Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 735 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12752 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.07.2019 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидалар және рұқсат беру талаптары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев

      "Келісілген"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ________________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 10 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 қарашадағы
№ 735 бұйрығымен бекітілген

Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді
аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу
қағидалары мен рұқсат беру талаптары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу қағидалары мен рұқсат беру талаптары (бұдан әрі - Қағидалар мен рұқсат беру талаптары) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау бойынша аттестаттау орталықтарын аккредиттеу рәсімін регламенттейді.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі уәкілетті органның жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау бойынша аттестаттау орталықтарының құзыретін ресми мойындау рәсімі;

      2) аккредиттеу туралы куәлік - осы Қағидалар иен рұқсат беру талаптарына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген аттестаттау орталығының мәртебесін куәландыратын белгіленген үлгідегі куәлік;

      3) аттестаттау орталығы - белгіленген тәртіппен уәкілетті органда аккредиттеу рәсімінен өткен заңды тұлға;

      4) инженерлік-техникалық жұмыскер - орташа кәсіби немесе жоғары білімі бар, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өндірістік процесті ұйымдастыруды және оған басшылық жасауды жүзеге асыратын жеке тұлға;

      5) өтініш беруші - аттестаттау орталығы ретінде аккредиттеуге үміткер мемлекеттік емес заңды тұлға;

      6) уәкілетті орган - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның ведомствосы.

2. Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді
аттестаттау жөніндегі аттестаттау орталықтарын аккредиттеу қағидалары

      4. Аккредиттеуден өту үшін өтініш берушілер мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларда 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;

      3) осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 3-қосымшаға сәйкес рұқсат беру талаптарына сай мәліметтер мен құжаттарды жібереді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 953 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау бойынша аттестаттау орталықтарына қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес мәліметтер нысаны осы Қағидаларға 4-қосымшада айқындалған.

      6. Осы Қағидалардың және рұқсат беру талаптарының 4-тармағында көзделген құжаттар мен материалдарға өтініш берушінің бірінші басшысы қол қояды.

      7. Аккредиттеу үшін құжаттардың толық емес жинағы ұсынылған жағдайда уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде өтінішті қараудан бас тартады.

      8. Куәлікті беру мерзімі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамынан құжаттардың толық жинағы қабылданған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 953 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Уәкілетті орган көрсетілген мерзімде аккредиттеу туралы тиісті куәлікті бір мезгілде бере отырып, аккредиттеу бойынша өзінің шешімі туралы не көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар, объектілер, деректер мен мәліметтер рұқсат беру талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, аккредиттеуден дәлелді бас тарту туралы жазбаша хабарлайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 953 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Аккредиттеуден өткен аттестаттау орталықтары осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаның деректемелері, аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі туралы, штатында мамандардың болуы туралы ақпарат жиынтығы, сондай-ақ осы заңды тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілік шаралары туралы мәліметтер қамтылған Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аккредиттелген мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарының тізіліміне енгізіледі.

      11. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру, қайта жаңарту, одан айыру (қайтарып алу) "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      12. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуы тоқтатылған немесе расталмаған аттестаттау орталықтарының қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.

  Жобалау және құрылыс салу
процесіне қатысушы
инженер-техник жұмыскерлерді
аттестаттау жөніндегі
мемлекеттік емес аттестаттау
орталықтарын аккредиттеу
қағидалары мен рұқсат беру
талаптарына 1-қосымша
  Нысан

АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
N 00000

      Осы аккредиттеу туралы куәлік__________________________________

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      ____________________________________________________________ берілді,

      (заңды мекенжай)

      жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник

      жұмыскерлерді аттестаттауды жүзеге асыру құқығына

АККРЕДИТТЕЛДІ

      және уәкілетті органның тізіліміне енгізілді.

      Куәліктің қолданылу мерзімі _______________________________________________________________ дейін

      Уәкілетті органның басшысы __________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

      __________ қаласы 20__ж."__" ___________

  Жобалау және құрылыс салу
процесіне қатысушы
инженер-техник жұмыскерлерді
аттестаттау жөніндегі
мемлекеттік емес аттестаттау
орталықтарын аккредиттеу
қағидалары мен рұқсат беру
талаптарына 2-қосымша
  Нысан

ӨТІНІШ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 953 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ________________________________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аттестаттау орталығы ретінде аккредиттеуді өтінемін.

      Мекенжай_________________________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон, факс, е-mail)

      Банк шоты ________________________________________________________________

      (шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан орны)

      Филиалдар (өкілдік, объекті, пункті, учаске) ____________________________________

      __________________________________________________________________________

      (орналасқан орны және деректемелері)

      Осымен:

      барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға куәлік беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілетіні;

      өтініш берушіге қызметтің аталған түрімен айналысуға сот тыйым салмағаны;

      барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;

      өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін бергендігі расталады.

