Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 ақпанда № 13199 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қағидағаларға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-полковнигі                 Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 77 бұйрығына   
1-қосымша      

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери,
арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі, «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы (бұдан әрі - «Құқық қорғау қызметі туралы» Заң), «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі, «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы (бұдан әрі - «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заң) заңдарына сәйкес әзірленді және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.

2. ІІМ әскери оқу орындарына қабылдау тәртібі

1-параграф. ІІМ әскери оқу орындарына оқуға кандидаттарды
іріктеу тәртібі

      2. Әскери оқу орындарына «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 39-бабында көрсетілген және 38-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
      3. Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы оқуға қабылдау жылына дейінгі жылдың 1 желтоқсанына дейін Ұлттық ұланның әскери бөлімдеріне (бұдан әрі – әскери бөлімдер) кандидаттарды ІІМ әскери оқу орындарына оқуға жолдау жоспарын жасайды.
      4. Қазақстан Республикасы ІІМ бөліністері, әскери бөлімдері қабылдау жоспарының негізінде кәсіби бейімдеу жұмысын жүргізеді және оған:
      1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 939 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидалары және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімдемесінде № 12834 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 118 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларына және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімдемесінде 2015 жылғы 26 ақпандағы № 10337 болып тіркелген) сәйкес (бұдан әрі – ӘДС) алдын ала медициналық тексеру;
      2) оқуға түсетін кандидаттарды іріктеу және тұрғылықты жері бойынша тексеру, сондай-ақ міндетті арнайы тексеру кіреді.
      5. Кәсіби бейімдеу жұмысының қорытындылары бойынша оқуға түсетін кандидаттардың жеке істері жасалады.

2-параграф. ІІМ әскери оқу орындарына қабылдау үшін құжаттарды
ұсыну тәртібі

      6. Әскери қызметшілер қатарынан кандидаттар оқуға түсетін жылдың 1 маусымына дейін әскери атағын, тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), туған күнін, атқаратын лауазымын, білім деңгейін, әскери оқу орнының және мамандықтың атауын көрсете отырып, әскери бөлім командирінің (бастықтың) атына баянатпен өтініш жасайды.
      Әскери бөлімнің командирі (бастық) кандидаттың баянаты негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес кандидаттардың әскери оқу орындарына түсу үшін ұсынатын құжаттардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды жинауын және кешенді тестілеуді тапсыруын қамтамасыз етеді.
      7. Әскери қызметте тұрмайтын адамдар мен тәрбиеленушілер қатарынан кандидаттар оқуға түсетін жылдың 25 шілдесіне дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес кандидаттар әскери оқу орындарына түсу үшін ұсынатын құжаттардың тізбесімен бірге, тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), туған күнін, білім деңгейін, әскери оқу орнының және білім алғысы келген мамандықтың атауын көрсете отырып, ішкі істер органдарына немесе әскери бөлімдерге өтініш жасайды.

3-параграф. ІІМ әскери оқу орындарына қабылдау тәртібі

      8. Әскери оқу орындарына қабылдау конкурстық негізде 4 кезеңде жүзеге асырылады:
      1-кезең – ӘДС қағидаларына сәйкес оқуға кандидаттарды түпкілікті медициналық куәландыру;
      2-кезең – кәсіби және психологиялық іріктеу;
      3-кезең – кандидаттарды дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу;
      4-кезең – конкурстық іріктеу және әскери оқу орнына қабылдау.
      9. Кандидаттарды конкурстық іріктеуден өткізу үшін жыл сайын 20 маусымға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен: қабылдау комиссиясының, кандидаттарды түпкілікті медициналық куәландыру комиссиясының, кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын тексеру және кәсіби-психологиялық іріктеу жөніндегі комиссияның, апелляциялық комиссияның, техникалық топтың құрамдары бекітіледі.
      10. Қабылдау комиссиясы мүшелерінің жалпы саны тақ саннан тұрады. Комиссияны төраға басқарады.
      Қабылдау комиссиясының құрамына: тәрбие және кадр құрылымдарының, заң және медицина қызметтерінің өкілдері, әскери психолог кіреді.
      Қабылдау комиссиясының шешімі қабылдау комиссиясы мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда қабылдау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Қабылдау комиссиясының төрағасы болып әскери оқу орнының бастығы немесе әскери оқу орындарына жетекшілік ететін Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы құрылымдық бөлінісінің өкілі тағайындалады.
      Қабылдау комиссиясының хатшысына қабылдау комиссиясына жүктелген функцияларды іске асыру бойынша құжаттарды, қабылдау комиссиясының отырыстарына материалдарды, оның жұмысы туралы есебінің жобасын әзірлеу жүктеледі.
      Қабылдау комиссиясы:
      1) кандидаттардың оқу істерін қарауды жүзеге асырады;
      2) түпкілікті медициналық куәландыруды жүргізеді, дене шынықтыруының көрсеткіштері бойынша іріктейді;
      3) конкурстық тізімдерді және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау комиссиясының кандидаттарды курсанттар қатарына қабылдау туралы хаттамасын дайындайды;
      4) кандидаттармен әңгімелесу жүргізеді;
      5) конкурстық іріктеу қорытындылары бойынша кандидаттарды курсанттар қатарына қабылдау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды;
      6) кандидаттарды қабылдау қорытындыларына талдау және осы жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша шаралар әзірлеуді жүргізеді;
      7) оқуға қабылдау мәселелері бойынша арыздар мен шағымдарды қарайды.
      Қабылдау комиссиясы жауапты хатшысының дауыс беруге құқығы жоқ.
      Қабылдау комиссиясының отырыстары қабылдау комиссиясының төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі, хаттамамен ресімделеді.
      11. Кандидаттарды кәсіби-психологиялық іріктеуді әскери оқу орнының мамандары ұйымдастырады.
      Тексеру нәтижелері бойынша «Оқуға ұсынылады» немесе «Оқуға ұсынылмайды» деген шешім шығарылады.
      12. 1 және 2-кезеңнен өтпеген кандидаттар 3-кезеңге жіберілмейді.
      13. Кандидаттарды дене шынықтыруының көрсеткіштері бойынша тексеруді әскери оқу орнының дене шынықтыру дайындығы және спорт кафедрасы ұйымдастырады және өткізеді.
      14. Кандидаттарды дене шынықтыруының көрсеткіштері бойынша іріктеу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ІІМ әскери оқу орындарына кандидаттарға арналған дене шынықтыру даярлығы және балдарды есептеуді бағалау бойынша нормативтерге (бұдан әрі – дене шықытыру даярлығы бойынша нормативтер) сәйкес өткізіледі және спорттық жаттығуларды орындау нәтижелері бағаланады:
      15. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер кандидаттардың мынадай жаттығу түрлерін орындауын көздейді:
      100 метрге жүгіру;
      3000 метрге жүгіру (кросс);
      белтемірге тартылу.
      16. Спорттық жаттығуларды орындау шарттары:
      100 және 3000 метрге жүгіру стадионның жүгіру жолында немесе кез-келген тегіс жерде жүргізіледі;
      белтемірге тартылу жоғарыдан ұстап асылып тұрып, қолдарын түзу қойып қозғалыссыз (иек белтемір деңгейінен жоғары) қалыпта тартылып (кідіріс 1-2 сек.), аяқтар қосылған күйі жұлқусыз және сермеусіз орындалады.
      17. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтердің мазмұны мен спорттық жаттығуларды орындау шарттары кандидаттардың назарына дене шынықтыру даярлығы бойынша іріктеу басталғанға дейін 24 сағаттан кешіктірілмей жеткізіледі.
      18. Дене шынықтыру нормативтерін тапсыру алдында кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын тексеру бойынша комиссия мүшелері кандидаттарды қауіпсіздік техникасымен қол қойғыза отырып, таныстырады.
      19. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерге енгізілген спорттық жаттығулардың әрбір түрі жеке тапсырылады. Күніне екі жаттығуға дейін орындауға жол беріледі, 3000 метрге жүгіру қалған жаттығулардан бөлек басқа күні орындалады.
      20. Әрбір спорттық жаттығуды тапсыру нәтижелерін кандидаттардың дене шынықтыру даярлығын тексеру жөніндегі комиссия мүшелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес спорттық жаттығулардың жекелеген түрлерін тапсыру жөніндегі жеке ведомоске тіркейді және кандидатқа қол қойғыза отырып жеткізеді. Жаттығуларды орындау нәтижелерін тіркеген соң, қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
      21. Спорттық нормативтерді орындау нәтижелері, сондай-ақ дене шынықтыру даярлығы бойынша орташа балл бір сағат ішінде кандидаттардың назарына жеткізіледі және ақпараттық стендке ілінеді.
      22. Егер кандидат әрбір жаттығудан кемінде 20 балл жинаса және 3 жаттығудың қосындысы бойынша орташа балл кемінде 20 балды құраса, әскери оқу орындарына кандидаттарға арналған дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсырылған болып есептеледі.
      23. Спорттық жаттығулардың жекелеген түрлерін тапсыру жөніндегі ведомостердегі деректердің негізінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость толтырылады, ол ІІМ әскери оқу орнының қабылдау комиссиясына ұсынылады.
      Жиынтық ведомосте кандидаттың дене шынықтыру даярлығы бойынша сынақты тапсырғаны-тапсырмағаны туралы қорытынды жазылады және бір сағат ішінде аталған мәліметтер кандидаттың назарына жеткізіледі және ақпараттық стендке ілінеді.
      24. Дене шынықтыру даярлығы бойынша сынақ нәтижелерімен келіспеген кандидат апелляцияға өтініш береді.
      Дене шынықтыру даярлығы бойынша сынақ нәтижелерімен байланысты мәселелерді қарауға арналған апелляциялық комиссияның құрамы ІІМ әскери оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі.
      25. Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссияға кандидаттың өзі нәтижелер жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін ұсынады және апелляциялық комиссия оны бір тәулік ішінде қарайды. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет.
      26. Кандидаттың өтінішін қарау нәтижелері бойынша бір дене шынықтыру жаттығуын қайта тапсыруға рұқсат етіледі.
      27. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия құрамының көпшілік дауысымен қабылданады. Апелляциялық комиссияның жұмысы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, оған төраға және комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды. Апелляциялық комиссия шешімінің нәтижелері бойынша кандидатқа апелляциялық комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірме беріледі.

4-параграф. ІІМ әскери оқу орындарының курсанттары қатарына
қабылдау тәртібі

      28. Қабылдау комиссиясы конкурстық іріктеудің қорытындылары бойынша кандидаттың рейтингі негізінде оқуға қабылдау немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады және сол күні кандидаттарға жарияланады.
      Кандидаттың рейтингі ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеу балын және дене шынықтыру даярлығы бойынша орташа балын қосу арқылы айқындалады.
      ІІМ әскери оқу орындарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесімен белгіленген мынадай пәндер: қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні (физика, география, дүниежүзі тарихы, химия, биология) бойынша, оның ішінде бейіндік пән (математика) бойынша кемінде 7 балл, ал қалған пәндер бойынша – кемінде 4 балл ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) немесе кешенді тестілеу қорынтындысы бойынша шекті деңгейден төмен емес кандидаттар қабылданады.
      29. Әскери оқу орындарында оқитындардың құрамына қабылдауға конкурс өткізу кезінде бірдей көрсеткіштер болған жағдайда мыналардың басым құқығы бар:
      Республикалық «Жас ұлан» мектебін бітірушілер;
      әскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалары бар білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері;
      қызмет өткеру уақытында қаза болған, хабарсыз кеткен немесе әскери қызмет өткеру кезеңінде мүгедектік алған әскери қызметшілердің балалары басымдыққа ие болады.
      30. Қабылдау комиссиясының оқуға қабылдау туралы шешімінің негізінде әскери оқу орнының бастығы әскери оқу орны курсанттарының тізіміне қабылдау туралы бұйрық шығарады.
      31. Әскери оқу орнына оқуға қабылданған кандидат «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 39-бабының 4-тармағына сәйкес әскери оқу орнының бастығымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасайды.
      32. Оқуға қабылданған күні 18 жасқа толмаған әскери оқу орнына оқуға қабылданған оқуға түсуші заңды өкілдерінің келісімімен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасайды.
      33. Шетел мемлекетінің әскери оқу орнына оқуға жіберу немесе әскери оқу орны курсанттарының тізіміне қабылдау туралы бұйрықтан үзінді көшірме шетел мемлекетінің әскери оқу орнына түскен адамдарға шетел мемлекеті әскери оқу орны бастығының қарамағына жіберу үшін негіздеме болып табылады.
      34. Оқуға қабылдау (жолдау) туралы бұйрықтан үзінді көшірмені он жұмыс күні ішінде қорғаныс істері жөніндегі департаменттерге және әскери бөлімдерге жолданады.
      35. Ішкі істер органдарының қызметкерлері және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қатарынан оқуға түсуге ниет білдірген, курсанттар қатарына қабылданбаған адамдар қызмет атқару орындарына қайта оралады.
      36. Әскери оқу орындары қабылдау жүргізген соң он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының Кадр және әскери білім басқармасына және ІІМ Кадр жұмысы департаментіне қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша қорытынды ақпаратты, сондай-ақ курсанттарды қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.

3. ІІМ арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау тәртібі

1-параграф. ІІМ арнаулы оқу орындарына оқуға кандидаттарды
іріктеу тәртібі

      37. ІІМ арнаулы оқу орындарына күндізгі оқыту нысаны бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған, «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 6-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қойылатын талаптарға жауап беретін Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
      ІІМ арнаулы оқу орындарына қысқартылған мерзімге оқуға 25 жасқа толмаған, «Құқық» мамандықтар тобы бойынша жоғары білімі бар адамдарды қоспағанда Қазақстан Республикасының жоғары білімі бар азаматтары қабылданады.
      38. ІІМ арнаулы оқу орындары осы Қағидаларға 7-қосымшада көрсетілген мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырады.
      39. ІІМ арнаулы оқу орындарына оқуға түсуге ниет білдірген азаматтар тұрғылықты жері бойынша аумақтық ішкі істер департаменттерінің, Көліктегі ішкі істер департаментінің, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, төтенше жағдайлар департаменттерінің (бұдан әрі – ІІД, КІІД, ҚАЖД, ТЖД) кадр қызметтеріне өтініш (еркін нысанда) береді.
      Өтінішке:
      1) жеке куәлігінің көшірмесі (нотариалды расталған);
      2) фотосуреттер (бас киімсіз, өлшемі 3,5х4,5 см. алты фотосурет, өлшемі 10х12 см. бір фотосурет);
      3) өз қолымен толтырылған өмірбаян (түпнұсқа);
      4) білімі туралы аттестаты немесе дипломының көшірмесі (өткен жылдардағы білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін нотариалды расталған);
      5) «Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) бекітілген анықтама нысанына сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама (білім беру ұйымдарының оқуға түсу жылы бітіргендер үшін түпнұсқа) қоса беріледі.
      40. ІІМ Кадр жұмысы департаменті оқуға түсер алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейін ІІМ-нің аумақтық бөліністері үшін ІІМ арнаулы оқу орындарына оқуға кандидаттарды жіберу бойынша жоспар әзірлейді.
      41. Жоспар бекітілгеннен кейін ІІМ бөліністері:
      1) бұқаралық ақпарат құралдарында, ресми интернет-ресурста ІІМ арнаулы оқу орындарына қабылдау шарттары туралы хабарландыру орналастыруды ұйымдастырады;
      2) кәсіби бағдар беру, тұрғылықты жері бойынша оқуға кандидаттарды іріктеу және тексеру бойынша жұмыс жүргізеді.
      42. Оқуға кандидаттар қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден, сондай-ақ міндетті арнайы тексеруден өтеді.
      43. Аумақтық ІІД, КІІД, ҚАЖД, ТЖД кадр қызметтері кандидаттардың қалыптастырылған жеке істерін оқуға түсу жылы 20 маусымға дейін ІІМ арнаулы оқу орындарына жолдайды.
      44. ІІМ Кадр жұмысы департаменті ІІД, КІІД, ҚАЖД, ТЖД кадр қызметтері арқылы ІІМ арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау мерзімі туралы кандидаттарға хабарлайды.
      45. ІІМ арнаулы оқу орындарының сырттай оқыту нысаны бойынша орта, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар ішкі істер органдарының қызметкерлері және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қабылданады.
      ІІМ арнаулы оқу орындарының сырттай оқыту нысаны бойынша оқуға түсетін қызметкерлерге кадр қызметтері оқу ісін жолдайды, ол:
      1) қызметкердің баянатын;
      2) кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағын;
      3) оқуға жіберу туралы ұсынымы бар қызметтік мінездемені;
      4) жеке куәлігінің көшірмесін (нотариалды расталған);
      5) білімі туралы құжаттың көшірмесін (нотариалды расталған);
      6) өлшемі 3х4 см. алты фотосуретті;
      7) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес 086-У медициналық анықтаманы қамтиды.

2-параграф. ІІМ-нің арнаулы оқу орындарына қабылдауды
ұйымдастыру

      46. ІІМ-нің арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдауды ұйымдастыруды арнаулы оқу орнының қабылдау комиссиясы (бұдан әрі - қабылдау комиссиясы) жүзеге асырады.
      Қабылдау комиссиясының құрамы арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі және арнаулы оқу орындарының қызметкерлері мен ІІМ, ІІД, КІІД, ҚАЖД, ТЖД өкілдері қайтарылады қалыптастырылады.
      Қабылдау комиссиясы мүшелерінің жалпы саны тақ саннан тұрады. Комиссияны төраға басқарады.
      Қабылдау комиссиясының төрағасы ІІМ арнаулы оқу орнының бастығы болып табылады.
      Қабылдау комиссиясының төрағасы қабылдау комиссиясының қызметіне басшылық етеді, оның мүшелерінің өкілеттігін белгілейді және осы комиссиясының жұмыс жоспарын бекітеді.
      Қабылдау комиссиясының хатшысы арнаулы оқу орнының құрылымдық бөліністерінің басшы құрамы қатарынан тағайындалады, оған қабылдау комиссиясына жүктелген функцияларды іске асыру бойынша құжаттарды, отырыстарға материалдарды, сондай-ақ олардың жұмысы туралы есеп жобасын әзірлеу жүктеледі.
      Қабылдау комиссиясының шешімі қабылдау комиссиясы мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда қабылдау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Қабылдау комиссиясы:
      1) кандидаттардың жеке істерін қарауды жүзеге асырады;
      2) түпкілікті медициналық куәландыруды жүргізеді, дене шынықтыру даярлығын тексереді;
      3) конкурстық тізімдерді және комиссияның кандидаттарды курсанттар қатарына тіркеу туралы хаттамасын осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындайды;
      4) кандидаттармен әңгімелесу жүргізеді;
      5) конкурстық іріктеу қорытындылары бойынша курсанттар қатарына қабылдау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды;
      6) кандидаттарды қабылдау қорытындыларына талдау жасауды және осы жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша шаралар әзірлеуді жүргізеді;
      7) оқуға қабылдау мәселелері бойынша шағымдар мен өтініштерді қарайды.
      47. Қабылдау комиссиясының қызметі жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Қабылдау комиссиясының отырысы қабылдау комиссиясы төрағасының шешімі бойынша өткізіледі.
      48. Кешенді тестілеу жалпы орта білім беру ұйымдарын, техникалық және кәсіптік (бастапқы және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білім беру ұйымдарын өткен жылғы бітіргендер үшін өткізіледі.
      Кешенді тестілеу тестілеу пункттерінің базасында (базалық арнаулы оқу орындары) өткізіледі.
      49. ІІМ арнаулы оқу орындарына қысқартылған мерзімге оқуға кандидаттармен медициналық куәландырудан, дене шынықтыру даярлығын және ішкі істер органдары қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуін тексеруден тұратын кәсіптік іріктеу жүргізіледі.
      Ішкі істер органдарының қызметін регламенттейтін қолданыстағы заңнаманы білуін тексеру әңгімелесу нысанында өткізіледі.
      50. Кандидаттарды қабылдау үшін қабылдау комиссиясы төрағасының бұйрығымен:
      1) штаттық емес уақытша жұмыс істейтін әскери-дәрігерлік комиссия;
      2) кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын тексеру жөніндегі комиссия;
      3) апелляциялық комиссия;
      4) техникалық топ құрылады.
      Штаттық емес уақытша жұмыс істейтін әскери-дәрігерлік комиссия № 939 бұйрыққа сәйкес кандидаттарды түпкілікті медициналық куәландыру үшін ІІМ арнаулы оқу орны медициналық бөлімі бастығының төрағалық етуімен құрылады.
      Дене шынықтыру дайындығын тексеру жөніндегі комиссия кандидаттарды дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылады. Комиссия құрамына ІІМ арнаулы оқу орнының қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.
      Апелляциялық комиссия кандидаттарды дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу және тестілеу қорытындылары бойынша азаматтардың арыздарын қарау үшін құрылады.
      Техникалық топ кандидаттардың жеке және оқу істерін іріктеу және өңдеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылады.
      51. Қабылдау тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қабылдау комиссияларының шешімдері, қабылдау мерзімдері ІІМ арнаулы оқу орындарының интернет-ресурстарында орналастырылады және кандидаттарға уақтылы жеткізіледі.

3-параграф. ІІМ арнаулы оқу орындарына кандидаттарды дене
шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу

      52. Кандидаттарды дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу және дене шынықтыру жаттығуларын орындау нәтижелерін бағалау осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес ІІМ арнаулы оқу орындарына түсушілерге арналған дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерге (бұдан әрі – дене шынықтыру даярлығы нормативтері) сәйкес жүргізіледі.
      «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық біліктілігі бар және ІІМ арнаулы оқу орнының қабылдау комиссиясына оны растайтын құжаттар ұсынған кандидаттар дене шынықтыру бойынша іріктеуден босатылады.
      Кандидаттарды дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу кезінде кандидаттарды шифрлау қолданылады.
      53. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер кандидаттардың мынадай спорттық жаттығу түрлерін орындауын көздейді:
      100 метрге жүгіру (ұлдар, қыздар);
      1000 (кросс) метрге жүгіру (қыздар);
      3000 (кросс) метрге жүгіру (ұлдар);
      биік белтемірге тартылу (ұлдар);
      кешенді күштік жаттығулар (қыздар).
      54. Спорттық жаттығуларды орындау шарттары:
      100, 1000 және 3000 метрге жүгіру стадионның жүгіру жолында немесе кез-келген тегіс жерде өткізіледі;
      биік белтемірге тартылу бастапқы орнынан тартылған қалпы жоғарыдан ұстап (бас бармақ астыңғы жақта) жерге аяғын тигізбей орындалады. Иегі бел темірден асырып, әрбір орындау кезінде қозғалмайтын қалыпта, тартылған қалпы қолдары түзу, аяқтарын жұлқынбай және серппей орындаған кезінде, жаттығу орындалды деп есептеледі. Тартылып тұру қалпында орнынан 5 секундттан артық демалуға (тоқтауға) және тартылуды шайқалудан бастауға рұқсат етілмейді;
      кешенді күш жаттығулары бір минут ішінде орындалады: алғашқы
30 секундта арқамен жатып, қол ұштарын иыққа қойып, аяқтарды қосып (аяқтарды сәл бүгуге болады), кеуде тізеге тигенше барынша тартылуды орындайды, бастапқы қалыпқа келу кезінде жауырынды жерге тигізу керек; содан кейін қалған 30 секунд ішінде жатқан қалпында қолдарды созу, бүгу жаттығуын жасауды орындайды (денені тік ұстап, қолдарды кеудесі тірекке тигенше бүгу).
      55. Дене шынықтыру нормативтерінің мазмұны және спорттық жаттығуларды орындау шарты кандидаттың назарына дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу басталардын кемінде 24 сағат бұрын жеткізіледі.
      56. Дене шынықтыру нормативтерін тапсырар алдында кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын тексеру жөніндегі комиссия мүшелері кандидаттарды қауіпсіздік техникасымен қол қойғыза отырып, таныстырады.
      57. Дене шынықтыру нормативтеріне сәйкес енгізілген спорттық жаттығулардың әрбір түрі жеке тапсырылады. Бір күнде екі жаттығудан артық орындауға рұқсат етілмейді, бұл ретте кросс (1000 және 3000 метрге жүгіру) келесі күні басқа жаттығулардан бөлек орындалады.
      58. Биік бел темірден тартылу, кешенді күш жаттығулары, 100 метрге жүгіру бойынша дене шынықтыру нормативтерін орындау үшін бір уақытта 3 кандидатқа дейін қатыса алады. 1000 және 3000 метрге жүгіруге (кросс) бір уақытта 10 адамға дейін қатыса алады.
      59. Дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу нәтижелері ұлдар және қыздар үшін бөлек бағаланады.
      60. Кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын тексеру жөніндегі комиссия мүшелері әрбір спорттық жаттығуды тапсыру нәтижелерін жеке ведомосте белгілейді және талапкердің назарына қол қойғыза отырып, жеткізіледі. Белгіленгеннен кейін жаттығуларды орындауды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
      61. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша спорттық жаттығулардың жекелеген түрлерін тапсыру жөніндегі жеке ведомостегі деректердің негізінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нормативтерді орындаудың жиынтық ведомосі толтырылады, ол ІІМ арнаулы оқу орнының қабылдау комиссиясына ұсынылады.
      Жиынтық ведомосте кандидаттың дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақты тапсырғаны-тапсырмағаны туралы қорытынды жазылады және бір сағат ішінде аталған мәліметтер кандидаттың назарына жеткізіледі және ақпараттық стендке ілінеді.
      62. Дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақ нәтижелерімен келіспеген кандидат апелляцияға шағым бере алады.
      Дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақ нәтижесімен байланысты мәселелерді қарау үшін апелляциялық комиссияның құрамы ІІМ арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі.
      63. Кандидаттар дене шынықтыру даярлығы бойынша нәтижелерді хабарлағаннан кейін келесі күні сағат 13.00–ге дейін апелляцияға арызды өзі береді және оны апелляциялық комиссия бір тәулік ішінде қарайды. Арыз берушінің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.
      64. Өтінішті қараудың нәтижесі бойынша кандидаттардың қалауымен бір дене шынықтыру жаттығуын қайта тапсыруға рұқсат етіледі.
      65. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссияның тізімдік құрамының көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия жұмысы хаттамамен ресімделеді, оған төраға және комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды. Апелляциялық комиссия шешімінің нәтижелері бойынша талапкерге апелляциялық комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірме беріледі.

