Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1023 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 5 қаңтарда № 12804 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-33) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.05.2020 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________Е. Досаев

      2015 жылғы 4 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 қазандағы
№ 1023 бұйрығымен
бекітілген

Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 540 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі - осы Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының және 1992 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасының талаптарына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.05.2020 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидалар сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмнан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивті қозғалтқыш пен жарақтандырылған ұшақтарды, сертификатталған ең жоғары ұшу массасы үш мың бір жүз сексен килограмнан асатын тікұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларға (бұдан әрі - пайдаланушы) ұшуға рұқсат беру тәртібін және "Ұшуды орындау құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.05.2020 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) пайдаланушы - азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;

      2) жалпы мақсаттағы авиация - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың меншiгiндегі және жолаушыларды, багажды, жүкті және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау (әуемен тасымалдау), авиациялық жұмыстарды орындау және iздестiру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу, дүлей зілзалалар болған жағдайда ақысы төленбей және жалдаусыз көмек көрсету мақсатында, сондай-ақ оқу, спорттық, мәдени-ағарту iс-шараларын жүргiзу, техникалық шығармашылықты дамыту және әуе кемесiн пайдаланушының жеке қажеттіліктерiн қанағаттандыру мақсатында пайдаланылатын азаматтық авиация;

      3) өтініш беруші - жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы ретінде ұшуға рұқсат алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жүгінген жеке немесе заңды тұлға;

      4) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығы - осы пайдаланушының әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстардың уақтылы және қанағаттанарлықтай орындалуын басқару мүмкіндігін қамтамасыз ететін пайдаланушы рәсімдерінің сипатын қамтитын құжат;

      5) ұшуды орындау құқығына арналған куәлік - жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыға ұшуға рұқсат беру және осы Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға (уәкiлеттi орган) беретін құжат;

      6) ұшуларды жүргізу жөніндегі нұсқау - өзінің міндеттерін орындау кезінде пайдалану персоналының пайдалануы үшін қағидаларды, нұсқаулықтар мен ұсынымдарды қамтитын құжат.

      4. Ұшуға рұқсат беру мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:

      1) өтініш берушінің, "электрондық үкіметтің" веб-порталына осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесімен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшуға рұқсат алу өтінімін беруі;

      Өтінімге, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұшуды орындау жөніндегі нұсқау, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасына сәйкес Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқауы қоса беріледі;

      2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға құжаттарын тексеру (бұдан әрі - уәкілетті ұйымға);

      3) уәкілетті ұйымға өтініш берушіні тексеріп қарауды жүргізуі;

      4) ұшуға рұқсат беру - ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы) беру.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 17.08.2021 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-тарау. Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру тәртібі және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сипаттау

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.05.2020 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-параграф. Өтінім мен құжаттарды беру

      5. "Ұшуларды орындау құқығына куәлік беру (Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушы)" мемлекеттік көрсетілетін қызметі алу үшін өтініш беруші www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы ұшуды орындауды бастаудың жоспарланған күніне дейін 60 (алпыс) жұмыс күні бұрын: "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуды орындау құқығына куәлік алуға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Ұшуларды орындау құқығына куәлік беру (Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушы)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 8-тармағында көзделген құжаттарды жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Стандартта жазылған.

      Өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды электрондық түрде портал арқылы берген кезде-өтініш берушінің "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өтінімді тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Уәкілетті ұйым электрондық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

      Өтініш берушіден ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.04.2022 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Өтінім ұсынылған берілген мәліметтердін нақтылығын қамтамасыз етеді.

2-параграф. Құжаттарды тексеру

      7. Құжаттар топтамасымен өтінім келіп түскен күні көрсетілетін қызметті беруші тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушыны тағайындайды. Жауапты орындаушы өтінім берілген сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығы, анықтығы және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі мәніне қарайды. Жауапты орындаушы жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде:

      1) Стандартта көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінімді одан әрі қарау туралы еркін нысанда бас тарту туралы дәлелді жауапты (бұдан әрі - бас тарту) жібереді;

      2) көрсетілетін қызметті алушы қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қабылдаудан бас тартады;

      3) Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды қараудан бас тарту үшін негіздер болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды жолдайды;

      4) құжаттар сәйкес келген жағдайда - көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығымен зерттеп-қарау жүргізу туралы шешім қабылданады және сертификаттық тексеру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылады. Шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны зерттеп-қарау жүргізілгені туралы хабардар етеді.

