Қазақстан Республикасында құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативті бекіту туралы
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының м.а. 30.07.2020 № 110-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 50-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының үшінші абзацының 489) тармақшасына және Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 14-тармағының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 06.11.2019 № 177-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мына бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасында құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі Мемлекеттік нормативті бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Төрағасының 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 399-НҚ бұйрығы (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12887 болып тіркеліп, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 қаңтарда жарияланған);
2) "Қазақстан Республикасында құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі Мемлекеттік нормативті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Төрағасының 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 399-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізулер туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Төрағасының 2016 жылғы 07 қазандағы № 137-нқ бұйрығы (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14412 болып тіркеліп, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 23 қарашада жарияланған).
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-комуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы |
М. Жайымбетов |
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігінің
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
істері комитеті төрағасының
2016 жылғы 28 қарашадағы
№ 232-нқ бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив (бұдан әрі – Мемлекеттік норматив) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) талаптарына сәйкес әзірленген және құрылысқа мемлекеттік инвестициялардың есебінен және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен тұрғызылған объектілер бойынша жобалау алдындағы және жобалау жұмыстарының құнын айқындауға арналған.
2. Осы Мемлекеттік норматив кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды салуға, оларды кеңейтуге, реконструкциялауға және техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуге, сондай-ақ, елді мекендерді аудандық жоспарлау және құрылысын салу жобаларын әзірлеуге арналған жобалау алдындағы, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеудің құнын айқындау жөніндегі әдістемелік ережелерден тұрады.
3. Осы Мемлекеттік нормативте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бірегей құрылыс объектісі – осы объект үшін арнайы техникалық шарттарды (ерекше нормаларды) әзірлеу, келісу және бекіту қажеттігін айқындайтын, жобалау және салу жөніндегі мемлекеттік немесе мемлекетаралық техникалық регламенттер мен нормативтік-техникалық талаптар белгіленбеген, ерекше, бұрын жекелеп немесе жиынтық түрінде қолданылмаған сәулет, көлемдік-жоспарлау, конструкциялық, инженерлік немесе технологиялық шешімдермен сипатталатын ғимарат пен құрылыс (кешен);
2) жобалау жұмыстарының құны – жобаларды әзірлеу үшін қажетті ақша қаражатының шамасы (сомасы);
3) жобалау жұмыстарының еңбек сыйымдылығы – жобалау жұмыстарының белгілі бір бірлігін орындауға арналған негізгі өндірістік персоналдың (жобалаушылардың) жұмыс уақытының шығындарын сипаттайтын көрсеткіш;
4) жобалау алдындағы құжаттама – қала құрылысы, сәулет жобаларын, құрылыс жобасын әзiрлеу алдында жасалатын және бағдарламаларды, есеп берулердi, құрылыстың техникалық-экономикалық негiздемелерiн, техникалық-экономикалық есептердi, ғылыми зерттеулер мен инженерлiк iзденiстер нәтижелерiн, технологиялық және конструкциялық есептердi, нобайларды, макеттердi, өлшемдер мен объектiлердi зерттеу нәтижелерiн, сондай-ақ жобалау құжаттамасын әзiрлеу және жобаларды кейiннен iске асыру туралы шешiмдер қабылдауға қажеттi өзге де бастапқы деректер мен материалдарды қамтитын құжаттама;
5) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама – көлемдік-жоспарлау, конструкциялық, ұйымдастыру-технологиялық шешімдерді, нақты ғимаратты, құрылысты, объектіні салудың құнын және экономикалық жағынан тиімділігін негіздейтін графикалық, есептік және мәтіндік материалдардың жиынтығы;
6) күрделі жөндеу – қажет болған жағдайда конструктивтік элементтер мен инженерлік жабдық жүйелерін ауыстыра отырып, ғимараттың (құрылыстың) ресурсын қалпына келтіру, сондай-ақ пайдалану көрсеткіштерін жақсарту мақсатында оларды жөндеу.
