Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2022 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2025 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2022 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2022 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Осы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) азаматтардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің полиграфологиялық зерттеуден өту тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2022 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
1) полиграф – аналогтық және (немесе) цифрлы түрде көрінетін вербалдық және көру стимулдарына жауапта адамның қарқынды физиологиялық реакциясына (тыныс алуы, жүрек-тамырларының белсенділігі, тері-гальваникалық реакциясы, қозғалыс белсенділігі, бет әлпетінің мимикасы және басқалары) сауалдама жүргізу процесінде тіркеуге арналған техникалық құрылғы;
2) полиграфологиялық зерттеу – адамның жекелеген физиологиялық реакцияларын арнайы датчиктердiң көмегiмен тiркеуден тұратын сауал қою рәсiмi;
3) полиграфолог – тиісті даярлықтан өткен және полиграфологиялық зерттеу жүргізуге оның құқығын растайтын құжаты (сертификат, диплом, куәлік) бар адам.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.05.2025 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Полиграфологиялық зерттеуден (бұдан әрі – зерттеу):
1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) қабылданатын азаматтар;
2) қызметтік тергеп-тексеру жүргізген кезде қажеттілігі бойынша Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері;
3) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері:
жоғары тұрған басшылық лауазымдарға өсіру кезінде (аттестаттау немесе жоспардан тыс аттестаттау немесе конкурс шеңберінде);
егер оны өткізу Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша өткізілетін кезектен тыс аттестаттау шеңберінде көзделген болса;
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі басшысының шешімі бойынша аттестаттау кезінде өтеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2022 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.05.2025 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Зерттеу жүргізудің негізгі мақсаты қосымша ақпарат алу және Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) қабылданатын азаматтар мен Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері (бұдан әрі – зерттелетін адамдар) хабарлаған мәліметтердің шынайылығын тексеру болып табылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2022 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) қабылданатын азаматтар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес кадр бөлімшесінің жолдамасы бойынша Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің тиісті бөлімшесінде зерттеуден өтеді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2022 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5-1. Қызметтік тергеп-тексеру жүргізген кезде Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерін зерттеу оның келісімімен жүргізіледі.
Ескерту. Қағидалар 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 17.11.2022 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6. Зерттеуден өтудің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) қабылдаған кезде:
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) кірудегі құқыққа қайшы ниетін (тыйым салынған қоғамдық бірлестіктер қызметінің, қылмыстық және террористік ұйымдардың және басқалардың мүддесіне орай);
құмар ойындармен және (немесе) бәс тігумен әуестенуін, бір рет қабылдағанда адамның психикалық және тәндік функцияларына, мінез-құлқына әсер ететін, ал ұзақ уақыт тұтынған кезде психикалық және тәндік тәуелділік туғызатын синтетикалық немесе табиғи жолмен алынған психикаға белсенді әсер ететін заттарды (алкоголь, есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер, басқа да есеңгірететін заттар) тұтынуын;
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызметін толыққанды өткеруге кедергі келтіретін жасырын сырқаттарын, өз-өзіне қол жұмсауға бейімдігін;
сауалнамалық деректерді, кірісі, мүлкі және мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы мәліметтерді, қос азаматтығының бар екендігін, жалған құжаттарды пайдаланғанын жасыруын немесе бұрмалауын;
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының, бөгде адамдарға құпия немесе қызметтік ақпарат беруінің бұрын орын алған фактілерін;
тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауаптылыққа тартылу фактілерін;
тыйым салынған қоғамдық бірлестіктермен, қылмыстық және террористік ұйымдармен қатынас жасауын немесе, егер бұл бұрын олардың қызметтік міндеттемелеріне кірмеген болса, коммерциялық құрылымдарға қатысуын;
лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануын;
2) қызметтік тергеп-тексеру жүргізген кезде:
теріс қылық не құқық бұзушылық жасауының мән-жайларын;
қызметкердің аталған теріс қылыққа не құқық бұзушылыққа қатыстылығын;
қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісін;
3) осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда:
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызметте болудағы жасырын теріс себептерін (тыйым салынған қоғамдық бірлестіктер қызметінің, қылмыстық және террористік ұйымдардың және басқалардың мүддесіне орай);
құмар ойындармен және (немесе) бәс тігумен әуестенуін, бір рет қабылдағанда адамның психикалық және тәндік функцияларына, мінез-құлқына әсер ететін, ал ұзақ уақыт тұтынған кезде психикалық және тәндік тәуелділік туғызатын синтетикалық немесе табиғи жолмен алынған психикаға белсенді әсер ететін заттарды (алкоголь, есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер, басқа да есеңгірететін заттар) тұтынуын;
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызметін толыққанды өткеруге кедергі келтіретін жасырын сырқаттарын, өз-өзіне қол жұмсауға бейімдігін;
кірісі, мүлкі және мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы мәліметтерді, қос азаматтығының бар екендігін, жалған құжаттарды пайдаланғанын жасыруын немесе бұрмалауын;
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының, бөгде адамдарға құпия немесе қызметтік ақпарат беруінің фактілерін;
қылмыстық жауаптылыққа тартылу фактілерін;
тыйым салынған қоғамдық бірлестіктермен, қылмыстық және террористік ұйымдармен қатынас жасауын немесе егер бұл бұрын олардың қызметтік міндеттемелеріне кірмеген болса, коммерциялық құрылымдарға қатысуын;
лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануын анықтау болып табылады.
Қызмет өткеру ерекшелігін немесе анықталуға тиіс мән-жайларды ескере отырып қызметтік тергеп-тексеру жүргізу барысында зерттеу жүргізген кезде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің бірінші басшысы анықталуға тиіс қызметтік тергеп-тексеру нысанасына тікелей қатысты міндеттерді қосымша белгілеуі мүмкін.
Осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда қызмет өткеру ерекшелігін ескере отырып зерттеу жүргізу барысында Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің бірінші басшысы анықталуға тиіс міндеттерді қосымша белгілеуі мүмкін.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2025 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Зерттеуді полиграфты пайдалана отырып, полиграфолог жүргізеді және өзіне бірқатар кезекті кезеңдер қосады:
1) зерттелетін адаммен тестілеу алдындағы әңгімелесулер жүргізу;
2) зерттелетін адамды тестілеу;
3) қорытынды шығару.
8. Зерттелетін адамның қалауы бойынша зерттеу мемлекеттік не орыс тілінде жүргізіледі және зерттелетін адамда қадір-қасиетінің түсуі немесе қорлану сезімі туындамауға тиіс.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2025 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.9. Полиграфолог зерттеу жүргізер алдында қолдағы материалдармен алдын ала танысады, қажет болған кезде зерттелетін адамның денсаулығының жай-күйі туралы медициналық құжаттарды зерделейді және медициналық мекеменің тиісті мамандарымен ақылдасады.
10. Зерттелетін адаммен жүргізілетін тестілеу алдындағы әңгімелесулер:
1) зерттелетін адамның құқықтарын, сондай-ақ зерттеудің міндеттерін түсіндіруді;
2) полиграфпен және оның жұмыс қағидатымен танысуды;
3) сұрақтарды талқылауды және түзетуді;
4) жауаптан жалтаруды, тәртібі мен әңгімесіндегі күйгелектігін, іс-қимылының сәйкессіздігін анықтау мен тіркеуді қарастырады.
11. Зерттелетін адам тестілеуден өтер алдында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі бөлімнен тұратын полиграфологиялық зерттеу туралы декларация (бұдан әрі – декларация) толтырады. Декларацияның бірінші бөлігі тестілеу алдында, екінші бөлігі тестілеуден өткен соң толтырылады.
Тестілеу кезінде көңіл-күйі нашарлаған зерттелетін адам бұл туралы тестілеуді жүргізу басталғанға дейін полиграфологқа хабарлайды және ол туралы декларацияда көрсетеді. Бұл жағдайда мұндай адамдарды тестілеу осы күні басқа уақытта не басқа күні жүргізіледі, бұл ретте көңіл-күйінің нашарлау себебі бойынша тестілеуді күнтізбелік он күн ішінде екі реттен асырмай ауыстыруға жол жіберіледі.
Зерттелетін адам:
1) жүрек-қантамыры немесе тыныс алу қызметінің бұзылуына байланысты сырқаты күрт ушыққан (зерттелетін адам тиісті медициналық қортынды ұсынады);
2) зерттелетін адам алкогольге немесе есірткіге масаң күйде болған не интоксикацияның қалдық көріністері болған;
3) жүктілігі туралы деректер болған жағдайларда тестілеуге жіберілмейді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2025 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12. Зерттеу жүргізген кезде оны аудио және бейнеге жазып алу жүзеге асырылады, ол туралы зерттелетін адамға хабарланады.
13. Зерттелетін адамды үздіксіз тестілеудің ұзақтығы 120 минуттан аспауы тиіс. Жүктемені азайту үшін тестілеу барысында зерттелетін адамға ұзақтығы 15 минутқа дейінгі демалыс беріледі.
Бұл ретте, зерттеу жүргізген кезде бір полиграфологқа арналған жұмыс жүктемесі күніне екі адамнан аспауы тиіс.
14. Зерттелетін адам тестілеуден осы мақсаттар үшін арнайы жабдықталған бөлмелерде де, сондай-ақ кез келген өзге бөлмелерде де өте береді.
Бөлмелерге қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:
1) алаңы кемінде 10 шаршы метр, төбесінің биіктігі кемінде 2,5 метр;
2) қабырғалары мен төбелері дыбыстан оқшаулаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін, бейтарап және жағымды түске боялған болуы;
3) бөлмедегі ауаның тұрақты температурасы +20-дан +25-ке дейінгі Со.
15. Зерттеуден өту нәтижелері бойынша зерттелетін адамның қойған сұрақтарға берген жауаптарының дұрыстығы туралы тұжырымы бар қорытынды жасалады.
Қорытындыға жүргізілген зерттеулердің мәнін барынша анықтайтын қосымша мәліметтер жазылуы мүмкін.
16. Зерттеу барысында алынған ақпараттың ықтималдық, ұсынымдық сипаты, сондай-ақ қосалқы мәні бар және оны Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің кадр бөлімшелерінің қызметкерлері, аттестаттау және конкурстық комиссиялары, сондай-ақ құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары және өзіндік қауіпсіздік қызметтері (бұдан әрі – мүдделі бөлімшелер) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдегерлік қызметіне қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) қабылдау, аттестаттаудан, конкурстан өту және қызметтік тергеп-тексеру жүргізу туралы мәселені шешкен кезде пайдаланады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2025 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.17. Зерттеу барысында дайындалып жатқан, жасалып отырған немесе жасалған құқық бұзушылықтарға зерттелетін адамның қатысының бар екендігі туралы ақпарат анықталған жағдайда, полиграфолог оны мүдделі бөлімшенің бастығына (басшысына) жеткізеді және заңнамаларда белгіленген тәртіппен тексереді.
18. Зерттеуден өткені туралы қорытындыны полиграфолог осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жұмыс күні ішінде дайындайды, кейін мүдделі бөлімшеге жібереді.
Полиграфологиялық зерттеу қорытындысының қолданылу мерзімі:
1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) қабылданатын азаматтар үшін бір жылды құрайды;
2) осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда өткізілетін Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері үшін бір жылды құрайды;
3) осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда өткізілетін Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері үшін үш жылды құрайды.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2025 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.19. Зерттеу материалдары қызмет бабында пайдалануға арналған құжаттарға жатқызылады.
20. Зерттеу материалдары (зерттеудің нәтижелері туралы қорытынды, аудио- және бейнематериалдар, сауалнама және басқа да құжаттар) кадр бөлімшесінің архивінде:
1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) кірген және қабылданбаған азаматтарға қатысты бес жыл бойы;
2) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлеріне қатысты жиырма бес жыл бойы сақталады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2022 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.21. Зерттеу нәтижелерін жария еткені және (немесе) бұрмалағаны үшін полиграфолог, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің мүдделі бөлімшелерінің қызметкерлері және бастықтары (басшылар, комиссия төрағалары) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2025 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2025 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
________________________________
(жолдама берген органның атауы)
№____ЖОЛДАМА
Полиграфологиялық зерттеуге _______________________________________
_________________________________________________________________
(зерттелетін адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, айы және жылы)
__________________________________________________________________
________________________________________________________ жіберіледі
(зерттеудің негіздемесін көрсетілсін) Бұған дейін полиграфологиялық зерттеуден
өткен/өтпеген
_________________________________________________________________
(өткен күні мен жері көрсетілсін)
Кадр бөлімшесінің басшысы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20__ж. "____" ___________
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2022 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Нысан
Полиграфологиялық зерттеу туралы декларация
1-бөлім (тестілеу өткізгенге дейін толтырылады)
1. Зерттелетін адамның Т.А.Ә. _________________________________
_____________________________________________________________________
Шағымы:________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Көңіл-күйі: ___________________________________________________
Эмоциялық жай-күйі: ___________________________________________
Тестілеу сәтіндегі жалпы көңіл-күйі: __________________________
_____________________________________________________________________
Жүрек-қантамыр және тыныс жолдары қызметінің бұзылуына
байланысты сырқаттарының бар екендігі туралы медициналық құжаттарының
болуы: ______________________________________________________________
2. Маған, полиграфологпен әңгімелесу барысында:
1) әңгімелескен және полиграфты қолдана отырып, тестілеу
жүргізген кезде аудиокөру қадағалауы мен жазба жүргізілетіні;
2) үздіксіз тексеру ұзақтығының 120 минут құрайтыны және қажет
болған кезде 15 минутқа дейін демалыс берілетіні туралы белгілі болды.
3. Сондай-ақ маған зерттеудің құқықтары мен міндеттері,
полиграф жұмысының қағидаты, тестілеу сұрақтарының тақырыбы
түсіндірілді.
Зерттелетін адамның қолы ______________________________________
4. Алкогольге немесе есірткіге мас күйде емес екенімді растаймын.
Зерттелетін адамның қолы ______________________________________
5. Зерттеу жүргізу барысында аудармашының көмегі қажет емес.
Зерттелетін адамның қолы ____________________________________________
Күні және уақыты 20___ ж. "___" ____________
"___" сағат "___" минут
2-бөлім (тестілеу өткізілген соң толтырылады)
Мен,
____________________________________________________________________,
(зерттелетін дамның Т.А.Ә.)
20__ ж. "___" ____ ___ сағат ___ минуттан ____ сағат __ минутқа дейін
(басталған уақыты) (аяқталған уақыты)
өткізілген полиграфологиялық зерттеулер шеңберінде тестілеуден соң,
______________________________________________________ байланысты,
(зерттеудің негіздемесі көрсетіледі)
мыналарды растаймын:
1) тестілеу уақытында маған алдын ала таныс болған тақырыптағы
сұрақтар қойылды;
2) сауал алу уақытында мен тестілеу рәсімдерін үзуге ниет
білдірген жоқпын;
3) зерттеу рәсімдері және сұрақтардың мазмұны менің
адамгершілік қадір-қасиетіме нұқсан келтірген жоқ және қорлаған жоқ;
4) маған қатысты қауіп, күш және әсер етудің өзге де заңсыз
әдістері пайдаланылған жоқ;
5) тестілеу жүргізілген соң менің психикалық және дене
денсаулығым нашарлаған жоқ.
Ерекше пікір:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
__________________
(қолы, Т.А.Ә.)
20__ж. "_____" __________________
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларына 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2022 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Нысан
Полиграфологиялық зерттеудің нәтижелері бойынша қорытынды
20__ жылғы "___" ___________ жолдау бойынша
_____________________________________________________________________
(бастамашының қызметі, Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________ (зерттелетін адамның Т.А.Ә., туған жылы)
полиграфологиялық зерттеу жүргізілді.
Зерттеу _____________________________________________________________
(өткізу орны)
20__ ж. "___" _____ ____ - ____ аралығында полиграфолог _____________
(басталған уақыты) (аяқталған уақыты) (Т.А.Ә.)
жүргізді.
Зерттеу ________________________________ полиграфта жүргізілді.
(маркасы, сериялық нөмірі)
Зерттеудің негіздемесі: _______________________________________
Анықталуы тиіс сұрақтар: ______________________________________
_____________________________________________________________________
(сұрақтардың мазмұны)
Алынған полиграммалар _______________________ бойынша бағаланды
(әдістеме атауы)
Тестілеу барысында зерттелетін адамның жауаптары кезінде
мынадай сұрақтарға физиологиялық реакциялар алынды:
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
Сондай-ақ, зерттелетін адам әңгімелесу процесінде
_____________________________________________________________________
(зерттелетін адамнан қандай да болмасын құқыққа қайшы әрекеттер
туралы алынған ақпарат көрсетіледі)
туралы қосымша хабарлады.
Зерттеудің нәтижелері мынадай қортынды жасауға мүмкіндік береді:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Полиграфолог: _______________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
20__ж. "___" _________________