Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті төрағасының 12.08.2016 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санын, олардың орташа айлық табыстарының деңгейiн және жұмыссыз халықтың санын анықтау әдістемесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті төрағасының 12.08.2016 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органдарының назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық экономика министрлігінің | |
Статистика комитеті төрағасының | |
міндетін атқарушы | Б. Иманәлиев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т.Б. Дүйсенова _____________
2016 жылғы 27 қаңтар
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 11 бұйрығымен бекітілген |
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санын, олардың орташа айлық табыстарының деңгейiн және жұмыссыз халықтың санын анықтау әдістемесі
Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті төрағасының 12.08.2016 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санын, олардың орташа айлық табыстарының деңгейiн және жұмыссыз халықтың санын анықтау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қалыптастырылатын статистикалық әдіснамаға жатады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Әдістеме еңбек нарығындағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жұмыссыз халықтың статистикалық көрсеткіштерін өлшеу үшін негізгі аспектілер мен әдістерді және экономикалық қызмет түрлері бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты есепке алу тәртібін айқындайды.
3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы және оның аумақтық бөлімшелері жұмыс күшіне зерттеу жүргізу кезінде қолданылатын еңбек нарығы көрсеткіштерін әдіснамалық қамтамасыз ету және олардың нәтижелерін жалпылау үшін және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысында, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау үшін қолданады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Әдістеме өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды және жұмыссыздарды анықтаудың халықаралық стандарттарының және өлшемшарттарының негізінде әзірленді.
5. Әдістемеде Қазақстан Республикасының Жер кодексінде, "Мемлекеттік статистика туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы", "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында айқындалған ұғымдар, сонымен қатар Еңбек Статистиктерінің Халықаралық Конференциясында қабылданған ұғымдар және Халықаралық Еңбек Ұйымының (бұдан әрі - ХЕҰ) ұсынымдары қолданылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халықтың санын анықтау
6. Еңбек нарығын сипаттайтын көрсеткіштер бойынша ақпарат жинау жұмыс күші және жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдардың саны және құрамы туралы ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру мақсатында халыққа іріктемелі зерттеу жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Халыққа сауал салу интервьюерлердің іріктемеге түскен үй шаруашылықтарына тікелей барып, сұхбат жүргізу әдісімен жүзеге асырылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Зерттеу сұрақтарының жауаптарына байланысты халық жұмыс күші құрамына қатысу мәртебесі бойынша жұмыспен қамтылғандар немесе жұмыссыздар және жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдарға жіктеледі.
Жұмыс күші жұмыспен қамтылғандардың саны және жұмыссыз халық санының сомасы ретінде анықталады.
ХЕҰ ұсынымдарына сәйкес жұмыс күшін өлшеу үшін 15 және одан үлкен жас қабылданды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8-1. Жұмыс күші құрамына қатысу мәртебесін анықтау кезінде адамдарды жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар және жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдарға жатқызу басымдық қағидасын қолданумен жүргізіледі – жұмыссыздық алдында жұмыспен қамтуға басымдық береді, ал жұмыссыздық жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдарға қатысты басымдыққа ие.
Ескерту. Әдістеме 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8-2. Жұмыспен қамтылғандар екі топқа бөлінеді: жұмыста бар жұмыспен қамтылған адамдар және жұмыста жоқ жұмыспен қамтылған адамдар.
Жұмыста бар жұмыспен қамтылған адамдарға жұмыс орнында зерттеу жүріп жатқан апта ішінде бір сағаттан кем емес жұмыс істегендер жатады.
Жұмыста жоқ жұмыспен қамтылған адамдарға жұмыс орнында уақытша болмауына немесе жұмыс уақытын ұйымдастыруына байланысты (ауыспалы жұмыс, икемді график және басқалары) жұмыс орнында болмағандар жатады.
Ескерту. Әдістеме 8-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Жұмыспен қамтылған адамдар Жұмыспен қамтылғандар мәртебесінің халықаралық жіктелімінің негізінде жалдамалы қызметкерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып бөлінеді.
10. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты қызметтегі жағдайы бойынша бөлу зерттеудің сұрақтарына респонденттердің берген жауаптарына сүйене отырып жүзеге асырылады:
жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілер;
жұмыспен жеке айналысатындар (табыс алу үшін жеке қосалқы шаруашылықта жұмыспен қамтылғандарды қоса алғанда);
отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері;
өндірістік кооператив мүшелері.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Жеке негізде жұмыспен қамтылған адамдарды анықтау:
жеке негізде жұмыспен қамтылғандар (тіркелген және жұмыс істейтін) (бұдан әрі - ТЖЖЖҚ);
жеке негізде жұмыспен қамтылғандар (тіркелген санынан жұмыс істемейтіндер және тіркелмегендер) (бұдан әрі - ТЖТЖЖҚ) зерттеуге сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Жеке қосалқы шаруашылығында өндіретін өнімді пайдаланатын жұмыспен қамтылған халық келесі топтар бөлінеді:
тек өз тұтынуымыз үшін;
ішінара тұтыну үшін, айырбастау (сату) үшін;
айырбас (сату) үшін.
13. Бұл ажырату өз жеке қосалқы шаруашылығында жұмыс істейтін және өнімді тек өз тұтынуы үшін, ішінара тұтыну үшін, айырбастау (сату) үшін өндіретін адамдарды, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылығында өнімді айырбас (сату) үшін өндіретін адамдарды анықтауға және ажыратуға мүмкіндік береді.
14. Жеке қосалқы шаруашылықта жұмыспен қамтылғандарға жеке аулада, үй іргесіндегі учаскеде, саяжайда (бақшада) жұмыспен қамтылған адамдар жатады.
15. ТЖЖЖ, ТЖТЖЖҚ, жеке қосалқы шаруашылығында өнімді ішінара тұтыну үшін, айырбастау (сату) үшін өндірумен айналысатындар, жеке қосалқы шаруашылығында өнімді айырбас (сату) үшін өндірумен айналысатындар, өндірістік кооператив мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері саны орташа айлық табыстары деңгейiн есепке алумен:
орташа айлық табыстары деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейiнiң шамасынан төмен (бұдан әрі – ЕТКД);
орташа айлық табыстары деңгейі ЕТКД жоғары болып екі топқа бөлінеді.
16. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар келесі топтарға бөлінеді:
нәтижелі жұмыспен қамтылғандар;
нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар.
17. Нәтижелі жұмыспен қамтылғандар тобына өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың келесі санаттары кіреді:
жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілер – орташа айлық табыстары деңгейіне тәуелсіз;
орташа айлық табыстары деңгейі ЕТКД жоғары өндірістік кооператив мүшелері, ТЖЖЖ, жеке қосалқы шаруашылығында өнімді ішінара тұтыну үшін, айырбастау (сату) үшін өндірумен айналысатындар, жеке қосалқы шаруашылығында өнімді айырбас (сату) үшін өндірумен айналысатын жұмыспен қамтылғандар.
18. Нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар тобына өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың келесі санаттары:
орташа айлық табыстары деңгейіне тәуелсіз ТЖТЖЖҚ, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері;
орташа айлық табыстарының деңгейі ЕТКД төмен өндірістік кооператив мүшелері, ТЖЖЖ, жеке қосалқы шаруашылығында өнімді ішінара тұтыну үшін, айырбастау (сату) үшін өндірумен айналысатындар, жеке қосалқы шаруашылығында өнімді айырбас (сату) үшін өндірумен айналысатын жұмыспен қамтылғандар кіреді.
19. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық бойынша ресми статистикалық ақпарат көрсетілген санаттарды есепке ала отырып, келесі топтар бойынша қалыптастырылады:
тұрғылықты жердің типі бойынша;
өңірлер бойынша;
жынысы бойынша;
жас топтары бойынша;
білім деңгейі бойынша;
жұмыспен қамтылу мәртебесі бойынша;
жұмыспен қамтылу топтары бойынша;
экономикалық қызмет түрлері бойынша (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің секциялары бойынша);
табыс тобына тиістілігі.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Жұмыссыздарға жұмысы жоқ, жұмыс іздеу үстіндегі және жұмысқа кірісуге дайын адамдар жатқызылады.
21. Жеке қосалқы шаруашылықта өнімді тек өз тұтынуы үшін өндірумен айналысатын адамдар, оқушылар, студенттер, зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар егер олар жұмыс іздеумен айналысып және жұмысқа кірісуге дайын болса жұмыссыздарға жатады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Жеке қосалқы шаруашылықта өнімді тек өз тұтынуы үшін өндірумен айналысатын адамдар егер олар жұмыс іздеумен айналыспаса немесе жұмысқа кірісуге дайын болмаса жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар ретінде есепке алынады.
23. Жұмыссыздық ұзақтығы жұмыс іздеу уақытымен анықталады.
24. Жұмыссыз халық бойынша ресми статистикалық ақпарат келесі негізгі топтар бойынша қалыптастырылады:
тұрғылықты жердің типі бойынша;
өңірлер бойынша;
жынысы бойынша;
жас топтары бойынша;
білім деңгейі бойынша;
жұмыспен қамтылмау себептері бойынша;
жұмыспен қамтылмау ұзақтығы бойынша.
3-тарау. Табыс тобына тиістілігі бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты бөлу
25. Табыс тобына тиістілігі бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың санын бөлу зерттеу сұрақтарының жауаптарына сәйкес анықталады.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Табыстың құрамында респонденттермен алынған еңбекақы, өзін-өзі жұмыспен қамтылудан (сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтен) түскен табыс, әлеуметтік төлемдер, пайыздар, дивиденділер және өзге де жеке меншіктен түскен табыстар, өзге де ақшалай түсімдер (туыстары мен таныстарынан материалдық көмек, алименттер), сондай-ақ үй шаруашылығында өндірілген және тұтынылған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бағалау құны түріндегі табыстар ескерілген.
27. Зерттелетін айда респонденттер алған табыс, келесі интервалдарға бөлінеді:
1) 0 теңге (табыстың жоқ болуы);
2) 1 теңгеден 1 ЕТКД теңгеге дейін;
3) 1 ЕТКД- ден 60 000 теңгеге дейін;
4) 60 001-ден 100 000 теңгеге дейін;
5) 100 001-ден 150 000 теңгеге дейін;
6) 150 001-ден 200 000 теңгеге дейін;
7) 200 001-ден 250 000 теңгеге дейін;
8) 250 001-ден 300 000 теңгеге дейін;
9) 300 001-ден 400 000 теңгеге дейін;
10) 400 001-ден 500 000 теңгеге дейін;
11) 500 001-ден 800 000 теңгеге дейін;
12) 800 001-ден 1 000 000 теңгеге дейін;
13) 1 000 000 теңгеден жоғары.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 22.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Ұсынылған интервалдық топтамаға сәйкес орташа айлық табыстың деңгейі бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың санын бөлу туралы ресми статистикалық ақпарат тоқсан сайын:
тұратын жерінің типін;
өңірін;
жұмыспен қамтылу мәртебесін;
негізгі экономикалық қызмет түрлерін (Жалпы экономикалық қызмет түрлері жіктеуішінің секцияларына сәйкес) ескере отырып қалыптастырылады.
29. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың келесі санаттары анықталды:
жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілер;
ТЖЖЖ;
ТЖТЖЖҚ;
жеке қосалқы шаруашылығында өнімді ішінара тұтыну үшін, айырбастау (сату) үшін өндірумен айналысатындар;
жеке қосалқы шаруашылығында өнімді айырбас (сату) үшін өндірумен айналысатындар;
өндірістік кооператив мүшелері;
отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері.