Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі N 186 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 27 мамырда N 6977 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2016 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 12.03.2015 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 9-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына қабылдау қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 12.03.2015 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Мыналар:
      1) «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке (жұмысқа), оқуға қабылданушылар үшін дене бітімі көрсеткіштері бойынша нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушысының 2007 жылғы 11 мамырдағы № 203 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4721 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылғы маусымда жарияланған);
      2) «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 11 мамырдағы № 204 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6301 тіркелген және «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 4 тамызда № 314 (26157) жарияланған) бұйрықтарының күші жойылды деп есептелсін.
      3. Кадр жұмысы департаменті (Ә.А. Жансейітов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өтуін және мерзімдік басылымдарда жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор А.Ж. Күреңбековке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      милиция генерал-майор                      Қ.Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      _________ Б.Жұмағұлов
      2011 жылғы 29 сәуір

Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрінің 
2011 жылғы № 186 бұйрығымен
бекітілді        

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске
асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім
беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 12.03.2015 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.04.2013 № 302 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ереже

      1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы»«Білім туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына (бұдан әрі – Үлгі қағидалар) сәйкес әзірленді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 12.03.2015 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау тәртібін реттейді.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 12.03.2015 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3. ІІМ жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау тәртібі қабылдауды ұйымдастыруды, талапкерлерді медициналық, дене және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеуді, ІІМ жоғары оқу орындарының курсанттар қатарына қабылдауды құрайды.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 12.03.2015 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. ІІМ жоғары оқу орындарына күндізгі оқыту нысаны бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қойылатын талаптарға жауап беретін, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
      ІІМ жоғары оқу орындарына қысқартылған мерзімге оқуға 25 жасқа толмаған, «Құқық» мамандықтар тобы бойынша жоғары білімі бар тұлғалардан басқа, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 12.03.2015 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5. ІІМ жоғары оқу орындары осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 12.03.2015 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. ІІМ-нің жоғары оқу орындарына оқуға түсуге ниет білдірген азаматтар тұрғылықты жері бойынша аумақтық ішкі істер департаменттерінің, Көліктегі ішкі істер департаментінің, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, төтенше жағдайлар департаменттерінің (бұдан әрі – ІІД, КІІД, ҚАЖД, ТЖД) кадр жұмысы бөліністеріне өтініш (еркін нысанда) береді.
      Өтінішке:
      1) жеке куәлігінің көшірмесі (нотариалды расталған);
      2) фотосуреттер (бас киімсіз, көлемі 3,5х4,5 см. алты фотосурет, көлемі 10х12 см. бір фотосурет);
      3) өз қолымен толтырылған өмірбаян (түпнұсқа);
      4) білімі туралы аттестаты немесе дипломының көшірмесі (өткен жылғы білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін нотариалды расталған);
      5) «Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) бекітілген анықтама нысанына сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама (оқуға түсетін жылғы білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін түпнұсқа) қоса беріледі.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 12.03.2015 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. ІІМ Кадр жұмысы департаменті оқуға түсер алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін ІІМ-нің аумақтық бөліністері үшін ІІМ жоғары оқу орындарына оқуға үміткерлерді жіберу бойынша жоспар әзірлейді, ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітіледі.
      8. Жоспар бекітілгеннен кейін ІІМ бөліністері:
      1) бұқаралық ақпарат құралдарында, ресми Интернет-ресурста ІІМ жоғары оқу орындарына қабылдау шарттары туралы хабарландыру орналастыру ұйымдастырады;
      2) кәсіби бағдар беру, тұрғылықты жері бойынша оқуға үміткерлерді іріктеу және тексеру бойынша жұмыс жүргізеді.
      9. Оқуға үміткерлер қызметке жарамдылығын анықтау үшін міндетті түрде әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден, сондай-ақ міндетті арнайы тексеруден өтеді.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 12.03.2015 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Аумақтық ІІД, КІІД, ҚАЖД, ТЖД кадр жұмысы бөліністері талапкерлердің қалыптастырылған жеке істерін оқуға түсу жылының 20 маусымына дейін ІІМ-нің жоғары оқу орындарына жолдайды.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 12.03.2015 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. ІІМ Кадр жұмысы департаменті ІІД, КІІД, ҚАЖД, ТЖД кадр жұмысы бөліністері арқылы ІІМ-нің жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау мерзімі туралы талапкерлерге хабарлайды.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 12.03.2015 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      12. ІІМ жоғары оқу орындарының сырттай оқыту нысаны бойынша орта, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар ішкі істер органдарының қызметкерлері және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қабылданады.
      ІІМ жоғары оқу орындарының сырттай оқыту нысаны бойынша оқуға түсетін қызметкерлерге кадр аппараттары оқу ісін жолдайды, ол:
      1) қызметкердің баянатын;
      2) кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағын;
      3) оқуға жіберу туралы ұсынымы бар қызметтік мінездемені;
      4) жеке куәлігінің көшірмесін (нотариалды расталған);
      5) білімі туралы құжаттың көшірмесін (нотариалды расталған);
      6) көлемі 3х4 см. алты фотосуретті;
      7) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес 086-У медициналық анықтаманы қамтиды.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 12.03.2015 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      13. ІІМ жоғары оқу орындары білім алушыларының контингентін қалыптастыру мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

2. ІІМ-нің жоғары оқу орындарына қабылдауды ұйымдастыру

      14. ІІМ-нің жоғары оқу орындарына оқуға қабылдауды ұйымдастыруды жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы (бұдан әрі - қабылдау комиссиясы) жүзеге асырады.
      Қабылдау комиссиясының құрамы жоғары оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі және басшы құрамының адамдары, сондай-ақ жоғары оқу орындарының өзге де қызметкерлері және ІІМ, ІІД, КІІД, ҚАЖД, ТЖД өкілдері қатарынан қалыптастырылады.
      Қабылдау комиссиясы төраға, төрағаның орынбасары, жауапты хатшы және комиссияның кемінде он мүшесі құрамында қалыптастырылады.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 03.07.2014 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 12.03.2015 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      15. Қабылдау комиссиясы осы Қағидаларды басшылыққа ала отырып, жоғары оқу орнын курсанттармен сапалы жасақталуды қамтамасыз етуге бағытталған.
      Қабылдау комиссиясы:
      1) талапкерлердің жеке істерін қарауды жүзеге асырады;
      2) соңғы медициналық куәландыруды жүргізеді, талапкерлердің дене шынықтыру даярлығын тексереді;
      3) оқуға қабылдау мәселелері бойынша шағымдар мен өтініштерді қарайды;
      4) конкурстық тізімдерді және комиссияның талапкерлерді курсанттар қатарына тіркеу туралы хаттамасын дайындайды;
      5) талапкерлермен әңгімелесу жүргізеді;
      6) талапкерлерді медициналық, дене және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеу қорытындылары бойынша және бірыңғай ұлттық тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеу қорытындылары бойынша сертификаттар балдарына сәйкес талапкерлерді курсанттар қатарына қабылдау туралы шешім қабылдайды;
      7) талапкерлерді қабылдау қорытындыларына талдау және осы жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша шаралар әзірлеуді жүргізеді.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 03.07.2014 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 12.03.2015 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      16. Қабылдау комиссиясының қызметіне басшылықты төраға жүзеге асырады.
      Қабылдау комиссиясының төрағасы жоғары оқу орнының бастығы болып табылады.
      Қабылдау комиссиясының төрағасы қабылдау комиссиясының қызметіне басшылық етеді, оның мүшелерінің өкілеттігін белгілейді және осы комиссиясының жұмыс жоспарын бекітеді.
      Қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары ІІМ жоғары оқу орнының құрылымдық бөліністерінің басшы құрамы қатарынан тағайындалады, ол қабылдау комиссиясы мүшелерінің қызметін ұйымдастырады.
      Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы жоғары оқу орнының құрылымдық бөліністерінің басшы құрамы қатарынан тағайындалады, оған қабылдау комиссиясына жүктелген функцияларды іске асыру бойынша құжаттарды, отырыстарға материалдарды, сондай-ақ олардың жұмысы туралы есеп жобасын әзірлеу жүктеледі.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 03.07.2014 № 398 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
      17. Қабылдау комиссиясының қызметі жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Қабылдау комиссиясының отырысы қажеттілігіне қарай қабылдау комиссиясы төрағасының шешімі бойынша өткізіледі.
      Қабылдау комиссиясының шешімі қабылдау комиссиясы мүшелерінің кемінде екі/үш дауысы болған жағдайда көпшілік дауыс беруі бойынша қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда қабылдау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 03.07.2014 № 398 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
      18. Кешенді тестілеу өткен жылғы жалпы орта білім беру ұйымдарының, техникалық және кәсіптік (орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін өткізіледі.
      Кешенді тестілеу тестілеу пункттерінің базасында (базалық жоғары оқу орындары) өткізіледі.
      18-1. ІІМ жоғары оқу орындарына қысқартылған мерзімге оқуға үміткерлермен медициналық куәландырудан, дене шынықтыру даярлығын және ішкі істер органдары қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуін тексеруден тұратын кәсіптік іріктеу жүргізіледі.
      Нормативтік құқықтық актілерді білуін тексеру әңгімелесу нысанында өткізіледі.
      Ескерту. 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 12.03.2015 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      19. Талапкерлерді қабылдау үшін қабылдау комиссиясы төрағасының бұйрығымен:
      1) штаттан тыс уақытша жұмыс істейтін әскери-дәрігерлік комиссия;
      2) талапкерлердің дене шынықтыру дайындығын тексеру жөніндегі комиссия;
      3) апелляциялық комиссия;
      4) техникалық топ құрылады.
      Штаттан тыс уақытша жұмыс істейтін әскери-дәрігерлік комиссия Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 27 шілдедегі № 325 бұйрығымен бекітілген Ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама өткізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6407 тіркелген) оқуға түсу үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығын анықтау мақсатында талапкерлерге медициналық куәландыру өткізу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін маман дәрігерлердің қатысуымен ІІМ жоғары оқу орнының медициналық бөлімі бастығының төрағалық етуімен құрылады.
      Дене шынықтыру дайындығын тексеру жөніндегі комиссия талапкерлерді дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылады. Комиссия құрамына жоғары оқу орнының қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.
      Апелляциялық комиссия талапкерлерді дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеу және тестілеу қорытындылары бойынша азаматтардың арыздарын қарау үшін құрылады.
      Техникалық топ талапкерлердің жеке және оқу істерін іріктеу және өңдеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылады.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 03.07.2014 № 398 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
      20. Қабылдау тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қабылдау комиссияларының шешімдері, қабылдау мерзімдері ІІМ жоғары оқу орындарының интернет-ресурстарында орналастырылады және талапкерлерге уақтылы жеткізіледі.
      ІІМ жоғары оқу орындарында қабылдау кезінде қабылдау тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ талапкерлерді медициналық, дене және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеуді өткізу мерзімі, сондай-ақ басқа да қажетті ақпарат талапкерлерге уақтылы таныстыру үшін ақпараттық стендке орналастырылады.

3. Талапкерлерді дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеу

      21. Талапкерлерді дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеу және дене шынықтыру жаттығуларын орындау нәтижелерін бағалау осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ІІМ жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерге (бұдан әрі – дене шынықтыру даярлығы нормативтері) сәйкес жүргізіледі.
      «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық біліктілігі бар және ІІМ жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына оны растайтын құжаттар ұсынған талапкерлер дене бітімі бойынша іріктеуден босатылады.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 12.03.2015 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      22. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер талапкерлердің мынадай спорттық жаттығу түрлерін орындауын көздейді:
      100 метрге жүгіру (ұлдар, қыздар);
      1000 (кросс) метрге жүгіру (қыздар);
      3000 (кросс) метрге жүгіру (ұлдар);
      биік салмадан тартылу (ұлдар);
      кешенді күш жаттығулары (қыздар).
      23. Спорттық жаттығуларды орындау шарттары:
      100, 1000 және 3000 метрге жүгіру стадионның жүгіру жолында немесе кез-келген тегіс жерде өткізіледі.
      Биік салмадан тартылу бастапқы орнынан тартылған қалпы жоғарыдан ұстап (бас бармақ астыңғы жақта) жерге аяғын тигізбей орындалады. Иегі салмадан асатын болса, әрбір кезде қозғалмайтын тұрғыдан, тартылған қалпы қолдары түзу, жұлқынбай және аяқтарының қозғалысымен серпілмесе, жаттығу орындалды деп есептеледі. Тартылғанда тартылып тұрған орнынан 5 секундттан артық демалуға (тоқтауға) және тартылуды шайқалудан бастауға рұқсат етілмейді.
      кешенді күш жаттығулары бір минут ішінде орындалады: алғашқы 30 секундта арқамен жатып, қол ұштарын иыққа қойып, аяқтарды қосып (аяқтарды сәл бүгуге болады), кеуде тізеге тигенше барынша еңкеюді орындайды, бастапқы қалыпқа келу кезінде жауырынды жерге тигізу керек; содан кейін қалған 30 секунд ішінде жатқан қалыпта қолдарды созу, бүгу жаттығуын жасауды орындайды (денені тік ұстап, қолдарды кеудесі жерге тигенше бүгу).
      24. Дене шынықтыру нормативтерінің мазмұны және спорттық жаттығуларды орындау шарты талапкердің назарына дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеу басталғанға дейін 24 сағат ішінде кешіктірілмей жеткізіледі.
      25. Дене шынықтыру нормативтерін тапсыру алдында талапкерлердің дене шынықтыру дайындығын тексеру жөніндегі комиссия мүшелері талапкерлерді қауіпсіздік техникасымен қол қойғыза отырып, таныстырады.
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 12.03.2015 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      26. Дене шынықтыру нормативтеріне сәйкес енгізілген спорттық жаттығулардың әрбір түрі жеке тапсырылады. Бір күнде екі жаттығудан артық орындауға рұқсат етілмейді, бұл ретте кросс (1000 және 3000 метрге жүгіру) келесі күні басқа жаттығулардан бөлек орындалады.
      27. Салмадан тартылу, кешенді күш жаттығулары, 100 метрге жүгіру бойынша дене шынықтыру нормативтерін орындау үшін бір уақытта кемінде 3 талапкер қатыса алады. 1000 және 3000 метрге жүгіруге (кросс) бір уақытта кемінде 10 адам қатыса алады.
      28. Дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеу нәтижелері ұлдар және қыздар үшін бөлек бағаланады.
      29. Талапкерлердің дене шынықтыру дайындығын тексеру жөніндегі комиссия мүшелері әрбір спорттық жаттығуды тапсыру нәтижелерін жеке ведомосте белгілейді және талапкердің назарына қол қойғыза отырып, жеткізіледі. Белгіленгеннен кейін жаттығуларды орындауды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
      30. Жеке спорт жаттығуларын тапсыру бойынша ведомостердегі деректері негізінде дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша нормативтерді орындаудың жиынтық хаттамасы толтырылады, ол ІІМ жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына ұсынылады.
      Жиынтық хаттамада талапкердің дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақты тапсырғаны-тапсырмағаны туралы қорытынды жазылады және бір сағат ішінде аталған мәліметтер талапкердің назарына жеткізіледі және ақпараттық стендке ілінеді.
      31. Дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақ нәтижелерімен келіспеген талапкер апелляцияға шағым бере алады.
      Дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақ нәтижесімен байланысты мәселелерді қарау үшін апелляциялық комиссияның құрамы ІІМ жоғары оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі.
      32. Талапкерлер дене шынықтыру дайындығы бойынша нәтижелерді хабарлағаннан кейін келесі күні сағат 13.00–ге дейін апелляцияға арызды өзі береді және оны апелляциялық комиссия бір тәулік ішінде қарайды. Арыз берушінің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.
      33. Өтінішті қараудың нәтижесі бойынша талапкердің қалауымен бір дене шынықтыру жаттығуын қайта тапсыру құқығы беріледі.
      34. Апелляциялық комиссия шешімі комиссияның тізімдік құрамының көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия жұмысы хаттамамен ресімделеді, оған төраға және комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды. Апелляциялық комиссия шешімінің нәтижелері бойынша талапкерге апелляциялық комиссия отырысының хаттамасынан үзінді беріледі.

4. ІІМ-нің жоғары оқу орындарына қабылдау

      35. ІІМ-нің жоғары оқу орындарына қабылдау медициналық, дене бітімі және психофизиологиялық көрсеткiштері бойынша іріктеу қорытындыларын ескере отырып, ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеу қорытындылары бойынша сертификат балдарына сәйкес конкурс бойынша жүргiзiледi.
      36. ҰБТ немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша ІІМ жоғары оқу орындарының курсанттары қатарына қабылдау бойынша конкурсқа қатысу үшін қажетті балдардың саны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесінде белгіленеді.
      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 12.03.2015 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      36-1. Жоғары оқу орындарына қысқартылған мерзімге оқуға қабылдау кәсіптік іріктеу нәтижелері бойынша конкурс бойынша жүргізіледі.
      Ескерту. 36-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 12.03.2015 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      37. Мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде ІІМ жоғары оқу орындарының курсанттары қатарына қабылдау конкурсын өткізу кезінде:
      1) "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдардың;
      2) дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар адамдардың;
      3) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ олар өздері таңдаған мамандықтары олимпиадалардың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының басым құқығы бар.
      Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 12.03.2015 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      38. Оқуға түсетіндерге белгіленген талаптар бойынша өту деңгейі бойынша балл алған қызметтік міндетін орындау кезінде қаза болған немесе мүгедектік алған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің балалары ІІМ жоғары оқу орындарына конкурстан тыс қабылданады.
      39. ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттары балдарына сәйкес ІІМ жоғары оқу орындарының тыңдаушылар қатарына қабылдау көрсеткiштерi бiрдей болған жағдайда оқуға қабылдауға мыналардың:
      жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      үздік білімі туралы құжаттары (аттестаттары, куәліктері, дипломдары) бар адамдар;
      ішкі істер органдарының қызметкерлері, егер олар жоғары білімді алғаш рет алатын болса басым құқыққа ие болып табылады.
      Баллдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның жоғары орта балдары бар тұлғаларға беріледі.
      Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болған жағдайда бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі.
      Осы Қағидаларға сәйкес жеңiлдiкпен қабылдану құқығын пайдаланатын адамдар растайтын құжаттар ұсынады.
      Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 12.03.2015 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      40. Қабылдау комиссиясының оқуға қабылдау туралы шешiмi ІІМ жоғары оқу орны бастығының бұйрығымен ресiмделедi. Бұйрықтан үзінді жұмыстан қол үзiп оқуға қабылданған тұлғаларды оқуға iссапарға жіберуге негiз болып табылады.
      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 12.03.2015 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      41. Курсанттар қатарына қабылданбаған ішкі істер органдарының қызметкерлері және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қатарынан талапкерлер ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінің қарамағына жіберіледі, олардың жеке істері оқуға қабылданбау себептерін көрсете отырып, қайтарылады.
      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 12.03.2015 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      42. ІІМ-нің жоғары оқу орындары ІІМ Кадр жұмысы департаментiне оқуға қабылдауды өткізгеннен кейiн он күн мерзімде оқуға қабылдауды ұйымдастыру және өткiзу бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ курсанттарды оқуға қабылдау туралы бұйрықтардың көшiрмелерін ұсынады.
      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 12.03.2015 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      43. Осы Қағидалармен реттелмеген мәселелерді қабылдау комиссиялары қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешеді.
      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 12.03.2015 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жоғары білім берудің кәсіптік 
оқу бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің білім беру    
ұйымдарына оқуға қабылдау    
қағидаларына 1-қосымша     

Мамандықтар тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 12.03.2015 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Бакалавриат мамандығы

Пәндер тізбесі

Оқыту мерзімі

Бейінді пән

5В030300
Құқық қорғау қызметі

1) қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі);
2) Қазақстан тарихы;
3) математика;
4) таңдау бойынша пән – дүниежүзі тарих.