      Басшы ___________ ________________________________________________________

      (қолы)                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" __________

  Жобалау және құрылыс салу
процесіне қатысушы
инженер-техник жұмыскерлерді
аттестаттау жөніндегі
мемлекеттік емес аттестаттау
орталықтарын аккредиттеу
қағидалары мен рұқсат беру
талаптарына
3-қосымша
  Нысан

Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник
жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аттестаттау орталықтарын
аккредиттеуге қойылатын рұқсат беру талаптары

Р/с

Рұқсат беру талаптары

Рұқсат беру талаптарына сәйкестікті куәландыратын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4


біліктілікті арттыруға жауапты оқытушылық құрамының болуы

осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны, дипломдардың көшірмелері, жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері, өтініш берушімен еңбек қатынасында екенін растайтын құжаттардың көшірмелері



аттестаттау жүргізуге жауапты техникалық құрамының болуы

осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны, өтініш берушімен еңбек қатынасында екенін растайтын құжаттардың көшірмелері



оқыту және аттестатау жүргізу үшін меншік құқығында немесе заңды негізде, санитарлық талаптарды қанағаттандыратын, алаңы кемінде 100 (жүз) шаршы метр әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы, бұл ретте тестілеу және оқыту өткізуге арналған үй-жайлар кемінде 45 (қырық бес) шаршы метр болу қажет.
Бұл ретте тестілеу және оқыту өткізуге арналған үй-жайлар біріктірілуі мүмкін

осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны. Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар болған кезе: жылжымайтын мүлік объектісін тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, техникалық паспорттың көшірмесі. Өзге де заңды негіздер кезінде: жалдау шартың көшірмесі, жалға берушінің жылжымайтын мүлік объектісін тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі, техникалық паспорттың көшірмесі



оқыту және аттестатау жүргізу үшін санитарлық талаптарды қанағаттандыратын материалдық-техникалық жарақтандырудың, оның ішінде кемінде 10 (он) орынның болуы

осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны



инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау үшін бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы

осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны



нормативтік-техникалық және әдіснамалық әдебиеттердің болуы

осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны



оқыту және аттестация өткізу үшін уәкілетті орган бекіткен тест сұрақтарының, бекітілген ішкі қағидалар мен регламенттердің болуы

осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


  Жобалау және құрылыс салу
процесіне қатысушы
инженер-техник жұмыскерлерді
аттестаттау жөніндегі
мемлекеттік емес аттестаттау
орталықтарын аккредиттеу
қағидалары мен рұқсат беру
талаптарына
4-қосымша

      Нысан

Мәліметтер нысаны

      Оқытушы және техникалық құрамның болуы туралы мәліметтер

      1) Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағадайда) _________________

      2) Лауазымы ___________________________________________________

      3) Осы ұйымда ___________________________________ жұмыс істейді

      (тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтінін көрсету)

      4) Жұмыс өтілі ________________________________________________

      (мамандығы бойынша және атқарып отырған жұмысындағы өтілін

      көрсету)

      5) Оқу орнының атауы __________________________________________

      6) Бітірген жылы ______________________________________________

      7) Дипломы бойынша біліктілігі ________________________________

      8) Дипломы бойынша мамандануы _________________________________

      Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы мәліметтер

      9) Мекенжайы __________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      10) Үй-жайдың сипаттамасы, алаңы ______________________________

      11) Жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы куәліктің нөмірі ________

      _____________________________________________________________________

      12) Жалға алу туралы шарттың нөмірі ___________________________

      Материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы мәліметтер

      13) Атауы _____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      14) Өлшем бірлігі _____________________________________________

      15) Саны ______________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      16) Пайдалану мерзімі _________________________________________

      17) Сипаттамасы (маркасы, қуаты), сапалық құрамы ______________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Бағдарламалық қамтамасыз ету туралы мәліметтер

      18) Атауы: ____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      19) Өлшем бірлігі _____________________________________________

      20) Саны ______________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      21) Пайдалану мерзімі _________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Нормативтік-техникалық және әдіснамалық әдебиеттер туралы

      мәліметтер

      22) Атауы: ____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      23) Өлшем бірлігі _____________________________________________

      24) Саны ______________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Оқыту және аттестация өткізу үшін уәкілетті орган бекіткен тест

      сұрақтары, бекітілген ішкі қағидалар мен регламенттер туралы

      мәліметтер

      25) Атауы: ____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      26) Өлшем бірлігі _____________________________________________

      27) Саны ______________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      28) Ескертпе __________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

  Жобалау және құрылыс салу
процесіне қатысушы
инженер-техник жұмыскерлерді
аттестаттау жөніндегі
мемлекеттік емес аттестаттау
орталықтарын аккредиттеу
қағидалары мен рұқсат беру
талаптарына
5-қосымша

      Нысан

Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы
инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі
аккредиттелген мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарының
тізілімі

Р/с

Аттестаттау орталығының атауы

Аккредиттеу туралы куәлік берілген күні мен нөмірі

Аттестаттау орталығының штатында тұратын қызметкер туралы мәлімет

Қабылданған жауапкершілік шаралары туралы мәлімет