Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1023 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 5 қаңтарда № 12804 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1)2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
       Инвестициялар және даму
             министрі                            Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _______________Е. Досаев
      2015 жылғы 4 желтоқсан

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің      
2015 жылғы 30 қазандағы
№ 1023 бұйрығымен 
бекітілген     

Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды
ұшуға рұқсат беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – осы Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және 1992 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасының талаптарына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Қағидалар сертификатталған ең жоғарғы ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмннан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивты (турбобұрандалы) қозғалтқышпен жарақтандырылған ұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларды (бұдан әрі – жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушылар) ұшуға рұқсат беру тәртібін айқындайды.
      3. Осы Қағидадаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
      2) жалпы мақсаттағы авиация – жеке және (немесе) заңды тұлғалардың меншiгiндегі және жолаушыларды, багажды, жүкті және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау (әуемен тасымалдау), авиациялық жұмыстарды орындау және iздестiру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу, дүлей зілзалалар болған жағдайда ақысы төленбей және жалдаусыз көмек көрсету мақсатында, сондай-ақ оқу, спорттық, мәдени-ағарту iс-шараларын жүргiзу, техникалық шығармашылықты дамыту және әуе кемесiн пайдаланушының жеке қажеттіліктерiн қанағаттандыру мақсатында пайдаланылатын азаматтық авиация;
      3) өтініш беруші – жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы ретінде ұшуға рұқсат алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жүгінген жеке немесе заңды тұлға;
      4) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығы – осы пайдаланушының әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстардың уақтылы және қанағаттанарлықтай орындалуын басқару мүмкіндігін қамтамасыз ететін пайдаланушы рәсімдерінің сипатын қамтитын құжат;
      5) ұшуды орындау құқығына арналған куәлік – жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыға ұшуға рұқсат беру және осы Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган беретін құжат;
      6) ұшуларды жүргізу жөніндегі нұсқау – өзінің міндеттерін орындау кезінде пайдалану персоналының пайдалануы үшін қағидаларды, нұсқаулықтар мен ұсынымдарды қамтитын құжат.
      4. Ұшуға рұқсат беру мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:
      1) өтініш берушінің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесімен бойыша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшуға рұқсат алу өтінімін беруі.
      Өтініме осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұшуды орындау жөніндегі нұсқау, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқауы қоса беріледі;
      2) уәкілетті органның құжаттарын тексеруі;
      3) уәкілетті органның өтінім берушіні тексеріп қарауды жүргізуі;
      4) ұшуға рұқсат беру – ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы) беру.

2. Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды
ұшуға рұқсат беру тәртібі

1-параграф. Өтінім мен құжаттарды беру

      5. Ұшуға рұқсат алу үшін өтінім беруші ұшуларды орындауды бастаудың жоспарланған күніне дейін алпыс жұмыс күн бұрын осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша өтінімді уәкілетті органға жібереді.
      6. Өтінім беруші берілген мәліметердін нақтылығын қамтамасыз етеді.

2-параграф. Құжаттарды тексеру

      7. Уәкілетті орган өтінім берілген сәттен бастап жиырма жұмыс күннен аспайтын мерзім ішінде осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қарайды.
      8. Өтінім мен құжаттарды қарағаннан кейін, уәкілетті орган құрамына мемлекеттік авиациялық инспекторларды қоса отырып, өтінім берушіні тексеріп қарауды жүргізу үшін комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

3-параграф. Тексеруді өткізу

      9. Ұшу және жердегi қызметтер жұмысын тексеру алға қойылған мiндеттерді шешу үшiн авиациялық персоналдың дайындығының сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.
      10. Тексеру нәтижелері бойынша өтiнiм беруші объектiлерiнің нақты жай-күйі, қорытындылар, ұсыныстар мен өтiнiм берушіге жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы ретінде ұшуға рұқсат беру туралы қорытындыны көрсете отырып, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес  нысаны бойынша екі данада өтінім берушіні жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыны тексеріп қарау актісі жасалады. Актiге Комиссияның мүшелерi қол қояды және танысу үшiн өтiнiм бepушігe беріледі.
      11. Ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті басқа адамға беруге болмайды.
      12. Ұшуды орындау құқығына арналған куәлік мерзімсіз беріледі.
      13. Пайдаланушының қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылған ұшуларды орындау құқығына арналған куәліктің көшірмесі және оған байланысты пайдалану ерекшеліктерін көшірмелері әуе кемесінің бортында болады.
      Халықаралық ұшуларды орындау кезінде әуе кемесінің бортында уәкiлеттi органның басшысы, не ол уәкілеттік берген адам қол қойған және мөрімен куәландырылған ұшуды орындау құқығына арналған куәліктің көшірмесі болады.
      14. Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