4. Жобалау жұмыстарының құнын айқындау мынадай әдістермен:
1) "Құрылыс үшін жобалау жұмыстарына арналған баға жинағын" қолдана отырып, жобалау объектілерінің заттай көрсеткіштері негізінде ірілендірілген есеппен;
2) еңбек сыйымдылығы жобалау жұмыстарының еңбек сыйымдылығы негізінде егжей-тегжейлі есеппен жобалау жұмыстарын орындауға арналған негізгі өндірістік персоналдың еңбек шығындарын калькуляциялау жолымен айқындалады.
2-тарау. Құрылыс үшін жобалау жұмыстарына арналған баға жинағы негізінде жобалау жұмыстарының құнын айқындау
5. "Құрылыс үшін жобалау жұмыстарына арналған баға жинағын" (бұдан әрі - Жинақ) қолдана отырып, жобалау объектілерінің заттай көрсеткіштері негізінде ірілендірілген есеп жобалау жұмыстарының құнын айқындаудың негізгі әдісі болып табылады.
6. Жинақ бағалардың ағымдағы деңгейінде жобалау жұмыстарының құнының есебін қамтамасыз ету үшін жыл сайынғы негізде баспа және электрондық форматта қалыптастырылады.
7. Жинақтың бөлімдерінде келтірілген бағалар кәсіпорындарды, ғимараттарды және құрылыстарды салу үшін жұмыс құжаттамасының негізгі кешендерін әзірлеуді ескереді.
8. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге арналған жинақ бағаларға мыналар қосылмаған және қосымша есепті талап етеді:
1) жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес бірнеше нұсқада жобалық шешімдерді әзірлеу;
2) ерекше күрделі конструкциялары және жұмыс жүргізу әдістері бар объектілерді жобалау кезінде арнайы және қосалқы құралдарға, құрылғыларға және қондырғыларға арналған жұмыс сызбаларын әзірлеу;
3) "Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10632 тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 304 бұйрығына сәйкес белгіленген мемлекеттік нормативтердің талаптарында болуы мүмкін өзгерістерді ескере отырып, тапсырыс берушіге тапсыру-қабылдау актісі бойынша жұмыстарды тапсырғаннан кейін жобалау-сметалық құжаттаманы түзету;
4) ғимараттар мен құрылыстардың көркемдік-сәндік шешімдерін әзірлеу (интерьерлер, жеке жиһаз, жабдық, дизайн және жарнама элементтері, арнайы графика);
5) конструкцияларды зауытта дайындалған технологиялық құбырларды, сондай-ақ, үлгілік емес және стандарттық емес жабдықтарды қоса алғанда, металл конструкцияларының бөлшектік сызбалары сатысында жобалау (жобалау ұйымының тапсырыс берушісі осындай жұмыстарды тапсырған жағдайда);
6) үлгілік емес, стандарттық емес жабдықты дайындауға арналған конструкторлық құжаттама әзірлеу;
7) жеке индустриялық құрылыс бұйымдарына арналған құжаттаманы әзірлеу;
8) көрсету макеттерін дайындау;
9) жұмыс жүргізу жобасын әзірлеу;
10) уақытша ғимараттар мен құрылыстар салу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;
11) жобалау кезіндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкциялық жұмыстар;
12) іздестіру жұмыстарына арналған шығындар;
13) энергия тұтынуды есепке алудың автоматтандырылған жүйелері бойынша жобалау жұмыстары;
14) алаң сыртындағы желілерге арналған жобаны әзірлеу;
15) жеке тұратын, жалпы аудандық (жалпы орамдық) инженерлік құрылыстарды: жеке жылу пунктін, таратқыш трансформаторлық кіші станцияларды, трансформаторлық кіші станцияларды әзірлеу;
16) дренажды жобалау;
17) күзет-қорғаныс дератизациялау жүйесін, арнайы күзет сигнализациясы, өрт сөндіру, өртке қарсы желдету, теледидарды ұжымдық қабылдаудың ірі жүйелері және электр байланысы жүйелері мен басқа да арнайы жүйелердің құрылғыларын әзірлеу;
18) азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайларға байланысты инженерлік-техникалық іс-шаралар әзірлеу;
19) технологиялық үрдістерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері бойынша техникалық құжаттама әзірлеу;
20) құрылыс салудың арнайы әдістерін (су деңгейін төмендету, мұздату, топырақты химиялық бекіту және басқа әдістерді) жобалау;
21) міндетті жобалық шешімдерге қосымша келісімдер алу жөніндегі жұмыстар;
22) жобалау ұйымдарының құрылыс салуға арналған алаңды (трассаны) таңдауға қатысуы;
23) авторлық қадағалау;
24) іске қосу кешендерін әзірлеу;
25) Жинақтың тиісті бөлімдеріне енгізілген "Қоршаған ортаны қорғау" бөлімінен басқа, күрделі құрылыс объектісінің қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі жұмыстарды орындау;
26) BIM-технологияларды (Building Information Modeling (ғимараттарды ақпараттық моделдеу) бұдан әрі – ВІМ) қолдана отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу.
