Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 30 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 3 қазанда № 9778 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 2 маусымдағы № 234 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 02.06.2016 № 234 бұйрығымен.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 29-бабы 1 тармағының 6-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933, «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулыларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті туралы ереже бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (Қ.Қ.Айтмұхаметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Е. Досаев

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 30 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары мен коммуналдық шаруашылық саласында бақылау және іске асыру функцияларын, елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау саласында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер ресурстарын басқару, геодезиялық және картографиялық қызмет саласында бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет - ұйымдық-құқықтық нысаны мемлекеттік мекеме болып табылатын заңды тұлға, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары бар.
      4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Комитеттің құрылымы мен штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      7. Комитеттің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй.
      8. Комитеттің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті» Республикалық мемлекеттік мекемесі.
      9. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
      10. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      11. Комитетке Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      12. Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
      13. Комитет:
      1) Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан;
      2) Лицензиялау мен аттестаттауды мониторингілеу және бақылау басқармасынан;
      3) Жобалау жұмыстары басқармасынан;
      4) Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасынан;
      5) Техникалық реттеу және нормалау басқармасынан;
      6) Сәулет, қала құрылысы және қала құрылысы кадастры басқармасынан;
      7) Тұрғын үй құрылысы және жаңа құрылысқа инженерлік- коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасынан;
      8) Қаржы институттарымен жұмыс басқармасынан;
      9) Тұрғын үй қорын дамыту және тұрғын үй қатынастары басқармасынан;
      10) Сумен жабдықтау және су бұру басқармасынан;
      11) Коммуналдық шаруашылық басқармасынан;
      12) Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын және геодезиялық қызметті мемлекеттік бақылау басқармасынан;
      13) Мемлекеттік жер кадастры басқармасынан;
      14) Жерге орналастыру, жер қатынастары мен геодезияны дамыту басқармасынан;
      15) Геодезия және картография басқармасынан;
      16) Ішкі әкімшілендіру басқармасынан;
      17) Персоналды басқару қызметінен (кадр қызметі);
      18) Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасынан;
      19) Мемлекеттік сатып алу басқармасынан;
      20) Құқықтық қамтамасыз ету басқармасынан тұрады.
      Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы және персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Комитеттің төрағасына тікелей бағынады.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.01.2015 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Міндеті: Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау жүйесінде бірыңғай саясатты жүргізу және оны жетілдіру. Орталық және жергілікті атқарушы органдармен Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау.
      Функциялары:
      1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы, сондай-ақ тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында (қатты тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда), сондай-ақ елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және суды бұру, электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желісі объектілері), жылумен жабдықтау (ЖЭО мен белгіленген қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары қазандықтардан басқа), газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй-коммуналдық саласында ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
      3) стандарттар мен өзге де құжаттарды әзірлеу жөніндегі жоспарлар мен бағдарламаларды іске асыру және оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үндестіру;
      4) өз құзыреті шегінде жобалау, іздестіру, ғылыми-зерттеу, конструкторлық, қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру;
      5) өз құзыреті шегінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру және олардың іске асырылуын жүзеге асыру;
      6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй-коммуналдық саласында орындалған, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша есептерді бекіту;
      7) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
      8) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне, оның ішінде қала құрылысы тәртібі мен регламенттерінің, жобаларға сараптама жүргізу тәртібінің, сондай-ақ салынған объектілерді пайдалануға қабылдау қағидаларының сақталуы бөлігінде бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      9) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін өзге де қала құрылысы құжаттамаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;
      10) жергілікті атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары мен коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметін нормативтік-техникалық және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
      11) Қазақстан Республикасының аумағында салынып жатқан (реконструкцияланатын, кеңейтілетін, жаңғыртылатын, күрделі жөнделетін) объектілердің мониторингін жүргізу;
      12) жүргізіліп отырған саясатты жетілдірудің жолдарын ұсына отырып, қызметтің негізгі бағыттары бойынша ақпарат жинау және қорытындылау;
      13) мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттауды жүргізу;
      14) алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.01.2015 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
      15) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау жүйесінде бірыңғай саясат жүргізу және оны жетілдіру мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      16) өз құзыреті шегінде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
      16-1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға нұсқамалар беру және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
      17) алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.01.2015 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
      18) жеке тұлғалардың және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшылардың шағымдарын қарау;
      19) заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу;
      20) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
      21) алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.01.2015 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
      22) лицензиялар мен аттестаттар тізілімін жүргізу.
      22-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшылардың тізілімін жүргізу.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.01.2015 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 23.06.2015 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      15. Міндеті: Құрылыста жобалау мен баға белгілеу саласында республиканың барлық аумағында мемлекеттік саясатты іске асыру және жобалаудың сапасын арттыру мақсатында жобалық жұмыстар саласындағы негізгі бағыттарды айқындау.
      Функциялары:
      1) жобалау және сметалық баға белгілеу саласында жаңа құрылыс нормалары мен қағидаларын әзірлеу және қолданыстағыларын қайта қарау бойынша ұсыныстар әзірлеу, баға белгілеу және сметалар бойынша нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеуді, бекітуді және қолданысқа енгізуді ұйымдастыру;
      2) жобалау құжаттамасының сапасын қадағалауды ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыру;
      3) өз құзыреті шегінде жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қарау, келісу және бекітуге дайындау;
      4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетіндерді қоспағанда, мемлекеттік, өңіраралық немесе мемлекетаралық (халықаралық) маңызы бар объектілерді салуға (аумақтарда құрылыс салуға) қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қарау және бекіту;
      5) сметалық-нормативтік базаның ағымдағы жағдайының, құрылыс ресурстарына арналған ағымдағы бағалардың мониторингі және баға белгілеу шеңберінде ағымдағы бағалардың жинақтарын бекіту;
      6) құрылысқа енгізіліп жатқан жаңа технологияларды талдау арқылы қолданыстағы сметалық-нормативтік құжаттарды жаңарту;
      7) ТМД елдерінің құрылыс қызметінде ынтымақтастығы жөніндегі Үкіметаралық кеңесінің Құрылыс қызметіндегі баға белгілеу жөніндегі комиссиясының жұмысына қатысу;
      8) жобалардың мемлекеттік сараптамасына басшылықты жүзеге асыру;
      9) құрылыста жобалау және баға белгілеу мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдармен ынтымақтастық жасау;
      10) үлгі жобалау құжаттамасын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастыру;
      11) өз қызметі саласында ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру.
      16. Міндеті: Тұрғын үй құрылысын дамыту.
      Функциялары:
      1) тұрғын үй бағдарламаларын іске асыруға қатысу;
      2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
      3) тұрғын үй мәселелері бойынша мониторинг жүргізу, ақпарат жинау және оны қорытындылау;
      4) тұрғын үй құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жақсарту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу.
      17. Міндеті: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту. Өз құзыреті шегінде сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік реттеу саясатын іске асыру.
      Функциялары:
      1) салааралық үйлестіруді қалыптастыруға және жүргізуге қатысу, елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желісі объектілері), жылумен жабдықтау (ЖЭО мен белгіленген қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары қазандықтардан басқа) және газбен жабдықтау саласында жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мониторинг және талдау жүргізу;
      2) мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік даму бағдарламаларын әзірлеуге және келісуге қатысу;
      3) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне, су бұру жүйесіне сарқынды суларды қабылдауға, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалануға мониторинг жүргізу;
      4) елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желісі объектілері), жылумен жабдықтау (ЖЭО мен белгіленген қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары қазандықтардан басқа) және газбен жабдықтау саласында әдістемелік қамтамасыз ету;
      5) табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп, тарифтерді (бағаларды, алымдардың мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілетін табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту;
      6) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысу;
      7) ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғыларды реконструкциялау, салу мақсатында әзірленетін және бекітілетін сәулет-құрылыс және өзге жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
      8) терможаңғыртуды ескере отырып, үлгілік көп пәтерлі үйлердің жоба алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ету.
      18. Міндеті: Тұрғын үй қорын күтіп-ұстауды қамтамасыз ету, тұрғын үй қорының жай-күйін мониторингілеу.
      Функциялары:
      1) тұрғын үй қорын дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) тұрғын үй қорының жай-күйін мониторингілеуді жүзеге асыру;
      3) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпараттық материалдар дайындау;
      4) тұрғын үй қорын күтіп-ұстау мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін мониторингілеу және талдау, тұрғын үй қорының жай-күйін мониторингілеу;
      5) тұрғын үй қорын күтіп-ұстауды қамтамасыз ету бойынша бірыңғай саясат жүргізу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      6) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасын қолдану мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету;
      7) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
      19. Міндеті: Сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық саласында техникалық реттеу және нормалау бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру.
      Функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесін реформалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй-коммуналдық саласында нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу, бекіту және қолданысқа енгізу;
      3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары мен коммуналдық шаруашылық саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін нормативтік-техникалық және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
      4) реттелетін салада техникалық регламенттерді келісу;
      5) Құрылыстағы стандарттау, техникалық нормалау және сәйкестікті бағалау жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссияның (ҚМҒТК) қызметі шеңберінде мемлекетаралық нормативтік-техникалық құжаттар мен стандарттарды әзірлеуге қатысу;
      6) халықаралық тәжірибені зерделеу, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында техникалық реттеудің нормативтік құжаттарын жетілдіру бойынша талдау жүргізу және ұсыныстар енгізу;
      7) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұйымдардың стандарттарын келісу;
      8) объектілерді жобалауға арналған техникалық арнайы шарттарды қарау және келісу;
      9) құрылыс саласын техникалық реттеу мәселелері бойынша техникалық комитеттермен, жобалау және құрылыс ұйымдарымен, министрліктермен, ведомстволармен және басқа үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен қызметті ұйымдастыру;
      10) Комитет пен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың Ғылыми-техникалық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру;
      11) реттелетін салада нормативтік-техникалық пен әдістемелік құжаттарды басып шығару және тарату жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      12) техникалық регламенттердің, стандарттардың, құрылыс нормаларының және өзге де құжаттардың салалық қорын жүргізуді жүзеге асыру;
      13) ТМД елдерінің Құрылыс қызметіндегі ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық кеңесінің және Құрылыстағы стандарттау, техникалық нормалау және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссияның (ҚМҒТК) жұмысына қатысу;
      14) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында нормативтік-техникалық құжаттар әзірлеу;
      15) стандарттар мен өзге де құжаттарды әзірлеу жөніндегі жоспарлар мен бағдарламаларды іске асыру және оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үйлестіру.
      20. Міндеті: Жер ресурстарының ұтымды және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету.
      Функциялары:
      1) жер заңнамасын қолдану практикасын қорытындылау;
      2) жергілікті атқарушы және аумақтық органдармен жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасу;
      3) жерлерді мониторингілеу жүргізуді ұйымдастыру;
      4) облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жерлерінің баланстары деректерінің негізінде Қазақстан Республикасы жерлерінің балансын құру және мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру;
      5) алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.01.2015 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
      6) пайдаланылмайтын не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлерді анықтау және мемлекеттік меншікке қайтару мәселелері бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасасу;
      7) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 65-бабында көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар мен жеке және заңды тұлғалар арасында жасалған уақытша жер пайдалану туралы шарттарды бір жақты тәртіппен бұзу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
      8) суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыру жөніндегі материалдарды келісу;
      9) су қорғау аймақтарын, оларды шаруашылық пайдалану режимі мен алаптарын белгілеу жөніндегі жобалық құжаттаманы келісу;
      10) алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.01.2015 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
      11) жер ресурстарын, жер қойнауы мен минералдық ресурстарды, жер асты және жер үсті суларын, орман және өзге де өсімдік әлемінің ресурстарын, жануарлар дүниесінің ресурстарын пайдалану кезінде қойылатын экологиялық талаптарды келісу;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салық қызметі органдарына мемлекеттік жер кадастрындағы жер пайдаланушылар мен жер учаскелері бойынша мәліметтер беру;
      13) алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.01.2015 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
      14) стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік бағдарламаларды және реттелетін саладағы басқа да бағдарламаларды іске асыру;
      15) жер қатынастарын реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
      16) жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.01.2015 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 23.06.2015 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      21. Міндеті: Геодезия мен картография саласын дамыту шараларын іске асыру.
      Функциялары:
      1) геодезия және картография саласындағы заңнаманы қолдану практикасын жалпылау;
      2) геодезиялық пен картографиялық қызмет субъектілерінің қызметін үйлестіру;
      3) әкімшілік-аумақтық бірліктер арасындағы шекараның өзгерістерін, сондай-ақ жергілікті жердің өзгерістерін және географиялық объектілердің атауларын көрсете отырып, кезекші анықтамалық карта жүргізу;
      4) Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорды қалыптастыру және жүргізу;
      5) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мүдделерін ескере отырып, геодезиялық және картографиялық жұмыстардың, аэроғарыштық түсірілім деректері мен материалдарын дайындау, есепке алу, сақтау, көбейту және пайдалану тәртібін регламенттейтін нұсқаулықтарды, нормалар мен қағидаларды әзірлеу;
      6) мемлекеттік, арнаулы және (немесе) салалық мақсаттағы геодезиялық және картографиялық жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес геодезиялық өлшеу құралдарының бірлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
      8) геодезиялық және картографиялық жабдықтарға, аспаптар мен құралдарға метрологиялық бақылау және бақылау жүргізу;
      9) геодезиялық және картографиялық қызметтің басталуы туралы хабарлама берген субъектілердің тізілімін жүргізу;
      10) аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру;
      11) геодезиялық пункттерді бүзуға немесе қайта салуға (көшіруге) рұқсаттар беру;
      12) Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының материалдары мен деректерін қайтару мерзімін белгілеу;
      13) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жоспарланып отырған жұмыс учаскелеріндегі жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендігі туралы мәліметтер беру;
      14) Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесіндегі геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыру;
      15) геодезия мен картография саласындағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды іске асыру.
      22. Міндет: Жер қатынастары, сондай-ақ геодезия және картография саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
      Функциялары:
      1) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары қабылдаған шешімдерінің заңдылығын бақылау;
      2) жер заңнамасы, сондай-ақ геодезия және картография саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау;
      3) мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудің дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;
      4) өз құзыреті шегінде жерді пайдалану және қорғау, сондай-ақ геодезиялық және картографиялық қызмет бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      5) құзыреті шегінде жер заңнамасын, сондай-ақ геодезия және картография саласында анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру;
      6) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 137138 (екінші бөлігі), 341342343 баптарында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап-арыз дайындау және беру, әкімшілік жазалау туралы қаулылар шығару;
      7) алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.01.2015 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
      8) өз құзыреті шегінде геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің нормативтік құқықтық актілерді және геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге арналған техникалық талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асыру және олардың дұрыс қолданылуын бақылау;
      9) геодезиялық және картографиялық жұмыстарды ұйымдастыру мен орындау тәртібін анықталған бұзушылықтарды жою, сондай-ақ көрсетілген жұмыстарды немесе аэроғарыштық түсірілімдерді жүргізу нәтижесінде алынған геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректерді шоғырландыру, есепке алу, сақтау, пайдалану және іске асыру жөніндегі талаптарды енгізу;
      10) Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласындағы заңнамасының бұзылу фактілері анықталған жағдайда геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тоқтата тұру;
      11) геодезиялық пункттерді есепке алу және олардың сақталуын қамтамасыз етуді бақылау;
      12) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының және жергілікті жерлерде әкімшілік-аумақтық бірліктер шекараларының дұрыс көрсетілуін және олардың картографиялық материалдарда көрсетілуін бақылау;
      13) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығын бақылау;
      14) өз құзыреті шегінде Комитет мемлекеттік қызметтер көрсеткен кезде тұтынушылардың құқығының қорғалуын қамтамасыз ету;
      15) өз құзыретіне жататын жерді беру және алып қою, жерді бір санаттан екіншісіне ауыстыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.01.2015 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      23. Міндет: жер қатынастары, геодезия және картография саласында мемлекеттік қызметтер көрсету.
      Функциялары:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру;
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу мен сапасын бағалауға қатысу;
      3) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің автоматтандырылуын қамтамасыз ету;
      4) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процесін оңтайландыруды қамтамасыз етуге қатысу;
      5) мемлекеттік атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізуге қатысу;
      6) қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етуге қатысу;
      7) Жеке және заңды тұлғалар көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізіліміне мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу.
      Комитет Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      24. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Комитеттің құзыретіне кіретін өндірістік қызмет мәселелерін жедел шешуді қамтамасыз ету үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынас жасау;
      2) Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұрату және алу;
      3) өз қызметінің барлық мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
      25. Қазақстан Республикасы заңнамасының, жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын мүдделері мен құқықтарының сақталуы Комитеттің міндеті болып табылады, оның ішінде:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабарлар болуын қамтамасыз ету;
      3) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бойынша уәкілетті органға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға тиісті ақпарат беруге қатысу;
      4) заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін коммерциялық емес ұйымдарға тиісті ақпарат беруге қатысу;
      5) мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың арыздары мен өтініштерін қарау.
 

3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      26. Комитет заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажет өкілеттіктерге ие.
      27. Комитетті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын төраға басқарады.
      28. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Комитет төрағасының орынбасарлары болады.
      29. Төраға Комитет қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттерді орындау және өз функңияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады.
      30. Төраға Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.
      31. Комитеттің төрағасы осы мақсаттарда:
      1) өзінің орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
      2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
      3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, сондай-ақ Комитеттің қызметкерлері орындау үшін міндетті нұсқаулар береді;
      4) мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда Комитеттің өкілі болады;
      5) Комитеттің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларына жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауды, персоналды басқару қызметінің жұмысын және құжат айналымды ұйымдастыруды бақылайды;
      6) Комитеттің қызметін қамтамасыз ету және өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алу өткізуді ұйымдастырады;
      7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары түрған мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерді қоспағанда, Комитеттің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады;
      8) іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақы мен сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;
      9) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілік мәселелерін шешеді;
      10) Комитеттің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлейді және Министрлік басшылығының бекітуіне ұсынады;
      11) Комитеттің бюджеттік өтінімдерін дайындауды, республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу үшін Министрге үсынылатын бюджеттік өтінімдерді Министрліктің Жауапты хатшысына ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
      12) Комитеттің қаржыландыру жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрліктің Жауапты хатшысының бекітуіне енгізеді;
      13) Комитеттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
      14) өз құзыретіне жатқызылған басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
      15) Министрліктің келісімі бойынша ведомствоға бағынысты ұйым басшысын заңнамамен белгіленген тәртіппен тағайындайды;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      32. Төрағаның орынбасарлары:
      1) өз құзыреті шегінде Комитеттің қызметін үйлестіреді;
      2) Төраға болмаған кезде Комитеттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      33. Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттің атынан Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға Төраға және/немесе міндеттерді бөлуге сәйкес Төрағаның орынбасары қол қояды.
 

4. Комитеттің мүлкі

      34. Комитеттің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
      Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрсетілетін өзге мүлік есебінен қалыптасады.
      35. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      36. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
 

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      37. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 

6. Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны» («Мемсараптама» РМК).
      2. «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      3. «Мемлекеттік ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру институты (МААІИ)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      4. «Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      5. «Қазгеодезия» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      6. «Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      7. «Қазақ Суарнажоба» акционерлік қоғамы.
      8. «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамы.
      9. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы.