ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткенге дейін қолданысқа енгізілмейді.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы
|
К. Ускенбаев
|
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі"
|
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 17 тамыздағы № 446 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесі
1. "Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6463 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидаларында:
2-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. "Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 160 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11379 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидаларында:
2-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. "Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 187 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12052 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларында:
2-1-қосымша осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
4. "Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 197 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11722 болып тіркелген):
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында:
3-1-қосымша осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
5. "Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 қазандағы № 994 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12812 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларында:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Сертификаттау жұмыстары және үлгі сертификатын беру (Doc. 9760) "Ұшу жарамдылығы бойынша нұсқау" ИКАО құжатының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын алу үшін әзірлеуші уәкілетті ұйымға "электрондық үкіметтің" www.egov.kz - веб-порталы арқылы (бұдан әрі-портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінімді және осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес "Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) көзделген құжаттарды жолдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта келтірілген.
Портал арқылы жүгінген кезде әзірлеушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Әзірлеуші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі өтінімді тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер пайдаланушы сертификаты, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлікті, ұшуларды орындау құқығына куәлікті, азаматтық әуе кемесінің үлгісін сертификаттау үшін бюджетке алымның төленгенің растауды әзірлеуші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы әзірлеуші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
18-3.тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18-3. Әзірлеушінің порталға осы Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда уәкілетті ұйым өтінімді қабылдаудан бас тартады.
Әзірлеуші Стандартта көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті ұйым әзірлеушінің және ұсынылған материалдардың, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің сәйкестігін тексереді және осы Қағидалардың 3-параграфына сәйкес сертификаттық тексеруді жүзеге асырады.";
23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Сертификаттық тексеру жүргізу басталғанға дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын әзірлеушіге сертификаттау рәсімінің басталу күні, ықтимал өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және оларға сәйкес сертификаттық тексеру жүзеге асырылатын халықаралық ұйымдар құжаттарының тізбесі туралы ақпаратты қамтитын еркін нысандағы хабарлама әзірлеушінің "жеке кабинетіне" портал арқылы жіберіледі.";
"24. Сертификаттық тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе кемесі үлгісінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы актіге (бұдан әрі-акт) әуе кемесі үлгісінің нақты жай-күйін, тұжырымдарды, ұсынымдарды және үлгі сертификатын беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындыны көрсете отырып, екі данада қол қойылады, актінің бір данасы әзірлеушінің порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Уәкілетті ұйым әуе кемесі үлгісінің үлгі конструкциясының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін белгілейтін зауыттық, мемлекеттік және пайдалану сынақтарының оң нәтижелері және үлгі сертификатын беру мүмкіндігі туралы қорытынды негізінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша деректер картасын қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес үлгі сертификатын ресімдейді немесе үлгі сертификатын беру мүмкін еместігі туралы қорытынды негізінде Стандартта көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімдейді.
Үлгі сертификаты шектеусіз мерзімге беріледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі әзірлеушінің порталдағы "жеке кабинетіне" уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.";
1-1-қосымша осы тізбеге 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
6. "Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1023 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12804 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларында:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) өтініш берушінің, "электрондық үкіметтің" веб-порталына осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесімен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшуға рұқсат алу өтінімін беруі;
Өтінімге, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұшуды орындау жөніндегі нұсқау, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасына сәйкес Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқауы қоса беріледі;";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. "Ұшуды орындау құқығына куәлік беру (Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы ұшуды орындаудың жоспарланған күніне дейін 60 (алпыс) жұмыс күні бұрын: "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларына ұшуды орындау құқығына куәлікті алуға арналған өтінімді (бұдан әрі - өтінім) және осы Қағидаларға 2-қосымшада 8-тармақта көзделген жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларына ұшуды орындау құқығына куәлікті алуға арналған өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды жібереді.
Қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріп отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Ұшуды орындау құқығына куәлік беру (Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) нысанында жазылған.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды электрондық түрде портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Актіні алғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшуды орындау құқығына куәлік беруді жүзеге асырады.";
2-қосымша осы тізбеге 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
7. "Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 1061 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12452 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында:
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Өтінім беруші ұшуларды орындауды бастаудың жоспарланған күніне дейін 64 (алпыс төрт) жұмыс күні мерзімінде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланушы сертификатын алу үшін "электрондық үкіметтің" www.egov.kz (бұдан әрі - портал) веб-порталына өтінімді жібереді.";
"12. Өтінімге Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген "Пайдаланушы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) 8-бағанында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Пайдаланушы сертификатын беру үшін пайдаланушы сертификатын беру туралы қорытындымен бірге сертификаттық тексеру актісі негіз болып табылады.
Уәкілетті ұйым үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланушы сертификатын ресімдеуді қамтамасыз етеді.";
1-қосымша осы тізбеге 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
8. "Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 378 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15478 болып тіркелген):
Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларында:
1-қосымша осы тізбеге 8-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
9. "Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 483 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15633 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларында:
7-1. қосымша осы тізбеге 9-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
9-1. қосымша осы тізбеге 10-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2021 жылғы "__"________ № _____ кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымша |
|
Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидаларына 2-қосымша |
"Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру" мемлекеттік қызметінің стандарты
|
---|
1
|
Көрсетілетін қызмет берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті
|
2
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қолжетімдік арналары)
|
ИИДМ Азаматтық авиация комитеті, ұялы байланыс абоненттік құрылғысын көрсету
|
3
|
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
|
5 (бес) жұмыс күн;
|
4
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
|
Электронды (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде
|
5
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі
|
Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру, мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
Қызмет көрсету нысаны: Электронды / қағаз түрінде
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қвзмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері
|
Тегін
|
7
|
Көрсетілетін қызмет берушінің жұмыс істеу кестесі
|
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін
|
8
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
|
Көрсетілетін қызметі берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін ұсынылады:
1) өтінім:
2) пайдаланушы куәлігінің (болған жағдайда) көшірмесі;
3) әуе кемесінің тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі;
4) әуе кемесінің ұшу жарамдылығы туралы куәліктің көшірмесі;
5) үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық жауапкершіліктің сақтандыру полисінің көшірмесі;
6) жүк құжаттамасының (Азаматтық авиация комитетінің жеке сұрау салуы бойынша беріледі) көшірмесі.
Біріккен ұлттар ұйымы тізімі бойынша жіктелуі көрсетіліп, тізбесі "Әуеде қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулар" ХААҰ Doc. 9284-AN/905 басылымымен анықталған бортында қауіпті жүкпен тұрақты емес ұшуды жүзеге асырудың өтінімін берген кезде қызмет алушы қосымша төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
әуеде қауіпті жүктерді тасымалдаумен байланысты қызметті жүзеге асыру құқығы бар пайдаланушы сертификатының көшірмесін;
ХААҰ-ның белгіленген нормалары мен ережелеріне сәйкес жүктің байлануы және таңбалануы туралы пайдаланушының немесе жүк жөнелтушінің кепілдік хаты.
Азаматтық әуе кемелерін шетелдік пайдаланушыларының туристік чартерлік рейстері үшін мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтарын тасымалдау болып табылатын, өтінімде көрсетілген белгіленген байланыс арналары арқылы рейсті жалға алу туроператорлық қызмет көрсетуге лицензияның электронды көшірмесін беруі қажет.
Мемлекеттік қызметтерді аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланған байланыс арнасы немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы алуға ұсынылады:
1) өтінім:
2) пайдаланушы куәлігінің (болған жағдайда) электронды көшірмесі;
3) әуе кемесінің тіркелгені туралы куәліктің электронды көшірмесі;
4) әуе кемесінің ұшу жарамдылығы туралы куәліктің электронды көшірмесі;
5) үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық жауапкершіліктің сақтандыру полисінің электронды көшірмесі;
6) жүк құжаттамасының (Азаматтық авиация комитетінің жеке сұрау салуы бойынша беріледі) электронды көшірмесі.
Біріккен ұлттар ұйымы тізімі бойынша жіктелуі көрсетіліп, тізбесі "Әуеде қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулар" ХААҰ Doc. 9284-AN/905 басылымымен анықталған бортында қауіпті жүкпен тұрақты емес ұшуды жүзеге асырудың өтінімін берген кезде қызмет алушы қосымша төменде көрсетілген құжаттардың электронды көшірмелерін ұсынады:
әуеде қауіпті жүктерді тасымалдаумен байланысты қызметті жүзеге асыру құқығы бар пайдаланушы сертификатының электронды көшірмесін;
ХААҰ-ның белгіленген нормалары мен ережелеріне сәйкес жүктің байлануы және таңбалануы туралы пайдаланушының немесе жүк жөнелтушінің кепілдік хаты.
Азаматтық әуе кемелерін шетелдік пайдаланушыларының туристік чартерлік рейстері үшін мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтарын тасымалдау болып табылатын, өтінімде көрсетілген белгіленген байланыс арналары арқылы рейсті жалға алу туроператорлық қызмет көрсетуге лицензияның электронды көшірмесін беруі қажет
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер
|
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту кезінде қызмет беруші көрсетілетін қвзмет алушыға бас тарту себебі көрсетілен жауапты жолдайды:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарға сәйкес келмеуі
|
10
|
Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып,
Электронды нысан мен Мемлекеттік корпорация арқылы қоса алғанда басқа да талаптар
|
1. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң www. miid. gov. kz ("Азаматтық авиация комитетi" бөлiмiнiң "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" кiшi бөлiмiнде) интернет-ресурсында орналастырылған.
2. Көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдың "жеке кабинетi", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi және мәртебесi туралы ақпаратты алу мүмкiндiгi бар.
3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91, мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414
|
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2021 жылғы "__"________ № _____ кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымша |
|
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 2-қосымша |
"Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
---|
1.
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы
|
2
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері
|
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ, "электрондық үкіметтің" веб-порталы
|
3.
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі
|
15 (он бес) жұмыс күні
|
4.
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны
|
Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде
|
5.
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесі
|
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификат немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады
|
6.
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері
|
Ақылы.
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификаттарды бергені үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-тармағының 8) тармақшасына сәйкес
Р/с №
|
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеру бөлімшесінің штат саны
|
Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
251 адамнан және одан көп
|
235
|
2.
|
201 адамнан 250 адамға дейін
|
224
|
3.
|
151 адамнан 200 адамға дейін
|
213
|
4.
|
101 адамнан 150 адамға дейін
|
202
|
5.
|
51 адамнан 100 адамға дейін
|
191
|
6.
|
50 адамға дейін
|
180
|
|
7.
|
Жұмыс кестесі
|
1) көрсетілетін қызметті беруші - дүйсінбіден жұмаға дейін қоса алғанда, сағат 9.00-дан 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі және жексенбі) күндері және мереке күндерінен басқа күндері;
2) портал - тәулік бойы (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру электрондық (толық автоматтандырылған нысанда) көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, келесі жұмыс күні жүзеге асырылады
|
8.
|
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
|
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне:
1) өтінім;
2) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің (бұдан әрі - АҚҚ) жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификаттау үшін бюджетке алым сомасының төленгенін растайтын құжат;
3) иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу құқығына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі;
4) жете тексеру бөлімшесінің персоналы, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылық құрамы, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің өндірістік базасы, техникалық құралдар тізбесі бойынша жиынтық деректердің көшірмесі;
5) көрсетілетін қызметті алушының АҚҚ туралы ереженің көшірмесі;
6) көрсетілетін қызметті алушының ААҚ бақылайтын аймақтар (рұқсаты шектеулі аймақтар) көрсетілген аумағы жоспарының схемасының және жете тексеру пункттері орналасқан аэровокзал ғимаратының егжей-тегжейлі схемасының (жоспары) көшірмелері;
7) ААҚ персоналын оқыту бағдарламаларының көшірмесі;
8) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік бағдарламасының көшірмесі;
9) көрсетілетін қызметті алушының авиациялық қауіпсіздік сапасын ішкі бақылау бағдарламасының көшірмесі.
Порталға:
1) өтінім;
2) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің (бұдан әрі - АҚҚ) жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификаттау үшін бюджетке алым сомасының төленгенін растайтын құжат;
3) иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу құқығына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық көшірмесі;
4) жете тексеру бөлімшесінің персоналы, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылық құрамы, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің өндірістік базасы, техникалық құралдар тізбесі бойынша жиынтық деректердің электрондық көшірмесі;
5) көрсетілетін қызметті алушының АҚҚ туралы ереженің электрондық көшірмесі;
6) көрсетілетін қызметті алушының ААҚ бақылайтын аймақтар (рұқсаты шектеулі аймақтар) көрсетілген аумағы жоспарының схемасының және жете тексеру пункттері орналасқан аэровокзал ғимаратының егжей-тегжейлі схемасының (жоспары) электрондық көшірмелері;
7) ААҚ персоналын оқыту бағдарламаларының электрондық көшірмесі;
8) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік бағдарламасының электрондық көшірмесі;
9) көрсетілетін қызметті алушының авиациялық қауіпсіздік сапасын ішкі бақылау бағдарламасының электрондық көшірмесі.
|
9.
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер
|
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) "Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификаттық талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 332 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 шілдеде № 11588) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің сертификаттық талаптарға сәйкес келмеуі;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 97 ҚР ДСМ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18920 болып тіркелген) бекітілген "Радиациялық қауіпсіздікке қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық қағидаларына сәйкес иондық сәулелену көздерімен жұмыс істеу құқығы туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның теріс қорытындысы
|
10
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету, соның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескерумен өзге талаптар
|
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
Министрліктің www. miid. gov. kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі, "Азаматтық авиация комитеті" бөлімі.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігіне ие, өтінімді беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың бірыңғай байланыс орталығы арқылы: 1414, 8 800 080 7777 алуға болады
|
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2021 жылғы "__"________ № _____ кейбір бұйрықтарының тізбесіне 3-қосымша |
|
Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 2-1-қосымша |
"Әуе айлағының (тікұшақ айлығының) жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
---|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы
|
2
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері
|
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы
|
3
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
35 (отыз бес) жұмыс күні
|
4
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Электрондық (толық автоматтандырылған).
|
5
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
|
Осы Қағидаларға 1,2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификаты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі уәкілетті ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.
|
6
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем өлшемі және оны алу тәсілдері
|
Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау үшін алым төлемі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады.
Әуеайлақтың жарамдылық сертификаттарын беру үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 554-бабының 7- тармағының 6), 7) тармақшаларына сәйкес
№ р/с
|
Әуеайлақ сыныбы (санаты)
|
Сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері (АЕК)
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
А немесе Б немесе В сыныбы санатталмаған
|
1 349
|
2.
|
А немесе Б немесе В сыныбы / І-санаты
|
1 604
|
3.
|
А немесе Б немесе В сыныбы /
ІІ немесе ІІІ-санаты
|
2 078
|
тікұшақ айлағының жарамдылық сертификаттарын беру үшін:
№ р/с
|
Тікұшақ айлағының түрі
|
Тікұшақ айлағының сыныбы
|
Сертификаттау
үшін алым мөлшерлемелері (АЕК)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
Жоғарғы деңгейде орналасқан
|
I, II, III сыныптары жабдықталмаған
|
364
|
2
|
I, II, III сыныптары ішінара жабдықталған
|
419
|
3
|
I, II, III сыныптары жабдықталған
|
510
|
4
|
Бетінің үстінде орналасқан
|
I, II, III сыныптары жабдықталмаған
|
328
|
5
|
I, II, III сыныптары ішінара жабдықталған
|
382
|
6
|
I, II, III сыныптары жабдықталған
|
437
|
7
|
Тікұшақ айлағының алаңы немесе тікұшақ алаңы
|
I, II, III сыныптары жабдықталмаған
|
255
|
8
|
I, II, III сыныптары ішінара жабдықталған
|
309
|
9
|
I, II, III сыныптары жабдықталған
|
328
|
|
7
|
Жұмыс кестесі
|
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Порталдың жұмыс кестесі, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады
|
8
|
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі
|
1) пайдаланушының аэронавигациялық қызмет көрсетуді және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жеткізушімен өзара іс-қимыл жасау шарттарының электрондық көшірмелері (қызметтерді сатып алу кезінде);
2) ұшуларды жарықпен сигналдық қамтамасыз ету жүйесін ұшуларды тексерудің қолданыстағы актілерінің электрондық көшірмелері;
3) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) бойынша нұсқаудың электрондық көшірмелері, әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жедел жүргізу және өрт сөндіру жөніндегі жоспар;
4) авиациялық және инженерлік-техникалық персоналдың оқудан және кәсіптік деңгейін қолдауды растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз
|
1) сертификатты және (немесе) олардағы деректерді (мәліметтерді) алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың дәйексіз болуын анықтау;
2) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Заңның 64-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға және әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкес келмеуі;);
3) өтініш берушіге қатысты оның негізінде өтініш беруші жарамдылық сертификатын алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған заңды күшіне енген сот шешімі болған жағдайларда тоқтатылады
|
10
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де
талаптар
|
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ "1414",8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар
|
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2021 жылғы "__"________ № _____ кейбір бұйрықтарының тізбесіне 4-қосымша |
|
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларына 3-1-қосымша |
"Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу ұйымына сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
---|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы
|
2
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері
(қолжетімдік арналары)
|
"Электрондық үкіметтің" веб-портал
|
3
|
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
|
1. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру мерзімі - 22 (жиырма екі) жұмыс күні.
Авиациялық инспекторлардың қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу жағдайларында қарау мерзімі 22 (жиырма екі) жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хабарланады.
2. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мерзімі:
1) ұйымның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны немесе заңды және нақты мекенжайы өзгерген жағдайда - 5 (бес) жұмыс күні;
2) сертификаттың қолданылу саласы кеңейген жағдайда - 22 (жиырма екі) жұмыс күні
|
4
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
|
Электрондық (толық автоматтандырылған).
|
5
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру, авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатына өзгерістер енгізу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
Алым төлемі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 554-бабының 7-тармағының 5) тармақшасымен айқындалатын тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады.
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері штат санына байланысты мыналарды құрайды:
әуе кемелеріне жедел техникалық қызмет көрсету кезінде:
штат саны кезінде:
10 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 346 айлық есептік көрсеткіш;
11 адамнан 40 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 364 айлық көрсеткіш;
41 адамнан 70 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 382 айлық көрсеткіш;
71 адамнан 100 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 400 айлық көрсеткіш;
101 адамнан 150 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 419 айлық көрсеткіш;
151 адамнан 200 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 437 айлық көрсеткіш;
201 адамнан астам - алым төленетін күні қолданыстағы 455 айлық көрсеткіш;
әуе кемелеріне мерзімдік техникалық қызмет көрсету кезінде:
штат саны кезінде:
10 адамға дейін - алым төленетін күні 418 айлық есептік көрсеткіш;
11 адамнан 40 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 436 айлық есептік көрсеткіш;
41 адамнан 70 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 454 айлық есептік көрсеткіш;
71 адамнан 100 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 472 айлық есептік көрсеткіш;
101 адамнан 150 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 491 айлық есептік көрсеткіш;
151 адамнан 200 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 509 айлық есептік көрсеткіш;
201 адамнан астам - алым төленетін күні қолданыстағы 527 айлық есептік көрсеткіш;
жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін қоспағанда, бөлшектелген компоненттерге техникалық қызмет көрсету кезінде - алым төленетін күні қолданыстағы 218 айлық есептік көрсеткіш;
әуе кемелері мен олардың агрегаттарының және жиынтықтаушы бұйымдарының жай-күйін бұзбай бақылау әдісін қолдану кезінде - алым төленетін күні қолданыстағы 145 айлық есептік көрсеткіш;
күрделі жөндеусіз пайдаланылатын әуе кемесінің планеріне, авиақозғалтқыштары мен авиациялық техниканың жиынтықтаушы бұйымдарына бақылау-қалпына келтіру жұмыстары кезінде (жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары):
штат саны кезінде:
10 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 47 айлық есептік көрсеткіш;
11 адамнан 40 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 69 айлық есептік көрсеткіш;
41 адамнан 70 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 272 айлық есептік көрсеткіш;
71 адамнан 100 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 290 айлық есептік көрсеткіш;
101 адамнан 150 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 309 айлық есептік көрсеткіш;
151 адамнан 200 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 327 айлық есептік көрсеткіш;
201 адамнан астам - алым төленетін күні қолданыстағы 345 айлық есептік көрсеткіш;
әуе кемесінің интерьерін жаңарту кезінде (қайта жабдықтау) - алым төленетін күні қолданыстағы 145 айлық есептік көрсеткіш;
әуе кемесін жаңғырту жөніндегі жұмыстарды және авиациялық техника әзірлеушісінің бюллетеньдері мен құжаттары бойынша пысықтауды орындау кезінде - алым төленетін күні қолданыстағы 218 айлық есептік көрсеткіш;
әуе кемелерін, авиақозғалтқыштарды және жиынтықтаушы бұйымдарды (агрегаттарды), оларға жаңа ресурстар (қызмет мерзімдері) орнатып күрделі жөндеу кезінде:
штат саны кезінде:
10 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 528 айлық есептік көрсеткіш;
11 адамнан 40 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 546 айлық есептік көрсеткіш;
41 адамнан 70 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 564 айлық есептік көрсеткіш;
71 адамнан 100 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 582 айлық есептік көрсеткіш;
101 адамнан 150 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 601 айлық есептік көрсеткіш;
151 адамнан 200 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 619 айлық есептік көрсеткіш;
201 адамнан астам - алым төленетін күні қолданыстағы 637 айлық есептік көрсеткіш.
Алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол емес нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады
|
7
|
Жұмыс кестесі
|
1) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00- ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін
|
8
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
|
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алу үшін:
1) азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алуға/тануға өтінім:
авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның рәсімдері жөніндегі нұсқаудың электрондық көшірмесі;
авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның басшы құрамы туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі.
2) азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін:
еркін нысандағы өтінім;
ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда, азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның бұрын берілген сертификатының электрондық көшірмесі
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Заңның және ИКАО авиациялық талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы
|
10
|
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
|
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
Министрліктің - www. miid. gov. kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі, "Азаматтық авиация комитеті" бөлімі деген интернет-ресурста орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушы:
ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда;
порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777
|
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2021 жылғы "__"________ № _____ кейбір бұйрықтарының тізбесіне 5-қосымша |
|
Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларына 1-1-қосымша |
"Азаматтық әуе кемесі үлгісінің сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
---|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ
|
2
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері
|
"Электрондық үкіметтің" веб-портал
|
3
|
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
|
15 ( он бес) жұмыс күні
|
4
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
|
Электрондық (толық автоматтандырылған).
|
5
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі
|
Әуе кеменің үлгі сертификатын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.
Алымды төлеу "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде жүзеге асырылады.
Азаматтық әуе кемесінің үлгісін сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері санатына байланысты:
1) ұшақ үшін – алым төленетін күні қолданыстағы 10 000 айлық есептік көрсеткішті;
2) тікұшақ үшін – алым төленетін күні қолданыстағы 5 000 айлық есептік көрсеткішті;
3) басқа ұшу аппараттары үшін – алым төленетін күні қолданыстағы 1 000 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол емес нысанда, сондай-ақ электрондық үкімет төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады
|
7
|
Жұмыс кестесі
|
1) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
|
8
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
|
Төменде көрсетілген құжаттардың тізбесіне сәйкес өтінім және құжаттардың электрондық көшірмелері:
1) ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулық;
2) формулярлар;
3) материалдың негізгі өлшемдері мен маркалары көрсетілген негізгі күш тораптарының, оның ішінде қанатын бекіту, тірек тораптарының, қозғалтқыштың, шассидің сызбалары (эскиздері);
4) отын және тежегіш жүйелерінің, электр жабдығының, басқару жүйесінің схемалары;
5) үлгінің фотосуреттері (алдынан, жанынан, артынан) жоғарыдан;
6) әуе кемесінің үлгісін зауыттық, мемлекеттік және пайдалануда сынау нәтижелері;
7) схемалар, жүйелер, негiзгi сипаттамалар, пайдаланудың межеленген шарттары мен диапозонында үлгi сертификатталатын шектеулер қысқаша баяндалған техникалық құжаттаманы, сондай-ақ ұшуға жарамдылық нормаларының осы үлгiге қолданылатын тарауларының, бөлiмдерi мен тармақтарының, оның ұшуға жарамдылығына қатысты арнайы техникалық шарттардың және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптардың тiзбесi
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
1) көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттардың мемлекеттік қызметті алу үшін және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалармен және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық нормаларымен айқындалған талаптарға сәйкес келмеуі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12038 болып тіркелген);
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайларда
|
10
|
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
|
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
Министрлік – www. miid. gov. kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі, "Азаматтық авиация комитеті" бөлімі.
Қызмет алушы:
мемлекеттік қызметті электрондық түрде портал арқылы ЭЦҚ-сы болған жағдайда ала алады;
мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi және мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан порталдың "жеке кабинетi" арқылы, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкiндiгi бар.