9. Осы Мемлекеттік норматив бойынша айқындалатын жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу құнына мыналар да қосылмаған және тапсырыс беруші мынадай шығыстарды төлеуге тиіс:
1) қосылған құн салығы;
2) әкімшілік персоналдың іссапарларын қоспағанда, объектінің жобалау ұйымы орналасқан пункттен тыс жобалануына байланысты және жобалық шешімдерді жергілікті жерде қабылдау талап етілетін іссапар шығыстары.
10. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеудің нормативтік құнына мынадай қызметтер де кірмейді және тапсырыс беруші мынадай қосымша қызметтерге ақы төлуге тиіс (қажет болған жағдайда немесе шарт бойынша тапсырыс берушінің қосымша тапсырмалары кезінде):
1) жобалауға арналған тапсырманы дайындау;
2) бастапқы деректер мен техникалық шарттарды келісу;
3) жобалау-сметалық құжаттаманы шет тілінен және басқа шет тіліне аудару;
4) жобалау-сметалық құжаттаманың міндетті даналарынан тыс қосымша сандарын дайындау.
11. Сараптама жұмыстарын жүргізу құны (мемлекеттік сараптама, экологиялық сараптама және т.б.) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу құнына кірмейді.
12. Құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құны жобаланатын объектілердің: қуатының, ұзақтығының, құрылыс көлемінің, алаңының және басқаларының негізгі көрсеткіштерін (бұдан әрі – жобаланатын объектілердің негізгі көрсеткіштері деп аталатын) ескере отырып, айқындалады.
13. Іске асырылуы алдағы жылдарға және (немесе) бір күнтізбелік жылдан астам мерзімге жоспарланған объектілер бойынша жобалау жұмыстарының сметалық құны Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 шілдедегі № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 22-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын жаңартатын және мақұлдайтын, бес жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында айқындалған инфляцияның болжамды деңгейін қолдана отырып, күнтізбелік жылдар бойынша көлемдерді бөлу бойынша құрылыс мерзімін ескере отырып, айқындалады.
14. Жобалау жұмыстарының құны Жинақтар бойынша айқындалады. Олар үшін бағалары Жинақта келтірілмеген және аналог бойынша қабылданбайтын объектілер бойынша 3-тарауға сәйкес айқындалады. Жиынтық смета Мемлекеттік нормативке 1-қосымшаға сәйкес 2П және 3П нысандары бойынша есептердің екі түрін пайдалану жағдайында рәсімделеді.
