"Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 301 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 мамырда № 13685 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 3 маусымдағы № 11-1-4/184 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 03.06.2020 № 11-1-4/184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті (Е.Қ.Хаиров):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Е. Досаев

      2016 жылғы 2 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 29 наурыздағы
№ 301 бұйрығымен бекітілген

"Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.11.2018 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) әзірленген.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.11.2018 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.11.2018 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 11 (сегіз) жұмыс күні (өтінішті және құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

      2) Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқcат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

      3) Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.11.2018 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсанда № 1265 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13039 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхатты беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхат осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.11.2018 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскi үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібімен мемлекеттік қызметті алушының тұрақты тіркелген орны бойынша көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.11.2018 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беруге арналған өтінім;

      2) өтініш берушініңжеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы талап етіледі);

      3) инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар көшірмесі (сұратылатың визаның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін үш айдан кем емес паспорттың қолданыс мерзімімен);

      4) өтініш беруші жарғысының көшірмесі (егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылса, тұпнұсқа тексерү үшін беріледі);

      5) өтініш берушінің басшысы және/немесе басшысының орынбасарлары, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер басшылары лауазымын растайтын құжаттың көшірмесі (егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылса, тұпнұсқа тексерү үшін беріледі);

      6) өтініш берушінің инвестициялық жобаға инвестициялар салу фактісін растайтын құжаттардың көшірмелер (инвестордың нақты шығындарын растайтын құжаттар: Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген баспатқы есепке алу құжаттары, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактуралар, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресімделген кедендік декларациялар, тұпнұсқа тексерү үшін беріледі).

      Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттың жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалайын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін ұсынады.

      Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Мемлекеттік көрсетілетің қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді азаматтың (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) жеке басын растайтын құжат ұсынылған кезде Мемлекеттік корпорациясының қызметкері қолхат негізінде жүзеге асырады.

      Мемлекеттік корпорация бір ай бойы нәтиженің сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтау үшін береді. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.11.2018 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың мерзімі өтіп кеткен құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келесу туралы сұрауға берген теріс жауабы.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.11.2018 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Көрсілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдау тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.11.2018 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдау – шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 32/1 үй, "Транспорт Тауэр" ғимараты, байланыс телефоны: +7 (7172) 75-40-81.

      Шағым жазбаша насанда, пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері беріледі.

      Шағымды қабылдауды растау берушінің көрсетілетін қызметті кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, көрсете отырып, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, тіркеу (мөртабар, кіріс нөмірі және мерзімі) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бақылау және бағалау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бақылау және бағалау жөніндегі уәкілетті орган атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастырылады.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар

      12. Тыныс-тіршілігін шектейтін, ағза функциясының тұрақты бұзылуынан денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 нөміріне жүгіну арқылы тұрғылықты жерге шығу жолымен жүргізеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет орындарының мекен жерге шығу жолымен жайлары мынадай Интернет-ресурстарда орналастырылған:

      1) қызмет көрсетуші - www.mid.gov.kz, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;

      2) Мемлекеттік корпорация - www.gov4c.kz.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.11.2018 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге телефон арқылы хабарласу жолымен қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігіне ие.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: +7 (7172)75-45-40, Бірынғай байланыс–орталығы 1414 немесе 8 800 080 70 70.

  "Қазақстан Республикасының
резидент еместері болып
табылатын және
Қазақстан Республикасының
аумағында инвестициялық
қызметті жүзеге асыратын
тұлғалар үшін инвесторлардың
визаларын беру туралы өтініш
беру" мемлекеттік қызмет
стандартына 1-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беруге өтінім

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.11.2018 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  № 1 нысан
  (заңды тұлға үшін)

Өтініш беруші туралы мәлімет


Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы


Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының тіркеуден (қайта тіркеуден) өтуі туралы ақпарат (күні, негіздеме)


Орналасқан жері; заңды мекенжайы, нақты мекенжайы


Бизнес сәйкестендіру нөмір (БСН)


Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының басшысы
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), телефон, факс, электрондық пошта)


Эканомикалық қызмет түрінің жалпы жіктеуіші


Инвестициялар көлемі (инвестициялар салу фактісін растай отырып)


Өтініш хатты алуға негіздеме
(осы Қағидалардың 8-тармағының тиісті тармақшасын/тармақшаларын көрсету)


Байланыс деректері
(телефон, факс, электрондық пошта)


Өтінішхатты алу тәсілі
(поштамен, қолма-қол)


Инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлға/тұлғалар туралы мәлімет

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Туған күні және жері


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер


Жеке басын куәландыратын құжаттың қолдану мерзімі


Резиденттік елде инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлғаның нақты мекенжайы


Атқаратын лауазымы


Байланыс деректері
(телефон, факс, электрондық пошта)


________________________________ (Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

____________________________ (қолы, мөрі (ол бар болған кезде) және күні)

      Ескертпе: Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім береді, сондай-ақ ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

  № 2 нысан
  (жеке тұлға үшін)

Өтініш беруші туралы мәлімет


Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Туған күні және жері


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер


Жеке басын куәландыратын құжаттың қолдану мерзімі


Резиденттік елде инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлғаның нақты мекенжайы


Эканомикалық қызмет түрінің жалпы жіктеуіші


Инвестициялар көлемі (инвестициялар салу фактісін растай отырып)


Атқаратын лауазымы


Өтінішхатты алуға негіздеме
(осы Қағидалардың 8-тармағының тиісті тармақшасын/тармақшаларын көрсету)


Байланыс деректері
(телефон, факс, электрондық пошта)


Өтінішхатты алу тәсілі
(поштамен, қолға)


________________________________ (Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

____________________ (қолы және күні)

      Ескертпе: Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім береді, сондай-ақ ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

  "Қазақстан Республикасының
резидент еместері болып
табылатын және
Қазақстан Республикасының
аумағында инвестициялық
қызметті жүзеге асыратын
тұлғалар үшін инвесторлардың
визаларын беру туралы өтініш
беру" мемлекеттік қызмет
стандартына
2-қосымша

      _____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (бұдан әрі –Т.А.Ә.)

      _____________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.11.2018 № 792 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету) Қазақстан Республикасының резиденті еместері болып "Қазақстан Республикасының резидент еместері болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлардың визаларын беру туралы өтініш беру мемлекеттік қызмет" мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар:

      1) _______________________________________;

      2) _______________________________________;

      3) _______________________________________.

      Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      Т.А.Ә. (ол бар болған кезде) мемлекеттік корпорация қызметкері

      ___________________________________________________(қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә (ол бар болған кезде). _____________________

      Телефоны _________________________

      Алдым: Т.А.Ә. (ол бар болған кезде)/көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20 __ жылғы "__" _________