"Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Іш

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 25 қазандағы № 1005 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 14 желтоқсанда № 14522 болып тіркелді

       "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының
2014 жылғы 16 мамырдағы Заңының 12-бабы 1-тармағы 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 5 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10352 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 143 (28019) санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітліген Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптар мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі:

      мынадай мазмұндағы реттік саны 11-1. жолмен толықтырылсын:

      "

11-1

Өз қызметінде қызметтік атыс қаруын пайдаланатын және сигнализацияның іске қосылуына шығуды көздейтін кемінде екі мобильдік тобы бар (жедел ден қою топтары) жеке күзет ұйымы

Күзет қызметтерін көрсету шарты

Жеке күзет ұйымында күзет қызметімен айналысу
кұқығына мемлекеттік лицензиясы болуы тиіс
 

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік саны 19-1. жолмен толықтырылсын:

      "

19-1

Өз қызметінде қызметтік атыс қаруын пайдаланатын және сигнализацияның іске қосылуына шығуды көздейтін кемінде екі мобильдік тобы бар (жедел ден қою топтары) жеке күзет ұйымы

Күзет қызметтерін көрсету шарты

Жеке күзет ұйымында күзет қызметімен айналысу
кұқығына мемлекеттік лицензиясы болуы тиіс
 

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік саны 25-1. жолмен толықтырылсын:

      "

25-1

Өз қызметінде қызметтік атыс қаруын пайдаланатын және сигнализацияның іске қосылуына шығуды көздейтін кемінде екі мобильдік тобы бар (жедел ден қою топтары) жеке күзет ұйымы

Күзет қызметтерін көрсету шарты

Жеке күзет ұйымында күзет қызметімен айналысу
кұқығына мемлекеттік лицензиясы болуы тиіс
 

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік саны 28-1. жолмен толықтырылсын:

      "

28-1

Өз қызметінде қызметтік атыс қаруын пайдаланатын және сигнализацияның іске қосылуына шығуды көздейтін кемінде екі мобильдік тобы бар (жедел ден қою топтары) жеке күзет ұйымы

Күзет қызметтерін көрсету шарты

Жеке күзет ұйымында күзет қызметімен айналысу
кұқығына мемлекеттік лицензиясы болуы тиіс

                                                                                     ".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен күннен бастап күнтізбелік он күні ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде бір данада мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Облыстар, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін және оның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ. Қасымов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
_________________ Д. Абаев
2016 жылғы 10 қараша
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 23 қараша