Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 ақпанда № 10352 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 19.05.2016 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 19.05.2016 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-лейтенанты
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 26 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _________________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы " " _______________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрінің

      міндетін атқарушы

      _____________________ Ж. Қасымбек

      2015 жылғы 20 қаңтар



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 8 қаңтардағы
№ 5 бұйрығымен
бекітілген

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

      Ескерту. Тізбенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 19.05.2016 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 25.10.2016 № 1005 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.02.2020 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Р/с

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялауға жинау және экспонаттау жөніндегі қызмет түрі үшін қойылатын жалпы талаптар мен құжаттар

1

Толық сауалнамалық деректер (кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы) қоса берілген, қаруға рұқсаты бар адамдар туралы мәліметтер

Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы


2

Қаруды иеленуге көру қабілетінің бұзылуына, психикалық ауруға, алкоголизм немесе нашақорлыққа байланысты қарсы көрсетілімдердің болмауы туралы медициналық қорытындылар

Қаруды иеленуге қарсы көрсетпелердің жоқтығы туралы медициналық қорытынды


3

Соттылығының жоқтығы туралы анықтама

Соттылығының жоқтығы туралы анықтама

Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы Қылмыстық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алынады

4

Қаруды қолдануда қауіпсіздік қағидаларын білуін тексеру туралы анықтама

Қаруды қолдануда қауіпсіздік қағидаларын білуін тексеру туралы анықтама.

"Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысындағы айқындалған субъектілермен беріледі (бұдан әрі – Үкімет қаулысы).

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін

5

Заңды тұлға басшысының және (немесе) оның орынбасарының жоғары техникалық білімі

Жоғары техникалық білімнің болуын растайтын диплом.


6

Қаруды әзірлеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығы, қарудың негізгі (базалық) модельдеріне және (немесе) патрондар типтеріне конструкторлық құжаттамалар түріндегі ғылыми база

Қаруды әзірлеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар, қарудың негізгі (базалық) модельдеріне және (немесе) патрондар типтеріне конструкторлық құжаттамалар жиынтығы


7

Мамандандырылған өндірістік ғимараттарды (үй-жайларды), жабдықтарды, стенділерді, сынақ өткізу зертханасын, бақылау-өлшеу аппаратурасын; қару мен оның патрондарын әзірлеу жөніндегі цехтың белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген жұмыс жобасын; бөлшектерді, құрастыру бірліктерін есепке алу және сақтау жөніндегі талаптарды қамтамасыз ете отырып, оқшауланған үй-жайларда орналастырылатын негізгі бөліктерді (ұңғыларды, бекітпелерді, барабандарды, жақтауларды, ұңғы қораптарын) дайындау жөніндегі механикалық өндіретін және құрастыру цехын (учаске);
қару мен патрондардың әзірленген жиынтықтарын сақтауға арналған техникалық нығайту жөніндегі талаптарға жауап беретін және өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған мамандандырылған үй-жайларды қамтитын қарудың немесе патрондардың тәжірибеден өткен үлгілерін дайындау және сынау үшін меншік немесе жалға алу құқығындағы өндірістік техникалық база

Тиісті жабдықтар мен аппаратураның, құжаттар мен үй-жайлардың бар болуын көрсететін құжаттары.
Аталған объектіні пайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйесі мен қондырғысын қабылдау актілері


8

Қару мен оның патрондарын әзірлеуге жоспарланған тактикалық-техникалық сипаттамалар

Техникалық құжаттама


9

Қару мен оның патрондарының тәжірибеден өткен модельдерін қауіпсіз әзірлеу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттар

Техникалық құжаттама


10

Қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген Қару мен оның патрондары айналымы ережесінің 7, 9-тармағы

Құжат берілмейді

Өтініш бергеннен кейін ішкі істер органының қызметкері объектіні, үй-жайларды тексеруді жүргізеді. Аяқталу нысаны – нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13694 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 313 бұйрығымен бекітілген Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 20-қосымшаға сәйкес объектіні тексеру туралы акт толтырылады (бұдан әрі - № 313 бұйрық)

11

Үшінші тұлғаларға келтірілетін зиянды өтеу жөніндегі жауапкершілікті сақтандыру шарты

Шарт


11-1

Өз қызметінде қызметтік атыс қаруын пайдаланатын және сигнализацияның іске қосылуына шығуды көздейтін кемінде екі мобильдік тобы бар (жедел ден қою топтары) жеке күзет ұйымы

Күзет қызметтерін көрсету шарты

Жеке күзет ұйымында күзет қызметімен айналысу
кұқығына мемлекеттік лицензиясы болуы тиіс

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын өндіру жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін

12

Заңды тұлға басшысының және (немесе) оның орынбасарының жоғары техникалық білімі

Жоғары техникалық білімі барын растайтын құжат


13

Қару мен оның патрондарын жасау мәселелері жөніндегі нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттардың жиынтығы түріндегі ғылыми база

Қару мен оның патрондарының түрлерін жасау мәселелері бойынша нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттар жиынтығы


14

Мамандандырылған өндірістік ғимараттарды, көлік құралдарын, жабдықты, стенділерді, сынақ өткізу зертханасын, бақылау-өлшеу аппаратурасын; қаруды және оның патрондарын жасау жөніндегі цехтың белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген жұмыс жобасын; бөлшектерді, құрастыру бірліктерін есепке алу және сақтау жөніндегі талаптарды қамтамасыз ете отырып, оқшауланған үй-жайларда орналастырылатын негізгі бөліктерді (ұңғыларды, бекітпелерді, барабандарды, жақтауларды, ұңғы қораптарын және т.б.) дайындау жөніндегі механикалық өндіретін цехын (учаскені);
бөлшектерді, құрастыру бірліктерін есепке алу және сақтау бойынша жағдайларды қамтамасыз ете отырып, оқшауланған үй-жайларда орналастырылатын, өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған, техникалық нығайту жөніндегі талаптарға жауап беретін құрастыру цехын;
оқшауланған жеке үй-жайларда орналастырылатын техникалық нығайтылу жөніндегі талаптарға жауап беретін және өрт-күзет сингализациясы құралдарымен жабдықталған дайын қару мен патрондарды сақтау үшін мамандандырылған қоймаларды;
өндіріс процесінде бракка шығарылған қарудың негізгі жарамсыз бөлшектері мен оның патрондарын сақтауға арналған ақауды оқшаулау орнын қамтитын меншік немесе жалға алу құқығындағы өндірістік техникалық база.
Өндірістік база аумағына мынадай талаптар қойылады: оқшаулануы, қоршаудың, тәуліктік қарулы күзеттің, техникалық нығайтылудың, өртке қарсы қауіпсіздіктің болуы, тұрғын және өндірістік объектілерден қолданыстағы нормативтерде көзделген қауіпсіз қашықтықта орналастыруы

Меншік немесе жалға алу құқығын растайтын өндірістік техникалық базасының құжаттары. Аталған объектіні пайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйесі мен қондырғысын қабылдау актлері


15

Қаруды сатып алу және пайдалану құқығы бар субъектімен қару мен оның патрондарын өндіруге ниет білдіру туралы хаттама немесе шарт (келісімшарт)

Хаттама немесе шарт


16

Қару мен оның патрондарын өндіруге жоспарланған тактикалық-техникалық сипаттамалар

Техникалық құжаттама


17

Жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттар, сондай-ақ материалдарды, жартылай дайындалған өнімдерді (дайындамалар), жинақтаушы бөлшектерді, дайын және ақау бұйымдарды есепке алу, сақтау:
бөлшектерді, құрастыру бірліктерін және дайын бұйымдарды жасау, тасымалдау және сақтау процесінде оларды есепке алу;
кірісті және шығысты есепке алу журналын жүргізу (дайындамаларды, бөлшектерді, қосалқы бөлшектерді нөмірлеп есепке алу, сандық есепке алу, сандық немесе өлшеп есепке алу) жөніндегі құжаттар

Техникалық және есепке алу құжаттамасы


18

Қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі

Құжат берілмейді

№ 313 бұйрық

19

Үшінші тұлғаларға келтірілетін зиянды өтеу жөніндегі жауапкершілікті сақтандыру шарты

Шарт


19-1

Өз қызметінде қызметтік атыс қаруын пайдаланатын және сигнализацияның іске қосылуына шығуды көздейтін кемінде екі мобильдік тобы бар (жедел ден қою топтары) жеке күзет ұйымы

Күзет қызметтерін көрсету шарты

Жеке күзет ұйымында күзет қызметімен айналысу
кұқығына мемлекеттік лицензиясы болуы тиіс

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын жөндеу жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін

20

Қаруды жөндеу жөніндегі білікті мамандар

Қаруды жөндеу бойынша арнайы білімінің бар екенін растайтын құжаттар (диплом, сертификат, еңбек кітапшасынан үзінді және т.б.).


21

Техникалық нығайту талаптарына жауап беретін және өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған меншік немесе жалға алу құқығындағы мамандандырылған шеберхана

Меншік немесе жалға алу құқығын растайтын мамандандырылған шеберхана құжаттар. Аталған объектіні пайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өкілі қол қойған өрт автоматика жүйесі мен қондырғысын қабылдау актілері.


22

Арнайы жабдық пен құрылғылар

Тиісті жабдықтар мен аппаратураның бар болуын көрсететін құжаттар


23

Жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттар

Техникалық және есепке алу құжаттамасы


24

Қаруды қабылдауды және беруді есепке алу журналы

Қаруды қабылдауды және беруді есепке алу журналы

Осы біліктілік талаптарының
1-қосымшасына сәйкес азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу,
өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау және экспонаттау
жөніндегі қызмет лицензиясына мәліметтер нысаны (бұдан әрі – 1 нысан)

25

Қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі

Құжат берілмейді

№ 313 бұйрық

25-1

Өз қызметінде қызметтік атыс қаруын пайдаланатын және сигнализацияның іске қосылуына шығуды көздейтін кемінде екі мобильдік тобы бар (жедел ден қою топтары) жеке күзет ұйымы

Күзет қызметтерін көрсету шарты

Жеке күзет ұйымында күзет қызметімен айналысу
кұқығына мемлекеттік лицензиясы болуы тиіс

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сату жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін

26

Техникалық нығайту жөніндегі талаптарға жауап беретін және өрт-күзет сигнализациясымен жабдықталған қару мен оның патрондарын, аңшылық оқ-дәріні сақтауға, сатуға арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған үй-жайлар

Оқ-дәріні сақтауға, сатуға арналған меншік немесе жалға алу құқығын растайтын арнайы жабдықталған үй-жайлардың құжаттары.
Осы объектіні пайдалануға қабылдау актісінің және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйесі мен қондырғысын қабылдау актілері.


27

Келіп түскен, сатылған қару мен оның патрондарын есепке алу жөніндегі құжаттама

Келіп түскен, сатылған қаруды және оның патрондарын есепке алу журналдары.

1 нысан

28

Қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі

Құжат берілмейді

№ 313 бұйрық

28-1

Өз қызметінде қызметтік атыс қаруын пайдаланатын және сигнализацияның іске қосылуына шығуды көздейтін кемінде екі мобильдік тобы бар (жедел ден қою топтары) жеке күзет ұйымы

Күзет қызметтерін көрсету шарты

Жеке күзет ұйымында күзет қызметімен айналысу
кұқығына мемлекеттік лицензиясы болуы тиіс

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын коллекцияға жинау жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін

29

Коллекциялық қаруды сақтауға арналған үй-жай

Құқық беретін құжаттар немесе жалға алу шарты


30

Қару мен оның патрондарының сақталуын, оларды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және оларға бөтен адамдардың қол жетімділігін болдырмайтын жағдайлардың бар болуы.
мұражай қарулары үшін – күзет сигнализациясымен жабдықталған, жеке, осы мақсаттарға арнайы арналған үй-жайлардағы кілтпен жабылатын сөрелер, сейфтер немесе металл шкафтар

Күзет сигнализациясын орнату актісі.
Қаруды сақтаумен объектіні (үй-жайды) күзету шарты.
Сейфтердің, шыныланған сөрелердің және т.б. болуын көрсете отырып, лицензиялау-рұқсат беру жүйесі объектісін тексеру актісі
Аталған объектіні пайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйесі мен қондырғысын қабылдау актілері.


31

Қару мен оның патрондарының сақталуын, оларды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және оларға бөтен адамдардың қол жетімділігін болдырмайтын жағдайлар.
Жеке қару үшін – қару мен оның патрондары иелерінің тұрғылықты жері бойынша үй-жайлардағы кілтпен жабылатын сейфтер немесе металл шкафтар

Құжат берілмейді

№ 313 бұйрық

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын экспонаттау жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін

32

Кілтпен жабылатын сөрелері, сейфтері немесе металл шкафтары бар күзет сигнализациясымен жабдықталған жеке үй-жайлар

Құқық беретін құжаттар немесе жалға алу шарты. Аталған объектіні пайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйесі мен қондырғысын қабылдау актілері


33

Үй-жайды тәулік бойы күзету (күзет қызметтерін көрсетуге арналған шарт)

Күзет сигнализациясын орнату актісі.
Қару сақталатын объектіні (үй-жайды) күзету шарты


34

Бұйымдарды есепке алу, мерзімді тексеру және сақтау жөніндегі құжаттамалар

Бұйымдарды есепке алу, мерзімді тексеру және сақтау бойынша журналдар.

1-нысан

35

Қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі

Құжат берілмейді

№ 313 бұйрық

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Ескерту. Бөлім алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 19.05.2016 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескертпе: Қазақстан Республикасының аумағында қару сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар арасында қаруды беру кезінде азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын олардың түрлерін көрсете отырып, сатып алу-сату шарты (келісімшарты) көшірмелері болуы қажет.

  Азаматтық және қызметтік қару
мен оның патрондарын әзірлеу,
өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға
жинау және экспонаттау жөніндегі
қызметке қойылатын біліктілік
талаптары мен оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
1-қосымша

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу,
өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау және экспонаттау
жөніндегі қызмет лицензиясына мәліметтер нысаны

      Жалпы ақпарат

      1. Өтініш беруші ____________________________________________________

      (заңды және жеке тұлға)

      2. Заңды тұлғаның/ жеке тұлғаның/ жеке кәсіпкердің атауы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру,

      жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызмет түріне

      арналған жалпы талаптар мен құжаттар

      Есептік құжаттама

      3. Қаруды қабылдау тапсыруды есепке алу жураналын бастаған күн

      _____________________________________________________________________

      (лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің мөрі басылған)

      Журналдың түгендеу нөмірі ___________________________________________

      5. Кәсіпорындарда, мекемелер мен оқу орындарында қару мен оның

      патрондарын есепке алу журналын бастаған күн ________________________

      (лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің мөрі басылған)

      Журналдың түгендеу нөмірі ___________________________________________

      Өтінішті қабылдаған лауазымды тұлғаның жауапкершілігі

      Өтініш берген күн ___________________________________________________

      __________________________________________________ __________________

      (лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.) (қолы)

  Азаматтық және қызметтік қару
мен оның патрондарын әзірлеу,
өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға
жинау және экспонаттау жөніндегі
қызметке қойылатын біліктілік
талаптары мен оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
2-қосымша

Қару мен оның патрондарының қолда бары және қажетті саны туралы мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 19.05.2016 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.