Қазақстан Республикасының қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 12 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13308 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз!

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы, Тізбенің 2016 жылғы 15 мамырдан қолданысқа енгізілетін 11-тармағын және Тізбенің 5-тармағының 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін отыз үшінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 12 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері
жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 177 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4860 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптарды бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптар бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптар";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) сәйкес әзірленді және ақпараттық процеске, қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға және электрондық жабдыққа қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеуге, сақтандыру жөніндегі бірыңғай деректер базасының сақталуына және үй-жайларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптарды белгілейді, сондай-ақ деректер базасының басқару жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісінің нысанын, Ұйым қызметінің тәртібін белгілейтін ішкі қағидалардың мазмұнына, жеткізушілердің деректер базасын қалыптастыру үшін ақпаратты ұсыну тәртібіне қойылатын талаптарды, ақпаратты жеткізушілер ұсынатын ақпараттың мазмұнына қойылатын қосымша талаптарды, оны электрондық түрде ұсыну мерзімдерін, сондай-ақ сақтандыру есептерін ұсыну тәртібін белгілейді.";

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Талаптарда Сақтандыру қызметі туралы заңда, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:";

      2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Ұйымның қызметін жүзеге асыруға Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша деректер базасын басқару жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісі және Ұйым қызметінің тәртібін белгілейтін ішкі қағидалар болған жағдайда ғана рұқсат беріледі.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Сақтандыру қызметі туралы заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратты жеткізуші Ұйымға Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6171 тіркелген "Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полистерін рәсімдеуге және беруге, сондай-ақ міндетті сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша міндетті сақтандыру шарттарын жасау үшін сақтанушы өтініштерінің мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 24 қаулысында (бұдан әрі – № 24 қаулы) көзделген мәліметтерді нақты уақыт режимінде ұсынады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Ұйым мынадай тәртіппен сақтандыру полисіне бірегей нөмірді тағайындайды:

      1) сақтандырушының мазмұнына қойылатын талаптар № 24 қаулысында белгіленген көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасауға арналған сақтанушының өтініші негізінде сақтанушы (сақтандырылушы), көлік құралы (көлік құралдары) туралы мәліметтерді енгізуі;

      2) деректер базасында міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисіне енгізу үшін қажетті мәліметтер бар сақтандыру есебін қалыптастыру;

      3) сақтандыру полисіне сақтандыру полисінің нөмірі болып табылатын бірегей нөмірді тағайындау;

      4) деректер базасында қалыптастырылған ақпаратты, оны сақтандыру полисінің бланкісіне басып шығару ақырлы шығару.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Ұйым ақпаратты жеткізуші ұсынған ақпаратты, ол дұрыс немесе толық ресімделмеген, ақпаратты жеткізушінің, сақтандыру есебін алушының, деректер базасы субъектісінің деректері пайдаланылатын ақпарат жүйесінің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сақтандыру есептерін қалыптастыру және пайдалану жүйесінде пайдаланбай қайтарып беруі мүмкін.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Пайдаланушының дербес компьютері құрамында пайдаланушылардың сәйкестендіру және бірдейлендіру құралдары бар, компьютерге кірумен және пайдаланушылардың іс-қимылдарымен байланысты қызметті бақылау мақсатында электрондық құжаттардың сақталу мерзімі ішінде электрондық журналдарды жүргізу мүмкіндігі бар қорғау кешенімен жабдықталады.";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Пайдаланушының дербес компьютері бағдарламалық қамтамасыз етудің тұтастығын қамтамасыз ету құралымен жабдықталады.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Қорғаныс жүйесін пайдалана отырып, ақпаратты ақпараттық ортаға жинақтау үшін бөлінген ресурстарға (дискілік кеңістік, директориялар, желілік ресурстар, деректер базалары және басқалар) кіру, ақпараттық ортадан ақпаратты алу, ақпаратты сақтау, мұрағаттау не басқа да өңдеу тәртібі бұл ресурстарға рұқсат етілмеген кіру мүмкіндігін бермейді.";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Негізгі ақпараты бар сыртқы тасымалдағыштарды сақтау және пайдалану тәртібі оларға рұқсат етілмеген кіру мүмкіндігін бермейді.";

      67-тармақ алынып тасталсын;

      8-тарау алынып тасталсын;

      1-қосымша Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 269 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. "Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7552 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 19 маусым № 330-335 (27409) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, қайтарып алу қағидаларында және көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарда:

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Өтініш беруші уәкілетті органға өтінішпен бірге тиісінше Банктер туралы заңның 17-1-бабының 4, 4-1, 5, 6, 7, 7-1 және 12-тармақтарында, Сақтандыру туралы заңның 26-бабының 6, 6-1, 7, 8, 9, 9-1 және 10-тармақтарында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-1-бабының 6, 6-1, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.

      Бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін бір мезгілде алған кезде өтініш беруші Қағидалардың 5 және 6-тармақтарының талаптарын ескере отырып, Қағидалардың 8, 9, 10 және 11-тармақтарында көзделген тиісті құжаттарды бірыңғай пакетте ұсынады.

      Тұлғаға банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім берген кезде бір мезгілде банктің капиталына қомақты қатысуға не еншілес банкті құруға (иеленуге) рұқсат беріледі.

      Банк холдингі немесе банк болып табылмайтын тұлғаға сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім берген кезде бір мезгілде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуға не еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға (иеленуге) рұқсат беріледі.

      5. Өтініш беруші жеке тұлға, өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкері туралы қысқаша деректер білім беру туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      Өтініш беруші жеке тұлғаның, өтініш беруші заңды тұлға басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мыналарды:

      құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі уәкілетті орган берген алынбаған немесе жойылмаған соттылықтың жоқтығын растайтын (көрсетілген құжаттың берілген күні өтініш беру күнінен бұрын үш айдан аспауы тиіс) құжатты қоса бере отырып ұсынылады. Шетелдіктер олардың азаматтық алған елінің тиісті мемлекеттік органы, ал азаматтығы жоқ тұлғалар - олардың тұрақты тұратын елі берген мазмұны осыған ұқсас құжатты қосымша береді;

      Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген өтініш беруші жеке тұлғаның, өтініш беруші заңды тұлға басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып ұсынылады.

      Өтініш берушінің кірістері мен мүлігі туралы мәліметтер, сондай-ақ барлық міндеттемелері бойынша берешегі туралы ақпарат кірістер мен мүлік бойынша құжаттарды растайтын көшірмелерді қоса бере отырып Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      Қаржы ұйымының қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайында қаржы ұйымының қайта капиталдандыру жоспарында мынадай ақпарат болады:

      қаржы ұйымының ағымдағы ахуалын бағалау;

      қаржы ұйымының меншікті капиталын пруденциялық нормативтер және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттер, қосымша кірістер алу жөніндегі іс-шаралар және басқа іс-шаралар орындалатын мөлшерге дейін қалпына келтіруге бағытталған қаржы ұйымының қаржылық жағдайын сауықтыру жөніндегі іс-шараларды (шығыстарды төмендету жөніндегі шаралар, қосымша қаржылық салымдар (ақша салымының сомасы және көздерін көрсете отырып) жан-жақты сипаттау;

      қаржы ұйымының қаржылық жағдайын сауықтыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуының күнтізбелік мерзімі;

      сауықтыру іс-шараларының болжанатын экономикалық әсері (пруденциялық нормативтердің өзгеру серпіні, қаржы ұйымының меншікті капиталы мөлшерінің өзгеруі, қаржы ұйымының қаржылық және басқа көрсеткіштерінің өзгеруі).

      Қаржы ұйымының қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайында қаржы ұйымының қайта капиталдандыру жоспары өтініш беруші жеке тұлғаның не өтініш беруші заңды тұлға бірінші басшысының, оның ірі акционерінің (акционерлерінің) қойылған қолымен және мөр бедерімен (болған кезде) расталады.

      Егер өтініш беруші банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі не басқа қаржы ұйымының ірі қатысушысы болса, онда уәкілетті органға ұсынылатын қайта капиталдандыру жоспары осы қаржы ұйымының қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес өтініш берушінің міндеттемелері ескеріле отырып жасалады.

