Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 735 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12752 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидалар және рұқсат беру талаптары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі                  Е. Досаев

      «Келісілген»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ________________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы 10 желтоқсан

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 қарашадағы 
№ 735 бұйрығымен бекітілген

Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник
жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес
аттестаттау орталықтарын аккредиттеу қағидалары мен рұқсат беру
талаптары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу қағидалары мен рұқсат беру талаптары (бұдан әрі - Қағидалар мен рұқсат беру талаптары) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
      2. Қағидалар жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау бойынша аттестаттау орталықтарын аккредиттеу рәсімін регламенттейді.
      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі уәкілетті органның жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау бойынша аттестаттау орталықтарының құзыретін ресми мойындау рәсімі;
      2) аккредиттеу туралы куәлік - осы Қағидалар иен рұқсат беру талаптарына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген аттестаттау орталығының мәртебесін куәландыратын белгіленген үлгідегі куәлік;
      3) аттестаттау орталығы - белгіленген тәртіппен уәкілетті органда аккредиттеу рәсімінен өткен заңды тұлға;
      4) инженерлік-техникалық жұмыскер - орташа кәсіби немесе жоғары білімі бар, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өндірістік процесті ұйымдастыруды және оған басшылық жасауды жүзеге асыратын жеке тұлға;
      5) өтініш беруші - аттестаттау орталығы ретінде аккредиттеуге үміткер мемлекеттік емес заңды тұлға;
      6) уәкілетті орган - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның ведомствосы.

2. Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник
жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аттестаттау орталықтарын
аккредиттеу қағидалары

      4. Аккредиттеуден өту үшін өтініш берушілер уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
      1) осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;
      3) осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 3-қосымшаға сәйкес рұқсат беру талаптарына сай мәліметтер мен құжаттарды жібереді.
      5. Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау бойынша аттестаттау орталықтарына қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес мәліметтер нысаны осы Қағидаларға 4-қосымшада айқындалған.
      6. Осы Қағидалардың және рұқсат беру талаптарының 4-тармағында көзделген құжаттар мен материалдарға өтініш берушінің бірінші басшысы қол қояды.
      7. Аккредиттеу үшін құжаттардың толық емес жинағы ұсынылған жағдайда уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде өтінішті қараудан бас тартады.
      8. Куәлікті беру мерзімі өтініш берушіден құжаттардың толық жинағы қабылданған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.
      9. Уәкілетті орган көрсетілген мерзімде бір мезгілде өтініш берушілерге аккредиттеу туралы тиісті куәлікті бере отырып, аккредиттеу не рұқсат беру талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, аккредиттеуден дәлелді бас тарту туралы өзінің шешімі туралы жазбаша хабарлайды.
      10. Аккредиттеуден өткен аттестаттау орталықтары осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаның деректемелері, аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі туралы, штатында мамандардың болуы туралы ақпарат жиынтығы, сондай-ақ осы заңды тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілік шаралары туралы мәліметтер қамтылған Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аккредиттелген мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарының тізіліміне енгізіледі.
      11. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру, қайта жаңарту, одан айыру (қайтарып алу) «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.
      12. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуы тоқтатылған немесе расталмаған аттестаттау орталықтарының қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.

Жобалау және құрылыс салу 
процесіне қатысушы    
инженер-техник жұмыскерлерді
аттестаттау жөніндегі  
мемлекеттік емес аттестаттау
орталықтарын аккредиттеу 
қағидалары мен рұқсат беру
талаптарына       
1-қосымша        

Нысан

АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
N 00000

      Осы аккредиттеу туралы куәлік__________________________________
_____________________________________________________________________
                      (заңды тұлғаның атауы)
____________________________________________________________ берілді,
                        (заңды мекенжай)

жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник
жұмыскерлерді аттестаттауды жүзеге асыру құқығына

                         АККРЕДИТТЕЛДІ

және уәкілетті органның тізіліміне енгізілді.

Куәліктің қолданылу мерзімі _______________________________________________________________ дейін

Уәкілетті органның басшысы __________________________________________
                                 (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

__________ қаласы                              20__ж.«__» ___________

Жобалау және құрылыс салу 
процесіне қатысушы    
инженер-техник жұмыскерлерді
аттестаттау жөніндегі  
мемлекеттік емес аттестаттау
орталықтарын аккредиттеу 
қағидалары мен рұқсат беру
талаптарына       
2-қосымша        

Нысан

                             ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
                 (уәкілетті органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
            (заңды тұлғаның толық атауы, БСН деректемелері)

жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник
жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аттестаттау орталығы ретінде
аккредиттеуді сұраймын.
      Мекенжайы______________________________________________________
        (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон, факс,
                                е-mail)
      Банк шоты______________________________________________________
         (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан орны) Филиалдар
              (өкілеттіліктер, объектілер, пункттер, учаскелер)
_____________________________________________________________________
                    (орналасқан орны және деректемелері)

      Ұсынылатын құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Қосымша: парақ.
      Мыналар расталды:
      барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып
табылады және оларға аккредиттеу туралы куәлік беру немесе оны
беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі
мүмкін;
      өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сот тыйым
салмаған;
      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні
және жарамды болып табылатындығы расталады;
      өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлік берген кезде ақпараттық
жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын қол жетімділігі
шектеулі жеке деректерді пайдалануға келісімін береді;
      өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы (халыққа қызмет
көрсету орталығына өтініш берілген жағдайда) қызметкерінің қолымен
өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыруға келісімін
береді.

