Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 24 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 19 ақпанда № 13134 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі. 

      Министр
      полиция генерал-полковнигі                          Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 13 қаңтардағы
№ 24 бұйрығына    
1-қосымша       

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары  1. Жалпы ережелер 

      1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі және «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді.
      2. Қағидалар жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнаулы оқу орындарына (бұдан әрі – ІІМ жоғары оқу орындары) магистратурасына және PhD докторантурасына оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.
      3. ІІМ жоғары оқу орындарының магистранттары мен PhD докторанттарының контингентін қалыптастыру жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
      4. ІІМ жоғары оқу орындарының магистратурасына, PhD докторантурасына оқуға кандидаттарды қабылдау қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
      5. ІІМ жоғары оқу орындарының магистратурасына және PhD докторантурасына қабылдау даярлау мамандықтарын көрсете отырып, құжаттарды қабылдау күнінен күнтізбелік он бес күн бұрын ІІМ жоғары оқу орындарының Интернет-ресурстары, республикалық және облыстық мерзімді баспасөз басылымдарында, теле-радио каналдары арқылы жарияланады.
      6. ІІМ жоғары оқу орындарының магистратурасына және PhD докторантурасына түсушілердің құжаттарын қабылдау жыл сайын 20 маусым мен 20 шілде аралығында жүргізіледі.
      ІІМ жоғары оқу орындарының магистратурасына және PhD докторантурасына қабылдау емтихандары жыл сайын 1 және 20 тамыз аралығында, оқуға қабылдау – 25 тамызға дейін жүргізіледі. 

2. Магистратураға және PhD докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау тәртібі 

      7. ІІМ жоғары оқу орындарының магистратурасына жоғары білім беру бағдарламаларын игерген оқуға кандидаттар қабылданады.
      Бұл ретте бейіндік бағыт бойынша магистратура қажетті іскерлік қабілетке ие және жоғары тұрған лауазымдарға жылжыту үшін резервте тұрған ішкі істер органдары қызметкерлерімен жасақталады.
      Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша магистратураға ішкі істер органдарындағы практикалық жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес ішкі істер органдарының қызметкерлері қабылданады.
      8. PhD докторантураға ғылыми-педагогикалық магистратураны бітірген және «заң ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі бар, құқық қорғау органдарындағы практикалық жұмыс өтілі немесе ғылыми-педагогикалық өтілі 3 жылдан кем емес ішкі істер органдарының қызметкерлері қабылданады.
      9. ІІМ жоғары оқу орындарында құжаттарды қабылдау және қабылдау емтихандарын өткізуді ұйымдастыру үшін қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының төрағасы ІІМ жоғары оқу орнының бастығы болып табылады.
      Қабылдау комиссиясының құрамы және оның хатшысы ІІМ жоғары оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі.
      10. Магистратураға немесе PhD докторантураға оқуға кандидаттары өз басшыларының атына еркін нысанда баянат береді (ішкі істер министрінің орынбасарына (бұдан әрі – министрдің орынбасары), ІІД, КІІД, ҚАЖД, ТЖД, ІІМ білім беру ұйымының басшысына).
      11. Магистратураға және PhD докторантураға оқуға кандидаттарды іріктеу үшін министрдің орынбасарының, ІІД, КІІД, ҚАЖД, ТЖД, және ІІМ білім беру ұйымдары бастықтарының бұйрықтарымен іріктеу комиссиялары құрылады.
      Іріктеу комиссиясы мүшелерінің жалпы саны тақ саннан құралады. Іріктеу комиссияны төраға баскарады. Іріктеу комиссиясының төрағасы болып ІІД, КІІД, ҚАЖД, ТЖД және білім беру ұйымдары бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары тағайындалады.
      Ішкі істер министрлігінің іріктеу комиссиясының төрағасы болып министрдің орынбасары тағайындалады.
      Іріктеу комиссиясының хатшысы болып кадр қызметінің қызметкері тағайындалады.
      Іріктеу комиссияның құрамына ІІМ, ІІД, КІІД, ҚАЖД, ТЖД қызмет бастықтары, ІІМ білім беру ұйымдарының оқу және ғылыми қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөліністердің бастықтары, және іріктеу комиссиясы төрағасының шешімімен басқа да қызметкерлер кіреді.
      12. Іріктеу комиссиясы осы Қағидаларды, сондай-ақ магистратураға және PhD докторантураға қабылдау жоспарын басшылыққа ала отырып, оқуға кандидаттарға ұсынылған құжаттарды зерделейді, оқуға кандидаттардың қабылдау шарттарына сәйкестігін анықтайды.
      13. Іріктеу комиссиясы жұмысының нәтижелері осы Қағидаларға
1-қосымшаға сәйкес нысанда хаттамамен ресімделеді.
      14. Кадр қызметтері ІІМ жоғары оқу орындарына магистратураға оқуға кандидаттардың мынадай құжаттарын жолдайды:
      1) жеке ісі;
      2) оқу ісі, ол:
      оқуға кандидаттың еркін нысандағы баянатынан;
      қызметтің соңғы кезеңі бойынша қызметтік мінездеме және аттестаттау парағынан;
      іріктеу комиссиясының оқуға жіберу туралы шешімінің көшірмесінен;
      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесінен;
      жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесінен;
      осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тесттерді тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесінен (бар болса);
      кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағынан;
      өлшемі 3х4 сантиметр алты фотосуреттен;
      «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес 086-У медициналық анықтамадан (бұдан әрі - 086-У медициналық анықтама);
      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесінен;
      ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімінен (олар бар болса) тұрады.
      15. Кадр қызметтері ІІМ жоғары оқу орындарына PhD докторантураға оқуға кандидаттардың мынадай құжаттарын жолдайды:
      1) жеке ісі;
      2) оқу ісі, ол:
      оқуға кандидаттың еркін нысандағы баянатынан;
      қызметтің соңғы кезеңі бойынша қызметтік мінездемемен және аттестаттау парағынан;
      Phd докторантураны аяқтағаннан кейін қызметкерді тағайындау болжанатын лауазым көрсетілген іріктеу комиссиясының оқуға жіберу туралы шешімінің көшірмесінен;
      кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағынан;
      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесінен;
      білімі туралы құжаттың көшірмесінен;
      өлшемі 3х4 сантиметр алты фотосуреттен;
      086-У медициналық анықтамадан;
      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша болжамды отандық немесе шетелдік ғылыми консультанттармен келісілген жоспарланған диссертациялық зерттеулер негіздемесінен;
      осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тесттерді тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесінен (бар болса);
      ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімінен (бар болса) тұрады. 

3. Қабылдау емтихандарын өткізу тәртібі 

      16. ІІМ жоғары оқу орындарының магистратурасына және PhD докторантурасына оқуға түсетін оқуға кандидаттар:
      1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс);
      2) мамандық бойынша қабылдау емтихандарын тапсырады.
      17. Мынадай емтихандар бойынша:
      ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл - кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0);
      неміс тілі: Deutsche Sprachprьfung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі);
      француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue francaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл) бойынша Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар оқуға кандидаттар магистратураға және PhD докторантураға шет тілі бойынша қабылдау емтиханынан босатылады.
      18. Шет тілдері бойынша қабылдау емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша өткізіледі.
      19. ІІМ жоғары оқу орындарының магистратурасына және PhD докторантурасына қабылдау емтихандарын өткізу кезінде қабылдау комиссиясы және мамандықтар бойынша емтихан комиссиялары құрылады, олардың құрамы ІІМ жоғары оқу орындары бастықтарының бұйрығымен бекітіледі.
      Магистратураға және PhD докторантураға түсушілер үшін мамандық бойынша емтихан білімінің алдыңғы білім деңгейінің білім беру бағдарламалары көлемінде өткізіледі. Мамандық бойынша қабылдау емтиханын өткізу нысанын жоғары оқу орны дербес айқындайды.
      20. Мамандық бойынша емтихан комиссиясы тиісті ІІМ жоғары оқу орындарының, сондай-ақ басқа да оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың мамандық бойынша ғылыми дәрежесі бар қызметкерлерінен құрылады.
      Мамандық бойынша емтихан комиссиясының құрамы төрағадан және үш мүшеден тұрады, оның екеуі ғылым докторы болуы тиіс.
      Мамандық бойынша емтихан комиссиясының құрамы ІІМ жоғары оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі.
      21. Қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға жол берілмейді.
      22. Даулы мәселелерді шешу мақсатында магистратураға және PhD докторантураға қабылдау емтихандарын өткізу кезеңінде апелляциялық комиссиялар құрылады.
      Апелляциялық комиссиялар қабылдау емтихандарының нәтижелерімен келіспеген оқуға кандидаттардың арыздарын қарау үшін құрылады.
      Апелляциялық комиссиялардың құрамы төрағадан, екі комиссия мүшесінен тұрады және ІІМ жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
      Апелляциялық комиссиялар ІІМ жоғары оқу орындарының, сондай-ақ басқа да жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлері қатарынан құрылады.
      23. Апелляциялық комиссия магистратураға және PhD докторантураға түсетін оқуға кандидаттардан емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша түскен өтініштерді қабылдайды және қарайды.
      24. Апелляцияға берілетін өтінішті магистратураға және докторантураға түсуші адам апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер қабылдау емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейінгі келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.
      Апелляциялық комиссия әрбір кандидатпен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Кандидат апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
      25. Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген кандидат жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
      26. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді. 

4. ІІМ жоғары оқу орындарының магистратурасына және PhD докторантурасына қабылдау 

      27. Магистранттар және докторанттар қатарына қабылдауды ІІМ жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясы конкурстық негізде жүзеге асырады.
      28. ІІМ жоғары оқу орындарының магистратурасына және PhD докторантурасына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау емтихандарының жиынтығы бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша 150 балдан кем емес анағұрлым жоғары балл жинаған оқуға кандидаттар қабылданады.
      Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар оқуға кандидаттарға бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша ең жоғары балл қосылады.
     29. Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған оқуға кандидаттарға беріледі, егер мамандық бойынша қабылдау емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша ең жоғары баға алған кандидаттарға беріледі. Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері ескеріледі.
      30. Қабылдау комиссиясының шешімі негізінде ІІМ жоғары оқу орнының бастығы оқуға кандидаттарды ішкі істер органдарынан жоғары оқу орнының қарамағына жіберу үшін негіз болып табылатын магистратураға және PhD докторантураға қабылдау туралы бұйрық шығарады
      31. ІІМ жоғары оқу орындары бастығының оқуға қабылдау туралы бұйрығынан үзінді көшірмелер оған қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей оқуға кандидатты жіберген ішкі істер органына жіберіледі.
      32. Магистратураға және PhD докторантураға оқуға қабылданбаған оқуға кандидаттардың жеке істері және басқа да құжаттары жасақтау орны бойынша кері қайтарылады.
      33. ІІМ жоғары оқу орындары күнтізбелік он күн ішінде ІІМ Кадр жұмысы департаментіне қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ магистратураға және PhD докторантураға қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ұсыну үшін ұсынады.  

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
бағдарламаларын іске асырып жатқан 
Қазақстан Республикасы Ішкі істер  
министрлігінің арнаулы оқу орындарына
оқуға қабылдау қағидаларына     
1-қосымша                

нысан 

Іріктеу комиссиясы отырысының хаттамасы
 

Жері                         №____                          Күні_____
 

Қатысқандар: төраға, іріктеу комиссиясы мүшелері
_____________________________________________________________________
 
        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
      ІІД, ҚАЖД, ТЖД, ІІМ білім беру ұйымының атауы, атқаратын лауазымы)
 
 
Комиссия мүшелері:
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
 
Күн тәртібі: ІІМ жоғары оқу орындары магистратурасына, PhD
докторантурасына түсетін кандидаттардың құжаттарын карау

1. Кандидат ____________________________________________
             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
2. Сұрақтар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________ 

3. Кандидат __________________________________
            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
дауыс беру нәтижелері бойынша ІМ жоғары оқу орындары магистратурасына, PhD докторантурасына оқуға жіберуге ұсынылады/ұсынылмайды.
  

Төраға _________________________(қолы)
Комиссия мүшелері ______________(қолы)
      __________________________(қолы)
Хатшы __________________________(қолы)
 

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
бағдарламаларын іске асырып жатқан
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің арнаулы оқу орындарына
оқуға қабылдау қағидаларына   
2-қосымша          
 

Нысан

Жоспарланған диссертациялық зерттеулер бойынша негіздеме 

      1. Оқуға кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), арнайы атағы, лауазымы.
      2. Болжамды отандық немесе шетелдік ғылыми консультанттың ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, жұмыс істейтін жоғары оқу орны.
      3. Жоспарланған диссертациялық зерттеудің тақырыбы.
      4. Жоспарланған диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі.
      5. Ғылыми проблеманың әзірлену деңгейі.
      6. Жоспарланған диссертациялық зерттеудің мақсаттары және міндеттері.
      7. Жоспарланған диссертациялық зерттеу объектісі мен мәні.
      8. Жоспарланған диссертациялық зерттеу әдіснамасы.
      9. Диссертациялық зерттеулерден күтілетін нәтижелер, олардың теориялық және практикалық маңыздылығы. Оларды енгізудің және апробация жасаудың болжамды бағыттары.
_________________________________________
(оқуға кандидаттың қолы, тегі, аты-жөні,
әкесінің аты (бар болған жағдайда)
 
 
Келісілді
____________________________________
(ғылыми консультанттың қолы, тегі,
аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
 

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
бағдарламаларын іске асырып жатқан
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің арнаулы оқу орындарына
оқуға қабылдау қағидаларына    
3-қосымша            
 

Бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша бағаларды ауыстыру жүйесі
 

Бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша балдар

Бағалаудың 4 балдық шкаласы бойынша балдар

95-100

Өте жақсы (5)

90-94

85-89

Жақсы (4)

80-84

75-79

70-74

Қанағаттанарлық (3)

65-69

60-64

55-59

50-54

0-49

Қанағаттанарлықсыз (2)

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 13 қаңтардағы
№ 24 бұйрығына    
2-қосымша       

Күші жойылады деп танылатын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрықтарының тізбесі

      1. «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 279 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7769 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 18 шілдедегі № 396-400 (27474) сандарында, 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 15 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған)
      2. «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 279 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 303 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8474 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 203 (28142) санында жарияланған).
      3. «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 279 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 472 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8474 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 237 (28176) санында жарияланған).
      4. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 398 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9641 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінің 2014 жылғы 26 тамыздағы № 126 (2520) санында жарияланған).