4-параграф. ІІМ арнаулы оқу орындарына қабылдау

      66. ІІМ арнаулы оқу орындарына қабылдау медициналық, дене шынықтыру және психофизиологиялық көрсеткiштері бойынша іріктеу қорытындыларын ескере отырып, ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеу қорытындылары бойынша сертификат балдарына сәйкес конкурс бойынша жүргiзiледi.
      67. ҰБТ немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша ІІМ арнаулы оқу орындарының курсанттары қатарына қабылдау бойынша конкурсқа қатысу үшін қажетті балдардың саны № 58 қаулымен белгіленеді.
      68. Арнаулы оқу орындарына қысқартылған мерзімге оқуға қабылдау кәсіби іріктеу нәтижелері бойынша конкурс бойынша жүргізіледі.
      69. ІІМ арнаулы оқу орындарының курсанттары қатарына қабылдау конкурсын өткізу кезінде:
      1) «Алтын белгі» белгісімен марапатталған адамдардың;
      2) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары, сондай-ақ олардың өздері таңдаған мамандықтары олимпиада, конкурс немесе спорттық жарыс пәніне сәйкес келген жағдайда, ағымдағы жылғы жалпы білім беру пәнді бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздары басымдыққа ие болады.
      70. № 58 қаулының кандидаттарға белгіленген талаптары бойынша өту деңгейі балын жинаған қызметтік міндетін орындау кезінде қайтыс болған немесе мүгедектік алған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің балалары ІІМ арнаулы оқу орындарына конкурстан тыс қабылданады.
      71. ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарының балдары бiрдей болған жағдайда оқуға қабылдауға мыналардың:
      жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      үздік білімі туралы құжаттары (аттестаттары, куәліктері, дипломдары) бар адамдар;
      ішкі істер органдарының қызметкерлері, егер олар жоғары білімді алғаш рет алатын болса басым құқыққа ие болады.
      Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орта балдары жоғары адамдарға беріледі.
      Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болған жағдайда бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі.
      72. Қабылдау комиссиясының оқуға қабылдау туралы шешiмi ІІМ арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен ресiмделедi. Бұйрықтан үзінді жұмыстан қол үзiп оқуға қабылданған адамдарды оқуға iссапарға жіберуге негiз болып табылады.
      73. Тыңдаушылар қатарына қабылданбаған ішкі істер органдарының қызметкерлерінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қатарынан кандидаттар ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің қарамағына жіберіледі, олардың жеке істері оқуға қабылданбау себептерін көрсете отырып, қайтарылады.
      74. ІІМ арнаулы оқу орындары ІІМ Кадр жұмысы департаментiне оқуға қабылдауды өткізгеннен кейiн күнтізбелік он күн ішінде оқуға қабылдауды ұйымдастыру және өткiзу бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ курсанттарды оқуға қабылдау туралы бұйрықтардың көшiрмелерін ұсынады.

Жоғары білім берудің білім беру
бағдарламаларын іске асырып жатқан
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің әскери, арнаулы оқу
орындарына оқуға қабылдау   
қағидаларына          
1-қосымша           

     Кандидаттардың әскери оқу орындарына түсу үшін ұсынатын
                     құжаттарының тізбесі

      1. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2. Білімі туралы құжаттың көшірмесі (оқуға түсетін жылы орта оқу орнын бітіретін кандидаттар үшін үлгерім табелі);
      3. ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатының көшірмесі;
      4. Көлемі 4,5х6 сантиметр алты фотосурет;
      5. Өмірбаян (терілген және өз қолымен жазылған);
      6. Әскери қызмет (жұмыс) немесе оқу орнынан ұйым (әскери бөлім, мекеме) жетекшісі (командир, бастық) қол қойған, оқуға жіберудің мақсатқа сай екендігі туралы қорытынды қоса берілген мінездеме(әскери қызметшілер үшін);
      7. Қызметтік карточка (әскери қызметшілер үшін);
      8. Медициналық тексеру картасы және әскери-дәрігерлік комиссияның белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы медициналық куәландыру қорытындысы;
      9. Психиатриялық, наркологиялық, тері-венерологиялық және туберкулез диспансерлерінен анықтамалар;
      10. Мерзімі 1 айдан аспайтын АИТВ анықтамалар (әскери оқу орнына келген кезде ұсынылады);
      11. Неке (некені бұзу) туралы, балалардың тууы туралы куәліктің көшірмесі (болған кезде);
      12. Жеңілдіктерге, басымдықтарға құқық беретін құжаттардың көшірмелері;
      13. Нотариалды куәландырылған құжаттар:
      кандидаттың заңды өкілдерінің әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасауға келісімі (әскери оқу мекемесіне қабылдау кезінде он сегіз жасқа толмаған кандидаттар үшін).
      Жеке басын куәландыратын (жеке куәлік, паспорт), білімі туралы құжаттардың, әскери билеттің (тіркеу куәлігі), әскери оқу орнына қабылдау құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын, ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатын оқуға түсетін адамдар қабылдау комиссиясына келгеннен кейін ұсынады.