      Өтінішті_______________________________________________________
                      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

МО                           Толтырылған күні 20__ж. «__» ___________
(болған жағдайда)

Жобалау және құрылыс салу 
процесіне қатысушы    
инженер-техник жұмыскерлерді
аттестаттау жөніндегі  
мемлекеттік емес аттестаттау
орталықтарын аккредиттеу 
қағидалары мен рұқсат беру
талаптарына       
3-қосымша        

Нысан

Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник
жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аттестаттау орталықтарын
аккредиттеуге қойылатын рұқсат беру талаптары

Р/с

Рұқсат беру талаптары

Рұқсат беру талаптарына сәйкестікті куәландыратын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4


біліктілікті арттыруға жауапты оқытушылық құрамының болуы

осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны, дипломдардың көшірмелері, жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері, өтініш берушімен еңбек қатынасында екенін растайтын құжаттардың көшірмелері



аттестаттау жүргізуге жауапты техникалық құрамының болуы

осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны, өтініш берушімен еңбек қатынасында екенін растайтын құжаттардың көшірмелері



оқыту және аттестатау жүргізу үшін меншік құқығында немесе заңды негізде, санитарлық талаптарды қанағаттандыратын, алаңы кемінде 100 (жүз) шаршы метр әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы, бұл ретте тестілеу және оқыту өткізуге арналған үй-жайлар кемінде 45 (қырық бес) шаршы метр болу қажет.
Бұл ретте тестілеу және оқыту өткізуге арналған үй-жайлар біріктірілуі мүмкін

осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны. Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар болған кезе: жылжымайтын мүлік объектісін тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, техникалық паспорттың көшірмесі. Өзге де заңды негіздер кезінде: жалдау шартың көшірмесі, жалға берушінің жылжымайтын мүлік объектісін тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі, техникалық паспорттың көшірмесі



оқыту және аттестатау жүргізу үшін санитарлық талаптарды қанағаттандыратын материалдық-техникалық жарақтандырудың, оның ішінде кемінде 10 (он) орынның болуы

осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны



инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау үшін бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы

осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны



нормативтік-техникалық және әдіснамалық әдебиеттердің болуы

осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны



оқыту және аттестация өткізу үшін уәкілетті орган бекіткен тест сұрақтарының, бекітілген ішкі қағидалар мен регламенттердің болуы

осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


Жобалау және құрылыс салу 
процесіне қатысушы    
инженер-техник жұмыскерлерді
аттестаттау жөніндегі  
мемлекеттік емес аттестаттау
орталықтарын аккредиттеу 
қағидалары мен рұқсат беру
талаптарына       
4-қосымша        

Нысан

                         Мәліметтер нысаны

       Оқытушы және техникалық құрамның болуы туралы мәліметтер

      1) Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағадайда) _________________
      2) Лауазымы ___________________________________________________
      3) Осы ұйымда ___________________________________ жұмыс істейді
            (тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтінін көрсету)
      4) Жұмыс өтілі ________________________________________________
           (мамандығы бойынша және атқарып отырған жұмысындағы өтілін
                                      көрсету)
      5) Оқу орнының атауы __________________________________________
      6) Бітірген жылы ______________________________________________
      7) Дипломы бойынша біліктілігі ________________________________
      8) Дипломы бойынша мамандануы _________________________________

             Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы мәліметтер

      9) Мекенжайы __________________________________________________
_____________________________________________________________________
      10) Үй-жайдың сипаттамасы, алаңы ______________________________
      11) Жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы куәліктің нөмірі ________
_____________________________________________________________________
      12) Жалға алу туралы шарттың нөмірі ___________________________

       Материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы мәліметтер

      13) Атауы _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
      14) Өлшем бірлігі _____________________________________________
      15) Саны ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
      16) Пайдалану мерзімі _________________________________________
      17) Сипаттамасы (маркасы, қуаты), сапалық құрамы ______________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

          Бағдарламалық қамтамасыз ету туралы мәліметтер

      18) Атауы: ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
      19) Өлшем бірлігі _____________________________________________
      20) Саны ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
      21) Пайдалану мерзімі _________________________________________
_____________________________________________________________________

Нормативтік-техникалық және әдіснамалық әдебиеттер туралы
мәліметтер

      22) Атауы: ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
      23) Өлшем бірлігі _____________________________________________
      24) Саны ______________________________________________________
_____________________________________________________________________

Оқыту және аттестация өткізу үшін уәкілетті орган бекіткен тест
сұрақтары, бекітілген ішкі қағидалар мен регламенттер туралы
мәліметтер

      25) Атауы: ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
      26) Өлшем бірлігі _____________________________________________
      27) Саны ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
      28) Ескертпе __________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Жобалау және құрылыс салу 
процесіне қатысушы    
инженер-техник жұмыскерлерді
аттестаттау жөніндегі  
мемлекеттік емес аттестаттау
орталықтарын аккредиттеу 
қағидалары мен рұқсат беру
талаптарына       
5-қосымша        

Нысан

Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы
инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі
аккредиттелген мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарының
тізілімі

Р/с

Аттестаттау орталығының атауы

Аккредиттеу туралы куәлік берілген күні мен нөмірі

Аттестаттау орталығының штатында тұратын қызметкер туралы мәлімет

Қабылданған жауапкершілік шаралары туралы мәлімет