Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды айқындау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының м.а. 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 11 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 ақпанда № 13215 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 кыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды айқындау әдістемесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      5) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органдарының назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігінің
      Статистика комитеті төрағасының
      міндетін атқарушы                                  Б. Иманәлиев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі
      Т.Б. Дүйсенова _____________
      2016 жылғы 27 қаңтар

Қазақстан Республикасы     
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті төрағасының
міндетін атқарушының     
2016 жылғы 19 қаңтардағы   
№ 11 бұйрығымен бекітілген  

Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды айқындау әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңымен бекітілген статистикалық әдіснамаға жатады.
      2. Әдістеме еңбек нарығындағы өз бетінше жұмыспен айналысушылардың статистикалық көрсеткіштерін өлшеу үшін негізгі аспектілер мен әдістерді және экономикалық қызмет түрлері бойынша өз бетінше жұмыспен айналысушыларды есепке алу тәртібін айқындайды.
      3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті және оның аумақтық органдары жұмыс күшіне зерттеу (бұдан әрі – ЖКЗ) жүргізу кезінде қолданылатын еңбек нарығы көрсеткіштерін әдіснамалық қамтамасыз ету және олардың нәтижелерін жалпылау үшін және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысында, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау үшін қолданады.
      4. Әдістеме өз бетінше жұмыспен айналысуды анықтаудың халықаралық стандарттарының және өлшемшарттарының негізінде әзірленді.
      5. Әдістемеде Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінде«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңдарында анықталған ұғымдар, сонымен қатар Еңбек Статистиктерінің Халықаралық Конференциясында (бұдан әрі – ЕСХК) қабылданған ұғымдар және Халықаралық Еңбек Ұйымының (бұдан әрі – ХЕҰ) ұсынымдары қолданылады.

2. Қазақстандағы өз бетінше жұмыспен айналысатын халықтың
санын анықтау

      6. Еңбек нарығын сипаттайтын көрсеткіштер бойынша ақпарат жинау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 21 тамыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12125 болып тіркелген) «Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу сауалнамасы» (индексі Т-001) кезеңділігі айлық, (бұдан әрі – Т-001 статистикалық нысаны) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың бекітілген статистикалық нысанын пайдаланумен халыққа іріктемелі зерттеу жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
      7. Халыққа пікіртерім жүргізу интервьюерлердің үй шаруашылықтарына тікелей барып, сұхбат жүргізу әдісімен жүзеге асырылады. Т-001 статистикалық нысаны іріктемеге түскен әрбір жеке үй шаруашылығына толтырылады.
      8. Респонденттердің Т-001 статистикалық нысаны сұрақтарына берген жауаптарына сүйене отырып, халық экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі бойынша жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар және экономикалық тұрғыдан енжарларға жіктеледі.
      9. Жұмыспен қамтылған адамдар Жұмыспен қамтылғандар мәртебесінің халықаралық жіктелімінің негізінде жалдамалы қызметкерлер және өз бетінше жұмыспен айналысатын адамдар болып бөлінеді.
      10. Өз бетінше жұмыспен айналысатын халықты қызметтегі жағдайы бойынша бөлу Т-001 статистикалық нысанға респонденттердің берген жауаптарына сүйене отырып жүзеге асырылады:
      жұмыс беруші;
      өз бетінше жұмыспен айналысатын қызметкерлер (өз есебінен жұмыс істейтіндер);
      шаруа немесе фермер қожалықтарының, отбасылық кәсіпорындардың көмектесетін (ақы төленбейтін) қызметкерлері;
      өндірістік кооператив мүшелері;
      жеке қосалқы шаруашылықта.
      11. Жеке негізде жұмыспен қамтылған адамдарды анықтау Т-001 статистикалық нысанына сәйкес:
      жеке негізде (тіркелген және белсенді жұмыс істейтін) жұмыспен қамтылғандар;
      жеке негізде (тіркелген санынан жұмыс істемейтіндер және тіркелмегендер) жұмыспен қамтылғандар деген қосымша сұрақ арқылы жүзеге асырылады.