Жоғары білім берудің білім беру
бағдарламаларын іске асырып жатқан
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің әскери, арнаулы оқу
орындарына оқуға қабылдау   
қағидаларына          
2-қосымша           

     Қабылдау комиссиясының кандидаттарды курсанттар қатарына
                         қабылдау туралы
                         № ___ хаттамасы

20__жылғы ___ _____                                    _______ қаласы

Қабылдау комиссиясының құрамы:
қабылдау комиссиясының төрағасы:
қабылдау комиссиясының мүшелері:

хатшысы:
оқуға кандидаттардың материалдарын қарап, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Туған жылы

ұлты

білімі

Бітірген жылы

Служба в ОВД, ВС

Результаты приема

Медициналық көрсеткіштер бойынша іріктеу

Кәсіби-психологиялық іріктеу

Дене шынықтыруының көрсеткіштері бойынша іріктеу

ҰБТ/КТ нәтижелері

Жалпы балл

Бейінді пән

Қазақстан тарихы

Математика

Қазақ/орыс тілі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15
















кестенің жалғасы

Аттестаттың/дипломның орташа балы

Жасақтаушы орган

Жеңілдіктер

Қабылдау комиссиясының шешімі

16

17

18

19





Қабылдау комиссиясының төрағасы:
Қабылдау комиссиясының мүшелері:
хатшысы:

Жоғары білім берудің білім беру
бағдарламаларын іске асырып жатқан
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің әскери, арнаулы оқу
орындарына оқуға қабылдау   
қағидаларына          
3-қосымша           

     ІІМ әскери оқу орындарына кандидаттарға арналған дене
   шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер және балл есептеуді
                            бағалау

Тартылу

100 метрге жүгіру

3000 метрге жүгіру

Баға

Балл

Неше рет орындалғаны

Баға

Балл

Уақыты (секунд)

Баға

Балл

Уақыты (секунд)

Өте жақсы

23 реттен жоғары әр қайталау үшін 4 балл қосылады

Өте жақсы

12-ден кем әрбір 0.1 сек үшін 2 балл қосылады

Өте жақсы

10.30. мин кем әрбір 3 сек үшін 1 балл қосылады

100

23

100

12.0

80

11.30

96

22

98

12.1

79

11.33

92

21

96

12.2

78

11.36

88

20

94

12.3

77

11.39

84

19

92

12.4

76

11.42

80

18

90

12.5

76

11.45

76

17

88

12.6

75

11.00

72

16

86

12.7

74

11.03

68

15

84

12.8

73

11.06

64

14

82

12.9

72

11.09

60

13

80

13.0

71

11.12

50

12

78

13.1

70

11.15

Жақсы

40

11

76

13.2

69

11.18

35

10

74

13.3

68

11.21

30

9

72

13.4

67

11.24

Қанағаттанарлық

25

8

70

13.5

66

11.27

20

7

68

13.6

65

11.30







66

13.7

64

11.33







64

13.8

63

11.36







62

13.9

62

11.39







60

14.0

61

11.42







60

11.45







Жақсы

55

14.1

59

11.48







50

14.2

58

11.51







Қанағаттанарлық

45

14.3

57

11.54







40

14.4

56

11.57







35

14.5

55

12.00







30

14.6

54

12.03







25

14.7

53

12.06







20

14.8

52

12.09













51

12.12













50

12.15













Жақсы

49

12.18













48

12.21













47

12.24













46

12.27













45

12.30













44

12.33













43

12.36













42

12.39













41

12.42













40

12.45













Қанағаттанарлық

39

12.48













38

12.51













37

12.54













36

12.56













35

12.58













34

13.00













33

13.02













32

13.04













31

13.06













30

13.08













29

13.12











28

13.14











27

13.16











26

13.18











25

13.20











24

13.22











23

13.24











22

13.26











21

13.28











20

13.30

Жоғары білім берудің білім беру
бағдарламаларын іске асырып жатқан
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің әскери, арнаулы оқу
орындарына оқуға қабылдау   
қағидаларына          
4-қосымша           

   спорттық жаттығулардың жекелеген түрлерін тапсыру жөніндегі
                           ВЕДОМОСІ

20__жылғы ___ _____                                    _______ қаласы

Спорттық жаттығулардың аталған түрі бойынша _________________________
                                           (спорттық жаттығудың түрі

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Взвод

Жаттығудың нәтижесі

Баға (балл)

ескертпе

1

2

3

4

5

6







Дене шынықтыру даярлығын тексеру жөніндегі комиссияның мүшелері

Жоғары білім берудің білім беру
бағдарламаларын іске асырып жатқан
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің әскери, арнаулы оқу
орындарына оқуға қабылдау   
қағидаларына          
5-қосымша           

нысан

                            ЖИЫНТЫҚ ВЕДОМОСТЬ

«______» ____________20____г.                             қаласы_____


п/п

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Сопорттық жаттығудың түрі

Қорытынды баға (балл)

Оқуға кандидаттардың қолы

100 метрге жүгіру

3000/1000 метрге жүгіру (кросс)

Тартылу /Кешенді күштік жаттығуе

нәтижесі

бағасы (балл)

нәтижесі

бағасы (балл)

нәтижесі

бағасы (балл)



















































Дене шынықтыру бойынша комиссиясы

Жоғары білім берудің білім беру
бағдарламаларын іске асырып жатқан
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің әскери, арнаулы оқу
орындарына оқуға қабылдау   
қағидаларына          
6-қосымша           

                      Апелляциялық комиссияның
                           № хаттамасы

«___»________20___ г.                                  г.____________

Апелляциялық комисиия келесі құрамда:
комиссияның төрағасы:
комиссияның мүшелері:

хатшысы:

оқуға кандидаттардың апелляция туралы арызына және апелляциямен қайта
тапсырылған дене шынықтыру бойынша спорттық жаттығулардың
нәтижесінде, төменде көрсетілген спорттық жаттығу түрлері бойынша
мынадай баға қоюды шешті: ___________________________________________
                                   спорттық жаттығыдуң түрі

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Взвод

Жаттығудың нәтижесі

Баға (балл)

ескертпе

1

2

3

4

5

6







Аппелациялық комиссияның мүшелері:

Жоғары білім берудің білім беру
бағдарламаларын іске асырып жатқан
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің әскери, арнаулы оқу
орындарына оқуға қабылдау   
қағидаларына          
7-қосымша           

        ІІМ арнаулы оқу орындарының мамандықтар тізбесі

Бакалавриат мамандығы

Пәндер тізбесі

Оқыту мерзімі

Бейінді пән

5В030300
Құқық қорғау қызметі

1) қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі);
2) Қазақстан тарихы;
3) математика;
4) таңдау бойынша пән – дүние жүзілік тарих.

4 жыл

Дүниежүзі тарихы

5В010300
Педагогика және психология

1) қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі);
2) Қазақстан тарихы;
3) математика;
4) таңдау бойынша пән – биология.

4 жыл

Биология

5В090500
Әлеуметтік жұмыс

1) қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі);
2) Қазақстан тарихы;
3) математика;
4) таңдау бойынша пән – география

4 жыл

География

5В070300
Ақпараттық жүйелер

1) қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі);
2) Қазақстан тарихы;
3) математика;
4) таңдау бойынша пән – физика

4 жыл

Математика

5В071900
Радиотехника, электроника және телекоммуникация

1) қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі);
2) Қазақстан тарихы;
3) математика;
4) таңдау бойынша пән – физика

4 жыл

Математика

5В100100
Өрт қауіпсіздігі

1) қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі);
2) Қазақстан тарихы;
3) математика;
4) таңдау бойынша пән – физика

4 жыл

Математика

5В103100
Төтенше жағдайлардан қорғау

1) қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі);
2) Қазақстан тарихы;
3) математика;
4) таңдау бойынша пән – физика

4 жыл

Математика

5В103200
Азаматтық қорғаныс күшінің командалық тактикалық

1) қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі);
2) Қазақстан тарихы;
3) математика;
4) таңдау бойынша пән – физика

4 жыл

Математика

Жоғары білім берудің білім беру
бағдарламаларын іске асырып жатқан
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің әскери, арнаулы оқу
орындарына оқуға қабылдау   
қағидаларына          
8-қосымша           

      ІІМ арнаулы оқу орындарына кандидаттарға арналған дене
              шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер

                              Жігіттер үшін

Тест атауы

Баға

өте жақсы

жақсы

қанағаттанарлық

1.

100 метрге жүгіру (сек.)

13,2

13,7

14,2

2.

3000 метрге жүгіру (мин/сек.)

12,30

13,0

14,0

3.

Тартылу (тартылу саны)

13

11

9

                              Қыздар үшін

Тест атауы

Баға

өте жақсы

жақсы

қанағаттанарлық

1.

100 метрге жүгіру (сек.)

16,0

16,5

17,0

2.

1000 метрге

жүгіру (мин/сек.)

4,40

5,0

5,2

3.

Кешенді күштік жаттығу 1 минут ішінде (шалқадан жатып кеудені көтеру, қол басы иыққа қойылады (30 сек.); қолды жатып тіреніп бүгу және жазу (30 сек.) (көтеру саны)

34

30

26

      Ескертпе:
      1. Егер талапкер жаттығулардың біреуінен «қанағаттанарлықсыз» деген баға алып, қалғандарынан «жақсы» деген баға алса, ІІМ арнаулы оқу орындарына түсушілер үшін, техникалық мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, дене шынықтыру нормативтері тапсырылды деп есептеледі.
      Мысалы: Тартылу - «жақсы», 100 метрге жүгіру - «жақсы», 3000 метрге жүгіру - «қанағаттанарлықсыз» - дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсырылды.
      Тартылу - «өте жақсы», 100 метрге жүгіру - «қанағаттанарлық», 3000 метрге жүгіру «қанағаттанарлықсыз» - нормативтер тапсырылған жоқ.
      2. Егер кандидат жаттығулардың біреуінен «қанағаттанарлықсыз» деген баға алса ІІМ арнаулы оқу орындарының техникалық мамандықтарына түсушілері үшін дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсырылды деп есептеледі.
      Мысалы: Тартылу - «қанағаттанарлық», 100 метрге жүгіру-«қанағаттанарлық», 3000 метрге жүгіру - «қанағаттанарлықсыз» - дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсырылды.

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 77 бұйрығына   
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылады деп
танылатын бұйрықтарының тізбесі

      1. «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 186 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6977 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 11 маусымдағы № 247-248 (26646) санында, 2011 жылғы 22 қарашадағы N 23 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған)
      2. «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 186 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 280 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7744 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 8 шілдедегі № 396-400 (27474) санында жарияланған).
      3. «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 186 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 302 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8475 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 203 (28142) санында жарияланған).
      4. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 398 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9641 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2014 жылғы 26 тамыздағы № 126 (2520) санында жарияланған).
      5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары әскери оқу орындарына қабылдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 483 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9723 болып тіркелген, Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 6 маусымдағы № 105 (25583) санында жарияланған).
      6. «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 186 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 211 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10793 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі 2015 жылғы 29 сәуірде; «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 153 (28631) санында жарияланған).