15. Жобалау жұмыстарының құны Сжоб, теңге, мынадай формула бойынша айқындалады (1):
(1)
мұндағы:
a және b – жобаланатын объектінің негізгі көрсеткішінің белгілі бір интервалына арналған тұрақты шамалар, мың теңге;
Х – жобаланатын объектінің негізгі заттай көрсеткіші: қуаты, өнімділігі (өнеркәсіптік объектілер үшін), ұзақтығы (желілік объектілер үшін), сыйымдылығы, алаңы және басқа да көрсеткіштер;
П(ki) – Жинақ кестелеріне және Мемлекеттік нормативке 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес түзету (дәлдеу) коэффициенттерінің туындысы. Түзету коэффициенттерінің туындысы (реконструкциялау коэффициентін есепке алмағанда);
k1(2) – сатылық коэффициент: k1 – жобаны әзірлеуге арналған жұмыс құжаттамасын әзірлеуге арналған бағаларға қатынасы және k2 – жұмыс жобасын әзірлеуге арналған бағаларға жұмыс жобасын әзірлеуге арналған бағалардың қатынасы.
16. Жобалау жұмыстары құнының есебі Мемлекеттік нормативке 5-қосымшаға сай жобалау жұмыстарына арналған сметаға сәйкес 2П нысаны бойынша ресімделеді.
17. Жинақтың тиісті бөлімінің кестесінде көрсетілетін берілген мәндерден жоспарланатын объектінің негізгі заттай көрсеткіші асып кеткен жағдайда негізгі көрсеткіш экстраполяция әдісімен – басқа бөлікке таратылатын интервалдың берілген бөлігі үшін функциялардың жақындатылған мәні ретінде айқындалады, атап айтқанда:
1) объект қуатының көрсеткіші Жинақтың бөлімінде келтірілген кесте көрсеткішінен аз жағдайда мынадай формула бойынша айқындалады (2):
(2)
мұндағы:
а және b – көрсеткіштің ең төменгі мәні кесте бойынша қабылданатын тұрақты шамалар;
Хmin – кестеде келтірілген ең төменгі көрсеткіш;
Хбер – жобаланатын объектінің берілген көрсеткіші.
П(ki) – Жинақтың кестелеріне және Мемлекеттік нормативке 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес түзету (дәлдеу) коэффициенттерінің туындысы;
k1(2) – сатылық коэффициент: k1 – жобаны әзірлеуге арналған жұмыс құжаттамасын әзірлеуге арналған бағаларға қатынасы және k2 – жұмыс жобасын әзірлеуге арналған бағаларға жұмыс жобасын әзірлеуге арналған бағалардың қатынасы.
2) объект қуатының көрсеткіші Жинақтың бөлімінде келтірілген кесте көрсеткішінен көп болған жағдайда оны жобалау мынадай формула бойынша айқындалады (3):
(3)
мұндағы:
а және b – көрсеткіштің ең жоғарғы мәні кесте бойынша қабылданатын тұрақты шамалар;
Хmax – кестеде келтірілген ең жоғарғы көрсеткіш;
Хбер – жобаланатын объектінің берілген көрсеткіші.
П(ki) – Жинақтың кестелеріне және Мемлекеттік нормативке 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес түзету (дәлдеу) коэффициенттерінің туындысы;
k1(2) – сатылық коэффициенті: k1 – жобаны әзірлеуге арналған жұмыс құжаттамасын әзірлеуге арналған бағаларға қатынасы және k2 – жұмыс жобасын әзірлеуге арналған бағаларға жұмыс жобасын әзірлеуге арналған бағалардың қатынасы.
18. Жобаланатын объектінің қабылданған заттай көрсеткіші Жинақ кестесінде келтірілген ең төменгі жартыдан аз немесе екі еселенген ең жоғарғы көрсеткіштен артық болған жағдайда жобалау жұмыстарының құны осы Мемлекеттік нормативтің 39-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалады.
19. Жобалау алдындағы құжаттаманы әзірлеу қажет болған жағдайда, оның құны жобалаудың жалпы құнының 20% дейінгі мөлшерінде қосымша қабылданады (жоба және жұмыс құжаттамасы).
20. Объектілерді күрделі жөндеуге арналған жобалау құжаттамасын әзірлеу құны күрделі жөндеуге жататын жобаның бөлімдері мен бөліктеріне 0,5 төмендетуші коэффициентін ескере отырып, оны күрделі жөндеу нәтижесінде қол жеткізілетін, жобаланатын объектінің негізгі көрсеткішінің мәнін ескере отырып, Жинақтың бағалары бойынша айқындалады.
