Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін "бонус-малус" жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 140 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 шілдеде № 13928 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін "бонус-малус" жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Басқармасының
2016 жылғы 30 мамырдағы
№ 140 қаулысымен
бекітілді

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін "бонус-малус" жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін "бонус-малус" жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңы) сәйкес әзірленген және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін "бонус-малус" жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану тәртібін айқындайды.

      Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер Заңда және Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңда көрсетілген мағыналарда қолданылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Сақтандыру мерзімі аяқталған соң тиісті сыныпты (бұдан әрі - сынып) бере отырып, "бонус-малус" жүйесі бойынша коэффициенттер Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңның 11-бабының 5-тармағында және 12-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды қоспағанда, Қағидаларға қосымшаға сәйкес сақтанушы (сақтандырылушы) үшін белгіленеді.

      Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған кезде сақтанушыға алғаш рет 3-сынып беріледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Сақтанушыға (сақтандырылушыға) сынып тағайындалған кезде оның кінәсі бойынша болған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары), сондай-ақ көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша (бұдан әрі - міндетті сақтандыру шарты) сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған күндер осының алдында сынып өзгертілген күннен бастап жасалған міндетті сақтандыру шарттарының санына қарамастан есепке алынуға тиіс.

      Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсі бойынша болған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) бар болған кезде сынып бұдан төменірек, ең төмен - М сыныбына дейін өзгертіледі.

      Сыныпты жоғарырақ сыныпқа өзгерту мынадай талаптар орындалған кезде жүзеге асырылады:

      сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорды (бұдан әрі – дерекқор) қалыптастыру мен жүргізуді жүзеге асыратын ұйымда сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсі бойынша болған және сыныптың соңғы өзгертілген сәтінен бастап дерекқорда есепке алынған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) туралы ақпараттың болмауы;

      дерекқорда жасалған міндетті сақтандыру шарттарының санына қарамастан сыныптың соңғы өзгертілген күнінен бастап міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған кем дегенде 270 (екі жүз жетпіс) күнтізбелік күн туралы ақпараттың болуы.

      4. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген (алып келінген) көлік құралдарының иелерімен міндетті сақтандыру шарты жасалған кезде 3-сынып беріледі.

      5. Сақтандырушы дерекқордан алған, оған берілген сынып көрсетіле отырып, сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсі бойынша болған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) туралы, не осы ақпараттың жоқ екені туралы ақпараты бар сақтандыру есебі сақтандырушының "бонус-малус" жүйесі бойынша коэффициенттерді қолдануы үшін негіз болып табылады.

  Көлік құралдары иелерінің
азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті
сақтандыру бойынша
сақтандыру сыйлықақысын
есептеу үшін "бонус-малус"
жүйесі бойынша есептеу
және коэффициентті
қолдану қағидаларына
қосымша

Сақтандыру мерзімі аяқталғаннан кейін тиісті сынып бере отырып "бонус-малус" жүйесі бойынша коэффициенттер:

      Ескерту. Қағида қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Сақтандыру мерзімі басындағы сыныбы Коэффициент мөлшері Сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) кінәсінен сақтандыру жағдайының болуын есепке алғанда сақтандыру мерзімі аяқталғандағы сыныбы
сақтандыру жағдайы 0 сақтандыру жағдайы 1 сақтандыру жағдайы 2 сақтандыру жағдайы 3 сақтандыру жағдайы 4 және одан көп
1 2 3 4 5 6 7

М сыныбы

2,45

0

М

М

М

М

0-сынып

2,30

1

М

М

М

М

1-сынып

1,55

2

М

М

М

М

2-сынып

1,40

3

1

М

М

М

3-сынып

1,00

4

1

М

М

М

4-сынып

0,95

5

2

1

М

М

5-сынып

0,90

6

3

1

М

М

6-сынып

0,85

7

4

2

М

М

7-сынып

0,80

8

4

2

М

М

8-сынып

0,75

9

5

2

М

М

9-сынып

0,70

10

5

2

1

М

10-сынып

0,65

11

6

3

1

М

11-сынып

0,60

12

6

3

1

М

12-сынып

0,55

13

6

3

1

М

13-сынып

0,50

13

7

3

1

М

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Басқармасының
2016 жылғы 30 мамырдағы
№ 140 қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасының нормативтік
құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық
элементтерінің тізбесі

      1. "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі қызметті ұйымдастыруды және жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 27 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6159 тіркелген, 2010 жылғы 7 шілдеде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының № 12 жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 261 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10211 тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 5-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасының қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 12 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13308 тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы.