Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 282-бабының 7-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 26.05.2022 № 11-1-4/243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті (Е.Қ.Хаировқа):
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың
2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
Е.Ә. Ыдырысов _____________
2015 жылғы 29 желтоқсан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
В.З. Жұмақанов _____________
2016 жылғы 05 қаңтар
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ.Н. Қасымов _____________
2015 жылғы 30 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1265 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхатты беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 03.06.2020 № 11-1-4/184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхатты беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 282-бабының 7-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заң) 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхатты беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 26.05.2022 № 11-1-4/243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) алып тасталды - ҚР Сыртқы істер министрінің 17.05.2021 № 11-1-4/190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инвесторлық виза алуға өтінішхатты беруге өтініш беруші (бұдан әрі – өтініш беруші) – жеке және заңды тұлғалар болып табылады;
4) Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инвесторлық виза алуға өтініш (бұдан әрі - өтініш) - уәкілетті инвестициялық органның Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаға / тұлғаларға инвестор визасын беру туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметіне жазбаша өтініші.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 17.05.2021 № 11-1-4/190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.05.2022 № 11-1-4/243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.3. Егер өтініш беруші заңды тұлға болса, өтінішхаттар өтініш берушінің басшыларына және/немесе басшыларының орынбасарларына, сондай-ақ құрылымдық бөлімше басшыларына беріледі.
Егер өтініш беруші жеке тұлға болса, өтінішхат өтініш берушіге беріледі.
4. Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза беру "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 26.05.2022 № 11-1-4/243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Өтінішхаттарды беру үшін өтінімдерді қарау тәртібі
5. Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беруге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) өтініш беруші порталға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 17.05.2021 № 11-1-4/190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Өтініш беруші өтінімге мынадай құжаттарды қоса береді:
1) инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар электронды көшірмесі (сұратылатын визаның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін үш айдан кем емес паспорттың немесе оны алмастыратын құжаттың қолданыс мерзімімен);
2) өтініш беруші жарғысының мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар электронды көшірмесі;
3) осы қағидалардың 3-тармағына сәйкес тұлғаның лауазымын растайтын құжаттың электронды көшірмесі;
4) өтініш берушінің инвестициялық жобаға инвестиция салу фактісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (инвестордың нақты шығындарын растайтын құжаттар: "бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресімделген бастапқы есепке алу құжаттары; "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ресімделген шот-фактуралар; "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы "Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ресімделген кедендік декларациялар).
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын және Қазақстан Республикасыныңаумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтініш беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі- Стандарт) баяндалған.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 17.05.2021 № 11-1-4/190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 26.05.2022 № 11-1-4/243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.7. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сәтте тіркеледі.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдейді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 26.05.2022 № 11-1-4/243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай шарттардың бірі болған кезде өтініш беру туралы шешім қабылдайды:
1) өтініш берушінің "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1050 қаулысына сәйкес өңдеуші өнеркәсіптің басым салалары шеңберінде жобаларды іске асыруы;
2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесіне мүшелігі;
3) өтініш берушіде Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған инвестициялық келісімшарттың болуы;
4) өтініш берушіде мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өтініш берушінің инвестициялық жобаны Қазақстан Республикасының аумағында іске асырғанын растайтын ұсынымдарының болуы.
Осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген шарттардың бірі болған кезде өтінішхат 5 (бес) жыл мерзімге беріледі. Егер өтініш беруші паспортының (немесе оны алмастыратын құжат) қалған қолданылу мерзімі 5 (бес) жылдан аз болса, өтінішхат өтініш беруші паспортының (немесе оны алмастыратын құжат) қалған қолданылу мерзіміне беріледі.
Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген шарттар болған кезде өтінішхат 3 (үш) жыл мерзімге беріледі. Егер өтініш беруші паспортының (немесе оны алмастыратын құжат) қалған қолданылу мерзімі 3 (үш) жылдан аз болса, өтінішхат өтініш беруші паспортының (немесе оны алмастыратын құжат) қалған қолданылу мерзіміне беріледі.
Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға қолдаухат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны алдын ала шешім туралы, Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабардар етеді көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші қолдаухат беру туралы шешім қабылдайды не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жібереді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 26.05.2022 № 11-1-4/243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Алып тасталды - ҚР Сыртқы істер министрінің 17.05.2021 № 11-1-4/190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру порталда жүзеге асырылады – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 17.05.2021 № 11-1-4/190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі – оператор) хабардар етеді.
Бұл жағдайда оператор осы Қағиданың тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде техникалық проблема туралы еркін нысанда хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті берушімен қол қояды.
13. Көрсетілетін қызметті беруші келесі негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағиданың белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болса.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібі)
Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 26.05.2022 № 11-1-4/243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған Әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын іс-әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
15. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";
16. Егер Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инвесторлық виза алуға өтініш беру туралы өтініш
№ 1 нысан | |
(заңды тұлға үшін) |
Өтініш беруші туралы ақпарат | |
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы | |
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасын тіркеу (қайта тіркеу)туралы мәліметтер(күні, себебі) | |
Орналасқан жері: заңды мекен-жайы, нақты орналасқан жері | |
Бизнес сәйкестендіру номері (БСН) | |
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының басшысы | |
Экономикалық қызмет түрінің жалпы жіктеушісі | |
Инвестиция көлемі (инвестициялау фактісін растау арқылы) | |
Өтінімді алу үшін негіздер 8-тармақтың тиісті көрсету Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің "__"______ ____2020 жылдағы №_____(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №_____ тіркелген) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін инвестор визасын алуға өтініш беру ережесі | |
Байланыс ақпараттары (телефон, факс, электрондық пошта) | |
Өтініш алу тәсілдері (поштамен,қалауы бойынша) | |
Инвестор визасын алуға өтініш берген тұлға/тұлғалар туралы мәліметтер | |
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | |
Туған күні және жері | |
Азаматтығы | |
Жеке басынкуәландыратын құжаттың деректемелері | |
Жеке басын куәландыратын құжаттың қолдану мерзімі | |
Тұрғылықты елде инвестор визасын алуға өтініш берген адамның нақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы | |
Қызметі | |
Байланыс ақпараттары (телефон, факс, электрондық пошта) | |
____________________________________________ |
__________________________________ |
Форма № 2 | |
(жеке тұлға үшін) |
Өтініш беруші туралы ақпарат | |
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | |
Туған күні және жері | |
Азаматтығы | |
Жеке басынкуәландыратын құжаттың деректемелері | |
Жеке басын куәландыратын құжаттың қолдану мерзімі | |
Тұрғылықты елде инвестор визасын алуға өтініш берген адамның нақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы | |
Экономикалық қызмет түрінің жалпы жіктеушісі | |
Инвестиция көлемі (инвестициялау фактісін растау арқылы) | |
Атқаратын лауазымы | |
Өтінімді алу үшін негіздер 8-тармақтың тиісті көрсету Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің "__"______ ____2020 жылдағы №_____(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №_____ тіркелген) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін инвестор визасын алуға өтініш беру ережесі | |
Байланыс ақпараттары (телефон, факс, электрондық пошта) | |
Өтініш алу тәсілдері (поштамен,қалауы бойынша) | |
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өтініш берушінің(қолы,күні) |
"Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекіту туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 26.05.2022 № 11-1-4/243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті. |
2. | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі– Портал). |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету уақыты | Құжаттар топтамасы Порталға берілген сәттен бастап - 3 (үш) жұмыс күні. |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету түрі | Электронды (толық автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инвесторлық виза алуға өтінішхат беру, немесе мемлекеттік қызметті көрсету бойынша дәлелді бас тарту. |
6. | Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем соммасы және оны жинаудың Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайлардағы тәсілдері | Заңды және жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7. | Жұмыс графигі |
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8. | Мемлекетік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі |
1) инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар электронды көшірмесі паспорттың (немесе оны алмастыратын құжаттың) қолданыс мерзімі (сұратылатын визаның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін үш айдан |
9. | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздемелер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда; |
10. | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктеріне сәйкес, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайлары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған – www.mfa.gov.kz, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі. |
Көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімі
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Сыртқы істер министрінің 17.05.2021 № 11-1-4/190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы түбіртек
Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Сыртқы істер министрінің 17.05.2021 № 11-1-4/190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.