      12. Жеке қосалқы шаруашылығында өндіретін өнімді пайдаланатын адамдардың аражігін ажырату мақсатында Т-001 статистикалық нысанына сәйкес келесі топтар көзделген:
      тек өз тұтынуымыз үшін;
      ішінара тұтыну үшін, айырбастау (сату) үшін;
      айырбас (сату) үшін.
      13. Бұл ажырату өз жеке қосалқы шаруашылығында жұмыс істейтін және өнімді тек өз тұтынуы үшін ғана, ішінара тұтыну үшін, айырбастау (сату) үшін өндіретін адамдарды, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылығында өнімді айырбас (сату) үшін өндіретін адамдарды анықтауға және ажыратуға мүмкіндік береді.
      14. Жеке қосалқы шаруашылығында өнімді тек өз тұтынуы үшін ғана өндіретін жұмыспен қамтылғандар санатына өнімді тек өз тұтынуы үшін өндіретін жұмыспен қамтылған адамдар ғана жатқызылады.
      15. Жеке қосалқы шаруашылығында өнімді айырбас (сату) үшін өндіретін жұмыспен қамтылғандар санатына өнімді ішінара тұтыну үшін, айырбастау (сату) үшін, айырбас (сату) үшін өндіретін жұмыспен қамтылған адамдар жатқызылады.
      16. Өз бетінше жұмыспен айналысатын адамдар құрылымында келесі:
      жұмыс беруші;
      жеке негізде жұмыспен қамтылғандар (тіркелгендер және белсенді жұмыс істейтіндер);
      жеке негізде жұмыспен қамтылғандар (тіркелгендер санынан жұмыс істемейтіндер және тіркелмегендер);
      жеке қосалқы шаруашылығында өнімді тек өз тұтынуы үшін өндірумен айналысатындар;
      жеке қосалқы шаруашылығында өнімді ішінара тұтыну үшін, айырбастау (сату) үшін өндірумен айналысатындар;
      жеке қосалқы шаруашылығында өнімді айырбас (сату) үшін өндірумен айналысатындар;
      өндірістік кооператив мүшелері;
      шаруа немесе фермер қожалықтарының, отбасылық кәсіпорындардың көмектесетін (ақы төленбейтін) қызметкерлері санаттары жеке бөлініп көрсетіледі.
      Бұл ретте жеке қосалқы шаруашылықта жұмыспен қамтылғандарға жеке аулада, үй іргесіндегі учаскеде, саяжайда (бақшада) жұмыспен қамтылған адамдар жатады.
      17. Жеке негізде жұмыспен қамтылғандар (тіркелгендер және белсенді жұмыс істейтіндер), жеке негізде жұмыспен қамтылғандар (тіркелгендер санынан жұмыс істемейтіндер және тіркелмегендер), жеке қосалқы шаруашылығында өнімді тек өз тұтынуы үшін өндірумен айналысатындар, жеке қосалқы шаруашылығында өнімді ішінара тұтыну үшін, айырбастау (сату) үшін өндірумен айналысатындар, жеке қосалқы шаруашылығында өнімді айырбас (сату) үшін өндірумен айналысатындар, өндірістік кооператив мүшелері, шаруа немесе фермер қожалықтарының, отбасылық кәсіпорындардың көмектесетін (ақы төленбейтін) қызметкерлері саны орташа айлық табыстары деңгейiн есепке алумен:
      орташа айлық табыстары деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейiнiң шамасынан төмен (бұдан әрі – ЕТКД);
      орташа айлық табыстары деңгейі ЕТКД жоғары болып екі топқа бөлінеді.
      18. Баяндалған ерекшеліктерді ескере отырып, өз бетінше жұмыспен айналысатын адамдардың келесі топтары қалыптастырылады:
      нәтижелі жұмыспен қамтылғандар;
      нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар.
      19. Нәтижелі жұмыспен қамтылғандар тобына өз бетінше жұмыспен айналысатын адамдардың келесі санаттары кіреді:
      жұмыс беруші - орташа айлық табыстары деңгейіне тәуелсіз;
      орташа айлық табыстары деңгейі ЕТКД жоғары өндірістік кооператив мүшелері, жеке негізде жұмыспен қамтылғандар (тіркелгендер және белсенді жұмыс істейтіндер), жеке қосалқы шаруашылығында өнімді ішінара тұтыну үшін, айырбастау (сату) үшін өндірумен айналысатындар, жеке қосалқы шаруашылығында өнімді айырбас (сату) үшін өндірумен айналысатын жұмыспен қамтылғандар.
      20. Нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар тобына өз бетінше жұмыспен айналысатын адамдардың келесі санаттары:
      орташа айлық табыстары деңгейіне тәуелсіз жеке негізде жұмыспен қамтылғандар (тіркелгендер санынан жұмыс істемейтіндер және тіркелмегендер), жеке қосалқы шаруашылығында өнімді тек өз тұтынуы үшін өндірумен айналысатындар, шаруа немесе фермер қожалықтарының, отбасылық кәсіпорындардың көмектесетін (ақы төленбейтін) қызметкерлері;
      орташа айлық табыстарының деңгейі ЕТКД төмен өндірістік кооператив мүшелері, жеке негізде жұмыспен қамтылғандар (тіркелгендер және белсенді жұмыс істейтіндер), жеке қосалқы шаруашылығында өнімді ішінара тұтыну үшін, айырбастау (сату) үшін өндірумен айналысатындар, жеке қосалқы шаруашылығында өнімді айырбас (сату) үшін өндірумен айналысатын жұмыспен қамтылғандар кіреді.
      21. Бұл ретте нәтижелі жұмыспен қамтылу кәсiпкерлiк қызметтен еңбекақы немесе табыс түрiндегi тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндіруден табыстар алуды қамтамасыз ететін қызмет түрін білдіреді.
      22. Өз бетінше жұмыспен айналысатын халық бойынша ресми статистикалық ақпарат Т-001 статистикалық нысанына сәйкес көрсетілген санаттарды есепке ала отырып, келесі негізгі бөліністерде қалыптастырылады:
      тұрғылықты жердің типі бойынша (қала, ауыл);
      өңірлер бойынша (14 облыс, Астана және Алматы қалалары);
      жынысы бойынша (ерлер, әйелдер);
      жас топтары бойынша (15 жас, 16-24, 25-34, 35-44, 45-54, 55-64, 65 жас және одан асқандар);
      білім деңгейі бойынша (жоғары, аяқталмаған жоғары, орта кәсіптік (арнаулы), бастауыш кәсіптік, жалпы орта, негізгі орта, бастауыш);
      жұмыспен қамтылу мәртебесі бойынша (жұмыс беруші, жеке негізде жұмыспен қамтылғандар (тіркелгендер және белсенді жұмыс істейтіндер), жеке негізде жұмыспен қамтылғандар (тіркелгендер санынан жұмыс істемейтіндер және тіркелмегендер), жеке қосалқы шаруашылығында өнімді тек өз тұтынуы үшін өндірумен айналысатындар, жеке қосалқы шаруашылығында өнімді ішінара тұтыну үшін, айырбастау (сату) үшін өндірумен айналысатындар, жеке қосалқы шаруашылығында өнімді айырбас (сату) үшін өндірумен айналысатындар, өндірістік кооператив мүшелері, шаруа немесе фермер қожалықтарының, отбасылық кәсіпорындардың көмектесетін (ақы төленбейтін) қызметкері);
      жұмыспен қамтылу топтары бойынша (нәтижелі жұмыспен қамтылу, нәтижесіз жұмыспен қамтылу);
      экономикалық қызмет түрлері бойынша (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің секциялары бойынша);
      табыс тобына тиістілігі (табысты саралау).

3. Орташа айлық табысты саралау бойынша Қазақстандағы өз
бетінше жұмыспен айналысатын халықты бөлу

      23. Орташа айлық табысты саралау бойынша өз бетінше жұмыспен айналысатын халықтың санын бөлу мақсатында сұрақ Т-001 статистикалық нысанына сәйкес көзделген.
      24. Табыстың құрамында респонденттермен алынған еңбекақы, өз бетінше жұмыспен айналысудан (сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтен) түскен табыс, әлеуметтік төлемдер, пайыздар, дивиденділер және өзге де жеке меншіктен түскен табыстар, өзге де ақшалай түсімдер (туыстары мен таныстарынан материалдық көмек, алименттер), сондай-ақ үй шаруашылығында өндірілген және тұтынылған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бағалау құны түріндегі табыстар ескерілген.
      25. Зерттелетін айда респонденттер алған табыс келесі интервалдарға сараланған:
      1) 0 теңге (табыстың жоқ болуы);
      2) 1 теңгеден 1 ЕТКД теңгеге дейін;
      3) 1 ЕТКД- ден 2 ЕТКД- ге дейін;
      4) 2 ЕТКД -ден 60 000 теңгеге дейін;
      5) 60 001-ден 80 000 теңгеге дейін;
      6) 80 001-ден 100 000 теңгеге дейін;
      7) 100 001-ден 150 000 теңгеге дейін;
      8) 150 001-ден 200 000 теңгеге дейін;
      9) 200 001-ден 250 000 теңгеге дейін;
      10) 250 001-ден 300 000 теңгеге дейін;
      11) 300 001-ден 400 000 теңгеге дейін;
      12) 400 001-ден 500 000 теңгеге дейін;
      13) 500 000 теңгеден жоғары.
      26. Ұсынылған интервалдық топтамаға сәйкес орташа айлық табыстың деңгейі бойынша өз бетінше жұмыспен айналысатын халықтың санын бөлу туралы шығыс деректер тоқсан сайын:
      тұратын жерінің типін (қала, ауыл);
      өңірін (14 облыс, Астана және Алматы қалалары);
      жұмыспен қамтылу мәртебесін (жұмыс беруші, өз бетінше жұмыспен айналысатын қызметкерлер (өз есебінен жұмыс істейтіндер, өндірістік кооператив мүшелері, шаруа немесе фермер қожалықтарының, отбасылық кәсіпорындардың көмектесетін (ақы төленбейтін) қызметкерлері);
      негізгі экономикалық қызмет түрлерін (Жалпы экономикалық қызмет түрлері жіктеуішінің секцияларына сәйкес) ескере отырып қалыптастырылады.
      27. Баяндалғанды есепке ала отырып, өз бетінше жұмыспен айналысатын адамдардың келесі санаттары анықталды:
      жұмыс беруші;
      жеке негізде жұмыспен қамтылғандар (тіркелгендер және белсенді жұмыс істейтіндер);
      жеке негізде жұмыспен қамтылғандар (тіркелгендер санынан жұмыс істемейтіндер және тіркелмегендер);
      жеке қосалқы шаруашылығында өнімді тек өз тұтынуы үшін өндірумен айналысатындар;
      жеке қосалқы шаруашылығында өнімді ішінара тұтыну үшін, айырбастау (сату) үшін өндірумен айналысатындар;
      жеке қосалқы шаруашылығында өнімді айырбас (сату) үшін өндірумен айналысатындар;
      өндірістік кооператив мүшелері;
      шаруа немесе фермер қожалықтарының, отбасылық кәсіпорындардың көмектесетін (ақы төленбейтін) қызметкерлері.