Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1265 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 10 ақпанда № 13039 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 29 қазанан Кәсіпкерлік Кодексінің 282-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті (Е.Қ.Хаировқа):

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың

      2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрі

      Е.Ә. Ыдырысов _____________

      2015 жылғы 29 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

      В.З. Жұмақанов _____________

      2016 жылғы 05 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      Қ.Н. Қасымов _____________

      2015 жылғы 30 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1265 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхатты беру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхатты беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар), 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 282-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инвесторлық визаны алуға өтінішхатты беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, инвестициялық келісімшарттар жасау және олардың орындалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инвесторлық виза алуға өтінішхатты беруге өтініш беруші (бұдан әрі – өтініш беруші) – Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инвесторлық виза алуға өтінішхатты беруге өтінімді ұсынған жеке немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрылған заңды тұлға, оның ішінде шетелдік қатысумен заңды тұлға;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инвесторлық визаны алуға өтінішхат (бұдан әрі – өтінішхат) - инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаға/тұлғаларға инвесторлық виза беру туралы жазбаша өтініші;

      3. Егер өтініш беруші заңды тұлға болса, өтінішхаттар өтініш берушінің басшыларына және/немесе басшыларының орынбасарларына, сондай-ақ құрылымдық бөлімше басшыларына беріледі.

      Егер өтініш беруші жеке тұлға болса, өтінішхат өтініш берушіге беріледі.

      4. Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инвесторлық визаны беру "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес іске асырылады.

2. Өтінішхаттарды беру тәртібі

      5. Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инвесторлық визаны алуға өтінішхатты беруге өтінім (бұдан әрі - өтінім) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушімен инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның кеңсесiне тапсырылады, ол өтінімді қабылданған күнде тіркеу нөмірін берумен және күнімен тіркеледі одан соң уәкiлеттi органның бiрiншi басшысына немесе оның орынбасарына берiледi.

      6. Өтініш беруші өтінімге келесі құжаттарды қоса береді:

      1) инвесторлық визаны алуға өтініш берген тұлғаның мемлекеттік немесе орыс тілінде аудармасы бар, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (төлқұжаттың қолдану мерзімінен бастап сұратылатын визаның қолдану мерзімі аяқталғанғы дейін үш айдан кем емес);

      2) өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің немесе анықтаманың көшірмесі (егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылса);

      3) өтініш беруші жарғысының көшірмесі (егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылса);

      4) осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес, тұлғаның лауазымын растайтын құжаттың көшірмесі (егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылса);

      5) инвестициялар салу фактісін растайтын құжаттардың көшірмесі;

      6) мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің немесе халықаралық ұйымдардың ұсынымдары (бар болған жағдайда);

      7) өтініш берушінің жер қойнауын пайдалану саласында қызметтін жүзеге асыру кезінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың көшірмесі;

      8) мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілермен ынтымақтастық туралы келісімдер/меморандумдар (бар болған жағдайда);

      9) өтініш берушінің қаржы есептемесінің аудитінің нәтижелері бойынша алынған аудиторлық есеп (егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылса);

      10) соңғы алты ай ішінде банктік есеп шоттардан үзінді көшірмелер (егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылса).

      7. Осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттардың нотариалды куәландырылынған көшірмелері беріледі.

      8. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган өтінішті беру туралы шешімді мынандай жағдайларда қабылдайды:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы

      № 874 "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Жарлығына сәйкес өңдеу өнеркәсібінің басым салалар шеңберіндегі өтініш берушінің жобаларын іске асыру;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесіне өтініш берушінің мүшелігі;

      3) өтініш берушіде инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған инвестициялық келісімшарттың болуы;

      4) өтініш берушінің "2015-2019 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1418 қаулысына сәйкес жобаларды іске асыруы;

      5) өтініш берушіде Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық жобаны іске асыруды растайды, өтініш берушінің ниеттерін мемлекеттік органдардың, немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ұсынымдары бар болған жағдайда.

      9. Өтінішхатты беру үшiн өтінімді қарау мерзімі он бір күнді құрайды.

      10. Қарастырылу нәтижелері бойынша инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган өтінішхатты беру немесе бас тарту туралы шешімді қабылдайды.

      11. Уәкілетті орган өтінімге қосылған өтінім және құжаттарды алғаннан бастап, үш жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Өтініш беруші толық емес құжаттардың пакетін тапсырған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген мерзімде өтінімді одан әрі қарастырудан дәлелді бас тартуды береді.

      12. Өтінішхатты өтініш берушіге беру, өтінімде өтініш берушімен айқындалған тәсілмен жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасының
бейрезиденті болып табылатын және
Қазақстан Республикасының аумағында
инвестициялық қызметті жүзеге асыратын
тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға
өтінішхатты беру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат

      ___________№___________

      _______________________

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі

      Консулдық қызмет департаменті

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің

      Инвестициялар комитетіне_____________________________________________

      (компанияның атауы және компания хатының тіркелеген күні мен нөмірі,

      тұлғаның аты-жөні, лауазымы) инвесторлық виза алу мәселесі бойынша

      өтініш білдірді (хат көшірмесі қоса беріледі).

      Осыған орай, аталған тұлғаға инвесторлық визаны беру мүмкін деп

      санаймыз.

      Қосымша:___ п.

      Лауазымы (қолы) аты-жөні

      Орынд. (өтінішхатты беретін жауапты тұлға): ________________

      Тел. __________

      Электр. мекенжайы ___________

  Қазақстан Республикасының бейрезиденті
болып табылатын және Қазақстан
Республикасының аумағында
инвестициялық қызметті жүзеге
асыратын тұлғалар үшін инвесторлық
виза алуға өтінішхатты беру
қағидаларына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны беруге өтінім

      № 1 нысан

      (заңды тұлға үшін)

Өтініш беруші туралы мәлімет

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаның аты


Қазақстан Республикасы заңды тұлғаның тіркеуді (қайта тіркеу) өту туралы ақпарат (күні, негіздеме)


Орналасқан жері; заңды мекенжайы, нақты мекенжайы


Бизнес сәйкестендіру нөмір (БСН)


Қазақстан Республикасының заңды тұлға басшысы

(тегі, аты, жөні (бар болса), телефон, факс, электрондық пошта)


Инвестициялау мақсаты


Белгіленген активтерге жыл бойынша бөлумен инвестициялар көлемі


Қызметкерлер саны, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары


Өтініш хатты алуға негіздеме

(осы қағидалардың 8 тармағына сәйкес тармақша/тармақшаларды көрсету)


Байланыс мәлімет

(телефон, факс, электрондық пошта)


Өтініш хатты алу тәсілі

(поштамен, қолма-қол)


Инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлға/тұлғалар туралы мәлімет

Тегі, аты, жөні (бар болса)


Туған күні және жері


Азаматтық


Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі


Жеке басын куәландыратын құжаттың қолдану мерзімі


Резиденттік елде инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлғаның нақты мекенжайы


Атқаратын лауазымы


Байланыс мәліметтері

(телефон, факс, электрондық пошта)



_______________________________

(Қазақстан Республикасының заңды тұлғалардың

Басшысының тегі, аты, жөні (бар болса)

_______________________________

(қолы, мөр және күні)


      № 2 нысан

      (жеке тұлға үшін)

Өтініш беруші туралы мәлімет

Тегі, аты, жөні (бар болса)


Туған күні және жері


Азаматтық


Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі


Жеке басын куәландыратын құжаттың қолдану мерзімі


Резиденттік елде инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлғаның нақты мекенжайы


Инвестициялау мақсаты


Белгіленген активтерге инвестициялар көлемі


Атқаратын лауазымы


Өтініш хатты алуға негіздеме

(осы қағидалардың 8 тармағына сәйкес тармақша/тармақшаларды көрсету)


Байланыс мәліметтері

(телефон, факс, электрондық пошта)


Өтініш хатты алу тәсілі

(поштамен, қолға)



_______________________________

(Өтініш берушінің тегі, аты, жөні

(бар болса)

___________________________

(қолы және күні)