы бойынша Академияның кафедрасында қорғалатын тағылымдамадан өткендігі туралы есеп дайындайды.
      Есеп ғылыми жетекшімен, Академияның кафедра меңгерушісімен, ЖООКБИ директорымен куәландырылып, Академияның ғылыми-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру бойынша бөлімшеге беріледі.

Қазақстан Республикасы Бас   
прокуратурасының жанындағы   
Құқық қорғау органдары     
академиясында білім алушылардың
кәсіптік практикасын және  
тағылымдамасын ұйымдастыру және
одан өту Қағидаларының     
1-қосымшасы           

Нысан

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясы

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты

Магистранттың / докторанттың кәсіптік практикадан өтуі бойынша
Жеке жоспары

________________________________
Т.А.Ә. (болған кезде)

Практиканың басталуы: « __ » __________ 20__ ж.

Практиканың аяқталуы: « __ » __________ 20__ ж.

Кафедра меңгерушісі
_______________________________________________
(сыныптық шені, лауазымы, Т.А.Ә. (болған кезде)

(қолы)

«__» _______________ 20__ ж.

Астана, 20__ ж.


р.с.

Жұмыс атауы

Өткізу уақыты

Орындалу туралы белгі

Аяқталу нысаны

1

Кәсіптік практиканың жеке жоспарын әзірлеу және бекіту



Бекітілген жеке жоспар

2

Сабақтарды өткізу және (немесе) зерттеу жүргізу бойынша кафедраның құжаттарымен танысу (пәннің жұмыс бағдарламасын және (немесе) кафедраның ҒЗЖ жоспарын, нұсқауларды, бұйрықтарды игеру)




3

Өткізілетін сабақтардың және (немесе) зерттеулердің тақырыптар нысандарын және оларды өткізу уақытын анықтау



Жұмыс кестесі

4

Өткізілетін сабақтардың және (немесе) зерттеулердің тақырыптары бойынша ақпараттық шығу көздерін зерттеу




5

Оқу, ғылыми-зерттеу шараларын және (немесе) процессуалдық әрекеттерді өткізу



Журнал, хаттамалар

6

Кафедра отырысында кәсіптік практикадан өту туралы есепті талқылау және бекіту

Кафедра отырысының жоспарына сәйкес


Практикадан өту бойынша бекітілген есеп

7

Басқада шаралар (көрсету)




Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары Академиясы магистрантының / докторантының кәсіптік практикадан өтуі бойынша жеке жоспары кафедра отырысында талқыланды және мақұлданды _____________________

20__ жылғы «__» __________ № «__» хаттамасы

Кафедраның меңгерушісі _________________________________

Магистрант /докторант________ «___» ____________ 20__ ж.

Практика жетекшісі _____________________________________

«___» ____________ 20__ ж.

Қазақстан Республикасы Бас   
прокуратурасының жанындағы   
Құқық қорғау органдары     
академиясында білім алушылардың
кәсіптік практикасын және  
тағылымдамасын ұйымдастыру және
одан өту Қағидаларының     
2-қосымшасы           

Нысан

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясы

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты

Магистранттың / докторанттың кәсіптік практикадан өту
КҮНДЕЛІГІ

Т.А.Ә. (болған кезде)
магистранттың / докторанттың
мамандықтың атауы және шифрі
__________________________________________________________________
                      (практика базасының атауы)

«___» __________ 20__ ж.
«___»__________ 20__ ж.

Астана, 20__ ж.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау
органдары академиясы магистранттарының/докторанттарының кәсіптік
практикадан өтулерін ұйымдастыру бойынша қорытынды және ұсыныстары

1. Оқу/ғылыми процесін ұйымдастыруды жақсарту бойынша:

2. Кәсіптік практиканы ұйымдастыруды және өткізуді жетілдіру бойынша:

Магистрант, докторант ___________________

Қорытындылар

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Бас   
прокуратурасының жанындағы   
Құқық қорғау органдары     
академиясында білім алушылардың
кәсіптік практикасын және  
тағылымдамасын ұйымдастыру және
одан өту Қағидаларының     
3-қосымшасы           

Нысан

Кәсіптік практика жетекшісінің пікірі

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Кәсіптік практика жетекшісі _______________________________
«___» ____________ 20__ ж.

Магистрант/докторант_______________________________________
«___» ____________ 20__ ж.

Қазақстан Республикасы Бас   
прокуратурасының жанындағы   
Құқық қорғау органдары     
академиясында білім алушылардың
кәсіптік практикасын және  
тағылымдамасын ұйымдастыру және
одан өту Қағидаларының     
4-қосымшасы           

Нысан

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясы

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты

Тағылымдамадан өту жоспары

Т.А.Ә. (болған кезде) _________________________
Мамандығы _____________________________________

1

Тағылымдамадан өтетін ел


2

Ұйым


3

Тағылымдамадан өту мерзімі


4

Тақырыбы


5

Өзектілігі мен жаңалығы


6

Мақсаты


7

Міндеттері


8

Зерттеу объектісі


9

Күтілетін нәтижелер


Тағылымдамадан өту кестесі

Іс-шара атауы

Іс-шараны өткізу мерзімі

Зерттеуде қолданылатын технологиялар мен әдістер

Есеп беру нысаны






Кафедра отырысында қарастырылды
20__ж. «__» __________ № «__» хаттамасы

Магистрант/докторант Т.А.Ә. (болған кезде)

Ғылыми жетекшісі Т.А.Ә. (болған кезде)

Кафедра меңгерушісі Т.А.Ә. (болған кезде)

Қазақстан Республикасы Бас   
прокуратурасының жанындағы   
Құқық қорғау органдары     
академиясында білім алушылардың
кәсіптік практикасын және  
тағылымдамасын ұйымдастыру және
одан өту Қағидаларының     
5-қосымшасы           

Нысан

Тағылымдамадан өту күнделігі

Т.А. Ә. (болған кезде) ______________
Мамандығы ___________________________

Тағылымдамадан өту барысында орындалған жұмыстардың жазбасы

Күні

Тәулігіне орындалатын жұмыстың қысқаша мазмұны



Т.А.Ә. (болған кезде)
(тағылымдама жетекшісінің қолы)

ҚОРЫТЫНДЫ

Магистранттың/докторанттың тағылымдамадан өтуі бойынша қорытындысы және оның ұсыныстары

Магистранттың/докторанттың теориялық білімді тағылымдамададан өту барысында қолдануы туралы тағылымдама жетекшісінің қысқаша бағалауы (ұйымның мөрімен расталған тағылымдама жетекшісінің қолы)

Қазақстан Республикасы Бас   
прокуратурасының жанындағы   
Құқық қорғау органдары     
академиясында білім алушылардың
кәсіптік практикасын және  
тағылымдамасын ұйымдастыру және
одан өту Қағидаларының     
6-қосымшасы           

Нысан

Тағылымдамадан өту туралы магистранттың/докторанттың есебі

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Құқық қорғау органдары академиясы магистранты/докторантының есебі кафедра отырысында талқыланды және мақұлданды

      20__ж. «__» __________ № «__» хаттамасы

Кафедра меңгерушісі ___________________________ Т.А.Ә. (болған кезде)

Магистрант /докторант________________________________________________
«___» ____________ 20__ ж.

Тағылымдама жетекшісі _______________________________________________
«___» ____________ 20__ ж.