Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 желтоқсанда № 12590 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 16-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 23 маусымдағы № 378 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің 2015 жылғы 23 шілдедегі 92255 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 31 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 5-бөлімнің 16-параграфын, сондай-ақ 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 424 және 426-тармақтарды қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Министр Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 648 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары

      1. Осы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасының "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы, "Ақпараттандыру туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібіне сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

1. Жалпы ережелер

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) веб-порталға қатысушы – веб-порталда тіркеуден өткен тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші;

      2) веб-порталда тіркелу – мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектісінің веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуға қол жеткізуі;

      3) жеке кабинет – мемлекеттік сатып алу рәсімдерін, сатып алуға қатысуларын, сондай-ақ веб-порталда орналастырылған автоматтық хабарламалар мен мәліметтерді алуды жүзеге асыруға арналған пайдаланушының веб-порталдағы автоматтандырылған жұмыс орны;

      4) қазынашылық сүйемелдеу – құрылыс объектілері бойынша құрылыспен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын, қазынашылық органдарындағы шоттар арқылы жүргізілген төлемдердің барлық кезеңдерінде жобаның барлық қатысушыларының – бас мердігерлердің және қосалқы мердігерлердің салықтарды төлеуінің толықтығын қамтамасыз етуді бақылау;

      5) құжаттың электрондық көшірмесі – өтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушының өзінің жеке қатысуы кезінде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілеттік берілген қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;

      6) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі;

      7) мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншік иесі мемлекет болып табылатын заңды тұлға;

      8) мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      9) мемлекеттік сатып алу саласында электрондық депозитарий (бұдан әрі – электрондық депозитарий) - әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесінің бар болуын растайтын мәліметтер мен құжаттарды қамтитын, мемлекеттік сатып алудың веб-порталында қалыптасатын электрондық мәліметтер қоры;

      10) мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – шарт) – Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында веб-портал арқылы жасалған, электрондық-цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт;

      11) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы (бұдан әрі – бірыңғай ұйымдастырушы) – Заңның 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдігі немесе аудан, қала, қаладағы аудан әкімдігі айқындаған, орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      12) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы (бұдан әрі – ұйымдастырушы) – тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасы не құрылымдық бөлімшесі немесе осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыру үшін айқындалған заңды тұлға;

      13) төленген салықтардың көрсеткіші – мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректері бойынша, осы Қағидалардың 447-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес, есептелетін алдыңғы жылдың алдындағы үш жылдың ішінде әлеуетті өнім берушінің кірістерінің сомасына төленген салықтардың сомасының проценттік қатынасы;

      14) уәкілетті өкіл – веб-порталға қатысушының бірінші басшысының тиісті шешімімен веб-порталда барлық іс-қимылдарды атқаруға, соның ішінде электрондық құжаттардың көшірмелерін куәландыруға уәкілеттілік берілген веб-порталға қатысушының қолданушысы.

      15) форматтық-логикалық бақылау - веб-порталда белгіленетін, веб-порталды пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалық шектеулер кешені;

      16) электрондық әмиян – мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотында орналастырылатын конкурсқа, аукционға және баға ұсыныстарын сұратуға қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуге байланысты есептік операцияларды жүзеге асыруға арналған әлеуетті өнім берушінің жеке шоты;

      17) электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      18) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермегенін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;

      19) тауарлардың электрондық каталогы – интернет-дүкендер арқылы әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлар туралы мәліметтер орналыстырылатын веб-порталмен интеграцияланған ақпараттық жүйе.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.01.2020 № 92 (01.06.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы Қағидаларда пайдаланатын басқа да ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес қолданылады.

2. Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау

      5. Осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді мемлекеттік сатып алудың бекітілген немесе нақтыланған жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жоспары) негізінде қабылдайды.

      6. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және бекітеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Тапсырыс беруші Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес, тиісті бюджет бекітілгенге (нақтыланғанға) дейін тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.

      Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар болып табылатын тапсырыс берушілер даму жоспары бекітілгенге дейін мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.

      Көрсетілген жағдайларда мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары тиісті бюджет (даму жоспары) бекітілгенге дейінгі сатыларда да, нақтыланғанға дейінгі сатыларда да жеке әзірленеді және бекітіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілгенге (нақтыланғанға) дейін қолданылады. Тапсырыс беруші тиісті бюджетте (даму жоспарында) бекітілмеген мәліметтерді қоспағанда, мәліметтерді веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарынан мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарына ауыстырады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілген (нақтыланған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді (нақтылайды).

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) мемлекеттік сатып алудың сәйкестендіру коды;

      2) қосылған құн салығын есепке алмағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, анықтамалыққа сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы;

      3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері;

      4) тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері мен орны;

      5) Заңның 43-бабында көзделген жағдайларда, әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сомалар шегінде кестеге және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері;

      6) Заңның 51-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру шарттары.

      11. Тапсырыс беруші Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) жасаған кезде, мыналарды:

      1) өзара байланысты жұмыстар, көрсетілетін қызметтер кешенін көздейтін жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;

      2) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледі.

      Тауарлар жеткізудің, қызметтер көрсетудің кемінде бес орны болған жағдайда, лотта тауарлар жеткізудің, қызметтер көрсетудің бірнеше орнын көрсетуге жол беріледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11-1. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын экономикалық сыныптаманың мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу талап етілетін өзіндік ерекшеліктері (шығыстар баптары) бойынша жиынтықта бюджетке (даму жоспарына) сәйкес келмейтін көлемде бекітуге (нақтылауға) жол берілмейді.

      Ескерту. 2-тарау 11-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11-2. Жобалау-сметалық құжаттамасы бар жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс берушілер Заңның 5-бабының 5-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында):

      1) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген, қосылған құн салығы есепке алынбаған соманың отыз пайызы мөлшерінде алдын ала төлемді (аванс) көрсетеді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырады.

      Ескерту. 2-тарау 11-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Тапсырыс беруші мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) бекiтілген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, оны веб-порталда орналастырады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Тапсырыс берушілер Заңның 5-бабының 7-тармағына сәйкес айына екі реттен асырмай мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы мынадай:

      1) мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын;

      2) бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша, оның ішінде камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар, хабарламалар орындалған;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу, сондай-ақ тиісті бюджетті нақтылау (түзетілген) кезінде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған;

      4) Заңның 22-бабының 2-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген шешімді қабылдағанда;

      5) өкілдік шығыстарға байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алғанда;

      6) өткізілген мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бойынша үнемдеу есебінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларына қолданылмайды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланбай ұсынылатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды веб-порталда орналастырады.

      15. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) бекітілген немесе мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жоспарланатын мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты бірыңғай ұйымдастырушыға ұсынады.

      16. Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 31), 32) және 35) тармақшаларына және 50-бабына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгiзілуге жатпайды.

      17. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 31), 32) және 35) тармақшаларына және 50-бабына сәйкес сатып алуды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген (нақтыланған) жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуға жол берiлмейдi.

      18. Тапсырыс беруші Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес шарт жасасқанға дейін:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджетті нақтылау (түзету), бюджет жобасын бекіту кезінде болған мемлекеттік сатып алудың бекітілген (нақтыланған) жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған (енгізілмеген);

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, тапсырыс берушінің бюджетіне (даму жоспарына, жеке қаржыландыру жоспарына) мемлекеттік сатып алудың бекітілген (нақтыланған) жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттігін жоққа шығаратын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуы мүмкін.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайда, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) ағымдағы жылы осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы не бірыңғай оператор осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:

      1) өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысатын тұлғаларды қабылданған шешім туралы хабардар етеді;

      2) енгізілген конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтарады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Ұйымдастырушыны немесе бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау тәртібі 1-параграф. Ұйымдастырушыны айқындау тәртібі

      20. Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға ретінде әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші ұйымдастырушыны және тапсырыс берушінің алда болатын мемлекеттік сатып алуда мүдделерін білдіретін лауазымды адамын айқындайды.

      21. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындауға жауапты өз құрылымдық бөлімшесінің немесе лауазымды тұлғасының атынан ұйымдастырушы бола алады.

      22. Тапсырыс беруші Заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкес тапсырыс беруші ұйымдастырушы етіп тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемені айқындауға құқылы.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Тапсырыс беруші Заңның 7-бабының 3-тармағына сәйкес тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме үшін тапсырыс беруші ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Тапсырыс беруші Заңның 7-бабының 4-тармағына сәйкес тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме үшін тапсырыс беруші олардың арасынан ұйымдастырушыны айқындауға құқылы.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі Заңның 7-бабының 5-тармағына сәйкес өзіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеме, оған қатысты өзі мемлекеттік басқару органы ретінде әрекет ететін заңды тұлға не оған қатысты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы ретінде әрекет ететін заңды тұлғамен үлестес тұлға үшін ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.

      Мемлекеттік кәсіпорын не дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға Заңның 7-бабының 5-тармағына сәйкес өзімен үлестес тұлғалар үшін ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Заңның 8-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, тапсырыс беруші конкурс (аукцион) тәсілімен ұйымдастырылатын және өткізілетін мемлекеттік сатып алу рәсімін орындау үшін бірыңғай ұйымдастырушымен келісім бойынша оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде айқындайды.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға ретінде әрекет еткен жағдайларды қоспағанда, ұйымдастырушы тапсырыс берушімен, әлеуетті өнім берушілермен, тиісті комиссиялармен және сарапшымен өзара қарым-қатынастарда өзінің атынан өкілдік ететін лауазымды адамды айқындайды. Ұйымдастырушының өкілі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкерлері қатарынан айқындалады.

2-параграф. Бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау тәртібі

      28. Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алулар мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыларымен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28-1. Уәкілетті орган мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушылары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін айқындайды.

      Ескерту. 2-параграф 28-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28-2. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды:

      1) уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша тапсырыс берушімен бірлесіп, конкурстық комиссиялар (аукциондық комиссиялар) құру арқылы;

      2) уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орнына қарамастан, бір лотқа біріктіру арқылы;

      3) тапсырыс берушілердің уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелеріне енгізілмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған өтінімдері бойынша тапсырыс берушімен бірлесіп, конкурстық комиссиялар (аукциондық комиссиялар) құру арқылы жүзеге асырады. Осы тармақша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы осындай мемлекеттік сатып алуды өткізуге келіскен жағдайда қолданылады.

      Ескерту. 2-параграф 28-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-параграф. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткізу туралы хабарлама

      29. Ұйымдастырушы баға ұсыныстарын ұсыну мерзiмi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу туралы мынадай:

      1) бөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткізiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң көлемi туралы мәліметтерді;

      2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасын;

      3) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету орнын;

      4) тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерiн;

      5) әлеуетті өнім берушілердiң баға ұсыныстарын ұсынуды бастау және аяқтау мерзiмi туралы;

      6) техникалық ерекшелігін көрсете отырып, шарттың жобасын веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.

      Тапсырыс берушілер сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттарды көрсете отырып техникалық ерекшелікті әзірлейді. Бұл ретте ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде, мемлекеттік сатып алуды нормалау ескеріле отырып, сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі.

      Бұл ретте сатып алынатын тауардың қысқаша сипаттамасында өнім берушілерге қойылатын, берілетін тауарлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде, стандарттар ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттарды беру туралы талап қамтылуға тиіс.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Мыналар:

      1) негізгі (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуді (лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді) қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін;

      2) тауарды лизингке беру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні айқындау және лизингтің нысанасын мұқият сипаттау қажеттігі туындағанда;

      3) тапсырыс берушіде бар тауарды жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету үшін;

      4) құны тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір мың еселенген мөлшерінен аспайтын нарықта ұсынылған және қолжетімді тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, осы Қағидалардың 29-тармағында көзделген орналастырылатын ақпаратта тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға нұсқамалардың болуына жол берілмейді.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарын ұсынуы

      31. Әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларда көзделген мәліметтерді қамтитын бiр ғана баға ұсынысын ұсынады, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.

      Әлеуетті өнім берушілер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін берілген баға ұсыныстарын қайтаруға рұқсат етіледі. Бұл ретте баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі өткенге дейінгі енгізілген өзгерістермен баға ұсыныстарын қайта ұсынуға жол беріледі.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Әлеуетті өнім берушінiң баға ұсынысын беруі оның шарт жобасында көзделген елеулi талаптарды сақтай отырып, тауарды берудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға келiсiм бiлдiргенінің нысаны болып табылады.

      33. Әлеуеттi өнiм берушiнiң баға ұсынысында тауарларды жеткiзуге, жұмыстарды орындауға, қызметтердi көрсетуге байланысты барлық шығыстар кіреді.

      34. Әлеуеттi өнiм берушi баға ұсынысын ұйымдастырушыға веб-портал арқылы хабарландыруда көрсеткен баға ұсыныстарын беру мерзiмi аяқталғанға дейiн осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.

      35. Баға ұсынысын берген әлеуетті өнiм берушiге веб-портал тиiстi хабарламаны автоматты түрде жiбергеннен кейiн баға ұсынысы қабылданды деп саналады.

3-параграф. Баға ұсыныстарын салыстыру және баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындыларын шығару

      36. Баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі өткеннен кейін веб-портал автоматты түрде баға ұсыныстарын салыстыруды және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысын шығаруды жүргізеді.

      37. Ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.

      38. Екінші орын алған әлеуетті өнім беруші ең төмен баға ұсынысынан кейінгі баға негізінде айқындалады.

      39. Егер ең төмен баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім беруші ұсынған болса, баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрынырақ келіп түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.

      40. Заңның 45-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдастырушы мен әлеуетті өнім берушінің арасында веб-портал арқылы не веб-портал қолданылмай өзге де тәсілдермен оның баға ұсынысына қатысты келіссөздер жүргізуге жол берілмейді.

      41. Егер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушінің бір ғана баға ұсынысы ұсынылған болса, веб-портал мұндай мемлекеттік сатып алуды автоматты түрде өткізілмеді деп таниды және ұйымдастырушы осы баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім берушіден бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. Бұл ретте жасалған шарттың бағасы әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысынан аспауға тиіс.

      42. Егер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушілердің бірде-бір баға ұсынысы ұсынылмаса, веб-портал мұндай мемлекеттік сатып алуды автоматты түрде өткізілмеді деп таниды және ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.

      43. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы:

      1) егер ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен;

      2) Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда веб-портал автоматты түрде қабылдамайды.

      Өзге де негіздер бойынша баға ұсыныстарын қабылдамауға жол берілмейді.

      Ескерту. 43-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      44. Егер осы Қағидалардың 43-тармағында көзделген негіздер бойынша баға ұсыныстарын веб-портал автоматты түрде қабылдамағаннан кейін әлеуетті өнім берушілердің екеуден аз баға ұсынысы қалған болса, онда мұндай мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылады және ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.

      45. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысының осы Қағидалардың 3-қосымшасының нысанына сәйкес хаттамасы ол шығарылғаннан кейін веб-порталда автоматты түрде орналастырылады.

3-1 параграф. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету

      Ескерту. 4-тарау 3-1-параграфпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45-1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

      Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға бірнеше лот бойынша қатысу жағдайында әлеуетті өнім беруші өтінімді қамтамасыз етуді әрбір лот бойынша жеке ұсынады.

      Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сәйкестігін әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім берген кезде Веб-портал автоматты түрде айқындайды.

      Ескерту. 45-1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 28.02.2020 № 205 (01.03.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45-2. Әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің біреуін таңдайды:

      1) әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;

      2) осы Қағидаларының 3-1-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанында ұсынылатын банктік кепілдік.

      Әлеуетті өнім берушінің электрондық әмияндағы ақшаның тұтастай не бір бөлігінің үшінші тұлғаларда талап ету құқығының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      Осы Қағидаларының 45-4 және 45-4-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бірыңғай оператордың электрондық әмияндағы ақшаны пайдалануына жол берілмейді.

      45-3. Электрондық банктік кепілдік түрінде енгізілген баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай:

      1) жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;

      2) жеңімпазы шарт жасаса отырып, белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не тиісті түрде орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайлардың бірі туындаған кезде өнім берушіге қайтармайды.

      45-4. Электрондық әмиян арқылы енгізілген баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бірыңғай оператор бұғаттайды және мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде:

      1) жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарса;

      2) жеңімпазы шарт жасаса отырып, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не тиісті түрде орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда енгізбесе өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.

      45-5. Осы Қағидалардың 45-3 және 45-4-тармақтарында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кіріс есебіне жатқызылады.

      Бірыңғай оператор тапсырыс берушіден өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, егер әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарса немесе шарт жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянынан тапсырыс берушінің өтінішінде көрсетілген шотқа өтінімді қамтамасыз ету бойынша оқшауланған ақшаны аударуды веб-портал арқылы жүзеге асырады.

      45-6. Ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім беруші енгізген баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға электрондық банк кепілдігі түріндегі өтінімді қамтамасыз етуді қайтарады.

      1) ашу хаттамасын орналастырған жағдайда осы әлеуетті өнім беруші өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін өзінің баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтінімін қайтарып алған;

      2) мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың жеңімпазы деп айқындалған қатысушыға қолданылмайды;

      3) әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғанда және онымен шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген.

      45-7. Бірыңғай оператор әлеуетті өнім берушіге ол оқшаулаған баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайларда автоматты түрде бұғаттан шығарады:

      1) осы әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің өтінімін кері қайтарып алған;

      2) мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

      3) әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғанда және онымен шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген.

      45-8. Әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянында орналастырылған ақшаны қайтару туралы талап етуі бойынша бірыңғай оператор осындай талап түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұғаттау немесе тоқтатуды бұғаттамауды жүзеге асырмағандар қатысында көрсетілген ақшаны қайтарады.

5. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі 1-параграф. Ұйымдастырушымен, бірыңғай ұйымдастырушымен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезеңдері

      Ескерту. 1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      46. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай реттілікпен іс-шараларды орындауды көздейді:

      1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушінің ұйымдастырушыны және алдағы уақытта болатын конкурста соңғысының мүдделерін білдіретін тапсырыс берушінің лауазымды адамын айқындауы;

      2) тапсырыс беруші ұйымдастырушыға конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін ақпараттар мен құжаттарды не бірыңғай ұйымдастырушыға конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін тапсырманы ұсыну;

      3) тапсырыс берушiнің конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жоспарының) тармақтарын жіберуі;

      4) конкурстық комиссияның құрамын, сараптау комиссия тобының құрамын не сарапшыны (қажет болғанда) айқындау және бекіту, конкурстық комиссияның хатшысын айқындау;

      5) конкурстық құжаттаманың жобасын бекіту;

      6) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаны, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мәтінін веб-порталда орналастыру;

      7) конкурстық құжаттаманың жобасын веб-портал арқылы алдын ала талқылау және конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылаудың хаттамасын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мәтінін веб-порталда жариялау;

      8) әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға электронды құжат нысанындағы өтінімдерін ұсыну және оларды веб-порталда автоматты түрде тіркеу;

      9) өтінімдерді автоматты түрде ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталда жариялау;

      10) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысында әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін, сондай-ақ Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің болмауын конкурстық комиссияның веб-портал арқылы қарауы;

      11) әлеуетті өнім берушілермен конкурсқа қатысуға арналған өздерінің өтінімдерін біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіру;

      12) әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерін қайтадан қарау;

      13) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану, сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынымдарына өлшемшарттардың салыстырмалы мәндерiн қолдану;

      14) конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын веб-порталдың автоматты түрде салыстыруы, ең төменгі шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын, сондай-ақ екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні айқындау және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттаманы веб-порталда жариялау;

      15) тапсырыс берушінің конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамасы негізінде жеңімпазбен шарт жасасуы;

      Осы тармақтың 7) тармақшасында көзделген іс-шаралар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алу кезінде, сондай-ақ конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама қамтылатындықтан, жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алу кезінде жүзеге асырылмайды.

      Осы тармақтың 11) тармақшасында көзделген іс-шаралар конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда жүзеге асырылады.

      46-1. Бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды келесі кезеңдердің ретін сақтай отырып, өткізеді:

      1) бірыңғай ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге осы Қағидалардың 52-тармағымен бекітілген құжаттарды қамтитын тапсырма тапсырыс берушімен ұсынылады;

      2) тапсырыс берушімен ұсынылған осы Қағидалардың 52-тармағымен бекітілген құжаттарды қамтитын тапсырманың негізінде конкурстық құжаттаманың жобасы бірыңғай ұйымдастырушымен әзірленеді және бекітіледі;

      3) мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысымен конкурстық комиссияның құрамы анықталады және бекітіледі.

      Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларымен көзделген жағдайларда бірыңғай ұйымдастырушымен анықталатын және бекітілетін конкурстық комиссияның құрамына тапсырыс берушінің өкілдері де енеді;

      4) бірыңғай ұйымдастырушымен қажеттілік болған жағдайда конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізіледі;

      5) бірыңғай ұйымдастырушымен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарлама веб-порталға орналастырылады;

      6) осы Қағидалардың 28-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда бірыңғай ұйымдастырушымен тапсырыс берушіге конкурстық құжаттың техникалық ерекшелігіне және (немесе) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық құжаттама алған, веб-порталда автоматты түрде тіркелген тұлғалардың тарапына ескертулер мен сұраулар жолданады;

      7) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындайды;

      8) тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманың негізінде жеңімпазбен осы Қағидалармен бекітілген тәртіпте мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасайды.

      Ескерту. 1-параграф 46-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      46-2. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) немесе мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай ұйымдастырушыға тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік сатып алу жоспары туралы ақпаратты ұсынады.

      Ескерту. 1-параграф 46-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      46-3. Бірыңғай ұйымдастырушымен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу Заңмен және осы қағидалармен бекітілген ерекшеліктермен қоса, ұйымдастырушыға қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 1-параграф 46-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      47. Алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      48. Алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      49. Алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      50. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ конкурс жеңімпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.

2-параграф. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу үшін тапсырыс берушінің ұйымдастырушыға (бірыңғай ұйымдастырушыға) ақпараттарды және құжаттарды ұсынуы

      51. Тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайларды қоспағанда, конкурсты жүргізу үшін тапсырыс беруші ұйымдастырушыға қазақ және орыс тілдерінде техникалық ерекшелікті және шарттың жобасын ұсынады.

      Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама қамтылуы тиіс. Бұл ретте мұндай мемлекеттік сатып алулар бойынша жұмыстарды орындау мерзімдері белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды орындау мерзімдеріне сәйкес келуі тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамамен қатар конкурстық құжаттамада кешенді ведомстволық сараптаманың оң қорытындысының электрондық көшірмесі қамтылуы тиіс.

      Сонымен бірге конкурстық құжаттамада мыналар:

      1) негізгі (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуді (лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді) қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін;

      2) тауарды лизингке беру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні айқындау және лизингтің нысанасын мұқият сипаттау қажеттігі туындағанда;

      3) тапсырыс берушіде бар тауарды жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету үшін жүзеге үшін мемлекеттік сатып алу жағдайларын қоспағанда, егер мұндай нұсқама сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін жекелеген өнім берушіге тиістілігін анықтаған жағдайда тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ өзге сипаттамалардағы нұсқамалардың болуына жол берілмейді.

      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      52. Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда бірыңғай ұйымдастырушы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді тапсырыс берушінің қазақ және орыс тілдерінде мынадай құжаттарды қамтитын тапсырмасының негізінде жүзеге асырады:

      1) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға немесе жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды тұлға қол қойған, конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін тапсырыс беруші өкілдерінің ішінен үміткерлері көрсетілген тапсырыс берушінің конкурсты өткізуге өтінімі;

      2) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам бекіткен конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелігі, шарттың жобасы және құрылған (тартылған) жағдайда сараптау комиссиясының құрамы.

      Техникалық ерекшеліктің орнына жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттама Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қамтуға тиіс.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      52-1. Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда бірыңғай ұйымдастырушы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді тапсырыс берушінің қазақ және орыс тілдерінде мынадай құжаттарды қамтитын тапсырмасының негізінде жүзеге асырады:

      1) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға немесе жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды тұлға қол қойған, тапсырыс берушінің конкурсты өткізуге өтінімі;

      2) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам бекіткен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының ерекшеліктерімен қоса техникалық ерекшеліктің жобасы.

      Ескерту. 2-параграф 52-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-параграф. Конкурстық комиссияның құрамын, сараптау комиссиясының құрамын не сарапшыны айқындау және бекіту (қажет болған кезде), конкурстық комиссияның хатшысын айқындау

      53. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін орындау үшін ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы әрбір конкурсқа жеке конкурстық комиссияны бекітеді және конкурстық комиссияның хатшысын айқындайды.

      54. Конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссия хатшысын айқындау туралы шешімді ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам немесе жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.

      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      55. Егер тапсырыс берушінің өзі тікелей немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесі (лауазымды адам) атынан ұйымдастырушы болып әрекет еткен жағдайда конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссия хатшысын айқындау туралы шешімді Заңның 7-бабының 1-тармағына сәйкес тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам не Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.

      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      56. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырған жағдайда конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссия хатшысын айқындау туралы шешімді бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам қабылдайды.

      57. Жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде ұйымдастырушы, ал егер ұйымдастырушы ретінде тапсырыс берушінің өзі тікелей, не өзінің құрылымдық бөлімшесі (лауазымды адам) атынан әрекет еткен жағдайда, тапсырыс беруші қажет болған кезде конкурстық комиссияның құрамына тиісті қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша оның веб-порталда тіркелген қызметкерлерінің қатарынан оның өкілдерін енгізеді.

      58. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеу үшін тапсырыс беруші қажет болған кезде сараптау комиссиясын құрады не сарапшыны тартады.

      59. Конкурстық комиссияның мүшелері конкурстық комиссияның төрағасы және басқа да мүшелері болып табылады. Конкурстық комиссияның мүшелері өтінімдерді қарайды және дауыс беруде ауысу құқығынсыз қатысады.

      Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны Заңның 2-бабының 10) тармақшасына сәйкес тақ санды, бірақ кемінде үш адамды құрайды.

      Бірыңғай ұйымдастырушы құратын конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, бірақ кемінде бес адамды құрайды.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      60. Осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға айқындалады.

      Жергілікті атқарушы органдардың қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша конкурс өткізу кезінде конкурстық комиссияның төрағасы болып орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам айқындалады.

      Осы Қағидалардың 22 және 24-тармақтарында көрсетілген жағдайларда конкурстық комиссияның төрағасы болып ұйымдастырушының бірінші басшысының орынбасарынан не оның міндетін атқарушы тұлғадан төмен емес лауазымды адам не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам айқындалады.

      Осы Қағидалардың 21, 23 және 25-тармақтарында көзделген жағдайларда конкурстық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысының орынбасарынан не оның міндетін атқарушы тұлғадан төмен емес лауазымды адам не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам айқындалады.

      Осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысынан не оның міндетін атқарушы тұлғадан төмен емес лауазымды адам айқындалады.

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      61. Конкурстық комиссия төрағасы болмаған жағдайда комиссия төрағасының кандидатурасы қайта бекітіледі. Бұл ретте конкурстық комиссияның төрағасы болып бірінші басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам, ал ол болмаған жағдайда – бірінші басшы айқындалады.

      Бірыңғай ұйымдастырушы құрған конкурстық комиссияны қайта бекіткен жағдайда тапсырыс беруші бірінші басшысының не Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігі әкімінің міндеттерін атқаратын лауазымды тұлға конкурстық комиссияның төрағасы болып анықталады.

      62. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомствалық және аумақтық бөлімшелері, ведомствалық бағынысты мемлекеттік заңды тұлғалардың, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың шеңберінде конкурс жүргізілген кезде, тапсырыс берушінің бірінші басшысы конкурстық комиссияның төрағасы болып айқындалады.

      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      63. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган, атқарушы орган бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс жүргізген кезде тапсырыс берушінің бірінші басшысы конкурстық комиссияның төрағасы болып айқындалады.

      Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      64. Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда конкурстық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысы, ал егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сомасы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз жүз мың еселенген мөлшерінен асатын болса, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің әкімі болып анықталады.

      Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сомасы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір миллион алты жүз мың еселенген мөлшерінен асатын болса конкурстық комиссияның төрағасы болып айқындалады.

      Осы Қағидаларының 28-2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы болып Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысын не оның міндетін атқаратын адам не оның орынбасары анықталады.

      Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      65. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орталық атқарушы органдардың қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша конкурс өткізген кезде конкурстық комиссияның төрағасы орталық атқарушы органның бірінші басшысы немесе осы Қағидалардың 28-2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, оның міндетін атқарушы тұлға айқындалады.

      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      66. Алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      67. Алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      68. Конкурстық комиссияның төрағасы:

      1) конкурстық комиссияның қызметін басқарады;

      2) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      69. Конкурстық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және шарт жасасқан күні өз қызметін тоқтатады.

      70. Конкурстық комиссияның шешімі веб-порталды пайдалана отырып дауыс беру арқылы қабылданады және конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады.

      Конкурстық комиссияның тиісті хаттамаларында конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда хатшы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда жариялайды.

      71. Конкурстық комиссияның ұйымдастыру қызметін конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Конкурстық комиссия хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.

      Конкурстық комиссияның хатшысы ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесінің лауазымды тұлғаларының арасынан айқындалады.

      72. Конкурстық комиссияның хатшысы:

      1) веб-порталда конкурстық құжаттаманың жобасын қалыптастырады және жариялайды;

      2) веб-порталда конкурс өткізілетіні туралы хабарландыруды, конкурстық құжаттаманың жобасын алдын-ала талқылау хаттамасын, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын, бар болған кезде конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы, сондай-ақ болған кезде басқа да құжаттарды жариялайды;

      3) веб-порталда бар болған жағдайда сараптау комиссиясының немесе сарапшының қорытындысын жариялайды;

      4) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      73. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу кезінде ұйымдастырушы Заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды.

      Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда тапсырыс беруші қажеттілігіне орай әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын не сарапшыны бекітеді.

      Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда бірыңғай ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын не сарапшыны бекітеді.

      Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      74. Конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің орнына жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастырған және жүргізген кезде конкурстық құжаттама заңнамаға сәйкес сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттаманы қамтиды, сараптау комиссиясы құрылмайды, сарапшы тартылмайды.

      75. Сараптау комиссиясын құру не сарапшыны тарту туралы шешімді ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға не жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда сараптау комиссиясын құру туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға не жауапты хатшы не жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда сараптау комиссиясын құру туралы шешімді бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға қабылдайды.

      Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      76. Конкурсты өткізу басталғанға дейін конкурстық комиссия мүшелері, конкурстық комиссияның хатшысы, сондай-ақ сараптау комиссиясы не сарапшы конкурстық құжаттаманың бекітілген жобасымен және оның қосымшаларымен танысады.

      77. Сараптау комиссиясының төрағасы, төрағасының орынбасары және басқа мүшелері сараптау комиссиясының мүшелері болып табылады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды. Сараптау комиссиясының жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде үш адам болуы тиіс.

      78. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған және өткізген кезде сараптау комиссиясы не сарапшы әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігіне сараптамалық қорытынды береді және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.

      79. Конкурстық комиссия сараптау комиссиясының не сарапшының қорытындысын, егер ол конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шегінде құрылған жағдайда ғана міндетті түрде ескереді. Сараптамалық қорытындыға сараптау комиссиясының мүшелері не сараптау комиссиясын құрмай-ақ сарапшыны анықтаған жағдайда, сарапшы қол қояды және конкурстық комиссия хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталдағы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамасына, мемлекеттік сатып алулардың қорытындысы туралы хаттамаға қоса беріледі.

      Сарапшының қорытындысына міндетті түрде сарапшының біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы диплом, сертификат, аттестат не өзге құжат) қоса берілуі тиіс.

      Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      80. Сараптау комиссиясының әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін анықтауы ашық дауыс берумен жүзеге асырылады және егер сараптау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

      81. Дауыстар тең болған жағдайда сараптау комиссиясының төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Сараптау комиссиясының қорытындысымен келіспеген жағдайда осы сараптау комиссиясының кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол сараптау комиссиясының қорытындысына қоса беріледі және құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады.

      Тиісті сараптамалық қорытындыда сараптау комиссиясының қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда конкурстық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда жариялайды.

Параграф 4. Конкурстық құжаттаманың жобасын бекіту және оны веб-порталда жариялау

      82. Ұйымдастырушы не бірыңғай ұйымдастырушы конкурс жүргізудің шарттары мен тәртібін анықтау үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманы қалыптастырады және мынадай:

      1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін;

      2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, оны тапсырыс берушімен келіседі.

      83. Ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманың жобасын тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндеттерін атқарушы тұлға не жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам бекітеді.

      Ескерту. 83-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      84. Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларына сәйкес айқындалатын мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы әзірленген конкурстық құжаттаманың жобасын бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын тұлға бекітеді.

      Ескерту. 84-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      85. Бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген және бекіткен конкурстық құжаттаманың жобасы конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікті, шарт жобасын және сараптау комиссияның құрамын не сарапшыны (бар болса) қамтуы тиіс.

      Ескерту. 85-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      85-1. Алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      85-2. Алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-параграф. Конкурс өткізу туралы хабарлама

      86. Ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың жобасы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың жобасын веб-порталда орналастырады.

      Заңның 22-бабы 3-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін ұсынатын мерзімнің соңғы күні конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын және бекітілген конкурстық құжаттаманың мәтінін орналастырған күннен бастап кем дегенде күнтізбелік он бес күнді құрайды.

      Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін конкурстық құжаттамаға өз бастамасы бойынша өзгерістер енгізуге құқылы. Мұндай жағдайларда конкурстық құжаттама Заңның 22-бабында айқындалған тәртіппен алдын ала талқылауға жатады.

      Заңның 22-бабы 3-тармағына сәйкес егер осы Қағидалардың 89-тармағына сәйкес конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау жүзеге асырылмаған жағдайда, әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін ұсынатын мерзімнің соңғы күні конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаның мәтінін орналастырған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем болмауы тиіс.

      Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      87. Қайта мемлекеттік сатып алуды өткізуге байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау мерзімін ұлғайтуды қоспағанда, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қайтадан жүзеге асырған жағдайда, ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын веб-порталда өткізілмеген конкурстың конкурстық құжаттамасының өзгермеуі шартымен, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін орналастырады.

      Ескерту. 87-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      88. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда мемлекеттік сатып алу осы Қағидалардың 86-тармағына сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 88-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6-параграф. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау және алдын ала талқылау хаттамасын веб-порталда жариялау

      89. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, конкурстық құжаттаманы бекітудің міндетті талабы әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылауы болып табылады.

      Ескерту. 89-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      90. Конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулерді, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды әлеуетті өнім берушілер веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушіге, ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға жіберуі мүмкін.

      91. Конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болмаған кезде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттама бекітілді деп есептеледі.

      Ескерту. 91-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      92. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы ескертулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болған кезде конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мынадай шешімдерді қабылдайды:

      1) конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

      2) конкурстық құжаттаманың жобасына ескертпелерді қабылдамай, оларды қабылдамау негіздемелері мен себептерін көрсетеді;

      3) конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсінік береді.

      Конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, осы Қағидалардың 83, 84-тармақтарымен белгіленген тәртіпте веб-порталда өзгертілген конкурстық құжаттаманы бекіту туралы шешім қабылданады.

      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген шешімдер қабылданған күннен бастап, конкурстық құжаттама бекітілді деп есептеледі.

      Ескерту. 92-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      92-1. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау жөніндегі талап жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін, конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Қағидалардың 92-тармағының 3) тармақшасы бөлігінде сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама қамтылған жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қолданылады.

      Ескерту. 6-параграф 92-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      93. Ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-порталда конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын орналастырады.

      Осы Қағидалардың 92-тармағы 1) тармақшасына сәйкес конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың жобасын алған әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасымен бірге конкурстық құжаттаманың бекітілген мәтінін орналастырады.

      94. Заңның 22-бабы 2-тармағына сәйкес конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы конкурстық құжаттаманың жобасына қатысты келіп түскен ескертпелер туралы ақпаратты және олар бойынша қабылданған шешімдерді қамтиды.

      Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын тұлға немесе жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қол қояды.

      Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы өткізген жағдайда конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы қол қояды.

      Осы Қағидалардың 22, 24 және 25-тармақтарында көзделген жағдайларда, конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын тұлға немесе жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қол қояды.

      Ескерту. 94-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      95. Ұйымдастырушы, қажет болған кезде конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларына немесе ескертпелеріне жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді осы Қағидалардың 83-тармағында белгіленген тәртіппен тапсырыс беруші бекітеді.

      96. Конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке немесе шарттың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтыруларды қоспағанда бірыңғай ұйымдастырушы, қажет болған кезде конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, веб-порталға қатысушы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларына не ескертулеріне жауап ретінде конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке және шарттың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді қоспағанда, конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді осы Қағидалардың 84-тармағында белгіленген тәртіппен бірыңғай ұйымдастырушы бекітеді.

      Тапсырыс беруші қажет болған кезде конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке немесе шарттың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы бекітілген шешімді бірыңғай ұйымдастырушыға жібереді.

      97. Бірыңғай ұйымдастырушы тапсырыс беруші бекіткен конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке және шарттың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім негізінде конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке немесе шарттың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

      98. Конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулерді қабылдамау туралы шешім қабылданған жағдайда, осы Қағидалардың 92-тармағы 2) тармақшасына сәйкес конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында оларды қабылдамау себептерінің егжей-тегжей негіздемелері көрсетіледі.

      99. Әлеуетті өнім берушілерден веб-портал арқылы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар келіп түскен жағдайда, осы Қағидалардың 92-тармағы 3) тармақшасына сәйкес конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсіндірме беру мәтіні конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.

      100. Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің және шарт жобасының ережелеріне түсіндірме беруді тапсырыс беруші жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің және шарт жобасының ережелеріне түсіндірме беруді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырады.

      Конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің және шарт жобасының ережелеріне түсіндірме беру мәтіні конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.

      Ескерту. 100-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7-параграф. Әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманы немесе конкурстық құжаттаманың жобасын ұсыну

      101. Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап барлық ниет білдірушілерге конкурстық құжаттаманы немесе конкурстық құжаттаманың жобасын веб-порталда тегін алу мүмкіндігі беріледі.

      102. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      103. Веб-порталда конкурс өткізу туралы хабарлау сәтіне дейін конкурстық құжаттаманы не конкурстық құжаттаманың жобасын беруге жол берілмейді.

8-параграф. Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінің мазмұны және оларды беру

      104. Конкурсқа қатысуға өтінім электрондық құжат нысанында веб-портал арқылы конкурстық құжаттамада көрсетілген оны берудің соңғы мерзімі өткенге дейін беріледі және әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарға және шарттарға келісім беру, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары мен Заңның 6-бабында белгіленген шектеулерге сәйкестігін растайтын, өзі туралы мәліметтер алуға келісу нысаны болып табылады.

      105. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінімі конкурстық құжаттаманың нысанында тізбеленген құжаттарды қамтуы тиіс, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің:

      1) Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзушылықтардың болмағандығы туралы;

      2) өзінің және тапсырыс берушінің не ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) арасында Заңда тыйым салынған қарым-қатынастардың болмағандығы туралы;

      3) Заңның 43-бабының 19-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда, шартты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бұзуға келісуі туралы растауды қамтуға тиіс.

      106. Конкурсқа қатысуға өтінім конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушінің тиісті хабарламасын веб-порталмен автоматты түрде жіберу сәтінде қабылданған болып есептеледі.

      107. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға бір ғана өтінім береді.

      108. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі мынадай:

      1) әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға бұрын өтінім берген;

      2) конкурсқа қатысуға өтінім веб-порталға осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түскен;

      3) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен;

      4) Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда, веб-портал оны автоматты түрде кері қайтаруға тиіс.

      Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап кем дегенде күнтізбелік алпыс күнді құрайды және конкурстық құжаттамада белгіленген талап етілетін мерзімге сәйкес келуі тиіс.

      Ескерту. 108-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      109. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.

      Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізген кезде өтінім берілді деп есептеледі.

      Ескерту. 109-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      110. Әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде өзі енгізген конкурсқа қатысу өтінімін қамтамасыз етуді қайтаруға құқықтарын жоғалтпастан, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін кез келген уақытта өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертеді немесе кері қайтарып алады.

      Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін оны қайтарып алуға жол берілмейді.

      111. Осы Қағидалардың 126-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

      112. Әлеуетті өнім берушіге конкурстық құжаттамаға сәйкес талап етілетін мемлекеттік ақпараттық жүйелерге және (немесе) мемлекеттік дерекқорға жүгіну арқылы не электрондық нысанды толтырып, веб-порталды пайдалану арқылы алынған жекелеген құжаттарды ұсынуға жол беріледі.

9-параграф. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету

      113. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

      Конкурста бірнеше лот бойынша қатысу жағдайында әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әрбір лот бойынша жеке-жеке ұсынуға құқылы.

      Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сәйкестігін әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінім берген кезде Веб-портал автоматты түрде айқындайды.

      Ескерту. 113-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 28.02.2020 № 205 (01.03.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      114. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің біреуін таңдайды:

      1) әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;

      2) электрондық құжат нысанында ұсынылатын банк кепілдік. Банктік кепілдікті Заңның 50-бабында көзделген жағдайларда қағаз тасығышта ұсынуға жол беріледі.

      Әлеуетті өнім берушінің электрондық әмияндағы ақшаның тұтастай не бір бөлігінің үшінші тұлғаларда талап ету құқығының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      Осы Қағидаларының 117-1 және 118-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бірыңғай оператордың электрондық әмияндағы ақшаны пайдалануына жол берілмейді.

      Ескерту. 114-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      115. Алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      116. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      117. Электрондық банктік кепілдік түрінде енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай:

      1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;

      2) конкурс жеңімпазы шарт жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайлардың бірі туындаған кезде әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.

      Ескерту. 117-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      117-1. Электрондық әмиян арқылы енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бірыңғай оператор бұғаттайды және мынадай:

      1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;

      2) конкурс жеңімпазы шарт жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда қайтармайды.

      Ескерту. 117-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      118. Осы Қағидалардың 117 және 117-1-тармақтарында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кіріс есебіне жатқызылады.

      Бірыңғай оператор тапсырыс берушіден өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, егер әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарса немесе шарт жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбесе, әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянынан тапсырыс берушінің өтінішінде көрсетілген шотқа өтінімді қамтамасыз ету бойынша оқшауланған ақшаны аударуды веб-портал арқылы жүзеге асырады.

      Ескерту. 118-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      119. Ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді электрондық банктік кепілдік түрінде қамтамасыз етуді мынадай:

      1) ашу хаттамасын орналастырған жағдайда осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қайтарып алған;

      2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

      3) әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғанда және онымен шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес (бар болса) соманы енгізген жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.

      Ескерту. 119-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      119-1. Бірыңғай оператор әлеуетті өнім берушіге ол оқшаулаған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайларда:

      1) осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін кері қайтарып алған;

      2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

      3) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойған және ол мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес соманы (бар болса) енгізген жағдайда автоматты түрде бұғаттан шығарады.

      Ескерту. 119-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      119-2. Әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянында орналастырылған ақшаны қайтару туралы талап етуі бойынша бірыңғай оператор осындай талап түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларға қатысты бұғаттау немесе бұғаттау тоқтатылған, көрсетілген ақшаны қайтарады.

      Ескерту. 119-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Параграф 10. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу

      120. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашуды конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін веб-портал автоматты түрде бес минут ішінде жүзеге асырады.

      121. Егер конкурсқа (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім конкурсқа (лотқа) берілген болса, онда мұндай өтінім де осы Қағидаларға сәйкес ашылады және қаралады.

      122. Осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысу өтінімдерді ашу хаттамасын оны ашу жүргізілген кезден бастап веб-портал автоматты түрде орналастырады. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінім берген конкурстық комиссия мүшелеріне, әлеуетті өнім берушілерге веб-портал хабарламаларды автоматты түрде жібереді.

      123. Конкурстық баға ұсыныстарын қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін басқа да әлеуетті өнім берушілердің осы конкурсқа қатысуға берген өтінімдерін көруге қол жеткізу қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 123-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Параграф 11. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау

      124. Конкурстық комиссия, біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында, веб-портал арқылы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды.

      125. Конкурстық құжаттама техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қамтыған жағдайларды қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияның хатшысы, олар құрылған (тартылған) жағдайда, сараптау комиссиясына не сарапшыға әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктерін олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында ұсынады.

      125-1. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау кезінде конкурстық комиссия Заңның 27-бабының 5-тармағына сәйкес:

      1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды оңайлату үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұрайды;

      2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында, тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұрайды.

      Ескерту. 11-параграф 125-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      126. Конкурстық комиссия біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы веб-порталда орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді.

      Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығы мынадай:

      1) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған;

      2) біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптары бойынша анық емес ақпарат берген;

      3) конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген не оны осы Қағидаларда айқындалған мөлшерде енгізбеген әлеуетті өнім берушілерге берілмейді.

      Ескерту. 126-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      127. Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі нысанасына конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы ресімделеді, оған конкурстық комиссияның төрағасы мен барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді алдын ала қарау туралы шешім қабылданған күні қол қояды.

      128. Заңның 27-бабы 3-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің қабылдамау себептері егжей-тегжейлі сипатталған, оның ішінде олардың біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін мәліметтері және растайтын құжаттары көрсетілген тізбесі, сонымен қатар конкурсқа қатысуға берілген өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы ақпарат;

      2) әлеуетті өнім берушіге веб-портал арқылы ұсынылатын біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге жататын қажетті құжаттардың тізбесін.

      Ескерту. 128-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      129. Әлеуетті өнім берушілер біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес болған жағдайда, конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы рәсімделмейді.

      130. Конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешімі конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап он жұмыс күн ішінде қабылданады және конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта бойынша автоматты түрде хабардар ете отырып, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес веб-порталда орналастырады.

      131. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға веб-порталда конкурстық комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

      132. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір келтіруге құқығы бар, ол конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға қоса беріледі және құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда орналастырылады.

      Конкурстық комиссияның тиісті конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамада конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда конкурстық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда орналастырады.

      133. Осы Қағидалардың 126-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін, конкурстық комиссияның хатшысы веб-портал арқылы біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қарау рәсіміне бастамашылық жасайды.

      134. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтадан қарау кезінде конкурстық комиссия:

      1) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттаманың тізбесінде көзделген әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген құжаттар тізбесі бойынша олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірудің толықтығы мәніне қайта қарайды;

      2) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген құжаттардың толық тізбесін бермеген және біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірмеген әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;

      3) Заңның 27-бабы 5-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерден біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарастыруды, бағалауды және салыстыруды оңайлату үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы;

      4) Заңның 27-бабы 5-тармағына сәйкес біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысу өтінімдерінде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы.

      Ескерту. 134-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      135. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді осы Қағидалардың 126-тармағында белгіленген мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімде жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сұрау салу жіберуіне және өзге де әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      136. Әлеуетті өнім берушілердің банкроттық не тарату рәсіміне қатысы жоқтығы бөлігінде, олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттық не тарату рәсімдерін өткізуге бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды.

      137. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қараған кезде, әлеуетті өнім берушілерді, конкурстық комиссияның алдын ала рұқсат беру хаттамасында көзделмеген негіздер бойынша қабылдамауға жол берілмейді.

      138. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіргеннен кейін, егер:

      1) ол және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) біліктілік талаптарына және Заңда және осы Қағидаларда айқындалған негіздер бойынша конкурстық құжаттаманың шарттарына сәйкес емес деп айқындалса;

      2) ол Заңның 6-бабында көзделген талаптарды бұзған болса конкурсқа қатысуға (конкурсқа қатысушы деп танылмайды) жіберілмейді.

      139. Егер әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 138-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамада конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдамау үшін негіз болған, растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетіле отырып, мұндай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін қабылдамаудың негіздемелері көрсетіледі.

      140. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтадан қарау нәтижелері бойынша:

      1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және конкурсқа қатысушылар деп таниды;

      2) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды қолданады және есептейді;

      3) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілген әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін қайта ұсыну мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттаманы ресімдейді.

      Ескерту. 140-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      141. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысының хаттамасына электрондық көшірме нысанындағы конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетіні туралы сарапшының қорытындысы, бар болған жағдайда сараптау комиссиясы мүшесінің ерекше пікірі тіркеледі.

      142. Заңның 28-бабы 2-тармағына сәйкес конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру туралы;

      2) осы Қағидалардың 134-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес конкурстық комиссияның сұрау салулары туралы;

      3) конкурсқа қатысуға берілген өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қабылдамау себептері егжей-тегжейлі сипатталып, оның ішінде біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетіле отырып, олар туралы ақпарат;

      4) конкурстық комиссияның конкурстық құжаттамада көзделген конкурстық баға ұсынымына әсер ететін өлшемшарттарды қолдануы туралы:

      5) ең төмен шартты баға негiзiнде конкурс жеңiмпазын айқындау туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

      Ескерту. 142-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      143. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттамаға веб-порталда конкурстық комиссияның барлық мүшелері қол қояды және оны конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы шешім қабылданған күні веб-порталда жариялайды.

      144. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 28.02.2020 № 205 (01.03.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      145. Тиынмен есептелген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомаларын тиындардың сомаларына қарамастан бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      146. Әлеуетті өнім беруші қатысатын конкурста конкурс лоттарының жалпы сомаларына өтінімді қамтамасыз етуді енгізуге жол беріледі.

      147. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 28.02.2020 № 205 (01.03.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      148. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 28.02.2020 № 205 (01.03.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      149. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 28.02.2020 № 205 (01.03.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      150-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2021 дейін қолданыста болады) бұйрығымен.

      150. Әлеуетті өнім беруші (конкурсқа қатысушы болып танылған) конкурсқа жіберілмейді егер:

      1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы келесі негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:

      мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде олар туралы мәліметтер расталатын рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған (бағытталған) рұқсаттардың (хабарламалардың) болмауы. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған (бағытталған) тиісті рұқсаттардың (хабарламалардың) нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсынады;

      әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынбауы;

      мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде анықтайтын оның қаржылық орнықтылығы бөлігінде әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

      мемлекеттік кірістер органының мәліметтерінің негізінде веб-порталмен автоматты түрде анықталатын тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселеген мөлшерінен асатын салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі туралы болуы;

      конкурстық құжаттаманың 5, 5-1, 6 және 7-қосымшаларына сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді ұсынбауы, сондай-ақ толық емес ұсынуы;

      әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада белгіленген сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;

      конкурстық құжаттамада көрсетілген, шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарына ие болуы бөлігінде әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкес болмауы;

      біліктілік талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берілмеу фактісі анықталса;

      банкроттық не тарату рәсіміне жатса;

      2) егер оның конкурсқа қатысуға өтінімі келесі негіздемелер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:

      конкурстық құжаттама техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қамтыған жағдайды қоспағанда, техникалық ерекшелікті ұсынбау;

      әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынуы, сондай-ақ техникалық ерекшелікте талап етілетін құжаттарды ұсынбауы;

      конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлерін орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді бермеу (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан жағдайда);

      қосалқы мердігерлер туралы мәліметтерді берген жағдайда, әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) жұмыстар көлемінің (құрылыс құнының) екіден бірінен астам жиынтығын қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) беру;

      конкурстық құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бермеу;

      конкурстық өтінімде ұсынылған құжаттар бойынша дәйексіз мәліметтер ұсыну фактісі анықталды;

      3) мемлекеттік сатып алуларға қатысуға байланысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулер болса. Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша, әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі веб-порталдың автоматты түрде кері қайтаруына жатады. Заңның 6-бабы 1-тармағының 7), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша, конкурстық комиссия тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарындағы ақпаратты қарастырады.

      Ескерту. 150-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2021 дейін қолданыста болады) бұйрығымен.

      151. Сараптау комиссиясы не сарапшы конкурстық комиссияның төрағасы белгілеген мерзімде, бірақ конкурсқа қатысу өтінімдерді қарау мерзімінен кешіктірмей:

      1) өз құзыретінің шегінде әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін растау үшін олар берген құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресімделуі тұрғысынан қарайды және зерделейді;

      2) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі туралы сараптама қорытындысын ресімдейді, оған қол қояды және конкурстық комиссияның хатшысына ұсынады.

      Сараптамалық қорытындыда әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің (олар болған жағдайда) функционалдық мүмкіндіктері, техникалық параметрлері, сапалық сипаттамалары мен пайдалану шарттары конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде көрсетілген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамаларына қарағанда асып түсетіні туралы ақпаратты қамтуы тиіс.

      152. Сараптамалық қорытындыға сарапшы ерекше пікірін білдіретін жағдайларды қоспағанда, барлық сарапшылар қол қояды және әр бетіне бұрыштама соғады.

      Сараптамалық қорытындыны алғаннан кейін конкурстық комиссияның хатшысы сараптамалық қорытындыны веб-порталда орналастырады және веб-портал арқылы хабарламаларды конкурстық комиссияның барлық мүшелеріне таратады. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді сараптамалық қорытындыны ескере отырып қарайды.

      152-1. Конкурстық құжаттама конкурстық баға ұсынысына әсер ететін мынадай өлшемшарттар:

      1) әлеуетті өнім берушіде өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жылдың ішіндегі жұмыс тәжірибесінің болуы;

      2) төленген салықтар көрсеткіші;

      3) тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстар көзделеді.

      Ескерту. 11-параграф 152-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      153. Конкурсқа қатысуға бір өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, конкурстық комиссия конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттаманы қалыптастыру кезінде, осы Қағидалардың 152-1-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қолданылатын, конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдерге сәйкес шартты жеңілдіктерді анықтайды.

      Әлеуетті өнім беруші осы өлшемдерді растайтын құжаттарды бермеген жағдайда конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге тиісті шартты жеңілдікті қолданбайды. Шартты жеңілдіктерді қолдану үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған талаптар шартқа енгізіледі.

      Ескерту. 153-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      154. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарлар, көрсетілетін қызметтер нарығындағы болған жұмыс тәжірибесінің әрбір жылы үшін нөл бүтін оннан бес (0,5 %) пайыз, бірақ бес пайыздан аспайтын шартты жеңілдік береді.

      Сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болғаны үшін шартты бағаға пайыздық әсерді конкурстық құжаттамаға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 154-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      155. Егер әлеуетті өнім берушінің бас мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс мәні болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша бір пайыз (1 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

      Егер әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс мәні болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

      Егер бір жылдың ішінде әлеуетті өнім беруші конкурста сатып алынатын, оның ішінде біреуден артық құрылыс объектісінде осындай (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан екі пайыз (0,2 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді. Егер бұл жұмыстарды әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігер ретінде орындаса, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан бір пайыз (0,1 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

      Құрылыс объектісі деп бір азаматтық-құқықтық шарт шеңберінде орындалған, нысанасы өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасына сәйкес келетін жұмыстар түсініледі.

      Егер конкурстың нысанасы құрылыспен байланысты емес жұмыстар болып табылған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстардың түрлеріне ұқсас (сондай) келесі орындалған әрбір жұмыс үшін нөл бүтін оннан екі (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

      Жұмыстар деп бір азаматтық-құқықтық шарт шеңберінде орындалған, нысанасы өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасына сәйкес келетін жұмыстар түсініледі.

      Егер конкурс (лот) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын болса, осы өлшемнің конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері бес пайыздан аспайды.

      Егер конкурс (лот) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі жүз мың еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда, осы өлшемнің конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері он пайыздан аспайды.

      Жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсерді конкурстық құжаттамаға 5 және 5-1-қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 155-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      156-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2023 дейін қолданыста болады) бұйрығымен.

      156. Егер әлеуетті өнім берушінің төленген салық көрсеткіші төрт пайыздан астам болған жағдайда, веб-портал автоматты түрде әрбір оннан бір (0,1) пайыздан асатын әрбір ондық (0,1) пайыз үшін оннан бір (0,1) пайыз мөлшерінде, бірақ үш пайыздан аспайтын шартты жеңілдік береді.

      Ескерту. 156-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2021 бастап қоланысқа енгізіледі және 01.01.2022 дейін қолданыста болады) бұйрығымен.
      157. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      158. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      159. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      160. Егер тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) неғұрлым жақсы функционалдық, техникалық, пайдалану және сапалық сипаттамалар, технологиялық шешімдер және (немесе) жұмыстарды неғұрлым жақсы материалдардан жасау ұсынылса, әлеуетті өнім берушінің тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге техникалық ерекшелігінің конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық ерекшелікке сәйкес болмауына жол беріледі.

      161. Конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия осы конкурста сатып алынатын тауарларды беру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету нарығында ғана, оның ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ұқсас түрлері бойынша жұмыс тәжірибесін қарайды.

      162. Тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары өлшемшарттары және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстар сараптау комиссиясының не сарапшының (ол болған жағдайда) қорытындысына сәйкес қолданылады. Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері он пайыздан аспауға тиіс.

      Ескерту. 162-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      163. Егер әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінімінде ұсынылған техникалық ерекшеліктегі тауарлардың функционалдық сипаттамасы конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген тауарлардың шекті мүмкіндігінен асқан жағдайда, конкурстық комиссия әр мүмкіндігі үшін нөл бүтін оннан бес (0,5 %) пайыз белгілейді. Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері үш пайыздан (3%) аспайды.

      Ескерту. 163-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      164. Егер әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінің техникалық ерекшеліктерінде ұсынылған тауарлардың техникалық сипаттамалары конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшеліктерінде белгіленген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің параметрлерінен асып түскен (жақсартқан) жағдайда, конкурстық комиссия әрбір артық параметр үшін нөл бүтін оннан бес (0,5 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік белгілейді. Конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына осы өлшемшарттың жиынтық пайыздық әсері үш пайыздан (3 %) аспауға тиіс.

      Ескерту. 164-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      165. Егер әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінің техникалық ерекшеліктерінде ұсынылған тауарлардың сапалық сипаттамалары конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген тауардың талаптарынан және мақсаттарынан асқан (жақсартқан) жағдайда, конкурстық комиссия осы сипаттама үшін бес (5 %) пайыз белгілейді.

      Ескерту. 165-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      166. Егер әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінің техникалық ерекшеліктерінде белгіленген тауарлардың пайдалану сипаттамалары (пайдалану мерзімі, тасымалдау, сақтау шарттары, пайдалану шығындары, техникалық қызмет көрсету және жөндеу) конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген шарттарынан асқан (жақсартқан) жағдайда, конкурстық комиссия әрбір асқан шарттар үшін нөл бүтін оннан бес (0,5 %) пайыз белгілейді. Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері үш пайыздан аспауға тиіс (3 %).

      167. Сараптау комиссиясының не сарапшының қорытындысы болмаған жағдайда конкурстық комиссия осы Қағидалардың 166-тармағында көзделген өлшемшарттарды қолданбайды.

      168. Егер конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателіктер болса, ол конкурстық құжаттама талаптарына сай деп танылады.

Параграф 12. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру

      169. Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан конкурсқа қатысуға өтінімді қарау қорытындылары бойынша конкурстық баға ұсыныстарын веб-портал автоматты түрде ашады.

      170. Веб-портал автоматты түрде конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын салыстырылады және неғұрлым аз шартты баға негізінде конкурс жеңімпазын анықтайды.

      171. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру қорытындысы бойынша екінші орын алған конкурсқа қатысушы неғұрлым аз шартты бағадан кейінгі шартты баға негізінде айқындалады.

      172. Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес веб-портал автоматты түрде айқындайтын төленген салықтардың үлкен көрсеткіші бар конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.

      Төленген салықтың көрсеткіштері тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрынырақ келіп түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.

      Ескерту. 172-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      173. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру нәтижелері осы Қағидалардың 142-тармағына сәйкес конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамада орналастырылады.

Параграф 13. Конкурсқа қатысуға өтінімнің демпингтік бағасын айқындау тәртібі

      174. Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстарға арналған қатысуға өтiнiмнiң бағасы техникалық-экономикалық негiздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы даярлау үшiн) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада (жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжат) көрсетілген бағадан он пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады.

      Ескерту. 174-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      174-1.Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      175. Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң техникалық-экономикалық негiздемені, жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) және қала құрылысы жобалары құжаттаманы әзірлеу бойынша қатысуға өтiнiмнiң бағасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14642 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 232-НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі Мемлекеттік нормативке сәйкес тапсырыс беруші есептеген бағадан он бес пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады.

      Ескерту. 175-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      175-1. Әлеуетті өнім берушінің (аккредиттелген сараптамалық ұйымның) "Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 780 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12681 болып тіркелген) сәйкес белгіленген бағадан ол төмен болса, демпингтік деп танылады.

      Ескерту. 13-параграф 175-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      176. Егер әлеуетті өнім берушінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер (техникалық және авторлық қадағалау, жобаны басқару) көрсетуге арналған конкурстық өтінімінің бағасы бекітілген мемлекеттік нормативтерге сәйкес есептелген бағадан он бес пайыздан астамға төмен болған жағдайда, ол демпингтік деп танылады.

      Ескерту. 176-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      177. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің бағасы тауарларға, жұмыстарға (осы Қағидалардың 174, 175, 175-1-тармақтарында көзделген жұмыстарды қоспағанда), қызметтерге (осы Қағидалардың 176-тармағында көзделген қызметтерді қоспағанда) егер конкурсқа бөлінген бағасынан жиырма пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтік деп танылады.

      Ескерту. 177-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      178. Әлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша, демпингтік деп танылмайтын, рұқсат етілетін ең төмен бағадан төмендетілген сомаға тең мөлшердегі соманы енгізу шартымен осы Қағидалардың 177-тармағында көзделген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша демпингтік баға ұсынуға рұқсат етіледі.

      Ескерту. 178-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      178-1. Осы Қағидалардың 174-176-тармақтарымен көзделген жағдайларда демпингтік баға ұсынуға рұқсат етілмейді.

      Ескерту. 13-параграф 178-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Параграф 14. Конкурсты өтпеді деп тану негiздері

      179. Конкурс мынадай негіздердің бірі бойынша:

      1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;

      2) конкурсқа қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылғанда;

      3) егер конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе;

      4) егер конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілсе, өтпеді деп танылады.

      180. Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылса, тапсырыс беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;

      2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы.

      Конкурс тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші Заңның 29-бабының 3-тармағына сәйкес бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды мынадай:

      1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмаған жағдайда жүзеге асырады. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту жіберілетін әлеуетті өнім берушіні тапсырыс беруші айқындайды;

      2) конкурсқа қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылған жағдайда жүзеге асырады. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту конкурсқа қатысуға арналған өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушіге жіберіледі. Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға арналған өтінімде көрсетілген конкурстық баға ұсынысынан аспауға тиіс.

      Ескерту. 180-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Параграф 15. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекшеліктері

      181. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу уәкілетті орган бекіткен туарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мынадай:

      1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің егжей-тегжейлі өзіндік ерекшелігін тұжырымдау әрі олардың техникалық және өзге де сипаттамаларын айқындау қиын және (немесе) әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстарын сұрату не туындаған мәселелер бойынша олармен келіссөз жүргізу қажет болған;

      2) зерттеулер, эксперименттер, іздестірулер жүргізу немесе әзірлемелер жасау қажет болған;

      3) инновациялық және жоғары технологиялық тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін.

      Ескерту. 181-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      182. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай дәйекті кезеңдердің жиынтығын білдіреді:

      1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:

      тапсырыс берушінің ұйымдастырушыны айқындауы;

      ұйымдастырушының сараптама комиссиясын құруы не сарапшыны айқындауы;

      тапсырыс берушінің қажеттілігі негізінде сараптау комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге техникалық тапсырманы қалыптастыруы;

      екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруды веб-порталда орналастыру;

      ұйымдастырушының екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырма беруі;

      әлеуетті өнім берушілердің техникалық тапсырмаға сәйкес әзірленген техникалық ұсыныстарды беруі;

      сараптау комиссиясының не сарапшының әлеуетті өнім берушілердің техникалық ұсыныстарын қарауы және олар сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына, оларды берудің (орындаудың, көрсетудің) шарттық талаптарына қатысты мәселелерді талқылау;

      сараптау комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуі;

      ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және оны тапсырыс берушінің бірінші басшысының не оның міндетін атқаратын адамның, не жауапты хатшының немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамның бекітуі;

      ұйымдастырушының бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақырту жіберуі;

      2) екінші кезеңде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін көзделген іс-шаралар жүзеге асырылады.

      Ескерту. 182-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      183. Егер әлеуетті өнім беруші екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне қатысса, ол конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Параграф 16.01.04.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

Параграф 16. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсты жүзеге асырудың ерекшеліктері

      184. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен Заңның 31-бабы 1-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 184-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      185. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс мынадай реттілігімен жүзеге асырылады:

      1) бірінші кезеңде біліктілік органы білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастырады;

      2) екінші кезеңде тапсырыс беруші білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне енгізілген әлеуетті өнім берушілер арасында конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.

      Ескерту. 185-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      186. Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне қосу үшін осы Қағидаларға 4-1-қосымшаның шарттарына сәйкес келуі тиіс.

      Ескерту. 186-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      187. Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесі біліктілік органымен тиісті ақпараттық жүйелердің мәліметтерінің негізінде автоматты түрде қалыптасады.

      Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген шектеулері бар әлеуетті өнім берушілер қосылмайды.

      Ескерту. 187-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      188. Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесі осы Қағидалардың 4-2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қалыптасады.

      Ескерту. 188-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      189. Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесінде келесі мәліметтер көрсетіледі:

      1) Заңның 31-бабының 1-тармағында көзделген Мемлекеттік сатып алу біліктілікті алдын ала іріктей отырып, конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне (бұдан әрі-тізбе) сәйкес әлеуетті өнім берушінің қызмет саласы;

      2) білікті әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат:

      әлеуетті өнім берушінің атауы;

      әлеуетті өнім берушінің елі;

      Қазақстан Республикасының резиденттері үшін-бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (жеке тұлға үшін);

      Ресей Федерациясының резиденттері үшін-салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ССН) (заңды тұлғалар үшін), жеке дербес шоттың сақтандыру нөмірі (ЖДШСН) (жеке тұлғалар үшін);

      Беларусь Республикасының резиденттері үшін – төлеушінің есептік нөмірі (ТЕН) (заңды тұлғалар үшін);

      3) әлеуетті өнім берушіні Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне енгізуге негіз болған құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні.

      Ескерту. 189-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      190. Әлеуетті өнім берушілер білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесінен мынадай:

      1) әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген;

      2) Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулері болған жағдайларда автоматты түрде шығарылады.

      Ескерту. 190-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      191. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурстың екінші кезеңін жүзеге асыру кезде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру тәртібі қолданылады.

      Ескерту. 191-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      192. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      193. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      194. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      195. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      196. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      197. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      198. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      199. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      200. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      201. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      202. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      203. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      204. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      205. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      206. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      207. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      208. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      209. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      210. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      211. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      212. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      213. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      214. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      215. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      216. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      217. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      218. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      219. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      220. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Параграф 17. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекшеліктері

      221. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру тәртібі тапсырыс беруші болып табылатын мемлекеттік органдармен, мемлекеттік мекемелермен және жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындармен қолданылады.

      222. Заңмен көзделген біліктілік талаптарын анықтайтын, сонымен қатар мемлекеттік сатып алуларды өткізудің рәсімдерін және мерзімдерін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алулар Заңға және осы Қағидаларға сәйкес веб-портал арқылы жүзеге асырылады.

      222-1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттама осы Қағидаларға 8-1-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде қалыптастырады.

      Ескерту. 17-параграф 222-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      223. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, жүзеге асырылады.

      224. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа жарғылық мақсаттарына сәйкес қызметін "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 5-бабында көзделген бағыттар бойынша жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар қатысады.

      Ескерту. 224-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      225. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алулар кезінде әлеуетті өнім берушілерге келесі біліктілік талаптары қолданылмайды:

      1) төлем қабілеттілігінің болуы;

      2) шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық ресурстарының болуы.

      Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген талаптар бір қаржы жылынан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуларға қатысушы әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.

      226. Бір қаржы жылынан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алулар кезінде Заңмен және осы Қағидалармен көзделген талаптардан басқа, конкурстық құжаттама әлеуетті өнім берушінің материалдық-техникалық базасына сипаттама және талаптар қамтуы тиіс.

      227. Ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін веб-порталда орналастырады.

      228. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу қайтадан жүзеге асырылған жағдайда, ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу қайтадан жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін веб-порталда орналастырады.

      229. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алуларға қатысуға өтінімдерді ашу ұйымдастырушымен конкурстық құжаттамада көрсетілген өтінімдерді ұсынудың күні және уақыты өткен кезде веб-порталмен автоматты түрде жүзеге асырылады.

      230. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алудың ашу хаттамасы ашылған күні веб-порталда автоматты түрде орналастырылады.

      231. Конкурстық комиссия мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысуға өтінімдерді веб-портал арқылы олардың конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі тұрғысында конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап он жұмыс күн ішінде қарайды.

      232. Бір қаржы жылынан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алулар конкурсына өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия конкурстық құжаттама талаптарына, оның ішінде осы Қағидалардың 226-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушінің өтінімін қабылдамайды.

      233. Ұйымдастырушы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілермен ұсынылатын техникалық ерекшелікті бағалау үшін мынадай өлшемшарттарды көздейді:

      1) әлеуетті өнім берушімен ұсынылған жобаның тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігіндегі талаптарына сәйкестігі;

      2) әлеуетті өнім берушінің қызмет мақсатының Тапсырыс беруші сатып алатын көрсетілетін қызметтерге сәйкестігі (құрылтай құжаттарына сәйкес);

      3) егжей-тегжейлі Іс-шаралар жоспарының Тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізуге сәйкестігі (іс-шаралар атауы және үлгісі, өткізілетін орны мен уақыты, жауапты тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса));

      4) әлеуетті өнім берушінің "Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында" болуы туралы мәліметтері;

      5) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы;

      6) жоба белгілі бір аумақта (астана, республикалық маңызы бар қала, облыс, аудан, қала) іске асырылған жағдайда - үкіметтік емес ұйымның тиісті өңірдегі жұмыс тәжірибесі;

      7) әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың тәжірибесі мен біліктілігі;

      8) жобаны іске асыру тиімді қорытындысын бағалау индикаторларының бар болуы.

      Осы тармақтың 1) - 8) тармақшаларында көзделген өлшемшарттар бойынша баллды есептеу конкурстық құжаттаманың 12-қосымшасына сәйкес есептеледі.

      Ескерту. 233-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      234. 233-тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген өлшемшарттардың бірі бойынша бір баллдан төмен жинаған әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдері жалпы жиналған баллдардың санына қарамастан, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

      Ескерту. 234-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      235. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:

      1) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурс қатысушысы ретінде таниды;

      2) осы Қағидалардың 233-тармағымен көзделген әлеуетті өнім берушілермен ұсынылған техникалық ерекшеліктерді бағалау үшін баллдарды есептейді;

      3) конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілермен ұсынылған конкурстық баға ұсыныстарына осы Қағидалардың 233-тармағында көзделген техникалық ерекшелікті бағалау үшін конкурстық комиссия берген баллдарға қарап шартты азайту бағасын қолданады;

      4) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен (Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нөмірі) көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы осы Қағидаларға 8-2-қосымшаға сәйкес ресімдейді.

      Ескерту. 235-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      236. Барлық өлшемшарттар бойынша конкурстық комиссия қойған баллдар веб-порталмен автоматты түрде қосылып, нәтижесімен әлеуетті өнім берушіге оның техникалық ерекшелігіне баллдармен білдірілген қорытынды баға беріледі.

      237. Техникалық ерекшелігінің 11 баллдан төмен қорытынды бағасы бар әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

      Ескерту. 237-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      238. Егер әлеуетті өнім берушімен осы Қағидалардың 233-тармағымен көзделген өлшемшарттарды растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, конкурстық комиссия олардың техникалық ерекшеліктерін бағалау үшін тиісті баллдарды есептемейді.

      239. Шартқа әлеуетті өнім берушілермен өздерінің техникалық ерекшеліктерін бағалау үшін ұсынылған шарттары енгізіледі.

      240. Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі және олардың техникалық ерекшеліктерін бағалау тұрғысынан қарау нәтижелері бойынша конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілерге конкурстық ұсыныстарды мынадай шартты азайтуды қолданылады:

      1) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 13-тен бастап 17 баллды қоса алғанда құрайтын болса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 10%-ға шартты түрде азайтылады;

      2) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 18-ден бастап 22 баллды қоса алғанда құрайтын болса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 20%-ға шартты азайтылады;

      3) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 23-тен бастап 27 баллды қоса алғанда құрайтын болса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 30%-ға шартты азайтылады.

      4) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 28 баллдан жоғары болса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 40%-ға шартты азайтылады.

      Ескерту. 240-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      241. Конкурстық комиссия осы Қағидалардың 233-тармағымен көзделген баллдарды конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге, оның ішінде конкурсқа қатысуға бір өтінім берілген кезде есептейді.

      242. Конкурсқа қатысуға бір ғана өтінім жіберілген жағдайды қоспағанда, конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсынымдарына бағаны шартты азайтуды қолданады.

      243. Веб-портал автоматты түрде конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын салыстырады және ең төменгі шартты баға негізінде жеңімпазды айқындайды.

      244. Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған жағдайда, сатып алынатын қызметтің нарығында жұмыс тәжірибесі көп конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады.

      Ескерту. 244-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      244-1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын осы Қағидалагрға 8-3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысепн көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт жасалады.

      Ескерту. 17-параграф 244-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      245. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу мынадай негіздердің бірі бойынша:

      1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;

      2) конкурсқа қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылғанда;

      3) егер конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе;

      4) егер конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілсе, өткізілмеді деп танылады.

      246. Егер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылса, тапсырыс беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайта өткізу туралы;

      2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайта өткізу туралы.

      Ескерту. 246-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      247. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      248. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметін қайта мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші Заңның 29-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.

      Ескерту. 248-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      249. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде:

      1) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбейді;

      2) конкурстық комиссия осы Қағидалардың 152-1-тармағында көзделген конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарына әсер ететін өлшемшарттарды қолданбайды;

      3) конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау рәсімдері жүзеге асырылмайды;

      4) конкурсқа қатысуға алдын-ала рұқсат беру рәсімі жүзеге асырылмайды;

      5) Заңның 26-бабының талаптары қолданылмайды. Әлеуетті өнім берішінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға берген өтінімі, егер берілген конкурстық баға ұсынысы осы Қағидалардың 177-тармағына сәйкес демпингтік болып танылса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

      Ескерту. 249-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      250. Осы Қағидаларда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтеріне мемлекеттік сатып алу жүргізу бойынша конкурс жүзеге асырылған кезде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі қолданылады.

6. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
1-параграф. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу

      251. Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу мынадай реттілікпен іс-шараларды орындауды көздейді:

      1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушінің ұйымдастырушыны және алдағы мемлекеттік сатып алуда соңғысының мүдделерін білдіретін тапсырыс берушінің уәкілетті өкілін айқындауы;

      2) тапсырыс берушінің ұйымдастырушыға аукционды ұйымдастыру және өткізу үшін ақпараттар мен құжаттарды ұсынуы не тапсырыс берушінің бірыңғай ұйымдастырушыға аукционды ұйымдастыруға және өткізуге тапсырманы ұсынуы;

      3) тапсырыс берушiнің бірыңғай ұйымдастырушыға веб-портал арқылы аукционды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының тармақтарын жіберуі;

      4) аукциондық комиссияның құрамын, сараптау комиссиясының құрамын не сарапшыны (қажет болғанда) айқындау және бекіту, аукциондық комиссияның хатшысын айқындау;

      5) аукциондық құжаттаманың жобасын бекіту;

      6) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаны, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың мәтінін веб-порталға орналастыру;

      7) аукциондық құжаттаманың жобасын веб-портал арқылы алдын ала талқылау және аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылаудың хаттамасын, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың мәтінін веб-порталға орналастыру;

      8) әлеуетті өнім берушілердің электрондық құжат нысанындағы аукционға қатысуға өтінімдерін ұсынуы және оларды веб-порталда автоматты түрде тіркеу;

      9) өтінімдерді автоматты түрде ашу және тиісті ашу хаттамасын

      веб-порталға орналастыру;

      10) аукциондық комиссияның веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға арналған өтінімдерін біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің болмауы тұрғысынан қарауы;

      11) әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға арналған өтінімдерін біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруі;

      12) әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген аукционға қатысуға арналған өтінімдерін қайта қарау;

      13) біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау және оларды аукционға қатысушы деп тану;

      14) аукционға қатысушылардың бастапқы бағаларын веб-порталмен автоматты түрде салыстыру, аукционның ең төменгі бастапқы бағасын айқындау және аукционға қатысуға рұқсат беру хаттамасын орналастыру;

      15) аукционды веб-портал арқылы өткізу;

      16) аукционның қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталда автоматты түрде қалыптастыру және орналастыру;

      17) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама негізінде жеңімпазбен шарт жасасуы.

      252. Аукцион бір лотқа өткізіледі, бұл ретте тауар аукцион мәні болып табылады.

      253. Тауар жеткізудің бірнеше орны болған жағдайда аукцион тәсілімен өткізілетін лотта тауар жеткізудің бірнеше орнын көрсетуге жол беріледі.

2-параграф. Тапсырыс берушінің ұйымдастырушыға (бірыңғай ұйымдастырушыға) аукционды ұйымдастыру және өткізу үшін ақпараттар мен құжаттарды ұсынуы

      254. Тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайларды қоспағанда, аукционды жүргізу үшін тапсырыс беруші ұйымдастырушыға қазақ және орыс тілдерінде техникалық ерекшелікті және шарттың жобасын ұсынады.

      Сонымен қатар, мынадай:

      1) негізгі (орнатылған) жабдықты, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуді (лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді) толық жинақтау, жаңғырту және толық жарақтандыру үшін;

      2) тауарды лизингке беру қызметін жеткізушіні айқындау және лизинг мәнін толық айқындау қажеттілігінің туындауы үшін;

      3) тапсырыс берушіде бар тауарды (жабдықты) жөндеу және (немесе) оған техникалық қызмет көрсету үшін мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, егер тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өндірістік үлгілерге, тауардың шығу орнының атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ өзге де сипаттамаларға көрсетілімдер жекелеген әлеуетті өнім берушіге сатып алынатын тауардың тиесілігін айқындаған жағдайда, аукциондық құжаттамада мұндай көрсетілімдердің болуына жол берілмейді.

      255. Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды аукцион тәсілімен ұйымдастыруды және жүргізуді тапсырыс берушінің мынадай құжаттарды:

      1) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға немесе жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қол қойған, аукциондық комиссияның құрамына енгізу үшін тапсырыс берушінің өкілдері ішінен кандидатуралар көрсетілген тапсырыс берушінің аукцион өткізуге өтінімін;

      2) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға, не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам бекіткен аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікті, шарт жобасын және құрылған (тартылған) жағдайда сараптау комиссиясының құрамын не сарапшыны қамтитын қазақ және орыс тілдеріндегі тапсырманы ұсынуы негізінде жүзеге асырады.

      Ескерту. 255-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      255-1. Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды аукцион тәсілімен ұйымдастыруды және жүргізуді тапсырыс берушінің мынадай құжаттарды:

      1) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға немесе жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қол қойған, тапсырыс берушінің аукцион өткізуге өтінімін;

      2) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға, не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам бекіткен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының ерекшеліктерін көрсете отырып, техникалық ерекшеліктің жобасын қамтитын қазақ және орыс тілдеріндегі тапсырманы ұсынуы негізінде жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-параграф 255-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-параграф. Аукциондық комиссияның құрамын, сараптау комиссиясының құрамын не сарапшыны (қажет болғанда) айқындау және бекіту, аукциондық комиссияның хатшысын айқындау

      256. Аукционды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы әрбір аукционға жеке аукциондық комиссия бекітеді және аукциондық комиссияның хатшысын айқындайды.

      257. Аукциондық комиссия құру және аукциондық комиссия хатшысын айқындау туралы шешімді ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға не Заңның 21-бабы 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.

      Ескерту. 257-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      258. Егер тапсырыс беруші өзі тікелей не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесі (лауазымды адам) атынан ұйымдастырушы болып шыққан жағдайда аукциондық комиссия құру және аукциондық комиссия хатшысын айқындау туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға немесе Заңның 21-бабы 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.

      Ескерту. 258-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      259. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырған жағдайда аукциондық комиссия құру және аукциондық комиссия хатшысын айқындау туралы шешімді бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға қабылдайды.

      260. Сатып алынатын тауарлардың техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеу үшін тапсырыс беруші қажет болғанда сараптау комиссиясын құрады не сарапшы тартады.

      261. Аукциондық комиссияның төрағасы және басқа да мүшелері аукциондық комиссияның мүшелері болып табылады. Аукциондық комиссияның мүшелері өтінімдерді қарайды және дауыс беруге ауысу құқығынсыз қатысады.

      Аукциондық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде үш тұлға болуы тиіс.

      Бірыңғай ұйымдастырушы құратын аукциондық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде бес адам болуы тиіс.

      262. Осы Қағидалардың 22, 24 және 25-тармақтарында көзделген жағдайларда ұйымдастырушының бірінші басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға аукциондық комиссияның төрағасы болып айқындалады.

      Осы Қағидалардың 21, 23-тармақтарында көзделген жағдайларда тапсырыс берушінің бірінші басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға аукциондық комиссияның төрағасы болып айқындалады.

      263. Аукциондық комиссия төрағасы болмаған жағдайда аукциондық комиссия құрамы қайта бекітіледі. Бұл ретте, бірінші басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға, ал ол болмаған жағдайда – бірінші басшы аукциондық комиссияның төрағасы болып айқындалады.

      Бірыңғай ұйымдастырушы құрған аукциондық комиссия қайта бекітілген жағдайда, тапсырыс берушінің не Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің бірінші басшының міндетін атқаратын лауазымды тұлға аукциондық комиссияның төрағасы болып айқындалады.

      264. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомствалық және аумақтық бөлімшелері, ведомаставлық бағынысты мемлекеттік заңды тұлғалардың, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың шеңберінде аукцион жүргізілген кезде, тапсырыс берушінің бірінші басшысы аукциондық комиссияның төрағасы болып айқындалады.

      Ескерту. 264-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      265. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган, атқарушы орган бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде аукцион өткізген кезде тапсырыс берушінің бірінші басшысы аукциондық комиссияның төрағасы болып айқындалады.

      Ескерту. 265-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      266. Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда аукциондық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысы, ал егер аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сомасы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен асатын болса тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің әкімі болып анықталады.

      Орталық атқарушы органдардың қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша аукцион өткізген кезде аукциондық комиссияның төрағасы орталық атқарушы органның бірінші басшысы немесе осы Қағидалардың 28-2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, оның міндетін атқарушы тұлға айқындалады.

      Ескерту. 266-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      267. Алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      268. Алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      269. Аукциондық комиссияның төрағасы:

      1) аукциондық комиссияның қызметін басқарады;

      2) осы Қағидаларда көзделген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

      270. Аукциондық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және шарт жасасқан күні өз қызметін тоқтатады.

      271. Аукциондық комиссияның шешімі веб-портал арқылы дауыс берумен қабылданады және егер аукциондық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда аукциондық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Аукциондық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы аукциондық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады.

      Аукциондық комиссияның тиісті хаттамаларында аукциондық комиссия төрағасының қолын қоспағанда, аукциондық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда аукциондық комиссия хатшы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда жариялайды.

      272. Аукциондық комиссияның ұйымдастыру қызметін аукциондық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Аукциондық комиссия хатшысы аукциондық комиссияның мүшесі болып табылмайды және аукциондық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы жоқ.

      Аукциондық комиссияның хатшысы ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесінің лауазымды тұлғаларынан айқындалады.

      Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырған жағдайда, аукциондық комиссияның хатшысы бірыңғай ұйымдастырушының лауазымды тұлғаларынан айқындалады.

      273. Аукциондық комиссияның хатшысы:

      1) аукциондық құжаттаманың жобасын қалыптастырады және

      веб-порталда жариялайды;

      2) веб-порталда аукцион өткізілетіні туралы хабарландыруды, аукциондық құжаттаманың жобасын алдын-ала талқылау хаттамасын, аукционға қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын, болған жағдайда аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын, аукционға рұқсат хаттамасын, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамасын, сондай-ақ болған кезде басқа да құжаттарды жариялайды;

      3) веб-порталда сараптау комиссиясының не болған жағдайда сарапшының қорытындысын жариялайды;

      4) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      274. Аукционды ұйымдастыру және жүргізу кезінде ұйымдастырушы не онымен бір тұлға атынан шығатын тапсырыс беруші Заңның 32-бабының 4-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың аукциондық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды.

      Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын не сарапшыны бекітеді.

      Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, бірыңғай ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын не сарапшыны бекітеді.

      Сараптау комиссиясын құру немесе сарапшы тарту туралы шешімді ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда сараптау комиссиясын құру туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда сараптау комиссиясын құру туралы шешімді бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға қабылдайды.

      Ескерту. 274-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      275. Аукцион өткізу басталғанға дейін аукциондық комиссия мүшелері, аукциондық комиссияның хатшысы, сондай-ақ сараптау комиссиясы не сарапшы аукциондық құжаттаманың бекітілген жобасымен және оған қосымшалармен танысады.

      276. Сараптау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары және басқа да мүшелері сараптау комиссиясының мүшелері болып табылады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды. Сараптау комиссиясы мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде үш адам болуы тиіс.

      277. Аукционды ұйымдастыру және өткізу кезінде сараптау комиссиясы не сарапшы әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сараптамалық қорытынды береді және аукциондық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру олардың құқығы болмайды.

      278. Аукциондық комиссия сараптау комиссиясының не сарапшының қорытындысын, егер ол аукциондық құжаттамада көзделген талаптар шегінде құрылған жағдайда ғана міндетті түрде ескереді. Сараптамалық қорытындыға сараптау комиссиясының мүшелері, не сараптау комиссиясын құрмай-ақ сарапшы белгіленген жағдайда, сарапшы қол қояды және аукциондық комиссия хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталдағы аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамасына қоса беріледі.

      279. Сараптау комиссиясының әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан ұйғарымы ашық дауыс берумен жүзеге асырылады және егер оған сараптау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

      Дауыстар тең болған жағдайда сараптау комиссиясының төрағасы немесе, ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Сараптау комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда осы сараптау комиссиясының кез келген мүшесінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол сараптау комиссиясының қорытындысына қоса беріледі және веб-порталда жарияланады.

      Тиісті сараптамалық қорытындыда сараптау комиссиясының қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда аукциондық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда жариялайды.

4-параграф. Аукциондық құжаттаманың жобасын бекіту және оны веб-порталда жариялау

      280. Ұйымдастырушы не бірыңғай ұйымдастырушы аукцион өткізу шарттары мен тәртібін айқындау үшін осы Қағидалардың 9-қосымшаға сәйкес веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде аукциондық құжаттаманы қалыптастырады және:

      1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін;

      2) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жағдайды қоспағанда, оны тапсырыс берушімен келіседі.

      281. Ұйымдастырушы әзірлеген аукциондық құжаттаманың жобасын тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға, жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам бекітеді.

      Ескерту. 281-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      282. Осы Қағидалардың 28-тармағы 1), 2), 3) тармақшаларына сәйкес айқындалған бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген аукциондық құжаттаманың жобасын бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға бекітеді.

      283. Бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген және бекіткен аукциондық құжаттаманың жобасы конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікті, шарт жобасын және сараптау комиссияның құрамын не сараптаушыны (бар болса) қамтиды.

      Ескерту. 283-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-параграф. Аукционды өткізу туралы хабарлама

      284. Ұйымдастырушы аукциондық құжаттаманың жобасы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың жобасын веб-порталға орналастырады.

      Әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімді ұсынуының соңғы күнінің мерзімі аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы мен бекітілген аукциондық құжаттаманың мәтіні орналастырылған күннен бастап кем дегенде күнтізбелік он бес күнді құрайды.

      Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін аукциондық құжаттамаға өз бастамасы бойынша өзгерістер енгізуі мүмкін. Мұндай жағдайларда аукциондық құжаттама Заңның 22-бабында айқындалған тәртіппен алдын ала талқылауға жатады.

      Ескерту. 284-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      285. Қайта мемлекеттік сатып алуды өткізуге байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау мерзімін ұлғайтуды қоспағанда, аукцион тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайда, ұйымдастырушы аукционға қатысуға өтінім ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын веб-порталда өткізілмеген аукционның аукциондық құжаттамасының өзгермеуі шартымен аукцион тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін орналастырады.

      Ескерту. 285-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      286. Аукциондық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда мемлекеттік сатып алу осы Қағидалардың 284-тармағына сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 286-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6-параграф. Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау және алдын ала талқылау хаттамасын веб-порталда орналастыру

      287. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпия туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілердің аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылауы аукциондық құжаттаманы бекітудің міндетті шарты болып табылады.

      288. Аукциондық құжаттаманың жобасына ескертулерді, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды әлеуетті өнім берушілер веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушіге, ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға жіберуі мүмкін.

      289. Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аукциондық құжаттаманың жобасына ескертулер, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болмаған кезде аукциондық құжаттама бекітілді деп есептеледі.

      Ескерту. 289-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      290. Ескертулер, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болған кезде тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы аукциондық құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мынадай шешімдерді қабылдайды:

      1) аукциондық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

      2) аукциондық құжаттама жобасына ескертулерді қабылдамау негіздемелерін көрсете отырып, оларды қабылдамайды;

      3) аукциондық құжаттаманың ережелеріне түсінік береді.

      Аукциондық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, осы Қағидалардың 281, 282-тармақтарында белгіленген тәртіпте веб-порталда өзгертілген аукциондық құжаттаманы бекіту туралы шешім қабылданады.

      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген шешімдер қабылданған күннен бастап аукциондық құжаттама бекітілді деп есептеледі.

      Ескерту. 290-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      291. Ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы аукциондық құжаттама бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-порталда аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын орналастырады.

      Осы Қағидалардың 290-тармағы 1) тармақшасына сәйкес аукциондық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы аукциондық құжаттаманың жобасын алған веб-порталға қатысушы әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасымен бірге бекітілген аукциондық құжаттаманың мәтінін жариялайды.

      292. Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы аукциондық құжаттаманың жобасына қатысты келіп түскен ескертулер туралы ақпаратты және олар бойынша қабылданған шешімдерді қамтиды.

      Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға, не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қол қойылады.

      Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүргізген жағдайда аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы қол қояды.

      Осы Қағидалардың 22, 24 және 25-тармақтарында көзделген жағдайларда, аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға, не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қол қояды.

      Ескерту. 292-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      293. Ұйымдастырушы, қажет болған жағдайда аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларына немесе ескертулеріне жауап ретінде аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы Қағидалардың 281-тармағында белгіленген тәртіпте бекітіледі.

      294. Аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке және шарттың жобасына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды қоспағанда, бірыңғай ұйымдастырушы, қажет болған жағдайда аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларына не ескертулеріне жауап ретінде аукциондық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке және шарттың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді қоспағанда, аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді бірыңғай ұйымдастырушы осы Қағидалардың 282-тармағында белгіленген тәртіппен бекітеді.

      Тапсырыс беруші қажет болған жағдайда, аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке немесе шарттың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы бекітілген шешімді бірыңғай ұйымдастырушыға аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

      Ескерту. 294-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      295. Бірыңғай ұйымдастырушы тапсырыс беруші бекіткен аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке немесе шарттың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім негізінде аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке немесе шарттың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

      296. Аукциондық құжаттаманың жобасына ескертулерді қабылдамау туралы шешім қабылданған жағдайда, осы Қағидалардың 290-тармағы 2) тармақшасына сәйкес оларды қабылдамау себептерінің егжей-тегжейлі негіздемелері аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.

      297. Әлеуетті өнім берушілерден веб-портал арқылы аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар келіп түскен жағдайда, осы Қағидалардың 290-тармағы 3) тармақшасына сәйкес аукциондық құжаттаманың ережелеріне түсіндірме беру мәтіні аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында веб-порталда автоматты түрде орналастырылады.

      298. Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің және шарт жобасының ережелеріне түсіндірме беруді тапсырыс беруші жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің және шарт жобасының ережелеріне түсіндірме беруді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырады.

      Аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің және шарт жобасының ережелеріне түсіндірме беру мәтіні аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.

      Ескерту. 298-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7-параграф. Әлеуетті өнім берушілерге аукциондық құжаттаманы не аукциондық құжаттаманың жобасын ұсыну

      299. Аукцион өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап барлық ниет білдірушілерге аукциондық құжаттаманы не аукциондық құжаттаманың жобасын веб-порталда тегін алу мүмкіндігі беріледі.

      300. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      301. Веб-порталда аукцион өткізу туралы хабарландыру сәтіне дейін аукциондық құжаттаманы немесе аукциондық құжаттаманың жобасын беруге жол берілмейді.

8-параграф. Аукционға қатысуға өтінімнің мазмұны және оларды ұсыну

      302. Аукционға қатысуға өтінім электрондық құжат нысанында

      веб-портал арқылы аукциондық құжаттамада көрсетілген оны берудің түпкілікті мерзімі өткенге дейін беріледі және әлеуетті өнім берушінің аукциондық құжаттамада белгіленген талаптармен және шарттармен келісу, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары мен Заңның 6-бабында белгіленген шектеулерге сәйкестігін растайтын ол туралы мәліметтер алуға келісімін білдіру түрі болып табылады.

      303. Аукционға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушінің ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға ұсынатын аукционға қатысуға өтінім аукциондық құжаттамада тізбеленген құжаттарды қамтуы тиіс, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің:

      1) Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді жоқ екендігі туралы;

      2) өзі мен тапсырыс беруші, ұйымдастырушы немесе бірыңғай ұйымдастырушы арасында Заңда тыйым салынған қарым-қатынастардың болмағандығы туралы;

      3) Заңның 43-бабы 19-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда шартты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бұзуға келісу туралы растауды қамтуға тиіс.

      304. Аукционға қатысуға өтінім веб-порталмен автоматты түрде аукционға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге тиісті хабарлама жіберілген сәтте қабылданған болып есептеледі.

      305. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға бір ғана өтінім береді.

      306. Әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімі мынадай:

      1) әлеуетті өнім беруші осы аукционға қатысуға бұрын өтінім берген;

      2) аукционға қатысуға өтінім веб-порталға осы аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдаудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін келіп түскен;

      3) бастапқы баға осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген сомадан асып кеткен;

      4) Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда веб-порталмен автоматты түрде қабылдамауға тиіс.

      Аукционға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын аукционға қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі аукционға қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап кем дегенде алпыс күнтізбелік күнді құрайды және аукциондық құжаттамада белгіленген талап етілетін мерзімге сәйкес келуге тиіс.

      Ескерту. 306-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      307. Әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімі веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.

      Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізген кезде өтінім берілді деп есептеледі.

      Ескерту. 307-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545№ 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      308. Әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде өзі енгізген аукционға қатысуға өтінімін қамтамасыз етуді қайтару құқығын жоғалтпай, аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кез келген уақытта өзінің аукционға қатысуға өтінімін өзгертеді немесе кері қайтарып алады.

      Ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдамауға жол берілмейді.

      309. Осы Қағидалардың 324-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, аукционға қатысуға өтінімдер берудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

      310. Әлеуетті өнім берушінің аукциондық құжаттамаға сәйкес талап етілетін мемлекеттік ақпараттық жүйелерге және (немесе) мемлекеттік дерекқорға жүгіну арқылы не веб-порталды пайдалана отырып, электрондық нысанды толтыру арқылы алынған жекелеген құжаттарды ұсынуына жол беріледі.

9-параграф. Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету

      311. Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету аукцион тәсілімен тауарларды сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

      Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сәйкестігін әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінім берген кезде Веб-портал автоматты түрде айқындайды.

      Ескерту. 311-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 28.02.2020 № 205 (01.03.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      312. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің біреуін таңдайды:

      1) әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;

      2) электрондық құжат нысанында ұсынылатын банктік кепілдікті таңдауға құқылы. Банктік кепілдікті Заңның 50-бабында көзделген жағдайларда қағаз тасығышта ұсынуға жол беріледі.

      Әлеуетті өнім берушінің электрондық әмияндағы ақшаның тұтастай не бір бөлігінің үшінші тұлғаларда талап ету құқығының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      Осы Қағидаларының 315-1 және 316-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бірыңғай оператордың электрондық әмияндағы ақшаны пайдалануына жол берілмейді.

      Ескерту. 312-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      313. Алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      314. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      315. Электрондық банктік кепілдік түрінде енгізілген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде әлеуетті өнім берушіге қайтармайды:

      1) аукцион жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған;

      2) аукцион жеңімпазы шарт жасаса отырып, аукциондық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізу және (немесе) мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайлар басталған кезде аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.

      Ескерту. 315-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      316. Осы Қағидалардың 315 және 315-1-тармақтарында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар немесе олармен үлестес заңды тұлғалар кірісіне есепке жатқызылады.

      Бірыңғай оператор тапсырыс берушіден өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, егер әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарса немесе шарт жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбесе, әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянынан тапсырыс берушінің өтінішінде көрсетілген шотқа өтінімді қамтамасыз ету бойынша оқшауланған ақшаны аударуды веб-портал арқылы жүзеге асырады.

      Ескерту. 316-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      317. Ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге ол енгізген аукционға қатысуға өтінімді электрондық банктік кепілдік түрінде қамтамасыз етуді мынадай:

      1) ашу хаттамасын орналастырған жағдайда осы әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін өзінің аукционға қатысуға өтінімін кері қайтарып алған;

      2) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай аукцион жеңімпазы деп айқындалған аукционға қатысушыға қолданылмайды;

      3) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойғанда және онымен шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес (бар болса) соманы енгізген жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.

      Ескерту. 317-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      317-1. Бірыңғай оператор мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушіге аукционға қатысуға өтінімді бұғаттаған қамтамасыз етуді:

      1) осы әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің аукционға қатысуға өтінімін кері қайтарып алған;

      2) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай аукцион жеңімпазы деп айқындалған аукционға қатысушыға қолданылмайды;

      3) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойған және ол мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес соманы (бар болса) енгізген жағдайда автоматты түрде бұғаттан шығарады.

      Ескерту. 317-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      317-2. Әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянында орналастырылған ақшаны қайтару туралы талап етуі бойынша бірыңғай оператор осындай талап түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұғаттау жүзеге асырылмаған немесе бұғаттау тоқтатылған көрсетілген ақшаны қайтарады.

      Ескерту. 317-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10-параграф. Аукционға қатысуға өтінімдерді ашу

      318. Аукционға қатысуға өтінімдерді ашу аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткен сәттен бастап бес минут ішінде веб-порталмен автоматты түрде жүргізіледі.

      319. Егер аукционға (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім аукционға (лотқа) берілген болса, онда мұндай өтінім де осы Қағидаларға сәйкес ашылады және қаралады.

      320. Аукционға қатысу өтінімдерді ашу хаттамасы осы Қағидаларға

      11-қосымшаға сәйкес ашу күні веб-порталмен автоматты түрде орналастырылады. Бұл ретте аукциондық комиссия мүшелеріне, аукционға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге веб-портал автоматты хабарламаларды таратады.

      321. Бастапқы бағаларды қоспағанда, аукционға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін басқа да әлеуетті өнім берушілердің осы аукционға қатысуға өтінімдерін қарауға қол жеткізу қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 321-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

11-параграф. Аукционға қатысуға өтінімдерді қарау, аукционға қатысуға рұқсат

      322. Аукциондық комиссия веб-портал арқылы біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында аукционға қатысуға өтінімдерді қарайды және әлеуетті өнім берушілерді аукционға қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды (аукционға қатысушылар деп таниды).

      322-1. Аукционға қатысуға арналған өтінімдерді әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау кезінде аукциондық комиссия Заңның 33-бабының 5-тармағына сәйкес:

      1) аукционға қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды оңайлату үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұрайды;

      2) аукционға қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында, тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұрайды.

      Ескерту. 11-параграф 322-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      323. Аукционға қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей аукциондық комиссияның хатшысы, олар құрылған (тартылған) жағдайда, сараптау комиссиясының не сарапшының қарауы үшін әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлар бойынша техникалық ерекшеліктерді олардың аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында ұсынады.

      324. Аукциондық комиссия біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушілерге аукционға қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы веб-порталда орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аукционға қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді.

      Аукционға қатысуға арналған өтінімдерді біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығы мынадай:

      1) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған;

      2) біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптары бойынша анық емес ақпарат берген;

      3) аукционға қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген не оны осы Қағидаларда айқындалған мөлшерде енгізбеген әлеуетті өнім берушілерге берілмейді.

      Ескерту. 324-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      325. Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігі нысанасына аукционға қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша аукционға қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы ресімделеді, оған аукциондық комиссияның төрағасы мен барлық мүшелері, сондай-ақ аукциондық комиссияның хатшысы аукционға қатысуға өтінімдерді алдын ала қарау туралы шешім қабылданған күні қол қояды.

      326. Аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) қабылдамау себептері егжей-тегжейлі сипатталған, оның ішінде олардың біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтері мен құжаттары көрсетілген біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің тізбесі;

      2) әлеуетті өнім берушіге веб-портал арқылы ұсыну және біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру қажет құжаттардың тізбесі.

      Әлеуетті өнім берушілер біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келген жағдайда, аукционға қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы ресімделмейді.

      Ескерту. 326-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      327. Аукциондық комиссияның әлеуетті өнім берушілерді аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешімі аукционға қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданады және аукциондық комиссияның хатшысы аукционға қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта бойынша автоматты түрде хабардар ете отырып, осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес веб-порталда орналастырады.

      328. Аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға веб-порталда аукциондық комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

      329. Аукциондық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы аукциондық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға қоса беріледі және құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда орналастырылады.

      Аукциондық комиссияның тиісті аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамада аукциондық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда аукциондық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда орналастырады.

      330. Осы Қағидалардың 324-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін, аукциондық комиссияның хатшысы веб-порталдың арқылы біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген аукционға қатысуға өтінімдерді қайта қарау рәсіміне бастама жасайды.

      331. Аукционға қатысуға өтінімдерді қайта қарау кезінде аукциондық комиссия:

      1) аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттаманың тізбесінде көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға арналған өтінімдерін аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген құжаттар тізбесі бойынша олардың біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына толық сәйкес келтірілуі тұрғысынан қайта қарайды;

      2) аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген құжаттардың тізбесін толық бермеген және біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;

      3) Заңның 33-бабының 5-тармағына сәйкес аукционға қатысуға арналған өтінімдері біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестендірілген әлеуетті өнім берушілерден аукционға қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды оңайлату үшін олардың аукционға қатысуға өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы;

      4) Заңның 33-бабының 5-тармағына сәйкес біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестендірілген аукционға қатысу өтінімдерінде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы.

      Аукционға қатысуға өтінімдерді осы Қағидалардың 324-тармағында белгіленген мерзімі өткеннен кейін аукционға қатысуға өтінімде жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, аукционға қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге байланысты аукциондық комиссияның сұрау салу жіберуіне және өзге де әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      Ескерту. 331-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      332. Әлеуетті өнім берушілердің банкроттық не тарату рәсіміне қатысы жоқтығы бөлігінде олардың біліктілік талаптарына сәйкес келуін нақтылау мақсатында аукциондық комиссия банкроттық не тарату рәсімінің өткізілуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты қарайды.

      333. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдерді қайта қарау кезінде алдын ала рұқсат беру хаттамасында көзделмеген негіздер бойынша әлеуетті өнім берушілерді қабылдамауына жол бермейді.

      334. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімдер біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілгеннен кейін, егер:

      1) ол Заңда және осы Қағидаларда айқындалған негіздер бойынша біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың шарттарына сәйкес келмейді деп айқындалса;

      2) Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер болса, аукционға қатысуға жіберілмейді (аукционға қатысушы деп танылмайды).

      335. Егер әлеуетті өнім беруші Заңның 6-бабында көзделген негіздер бойынша аукционға қатысуға жіберілмеген жағдайда, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамада аукционға қатысуға өтінімді қабылдамау үшін негіз болған растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетіле отырып, осындай әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімін қабылдамаудың негіздемелері көрсетіледі.

      336. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдерді қайта қарау нәтижелері бойынша:

      1) біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және аукционға қатысушылар деп таниды;

      2) әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкестендірілген аукционға қатысуға өтінімдерін қайта ұсынуының түпкілікті мерзімі күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.

      Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға құжаттың электрондық көшірмесі нысанында тауарлардың аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетіні туралы сараптамалық қорытынды, болған жағдайда сараптау комиссиясы мүшесінің ерекше пікірі қоса беріледі.

      337. Аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) аукционға қатысуға өтінімдердің біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілуі туралы;

      2) осы Қағидалардың 331-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес аукциондық комиссияның сұрау салулары туралы;

      3) аукционға қатысуға өтінімдерінің қабылданбау себептері егжей-тегжейлі сипатталып, оның ішінде біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетіле отырып, аукционға қатысуға өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы ақпарат қамтылуы тиіс.

      Ескерту. 337-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      338. Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға веб-порталда аукциондық комиссияның барлық мүшелері қол қояды және аукциондық комиссияның хатшысы аукционға қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, аукционға қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні веб-порталда орналастырады.

      339. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 28.02.2020 № 205 (01.03.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      340. Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің тиындармен есептелген сомасы дөңгелектенеді. Бұл ретте елу тиыннан төмен сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал елу тиынға тең және одан жоғары сома бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      Ескерту. 340-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      341. Әлеуетті өнім беруші қатысатын аукционда аукцион лоттарының жалпы сомаларына өтінімді қамтамасыз етуді енгізуге жол беріледі.

      342. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 28.02.2020 № 205 (01.03.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      343. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 28.02.2020 № 205 (01.03.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      344. Әлеуетті өнім беруші (аукционға қатысушы болып таныла алмайды) аукционға жіберілмейді егер:

      1) ол негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:

      Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген), мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын рұқсаттардың электрондық көшірмелерін не электрондық түрдегі рұқсаттарды (хабарламаларды) ұсынбауы. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады;

      әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және сатуға құқығын растайтын патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін не электрондық құжат түрінде ұсынбауы;

      мемлекеттік кірістер органының мәліметтерінің негізінде веб-порталмен автоматты түрде анықталатын тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселеген мөлшерінен асатын салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің болуы;

      аукциондық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді ұсынбауы, сондай-ақ толық ұсынбауы;

      әлеуетті өнім берушінің аукциондық құжаттамада көрсетілген, шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарын иелену бөлігінде сәйкес келмеуі. Бұл ретте, тапсырыс берушіге шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстары аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетіледі;

      біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпаратты ұсыну фактісі анықталса;

      банкроттық не тарату рәсіміне жатса;

      2) егер оның аукционға қатысуға өтінімі мынадай негіздер бойынша аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:

      техникалық ерекшелікті ұсынбау;

      әлеуетті өнім берушінің аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынуы, сондай-ақ техникалық ерекшелікте талап етілетін құжаттарды ұсынбау;

      аукциондық құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бермеу;

      аукциондық құжаттаманың талаптары бойынша дұрыс емес апқарат беру фактісі анықталса;

      3) мемлекеттік сатып алуларға қатысуға байланысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулер болса. Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша, әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімі веб-порталдың автоматты түрде қабылдамауына жатады. Заңның 6-бабы 1-тармағының 7), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша, аукциондық комиссия тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарындағы ақпаратты қарайды.

      Ескерту. 344-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      345. Сараптау комиссиясы не сарапшы аукциондық комиссияның төрағасы белгілеген мерзімде, бірақ аукционға қатысу өтінімдерді қарау мерзімінен кешіктірмей:

      1) өз құзыретінің шегінде әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігін растау үшін олар берген құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресімделуі тұрғысынан қарайды және зерделейді;

      2) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі туралы сараптама қорытындысын ресімдейді, оған қол қояды және аукциондық комиссияның хатшысына ұсынады.

      346. Сараптамалық қорытындыға сарапшы ерекше пікірін білдіретін жағдайларды қоспағанда, барлық сарапшылар қол қояды және әр бетіне бұрыштама соғады.

      Сараптамалық қорытындыны алғаннан кейін аукциондық комиссияның хатшысы сараптамалық қорытындыны веб-порталда орналастырады және веб-портал арқылы хабарламаларды аукциондық комиссияның барлық мүшелеріне таратады. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдерді сараптамалық қорытындыны ескере отырып қарайды.

12-параграф. Аукцион өткізу

      347. Аукцион мемлекеттік сатып алу веб-порталында аукционға қатысуға жіберу туралы хаттамада көрсетілген күні және уақытта өткізіледі.

      Аукционға қатысуға жіберу туралы хаттама орналастырылған күннен бастап екі жұмыс күні өткеннен кейінгі келесі жұмыс күні – аукционды өткізу күні болып табылады.

      Аукцион басталатын уақыт Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18-00-ден кешіктірілмей белгіленеді.

      Ескерту. 347-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      348. Аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілер аукционға қатысады.

      349. Өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасынан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион адымына төмендету жолымен аукцион өткізіледі.

      350. Егер өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың бастапқы бағасы аукционның басқа бір қатысушысы ұсынған бастапқы бағаға тең болған жағдайда, басқа ұсыныстарға қарағанда бұрынырақ келіп түскен тауардың бастапқы бағасы ең төмен бастапқы баға болып танылады.

      351. Аукцион қадамы өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасының жарты (0,5) пайызынан бес пайызына дейін құрайды.

      352. Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушылар өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстар береді, онда баға туралы ағымдағы ең төмен ұсынысты аукцион қадамы шегіндегі шамаға төмендету көзделеді.

      353. Егер өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы мұндай ұсынысты да аукционға осы қатысушы берген болса, Заңның 34-бабының 6-тармағына сәйкес аукционға қатысушы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсынысты өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ағымдағы ең төмен ұсыныстан төмен беруге құқығы жоқ.

      Ескерту. 353-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      354. Аукционға қатысушылардың өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткізу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың бағасы туралы соңғы ұсыныс келіп түскеннен кейін он минутты құрайды. Егер көрсетілген уақыт ішінде өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың неғұрлым төмен бағасы туралы бірде-бір ұсыныс келіп түспесе, аукцион аяқталады.

      355. Веб-портал аукцион жеңімпазын ең төмен баға негізінде автоматты түрде айқындайды.

      Екінші орын алған аукционға қатысушы ең төмен бағадан кейінгі баға негізінде айқындалады.

      356. Егер аукционды өткізу басталғаннан кейінгі отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бірде-бірі өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс бермеген болса, бастапқы бағасы ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім беруші аукцион жеңімпазы деп танылады.

      357. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес аукционды өткізу аяқталған күні веб-порталда автоматты түрде қалыптастырылады және орналастырылады.

      Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама Заңның 35-бабының 2-тармағына сәйкес мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) аукционға қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру туралы;

      2) осы Қағидалардың 331-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес аукциондық комиссияның сұрау салулары туралы;

      3) қабылданбау себептері егжей-тегжейлі сипаттала отырып, оның ішінде біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетіле отырып, аукционға қатысуға өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы ақпарат;

      4) ең төменгі баға негізінде жеңімпазды айқындау туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

      Ескерту. 357-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

13-параграф. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткізілмеді деп танудың негіздері мен салдарлары

      358. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай негіздердің бірі бойынша:

      1) аукционға қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;

      2) аукционға қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылғанда;

      3) егер аукционға қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе;

      4) егер аукционға қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілсе, өткізілмеді деп танылады.

      359. Егер аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өткізілмеді деп танылса, тапсырыс беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайта өткізу туралы;

      2) аукциондық құжаттаманы өзгерту және аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайта өткізу туралы;

      Аукцион тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші Заңның 36-бабының 3-тармағына сәйкес бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды мынадай:

      1) аукционға қатысуға ұсынылған өтінімдер болмаған жағдайда жүзеге асырады. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту жіберілетін әлеуетті өнім берушіні тапсырыс беруші айқындайды;

      2) аукционға қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылған жағдайда жүзеге асырады. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту аукционға қатысуға арналған өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушіге жіберіледі. Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға арналған өтінімде көрсетілген бастапқы бағадан аспауға тиіс.

      Ескерту. 359-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7. Бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
1-параграф. Жүргізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

      360. Жүргізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу мен ұйымдастыру веб-порталда мынадай жүйелі шаралардың орындалуын қарастырады:

      1) мемлекеттік сатып алудың осы тәсілін қолдану негіздемесімен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу туралы тапсырыс берушінің шешім қабылдауы;

      2) тапсырыс берушінің бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу үшін ұйымдастырушыны айқындауы;

      3) ұйымдастырушының осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыруды веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушіге жіберуі;

      4) Заңның 29-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында, 36-бабының 3-тармағы 1) тармақшасында және 39-бабының 2-тармағы 2) тармақшасында көзделген жағдайларда әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 378-1, 378-2, 378-3 және 378-4-тармақтарының қағидалары бойынша айқындалады;

      5) әлеуетті өнім берушінің шақыруда көзделген құжаттарды қоса, осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес бір көзден мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы келісімді веб-портал арқылы ұйымдастырушыға жіберуі;

      6) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қатысуға оларға ұсынылатын баға негіздемесі, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізілмеді деп танылған мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, ұйымдастырушының веб-портал арқылы өнім беруші ұсынған өнім берушінің біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды қарауы;

      7) веб порталда бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың орналастырылуы;

      8) тапсырыс берушінің бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың негізінде әлеуетті өнім берушімен шарт жасасуы;

      9) Заңның 29-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында, 36-бабы

      3-тармағының 1) тармақшасында, 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда (Заңның 38-бабының 8 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларда) Бір көзден алу/тікелей мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізу қорытындысы туралы есеп веб-порталда осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептің орналастырылуы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6) және 9) тармақшаларының талаптары Заңның 38-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

      Ескерту. 360-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      361. Тапсырыс беруші бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізу туралы шешімді Заңда және осы Қағидаларда көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізілмеді деп танылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      362. Жүргізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде ұйымдастырушы осы Қағидаларда көзделген мерзімдерде веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушіге бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру жібереді.

      Әлеуетті өнім берушіге шақыру жіберу, оларға веб-портал арқылы қажетті ақпарат беру және сатып алуды ұйымдастырушының бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталға орналастыруы туралы талаптар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпия туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

      363. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ұйымдастырған және жүргізген кезде, конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізілмеді деп танылған жағдайда, әлеуетті өнім берушіні айқындауды және әлеуетті өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыруды жіберуді тапсырыс беруші Заңға және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.

      364. Жүргізілмеген конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде, ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға шақырылған конкурсқа (аукционға) қатысушы, егер ол осы конкурсқа (аукционға) жіберілген жағдайда, осы конкурсқа (аукционға) қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды сол ұйымдастырушыға қайта табыс етпеуге құқылы.

      Бұл ретте, шақыруда қамтылған мәліметтер жүргізілмеді деп танылған конкурстың (аукционның) конкурстық құжаттамасы (аукциондық құжаттамасы) шарттарына сәйкес болуы тиіс. Ағымдағы қаржы жылы шегінде жүргізілмеді деп танылған конкурстың (аукционның) конкурстық құжаттамасында (аукциондық құжаттамасында) көзделген тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдерінен асуына жол беріледі, бірақ бұл мерзім бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға кеткен мерзімнен аспауға тиіс.

      365. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізілмеді деп танылған баға ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, ұйымдастырушы әлеуетті өнім беруші ұсынған құжаттарды олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      366. Ұйымдастырушы сұратылған ақпаратты әлеуетті өнім беруші ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталда қалыптастырады және орналастырады.

      Ескерту. 366-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      367. Конкурс (аукцион) тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алу осы конкурсқа (аукционға) қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы себебінен жүргізілмеді деп танылған жағдайда, ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде веб-портал арқылы тапсырыс беруші осы Қағидалардың 378-1, 378-2 және 378-3-тармақтарының қағидалары бойынша айқындаған әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.

      Ескерту. 367-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 28.02.2020 № 205 (01.03.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      368. Конкурс (аукцион) тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алу осы конкурсқа (аукционға) қатысуға екеуден аз өтінімнің ұсынылуы себебінен жүргізілмеді деп танылған жағдайда, ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы осы конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.

      Ескерту. 368-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      369. Алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      370. Алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      371. Алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      372. Алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      373. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде белгіленген мерзімнің ішінде әлеуетті өнім берушіден бір ғана баға ұсынысы берілсе, веб-портал қорытындылар хаттамасы орналастырылған күні осы баға ұсынысын берген әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді. Бұл ретте жасасқан шарттың бағасы әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысынан аспауға тиіс.

      Ескерту. 373-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      374. Егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде белгіленген мерзім ішінде әлеуетті өнім берушілерден бірде-бір баға ұсынысы берілмеген жағдайда, ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы тапсырыс беруші айқындаған әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.

      375. Осы Қағидалардың 373 және 374-тармақтарында көзделген жағдайларда, әлеуетті өнім беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға келіскен кезде осы әлеуетті өнім беруші күнтізбелік бес күннің ішінде ұйымдастырушыға веб-портал арқылы шақыруда көрсетілген құжаттарды қоса, қатысу туралы өз растауын жібереді.

      376. Осы Қағидалардың 367 және 368-тармақтарында көзделген жағдайларда әлеуетті өнім беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға келіскен кезде, бұл әлеуетті өнім беруші бес жұмыс күні ішінде ұйымдастырушыға веб-портал арқылы шақыруда көрсетілген құжаттарды қоса, қатысу туралы өз растауын жібереді.

      Ескерту. 376-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізілмеді деп тану негіздері

      377. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай негіздердің бірі бойынша:

      1) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізілмеген баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жүзеге асырылған жағдайды қоспағанда, егер әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмеген;

      2) егер әлеуетті өнім берушіде Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер болған;

      3) егер әлеуетті өнім беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысудан бас тартқан жағдайларда жүргізілмеді деп танылады.

      Егер бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу Қағидалардың осы тармағы негізінде жүргізілмеді деп танылған жағдайда, мемлекеттік сатып алу Заңда көзделген тәсілдермен жүзеге асырылады.

3-параграф. Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

      378. Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші Заңның 4-бабы 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын сақтай отырып, өнім берушіні айқындайды және онымен веб-портал арқылы шарт жасасады.

      Заңның 39-бабының 3-тармағының 1), 6), 7), 8), 16), 27), 29), 30), 31), 33), 36), 37), 38), 40), 41), 51) және 56)-тармақшаларына сәйкес көзделген негіздер бойынша тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу веб-порталда белгіленген форматтық-логикалық бақылауды ескере отырып жүзеге асырылады.

      Заңның 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасында көзделген негіз бойынша шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың электрондық каталогынан жүзеге асырылады.

      Сатып алынатын тауарлар тауарлардың электрондық каталогында болмаған не тауарды тауарлардың электрондық каталогында орналастырған әлеуетті өнім беруші шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайда, мұндай мемлекеттік сатып алу Заңның 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасына сәйкес тауарлардың электрондық каталогын пайдаланбай жүзеге асырылады.

      Ескерту. 378-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.01.2020 № 92 (01.06.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      378-1. Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 15), 28), 46), 50), 51), 53) және 54) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіні айқындау үшін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жарнамасындағы, каталогтарындағы, сипаттамаларындағы және Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасына сәйкес көпшілік оферта болып танылған белгісіз тұлғалар тобына арналған басқа ұсыныстардағы жалпыға қол жетімді ақпарат көздерін зерделеу арқылы сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығын талдау нәтижелері бойынша айқындалған сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында, оның оның ішінде ұқсас тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қызметін жүзеге асыратын кемінде үш әлеуетті өнім берушіге коммерциялық ұсыныстар беру туралы сұрау салулар жібереді.

      Ескерту. 3-параграф 378-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      378-2. Әлеуетті өнім берушіге жіберілетін коммерциялық ұсыныстар беруге сұрау салу осы Қағидаларға 18-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      Ескерту. 3-параграф 378-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      378-3. Әлеуетті өнім берушілердің коммерциялық ұсыныстары жеткізілетін тауарлардың (орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сипаттамалары көрсетілген прайс-листтер және басқа да растайтын құжаттар түрінде ұсынылуы мүмкін.

      Ескерту. 3-параграф 378-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      378-4. Тапсырыс берушілердің сұрауымен және (немесе) әлеуетті өнім берушілердің бастамашылығымен ұсынылған коммерциялық ұсыныстардың негізінде тапсырыс беруші Заңның 4-бабы 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидатын сақтай отырып, тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін әлеуетті өнім берушіні айқындайды.

      Ескерту. 3-параграф 378-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      379. Шарт жасасу мақсатында тапсырыс беруші веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушіге электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын жібереді.

      Шарт жобасына әлеуетті өнім беруші оны веб-портал арқылы алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кейін қол қояды (электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады).

      Егер әлеуеттi өнім берушi осы тармақтың екiншi бөлiгiнде белгiленген мерзiм өткен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде келiсiмшарт жобасына қол қоюға болмаса (электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырмаса) тапсырыс берушi әлеуеттi өнiм берушiге жiберiлген келiсiмшарттың жобасын алып тастайды.

      Ескерту. 379-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      379-1-тармақ 31.12.2020 дейін қолданыста болады.

      379-1. Түркістан қаласының құрылысы бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу кезінде авансты қамтамасыз ету түрі ретінде өнім берушінің жауапкершілігін сақтандыру шартын қолдану жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіге осы Қағидаларға 20-3-қосымшаға сәйкес құрылыс саласында жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартқа сәйкес веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарт жобасын жібереді.

      Ескерту. 379-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 18.09.2019 № 1018 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 31.12.2020 дейін қолданылады) бұйрығымен.

      380. Тапсырыс беруші тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы есепті веб-порталда шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналастырады.

      Заңның 41-бабының 2-тармағына сәйкес есепте өнім берушіні таңдаудың негіздемелері, жасалған шарттың бағалары, сондай-ақ осы Қағидалардың 17-қосымшасына сәйкес шарттың өзге де талаптары қамтиды.

      Ескерту. 380-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      381. Осы Қағидалардың 378 және 379-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға, сондай-ақ Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40) және 41) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

      Осы Қағидалардың 380-тармағының талабы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға, сондай-ақ Заңның 39-бабы 3-тармағының 9), 18), 31), 32) және 35) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

8. Заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерінің (консорциумның) мемлекеттік сатып алуға қатысуының ерекше шарттары

      382. Заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктері (консорциум) мемлекеттік сатып алуға қатысқан жағдайда, осы консорциумның қатысушылары болып табылатын заңды тұлғалар өз біліктілік талаптарын растау үшін осы Қағидаларда белгіленген құжаттармен қатар мынадай құжаттардың электрондық көшірмелерін, не электрондық құжаттарды ұсынуға тиіс:

      1) заңды тұлғалардың мүшелері арасында жасалған бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт (консорциялық келісім);

      2) бірлескен шаруашылық қызмет туралы шартта көзделген қызмет ббөлігінде тауарларды ұсыну, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету құқығына лицензия.

      Консорциум конкурсқа қатысқан жағдайда конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлерді есептеу консорциалдық келісіммен айқындалған консорциумның негізгі қатысушысына қатысты қолданылады.

      Бұл ретте шарт конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт қолданылған консорциумның қатысушысымен жасалады.

      Ескерту. 382-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      382-1. Консорциумның барлық қатысушылары Заңның 9-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес болуға тиіс, сондай-ақ Заңның 6-бабында көзделген шектеулері болмауға тиіс.

      Ескерту. 8-тарау 382-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      382-2. Консорциумның бір немесе бірнеше қатысушысы тиісті материалдық және еңбек ресурстарының болуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес, айналысу үшін рұқсат алу қажет болатын, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын құқық қабілеттілігі болуы бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда, консорциум біліктілік талаптарына сәйкес деп танылады.

      Бұл ретте, консорциумның негізгі қатысушысының Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес, айналысу үшін рұқсат алу қажет болатын, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын құқықтық қабілеттілігі өткізілетін мемлекеттік сатып алу нысанасына сәйкес болуға тиіс.

      Ескерту. 8-тарау 382-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      382-3. Консорциумның негізгі қатысушысы көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда консорциум Заңның 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес деп танылады.

      Ескерту. 8-тарау 382-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9. Шарт 1-параграф. Шарт жасасу

      383. Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері бар тұлғаны қоспағанда, тапсырыс беруші жеңімпазға веб-портал арқылы осы Қағидаларға 19, 20, 20-1, 20-2 және 21-қосымшаларына сәйкес тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарттарға сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын:

      1) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға шағымдану мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы айқындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.

      Ескерту. 383-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      384. Өнім берушіні таңдау рәсімі, оның ішінде мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары шеңберінде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысына шағым жасау рәсімі тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілгенге дейін аяқталған жағдайларда, шарттың жобасы жеңімпазға тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      385. Егер мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары негізінде мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүзеге асырылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді алу шығындары тиісті бюджетте бекітілмесе (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары), шарттың жобасы жеңімпазға жіберілмейді. Бұл ретте Заңның 5-бабы 10-тармағында айқындалған тәртіппен мемлекеттік сатып алудан бас тарту жүзеге асырылады.

      386. Заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы шарттың жобасы қоса берілген хабарлама веб-порталға келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шарттың жобасын электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырады.

      Ескерту. 386-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      387. Тапсырыс беруші конкурс, аукцион тәсілдерімен мемлекеттік сатып алулардың қорытындысы туралы хаттамаға шағым беру мерзімі өткен күннен бастап не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы жеңімпазға шартты ресімдеу үшін шартқа қол қоятын тұлға және өнім берушінің деректемелері туралы мәліметтерді сұратуды жібереді.

      388. Әлеуетті өнім беруші веб-порталда тиісті сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді және өнім берушінің деректемелерін толтырады және растайды.

      Әлеуетті өнім берушінің шартқа қол қоятын тұлға және оның деректемелері туралы мәліметтерді растауы болмаған жағдайда, тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің веб-порталда орналастырылған тіркеу деректеріне сәйкес шартқа қол қояды.

      389. Тапсырыс беруші осы Қағидалардың 388-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушінің мәліметтерді растау мерзімі аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын қалыптастырады және әлеуетті өнім берушіге қол қою үшін жібереді.

      Ескерту. 389-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      390. Өнім беруші Заңда және осы Қағидаларда белгіленген мерзімде веб-портал арқылы шартқа электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.

      391. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші Заңда және осы Қағидаларда белгіленген мерзімде шарттың жобасына қол қоймаса, тапсырыс беруші жеңімпаз шарт жасасудан жалтарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын жібереді. Заңның 43-бабының 7-тармағына сәйкес шарттың жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырады.

      Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші Заңда және осы Қағидаларда белгіленген мерзімде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы (бар болса) енгізбесе, тапсырыс беруші жеңімпаздың шарт жасасудан жалтарған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын жібереді. Заңның 43-бабының 7-тармағына сәйкес, шарттың жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырады.

      Ескерту. 391-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      392. Тапсырыс беруші егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім берушіде Заңның 6-бабының 1-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген, веб-порталмен автоматты түрде анықталатын, мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер бар болса, осы Қағидалардың 391-тармағында белгіленген мерзімде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге шарттың жобасын жібереді.

      Ескерту. 392-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      393. Егер екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне шарттың жобасы келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қоймаса, тапсырыс беруші қайта мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.

      394. Заңда көзделген жағдайларда шарт қағаз тасығышта жасалуы мүмкін, бұл ретте тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, осы Қағидаларға 19, 20 және 21-қосымшаларға сәйкес үлгі шарттарға сай әзірленген жасалған шарт жобасының екі данасын өнім берушіге жібереді, оған тапсырыс беруші қол қояды және тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі тағайындалмаған жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі әр парағына қол қояды.

      Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шарт жасасу мерзімі өнім берушіге шарттың жобасын жіберген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс.

      395. Өнім беруші шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ Заңда көзделген демпингке қарсы шаралар қабылдаған жағдайда қамтамасыз ету сомасын енгізеді.

      Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап Заңның 39-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының және 3-тармағының негізінде жүзеге асырылған, тауар биржалары арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша айқындалған өнім берушілерге, сондай-ақ Заңның 51-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерге қолданылмайды.

      Ескерту. 395-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      396. Өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, демпингке қарсы шаралар қабылдаған жағдайда қамтамасыз ету сомасын өзімен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін уақытылы, толық көлемде және тиісінше орындауының кепілі ретінде енгізеді.

      397. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін ұйымдастырушы, тапсырыс беруші шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.

      398. Егер шартта аванс төлеу көзделген болса, өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша, авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді.

      Авансты қамтамасыз етуді енгізу жөніндегі талап шарттары қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде жасалған өнім берушілерге қолданылмайды.

      Ескерту. 398-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      398-1-тармақ 31.12.2020 дейін қолданыста болады.

      398-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған Түркістан қаласының құрылысы бойынша жұмыстар сатып алынатын тұлғалар көрсетілген тұлғаның таңдауы бойынша аванс қамтамасыз етуді кепілді ақшалай жарна, банктік кепілдік немесе өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты түрінде енгізеді.

      Өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартында өнім берушіге байланысты емес кездейсоқ оқиғалар, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша оның міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау нәтижесінде тапсырыс берушіге келтірілген мүліктік зиян салдарынан тапсырыс берушінің мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің басталу фактілері болып табылатын өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің сақтандыру жағдайлары көзделуі тиіс.

      Түркістан қаласының құрылысы бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жобаларының осы Қағидаларға сәйкестігін, сондай-ақ сақтандыру жағдайларына сәйкестігі тұрғысынан өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттарын уәкілетті орган қарайды.

      Ескерту. 398-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 18.09.2019 № 1018 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 31.12.2020 дейін қолданылады) бұйрығымен.

      399. Өнім беруші аванстың толық сомасынан не аванстың бір бөлігінен бас тартуға құқылы. Өнім беруші аванстан ішінара бас тартқан жағдайда, аванстың алатын бөлігіне тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді.

      400. Тапсырыс беруші шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына қарай тапсырыс беруші өнім берушінің жазбаша хабарламасы бойынша аванстың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттік сатып алу туралы шартта көзделген міндеттемелерге бара-бар азайтады.

      Заңның 39-бабының 2-тармағының 2) тармақшасының және 3-тармағының негізінде жүзеге асырылған баға ұсыныстарын сұрату қорытындылары бойынша, тауар биржалары арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда, тапсырыс беруші авансты қамтамасыз етуді енгізу туралы талап белгілеуі мүмкін.

      Ескерту. 400-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      401. Қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан асатын шарт жасалған жағдайда ағымдағы қаржы жылына шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тиісті қаржы жылында көзделген шарттың жылдық сомасына сүйене отырып, есептеледі. Келесі қаржы жылында шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартқа тиісті қаржы жылына міндеттемелерді қабылдауға қосымша келісімшарт қазынашылық органдарына тіркелген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде енгізеді.

      Ескерту. 401-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.02.2019 № 142 (01.03.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      402. Өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:

      1) тапсырыс берушінiң банктік шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiк ақшалай жарнаны;

      2) осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепiлдiкті;

      3) Заңның 43-бабының 11-тармағының екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын таңдауы мүмкін.

      Ескерту. 402-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      403. Өнім берушінің шарт бойынша мiндеттемелер толық орындалғанға дейiн енгiзiлген кепiлдiк ақшалай жарнаға тұтастай не оның бір бөлiгiн талап ету құқығы үшiншi тұлғаларда туындауына әкеп соғатын әрекеттер жасауына жол берiлмейдi.

      404. Өнім беруші енгiзген кепiлдiк ақшалай жарнаны тапсырыс берушінiң Заңда көзделмеген мақсаттарға пайдалануына жол берiлмейдi.

      405. Тапсырыс беруші енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар (бар болса) қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасын өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.

      Ескерту. 405-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      406. Өнім беруші шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн тиісінше орындамаған жағдайда тапсырыс беруші тиісті бюджеттің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кірісіне тұрақсыздық айыбын төлеу фактісі анықталған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар (бар болса) қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасын қайтарады.

      Ескерту. 406-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      407. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасын (болған кезде) тапсырыс беруші, ұйымдастырушы шарттық міндеттемелерді өнім берушінің орындамауына не тиісінше орындамауына байланысты шарт бұзылған жағдайда өнім берушіге қайтармайды.

      408. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасы (болған кезде) тиісті бюджеттің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кірісіне есепке жатқызылады.

      409. Заңның 43-бабының 13-тармағына сәйкес шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін шартта тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) көзделінеді. Тұрақсыздық айыбының мөлшері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 409-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      410. Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер және жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар:

      1) жобалау-сметалық құжаттамада оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзiмi көзделген жұмыстарды;

      2) технологиялық мерзiмiнiң, дайындаудың ұзақтығы оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) беруге негіз болатын активтер мен басқа да тауарларды;

      3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтердi сатып алған жағдайда шартты бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге жасаса алады. Мұндай шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс;

      4) бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге көрсетілетін қызметтердi;

      5) орындаудың ұзақтығына байланысты беру (орындау, көрсету) мерзiмi тиiстi бюджетте белгiленген келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында), даму жоспарында, қаржыландырудың жеке жоспарында белгіленген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтiп-ұстау жөнiндегi жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алған жағдайда шартты бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге жасаса алады. Мұндай шарттың қолданылу мерзiмi Заңның 43-бабының 14-тармағына сәйкес үш жылдан аспайды.

      Ескерту. 410-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      411. Шарттарды үш жылдан астам мерзімге жасасу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      412. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар iс-шараларды орындау үшiн қажеттi ұзақ мерзiмдi шартты басқару органы немесе аталған тұлғалардың жоғары органы бекiткен даму жоспарында белгiленген келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзiмiмен жасаса алады.

      413. Жылдық қаржы есептiлiгiнiң аудитi бойынша көрсетілетін қызметтерге шарт үш жылдан аспайтын мерзiмге жасалуы мүмкiн.

      414. Алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      415. Тапсырыс берушінiң іркіліссіз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында тапсырыс беруші Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12716 болып тіркелген "Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 677 бұйрығына сәйкес уәкілетті орган бекiткен тiзбе бойынша күн сайынғы немесе апта сайынғы қажеттіліктегі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi шарттың қолданысын конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы шығарылғанға және шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге Заңның 43-бабының 18-тармағына сәйкес ұзартады.

      Бұл ретте мұндай мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішінде тапсырыс берушінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу көлемінен аспайтын көлемде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 415-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      416. Заңның 43-бабы 19-тармағына сәйкес шарт мынадай фактілердің бірі анықталған:

      1) Заңның 6-бабында көзделген шектеулер бұзылған;

      2) ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге Заңда көзделмеген жәрдем көрсеткен;

      3) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен шарт жасасудан жалтарған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы шартты қамтуы тиiс. Бұл ретте тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы өнім берушіге шартты бұзуға ниеттілігі туралы хабарлама жібереді. Егер өнім беруші веб-портал арқылы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, тапсырыс беруші шартты бұзу туралы хабарлама жібереді.

      Ескерту. 416-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      417. Заңның 43-бабының 20-тармағына сәйкес шарт осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде тауарларды бергені, жұмыстарды орындағаны не қызметтер көрсеткені үшін толық төлем жасау туралы талаптарды қамтиды.

      Ескерту. 417-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      418. Заңның 43-бабының 23-тармағына сәйкес шарт Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Еуразиялық экономикалық одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді төлеу талаптарын қамтиды.

      Ескерту. 418-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      419. Шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі Заңның 43-бабының 22-тармағына сәйкес тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күнді құрайды.

      Ескерту. 419-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      420. Тапсырыс беруші мен өнім беруші шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді толық орындаған жағдайда көрсетілген шарт орындалды деп есептеледі.

      421. Өнім беруші шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алуды қамтамасыз етеді.

      Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) тиiстi бюджет, мемлекеттiк кәсiпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар кірісінің есебіне жатқызылады.

      422. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт уәкілетті органның Заңның 16-бабының 6) тармақшасына сәйкес шешімі шыққан кезде, соның ішінде тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы уәкілетті органның осы шешіміне шағымдану кезеңінде жасалуы мүмкін емес.

      Ескерту. 422-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Параграф 2. Шартты орындау

      423. Шартты орындау кезінде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы, саны, сапасы, техникалық ерекшелігі, құны, оларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) орны мен мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мазмұнына сәйкес келуге тиіс.

      424. Заңмен көзделген жағдайларды қоспағанда, шарттың орындалғаны туралы құжаттар (тауарды қабылдап алу-беру актісі, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі, шот-фактура) электрондық нысанда ресімделеді.

      425. Тапсырыс беруші мен өнім беруші көрсетілген шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық орындаған жағдайда шарт орындалды деп есептеледі.

      426. Тауарларды жеткізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау мынадай ретпен:

      1) жүкқұжаттың түпнұсқасын ұсына отырып, тауарды межелі жерге жеткізу;

      2) өнім берушінің тауарды жеткізу фактісін растайтын жүкқұжаттың электрондық көшірмесін тіркей отырып, веб-портал арқылы тауарды қабылдап алу-беру актісін ресімдеуі;

      3) тапсырыс берушінің тауарды қабылдауы;

      4) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелген Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына және оның нысандарына (бұдан әрі – Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидалары) сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген электрондық шот-фактураны ресімдеу;

      5) тапсырыс берушінің жеткізілген тауар үшін ақы төлеуі жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының талаптары электр және жылу энергиясын жеткізуге байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қолданылмайды.

      Ескерту. 426-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.09.2020 № 936 (01.10.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      426-1. Жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:

      1) веб-портал арқылы орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін ресімдеу;

      2) орындалған жұмыстарды (көрсетілген қызметтерді) тапсыру және қабылдау;

      3) Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактіралар ақпараттық жүйесі арқылы электрондық шот-фактура ресімдеу;

      4) тапсырыс берушінің орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтеры үшін ақы төлеуі.

      Осы тармақтың талаптары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 397-бабында көзделген қызметтерді көрсетуге байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қолданылмайды.

      Осы тармақтың 1) және 2)-тармақшалардың талаптары есебі сертификатталған есепке алу жүйелері (аспаптар) арқылы жүргізілетін қызметтерді, оның ішінде коммуналдық қызметтерді (сумен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау) және байланыс қызметтерін көрсетумен байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қолданылмайды.

      Ескерту. 9-тарау 426-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      426-2. Өнім беруші веб-портал арқылы тапсырыс берушіге тауарлар, жұмыстар, қызметтер туралы мәліметтерді толтыра отырып, электрондық-цифрлық қолтаңбамен бекітілген осы Қағидаларға 22-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды қабылдау-беру актісін (бұдан әрі - тауарларды қабылдау-беру актісі), 22-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстар актісін (бұдан әрі - орындалған жұмыстар актісі), 22-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген қызметтер актісін жібереді.

      Ескерту. 9-тарау 426-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      426-3. Өнім беруші шарттық міндеттемелерін толық орындағаннан кейін тауарларды қабылдау-беру актілерімен, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актілерін бір мезгілде тапсырыс берушіге веб-портал арқылы осы Қағидаларға 22-4 және 22-5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша электрондық-цифрлық қолтаңбамен бекітілген тауарлардағы, жұмыстардағы, қызметтердегі жергілікті қамту үлесі бойынша есеп жібереді.

      Ескерту. 9-тарау 426-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      426-4. Тапсырыс беруші веб-порталда өнім берушінің тауарларды қабылдау-беру актісін, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісін ресімдеуі туралы хабарлама алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей актіде шарт бойынша ақпаратты толтырады және оны электрондық-цифрлық қолтаңбамен бекітеді не дәлелді негіздемелер көрсете отырып, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді қабылдаудан бас тартады.

      Тапсырыс беруші жеткізілген тауарларды, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қосымша зерделеу қажет болған жағдайда, хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген әрекетті орындайды, олар туралы өнім берушіге хабарлама алынған күнінен бастап, үш жұмыс күнінен кешіктірмей веб-портал арқылы хабарлайды.

      Ескерту. 9-тарау 426-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10. Кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік құқығында тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәртібі

      427. Жеке тұлғаға жеке меншік құқығында тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруды ұйымдастырушы веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде, әлеуетті өнім берушілердің – өздеріне тұрғынжай жеке меншік құқығында тиесілі, кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғалардың өтінімді ұсынуының түпкілікті мерзімі өткенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей орналастырады және мынадай:

      1) сатып алынатын тұрғынжайдың орналасуы тиіс елді мекеннің атауы (қала, қаладағы аудан, кент, ауыл);

      2) тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға бөлінген ақшалай қаражат сомасы туралы;

      3) сатып алынатын тұрғынжайдың талап етілетін сипаттамасы және тұрғынжайды сатып алу мерзімі;

      4) әлеуетті өнім берушілердің сатып алуға қатысуға өтінімдерін ұсынуды бастау және аяқтау мерзімі туралы ақпаратты қамтуы тиіс.

      428. Әлеуетті өнім берушінің - кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайы бар жеке тұлғаның өтінімі (әрі қарай – тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім) хабарламада көрсетілген оны ұсыну мерзімінің аяқталғанға дейін веб-портал арқылы электронды құжат нысанында ұсынылады және әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алуларды жүргізу туралы хабарламада көрсетілген шарттар негізінде өзіне тиесілі жеке меншік құқығындағы тұрғынжайды сатуға келісімін білдіру нысаны болып табылады.

      429. Тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім мыналарды:

      1) жеке тұлғаның жеке куәлігінің электрондық көшірмесін;

      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттардың, оның ішінде техникалық төлқұжаттардың электрондық көшірмесін;

      3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күнге дейін берілген тұрғын үйге тыйым салынбағаны туралы құжаттың электрондық көшірмесін;

      4) тұрғын үйдің ағымдағы жағдайының фотосуретін қоса, Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген жылжымайтын мүлікті (тұрғын үй) бағалау есебінің көшірмесін;

      5) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын;

      6) жұбайлардың екіншісінің нотариат куәландырған келісімінің электрондық көшірмесі не некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмағаны туралы нотариат куәландырған анықтаманың электрондық көшірмесі немесе некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылғаны туралы куәліктің электрондық көшірмесі немесе жесірлігін растаушы куәліктің электрондық көшірмесін қамтиды.

      Ескерту. 429-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      430. Әлеуетті өнім беруші өзіне жеке меншік құқығында тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға бір ғана өтінім береді.

      431. Тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім мынадай:

      1) әлеуетті өнім беруші осы мемлекеттік сатып алуға қатысуға бұрын өтінім берген;

      2) мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім веб-порталға өтінімдерді қабылдаудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін келіп түскен;

      3) баға ұсынысы тұрғынжайды сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен жағдайларда веб-порталдың автоматты түрде қабылдамауына жатады.

      432. Осы Қағидаларға сәйкес тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға ұсынылған өтінімдер веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.

      433. Әлеуетті өнім беруші қажет болған жағдайда тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерін оны ұсыну мерзімінің аяқталуына дейін кез келген уақытта өзгертеді немесе қайтарып алады. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алуға жол берілмейді.

      434. Жеке тұлғаға жеке меншік құқығында тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді ашуды веб-портал автоматты түрде өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін бес минут көлемінде жүзеге асырады, олардың қорытындылары бойынша осы Қағидалардың 23-қосымшасының нысанына сәйкес ашу хаттамасы қалыптастырылады.

      435. Ұйымдастырушы тұрғынжайды хабарламада көзделген шарттарға сәйкестігі тұрғысында мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді қарайды.

      Тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер мынадай:

      1) хабарламада көзделген талаптарға сәйкес келмеген (тұрғынжайдың қажетті сипаттамаға сәйкес келмеуі, жеке меншік құқығын растайтын құжаттардың болмауы және т.б.);

      2) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынымы жылжымайтын мүлік (тұрғынжай) нысанын бағалау есебінде айқындалған бағадан асып түскен жағдайларда қабылдамауға жатады.

      436. Жіберілген әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын веб-портал автоматты түрде салыстырады және ең төмен баға ұсынысын берген жеңімпазды айқындайды.

      437. Егер белгіленген мерзімде тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға бірде-бір өтінім ұсынылмаса немесе олар осы Қағидаларда көзделген негіздер бойынша қабылданбағаннан кейін тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға бірде-бір өтінім жіберілмесе, мұндай мемлекеттік сатып алулар өтпеді деп танылады және тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүргізу туралы шешім қабылданады.

      438. Әлеуетті өнім берушілердің тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға ең болмаса бір өтінімі жіберілсе, мұндай тұрғынжайды мемлекеттік сатып алу өткен деп танылады. Бұл ретте қатысуға өтінімі жалғыз жіберілген әлеуетті өнім берушіні веб-портал осы мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы деп танылады.

      439. Ұйымдастырушымен кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттама осы Қағидалардың 24-қосымшасына сәйкес өтінімді ашқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде веб-порталда орналастырылады. Бұл ретте веб-портал осы мемлекеттік сатып алуларға өтінімдерін ұсынған әлеуетті өнім берушілерге автоматты хабарламаларды таратады.

      440. Кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алу шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалады.

11. Тәжірибе болуы бөлігінде біліктілік талаптарын белгілеу тәртібі

      441. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Заңның 9-бабының 1-тармағына 5) тармақшасына сәйкес тапсырыс берушілер өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесіне ие болуы бөлігінде әлеуетті өнім берушілерге біліктілік талаптарын ұсынады.

      Ескерту. 441-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      442. Конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) әлеуетті өнім берушілердің сатып алынатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет нарығындағы жұмыс тәжірибесі келесі өлшемшарттарға сәйкес:

      1) егер конкурс (лот) немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес мың еселенген мөлшерінен асатын болса, бір жылға;

      2) егер конкурс (лот) немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу мың еселенген мөлшерінен асатын болса, екі жылға;

      3) егер конкурс (лот) немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз мың еселенген мөлшерінен асатын болса, үш жылға;

      4) егер конкурс (лот) немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз елу мың еселенген мөлшерінен асатын болса, төрт жылға;

      5) егер конкурс (лот) немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі жүз мың еселенген мөлшерінен асатын болса, бес жылға белгіленуі мүмкін.

      Ескерту. 442-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      442-1. Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша алдын ала біліктілік іріктеуі бар конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде жұмыс тәжірибесінің болуы жөніндегі біліктілік талабы осы Қағидалардың 442-тармағының 1), 2) және 3)-тармақшаларында көзделген талаптарды ескере отырып, үш жылдан аспайтын мерзімге белгіленуі мүмкін.

      Ескерту. 442-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      443. Жұмыс тәжірибесінің бар болуы бойынша біліктілік талаптары конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) қарастырылады.

12. Веб-порталды ақпараттық толықтыруды жүзеге асыру тәртібі

      444. Веб-порталды ақпараттық толықтыруды мәтіндік, гипермәтіндік, графикалық, аудиовизуалдық және өзге де нысандарда, уәкілетті органның келісімі бойынша бірыңғай оператор бекіткен регламентке сәйкес веб-порталда электрондық ақпараттық ресурстарды орналастыру арқылы бірыңғай оператор жүзеге асырады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      13-тарау жаңа редакцияда көзделген – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2022 дейін қолданыста болады) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      13-тарау жаңа редакцияда көзделген – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2023 дейін қолданыста болады) бұйрығымен.

13-тарау. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы және әлеуетті өнім берушілердің қаржылық тұрақтылығы және (немесе) төленген салықтар көрсеткіштері бойынша веб-порталда мәліметтерді жаңарту түріндегі біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау тәртібі

      Ескерту. Қағида 13-тараумен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2021 дейін қолданыста болады) бұйрығымен.

      445. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы түріндегі біліктілік талабы конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қойылады:

      1) егер тиісті мемлекеттік сатып алудың (лоттың) бөлінген сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын болса, тауарларды;

      2) егер тиісті мемлекеттік сатып алудың (лоттың) бөлінген сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен асатын болса, жұмыстарды;

      3) егер тиісті мемлекеттік сатып алудың (лоттың) бөлінген сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен асатын болса, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға құқығы бар.

      445-1. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы түріндегі біліктілік талабы Заңның 51-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.

      446. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығын мемлекеттік кірістер органдарының мынадай мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайды:

      1) кірістер;

      2) төленген салықтар;

      3) негізгі құралдар;

      4) еңбек ақы төлеу қоры.

      447. Әлеуетті өнім беруші, егер ол жиынтығында мынадай шарттарға сәйкес келсе, қаржылық орнықты деп танылады:

      1) әлеуетті өнім берушінің кірістері өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде екіден бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды;

      2) төленген салықтардың көрсеткіші мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректері бойынша есептелетін алдыңғы жылдың алдындағы үш жылдың ішінде әлеуетті өнім берушінің кірісінен кемінде төрт пайызды құрайды.

      Осы Қағидалардың мақсаттары үшін төленген салықтар көрсеткішінің есебі мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің мәліметтіне сәйкес мынадай формула бойынша айқындалады:

      ТСК = ТС / КС х 100%,

      мұнда:

      ТСК – төленген салықтардың көрсеткіші;

      ТС-есептелетін үш жылдық кезең үшін төленген салықтарының сомасы;

      КС-есептелетін үш жылдық кезең үшін әлеуетті өнім берушінің кіріс сомасы;

      3) әлеуетті өнім берушінің негізгі құралдарының орташа құны өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды;

      4) әлеуетті өнім берушінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды.

      447-1. тауарларды мемлекеттік сатып алуда қатысатын әлеуетті өнім беруші, егер ол жиынтығында осы Қағидалардың 447-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген шарттарға сәйкес келсе, қаржылық орнықты деп танылады.

      Қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші, егер ол осы Қағидалардың 447-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шарттарға жиынтығында сәйкес келсе, қаржылық тұрақты деп танылады.

      Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын және жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші, егер ол осы Ереженің 447-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шарттарға жиынтығында сәйкес келсе, қаржылық орнықты деп танылады.

      447-2. Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері веб-порталда күнтізбелік жыл ішінде:

      1) осы Қағидалардың 447-тармағында көзделген әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығын;

      2) Осы Қағидалардың 152-1-тармағында көзделген төленген салықтардың көрсеткіші түрінде конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийді;

      3) осы Қағидалардың 172-тармағында көзделген төленген салықтардың көрсеткіші бойынша әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде жеңімпаздың конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы тең болған кезде жеңімпазды анықтау үшін осы мәліметтерді қолдану жылының алдындағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей күнтізбелік жыл ішінде бір рет жаңартылып отырады.

      Бұл ретте әлеуетті өнім берушілердің қаржылық тұрақтылығы және (немесе) төленген салықтар көрсеткіштері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері үш жылдық кезеңнің соңғы есептелетін жылы үшін веб-порталда жаңартылады.

      447-3. Әлеуетті өнім берушілер қосымша салық есептілігін ұсынған және олардың қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерінің және (немесе) төленген салықтардың өзгеруіне әкеп соғатын салықтарды төлеген жағдайда, мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтерін веб-порталда жаңарту енгізілген өзгерістердің дұрыстығын мемлекеттік кірістер органдары растағаннан кейін жүзеге асырылады.

      447-4. Мемлекеттік кірістер органдары әлеуетті өнім берушілердің қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін және (немесе) төленген салықтарды негізсіз көтеруге әкеп соққан салық заңнамасын бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, уәкілетті орган:

      1) веб-порталдан осындай әлеуетті өнім берушілер бойынша мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтерін алып тастайды;

      2) Заңның 11-бабына сәйкес шаралар қабылдайды.

      Мұндай әлеуетті өнім берушілер бойынша мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтерін веб-порталда жаңарту осы Қағидалардың 447-3-тармағында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.";


14-Тарау. Электрондық депозитарийді қалыптастыру және жүргізу

      Ескерту. Қағида 14-тараумен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      448. Электрондық депозитерий осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша веб-порталда қалыптасады.

      449. Электрондық депозитарийді осы Қағидалардың 26-қосымшасына сәйкес веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілер енгізетін жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар негізінде уәкілетті органның ведомствосы қалыптастырады.

      Ескерту. 449-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      450. Жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды әлеуетті өнім берушілер электрондық депозитарийге мынадай мерзімдерде енгізеді:

      1) алдыңғы кезеңдер үшін (соңғы он жыл ішінде) 2020 жылғы 29 ақпаннан кешіктірмей;

      2) ағымдағы жыл үшін (ағымдағы кезең) осы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей.

      Ескерту. 450-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.01.2020 № 92 (01.02.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      451. Егер әлеуетті өнім беруші жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды осы Қағидалардың 450-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін ұсынса, ондай мәліметтер мен құжаттарды электрондық депозитарийге олардың анықтығы расталғаннан кейін уәкілетті орган енгізеді.

      452. Осы Қағидалардың 451-тармағында көзделген жағдайларда, жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті орган олардың анықтығын анықтау үшін олардың веб-портал арқылы келген күнінен бастап екі ай ішінде қарайды.

      453. Әлеуетті өнім берушінің ұсынған жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың анықтығын айқындау мақсатында уәкілетті орган тиісті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ лауазымды және өзге де жеке және заңды тұлғаларға сұрау салу жібереді.

      Сұратылған ақпаратты ұсыну кезеңінде өтінішті қарау мерзімі тоқтатыла тұрады, бұл туралы уәкілетті орган тиісті сұрау салу жіберілген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіні веб-портал арқылы хабардар етеді.

      454. Тиісті мемлекеттік органдар, лауазымды және өзге де жеке және заңды тұлғалар ұсынылған құжаттардың анықтығын растаған жағдайда, мұндай мәліметтер электрондық депозитарийге енгізіледі.

      455. Электрондық депозитарийге енгізілген құжаттар мен мәліметтерге өзгерістер осы Қағидалардың 451-454-тармақшаларында айқындалған тәріппен жүзеге асырылады.

      456. Уәкілетті орган электрондық депозитарийде орналасқан мәліметтер мен құжаттар бойынша әлеуетті өнім берушінінің немесе өнім берушінінің анық емес ақпарат ұсынған фактісі белгіленген себеп бойынша оларды мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіміне енгізген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде мұндай мәліметтер мен құжаттарды электрондық депозитарийден алып тастайды.

      457. Электрондық депозитарийде қамтылған әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар, олар:

      1) электрондық депозитарийде толтырылған мәліметтер ұсынылған жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарға сәйкес келмеген;

      2) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар бойынша дәйексіз ақпарат анықталған жағдайларда қолданылады (веб-порталда бұғатталады).

      Электрондық депозитарийде қамтылған әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дәйектілігін тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы, уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары белгілеуі мүмкін.

      Ескерту. 457-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      458. Осы Қағидаларының 457-тармағында көзделген шешімдерге осы Заңның 47-бабында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      Ескерту. 458-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Мемлекеттік сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
1-қосымша

____ жылға тауарларды жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары/ ____ жылға тауарларды жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары

      (көрсетілген мәндердің бірін таңдаңыз)

      Жалпы мәліметтер

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Тапсырыс берушінің БСН

Мемлекеттік мекемелер үшін

Тапсырыс берушінің атауы

Қаржы жылы

ММ коды

Бюджеттің түрі

1

2

3

4

5







Мемлекеттік сатып алу жоспары

Жоспар тармағының түрі

Мемлекеттік мекемелер үшін

Сатып алу мәнінің түрі

Бюджеттік бағдарлама әкімшісі

Бағдарлама*

Кіші бағдарлама *

Ерекшелік

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

8










Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттауы)

Қосымша сипаттамасы (қазақ тілінде)

Қосымша сипаттамасы (орыс тілінде)

9

10

11

12

13







Сатып алу тәсілі

Өлшем бірлігі

Саны, көлемі

Бір бірлігі үшін баға, теңге

Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома, теңге

Үш жылдық кезеңнің бірінші жылына бекітілген сома, теңге

Үш жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома, теңге

Үш жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома, теңге

14

15

16

17

18

19

20

21










Сатып алуды хабарлаудың жоспарланған мерзімі (ай)

Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі(қазақ тілінде)

Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі(орыс тілінде)

ӘАОС

Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (қазақ тілінде)

Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (орыс тілінде)

Аванстық төлемнің мөлшері, %

Өнім берушінің белгісі

22

23

24

25

26

27

28

29









      Жалпы мәліметтер:

      1) "Тапсырыс берушінің БСН" деген жолақта – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте көрсетілген ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі (он екі мәндегі код);

      2) "ММ коды" деген жолақта – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган беретін мемлекеттік мекеменің коды (жеті мәндегі код) көрсетіледі;

      3) "Бюджеттің түрі" деген жолақта – оның қаражаты есебінен мемлекеттік мекеме ұсталатын бюджеттің түрін білдіретін мән көрсетіледі (республикалық бюджет; облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті, аудандық бюджет, облыстық маңызы бар қала бюджеті);

      4) "Тапсырыс берушінің атауы" деген жолақта – ұйымның толық атауы көрсетіледі;

      5) "Қаржы жылы" деген жолақта – мемлекеттік сатып алу жоспары жасалатын қаржы жылы.

      Мемлекеттік сатып алу жоспары:

      1) "№"деген жолақта – веб-портал айқындайтын мемлекеттік сатып алудың сәйкестендіру коды;

      2) "Жоспар тармағының түрі" деген жолақта – жоспар тармағы түрлерінің мынадай мәндерінің бірі көрсетіледі:

      Қаржы жылынан асып кетпейтін сатып алу;

      Қаржы жылынан асып кететін сатып алу;

      Шартты үнемдеу есебінен сатып алу;

      3) "Әкімшінің коды" деген жолақта – бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган беретін Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды көрсетіледі;

      4) "Бағдарлама" деген жолақта – оның шеңберінде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын шығыстарды функционалдық жіктеудің бюджеттік бағдарламасының коды;

      5) "Кіші бағдарлама" деген жолақта – оның шеңберінде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын шығыстарды функционалдық жіктеудің бюджеттік кіші бағдарламасының коды;

      6) "Ерекшелік" деген жолақта – оның шеңберінде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын шығыстарды экономикалық жіктеудің ерекшелігі коды;

      7) "Қаржыландыру көзі" деген жолақта – түскен тізімнен мемлекеттік сатып алуды қаржыландыру көзін көрсету қажет:

      үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бірлесіп қаржыландыру қаражатын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен;

      үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бірлесіп қаржыландыру қаражаты есебінен;

      мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен ақша есебінен;

      демеушілік және қайырымдылық көмек қаражаты есебінен;

      8) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер есебінен;

      9) "Сатып алу мәнінің түрі" деген жолақта – мемлекеттік сатып алу мәнінің түрі көрсетіледі (тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет);

      10) "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолақта – тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығына сәйкес тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі;

      11) "Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы" деген жолақта – "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы көрсетіледі;

      11) "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттауы)" деген жолақта – "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттауы) көрсетіледі;

      12) "Қосымша сипаттамасы (қазақ тілінде)" деген жолақта – сатып алу мәнінің қазақ тіліндегі қосымша сипаттамасы көрсетіледі (міндетті емес жол);

      13) "Қосымша сипаттамасы (орыс тілінде)" деген жолақта – сатып алу мәнінің орыс тіліндегі қосымша сипаттамасы көрсетіледі (міндетті емес жол);

      14) "Сатып алу тәсілі" деген жолақта – мемлекеттік сатып алу өткізу тәсілі көрсетіледі;

      15) "Өлшем бірлігі" деген жолақта – "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес мемлекеттік сатып алу мәнінің өлшем бірлігі көрсетіледі;

      16) "Саны, көлемі" деген жолақта – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің саны немесе көлемі көрсетіледі;

      17) "Бір бірлігі үшін баға, теңге" деген жолақта – теңгеде мемлекеттік сатып алу мәнінің бірлігі үшін баға көрсетіледі;

      18) "Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома, теңге" деген жолақта – "Саны, көлемі" деген жолақты "Бір бірлігі үшін баға, теңге" деген жолаққа көбейту арқылы есептеледі және сатып алуды жүргізу жоспарланатын соманы білдіреді;

      19) "Үш жылдық кезеңнің бірінші жылына бекітілген сома, теңге" деген жолақта – теңгеде үш жылдық кезеңнің бірінші жылына жоспарланған сома көрсетіледі;

      20) "Үш жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома, теңге" деген жолақта – теңгеде үш жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома көрсетіледі;

      21) "Үш жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома, теңге" деген жолақта – теңгеде үш жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома көрсетіледі;

      22) Сатып алуды хабарлаудың жоспарланған мерзімі (ай)" деген жолақта – мемлекеттік сатып алуды жүргізу жоспарланған ай көрсетіледі;

      23) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі (қазақ тілінде)" деген жолақта – қазақ тілінде тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі көрсетіледі; 24) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі (орыс тілінде)" деген жолақта – орыс тілінде тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі көрсетіледі;

      25) "ӘАОС" деген жолақта – "Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы" анықтамалығына сәйкес сандық мәнде елді мекеннің коды көрсетіледі;

      26) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (қазақ тілінде)" деген жолақта – қазақ тілінде тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны көрсетіледі;

      27) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (орыс тілінде)" деген жолақта – орыс тілінде тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны көрсетіледі;

      28) "Аванстық төлемнің мөлшері, %" деген жолақта – жоспарланған аванстық төлем мөлшері көрсетіледі;

      29) "Өнім берушінің белгісі" деген жолақта – әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарында сатып алуды жүргізу белгісі көрсетіледі.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша

Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы (әрбір лотқа жеке толтырылады )

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Сатып алу № _________________________________________________

      Сатып алудың атауы ___________________________________________

      лот № _______________________________________________________

      Лот атауы ____________________________________________________

      Әлеуетті өнім берушінің атауы __________________________________

      БСН / ЖСН / ССН / СЕН _________________________________________

      Әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері ___________________

      Тауардың, жұмыстың, қызметтің атауы __________________________

      Өндіруші ел (тауарды сатып алу кезінде көрсетіледі) ______________

      Дайындаушы зауыт (дайындаушы зауыттың атауы және оның орналасқан жері) (тауарды сатып алу кезінде көрсетіледі) __________________________________

      Баға ұсынысы валютасының атауы ______________________________

      Өлшем бірлігі ________________________________________________

      Барлық шығындары мен жеңілдіктері ескерілген бірлік үшін баға _________

      Саны (көлемі) ________________________________________________

      ИНКОТЕРМС 2010 тауарды жеткізу шарттары _____________________

      Жалпы баға (санын бірлік бағасына көбейту) ______________________

      Біз хабарландыруда айтылған Сіздердің төлем шарттарыңызбен келісеміз.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН-бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН-жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН-салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      Тен-төлеушінің есептік нөмірі.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
3-қосымша

Қорытынды туралы хаттама (Баға ұсыныстарын сұрату нөмірі)

      бұл ретте нөмір сатып алу тәсілі мен нөміріне байланысты болуға тиіс

      (әрбір лотқа жеке қалыптастырылады)

      Күні мен уақыты

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Сатып алудың № ________

      Сатып алудың атауы __________________________________________________

      Өтінімдердің қабылдауы басталған күні _______________________________

      Өтінімдердің қабылдауы аяқталған күні _______________________________

      Ұйымдастырушының атауы ______________________________________________

      Ұйымдастырушының мекенжайы___________________________________________

Лоттың № _____

Лоттың атауы


Тапсырыс берушінің атауы


Тапсырыс берушінің мекенжайы


Бірлік үшін жоспарланған баға, теңге


Жоспарланған сома, теңге


Өлшем бірлігі


Саны


      Әлеуетті өнім берушілердің веб-портал автоматты түрде қабылдамаған баға ұсыныстары (өтінімдер саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН)/ ССН/ТЕН

Қабылдамау себебі





      Әлеуетті өнім берушілер мынадай баға ұсыныстарын ұсынды (өтінімдер саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН)/ ССН/ТЕН

Бірлік үшін бағасы

Әлеуетті өнім берушінің жалпы сомасы

Өтінім берудің күні және уақыты
(хронологиясы бойынша)







      1. №___ лоты бойынша жеңімпаз: {жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН, атауы}, екінші орын алған әлеуетті өнім беруші {екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН атауы} айқындау.

      2. Тапсырыс берушіге {тапсырыс берушінің атауы} "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде {жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН атауы} мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу

      Не:

      "№___ лот бойынша мемлекеттік сатып алуды (сатып алу атауы) _____________________байланысты өтпеді деп тану*":

      Ескертпе: *Мынадай мәндердің бірі: "ұсынылған баға ұсыныстарының болмауы", "бір баға ұсынысының ұсынылуы".

      Не:

      Сатып алуды болдырмау жүргізілді, оған мыналар негіз болып табылады: Уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыным, шешім) № _________ кк.аа.жжжж.

      Болдырмау туралы шешім қабылдаған орган: {_________________________}.

      Не:

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10-тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тартылды.";

      Ескертпе:

      * Тапсырыс берушілер туралы мәлімет, егер тапсырыс берушілер бірнешеу болса көрсетілмейді.

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі;

      кк.аа.жжжж. – күні, айы, жылы.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
3-1-қосымша

Банктік кепілдік

      Ескерту. 3-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Банктің атауы _______________________

      Банктің деректемелерi ________________

      Кімге:

      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы

      _________________________________________________

      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының деректемелерi _____________________

      № _______ кепілдік міндеттеме _________________________ "_____"____________ ж.

      (орналасқан жері)

      Біз, бұдан әрі "Өнім беруші" ________________________

      (әлеуетті өнім берушінің атауы)

      ________________________________________________

      (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы)

      ұйымдастырған атауы ___________________

      №_____________________________________

      лоттың атауы____________________________________

      лоттың №________________________________________

      _____________ сатып алу жөніндегі баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысатынынан және _____________________

      (баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу (лот/-тар) бойынша тауарлардың, жұмыстардың көрсетілетін қызметтердің атауы) тауарларды жеткізуді (жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді) жүзеге асыруға дайын екенінен хабардармыз.

      Осыған байланысты біз __________________ осымен (банктің атауы)

      Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды алғаннан кейін, сондай-ақ баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың жеңімпазы етіп айқындалған Өнім берушіге:

      мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғанын;

      мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, шартты орындамағанын не тиісінше орындамағанын, оның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы талаптарды уақтылы орындамағанын, жазбаша растауды алғаннан кейін, Сіздің талабыңыз бойынша Сізге ________________________

      (сома санмен және жазбаша) сомаға тең кері қайтып алынбайтын міндеттемені төлеуді өз міндетімізге аламыз.

      Осы кепілдік міндеттеме баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап күшіне енеді.

      Осы кепілдік міндеттеме Өнім берушінің баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтінімінің қолданылуының соңғы мерзіміне дейін қолданылады және, егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз ____ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатынына немесе қайтарылмайтынына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды.

      Егер баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысу өтінімінің қолданылу мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады.

      Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

      Кепілгердің қолы мен мөрі Күні мен мекенжайы

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
4-қосымша

      Бекітемін:

      __________________________________________________________________

      (тапсырыс берушінің (бірыңғай ұйымдастырушының ) толық атауы

      __________________________________________________________________

      (конкурстық құжаттаманы бекіткен адамның Т.А.Ә.)

      Шешім № _____ Күні_________Уақыты _____

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА

      Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 15.06.2017 № 384 (01.08.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2017 № 739 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2019 № 142 (01.03.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.02.2020 № 205 (01.03.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      __________________________________________________________________

      (сатып алу мәнінің түрі)

      __________________________________________________________________

      (конкурстың атауы)

      Тапсырыс беруші (тапсырыс берушімен бір тұлғаны білдіретін

      ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді)______________________________

      (атауы, орналасқан жері, БСН, банк деректемелері көрсетіледі)

      Тапсырыс берушінің өкілі (тапсырыс берушімен бір тұлғаны білдіретін

      ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді)______________________________

      (Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)

      Ұйымдастырушы (бірыңғай ұйымдастырушы) __________________________

      (атауы, орналасқан жері, БСН, банк деректемелері көрсетіледі)

      Ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) өкілі _______________

      __________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)

      Конкурстық комиссияның хатшысы __________________________________

      (Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)

1. Жалпы ережелер

      1. Конкурс қоса берілген лоттардың тізбесіне сәйкес өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі.

      2. Осы конкурстық құжаттама (бұдан әрі – КҚ) мыналарды:

      1) осы КҚ-ға 1-қосымшаға сәйкес лоттардың тізбесін;

      2) осы КҚ-ға 1-1, 1-2, 1-3 және 1-4-қосымшаларға сәйкес біліктілік талаптары;

      3) осы КҚ-ға 2, 2-1, 2-2 және 2-3-қосымшаларға сәйкес, сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттарды көрсете отырып техникалық ерекшелікті әзірлейді. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде, мемлекеттік сатып алуды нормалау ескеріле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамалары көрсетіледі.

      Бұл ретте сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігінде өнім берушілерге қойылатын, берілетін тауарлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде, стандарттар ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттарды беру туралы талап қамтылуға тиіс;

      4) осы КҚ-ға 4-қосымшаға сәйкес электрондық конкурсқа қатысуға келісім;

      5) осы КҚ-ға 5, 5-1, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес тауарларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

      6) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 152-1 тармағына неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін өлшемшарттардың тізбесін қамтиды;

      7) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша осы конкурс үшін бөлінген сома ______ теңгені құрайды.

      Осы конкурс үшін бөлінген сома лоттар бөлінісінде мынаны құрайды:

лот №

Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы)

Лот бойынша бөлінген сома (теңге)

{лот №}

{тауардың____жұмыстың__көрсетілетін қызметтіңатауы}

{лот бойынша____бөлінген___сома}

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінім мен қоса тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысу өтінімді қамтамасыз етуді төменде келтірілген нысандардың бірінде енгізеді:

      1) әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;

      2) осы КҚ-ға 8-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.

      Оның электрондық көшірмесі мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырыла отырып, қағаз тасығышта банктік кепілдік берілген жағдайда қағаз тасығышта банктік кепілдік конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзіміне дейін ұйымдастырушыға беріледі.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      4. Конкурсқа қатысу өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.

2. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау, ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушінің Конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруі

      5. КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде олар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қамтитын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде жүзеге асырылмайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. КҚ-ның жобасына ескертулерді, сондай-ақ КҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды әлеуетті өнім берушілер веб-портал арқылы тапсырыс берушіге, ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберулері мүмкін.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде КҚ-ның жобасына ескертулер, сондай-ақ КҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болмаған кезде КҚ бекітілген болып саналады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Ескертулер, сондай-ақ КҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болған кезде тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау мерзімі біткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мынадай шешімдерді қабылдайды:

      1) КҚ-ның жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

      2) оларды қабылдамауына негіздемелерін көрсете отырып, КҚ-ның жобасына ескертулерді қабылдамайды;

      3) КҚ-ның ережелеріне түсіндірме береді.

      КҚ-ның жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда, КҚ-ны бекіткен сияқты тәртіппен веб-порталда өзгертілген КҚ-ны бекіту туралы шешім қабылданады.

      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген шешімдер қабылданған күннен бастап КҚ бекітілген болып саналады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Ұйымдастырушы КҚ бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасын орналастыруға міндетті.

      КҚ-ның жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасымен бірге КҚ-ның бекітілген мәтінін де орналастырады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасында Заңның 22-бабының 2-тармағына сәйкес КҚ-ның жобасына келіп түскен ескертулер мен олар бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпаратты қамтиды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. КҚ-ның жобасына ескертулерді қабылдамау туралы шешім қабылданған жағдайда оларды қабылдамау себептерінің егжей-тегжейлі негіздемесі КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.

      12. КҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілерден сұрау салулар келіп түскен кезде КҚ-ның ережелеріне түсіндіру мәтіні КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрініс табады.

      13. Алдын ала талқылау нәтижелері бойынша тапсырыс берушінің шешімі Заңда айқындалған тәртіппен шағымдалуы мүмкін.

3. Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуіне және оны ұсынуына қойылатын талаптар

      14. Конкурсқа қатысуға өтінім веб-портал арқылы электрондық құжат нысанында беріледі және осы КҚ-да көзделген шарттар мен талаптарға сәйкес тауарды жеткізуге конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісімін білдіру нысаны, сондай-ақ өзі туралы, Заңның 6-бабында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулеріне сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға әлеуетті өнім берушінің келісімі болып табылады.

      15. Әлеуетті өнім беруші өтінімді қалыптастыру алдында осы КҚ-ға 4-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу туралы келісімді қабылдайды.

      15-1. Консорциум ретінде конкурсқа қатысуға ниет еткен Заңды тұлғалар өтінімді беру алдында осы КҚ 4-1-қосымшасына сәйкес, веб-порталда бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт жасайды және рәсімдейді.

      Ескерту. 3-тарау 15-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды:

      1) мынадай:

      әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге құқығын растайтын рұқсаттар (хабарламалар) және/немесе патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар, басқа да құжаттардың;

      осы КҚ-ға 5, 5-1, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілігі туралы мәліметтер;

      осы КҚ-ға 10-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер және әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) жиынтығында жұмыстардың екіден бір астамын беруге тыйым салу шарты;

      Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстар не қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларын) тартуды көздеген жағдайда, онда әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға тартылатын мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесін ұсынады.

      2) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттарды көрсете отырып техникалық ерекшелікті қамтиды. Бұл ретте ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, оның ішінде тауарлық белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, фирмалық атауларын, патенттерін, пайдалы моделдерін, өндірістік үлгілерін, тауардың шығу жері мен өндірушінің атауын, және басқа да сипаттамаларын көрсете отырып, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін осы КҚ-ға 2-1, 2-2, 2-3-қосымшаларға, тауарлар үшін осы КҚ-ға 3-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша көрсетіледі. Қажет болған жағдайда техникалық ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.

      Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінде өндірушілерден немесе олардың ресми өкілдерінен (дилерлерден немесе дистрибьюторлардан) алынған хаттардың (сертификаттарының, куәліктерінің), техникалық паспорттардың, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшеліктерінде көрсетілген өнімдердің сәйкестік сертификаттарының көшірмелерінің болуы туралы талаптарды көрсетуге жол беріледі.

      Егер техникалық паспорттар, тауарлардың сәйкестік сертификаттары және тапсырыс беруші талап ететін өзге де құжаттар тауарды сатып алу кезінде не Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, оларды белгіленген тәртіппен тіркеу кезінде берілсе, ондай жағдайда әлеуетті өнім беруші тауарды жеткізген кезде осындай құжаттарды ұсыну туралы кепілдік хатын;

      3) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді заңнамада белгіленген мөлшерде, мынадай:

      осы КҚ-ға 8-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік;

      әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;

      4) осы КҚ-ға 11-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағасы.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      17. Конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі Заңның 24-бабы 6-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап кем дегенде күнтізбелік алпыс күнді құрайды.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Конкурсқа қатысуға өтінімде қамтылатын қағаз құжаттардың электрондық көшірмелері бейненің түсіне қарамастан, дәл және анық болуы тиіс.

      19. Конкурсқа қатысуға өтінім, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтінімге қатысты бүкіл хат-хабарлар мен құжаттар әлеуетті өнім берушінің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде жасалады және беріледі.

      Оларды әлеуетті өнім беруші басқа тілде жасаған және ұсынған жағдайда оларға дәл (нотариалдық расталған) аудармасы қоса беріледі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Конкурсқа қатысуға өтінімді ұсыну тәртібi

      20. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушыға электрондық құжат нысанында береді.

      21. Әлеуетті өнім берушілер берген конкурсқа қатысуға өтінімдер автоматты түрде веб-порталда электрондық өтінімдер журналында тіркеледі.

      22. Конкурсқа қатысуға өтінім берген өнім берушіге тиісті хабарламаны веб-порталмен автоматты түрде жіберген сәтте конкурсқа қатысуға берілген өтінім қабылданған болып есептеледі.

      23. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға берген өтінімі мынадай:

      1) егер әлеуетті өнім беруші бұрын осы конкурсқа қатысуға өтінім берген;

      2) конкурсқа қатысуға берілген өтінім осы конкурсқа қатысуға берілетін өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін түскен;

      3) бастапқы баға осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен;

      4) Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларында веб-порталдан автоматты түрде кері қайтарылады.

      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағасы теңгемен көрсетілген болуы тиіс.

5. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді өзгерту және оларды кері қайтарып алу

      25. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталатын күннен кешіктірмей мыналарға:

      1) енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуге және (немесе) толықтыруға;

      2) өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімін қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қайтарып алуға құқылы.

      26. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі біткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу сияқты, оған өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

      27. Әлеуетті өнім беруші, оның конкурсқа қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, Конкурстық комиссия, сараптау комиссиясы (сарапшы) конкурстың қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.

6. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу

      28. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың түпкілікті мерзімінің күні мен уақыты басталғаннан кейін бес минуттың ішінде веб-портал конкурсқа қатысуға өтінімдерді автоматты түрде ашуды жүргізеді.

      Егер конкурсқа қатысуға бір ғана өтінім конкурсқа (лотқа) ұсынылған болса, онда мұндай өтінім де ашылады және қаралады.

      29. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын ашылған күні веб-портал автоматты түрде жариялайды. Бұл ретте веб-портал Конкурстық комиссияның мүшелеріне, веб-порталда автоматты түрде тіркелген әлеуетті өнім берушілерге автоматты түрде хабарламалар таратады.

      30. Конкурстық баға ұсыныстарын қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін қарауға қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау

      31. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, біліктілік талаптары мен КҚ-ның талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында Конкурстық комиссия жүзеге асырады.

      31-1. Заңның 27-бабының 5 тармағына сәйкес конкурстық комиссия:

      1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды оңайлату үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұрайды;

      2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында, тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұрайды.

      Ескерту. 7-тарау 31-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде Конкурстық комиссия мыналарды:

      1) осы КҚ-ның 33-тармағында көрсетілген жағдайда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын;

      2) қорытындылар туралы хаттаманы ресімдейді.

      33. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын, Конкурстық комиссия біліктілік талаптары мен осы КҚ-ның талаптарына сәйкес келмейтінәлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда ресімдейді.

      34. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында мынадай ақпарат:

      1) оларды қабылдамау себептерін толық сипаттай отырып, оның ішінде олардың біліктілік талаптары мен осы КҚ-ның талаптарына сәйкес келмейтінін растаушы мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып,біліктілік талаптары мен осы КҚ-ның талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің тізбесі;

      2) ұсыну және біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру қажет құжаттардың тізбесі;

      3) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерін ұсыну күні қамтылады.

      35. Конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешімі конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданады және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 7-қосымшаға сәйкес, оны Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні веб-порталда жариялайды.

      36. Әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішіндеконкурсқа қатысуға өтінімді біліктілік талаптары мен КҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру құқығы беріледі.

      37. Конкурстық комиссия:

      1) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін, олардың конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген құжаттар тізбесі бойынша біліктілік талаптары мен КҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру толықтығы тұрғысынан қайта қарайды;

      2) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген құжаттардың толық тізбесін бермеген және біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкестендірмеген әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;

      3) әлеуетті өнім берушілерден, олардың конкурсқа қатысуға өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді қарауды, конкурсқа қатысуға өтінімдерді бағалау мен салыстыруды жеңілдету үшін біліктілік талаптары мен КҚ-ның талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратады;

      4) біліктілік талаптары мен КҚ-ның талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратып алады.

      Конкурстық комиссияның сұрауларына және конкурсқа қатысуға өтінімдерді КҚ-ның талаптарына сәйкес келтіруге байланысты өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді.

      КҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру деп конкурсқа қатысуға өтінімдерді сәйкес келтіру мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімдерде берілген құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды түзету жолымен сәйкес келтіруге бағытталған Конкурстық комиссияның іс-әрекеттері түсініледі;

      5) біліктілік талаптары мен КҚ-ның өзге де талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтайды және конкурс қатысушылары деп таниды.

      Конкурстық комиссия, егер онда конкурсқа қатысуға өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса конкурсқа қатысуға өтінімді КҚ талаптарына сәйкес келетін ретінде қарайды.

      38. Конкурстық комиссия мынадай:

      1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;

      2) Конкурстық комиссияға:

      конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;

      оған қатысу үшін банктік кепілдік түрінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін конкурстың атауы мен нөмірі;

      банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;

      конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;

      пайдасына конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтердің жоқтығынан көрінетін конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген;

      3) Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде енгізген жағдайларда енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді КҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп таниды.

      Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етудің тиындармен есептелген сомасы дөңгелектенеді. Бұл ретте елу тиыннан төмен сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал елу тиынға тең және одан жоғары сома бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      Өзге негіздер бойынша енгізілген электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудіКҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.

      Ескерту. 38-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді КҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп тану себебін көрсетеді.

      Әлеуетті өнім берушіні Заңның 10-бабының 1-тармағында және Қағидалардың 150-тармағында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету соманың бір және одан да көп пайызы мөлшерінде енгізілген жағдайда, Конкурстық комиссия енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы КҚ-ның талаптарына сәйкес деп таниды.

      40. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету конкурсқа бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде енгізілген кезде, әлеуетті өнім берушіконкурсқа қатысуға өтінімді КҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру мақсатында, конкурсқа қатысуға өтінімді қосымша қамтамасыз етуді Заңның 25-бабы 3-тармағында көзделген түрлердің бірінде енгізуге құқылы.

      Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға өтінімді КҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру үшін құқық берілмейді.

      41. Әлеуетті өнім беруші мынадай жағдайларда:

      1) өзі және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалған;

      2) Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері болған. Заңның 6-бабының 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі веб-порталдың автоматты түрде кері қайтаруына жатады. Заңның 6-бабының 1-тармағының 7), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша конкурстық комиссия тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарындағы ақпаратты қарастырады.

      3) егер оның конкурсқа қатысуға өтінімі КҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп айқындалған, оның ішінде егер ол КҚ-ның және Қағидалардың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынбаған жағдайда конкурсқа қатысуға (конкурсқа қатысушы деп тануға) жіберілмейді.

      Ескерту. 41-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      42. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қарау кезінде, алдын ала рұқсат беру хаттамасында көзделмеген негіздер бойынша әлеуетті өнім берушілерді қабылдамауға жол берілмейді.

      43. Конкурстық комиссия конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманы қалыптастыру кезінде конкурсқа қатысуға бір өтінім ұсынылған жағдайларды қоспағанда, Қағиданың 152-1-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім ұсынған әрбір әлеуетті өнім берушіге қатысты КҚ көзделген критерийлерге сәйкес шартты жеңілдіктерді айқындайды.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      44. Конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін нөл бүтін оннан бес (0,5 %) пайыз мөлшерінде, бірақ он пайызынан асырмай шартты жеңілдік береді.

      Жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсерді конкурстық құжаттамаға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      Конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша бір (1 %) пайыз мөлшерінде, бірақ он пайызынан асырмай шартты жеңілдік береді. Жұмыс тәжірибесі бір жылдан кем болған немесе ол болмаған жағдайда осындай пайыз белгіленбейді.

      Егер әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс мәні болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

      Егер бір жылдың ішінде әлеуетті өнім беруші конкурста сатып алынатын, оның ішінде біреуден артық құрылыс объектісінде осындай (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан екі (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

      Егер аталған жұмыстар әлеуетті өнім берушімен қосалқы мердігер ретінде орындалған болса, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан бір (0,1 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

      Құрылыс объектісі деп бір азаматтық-құқықтық шарт шеңберінде орындалған, нысанасы өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасына сәйкес келетін жұмыстар түсініледі.

      Егер конкурстың нысанасы құрылыспен байланысты емес жұмыстар болып табылған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстардың түрлеріне ұқсас (сондай) келесі орындалған әрбір жұмыс үшін нөл бүтін оннан екі (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

      Жұмыстар деп бір азаматтық-құқықтық шарт шеңберінде орындалған, нысанасы өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасына сәйкес келетін жұмыстар түсініледі.

      Егер конкурс (лот) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын болса, осы өлшемнің конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері бес пайыздан аспайды.

      Егер конкурс (лот) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі жүз мың еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда, осы өлшемнің конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері он пайыздан аспайды.

      Жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсерді конкурстық құжаттамаға 5 және 5-1-қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      45-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2023 дейін қолданыста болады) бұйрығымен.

      45. Егер әлеуетті өнім берушінің төленген салық көрсеткіші үш пайыздан астам болған жағдайда, веб-портал әрбір оннан бір (0,1) пайыздан асатын әрбір ондық (0,1) пайыз үшін оннан бір (0,1) пайыз мөлшерінде, бірақ үш пайыздан аспайтын шартты жеңілдік автоматты түрде береді.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2022 дейін қолданыста болады) бұйрығымен.
      46. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      47. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      48. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      49. Әлеуетті өнім беруші осы критерийлерді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда конкурстық комиссия осындай әлеуетті өнім берушіге шартты жеңілдікті қолданбайды. Шартты жеңілдіктерді қолдану үшін әлеуетті өнім берушіұсынған шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шартқа енгізіледі.

      50. Әлеуетті өнім беруші тауарларының, жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің, егер неғұрлым жақсы функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары бар тауарлар (көрсетілетін қызметтер), технологиялық шешімдер және (немесе) жұмыстарды ең жақсы материалдан орындау ұсынылса, КҚ көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктеріне сәйкес келмеуіне жол беріледі.

      51. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушіде жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесі қаралған жағдайда, конкурстық комиссияосы конкурста сатып алынатын тауарды, орындалатын жұмысты, көрсетілетін қызметті, оның ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ұқсас түрлерін жеткізу нарығында ғана жұмыс тәжірибесін қарайды.

      52. Өлшемшарт - тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстар сараптау комиссиясының не сарапшының қорытындысына сәйкес қолданылады (бар болса). Конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына осы өлшемшарттың жиынтық пайыздық әсері он пайыздан аспауға тиіс.

      Егер конкурсқа қатысуға арналған өтінімде әлеуетті өнім беруші ұсынған техникалық ерекшеліктегі тауарлардың функционалдық сипаттамасы КҚ техникалық ерекшелігінде белгіленген тауарлардың мүмкіндіктері шегінен асқан жағдайда сараптау комиссиясы не сарапшы әрбір мүмкіндік үшін нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5%) белгілейді. Бұл ретте жалпы жиынтық мәні үш пайыздан (3%) аспауға тиіс.

      Егер конкурсқа қатысуға арналған өтінімде әлеуетті өнім беруші ұсынған техникалық ерекшелікте тауарлардың техникалық сипаттамасы КҚ техникалық ерекшелігінде белгіленген тауарлардың параметрінен асқан жағдайда сараптау комиссиясы не сарапшы әрбір мүмкіндік үшін нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5%) белгілейді. Бұл ретте жалпы жиынтық мәні үш пайыздан (3%) аспауға тиіс.

      Егер конкурсқа қатысуға арналған өтінімде әлеуетті өнім беруші ұсынған техникалық ерекшелікте тауарлардың сапалық сипаттамасы КҚ техникалық ерекшелігінде белгіленген тауарлардың талаптары мен мақсатынан асқан жағдайда конкурстық комиссия осы сипаттама үшін бес пайыз (5%) белгілейді.

      Егер конкурсқа қатысуға арналған өтінімде әлеуетті өнім беруші ұсынған техникалық ерекшелікте тауарлардың пайдалану сипаттамасы (пайдалану мерзімі, тасымалдау, сақтау талаптары, пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге, жөндеуге арналған шығыстары) КҚ техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптардан асқан жағдайда конкурстық комиссиясы әрбір артқан талап үшін нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5%) белгілейді. Бұл ретте жалпы жиынтық мәні үш пайыздан (3%) аспауға тиіс.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      53. Конкурсқа қатысуға өтінім, егер онда конкурсқа қатысуға өтінімінде ұсынылатын мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық және арифметикалық қателері болса КҚ талаптарына жауапты деп танылады

8. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурстың жеңімпазын айқындау

      54. Конкурстық баға ұсынысы конкурсқа қатысуға өтінімнің біліктілік талаптарына және КҚ талаптары мәніне қарау қорытындылары бойынша веб-порталда автоматты түрде ашылады.

      55. Веб-портал конкурсқа қатысушылардың бастапқы бағаларын бағалау мен салыстыруды автоматы түрде жүргізеді:

      Қағидаларға сәйкес айқындалатын демпингтік баға есептеледі;

      конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары салыстырылады, ең төмен шартты бағаның негізінде конкурс жеңімпазы, ең төмен шартты бағадан кейінгі бағаның негізінде екінші орын алған әлеуетті өнім беруші айқындалады;

      конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес веб-портал автоматты түрде айқындайтын, төленген салықтардың үлкен көрсеткіші бар конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады;

      төленген салықтардың көрсеткіштері тең болған кезде қатысуға өтінім басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрын түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.

      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 28.02.2020 № 205 (01.03.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      56. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру нәтижелері конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамада орналастырылады.

9. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару

      57. Ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді электрондық банктік кепілдік түрінде қамтамасыз етуді мынадай:

      1) ашу хаттамасын орналастырған жағдайда осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қайтарып алған;

      2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

      3) әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғанда және онымен шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес (бар болса) соманы енгізген жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.

      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      57-1. Бірыңғай оператор әлеуетті өнім берушіге өзі бұғаттаған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:

      1) осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін кері қайтарып алған;

      2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

      3) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойған және ол шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізген (бар болса) жағдайларда автоматты түрде бұғаттан шығарады.

      Ескерту. 57-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      58. Электрондық банктік кепілдік түрінде енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұйымдастырушы мынадай:

      1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;

      2) конкурс жеңімпазы шарт жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.

      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      58-1. Электрондық әмиян арқылы енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бірыңғай оператор бұғаттайды және мынадай:

      1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;

      2) конкурс жеңімпазы шарт жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы КҚ-да белгіленген талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда қайтармайды.

      Ескерту. 58-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт

      59. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі - шарт), Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылып, тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында веб-портал арқылы жасалады.

      Заңның 6-бабының 1-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген, веб-порталмен автоматты түрде анықталатын, мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері болған тұлғаны қоспағанда, тапсырыс беруші Қағидаларға 19, 20 және 21-қосымшаларға сәйкес үлгі шартқа сай жасалған шарттың жобасын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі біткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпазға жібереді.

      Ескерту. 59-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      60. Өнім берушіні таңдау рәсімдері, оның ішінде мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары шеңберінде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану рәсімдері тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілгенге дейін аяқталған жағдайда шарттың жобасы тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпазға жіберіледі.

      61. Заңның 43-бабы 3-тармағына сәйкес шарттың жобасын конкурс жеңімпазы, шарттың жобасын қоса бере отырып, веб-порталға хабарлама келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырады.

      Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      62. Тапсырыс беруші, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі біткен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы өнім берушіге шартқа қол қоятын тұлға мен өнім берушінің деректемелері туралы мәліметтерге сұрау салу жібереді.

      63. Әлеуетті өнім беруші веб-порталда тиістісұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады және шартқа қол қоятын тұлға мен өнім берушінің деректемелері туралы мәліметтерді растайды.

      Әлеуетті өнім беруші шартқа қол қоятын тұлғасы мен өзінің деректемелерін растау болмаған жағдайда тапсырыс беруші веб-порталда әлеуетті өнім беруші орналастырылған тіркеу деректеріне сәйкес шартқа қол қояды.

      64. Тапсырыс беруші, Қағидалардың 388-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушінің мәліметтерді растау мерзімі біткен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарт жобасын қалыптастырады және оған қол қою үшін әлеуетті өнім берушіге жібереді.

      65. Өнім беруші, Заңда және Қағидаларда белгіленген мерзімде веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен шартқа қол қояды.

      66. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде шарт жобасына қол қоймаса, тапсырыс беруші жеңімпаздың шарт жасасудан жалтарған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын веб-портал арқылы екінші орынды алған әлеуетті өнім берушіге жібереді. Заңның 43-бабы 7-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырады.

      Егер екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің қолы қойылған шартқа белгіленген мерзімде қол қоймаса, тапсырыс беруші қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.

      Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      67. Шарт, уәкілетті органның Заңның 16-бабының 6) тармақшасына сәйкес шешімі шыққан кезде, соның ішінде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының уәкілетті органның осы шешіміне шағымдану кезеңінде жасалуы мүмкін емес.

      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      68. Өнім беруші шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес (болған кезде) соманы енгізуге міндетті.

      69. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.

      Егер шартта аванс төленуі көзделген жағдайда, өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етумен бірге авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді.

      Өнiм беруші аванстың толық сомасын төлеуден не аванстың бір бөлігінен бас тартуға құқылы. Аванстан ішінара бас тартқан жағдайда өнім беруші аванстың бір бөлігіне тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізуге міндетті.

      Шарт бойынша міндеттемелерді орындау шамасына қарай тапсырыс беруші өнім берушінің жазбаша хабарламасы бойынша авансты орындауды қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттік сатып алу туралы шартта көзделген орындалған міндеттемелерге барабар азайтады.

      70. Шарт бір қаржы жылынан асатын мерзімге жасалған жағдайда ағымдағы жылға шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тиісті қаржы жылында көзделген шарттың жылдық сомасына сүйене отырып, есептеледі.

      71. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

      1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;

      2) Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік;

      3) Заңның 43-бабының 11-тармағының екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын таңдауға құқылы.

      Тапсырыс беруші өнім берушіге шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта көрсетілген мерзімде немесе өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.

      Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      72. Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.

      73. Демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (болған кезде), өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына не тиісінше орындамауына байланысты шартты бұзған жағдайда ұйымдастырушы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ қамтамасыз ету сомасын қайтармайды.

      Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      74. Заңның 43-бабы 22-тармағына сәйкес шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен мерзімнен кем болмауға, бірақ кем дегенде күнтізбелік он бес күнді құрайды.

      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      75. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге қол қойылған шартты ұсынбаған немесе шартты жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбесе, мұндай әлеуетті өнім беруші шартты жасасудан жалтарды деп танылады.

      Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      76. Жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда, ұйымдастырушы ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді электрондық банктік кепілдік түрінде ұстап қалады.

      Ескерту. 76-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

11. Әлеуетті өнім берушілерге жұмыс тәжірибесі болуы бөлігінде қойылатын талаптар

      77. Әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптары сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде Қағидаларда көзделген жағдайларда белгіленеді.

      Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      78. Алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.

      Ескерту. 4-қосымша аббревиатуралармен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Конкурстық құжаттамаға
1-қосымша

Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттары (бекітілген жылдық жоспар негізінде қалыптастырылады)

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.01.2020 № 92 (01.02.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Конкурстың № __________________________

      Конкурстың атауы _______________________

Лоттың №

Тапсырыс берушінің атауы

Тауардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы*

Өлшем бірлігі

Саны, көлемі

Жеткізу шарты (ИНКОТЕРМС 2010-ға сәйкес)

Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі

Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны

Аванстық төлем мөлшері, %

Лот бойынша бөлінген сома, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      * Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшеліктерде көрсетіледі.

  Конкурстық құжаттамаға
1-1-қосымша

Тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары (тапсырыс беруші толтырады)

      Ескерту. Конкурстық құжаттама 1-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.09.2020 № 936 (01.10.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      Тапсырыс берушінің атауы________________________

      Ұйымдастырушының атауы _______________________

      Конкурстың № __________________________________

      Конкурстың атауы _______________________________

      Лоттың № ______________________________________

      Лоттың атауы ___________________________________

      Әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі керек:

      1. Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес тауарларды жеткізуге рұқсаттың (хабарламаның) болуы.

      Егер тауарды жеткізу тиісті рұқсатты алуды, хабарланы жіберуді талап еткен жағдайда мынадай мәліметтерді толтыру қажет.

Рұқсаттың (хабарламаның) атауы

1


      Егер тауарды жеткізу тиісті рұқсат алуды, хабарлама жіберуді талап етпесе, онда бұл ақпарат толтырылмайды.

      2. Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы (веб-порталда мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде автоматты түрде анықталады).

      3. Банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы.

      4. Қажетті материалдық және еңбек ресурстарының болуы.

      Материалдық ресурстар:

Материалдық ресурстарының атауы

Саны

1



      Еңбек ресурстары:

Еңбек ресурстарының атауы (мамандығы/біліктілігі)

Саны

1



      5. Сатып алынатын тауардың тақырыбына соңғы он жылда сәйкес келетін жұмыс тәжірибесінің болуы.

      Егер сатып алынатын тауарларды жеткізуге Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы талап етілген жағдайда, жұмыс тәжірибесі бойынша талап қойылмайды.

Сатып алынатың тауардың атауы (лоттың атауы)

Жыл саны

1



      Ескерту.

      1. Талап етілетін материалдық және еңбек ресурстарының әр бірлігі бөлек жолмен көрсетіледі.

      2. Өзге құжаттарда әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

  Конкурстық құжаттамаға
1-2-қосымша

Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары (құрылыс (құрылыс- монтаждау жұмыстары мен жобалау бойынша жұмыстар) саласында жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші толтырады)

      Ескерту. Конкурстық құжаттама 1-2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.09.2020 № 936 (01.10.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      Тапсырыс берушінің атауы________________________

      Ұйымдастырушының атауы _______________________

      Конкурстың № __________________________________

      Конкурстың атауы ______________________________

      Лоттың №______________________________________

      Лоттың атауы __________________________________

      Әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:

      1. Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес құрылыс (құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жобалау бойынша жұмыстар) саласында жұмыстарды орындауға рұқсаттың (хабарламаның) болуы.

Рұқсаттың (хабарламаның) атауы

1


      2. Қаржылық орнықты болу және республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы (веб-порталда мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде автоматты түрде анықталады).

      3. Банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы.

      4. Материалдық және еңбек ресурстарына ие болу осы қосымшаның 1-тармағында көзделген, Қазақстан Республикасының рұқсат беру және хабарландыру туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсатпен (хабарламамен) расталады.

      5. Конкурста сатып алынатын ұқсас (сол сияқты) орындалатын жұмыстар тәжірибесінің соңғы он жыл ішінде болуы.

      Егер сатып алынатын жұмыстарды орындауға Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы талап етілген жағдайда, жұмыс тәжірибесі бойынша талап қойылмайды.

Сатып алынатын жұмыстардың атауы (лоттың атауы)

Қажетті жұмыс тәжірибесі (жыл саны)

Құрылыстың түрі (жаңа құрылыс, бар объектілерді кеңейту, техникалық қайта жасақтау, жаңғырту, реконструкциялау, қайта жаңарту және күрделі жөндеу)

Ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі (бірінші – жоғары, екінші – қалыпты, үшінші – төмендетілген)

Объектілердің техникалық жағынан күрделілігі (техникалық жағынан күрделі объектілерге жататын ғимараттар мен құрылыстар және техникалық жағынан күрделі объектілерге жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар

Функционалдық мақсаты (өнеркәсіп объектілері, өндіріс ғимараттары, құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар)

1







      Ескерту.

      Өзге құжаттарда әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

  Конкурстық құжаттамаға
1-3-қосымша

Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары құрылысқа байланысты емес жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде (тапсырыс беруші толтырады)

      Ескерту. Конкурстық құжаттама 1-3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.09.2020 № 936 (01.10.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      Тапсырыс берушінің атауы ________________________

      Ұйымдастырушының атауы _______________________

      Конкурстың № __________________________________

      Конкурстың атауы ______________________________

      Лоттың № ______________________________________

      Лоттың атауы __________________________________

      Әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:

      1. Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жұмыстарды орындауға рұқсаттың (хабарламаның) болуы.

      Егер жұмысты орындау тиісті рұқсатты алуды, хабарланы жіберуді талап еткен жағдайда мынадай мәліметтерді толтыру қажет.

Рұқсаттың (хабарламаның) атауы

1


      Егер жұмысты орындау тиісті рұқсат алуды, хабарлама жіберуді талап етпесе, онда бұл мәліметтер толтырылмайды.

      2. Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы (веб-порталда мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде автоматты түрде анықталады).

      3. Банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы.

      4. Қажетті материалдық және еңбек ресурстарының болуы

      Материалдық ресурстар:

Материалдық ресурстарының атауы

Саны

1



      Еңбек ресурстары:

Еңбек ресурстарының атауы (мамандығы/біліктілігі)

Саны

1



      5. Конкурста сатып алынатын ұқсас (сол сияқты) орындалатын жұмыстар тәжірибесінің соңғы он жыл ішінде болуы.

      Егер сатып алынатын жұмыстарды орындауға Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы талап етілген жағдайда, жұмыс тәжірибесі бойынша талап қойылмайды.

Сатып алынатын жұмыстардың атауы (лоттың атауы)

Жыл саны

1



      Ескерту.

      1. Талап етілетін материалдық және еңбек ресурстарының әр бірлігі бөлек жолмен көрсетіледі.

      2. Өзге құжаттарда әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

  Конкурстық құжаттамаға
1-4-қосымша

Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары (тапсырыс беруші толтырады)

      Ескерту. Конкурстық құжаттама 1-4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.09.2020 № 936 (01.10.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      Тапсырыс берушінің атауы_______________________

      Ұйымдастырушының атауы _______________________

      Конкурстың №______________________________

      Конкурстың атауы ___________________

      Лоттың № __________________________________

      Лоттың атауы _______________________

      Әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:

      1. Рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтерді көрсетуге рұқсаттың (хабарламаның) болуы.

      Егер қызметтерді көрсету тиісті рұқсатты алуды талап етсе, онда мынадай мәліметтерді толтыру қажет.

Рұқсаттың (хабарламаның) атауы

1


      Егер қызметтерді көрсету тиісті рұқсатты алуды, хабарландыру жіберуді талап етпесе, онда осы мәліметтер толтырылмайды.

      2. Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы (веб-порталда мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде автоматты түрде анықталады).

      3. Банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы.

      4. Қажетті материалдық және еңбек ресурстарының болуы.

      Материалдық ресурстар:

Материалдық ресурстардың атауы

Саны

1



      Еңбек ресурстары:

Еңбек ресурстарының атауы (мамандығы/біліктілігі)

Саны

Қызметкердің жұмыс өтілімі (қажет болған жағдайда) үш жылдан аспайтын (Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе бекітілген нормативтерінде неғұрлым жоғары өтілім көзделген жағдайларды қоспағанда)

1




      5. Сатып алынатын қызметтердің атауына соңғы он жылда сәйкес келетін жұмыс тәжірибесінің болуы.

      Егер сатып алынатын қызметтерді көрсетуге Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы талап етілген жағдайда, жұмыс тәжірибесі бойынша талап қойылмайды.

Сатып алынатын қызметтердің атауы (лоттың атауы)

Жыл саны

1



      Ескерту.

      1. Талап етілетін материалдық және еңбек ресурстарының әр бірлігі бөлек жолмен көрсетіледі.

      2. Өзге құжаттарда әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

  Конкурстық құжаттамаға
2-қосымша

Сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігі (тапсырыс беруші толтырады)

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.01.2020 № 92 (01.02.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Тапсырыс берушінің атауы _____________________

      Ұйымдастырушының атауы_____________________

      Конкурстың №________________________________

      Конкурстың атауы_____________________________

      Лоттың №____________________________________

      Лоттың атауы_________________________________

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы кодының атауы*


Таурадың атауы*


Өлшем бірлігі*


Саны (көлемі)*


Бірлік бағасы, қосылған құн салығын қоспағанда*


Қосылған құн салығын қоспағанда, сатып алуға бөлінген жалпы сома*


Жеткізу шарты (ИНКОТЕРМС 2010-ға сәйкес)*


Жеткізу мерзімі*


Аванстық төлем мөлшері*


Сатып алынатынтауарларға, ұлттықстандарттардың, ал оларболмағанжағдайдамемлекетаралықстандарттардыңатауы. Ұлттықжәнемемлекетаралықстандарттарболмағанкезде, мемлекеттіксатыпалудынормалауескерілеотырып, сатыпалынатын тауарлардың, талапетілетінфункционалдық, техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамалары көрсетіледі.


Шыққан жылы


Кепілдік мерзімі (айлар)


Сатып алынатын тауарлардың қажетті функционалдық, техникалық, сапалық, өнімділігі мен басқа да сипаттамаларының сипатталуы


Байланысты қызметтер (қажет болған жағдайда көрсетіледі) (монтаждау, іскеқосу, дайындау, тексеру және тауарларды сынау)


Орындаушы жеңімпаз деп анықталған жағдайда әлеуетті өнімберушіге қойылатын талаптар және оны мен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу (қажет болған жағдайда көрсетіледі) (Әлеуетті өнім берушіні көрсетілген мәліметтерді көрсетпегені немесе бермегені үшін қабылдамауға жолберілмейді)


      * мәліметтер мемлекеттік сатып алу жоспарынан алынады (автоматты түрде көрсетіледі).

      Ескерту.

      1. Функционалдық, техникалық, сапалық, пайдаланушылық, өзге де сипаттамалар, ілеспе қызметтер бойынша әрбір талап және қосымша талаптар бөлек жолда көрсетіледі.

      2. Өзге құжаттарда техникалық ерекшеліктің талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

  Конкурстық құжаттамаға
2-1-қосымша

Құрылыс саласындағы сатып алынатын жұмыстардың тізбесі (құрылыс-монтаждау жұмыстары және жобалау бойынша жұмыстар) (тапсырыс беруші толтырады)

      Ескерту. Конкурстық құжаттама 2-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.01.2020 № 92 (01.02.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      Тапсырыс берушінің атауы________________________

      Ұйымдастырушының атауы_______________________

      Конкурстың №_________________________________

      Конкурстың атауы______________________________

      Лоттың №_____________________________________

      Лоттың атауы__________________________________

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы кодының атауы*


Жұмыстың атауы*


Өлшем бірлігі*


Саны (көлемі)*


Бірлік бағасы, қосылған құн салығын қоспағанда*


Қосылған құн салығын қоспағанда, сатып алуға бөлінген жалпы сома*


Жұмыстарды орындау мерзімі*


Аванстық төлем мөлшері *


Кепілдік мерзімі (айлар)


Орындаушы жеңімпаз деп анықталған жағдайда әлеуетті өнімберушіге қойылатын талаптар және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу (қажет болған жағдайда көрсетіледі) (Әлеуетті өнімберушіні көрсетілген мәліметтерді көрсетпегені немесе бермегені үшін қабылдамауға жол берілмейді)


      * мәліметтер мемлекеттік сатып алу жоспарынан алынады (автоматты түрде көрсетіледі).

      Ескерту.

      Осы тізбеде әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді

  Конкурстық құжаттамаға
2-2-қосымша

Сатып алынатын құрылысқа байланысты емес жұмыстардың техникалық ерекшелігі (тапсырыс беруші толтырылады)

      Ескерту. Конкурстық құжаттама 2-2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.01.2020 № 92 (01.02.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      Тапсырыс берушінің атауы_____________________

      Ұйымдастырушының атауы____________________

      Конкурстың № _______________________________

      Конкурстың атауы____________________________

      Лоттың № ___________________________________

      Лоттың атауы________________________________

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы кодының атауы*


Жұмыстың атауы*


Өлшем бірлігі*


Саны (көлемі)*


Бірлік бағасы, қосылған құн салығын қоспағанда*


Қосылған құн салығын қоспағанда, сатып алуға бөлінген жалпы сома*


Жұмыстарды орындау мерзімі*


Аванстық төлем мөлшері *


Кепілдік мерзімі (айлар)


Талап етілетін сипаттамалардың, параметрлердің және өзге де бастапқы деректердің сипаттамасы:


Орындаушы жеңімпаз деп анықталған жағдайда әлеуетті өнім берушіге қойылатын талаптар және оны мен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу (қажет болған жағдайда көрсетіледі) (Әлеуетті өнім берушіні көрсетілген мәліметтерді көрсетпегені немесе бермегені үшін қабылдамауға жол берілмейді)


      * мәліметтер мемлекеттік сатып алу жоспарынан алынады (автоматты түрде көрсетіледі).

      Ескерту.

      1. Әрбір талап етілетін сипаттамалар, параметрлер, бастапқы деректер және қосымша шарттар бөлек жолда көрсетіледі.

      2 Техникалық ерекшелікте әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

      3. Өзге құжаттарда техникалық ерекшеліктің талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

  Конкурстық құжаттамаға
2-3 қосымша

Сатып алынатын қызметтердің техникалық ерекшелігі (тапсырыс беруші толтырады)

      Ескерту. Конкурстық құжаттама 2-3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.01.2020 № 92 (01.02.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      Тапсырыс берушінің атауы_______________________

      Ұйымдастырушының атауы______________________

      Конкурстың №_________________________________

      Конкурстың атауы______________________________

      Лоттың №______________________________________

      Лоттың атауы___________________________________

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы кодының атауы*


Қызметтің атауы*


Өлшем бірлігі*


Саны (көлемі)*


Қосылған құн салығын қоспағанда бірлік бағасы*


Қосылған құн салығын қоспағанда, сатып алуға бөлінген жалпы сома*


Қызметтерді көрсету мерзімі*


Аванстық төлем мөлшері*


Кепілдік мерзімі (айлар)


Талап етілетін сипаттамалардың, параметрлердің және өзге де бастапқы деректердің сипаттамасы:


Орындаушы жеңімпаз деп анықталған жағдайда әлеуетті өнім берушіге қойылатын талаптар және оны мен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу (қажет болған жағдайда көрсетіледі) (Әлеуетті өнім берушіні көрсетілген мәліметтерді көрсетпегені немесе бермегені үшін қабылдамауға жол берілмейді)


      * мәліметтер мемлекеттік сатып алу жоспарынан алынады (автоматты түрде көрсетіледі).

      Ескерту.

      1. Әрбір талап етілетін сипаттамалар, параметрлер, бастапқы деректер және қосымша шарттар бөлек жолда көрсетіледі.

      2 Техникалы қерек шелікте әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

      3. Өзге құжаттарда техникалық ерекшеліктің талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

  3-қосымша
конкурстық құжаттамаға

Сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігі (әлеуетті өнім беруші әрбір лотқа жеке ұсынады)

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Тапсырыс берушінің атауы __________________________

      Ұйымдастырушының атауы _______________________

      № конкурс _____________________________________

      Конкурстың атауы __________________________

      лот № _________________________________________

      Лот атауы ______________________________

Маркасын және / немесе тауар белгісін не қызмет көрсету белгісін, моделін, типін көрсете отырып, тауардың атауы


Шығарылған елі


Дайындаушы зауыт (дайындаушы зауыттың атауы және оның орналасқан жері көрсетіледі))


Шығарылған жылы


Кепілдік мерзімі (болған жағдайда) (айларда)


Жеткізу мерзімі


Тауарды жеткізу орны


Ұлттық стандарттардың атауы, ал олар болмаған жағдайда сатып алынатын тауарларға мемлекетаралық стандарттар. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде Мемлекеттік сатып алуды нормалау ескеріле отырып, сатып алынатын тауарлардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі.


Сатып алынатын тауардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық, пайдалану және өзге де сипаттамаларының сипаттамасы




Ұсынылатын тауардың техникалық ерекшелігінің барлық мәліметтерінің дұрыстығын растаймын


  4-қосымша
конкурстық құжаттамаға

Конкурсқа қатысу туралы келісім

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Осымен конкурс тәсілімен осы мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреміз және КҚ-да көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды (ларды) жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді) жүзеге асыруға келісім, сондай-ақ Заңның 6-бабында белгіленген біліктілік талаптарына және шектеулерге сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға келісім білдіреміз.

      Егер КҚ техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы қамтыса, осы жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жұмыстарды орындауға келісім береміз.

      Осымен Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзушылықтың болмауын, сондай-ақ мен (әлеуетті өнім беруші) мен Тапсырыс беруші және (немесе) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы арасында заңмен тыйым салынған қатынастардың болмауын растаймыз және заңның 43-бабының 19-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алу туралы Шартты бұзуға келісім береміз.

      Конкурстық құжаттамамен танысқанымызды және Ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары (жеткізілетін тауарды (ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) туралы дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгенімізді растаймыз.

      Конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін толық жауапкершілікті өзімізге аламыз.

      Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органды тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың бізге белгілі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы дереу хабардар ету жөнінде өзімізге міндеттеме аламыз.

      Бұл ретте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзуға әкеп соқтыратын әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны үшін толық жауапкершілікті өзімізге аламыз.

      Біздің конкурсқа қатысу өтініміміз конкурстық құжаттамада талап етілетін мерзім ішінде қолданылатын болады.

      Біздің конкурсқа қатысуға өтініміміз жеңіп шықты деп танылған және Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда, біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес соманы (бар болса) конкурстық құжаттамада көрсетілген мөлшерде енгіземіз және Мемлекеттік сатып алу туралы шартты (тауарды беруге арналған жүкқұжат (акт)) орындауға байланысты ақпаратты ашуға келісім

  Конкурстық құжаттамаға
4-1-қосымша

БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ШАРТ (КОНСОРЦИЯЛЫҚ КЕЛІСІМ)

      Ескерту. Құжаттама 4-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20__ж. " "_________

      Күні

      бұдан әрі "Негізгі қатысушы" деп аталатын___________________________,

      (заңды тұлға атауы, БСН, заңды мекенжайы)

      _____________атынан, _____________________ негізінде әрекет ететін,

      (лауазымы, Т.А.Ә., ЖСН) (жарғы, куәлік)

      бұдан әрі "Қатысушы-2" деп аталатын ________________________________,",

      (заңды тұлға атауы, БСН, заңды мекенжайы)

      _____________атынан, _____________________ негізінде әрекет ететін,

      (лауазымы, Т.А.Ә., ЖСН) (жарғы, куәлік)

      бұдан әрі "Қатысушы-3" деп аталатын ________________________________,",

      (заңды тұлға атауы, БСН, заңды мекенжайы)

      _____________атынан, _____________________ негізінде әрекет ететін,

      (лауазымы, Т.А.Ә., ЖСН) (жарғы, куәлік)

      бірлесіп "Қатысушылар" деп аталатындар, төмендегілер туралы

      осы консорциалық келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасады:

1. Терминдер, олардың анықтамалары мен талқылаулары

      1.1. Қатысушылар осы Келісімде көрсетілген терминдер мен ұғымдардың мынадай

      біркелкі талқылануымен келісті:

      "Тапсырыс беруші" - ___________________________________________.

      (тапсырыс берушінің атауы)

      "Ұйымдастырушы" - ___________________________________________.

      (ұйымдастырушының атауы)

      "Конкурс" - __________________________________________________.

      (конкурстың нөмірі мен атауы)

      "Консорциум" - осы Келісім негізінде Қатысушылардың уақытша ерікті, тең құқылы одағы (бірлестігі), онда Қатысушылар кез келген ресрустарды біріктіреді және Жобаның ойдағыдай іске асырылуын шешу үшін күш-жігерін үйлестіреді;

      "Сатып алу туралы шарт" - өткізілген Конкурс қорытындысы бойынша Тапсырыс беруші жасасатын мемлекеттік сатып алу туралы шарт;

      "Жоба" - ____________________________________________________.

      (лоттың нөмірі мен атауы)

      "Жобаны іске асыру" - консорциумның Сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауы;

      "Құпия ақпарат" - кез келген ғылыми-техникалық, технологиялық, шаруашылық, қаржы-экономикалық немесе Қатысушылар туралы ақпаратты қамтитын, оның ішінде олардың қаржы-шаруашылық қызметіне, құрылтайшыларына, еншілес компанияларына, қызметтерлеріне және агенттеріне қатысты құжаттарды, қатысушылардың контрагенттері туралы ақпаратты, мұндай ақпарат "құпия" деп белгіленген бе, оған қарамастан үшінші тұлғаларға белгілі еместігіне байланысты жарамды немесе әлеуетті коммерциялық құндылығы бар өзге ақпаратты өзге түрде көрсететін құжаттарды қоса алғанда өзге ақпарат.

      1.2. Келісімнің осы тармағында тікелей көрсетілмеген ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мағынада қолданылады.

2. Келісімнің мәні

      2.1. Осы Келісімнің қатысушылары Консорциум құрады, оны құру мақсаты Конкурсқа қатысу және Консорциумды Конкурс жеңімпазы деп таныған және кейіннен Сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда – Жобаны табысты іске асыру болып табылады.

      2.2. Осы Келісім жеткілікті тәжірибесі, материалдық және техникалық әлеуеті, еңбек ресурстары, жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге, тауарларды жеткізуге және Конкурс шарттарында көзделген өзге міндеттемелерді орындауға өкілеттіктері мен рұқсаттары бар Қатысушылардың ерікті бірлестігі болып табылады.

      2.3. Қатысушылар Консорциум қызметінің жалпы мақсаттарына және коммерциялық мүдделерге сүйене отырып, ынтымақтастық қағидаттарына негіздей отырып, осы Келісімді жасасады.

3. Қатысушылардың құқықытары мен міндеттері

      3.1. Қатысушылар:

      3.1.1. Осы Келісімді орындау кезінде бір бірімен адал өзара іс-әрекет жасауға.

      3.1.2. Осы Келісімнің шарттарына сәйкес Консорциумның қызметіне қатысуға.

      3.1.3. Осы Келісімде белгіленген тәртіппен салымдар енгізуге.

      3.1.4. Консорциумның және жеке алғанда әрбір Қатысушының құпия ақпаратын жария етпеуге міндетті.

      3.2. Қатысушылар:

      3.2.1. Осы Келісімде анықталған тәртіппен Консорциумның істерін басқаруға қатысуға.

      3.2.2. Консорциум қызметі туралы ақпарат алу, оның ішінде Консорциум ісін жүргізу бойынша кез келген құжаттамамен танысуға.

      3.2.3. Консорциум қызметінен алынатын пайданы бөлуге қатысуға.

      3.2.4. Қатысушылардың барлығының жалпы келісімі болған кезде Қатысушылардың жалпы мүлкін пайдалануға құқылы.

4. Қатысушылардың салымдары

      4.1. Негізгі Қатысушының салымы мыналар болып табылады:

      4.1.1. ________________________

      4.1.2. _______________________

      4.1.3. ______________________

      4.2. "Қатысушы-2" салымы мыналар болып табылады:

      4.2.1. ________________________

      4.2.2. _______________________

      4.2.3. ______________________

      4.3. "Қатысушы-3" салымы мыналар болып табылады:

      4.3.1. ________________________

      4.3.2. _______________________

      4.3.3. ______________________

      4.4. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді, сондай-ақ Консорциум жеңімпаз деп танылған және онымен Шарт жасалған жағдайда Заңның 26-бабына сәйкес Сатып алу және (немесе) сома туралы шарттың (болған кезде) орындалуын қамтамасыз етуді Негізгі қатысушы енгізеді.

5. Басқару тәртібі

      5.1. Қатысушылардың жалпы істерін жүргізу, Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беруді және Консорциумның қызметіне байланысты өзге де іс-әрекеттерді Негізгі қатысушы қосымшаға сәйкес нысан бойынша Консорциум Қатысушыларының сенімхаты негізінде жүзеге асырады.

      5.2. Консорциум Конкурс жеңімпазы деп танылған жағдайда Сатып алу туралы шарт Негізгі қатысушымен жасалады.

      5.3. Консорциум жеңімпаз деп танылған және онымен Сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда осы Келісім оның ажырамас бөлігі болып табылады.

      6. Қатысушылардың жауапкершілігі

      6.1. Сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, сондай-ақ біліктілік талаптар және (немесе) конкурстық баға ұсынысына ықпал ететін құжаттар бойынша дұрыс емес ақпарат бергені үшін Қатысушылар ортақ жауаптылықта болады.

      6.2. Осы Келісім шеңберінде Консорциум қызметіне байланысты емес Қатысушының жеке міндеттемелері бойынша өзге Қатысушылар жауаптылықта болмайды.

7. Дауларды шешу

      7.1. Осы Келісім талаптарын орындаған кезде пайда болуы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктерді Қатысушылар келіссөздер арқылы шешуге тырысады.

      7.2. Келіссөздер арқылы реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген сот тәртібінде шешіледі.

8. Келісімнің қолданылу мерзімі

      8.1. Осы Келісім барлық Қатысушылар қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

      8.2. Егер Консорциум Конкурс жеңімпазы деп танылмаса, Келісім Сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін қолданыста болады.

      8.3. Консорциум Конкурс жеңімпазы деп танылған және онымен Сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда Келісім Сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін қолданыста болады.

9. Өзге талаптар

      9.1. Осы Келісім Конкурсқа Қатысушылардың электрондық цифрлық қолдарымен куәландырылған мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы ресімделген және жасалған.

      9.3. Осы Келісім ____________________ тілінде жасалған.

      9.4. Осы Келісіммен реттелмеген қалғанының бәрінде Қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

      10. Қатысушылардың деректемелері мен қолдары

"Негізгі Қатысушы"
Толық атауы
Толық заңды мекенжайы
БСН Банктік деректемелер
Телефоны
Лауазымы, Т.А.Ә.

"Қатысушы-2"
Толық атауы
Толық заңды мекенжайы
БСН Банктік деректемелер
Телефоны
Лауазымы, Т.А.Ә.

"Қатысушы-3"
Толық атауы
Толық заңды мекенжайы
БСН, Банктік деректемелер
Телефоны
Лауазымы, Т.А.Ә.


      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

  Консорциялық келісімге
қосымша

Сенімхат

      20__ж. " "________

      ________________ осы сенімхатпен, ___________ атынан сенім білдіреді

      (консорциумға қатысушы) (басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ____________________ атынан ______________ мүддесін білдіруге

      (басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (негізгі қатысушы)

      ___________________ ____________________________________

      (консорциумға қатысушы) (ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының,

      тапсырыс берушінің атауы)

      Өтінім беруге және Сатып алу туралы шарт жасау үшін құқығын береді.

      № _____________ конкурс

      Конкурстың атауы______________

      № _______________ лот

      Лоттың атауы _________________

      № ___________________________ конкурсы бойынша Консорциялық

      (конкурстың нөмірі мен атауы)

      келісімнің қолдану мерзіміне сенімхат берілді.

      Осы сенімхат менімен ____________________ электрондық цифрлық

      (басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      қолтаңбаны пайдалана отырып, мемлекеттік сатып

      алу веб-порталы арқылы куәландырылды.

      ___________________ __________________ ________________

      (Қатысушы) қолы Басшы

  Конкурстық құжаттамаға
5-қосымша

Біліктілік туралы мәліметтер (құрылыс саласындағы (құрылыс-монтаждау жұмыстары және жобалау бойынша жұмыстар) жұмыстарды сатып алу кезінде әлеуетті өнім беруші (қосалқы мердігерлер) толтырады)

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.09.2020 № 936 (01.10.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Тапсырыс берушінің атауы __________________________

      Ұйымдастырушының атауы _______________________

      № конкурс _____________________________________

      Конкурстың атауы __________________________

      лот № _________________________________________

      Лот атауы ______________________________

      БСН/ЖСН/ССН /СЕН және әлеуетті өнім берушінің атауы __________

      1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде олар туралы мәліметтер болмаған жағдайда, рұқсаттардың (хабарламаның) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы туралы мәліметтер.

Рұқсаттың (хабарламаныңатауы)

Қызмет түрі

Ерекше шарттар (санаты)

Құжаттың берілген күні мен нөмірі

Рұқсаттың (хабарламаның) электрондық көшірмесі)

1.






      2. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің жоқтығы туралы, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы туралы мәліметтерді веб-портал мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде автоматты түрде айқындайды.

      3. Банкроттық не тарату рәсімі туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші банкрот болып табылмайтынын және тарату рәсіміне жатпайтынын растайды).

      4. Материалдық және еңбек ресурстарына ие болу осы қосымшаның 1-тармағында көзделген Рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсатпен (хабарламамен) расталады.

      5. Конкурста сатып алынатындарға ұқсас (ұқсас) ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде орындалған жұмыстар тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер электрондық депозитарийдегі құжаттарға сәйкес расталады (болған жағдайда толтырылады).

Жұмыс атауы

Құрылыс объектісі бойынша әлеуетті өнім берушінің мәртебесі (бас мердігер, бас жобалаушы/қосалқы мердігер)

Құрылыс түрі (жаңа құрылыс, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, қайта жаңарту, қалпына келтіру және қолданыстағы объектілерді күрделі жөндеу)

Ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі (бірінші-жоғары, екінші-қалыпты, үшінші-төмен)

Объектілердің техникалық күрделілігі (техникалық жағынан күрделі объектілерге жататын ғимараттар мен құрылыстар және техникалық жағынан күрделі объектілерге жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар)

Функционалдық мақсаты (өнеркәсіптік объектілер, өндірістік ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар)

Жұмысты орындау орны (объектінің орналасқан орны)

Тапсырыс берушінің атауы

Жұмыстың аяқталу жылы, айы

Растайтын құжаттың атауы, күні және нөмірі

Растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі
(сілтеме)

      _______________________________________



Біліктілігі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын

      Ескертпе:

      1. Егер осы конкурста жұмыс тәжірибесінің болуы біліктілік талабы болып табылмаса, растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерінің болмауы тиісті шартты жеңілдікке әсер етеді.

      2. Егер конкурстың мәні Жаңа объектілерді салу, сондай – ақ қолда бар объектілерді кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу болып табылған жағдайда, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 20-бабына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау және объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінің электрондық көшірмелері.

      Егер әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, орындалған жұмыстарды қабылдау және объектіні пайдалануға қабылдау актілерінің электрондық көшірмелері ұсынылады,онда бұл қосалқы мердігер туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Туралы мәліметтер болмаған жағдайда қосалқы мердігер актіде объектіні пайдалануға қабылдау, қосымша электрондық көшірмесі ұсынылады сәйкестік туралы декларацияның, онда бұл туралы мәліметтерді қосалқы мердігер.

      Егер конкурс мәні автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу болып табылған жағдайда, орындалған жұмыстарды қабылдау актілерінің (сертификаттар, шарттық баға ведомосіне сәйкес орындалған жұмыстарды қабылдау актілері) және объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінің электрондық көшірмелері жұмыс тәжірибесін растайтын құжат болып табылады.

      3. Егер конкурстың мәні жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу болып табылған жағдайда, сараптаманың оң қорытындысының электрондық көшірмесі жұмыс тәжірибесін растайтын құжат болып табылады.

      4. Егер конкурстың мәні жаңа құрылыс болып табылған жағдайда, тек жаңа объектілер құрылысының жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

      Автомобиль жолдарын және (немесе) инженерлік желілерді қайта жаңарту жөніндегі жұмыс тәжірибесі автомобиль жолдарын және (немесе) инженерлік желілерді жаңадан салу кезінде ескеріледі.

      5. Егер конкурстың мәні кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және реконструкциялау болып табылған жағдайда, күрделі жөндеуді қоспағанда, Жаңа объектілерді салу, қолданыстағы объектілерді кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және қайта жаңарту жұмыстарының тәжірибесі ескеріледі.

      6. Егер конкурстың мәні күрделі жөндеу болып табылған жағдайда, жаңа объектілерді салу, қолданыстағы объектілерді кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау және күрделі жөндеу жұмыстарының тәжірибесі ескеріледі.

      7. Егер конкурстың мәні жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстар болып табылған жағдайда, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

      Егер конкурстың мәні жобалау-сметалық құжаттаманы түзету немесе байланыстыру жөніндегі жұмыстар болып табылған жағдайда, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, түзету, байланыстыру жөніндегі жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

      8. Құрылыс саласындағы жұмыс тәжірибесі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес айқындалған құрылыс объектілерінің функционалдық мақсаты мен салалық тиесілілігіне (құрылыс түрлері бойынша бұрын орындалған жұмыстардың ұқсас немесе ұқсас болуы) және олардың техникалық күрделілігіне қарай есептеледі.

      9. Әлеуетті өнім берушінің құрылыс (құрылыс-монтаж жұмыстары және жобалау) саласындағы жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде жиынтығында есепке алынады:

      1) ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі (біріншісі – жоғары, екіншісі – қалыпты, үшіншісі – төмен).

      Егер конкурстың мәні бірінші (жоғары) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, тек бірінші (жоғары) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

      Егер конкурстың мәні екінші (қалыпты) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, бірінші (жоғары) және екінші (қалыпты) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

      Егер конкурстың мәні үшінші (төменгі) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, бірінші (жоғары), екінші (қалыпты) және үшінші (төменгі) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі;

      2) объектілердің техникалық күрделілігі (техникалық жағынан күрделі объектілерге жататын ғимараттар мен құрылыстар және техникалық жағынан күрделі объектілерге жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар).

      Егер конкурстың мәні техникалық күрделі объектілер (кешендер) болып табылса, тек техникалық күрделі объектілердің (кешендердің) жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

      Егер конкурстың мәні техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жатпайтын ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.);

      3) функционалдық мақсаты (өнеркәсіптік объектілер, өндірістік ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар);

      4) бұрын орындалған жұмыстардың ұқсастығы немесе ұқсастығы тұрғын үй – азаматтық мақсаттағы объектілердегі жұмыстарды қоспағанда, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заң) бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар) тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің бір кіші бөлімінде болған жағдайда ескеріледі.

      10. Инженерлік желілер мен жүйелерді (инженерлік желілер мен жүйелердің бірнеше түрі) кешенді салу (жаңа құрылыс, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, қайта жаңарту, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) кезіндегі жұмыс тәжірибесі, жұмыс тәжірибесі инженерлік желілер мен жүйелердің ең болмағанда бір түрінің болуына байланысты есептеледі.

      Автомобиль жолдары мен инженерлік желілер мен жүйелерді (инженерлік желілер мен жүйелердің бірнеше түрі) кешенді салу (жаңа құрылыс, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, қайта жаңарту, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) кезіндегі жұмыс тәжірибесі, жұмыс тәжірибесі автомобиль жолдарының жұмыс тәжірибесінің болуына және инженерлік желілер мен жүйелердің ең болмағанда бір түрінің болуына сүйене отырып есептеледі.

      11. Егер конкурс нысанасы аумақты абаттандыру немесе аулалық аумақтарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстар болып табылса және лицензияланатын түрлерді орындау көзделген жағдайда, әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі конкурс нысанасында көзделген барлық лицензияланатын жұмыс түрлері бойынша тәжірибесі болған кезде ескеріледі.

      12. Егер жұмыс тәжірибесінің болуы біліктілік талабы болып табылған жағдайда, қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі жиынтығында мынадай шарттарды сақтаған кезде ескеріледі:

      1) бір жыл жұмыс тәжірибесі жылына қосалқы мердігер ретінде орындалған жұмыстардың кемінде екі объектісі болған кезде беріледі. Жылына орындалған жұмыстардың екі объектісінен астам жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, бір жылдан астам жұмыс тәжірибесін беруге жол берілмейді;

      2) қосалқы мердігердің жұмыс тәжірибесі конкурс нысанасына сәйкес келетін объектілерде (бір немесе бірнеше) жұмыстар орындалған жағдайда ескеріледі. Бұл ретте, қосалқы мердігердің жұмыс тәжірибесі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңға сәйкес лицензияланатын қызмет түрлері бойынша ғана ескеріледі.

      Объект деп өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасына сәйкес келетін бір азаматтық-құқықтық шарт шеңберінде орындалған жұмыстар түсініледі.

      13. Бір жылдан астам мерзімге жасалған шарттар бойынша жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде құрылыс аяқталған жыл танылады.

      14. Растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсыну конкурстық құжаттамада көрсетілген мәліметтер бойынша ғана міндетті. Егер конкурстық құжаттамада тиісті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде талаптар көзделмеген жағдайда, растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылмауы мүмкін.

      15. Жалға алу шартының электрондық көшірмесі немесе алдын ала жалға алу шартының электрондық көшірмесі материалдық ресурстарды жалға алу құқығын растайтын құжат болып табылады. Бұл ретте шарттар бойынша жалдау мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген жұмыстарды орындау мерзімінен кем болмауға тиіс.

      16. Материалдық ресурстарды қосалқы жалдау шартының электрондық көшірмесін ұсынуға жол берілмейді.

      17. Осы қосымшаның қаржылық тұрақтылығы бөлігінде 2-тармағының, 4 және 5-тармақтарының талаптары қосалқы мердігерлерге қолданылмайды.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН-бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН-жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН-салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕНП-төлеушінің есептік нөмірі;

      Аты-Жөні – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда).

  Конкурстық құжаттамаға
5-1-қосымша

Біліктілігі туралы мәліметтер (құрылыспен байланысты емес жұмыстарды сатып алу кезінде әлеуетті өнім беруші (қосалқы мердігерлер) толтырады)

      Ескерту. 5-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.09.2020 № 936 (01.10.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      Тапсырыс берушінің атауы __________________________

      Ұйымдастырушының атауы _______________________

      № конкурс _____________________________________

      Конкурстың атауы __________________________

      лот № _________________________________________

      Лот атауы ______________________________

      БСН/ЖСН/ССН / сен және әлеуетті өнім берушінің атауы _________

      1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде олар туралы мәліметтер болмаған жағдайларда, рұқсаттардың (хабарламаның) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы туралы мәліметтер.

Рұқсаттың (хабарламаныңатауы)

Қызмет түрі

Ерекше шарттар (санаты)

Құжаттың берілген күні мен нөмірі

Рұқсаттың (хабарламаның) электрондық көшірмесі)

1.






      Бұл тармақ, егер жұмыстарды орындау тиісті рұқсат алуды, хабарлама жіберуді талап еткен жағдайда толтырылады.

      2. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің жоқтығы сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайды.

      3. Банкроттық не тарату рәсімі туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші банкрот болып табылмайтынын және тарату рәсіміне жатпайтынын растайды).

      4. Растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, жұмыстарды орындау үшін қажетті талап етілетін материалдық ресурстардың болуы туралы мәліметтер.

Материалдық ресурстардың атауы

Қолда бар бірліктердің саны

Жағдайы (Жаңа, жақсы, жаман)

Меншік (меншік құқығын растайтын құжаттар қоса беріледі), жалға алынған (кімнен және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттар қоса беріледі))

Растайтын құжаттың атауы, күні және нөмірі

Растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (сілтеме)

      5. Растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, жұмыстарды орындау үшін қажетті талап етілетін еңбек ресурстары туралы мәліметтер.

Мамандық (біліктілік) атауы)

Қызметкерлердің т. а. ә. (жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі қоса беріледі))

Біліктілігі туралы құжат (білімі туралы дипломның, сертификаттың, аттестаттың нөмірі мен Берілген күнін көрсету, олардың электрондық көшірмелерін қоса беру)

Растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (сілтеме)

1





      6. Растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде конкурста сатып алынатындарға ұқсас (ұқсас) орындалған жұмыстар тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер (болған жағдайда толтырылады).

Жұмыстың атауы

Жұмысты орындау орны (объектінің орналасқан орны)

Тапсырыс берушінің атауы

Жұмыстың аяқталу жылы, айы

Растайтын құжаттың атауы, күні және нөмірі

Растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (сілтеме)

1







      _______________________________________



Біліктілігі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын

      Ескертпе:

      1. Құрылыс-монтаж жұмыстарына тиісті рұқсаты (хабарламасы) бар және қолданыстағы объектілерді ағымдағы және орташа жөндеу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілер конкурстық құжаттамада көзделген материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкес деп танылады.

      Бұл ретте осы қосымшаның 4 және 5-тармақтарының талаптары мұндай әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.

      2. Егер осы конкурста жұмыс тәжірибесінің болуы біліктілік талабы болып табылмаса, растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерінің болмауы тиісті шартты жеңілдікке әсер етеді.

      3. Егер конкурстың мәні автомобиль жолдарын орташа жөндеу болып табылған жағдайда автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу жұмыстарының тәжірибесі ескеріледі.

      Егер конкурстың мәні ағымдағы жөндеу болып табылған жағдайда жаңа объектілерді салу, қолданыстағы объектілерді кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарының тәжірибесі ескеріледі.

      4. Жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар орындалған жұмыстар актілерінің электрондық көшірмелері болып табылады.

      5. Егер конкурс мәні автомобиль жолдарын орташа жөндеу жөніндегі жұмыстар болып табылған жағдайда, орындалған жұмыстарды қабылдау және объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінің тиісті электрондық көшірмелері жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылады.

      6. Бір жылдан астам мерзімге жасалған шарттар бойынша жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде жұмыстардың аяқталған жылы танылады.

      7. Растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсыну конкурстық құжаттамада көрсетілген мәліметтер бойынша ғана міндетті. Егер конкурстық құжаттамада тиісті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде талаптар көзделмеген жағдайда, растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылмауы мүмкін.

      8. Жалға алу шартының электрондық көшірмесі немесе алдын ала жалға алу шартының электрондық көшірмесі материалдық ресурстарды жалға алу құқығын растайтын құжат болып табылады. Бұл ретте шарттар бойынша жалдау мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген жұмыстарды орындау мерзімінен кем болмауға тиіс.

      9. Материалдық ресурстарды қосалқы жалдау шартының электрондық көшірмесін ұсынуға жол берілмейді.

      10. Осы қосымшаның қаржылық тұрақтылығы бөлігінде 2-тармағының, 4, 5 және 6-тармақтарының талаптары қосалқы мердігерлерге қолданылмайды.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН-бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН-жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН-салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕНП-төлеушінің есептік нөмірі;

      Аты-Жөні – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда).

  Конкурстық құжаттамаға
6-қосымша

Біліктілік туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші (бірлесіп орындаушы) көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде толтырады)

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.09.2020 № 936 (01.10.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Тапсырыс берушінің атауы ________________________

      Ұйымдастырушының атауы _______________________

      Конкурстың № __________________________________

      Конкурстың атауы _______________________________

      Лоттың нөмірі __________________________________

      Лоттың атауы ___________________________________

      Әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН/СЖН/СЕН және атауы __________

      1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде олар туралы мәліметтер болмаған жағдайда рұқсаттардың (хабарламалардың) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген рұқсаттың (хабарламаның) бар екені туралы мәліметтер.

Рұқсат (хабарлама) атауы

Қызмет түрі

Ерекше шарттар (санаты)

Құжаттың берілген күні мен нөмірі

Рұқсаттың (хабарламаның) электрондық көшірмесі

1.






      Егер қызметтер көрсетуді, тиісті рұқсатты алуды, хабарлама жіберуді талап еткен жағдайда осы тармақ толтырылады.

      2. Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің жоқ екендігі сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдары мәліметтерінің негізінде веб-портал автоматты түрде анықтайды.

      3. Банкроттық немесе таратылу рәсiмi туралы мәліметтер (әлеуеттi өнiм берушi банкрот болып табылмайтындығын және тарату рәсiмiне жатпайтынын растайды).

      4. Растау құжаттарының электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, қызметтерді көрсету үшін қажет талап етілетін материалдық ресурстардың бар екендігі туралы мәліметтер.

Материалдық ресурстардың атауы

Қолда бар бірліктердің саны

Жай-күйі (жаңа, жақсы, жаман)

Жеке меншік (меншік құқығын растайтын құжаттар қоса берілсін), жалға алынған (кімнен және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттар қоса берілсін)

Растау құжатының атауы, күні және нөмірі

Растау құжаттарының электрондық көшірмесі (сілтеме)

1







      5. Растау құжаттарының электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, қызметтер көрсету үшін қажет талап етілетін еңбек ресурстары туралы мәліметтер.

Мамандық (біліктілік) атауы

Қызметкерлердің Т.А.Ә. (жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі қоса берілсін)

Біліктілік туралы құжат (білімі туралы дипломның, сертификаттың, аттестаттың нөмірі мен берілген күні көрсетілсін, олардың электрондық көшірмелері қоса берілсін)

Растау құжаттарының электрондық көшірмесі (сілтеме)

1





      6. Растау құжаттарының (болған жағдайда толтырылады) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде конкурста сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) көрсетілген қызметтер тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметтің атауы

Қызметтерді көрсетуорны

Тапсырыс берушінің атауы

Қызметті көрсеткен жылы, айы (__ бастап __)

Растау құжатының атауы, күні және нөмірі

Растау құжаттарының электрондық көшірмесі (сілтеме)

1







      _______________________________________



Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын

      Ескертпе:

      1. Егер осы конкурста қызметтерді көрсету тәжірибесінің болуы біліктілік талабы болып табылмаған жағдайда растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерінің болмауы тиісті шартты жеңілдікке әсер етеді. Сатып алынатын көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесін растаушы құжаттар көрсетілген қызметтердің актілері мен шот-фактуралардың электрондық көшірмелері болып табылады.

      Салық кодексінің 397-бабында көзделген көрсетілетін қызметтерге байланысты, сондай-ақ есебі сертификатталған есепке алу жүйелері (аспаптар) арқылы жүргізілетін қызметтерді, оның ішінде коммуналдық қызметтерді (сумен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау) және байланыс қызметтерін көрсетуге байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар шот-фактураның электрондық көшірмесі болып табылады.

      2. Растау құжаттарының электрондық көшірмелерін беру конкурстық құжаттамада оларды көрсету көзделген мәліметтер бойынша ғана міндетті. Конкурстық құжаттамада тиісті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде талаптар көзделмеген жағдайда растау құжаттарының электрондық көшірмелерін бермеуге де болады.

      3. Материалдық ресурстарды жалдау құқығын растайтын құжат жалдау құқығының электрондық көшірмесі не алдын ала жалдау шартының электрондық көшірмесі болып табылады. Бұл ретте шарттар бойынша жалдау мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген қызметтерді көрсету мерзімінен кем болмауы тиіс.

      4. Жұмыс өтілі бойынша талап бар болған жағдайда, қызметкердің жұмыс өтілін растайтын құжат бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірменің немесе Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 35-бабы 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттардың бірі болып табылады.

      Бұл ретте қызметкердің соңғы он жылдағы өтілі ескеріледі.

      5. Материалдық ресурстарды қосалқы жалдау шартының электрондық көшірмелерін ұсынуға жол берілмейді.

      6. Мерзімі бір жылдан асатын шарттар бойынша жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде көрсетілетін қызметтің аяқталған жылы танылады.

      7. Осы қосымшаның қаржылық тұрақтылығы бөлігінде 2-тармағының, 4, 5 және 6-тармақтарының талаптары қосалқы мердігерлерге қолданылмайды.

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

  Конкурстық құжаттамаға
7-қосымша

Біліктілік туралы мәліметтер (тауарларды сатып алу кезінде әлеуетті өнім беруші (бірлесіп орындаушы) толтырады)

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.09.2020 № 936 (01.10.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Тапсырыс берушінің атауы _______________________

      Ұйымдастырушының атауы _______________________

      Конкурстың № __________________________________

      Конкурстың атауы _______________________________

      Лоттың № ______________________________________

      Лоттың атауы ___________________________________

      Әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН/СЖН/СЕН және атауы __________

      1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде олар туралы мәліметтер болмаған жағдайда, рұқсаттардың (хабарламалардың) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсаттың (хабарламаның) бар екені туралы мәліметтер.

Рұқсат (хабарлама) атауы

Қызмет түрі

Ерекше шарттар (санаты)

Құжаттың берілген күні мен нөмірі

Рұқсаттың (лицензияның) электрондық көшірмесі

      Егер тауарды жеткізу тиісті рұқсат алуды, хабарлама жіберуді талап еткен жағдайда осы тармақ толтырылады.

      2. Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің жоқ екендігі сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдары мәліметтерінің негізінде веб-портал автоматты түрде анықтайды.

      3. Банкроттық немесе таратылу рәсiмi туралы мәліметтер (әлеуеттi өнiм берушi банкрот болып табылмайтындығын және тарату рәсiмiне жатпайтынын растайды).

      4. Растау құжаттарының электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, қызметтерді көрсету үшін қажет талап етілетін материалдық ресурстардың бар екендігі туралы мәліметтер.

Материалдық ресурстардың атауы

Қолда бар бірліктердің саны

Жай-күйі (жаңа, жақсы, жаман)

Жеке меншік (меншік құқығын растайтын құжаттар қоса берілсін), жалға алынған (кімнен және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттар қоса берілсін)

Растау құжатының атауы, күні және нөмірі

Растау құжаттарының электрондық көшірмесі (сілтеме)

1







      5. Растау құжаттарының электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, тауарларды жеткізу үшін қажет талап етілетін еңбек ресурстары туралы мәліметтер.

Мамандық (біліктілік) атауы

Қызметкерлердің Т.А.Ә. (жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі қоса берілсін)

Біліктілік туралы құжат (білімі туралы дипломның, сертификаттың, аттестаттың нөмірі мен берілген күні көрсетілсін, олардың электрондық көшірмелері қоса берілсін)

Растау құжаттарының электрондық көшірмесі (сілтеме)

1





      6. Растау құжаттарының (болған жағдайда толтырылады) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде конкурста сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) тауарларды жеткізу тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер.

Тауардың атауы

Алушының атауы

Тауарды жеткізу орны

Тауарды жеткізу күні

Растау құжатының атауы, күні мен нөмірі

Растау құжаттарының электрондық көшірмесі (сілтеме)

1







      _______________________________________



Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын

      Ескертпе:

      1. Егер тауарды жеткізу тәжірибесінің болуы осы конкурста біліктілік талап болып табылмаған жағдайда, растау құжаттарының электрондық көшірмелерінің болмауы тиісті шартты жеңілдікке әсер етеді.

      2. Сатып алынатын тауарлар нарығында тауарларды қабылдап алу актілерінің және шот-фактураларды электрондық көшірмелері жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылады. 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін сатып алынатын тауарлар нарығында жұмыс тәжірибесі бар болса, жүкқұжаттар мен шот-фактуралардың электрондық көшірмелері де жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылуы мүмкін.

      3. Осы қосымшаның қаржылық тұрақтылығы бөлігінде 2-тармағының, 4, 5 және 6-тармақтарының талаптары қосалқы мердігерлерге қолданылмайды.

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

  Конкурстық құжаттамаға
8-қосымша

Банктік кепілдік

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Банктің атауы _______________________

      Банктің деректемелерi ________________

      Кімге:

      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы

      __________________________________________________________________________

      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының деректемелерi

      __________________________________________________________________________

      № _______ кепілдік міндеттеме _________________________ "_____"_____________ ж.

      (орналасқан жері)

      Біз, бұдан әрі "Өнім беруші" _________________________________________________

      (әлеуетті өнім берушінің атауы)

      ________________________________________________

      (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы)

      ұйымдастырған

      конкурстың атауы_____________________________________________________

      конкурстың №________________________________________________________

      лоттың атауы_________________________________________________________

      лоттың №____________________________________________________________

      _____________ сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатынынан және _____________________

      (конкурс (лот/-тар) бойынша тауарлардың, жұмыстардың көрсетілетін қызметтердің атауы) тауарларды жеткізуді (жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді) жүзеге асыруға дайын екенінен хабардармыз.

      Жоғарыда аталған конкурсты өткізу жөніндегі ___________ ж. "____"________ конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді банктік кепілдік түрінде енгізуі көзделген.

      Осыған байланысты біз _________________________________ осымен (банктің атауы)

      Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды алғаннан кейін, сондай-ақ конкурстың жеңімпазы етіп айқындалған Өнім берушіге:

      мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғанын;

      мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, шартты орындамағанын не тиісінше орындамағанын, оның ішінде конкурстық құжаттамада белгіленген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы талаптарды уақтылы орындамағанын, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес сомасы (болған кезде), жазбаша растауды алғаннан кейін, Сіздің талабыңыз бойынша Сізге ________________________

      (сома санмен және жазбаша) сомаға тең кері қайтып алынбайтын міндеттемені төлеуді өз міндетімізге аламыз.

      Осы кепілдік міндеттеме конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап күшіне енеді.

      Осы кепілдік міндеттеме Өнім берушінің конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімінің қолданылуының соңғы мерзіміне дейін қолданылады және, егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз ____ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатынына немесе қайтарылмайтынына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды.

      Егер конкурсқа қатысу өтінімінің қолданылу мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады.

      Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

      Кепілгердің қолы мен мөрі                                     Күні мен мекенжайы

  Конкурстық құжаттамаға
9-қосымша

Берешектің жоқ екендігі туралы анықтама

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 15.06.2017 № 384 (01.08.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

  Конкурстық құжаттамаға
10-қосымша

Жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер, сондай-ақ әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түрлері (веб-порталда қосалқы мердігердің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы расталады)

      Ескерту. 10-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Конкурстың № ________________________

      Конкурстың атауы _____________________

      Лоттың № ____________________________

      Лоттың атауы _________________________

Қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) - заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) Т.А.Ә.

Қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) БСН (ЖСН) /ССН/СЕН, оның толық заңды және почталық мекенжайы, байланыс телефоны

Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) атауы

Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ақшалай мәндегі көлемі, теңге

Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) пайыздық мәндегі көлемі, %



















Осы қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) бойынша барлығы






















Осы қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) бойынша барлығы



Барлық қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) бойынша жиыны



      Осымен конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) қатысуға өтінім беретін әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігері(лері) және (бірлесіп орындаушысы(лары) конкурс (конкурстың толық атауын көрсету) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысудың шарттары туралы өзінің хабардар екендігін білдіреді және әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлеріне (бірлесіп орындаушыларға) қатысты бөлігінде конкурстық құжаттамада көзделген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікті өзіне қабылдайды.

Қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) - заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) Т.А.Ә.

Қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) уәкілетті өкілінің Т.А.Ә.

Электрондық цифрлық қолтаңба








      Заңның 9-бабы 6-тармағына сәйкес әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) беретін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемінің екіден бірінен аспайды.

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

  Конкурстық құжаттамаға
11-қосымша

Әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы

      (әрбір лотқа жеке қалыптастырылады)

      Ескерту. 11-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Конкурстың № ________________________________________________

      Конкурстың атауы______________________________________

      Лоттың № ____________________________________________________

      Лоттың атауы __________________________________________

      Өнім берушінің атауы ____________________________________

      БСН/ЖСН/СЖН/ТБН _________________________________________

      Өнім берішінің банк деректемелері ______________________________

      Баға ұсынысының валюта атауы ____________________

      Өлшем бірлігі __________________________________________

      Барлық шығыстарды және жеңілдіктерді есепке алғандағы бірлік бағасы_________________

      Саны (көлемі) _________________________________________

      ИНКОТЕРМС 2000 тауар жеткізу шарттары ____________________

      Жалпы саны (санын бірлік үшін бағаға көбейту) ____________

      Біз конкурстық құжаттамада айтылған Сіздердің төлем шарттарыңызбен келісеміз.

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты.

  Конкурстық құжаттамаға
12-қосымша

Әлеуетті өнім берушілер ұсынған техникалық ерекшеліктерді бағалау өлшемшарттары

      Ескерту. 12-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Бағалау өлшемшарты

Балл


Балдарды таратып жазу

1

Әлеуетті өнім беруші ұсынатын жобаның Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестігі

0-ден 2-ге дейін

0

Әлеуетті өнім беруші ұсынатын жоба Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес келмейді (сәйкес келмеген жағдайда әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді)

1

Әлеуетті өнім беруші ұсынатын жоба Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінің талаптарына сәйкес келеді

2

Әлеуетті өнім беруші ұсынатын жоба неғұрлым үздік сипаттамаларды қамтиды

2

Әлеуетті өнім берушінің қызметі мақсатының (құрылтай құжаттарына сәйкес) Тапсырыс берушінің сатып алынатын қызметтеріне сәйкес келуі

0-ден 2-ге дейін

0

Қызмет мақсаттары Тапсырыс берушінің сатып алатын қызметтеріне сәйкес келмейді (сәйкес келмеген жағдайда әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді)

1

Қызмет мақсаттары Тапсырыс берушінің сатып алатын қызметтеріне ішінара сәйкес келеді

2

Қызмет мақсаттары Тапсырыс берушінің сатып алатын қызметтеріне сәйкес келеді

3

Тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізу бойынша егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарының сәйкестігі (іс-шаралар атауы және нысаны, өткізу орны мен мерзімі, жауапты тұлғалардың тегі аты, әкесінің аты)

0-ден 6-ға дейін

0

Тапсырыс берушінің қойған мақсаттарға қол жеткізуі бойынша егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары жоқ не конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде көзделген барлық талаптарды қамтымайды (сәйкес келмеген жағдайда әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді)

3

Тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізу бойынша егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде көзделген барлық талаптарды қамтиды

6

Тапсырыс берушінің қойған мақсаттарға қол жеткізуі бойынша егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары техникалық ерекшеліктің барлық талаптарын қамтиды және қызмет көрсету сапасын жақсартатын қосымша іс-шараларды көздейді, әрбір жоба тапсырмасында іс-шараның атауын және түрін, мерзімін және өткізу орнын сипаттайды

4

Әлеуетті өнім берушінің "Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында" болуы туралы мәліметтер

0-ден 2-ге дейін

0

Әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер "Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында" қамтылмайды (сәйкес келмеген жағдайда әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді)

1

Әлеуетті өнім беруші "Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына" мәліметтерді уақтылы ұсынбаған

2

Әлеуетті өнім беруші "Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына" мәліметтерді уақтылы ұсынған

5

Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы (бір өлшемшарт ғана таңдап алынады)

0-ден 6-ға дейін

0

Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болмауы

1

Әлеуетті өнім берушінің әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды іске асыру саласында екі жылды қоса алғанға дейінгі жұмыс тәжірибесі

2

Әлеуетті өнім берушінің әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды іске асыру саласындағы екі жылдан астам бес жылды қоса алғанға дейінгі жұмыс тәжірибесі

3

Әлеуетті өнім берушінің әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды іске асыру саласында бес жылдан астам жұмыс тәжірибесі

4

Әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын қызметтердің мәніне сәйкес келетін ұқсас қызмет нарығындағы екі жылды қоса алғанға дейінгі жұмыс тәжірибесі

5

Әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын қызметтердің мәніне сәйкес келетін ұқсас қызметтер көрсету нарығындағы екі жылдан астам және бес жылды қоса алғанға дейінгі жұмыс тәжірибесі

6

Әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын қызметтердің мәніне сәйкес келетін ұқсас қызметтер нарығындағы бес жылдан астам жұмыс тәжірибесі

6.

Жобаны белгілі бір аумақта (астана, республикалық маңызы бар қала, облыс аудан, қала) іске асырған жағдайда – үкіметтік емес ұйымның тиісті өңірдегі жұмыс тәжірибесі *

0-ден 3-ке дейін

0

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген аумақта әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ

1

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген аумақта әлеуметтік жобаларды іске асыруда екі жылды қоса алғанға дейін жұмыс тәжірибесі бар

2

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген аумақта әлеуметтік жобаларды іске асыруда екі жылдан астам және бес жылды қоса алғанға дейін жұмыс тәжірибесі бар

3

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген аумақта әлеуметтік жобаларды іске асыруда бес жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар

7

Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың** тәжірибесі мен біліктілігі (Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарына (ҚР Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 19 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартына сәйкес (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 тамызда № 17314 болып тіркелген)

0-ден 4-ке дейін

0

Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың ұсынылатын әлеуметтік жобаның және (немесе) бағдарламаның қызмет түрлеріне сәйкес келетін практикалық жұмыс тәжірибесі мен біліктілігі жоқ немесе мамандардың тәжірибесі мен біліктілігі сәйкесінше құжаттармен расталмаған

2

Жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың ұсынылатын әлеуметтік жобаның және (немесе) бағдарламаның қызмет түрлеріне сәйкес келетін практикалық жұмыс тәжірибесі немесе біліктілігі бар, олар сәйкесінше құжаттармен расталған

4

Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың ұсынылатын әлеуметтік жобаның және (немесе) бағдарламаның қызмет түрлеріне сәйкес келетін практикалық жұмыс тәжірибесі мен біліктілігі бар, олар сәйкесінше құжаттармен расталған

8

Жобаны іске асыру нәтижелерін тиімді бағалау бойынша индикаторлардың болуы

0-ден 6-ға дейін

0

техникалық ерекшелікте индикаторлар жоқ

2

Сандық немесе сапалық индикаторлардың болуы

4

Сандық және сапалық индикаторлардың болуы

6

Барлық деңгейлердегі сандық және сапалық индикаторлардың, оның ішінде салым, процесс, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді нәтижелер индикаторларының болуы

      Ескерту:

      * Сатып алынатын көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесін растаушы құжаттар көрсетілген қызметтердің актілері мен шот-фактураларының электрондық көшірмелері болып табылады.

      Тиісті өңірде жұмыс тәжірибесін растау үшін Тапсырыс берушінің ресми хаты қосымша беріледі.

      ** Мамандардың тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар білімі туралы дипломдар, тиісті курстардан, семинарлардан өткені туралы сертификаттар болып танылады.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
4-1-қосымша

Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне қосу шарттары

      Ескерту. Қағида 4-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз); жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.01.2020 № 92 (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы

Тізбеге қосу шарттары

Ескерту

1

Жиһаз өнімдері

"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жиһаз өнімдерінің тауарларын өндірушілеріне беретін тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы

Әлеуетті өнімберушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады

2

Жеңіл өнеркәсіп тауарлары

"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеңіл өнеркәсіп тауарларының өндірушілеріне беретін тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы

Әлеуетті өнімберушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады

3

Сенім білдірілген бағдарламалық қамтамасыз етудің және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізілген, бағдарламалық қамтамасыз етуге және электрондық өнеркәсіп өнімінің санатына (ақпараттандыру объектілерінің сыныптауыштарына сәйкес) жататын тауарлар

Әлеуетті өнім берушінің тауары ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын сенім білдірілген бағдарламалық қамтамасыз етудің және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде болуы

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі сенім білдірілген бағдарламалық қамтамасыз етудің және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыратын, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады

4

Ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жөніндегі қызметтер

"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады

5

Жеңіл автомобильдер және жүк-жолаушы автомобильдер-фургондарды және жарыс автомобильдерін қоса алғанда, негізінен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлік құралдары (8702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа)

"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен берілген тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады

6

Электр трансформаторлары, статикалық электр өзгерткіштері, түзеткіштер, индуктивтілік орауыштар және дроссельдер

"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен берілген тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады

7

Оқшауланған сымдар (эмальданғандарын немесе анодталғандарын қоса алғанда), кабельдер (коаксиальды кабельдерді қоса алғанда) мен басқа да жалғағыш тетіктері бар немесе жоқ оқшауланған электр өткізгіштер; олардың электр өткізгіштермен немесе жалғағыш тетіктермен бірге болғанына немесе болмағанына қарамастан, жеке қабыршағы бар талшықтардан құралған талшықты-оптикалық кабельдер

"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен берілген тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады


  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
4-2-қосымша
  Нысан

Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесі* (қызмет ету саласы біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесіне сәйкес)

      Ескерту. Қағида 4-2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Білікті әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат

Әлеуетті өнім берушінің атауы

Әлеуетті өнім берушінің елі

БСН, ЖСН(ССН, ЖД СШН, ТЕН)

Әлеуетті өнім беруші Тізбеге** қосуға негіз болған құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні






      Ескерту:

      *құрылыс-монтаждау жұмыстарын мемлекеттік сатып алу бойынша білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесі әрбір конкурсқа жеке қалыптастырылады.

      ** аталған талап құрылыс-монтаждау жұмыстарын мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмері;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмері;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмері;

      ТЕН – төлеушінің есептік нөмірі;

      ЖДШСН – жеке дербес шоттың сақтандыру нөмірі.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
5-қосымша

Конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылау хаттамасы

      №___

      Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      Конкурстың № ______________________________________________

      Конкурстың атауы ___________________________________________

      Конкурстық құжаттама жобасына ескертулерді, сондай-ақ конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды қабылдау мерзімі ________ бастап ___________ дейін

      Ұйымдастырушының атауы _______________________________

      Конкурстық құжаттама жобасына ескерту(лер), сондай-ақ конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұрау салу(лар) мынадай шешім(дер) қабылданған өнім беруші(лер)ге жіберілген:

Әлеуетті өнім берушінің БСН (БСН)/ БСН/ТЕН

Өтініш тұрпаты (түсіндіру туралы ескерту, сұрау салу)

Өтініш мәтіні

Түсіндіру туралы ескертуді, сұрау салуды жіберу күні мен уақыты

Шешім қабылданды

Ауытқу себебі, түсіндіру мәтіні









      Осы конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер осы хаттаманы және бекітілген конкурстық құжаттама мәтінін мемлекеттік сатып алудың веб-порталында орналастыру сәтінен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей қабылданады.

Бірінші басшы не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам, тапсырыс беруші не оның міндетін атқаратын тұлға


ТАӘ қолы


      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
6-қосымша

Ашу хаттамасы (ашық конкурстың нөмірі)

      бұл ретте нөмір сатып алудың тәсілі мен нөміріне байланысқан болуы

      тиіс

      (лот бойынша жекеше қалыптастырылады)

      Күні мен уақыты

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Тапсырыс беруші* ____________________________________________________

      Конкурстың № ________________________________________________________

      Конкурстың атауы ____________________________________________________

      Ұйымның атауы _______________________________________________________

      Ұйымдастырушының мекенжайы __________________________________________

      Конкурсық комиссияның құрамы:

Т.А.Ә.

Ұйымдағы лауазымы

Комиссиядағы рөлі






      Жалпы сомасы көрсетілген сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі ___________

р/с

Лоттың №

Лоттың атауы

Саны

Бірлік үшін баға

Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге








      Лоттың № ______________________________________________________

      Лоттың атауы ____________________________________________

      Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер мынадай әлеуетті өнім берушілермен ұсынылған (өтінімдер саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / СТН / ТЕН

Әлеуетті өнім берушінің мекенжайы (облыс,қала,көше, үй, пәтер)

Өтінімдерді беру күні мен уақыты

( хронология бойынша)







      Конкурстық құжаттамада көзделген құжаттардың болуы (болмауы) туралы ақпарат:

Әлеуетті өнім берушінің № БСН (ЖСН) / СТН / ТЕН

Құжаттың атауы

Болу белгісі





      Ескертпе:

      * Тапсырыс берушілер туралы мәлімет, егер тапсырыс берушілер бірнешеу болса көрсетілмейді.

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
7-қосымша

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік
сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру
хаттамасы
(ашық конкурстың нөмірі)

      бұл ретте нөмір сатып алудың тәсілі мен нөміріне байланысқан болуы

      тиіс

      (лот бойынша жекеше қалыптастырылады)

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Күні мен уақыты

      Тапсырыс беруші* ____________________________________________________

      конкурс № ___________________________________________________________

      Конкурстың атауы ____________________________________________________

      Ұйымдастырушының атауы ______________________________________________

      Ұйымдастырушының мекенжайы __________________________________________

      Конкурстық комиссияның құрамы:

Т.А.Ә.

Ұйымдағы лауазымы

Комиссиядағы рөлі






      Жалпы сомасы көрсетілген сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі ___________

р/с

Лоттың

Лоттың атауы

Саны

Бірлік үшін бағасы, теңге

Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге








      лот № _______________________________________________________

      Лоттың атауы ____________________________________________

      Конкусқа (лотқа) қатысуға берілген өтінімдер туралы ақпарат туралы (хронология бойынша): (өтінімдер саны)

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН

Өтінім берілген күн мен уақыт

( хронология бойынша)






      Конкурстық комиссия мүшелерінің алдын ала дауыс беру нәтижелері:

р/с

Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілердің тізбесі), БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН


Комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.

Комиссия мүшесінің шешімі

Конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келмеу себептерінің егжей-тегжейлі сипаттамасы

Бас тарту себептеріне негіздеме

Конкурстық құжаттаманың талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келтірілуі қажет әлеуетті өнім берушінің өтініміндегі құжаттар тізбесі








      Конкурсқа қатысуға бас тартылған өтінімдер: (өтінімдер саны):

р/с

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН

Бас тарту себебі






      Конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысуға өтінімдер: (өтінімдер саны)

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН





      Әлеуетті өнім берушілер конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерін берудің соңғы күні мен уақыты: мемлекеттік сатып алудың веб-порталында осы хаттаманы жариялаған сәттен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей.

      Ескертпе:

      * Тапсырыс берушілер туралы мәлімет, егер тапсырыс берушілер бірнешеу болса көрсетілмейді.

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
8-қосымша

Қорытындылар туралы хаттама нөмірі ашық конкурс) бұл ретте нөмірі байланыстырылуы тиіс, тәсілі және нөмірі сатып алу (қалыптастырылады әрбір лотқа жеке)

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Күні мен уақыты

      Тапсырыс беруші* __________________________________

      № конкурс ________________________________

      Конкурстың атауы ___________________________________

      Ұйымдастырушының атауы ___________________________

      Ұйымдастырушының мекенжайы __________________________________

      Конкурстық комиссияның құрамы:

Т.А.Ә.

Ұйымдағы лауазымы

Комиссиядағы рөлі





      Жалпы сомасын көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың,жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі ___________

р/н №

Лот №

Лот атауы

Саны

Бірлік үшін бағасы, теңге

Сатып алуға бөлінген сома, теңге







      лот № __________________________________________

      Лот атауы __________________________________________________

      Конкурсқа (лотқа) қатысуға ұсынылған өтінімдер туралы ақпарат: (хронология бойынша) (өтінімдер саны)

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН/СЕН

Өтінімді беру күні мен уақыты (хронология бойынша)





      Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдер туралы ақпарат (осы ақпарат Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы болған кезде орналастырылады) (өтінімдер саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН/СЕН

Өтінімді қайта беру күні мен уақыты (хронология бойынша)





      Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде мынадай құжаттар сұралды (Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 27-бабының 5-тармағына сәйкес сұрау салу жүзеге асырылған жағдайда толтырылады):

Сұрау салу жіберілген ұйымның/тұлғаның атауы

Сұрау салу жіберілген күн

Сұраудың қысқаша сипаттамасы

Сұрау салуға жауап беру күні






      Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:

р/с №

Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілердің тізбесі), БСН (ЖСН)/ ССН / СЕН


Комиссия мүшесінің аты-жөні

Шартты жеңілдік %

Комиссия мүшесінің шешімі

Ауытқу себебі

Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес еместігін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, бас тарту себептерінің толық сипаттамасы







      Конкурсқа қатысуға қабылданбаған өтінімдер (өтінімдер саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН/СЕН

1 ауытқу себебі





      ____________________________________ 1 үш мәтіндік мәннен тұратын анықтамалық: (біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеуі, Заңның 6-бабының талаптарын бұзу)

      Конкурсқа қатысуға келесі өтінімдер жіберілді (өтінімдер саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН/СЕН




      Осы конкурсқа қатысуға ұсынылған Барлық конкурсқа қатысуға өтінімдерге осы Қағидалардың 152-1-тармағында көзделген критерийлердің салыстырмалы мәнін қолдану нәтижелері туралы ақпарат:

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН / НП

Шартты жеңілдіктер, %




Ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жылдағы жұмыс тәжірибесі

Төленген салықтардың көрсеткіші

Тауарлардың функционалдық сипаттамасы

Тауарлардың техникалық сипаттамалары

Тауарлардың сапалық сипаттамалары

Тауарлардың пайдалану сипаттамалары

Жалпы шартты жеңілдік, %











      Конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын есептеу:

Р / жеткізушінің атауы

БСН (ЖСН)/ ССН/СЕН

Бөлінген сома

Өнім берушінің бағасы

Заңның 26-бабына сәйкес сома

Шартты жеңілдік мөлшері, %

Шартты жеңілдік ескерілген баға

Төленген салықтардың көрсеткіші

Өтінімді беру күні мен уақыты











      Конкурстық комиссияның шешімі:

      1. № _ _ _ Лот бойынша жеңімпаз болып белгіленсін: (жеңімпаздың әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН атауы), екінші орын алған әлеуетті өнім беруші (екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН атауы).

      2. Тапсырыс берушіге (тапсырыс берушінің атауы) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде (жеңімпаздың әлеуетті өнім берушінің атауы БСН/ЖСН) Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасассын.

      Не:

      №___ Лот бойынша Мемлекеттік сатып алу (сатып алудың атауы) өткізілмеді деп танылсын. _____________________ *:

      Ескертпе:

      *Мынадай мәндердің бірі: "Ұсынылған өтінімдердің болмауы", "екіден кем өтінім беру", "конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеді", "конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілді".

      Немесе:

      Уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыну, шешім)) № _________ дд-дан. ЖЖЖЖ.

      Күшін жою туралы шешім қабылдаған орган: (_______________________).

      Немесе:

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 13-тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тарту жүргізілді.

      Ескертпе:

      * Бірнеше Тапсырыс беруші болса, Тапсырыс беруші туралы ақпарат көрсетілмейді.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН-бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН-жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН-салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕНП-төлеушінің есептік нөмірі;

      Аты-жөні - тегі аты-жөні.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
8-1-қосымша

      Бекітемін:

      _____________________________________________________________________

      (тапсырыс берушінің (бірыңғай ұйымдастырушының ) толық атауы

      _____________________________________________________________________

      (конкурстық құжаттаманы бекіткен адамның Т.А.Ә.)

      Шешім № _____ Күні_________Уақыты _____

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген кқрсетілетін
қызметтерді Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттама

      Ескерту. Қағида 8-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      _____________________________________________________________________

      (сатып алу мәнінің түрі )

      _____________________________________________________________________

      (конкурстың атауы)

      Тапсырыс беруші (тапсырыс берушімен бір тұлғаны білдіретін

      ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді)_________________________________

      (атауы, орналасқан жері, БСН, банк деректемелері көрсетіледі)

      Тапсырыс берушінің өкілі (тапсырыс берушімен бір тұлғаны білдіретін

      ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді)_________________________________

      (Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)

      Ұйымдастырушы (бірыңғай ұйымдастырушы) ______________________________

      (атауы, орналасқан жері, БСН, банк деректемелері көрсетіледі)

      Ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) өкілі __________________

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)

      Конкурстық комиссияның хатшысы ______________________________________

      (Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс қоса берілген лоттар тізбесіне сәйкес өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі.

      2. Осы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық құжаттама (бұдан әрі – КҚ) мыналарды:

      1) КҚ-ға 1-қосымшаға сәйкес лоттардың тізбесін;

      2) КҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес сатып алынатын қызметтердің сипаттамасын және талап етілетін техникалық, сапалық сипаттамаларын;

      3) КҚ-ға 4-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу туралы келісімді;

      4) КҚ-ға 6-қосымшаға сәйкес қызметтер көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметті;

      5) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 233-тармағына сәйкес неғұрлым сапалы қызметтерді ұсынатын конкурстың жеңімпазын анықтау үшін конкурстық комиссия ескеретін әлеуетті өнім берушілер ұсынған техникалық ерекшеліктерді бағалау үшін міндетті критерийлердің тізбесін қамтиды;

      6) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша бөлінген сома ______ теңгені құрайды.

      Осы конкурс үшін бөлінген сома лоттар бөлінісінде мынаны құрайды:

Лот №

Көрсетілетін қызметтің атауы

Лот бойынша бөлінген сома (теңге)


(Лот №)

(Көрсетілетін қызметтің атауы)

Лот бойынша __________ бөлінген _________ сома (теңге)


      ...........................................................................................................................

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімді
ресімдеуіне және оны ұсынуына қойылатын талаптар

      3. Конкурсқа қатысуға өтінім веб-портал арқылы электрондық құжат нысанында беріледі және осы КҚ-да көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызмет көрсетуге үміткер әлеуетті өнім берушінің келісімін білдіру нысаны, сондай-ақ өзі туралы, Заңның 6-бабында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулеріне сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға әлеуетті өнім берушінің келісімі болып табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Әлеуетті өнім беруші өтінімді қалыптастыру алдында КҚ-ға 4-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу туралы келісімді қабылдайды.

      5. Конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтиды:

      1) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелерін не оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растауда әлеуетті өнім беруші ұсынатын электрондық құжаттарды:

      заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәлікті немесе анықтаманы қамтуы тиіс. Егер заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бекітілген Үлгілік жарғы негізінде қызметті жүзеге асырса, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті;

      заңды тұлға Үлгілік жарғы негізінде қызметті жүзеге асырған жағдайды қоспағанда, заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген жарғыны;

      құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді не акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірмені қамтитын құрылтайшы құжатты (егер жарғы құрылтайшылар немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметті қамтымаған жағдайда);

      әлеуетті өнім берушінің қызметтер көрсетуге құқығын растайтын рұқсаттар (хабарламалар) және (немесе) патенттер, куәліктер, сертификаттар, басқа да құжаттарды;

      өзіне мыналарды: растау құжаттарының электрондық көшірмелерінің қосымшасымен конкурста сатып алынатын ұқсас (сай келетін) растау құжаттарының электрондық көшірмелерінің қосымшаларымен соңғы он бес жыл ішінде әлеуетті өнім беруші көрсеткен көлемдер туралы мәліметті; қызмет көрсету үшін қажетті конкурстық құжаттамада көзделген материалдардық ресурстардың болуы туралы мәліметті (осы талап мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржылық бір жылдан астам мерзімге қызметтерді мемлекеттік сатып алған жағдайда белгіленеді); растау құжаттарының электрондық көшірмелерінің қосымшаларымен қызмет көрсету мақсатында қажетті жүктелген міндеттемелерді орындау үшін жұмысшылардың біліктілігі туралы мәліметті қамтитын КҚ-ға 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілік туралы мәліметті;

      КҚ-ға 10-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу мәні болып табылатын қызмет көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар туралы мәлімет және әлеуетті өнім берушінің бірлесіп орындаушыларға бірлесіп орындауға жиынтығында жұмыстардың екіден бір астамын беруге тыйым салу шартын қамтуы тиіс.

      Егер әлеуетті өнім беруші көрсетілетін қызметтерді бірлесіп орындаушыларды тартуды көздеген жағдайда, онда әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға тартылатын бірлесіп орындаушылардың белгіленген талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесін ұсынады.

      2) сатып алынатын қызметтердің техникалық, сапалық сипаттамалары бар, оның ішінде КҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша сипаттамаларын көрсете отырып, техникалық ерекшелікті қамтиды. Қажет болған кезде техникалық ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.

      3) КҚ-ға 11-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында конкурстық баға ұсынысы;

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      6. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі Конкурстық өтінімдерді ашу күнінен бастап кемінде күнтізбелік алпыс күнді құрауы тиіс.

      7. Конкурсқа қатысуға өтінімде қамтылатын қағаз құжаттардың электрондық көшірмелері бейненің түсіне қарамастан, дәл және анық болуы тиіс.

      8. Конкурсқа қатысуға өтінім, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтінімге қатысты бүкіл хат-хабарлар мен құжаттар осы КҚ-да жасалған тілде жасалады және беріледі.

      Оларды әлеуетті өнім беруші басқа тілде жасаған және ұсынған жағдайда оларға дәл (нотариалдық расталған) аудармасы қоса беріледі.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Конкурсқа қатысуға өтінімді ұсыну тәртібi

      9. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушыға электрондық құжат нысанында береді.

      10. Әлеуетті өнім берушілер берген конкурсқа қатысуға өтінімдер автоматты түрде веб-порталда тіркеледі.

      11. Конкурсқа қатысуға өтінім берген өнім берушіге тиісті хабарламаны веб-порталмен автоматты түрде жіберген сәтте конкурсқа қатысуға берілген өтінім қабылданған болып есептеледі.

      12. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға берген өтінімі мынадай:

      1) егер әлеуетті өнім беруші бұрын осы конкурсқа қатысуға өтінім берген;

      2) конкурсқа қатысуға берілген өтінім осы конкурсқа қатысуға берілетін өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін түскен;

      3) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен;

      4) конкурстық баға ұсынысының бағасы Қағдалардың 177-тармағына сәйкес демпингтік болып табылған;

      5) Заңның 6-бабының 1-тармағының 1,) 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда веб-порталда автоматты түрде кері қайтарылады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы теңгемен көрсетілген болуы тиіс.

4. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді өзгерту және оларды кері
қайтарып алу

      14. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталатын күннен кешіктірмей мыналарға:

      1) енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуге және (немесе) толықтыруға;

      2) өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қайтарып алуға құқылы.

      15. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі біткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу сияқты, оған өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

      16. Әлеуетті өнім беруші, оның конкурсқа қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптау комиссиясы (сарапшы) конкурстың қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.

5. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу

      17. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың түпкілікті мерзімінің күні мен уақыты басталғаннан кейін бес минуттың ішінде веб-портал конкурсқа қатысуға өтінімдерді автоматты түрде ашуды жүргізеді.

      Егер конкурсқа (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім конкурсқа (лотқа) ұсынылған болса, онда мұндай өтінім де ашылады және қаралады.

      18. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын ашылған күні веб-портал автоматты түрде жариялайды. Бұл ретте веб-портал Конкурстық комиссияның мүшелеріне, веб-порталда автоматты түрде тіркелген әлеуетті өнім берушілерге автоматты түрде хабарламалар таратады.

      19. Конкурстық баға ұсыныстарын қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін қарауға қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау

      20. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, біліктілік талаптары мен КҚ-ның талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.

      21. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:

      1) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар деп таниды;

      2) мынадай критерийлер:

      Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінің талаптарына әлеуетті өнім беруші ұсынған жобаның сәйкестігі;

      әлеуетті өнім берушінің қызмет мақсаты Тапсырыс берушінің сатып алатын көрсетілетін қызметтерге сәйкестігі (құрылтай құжаттарына сәйкес);

      егжей-тегжейлі Іс-шаралар жоспарының Тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізуге сәйкестігі (іс-шаралар атауы және нысаны, өткізу орны мен мерзімі, жауапты тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      әлеуетті өнім берушінің "Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында" болуы туралы мәліметтері;

      әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы;

      жоба белгілі бір аумақта (астана, республикалық маңызы бар қала, облыс, аудан, қала) іске асырылған жағдайда – үкіметтік емес ұйымның тиісті өңірдегі жұмыс тәжірибесі;

      әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың тәжірибесі мен біліктілігі;

      жобаны іске асырудың тиімді қорытындысын бағалау индикаторларының бар болуы.

      Осы тармақтың осы тармақшасымен көзделген критерийлер бойынша баллдарды есептеу КҚ-ға 12-қосымшаға сәйкес есептеледі.

      Конкурстық өтінімдері осы тармақтың 2) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген критерийлер бойынша бір баллдан кем алған әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

      Техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 8 баллдан аз әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

      Әлеуетті өнім беруші көрсетілген критерийлерді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда конкурстық комиссия олардың техникалық ерекшеліктерін бағалау үшін тиісті баллдарды есептемейді.

      Әлеуетті өнім берушілер ұсынған талаптар өздерінің техникалық ерекшеліктерін бағалау үшін шартқа енгізіледі;

      3) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген техникалық ерекшеліктерді бағалау үшін конкурстық комиссия берген баллдар санына байланысты бағалардың шартты азаюы конкурсына қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкуртық баға ұсынысына қолданады.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      22. Барлық санаттар бойынша конкурстық комиссия қойған баллдар веб-порталда автоматты түрде қосылады, нәтижесінде әлеуетті өнім берушіге баллда көрсетілген оның техникалық ерекшелігін қорытынды бағалау қойылады.

      23. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманың және олардың техникалық ерекшеліктерін бағалаудың талаптарына сәйкестігі мәнін қарастыру нәтижелері бойынша конкурстық ұсыныстардың мынадай шартты азайтулары қолданылады:

      егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 13 баллдан 17 баллды қоса есептегенде құраса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 10%-ға шартты азайтылады;

      егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 18 баллдан 22 баллды қоса есептегенде құраса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 20%-ға шартты азайтылады;

      егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 33 баллдан 27 баллды қоса есептегенде құраса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 30%-ға шартты азайтылады;

      егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 28 баллдан аса құраса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 40%-ға шартты азайтылады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қатысты, оның ішінде конкурсқа қатысуға бір өтінім берілсе де баллдарды есептейді.

      25. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарына, конкурсқа қатысуға бір өтінім жіберілгенді қоспағанда, бағалардың шартты азаюын қолданады.

      26. Конкурстық комиссия осы КҚ-ға 8-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді.

      27. Конкурстық комиссия, егер онда конкурсқа қатысуға өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса конкурсқа қатысуға өтінімді КҚ талаптарына сәйкес келетін ретінде қарайды.

      28. Әлеуетті өнім беруші мынадай:

      1) өзі және (немесе) оның бірлесіп орындаушысы біліктілік талаптарына (егер белгіленген тәртіппен көзделген жағдайда) сәйкес емес деп айқындалған;

      2) Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері болған. Заңның 6-бабының 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі веб-порталдың автоматты түрде кері қайтаруына жатады. Заңның 6-бабының 1-тармағының 7), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша конкурстық комиссия тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарындағы ақпаратты қарастырады.

      3) оның конкурсқа қатысуға өтінімі КҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп айқындалған жағдайда конкурсқа қатысуға (конкурсқа қатысушы деп тануға) жіберілмейді.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Әлеуетті өнім берушіні басқа негіздер бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.

7. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурстың жеңімпазын айқындау

      30. Конкурстық баға ұсынысы конкурсқа қатысуға өтінімді қарау қорытындылары бойынша веб-порталда автоматты түрде ашылады.

      31. Веб-портал конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыруды автоматы түрде жүргізеді:

      конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары салыстырылады, ең төмен шартты бағаның негізінде конкурс жеңімпазы, ең төмен шартты бағадан кейінгі бағаның негізінде екінші орын алған әлеуетті өнім беруші айқындалады;

      конкурстық баға ұсыныстарының шартты балаларын теңестірген кезде конкурс мәні болып табылатын сатып алынатын көрсетілетін қызметтер нарығында ең көп тәжірибесі бар әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып табылады.

      Тең шартты бағалары бар бірнеше әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін теңестірген кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімінен бұрын түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып табылады.

      32. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру нәтижелері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамада орналастырылады.

8. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт

      33. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі - шарт), Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылып, тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында веб-портал арқылы жасалады.

      Заңның 6-бабының 1-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген, веб-порталмен автоматты түрде анықталатын, мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері болған тұлғаны қоспағанда, тапсырыс беруші үлгі шартқа сай жасалған, Қағидалардың 8-3-қосымшасына сәйкес шарттың жобасын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі біткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпазға жібереді.

      Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Өнім берушіні таңдау рәсімдері, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары шеңберінде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану рәсімдері тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілгенге дейін аяқталған жағдайда шарттың жобасы тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпазға жіберіледі.

      35. Тапсырыс беруші электрондық шартты ресімдеу үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі біткен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы өнім берушіге шартқа қол қоятын тұлға мен өнім берушінің деректемелері туралы мәліметтерге сұрау салу жібереді.

      36. Әлеуетті өнім беруші веб-порталда тиісті сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады және шартқа қол қоятын тұлға мен өнім берушінің деректемелері туралы мәліметтерді растайды.

      Әлеуетті өнім беруші шартқа қол қоятын тұлғасы мен өзінің деректемелерін растау болмаған жағдайда тапсырыс беруші веб-порталда әлеуетті өнім беруші орналастырылған тіркеу деректеріне сәйкес шартқа қол қояды.

      37. Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің мәліметтерді растау мерзімі біткен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарт жобасын қалыптастырады және оған қол қою үшін әлеуетті өнім берушіге жібереді.

      38. Өнім беруші, Заңда және Қағидаларда белгіленген мерзімде веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен шартқа қол қояды.

      39. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде шарт жобасына қол қоймаса, тапсырыс беруші жеңімпаздың шарт жасасудан жалтарған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын веб-портал арқылы екінші орынды алған әлеуетті өнім берушіге жібереді. Шарт жобасы екінші орын алған әлеуетті өнім берушімен электрондық цифрлық қолтаңба арқылы оған шарт жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде расталуы тиіс.

      Егер екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің қолы қойылған шартқа белгіленген мерзімде қол қоймаса, тапсырыс беруші қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.

      40. Шарт, уәкілетті органның Заңның 16-бабының 6) тармақшасына сәйкес шешімі шыққан кезде, соның ішінде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының уәкілетті органның осы шешіміне шағымдану кезеңінде жасалуы мүмкін емес.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. Шарт бойынша қызмет көрсетудің ең аз мерзімі қызмет көрсетуге жұмсалатын мерзімнен аз болмауға, бірақ күнтізбелік он бес күннен аз болмауға тиіс.

      42. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге қол қойылған шартты ұсынбаса, онда мұндай әлеуетті өнім беруші шартты жасасудан жалтарды деп танылады.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
8-2-қосымша

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен (Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нөмірі)
көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы
хаттама

      Ескерту. Қағида 8-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      бұл ретте нөмір сатып алудың тәсіліне және нөміріне байланыстырылуы тиіс

      (әрбір лотқа жеке қалыптастырылады)

      Күні мен уақыты

      Тапсырыс беруші* ____________________________________________________

      Конкурстың № ________________________________________________________

      Конкурстың атауы ____________________________________________________

      Ұйымдастырушының атауы ______________________________________________

      Ұйымдастырушының мекенжайы___________________________________________

      Конкурстық комиссияның құрамы:

Т.А.Ә

Ұйымдағы лауазым

Комиссиядағы рөлі





      Жалпы сомасын көрсете отырып, сатып алынатын қызметтер тізбесі ___________


р/р

Лоттың №

Лоттың атауы

Саны

Бірлігіне баға, теңге

Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге








      Лоттың № _______________________________________________________

      Лоттың атауы ____________________________________________

      Конкурсқа (лотқа) қатысуға ұсынылған өтінімдер туралы ақпарат: (хронология бойынша) (өтінімдер саны)

Әлеуетті өнім берушілер атауы

БСН (ЖСН)/
ССН / ТЕН

Өтінім беру күні мен уақыты
(хронология бойынша)






      Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:

р/р

Әлеуетті өнім берушінің атауы (Әлеуетті өнім берушілер тізбесі), БСН (ЖСН)/ ССН / ТЕН


Комиссия мүшесінің Т.А.Ә

Комиссия мүшесінің шешімі

Бас тарту себебі

Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына олардың сәйкес келмеуін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, бас тарту себептерін егжей-тегжей сипаттау







      Конкурсқа қатысуға бас тартылған өтінімдер: (өтінімдер саны)

р/р

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН

Бас тарту себебі






      ________________________________________________________ 1

      үш мәтіндік мәннен анықтама: (біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеу, Заңның 6-бабының талаптарын бұзу)

      Конкурсқа қатысуға мынадай өтінімдерге рұқсат етілген (өтінімдер саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН





      Қағидалардың 233-тармағымен көзделген өлшемдердің

      салыстырмалы мәніне қолдану нәтижелері туралы ақпарат

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН

Шартты жеңілдіктер, %

Әлеуетті өнім беруші ұсынып отырған жобаның Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінің талаптарына сәйкес келуі

Сатып алынатын қызметтерді ұйымның миссиясына және тапсырыс берушінің салалық мамандығына сәйкес келуі (құрылтайшы құжаттарға сәйкес ұйымның мақсаты)

"Үкімет емес ұйымдардың деректер қорында" әлеуетті өнім берушінің болуы туралы мәлімет

Жұмыс тәжірибесінің болуы

Жобаны іске асыру шеңберінде көрсетілетін қызметтерді алатын әлеуетті өнім берушілер құрамының саны мен сапасы (барлық іс-шарлардың тікелей қатысушылары)

Жобаны іске асыру тиімділігі мен нәтижелерін бағалау бойынша индикаторлардың болуы

Бюджеттен тыс көздерден қосымша қаражатты тарту мүмкіндігі туралы мәліметтер

Тапсырыс берушінің қойған мақсаттарына қол жеткізу бойынша егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарының болуы (іс-шараның атау мен нысаны, нысаналы топ, өткізу орны мен мерзімдері, халықты қамту)

Жалпы бал

Шартты азайту мөлшері, %















      Конкурсқа қатысушылардың шартты бағалараның есебі:

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН

Бөлінген сома

Өнім берушінің бағасы

Шартты жеңілдік мөлшері, %

Шартты жеңілдікті есептегендегі баға

Жұмыс тәжірибесі

Өтінімді берген күні мен уақыты











      Конкурстық комиссияның шешімі:

      1. №___ лот бойынша жеңімпазды айқындау: {БСН/ЖСН жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің атауы }, екінші орын алған әлеуетті өнім беруші, {БСН/ЖСН екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің атауы}.

      2. Тапсырыс беруші {тапсырыс берушінің атауы} "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде { БСН/ЖСН жеңімпаз өнім берушінің атауы}-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.

      Не:

      "Мемлекеттік сатып алу (№___ лот бойынша сатып алудың атауы)_____________________ байланысты өтпеді деп танылсын *":

      Ескерту: *Мынадай мағыналардың біреуі: "берілген өтінімдердің болмауы", "кемінде екі өтінімнен беру", "конкурсқа бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген", "аукционға бір әлеуетті өнім беруші қатысуға жіберіледі".

      Не:

      Сатып алуды жою жүргізілді, оның негізі мынау болып табылады: Уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыным, шешім) № _________ күні.айы.жылы.

      Жою туралы шешім қабылдаған орган: {_________________________}.

      Не:

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10-тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тарту жүргізілді".

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты;

      кк.аа.жжжж. – күн, ай, жыл

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
8-3-қосымша

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін
қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт

      Ескерту. Қағида 8-3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      <Сәйкестендіру нөмірі >

      <Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>

      Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын <Тапсырыс берушінің толық атауы>, <Тапсырыс берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Тапсырыс берушінің лауазымы> <Тапсырыс берушінің ТАӘ> атынан бір тараптан және бұдан әрі бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын <Өнім берушінің толық атауы>, <Өнім берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Өнім берушінің лауазымы> <Өнім берушінің ТАӘ> атынан екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және <қорытындылардың күні> жыл № <қорытындылардың нөмірі> <сатып алу тәсілі> мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде осы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және мына төмендегі туралы келісімге келді:

1. Шарттың мәні

      1.1. Өнім беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оған қосымшаларда көрсетілген шарттарға, талаптарға сәйкес және баға бойынша Қызмет(тер) көрсетуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші осы Шарттың талаптарымен Көрсетілген қызмет(тер)ді қабылдауға және Шарт бойынша Өнім беруші өз міндеттемелерін тиісінше орындау шартында төлеуге міндеттенеді:

      <Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <1-ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>;

      …

      <Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <N-ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>1.

      1.2. Төменде келтірілген құжаттар мен онда келісілген шарттар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:

      1) осы Шарт;

      2) сатып алынатын көрсетілетін қызметтер тізбесі (1-қосымша);

      3) техникалық ерекшелік (2-қосымша).

2. Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары

      2.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа № 1 қосымшада айқындалады және <Шарттың сомасы> (сома жазумен) теңгені құрайды және қызметтерді көрсетумен байланысты барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, оның ішінде ҚҚС <ҚҚС сомасы> / <ҚҚС есепке алмағанда> (бұдан әрі – Шарттың сомасы) қамтиды.

      2.2. Қазынашылықтың аумақтық органында Шарт <Бағдарламаның коды мен атауы> бюджеттік бағдарламасы, <Кіші бағдарламаның коды мен атауы> кіші бағдарламасы, <Ерекшелік коды мен атауы> - <ерекшелік бойынша сома> теңге ерекшелігі бойынша (<ерекшелік бойынша сома жазумен>), <оның ішінде ҚҚС> <ҚҚС сомасы> теңге/<ҚҚС есепке алмағанда>2 <_____> жылы тіркеуге жатады.

      2.3. Шарт күшіне енгеннен кейін Тапсырыс беруші 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді.

      Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты барабар ұстау ескеріле отырып, көрсетілген қызмет актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару <төлем шарты> арқылы төлейді3.

      Көрсетілген қызмет үшін төлемді Тапсырыс беруші көрсетілген қызмет актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару <төлем шарты> арқылы жүргізеді.

      Қызмет көрсету актісінің нысанын Өнім беруші алдын ала Тапсырыс берушімен келіседі.

      2.4. Сандық және құндық шамадағы көрсетілетін қызмет көлемі Шартқа 1-қосымшада келтірілген.

      2.5. Төлеу алдындағы қажетті құжаттар:

      1) <аумақтық қазынашылық органында тіркелген/қол қойылған> Шарт;

      2) көрсетілген қызмет актісі (актілері);

      3) осы Қағидаларға 22-4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту үлесі бойынша есеп;

      4) Өнім беруші Тапсырыс берушіге көрсеткен қызметтердің сипаттамасымен, жалпы сомасы көрсетіле отырып, шот-фактура;

      _________________________________

      1 Бұл тармақ қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің сатып алуын қоспағанда, мемлекеттік мекемелер үшін көрсетіледі. Көрсеткіштер әрбір жылға әрбір ерекшелік бойынша бөлек көрсетіледі.

      2 Бұл тармақ қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің сатып алуын қоспағанда, мемлекеттік мекемелер үшін көрсетіледі. Көрсеткіштер әрбір жылға әрбір ерекшелік бойынша бөлек көрсетіледі.

      3 Бұл тармақ егер шарт бойынша аванс көзделсе көрсетіледі.

3. Тараптардың міндеттемелері

      3.1. Өнім беруші мыналарға:

      1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;

      2) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін қамтамасыз етуге;

      3) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың жағдайларын орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналдан басқа оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс;

      4) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда көрсетілген құжаттарды және ақпаратты Шартты жүзеге асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;

      5) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;

      6) Өнім берушінің Шарттың талаптарын тиісінше орындамауынан және/немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттермен туындаған келтірілген залалдарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге міндеттенеді.

      7) Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген көрсетілген қызметтер актісін жіберу және ресімдеуге;

      8) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісін бекіткеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазуға міндеттенеді.

      <n) жаңа тармақша>

      Ескерту. 3.1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3.2. Өнім беруші:

      1) Тапсырыс берушіден Шарт бойынша көрсетілген Қызметтерге төлем талап етуге;

      2) Тапсырыс берушімен алдын ала орындау мерзімін келісе отырып, Шартқа № 1 қосымшада көрсетілген Қызметті мерзімінен бұрын көрсетуге құқылы.

      3.3. Тапсырыс беруші:

      1) Қызметтерді көрсету үшін Өнім берушінің мамандарының қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

      2) көрсетілген Қызметтердің сәйкессіздіктері анықталған кезде тез арада Өнім берушіні жазбаша хабарландыруға;

      3) Қызметті қабылдау кезінде көрсетілген қызмет актісіне қол қоюға не оның қабылданбауының дәлелді негіздемелерін көрсете отырып қабылдаудан бас тартуға;

      3-1) көрсетілген қызметтер актісін бекіткеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда Өнім беруші жазып берген шот-фактураны бекіткеннен кейін қабылдауға;

      4) осы Шартта белгіленген тәртіпте және мерзімдерде төлем жүргізуге міндеттенеді.

      <n) жаңа тармақша>

      Ескерту. 3.3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3.4. Тапсырыс беруші:

      1) көрсетілген Қызметтердің сапасын тексеруге;

      2) Қызмет мерзімінен бұрын көрсетілген жағдайда Тапсырыс беруші қызметті мерзімінен бұрын қабылдауға және ол үшін Шарт талаптарына сәйкес ақы төлеуге құқылы. Қызметті мерзімінен бұрын көрсетуден бас тартуға оны қабылдау мүмкін болмаған жағдайларда жол беріледі.

4. Қызметтердің техникалық ерекшелікке сәйкестігін тексеру

      4.1. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері Көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелікте (Шартқа 2-қосымша) көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан бақылау мен тексеру жүргізе алады. Бұл ретте осы тексерістер бойынша барлық шығыстарды Өнім беруші көтереді. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы мақсаттар үшін белгіленген өз өкілдері туралы жазбаша түрде уақтылы хабарлауы тиіс.

      4.2. Осы Шарт шеңберінде көрсетілген Қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес немесе олардан жоғары болуы тиіс.

      4.3. Егер тексеру кезінде көрсетілген Қызметтердің нәтижелері техникалық ерекшеліктің (Шартқа 2-қосымша) талаптарына сәйкес келмейді деп танылса, Өнім беруші, Тапсырыс беруші тарапынан ешқандай қосымша шығынсыз, техникалық ерекшелік талаптарына сәйкессіздіктерді жою бойынша шараларды тексеру сәтінен бастап <cәйкессіздіктерді жою мерзімі> ішінде қолданады.

      4.4. Жоғарыда көрсетілген ешбір тармақ Өнім берушіні Шарт бойынша басқа міндеттемелерден босатпайды.

      <N. жаңа тармақ>

5. Қызметтер көрсету

      5.1. Өнім берушінің қызметтерді көрсетуі Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шартқа 1-қосымшада көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырылады.

      5.2. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5.3. Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға дәл сәйкестікте қызметті толық тапсыруы шартында Қызмет көрсетілді деп есептеледі.

      <N. жаңа тармақ>

6. Кепілдік

      6.1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге үздіксіз, сапалы және уақтылы Қызмет көрсетудің қамтамасыз етілуіне кепілдік береді.

      6.2. Өнім беруші техникалық ерекшеліктің (Шартқа 2-қосымша) Қызметтерінің қателерін, жете өңделмеулері мен басқа да сәйкессіздіктерін ақысыз түзетуге кепілдік береді.

      6.3. Тапсырыс беруші берілген кепілдікке байланысты барлық шағымдары туралы Өнім берушіге жазбаша түрде жедел хабарлауға міндетті, одан кейін Өнім беруші, осыған байланысты барлық шығыстарды қоса алғанда, өз есебінен кемшіліктерді жою шараларын Тапсырыс беруші хабарламасында белгілеген мерзімде қолдануға тиіс.

      6,4. Егер Өнім беруші хабарламаны алып, тиісті кемшіліктерді жою шараларын уақтылы қолданбаса, Тапсырыс беруші Шарт бойынша Өнім берушіге қатысты өзінің басқа құқықтарына ешқандай нұқсан келтірмей және Өнім беруші есебінен қажетті санкциялар мен кемшіліктерді жою шараларын қолдана алады.

      <N. жаңа тармақ>

7. Тараптардың жауапкершілігі

      7.1. Тараптар осы Шарт шеңберіндегі өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

      7.2. Секвестр және/немесе тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақша жетіспеген жағдайларда, егер Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиесілі қаражатты Шартта көрсетілген мерзімдерде төлемесе, Тапсырыс беруші Өнім берушіге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиесілі соманың 0,1 % (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде ұсталған төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс.

      7.3. Қызмет көрсету мерзімдерін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс.

      7.4. Өнім беруші Қызмет көрсетуден бас тартқан немесе Шарт бойынша Қызмет көрсету мерзімі өткен күннен бастап, бірақ Шарт қолданысының аяқталу мерзімінен кешіктірмей, бір айдан аса мерзімге Қызмет көрсету мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасын өндіріп ала отырып, бір жақты тәртіпте осы Шартты бұзуға құқылы.

      7.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

      7.6. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша қызмет көрсету үшін қажетті құнның немесе мерзімдердің азаюына әкелетін болса, Шарт сомасы немесе қызмет көрсету кестесі, немесе екеуі де тиісінше түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Өнім берушінің түзету жүргізуге барлық сұрау салулар Өнім беруші Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынуға тиіс.

      7.7. Өнім беруші толығымен де, ішінара да біреуге осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін бермеуі тиіс.

      7.8. Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы Шарт аясында жасалған барлық бірлесіп орындаушылармен шарттардың көшірмелерін ұсынуы тиіс. Бірлесіп орындаушылардың болуы Өнім берушіні Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.

      Қызмет көрсету үшін бірлесіп орындаушыларға берілуі мүмкін көрсетілетін қызметтің шекті көлемі жиынтықта көрсетілетін қызмет көлемінің екіден бірінен аспауға тиіс.

      Бұл ретте бірлесіп орындаушыларға өткізілетін мемлекеттік сатып алу мәні болып табылатын қызмет көрсету көлемдерін өзге бірлесіп орындаушыларға беруге тыйым салынады.

      Қазақстан Республикасының мүгедектер қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының мүгедектер қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға көрсетілетін қызметтерге өткізілетін мемлекеттік сатып алу мәні болып табылатын қызмет көрсету бойынша бірлесіп орындаушылар тартуға жол берілмейді4.

      <N. жаңа тармақ>

      Ескерту. 7.8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _______________________________

      4 Осы мәтін баға ұсынысын сұрату тәсілін қоспағанда, сатып алудың барлық тәсілдері үшін көрсетіледі.

8. Шарттың қолданыс мерзімі және бұзу талаптары

      8.1. Шарт <Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін/қол қойған күннен бастап> күшіне енеді және <_____> дейін қолданылады.

      8.2. Мынадай оқиғалар олардың көбеюi бөлiгінде қызмет көрсету ұзақтығы мерзiмдерiнің өзгеруiне әкеп соқтырады:

      1) Тапсырыс беруші Объектiнiң барлық учаскелерiн пайдалануға тыйым салады, ол өз кезегінде қызмет көрсетудің кешіктірілуіне әкеп соқтырады;

      2) Тапсырыс беруші Өнім берушіге Шартта жоспарланбаған сынақтарды жүргiзу үшiн қызмет көрсетуді тоқтатуға нұсқау береді. Бұл ретте, егер аталған сынақтар ақауларды анықтамаған жағдайда, қызмет көрсетуді тоқтату уақыты қызмет көрсету мерзіміне қосылады.

      <Жаңа абзац>

      8.3. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Тапсырыс беруші кез келген уақытта Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жіберіп біржақты тәртіпте Шарт талаптарын орындаудан бас тарта алады. Бұл жағдайда Шарттың талаптарын орындаудан бас тарту тез арада жүзеге асырылады, және Тапсырыс беруші егер Шарттың талаптарын орындаудан бас тарту ешқандай залал келтірмейтін немесе салдарынан Тапсырыс берушіге қойылған немесе қойылатын қандай да бір әрекеттерді жасауға немесе санкцияларды қолдануға құқықтарды қозғамайтын шартта Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндет көтермейді.

      8.4. Жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты Шарт жойылған кезде, Өнім беруші Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгi iс жүзiндегi шығындар үшiн ғана төлем талап етуге құқылы.

      8.5. Шарт талаптарын бұзғаны үшін қандай да бір санкцияларға зиян келтірместен Тапсырыс беруші, Өнім берушіге міндеттемелерін орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып:

      1) егер Өнім беруші көрсетілетін қызметті Шартта көзделген мерзімде немесе Тапсырыс беруші ұсынған осы Шарттың ұзартылған кезеңі ішінде орындай алмаса;

      2) егер Өнім беруші өз міндеттемелерін орындай алмаса, осы Шартты толық немесе ішінара бұза алады.

      8.6. Шарт:

      1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның

      6-бабында көзделген шектеулердің бұзылғаны анықталған;

      2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген қолдауды көрсеткен;

      3) уәкілетті орган міндеттемелері тиісінше орындалған шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы бұзыла отырып Шарт жасасу фактісін анықтаған жағдайда кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін.

      8.7. Шарт одан әрі оны орындау орынсыз болған жағдайда, тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.

      Ескерту. 8.7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9. Хабарлама

      9.1. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама төленген тапсырыс хатпен немесе телеграф, телекс, телефакс не веб-портал арқылы жіберіледі.

      9.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күні (егер хабарламада көрсетілсе), осы екі күннің қайсысы кеш келетініне байланысты күшіне енеді.

10. Форс-мажор

      10.1. Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып табылса, Тараптар ол үшін жауапкершілікте болмайды.

      10.2. Егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып табылса, Өнім беруші Шарт талаптарының орындалмауына байланысты тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапты болмайды.

      10.3. Шарт мақсаттары үшін "форс-мажор" Тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар мыналарды қамти алады, бірақ тек олар ғана емес: соғыс қимылдары, табиғи немесе дүлей апаттар және басқалар.

      10.4. Форс-мажорлық жағдаяттар туындаған кезде Өнім беруші тез арада Тапсырыс берушіге осындай жағдаяттар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден басқа жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттерін мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдаяттарға байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздейді.

11. Даулы мәселелерді шешу

      11.1. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктер немесе даулар тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.

      11.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

12. Өзге де шарттар

      12.1. Салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.

      12.2. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасу нысаны сияқты нысанда жасалады.

      12.3. Өнім берушінің таңдауы үшін негіз болған сапаның өзгермеуі шарты мен басқа да шарттарда жасалған Шартқа өзгерістерді енгізуге:

      1) көрсетілетін Қызметтің бағасын және тиісінше Шарт сомасының азаюы бөлігінде Тараптардың өзара келісімі бойынша;

      2) Шартта көрсетілген Қызметтердің бірлігі үшін бағаның өзгермеуі шартында көрсетілетін Қызметтер көлемінде қажеттіліктің азаюымен не ұлғаюымен байланысты Шарт сомасының азаюы не ұлғаюы бөлігінде. Жасалған шартты осындай өзгертуге осы мемлекеттік сатып алу бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі;

      3) егер Өнім беруші онымен жасасқан Шартты орындау үдерісінде көрсетілетін қызмет бірлігі үшін бағаның өзгермеуі шартында онымен жасасқан Шарттың мәні болып табылған көрсетілетін қызметтің анағұрлым жақсы сапалы және (немесе) техникалық сипаттамасын не мерзімін және (немесе) талаптарын ұсынған жағдайда рұқсат беріледі.

      Ескерту. 12.3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12.4. Тараптардың біреуінің Шарт бойынша міндеттерін беруіне тек екінші Тараптың жазбаша келісімімен жол беріледі.

      12.5. Шарт веб-портал арқылы жасалған бірдей заңды күшіне ие қазақ және орыс тілінде жасалды.

      12.6. Шартта реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

      <N. жаңа тармақ>

13. Тараптардың деректемелері

Тапсырыс беруші:

<Тапсырыс берушінің толық атауы>< Тапсырыс берушінің толық заңды мекенжайы>

БСН < Тапсырыс берушінің БСН>

БСК< Тапсырыс берушінің БСК>

ЖСК< Тапсырыс берушінің ЖСК>

<Банктің атауы> Тел.: <Тапсырыс берушінің телефоны> <Тапсырыс берушінің лауазымы><Тапсырыс берушінің ТАӘ>

Өнім беруші:

<Өнім берушінің толық атауы><Өнім берушінің толық заңды мекенжайы>

БСН/ССН/ТЕН <Өнім берушінің БСН/ССН/ТЕН> БСК

< Өнім берушінің БСК> ЖСК

<Өнім берушінің ЖСК> <Банктің атауы> Тел.: <Өнім берушінің телефоны>

<Өнім берушінің лауазымы><Өнім берушінің ТАӘ>


      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      БСК – банктік сәйкестендіру коды;

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушінің есепке алу нөмірі;

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.

  Мемлекеттік сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
9-қосымша

      Бекітемін:

      __________________________________________________________________

      (тапсырыс берушінің (бірыңғай ұйымдастырушының ) толық атауы

      __________________________________________________________________

      (аукциондық құжаттаманы бекіткен адамның Т.А.Ә.)

      Шешім № _____ Күні_________Уақыты _____

АУКЦИОНДЫҚ ҚҰЖАТТАМА

      __________________________________________________________________

      (аукцион атауы)

      Тапсырыс беруші (тапсырыс берушімен бір тұлғаны білдіретін ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді)______________________________

      (атауы, орналасқан жері, БСН, банк деректемелері көрсетіледі)

      Тапсырыс берушінің өкілі (тапсырыс берушімен бір тұлғаны білдіретін ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді)______________________________

      (Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)

      Ұйымдастырушы (бірыңғай ұйымдастырушы) __________________________

      (атауы, орналасқан жері, БСН, банк деректемелері көрсетіледі)

      Ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) өкілі _______________

      __________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)

      Аукциондық комиссияның хатшысы __________________________________

      (Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)

1. Жалпы ережелер

      1. Аукцион қоса беріліп отырған аукцион мәніне (лотына) сәйкес өнім берушіні (лерді) таңдау мақсатында жүргізіледі.

      2. Осы аукциондық құжаттама (бұдан әрі - АҚ) өзіне мыналарды:

      1) осы АҚ-ға 1-қосымшаға сәйкес аукцион мәнін;

      2) осы АҚ-ға 1-1-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарын;

      3) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттарды көрсете отырып, техникалық ерекшелікті қамтиды. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде, осы АҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды нормалауды ескере отырып, сатып алынатын тауарлардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі.

      Бұл ретте техникалық ерекшелікте жеткізілетін тауарлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде, стандарттардың ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттарды беру туралы өнім берушілерге қойылатын талап қамтылуы тиіс;

      4) осы АҚ-ға 4-қосымшаға сәйкес аукционға қатысу туралы келісімді;

      5) осы АҚ-ға 5-қосымшаға сәйкес тауарларды жеткізу үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді қамтиды;

      6) осы аукционға бөлінген сома __ теңгені құрайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Аукционға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтініммен бірге төменде тізбеленген нысандардың бірінде тауарларды сатып алуға бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді:

      1) әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;

      2) осы АҚ-ға 6-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      4. Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі аукционға қатысуға өтінімнің өзінің қолданылу мерзімінен кем болуы мүмкін емес.

2. Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау, ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушінің аукциондық құжаттама ережелерін түсіндіруі

      5. АҚ-ның жобасын алдын ала талқылау, олар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қамтитын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде жүзеге асырылмайды.

      6. АҚ-ның жобасына ескертулерді, сондай-ақ АҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды әлеуетті өнім берушілер веб-портал арқылы тапсырыс берушіге, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберулері мүмкін.

      7. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде АҚ-ның жобасына ескертулер, сондай-ақ АҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болмаған кезде АҚ бекітілген болып саналады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Ескертулер, сондай-ақ АҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болған кезде тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы АҚ-ның жобасын алдын ала талқылау мерзімі біткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мынадай шешімдерді қабылдайды:

      1) АҚ-ның жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

      2) оларды қабылдамауына негіздемелерін көрсете отырып, АҚ-ның жобасына ескертулерді қабылдамайды;

      3) АҚ-ның ережелеріне түсіндірме береді.

      АҚ-ның жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда, АҚ-ны бекіткен сияқты тәртіппен веб-порталда өзгертілген АҚ-ны бекіту туралы шешім қабылданады.

      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген шешімдер қабылданған күннен бастап АҚ бекітілген болып саналады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы АҚ бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда АҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасын орналастыруға міндетті.

      АҚ-ның жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, АҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасымен бірге АҚ-ның бекітілген мәтінін де орналастырады.

      10. АҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасында АҚ-ның жобасына келіп түскен ескертулер мен олар бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпаратты қамтиды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. АҚ-ның жобасына ескертулерді қабылдамау туралы шешім қабылданған жағдайда оларды қабылдамау себептерінің егжей-тегжейлі негіздемесі АҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.

      12. АҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілерден сұрау салулар келіп түскен кезде АҚ-ның ережелеріне түсіндіру мәтіні АҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрініс табады.

      13. Алдын ала талқылау нәтижелері бойынша тапсырыс берушінің шешімі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңында (бұдан әрі – Заң) айқындалған тәртіппен шағымдалуы мүмкін.

3. Әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімді ресімдеуіне және оны ұсынуына қойылатын талаптар

      14. Аукционға қатысуға өтінім веб-портал арқылы электрондық құжат нысанында беріледі және осы АҚ-да көзделген шарттар мен талаптарға сәйкес тауарды жеткізуге аукционға қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісімін білдіру нысаны, сондай-ақ өзі туралы, Заңның 6-бабында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулеріне сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға әлеуетті өнім берушінің келісімі болып табылады.

      15. Әлеуетті өнім беруші өтінімді қалыптастыру алдында осы АҚ-ға 4-қосымшаға сәйкес аукционға қатысу туралы келісімді қабылдайды.

      16. Аукционға қатысуға өтінім мыналарды:

      1) мынадай:

      әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге құқығын растайтын рұқсаттар (хабарламалар) және/немесе патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар, басқа да құжаттардың;

      осы АҚ-ға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілігі туралы мәліметтердің электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған құжаттардың электрондық көшірмелерін не әлеуетті өнім беруші өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын электрондық құжаттарды қамтуы тиіс.

      2) сатып алынатын тауарларға ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттарды көрсете отырып техникалық ерекшелікті қамтиды. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде, сатып алынатын тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, оның ішінде тауарлық белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, фирмалық атауларын, патенттерін, пайдалы моделдерін, өндірістік үлгілерін, тауардың шыққан жерінің атауы мен өндірушінің атауын және өзге де сипаттамаларын көрсете отырып, осы АҚ-ға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі. Қажет болған жағдайда техникалық ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.

      Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінде өндірушілерден не олардың ресми өкілдерінен (делдалдардан немесе дистрибьюторлардан) алынған хаттардың (сертификаттарының, куәліктерінің), техникалық паспорттардың, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінде көрсетілген өнімдердің сәйкестік сертификаттарының көшірмелері болуы туралы талаптарды көрсетуге жол беріледі.

      Егер өнімдердің техникалық паспорттары, сәйкестік сертификаттары және басқа тапсырыс беруші талап ететін құжаттар тауарды сатып алу кезінде не Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, оларды белгіленген тәртіппен тіркеу кезінде берілсе, ондай жағдайда әлеуетті өнім беруші тауарларды жеткізген кезде осындай құжаттарды ұсыну туралы кепілдік хатын ұсынуы тиіс;

      3) аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді заңнамада белгіленген мөлшерде, мынадай:

      осы АҚ-ға 6-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік;

      әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;

      4) осы АҚ-ға 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағасы.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      17. Аукциондық өтінімнің қолданылу мерзімі аукциондық өтінімдерді ашу күнінен бастап кемінде күнтізбелік алпыс күнді құрауы тиіс.

      18. Аукционға қатысуға өтінімде қамтылатын қағаз құжаттардың электрондық көшірмелері бейненің түсіне қарамастан, дәл және анық болуы тиіс.

      19. Аукционға қатысуға өтінім, сондай-ақ аукционға қатысуға өтінімге қатысты бүкіл хат-хабарлар мен құжаттар әлеуетті өнім берушінің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде жасалады және беріледі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Оларды әлеуетті өнім беруші басқа тілде жасаған және ұсынған жағдайда оларға дәл (нотариалдық расталған) аудармасы қоса беріледі.

4. Аукционға қатысуға өтінімді ұсыну тәртібi

      21. Аукционға қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушыға электрондық құжат нысанында береді.

      22. Әлеуетті өнім берушілер берген аукционға қатысуға өтінімдер автоматты түрде веб-порталда электрондық өтінімдер журналында тіркеледі.

      23. Аукционға қатысуға өтінім берген өнім берушіге тиісті хабарламаны веб-порталмен автоматты түрде жіберген сәтте аукционға қатысуға берілген өтінім қабылданған болып есептеледі.

      24. Әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға берген өтінімі мынадай:

      1) егер әлеуетті өнім беруші бұрын осы аукционға қатысуға өтінім берген;

      2) аукционға қатысуға берілген өтінім осы аукционға қатысуға берілетін өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін түскен;

      3) бастапқы баға осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен;

      4) Заңның 6-бабының 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларында веб-порталдан автоматты түрде кері қайтарылады.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағасы теңгемен көрсетілген болуы тиіс.

5. Аукционға қатысуға өтінімдерді өзгерту және оларды кері қайтарып алу

      26. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталатын күннен кешіктірмей мыналарға:

      1) енгізілген аукционға қатысуға өтінімін өзгертуге және (немесе) толықтыруға;

      2) өзі енгізген аукционға қатысуға өтінімін қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің аукционға қатысуға өтінімін қайтарып алуға құқылы.

      27. Аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі біткеннен кейін аукционға қатысуға өтінімді қайтарып алу сияқты, оған өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

      28. Әлеуетті өнім беруші, оның аукционға қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, аукциондық комиссия, сараптау комиссиясы (сарапшы) аукционның қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.

6. Аукционға қатысуға өтінімдерді ашу

      29. Аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдаудың түпкілікті мерзімінің күні мен уақыты басталғаннан кейін бес минуттың ішінде веб-портал аукционға қатысуға өтінімдерді автоматты түрде ашуды жүргізеді.

      Егер аукционға қатысуға бір ғана өтінім аукционға (лотқа) ұсынылған болса, онда мұндай өтінім де ашылады және қаралады.

      30. Аукционға қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасы ашылған күні веб-портал автоматты түрде орналастырады. Бұл ретте веб-портал аукциондық комиссияның мүшелеріне, веб-порталда автоматты түрде тіркелген әлеуетті өнім берушілерге автоматты түрде хабарламалар таратады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Бастапқы бағаларды қоспағанда, аукционға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін басқа әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерін қарауға қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7. Аукционға қатысуға өтінімдерді қарау

      32. Аукционға қатысуға өтінімдерді қарауды, біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында аукциондық комиссия жүзеге асырады.

      32-1. Заңның 33-бабының 5 тармағына сәйкес аукциондық комиссия:

      1) аукционға қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды оңайлату үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұрайды;

      2) аукционға қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында, тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұрайды.

      Ескерту. 7-тарау 32-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Аукционға қатысуға өтінімдерді қарау кезінде аукциондық комиссия мыналарды:

      1) осы АҚ-ның 34-тармағында көрсетілген жағдайда аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын;

      2) осы АҚ-ның 44-тармағында көрсетілген жағдайда аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.

      34. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын, аукциондық комиссия біліктілік талаптары мен осы АҚ-ның талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда ресімдейді.

      35. Аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында мынадай ақпарат:

      1) оларды қабылдамау себептерін толық сипаттай отырып, оның ішінде олардың біліктілік талаптары мен осы АҚ-ның талаптарына сәйкес келмейтінін растаушы мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, біліктілік талаптары мен осы АҚ-ның талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің тізбесі;

      2) ұсыну және біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру қажет құжаттардың тізбесі;

      3) аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келтірілген аукционға қатысуға өтінімдерін ұсыну күні қамтылады.

      36. Аукциондық комиссияның әлеуетті өнім берушілерге аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешімі аукционға қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданады және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 12-қосымшаға сәйкес, оны аукциондық комиссияның хатшысы аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні веб-порталда орналастырады.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Әлеуетті өнім берушілерге аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аукционға қатысуға өтінімді біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру құқығы беріледі.

      38. Аукциондық комиссия:

      1) аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерін, олардың аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген құжаттар тізбесі бойынша біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру толықтығы тұрғысынан қайта қарайды;

      2) аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген құжаттардың толық тізбесін бермеген және біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкестендірмеген әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;

      3) әлеуетті өнім берушілерден, олардың аукционға қатысуға өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді қарауды, аукционға қатысуға өтінімдерді бағалау мен салыстыруды жеңілдету үшін біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келтірілген аукционға қатысуға өтінімдерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратады;

      4) біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келтірілген аукционға қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратып алады.

      Аукциондық комиссияның сұрауларына және аукционға қатысуға өтінімдерді АҚ-ның талаптарына сәйкес келтіруге байланысты өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді.

      АҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру деп аукционға қатысуға өтінімдерді сәйкес келтіру мерзімі аяқталғаннан кейін аукционға қатысуға өтінімдерді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, аукционға қатысуға өтінімдерде берілген құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды түзету жолымен сәйкес келтіруге бағытталған аукциондық комиссияның іс-әрекеттері түсініледі;

      5) біліктілік талаптары мен АҚ-ның өзге де талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтайды және аукцион қатысушылары деп таниды.

      Аукциондық комиссия, егер онда аукционға қатысуға өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса аукционға қатысуға өтінімді АҚ талаптарына сәйкес келетін ретінде қарайды.

      39. Аукциондық комиссия мынадай:

      1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;

      2) аукциондық комиссияға:

      аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;

      оған қатысу үшін банктік кепілдік түрінде аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін аукционның атауы мен нөмірі;

      банктік кепілдік түрінде ұсынылған аукционда қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;

      аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;

      пайдасына аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтердің жоқтығынан көрінетін аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген;

      3) аукциондық өтінімді қамтамасыз етуді аукционға бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде енгізген жағдайларда енгізілген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді АҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп таниды.

      Аукционға қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етудің тиындармен есептелген сомасы дөңгелектенеді. Бұл ретте елу тиыннан төмен сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал елу тиынға тең және одан жоғары сома бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      Өзге негіздер бойынша енгізілген электрондық аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді АҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.

      Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында енгізілген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді АҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп тану себебін көрсетеді.

      Әлеуетті өнім берушіні Заңның 9-бабының 1-тармағында және Қағидалардың 344-тармағында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді. Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету соманың бір және одан да көп пайызы мөлшерінде енгізілген жағдайда, аукциондық комиссия енгізілген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы АҚ-ның талаптарына сәйкес деп таниды.

      41. Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету аукционға бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде енгізілген кезде, әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімді АҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру мақсатында, аукционға қатысуға өтінімді қосымша қамтамасыз етуді Заңның 25-бабы 3-тармағында көзделген түрлердің бірінде енгізуге құқылы.

      Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген әлеуетті өнім берушілерге аукционға қатысуға өтінімді АҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру үшін құқық берілмейді.

      42. Әлеуетті өнім беруші мынадай жағдайларда:

      1) өзі және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалған;

      2) Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері болған. Заңның 6-бабының 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімі веб-порталдың автоматты түрде кері қайтаруына жатады. Заңның 6-бабының 1-тармағының 7), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша аукциондық комиссия тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарындағы ақпаратты қарастырады.

      3) егер оның аукционға қатысуға өтінімі АҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп айқындалған, оның ішінде егер ол АҚ-ның және Қағидалардың талаптарына сәйкес аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынбаған жағдайда аукционға қатысуға (аукционға қатысушы деп тануға) жіберілмейді.

      Ескерту. 42-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      43. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдерді қайта қарау кезінде, алдын ала рұқсат беру хаттамасында көзделмеген негіздер бойынша әлеуетті өнім берушілерді қабылдамауға жол берілмейді.

      44. Біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келтірілген аукционға қатысуға өтінімдерді қайта қарау нәтижелері бойынша, әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келтірілген аукционға қатысуға өтінімдерін қайта ұсынуының түпкілікті мерзімі күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттама ресімделеді.

      45. Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға құжаттың электрондық көшірмесі нысанында тауарлардың сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды, болған кезде, сараптау комиссиясы мүшесінің ерекше пікірі қоса беріледі.

8. Бастапқы бағаларды бағалау мен салыстыру және аукционның бастапқы бағасын айқындау

      46. Веб-портал аукционға қатысушылардың бастапқы бағаларын бағалау мен салыстыруды автоматы түрде жүргізеді. Ең төмен бастапқы бағаның негізінде бастапқы баға айқындалады.

      Өткізіліп отырған аукционның мәні болып табылатын тауарға аукционға басқа қатысушының ұсынған бастапқы бағасына тең бастапқы баға ұсынылған жағдайда, ең төмен бастапқы баға деп басқа ұсыныстардан бұрын ұсынылған тауар бағасы танылады.

9. Аукционды өткізу

      47. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу веб-порталда нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады, оларды өткізуді мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор қамтамасыз етеді.

      48. Аукцион веб-порталында, аукционға қатысуға рұқсат беру хаттамасында көрсетілген күні және мерзімде өткізіледі.

      Аукционды өткізу күні аукционға қатысуға рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап екі жұмыс күні өткеннен кейінгі күн болып табылады.

      Аукцион басталатын уақыт Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18-00-ден кешікпейтін етіп белгіленеді.

      Ескерту. 48-тармақ жаңа режакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Аукционды өткізу күні аукционға қатысуға рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап екі жұмыс күні өткеннен кейінгі күн болып табылады.

      Аукцион басталатын уақыт Астана уақыты бойынша сағат 18-00-ден кешікпейтін етіп белгіленеді.

      49. Аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілер аукционға қатысады.

      50. Аукцион, өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасынан бастап, баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион адымына төмендету жолымен жүргізіледі.

      51. Аукцион адымы өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасының жарты (0,5) пайызынан бастап бес пайызына дейін құрайды.

      52. Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушылар баға туралы ағымдағы ең төменгі ұсынысты аукцион адымы шегіндегі шамаға төмендетуді көздейтін, өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстарын береді.

      53. Аукционға қатысушы, егер өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың бағасы туралы мұндай ұсынысты аукционның осы қатысушысы берген жағдайда, өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың бағасы туралы ағымдағы ең төмен ұсыныстан төмен болатын ұсынысты беруге құқығы жоқ.

      54. Аукционға қатысушылардың өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткізу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың бағасы туралы соңғы ұсыныс келіп түскеннен кейінгі он минутты құрайды. Егер көрсетілген уақыт ішінде өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың неғұрлым төмен бағасы туралы бір де бір ұсыныс келіп түспесе, аукцион аяқталады.

      55. Веб-портал ең төменгі баға негізінде жеңімпазды автоматты түрде айқындайды.

      Екінші орынды алған аукционға қатысушы ең төменгі бағадан кейінгі келесі баға негізінде айқындалады.

      56. Егер аукционның басқа бір қатысушысы ұсынған, өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың аукционның басқа бір қатысушысы ұсынған бастапқы бағасына тең бастапқы баға ұсынылса, онда аукционның мәні болып табылатын тауардың бастапқы бағасы туралы басқа ұсыныстардан бұрын келіп түскен ұсыныс ең төмен бастапқы баға болып танылады.

      57. Егер аукционды өткізу басталғаннан кейінгі отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бір де біреуі өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс бермеген болса, аукционның жеңімпазы деп бастапқы бағасы ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім беруші танылады.

      58. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама аукционды өткізу аяқталған күні Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде қалыптастырылады және орналастырылады.

      59. Заңның 35-бабы 2-тармағына сәйкес аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) аукционға қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен АҚ-ның өзге де талаптарына сәйкес келтіру туралы;

      2) Заңның 33-бабының 5-тармағы 1) және 2) тармақшаларына сәйкес аукциондық комиссияның сұрау салулары туралы;

      3) оларды қабылдамау себептерін толық сипаттай отырып, оның ішінде олардың біліктілік талаптары мен осы АҚ-ның талаптарына сәйкес келмейтінін растаушы мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, аукционға қатысуға өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы ақпаратты қамтылуы тиіс.

      Ескерту. 59-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10. Аукционға қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару

      60. Ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бiрi туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде әлеуетті өнім берушіге электрондық банктік кепілдік түрінде енгізілген аукционға қатысуға өтiнiмін қамтамасыз етуді:

      1) ашу хаттамасын орналастырған жағдайда осы әлеуетті өнім беруші өзiнiң аукционға қатысуға өтiнiмiн аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етудің соңғы мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алғанда;

      2) аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;

      3) аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай аукцион жеңiмпазы деп айқындалған аукционға қатысушыға қолданылмайды;

      4) әлеуетті өнім берушімен мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қойылғанда және онымен АҚ-да көзделген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгiзген жағдайда қайтарады.

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      60-1. Бірыңғай оператор әлеуетті өнім берушіге өзі бұғаттаған аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:

      1) осы әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің аукционға қатысуға өтінімін кері қайтарып алған;

      2) аукционға қатысуға рұқсат туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай аукцион қатысушылары деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;

      3) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай аукцион жеңімпазы деп айқындалған аукцион қатысушысына қолданылмайды;

      4) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойған және ол АҚ-да көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген жағдайларда автоматты түрде бұғаттан шығарады.

      Ескерту. 60-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      61. Электрондық банктік кепілдік түрінде енгізілген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұйымдастырушы мынадай:

      1) аукцион жеңiмпазы деп айқындалған не екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;

      2) аукционның жеңiмпазы не не екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасаса отырып, АҚ белгіленген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды орындамаған не тиісті түрде, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайлардың бiреуi туындаған кезде аукционға қатысуға өтiнiмді қамтамасыз етуді қайтармайды.

      Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      61-1. Электрондық әмиян арқылы енгізілген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бірыңғай оператор бұғаттайды және мынадай:

      1) аукцион жеңiмпазы деп айқындалған не екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;

      2) аукцион жеңiмпазы не екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы АҚ-да белгіленген талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда қайтармайды.

      Ескерту. 61-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

11. Аукцион қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алуы туралы шарт

      62. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі - Шарт), Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылып, тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында веб-портал арқылы жасалады.

      Заңның 6-бабының 1-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген, веб-порталмен автоматты түрде анықталатын, мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері болған тұлғаны қоспағанда, тапсырыс беруші үлгі шартқа сай жасалған, Қағидалардың 19, 20 және 21 қосымшаларына сәйкес, шарттың жобасын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі біткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпазға жібереді.

      Өнім берушіні таңдау рәсімдері, оның ішінде мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары шеңберінде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану рәсімдері тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілгенге дейін аяқталған жағдайда шарттың жобасы тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпазға жіберіледі.

      Ескерту. 62-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      63. Заңның 43-бабы 3-тармағына сәйкес шарттың жобасын аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы, шарттың жобасын қоса бере отырып, веб-порталға хабарлама келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырады.

      Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      64. Тапсырыс беруші, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі біткен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы өнім берушіге шартқа қол қоятын тұлға мен өнім берушінің деректемелері туралы мәліметтерге сұрау салу жібереді.

      65. Әлеуетті өнім беруші веб-порталда тиісті сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады және шартқа қол қоятын тұлға мен өнім берушінің деректемелері туралы мәліметтерді растайды.

      Әлеуетті өнім беруші шартқа қол қоятын тұлғасы мен өзінің деректемелерін растау болмаған жағдайда тапсырыс беруші веб-порталда әлеуетті өнім беруші орналастырылған тіркеу деректеріне сәйкес шартқа қол қояды.

      66. Тапсырыс беруші, Қағидалардың 388-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушінің мәліметтерді растау мерзімі біткен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарт жобасын қалыптастырады және оған қол қою үшін әлеуетті өнім берушіге жібереді.

      67. Өнім беруші, Заңда және Қағидаларда белгіленген мерзімде веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен шартқа қол қояды.

      68. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде шарт жобасына қол қоймаса, тапсырыс беруші жеңімпаздың шарт жасасудан жалтарған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын веб-портал арқылы екінші орынды алған әлеуетті өнім берушіге жібереді.

      69. Заңның 43-бабы 7-тармағына сәйкес шарттың жобасын екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші өзіне шарттың жобасы ұсынылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыруға тиіс.

      Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      70. Егер екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің қолы қойылған шартқа белгіленген мерзімде қол қоймаса, тапсырыс беруші қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.

      71. Шарт, уәкілетті органның Заңның 16-бабының 6) тармақшасына сәйкес шешімі шыққан кезде, соның ішінде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының уәкілетті органның осы шешіміне шағымдану кезеңінде жасалуы мүмкін емес.

      Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      72. Өнім беруші шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес (болған кезде) соманы енгізуге міндетті.

      73. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.

      Егер шартта аванс төленуі көзделген жағдайда, өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етумен бірге авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді.

      Өнiм беруші аванстың толық сомасын төлеуден не аванстың бір бөлігінен бас тартуға құқылы. Аванстан ішінара бас тартқан жағдайда өнім беруші аванстың бір бөлігіне тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізуге міндетті.

      Шарт бойынша міндеттемелерді орындау шамасына қарай тапсырыс беруші өнім берушінің жазбаша хабарламасы бойынша авансты орындауды қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттік сатып алу туралы шартта көзделген орындалған міндеттемелерге барабар азайтады.

      74. Шарт бір қаржы жылынан асатын мерзімге жасалған жағдайда ағымдағы жылға шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тиісті қаржы жылында көзделген шарттың жылдық сомасына сүйене отырып, есептеледі.

      75. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

      1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;

      2) осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепiлдiкті;

      3) Заңның 43-бабының 11-тармағының екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын таңдауы мүмкін.

      Тапсырыс беруші өнім берушіге шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта көрсетілген мерзімде немесе өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.

      Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      76. Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.

      77. Демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (болған кезде), өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына не тиісінше орындамауына байланысты шартты бұзған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ қамтамасыз ету сомасын қайтармайды.

      78. Заңның 43-бабы 22-тармағына сәйкес шарт бойынша тауарларды жеткізудің ең аз мерзімі тауарды жеткізуге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге) кеткен мерзімнен кем емес, бірақ кем дегенде күнтізбелік он бес күнді құрайды.

      Ескерту. 78-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      79. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге қол қойылған шартты ұсынбаған немесе шартты жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы (бар болса) енгізбесе, мұндай әлеуетті өнім беруші шартты жасасудан жалтарды деп танылады.

      Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      80. Жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда, ұйымдастырушы ол енгізген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді электрондық банктік кепілдік түрінде ұстап қалады.

      Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      80-1. Жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда, бірыңғай оператор аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету бойынша электрондық әмияннан бұғатталған соманы әлеуетті өнім берушіге автоматты түрде қайтармайды.

      Ескерту. 80-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

12.Әлеуетті өнім берушілерге жұмыс тәжірибесі болуы бөлігінде қойылатын талаптар

      81. Заңның 9-бабы 1-тармағына сәйкес Қағидалардың 442-тармағының <тармақша нөмірі> тармақшасына сәйкес әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарлар нарығындағы, оның ішінде тауарлардың ұқсас түрлері бойынша жұмыс тәжірибесі <кезең көрсетілсін> жылдан кем болмайды.

      Ескерту. 81-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту

      * аукционға қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуге қатысты аукциондық құжаттама ережелері Заңның 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар арасында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде көрсетілмейді.

      Ескерту. 9-қосымша ескертумен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.

      Ескерту. 9-қосымша аббревиатуралармен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Аукциондық құжаттамаға
1-қосымша

Аукцион мәні (лот)

      Аукционның №__________________________________________

      Аукционның атауы______________________________________

№ лот

Тапсырыс берушінің атауы

Тауардың атауы*

өлшем бірлігі

Саны, көлемі

ИНКОТЕРМС 2000 тауар жеткізу шарттары

Тауардың жеткізу мерзімі

Тауардың жеткізу орны

Аванстық төлем мөлшері, %

Лот бойынша бөлінген сомма, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


      * Тауардың толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшеліктерде көрсетіледі.

  Аукциондық құжаттамаға
1-1-қосымша

Тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары (тапсырыс беруші толтырады)

      Ескерту. Аукциондық құжаттама 1-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Тапсырыс берушінің атауы _______________________

      Ұйымдастырушының атауы ______________________

      Аукционның №_________________________________

      Аукционның атауы _____________________________

      Лоттың № _____________________________________

      Лоттың атауы __________________________________

      Әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі керек:

      1. Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес тауарларды жеткізуге рұқсаттың (хабарламаның) болуы.

      Егер тауарды жеткізу тиісті рұқсатты алуды, хабарланы жіберуді талап еткен жағдайда мынадай мәліметтерді толтыру қажет.

Рұқсаттың (хабарламаның) атауы

1


      Егер тауарды жеткізу тиісті рұқсат алуды, хабарлама жіберуді талап етпесе, онда бұл ақпарат толтырылмайды.

      2. Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еседен асатын салық берешегінің болмауы (веб-порталда мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде автоматты түрде анықталады).

      3. Банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы.

      4. Қажетті материалдық және еңбек ресурстарының болуы

      Материалдық ресурстар:

Материалдық ресурстарының атауы

Саны

1



      Еңбек ресурстары:

Еңбек ресурстарының атауы (мамандығы/біліктілігі)

Саны

1



      5. Сатып алынатын тауардың тақырыбына соңғы он жылда сәйкес келетін жұмыс тәжірибесінің болуы

Сатып алынатың тауардың атауы (лоттың атауы)

Жыл саны

1



      Ескерту.

      1. Талап етілетін материалдық және еңбек ресурстарының әр бірлігі бөлек жолмен көрсетіледі.

      2. Өзге құжаттарда әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

  Аукциондық құжаттамаға
2-қосымша

Сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігі (тапсырыс беруші толтырады)

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Тапсырыс берушінің атауы________________________

      Ұйымдастырушының атауы _______________________

      Аукционның №__________________________________

      Аукционның атауы ______________________________

      Лоттың № ______________________________________

      Лоттың атауы ___________________________________

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы кодының атауы*


Таурадың атауы*


Өлшем бірлігі*


Саны (көлемі)*


Бірлік бағасы, қосылған құн салығын қоспағанда*


Қосылған құн салығын қоспағанда, сатып алуға бөлінген жалпы сома*


Жеткізу шарты (ИНКОТЕРМС 2010-ға сәйкес)*


Жеткізу мерзімі*


Тауарларды жеткізу орны*


Аванстық төлем мөлшері*


Сатып алынатын тауарларға ұлттық стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттардың атауы. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде, мемлекеттік сатып алуды нормалау ескеріле отырып, сатып алынатын тауарлардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамалары көрсетіледі.


Шыққан жылы


Кепілдік мерзімі (айлар)


Сатып алынатын тауарлардың қажетті функционалдық, техникалық, сапалық, өнімділігі мен басқа да сипаттамаларының сипатталуы


Байланысты қызметтер (қажет болған жағдайда көрсетіледі) (монтаждау, іске қосу, дайындау, тексеру және тауарларды сынау)


Орындаушы жеңімпаз деп анықталған жағдайда әлеуетті өнім берушіге қойылатын талаптар және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу (қажет болған жағдайда көрсетіледі) (Әлеуетті өнім берушіні көрсетілген мәліметтерді көрсетпегені немесе бермегені үшін қабылдамауға жол берілмейді)


      * мәліметтер мемлекеттік сатып алу жоспарынан алынады (автоматты түрде көрсетіледі).

      Ескерту.

      1. Функционалдық, техникалық, сапалық, пайдаланушылық, өзге де сипаттамалар, ілеспе қызметтер бойынша әрбір талап және қосымша талаптар бөлек жолда көрсетіледі.

      2. Өзге құжаттарда техникалық ерекшеліктің талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

  Аукциондық құжаттамаға
3-қосымша

Сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігі (әлеуетті өнім берушіге беріледі)

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Тапсырыс берушінің атауы________________________

      Ұйымдастырушының атауы _______________________

      Аукционның № _________________________________

      Аукционның атауы ______________________________

      Лоттың № ______________________________________

      Лоттың атауы ___________________________________

Тауардың атауы (маркасын, моделін, үлгісін және/немесе тауар белгісін не қызмет көрсету белгісін көрсете отырып)


Өндіруші ел


Дайындаушы зауыт


Шығарылған жылы


Кепілді мерзімі (болған жағдайда) (айларда)


Жеткізу мерзімі


Тауарларды жеткізу орны


Сатып алынатын тауарларға ұлттық стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттардың атауы. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде, мемлекеттік сатып алуды нормалау ескеріле отырып, сатып алынатын тауарлардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамалары көрсетіледі.


Сатып алынатын тауардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық, пайдаланушылық және өзге де сипаттамаларын сипаттау.




Ұсынылатын тауардың техникалық ерекшелігінің дұрыстығын растаймын


  Аукциондық құжаттамаға
4-қосымша

Аукционға қатысу туралы келісім

      Осымен берілген мемлекеттік сатып алуға аукцион тәсілімен әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға және тауардың (лардың) жеткізілімін АҚ көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес жүзеге асыруға келісім беруге, сондай-ақ Заңның 6-бабында белгіленген біліктілік талаптары мен шарттарына сәйкес біздің келісімімізді растайтын мәліметтерді алуға келісім беруге тілек білдіреміз.

      Осымен Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзушылықтардың болмауын, сондай-ақ менімен (әлеуетті өнім беруші) және тапсырысшы және (немесе) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы арасында Заңда тыйым салынған қатынастардың болмауын растаймыз және Заңның 43-бабының 19-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға келісім береміз.

      Аукциондық құжаттамамен танысқанымызды және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға және аукциондық комиссияға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (жеткізілетін тауарды (ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгенімізді растаймыз.

      Аукционға қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергеніміз үшін жауапкершілікті өзімізге толық аламыз.

      Біздің аукционға қатысуға өтініміміз конкурстық құжаттамада талап етілетін мерзім ішінде қолданылатын болады.

      Біздің өтініміміз аукционда жеңді деп танылған және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда біз аукциондық құжаттамада көрсетілген мөлшерде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгіземіз және мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға байланысты ақпаратты ашуға (тауарларды жеткізуге арналған жүкқұжат (акт) келісім білдіреміз.

      Біздің аукционға қатысуға берген өтініміміз оны жеңді деп тану туралы хабарламамен бірге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу сәтіне дейін тапсырыс беруші мен біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін орындайтын болады.

  Аукциондық құжаттамаға
5-қосымша

Біліктілік туралы мәліметтер

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Тапсырыс берушінің атауы________________________

      Ұйымдастырушының атауы _______________________

      Аукционның № _________________________________

      Аукционның атауы ______________________________

      Лоттың № ______________________________________

      Лоттың атауы ___________________________________

      Әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН/СЖН/СЕН және атауы __________

      1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде олар туралы мәліметтер болмаған жағдайда, рұқсаттардың (хабарламалардың) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсаттың (хабарламаның) бар екені туралы мәліметтер.

Рұқсат (хабарлама) атауы

Қызмет түрі

Ерекше шарттар (санаты)

Құжаттың берілген күні мен нөмірі

Рұқсаттың (лицензияның) электрондық көшірмесі

      Егер тауарды жеткізу тиісті рұқсат алуды, хабарлама жіберуді талап еткен жағдайда осы тармақ толтырылады.

      2. Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің жоқ екендігі туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдары мәліметтерінің негізінде веб-портал автоматты түрде анықтайды.

      3. Банкроттық немесе таратылу рәсiмi туралы мәліметтер (әлеуеттi өнiм берушi банкрот болып табылмайтындығын және тарату рәсiмiне жатпайтынын растайды).

      4. Растау құжаттарының электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, қызметтерді көрсету үшін қажет талап етілетін материалдық ресурстардың бар екендігі туралы мәліметтер.

Материалдық ресурстардың атауы

Қолда бар бірліктердің саны

Жай-күйі (жаңа, жақсы, жаман)

Жеке меншік (меншік құқығын растайтын құжаттар қоса берілсін), жалға алынған (кімнен және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттар қоса берілсін)

Растау құжатының атауы, күні және нөмірі

Растау құжаттарының электрондық көшірмесі (сілтеме)

1







      5. Растау құжаттарының электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, тауарларды жеткізу үшін қажет талап етілетін еңбек ресурстары туралы мәліметтер.

Мамандық (біліктілік) атауы

Қызметкерлердің Т.А.Ә. (жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі қоса берілсін)

Біліктілік туралы құжат (білімі туралы дипломның, сертификаттың, аттестаттың нөмірі мен берілген күні көрсетілсін, олардың электрондық көшірмелері қоса берілсін)

Растау құжаттарының электрондық көшірмесі (сілтеме)

1





      6. Растау құжаттарының (болған жағдайда толтырылады) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде аукционда сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) тауарларды жеткізу тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер.

Тауардың атауы

Алушының атауы

Тауарды жеткізу орны

Тауарды жеткізу күні

Растау құжатының атауы, күні мен нөмірі

Растау құжаттарының электрондық көшірмесі (сілтеме)

1







      _______________________________________



Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын

      Ескерту:

      Егер тауарды жеткізу тәжірибесінің болуы осы аукционда біліктілік талап болып табылмаған жағдайда, растау құжаттарының электрондық көшірмелерінің болмауы тиісті шартты жеңілдікке әсер етеді.

      Сатып алынатын тауарлар нарығында тауарларды қабылдап алу актілерінің және шот-фактураларды электрондық көшірмелері жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылады. 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін сатып алынатын тауарлар нарығында жұмыс тәжірибесі бар болса, жүкқұжаттар мен шот-фактуралардың электрондық көшірмелері де жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылуы мүмкін.

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

  Аукциондық құжаттамаға
6-қосымша

Банктік кепілдік

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Банктің атауы _________________________

      Банктің деректемелерi ___________________

      Кімге:

      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы________________

      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының деректемелерi _____________________

      № _______ кепілдік міндеттеме

      _____________________ "_____"____________ж.

      (орналасқан жері)

      Біз, бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын ______________________________ (әлеуетті өнім берушінің атауы)

      ______________________________________

      _____________________________________

      (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы)

      ұйымдастырған ____________________________________

      аукционның атауы_________________________

      аукционның №_____________________________

      лоттың атауы______________________________

      лоттың №_________________________________

      сатып алу жөніндегі аукционға қатысатынынан және ____________________________ (аукцион бойынша тауарлардың атауы)

      тауарларды жеткізуді жүзеге асыруға дайын екенінен хабардармыз.

      Жоғарыда аталған аукционды өткізу жөніндегі ___________ ж. "____"________ аукциондық құжаттамада әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді банктік кепілдік түрінде енгізуі көзделген.

      Осыған байланысты біз _________________________________осымен

      (банктің атауы) Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды алғаннан кейін, сондай-ақ конкурс жеңімпазы деп айқындалған Өнім беруші:

      мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғандығына;

      мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы аукциондық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамағанын не тиісінше орындамағанын, оның ішінде уақтылы орындамағанын жазбаша растауды алғаннан кейін;

      Сіздің талабыңыз бойынша Сізге _______________________ (сома санмен және жазбаша) сомаға тең кері қайтып алынбайтын міндеттемені төлеуді өз міндетімізге аламыз.

      Осы кепілдік міндеттеме аукционға қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап күшіне енеді. Осы кепілдік міндеттеме Өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімінің қолданылуының соңғы мерзіміне дейін қолданылады және егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз ____ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатынына немесе қайтарылмайтынына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды.

      Егер аукционға қатысуға өтінімднің қолданылу мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады. Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

      Кепілгердің қолы мен мөрі                               Күні мен мекенжайы

  Аукциондық құжаттамаға
7-қосымша

Берешектің жоқтығы туралы анықтама

      Ескерту. Алып тасталсын – ҚР Қаржы министрінің 15.06.2017 № 384 (01.08.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен


  Аукциондық құжаттамаға
8-қосымша

Әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағасы

      Ескерту. 8-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Аукционның №________________________________________________

      Аукционның атауы______________________________________

      Лоттың № ____________________________________________________

      Лоттың атауы __________________________________________

      Өнім берушінің атауы ____________________________________

      БСН/ЖСН/СЖН/ТБН _________________________________________

      Өнім берішінің банк деректемелері______________________________

      Баға ұсынысының валюта атауы ____________________

      Өлшем бірлігі __________________________________________

      Барлық шығыстарды және жеңілдіктерді есепке алғандағы бірлік бағасы _________________

      Саны (көлемі) _________________________________________

      ИНКОТЕРМС 2000 тауар жеткізу шарттары ____________________

      Жалпы саны (санын бірлік үшін бағаға көбейту) ____________

      Біз аукциондық құжаттамада айтылған Сіздердің төлем шарттарыңызбен келісеміз.

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
10-қосымша

Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы
№___

      Ескерту. 10-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      Аукционның №__________________________________________________

      Аукционның атауы____________________________________________

      Аукциондық құжаттаманың жобасына ескертулерді, сондай-ақ конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды қабылдау мерзімі ________ бастап ___________ дейін

      Ұйымдастырушының атауы ______________________________________

      Аукциондық құжаттама жобасына ескерту(лер), сондай-ақ конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұрау салу(лар) мынадай шешім(дер) қабылданған өнім беруші(лер)ге жіберілген:

Әлеуетті өнім берушінің БСН (БСН)/ БСН/ТЕН

Өтініш тұрпаты (түсіндіру туралы ескерту, сұрау салу)

Өтініш мәтіні

Түсіндіру туралы ескертуді, сұрау салуды жіберу күні мен уақыты

Шешім қабылданды

Ауытқу себебі, түсіндіру мәтіні









      Осы аукцонға қатысуға арналған өтінімдер осы хаттаманы және бекітілген конкурстық құжаттама мәтінін мемлекеттік сатып алудың веб-порталында орналастыру сәтінен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей қабылданады.

Бірінші басшы не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам, тапсырыс беруші не оның міндетін атқаратын тұлға


ТАӘ қолы


      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
11-қосымша

Ашу хаттамасы (Аукционның нөмірі)

      Ескерту. 11-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      бұл ретте нөмір сатып алудың тәсіліне және нөміріне байланыстырылуы тиіс

      Күні және уақыты

      Тапсырыс беруші* ____________________________________________________

      Аукционның № ________________________________________________________

      Аукционның атауы ____________________________________________________

      Ұйымдастырушының атауы ______________________________________________

      Ұйымдастырушының мекенжайы ______________________________

      Аукциондық комиссияның құрамы:

Т.А.Ә.

Ұйымдағы лауазымы

Комиссиядағы рөлi






      Жалпы соманы көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың тізбесі ___________

Лоттың №

Лоттың атауы

Тауардың сипаттамасы

Саны

Бірлік үшін баға, теңге

Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге








      Аукционға қатысуға өтінімдерді мынадай әлеуетті өнім берушілер ұсынды (өтінім саны:

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН

Әлеуетті өнім берушінің мекенжайы (облыс, қала, көше, пәтер)

Өтінім беру күні мен уақыты

(хронология бойынша)







      Аукциондық құжаттамада көзделген құжаттардың болуы (болмауы) туралы ақпарат:

№. Әлеуетті өнім берушінің атауы БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН

Құжаттың атауы

Болу белгісі





      Ескертпе:

      * Тапсырыс беруші туралы мәліметтер, егер Тапсырыс берушілер бірнешеу болса көрсетілмейді.

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
12-қосымша

Алдын ала рұқсат беру хаттамасы (Аукционның нөмірі)

      Ескерту. 12-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      бұл ретте нөмір сатып алудың тәсіліне және нөміріне байланыстырылуы тиіс

      (әрбір лотқа жеке қалыптастырылады)

      Күні және уақыты

      _____

      Тапсырыс беруші* ____________________________________________________

      Аукционның №_________________________________________________________

      Аукционның атауы ____________________________________________________

      Ұйымдастырушының атауы ______________________________________________

      Ұйымдастырушының мекенжайы __________________________________________

      Аукциондық комиссияның құрамы:

Т.А.Ә.

Ұйымдағы лауазымы

Комиссиядағы рөлi






      Жалпы соманы көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың тізбесі ___________

р/р

Лоттың №

Лоттың атауы

Саны

Бірлік үшін баға

Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге








      Лоттың №_______________________________________________________

      Лоттың атауы ____________________________________________

      Аукционға (лотқа) қатысуға берілген өтінімдер туралы ақпарат (хронология бойынша): (өтінім саны)

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН

Өтінім берілген күні және уақыты

(хронология бойынша)






      Аукциондық комиссия мүшелерінің алдын ала дауыс беру нәтижелері:

№ р/р

Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілер тізбесі), БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН


Комиссия мүшесінің Т.А.Ә.

Комиссия мүшесінің шешімі

Конкурстық комиссия құжаттамасы талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келмеу себебінің толық сипаттамасы

Бас тарту себептеріне негіздеме

Конкурстық құжаттаманың талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысу үшін өтінім келтіру үшін қажетті құжаттар тізбесі








      Аукционға қатысуға бас тартылған өтінімдер: (өтінім саны)

р/р

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН

Бас тарту себебі






      Аукциондық комиссия құжаттамасы талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келетін аукционға қатысуға өтінімдер: (өтінім саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН





      Әлеуетті өнім берушілер аукциондық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келтірілген аукционға өтінімдерін берудің соңғы күні мен уақыты: осы хаттаманы жариялаған сәттен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей.

      Ескертпе:

      * Тапсырыс беруші туралы мәліметтер, егер Тапсырыс берушілер бірнешеу болса көрсетілмейді.

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
13-қосымша

Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттама
(Аукционның нөмірі)

      Ескерту. 13-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      бұл ретте нөмір сатып алудың тәсіліне және нөміріне байланыстырылуы тиіс

      Күні және уақыты

      Тапсырыс беруші* ____________________________________________________

      Аукционның №_________________________________________________________

      Аукционның атауы ____________________________________________________

      Ұйымдастырушының атауы ______________________________________________

      Ұйымдастырушының мекенжайы __________________________________________

      Аукциондық комиссияның құрамы:

Т.А.Ә.

Ұйымдағы лауазымы

Комиссиядағы рөлi






      Жалпы соманы көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың тізбесі ___________

Лоттың

Лоттың атауы

Тауардың сипаттамасы

Саны

Бірлік үшін баға

Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге








      Аукционға (лотқа) қатысуға берілген өтінімдер туралы ақпарат (хронология бойынша): (өтінім саны)

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН

Өтінім берілген күні және уақыты

(хронология бойынша)






      Аукционға қатысуға арналған аукциондық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келтірілгені туралы ақпарат (осы ақпарат аукционға қатысуға арналған алдын ала рұқсат хаттамасы болған кезде жарияланады) (өтінім саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН

Өтінім берілген күні және уақыты

(хронология бойынша)






      Аукциондық комиссияның біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қайта қарау кезінде мынадай құжаттар сұратылған болатын (Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 23-бабының 5-тармағына сәйкес сұрау салу жүзеге асырылған жағдайда толтырылады):

Сұрау салу жіберілген ұйымның/тұлғаның атауы

Сұрау салу жіберілген күн

Сұрау салудың қысқаша сипаттамасы

Жауап берілген күн







      Аукциондық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:

№ р/р

Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілер тізбесі), БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН


Комиссия мүшесінің Т.А.Ә.

Комиссия мүшесінің шешімі

Бас тарту себебі

Біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына олардың сәйкес келмеуін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, бас тарту себептерін егжей-тегжей сипаттау







      Аукционға қатысудан бас тартылған өтінімдер (өтінім саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН

Бас тарту себебі 1






      ________________________________________________________ 1үш мәтінді мәні бар анықтамалық: (біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмеу, Заңның 6-бабының талаптарын бұзу)

      Аукционға қатысуға мынадай өтінімдер аукционға қатысушылармен танылған және рұқсат етілген (өтінім саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН





      Аукционға қатысушылардың бастапқы бағалары:

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН

Өнім берушінің бірлік үшін бағасы, теңге

Өнім берушінің жалпы сомасы, теңге

Өтінімді беру күні мен уақыты

Ескертпе: (мәні: ең аз бастапқы баға*)

1

2

3

4

5

6

7









      * ең аз бастапқы баға – кімнің бастапқы бағасы аз және басқа ұсыныстардан бұрын түскен аукционға қатысушыға беріледі.

      Аукциондық сауда-саттықтың күні мен уақыты туралы хабарлама осы хаттамаға қоса беріледі.

      Әлеуетті өнім берушілердің кем дегенде екеуі жіберілген жағдайда сауда-саттық өтпейді.

      Ескертпе:

      * Тапсырыс беруші туралы мәліметтер, егер Тапсырыс берушілер бірнешеу болса көрсетілмейді.

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
14-қосымша

Қорытындылар туралы хаттама (Аукционның нөмірі)

      Ескерту. 14-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      бұл ретте нөмір сатып алудың тәсіліне және нөміріне байланыстырылуы тиіс

      Күні және уақыты

      Тапсырыс беруші* ____________________________________________________

      Аукционның №_________________________________________________________

      Аукционның атауы ____________________________________________________

      Ұйымдастырушының атауы ______________________________________________

      Ұйымдастырушының мекенжайы __________________________________________

      Аукциондық комиссияның құрамы:

Т.А.Ә.

Ұйымдағы лауазымы

Комиссиядағы рөлi






      Жалпы соманы көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың тізбесі ___________

Лоттың

Лоттың атауы

Тауардың сипаттамасы

Саны

Бірлік үшін баға

Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге








      Аукционға қатысуға берілген өтінімдер туралы ақпарат: (өтінім саны)

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН

Өтінім берілген күні және уақыты

(хронология бойынша)






      Аукционға қатысуға арналған аукциондық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келтірілгені туралы ақпарат (осы ақпарат аукционға қатысуға арналған алдын ала рұқсат хаттамасы болған кезде жарияланады) (өтінім саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН

Өтінім берілген күні және уақыты

(хронология бойынша)






      Аукциондық комиссияның біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қайта қарау кезінде мынадай құжаттар сұратылған болатын (Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 23-бабының 5-тармағына сәйкес сұрау салу жүзеге асырылған жағдайда толтырылады):

Сұрау салу жіберілген ұйымның/тұлғаның атауы

Сұрау салу жіберілген күн

Сұрау салудың қысқаша сипаттамасы

Жауап берілген күн







      Аукциондық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:

р/р

Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілер тізбесі), БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН


Комиссия мүшесінің Т.А.Ә.

Комиссия мүшесінің шешімі

Бас тарту себебі

Біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына олардың сәйкес келмеуін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, бас тарту себептерін егжей-тегжей сипаттау







      Аукционға қатысудан бас тартылған өтінімдер (өтінім саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН

Бас тарту себебі 1






      ________________________________________________________ 1үш мәтінді мәні бар анықтамалық: (біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмеу, Заңның 6-бабының талаптарын бұзу)

      Аукционға қатысуға мынадай өтінімдер аукционға қатысушылармен танылған және рұқсат етілген (өтінім саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН





      Аукционға қатысушылардың бастапқы бағалары:

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН

Өнім берушінің бірлік үшін бағасы, теңге

Өнім берушінің жалпы сомасы, теңге

Өтінімді беру күні мен уақыты

Ескертпе: (мәні: ең аз бастапқы баға*)

1

2

3

4

5

6

7









      * ең аз бастапқы баға – кімнің бастапқы бағасы аз және басқа ұсыныстардан бұрын түскен аукционға қатысушыға беріледі.

      Аукционның басталу күні мен уақыты: (КК.АА.ЖЖЖЖ СС:ММ:СС)

      Аукционның аяқталу күні мен уақыты: (КК.АА.ЖЖЖЖ СС:ММ:СС)

      Аукционға қатысушылардың ұсыныстары туралы мәліметтер:

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / СЖН/ СЕН

Өнім берушінің бірлік үшін бағасы, теңге

Өнім берушінің жалпы сомасы, теңге

Ұсынысты беру уақыты





КК.АА.ЖЖЖЖ СС:ММ:СС (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша)

      Аукциондық комиссияның шешімі:

      1. №___ лот бойынша жеңімпазды айқындау: {БСН/ЖСН жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің атауы }, екінші орын алған әлеуетті өнім беруші, {БСН/ЖСН екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің атауы}.

      2. Тапсырыс беруші {тапсырыс берушінің атауы} "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде {жеңімпаз өнім берушінің атауы}-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.

      Не:

      "Мемлекеттік сатып алу (№___ лот бойынша сатып алудың атауы)_____________________ байланысты өтпеді деп танылсын *":

      Ескерту: *Мынадай мағыналардың біреуі: "берілген өтінімдердің болмауы", "кемінде екі өтінімнен беру", "конкурсқа бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген", "аукционға бір әлеуетті өнім беруші қатысуға жіберіледі".

      Не:

      Сатып алуды жою жүргізілді, оның негізі мынау болып табылады: Уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыным, шешім) № _________ күні.айы.жылы.

      Жою туралы шешім қабылдаған орган: {_________________________}

      Не:

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10-тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тарту жүргізілді".

      Ескертпе:

      * Тапсырыс беруші туралы мәліметтер, егер Тапсырыс берушілер бірнешеу болса көрсетілмейді.

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты;

      кк.аа.жжжж. – күн, ай, жыл;

      сс.мм.сс. – сағат, минут, секунд.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
15-қосымша

Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру

      Құрметті қатысушы (әлеуетті өнім берушінің атауы).

      Сіз веб-портал арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға (шақыру №, шақыру атауы) шақырылдыңыз.

      Шақыруды қарау үшін сілтеме (шақыруға сілтеме) бойынша жүріңіз.

      Егер жоғарыда көрсетілген сілтеме ашылмаса, оны алмасу буферіне көшіріп алыңыз да браузердің мекенжай жолына қойыңыз және "Енгізуді" басыңыз.

  Бiр көзден алу тәсiлiмен
мемлекеттiк сатып алуға қатысуға
шақыруға қосымша

Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттік сатып алу (лоттар) тізбесі

      (бекітілген жылдық жоспар негізінде қалыптастырылады)

      Шақыру № ______________________________________

      Шақырудың атауы _______________________________

Лот №

Тапсырыс берушінің атауы

Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауы*

Өлшем бірлігі

Саны, көлемі

Жеткізу шарты (Incoterms 2000-ға сәйкес)

Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі

Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны

Аванстық төлем мөлшер, %

Лот бойынша бөлінген сома, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


      * Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшелікте көрсетіледі

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
16-қосымша

Мемлекеттік сатып алудың веб-порталы жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы келісім

      Осымен аталған электрондық мемлекеттік сатып алу жолымен бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниетімізді білдіреміз және белгіленген талаптар және шарттар бойынша (тауарды (тауарларды) жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді) жүзеге асыруға келісімімізді, сондай-ақ Заңның 6-бабында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулерге біздің келісімімізді растайтын мәліметтерді алуға келісім білдіреміз.

      Осымен Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзушылықтардың болмауын, сондай-ақ менімен (әлеуетті өнім беруші) және тапсырысшы және (немесе) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы арасында Заңда тыйым салынған қатынастардың болмауын растаймыз және Заңның 43-бабының 19-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға келісім береміз.

      Сондай-ақ, (тауарды (тауарларды), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алу туралы шарттың бұзылуына әлеуетті өнім берушінің келісімін білдіреміз және мемлекеттік сатып алу туралы шартты (тауарды жеткізуге арналған жүкқұжат (акт) орындауға байланысты ақпаратты ашуға келісім білдіреміз.

      Құжаттар тізімімен танысқанымызды және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға өзіміздің заңдылығымыз, біліктіліктігіміз, сапалық және өзге мінездемелеріміз (жеткізілетін тауар (тауарлар), орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы дәйексіз мәліметтерді ұсынылғаны үшін, авторлық және аралас құқықтардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулердің сақталуына жауапкершілік туралы хабарланғанын растаймыз.

      Сатып алуға қатысуға жауапта және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дәйексіз мәліметтердің ұсынылуы үшін өзімізге толық жауапкершілікті аламыз.

  Мемлекеттік сатып алу веб-порталы
арқылы бiр көзден алу тәсiлiмен
мемлекеттік сатып алуға қатысу
туралы келісімге қосымша

Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы

      (әрбір мемлекеттік сатып алуға (лотқа) жеке-жеке толтырылады

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      Шақыру № _________________________________________________

      Шақырудың атауы __________________________________________

      Лоттың № _________________________________________________

      Лоттың атауы _____________________________________________

      Өнім берушінің атауы _____________________________________

      БСН/ЖСН/СЖН/ТБН __________________________________________

      Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы__________

      ТЖҚС коды ________________________________________________

      Баға ұсынысының валютасы _________________________________

      Баға ұсынысы валютасының коды ____________________________

      Өлшем бірлігі ____________________________________________

      Барлық шығыстарды есепке алғандағы бірлік бағасы__________

      Саны (көлемі) ____________________________________________

      ИНКОТЕРМС 2000 тауар жеткізу шарттары ____________________

      Жалпы бағасы (санды бірлік бағасына *) ___________________

      Біз сіздің төлем жасау шарттарыңызбен келісеміз.

      Күні және уақыты ____________________________

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;

      ТЖҚС Коды – Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сыныптама коды.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
17-қосымша

Бір көзден алу/тікелей мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу
жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізу
қорытындысы туралы есеп

      Ескерту. 17-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – 15.06.2017 № 384 (01.08.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Лоттың № /сатып алудың сәйкестендіру коды ______________________

      Лоттың /сатып алудың атауы_________________________________

      Сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер):

      1. Коммерциялық ұсынысты беру туралы сұрау салу жіберілген әлеуетті өнім берушілер туралы мәлімет *:

р/с

Коммерциялық ұсынысты беруге сұрау салу жіберілген әлеуетті өнім берушілердің атауы

Коммерциялық ұсынысты беруге сұрау салу жіберілген әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат көздері

Шығыс сұрау салудың нөмірі және күні






      2. Коммерциялық ұсынысты берген әлеуетті өнім берушілер туралы мәлімет (прайс-парақтар және басқа да растаушы құжаттар)*:

р/с №

Коммерциялық ұсынысты берген әлеуетті өнім берушінің атауы

Коммерциялық ұсынысқа сәйкес ұсынылған тауарлардың жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің (марқасын, моделін көрсете отырып) қысқаша сипаттамасы

Тауарларды жеткізудің, жұмыстардың орындаудың, қызметтерді көрсетудің елеулі шарттары (баға, сапа, мерзімдер)






      3. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырылған/тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу туралы тікелей шарт жасасуға айқындалған әлеуетті өнім беруші туралы мәлімет және оны шақыруға/айқындауға негіздеме:

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН)/

ССН / ТЕН

Деректемелер

Өнім берушіні таңдауды негіздеу

Жасасқан шарттың бағасын негіздеу







      4. Тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудың шарты/өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша

Әлеуетті өнім берушінің атауы

Тауарлардың жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы

Тәсілді қолданудың негіздемесі

Сатып алуға бөлінген сома, теңге

Өнім берушінің бағасы

Үнем








      "* бұл мәтін осы Қағидалардың 360-тармағы 4) тармақшасында және 378-4-тармағында көрсетілген жағдайларда көрсетіледі.


      Тапсырыс беруші өкілінің Т.А.Ә. және лауазымы,

      Бір көзден мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру үшін әлеуетті өнім берушіні айқындау туралы шешім қабылдағанның қолы

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.

  Мемлекеттік сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
18-қосымша

Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама

      (әрбір мемлекеттік сатып алуға (лотқа) әрбір лотқа жекелей толтырылады)

      Ескерту. 18-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Шақыру №_____________________________________________

      Шақыру атауы_________________________________________

      Лот № _______________________________________________

      Лот атауы ___________________________________________

      Тапсырыс беруші өкілі және ұйымдастырушы өкілі туралы ақпарат:

Т.А.Ә.

Лауазымы

Рөлі

1



Тапсырыс беруші өкілі

2



Ұйымдастырушы өкілі


      Сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер):

Лот нөмірі

Тауар, жұмыс, қызметтер атауы

Қолдануға негіздеме

Сатып алу (тауар, жұмыс, қызметтер) мәні түрі

Сатып алуға бөлінген сома, теңге







      Шақырылған әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат:

Өнім беруші атауы

БСН (ЖСН)/ЖСН/ СЕН

Деректемелер





      Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы туралы ақпарат:

Бөлінген сома

Өнім беруші бағасы

Баға ұсынысын жасау күні және уақыты





      Біліктілік талаптарына сәйкестік/сәйкессіздік нәтижелері:

Шақырылған әлеуетті өнім беруші атауы

Ұйымдастырушы өкілі

Ұйымдастырушы өкілі шешімі

Сәйкессіздік себебі

(Өнім берушінің толық атауы)

Ұйымдастырушы өкілінің ТАӘ, ұйымдағы лауазымы)

(Мәндер анықтамалығына сәйкес:

техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес келеді/сәйкес келмейді;

біліктілік талаптарына сәйкес келеді/сәйкес келмейді;

Заңның 6-бабына сәйкес келеді/сәйкес келмейді)

(Техникалық ерекшелік;

Біліктілік талаптарына;

Заңның 6-бабының талаптарына сәйкес келмеу жағдайында ұйымдастырушы өкілі енгізген себеп)


      Шақырылған әлеуетті өнім берушімен (әлеуетті өнім беруші атауы) "Бір көзден электронды сатып алу" тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалады деп шешілді.

      Не:

      Бір көзден электронды сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу шақырылған әлеуетті өнім берушінің (әлеуетті өнім беруші атауы) бір көзден электронды сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысудан бас тартуына байланысты өтпеді.

      Не:

      Бір көзден электронды сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу шақырылған әлеуетті өнім беруші (әлеуетті өнім беруші атауы) бір көзден электронды сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға жауабын белгіленген мерзімде бермегеніне байланысты өтпеді.

      Не:

      Бір көзден электронды сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу шақырылған әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкес еместігіне байланысты өтпеді.

      Не: Сатып алуды болғызбау, оған мыналар негіз болып табылады: Уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыным, шешім) № _________ КК.АА.ЖЖЖЖ.

      Болғызбау туралы шешім қабылдаған орган: {_________________}.

      Не:

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 10-тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тартылды

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты;

      кк.аа.жжжж. – күн, ай, жыл.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
18-1-қосымша

      нысан

      _________________________________________

      (әлеуетті өнім берушінің атауы, мекенжайы)

      Күні __________ № ______________

Коммерциялық ұсынысты беру туралы сұрау салу

      Ескерту. Қағида 18-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Осымен ________________________ (тапсырыс беруші) бір көзден алу тәсілімен мынадай тауарларға жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге тікелей шарт жасасу жолымен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға ниет білдіру туралы хабардар ету:

сатып алынатын тауарлардың жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы

мемлекеттік сатып алуды өткізудің нысаны болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі

мемлекеттік сатып алуға бөлінген сома

тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны

тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері












      Осыған байланысты, әлеуетті өнім берушіні айқындау мақсатында жеткізілетін тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің), орындалатын жұмыстардың сипаттамасын жаза отырып, Сіздің коммерциялық ұсынысыңызды 20__жылғы "__"__________ дейінгі мерзімде (үш жұмыс күннен кешіктірілмеуі тиіс) жіберуді сұраймыз.

      Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алу туралы шарт мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалатынын атап өтеміз. Қосымшасы: техникалық ерекшеліктерді көрсете отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы

      _____________________________ ________ _________________________

      (Тапсырыс берушінің лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

  Мемлекеттiк сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
19-қосымша

Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт

      <Сәйкестендіру нөмірі >

      <Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>

      Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын <Тапсырыс берушінің толық атауы>, <Тапсырыс берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Тапсырыс берушінің лауазымы> <Тапсырыс берушінің ТАӘ> атынан бір тараптан және бұдан әрі бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын <Өнім берушінің толық атауы>, <Өнім берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Өнім берушінің лауазымы> <Өнім берушінің ТАӘ> атынан екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және <қорытындылардың күні> жыл № <қорытындылардың нөмірі> <сатып алу тәсілі> мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде осы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және мына төмендегі туралы келісімге келді:

1. Шарттың мәні

      1.1. Өнім беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оған қосымшаларда көрсетілген шарттарға, талаптарға сәйкес және баға бойынша Тауарды жеткізуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші осы Шарттың талаптарымен Тауарды қабылдауға және Шарт бойынша Өнім беруші өз міндеттемелерін тиісінше орындау шартында төлеуге міндеттенеді:

      <Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <1-ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>;

      <Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <N-ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>.

      1.2. Төменде келтірілген құжаттар мен онда келісілген шарттар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:

      1) осы Шарт;

      2) сатып алынатын тауарларды жеткізу шарты (1-қосымша);

      3) техникалық ерекшелік (2-қосымша).

      Ескерту. 1.2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.01.2020 № 92 (01.02.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары

      2.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа № 1 қосымшада айқындалады және <Шарттың сомасы> (сома жазумен) теңгені құрайды және Тауарлар жеткізумен байланысты барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, оның ішінде ҚҚС <ҚҚС сомасы> / <ҚҚС есепке алмағанда> (бұдан әрі – Шарттың сомасы) қамтиды.

      2.2. Қазынашылықтың аумақтық органында Шарт <Бағдарламаның коды мен атауы> бюджеттік бағдарламасы, <Кіші бағдарламаның коды мен атауы> кіші бағдарламасы, <Ерекшелік коды мен атауы> - <ерекшелік бойынша сома> теңге ерекшелігі бойынша (<ерекшелік бойынша сома жазумен>), <оның ішінде ҚҚС> <ҚҚС сомасы> теңге/<ҚҚС есепке алмағанда>1<_____> жылы тіркеуге жатады.

      2.3. Шарт күшіне енгеннен кейін, Тапсырыс беруші Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін, 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді. Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты2 барабар ұстау ескеріле отырып, көрсетілген қызмет актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы төлейді.

      Жеткізілген Тауар үшін төлемді Тапсырыс беруші Тауарларды қабылдап алу-беру актісіне3 Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүргізеді.

      Ескерту. 2.3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2.4. Сандық және құндық шамадағы жеткізілетін тауар көлемі Шартқа 1-қосымшада келтірілген.

      2.5. Төлеу алдындағы қажетті құжаттар:

      1) <аумақтық қазынашылық органында тіркелген/қол қойылған> Шарт;

      2) жүкқұжат;

      3) тауарларды қабылдап алу-беру актісі (актілері);

      4) осы Қағидаларға 22-4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардағы жергілікті қамтудың үлесі бойынша есеп (шарттық міндеттемелер толық орындалғаннан кейін ұсынылады);

      5) жеткізілген тауарлардың саны, бірлік бағасы мен жалпы сомасын сипаттай, көрсете отырып, Өнім беруші/Орындаушы Тапсырыс берушіге ұсынған шот-фактура;

      <№. Жаңа тармақша>

      Ескерту. 2.5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) ; өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 10.03.2017 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

3. Тараптардың міндеттемелері

      3.1. Өнім беруші мыналарға:

      1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;

      2) Шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жалпы <қамтамасыз ету сомасын> (қамтамасыз ету сомасы жазумен) құрайтын Шарттың жалпы сомасының <сома> теңгеге тең 3 пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және <сома> теңгеге Шартқа 1-қосымшаға сәйкес шарт мәні бойынша көзделген аванс мөлшерін төмендегідей түрде енгізуге міндеттенеді:

      мемлекеттік сатып алу веб-порталына (бұдан әрі – веб-портал) растайтын құжаттың көшірмесін орналастыра отырып, <қала> қаласы бойынша <банк атауы> № <кепілдікті жарнаға арналған шот>, <БСК> БСК Тапсырыс берушінің банк шотына кепілдікті ақшалай жарна банк шотына кепілдікті ақшалай жарна;

      не:

      Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 22-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.

      Бұл ретте, Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін;

      3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға тауарлардың сәйкестігін қамтамасыз етуге;

      4) Тауарларды түпкілікті арналған пунктіне тасымалдау кезінде олардың бұзылудан немесе бүлінуден сақтай алатын орауышын қамтамасыз етуді. Орауыш қандай да бір шектеусіз қарқынды жүктеу-тасымалдау өңдеуі мен экстремалды температуралардың әсерлерге, тасымалдау кезінде тұздар мен жауын-шашынға, сондай-ақ ашық түрде сақтауға төзе алатын болуы қажет. Оралған жәшіктер габариттері мен олардың салмақтарын айқындау кезінде, Тауарлар тасымалының барлық пункттерінде жеткізудің соңғы пунктінің алыстылығын және қуатты жүккөтергіш құралдарының бар болуын ескеру қажет;

      5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың жағдайларын орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналдан басқа оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс.

      6) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда көрсетілген құжаттарды және ақпаратты Шартты жүзеге асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;

      7) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;

      8) Өнім берушінің Шарттың талаптарын тиісінше орындамауынан және/немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттермен туындаған келтірілген залалдарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге міндеттенеді;

      9) Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген орындалған жұмыстар актісін жіберу және ресімдеуге;

      10) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісін бекіткеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазуға міндеттенеді.

      <n) жаңа тармақша>

      Ескерту. 3.1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3.2. Өнім беруші:

      1) Тапсырыс берушіден Шарт бойынша жеткізілген Тауарларға төлем талап етуге;

      2) Тапсырыс берушімен алдын ала орындау мерзімін келісе отырып, Шартқа № 1 қосымшада көрсетілген Тауарды мерзімінен бұрын жеткізуге құқылы.

      3.3. Тапсырыс беруші:

      1) Тауар жеткізу үшін Өнім берушінің мамандарының қол жетімділігін қамтамасыз етуге;

      2) Тауардың сәйкессіздіктері мен кемшіліктері анықталған кезде тез арада Өнім берушіні жазбаша хабарландыруға;

      3) Тауарды қабылдап алу кезінде веб-портал арқылы Тауарды қабылдап алу-беру актісін бекітуге не Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 426-4-тармағында белгіленген мерзімде оны қабылдамаудың дәлелді негіздемелерін көрсете отырып, Тауарды қабылдаудан бас тартуға.

      Бұл ретте тауарды қабылдап алуды Тапсырыс беруші немесе сенімхат бойынша оның өкілі жүзеге асырады;

      3-1) тауарды (тауарларды) қабылдау-беру актісі бекітілгеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда Өнім беруші жазып берген шот-фактураны қабылдауға;

      4) осы Шартта белгіленген тәртіпте және мерзімдерде төлем жүргізуге міндеттенеді.

      <n) жаңа тармақша>

      Ескерту. 3.3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3.4. Тапсырыс беруші:

      1) жеткізілген Тауарлардың сапасын тексеруге;

      2) Тауар мерзімінен бұрын жеткізілген жағдайда Тапсырыс беруші Тауарды мерзімінен бұрын қабылдауға және ол үшін Шарт талаптарына сәйкес ақы төлеуге құқылы. Тауарды мерзімінен бұрын жеткізуден бас тартуға оны қабылдау мүмкін болмаған жағдайларда жол беріледі.

4. Қызметтердің техникалық ерекшелікке сәйкестігін тексеру

      4.1. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері жеткізілген Тауарлардың техникалық ерекшелікте (Шартқа 2-қосымша) көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан бақылау мен тексеру жүргізе алады. Бұл ретте осы тексерістер бойынша барлық шығыстарды Өнім беруші көтереді. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы мақсаттар үшін белгіленген өз өкілдері туралы жазбаша түрде уақтылы хабарлауы тиіс.

      4.2. Осы Шарт шеңберінде жеткізілген Тауарлар техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес немесе олардан жоғары болуы тиіс.

      4.3. Егер тексеру кезінде жеткізілген Тауарлардың нәтижелері техникалық ерекшеліктің (Шартқа 2-қосымша) талаптарына сәйкес келмейді деп танылса, Өнім беруші, Тапсырыс беруші тарапынан ешқандай қосымша шығынсыз, техникалық ерекшелік талаптарына сәйкессіздіктерді жою бойынша шараларды тексеру сәтінен бастап <cәйкессіздіктерді жою мерзімі> ішінде қолданады.

      4.4. Тауарлардың техникалық ерекшелікке сәйкестілігін тексеру Өнім беруші немесе қосалқы мердігер(лер) аумағында, жеткізу орнында және (немесе) Тауарлардың түпкілікті мақсат пунктіне жүргізілуі мүмкін. Егер олар Өнім беруші немесе оның қосалқы мердігері(лері) аумағында жүргізілетін болса, Тапсырыс беруші инспекторларына, Тапсырыс беруші тарапынан ешқандай қосымша шығынсыз, сызбалар мен өндірістік ақпараттарға рұқсатты қоса алғанда, барлық қажетті құралдар мен көмек ұсынылатын болады.

      4.5. Жоғарыда көрсетілген тармақтың ешқайсысы Өнім берушіні Шарт бойынша басқа міндеттемелерден босатпайды.

      <N. жаңа тармақ>

5. Тауарларды жеткізу және құжаттама

      5.1. Өнім беруші Тауар арналған пунктте Тапсырыс берушінің өкіліне мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:

      1) жүкқұжат түпнұсқасы <дана саны көрсетіледі>;

      2) ақпарат Тауардың өзінде және/немесе орамасында көрсетілген не Тауар сапасы дайындаушы кәсіпорынның мөртаңбасымен немесе белгілерді таратып жаза отырып, басқа белгімен Тауардың өзінде және/немесе оның орамасында расталған жағдайларды қоспағанда, Тауардың жиынтығы, оның техникалық сипаттамасы, пайдалану қағидалары, кепілдігі туралы мәліметтерді және Тауардың сапасын және оның Қазақстан Республикасында танылған нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкестігін айқындау үшін қажетті басқа да мәліметтерді қамтитын дайындаушы зауыт (жөнелтуші) берген зауыттың сапа сертификатының және/немесе техникалық паспортының түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері;

      3) сәйкестігін міндетті түрде растауға жатпайтын Тауарларды қоспағанда, өнім беруші растаған Тауардың сәйкестігін бағалау туралы құжаттың (сәйкестік сертификаты / сәйкестігі туралы декларация / мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) көшірмесі;

      4) Дайындаушының немесе Өнім берушінің (қажет болған кезде) кепілдік (міндеттеме) сертификаты;

      5) Егер Тауар Қазақстанда шығарылған жағдайда, онда белгіленген үлгіде "СТ-KZ" Тауардың шығарылуы туралы сертификаттың түпнұсқасы немесе көшірмесі, не уәкілетті ұйым растаған көшірмесі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 бұйрығымен бекітілген Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидалармен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10947 болып тіркелген) (бұдан әрі - Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидалары ) сәйкес беріледі

      Бұл ретте, егер жеткізілетін қазақстандық тауарлардың көлемі екі және одан көп бірлікті құраса, онда белгіленген үлгідегі түпнұсқасы немесе көшірмесі не жеткізілетін көлемге (үлгіге берілген сертификатты қоспағанда) немесе сериялық өндіріс өніміне тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларға сәйкес берілген "СТ-KZ" тауардың шығу тегі туралы сертификаттың Уәкілетті ұйым куәландырған көшірмесі ұсынылады.

      Егер Тауар шетелде шығарылған болса, онда шығарған елдің тиісті органы белгілеген тәртіппен берген Тауардың шығуы туралы тиісті сертификаттың тұпнұсқасы немесе нотариалды расталған көшірмесі беріледі.

      Ескерту. 5.1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 28.02.2020 № 205 (01.03.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      5.2. Тауарға меншік құқығы және кездейсоқ опат болуы, Тауардың жоғалуы немесе бүлінуі тәуекелін қоса алғанда, онымен байланысты барлық тәуекелдер Тараптар Тауарды қабылдап алу-беру актісіне қол қойған сәттен бастап Тапсырыс берушіге ауысады. Осы сәттен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде Өнім беруші Тапсырыс берушіден Тауарды қабылдау кезінде анықтау мүмкін болмаған Тауардың ақаулықтарына байланысты кінараттарды қабылдайды.

      5.3. Жеткізу Өнім беруші Тапсырыс берушіге Тауарды техникалық ерекшелікте көрсетілген талаптарға дәл сәйкестікте толық беру шартында жасалды деп есептеледі.

      5.4. Осы Шарттың 5.3-тармағының талаптары сақталған кезде Тауарды жеткізу/беру күні деп өнім берушінің веб-портал арқылы тапсырыс берушіге тауарды қабылдап алу-беру актісін жіберген күні есептеледі.

      Ескерту. 5.4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6. Кепілдік. Сапа

      6.1. Өнім беруші осы Шарт шеңберінде жеткізілетін Тауардың:

      1) сапалы және сатып алынатын тауарларға ұлттық стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетініне;

      2) жаңа, пайдаланылмаған, зауыт орамасында, материалы мен орындауында ешқандай ақаулықтары жоқ екендігіне;

      3) өнеркәсіптік және (немесе) басқа зияткерлік меншікке негізделген үшінші тұлғаның кез келген құқықтары мен талаптарынан бос екеніне кепілдік береді.

      6.2. Тауардың сатып алынатын тауарлар тізбесіне және осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген техникалық ерекшелікке сәйкес толық жеткізілмегені анықталған немесе жеткізілген Тауарда ораманы ашу кезінде жасырын қандай да бір зауыт ақаулары анықталған жағдайда немесе егер Тауар сапасы техникалық дайындау талаптарына толық сәйкес келмесе, Тапсырыс беруші жиырма күндік мерзімде жарнамалық акті жасайды, ал Өнім беруші 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде өз есебінен Тауарды жаңасына ауыстырады.

      6.3. Жеткізілетін Тауардың кепілді кезең Тауар Тапсырыс берушінің қоймасына түскен күннен бастап 12 (он екі) күнтізбелік ай деп белгіленеді. Ауыстырылған немесе жөнделген Тауар үшін кепілдік мерзімі жаңа Тауарға ауыстырылған сәттен бастап басталады. Тауар ақауларын жою, ауыстыру бойынша, оның ішінде кедендік тазалауға байланысты барлық шығыстарды Өнім беруші көтереді. Егер туындаған ақауларды жоюда іркіліс Өнім берушінің кінәсінен болған жағдайда кепілдік беру мерзімі тиісті уақыт кезеңіне ұзартылатын болады.

      <N. жаңа тармақ>

      Ескерту. 6.1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7. Тараптардың жауапкершілігі

      7.1. Тараптар осы Шарт шеңберіндегі өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

      7.2. Секвестр және/немесе тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотында/мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың есеп шотында ақша жетіспеген жағдайларды қоспағанда, егер Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиесілі қаражатты Шартта көрсетілген мерзімдерде төлемесе, Тапсырыс беруші Өнім берушіге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиесілі соманың 0,1 % (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде ұсталған төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-ынан аспауға тиіс.

      Ескерту. 7.2.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 22.12.2017 № 739 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      7.3. Тауарды жеткізу мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-ынан аспауға тиіс.

      7.4. Өнім беруші Тауарды жеткізуден бас тартқан немесе Шарт бойынша Тауар жеткізу мерзімі өткен күннен бастап, бірақ Шарт қолданысының аяқталу мерзімінен кешіктірмей, бір айдан аса мерзімге Тауар жеткізу мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасын өндіріп ала отырып, бір жақты тәртіпте осы Шартты бұзуға құқылы.

      7.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптады осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

      7.6. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша Тауар жеткізу үшін қажетті құнның немесе мерзімдердің азаюына әкелетін болса, Шарт сомасы немесе Тауар жеткізу кестесі, немесе екеуі де тиісінше түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Өнім берушінің түзету жүргізуге барлық сұрау салулары Өнім беруші Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынуға тиіс.

      7.7. Өнім беруші толығымен де, ішінара да біреуге осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін бермеуі тиіс.

      7.8. Тапсырыс беруші Өнім берушінің осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауына байланысты Шарт бұзылған жағдайда оның орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.

      <N. жаңа тармақ>

8. Шарттың қолданыс мерзімі және бұзу талаптары

      8.1. Шарт <Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін/қол қойған күннен бастап> күшіне енеді және <_____> дейін қолданылады.

      8.2. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Тапсырыс беруші кез келген уақытта Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жіберіп біржақты тәртіпте Шарт талаптарын орындаудан бас тарта алады. Бұл жағдайда Шарттың талаптарын орындаудан бас тарту тез арада жүзеге асырылады, және Тапсырыс беруші егер Шарттың талаптарын орындаудан бас тарту ешқандай залал келтірмейтін немесе салдарынан Тапсырыс берушіге қойылған немесе қойылатын қандай да бір әрекеттерді жасауға немесе санкцияларды қолдануға құқықтарды қозғамайтын шартта Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндет көтермейді.

      8.3. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8.4. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8.5. Шарт талаптарын бұзғаны үшін қандай да бір санкцияларға зиян келтірместен Тапсырыс беруші осы Шарттың 7.4-тармағының талаптарын ескере отырып, Өнім берушіге міндеттемелерін орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жіберіп:

      1) егер Өнім беруші Шартта көзделген мерзімде немесе Тапсырыс беруші ұсынған осы Шарттың ұзартылған кезеңі ішінде тауар жеткізе алмаса;

      2) егер Өнім беруші өз міндеттемелерін орындай алмаса, осы Шартты толық немесе ішінара бұза алады.

      Ескерту. 8.5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8.6. Шарт мынадай фактілердің бірі анықталған жағдайда:

      1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзу анықталса;

      2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген қолдауды көрсетсе;

      3) Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін қызмет көрсетілген жағдайды қоспағанда, Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен Шарт жасасудан жалтарса кез келген кезеңде оның бұзылуы туралы талапты қамтуы тиіс.

      Ескерту. 8.6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8.7. Шартты одан әрі орындау орынсыз болған жағдайда оны тараптардың келісімі бойынша бұзуға болады.

      Шарт жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты жойылған кезде Өнім беруші Шарт бойынша бұзылуға байланысты бұзылған күнге іс жүзіндегі шығындар үшін ақы талап етуге құқылы болады.

      Ескерту. 8.7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9. Хабарлама

      9.1. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама төленген тапсырыс хатпен немесе телеграмма, телекс, телефакс не веб-портал арқылы жіберіледі.

      9.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күні (егер хабарламада көрсетілсе), осы екі күннің қайсысы кеш келетініне байланысты күшіне енеді.

10. Форс-мажор

      10.1. Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып табылса, Тараптар оның толық немесе ішінара орындалмауы үшін жауапкершілік көтермейді.

      10.2. Егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып табылса, Өнім беруші өзінің Шарттың орындалуын қамтамасыз етуінен айырылмайды және Шарт талаптарының орындалмауына байланысты тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапты болмайды.

      10.3. Шарт мақсаттары үшін "форс-мажор" Тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар мыналарды қамти алады, бірақ тек олар ғана емес: соғыс қимылдары, табиғи немесе дүлей апаттар және басқалар.

      10.4. Форс-мажорлық жағдаяттар туындаған кезде Өнім беруші тез арада Тапсырыс берушіге осындай жағдаяттар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден басқа жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттерін мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдаяттарға байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздейді.

11. Даулы мәселелерді шешу

      11.1. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктер немесе даулар тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.

      11.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

12. Өзге де шарттар

      12.1. Салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.

      12.2. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасу нысаны сияқты нысанда жасалады.

      12.3. Өнім берушінің таңдауы үшін негіз болған сапаның өзгермеуі шарты мен басқа да шарттарда жасалған Шартқа өзгерістерді енгізуге:

      1) Шартта жеткізілген Тауарлардың бірлігі үшін бағаның өзгермеуі шартында жеткізілетін Тауарлар көлемінде қажеттіліктің азаюымен не ұлғаюымен байланысты Шарт сомасының азаюы не ұлғаюы бөлігінде. Жасалған шартты осындай өзгертуге осы мемлекеттік сатып алу бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі;

      2) егер Өнім беруші онымен жасасқан Шартты орындау үдерісінде тауар бірлігі үшін бағаның өзгермеуі шартында онымен жасасқан Шарттың мәні болып табылған жеткізілетін тауардың анағұрлым жақсы сапалы және (немесе) техникалық сипаттамасын не мерзімін және (немесе) талаптарын ұсынған жағдайда

      3) көрсетілетін Қызметтің бағасын және тиісінше Шарт сомасының азаюы бөлігінде Тараптардың өзара келісімі бойынша;

      4) егер Өнім беруші жеткізілетін тауардың өндірушісі болып табылған жағдайда Тауар жеткізу туралы шарттың орындалу мерзімі өзгерген бқөлігінде рұқсат беріледі.

      Ескерту. 12.3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12.4. Тараптардың біреуінің Шарт бойынша міндеттерін беруіне тек екінші Тараптың жазбаша келісімімен жол беріледі.

      12.5. Шарт веб-портал арқылы жасалған бірдей заңды күшіне ие қазақ және орыс тілінде жасалды.

      12.6. Шартта реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

      <N. жаңа тармақ>

13. Тараптардың деректемелері

Тапсырыс беруші:
<Тапсырыс берушінің толық атауы>< Тапсырыс берушінің толық заңды мекенжайы>
БСН < Тапсырыс берушінің БСН>
БСК< Тапсырыс берушінің БСК>
ЖСК< Тапсырыс берушінің ЖСК>
<Банктің атауы> Тел.: <Тапсырыс берушінің телефоны> <Тапсырыс берушінің лауазымы><Тапсырыс берушінің ТАӘ>

Өнім беруші:
<Өнім берушінің толық атауы><Өнім берушінің толық заңды мекенжайы>
БСН/СЖН/ТБН <Өнім берушінің БСН/СЖН/ТБН> ЖСК
<Банктің атауы>
Тел.: <Өнім берушінің телефоны>
<Өнім берушінің лауазымы><Өнім берушінің ТАӘ>

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      БСК – банктік сәйкестендіру коды;

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты.

      Ескерту. 19-қосымша аббревиатуралармен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
20-қосымша

Құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт

      Ескерту. 20-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      <Сәйкестендіру нөмірі >

      <Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>

      <Тапсырыс берушінің лауазымы> атынан әрекет ететін бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын <Тапсырыс берушінің толық атауы> <Тапсырыс берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Тапсырыс берушінің ТАӘ> бір тараптан және "Өнім берушінің лауазымы" атынан әрекет ететін бұдан әрі "Мердігер/Орындаушы" деп аталатын <Өнім берушінің толық атауы> екінші тараптан <Өнім берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін Өнім берушінің ТАӘ, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және <қорытындылардың күні> № <қорытындылардың нөмірі> <сатып алу тәсілі> тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде осы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегі туралы келісімге келді:

      1. Ұғымдар мен айқындамалар

      1.1. Осы Шартта төменде тізбеленген ұғымдар мынадай мағынаға ие:

      1) Бас мердігер (бұдан әрі – Мердігер) – Тапсырыс берушімен жасалған Шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға, сондай-ақ, консорциум (Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларда);

      2) қосалқы мердігер – Шарт бойынша жұмыстардың бір бөлігін орындауға Мердігермен/Орындаушымен шарты және (немесе) келісімі бар тұлға немесе ұйым;

      3) техникалық қадағалаушы – мердігерлік жұмыстарды Мердігердің Шарттың ережелеріне сәйкес орындауы жөніндегі бақылауды жүзеге асыруға Тапсырыс беруші тағайындаған және Мердігерге хабарланған тұлға;

      4) объекті – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Мердігердің Шартта көзделген түрде салуға, қайта жаңартуға және Тапсырыс берушіге беруге тиіс деп анықтаған ғимарат, құрылым;

      5) учаске – Объект құрылысын салуға немесе жұмыстарды жүргізуге бөлінген аумақ;

      6) уақытша құрылымдар – Объектінің құрылысын салу мен жөндеу үшін қажетті, тұрғызылатын, орнатылатын және Объектінің құрылысын салуды аяқтағаннан кейін Мердігер алып тастайтын барлық уақытша ғимараттар мен құрылымдар.

      <n) жаңа тармақша>

      2. Шарттың мәні

      2.1. Мердігер/Орындаушы осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оған қосымшаларда көрсетілген шарттарға, талаптарға сәйкес және баға бойынша жұмысты (жұмыстарды) орындауға міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші орындалған Жұмысты (Жұмыстарды) қабылдауға және Мердігер/Орындаушы Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған кезде ол үшін осы Шарттың талаптарында ақы төлеуге міндетті.

      <Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <1-ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>;

      <Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <N ерекшелігі бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>7.

      2.2. Жұмыстар - <сатып алу сипаттамасы> Жобасы бойынша орындалады, онда <объектінің орналасқан жері> бар.

      Бас жобалаушы - <Бас жобалаушының аты>8.

      2.3. Төменде тізбеленген құжаттар және оларда айтылған шарттар осы Шартты құрады және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:

      1) осы Шарт;

      2) сатып алынатын жұмыстардың орындау шарты (1-қосымша);

      3) сатып алынатын жұмыстардың тізбесі (2-қосымша);

      4) консорциялық келісім (Консорциуммен Шарт жасасқан жағдайда).

      Ескерту. 2.3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.01.2020 № 92 (01.02.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары

      3.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа № 1 қосымшамен анықталады және "шарттың сомасы" (сома жазу үлгісімен) теңгені құрайды және Жұмыстарды орындаумен байланысты болатын барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, <оның ішінде ҚҚС-ты <ҚҚС сомасын> теңге>/ҚҚС-сыз (бұдан әрі – Шарттың сомасы) қамтиды.

      3.2. Аумақтық қазынашылық органында Шарт < Бағдарламаның коды мен атауы> бюджеттік бағдарламасы, <Кіші бағдарламаның коды мен атауы> кіші бағдарламасы, <ерекшеліктің коды мен атауы> ерекшелігі бойынша - <ерекшелігі бойынша сомасы> (ерекшелік бойынша сомасы жазумен) теңге, <оның ішінде ҚҚС> <ҚҚС сомасы> теңге/<ҚҚС есепке алусыз> <_____> жылға тіркеуге жатады.

      3.3. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның10 26-бабына сәйкес соманы енгізгеннен кейін № 1 қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлемді жүргізеді.

      Қалған соманы Тапсырыс беруші Мердігердің/Орындаушының <ақы төлеу шарты> есепшотына ақшалай қаражатты аудару жолымен, бұдан бұрын төленген авансты11 тепе-тең ұстап қалумен Тараптар Орындалған жұмыстардың актісіне қол қойған күннен бастап, күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей төлейді.

      Орындалған жұмыс үшін төлемді <төлем шарты> Тапсырыс беруші Тараптар орындаған жұмыстардың актісіне қол қойған күнінен бастап, 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Мердігердің/Орындаушының есеп айырысу шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүргізеді.

      Егер құрылысқа байланысты жұмыстарды бір қаржы жылының шеңберінде орындаған жағдайда Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстарды аяқтағаннан және Тапсырыс беруші объектіні пайдалануға қабылдау туралы актіні қазынашылық органға тапсырғаннан кейін <сомасы> мөлшерінде осы шарт сомасының қалған 5%-ын төлейді.

      Егер құрылысқа байланысты жұмыстарды орындаған жағдайда Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстарды аяқтағаннан және Тапсырыс беруші объектіні құрылысты аяқтаудың соңғы жылында пайдалануға қабылдау туралы актіні қазынашылық органға тапсырғаннан кейін <сомасы> мөлшерінде осы шарт сомасының қалған 5%-ын төлейді.

      3.4. Орындалатын жұмыстардың көлемі Шартқа 1-қосымшада айтылған.

      3.5. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:

      1) <аумақтық қазынашылық органында тіркелген/қол қойылған> Шарт;

      2) орындалған жұмыстардың актісі (актілері)30;

      3) осы Қағидаларға 22-5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту үлесі бойынша есеп;

      4) Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге ұсынған орындалған жұмыстардың жалпы сомасын сипаттай, көрсете отырып, шот-фактура;

      5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 115-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлем сертификаты (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 желтоқсанда № 9934 тіркелді) (бұдан әрі - Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі).

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы қазынашылық сүйемелдеу үшін тапсырыс берушілер айқындаған қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде объектілер құрылысымен байланысты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде қолданылады.

      4. Тараптардың міндеттемелері

      4.1. Мердігер/Орындаушы:

      1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;

      2) Шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде <сома> теңгеге тең Шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және <сома> теңгеге тең Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Шарт мәндері бойынша көзделген аванс мөлшерлерін, сондай-ақ <сома> теңгеге12 тең Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізуге міндеттенеді, бұл жалпы алғанда мынадай:

      мемлекеттік сатып алу веб-порталында (бұдан әрі – веб-портал) растау құжатының көшірмелерін орналастыра отырып, Тапсырыс берушінің № <кепілдік жарнасына арналған шот> банктік шотына <қала> қаласы бойынша <банктің атауына> кепілді ақшалай жарна;

      не:

      Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларына 22-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік13.

      Бұл ретте Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын Мердігер/Орындаушы Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін ол Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін;

      3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде орындалатын Жұмыстардың Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етуге;

      3-1) Шарт бойынша жұмыстарды орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1107 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12767 болып тіркелген) Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің (бар болса) дерекқорына енгізілген құрылыс материалдарын, жабдықтарды, бұйымдар мен конструкцияларды пайдалануға;

      4) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың талаптарын орындау үшін Мердігер/Орындаушы тартқан персоналды қосқанда, оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс;

      5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз жоғарыда тізбеленген құжаттарды және ақпаратты Шартты жүзеге асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;

      6) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;

      7) Мердігердің/Орындаушының Шарт талаптарын тиісінше орындамауымен және/немесе өзге заңсыз іс-әрекеттермен келтірген шығындарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге міндеттенеді;

      8) Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген орындалған жұмыстар актісін жіберу және ресімдеуге;

      9) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісін бекіткеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазуға;

      10) Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде мемлекеттік сатып алу шотын ашуға;

      11) қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде объектілер құрылысымен байланысты инвестициялық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша қаражатты жұмсауды қазынашылық органдарында ашылған мемлекеттік сатып алу шоттары арқылы жүзеге асыруға;

      12) қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде объектілер құрылысымен байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) қазынашылық органдарында мемлекеттік сатып алу шоттарын ашу шартымен қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартуға. Мұндай талап тиісті қосалқы мердігерлік (бірлесіп орындаушылық) шарттарында көрсетіледі;

      13) қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде қосалқы мердігерлермен жасалатын шарттар бойынша ол қосалқы мердігерлік шарттарында қазынашылық органдарында ашылатын мемлекеттік сатып алу шоттарына ақшалай қаражат аудару туралы талаптың болуын және Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес шот-фактуралардың үзінді-көшірмесін жазып беру шартының болуын қамтамасыз етуге;

      14) талдау жүргізу үшін Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес қосалқы мердігерлердің тізбесін мемлекеттік кірістер органдарына ұсынуға;

      15) тәуекелдердің жоқтығы тұрғысынан талдау жүргізілген қосалқы мердігерлердің тізбесін қазынашылық органдарына ұсынуға;

      16) қазынашылық сүйемелдеу шеңберіндегі мемлекеттік сатып алу туралы шартта қазынашылық органдарында ашылатын мемлекеттік сатып алу шоттың деректемелерін көрсетуге;

      17) қазынашылық органдарында төлем сертификатын ұсынуға және Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес қосалқы мердігердің төлем сертификатын ұсынуын қамтамасыз етуге;

      18) қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде объектілер құрылысымен байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шартты Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралар арқылы орындауға міндеттенеді.

      4.2. Мердігер/Орындаушы:

      1) Шарт бойынша орындалған Жұмыстар үшін тапсырыс берушіден ақы төлеуді талап етуге;

      2) Тапсырыс берушімен орындау мерзімін алдын ала келісе отырып, шартқа № 1 қосымшада көрсетілген Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындауға құқылы;

      4.3. Тапсырыс беруші:

      1) Жұмыстарды орындау үшін Мердігер/Орындаушы мамандарының кіруін қамтамасыз етуге;

      2) орындалған Жұмыстардың сәйкес келмеуі анықтаған кезде дереу жазбаша Мердігерді/Орындаушыны хабардар етуге;

      3) Жұмыстарды қабылдау кезінде веб-портал арқылы орындалған жұмыстар актісін бекітуге не Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 426-4-тармағында белгіленген мерзімде оның қабылданбауына дәлелді негіздемелерді көрсете отырып жұмысты қабылдаудан бас тартуға;

      3-1) орындалған жұмыстар актісі бекітілгеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйелері арқылы электрондық нысанда Мердігер жазған шот-фактураны қабылдауға;

      4) осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде ақы төлеуді жүргізуге;

      5) инжиниринг компаниясының мердігерлерге (қосалқы мердігерлерге) Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес төлем сертификатын ұсынуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы қазынашылық сүйемелдеуүшін тапсырыс берушілер айқындаған қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде объектілер құрылысымен байланысты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде қолданылады.

      4.4. Тапсырыс беруші:

      1) орындалған Жұмыстардың сапасын тексеруге;

      2) Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындаған жағдайда Тапсырыс беруші Шарттың талаптарына сәйкес жұмыстарды мерзімінен бұрын қабылдауға және оған ақы төлеуге құқылы. Жұмыстарды қабылдау мүмкіндігі болмаған жағдайда оны мерзімінен бұрын орындаудан бас тартуға жол беріледі.

      5. Жұмыстардың техникалық ерекшелікке және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін тексеру

      5.1. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері техникалық ерекшелікте және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамада (Шартқа 2-қосымша) көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тұрғысында орындалған жұмыстарды бақылауды және тексеруді жүргізуі мүмкін. Бұл ретте осы тексерулер бойынша барлық шығыстарды Мердігер/Орындаушы тартады. Тапсырыс беруші осы мақсаттар үшін анықталған өзінің өкілдері туралы Мердігерді/Орындаушыны жазбаша түрде уақтылы хабардар етуі тиіс.

      5.2. Осы Шарт шеңберінде орындалатын жұмыстар техникалық ерекшелікте және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген стандарттарға сәйкес келуі немесе олардан жоғары болуы тиіс.

      5.3. Егер орындалған Жұмыстардың нәтижелері тексеру кезінде техникалық ерекшелік және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама талаптарына (Шартқа 2-қосымша) сәйкес келмейді деп танылса, Мердігер/Орындаушы тексеру сәтінен бастап <сәйкессіздіктерді жою мерзімі> ішінде Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығындарсыз техникалық ерекшелік және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама талаптарына сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.

      5.4. Жұмыстардың техникалық ерекшелікке және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келуін тексеру кезінде Тапсырыс берушінің инспекторларына Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығындарсыз сызбалар мен өндірістік ақпаратқа қол жеткізуді қоса алғанда, барлық құралдар беріледі және жәрдем көрсетілетін болады.

      5.5. Жоғарыда көрсетілген тармақтың біреуі де Мердігерді/Орындаушыны Шарт бойынша басқа міндеттемелерден босатпайды.

      <N. Жаңа тармақ>.

      6. Жұмыстарды тапсыру және қабылдап алу тәртібі

      6.1. Өнім берушінің Жұмыстарды осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға толық сәйкестікте Тапсырыс берушіге толық тапсырған жағдайда Жұмыс орындалды деп саналады.

      6.2. Мердігер/Орындаушы орындалған жұмыстарды қабылдап алу/тапсыру кезінде Тапсырыс берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) егер жұмыстар Қазақстанда шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған жағдайда – белгіленген үлгіде "СТ-KZ" тауардың шығарылуы туралы сертификаттың түпнұсқасы немесе көшірмесі (не уәкілетті ұйым растаған).

      2) егер жұмыстар шетелде шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған болса - белгіленген тәртіппен шығарған елдің тиісті органы берген Тауардың шығуы туралы тиісті сертификаттың тұпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі.

      Ескерту. 6.2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Кепілдік. Сапа

      7.1. Мердігер Тапсырыс берушіге Шарт бойынша Жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылатын материалдар мен жабдықтардың техникалық ерекшеліктерге және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама сәйкес болуына, Жұмыстар оның сапасын техникалық ерекшеліктің және (немесе) жобалау-сметалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін деңгейге дейін төмендететін ақауларсыз орындалатынына кепілдік береді.

      Осы талаптарға сәйкес келмейтін Жұмыстар, оның ішінде жеткіліксіз негізделген және рұқсатсыз өзгертілген жұмыс ақаулы деп танылады.

      Мердігер (қосалқы Мердігер) жүзеге асырмаған пайдалану, түрлендіру ережелерін бұзу, дұрыс ұстамау немесе жеткіліксіз техникалық қызмет көрсету себебінен, сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезінде оның ұйғарынды тозуы немесе бүлінуі себебінен залалды өтеу немесе түзету Мердігер беретін кепілдіктерге кірмейді.

      Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша Мердігер материалдар мен жабдықтардың сапасының техникалық ерекшеліктерге және/немесе жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес келетінін куәландыратын құжаттарды беруге тиіс14.

      Орындаушы Тапсырыс берушіге Шарт бойынша жұмыстарды орындау нәтижелерінің техникалық ерекшеліктерге сәйкес болатынына, Жұмыстардың оның сапасын техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтін деңгейге дейін төмендететін ақауларсыз орындалатынына кепілдік береді. Осы талаптарға сәйкес келмейтін Жұмыстар, оның ішінде жеткіліксіз негізделген және рұқсатсыз өзгертілген жұмыс ақаулы деп танылады.

      Орындаушы (қосалқы Мердігер) жүзеге асырмаған пайдалану, түрлендіру ережелерін бұзу, дұрыс ұстамау немесе жеткіліксіз техникалық қызмет көрсету себебінен, сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезінде оның ұйғарынды тозуы немесе бүлінуі себебінен залалды өтеу немесе түзету Орындаушы беретін кепілдіктерге кірмейді. Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша Орындаушы материалдар мен жабдықтардың сапасының техникалық ерекшеліктерге және/немесе жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес келетінін куәландыратын құжаттарды беруге тиіс15.

      7.2. Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге пайдалануға кепілдікті <кепілдік мерзімі>мерзіміне береді.

      7.3. Мердігер/Орындаушы орындалған Жұмыстарды және Жұмыстарға байланысты барлық материалдарды, жабдықтарды, ресурстарды және өзге де позицияларды жаңбырға, су тасқынына, аязға, өртке, ұрлауға және өзге де себептерге байланысты зиянның, зақымданудың, жойылудың барлық түрлерінен қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.

      Мердігер/Орындаушы өзінің жұмыстарын жүргізу кезінде жоба бойынша басқа жұмыстарды, сондай-ақ Тапсырыс берушіге тиесілі меншікті және оған тиесілі құрылыстарды қандай да бір зақымдану түрлерінен және жолды, ғимараттарды, материалдардың қоймаларын және жылжымалы және жылжымайтын мүліктің өзге де түрлерін қоса алғанда (бірақ, онымен шектеліп қоймай) басқа да себептерден қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Мердігер/Орындаушы жоғарыда айтылғандарға байланысты шеккен барлық шығындар Тапсырыс берушінің тарапынан қосымша өтелуге жатпайды.

      <N. Жаңа тармақ>

      8. Тараптардың жауапкершілігі

      8.1. Тараптар өз міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда осы Шарт шеңберінде барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

      8.2. Секвестр және/немесе мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың тиісті бюджеттердің қолма-қол бақылау шотында/есеп шотында ақшаның жеткіліксіз болған жағдайларды есептемегенде, егер Тапсырыс беруші өзіне тиесілі қаражатты Мердігерге/Орындаушыға Шартпен қаралған мерзімдерде төлемесе, онда Тапсырыс беруші Мердігерге/Орындаушығакешіктірілген әр күн үшіншарттың тиесілі сомасынан 0,1% (нөл бүтін бір) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімақы) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасынан 10% аспауы тиіс.

      8.3. Жұмыстардың орындау мерзімі өткен жағдайда, Тапсырыс беруші Мердігер/Орындаушыдан әр кешіктірілген күн үшін шарттың жалпы сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өтеп алады), Мердігер/Орындаушы міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда немесе міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындау) жағдайда әр кешіктірілген күн үшін орындалмаған міндеттемелердің сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өтеп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасынан 10% аспауы тиіс.

      8.4. Мердігер/Орындаушы Жұмыстарды орындаудан бас тартқан немесе Шарт бойынша Жұмыстарды орындау мерзімі өткен күннен бастап бір айдан астам мерзімде, бірақ Шарттың қолданылуы аяқталу мерзімінен кешіктірмей Жұмыстарды орындау мерзімін кешіктірген жағдайда, Мердігерден/Орындаушыдан мерзімін кешіктірген әр күн үшін Шарттың жалпы сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) өндіре отырып, осы Шартты біржақты тәртіпте бұзуға құқығы бар.

      Бұл ретте Тапсырыс беруші барлық орындалған (қабылданған) Жұмыстардың құнына төлем жүргізеді.

      8.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген міндеттерді орындаудан босатпайды.

      8.6. Кез келген өзгеріс Шарт бойынша Жұмыстарды орындау үшін Мердігерге/Орындаушыға қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына әкелетін болса, Шарттың сомасы немесе Жұмыстарды орындау кестесі, немесе екеуіне де сәйкес түрде түзетулер енгізіледі, ал Шартқа сәйкес түзетулер енгізіледі. Мердігердің/Орындаушылардың түзетулерді жүргізу туралы барлық сұранымдары Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы тапсырма алған күннен 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуы тиіс.

      8.7. Мердігердің/Орындаушының Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін біреуге толықтай да, ішінара да беруіне жол берілмейді.

      8.8. Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда, Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы мердігерлердің болуы Мердігерді/Орындаушыны Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.

      Жұмыстарды орындау үшін қосалқы мердігерлерге берілуі мүмкін жұмыстардың шекті көлемі жиынтығында орындалатын жұмыстардың екіден бір көлемінен аспауға тиіс.

      Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда, Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы мердігерлердің болуы Мердігерді/Орындаушыны Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.

      Бұл ретте қосалқы мердігерлерге өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге беруге тыйым салынады.

      Жұмыстарды орындайтын Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлерді тартуға жол берілмейді.

      8.9. Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша Мердігер/Орындаушы өз міндеттемелерін орындамауына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзған жағдайда оның орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды17.

      <N. Жаңа тармақ>

      9. Шарттың қолданылу мерзімі және бұзылу талаптары

      9.1. Шарт <Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін/қол қойған күннен бастап> күшіне енеді және <қолдану мерзімі> жылға дейін қолданылады.

      9.2. Мынадай оқиғалар өзінен кейін олардың ұлғаюы бөлігінде:

      1) Тапсырыс беруші Объектінің барлық учаскелерін пайдалануға тыйым салады, ол өз кезегінде Жұмыстарды орындауды кешіктіруге әкеп соғады.

      2) Тапсырыс беруші Шартта жоспарланбаған сынақтарды жүргізу үшін жұмыстарды тоқтатуға Мердігерге/Орындаушыға нұсқау береді. Бұл ретте, егер бұл сынақтар ақауларды анықтамаса, онда Жұмыстарды өндіру тоқтатылған уақыт Жұмыстарды орындау мерзіміне қосылады;

      3) Тапсырыс беруші дәлелдеу техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу және жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттама әзірлеу жөніндегі жұмыстарға бастапқы деректермен жобалауға Тапсырма беруді кідіртеді;

      9.3. Егер басқа тарап Шарттың талаптарын Шартта көзделген қағидатты талаптардан айыратындай елеулі бұзушылық жасаған болса, Тапсырыс беруші немесе Мердігер/Орындаушы Шартта көрсетілген мерзімге дейін Шартты бұза алады. Шарттың талаптарын елеулі бұзу өзіне мыналарды қамтиды, бірақ тізбеленгенмен шектеліп қалмайды:

      1) егер Мердігер/Орындаушы Жұмыстарды орындау мерзімін бірнеше рет бұзса, Тапсырыс беруші Шартты бұза алады;

      2) Мердігер/Орындаушы <күн саны> күнге дейін Жұмыстарды тоқтата тұрады, бұл ретте тоқтатуға Тапсырыс берушінің рұқсаты болмаса;

      3) Мердігер/Орындаушы Тапсырыс беруші айқындаған негізделген уақыт кезеңі ішінде Тапсырыс беруші көрсеткен Ақауларды жоймаса;

      4) Тапсырыс беруші Мердігерге/Орындаушыға Жұмыстар барысын кідіртуге нұсқау берсе және осындай нұсқау <күн саны> күн ішінде күшін жоймаса;

      5) не Тапсырыс беруші, не Мердігер/Орындаушы оның қайта ұйымдастырылуын немесе бірлесуін қоспағанда, банкротқа ұшыраса немесе қандай да бір себептермен таратылса;

      6) Мердігер/Орындаушы жобалау құжаттамасында және (немесе) шарттық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды жүргізу қағиадаларын, нұсқаулықтары мен ережелерін ескермейтін болса.

      9.4. Шарт, оны одан әрі орындау орынсыз болған жағдайда тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.

      Шарт жоғарыда көрсетілген жағдаяттар себебінен жойылған кезде, Мердігер/Орындаушы Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзу күніндегі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.

      9.5. Мына фактілердің бірі анықталған жағдайда:

      1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзу анықталса;

      2) сатып алуды ұйымдастырушы Мердігерге/Орындаушыға Заңда көзделмеген жәрдемдерді көрсетсе;

      3) Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін жұмыстар орындалған жағдайларды қоспағанда, Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен Шартты жасасудан жалтарса мемлекеттік сатып алу туралы Шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін.

      Ескерту. 9.5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9.6. Егер Шарт бұзылса Мердігер дереу жұмысты тоқтатады, Объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және белгіленген тәртіппен оны Тапсырыс берушіге береді.

      9.7. Егер Мердігердің Шарт талаптарын елеулі бұзуы себебінен Шарт бұзылатын болса, Объектідегі барлық материалдар мен Жабдық, сондай-ақ уақытша құрылымдар мен орындалған құрылыс жұмыстары Тапсырыс берушінің меншігі болып саналады және Шартты бұзуға байланысты қаржылық талқылаулар шешілгенге дейін оның билігінде болады.

      10. Хабарлама

      10.1. Бір тарап екінші тарапқа жолдайтын кез келген хабарлама Шартқа сәйкес төленген тапсырыс хатымен немесе телеграф, телекс, факс, телефакс бойынша не веб-портал арқылы жіберіледі.

      10.2. Күндердің қайсысы кешірек болуына байланысты хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енудің көрсетілген күні (хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді.

      11. Форс-мажор

      11.1. Егер дүлей апат, әскери іс-қимылдар, эпидемия, ірі ауқымды ереуілдер, тікелей немесе жанама түрде тыйым салатын, сондай-ақ осы Шарт бойынша тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі болатын заңнамалық және үкіметтік актілердің күшіне енуі жататын форс-мажорлық жағдаяттар туындаған жағдайда, өзіне алған міндеттемелерді орындау үшін жауапкершіліктен босатылады. Бұл ретте, тарап форс-мажор басталғаны туралы жазбаша түрде дереу хабарлауға тиіс. Олай болмаған жағдайда бұл жағдаятқа сілтеме жасауға құқығы жоқ.

      11.2. Форс-мажор жағдаяттары кезінде екінші тараптың өз міндеттемелерін орындамауына байланысты шығынға ұшыраған тарап осы оқиғалардың ауқымы туралы, сондай-ақ оның қызметіне тигізген әсері туралы құзыретті органдар мен ұйымдар растаған құжаттамалық дәлелдерді одан алуға құқығы бар.

      11.3. Форс-мажор жағдайында Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатыла тұрғаны туралы хабарлайды. Мердігер/Орындаушы тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейін қысқа мерзімде Жұмыстардың тоқтатыла тұруын қамтамасыз етеді.

      11.4. Егер форс-мажор жағдаяты Шарттың орындалуын бұзатын болса, Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатыла тұруын куәландырады. Мердігер тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейін қысқа мерзімде Объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және жұмыстарды тоқтатады. Тапсырыс беруші Мердігерге Объектіні тоқтатқан күнге дейін орындалған жұмыстардың барлық көлемі үшін және Объектіні19 консервациялауға байланысты жұмыстар үшін ақы төлеуді жүргізеді.

      12. Даулы мәселелерді шешу

      12.1. Тапсырыс беруші мен Мердігер/Орындаушы Шарт бойынша немесе соған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.

      12.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Шарт бойынша дауды Тапсырыс беруші мен Мердігер/Орындаушы бейбіт жолмен шеше алмайтын болса, тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

      13. Басқа да шарттар

      13.1. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.

      13.2. Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасқан нысанда жасалады.

      13.3. Өнім жеткізушінің таңдауы үшін негіз болып табылатын сапаның өзгермеуі мен басқа жағдайларда жасалған Шартқа:

      1) жұмыстардың бағасын және тиісінше Шарттың сомасын азайту бөлігінде тараптардың өзара келісім бойынша;

      2) мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қабылданған мұндай өзгерістердің сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса Шарттың сомасын көбейту бөлігінде;

      3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, осы жұмыстардың жасалған Шартында көрсетілген жұмыс бірлігі үшін бағасы өзгертпеу шартымен, сатып алынатын жұмыстар көлеміне қажеттілікті азайтумен не арттырумен байланысты Шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде. Жасалған Шартты осылай өзгерту осы мемлекеттік сатып алу20 бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі.

      осы жұмыстардың жасалған Шартында көрсетілген жұмыс бірлігі үшін бағасы өзгертпеу шартымен, сатып алынатын жұмыстар көлеміне қажеттілікті азайтумен не арттырумен байланысты Шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде. Жасалған Шартты осылай өзгерту осы мемлекеттік сатып алу21 бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі.

      4) Қазақстан Республикасының салық, кеден және басқа да заңнамасының өзгеруінен туындаған келесі (одан кейінгі) жылы (жылдары) аяқтау мерзімімен Шарттың сомасын азайту немесе ұлғайту бөлігінде;

      5) келесі (одан кейінгі) жылы (жылдары) аяқталу мерзімімен Шарттың сомасын азайту бөлігінде;

      6) жасалған шарттың сомасын өзгертпеу шартымен немесе жұмыстардың сметалық құны азайған жағдайда және кейіннен мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға (бар болса) тиісті өзгерістер енгізілсе, мемлекеттік бюджет есебінен жылдар бойынша қаржыландыру өзгерген жағдайда Шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде;

      7) тапсырыс берушінің және (немесе) Мердігердің/Орындаушының лауазымдық тұлғасына қатысты Шартты орындауға байланысты қылмыстық іс қозғалған жағдайда Шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде өзгерістер енгізуге болады.

      13.4. Шарт бойынша бір Тараптың міндеттемелерін беруге екінші Тараптың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.

      13.5. Веб-портал арқылы жасалған Шарт, бірдей заңдық күші бар қазақ және орыс тілдерінде жасалды.

      13.6. Шартпен реттелмеген бөлігінде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

      <N.Жаңа тармақ>

      14. Тараптардың деректемелері

Тапсырыс беруші
< Тапсырыс берушінің толық атауы>< Тапсырыс берушінің толық заңды мекенжайы> БСН < Тапсырыс берушінің БСН-і> БСК < Тапсырыс берушінің БСК-сі> ЖСК< Тапсырыс берушінің ЖСК-сі> <Банктің атауы> Тел.: <Тапсырыс берушінің телефоны><Тапсырыс берушінің лауазымы><Тапсырыс берушінің ТАӘ>

Өнім беруші
<Өнім берушінің толық атауы> <Өнім берушінің толық заңды мекенжайы> БСН/ЖСН/ТЕН <Өнім берушінің БСН/ЖСН/ТЕН-і> БСК <Өнім берушінің БСК-сі> ЖСК <Өнім берушінің ЖСК-сі> <Банктің атауы> Тел.: <Өнім берушінің телефоны> <Өнім берушінің лауазымы><Өнім берушінің ТАӘ>

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      БСК – банктік сәйкестендіру коды;

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі;

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      Т.А.Ә. – аты-жөні.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
20-1-қосымша

Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт жобалау-сметалық құжаттаманы (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлеу бойынша

      Ескерту. Қағида 20-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      <Сәйкестендіру нөмірі >

      <Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>

      "Тапсырыс берушінің лауазымы" атынан әрекет ететін бұдан әрі "Тапсырыс беруші деп аталатын <Тапсырыс берушінің толық атауы> "Тапсырыс берушінің негіздемесі" негізінде әрекет ететін <Тапсырыс берушінің ТАӘ> бір тараптан және "Өнім берушінің лауазымы" атынан әрекет ететін бұдан әрі "Мердігер/Орындаушы" деп аталатын <"Өнім берушінің толық атауы"> екінші тараптан <"Өнім берушінің негіздемесі"> негізінде әрекет ететін Өнім берушінің ТАӘ, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және "қорытындылардың күні" № "қорытындылардың нөмірі" "сатып алу тәсілі" тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде осы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегі туралы келісімге келді:

      1. Ұғымдар мен анықтамалар

      1.1. Осы Шартта төменде аталған ұғымдар мынадай түсіндірулерге ие:

      1) Жобалаушы/Орындаушы - Тапсырыс берушімен жасалған шартта Тапсырыс берушінің контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға, сондай-ақ консорциум (Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларда);

      2) Қосалқы жобалаушы - Жобалаушымен/Орындаушымен шарт бойынша жұмыстардың бір бөлігін орындауға арналған шарты және (немесе) келісімі бар тұлға немесе ұйым;

      3) Жұмыстар - объектіні салу үшін қажетті барлық жобалау және іздестіру жұмыстары, сондай-ақ жобаға сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар, Шартта оған тиісті қосымшаларымен көзделген жұмыстар, сондай-ақ объектіні іске асыру басталғанға дейін немесе салу барысында туындаған жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге байланысты барлық қосымша жұмыстар;

      4) объекті - мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жобалау-сметалық құжаттаманы және техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге жататын деп анықтаған және Жобалаушы Шартта көзделген түрде Тапсырыс берушіге беретін ғимарат, құрылыс, учаске.

      <n) Жаңа тармақша>

      2. Шарттың мәні

      2.1. Жобалаушы/Орындаушы осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын шарттарға, талаптарға және бағалар бойынша жұмысты (бұдан әрі – жұмыс) орындауға міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші орындалған жұмысты (жұмыстарды) қабылдауға және Жобалаушы/Орындаушы Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда осы Шарттың талаптарында ол үшін ақы төлеуге міндеттенеді:

      <Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <1 Ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>;

      N >7Ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы.

      2.2. Жұмыстар жоба бойынша орындалады - <сатып алудың атауы>, ол <объектінің орналасқан жерінде> орналасқан.

      2.3. Төменде санамаланған құжаттар мен оларда айтылған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:

      1) Осы Шарт;

      2)сатып алынатын жұмыстардың орындау шарт (1-қосымша)

      3) сатып алынатын жұмыстардың тізбесі (2-қосымша);

      4) консорциялық келісім (Консорциуммен шарт жасасқан жағдайда);

      5) жобалауға тапсырыс беруші бекіткен тапсырма.

      Ескерту. 2.3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.01.2020 № 92 (01.02.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Шарттың сомасы және төлеу талаптары

      3.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа № 1 қосымшада айқындалады және <шарт сомасы> (<сома жазумен>) теңгені құрайды және жұмыстарды орындауға байланысты барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, <оның ішінде ҚҚС <ҚҚС сомасы> теңге> /ҚҚС-сыз> (бұдан әрі-шарт сомасы) қамтиды.

      3.2. Қазынашылықтың аумақтық органында шарт <____> жылға тіркеуге жатады.

      бюджеттік бағдарлама бойынша <бағдарламаның коды мен атауы>, <кіші бағдарламаның коды мен атауы> кіші бағдарламасы, <ерекшелік коды мен атауы> ерекшелігі бойынша <ерекшелік бойынша сома> (<ерекшелік бойынша сома жазбаша түрде>) теңге, <оның ішінде ҚҚС> <ҚҚС сомасы> теңге /<ҚҚС - ны есепке алмағанда>9.

      3.3. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін Өнім беруші Заңның10 26-бабына сәйкес шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты және (немесе) соманы қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін № 1 қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді.

      Қалған соманы Тапсырыс беруші Жобалаушының/Орындаушының "төлем шарты" есеп шотына ақша қаражатын аудару жолымен Тараптар орындалған жұмыстар актісіне қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей, бұрын төленген авансқа11 барабар ұстап қалуды ескере отырып төлейді.

      Орындалған жұмыстар үшін төлемді Тапсырыс беруші Жобалаушының/Орындаушының есеп шотына ақша қаражатын аудару жолымен "төлем шарты" орындалған жұмыстар актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізеді.

      3.4. Орындалатын жұмыстардың көлемі Шартқа 1-қосымшада айтылған.

      3.5. Төлем алдындағы қажетті құжаттар:

      1) <қазынашылықтың аумақтық органында тіркелген / қол қойылған> шарт;

      2) Орындалған жұмыстардың актісі(лері)30;

      3) осы Қағидаларға 22-5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту туралы есеп;

      4) Жобалаушы/ Орындаушы Тапсырыс берушіге ұсынған орындалған жұмыстардың жалпы сомасын көрсете отырып, сипатталған шот-фактура.

      4. Тараптардың міндеттемелері

      4.1. Жобалаушы/Орындаушы міндеттенеді:

      1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиісінше орындалуын қамтамасыз ету;

      2) Шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын Шарттың 1-қосымшасына сәйкес шарттың пәндері бойынша көзделген <сома> теңгеге тең сомаға және <сома> теңгеге тең сомаға, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес <сома> теңге>12-ге тең сомаға енгізсін, бұл жалпы алғанда <қамтамасыз ету сомасы> (<жазумен қамтамасыз ету сомасы>) теңге түрінде:

      мемлекеттік сатып алу веб-порталында (бұдан әрі – веб-портал) растайтын құжаттың көшірмесін орналастыра отырып, <қала> қаласы бойынша <банктің атауы>, БСК <БСК> № < кепілдік жарна үшін шот>;

      не:

      Ереженің 22-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанында ұсынылатын банктік кепілдік;

      Бұл ретте шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын Жобалаушы/Орындаушы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі аяқталғанға дейін шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін;

      3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде орындалатын жұмыстардың Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;

      3-1) жобалау-сметалық құжаттамада, техникалық-экономикалық негіздемеде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1107 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12767 болып тіркелген) Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің (бар болса) дерекқорына енгізілген құрылыс материалдарын, жабдықтарды, бұйымдар мен құрастырмаларды пайдалануды көрсетуге;

      4) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарттың талаптарын орындау үшін Жобалаушы/Орындаушы тартқан персоналды қоспағанда, Тапсырыс беруші немесе оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндетті. Көрсетілген ақпарат осы персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуі тиіс;

      5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Шартты іске асыру мақсаттарынан басқа, жоғарыда аталған құжаттар мен ақпаратты пайдаланбауға;

      6) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат беруге;

      7) Тапсырыс берушіге Жобалаушының/Орындаушының Шарт талаптарын тиісінше орындамауынан және/немесе өзге де заңсыз әрекеттерден туындаған өзіне келтірілген залалды толық көлемде өтеуге;;

      8) электрондық-цифрлық қолтаңбамен бекітілген орындалған жұмыстар актісін ресімдеу және Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы жіберу;

      9) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісін бекіткеннен кейін шот-фактураны электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жазып беруге міндетті.

      4.2. Жобалаушы/Орындаушы:

      1) Тапсырыс берушіден шарт бойынша орындалған жұмыстар үшін ақы төлеуді талап етуге;

      2) Тапсырыс берушімен алдын ала келісе отырып, Шартқа № 1 қосымшада көрсетілген жұмыстарды мерзімінен бұрын орындауға;

      4.3. Тапсырыс беруші міндеттенеді:

      1) Жобалаушы/Орындаушы мамандарының жұмыстарды орындау үшін қол жеткізуін қамтамасыз ету;

      2) Орындалған жұмыстардың сәйкессіздігі анықталған кезде Жобалаушыны/Орындаушыны дереу жазбаша хабардар етуге;

      3) жұмыстарды қабылдау кезінде орындалған жұмыстар актісін веб-портал арқылы бекіту не мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 426-4-тармағында белгіленген мерзімде қабылданбауының дәлелді негіздемелерін көрсете отырып, жұмыстарды қабылдаудан бас тарту;

      3-1) орындалған жұмыстар актісі бекітілгеннен кейін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураларды жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы өнім беруші жазып берген шот-фактураны қабылдауға;

      4) осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төлем жүргізуге құқығы бар.

      4.4. Тапсырыс беруші құқылы:

      1) Орындалған жұмыстардың сапасын тексеру;

      2) жұмыстарды мерзімінен бұрын орындаған жағдайда Тапсырыс беруші жұмыстарды мерзімінен бұрын қабылдауға және шарт талаптарына сәйкес ол үшін ақы төлеуге құқылы. Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындаудан бас тартуға оны қабылдау мүмкіндігі болмаған жағдайда жол беріледі.

      5. Жұмыстарды тапсыру және қабылдау тәртібі

      5.1. Егер Жобалаушы өз міндеттемелерін шарттық құжаттардың талаптарын бұза отырып орындаса, сондай-ақ, егер Жобалаушы жұмысты орындауға қабілетсіз болса, Тапсырыс беруші жазбаша нұсқамамен Жобалаушыға тоқтату себептері жойылғанға дейін жұмыстарды тұтастай немесе оның бір бөлігін тоқтату туралы өкім бере алады.

      5.2. Жобалау-сметалық құжаттаманы кешенді ведомствадан тыс сараптамаға жіберу алдында Жобалаушы Тапсырыс берушіге ілеспе хатпен жобалау-сметалық құжаттаманы қарау үшін жібереді, оған тексеру үшін жобалау-сметалық құжаттаманың қабылдау-тапсыру актісі қоса беріледі.

      5.3. Тапсырыс беруші жобалау-сметалық құжаттаманы алған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жобалау-сметалық құжаттаманы:

      1) тиісті сараптамалардың, келісімдердің, техникалық шарттардың қорытындысының бар болуына;

      2) құзыретті (уәкілетті) мемлекеттік органдардың жобалау-сметалық құжаттамаға қажетті келісімдерінің бар болуына;

      3) техникалық тапсырманың талаптарына, ҚР нормалары мен стандарттарына сәйкестігіне, Техникалық және Ғылыми-техникалық кеңестердің ұсынымдарын қолдануына қарайды.

      5.4. Тапсырыс беруші жобалау-сметалық құжаттаманы қарағаннан кейін:

      1) жобалау-сметалық құжаттамаға қандай да бір ескертулер болған және/немесе қажетті келісулер болмаған және/немесе тиісті сараптамалардың қорытындысы болмаған жағдайда, жобалау-сметалық құжаттаманы Жобалаушыға ескертулері мен оларды жою мерзімдерін көрсете отырып, пысықтау үшін жазбаша қайтарады;

      2) жобалау-сметалық құжаттамаға Тапсырыс берушіде қандай да бір ескертулер болмаған жағдайда, кешенді ведомствадан тыс сараптамадан өтуге тиісті шарттың қорытындысымен соңғы Тапсырыс беруші жібереді.

      5.5. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін Жобалаушы ұсынған жобалау-сметалық құжаттаманы қабылдап алу-тапсыру актісіне және одан кейін орындалған жұмыстар актісіне қол қою арқылы қағаз тасығыштарда 4 (төрт) данадан кем емес, және электрондық форматта 2 (екі) данада жобалау-сметалық құжаттаманы қабылдайды.

      5.6. Жобалау-сметалық құжаттаманы қабылдау – тапсыру актісіне қол қою арқылы Жобалаушы барлық мүліктік емес құқықтарды Тапсырыс берушінің пайдасына беруді растайды.

      5.7. Жұмыстарды Жеткізуші Тапсырыс берушіге жоғарыда көрсетілген Шарттың талаптарына дәл сәйкес жұмыстарды толық тапсырған жағдайда жұмыс орындалған болып саналады.

      5.8. Жобалаушы/Орындаушы орындалған жұмыстарды қабылдау/тапсыру кезінде Тапсырыс берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) егер жұмыстар Қазақстанда шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған жағдайда – белгіленген үлгіде "СТ-KZ" тауардың шығарылуы туралы сертификаттың түпнұсқасы немесе көшірмесі (не уәкілетті ұйым растаған).

      2) егер жұмыстар шетелде шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған болса - белгіленген тәртіппен шығарған елдің тиісті органы берген Тауардың шығуы туралы тиісті сертификаттың тұпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі.

      Ескерту. 5.8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5.9. Жобалаушы жобалау-сметалық құжаттаманың сапасына жауапты болады және жобаны кешенді ведомствадан тыс сараптамадан өткен уақытқа дейін, тіпті оның оң қорытындысын алғанға дейін алып жүреді.

      <№. Жаңа тармақ>

      6. Кепілдік. Сапа

      6.1. Жобалаушы Тапсырыс берушінің кешенді ведомствадан тыс сараптаманың оң қорытындысын алған күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде орындалған жұмыстардың сапасына кепілдік береді.

      6.2. Жобалаушы жұмыстардың жобалауға Тапсырыс беруші бекіткен тапсырмаға (сәулет-жоспарлау тапсырмасына, техникалық шарттарға) сәйкес және құрылысқа арналған жобалау-сметалық құжаттама жүйесінің халықаралық стандартының, конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесінің талаптарына және Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына сәйкес орындалатынына кепілдік береді.

      6.3. Жобалаушы кепілдік мерзімі шегінде табылған жұмыстардағы кемшіліктері үшін жауапты болады.

      <№. Жаңа тармақ>

      7. Тараптардың жауапкершілігі

      7.1. Тараптар осы Шарт шеңберінде өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

      7.2. Секвестрлеу және/немесе тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотында/есеп шотында мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақша жеткіліксіз болған жағдайларды қоспағанда, егер Тапсырыс беруші Жобалаушыға/Орындаушыға Шартта көрсетілген мерзімде өзіне тиесілі қаражатты төлемесе, онда Тапсырыс беруші Жобалаушыға/Орындаушыға кешіктірілген әрбір күн үшін тиесілі соманың 0,1% (нөл бүтін бір) мөлшерінде ұсталған төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдың) жалпы сомасы шарттың жалпы сомасының 10% аспауы тиіс.

      7.3. Жұмыстарды орындау мерзімдері кешіктірілген жағдайда, Тапсырыс беруші Жобалаушыдан/орындаушыдан мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1% (нөл бүтін бір) мөлшерінде Жобалаушы/Орындаушы міндеттемелерді толық орындамаған жағдайда тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстап қалады (өндіріп алады) не міндеттемелерді тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда әрбір мерзімі өткен күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстап қалады (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) жалпы сомасы шарттың жалпы сомасының 10% аспауы тиіс.

      7.4. Жобалаушы/Орындаушы жұмыстарды орындаудан бас тартқан немесе шарт бойынша жұмыстарды орындау мерзімі аяқталған күннен бастап бір айдан астам мерзімге жұмыстарды орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда, бірақ шарттың қолданылу мерзімінің аяқталу мерзімінен кешіктірмей Тапсырыс беруші Жобалаушыдан/Орындаушыдан мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1% (нөл бүтін бір) мөлшерінде тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасын өндіріп ала отырып, осы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы.

      Бұл ретте Тапсырыс беруші барлық орындалған (қабылданған) жұмыстардың құны үшін ақы төлейді.

      7.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

      7.6. Егер кез келген өзгеріс шарт бойынша жұмыстарды орындау үшін Жобалаушыға/Орындаушыға қажетті құнның немесе мерзімдердің азаюына әкеп соқтырса, онда шарттың сомасы немесе жұмыстарды орындау кестесі немесе және т.б. тиісті түрде түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Жобалаушының/Орындаушының түзетуді жүргізуге барлық сұратулары Жобалаушы/Орындаушы Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкімді алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуы тиіс.

      7.7. Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Жобалаушының/Орындаушының осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық не ішінара беруіне жол берілмейді.

      7.8. Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда Жобалаушы/Орындаушы Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы жобалы шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы жобалаушылардың болуы Жобалаушыны/Орындаушыны шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.

      Қосалқы жобалаушыларға жұмыстарды орындау үшін берілуі мүмкін жұмыстардың шекті көлемі Орындалатын жұмыстардың жиынтығында бір екінші көлемінен аспауы тиіс.

      Бұл ретте қосалқы жобалаушының жүргізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау көлемін өзге қосалқы жобалаушының беруіне тыйым салынады.

      Жұмыстарды орындайтын адамдарға, Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы жобалаушыларды тартуға жол берілмейді.

      7.9. Жобалаушының/Орындаушының осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауына байланысты шарт бұзылған жағдайда Тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды17.

      <N. Жаңа тармақ>

      8. Шарттың қолданылу мерзімі және бұзу талаптары

      8.1. Шарт <Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркегеннен кейін/қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және <қолданылу мерзімі> жыл бойынша әрекет етеді.

      8.2. Келесі оқиғалар жұмыстардың ұзақтығы мерзімдерін олардың ұлғаю бөлігінде өзгертуге әкеп соғады:

      1) Тапсырыс беруші объектінің барлық учаскелерін пайдалануға тыйым салады, бұл өз кезегінде жұмыстардың орындалуын кідіртуге әкеп соғады.;

      2) Тапсырыс беруші Жобалаушыға/Орындаушыға Шартта жоспарланбаған сынақтар жүргізу үшін жұмыстарды тоқтатуға нұсқау береді. Бұл ретте, егер осы сынақтар ақаулар анықталмаса, онда жұмыс өндірісін тоқтату уақыты жұмыстарды орындау мерзіміне қосылады;

      3) Тапсырыс беруші техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстарға бастапқы деректерімен жобалауға тапсырма беруді кідіртеді.

      8.3. Тапсырыс беруші немесе Жобалаушы/Орындаушы, егер екінші Тарап Шартта көзделген қағидатты талаптардан айыратын Шарт талаптарын елеулі түрде бұзса, Шартта көрсетілген мерзімге дейін Шартты бұза алады. Шарттың талаптарын елеулі түрде бұзу мыналарды қамтиды, бірақ санамаланғандармен шектелмейді:

      1) Егер Жобалаушы/Орындаушы жұмысты орындау мерзімін бірнеше рет бұзса, Тапсырыс беруші Шартты бұза алады;

      2) Жобалаушы/Орындаушы жұмысты <күн саны> күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұрады, бұл ретте Тапсырыс беруші тоқтауды санкцияламаған;

      3) Жобалаушы/Орындаушы Тапсырыс беруші айқындаған Негізделген уақыт кезеңі ішінде Тапсырыс беруші көрсеткен ақауларды жоймайды;

      4) Тапсырыс беруші Жобалаушыға/Орындаушыға жұмыс барысын кідіртуге нұсқау береді және мұндай нұсқаудың <күн саны> күн ішінде күші жойылмайды;

      5) Не Тапсырыс беруші, не Жобалаушы/Орындаушы банкроттыққа ұшыраса немесе оны қайта ұйымдастыруды немесе бірлестікті қоспағанда, қандай да бір себептер бойынша таратылса;;

      6) Жобалаушы/Орындаушы Техникалық Тапсырмада көрсетілген жұмыстарды жүргізу ережелерін, нұсқаулықтар мен ережелерді елемейді.

      8.4. Шарт тараптардың келісімі бойынша, оны одан әрі орындау орынсыз болған жағдайда бұзылуы мүмкін.

      Жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты Шарт жойылған кезде Жобалаушы/Орындаушы Шарт бойынша бұзуға байланысты іс жүзіндегі шығындар үшін, бұзылған күнге ақы төлеуді талап етуге құқылы.

      8.5. Мына фактілердің бірі анықталған жағдайда:

      1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзу анықталса;

      2) сатып алуды ұйымдастырушы Мердігерге/Орындаушыға Заңда көзделмеген жәрдемдерді көрсетсе;

      3) Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін жұмыстар орындалған жағдайларды қоспағанда, Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен Шартты жасасудан жалтарса мемлекеттік сатып алу туралы Шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін.

      Ескерту. 8.5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8.6. Егер шарт бұзылса, Жобалаушы/Орындаушы жұмысты дереу тоқтатады, объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және оны белгіленген тәртіппен Тапсырыс берушіге береді.

      9. Хабарлама

      9.1. Шартқа сәйкес бір Тарап екінші Тарапқа жіберетін кез келген хабарлама төленген тапсырыс хатпен немесе телеграф, телекс, факс, телефакс арқылы не веб-портал арқылы жіберіледі.

      9.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енудің көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) осы күндердің қайсысы кешірек болуына байланысты күшіне енеді.

      10. Форс-мажор

      10.1. Дүлей зілзалалар, әскери іс-қимылдар, эпидемиялар, ірі ауқымды ереуілдер, тікелей немесе жанама тыйым салатын, сондай-ақ Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауына кедергі келтіретін заңнамалық және үкіметтік актілердің күшіне енуге жататын форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда, олар өзіне алған міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Бұл ретте тарап форс-мажордың басталғаны туралы дереу жазбаша хабардар етуге тиіс. Олай болмаған жағдайда Тарап осы жағдайға сілтеме жасауға құқылы емес.

      10.2. Форс-мажорлық жағдайлар кезінде басқа тараптың өз міндеттемелерін орындамауынан залал шеккен Тарап одан осы оқиғалардың ауқымы туралы, сондай-ақ олардың қызметіне әсері туралы құзыретті органдар мен ұйымдар растаған құжаттық растама алуға құқылы.

      10.3. Форс-мажор жағдайында Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатылғаны туралы хабарлайды. Жобалаушы/ Орындаушы тоқтата тұру туралы хабарламаны алғаннан кейін қысқа мерзімде жұмысты тоқтата тұруды қамтамасыз етеді.

      10.4. Егер форс-мажорлық жағдай шарттың орындалуын бұзса, Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатылуын куәландырады. Жобалаушы/Орындаушы кідірту туралы хабарламаны алғаннан кейін қысқа мерзімде объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және жұмысты тоқтатады. Тапсырыс беруші Жобалаушыға объектіні тоқтату күніне дейін орындалған жұмыстардың барлық көлемі үшін және Объектіні консервациялауға байланысты жұмыстар үшін ақы төлейді.19

      11. Даулы мәселелерді шешу

      11.1. Тапсырыс беруші мен Жобалаушы/Орындаушы тікелей келіссөздер процесінде шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешу үшін барлық күш-жігерін жұмсауға тиіс.

      11.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Жобалаушы/Орындаушы Шарт бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселенің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуін талап ете алады.

      12. Басқа да шарттар

      12.1. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.

      12.2. Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасқан нысанда жасалады

      12.3. Жобалаушыны/орындаушыны таңдау үшін негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында жасалған Шартқа өзгерістер енгізуге жол беріледі:

      1) тараптардың өзара келісімі бойынша жұмыстардың бағасын және тиісінше Шарттың сомасын азайту бөлігінде;

      2) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, осы жұмыстардың жасалған Шартында көрсетілген жұмыс бірлігі үшін бағаның өзгермеуі жағдайында сатып алынатын жұмыстар көлеміне қажеттілікті азайтумен не арттырумен байланысты Шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде. Жасалған Шартты осылай өзгертуге осы мемлекеттік сатып алу20 бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі;

      жасалған Шартта көрсетілген жұмыс бірлігі үшін бағаның өзгермеуі жағдайында сатып алынатын жұмыстар көлеміне қажеттілікті азайтумен не арттырумен байланысты Шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде. Жасалған Шартты осылай өзгертуге осы мемлекеттік сатып алу21 бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі;

      3) Қазақстан Республикасының салық, кеден және басқа да заңнамасының өзгеруінен туындаған келесі (одан кейінгі) жылы (жылдары) аяқтау мерзімімен Шарттың сомасын азайту немесе ұлғайту бөлігінде;

      4) келесі (одан кейінгі) жылы (жылдары) аяқталу мерзімімен Шарттың сомасын азайту бөлігінде;

      5) жасалған шарттың сомасын өзгертпеу шартымен немесе жұмыстардың сметалық құны азайған жағдайда және кейіннен мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға (бар болса) тиісті өзгерістер енгізілсе, мемлекеттік бюджет есебінен жылдар бойынша қаржыландыру өзгерген жағдайда Шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде;

      6) тапсырыс берушінің және (немесе) Жобалаушының/Орындаушының лауазымдық тұлғасына қатысты Шартты орындауға байланысты қылмыстық іс қозғалған жағдайда Шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде өзгерістер енгізуге болады.

      12.4. Тараптардың біреуінің Шарт бойынша міндеттерін беруіне тек екінші Тараптың жазбаша келісімімен жол беріледі.

      12.5. Шарт веб-портал арқылы жасалған бірдей заңды күшіне ие қазақ және орыс тілінде жасалды.

      12.6. Шартта реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

      <№. Жаңа тармақ >

      13. Тараптардың деректемелері

Тапсырыс беруші

Өнім беруші:

< Тапсырыс берушінің толық атауы >< Тапсырыс берушінің толық заңды мекенжайы >БСН < Тапсырыс берушінің БСН >БСК < Тапсырыс берушінің БСК >ЖСК < Тапсырыс берушінің ЖСК >< Банктің атауы >Тел.: < Тапсырыс берушінің телефоны >< Тапсырыс берушінің лауазымы >< Тапсырыс берушінің ТАӘ >:

< Өнім берушінің толық атауы >< Өнім берушінің толық заңды мекенжайы > БСН/ССН/ТЕН <Өнім берушінің БСН/ССН/ТЕН> БСК Өнім берушінің БСК >БИК < Өнім берушінің ЖСК > < Банктің атауы >Тел.: < Өнім берушінің телефоны >< Өнім берушінің лауазымы >< Өнім берушінің ТАӘ >

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      БСК – банктік сәйкестендіру коды;

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушінің есепке алу нөмірі;

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
20-2-қосымша

Құрылыспен байланысты емес жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт

      Ескерту. Қағида 20-2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      <Сәйкестендіру нөмірі >

      <Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>

      "Тапсырыс берушінің лауазымы" атынан әрекет ететін бұдан әрі "Тапсырыс беруші деп аталатын <Тапсырыс берушінің толық атауы> "Тапсырыс берушінің негіздемесі" негізінде әрекет ететін <Тапсырыс берушінің ТАӘ> бір тараптан және "Өнім берушінің лауазымы" атынан әрекет ететін бұдан әрі "Мердігер/Орындаушы" деп аталатын <"Өнім берушінің толық атауы"> екінші тараптан <"Өнім берушінің негіздемесі"> негізінде әрекет ететін Өнім берушінің ТАӘ, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және "қорытындылардың күні" № "қорытындылардың нөмірі" "сатып алу тәсілі" тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде осы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегі туралы келісімге келді:

      1. Ұғымдар мен айқындамалар

      1.1. Осы Шартта төменде тізбеленген ұғымдар мынадай мағынаға ие:

      1) Мердігер/Орындаушы – Тапсырыс берушімен жасалған Шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға, сондай-ақ, консорциум (Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларда);

      2) қосалқы мердігер – Шарт бойынша жұмыстардың бір бөлігін орындауға Мердігермен/орындаушымен шарты және (немесе) келісімі бар тұлға немесе ұйым;

      3) объекті – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жұмысты орындауға жататын деп анықтаған және Мердігер Шартта көзделген түрде Тапсырыс берушіге беретін ғимарат, құрылыс;

      4) учаске – Объектінің жұмыстарды орындауға немесе жұмыстарды өндіруге бөлінген аумақ;

      5) уақытша құрылымдар – Объектінің жұмысын орындау үшін қажетті, тұрғызылатын, орнатылатын және Объектінің жұмысы орындалғаннан кейін Мердігер алып тастайтын барлық уақытша ғимараттар мен құрылымдар.

      <n) жаңа тармақша>

      2. Шарттың мәні

      2.1. Мердігер/Орындаушы осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оған қосымшаларда көрсетілген шарттарға, талаптарға сәйкес және баға бойынша жұмысты (жұмыстарды) орындауға міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші орындалған Жұмысты (Жұмыстарды) қабылдауға және Мердігер/Орындаушы Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған кезде ол үшін осы Шарттың талаптарында ақы төлеуге міндетті.

      <Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <1-ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>;

      <Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <N ерекшелігі бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>.

      2.2. Жұмыстар - <сатып алу сипаттамасы> Жобасы бойынша орындалады, онда <объектінің орналасқан жері> бар.

      Бас жобалаушы - <Бас жобалаушының аты>.

      2.3. Төменде тізбеленген құжаттар және оларда айтылған шарттар осы Шартты құрады және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:

      1) осы Шарт;

      2) сатып алынатын жұмыстарды орындау шарты (1-қосымша);

      3) техникалық ерекшелігі (2-қосымша);

      4) консорциялық келісім (Консорциуммен шарт жасасқан жағдайда).

      Ескерту. 2.3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.01.2020 № 92 (01.02.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары

      3.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа № 1 қосымшамен анықталады және "шарттың сомасы" (сома жазу үлгісімен) теңгені құрайды және Жұмыстарды орындаумен байланысты болатын барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, <оның ішінде ҚҚС-ты <ҚҚС сомасын> теңге>/ҚҚС-сыз (бұдан әрі – Шарттың сомасы) қамтиды.

      3.2. Аумақтық қазынашылық органында Шарт < Бағдарламаның коды мен атауы> бюджеттік бағдарламасы, <Кіші бағдарламаның коды мен атауы> кіші бағдарламасы, <ерекшеліктің коды мен атауы> ерекшелігі бойынша - <ерекшелігі бойынша сомасы> (ерекшелік бойынша сомасы жазумен) теңге, <оның ішінде ҚҚС> <ҚҚС сомасы> теңге/<ҚҚС есепке алусыз> <_____> жылға тіркеуге жатады.

      3.3. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның10 26-бабына сәйкес соманы енгізгеннен кейін №1 қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлемді жүргізеді.

      Қалған соманы Тапсырыс беруші Мердігердің/Орындаушының <ақы төлеу шарты> есепшотына ақшалай қаражатты аудару жолымен, бұдан бұрын төленген авансты11 тепе-тең ұстап қалумен Тараптар Орындалған жұмыстардың актісіне қол қойған күннен бастап, күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей төлейді.

      Орындалған жұмыс үшін төлемді <төлем шарты> Тапсырыс беруші Тараптар орындаған жұмыстардың актісіне қол қойған күнінен бастап, 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Мердігердің/Орындаушының есеп айырысу шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүргізеді.

      3.4. Орындалатын жұмыстардың көлемі Шартқа 1-қосымшада айтылған.

      3.5. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:

      1) <аумақтық қазынашылық органында тіркелген/қол қойылған> Шарт;

      2) орындалған жұмыстардың актісі (актілері)30;

      3) осы Қағидаларға 22-5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту үлесі бойынша есеп;

      4) Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге ұсынған орындалған жұмыстардың жалпы сомасын сипаттай, көрсете отырып, шот-фактура.

      4. Тараптардың міндеттемелері

      4.1. Мердігер/Орындаушы:

      1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;

      2) Шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде <сома> теңгеге тең Шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және <сома> теңгеге тең Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Шарт мәндері бойынша көзделген аванс мөлшерлерін, сондай-ақ <сома> теңгеге12 тең Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізуге міндеттенеді, бұл жалпы алғанда мынадай:

      мемлекеттік сатып алу веб-порталында (бұдан әрі – веб-портал) растау құжатының көшірмелерін орналастыра отырып, Тапсырыс берушінің № <кепілдік жарнасына арналған шот> банктік шотына <қала> қаласы бойынша <банктің атауына> кепілді ақшалай жарна;

      не:

      Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларына 22-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік13.

      Бұл ретте Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын Мердігер/Орындаушы Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін ол Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін;

      3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде орындалатын Жұмыстардың Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етуге;

      4) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың талаптарын орындау үшін Мердігер/Орындаушы тартқан персоналды қосқанда, оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс;

      5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз жоғарыда тізбеленген құжаттарды және ақпаратты Шартты жүзеге асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;

      6) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;

      7) Мердігердің/Орындаушының Шарт талаптарын тиісінше орындамауымен және/немесе өзге заңсыз іс-әрекеттермен келтірген шығындарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге міндеттенеді;

      8) Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген орындалған жұмыстар актісін жіберу және ресімдеуге;

      9) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісін бекіткеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазуға.

      4.2. Мердігер/Орындаушы:

      1) Шарт бойынша орындалған Жұмыстар үшін тапсырыс берушіден ақы төлеуді талап етуге;

      2) Тапсырыс берушімен орындау мерзімін алдын ала келісе отырып, шартқа № 1 қосымшада көрсетілген Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындауға құқылы;

      4.3. Тапсырыс беруші:

      1) Жұмыстарды орындау үшін Мердігер/Орындаушы мамандарының кіруін қамтамасыз етуге;

      2) орындалған Жұмыстардың сәйкес келмеуі анықтаған кезде дереу жазбаша Мердігерді/Орындаушыны хабардар етуге;

      3) Жұмыстарды қабылдау кезінде веб-портал арқылы орындалған жұмыстар актісін бекітуге не Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 426-4-тармағында белгіленген мерзімде оның қабылданбауына дәлелді негіздемелерді көрсете отырып жұмысты қабылдаудан бас тартуға;

      3-1) орындалған жұмыстар актісі бекітілгеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйелері арқылы электрондық нысанда Мердігер жазған шот-фактураны қабылдауға;

      4) осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде ақы төлеуді жүргізуге.

      4.4. Тапсырыс беруші:

      1) орындалған Жұмыстардың сапасын тексеруге;

      2) Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындаған жағдайда Тапсырыс беруші Шарттың талаптарына сәйкес жұмыстарды мерзімінен бұрын қабылдауға және оған ақы төлеуге құқылы. Жұмыстарды қабылдау мүмкіндігі болмаған жағдайда оны мерзімінен бұрын орындаудан бас тартуға жол беріледі.

      5. Жұмыстардың техникалық ерекшелікке және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін тексеру

      5.1. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері техникалық ерекшелікте және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамада (Шартқа 2-қосымша) көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тұрғысында орындалған жұмыстарды бақылауды және тексеруді жүргізуі мүмкін. Бұл ретте осы тексерулер бойынша барлық шығыстарды Мердігер/Орындаушы тартады. Тапсырыс беруші осы мақсаттар үшін анықталған өзінің өкілдері туралы Мердігерді/Орындаушыны жазбаша түрде уақтылы хабардар етуі тиіс.

      5.2. Осы Шарт шеңберінде орындалатын жұмыстар техникалық ерекшелікте және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген стандарттарға сәйкес келуі немесе олардан жоғары болуы тиіс.

      5.3. Егер орындалған Жұмыстардың нәтижелері тексеру кезінде техникалық ерекшелік және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама талаптарына (Шартқа 2-қосымша) сәйкес келмейді деп танылса, Мердігер/Орындаушы тексеру сәтінен бастап <сәйкессіздіктерді жою мерзімі> ішінде Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығындарсыз техникалық ерекшелік және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама талаптарына сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.

      5.4. Жұмыстардың техникалық ерекшелікке және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келуін тексеру кезінде Тапсырыс берушінің инспекторларына Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығындарсыз сызбалар мен өндірістік ақпаратқа қол жеткізуді қоса алғанда, барлық құралдар беріледі және жәрдем көрсетілетін болады.

      5.5. Жоғарыда көрсетілген тармақтың біреуі де Мердігерді/Орындаушыны Шарт бойынша басқа міндеттемелерден босатпайды.

      <N. Жаңа тармақ>.

      6. Жұмыстарды тапсыру және қабылдап алу тәртібі

      6.1. Жұмыс орындалды деп саналады Өнім берушінің Жұмыстарды осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға толық сәйкестікте Тапсырыс берушіге толық тапсырған жағдайда орындалды деп саналады.

      6.2. Мердігер/Орындаушы орындалған жұмыстарды қабылдап алу/тапсыру кезінде Тапсырыс берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) егер жұмыстар Қазақстанда шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған жағдайда – белгіленген үлгіде "СТ-KZ" тауардың шығарылуы туралы сертификаттың түпнұсқасы немесе көшірмесі (не уәкілетті ұйым растаған).

      2) егер жұмыстар шетелде шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған болса - белгіленген тәртіппен шығарған елдің тиісті органы берген Тауардың шығуы туралы тиісті сертификаттың тұпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі.

      Ескерту. 6.2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Кепілдік. Сапа

      7.1. Мердігер Тапсырыс берушіге Шарт бойынша Жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылатын материалдар мен жабдықтардың техникалық ерекшеліктерге және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама сәйкес болуына, Жұмыстар оның сапасын техникалық ерекшеліктің және (немесе) жобалау-сметалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін деңгейге дейін төмендететін ақауларсыз орындалатынына кепілдік береді. Осы талаптарға сәйкес келмейтін Жұмыстар, оның ішінде жеткіліксіз негізделген және рұқсатсыз өзгертілген жұмыс ақаулы деп танылады. Мердігер (қосалқы Мердігер) жүзеге асырмаған пайдалану, түрлендіру ережелерін бұзу, дұрыс ұстамау немесе жеткіліксіз техникалық қызмет көрсету себебінен, сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезінде оның ұйғарынды тозуы немесе бүлінуі себебінен залалды өтеу немесе түзету Мердігер беретін кепілдіктерге кірмейді. Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша Мердігер материалдар мен жабдықтардың сапасының техникалық ерекшеліктерге және/немесе жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес келетінін куәландыратын құжаттарды беруге тиіс14.

      Орындаушы Тапсырыс берушіге Шарт бойынша жұмыстарды орындау нәтижелері кезінде пайдаланылатын материалдар мен жабдықтардың техникалық ерекшеліктерге және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама сәйкес болуына, Жұмыстар оның сапасын техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтін деңгейге дейін төмендететін ақауларсыз орындалатынына кепілдік береді. Осы талаптарға сәйкес келмейтін Жұмыстар, оның ішінде жеткіліксіз негізделген және рұқсатсыз өзгертілген жұмыс ақаулы деп танылады. Орындаушы (қосалқы Мердігер) жүзеге асырмаған пайдалану, түрлендіру ережелерін бұзу, дұрыс ұстамау немесе жеткіліксіз техникалық қызмет көрсету себебінен, сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезінде оның ұйғарынды тозуы немесе бүлінуі себебінен залалды өтеу немесе түзету Орындаушы беретін кепілдіктерге кірмейді. Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша Орындаушы материалдар мен жабдықтардың сапасының техникалық ерекшеліктерге және/немесе жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес келетінін куәландыратын құжаттарды беруге тиіс15.

      7.2. Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге пайдалануға кепілдікті <кепілдік мерзімі>мерзіміне береді.

      7.3. Мердігер/Орындаушы орындалған Жұмыстарды және Жұмыстарға байланысты барлық материалдарды, жабдықтарды, ресурстарды және өзге де позицияларды жаңбырға, су тасқынына, аязға, өртке, ұрлауға және өзге де себептерге байланысты зиянның, зақымданудың, жойылудың барлық түрлерінен қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.

      Мердігер/Орындаушы өзінің жұмыстарын жүргізу кезінде жоба бойынша басқа жұмыстарды, сондай-ақ Тапсырыс берушіге тиесілі меншікті және оған тиесілі құрылыстарды қандай да бір зақымдану түрлерінен және жолды, ғимараттарды, материалдардың қоймаларын және жылжымалы және жылжымайтын мүліктің өзге де түрлерін қоса алғанда (бірақ, онымен шектеліп қоймай) басқа да себептерден қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Мердігер/Орындаушы жоғарыда айтылғандарға байланысты шеккен барлық шығындар Тапсырыс берушінің тарапынан қосымша өтелуге жатпайды.

      <N. Жаңа тармақ>

      8. Тараптардың жауапкершілігі

      8.1. Тараптар өз міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда осы Шарт шеңберінде барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

      8.2. Секвестр және/немесе мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың тиісті бюджеттердің қолма-қол бақылау шотында/есеп шотында ақшаның жеткіліксіз болған жағдайларын есептемегенде, егер Тапсырыс беруші Мердігерге/Орындаушыға оған тиесілі қаражатты Шартпен қаралған мерзімдерде төлемесе, онда Тапсырыс беруші Мердігерге/Орындаушыға кешіктірілген әр кешіктірілген күн үшін тиесілі сомадан кешіктірлегн төлемнің 0,1% (нөл бүтін бір) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасынан 10% артпауы тиіс.

      8.3. Жұмыстардың орындау мерзімі өткен жағдайда, Тапсырыс беруші Мердігер/Орындаушыдан әр кешіктірілген күн үшін шарттың жалпы сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өтеп алады), Мердігер/Орындаушы міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда немесе міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындау) жағдайда әр кешіктірілген күн үшін орындалмаған міндеттемелердің сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өтеп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімақы) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасынан 10% артпауы тиіс.

      8.4. Мердігер/Орындаушы Жұмыстарды орындаудан бас тартқан немесе Шарт бойынша Жұмыстарды орындау мерзімі өткен күннен бастап бір айдан астам мерзімде, бірақ Шарттың қолданылуы аяқталу мерзімінен кешіктірмей Жұмыстарды орындау мерзімін кешіктірген жағдайда, Мердігерден/Орындаушыдан мерзімін кешіктірген әр күн үшін Шарттың жалпы сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) өндіре отырып, осы Шартты біржақты тәртіпте бұзуға құқығы бар.

      Бұл ретте Тапсырыс беруші барлық орындалған (қабылданған) Жұмыстардың құнына төлем жүргізеді.

      8.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеуосы Шартта көзделген міндеттерді орындаудан Тараптарды босатпайды.

      8.6. Кез келген өзгеріс Шарт бойынша Жұмыстарды орындау үшін Мердігерге/Орындаушыға қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына әкелетін болса, Шарттың сомасы немесе Жұмыстарды орындау кестесі, немесе екеуіне де сәйкес түрде түзетулер енгізіледі, ал Шартқа сәйкес түзетулер енгізіледі. Мердігердің/Орындаушылардың түзетулерді жүргізу туралы барлық сұранымдары Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы тапсырма алған күннен 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуы тиіс.

      8.7. Мердігердің/Орындаушының Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін біреуге толықтай да, ішінара да беруіне жол берілмейді.

      8.8. Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда, Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы мердігерлердің болуы Мердігерді/Орындаушыны Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.

      Жұмыстарды орындау үшін қосалқы мердігерлерге берілуі мүмкін жұмыстардың шекті көлемдері жиынтығында орындалатын жұмыстардың екіден бір көлемінен аспауға тиіс.

      Бұл ретте қосалқы мердігерлерге өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге беруге тыйым салынады.

      Жұмыстарды орындайтын Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлерді тартуға жол берілмейді16.

      8.9. Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша Мердігер/Орындаушы өз міндеттемелерін орындамауына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзған жағдайда оның орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды17.

      <N. Жаңа тармақ>

      9. Шарттың қолданылу мерзімі және бұзылу талаптары

      9.1. Шарт <Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін/қол қойған күннен бастап> күшіне енеді және <қолдану мерзімі> жылға дейін қолданылады.

      9.2. Мынадай оқиғалар өзінен кейін олардың ұлғаюы бөлігінде:

      1) Тапсырыс беруші Объектінің барлық учаскелерін пайдалануға тыйым салады, ол өз кезегінде Жұмыстарды орындауды кешіктіруге әкеп соғады.

      2) Тапсырыс беруші Шартта жоспарланбаған сынақтарды жүргізу үшін жұмыстарды тоқтатуға Мердігер/Орындаушыға нұсқау береді. Бұл ретте, егер бұл сынақтар ақауларды анықтамаса, онда Жұмыстарды өндіру тоқтатылған уақыт Жұмыстарды орындау мерзіміне қосылады;

      3) Тапсырыс беруші дәлелдеу техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу және жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттама әзірлеу жөніндегі жұмыстарға бастапқы деректермен жобалауға Тапсырма беруді кідіртеді;

      9.3. Егер басқа тарап Шарттың талаптарын Шартта көзделген қағидатты талаптардан айыратындай елеулі бұзушылық жасаған болса, Тапсырыс беруші немесе Мердігер/Орындаушы Шартта көрсетілген мерзімге дейін Шартты бұза алады. Шарттың талаптарын елеулі бұзу өзіне мыналарды қамтиды, бірақ тізбеленгенмен шектеліп қалмайды:

      егер Мердігер/Орындаушы Жұмыстарды орындау мерзімін бірнеше рет бұзса, Тапсырыс беруші Шартты бұза алады;

      2) Мердігер/Орындаушы "күн саны" күнге дейін Жұмыстарды тоқтата тұрады, бұл ретте тоқтатуға Тапсырыс берушінің рұқсаты болмаса;

      3) Мердігер/Орындаушы Тапсырыс беруші айқындаған негізделген уақыт кезеңі ішінде Тапсырыс беруші көрсеткен Ақауларды жоймаса;

      4) Тапсырыс беруші Мердігерге/Орындаушыға Жұмыстар барысын кідіртуге нұсқау берсе және осындай нұсқау "күн саны" күн ішінде күшін жоймаса;

      5) не Тапсырыс беруші, не Мердігер/Орындаушы оның қайта ұйымдастырылуын немесе бірлесуін қоспағанда, банкротқа ұшыраса немесе қандай да бір себептермен таратылса;

      6) Мердігер/Орындаушы жобалау құжаттамасында және (немесе) шарттық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды жүргізу қағиадаларын, нұсқаулықтары мен ережелерін ескермейтін болса.

      9.4. Шарт, оны одан әрі орындау орынсыз болған жағдайда тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.

      Шарт жоғарыда көрсетілген жағдаяттар себебінен жойылған кезде, Мердігер/Орындаушы Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзу күніндегі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.

      9.5. Мына фактілердің бірі анықталған жағдайда:

      1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзу анықталса;

      2) сатып алуды ұйымдастырушы Мердігерге/Орындаушыға Заңда көзделмеген жәрдемдерді көрсетсе;

      3) Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін жұмыстар орындалған жағдайларды қоспағанда, Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен Шартты жасасудан жалтарса мемлекеттік сатып алу туралы Шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін.

      Ескерту. 9.5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9.6. Егер Шарт бұзылса Мердігер дереу жұмысты тоқтатады, Объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және белгіленген тәртіппен оны Тапсырыс берушіге береді.

      9.7. Егер Мердігердің Шарт талаптарын елеулі бұзуы себебінен Шарт бұзылатын болса, Объектідегі барлық материалдар мен Жабдық, сондай-ақ уақытша құрылымдар мен орындалған жұмыстары Тапсырыс берушінің меншігі болып саналады және Шартты бұзуға байланысты қаржылық талқылаулар шешілгенге дейін оның билігінде болады.

      10. Хабарлама

      10.1. Бір тарап екінші тарапқа жолдайтын кез келген хабарлама Шартқа сәйкес төленген тапсырыс хатымен немесе телеграф, телекс, факс, телефакс бойынша не веб-портал арқылы жіберіледі.

      10.2. Күндердің қайсысы кешірек болуына байланысты хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енудің көрсетілген күні (хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді.

      11. Форс-мажор

      11.1. Егер дүлей апат, әскери іс-қимылдар, эпидемия, ірі ауқымды ереуілдер, тікелей немесе жанама түрде тыйым салатын, сондай-ақ осы Шарт бойынша тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі болатын заңнамалық және үкіметтік актілердің күшіне енуі жататын форс-мажорлық жағдаяттар туындаған жағдайда, өзіне алған міндеттемелерді орындау үшін жауапкершіліктен босатылады. Бұл ретте, тарап форс-мажор басталғаны туралы жазбаша түрде дереу хабарлауға тиіс. Олай болмаған жағдайда бұл жағдаятқа сілтеме жасауға құқығы жоқ.

      11.2. Форс-мажор жағдаяттары кезінде екінші тараптың өз міндеттемелерін орындамауына байланысты шығынға ұшыраған тарап осы оқиғалардың ауқымы туралы, сондай-ақ оның қызметіне тигізген әсері туралы құзыретті органдар мен ұйымдар растаған құжаттамалық дәлелдерді одан алуға құқығы бар.

      11.3. Форс-мажор жағдайында Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатыла тұрғаны туралы хабарлайды. Мердігер/Орындаушы тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейін қысқа мерзімде Жұмыстардың тоқтатыла тұруын қамтамасыз етеді.

      11.4. Егер форс-мажор жағдаяты Шарттың орындалуын бұзатын болса, Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатыла тұруын куәландырады. Мердігер тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейін қысқа мерзімде Объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және жұмыстарды тоқтатады. Тапсырыс беруші Мердігерге Объектіні тоқтатқан күнге дейін орындалған жұмыстардың барлық көлемі үшін және Объектіні18 консервациялауға байланысты жұмыстар үшін ақы төлеуді жүргізеді.

      12. Даулы мәселелерді шешу

      12.1. Тапсырыс беруші мен Мердігер/Орындаушы Шарт бойынша немесе соған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.

      12.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Шарт бойынша дауды Тапсырыс беруші мен Мердігер/Орындаушы бейбіт жолмен шеше алмайтын болса, тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

      13. Басқа да шарттар

      13.1. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.

      13.2. Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасқан нысанда жасалады.

      13.3. Өнім жеткізушінің таңдауы үшін негіз болып табылатын сапаның өзгермеуі мен басқа жағдайларда жасалған Шартқа:

      1) жұмыстардың бағасын және тиісінше Шарттың сомасын азайту бөлігінде тараптардың өзара келісім бойынша;

      2) мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қабылданған мұндай өзгерістердің сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса Шарттың сомасын көбейту бөлігінде;

      3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, осы жұмыстардың жасалған Шартында көрсетілген жұмыс бірлігі үшін бағасы өзгертпеу шартымен, сатып алынатын жұмыстар көлеміне қажеттілікті азайтумен не арттырумен байланысты Шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде. Жасалған Шартты осылай өзгерту осы мемлекеттік сатып алу19 бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі.

      Осы жұмыстардың жасалған Шартында көрсетілген жұмыс бірлігі үшін бағасы өзгертпеу шартымен, сатып алынатын жұмыстар көлеміне қажеттілікті азайтумен не арттырумен байланысты Шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде. Жасалған Шартты осылай өзгерту осы мемлекеттік сатып алу20 бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі.

      4) Қазақстан Республикасының салық, кеден және басқа да заңнамасының өзгеруінен туындаған келесі (одан кейінгі) жылы (жылдары) аяқтау мерзімімен Шарттың сомасын азайту немесе ұлғайту бөлігінде;

      5) келесі (одан кейінгі) жылы (жылдары) аяқталу мерзімімен Шарттың сомасын азайту бөлігінде;

      6) жасалған шарттың сомасын өзгертпеу шартымен немесе жұмыстардың сметалық құны азайған жағдайда және кейіннен мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға (бар болса) тиісті өзгерістер енгізілсе, мемлекеттік бюджет есебінен жылдар бойынша қаржыландыру өзгерген жағдайда Шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде;

      7) тапсырыс берушінің және (немесе) Мердігердің/Орындаушының лауазымдық тұлғасына қатысты Шартты орындауға байланысты қылмыстық іс қозғалған жағдайда Шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде өзгерістер енгізуге болады.

      13.4. Шарт бойынша бір Тараптың міндеттемелерін беруге екінші Тараптың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.

      13.5. веб-портал арқылы жасалған Шарт, бірдей заңдық күші бар қазақ және орыс тілдерінде жасалды.

      13.6. Шартпен реттелмеген бөлігінде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

      <N.Жаңа тармақ>

      14. Тараптардың деректемелері

Тапсырыс беруші
< Тапсырыс берушінің толық атауы>< Тапсырыс берушінің толық заңды мекенжайы> БСН < Тапсырыс берушінің БСН-і> БСК< Тапсырыс берушінің БСК-сі> ЖСК< Тапсырыс берушінің ЖСК-сі><Банктің атауы> Тел.: <Тапсырыс берушінің телефоны><Тапсырыс берушінің лауазымы><Тапсырыс берушінің ТАӘ>

Өнім беруші
<Өнім берушінің толық атауы> <Өнім берушінің толық заңды мекенжайы> БСН/ЖСН/ТЕН <Өнім берушінің БСН/ЖСН/ТЕН-і> БСК <Өнім берушінің БСК-сі> ЖСК<Өнім берушінің ЖСК-сі> <Банктің атауы> Тел.: <Өнім берушінің телефоны> <Өнім берушінің лауазымы><Өнім берушінің ТАӘ>

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      БСК – банктік сәйкестендіру коды;

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі;

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      Т.А.Ә. – аты-жөні.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
20-3-қосымша

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      20-3-қосымша 31.12.2020 дейін қолданыста болады

Түркістан қаласының құрылысы бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт

      Ескерту. 20-3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 18.09.2019 № 1018 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 31.12.2020 дейін қолданылады) бұйрығымен.

      <Сәйкестендіру нөмірі >

      <Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>

      <Тапсырыс берушінің лауазымы> атынан әрекет ететін бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын <Тапсырыс берушінің толық атауы> <Тапсырыс берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Тапсырыс берушінің ТАӘ> бір тараптан және "Өнім берушінің лауазымы" атынан әрекет ететін бұдан әрі "Мердігер/Орындаушы" деп аталатын <Өнім берушінің толық атауы> екінші тараптан <Өнім берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін Өнім берушінің ТАӘ, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және <қорытындылардың күні> № <қорытындылардың нөмірі> <сатып алу тәсілі> тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде осы Түркістан қаласының құрылысы бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегі туралы келісімге келді:

      1. Ұғымдар мен айқындамалар

      1.1. Осы Шартта төменде тізбеленген ұғымдар мынадай мағынаға ие:

      1) Бас мердігер (бұдан әрі – Мердігер) – Тапсырыс берушімен жасалған Шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға, сондай-ақ, консорциум (Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларда);

      2) қосалқы мердігер – Шарт бойынша жұмыстардың бір бөлігін орындауға Мердігермен/Орындаушымен шарты және (немесе) келісімі бар тұлға немесе ұйым;

      3) техникалық қадағалаушы – мердігерлік жұмыстарды Мердігердің Шарттың ережелеріне сәйкес орындауы жөніндегі бақылауды жүзеге асыруға Тапсырыс беруші тағайындаған және Мердігерге хабарланған тұлға;

      4) объекті – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Мердігердің Шартта көзделген түрде салуға, қайта жаңартуға және Тапсырыс берушіге беруге тиіс деп анықтаған ғимарат, құрылым;

      5) учаске – Объект құрылысын салуға немесе жұмыстарды жүргізуге бөлінген аумақ;

      6) уақытша құрылымдар – Объектінің құрылысын салу мен жөндеу үшін қажетті, тұрғызылатын, орнатылатын және Объектінің құрылысын салуды аяқтағаннан кейін Мердігер алып тастайтын барлық уақытша ғимараттар мен құрылымдар.

2. Шарттың мәні

      2.1. Мердігер/Орындаушы осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оған қосымшаларда көрсетілген шарттарға, талаптарға сәйкес және баға бойынша жұмысты (жұмыстарды) орындауға міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші орындалған Жұмысты (Жұмыстарды) қабылдауға және Мердігер/Орындаушы Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған кезде ол үшін осы Шарттың талаптарында ақы төлеуге міндетті.

      <Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша – <1-ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>;

      ерекшелігі бойынша – 7.

      2.2. Жұмыстар – <сатып алу сипаттамасы> Жобасы бойынша орындалады, онда <объектінің орналасқан жері> бар.

      Бас жобалаушы – 8.

      2.3. Төменде тізбеленген құжаттар және оларда айтылған шарттар осы Шартты құрады және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:

      1) осы Шарт;

      2) сатып алынатын жұмыстардың тізбесі (1-қосымша);

      3) консорциялық келісім (Консорциуммен Шарт жасасқан жағдайда);

      <n) жаңа тармақша>

3. Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары

      3.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа № 1 қосымшамен анықталады және "шарттың сомасы" (сома жазу үлгісімен) теңгені құрайды және Жұмыстарды орындаумен байланысты болатын барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, <оның ішінде ҚҚС-ты <ҚҚС сомасын> теңге>/ҚҚС-сыз (бұдан әрі – Шарттың сомасы) қамтиды.

      3.2. Аумақтық қазынашылық органында Шарт < Бағдарламаның коды мен атауы> бюджеттік бағдарламасы, <Кіші бағдарламаның коды мен атауы> кіші бағдарламасы, <ерекшеліктің коды мен атауы> ерекшелігі бойынша –<ерекшелігі бойынша сомасы> (ерекшелік бойынша сомасы жазумен) теңге, <оның ішінде ҚҚС> <ҚҚС сомасы> теңге/<ҚҚС есепке алусыз> <_____> жылға тіркеуге жатады.

      3.3. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның10 26-бабына сәйкес соманы енгізгеннен кейін № 1 қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлемді жүргізеді.

      Қалған соманы Тапсырыс беруші Мердігердің/Орындаушының есепшотына ақшалай қаражатты аудару жолымен, бұдан бұрын төленген авансты11 тепе-тең ұстап қалумен Тараптар Орындалған жұмыстардың актісіне қол қойған күннен бастап, күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей төлейді.

      Орындалған жұмыс үшін төлемді <төлем шарты> Тапсырыс беруші Тараптар орындаған жұмыстардың актісіне қол қойған күнінен бастап, 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Мердігердің/Орындаушының есеп айырысу шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүргізеді.

      Егер құрылысқа байланысты жұмыстарды бір қаржы жылының шеңберінде орындаған жағдайда Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстарды аяқтағаннан және Тапсырыс беруші объектіні пайдалануға қабылдау туралы актіні қазынашылық органға тапсырғаннан кейін <сомасы> мөлшерінде осы шарт сомасының қалған 5%-ын төлейді.

      Егер құрылысқа байланысты жұмыстарды орындаудың мерзімі бір қаржылық жылынан асатын болса Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстарды аяқтағаннан және Тапсырыс беруші объектіні құрылысты аяқтаудың соңғы жылында пайдалануға қабылдау туралы актіні қазынашылық органға тапсырғаннан кейін <сомасы> мөлшерінде осы шарт сомасының қалған 5%-ын төлейді.

      3.4. Орындалатын жұмыстардың көлемі Шартқа 1-қосымшада айтылған.

      3.5. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:

      1) <аумақтық қазынашылық органында тіркелген/қол қойылған> Шарт;

      2) орындалған жұмыстардың актісі (актілері)30;

      3) осы Қағидаларға 22-5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту үлесі бойынша есеп;

      4) Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге ұсынған орындалған жұмыстардың жалпы сомасын сипаттай, көрсете отырып, шот-фактура;

      5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 115-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлем сертификаты (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 желтоқсанда № 9934 тіркелді) (бұдан әрі – Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі).

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы қазынашылық сүйемелдеу үшін тапсырыс берушілер айқындаған қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде объектілер құрылысымен байланысты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде қолданылады.

4. Тараптардың міндеттемелері

      4.1. Мердігер/Орындаушы:

      1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;

      2) аванс алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде <сома> теңгеге тең осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Шарт мәндері бойынша көзделген авансқа тең авансты қамтамасыз ету сомасын енгізуге міндеттенеді, ол:

      мемлекеттік сатып алу веб-порталында (бұдан әрі – веб-портал) растау құжатының көшірмелерін орналастыра отырып, Тапсырыс берушінің № <кепілдік жарнасына арналған шот> банктік шотына <қала> қаласы бойынша <банктің атауына> кепілді ақшалай жарна;

      не:

      Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік13.

      не:

      өнім берушіге байланысты емес кездейсоқ оқиғалар, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша оның міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау нәтижесінде тапсырыс берушіге келтірілген мүліктік зиян салдарынан Тапсырыс берушінің мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша оның жауапкершілігін регламенттейтін өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты түрінде <қамтамасыз ету сомасын> <қамтамасыз ету сомасын жазумен> теңгені құрайды.

      Өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартында өнім берушіге байланысты емес кездейсоқ оқиғалар, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша оның міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау нәтижесінде тапсырыс берушіге келтірілген мүліктік зиян салдарынан Тапсырыс берушінің мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің басталу фактілері болып табылатын өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің сақтандыру жағдайларын көздеуі тиіс.

      3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде орындалатын Жұмыстардың Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етуге;

      4) Шарт бойынша жұмыстарды орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1107 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12767 болып тіркелген) Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің (бар болса) дерекқорына енгізілген құрылыс материалдарын, жабдықтарды, бұйымдар мен конструкцияларды пайдалануға;

      5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың талаптарын орындау үшін Мердігер/Орындаушы тартқан персоналды қосқанда, оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс;

      6) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз жоғарыда тізбеленген құжаттарды және ақпаратты Шартты жүзеге асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;

      7) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;

      8) Мердігердің/Орындаушының Шарт талаптарын тиісінше орындамауымен және/немесе өзге заңсыз іс-әрекеттермен келтірген шығындарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге міндеттенеді;

      9) Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген орындалған жұмыстар актісін жіберу және ресімдеуге;

      10) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісін бекіткеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазуға.

      4.2. Мердігер/Орындаушы:

      1) Шарт бойынша орындалған Жұмыстар үшін тапсырыс берушіден ақы төлеуді талап етуге;

      2) Тапсырыс берушімен орындау мерзімін алдын ала келісе отырып, шартқа № 1 қосымшада көрсетілген Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындауға құқылы;

      4.3. Тапсырыс беруші:

      1) Жұмыстарды орындау үшін Мердігер/Орындаушы мамандарының кіруін қамтамасыз етуге;

      2) орындалған Жұмыстардың сәйкес келмеуі анықтаған кезде дереу жазбаша Мердігерді/Орындаушыны хабардар етуге;

      3) Жұмыстарды қабылдау кезінде веб-портал арқылы орындалған жұмыстар актісін бекітуге не Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 426-4-тармағында белгіленген мерзімде оның қабылданбауына дәлелді негіздемелерді көрсете отырып жұмысты қабылдаудан бас тартуға;

      4) орындалған жұмыстар актісі бекітілгеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйелері арқылы электрондық нысанда Мердігер жазған шот-фактураны қабылдауға;

      5) осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде ақы төлеуді жүргізуге.

      4.4. Тапсырыс беруші:

      1) орындалған Жұмыстардың сапасын тексеруге;

      2) Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындаған жағдайда Тапсырыс беруші Шарттың талаптарына сәйкес жұмыстарды мерзімінен бұрын қабылдауға және оған ақы төлеуге құқылы. Жұмыстарды қабылдау мүмкіндігі болмаған жағдайда оны мерзімінен бұрын орындаудан бас тартуға жол беріледі.

5. Жұмыстардың техникалық ерекшелікке және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін тексеру

      5.1. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері техникалық ерекшелікте және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамада (Шартқа 2-қосымша) көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тұрғысында орындалған жұмыстарды бақылауды және тексеруді жүргізуі мүмкін. Бұл ретте осы тексерулер бойынша барлық шығыстарды Мердігер/Орындаушы тартады. Тапсырыс беруші осы мақсаттар үшін анықталған өзінің өкілдері туралы Мердігерді/Орындаушыны жазбаша түрде уақтылы хабардар етуі тиіс.

      5.2. Осы Шарт шеңберінде орындалатын жұмыстар техникалық ерекшелікте және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген стандарттарға сәйкес келуі немесе олардан жоғары болуы тиіс.

      5.3. Егер орындалған Жұмыстардың нәтижелері тексеру кезінде техникалық ерекшелік және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама талаптарына (Шартқа 2-қосымша) сәйкес келмейді деп танылса, Мердігер/Орындаушы тексеру сәтінен бастап <сәйкессіздіктерді жою мерзімі> ішінде Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығындарсыз техникалық ерекшелік және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама талаптарына сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.

      5.4. Жұмыстардың техникалық ерекшелікке және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келуін тексеру кезінде Тапсырыс берушінің инспекторларына Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығындарсыз сызбалар мен өндірістік ақпаратқа қол жеткізуді қоса алғанда, барлық құралдар беріледі және жәрдем көрсетілетін болады.

      5.5. Жоғарыда көрсетілген тармақтың біреуі де Мердігерді/Орындаушыны Шарт бойынша басқа міндеттемелерден босатпайды.

6. Жұмыстарды тапсыру және қабылдап алу тәртібі

      6.1. Өнім берушінің Жұмыстарды осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға толық сәйкестікте Тапсырыс берушіге толық тапсырған жағдайда Жұмыс орындалды деп саналады.

      6.2. Өнім беруші/Орындаушы орындалған жұмыстарды қабылдап алу/тапсыру кезінде Тапсырыс берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) егер жұмыстар Қазақстанда шығарылған материалдардан және жабдықтардан жасалған жағдайда – белгіленген үлгіде "СТ-KZ" тауардың шығарылуы туралы сертификаттың немесе Сәйкестік сертификатының/ белгіленген тәртіпте берілген Тауар сәйкестігі туралы декларацияның түпнұсқасы немесе көшірмесі (не уәкілетті ұйым куәландырғаны) беріледі.

      2) егер жұмыстар шетелде шығарылған материалдардан және жабдықтардан жасалған болса – белгіленген тәртіпте шығарылған елінің тиісті органы берген Тауардың шығуы туралы тиісті сертификаттың тұпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі беріледі.

7. Кепілдік. Сапа

      7.1. Мердігер Тапсырыс берушіге Шарт бойынша Жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылатын материалдар мен жабдықтардың техникалық ерекшеліктерге және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама сәйкес болуына, Жұмыстар оның сапасын техникалық ерекшеліктің және (немесе) жобалау-сметалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін деңгейге дейін төмендететін ақауларсыз орындалатынына кепілдік береді.

      Осы талаптарға сәйкес келмейтін Жұмыстар, оның ішінде жеткіліксіз негізделген және рұқсатсыз өзгертілген жұмыс ақаулы деп танылады.

      Мердігер (қосалқы Мердігер) жүзеге асырмаған пайдалану, түрлендіру ережелерін бұзу, дұрыс ұстамау немесе жеткіліксіз техникалық қызмет көрсету себебінен, сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезінде оның ұйғарынды тозуы немесе бүлінуі себебінен залалды өтеу немесе түзету Мердігер беретін кепілдіктерге кірмейді.

      Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша Мердігер материалдар мен жабдықтардың сапасының техникалық ерекшеліктерге және/немесе жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес келетінін куәландыратын құжаттарды беруге тиіс14.

      Орындаушы Тапсырыс берушіге Шарт бойынша жұмыстарды орындау нәтижелерінің техникалық ерекшеліктерге сәйкес болатынына, Жұмыстардың оның сапасын техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтін деңгейге дейін төмендететін ақауларсыз орындалатынына кепілдік береді. Осы талаптарға сәйкес келмейтін Жұмыстар, оның ішінде жеткіліксіз негізделген және рұқсатсыз өзгертілген жұмыс ақаулы деп танылады.

      Орындаушы (қосалқы Мердігер) жүзеге асырмаған пайдалану, түрлендіру ережелерін бұзу, дұрыс ұстамау немесе жеткіліксіз техникалық қызмет көрсету себебінен, сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезінде оның ұйғарынды тозуы немесе бүлінуі себебінен залалды өтеу немесе түзету Орындаушы беретін кепілдіктерге кірмейді. Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша Орындаушы материалдар мен жабдықтардың сапасының техникалық ерекшеліктерге және/немесе жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес келетінін куәландыратын құжаттарды беруге тиіс15.

      7.2. Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге пайдалануға кепілдікті <кепілдік мерзімі>мерзіміне береді.

      7.3. Мердігер/Орындаушы орындалған Жұмыстарды және Жұмыстарға байланысты барлық материалдарды, жабдықтарды, ресурстарды және өзге де позицияларды жаңбырға, су тасқынына, аязға, өртке, ұрлауға және өзге де себептерге байланысты зиянның, зақымданудың, жойылудың барлық түрлерінен қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.

      Мердігер/Орындаушы өзінің жұмыстарын жүргізу кезінде жоба бойынша басқа жұмыстарды, сондай-ақ Тапсырыс берушіге тиесілі меншікті және оған тиесілі құрылыстарды қандай да бір зақымдану түрлерінен және жолды, ғимараттарды, материалдардың қоймаларын және жылжымалы және жылжымайтын мүліктің өзге де түрлерін қоса алғанда (бірақ, онымен шектеліп қоймай) басқа да себептерден қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Мердігер/Орындаушы жоғарыда айтылғандарға байланысты шеккен барлық шығындар, Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, Тапсырыс берушінің тарапынан қосымша өтелуге жатпайды.

8. Тараптардың жауапкершілігі

      8.1. Тараптар өз міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда осы Шарт шеңберінде барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

      8.2. Секвестр және/немесе мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың тиісті бюджеттердің қолма-қол бақылау шотында/есеп шотында ақшаның жеткіліксіз болған жағдайларды есептемегенде, егер Тапсырыс беруші өзіне тиесілі қаражатты Мердігерге/Орындаушыға Шартпен қаралған мерзімдерде төлемесе, онда Тапсырыс беруші Мердігерге/Орындаушыға кешіктірілген әр күн үшін шарттың тиесілі сомасынан 0,1% (нөл бүтін бір) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімақы) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасынан 10% аспауы тиіс.

      8.3. Жұмыстардың орындау мерзімі өткен жағдайда, Тапсырыс беруші Мердігер/Орындаушыдан әр кешіктірілген күн үшін шарттың жалпы сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өтеп алады), Мердігер/Орындаушы міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда немесе міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындау) жағдайда әр кешіктірілген күн үшін орындалмаған міндеттемелердің сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өтеп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасынан 10% аспауы тиіс.

      8.4. Мердігер/Орындаушы Жұмыстарды орындаудан бас тартқан немесе Шарт бойынша Жұмыстарды орындау мерзімі өткен күннен бастап бір айдан астам мерзімде, бірақ Шарттың қолданылуы аяқталу мерзімінен кешіктірмей Жұмыстарды орындау мерзімін кешіктірген жағдайда, Мердігерден/Орындаушыдан мерзімін кешіктірген әр күн үшін Шарттың жалпы сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) өндіре отырып, осы Шартты біржақты тәртіпте бұзуға құқығы бар.

      Бұл ретте Тапсырыс беруші барлық орындалған (қабылданған) Жұмыстардың құнына төлем жүргізеді.

      8.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген міндеттерді орындаудан босатпайды.

      8.6. Кез келген өзгеріс Шарт бойынша Жұмыстарды орындау үшін Мердігерге/Орындаушыға қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына әкелетін болса, Шарттың сомасы немесе Жұмыстарды орындау кестесі, немесе екеуіне де сәйкес түрде түзетулер енгізіледі, ал Шартқа сәйкес түзетулер енгізіледі. Мердігердің/Орындаушылардың түзетулерді жүргізу туралы барлық сұранымдары Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы тапсырма алған күннен 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуы тиіс.

      8.7. Мердігердің/Орындаушының Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін біреуге толықтай да, ішінара да беруіне жол берілмейді.

      8.8. Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда, Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы мердігерлердің болуы Мердігерді/Орындаушыны Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.

      Жұмыстарды орындау үшін қосалқы мердігерлерге берілуі мүмкін жұмыстардың шекті көлемі жиынтығында орындалатын жұмыстардың екіден бір көлемінен аспауға тиіс.

      Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда, Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы мердігерлердің болуы Мердігерді/Орындаушыны Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.

      Бұл ретте қосалқы мердігерлерге өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге беруге тыйым салынады.

      Жұмыстарды орындайтын Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлерді тартуға жол берілмейді.

      8.9. Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша Мердігер/Орындаушы өз міндеттемелерін орындамауына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзған жағдайда оның орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды17.

9. Шарттың қолданылу мерзімі және бұзылу талаптары

      9.1. Шарт <Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін/қол қойған күннен бастап> күшіне енеді және <қолдану мерзімі> жылға дейін қолданылады.

      9.2. Мынадай оқиғалар өзінен кейін олардың ұлғаюы бөлігінде:

      1) Тапсырыс беруші Объектінің барлық учаскелерін пайдалануға тыйым салады, ол өз кезегінде Жұмыстарды орындауды кешіктіруге әкеп соғады.

      2) Тапсырыс беруші Шартта жоспарланбаған сынақтарды жүргізу үшін жұмыстарды тоқтатуға Мердігерге/Орындаушыға нұсқау береді. Бұл ретте, егер бұл сынақтар ақауларды анықтамаса, онда Жұмыстарды өндіру тоқтатылған уақыт Жұмыстарды орындау мерзіміне қосылады;

      3) Тапсырыс беруші дәлелдеу техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу және жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттама әзірлеу жөніндегі жұмыстарға бастапқы деректермен жобалауға Тапсырма беруді кідіртеді.

      9.3. Егер басқа тарап Шарттың талаптарын Шартта көзделген қағидатты талаптардан айыратындай елеулі бұзушылық жасаған болса, Тапсырыс беруші немесе Мердігер/Орындаушы Шартта көрсетілген мерзімге дейін Шартты бұза алады. Шарттың талаптарын елеулі бұзу өзіне мыналарды қамтиды, бірақ тізбеленгенмен шектеліп қалмайды:

      1) егер Мердігер/Орындаушы Жұмыстарды орындау мерзімін бірнеше рет бұзса, Тапсырыс беруші Шартты бұза алады;

      2) Мердігер/Орындаушы <күн саны> күнге дейін Жұмыстарды тоқтата тұрады, бұл ретте тоқтатуға Тапсырыс берушінің рұқсаты болмаса;

      3) Мердігер/Орындаушы Тапсырыс беруші айқындаған негізделген уақыт кезеңі ішінде Тапсырыс беруші көрсеткен Ақауларды жоймаса;

      4) Тапсырыс беруші Мердігерге/Орындаушыға Жұмыстар барысын кідіртуге нұсқау берсе және осындай нұсқау <күн саны> күн ішінде күшін жоймаса;

      5) не Тапсырыс беруші, не Мердігер/Орындаушы оның қайта ұйымдастырылуын немесе бірлесуін қоспағанда, банкротқа ұшыраса немесе қандай да бір себептермен таратылса;

      6) Мердігер/Орындаушы жобалау құжаттамасында және (немесе) шарттық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды жүргізу қағидаларын, нұсқаулықтары мен ережелерін ескермейтін болса.

      9.4. Шарт, оны одан әрі орындау орынсыз болған жағдайда тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.

      Шарт жоғарыда көрсетілген жағдаяттар себебінен жойылған кезде, Мердігер/Орындаушы Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзу күніндегі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.

      9.5. Мына фактілердің бірі анықталған жағдайда:

      1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы;

      2) сатып алуды ұйымдастырушы Мердігерге/Орындаушыға Заңда көзделмеген жәрдемдерді көрсетсе;

      3) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі біткенше жұмыстар орындалған жағдайларды қоспағанда, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен Шартты жасасудан жалтарса мемлекеттік сатып алу туралы Шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін.

      9.6. Егер Шарт бұзылса Мердігер дереу жұмысты тоқтатады, Объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және белгіленген тәртіппен оны Тапсырыс берушіге береді.

      9.7. Егер Мердігердің Шарт талаптарын елеулі бұзуы себебінен Шарт бұзылатын болса, Объектідегі барлық материалдар мен Жабдық, сондай-ақ уақытша құрылымдар мен орындалған құрылыс жұмыстары Тапсырыс берушінің меншігі болып саналады және Шартты бұзуға байланысты қаржылық талқылаулар шешілгенге дейін оның билігінде болады.

10. Хабарлама

      10.1. Бір тарап екінші тарапқа жолдайтын кез келген хабарлама Шартқа сәйкес төленген тапсырыс хатымен немесе телеграф, телекс, факс, телефакс бойынша не веб-портал арқылы жіберіледі.

      10.2. Күндердің қайсысы кешірек болуына байланысты хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енудің көрсетілген күні (хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді.

11. Форс-мажор

      11.1. Егер дүлей апат, әскери іс-қимылдар, эпидемия, ірі ауқымды ереуілдер, тікелей немесе жанама түрде тыйым салатын, сондай-ақ осы Шарт бойынша тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі болатын заңнамалық және үкіметтік актілердің күшіне енуі жататын форс-мажорлық жағдаяттар туындаған жағдайда, өзіне алған міндеттемелерді орындау үшін жауапкершіліктен босатылады. Бұл ретте, тарап форс-мажор басталғаны туралы жазбаша түрде дереу хабарлауға тиіс. Олай болмаған жағдайда бұл жағдаятқа сілтеме жасауға құқығы жоқ.

      11.2. Форс-мажор жағдаяттары кезінде екінші тараптың өз міндеттемелерін орындамауына байланысты шығынға ұшыраған тарап осы оқиғалардың ауқымы туралы, сондай-ақ оның қызметіне тигізген әсері туралы құзыретті органдар мен ұйымдар растаған құжаттамалық дәлелдерді одан алуға құқығы бар.

      11.3. Форс-мажор жағдайында Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатыла тұрғаны туралы хабарлайды. Мердігер/Орындаушы тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейін қысқа мерзімде Жұмыстардың тоқтатыла тұруын қамтамасыз етеді.

      11.4. Егер форс-мажор жағдаяты Шарттың орындалуын бұзатын болса, Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатыла тұруын куәландырады. Мердігер тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейін қысқа мерзімде Объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және жұмыстарды тоқтатады. Тапсырыс беруші Мердігерге Объектіні тоқтатқан күнге дейін орындалған жұмыстардың барлық көлемі үшін және Объектіні19 консервациялауға байланысты жұмыстар үшін ақы төлеуді жүргізеді.

12. Даулы мәселелерді шешу

      12.1. Тапсырыс беруші мен Мердігер/Орындаушы Шарт бойынша немесе соған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.

      12.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Шарт бойынша дауды Тапсырыс беруші мен Мердігер/Орындаушы бейбіт жолмен шеше алмайтын болса, тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

13. Басқа да шарттар

      13.1. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.

      13.2. Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасқан нысанда жасалады.

      13.3. Өнім жеткізушінің таңдауы үшін негіз болып табылатын сапаның өзгермеуі мен басқа жағдайларда жасалған Шартқа:

      1) жұмыстардың бағасын және тиісінше Шарттың сомасын азайту бөлігінде тараптардың өзара келісім бойынша;

      2) мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қабылданған мұндай өзгерістердің сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса Шарттың сомасын көбейту бөлігінде;

      3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, осы жұмыстардың жасалған Шартында көрсетілген жұмыс бірлігі үшін бағасы өзгертпеу шартымен, сатып алынатын жұмыстар көлеміне қажеттілікті азайтумен не арттырумен байланысты Шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде. Жасалған Шартты осылай өзгерту осы мемлекеттік сатып алу20 бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі.

      осы жұмыстардың жасалған Шартында көрсетілген жұмыс бірлігі үшін бағасы өзгертпеу шартымен, сатып алынатын жұмыстар көлеміне қажеттілікті азайтумен не арттырумен байланысты Шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде. Жасалған Шартты осылай өзгерту осы мемлекеттік сатып алу21 бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі.

      4) Қазақстан Республикасының салық, кеден және басқа да заңнамасының өзгеруінен туындаған келесі (одан кейінгі) жылы (жылдары) аяқтау мерзімімен Шарттың сомасын азайту немесе ұлғайту бөлігінде;

      5) келесі (одан кейінгі) жылы (жылдары) аяқталу мерзімімен Шарттың сомасын азайту бөлігінде;

      6) жасалған шарттың сомасын өзгертпеу шартымен немесе жұмыстардың сметалық құны азайған жағдайда және кейіннен мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға (бар болса) тиісті өзгерістер енгізілсе, мемлекеттік бюджет есебінен жылдар бойынша қаржыландыру өзгерген жағдайда Шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде;

      7) тапсырыс берушінің және (немесе) Мердігердің/Орындаушының лауазымдық тұлғасына қатысты Шартты орындауға байланысты қылмыстық іс қозғалған жағдайда Шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде өзгерістер енгізуге болады.

      13.4. Шарт бойынша бір Тараптың міндеттемелерін беруге екінші Тараптың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.

      13.5. Веб-портал арқылы жасалған Шарт, бірдей заңдық күші бар қазақ және орыс тілдерінде жасалды.

      13.6. Шартпен реттелмеген бөлігінде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

      <N.Жаңа тармақ>

14. Тараптардың деректемелері

Тапсырыс беруші
<Тапсырыс берушінің толық атауы>< Тапсырыс берушінің толық заңды мекенжайы> БСН < Тапсырыс берушінің БСН-і> БСК < Тапсырыс берушінің БСК-сі> ЖСК< Тапсырыс берушінің ЖСК-сі> <Банктің атауы> Тел.: <Тапсырыс берушінің телефоны><Тапсырыс берушінің лауазымы><Тапсырыс берушінің ТАӘ>

Өнім беруші
<Өнім берушінің толық атауы> <Өнім берушінің толық заңды мекенжайы> БСН/ЖСН/ТЕН <Өнім берушінің БСН/ЖСН/ТЕН-і> БСК <Өнім берушінің БСК-сі> ЖСК <Өнім берушінің ЖСК-сі> <Банктің атауы> Тел.: <Өнім берушінің телефоны> <Өнім берушінің лауазымы><Өнім берушінің ТАӘ>

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      БСК – банктік сәйкестендіру коды;

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі;

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

  Мемлекеттiк сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
21-қосымша

Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт

      <Сәйкестендіру нөмірі >

      <Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>

      Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын <Тапсырыс берушінің толық атауы>, <Тапсырыс берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Тапсырыс берушінің лауазымы> <Тапсырыс берушінің ТАӘ> атынан бір тараптан және бұдан әрі бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын <Өнім берушінің толық атауы>, <Өнім берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Өнім берушінің лауазымы> <Өнім берушінің ТАӘ> атынан екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және <қорытындылардың күні> жыл № <қорытындылардың нөмірі> <сатып алу тәсілі> мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде осы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және мына төмендегі туралы келісімге келді:

1. Шарттың мәні

      1.1. Өнім беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оған қосымшаларда көрсетілген шарттарға, талаптарға сәйкес және баға бойынша Қызмет(тер) көрсетуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші осы Шарттың талаптарымен Көрсетілген қызмет(тер)ді қабылдауға және Шарт бойынша Өнім беруші өз міндеттемелерін тиісінше орындау шартында төлеуге міндеттенеді:

      <Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <1-ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>;

      <Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <N-ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>21.

      1.2. Төменде келтірілген құжаттар мен онда келісілген шарттар осыШартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:

      1) осы Шарт;

      2) сатып алынатын көрсетілетін қызметтер көрсету шарты (1-қосымша);

      3) техникалық ерекшелік (2-қосымша).

      Ескерту. 1.2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.01.2020 № 92 (01.02.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары

      2.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа № 1 қосымшада айқындалады және <Шарттың сомасы> (сома жазумен) теңгені құрайды және қызметтерді көрсетумен байланысты барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, оның ішінде ҚҚС <ҚҚС сомасы> / <ҚҚС есепке алмағанда> (бұдан әрі – Шарттың сомасы) қамтиды.

      2.2. Қазынашылықтың аумақтық органында Шарт <Бағдарламаның коды мен атауы> бюджеттік бағдарламасы, <Кіші бағдарламаның коды мен атауы> кіші бағдарламасы, <Ерекшелік коды мен атауы> - <ерекшелік бойынша сома> теңге ерекшелігі бойынша (<ерекшелік бойынша сома жазумен>), <оның ішінде ҚҚС> <ҚҚС сомасы> теңге/<ҚҚС есепке алмағанда>22 <_____> жылы тіркеуге жатады.

      2.3. Шарт күшіне енгеннен кейін Тапсырыс беруші Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, Заңның 26-бабына сәйкес23 аванс пен (немесе) соманы қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді.

      Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты барабар ұстау ескеріле отырып, көрсетілген қызмет актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы төлейді24.

      Көрсетілген қызмет үшін төлемді Тапсырыс беруші көрсетілген қызмет актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүргізеді.

      Ескерту. 2.3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2.4. Сандық және құндық шамадағы көрсетілетін қызмет көлемі Шартқа 1-қосымшада келтірілген.

      2.5. Төлеу алдындағы қажетті құжаттар:

      1) <аумақтық қазынашылық органында тіркелген/қол қойылған> Шарт;

      2) көрсетілген қызмет актісі (актілері);

      3) осы Қағидаларға 22-5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту үлесі бойынша есеп;

      4) Өнім беруші Тапсырыс берушіге көрсеткен қызметтердің сипаттамасымен, жалпы сомасы көрсетіле отырып, шот-фактура;

      <n) жаңа тармақша>

      <№. Жаңа тармақ>

      Ескерту. 2.5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) ; өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 10.03.2017 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

3. Тараптардың міндеттемелері

      3.1. Өнім беруші мыналарға:

      1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;

      2) Шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жалпы <қамтамасыз ету сомасын> (қамтамасыз ету сомасы жазумен) құрайтын Шарттың жалпы сомасының <сома> теңгеге тең 3 пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және <сома> теңгеге Шартқа 1-қосымшаға сәйкес шарт мәні бойынша көзделген аванс мөлшерін, <сондай-ақ <сома> теңгеге тең Заңның 26-бабына сәйкес соманы>25 төмендегідей түрде енгізуге міндеттенеді:

      мемлекеттік сатып алу веб-порталына (бұдан әрі – веб-портал) растайтын құжаттың көшірмесін орналастыра отырып, <қала> қаласы бойынша <банк атауы> № <кепілдікті жарнаға арналған шот>, <БСК> БСК Тапсырыс берушінің банк шотына кепілдікті ақшалай жарна банк шотына кепілдікті ақшалай жарна;

      не:

      Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 22-қосымшаға сәйкес27 электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.

      3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін қамтамасыз етуге;

      4) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың жағдайларын орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналдан басқа оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс;

      5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда көрсетілген құжаттарды және ақпаратты Шартты жүзеге асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;

      6) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;

      7) Өнім берушінің Шарттың талаптарын тиісінше орындамауынан және/немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттермен туындаған келтірілген залалдарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге міндеттенеді;

      8) Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген көрсетілген қызметтер актісін жіберу және ресімдеуге;

      9) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісін бекіткеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазуға міндеттенеді.

      <n) жаңа тармақша>

      Ескерту. 3.1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3.2. Өнім беруші:

      1) Тапсырыс берушіден Шарт бойынша көрсетілген Қызметтерге төлем талап етуге;

      2) Тапсырыс берушімен алдын ала орындау мерзімін келісе отырып, Шартқа № 1 қосымшада көрсетілген Қызметті мерзімінен бұрын көрсетуге құқылы.

      3.3. Тапсырыс беруші:

      1) Қызметтерді көрсету үшін Өнім берушінің мамандарының қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

      2) көрсетілген Қызметтердің сәйкессіздіктері анықталған кезде тез арада Өнім берушіні жазбаша хабарландыруға;

      3) Қызметті қабылдау кезінде веб-портал арқылы көрсетілген қызметтер актісін бекітуге не Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 426-4-тармағында белгіленген мерзімде оның қабылданбауына дәлелді негіздемелерді көрсете отырып жұмысты қабылдаудан бас тартуға;

      3-1) көрсетілген қызметтер актісін бекіткеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда Өнім беруші жазып берген шот-фактураны бекіткеннен кейін қабылдауға;

      4) осы Шартта белгіленген тәртіпте және мерзімдерде төлем жүргізуге міндеттенеді.

      <n) жаңа тармақша>

      Ескерту. 3.3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3.4. Тапсырыс беруші:

      1) көрсетілген Қызметтердің сапасын тексеруге;

      2) Қызмет мерзімінен бұрын көрсетілген жағдайда Тапсырыс беруші қызметті мерзімінен бұрын қабылдауға және ол үшін Шарт талаптарына сәйкес ақы төлеуге құқылы. Қызметті мерзімінен бұрын көрсетуден бас тартуға оны қабылдау мүмкін болмаған жағдайларда жол беріледі.

4. Қызметтердің техникалық ерекшелікке сәйкестігін тексеру

      4.1. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері Көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелікте (Шартқа 2-қосымша) көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан бақылау мен тексеру жүргізе алады. Бұл ретте осы тексерістер бойынша барлық шығыстарды Өнім беруші көтереді. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы мақсаттар үшін белгіленген өз өкілдері туралы жазбаша түрде уақтылы хабарлауы тиіс.

      4.2. Осы Шарт шеңберінде көрсетілген Қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес немесе олардан жоғары болуы тиіс.

      4.3. Егер тексеру кезінде көрсетілген Қызметтердің нәтижелері техникалық ерекшеліктің (Шартқа 2-қосымша) талаптарына сәйкес келмейді деп танылса, Өнім беруші, Тапсырыс беруші тарапынан ешқандай қосымша шығынсыз, техникалық ерекшелік талаптарына сәйкессіздіктерді жою бойынша шараларды тексеру сәтінен бастап <cәйкессіздіктерді жою мерзімі> ішінде қолданады.

      4.4. Жоғарыда көрсетілген ешбір тармақ Өнім берушіні Шарт бойынша басқа міндеттемелерден босатпайды.

      <N. жаңа тармақ>

5. Қызметтер көрсету

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5.1. Өнім берушінің қызметтерді көрсетуі Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шартқа 1-қосымшада көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырылады.

      5.2. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5.3. Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға дәл сәйкестікте қызметті толық тапсыруы шартында Қызмет көрсетілді деп есептеледі.

      <N. жаңа тармақ>

6. Кепілдік

      6.1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге үздіксіз, сапалы және уақтылы Қызмет көрсетудің қамтамасыз етілуіне кепілдік етеді.

      6.2. Өнім беруші техникалық ерекшеліктің (Шартқа 2-қосымша) Қызметтерінің қателерін, жете өңдеулері мен басқа да сәйкессіздіктерін ақысыз түзетуге кепілдік береді.

      6.3. Тапсырыс беруші берілген кепілдікке байланысты барлық шағымдары туралы Өнім берушіге жазбаша түрде жедел хабарлауға міндетті, одан кейін Өнім беруші, осыған байланысты барлық шығыстарды қоса алғанда, өз есебінен кемшіліктерді жою шараларын Тапсырыс беруші хабарламасында айқындалған мерзімде қолдануға тиіс.

      6,4. Егер Өнім беруші хабарламаны алып, кемшіліктерді жою шараларын уақтылы қолданбаса, Тапсырыс беруші Шарт бойынша Өнім берушіге қатысты өзінің басқа құқықтарына ешқандай нұқсан келтірмей және Өнім беруші есебінен қажетті санкциялар мен кемшіліктерді жою шараларын қолдана алады.

      <N. жаңа тармақ>

7. Тараптардың жауапкершілігі

      7.1. Тараптар осы Шарт шеңберіндегі өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

      7.2. Секвестр және/немесе тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотында/мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың есеп шотында ақша жетіспеген жағдайларды қоспағанда, егер Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиесілі қаражатты Шартта көрсетілген мерзімдерде төлемесе, Тапсырыс беруші Өнім берушіге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиесілі соманың 0,1 % (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде ұсталған төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-ынан аспауға тиіс.

      Ескерту. 7.2.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 22.12.2017 № 739 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      7.3. Қызмет көрсету мерзімдерін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс.

      7.4. Өнім беруші Қызмет көрсетуден бас тартқан немесе Шарт бойынша Қызмет көрсету мерзімі өткен күннен бастап, бірақ Шарт қолданысының аяқталу мерзімінен кешіктірмей, бір айдан аса мерзімге Қызмет көрсету мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасын өндіріп ала отырып, бір жақты тәртіпте осы Шартты бұзуға құқылы.

      7.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

      7.6. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша қызмет көрсету үшін қажетті құнның немесе мерзімдердің азаюына әкелетін болса, Шарт сомасы немесе қызмет көрсету кестесі, немесе екеуі де тиісінше түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Өнім берушінің түзету жүргізуге барлық сұрау салулар Өнім беруші Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынуға тиіс.

      7.7. Мердігердің Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін біреуге толықтай да, ішінара да беруіне жол берілмейді.

      Ескерту. 7.7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7.8. Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда, Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) болуы Өнім берушіні Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.

      Қызмет көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) берілуі мүмкін көрсетілетін қызметтің шекті көлемі жиынтықта көрсетілетін қызмет көлемінің екіден бірінен аспауға тиіс.

      Бұл ретте қосалқы мердігерлерге өткізілетін мемлекеттік сатып алу мәні болып табылатын қызмет көрсету көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беруге тыйым салынады.

      Қазақстан Республикасының мүгедектер қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының мүгедектер қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға көрсетілетін қызметтерге өткізілетін мемлекеттік сатып алу мәні болып табылатын қызмет көрсету бойынша қосалқы мердігерлер тартуға жол берілмейді27.

      Ескерту. 7.8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      7.9. Тапсырыс беруші Өнім берушінің осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарт бұзылған жағдайда оның орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды28.

      <N. жаңа тармақ>

8. Шарттың қолданыс мерзімі және бұзу талаптары

      8.1. Шарт <Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін/қол қойған күннен бастап> күшіне енеді және <_____> дейін қолданылады.

      8.2. Мынадай оқиғалар олардың көбеюi бөлiгінде қызмет көрсету ұзақтығы мерзiмдерiнің өзгеруiне әкеп соқтырады:

      1) Тапсырыс беруші Объектiнiң барлық учаскелерiн пайдалануға тыйым салады, ол өз кезегінде қызмет көрсетудің кешіктірілуіне әкеп соқтырады;

      2) Тапсырыс беруші Өнім берушіге Шартта жоспарланбаған сынақтарды жүргiзу үшiн қызмет көрсетуді тоқтатуға нұсқау береді. Бұл ретте, егер аталған сынақтар ақауларды анықтамаған жағдайда, қызмет көрсетуді тоқтату уақыты қызмет көрсету мерзіміне қосылады;

      <Жаңа абзац>

      8.3. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Тапсырыс беруші кез келген уақытта Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жіберіп біржақты тәртіпте Шарт талаптарын орындаудан бас тарта алады. Бұл жағдайда Шарттың талаптарын орындаудан бас тарту тез арада жүзеге асырылады, және Тапсырыс беруші егер Шарттың талаптарын орындаудан бас тарту ешқандай залал келтірмейтін немесе салдарынан Тапсырыс берушіге қойылған немесе қойылатын қандай да бір әрекеттерді жасауға немесе санкцияларды қолдануға құқықтарды қозғамайтын шартта Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндет көтермейді.

      8.5. Шарт одан әрі оны орындау орынсыз болған жағдайда, тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.

      Ескерту. 8.5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8.6. Шарт талаптарын бұзғаны үшін қандай да бір санкцияларға зиян келтірместен Тапсырыс беруші осы Шарттың 7.4-тармағының талаптарын ескере отырып, Өнім берушіге міндеттемелерін орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып:

      1) егер Өнім беруші көрсетілетін қызметті Шартта көзделген мерзімде немесе Тапсырыс беруші ұсынған осы Шарттың ұзартылған кезеңі ішінде орындай алмаса;

      2) егер Өнім беруші өз міндеттемелерін орындай алмаса, осы Шартты толық немесе ішінара бұза алады.

      Ескерту. 8.6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8.7. Шарт талаптарын бұзғаны үшін қандай да бір санкцияларға зиян келтірместен Тапсырыс беруші, Өнім берушіге міндеттемелерін орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып:

      1) егер Өнім беруші көрсетілетін қызметті Шартта көзделген мерзімде немесе Тапсырыс беруші ұсынған осы Шарттың ұзартылған кезеңі ішінде орындай алмаса;

      2) егер Өнім беруші өз міндеттемелерін орындай алмаса, осы Шартты толық немесе ішінара бұза алады.

      8.8. Шарт:

      1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылғаны анықталған;

      2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген қолдауды көрсеткен;

      3) уәкілетті орган міндеттемелері тиісінше орындалған шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы бұзыла отырып Шарт жасасу фактісін анықтаған;

      4) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін қызмет көрсетілген жағдайды қоспағанда, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес сомаларды енгізбеу арқылы Шарт жасасудан жалтару жағдайында кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін.

      8.9. Алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9. Хабарлама

      9.1. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама төленген тапсырыс хатпен немесе телеграмма, телекс, телефакс не веб-портал арқылы жіберіледі.

      9.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күні (егер хабарламада көрсетілсе), осы екі күннің қайсысы кеш келетініне байланысты күшіне енеді.

10. Форс-мажор

      10.1. Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып табылса, Тараптар ол үшін жауапкершілік көтермейді.

      10.2. Егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып табылса, Өнім беруші өзінің Шарттың орындалуын қамтамасыз етуінен айырылмайды және Шарт талаптарының орындалмауына байланысты тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапты болмайды.

      10.3. Шарт мақсаттары үшін "форс-мажор" Тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар мыналарды қамти алады, бірақ тек олар ғана емес: соғыс қимылдары, табиғи немесе дүлей апаттар және басқалар.

      10.4. Форс-мажорлық жағдаяттар туындаған кезде Өнім беруші тез арада Тапсырыс берушіге осындай жағдаяттар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден басқа жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттерін мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдаяттарға байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздейді.

11. Даулы мәселелерді шешу

      11.1. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктер немесе даулар тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.

      11.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

12. Өзге де шарттар

      12.1. Салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.

      12.2. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасу нысаны сияқты нысанда жасалады.

      12.3. Өнім берушінің таңдауы үшін негіз болған сапаның өзгермеуі шарты мен басқа да шарттарда жасалған Шартқа өзгерістерді енгізуге:

      1) көрсетілетін Қызметтің бағасын және тиісінше Шарт сомасының азаюы бөлігінде Тараптардың өзара келісімі бойынша;

      2) Шартта көрсетілген Қызметтердің бірлігі үшін бағаның өзгермеуі шартында көрсетілетін Қызметтер көлемінде қажеттіліктің азаюымен не ұлғаюымен байланысты Шарт сомасының азаюы не ұлғаюы бөлігінде. Жасалған шартты осындай өзгертуге осы мемлекеттік сатып алу бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі;

      3) егер Өнім беруші онымен жасасқан Шартты орындау үдерісінде көрсетілетін қызмет бірлігі үшін бағаның өзгермеуі шартында онымен жасасқан Шарттың мәні болып табылған көрсетілетін қызметтің анағұрлым жақсы сапалы және (немесе) техникалық сипаттамасын не мерзімін және (немесе) талаптарын ұсынған жағдайда рұқсат беріледі;

      4) жасалған шарт сомасының өзгермеуі талабымен мемлекеттік бюджет есебінен жылдар бойынша қаржыландыру өзгертілген немесе жұмыстардың сметалық құны азайтылған және кейіннен сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға тиісті өзгерiстер енгiзілген жағдайда, жұмыстарды орындау жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімдерін өзгерту бөлiгiнде рұқсат беріледі.

      Ескерту. 12.3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 № 1130 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12.4. Тараптардың біреуінің Шарт бойынша міндеттерін беруіне тек екінші Тараптың жазбаша келісімімен жол беріледі.

      12.5. Шарт веб-портал арқылы жасалған бірдей заңды күшіне ие қазақ және орыс тілінде жасалды.

      12.6. Шартта реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

      <N. жаңа тармақ>

13. Тараптардың деректемелері

Тапсырыс беруші:
<Тапсырыс берушінің толық атауы>< Тапсырыс берушінің толық заңды мекенжайы>
БСН < Тапсырыс берушінің БСН>
БСК< Тапсырыс берушінің БСК>
ЖСК< Тапсырыс берушінің ЖСК>
<Банктің атауы> Тел.: <Тапсырыс берушінің телефоны> <Тапсырыс берушінің лауазымы><Тапсырыс берушінің ТАӘ>

Өнім беруші:
<Өнім берушінің толық атауы><Өнім берушінің толық заңды мекенжайы>
БСН/СЖН/ТБН <Өнім берушінің БСН/СЖН/ТБН> ЖСК
<Банктің атауы>
Тел.: <Өнім берушінің телефоны>
<Өнім берушінің лауазымы><Өнім берушінің ТАӘ>

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      БСК – банктік сәйкестендіру коды;

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі;

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      Т.А.Ә. – аты-жөні.

      Ескерту. 21-қосымша аббревиатурамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Мемлекеттік сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
22-қосымша

Банктік кепілдік

      (мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету нысаны)

      Банктің атауы: _________________________________________

      (банктің атауы мен деректемелері)

      Кімге: _______________________________________________________

      (тапсырыс берушінің атауы мен деректемелері)

      Кепілді міндеттеме № ______ ________________ "___" _______ ___ ж.

      (орналасқан жері)

      "Өнім беруші" ___________________________ (өнім берушінің атауы)

      _____________________________________________________________

      (тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің

      сипаттамасы) жеткізуге (орындауға, көрсетуге) _____ __________ ___ ж.

      № ___ мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі - Шарт) жасасқанын

      (жасасатынын)* және Сіз Шартта Өнім беруші жалпы

      сомасы________________________________ теңгеге банктік кепілдік

      түрінде оның орындалуын қамтамасыз етеді деп көздегеніңізді назарға

      ала отырып, осымен_______________________________________________________________

      ________ (банктің атауы) жоғарыда көрсетілген Шарт бойынша кепілгер

      болып табылатынымызды және Сіздің төлеуге жазбаша талабыңызды,

      сондай-ақ Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағанын

      немесе тиісінше орындамағанын жазбаша растауды алғаннан кейін Сізге

      _______________________________ (сомасы санмен және жазумен) тең

      соманы төлеуге өзімізге қайтарусыз міндеттеме аламыз. Осы кепілді

      міндеттеме қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді және Өнім беруші

      Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін әрекет

      етеді. Осы кепілді міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар

      мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

      Кепілгерлердің қолы/электронды-сандық Күні және мекенжайы

      қолтаңбасы, мөрі (қағаз тасығышта)

      (Банктің (банк филиалының) атынан оның бірінші басшысы немесе оның орынбасары және банктің бас бухгалтері).

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
22-1-қосымша

      Ескерту. 22-1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 22.12.2017 № 739 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

Тауар(лар)ды қабылдап алу-беру актісі

№__ "___"_____
Құжаттың нөмірі*

20_____ж

қол қою күні *

(тапсырыс беруші актіні қабылдаған күнін және уақытын тіркейді)

 

      Осы акті төменде қол қойылған Өнім берішінің атынан
      _____________________, (Өнім беруші) берілгені, ал (Өнім берушінің атауы*) 20 __ жылғы "__"________ № __ _________ шартқа (және қосымша келісімге) (шарттың (және қосымша келісімнің) атауы, күні және нөмірі*) сәйкес тапсырыс берушінің өкілі атынан __________________________ (Тапсырыс беруші)
      (Тапсырыс берушінің атауы*) қабылдағаны жөнінде жасалды:

Тауар туралы мәліметтер**

Тауарды беру орны

Тауардың атауы

Номенклатуралық (зауыттық) нөмірі (болған жағдайда)

Өлшем бірлігі

Саны

бірлік үшін баға (теңге), оның ішінде ҚҚС/ҚҚС есепке алмағанда

Сома, теңге

1

2

3

4

5

6

7

1















      Шартқа сәйкес осы акт бойынша тауар(лар)дың құны ____________________
      (цифрмен, әріппен жазылады)
      теңгені құрайды, оның ішінде ҚҚС/ҚҚС есепке алмағанда**,

Өнім берішінің атауы*

ЖСН/БСН*

ЖСК/БСК*

Банк*

Заңды мекен­жайы*

Өнім берішінің өкілдері **

Бекітемін **

Т.А.Ә., лауазымы,

қолы

Т.А.Ә., лауазымы,

қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Шарт бой­ын­ша ақ­па­рат***

1

Жалпы мә­лі­мет

Шарттың жалпы құны *

Аванстық төлемдер сомасы ***

Шарттың қолданылуынан бастап төлем сомасы***

Бұрын актіленгендердің сомасы***

Тауарды жеткізу мерзімін өткізіп не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасы***

Мерзімі өткен күндердің саны***

1

2

3

4

5

6








2

Шығыстардың бірыңғай бюджеттік сыныптамасының коды: Бағдарлама/Кіші бағдарлама/Ерекшелік***


3

осы акті бойынша өнім беруші жүргізген нақты шығыстар ***


Тауардың атауы*

Өлшем бірлігі*

Саны*

Әр бірлік үшін баға, теңге*

Сома, теңге*


1

2

3

4

5

1











4

Өнім берушіге аудару талап етiлетiн сома***


      Қосымшасы: құжаттардың электрондық көшірмелерінің тізбесі (болған жағдайда өнім беруші/тапсырыс беруші тіркеп отырады)

Тапсырыс берішінің атауы*

ЖСН/
БСН*

ЖСК/
БСК*

Банк*

Заңды мекен­жайы***

Тапсырыс берішінің өкілдері***

Бекітемін***
(ұйымның басшысы)

Тауарлар қабылдау үшін жауапты

Ресімдеудің дұрыстығына жауапты (деректемелер, ерекшеліктер)

Т.А.Ә.

қолы

Т.А.Ә.

қолы

Т.А.Ә.

қо Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.лы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      Ескертпе:
      *мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде толтырылады;
      ** өнім беруші толтырады;
      ***тапсырыс беруші толтырады.
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      БСК – банктік сәйкестендіру коды;
      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
22-2-қосымша

Орындалған жұмыстардың актісі ****

      Ескерту. 22-2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 22.12.2017 № 739 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

№__ "___"_____
Құжаттың нөмірі*

20_____ж

қол қою күні *

(тапсырыс беруші актіні қабылдаған күнін және уақытын тіркейді)

 

      Осы акті төменде қол қойылған Орындаушының атынан
      _____________________, (Орындаушы) берілгені, ал (Орындаушының атауы*) 20 __ жылғы "__"_____ № __ __________ шартқа (және қосымша келісімге) (шарттың (және қосымша келісімнің) атауы, күні және нөмірі*) сәйкес тапсырыс берушінің өкілі атынан __________________________ (Тапсырыс беруші)
      (Тапсырыс берушінің атауы*)
      қабылдағаны жөнінде жасалды:

Орын­дал­ған жұ­мыс ту­ра­лы мә­лі­мет­тер**

Жұ­мыстың орын­да­ған ор­ны

Жұ­мыстар­ды орын­дау кү­ні/ке­зе­ңі

Ата­уы

Өл­шем бір­лі­гі

Са­ны

Бір­лік үшін ба­ға (тең­ге), оның ішін­де ҚҚС/ҚҚС есеп­ке ал­ма­ған­да

Со­ма, тең­ге

1

2

3

4

5

6

7

1















      Шартқа сәйкес осы акт бойынша орындалған жұмыстың құны ______________
      (цифрмен, әріппен жазылады)
      теңгені құрайды, оның ішінде ҚҚС/ҚҚС есепке алмағанда**

Орын­да­у­шы­ның ата­уы*

ЖСН/БСН*

ЖСК/БСК*

Банк*

Заң­ды ме­кен­жайы*

Орын­да­у­шы­ның өкіл­де­рі **

Бе­кі­те­мін **

Т.А.Ә.ла­у­а­зы­мы,

қо­лы

Т.А.Ә.ла­у­а­зы­мы,

қо­лы

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Шарт бой­ын­ша ақ­па­рат

1

Жал­пы мә­лі­мет

Шар­ттың жал­пы құ­ны *

Аван­стық тө­лем­дер со­ма­сы ***

Шар­ттың қол­да­ны­луы­нан ба­стап тө­лем со­ма­сы***

Бұ­рын ак­ті­лен­ген­дер­дің со­ма­сы***

Жұ­мысты орын­дау мер­зі­мін өт­кі­зіп не мін­дет­те­ме­ле­рін ти­ісін­ше орын­да­ма­ған (іші­на­ра орын­да­ма­ған) үшін тұ­рақ­сыздық ай­ы­бы­ның (ай­ып­пұл, өсім­пұл) со­ма­сы***

Мер­зі­мі өт­кен күн­дер­дің са­ны***

1

2

3

4

5

6








2

Шы­ғы­стар­дың бі­рың­ғай бюд­жет­тік сы­нып­та­ма­сы­ның ко­ды: Бағ­дар­ла­ма/Кі­ші бағ­дар­ла­ма/Ерекше­лік***


3

Осы ак­ті бой­ын­ша іс жү­зін­де орын­дал­ған жұ­мыстар (тех­ни­ка­лық ерекше­лік­ке, тап­сыр­ма­ға, жұ­мыстар болған кез­де олар­ды орын­дау кесте­сіне сәй­кес олар­дың кі­ші түр­ле­рі бө­лі­ні­сін­де жұ­мыстар­дың ата­уы)***


Ата­уы*

Жұ­мыстар­ды орын­дау кү­ні/ке­зе­ңі

Өл­шем бір­лі­гі*

Са­ны*

Әр бір­лік үшін ба­ға, тең­ге*

Со­ма, тең­ге*


1

2

3

4

5

6

1













4

Өнім берушіге аудару талап етiлетiн сома***


      Қосымшасы: құжаттардың электрондық көшірмелерінің тізбесі (болған жағдайда өнім беруші/тапсырыс беруші тіркеп отырады)

Тап­сы­рыс бе­рі­ші­нің ата­уы*

ЖСН/
БСН*

ЖСК/
БСК*

Банк*

Заң­ды ме­кен­жайы***

Тап­сы­рыс бе­рі­ші­нің өкіл­де­рі***

Бе­кі­те­мін***
(ұй­ым­ның бас­шы­сы)

Та­у­ар­лар қа­был­дау үшін жа­у­ап­ты

Ре­сім­де­удің дұ­ры­стығ­ы­на жа­у­ап­ты (де­ректе­ме­лер, ерекше­лік­тер)

Т.А.Ә.

қо­лы

Т.А.Ә.

қо­лы

Т.А.Ә.

қо­лы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












  2-В нысаны

20__ жылдың "___" ______ №__ Орындалған жұмыстардың актісі

      Тапсырыс беруші:_____________________________________________________
      (толық атауы, мекенжайы, байланыс құрал туралы деректер)
      Мердігер:___________________________________________________________
      (толық атауы, мекенжайы, байланыс құрал туралы деректер)
      Құрылыс:_____________________________________________________________
      (атауы, мекенжайы) Объект:______________________________________________________________
      (атауы) Мердігерлік келісімшарт (келісімшарт) 20__ жылдың "___" ___________ №__

Нө­мі­рі

Ре­сур­стар ко­ды және нор­ма шиф­ры

Жұ­мыстар және шы­ғын­дар ата­уы

Өл­шем бір­лі­гі

Орын­дал­ған жұ­мыстар

Ре­ті бой­ын­ша

Сме­та бой­ын­ша по­зи­ция

Са­ны

Әр бір­лік үшін ба­ға

Құ­ны, тең­ге

1

2

3

4

5

6

7

8









Жиыны




     

Өткізді (Мердігер)
_____________________
(ұйымның атауы)
М.О. (лауазым, қолы, қолының таратып жазу

Қабылдады
___________________
(ұйымның атауы)
___________________
М.О. (лауазым, қолы, қолының таратып жазу)
 

      Техникалық қадағалау сарапшысы (лары) ___________________ __________
      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
      Ескерту:
      *мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде толтырылады;
      ** өнім беруші толтырады;
      *** тапсырыс беруші толтырады;
      **** Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес веб-порталда рәсімделетін, құрылыс-монтаж жұмыстарын қоспағанда, орындалған жұмыстарды қабылдап алу-беру үшін қолданылады;
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      БСК – банктік сәйкестендіру коды;
      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      ҚҚС – қосылған құн салығы;
      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
22-3-қосымша

Көрсетілген қызмет актісі

      Ескерту. 22-3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 22.12.2017 № 739 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      №__ "___"___________ 20_____ж. Құжаттың нөмірі* қол қою күні* (тапсырыс беруші актіні қабылдаған күнін және уақытын тіркейді)
      Осы акті төменде қол қойылған Өнім берішінің атынан
      _____________________, (Өнім беруші) берілгені, ал (өнім берушінің атауы*) 20 ___ жылғы "__"______ № __ _________ шартқа (және қосымша келісімге) (шарттың (және қосымша келісімнің) атауы, күні және нөмірі*) сәйкес тапсырыс берушінің өкілі атынан _______________ (Тапсырыс беруші) (Тапсырыс берушінің атауы*)
      қабылдағаны жөнінде жасалды:

Көрсетілген қызмет туралы мәлімет**

Қыз­мет көр­се­ту ор­ны

Қыз­мет­тің ата­уы

Өл­шем бір­лі­гі

Са­ны

Әр бір­лік үшін ба­ға (тең­ге), оның ішін­де ҚҚС/ҚҚС есеп­ке ал­ма­ған­да

Со­ма, тең­ге

1

2

4

5

6

7

1













      Шартқа сәйкес осы акт бойынша көрсетілген қызметтердің құны _________
      (цифрмен, әріппен жазылады)
      теңгені құрайды, оның ішінде ҚҚС/ҚҚС есепке алмағанда**

Өнім бе­рі­ші­нің ата­уы*

ЖСН/БСН*

ЖСК/БСК*

Банк**

Заң­ды ме­кен­жайы**

Өнім бе­рі­ші­нің өкіл­де­рі **

Бе­кі­те­мін **

Т.А.Ә., ла­у­а­зы­мы,

қо­лы

Т.А.Ә., ла­у­а­зы­мы,

қо­лы

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Шарт бой­ын­ша ақ­па­рат

1

Жал­пы мә­лі­мет

Шар­ттың жал­пы құ­ны *

Аван­стық тө­лем­дер со­ма­сы ***

Шар­ттың қол­да­ны­луы­нан ба­стап тө­лем со­ма­сы***

Бұ­рын ак­ті­лен­ген­дер­дің со­ма­сы***

Жұ­мысты орын­дау мер­зі­мін өт­кі­зіп не мін­дет­те­ме­ле­рін ти­ісін­ше орын­да­ма­ған (іші­на­ра орын­да­ма­ған) үшін тұ­рақ­сыздық ай­ы­бы­ның (ай­ып­пұл, өсім­пұл) со­ма­сы***

Мер­зі­мі өт­кен күн­дер­дің са­ны***

1

2

3

4

5

6








2

Шығыстардың бірыңғай бюджеттік сыныптамасының коды: Бағдарлама/Кіші бағдарлама/Ерекшелік***


3

Осы акті бойын­ша іс жүзінде көрсетілген қызметтер (болған кезде техникалық ерекшелігіне, тапсырмасына, қызметтерді орындау кесте­сіне сәй­кес олар­дың кі­ші түрлері бөлінісінде қызметтердің атауы)***


Ата­уы*

Қыз­мет көр­се­ту кү­ні/ке­зе­ңі

Өл­шем бір­лі­гі*

Са­ны*

Әр бір­лік үшін ба­ға, тең­ге*

Со­ма, тең­ге*

Ғы­лы­ми зерт­те­улер, мар­ке­тинг­тік, кон­суль­та­ци­я­лық және өзге де қыз­мет­тер ту­ра­лы есеп (кү­ні, нө­мі­рі, па­рақ­тар са­ны) (болған жағ­дай­да)****


1


2

3

4

5

6

1








4

Өнім бе­ру­ші­ге ауда­ру­ға та­лап етiлетiн со­ма***



      Қосымшасы: құжаттардың электрондық көшірмелерінің тізбесі (болған жағдайда өнім беруші/тапсырыс беруші тіркеп отырады)

Тап­сы­рыс бе­рі­ші­нің ата­уы*

ЖСН/
БСН*

ЖСК/
БСК*

Банк*

Заң­ды ме­кен­жайы***

Тап­сы­рыс бе­рі­ші­нің өкіл­де­рі***

Бе­кі­те­мін***
(ұй­ым­ның бас­шы­сы)

Та­у­ар­лар қа­был­дау үшін жа­у­ап­ты

Ре­сім­де­удің дұ­ры­стығ­ы­на жа­у­ап­ты (де­ректе­ме­лер мен ерекше­лік­тер­дің сәй­кес ке­луі)

Т.А.Ә.

қо­лы

Т.А.Ә.

қо­лы

Т.А.Ә.

қо­лы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      Ескертпе:
      *автоматты түрде мемлекеттік сатып алу веб-порталымен толтырылады;
      ** орындаушы толтырады;
      *** тапсырыс беруші толтырады;
      ****ғылыми зерттеулер, маркетингтік, консультациялық және өзге де қызметтер туралы есеп болған жағдайда толтырылады;
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      БСК – банктік сәйкестендіру коды;
      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      ҚҚС – қосылған құн салығы;
      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
22-4-қосымша

Сатып алынатын Тауарлардағы жергілікті қамту туралы есеп

      Ескерту. 22-4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 15.06.2017 № 384 (01.08.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Товардың
р/с № (n)

Шартты орындау мақсатында өнім беруші сатып алған тауарлар саны

Тауар бағасы KZT

Құны (CTi) KZT

СТ-KZ сертификатына сәйкес ЖҚ үлесі (Мi) %

СТ-KZ сертификаты

Өндіруші ел

Нөмірі

Берілген күні

1








n








ЖИЫНЫ








      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 87 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10711 болып тіркелген (Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесінің (бұдан әрі - Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесі) 4-тармағына сәйкес тауарларды жеткізуге арналған шартта жергілікті қамтымды (ЖҚ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:



      мұнда:

      n – тауарларды жеткізуге арналған шартты орындау мақсатында өнім беруші жеткізетін тауарлар атауының жалпы саны;

      i - тауарларды жеткізуге арналған шартты орындау мақсатында өнім беруші жеткізетін тауардың реттік нөмірі;

      СТi - i-ші тауардың құны;

      Мi – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 6 бұйрығымен бекітілген "СТ-КZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатта (бұдан әрі - "СТ-КZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат) көрсетілген тауардағы жергілікті қамтым үлесі;

      Мi = 0, егер осы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесінің 7-тармағында өзгеше белгіленбесе "СТ-КZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаты болмаган жағдайда;

      S – шарттың жалпы құны.

      Жергілікті қамтым үлесі (%):

      *ЖҚт = ___________

      * шартта цифрлық форматта жүздік үлеске дейін (0,00)жергілікті қамтымның қорытынды үлесі көрсетіледі

      _________________________ М.О.       __________________________

      Басшының тегі, аты, әкесінің аты, қолы      Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты,

                                          байланыс телефоны

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
22-5-қосымша

Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту бойынша есеп

      Ескерту. 22-5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 15.06.2017 № 384 (01.08.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 № 562 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Шарттың р/с № (m)

Шарттың құны (СДj) KZT

Шарт шеңберіндегі тауарлардың жиынтық құны (СТj) KZT

Шарт шеңберіндегі қосалқы мердігерлік шарттардың жиынтық сомасы (ССДj) KZT

j-шартты (Rj) орындайтын қазақстандық еңбек ақы төлеу қорының үлесі %

Тауардың р/с № (n)

Өнім беруші шартты орындау мақсатында сатып алған тауарлардың саны

Тауардың бағасы KZT

Құны (CTi) KZT

СТ-KZ сертификатына сәйкес ЖҚС үлесі (Мi) %

СТ-KZ сертификаты

Өндіруші
ел

Нөмірі

Берілген күні

1





1








2





2








m





n








ЖИЫНЫ













      Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттарды қоспағанда, жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттағы жергілікті қамтымды (бұдан әрі - ЖҚж/қ) есептеу Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесіне сәйкес мынадай формула бойынша жүргізіледі:



      мұнда:

      m – тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шарт, мердігер мен қосалқы мердігер арасындағы шарттарды қоса алғанда жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) мақсатында жасалған j-шарттарының жалпы саны;

      j - жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) мақсатында жасалған шарттардың реттік нөмірі;

      СДj – j-шартының құны;

      СТj – j-шартын орындау мақсатында мердігермен немесе қосалқы мердігермен сатып алынған тауарлардың сомалық құны;

      ССДj – j-шартын орындау мақсатында жасалған қосалқы мердігерлер шарттарының сомалық құны;

      Rj – j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесі

      n – j -шартын орындау мақсатында мердігермен немесе қосалқы мердігермен сатып алынған тауарлар атауының жалпы саны;

      і - j -шартын орындау мақсатында мердігермен немесе қосалқы мердігермен сатып алынған тауардың реттік нөмірі;

      ТҚі - і-тауардың құны;

      Жі - "СТ-КZ" нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификатта көрсетілген тауардағы жергілікті қамтудың үлесі;

      Жi = 0, егер осы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесінің 7-тармағында өзгеше белгіленбесе "СТ-КZ" нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты болмаған жағдайда;

      S - шарттың жалпы құны

      Rj - j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесі, есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      Rj = ҚРЕТҚ/ЕЖҚ

      мұнда:

      ҚРЕТҚ – j-шартының қолдану мерзімінде j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қазақстандық кадрларының еңбекақысын төлеу қоры;

      ЕЖҚ – j-шартының қолдану мерзімінде j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің жұмысшыларының еңбекақысын төлеудің жалпы қоры.

      Шарттағы жергілікті қамту үлесі (%):

      ____________________________ М.О.

      Басшының тегі, аты, әкесінің аты,

      **ЖҚж/қ = __________

      ** шартта цифрлық форматта жүздік үлеске дейін (0,00)жергілікті қамтымның қорытынды үлесі көрсетіледі (0,00)

      _______________________________________________________

      Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты, байланыс телефоны"



  Мемлекеттік сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
23-қосымша

Тұрғын үй-жайды мемлекеттік сатып алу жөнінде ашу хаттамасы
(нөмірі мен күні)

      Ескерту. 23-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Сатып алу № __________________________________________________

      Сатып алу аты_________________________________________________

      Лоттың №_____________________________________________________

      Лоттың атауы_________________________________________________

      Тұрғын үй-жайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді мынадай

      әлеуетті өнім берушілер ұсынды:

Әлеуетті өнім берушінің Т.А.Ә.

ЖСН

Байланысу деректері, деректемелері

Өтінімнің берілген күні мен уақыты







      Хабарландыруда көзделген құжаттардың бар екендігі (жоқ болуы) туралы ақпарат:

Әлеуетті өнім берушінің Т.А.Ә.

ЖСН

Құжаттың атауы

Болу белгісі







      Аббревиатураларды таратып жазу:

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      Т.А.Ә. – аты-жөні.

  Мемлекеттік сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
24-қосымша

Тұрғын үй-жайды мемлекеттік сатып алу жөнінде қорытынды туралы хаттама
(нөмірі мен күні)

      Ескерту. 24-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Сатып алу № ___________________________________________

      Сатып алу аты _________________________________________

      Лоттың № ______________________________________________

      Лоттың атауы __________________________________________

      Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге ___________________

      Берілген өтінімдер туралы ақпарат:

Әлеуетті өнім берушінің Т.А.Ә.

ЖСН

Байланысу деректері, деректемелері

Өтінімнің берілген күні мен уақыты







      Өтінімдерді қарау нәтижелері:

Әлеуетті өнім берушінің Т.А.Ә.

ЖСН

Шешім (жіберілді/жіберілген жоқ)

Хабарландыруда көзделген талаптарға сәйкес келмеу себебі

Негіздеме (болған жағдайда көрсетіледі)








      Жіберілген қатысушылардың баға ұсыныстары туралы мәліметтер:

Әлеуетті өнім берушінің Т.А.Ә.

ЖСН

Бөлінген сома

Өнім берушінің бағасы

Бюджетті төмендету пайызы

Өтінімнің берілген күні мен уақыты









      Сатып алудың №___ лоты бойынша жеңімпаз: {жеңімпаз өнім берушінің атауы}.

      Тапсырыс беруші {тапсырыс берушінің атауы} "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде {жеңімпаз өнім берушінің атауы}-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.

      Не:

      "Мемлекеттік сатып алу (№___ лот бойынша сатып алудың атауы)_____________________ байланысты өтпеді деп танылсын*":

      Ескерту: *Мынадай мағыналардың біреуі: "берілген өтінімдердің болмауы", "конкурсқа бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген".

      Не:

      Сатып алуды жою жүргізілді, оның негізі мынау болып табылады: Уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыным, шешім) № _________ күні.айы.жылы.

      Жою туралы шешім қабылдаған орган: {_________________________}

      Не:

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10-тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тарту жүргізілді.

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      Т.А.Ә. – аты-жөні;

      кк.аа.жжжж. – күні, айы, жылы.

      ___________________________________

      1 Бұл тармақ қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің сатып алуын қоспағанда, мемлекеттік мекемелер үшін көрсетіледі. Көрсеткіштер әрбір жылғы әрбір ерекшелік бойынша бөлек көрсетіледі..

      2 Бұл тармақ егер шарт бойынша аванс көзделсе көрсетіледі

      3 Бұл тармақ егер шарт бойынша аванс көзделмесе көрсетіледі

      4 Бұл мәтін мынадай шарттарда көрсетіледі: 1) Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы мен 3-тармағы негізінде жүзеге асырылған тауар биржасы арқылы, бір көзден тәсілін, сондай-ақ Заңның 51-бабы 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерді қоспағанда, барлық сатып алу тәсілдері үшін;

      5 Бұл мәтін мынадай шарттарда көрсетіледі: 1) Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы мен 3-тармағы негізінде жүзеге асырылған тауар биржасы арқылы, бір көзден тәсілін, сондай-ақ Заңның 51-бабы 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерді қоспағанда, барлық сатып алу тәсілдері үшін;

      6 3-6) тармақшалар құрылыс, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау бойынша "Мердігер" ретінде өнім берушіні таңдаған кезде көрсетіледі.

      7 Осы тармақ қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің сатып алуын қоспағанда, мемлекеттік мекемелер үшін көрсетіледі. Көрсеткіштер әр жылға әр ерекшелік бойынша көрсетіледі.

      8 Осы тармақ құрылыс, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау бойынша "Мердігер" ретінде өнім берушіні таңдаған кезде көрсетіледі

      9 Осы тармақ қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің сатып алуын қоспағанда, мемлекеттік мекемелер үшін көрсетіледі. Көрсеткіштер әр жылға жеке әрбір ерекшелік бойынша көрсетіледі.

      10 Заңның 26-бабында көрсетілген жағдай болған кезде

      11 Осы тармақ егер шарт бойынша аванс көзделсе көрсетіледі

      12 Заңның 26-бабында көрсетілген жағдай болған кезде

      13 Осы мәтін шарттар орындалған кезде көрсетіледі: 1) Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы және 3-тармағы негізінде жүзеге асырылған тауар биржалары арқылы, бір көзден алу тәсілінен басқа барлық сатып алу тәсілдері, сондай-ақ Заңның 51-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілер үшін;;

      14 Осы тармақ құрылыс, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау бойынша "Мердігер" ретінде өнім берушіні таңдау кезінде көрсетіледі;

      15Осы абзац құрылыс, құрылыс-монтаждау болып табылмайтын жұмыстарды орындау бойынша "Орындаушы" ретінде өнім берушіні таңдау кезінде көрсетіледі.

      16Осы мәтін сатып алулардың баға ұсынысын сұрату тәсілін қоспағанда барлық тәсілдерде көрсетіледі

      17 Осы мәтін Заңның 39-бабының 2-тармағының 2) тармақшасы және 3-тармағы негізінде тауар биржалары арқылы, бір көзден алудан басқа,сатып алудың барлық тәсілдері, сондай-ақ Заңның 51-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілер үшін көрсетіледі;

      18Осы тармақ құрылыс, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау бойынша өнім берушіні "Мердігер" ретінде таңдау кезінде көрсетіледі.

      1912.3 тармағының 2) тармақшасы мен 3) тармақшасының бірінші абзацы құрылыс, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде "Мердігер" ретінде өнім берушіні таңдау кезінде көрсетіледі.

      20Осы абзац құрылыс, құрылыс-монтаждау болып табылмайтын жұмыстарды орындау бойынша "Орындаушы" ретінде өнім берушіні таңдау кезінде көрсетіледі.

      21Бұл тармақ қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің сатып алуын қоспағанда, мемлекеттік мекемелер үшін көрсетіледі. Көрсеткіштер әрбір жылға әрбір ерекшелік бойынша бөлек көрсетіледі.

      22Бұл тармақ қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің сатып алуын қоспағанда, мемлекеттік мекемелер үшін көрсетіледі. Көрсеткіштер әрбір жылға әрбір ерекшелік бойынша бөлек көрсетіледі.

      23Заңның 26-бабында көрсетілген жағдай болған кезде көрсетіледі.

      24Бұл тармақ егер шарт бойынша аванс көзделсе көрсетіледі.

      25Заңның 26-бабында көрсетілген жағдай болған кезде көрсетіледі;

      26 Бұл мәтін мынадай шарттарда көрсетіледі: 1) Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы мен 3-тармағы негізінде жүзеге асырылған тауар биржасы арқылы, бір көзден тәсілін, сондай-ақ Заңның 51-бабы 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерді қоспағанда, барлық сатып алу тәсілдері үшін;

      27Осы мәтін сатып алулардың баға ұсынысын сұрату тәсілін қоспағанда барлық тәсілдеріде көрсетіледі.

      28 Бұл мәтін Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы мен 3-тармағы негізінде жүзеге асырылған тауар биржасы арқылы, бір көзден тәсілін, сондай-ақ Заңның 51-бабы 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерді қоспағанда, барлық сатып алу тәсілдері үшін көрсетіледі;

      30 Құрылыс, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау бойынша "Мердігер" ретінде өнім берушіні таңдау кезінде орындалған жұмыстардың актісі 2-В нысаны бойынша көрсетіледі.

      Ескерту. Сілтемелерге өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 27.02.2019 № 142 (01.03.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына
25-қосымша

Мемлекеттік сатып алу саласында электрондық депозитарий қалыптасатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі

      Ескерту. Қағида 25-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/н

Атауы

1.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары

2.

Жобалау бойынша жұмыстар

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
26-қосымша

Электрондық депозитарийге енгізілетін әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың ТІЗБЕСІ

      Ескерту. Қағида 26-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Құрылыс-монтаждау жұмыстары және жобалау жұмыстары бойынша

№ р/н

Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың атауы

ескерту

1

Құрылыс объектісінің атауы


2

Құрылыс объектілері бойынша әлеуетті өнім берушінің мәртебесі (бас мердігер, бас жобалаушы /қосалқы мердігер)

Егер әлеуетті өнім беруші бас мердігер ретінде қосалқы мердігерді тартқан болса, онда қосымша осындай қосалқы мердігер туралы мәліметтер (атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі.
Егер әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігер болса, онда қосымша бас мердігер туралы мәліметтер (атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі.

3

Құрылыстың түрі (жаңа құрылыс, бар объектілерді кеңейту, техникалық қайта жасақтау, жаңғырту, реконструкциялау, қайта жаңарту және күрделі жөндеу)


4

Мекенжайы (құрылыс объектісінің мекенжайы)


5

Тапсырыс берушінің атауы


6

Конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын растайтын құжаттың атауы

Құжаттың электрондық нұсқасын салу қажет

7

Жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттың нөмірі және берілген күні


8

Жұмысты атқарған кезеңі


9

Ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі (бірінші – жоғары, екінші – қалыпты, үшінші – төмендетілген)


10

Объектілердің техникалық жағынан күрделілігі (техникалық жағынан күрделі объектілерге жататын ғимараттар мен құрылыстар және техникалық жағынан күрделі объектілерге жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар)


11

Функционалдық мақсаты (өнеркәсіп объектілері, өндіріс ғимараттары, құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар)


  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
  27-қосымша

Жұмыс тәжірибесінің және (немесе) жұмыс тәжірибесі бойынша шартты жеңілдіктердің есебі (ашық конкурстың нөмірі) бұл ретте нөмір сатып алудың тәсілі мен нөміріне байланысқан болуы тиіс (лот бойынша жекеше қалыптастырылады)

      Ескерту. Қағида 27-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 05.06.2019 № 545 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің м.а. 20.08.2019 № 899 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.