"Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1023 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 279 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 18 мамырда № 20648 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1023 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12804 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-33) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі - осы Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының және 1992 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасының талаптарына сәйкес әзірленді.";

      2-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидалар сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмнан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивті қозғалтқыш пен жарақтандырылған ұшақтарды, сертификатталған ең жоғары ұшу массасы үш мың бір жүз сексен килограмнан асатын тікұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларға (бұдан әрі - пайдаланушы) ұшуға рұқсат беру тәртібін және "Ұшуды орындау құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру тәртібі және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сипаттау.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. "Ұшуды орындау құқығына куәлік беру (Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация), www.egov.kz, www.elicense.kz, "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы ұшуды орындаудың жоспарланған күніне дейін 60 (алпыс) жұмыс күні бұрын: "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларына ұшуды орындау құқығына куәлікті алуға арналған өтінімді (бұдан әрі - өтінім) және осы Қағидаларға 2-қосымшада 8-тармақта көзделген жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларына ұшуды орындау құқығына куәлікті алуға арналған өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды жібереді.

      Қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріп отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Ұшуды орындау құқығына куәлік беру (Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) нысанында жазылған.

      Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды беруі электрондық немесе қағаз түрінде жүзеге асырылуы мүмкін. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті құжаттарды қабылдау күні мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген қолхат береді. Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды электрондық түрде портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут.

      Көрсетілетін қызметті алушы Стандартта көзделген құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті және құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Құжаттар топтамасымен өтінім келіп түскен күні көрсетілетін қызметті беруші тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушыны тағайындайды. Жауапты орындаушы өтінім берілген сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығы, анықтығы және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі мәніне қарайды. Жауапты орындаушы жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде:

      1) Стандартта көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінімді одан әрі қарау туралы еркін нысанда бас тарту туралы дәлелді жауапты (бұдан әрі - бас тарту) жібереді;

      2) көрсетілетін қызметті алушы қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қабылдаудан бас тартады;

      3) Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды қараудан бас тарту үшін негіздер болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды жолдайды;

      4) құжаттар сәйкес келген жағдайда - көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығымен зерттеп-қарау жүргізу туралы шешім қабылданады және сертификаттық тексеру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылады. Шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны зерттеп-қарау жүргізілгені туралы хабардар етеді.

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу ) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Зерттеп-қарау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төрт жұмыс күні ішінде Пайдаланушыны зерттеп-қарау актісі (бұдан әрі - Акт) өтініш беруші объектілерінің нақты жай-күйін, қорытындыларды, ұсынымдарды және пайдаланушыны ұшуға жіберу не жібермеу туралы қорытындыны көрсете отырып, екі данада жасалады. Зерттеп-қарау актісіне комиссия мүшелері қол қояды, ол жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуды орындау құқығына куәлік беру үшін негіз болып табылады және өтінім берушіге танысу үшін ұсынылады.";

      15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15.Актіні алғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшуды орындау құқығына куәлік беруді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсеткен кезде мемлекеттік корпорацияда жүзеге асырылады.

      16. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.";

      Мынадай келесі мазмұндағы 21,22 және 23-тармақтармен толықтырылсын:

      "21. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      22. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      23. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.".

      2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 12 мамыры № 279
бұйрығына қосымша
  Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға
рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша

"Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыға ұшуды орындау құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қағамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) www.​egov.​kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

ұшуды орындау құқығына куәлік (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы ) (бұдан әрі - куәлік) беру - 60 (алпыс) жұмыс күні;
ұшуды орындау құқығына куәліктің телнұсқасын (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы ) (бұдан әрі - куәліктің телнұсқасы) беру - 2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуды орындау құқығына куәлік (куәліктің телнұсқасы) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы.

6

 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

тегін

7

Жұмыс кестесі

1) Мемлекеттік корпорацияның - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін.
2) порталдың - тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады);
3) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) мынадай құжаттарды қоса бере отырып осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім:
2) 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасына сәйкес ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулық;
3) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасына сәйкес техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығы немесе техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымға арналған шарт;
4) ұшуды қамтамасыз етуге арналған шарттардың көшірмелері;
5) пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы;
6) пайдалану ерекшеліктерінің жобасы;
7) әуе кемесін экипажсыз жалға алу шарттарының (келісімшарттың) көшірмесі (жалға алынған әуе кемесі болған жағдайда).
Құжаттарды портал арқылы берген кезде жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық түрде қоса бере отырып, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім ұсынылады.
Жеке тұлға жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімді,мынадай құжаттарды қоса бере отырып:
әуе кемесінің, ұшу аппаратының және қосалқы құрылғының осы үлгісін басқаруға рұқсаты бар пилоттың қолданыстағы куәлігінің көшірмесі;
азаматтық әуе кемесін, ұшу аппаратын, қосалқы құрылғыны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және азаматтық әуе кемесінің қолданыстағы ұшуға жарамдылығы сертификатының көшірмесі;
Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы Заңдарының талаптарына сәйкес сақтандыруды қамтамасыз етуге арналған құжаттың көшірмесі;
өзінің әуе кемелерінің бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшуы кезінде ұшуды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету бойынша жасалған шарттардың көшірмесі;
ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулық;
техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығы немесе техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымға арналған шарт;
Жоғарыда көрсетілген құжаттардың барлық көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының қолымен расталады.
Жеке тұлғаның құжаттарын портал арқылы берген кезде жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық түрде қоса бере отырып, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім ұсынылады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, ұшуды орындау құқығына куәлік (куәліктің телнұсқасы) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі (қажет болған жағдайда) арқылы алады.
Куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге еркін нысандағы өтінімді, қажетті негіздемені және бұрын берілген куәлікті қоса береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
Мемлекеттік корпорацияда - қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алудың жоспарланған күні көрсетілген тіркеу туралы белгі болып табылады;
портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің - www.​miid.​gov.​kz, www.​mid.gоv.​kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның: www.​gov4c.​kz интернет-ресурстарда орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414 және 8 800 080 7777 не Министрліктің мынадай телефондары бойынша 8 (7172) 75-48-41, 75-45-89.