4 жыл

Дүниежүзі тарихы

5В010300
Педагогика және психология

1) қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі);
2) Қазақстан тарихы;
3) математика;
4) таңдау бойынша пән – биология.

4 жыл

Биология

5В090500
Әлеуметтік жұмыс

1) қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі);
2) Қазақстан тарихы;
3) математика;
4) таңдау бойынша пән – география

4 жыл

География

5В070300
Ақпараттық жүйелер

1) қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі);
2) Қазақстан тарихы;
3) математика;
4) таңдау бойынша пән – физика

4 жыл

Математика

5В071900
Радиотехника, электроника және телекоммуникация

1) қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі);
2) Қазақстан тарихы;
3) математика;
4) таңдау бойынша пән – физика

4 жыл

Математика

5В100100
Өрт қауіпсіздігі

1) қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі);
2) Қазақстан тарихы;
3) математика;
4) таңдау бойынша пән – физика

4 жыл

Математика

5В103100
Төтенше жағдайлардан қорғау

1) қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі);
2) Қазақстан тарихы;
3) математика;
4) таңдау бойынша пән – физика

4 жыл

Математика

5В103200
Азаматтық қорғаныс күшінің командалық тактикалық

1) қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі);
2) Қазақстан тарихы;
3) математика;
4) таңдау бойынша пән – физика

4 жыл

Математика

Жоғары білім берудің кәсіптік 
оқу бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің білім беру    
ұйымдарына оқуға қабылдау    
қағидаларына 2-қосымша     

ІІМ жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған
дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 12.03.2015 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жігіттер үшін

Тест атауы

Баға

өте жақсы

жақсы

қанағаттанарлықсыз

1.

100 метрге жүгіру (сек.)

13,2

13,7

14,2

2.

3000 метрге жүгіру (мин/сек.)

12,30

13,0

14,0

3.

Тартылу (тартылу саны)

13

11

9

Қыздар үшін

Тест атауы

Баға

өте жақсы

жақсы

қанағаттанарлықсыз

1.

100 метрге жүгіру (сек.)

16,0

16,5

17,0

2.

1000 метрге жүгіру (мин/сек.)

4,40

5,0

5,2

3.

Кешенді күштік жаттығу 1 минут ішінде (шалқадан жатып кеудені көтеру, қолбасы иыққа қойылады (30 сек.); қолды жатып тіреніп бүгу және жазу (30 сек.) (көтеру саны)

34

30

26

      Ескертпе:
      1. Егер талапкер жаттығулардың біреуінен «қанағаттанарлықсыз» деген баға алып, қалғандарынан «жақсы» деген баға алса, ІІМ жоғары оқу орындарына түсушілер үшін, техникалық мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, дене шынықтыру нормативтері тапсырылды деп есептеледі.
      Мысалы: Тартылу - «жақсы», 100 метрге жүгіру - «жақсы», 3000 метрге жүгіру - «қанағаттанарлықсыз» - дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсырылды.
      Тартылу - «өте жақсы», 100 метрге жүгіру - «қанағаттанарлық», 3000 метрге жүгіру «қанағаттанарлықсыз» - нормативтер тапсырылған жоқ.
      2. Егер талапкер жаттығулардың біреуінен «қанағаттанарлықсыз» деген баға алса ІІМ жоғары оқу орындарының техникалық мамандықтарына түсушілері үшін дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсырылды деп есептеледі.
      Мысалы: Тартылу - «қанағаттанарлық», 100 метрге жүгіру - «қанағаттанарлық», 3000 метрге жүгіру - «қанағаттанарлықсыз» - дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсырылды.