"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-20)-тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 01.04.2020 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидалар және рұқсат беру талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Е. Досаев |
"Келісілген"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
________________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 10 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 735 бұйрығымен бекітілген |
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 01.04.2020 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптары (бұдан әрі - Қағидалар мен рұқсат беру талаптары) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабының 23-24)-тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар мен рұқсат беру талаптары жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша аттестаттау орталықтарын аккредиттеу рәсімін регламенттейді және "Жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарында мынадай ұғымдар қолданылады:
1) аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі уәкілетті органның жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша аттестаттау орталықтарының құзыретін ресми мойындау рәсімі;
2) аккредиттеу туралы куәлік - осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген аттестаттау орталығының мәртебесін куәландыратын белгіленген үлгідегі куәлік;
3) аттестаттау орталығы - белгіленген тәртіппен уәкілетті органда аккредиттеу рәсімінен өткен заңды тұлға;
4) инженер-техник жұмыскер - орташа кәсіби немесе жоғары білімі бар, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өндірістік процесті ұйымдастыруды және оған басшылық жасауды жүзеге асыратын жеке тұлға;
5) өтініш беруші - аттестаттау орталығы ретінде аккредиттеуге үміткер мемлекеттік емес заңды тұлға;
6) уәкілетті орган - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның ведомствосы.
4. "Жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
5. Заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада (бұдан әрі-негізгі талаптардың тізбесі) баяндалған.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 19.05.2023 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында айқындалған.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 19.05.2023 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Куәлікті алу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы:
1) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттармен және рұқсат беру талаптарымен бірге олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттармен бірге өтінішті осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген рұқсат беру талаптарына және рұқсат беру талаптарына сәйкестігін қарайды – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 6-тармағында және рұқсат беру талаптарында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және "жеке кабинетке" жолдайды.
3) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен қарау нәтижелері бойынша негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкес аккредиттеу туралы куәлікті ресімдейді, қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды – (2 екі) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші аккредиттеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 19.05.2023 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Осы Қағидалардың және рұқсат беру талаптарының 9-тармағында көрсетілген жағдайларда куәлікті қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары:
1) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
2) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен қарайды аккредиттеу туралы куәлікті ресімдейді, қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды - 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
9. Аккредиттеу туралы куәлік заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген жағдайларда қайта ресімделеді.
10. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
11. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (қайтарып алу) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.
12. Қолданыстағы аккредиттеу туралы куәлік болмаса, ұйымның қызметін жүзеге асыруына жол берілмейді.
13. Аккредиттеуден өткен аттестаттау орталықтары осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 6-қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес нысан бойынша жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарының тізіліміне енгізіледі,онда заңды тұлғаның деректемелері туралы ақпарат жиынтығы, аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі, штатында мамандардың болуы туралы, сондай-ақ осы заңды тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілік шаралары туралы мәліметтер қамтылады.
13-1. Уәкілетті орган Қағидалар бекітілген немесе өзгерістер енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және мемлекеттік қызмет көрсетушіге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторы және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.
Ескерту. 2-тарау 13-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 19.05.2023 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға береді.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
16. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 19.05.2023 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитеті |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) куәлікті беру – 10 (он) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық түрде (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Аккредиттеу туралы куәлік беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) куәлікті беру кезінде порталға: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. |
АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК № 00000
Осы аккредиттеу туралы куәлік
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
_____________________________________________________________берілді,
(заңды мекенжай)
жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді
аттестаттау құқығын жүзеге асыруға берілді
АККРЕДИТТЕЛДІ
және көрсетілетін қызметті берушінің тізіліміне енгізілді және уәкілетті органның
тізіліміне енгізілді. Куәлікті қолдану мерзімі _____________________________________ дейін
Уәкілетті органның басшысы_______________________________________
қала ___________ 20__ж. " " ___________
ӨТІНІШ
_________________________________________________________ -ге
(уәкілетті органның толық атауы)
____________________________________________________________-ден
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірінің деректемелері)
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді
аттестаттау жөніндегі аттестаттау орталығы ретінде аккредиттеуді өтінемін
Мекенжай_________________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон, факс, е-mail)
Банк шоты ______________________________________________________________________
(шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан орны)
Филиалдар (өкілдік, объекті, пункті, учаске) __________________________________________
________________________________________________________________________________
(орналасқан жері және деректемелері)
Қоса берілетін құжаттар _____________________________________________________
________________________________________________________________________________
___ парақ қоса беріледі
Осымен:
барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға
куәлік беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез-келген ақпарат жіберілетіні;
өтініш берушіге қызметтің аталған түрімен айналысуға сот тыйым салмағаны;
барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;
өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде ақпараттық жүйелерде
қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді
пайдалануға келісімін бергендігі расталады.
Басшы _____________ ______________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" __________
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер- техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу қағидалары мен рұқсат беру талаптарына 4-қосымша |
Жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аттестаттау орталықтарына қойылатын рұқсат беру талаптары
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 19.05.2023 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с№ | Рұқсат беру талаптары | Рұқсат беру талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | біліктілікті арттыруға жауапты, кемінде бір оқытушы болуы | осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны, дипломдардың көшірмелері, жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері, өтініш берушімен еңбек қатынастарын растайтын құжаттардың көшірмелері | |
2 | аттестаттау жүргізуге жауапты кемінде бір техникалық қызметкер болуы | осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны, өтініш берушімен еңбек қатынастарын растайтын құжаттардың көшірмелері | |
3 |
оқыту және аттестаттау жүргізу үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде, санитариялық талаптарды қанағаттандыратын, алаңы кемінде 100 (жүз) шаршы метр әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы, бұл ретте тестілеу және оқыту өткізуге арналған үй-жайлар кемінде 45 (қырық бес) шаршы метр болуы қажет. |
осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны. |
Мәліметтер нысаны
1) Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _____________________________________
2) Лауазымы _______________________________________________________________
3) Осы ұйымда жұмыс жасайды _______________________________________________
(тұрақты немесе уақытша көрсету)
4) Жұмыс өтілі _____________________________________________________________
(мамандық бойынша және атқаратын лауазымында көрсету)
5) Оқу орнының атауы ______________________________________________________
6) Бітірген жылы ___________________________________________________________
7) Диплом бойынша біліктілігі ________________________________________________
8) Диплом бойынша мамандығы ______________________________________________
Әкімшілік-тұрмыстық жайлар туралы мәліметтер
9) Мекенжайы _____________________________________________________________
________________________________________________________________________________
10) Үй-жайдың сипаттамасы, алаңы ___________________________________________
11) Жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы куәліктің нөмірі ________________________
________________________________________________________________________________
12) Жалға алу туралы шарттың нөмірі _________________________________________
Материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы мәліметтер
13) Атауы _________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
14) Өлшем бірлігі __________________________________________________________
15) Саны __________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
16) Пайдалану мерзімі _______________________________________________________
17) Сипаттамасы (маркасы, қуаты), сапалық құрамы _____________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Бағдарламалық қамтамасыз ету туралы мәліметтер
18) Атауы: ________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
19) Өлшем бірлігі __________________________________________________________
20) Саны__________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
21) Пайдалану мерзімі _______________________________________________________
________________________________________________________________________________
Нормативтік-техникалық және әдіснамалық әдебиеттер туралы мәліметтер
22) Атауы: ________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
23) Өлшем бірлігі __________________________________________________________
24) Саны __________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Оқыту және аттестаттау өткізу үшін уәкілетті орган бекіткен тест сұрақтары, бекітілген
ішкі қағидалар мен регламенттер туралы мәліметтер
25) Атауы: ________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
26) Өлшем бірлігі __________________________________________________________
27) Саны __________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
28) Ескертпе _______________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аккредиттелген мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарының тізілімі
Р/с | Аттестаттау орталығының атауы | Аккредиттеу туралы куәлік берілген күні мен нөмірі | Аттестаттау орталығының штатында тұратын қызметкер туралы мәлімет | Қабылданған жауапкершілік шаралары туралы мәлімет |
Өтініш куәлікті қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның
________________________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы))
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан
жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі), заңды тұлғада бизнес- сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
№__________ бастап "___" _________ 20___
________________________________________________________________________________
(қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің толық атауы) жүзеге асыруға берілген куәлікті
келесі негіздеме бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз) қайта ресімдеуді сұраймын:
1) заңды тұлға атауының өзгеруі ___________
2) заңды тұлғаның орналасқан жерін өзгерту ________
Заңды тұлғаның мекен-жайы_________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін - ел, пошталық индексі, ОБЛЫСЫ, қаласы, ауданы, елді мекені,
көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта ________________________________________________________
Телефондар _______________________________________________________________
Факс _____________________________________________________________________
Банктік шот _______________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қоса беріледі _ парақ.
Осымен расталады, бұл:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға
аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін;
өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбаған;
барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады;
өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу кезінде ақпараттық
жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі.
Басшы __________ _________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Толтыру күні: "__" __________ 20__ жыл