      6. Бизнес-жоспар төмендегілермен шектелмей, мынадай ақпаратты:

      қаржы ұйымының мақсаттары мен міндеттерін және көрсетілетін қызметтер түрлерін сипаттауды;

      қаржы ұйымының қызметін талдауды (сыртқы және ішкі ортаны талдауды);

      таяудағы бес қаржы (операциялық) жылына қаржы ұйымы қызметінің даму стратегиясы және ауқымын;

      таяудағы бес қаржы (операциялық) жылына толық жылдық қаржылық жоспарды (негізгі қаржылық көрсеткіштерді есепке алу, бюджет, бухгалтерлік баланс, пайда мен зияндар туралы есеп, бизнес-жоспарды қаржыландыру көздері мен көлемдері);

      тәуекелдерді басқару жоспарын (қаржы ұйымының қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдерді сипаттау және алдағы бес қаржы (операциялық) жылына оларды басқару тәсілдерін);

      таяудағы бес қаржы (операциялық) жылына еңбек ресурстарын тарту жоспарын қамтиды.

      Бизнес-жоспар өтініш беруші жеке тұлғаның не өтініш беруші заңды тұлға бірінші басшысының, оның ірі акционерінің (акционерлерінің) қойылған қолымен және мөр бедерімен (болған кезде) расталады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Өтініш берушінің банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленудің қаржылық салдарларын талдау мыналардың:

      1) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі бойынша құжаттардың, оның ішінде еншілес ұйымдардың қызметіне байланысты құжаттардың болуын;

      2) егер өтініш берушінің банк холдингі немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуі, тиісінше банк конгломератын немесе сақтандыру тобын қалыптастыруға әкелген жағдайда, банк конгломератының немесе сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерді сақтауын тексеруді қамтиды.

      Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес келмеу, оның ішінде қаржы ұйымының қаржылық ахуалының нашарлауын білдіреді.";

      3-қосымша Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      6. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.09.2019 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. "Банктік қарыз және (немесе) банк кепілдігін алу мақсаттары үшін заңды тұлғаның ақпаратты жария ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 25 мамырдағы № 194 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7781 тіркелген, 2012 жылғы 29 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 562-569 (27642) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктік қарыз және (немесе) банк кепілдігін алу мақсаттары үшін заңды тұлғаның ақпаратты жария ету қағидаларында:

      1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің не заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының елу пайызынан астамына тікелей немесе жанама түрде иелік ететін заңды тұлға орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының интернет-ресурсында не Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған мәліметтерді;";

      4-қосымша Тізбеге 10-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      9. "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 тіркелген, 2013 жылғы 5 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 141 (28080) жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 8-бабының 3 және 13-тармақтарын, 8-1-бабы 2-тармағының 4) және 6) тармақшаларын, 11-1-бабының 14-тармағын, 17-бабының 5-тармағын, 17-1-бабының 1-тармағын, 18-бабының 1-тармағын, 20-бабының 15-тармағын, 30-бабының 13-тармағын, 40-бабының 12-тармағын, 44-бабының 5-тармағын, 45-бабының 7-тармағын, 52-12-бабының 3-тармағын және 60-бабының 7-тармағын, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-1-бабының 6-тармағын, 21-бабының 4-тармағын, 26-бабының 1-тармағын, 32-бабының 14-тармағын, 34-бабының 15-тармағын, 44-бабының 6-тармағын, 48-бабының 3, 9 және 10-тармақтарын, 62-бабының 9-тармағын, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 47-бабының 2-тармағын, 72-1-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Жеке тұлға-ірі қатысушысы жоқ екінші деңгейдегі банктің Банктер туралы заңның 30-бабы 13-тармағының талабын орындау үшін:

      1) Қазақстан Республикасының резиденттері - заңды тұлғалар үшін - Standard & Poors рейтингтік агенттігінің "ВВ-"-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған осындай деңгейдегі рейтингтен төмен емес;

      2) Қазақстан Республикасының резиденттері емес - заңды тұлғалар үшін – осы қаулының 1 және 2-тармақтарында белгіленген шетел валютасындағы халықаралық шәкілі бойынша ең аз ұзақмерзімді кредиттік рейтингі бар бас банк не банк холдингі болады."