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу ) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.05.2020 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      8. Өтінім мен құжаттарды қарағаннан кейін, уәкілетті ұйым құрамына авиациялық инспекторларды қоса отырып, өтінім берушіге тексеру жүргізу үшін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрады.

3-параграф. Тексеру жүргізу

      9. Уәкілетті ұйым өтініш берушінің сертификатталған ұшу әуе кемелері техникалық пайдалануға және ұшуды орындауды қамтамасыз ету үшін қажетті, дайындалған персоналы, құжаттамасы, жабдықтары болуын, сондай-ақ міндетті сақтандыру түрлерінің болуын тексеруді сегіз жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      10. Зерттеп-қарау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 4 (төрт) жұмыс күні ішінде Пайдаланушыны зерттеп-қарау актісі (бұдан әрі – Акт) өтініш беруші объектілерінің нақты жай-күйін, қорытындыларды, ұсынымдарды және пайдаланушыны ұшуға жіберу не жібермеу туралы қорытындыны көрсете отырып, екі данада жасалады. Зерттеп-қарау актісіне Комиссия мүшелері қол қояды, ол жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуды орындау құқығына куәлік беру үшін негіз болып табылады және өтінім берушіге танысу үшін ұсынылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде өтініш берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.04.2022 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті басқа адамға беруге болмайды.

      12. Ұшуды орындау құқығына арналған куәлік мерзімсіз беріледі.

      13. Пайдаланушының қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылған ұшуларды орындау құқығына арналған куәліктің көшірмесі және оған байланысты пайдалану ерекшеліктерін көшірмелері әуе кемесінің бортында болады.

      Халықаралық ұшуларды орындау кезінде әуе кемесінің бортында уәкiлеттi ұйымға басшысы, не ол уәкілеттік берген адам қол қойған және мөрімен куәландырылған ұшуды орындау құқығына арналған куәліктің көшірмесі болады.

      14. Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

4-параграф. Ұшуға рұқсат беру туралы шешім қабылдау

      15. Актіні алғаннан кейін уәкілетті ұйым 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшуды орындау құқығына куәлік беруді жүзеге асырады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.04.2022 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Уәкілетті ұйым Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.04.2022 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Ұшуға рұқсат беру куәлігінің қолданысын тоқтата тұру және оны қайтадан бастау.

      17. Уәкілетті ұйым ұшуды орындау құқығына арналған куәліктің қолданылуын:

      1) әуе кемесін пайдаланушы (оның иесі) осы Қағидаларда белгіленген талаптар мен шектеулерді сақтамаған;

      2) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарының талаптарына сәйкес сақтандыру қамтамасыз етілмеген;

      3) Заңның 16-3-бабында көзделген бұзушылықтар анықталған;

      4) пайдаланушының жазбаша өтініші болған жағдайларда тоқтата тұрады.

      Осы Қағидалардың 17-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым, ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті тоқтата тұру туралы хабарламаны, бұзушылықтар анықталған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде, пайдаланушыға жазбаша түрде жібереді.

      18. Пайдаланушы, хабарламаны алғаннан кейін, жеті жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша түзету іс-қимылдарының жоспарын (бұдан әрі - жоспар) уәкілетті ұйымға жолдайды.

      19. Уәкілетті ұйым пайдаланушы жоспарының белгіленген мерзімде орындалуын тексеру жүргізу жолымен бақылайды.

      Жоспардың орындалуын тексеру қорытындылары бойынша уәкілетті ұйым бес жұмыс күндік мерзімде:

      жоспар орындалған жағдайда ұшу құқығын беру куәлігі қолданысын жаңғыртады;

      жоспар орындалмаған жағдайда ұшуға жіберуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.

      20. Жалпы авиациялық пайдаланушыға рұқсат беруді қайта бастау немесе бас тарту бойынша шешімді уәкілетті ұйым пайдаланушыға тексеру аяқталған сәттен бастап үш жұмыс күн мерзімінде жазбаша нысанда хабарлайды.