4-параграф. Ұшуға рұқсат беру туралы шешім қабылдау

      15. Уәкілетті орган Актіге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде пайдаланушыға ұшуға рұқсат беру туралы шешімді қабылдайды және осы Қағидаларға 6-қосымшаға нысаны бойынша Ұшуларды орындау құқығына арналған куәлікті және пайдалану ерекшеліктерін рәсімдеуді және беруді жүзеге асырады.

Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға 
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша       

Нысан

Уәкілетті орган басшысына

Ұшуға рұқсат алу үшін
өтінім

      ____________________________________________________ мақсатында
    (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушының ішкі (халықаралық)
      ______________________________________________________________
          әуе желілерінде ұшуды oрындауға рұқсат алу) (өтінiш
берушінің толық аты-жөнi)
      Тексеріп қарау жүргізуді өтінемін ұшуды бастаудың жоспарланған
күні _________________________________________
      өтініш беруші Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға
рұқсат беру қағидаларының талаптарына сай болуға және уәкілеттi
органға ұшудың ұйымдастырылуын, қамтамасыз етiлуiн және орындалуын
бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беруге мiндеттенедi.
      ______________________________________________________________
      (басшының лауазымы, Т.А.Ә.А., өтініш берушінің (заңды тұлғаның)
қолы)

      М.О. (бар болған кезде)
      ______________________________________________________________
           (өтініш берушінің (жеке тұлғаның) Т.А.Ә.А., қолы)

Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға 
рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша     

Ұшуды орындауға рұқсат алу өтініміне
қоса берілетін құжаттар тізбесі

      1. Өтініш берушінің ақпараты мыналарды қамтиды:
      1) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәлігінің* көшірмелері;
      Ескертпе. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы іске қосылғанға дейінгі берілген мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік заңды тұлғаны қызметі аяқталғанынша, қолданыста болып табылады
      2) жеке тұлғалар үшін – жеке куәліктің көшірмесі;
      3) өтініш берушінің тіркелген атауы;
      4) өтініш берушінің негізгі қызмет орнының мекенжайы;
      5) өтініш берушінің негізгі қызмет орнының, елдің кодын қоса алғанда, телефон нөмірі мен факсі, бар болса электрондық поштасының мекенжайы;
      6) жоспарланған ұшу түрлері;
      7) әуе кемелері бойынша деректер;
      8) әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
      9) ұшуды қамтамасыз ету.
      2. Ұйымдастыру құрылымы, штаттық кестесі.
      3. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты басшылық құрамы мен  мамандар жөніндегі деректер.
      4. Командалық-ұшу, нұсқаушы және ұшқыштар құрамы туралы деректер.
      5. Ұшуды орындау жөніндегі нұсқау.
      6. Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқауы.
      7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық сертификаттарының, радиостанцияларға арналған рұқсаттың (лицензиясы), әуе кемелерінің жергілікті жерлердегі шуылы бойынша сертификаттардың көшірмелері.
      8. Ұшуды қамтамасыз етуге арналған шарттардың көшірмелері.
      9. Пайдаланушының басшысымен бекітілген әуе кемелері бояуының және мәтіндік сипаттамасының үлгілері.
      10. Азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілерін болдырмау бойынша шаралар туралы құжаттар.
      11. Халықаралық ұшуға арналған құжаттар (орындау кезінде).
      12. Пайдалану ерекшеліктерінің жобасы.
      13. Әуе кемесін экипажсыз жалға алуға арналған шарттардың (келісімшарты) көшірмелері (жалға алуға арналған әуе кемесі бар болса).

Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға 
рұқсат беру қағидаларына
3-қосымша     

Нысан

Ұшуларды жүргізу жөніндегі нұсқау

      Ұшуды орындау жөніндегі нұсқау 1992 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 6-қосымшаға талаптарына сәйкес өтініш берушімен әзірленеді.
      1. Нұсқаудың мазмұны:
      1) Мазмұны;
      2) егер әрбір түзету кезінде барлық құжат қайта шығарылмаса және құжатта күшіне енген күні көрсетілмесе, түзетулерді есепке алу беті және қолданысты беттердің тізбесі;
      3) басшылық және пайдаланушы персоналдың қызметтік міндеттері, жауапкершілігі және қызмет бабындағы сыйластығы;
      4) пайдаланушының ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі (сертификатталған 5700 кг. жоғары ұшу салмағы бар әуе кемелері);
      5) ұшуға басшылық ету жүйесі;
      6) MEL қатысты қағидалар (қолданатын кезде);
      7) қалыпты жағдайда ұшуды жүргізу;
      8) стандартты пайдалану рәсімдері (SOP);
      9) метеорологиялық шектеу;
      10) ұшу және жұмыс уақытының шектелуі;
      11) ұшудағы төтенше жағдайлар;
      12) авиациялық оқиғалар мен тосын оқиғаларды талдау;
      13) персоналдың біліктілігі және даярлығы;
      14) есепке алу құжаттамасын жүргізу;
      15) техникалық қызмет көрсетуді басқару жүйесін сипаттау;
      16) ұшу-техникалық сипаттамаларын пайдалануды шектеу;
      17) ұшу және тілдесу деректерін тіркеушінің жазбаларын пайдалану/сақтау;
      18) авариялық жағдай туындаған жағдайда қолданылуы тиіс іс-әрекеттерді қоса алғанда, қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулық;
      19) автоматтық қону жүйесімен коллиматорлық (HUD) немесе балама индикаторлармен техникалық көру жүйелерімен (EVS, SVS немесе CVS) жабдықталған, әуе кемелерін ұшуды дайындау үшін кеңейтілген пайдалану мүмкіндіктерін пайдалану саласындағы дайындыққа нұсқаулықтар және оған қойылатын талаптар;
      20) электронды ұшу құжаттамасын (EFB) пайдалану саласындағы дайындыққа нұсқаулықтар және оған қойылатын талаптар;
      21) RVSM, MNPS, RNAV немесе RNP бар әуе кеңістігіндегі ұшулардың орындалуы.

Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға 
рұқсат беру қағидаларына
4-қосымша     

Нысан

Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі
пайдаланушының нұсқауы

      Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқауы (бұдан әрі – Нұсқау) мынадай ақпаратты қамтиды:
      1. Жалпы ережелер:
      1) жауапты басшы қол қойған ұшу жарамдылығын қолдау бойынша қызметтің сертификациялық талаптарға, Нұсқаудың ережелеріне сәйкестігі туралы декларация және осы сәйкестікті тұрақты түрде қолдап тұру міндеттемесі;
      2) лауазымды тұлғалардың бағыныштылығы иерархиясы көрсетілген ұйымдық құрылымы;
      3) жұмыс (кеңсе) үй-жайлардың жалпы сипаттамасы;
      4) техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша қызмет саласы;
      5) жауапты басшының, ұйымның белгіленген талаптарға тұрақты сәйкестігіне қатысты жауапты персоналдың аты-жөні мен қызметі көрсетілген басқарушы персонал, сондай-ақ техникалық қызмет көрсетуді реттеуге қатысатын персонал бойынша мәліметтер;
      6) пайдаланушы қызметінің түрінде, мекенжайында, оның персоналының құрамында болған өзгерістер туралы құзыретті органды хабардар ету рәсімі;
      7) Нұсқауға өзгерістер енгізу рәсімі.
      2. 1-бөлік. Ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі рәсімдер:
      1) техникалық бортжурналды пайдалану және рұқсат етілетін ақаулықтар (MEL) тізбесін қоса тіркеу;
      2) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасы – өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеу, енгізу және бекіту;
      3) пайдаланушының ұшу жарамдылығын қолдау бойынша есеп мәліметтерін және техникалық құжаттарын жүргізу және мұрағатта сақтау;
      4) ұшу жарамдылығы бойынша директиваларды қолдану және бақылау;
      5) техникалық қызмет көрсету бағдарламасының тиімділігін талдау, міндетті емес пысықтуды (түрлендіруді) орындау саласындағы рәсімдер (саясат);
      6) маңызды түрлендіруді жүзеге асырудың стандарттары;
      7) анықталған ақаулар мен жарамсыздықтар туралы жеткізу;
      8) технологиялық қамтамасыз ету жөніндегі қызмет;
      9) сенімділік деңгейін бақылау бағдарламасы;
      10) ұшуға дайындық;
      11) әуе кемелерінің салмағын өлшеу;
      12) бақылау мақсатындағы ұшулар.
      3. 2-бөлік. Сапа жүйесі:
      1) сапа саясаты, ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі аудиттің жоспары мен рәсімдері;
      2) ұшу жарамдылығын қолдау бойынша қызмет түрлерінің мониторингі;
      3) техникалық қызмет көрсету бекітілген техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымдар арқылы жүзеге асырылатынын растайтын бақылау;
      4) техникалық қызмет көрсету бағдарламасының тиімділігін мониторинглеу;
      5) техникалық қызмет көрсету техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымдармен жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асырылатынын растайтын бақылау;
      6) сапа жүйесі шеңберінде аудитті орындайтын персонал.
      4. 3-бөлік. Келісім - шарт бойынша техникалық қызмет көрсету:
      1) техникалық қызмет көрсетуге мердігерді таңдау рәсімдері;
      2) сапа жүйесі шеңберіндегі әуе кемелерінің аудиті.
      5. 4-бөлік. Қосымшалар:
      1) құжаттардың үлгілері;
      2) қосалқы мердігерлердің тізімі;
      3) техникалық қызмет көрсету шарттары жасалған, бекітілген техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымдардың тізбесі.

Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға 
рұқсат беру қағидаларына
5-қосымша       

Нысан

Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыны тексеріп қарау
актісі

      ______________________________________________________________
                  (уәкілетті органның атауы)
      20 __ жылғы « »___________ № ________ бұйрығына сәйкес мынадай
құрамдағы комиссиямен:
      Төраға: ______________________________________________________
                            (Т.А.Ә.А. лауазымы)
      Комиссия мүшелері: ___________________________________________
                                  (Т.А.Ә.А. лауазымы)
      Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыға _____________________
      ___________________________________ тексеріп қарау жүргізілді
        (әуе кемесін пайдаланушының атауы)

      Қорытындының мәтіні

      Төраға: ______________________________________________________
                         (Т.А.Ә.А. лауазымы)        (қолы)

      Комиссия мүшелері: ___________________________________________
                         (Т.А.Ә.А. лауазымы)        (қолы)

      Актімен таныстым
      Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы ______________   ______
                                               (Т.А.Ә.А.)     (қолы)

Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға 
рұқсат беру қағидаларына
6-қосымша     

Нысан

Ұшуларды орындау құқығына арналған куәлік
және пайдалану ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңба

__________________________________________________________
Уәкілетті органның атауы

Ұшуды орындау құқығына арналған
КУӘЛІК
(жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы) № KAZ – 03/001

Пайдаланушының атауы
Пайдаланушының мекенжайы:
телефоны:
Факсы:
E-mail:

Пайдаланудағы жедел байланыс
Байланыс ақпараты:

      Осы куәлік жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыға____________
                                               (пайдаланушының атауы)

қоса беріліп отырған пайдалану ерекшеліктерінде белгіленгендей, Жалпы
мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларына және
Ұшуды орындау жөніндегі нұсқауға сәйкес ұшуды орындауға рұқсат беруін
куәландырады.
      Инспекциялық бақылауды ________________________ жүзеге асырады.
                          (уәкілетті органның атауы)

      ________________________________     ____________    __________
         Уәкілетті органның басшысы         (Т.А.Ә.А.)       (қолы)
      немесе ол уәкілеттік берген тұлға

      МО                        Берілген күні: 20_жылғы «___»________

Уәкілетті органның атауы

__________________________________________________________
(пайдаланушының атауы, №____ куәлік)

Пайдалану ерекшеліктері
(пайдалану талаптары мен шектеулері)

А бөлігі – Жалпы ережелер

      1. Осы пайдалану ерекшеліктері Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларына сәйкес және 1992
жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасыны Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен
ратификациаланған Халықаралық азаматтық авиация туралы
конвенцияға 6-қосымшаға сәйкес беріледі.
      2. Пайдаланушы ұшуды орындауға даярланған.
      3. Пайдаланушыға ішкі (халықаралық) әуе желілеріндегі жалпы
мақсаттағы авиация ұшуын орындау үшін мынадай дайындаушылар мен
модельдердегі әуе кемелерін пайдалануға рұқсат етiледi:

Дайындаушы

Моделі

Ең жоғарғы жүк көтергіштігі мен жолаушылар сыйымдылығы

1

2

3




      1-бағанда әуе кемені дайындаушы зауыт көрсетіледі;
      2-бағанда әуе кемесiнiң түрі және мемлекеттiк тiркеу нөмiрi
көрсетіледі;
      3-бағанда тонналық немесе килограммалық көрсеткiш және
жолаушылар саны көрсетiледі.

      ________________________________     ____________    __________          Уәкілетті органның басшысы         (Т.А.Ә.А.)       (қолы)
      немесе ол уәкілеттік берген тұлға

      МО

      Берілген күні: 20_жылғы «___»________

Уәкілетті органның атауы

__________________________________________________________

Пайдалану ерекшеліктері
(пайдалану талаптары мен шектеулері)

В бөлігі - Бағыттардағы рұқсаттар мен шектеулер

Беретін уәкілетті орган туралы байланыс ақпараты
Tелефон: ______________; Факс: _____________; E-mail: _____________

Куәлік №: ____ Пайдаланушы атауы: ________________ Күні: __________

Коммерциялық атауы (бар болса)                  Қолы:_________

                                                   МО

Өуе кемесінің моделі:                        Тіркеу нөмірі:

Ұшу түрлері: Коммерциялық әуе тасымалдары:
Тұрақты емес;   Жолаушылар;    Жүктер;    Өзгелер ____________

Ұшу ауданы(-дары):

Арнайы шектеулер:

Арнайы рұқсаттар:

Иә

Жоқ

Арнайы бекітулер

Ескертулер

Қауіпті жүктер

Қауіпті жүктерді тасымалдау ИКАО Техникалық нұсқаулықтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады


Көрінуі шектеулі жағдайларда ұшу:
қонуға бет алу және қону;
ұшып көтерілу;
кеңейтілген пайдалану мүмкіндіктер









САТ   RVR: м.; DH м .(фут);


RVR:______ м


RVSM

Қолданылмайды



EDTO

Қолданылмайды

Шекті уақыт: _______ мин.
Қосалқы әуеайлаққа дейінгі ұшудың ең ұзақ уақыты: _______ мин.


PBN жағдайларында ұшу үшін навигациялық ерекшеліктер



Ұшу жарамдылығын сақтау





EFB



Өзгелер



Уәкілетті органның атауы

__________________________________________________________

Пайдалану ерекшеліктері
(пайдалану талаптары мен шектеулері)

В/1 бөлігі - Бағыттардағы рұқсаттар мен шектеулер (тікұшақтар)

Берілетін уәкілетті орган туралы байланыс ақпараты
Tелефон: ________________; Факс: _____________; E-mail: ___________

Куәлік №: ____ Пайдаланушы атауы: _______________ Күні: __________

Коммерциялық атауы (бар болса)                  Қолы:_________

                                                         МО

Әуе кемесінің моделі:                              Тіркеу нөмірі:

Ұшу түрлері: Коммерциялық әуе тасымалдары:

Тұрақты емес;    Жолаушылар;    Жүктер;  Өзгелер ____________

Ұшу ауданы(-дары):

Арнайы шектеулер:

Арнайы рұқсаттар:

Иә

Жоқ

Арнайы бекітулер

Ескертулер

Қауіпті жүктер

Қауіпті жүктерді тасымалдау ИКАО Техникалық нұсқаулықтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады


Көрінуі шектеулі жағдайларда ұшу:
қөнуға бет алу және қону;
ұшып көтерілу;
кеңейтілген пайдалану мүмкіндіктер










САТ  RVR:  м.; DH: м. (фут);


Б бұлт.:___ м. (фут);  Көр.:       м.;


PBN жағдайларында ұшу үшін навигациялық ерекшеліктер





___ кластағы ҰТС бар тікұшақтармен АҰҚ бойынша ұшулар



Сыртқы ілмектегі жүкпен ұшу



Ұшу жарамдылығын сақтау





EFB



Өзгелер