      10. "Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 386 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8319 тіркелген, 2013 жылғы 5 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 141 (28080) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларында:

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) өтініш ұсынылған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша құрылтайшы (қатысушы), Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атқарушы органның бірінші басшысы (мүшелері), бас бухгалтері (бар болса) туралы мәліметтер;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Микроқаржы ұйымы өтініште көрсетілген орналасқан жері өзгерген, сондай-ақ Қағидалардың 2-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, өзгертілген және (немесе) толықтырылған құжаттарды осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде Филиалға ұсынады.";

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қағидалардың 2-тармағында аталған, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парақтың сыртқы бетінде тігілген парақтардың саны көрсетіле отырып, тігістің түйініне желімделген жапсырма қағазға жартылай басылған микроқаржы ұйымының мөрімен (бар болса) расталып ұсынылады.

      13. Ұсынылатын құжаттардың көшірмелері микроқаржы ұйымдарының осындай құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғаларының қолдарымен және микроқаржы ұйымы мөрінің таңбасымен (бар болса) расталады.";

      1, 2 және 3-қосымшалар Тізбеге 10, 11 және 12-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      11. "Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9248 тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      17-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) соңғы он екі ай ішінде осы инвестициялық портфельді басқарушыға не оның қызметкерлеріне қатысты қабылданған кәсіби ұйымның шешімдерін;";

      20-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) кәсіби ұйымның қолданған ықпал ету шаралары;".

  Қазақстан Республикасының
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін қаржы нарығы және
қаржы ұйымдары мәселелері
жөніндегі нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
1-қосымша
  Деректер базасын қалыптастыру
және жүргізу жөніндегі ұйымның
қызметіне қойылатын талаптарға
қосымша

      Нысан

Деректер базасын басқару жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісі

      _____________________________________________________________________

      (Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ұйымының атауы)

20 ___жылғы "____"_____________
күні

________________________
жасалған орны


      "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан

      Республикасы Заңының (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң)

      79-бабының 5-тармағына сәйкес мынадай құрамда комиссия құрылды:

      уәкілетті органның өкілдері (лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын

      (ол бар болса) көрсету):

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________,

      ол __________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      (атауы)

      Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ұйымының деректер базасын

      басқару жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізудің осы актісін

      жасады.

      Комиссия жұмысына Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу

      ұйымының өкілдері (лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (ол бар

      болса) көрсету) қатысады:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Сақтандыру қызметі туралы заңның 80-бабының 3-тармағында

      көрсетілген ақпаратты жеткізушілермен ақпаратты ұсыну туралы жасалған

      шарттарға қатысты мәліметтер:

Ақпаратты жеткізушінің аты

Шарттың нөмірі мен жасалған күні

Тестілеу нәтижесі

Тестілеу нәтижесіне түсіндірме

1

Сақтандырушылар




1.1









2
 

Деректер базасының субъектілеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган




2.1









3

Өзге тұлғалар




3.1









4

Барлығы (саны)





      Сақтандыру есептерін қалыптастыру және беру жөніндегі

      ақпараттық процесті ұйымдастыру:

      Деректер базасын басқару жүйесінің сипаттамасы:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Ақпаратты ұсыну туралы шартты жасасқан ақпаратты

      жеткізушілермен ақпараттық процесті тестілеу нәтижелері:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ұйымының өкілдері

      түсіндірмелерінің қысқаша мазмұны:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Комиссия Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ұйымының

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (атауы)

      техникалық және өзге құжаттарын, Сақтандыру қызметі туралы заңның

      80-бабының 3-тармағында көрсетілген ақпаратты жеткізушілермен

      жасалған ақпаратты ұсыну туралы шарттарды тексерді, оның деректер

      базасын және сақтандыру есептерін қалыптастыру және беру жөніндегі

      ақпараттық процесті ұйымдастыруға арналған өзге объектілерін басқару

      жүйелерін зерттеді және бұл Деректер базасын қалыптастыру және

      жүргізу ұйымы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      деректер базасын басқару жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге

      дайын (дайын еместігін) анықтады.

      Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ұйымы комиссияның

      актісіне қоса берілген сақтандыру есептерін қалыптастыру және беру

      жөніндегі ақпараттық процесті ұйымдастыруға, деректер базасын басқару

      жүйесіне және ақпараттық процесті тестілеуге қатысты мынадай

      құжаттарды ұсынды:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Акті екі данада жасалды және бір-бір данамен мыналарға:

      уәкілетті органға;

      Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ұйымына жіберілді.

      Комиссия мүшелері (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), қолы

      және қол қойылған күні):

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу ұйымын өкілдері (тегі,

      аты, әкесінің аты (ол бар болса), қолы және қол қойылған күні):

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ұйымының басшысы

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), қолы және қол қойылған

      күні):

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

  Қазақстан Республикасының
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін қаржы нарығы және
қаржы ұйымдары мәселелері
жөніндегі нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 269 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін қаржы нарығы және
қаржы ұйымдары мәселелері
жөніндегі нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
3-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 269 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін қаржы нарығы және
қаржы ұйымдары мәселелері
жөніндегі нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
4-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 269 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін қаржы нарығы және
қаржы ұйымдары мәселелері
жөніндегі нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
5-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 269 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін қаржы нарығы және
қаржы ұйымдары мәселелері
жөніндегі нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
6-қосымша
  Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы,
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының,
сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы,
инвестициялық портфельді басқарушының ірі
қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім
беру, қайтарып алу қағидаларын және
көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын
құжаттарға қойылатын талаптарға 3-қосымша

Өтініш берушінің кірістері мен мүлкі туралы мәлімет,
сондай-ақ оның барлық міндеттемелері бойынша болған
берешегі туралы ақпарат

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      2. Жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері

      _____________________________________________________________________

      (кіммен және қашан берілген, сериясы, нөмірі)

      3. Жарғылық капиталында есеп беретін тұлға ірі қатысушы болып

      табылатын қаржы ұйымдарының атауы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Тұрғылықты жері және (немесе) заңды мекенжайы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      5. Үй телефоны ________________________________________________

      Жұмыс телефоны ________________________________________________

      6. Есепті кезең1

      _______________________________________________________________

      7. Өтініш берушінің кірістері мен мүлкі, сондай-ақ оның барлық

      міндеттемелері бойынша болған берешегі туралы ақпарат

Атауы

Өлшем бірлігі

Өткен есепті кезеңге

Есепті кезеңге

Есепті кезеңдегі өзгерістер

Саны

Кірістер (берешек) сомасы
Актив құны (теңге)

Саны

Кірістер (берешек) сомасы
Актив құны (теңге)

Саны

Кірістер (берешек) сомасы
Актив құны (теңге)

1.

Есепті кезеңде алынған кірістер:


X


X


X


1.1

Жалақы


X


X


X


1.2

Ұйымдардың жарғылық капиталында (акцияларында) қатысу үлесінен түскен дивидент пен кіріс


X


X


X


1.3

Салымдар бойынша сыйақы


X


X


X


1.4

Мүлікті жалға беруден түскен кіріс


X


X


X


1.5

Кәсіпкерлік қызметтен түсетін кіріс


X


X


X


1.6

Мүлікті өткізуден түсетін кіріс


X


X


X


1.7

Кірістің басқа түрлері (талдамасын қоса бере отырып)


X


X


X


2.

Мүлік:








2.1

Ақша:
ұлттық валютамен,
оның ішінде:
банк шоттарындағы қолма-қол ақшамен
шетел валютасымен,
оның ішінде:
банк шоттарындағы
қолма-қол ақшамен


X
X

X
 
X
 
X


X
X

X
 
X
 
X


X
X

X
 
X
 
X


2.2

Бағалы қағаздар (эмитенттің атауын көрсете отырып), оның ішінде жай акция артықшылықты акция облигация








2.3

Қаржы ұйымының ірі қатысушысына тиесілі акция санының ұйымның (атауын көрсете отырып) дауыс беретін акцияларының немесе олардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы резиденті еместердің жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің жалпы санындағы қатынасы (пайызбен)

X







2.4

Жылжымайтын мүлік (атауы мен орналасқан жерін көрсете отырып)








2.5

Өзге мүлік (талдамасын қоса бере отырып)











X


X


X


3.

Барлық міндеттемелер бойынша берешек


X


X


X


3.1

Өтелмеген қарыздар


X


X


X


3.2

Қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек


X


X


X


3.3

Міндеттемелер бойынша өзге берешек (талдамасын қоса бере отырып)


X


X


X





X


X


X



      Осы ақпарат тексерілгенін және дәйекті әрі толық болатынын растаймын.

      Өтініш беруші________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), баспа әріптерімен толтырылады)

      _____________________________________________________________________

      (қолы)

      Мөр орны (бар болса)

      Күні

      Ескерту:

      1Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену үшін "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік кіріс органдарына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынатын айдың 1 (бірінші) күнінің алдындағы 12 (он екі) айға тең кезең есепті кезең болып табылады.

  Қазақстан Республикасының
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін қаржы нарығы және
қаржы ұйымдары мәселелері
жөніндегі нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
7-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.09.2019 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін қаржы нарығы және
қаржы ұйымдары мәселелері
жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне
8-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін қаржы нарығы және
қаржы ұйымдары мәселелері
жөніндегі нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
9-қосымша
  Банктік қарыз және (немесе) банк
кепілдігін алу мақсаттары үшін
заңды тұлғаның ақпаратты
жария ету қағидаларына 4-қосымша

Халықаралық қор биржаларының тізімі

      1. Австрия қор биржасы (Wiener bourse AG);

      2. Америка қор биржасы (American Stock Exchange);

      3. Бомбей қор биржасы (The Bombay Stock Exchange Limited, ВSE);

      4. Бразилия қор биржасы (Bovespa);

      5. Варшава қор биржасы (Warsaw Stock Exchange);

      6. Гонконг қор биржасы (Hong Kong Exchanges and Clearing);

      7. Амстердамдағы "Евронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Amsterdam);

      8. Брюссельдегі "Евронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Brussels);

      9. Лиссабондағы "Евронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Lisbon);

      10. Париждегі "Евронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Paris);

      11. Үндістан қор биржасы (Delhi Stock Exchange);

      12. Ирландия қор биржасы (Irish Stock Exchange);

      13. Италия қор биржасы (Borsa Italiana SPA);

      14. Лондон қор биржасы (London Stock Exchange);

      15. Малайзия қор биржасы (Bursa Malaysia);

      16. Мексика қор биржасы (Bolsa Mexicana de Valores, BMV);

      17. Үндістан Ұлттық қор биржасы (National Stock Exchange of India Limited);

      18. Неміс қор биржасы (Deutsche bourse AG);

      19. Нью-Йорк қор биржасы (New York Stock Exchange);

      20. Испания біріккен қор биржасы (ВМЕ Spanish Exchanges);

      21. Құрамына Стокгольм, Хельсинки, Таллин және Рига биржалары кіретін Біріккен қор биржасы (Hex Integrated Markets Ltd.);

      22. Сингапур қор биржасы (Singapore Exchange);

      23. Стамбул қор биржасы (Istanbul Stock Exchange);

      24. Стокгольм қор биржасы (Stockholm Exchange);

      25. Токио қор биржасы (Tokyo Stock Exchange);

      26. Филиппин қор биржасы (Philippine Stock Exchange);

      27. Австралия қор биржасы (Australian Stock Exchange);

      28. Афина қор биржасы (Athens Exchange);

      29. Джакарта қор биржасы (Jakarta Stock Exchange);

      30. Йоханнесбург (Оңтүстік Африка) қор биржасы (JSE Securities Exchange South Africa);

      31. Копенгаген қор биржасы (Copenhagen Stock Exchange);

      32. Люксембург қор биржасы (Bourse de Luxembourg);

      33. Мальта қор биржасы (Malta Stock Exchange);

      34. Монреаль қор биржасы (Bourse de Montreal);

      35. Жаңа Зеландия қор биржасы (New Zealand Exchange);

      36. Осака қор биржасы (Osaka Securities Exchange);

      37. Осло қор биржасы (Oslo bourse);

      38. Ресей Федерациясының қор биржасы (ОАО ММВБ-РТС);

      39. АҚШ қор биржасы (National Association of Securities Dealers Automated Quotation, NASDAQ);

      40. Торонто қор биржасы (Toronto Stock Exchange);

      41. Швейцария қор биржасы (SWX Swiss Exchange);

      42. Франкфурт қор биржасы (Frankfurt Stock Exchange);

      43. Шанхай қор биржасы (Shanghai Stock Exchange);

      44. Шэньчжень қор биржасы (Shenchzhen Stock Exchange);

      45. Оңтүстік Корея қор биржасы (Korea Stock Exchange).

  Қазақстан Республикасының
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін қаржы нарығы және
қаржы ұйымдары мәселелері
жөніндегі нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
10-қосымша
  Микроқаржы ұйымдарын есептік
тіркеуден өткізу және микроқаржы
ұйымдарының тізілімін жүргізу
қағидаларына 1-қосымша

      Нысан

      _____________________________________________________________________

      (қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау

      _____________________________________________________________________

      жөніндегі уәкілетті органның толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

Өтініш

      Микроқаржы ұйымы ретінде есептік тіркеуден өткізуіңізді

      сұраймын

      Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      1. Өтініш берушінің тұрған жері

      _____________________________________________________________________

      (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің, офистің нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      (телефон, факс, электрондық почтаның мекенжайы, бар болса

      интернет-ресурс)

      2. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша

      даналар мен парақтар саны:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Өтінішіке қоса берілген құжаттардың тексерілгенін және дәйекті

      әрі толық болып табылатынын растаймын.

      Ақпараттық жүйелерде бар заңмен сақталатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келіседі.

      Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол

      бар болса), лауазымы

      _________________________

      (қолы)

      20__ жылғы "___" ________

      мөр орны (бар болса)

  Қазақстан Республикасының
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін қаржы нарығы және
қаржы ұйымдары мәселелері
жөніндегі нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
11-қосымша
  Микроқаржы ұйымдарын есептік
тіркеуден өткізу және микроқаржы
ұйымдарының тізілімін жүргізу
қағидаларына 2-қосымша

      Нысан

Меншікті капиталдың ең аз мөлшерін сақтау туралы мәліметтер

Микроқаржы ұйымының атауы

Күні

Меншікті капиталдың мөлшері (мың теңгемен)





      Микроқаржы ұйымы басшысының

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) _________________

      (қолы)

      мөр орны (бар болса)

  Қазақстан Республикасының
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін қаржы нарығы және
қаржы ұйымдары мәселелері
жөніндегі нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
12-қосымша
  Микроқаржы ұйымдарын есептік
тіркеуден өткізу және микроқаржы
ұйымдарының тізілімін жүргізу
қағидаларына 3-қосымша

      1-нысан

Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) туралы мәліметтер
(заңды тұлға үшін)

      _____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

      1. Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) _______________________

      _____________________________________________________________________

      (толық атауы)

      Орналасқан жері _____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (почта индексі, мекенжайы)

      Байланыс деректемелері ______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (телефон және факс нөмірлері, бар болса электрондық почта мекенжайы)

      Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер _________________

      _____________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)

      Қазақстан Республикасының резиденті/бейрезиденті ____________________

      Қызметінің негізгі түрі _____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      2. Өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі

      _____________________________________________________________________

      3. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) өтініш берушінің

      жарғылық капиталына қатысу үлесіне ақшаны енгізу алдындағы меншік

      капиталының мөлшері және өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу

      үлесіне ақы төлеу үшін енгізілген сома

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) заңды тұлғалардың

      толық атауларын және орналасқан жерін көрсете отырып, қатысушы,

      акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне қатысуы

      туралы мәліметтер:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      5. Ұйымдардың толық атауларын, орналасқан жерін көрсете отырып,

      өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) қатысатын өнеркәсіптік,

      банктік, қаржы топтары, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар,

      консорциумдар туралы мәліметтер:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      6. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) басшысы туралы

      мәліметтер:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      20__ жылғы "___"_____________

      Өтініш берушінің құрылтайшысы

      (қатысушысы) басшысының қолы ________________

      мөр орны (бар болса)

      2-нысан

Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) туралы мәліметтер
(жеке тұлға үшін)

      _____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

      1. Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) _______________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      Туылған күні ________________________________________________________

      Азаматтығы __________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері__________________________

      _____________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берді)

      Тұрғылықты жері _____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (почта индексі, мекенжайы)

      Байланыс деректемелері ______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (телефон нөмірі, бар болса электрондық почта мекенжайы)

      Жұмыс орны (мекенжайын көрсете отырып), лауазымы ____________________

      _____________________________________________________________________

      2. Өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) заңды тұлғалардың

      толық атауларын және орналасқан жерін көрсете отырып, қатысушы,

      акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне қатысуы

      туралы мәліметтер:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығының болуы туралы

      мәліметтер:

      ____________________________________________________________________;

      5. Тұлғаның қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және

      қадағалау жөніндегі уәкілетті орган осы микроқаржы ұйымын тізілімнен

      шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде

      бұрын микроқаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы болғаны

      жөніндегі мәліметтер.

      20__ жылғы "___"_____________

      Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) қолы _______________