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777
|
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2021 жылғы "__"________ № _____ кейбір бұйрықтарының тізбесіне 6-қосымша |
|
Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларына 2-қосымша |
"Ұшуларды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушы)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
---|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ
|
2
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері
|
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы порталы
|
3
|
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
|
ұшуды орындау құқығына куәлік (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы) (бұдан әрі - куәлік) беру - 60 (алпыс) жұмыс күні;
ұшуды орындау құқығына куәліктің телнұсқасын (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы ) (бұдан әрі - куәліктің телнұсқасы) беру - 2 (екі) жұмыс күні
|
4
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
|
Электрондық (толық автоматтандырылған)
|
5
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуды орындау құқығына куәлік (куәліктің телнұсқасы) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы:
электрондық.
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Тегін
|
7
|
Жұмыс кестесі
|
1) порталдың - тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін
|
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі
|
Ұшуды орындау құқығы куәлігін алу үшін (жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушысы):
1) мынадай құжаттарды қоса бере отырып осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім:
2) 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасына сәйкес ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың электрондық көшермесі;
3) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасына сәйкес техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығы немесе техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымға арналған шарттың электрондық көшермесі;
4) ұшуды қамтамасыз етуге арналған шарттардың электрондық көшірмесі;
5) пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасының электрондық көшермесі;
6) пайдалану ерекшеліктерінің жобасының электрондық көшермесі;
7) әуе кемесін экипажсыз жалға алу шарттарының (келісімшарттың) электрондық көшермесі (жалға алынған әуе кемесі болған жағдайда).
Құжаттарды жеке тұлға портал арқылы берген кезде жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық түрде қоса бере отырып, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім ұсынылады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, ұшуды орындау құқығына куәлік (куәліктің телнұсқасы) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі (қажет болған жағдайда) арқылы алады.
Куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге еркін нысандағы өтінімді, қажетті негіздемені және бұрын берілген куәлікті қоса береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі
|
9
|
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері
|
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылуы
|
10
|
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысан арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
|
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
Министрліктің - www. miid. gov. kz интернет-ресурстарда, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген бөлімінде орналастырылған;
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414 және 8 800 080 7777 не Министрліктің мынадай телефондары бойынша 8 (7172) 75-48-41
|
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2021 жылдғы "__"________ № _____ кейбір бұйрықтарының тізбесіне 7-қосымша |
|
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларына 1-қосымша |
"Пайдаланушы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
---|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ
|
2
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)
|
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы
|
3
|
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
|
құжаттар топтамасы бар өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
пайдаланушы сертификатын (бұдан әрі - сертификат) беру - 64 (алпыс төрт) жұмыс күні;
пайдаланушы сертификатының телнұсқасын (бұдан әрі - сертификат телнұсқасы) беру - 2 (екі) жұмыс күні.
|
4
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
|
Электрондық (толық автоматтандырылған)
|
5
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
Сертификатты (сертификат телнұсқасын) беру немесе Қағидаларының 25-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе ол уәкілетті берген лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі
|
6.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген
|
Мемлекеттік қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
Пайдаланушыны сертификаттау үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабының 7-тармағының 1) тармақшасымен айқындалатын тәртіпте және мөлшерде алым алынады куәландырылады.
Пайдаланушыны сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері штат санына байланысты мыналарды құрайды:
50 адамды қоса алғанға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 1144 айлық есептік көрсеткіш;
51 адамнан 200 адамды қоса алғанға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 1232 айлық есептік көрсеткіш;
201 адамнан 400 адамды қоса алғанға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 1272 айлық есептік көрсеткіш;
401 адамнан 600 адамды қоса алғанға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 1319 айлық есептік көрсеткіш;
601 адамнан 1200 адамды қоса алғанға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 1363 айлық есептік көрсеткіш;
1201 адамнан 2000 адамды қоса алғанға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 1407 айлық есептік көрсеткіш;
2001 адамнан астам - алым төленетін күні қолданыстағы 1458 айлық есептік көрсеткіш.
Алым төлемі екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу жіберілген жағдайда, төлемді "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады
|
7.
|
Жұмыс кестесі
|
1) көрсетілетін қызметті берушінің – 2015 жылдың 23 қарашасындағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес (бұдан әрі - Заңнама) демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
2) порталдың - тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізу мен байланыстағы техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Көрсетiлетiн қызметтi көрсетішінің шарттары:
1) интернет-ресурста
2) www. egov. kz порталында орналастырылған
|
8.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі
|
Сертификат алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімді мыналарды қоса бере отырып ұсынады:
1) электрондық көшірмелері:
ЭҮТШ арқылы осындай төлем жағдайын қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсету үшін төлем жүргізілгенін растайтын құжат;
пайдаланушының бірінші басшысы қол қойған, қызметтің сертификаттау талаптарына, Пайдаланушы нұсқауларының ережелеріне сәйкестігі туралы декларация және осы сәйкестікті тұрақты түрде қолдап тұру міндеттемесі;
көрсетілетін қызметті алушының жарғысы және құрылтай шарты;
ұйымдастырушылық құрылымы, басқару құрылымы мен лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі көрсетілген жауапты тұлғалар;
мынадай басшылардың және/немесе жауапты тұлғалардың тағайындалғанын растайтын құжаттар:
ұшу қауіпсіздігі жөніндегі қызмет;
ұшу қызметі;
ұшуға жарамдылықты қолдау жөніндегі қызмет;
жер үсті қамтамасыз ету жөніндегі;
персоналды даярлау жөніндегі;
авиациялық қауіпсіздік жөніндегі;
бортсеріктер қызметі (бар болса);
сапаны бақылау жөніндегі;
Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының оның қызметкерлері алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистері;
әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы;
сыртқы ұйымдармен жасалған ұшуға жарамдылықты қолдау шарттары;
бекіту мен келісудің титул парақтары:
ұшуларды жүргізу жөніндегі нұсқау;
сертификатталған ең ауыр ұшып көтерілу салмағы бес мың жеті жүз килограммнан асатын әуе кемелерін пайдаланатын пайдаланушылар үшін ұшу қауіпсіздігін басқару бойынша нұсқау;
техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушының нұсқауы;
әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламент);
пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы;
2) көрсетілетін кызметті алушының электронды түрдегі ақпараты, ол мынаны қамтиды:
көрсетілетін қызметті алушының негізгі деректері мен құрылтайшысы;
жоспарланатын коммерциялық әуе тасымалының / жұмыстардың түрлері;
ұшу жұмысын ұйымдастыру;
ұшуға жарамдылықты қолдау жүйесі;
ұшуды қамтамасыз ету;
ұшу персоналы мен техникалық персоналдың даярлығы;
техникалық қызмет көрсету объектілерінің даярлығы;
әуе кемелерінің даярлығы;
авариялық эвакуацияны демонстрациялау және демонстрациялық ұшуды өткізу жоспары;
типі, моделі, сериясы, ұлттық және тіркеу белгілері көрсетілген әуе кемелерінің тізімі;
авиациялық персонал;
ұшуды жер үстінде қамтамасыз ету;
жұмыс түрлері көрсетілген сыртқы ұйымдармен жасалған техникалық қызмет көрсету шарттарының тізбесі;
пайдаланушы сертификатың телнұсқасын алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының қажетті негіздемені және бұрын берілген пайдаланушы сертификатының электрондық көшірмесін қоса берген еркін нысандағы өтінімі.
Ескерту:
Ұшу жөніндегі нұсқаулық;
ең жоғары сертификатталған ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмнан асатын әуе кемелерін пайдаланатын операторларға арналған қауіпсіздікті басқару жөніндегі нұсқаулық, операторға техникалық қызмет көрсетуді басқару жөніндегі нұсқаулық, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламалары (ережелер) және оператордың авиациялық қауіпсіздік бағдарламалары
Оператор электронды форматта Қазақстан авиация әкімшілігінің frontoffice@ caakz. com веб-сайтына жібереді
|
9
|
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері
|
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 7-тармағымен көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы болып табылады
|
10
|
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
|
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналасқан:
1) Министрліктің - www. miid. gov. kz, www. mid.gоv. kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның: www. gov4c. kz орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414 және 8 800 080 7777 не Министрліктің мынадай телефондары бойынша 8 (7172) 75-48-41, 75-45-89
|
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2021 жылғы "__"________ № _____кейбір бұйрықтарының тізбесіне 8-қосымша |
|
Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуларға техникалық қолдауды қамтамасыз етуші инженерлік- техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесі куәлігін беру қағидаларына 1-қосымша |
"Экипаж мүшесінің куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты
|
---|
1.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы
|
2.
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері
|
Мемлекеттік корпорация, "электрондық үкіметтің" веб-порталы
|
3.
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі
|
7 (жеті) жұмыс күн
|
4.
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны
|
Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде
|
5.
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесі
|
Экипаж мүшесінің куәлігі (бұдан әрі – ЭМК) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-бағанында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі Мемлекеттік корпорация арқылы беріледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нысаны: Электронды / қағаз түрінде
|
6
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері
|
Тегін
|
7
|
Жұмыс кестесі
|
1) көрсетілетін қызметті беруші – дүйсінбіден жұмаға дейін қоса алғанда, сағат 9.00-дан 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі және жексенбі) күндері және мереке күндерінен басқа күндері.
2) мемлекеттік корпорация – дүйсенбіден сенбіге дейін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-дан 20.00-ге дейін жұмыс кестесіне сәйкес;
3) портал – тәулік бойы (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру электрондық (толық автоматтандырылған нысанда) көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, келесі жұмыс күні жүзеге асырылады
|
8
|
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
|
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хат-өтінім;
2) лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;
3) ЭМК алушының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған кезде), лауазымын көрсете отырып, жеке қолы үлгісінің, мөлшері 9x2 түрлі-түсті (күңгірт) фотоның (jpg графикалық форматта бас киімсіз және нысанды киімде) көшірмесі;
4) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
5) мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда, авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің көшірмесі (ұшу құрамының адамдарына, ұшуды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға);
6) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органының келісу хатының көшірмесі;
7) жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің (ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға) туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.
Авиация персоналының шетелдік сертификаттарын ұсынған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның осы куәліктерді растаудың көшірмесін қоса беру қажет.
Ұшуда әуе кемесінің авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персонал үшін ИКАО оқу орталығында алынған авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы сертификаттың көшірмесі.
Порталға:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хат-өтінім;
2) лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың электрондық көшірмесі;
3) ЭМК алушының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған кезде), лауазымын көрсете отырып, жеке қолы үлгісінің, мөлшері 9x2 түрлі-түсті (күңгірт) фотоның (jpg графикалық форматта бас киімсіз және нысанды киімде) электрондық көшірмесі;
4) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
5) мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда, авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің электрондық көшірмесі (ұшу құрамының адамдарына, ұшуды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға);
6) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органының келісу хатының электрондық көшірмесі;
7) жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің (ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға) туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.
Авиация персоналының шетелдік сертификаттарын ұсынған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның осы куәліктерді растаудың электрондық көшірмесін қоса беру қажет.
Ұшуда әуе кемесінің авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персонал үшін ИКАО оқу орталығында алынған авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы сертификаттың электрондық көшірмесі
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер
|
1) авиакомпанияның ЭМК алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) ЭМК алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) Заңының 108-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органның ЭМК алу үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады
|
10
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету, соның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескерумен өзге талаптар
|
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігіне ие.
Көрсетілетін қызметті алушы порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың бірыңғай байланыс орталығы арқылы: 1414, 8 800 080 7777 алуға болады
|
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2021 жылғы "__"________ № _____ кейбір бұйрықтарының тізбесіне 9-қосымша |
|
Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларына 7-1-қосымша |
"Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік қызметінің стандарты
|
---|
1
|
Қызмет көрсетушінің атауы
|
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы
|
2
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
|
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы
|
3
|
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
|
15 (он бес) жұмыс күні.
Ұсынылған құжаттарды қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда қарау мерзімі 10 (он) жұмыс күніне дейін ұзартылады.
Алдыңғы қағаз нысанда берілген аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын электрондық форматқа ауыстыру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды
|
4
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
|
Электрондық (толық автоматтандырылған)
|
5
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі
|
Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру, алдыңғы қағаз нысанда берілген аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын электрондық форматқа ауыстыру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі
|
7
|
Жұмыс кестесі
|
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
|
8
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
|
Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін:
1) өтініш
2) аса жеңіл авиация әуе кемесі куәлігінің немесе үлгі сертификатының электрондық көшірмесі;
бұрын қағаз нысанда берілген аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын электрондық форматқа ауыстыру үшін:
сертификаттың бүлінуі мен жоғалуы (ұрлануы) фактісі сипатталған еркін нысандағы өтініш
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер
|
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына, Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар
|
10
|
Мемлекеттік қызметтерді көрсету, оның ішінде электронды нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар
|
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
Министрлік – www. miid. gov. kz "Азаматтық авиация комитеті" бөлімі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі";
Өтініш берушінің мыналарды алуға мүмкіндігі бар:
ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету;
порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777
|
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2021 жылғы "__"________ № _____ кейбір бұйрықтарының тізбесіне 10-қосымша |
|
Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларына 9-1-қосымша |
"Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі куәлгін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
---|
1
|
Қызмет көрсетушінің атауы
|
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы
|
2
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
|
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы
|
3
|
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
|
15 (он бес) жұмыс күні.
Ұсынылған құжаттарды қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда қарау мерзімі 10 (он) жұмыс күніне дейін ұзартылады
|
4
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
|
Электрондық (толық автоматтандырылған)
|
5
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі
|
Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері
|
Заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
Алым төлемі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерлерде жүзеге асырылады.
Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін куәландыру үшін алым мөлшерлемелері:
1) ұшақ үшін–алым төленетін күні қолданыстағы 10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);
2) тікұшақ үшін–алым төленетін күні қолданыстағы 20 АЕК;
3) басқа ұшу аппараттары үшін–алым төленетін күні қолданыстағы 5 АЕК.
Алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол емес нысанда, сондай-ақ "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады
|
7
|
Жұмыс кестесі
|
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
|
8
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі
|
1) Азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттауға өтінім;
2) азаматтық әуе кемесі данасының сертификатын беру үшін алым төленгенін растайтын электрондық мәліметтер;
3) әуе кемесі данасының пайдалану құжаттамасының электрондық көшірмесі;
4) әуе кемесі данасының қысқаша техникалық сипаттамасын, жүйелердің принциптік схемаларын, негізгі сипаттамаларын, сондай-ақ диапазонында әуе кемесінің данасы сертификатталатын пайдаланудың күтілетін шарттары мен шектеулерін қамтуға тиіс ерекшелігінің электрондық көшірмесі;
5) үш проекциялы әуе кемесі түрлерінің электрондық көшірмесі немесе әр түрлі ракурстардағы цифрлық фотосуреттер: алдыңғы, бүйір, артқы жағынан;
6) әуе кемесін немесе құрастыру жиынтығын, қозғалтқышты, винтті, агрегаттарды және жинақтаушы бұйымдарды сатып алудың заңдылығын растайтын бастапқы төлем құжаттарының электрондық көшірмелері.
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер
|
1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына, Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар
|
10
|
Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, Электронды нысан мен Мемлекеттік корпорация арқылы қоса алғанда басқа да талаптар
|
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
Министрлік – www. miid. gov. kz "Азаматтық авиация комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі";
Көрсетілетін қызметті алушының алуға мүмкіндігі бар:
ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету;
порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777
|