      21. Уәкілетті ұйымның әкімшілік актіні әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.

      Ескерту. 21-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.05.2020 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.04.2022 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      22. Өтініш берушінің шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес: 

      1) уәкілетті ұйымның - оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауына жатады.

      Ескерту. 22-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.05.2020 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.04.2022 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      23. Шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті ұйымға және (немесе) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі. 

      Уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағым жасалған лауазымды адам оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. 

      Бұл ретте, егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылданса, уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 4-тармағына сәйкес: 

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізген; 

      2) қосымша ақпарат алған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады. 

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы шағым берген өтініш берушіге жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды. 

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 23-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.05.2020 № 279 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.04.2022 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

  Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Уәкілетті ұйымға басшысына

Ұшуға рұқсат алу үшін өтінім

      _____________________________________________________________________ мақсатында

      (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушының ішкі (халықаралық)

      ________________________________________________________________________________

      (әуе желілерінде ұшуды oрындауға рұқсат алу) (өтінiш берушінің толық аты-жөнi)

      Тексеру жүргізуді өтінемін ұшуды бастаудың жоспарланған күні

      ________________________________________________________________________________

      өтініш беруші Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру

      қағидаларының талаптарына сай болуға және уәкілеттi ұйымға ұшудың ұйымдастырылуын,

      қамтамасыз етiлуiн және орындалуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беруге

      мiндеттенедi. ____________________________________________________________________

      (басшының лауазымы, тегі аты әкесінің аты (бар болған жағдайда), өтініш

      берушінің (заңды тұлғаның) қолы)

      ________________________________________________________________________________

      (өтініш берушінің (жеке тұлғаның) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

  Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға
рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша

Ұшуларды орындау құқығына куәлік беру (Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушы) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.04.2022 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Уәкілетті ұйымның атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Ұшуларды орындау құқығына куәлік (жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушы) (бұдан әрі - куәлік) беру – 60 (алпыс) жұмыс күні;
ұшуды орындау құқығына куәліктің телнұсқасын (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы ) (бұдан әрі - куәліктің телнұсқасы) беру - 2 (екі) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуды орындау құқығына куәлік (куәліктің телнұсқасы) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы:
электрондық (толық автоматтандырылған).

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) порталдың - тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады);
2) уәкілетті ұйымның - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Ұшуларды орындау құқығына куәлік алу үшін (жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушысы):
1) мынадай құжаттарды қоса бере отырып осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім:
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасына сәйкес ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың электрондық көшермесі;
3) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасына сәйкес техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығы немесе техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымға арналған шарттың электрондық көшірмесі;
4) ұшуды қамтамасыз етуге арналған шарттардың электрондық көшірмесі;
5) пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасының электрондық көшірмесі;
6) пайдалану ерекшеліктерінің жобасының электрондық көшірмесі;
7) әуе кемесін экипажсыз жалға алу шарттарының (келісімшарттың) электрондық көшірмесі (жалға алынған әуе кемесі болған жағдайда).
Жеке тұлға құжаттарды портал арқылы берген кезде жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық түрде қоса бере отырып, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім ұсынылады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, ұшуды орындау құқығына куәлік (куәліктің телнұсқасы) туралы мәліметтерді көрсетілетін уакілетті ұйымның тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі (қажет болған жағдайда) арқылы алады.
Куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін өтініш беруші уәкілетті ұйымның еркін нысандағы өтінімін, қажетті негіздемені және бұрын берілген куәлікті қоса береді.
Өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды портал арқылы өтініш берушінің "жеке кабинетіне" берген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде өтініш берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылуы

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысан арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
Министрліктің - www. miid. gov. kz интернет- ресурстарында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген бөлімінде орналастырылған;
Өтініш берушінің ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады. Өтініш берушінің порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414 және 8 800 080 7777 не Министрліктің мынадай телефондары бойынша 8 (7172) 75-48-41

  Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға
рұқсат беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Ұшуларды жүргізу жөніндегі нұсқау

      Ұшуды орындау жөніндегі нұсқау 1992 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 6-қосымшаға талаптарына сәйкес өтініш берушімен әзірленеді.

      1. Нұсқаудың мазмұны:

      1) Мазмұны;

      2) егер әрбір түзету кезінде барлық құжат қайта шығарылмаса және құжатта күшіне енген күні көрсетілмесе, түзетулерді есепке алу беті және қолданысты беттердің тізбесі;

      3) басшылық және пайдаланушы персоналдың қызметтік міндеттері, жауапкершілігі және қызмет бабындағы сыйластығы;

      4) пайдаланушының ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі (сертификатталған 5700 кг. жоғары ұшу салмағы бар әуе кемелері);

      5) ұшуға басшылық ету жүйесі;

      6) MEL қатысты қағидалар (қолданатын кезде);

      7) қалыпты жағдайда ұшуды жүргізу;

      8) стандартты пайдалану рәсімдері (SOP);

      9) метеорологиялық шектеу;

      10) ұшу және жұмыс уақытының шектелуі;

      11) ұшудағы төтенше жағдайлар;

      12) авиациялық оқиғалар мен тосын оқиғаларды талдау;

      13) персоналдың біліктілігі және даярлығы;

      14) есепке алу құжаттамасын жүргізу;

      15) техникалық қызмет көрсетуді басқару жүйесін сипаттау;

      16) ұшу-техникалық сипаттамаларын пайдалануды шектеу;

      17) ұшу және тілдесу деректерін тіркеушінің жазбаларын пайдалану/сақтау;

      18) авариялық жағдай туындаған жағдайда қолданылуы тиіс іс-әрекеттерді қоса алғанда, қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулық;

      19) автоматтық қону жүйесімен коллиматорлық (HUD) немесе балама индикаторлармен техникалық көру жүйелерімен (EVS, SVS немесе CVS) жабдықталған, әуе кемелерін ұшуды дайындау үшін кеңейтілген пайдалану мүмкіндіктерін пайдалану саласындағы дайындыққа нұсқаулықтар және оған қойылатын талаптар;

      20) электронды ұшу құжаттамасын (EFB) пайдалану саласындағы дайындыққа нұсқаулықтар және оған қойылатын талаптар;

      21) RVSM, MNPS, RNAV немесе RNP бар әуе кеңістігіндегі ұшулардың орындалуы.

  Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға
рұқсат беру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқауы

      Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқауы (бұдан әрі - Нұсқау) мынадай ақпаратты қамтиды:

      1. Жалпы ережелер:

      1) жауапты басшы қол қойған ұшу жарамдылығын қолдау бойынша қызметтің сертификациялық талаптарға, Нұсқаудың ережелеріне сәйкестігі туралы декларация және осы сәйкестікті тұрақты түрде қолдап тұру міндеттемесі;

      2) лауазымды тұлғалардың бағыныштылығы иерархиясы көрсетілген ұйымдық құрылымы;

      3) жұмыс (кеңсе) үй-жайлардың жалпы сипаттамасы;

      4) техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша қызмет саласы;

      5) жауапты басшының, ұйымның белгіленген талаптарға тұрақты сәйкестігіне қатысты жауапты персоналдың аты-жөні мен қызметі көрсетілген басқарушы персонал, сондай-ақ техникалық қызмет көрсетуді реттеуге қатысатын персонал бойынша мәліметтер;

      6) пайдаланушы қызметінің түрінде, мекенжайында, оның персоналының құрамында болған өзгерістер туралы құзыретті органды хабардар ету рәсімі;

      7) Нұсқауға өзгерістер енгізу рәсімі.

      2. 1-бөлік. Ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі рәсімдер:

      1) техникалық бортжурналды пайдалану және рұқсат етілетін ақаулықтар (MEL) тізбесінін қосымшасы;

      2) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасы - өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеу, енгізу және бекіту;

      3) пайдаланушының ұшу жарамдылығын қолдау бойынша есеп мәліметтерін және техникалық құжаттарын жүргізу және мұрағатта сақтау;

      4) ұшу жарамдылығы бойынша директиваларды қолдану және бақылау;

      5) техникалық қызмет көрсету бағдарламасының тиімділігін талдау, міндетті емес пысықтуды (түрлендіруді) орындау саласындағы рәсімдер (саясат);

      6) маңызды түрлендіруді жүзеге асырудың стандарттары;

      7) анықталған ақаулар мен жарамсыздықтар туралы жеткізу;

      8) технологиялық қамтамасыз ету жөніндегі қызмет;

      9) сенімділік деңгейін бақылау бағдарламасы;

      10) ұшуға дайындық;

      11) әуе кемелерінің салмағын өлшеу;

      12) бақылау мақсатындағы ұшулар.

      3. 2-бөлік. Сапа жүйесі:

      1) сапа саясаты, ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі аудиттің жоспары мен рәсімдері;

      2) ұшу жарамдылығын қолдау бойынша қызмет түрлерінің мониторингі;

      3) техникалық қызмет көрсету бекітілген техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымдар арқылы жүзеге асырылатынын растайтын бақылау;

      4) техникалық қызмет көрсету бағдарламасының тиімділігін мониторингілеу;

      5) техникалық қызмет көрсету техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымдармен жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асырылатынын растайтын бақылау;

      6) сапа жүйесі шеңберінде аудитті орындайтын персонал.

      4. 3-бөлік. Келісімшарт бойынша техникалық қызмет көрсету:

      1) техникалық қызмет көрсетуге мердігерді таңдау рәсімдері;

      2) сапа жүйесі шеңберіндегі әуе кемелерінің аудиті.

      5. 4-бөлік. Қосымшалар:

      1) құжаттардың үлгілері;

      2) қосалқы мердігерлердің тізімі;

      3) техникалық қызмет көрсету шарттары жасалған, бекітілген техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымдардың тізбесі.

  Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға
рұқсат беру қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыны тексеру актісі

      ________________________________________________________________________________

      (уәкілетті ұйымға атауы)

      20 __ жылғы " "__________ № ________ бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы комиссиямен:

      Төраға: ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі - Т.А.Ә.)

      Комиссия мүшелері:____________________________ ____________________________

      (Т.А.Ә.)

      Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыға __________________________________

      __________________________________________________________ тексеріп қарау жүргізілді

      (әуе кемесін пайдаланушының атауы)

      Қорытындының мәтіні

      Төраға: ___________________________________________________________________

      (Т.А.Ә.)            (қолы )

      Комиссия мүшелері: ________________________________________________________

      (Т.А.Ә.)            (қолы)

      Актімен таныстым

      Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы ______________ ________

      (Т.А.Ә..)      (қолы)

  Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға
рұқсат беру қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Ұшуларды орындау құқығына арналған куәлік және пайдалану ерекшеліктері ________________________________________________________________________ Уәкілетті ұйымның атауы Ұшуды орындау құқығына арналған КУӘЛІК (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы) № KAZ - 03/001

Пайдаланушының атауы
Пайдаланушының мекенжайы:
телефоны:
Факсы:
E-mail:

Пайдаланудағы жедел байланыс
Байланыс ақпараты:

      Осы куәлік жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыға_________________________

      (пайдаланушының атауы)

      қоса беріліп отырған пайдалану ерекшеліктерінде белгіленгендей, Жалпы мақсаттағы

      авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларына және Ұшуды орындау жөніндегі

      нұсқауға сәйкес ұшуды орындауға рұқсат беруін куәландырады.

      Инспекциялық бақылауды _____________________________ жүзеге асырады.

                                    (уәкілетті ұйымның атауы)

      ______________________      ______________________________            ______

      Уәкілетті ұйымға басшысы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда). (қолы)

      немесе ол уәкілеттік берген тұлға                  (бұдан әрі - Т.А.Ә.)

      Мордін орны (бұдан әрі - МО)

      Берілген күні: 20_жылғы "___"________

Уәкілетті ұйымның атауы ____________________________________________________________ (пайдаланушының атауы, №____ куәлік) Пайдалану ерекшеліктері (пайдалану талаптары мен шектеулері) А бөлігі - Жалпы ережелер

      1. Осы пайдалану ерекшеліктері Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларына сәйкес және 1992 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасыны Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификациаланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасына сәйкес беріледі.

      2. Пайдаланушы ұшуды орындауға даярланған.

      3. Пайдаланушыға ішкі (халықаралық) әуе желілеріндегі жалпы мақсаттағы авиация ұшуын орындау үшін мынадай дайындаушылар мен модельдердегі әуе кемелерін пайдалануға рұқсат етiледi:

Дайындаушы

Моделі

Ең жоғарғы жүк көтергіштігі мен жолаушылар сыйымдылығы

1

2

3




      1-бағанда әуе кемені дайындаушы зауыт көрсетіледі;

      2-бағанда әуе кемесiнiң түрі және мемлекеттiк тiркеу нөмiрi көрсетіледі;

      3-бағанда тонналық немесе килограммалық көрсеткiш және жолаушылар саны көрсетiледі.

      ___________________________________ _________ __________

      Уәкілетті ұйымға басшысы                  (Т.А.Ә.)      (қолы)

      немесе ол уәкілеттік берген тұлға

      М О

      Берілген күні: 20_жылғы "___"________

Уәкілетті ұйымның атауы _________________________________________________________ Пайдалану ерекшеліктері (пайдалану талаптары мен шектеулері) В бөлігі - Бағыттардағы рұқсаттар мен шектеулер

Беретін уәкілетті ұйым туралы байланыс ақпараты
Tелефон: __________________; Факс: _____________; E-mail: _____________

Куәлік №: ____ Пайдаланушы атауы: _______________________ Күні: __________
Коммерциялық атауы (бар болса) Қолы:_________
_________________________________ М О

Әуе кемесінің моделі: Тіркеу нөмірі:

Ұшу түрлері: Коммерциялық әуе тасымалдары:
☐Тұрақты емес; ☐Жолаушылар; ☐Жүктер; ☐Өзгелер ________________

Ұшу ауданы(-дары):

Арнайы шектеулер:

Арнайы рұқсаттар:

Иә

Жоқ

Арнайы бекітулер

Ескертулер

Қауіпті жүктер

Қауіпті жүктерді тасымалдау ИКАО Техникалық нұсқаулықтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады


Көрінуі шектеулі жағдайларда ұшу:
қонуға бет алу және қону;
ұшып көтерілу;
кеңейтілген пайдалану мүмкіндіктер





САТ RVR: м.; DH м .(фут);
RVR:______ м


RVSM
☐Қолданылмайды



EDTO
☐Қолданылмайды



Шекті уақыт: _______ мин.
Қосалқы әуеайлаққа дейінгі ұшудың ең ұзақ уақыты: _______ мин.


PBN жағдайларында ұшу үшін навигациялық ерекшеліктер













Ұшу жарамдылығын сақтау





EFB



Өзгелер



Уәкілетті ұйымның атауы _____________________________________________________________________ Пайдалану ерекшеліктері (пайдалану талаптары мен шектеулері) В/1 бөлігі - Бағыттардағы рұқсаттар мен шектеулер (тікұшақтар)

Берілетін уәкілетті ұйымға туралы байланыс ақпараты
Tелефон: __________________; Факс: _____________; E-mail: _____________

Куәлік №: ____ Пайдаланушы атауы: _______________________ Күні: __________
Коммерциялық атауы (бар болса) Қолы:_________
_________________________________ М О

Әуе кемесінің моделі: Тіркеу нөмірі:

Ұшу түрлері: Коммерциялық әуе тасымалдары:
☐Тұрақты емес; ☐Жолаушылар; ☐Жүктер; ☐Өзгелер ________________

Ұшу ауданы(-дары):

Арнайы шектеулер:

Арнайы рұқсаттар:

Иә

Жоқ

Арнайы бекітулер

Ескертулер

Қауіпті жүктер

Қауіпті жүктерді тасымалдау ИКАО Техникалық нұсқаулықтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады


Көрінуі шектеулі жағдайларда ұшу:
қонуға бет алу және қону;
ұшып көтерілу;
кеңейтілген пайдалану мүмкіндіктер





САТ RVR: м.; DH: м. (фут);
Б бұлт.:___ м. (фут); Көр.: м.;


PBN жағдайларында ұшу үшін навигациялық ерекшеліктер



___ кластағы ҰТС бар тікұшақтармен АҰҚ бойынша ұшулар



Сыртқы ілмектегі жүкпен ұшу



Ұшу жарамдылығын сақтау





EFB



Өзгелер