21. Объектілерді реконструкциялауға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға арналған жобалау құжаттамасын әзірлеу құны жобаланатын объектінің негізгі көрсеткішінің мәнін негізге ала отырып, Жинақтың бағалары бойынша анықталады, оған жобаның реконструкцияланатын объектілерінің бөлімдері мен бөліктеріне, бірақ азаматтық мақсаттағы объектілер бойынша 1,5 аспайтын және өндірістік мақсаттағы объектілер бойынша 2,0 аспайтын Мемлекеттік нормативке 3-қосымшада келтірілген коэффициенттерді ескере отырып, оны реконструкциялау, техникалық жағынан қайта жарақтандыру нәтижесінде қол жеткізілетін болады.
Инженерлік желілерді салуға қатысты реконструкциялау деп коммуникациялардың қуаты мен өнімділігі өзгерген (яғни құбырлардың диаметрі, кабельдердің қимасы ұлғайса), құбырлардың жаңа тиімді материалдары, оқшаулағыш қолданылған, сондай-ақ, коммуникациялардың орналасқан жері, трассаның белгіленуі, тарту тәсілдері және инженерлік желілерді басқа көздерге жалғау немесе қосу арқылы олардың схемасы өзгерген кезде оларды қайта төсеу жағдайларын есептеу қажет.
22. Кәсіпорынды қолданысқа енгізілген қосымша қуаттарға арналған жобалау құжаттамасын әзірлеу құны жаңа құрылысқа арналған құжаттама құны сияқты анықталады.
23. Бірнеше рет қолданылатын жобаларды (үлгілік жобаларды) әзірлеу құны Жинақтың 1,5 коэффициентін қолданылатын бағалар бойынша айқындалады.
24. Үлгілік жобаларды немесе оларға елелулі өзгерістер енгізбестен (жобалау құжаттаманың жалпы көлеміне қатысты 10%-дан кем) қайта қолданылатын жобаларды бекіту құны жеке жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу құнына 0,35 коэффициенті қолданылатын Жинақтың бағалары бойынша анықталады.
Үлгілік жобаларды немесе оларға елелулі өзгерістер енгізе отырып (жобалық құжаттаманың жалпы көлеміне қатысты 10%-дан артық) қайта қолданылатын жобаларды бекіту құны:
1) 10-20% – жеке жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеудің құнына 0,45;
2) 20-30% – жеке жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеудің құнына 0,55;
3) 30-40% – жеке жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеудің құнына 0,65;
4) 40-50% – жеке жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеудің құнына 0,70 коэффициенті қолданылатын Жинақтың бағалары бойынша анықталады.
25. Цехтардың, ғимараттардың және құрылыстардың айналы бейнедегі үлгілік жобаларын үлгілік жобада көзделген орналасуына қатысты бекіту кезінде бекіту құнына 1,2 коэффициенті қолданылады.
26. Құрылысты кезектер бойынша салу кезінде кәсіпорындар мен құрылыстардың жұмыс жобаларын (жобаларды) әзірлеу құны әрбір кезек үшін жеке-жеке алынады және одан кейін сомалар қосылады.
27. Бірнеше үй-жайлардан, олардың топтарынан, әртүрлі қоғамдық және тұрғын үй мақсатындағы ғимараттар мен құрылыстардан тұратын көп функционалды ғимараттар және қала құрылысы кешендері жөніндегі жобалау құжаттамасын әзірлеу құны кешенді немесе көп функционалды ғимаратты құрайтын әрбір ғимарат, құрылыс бойынша Жинақтың тиісті бөлімдеріне сәйкес жеке-жеке анықталады және кейін сомалар қосылады.
4 және одан да көп функцияларды біріктіретін көп функционалды ғимараттарды жобалау құны 1,2 дейінгі коэффициентпен айқындалады.
28. Бірегей объектілер мен кешендердің санатына жатқызылған объектілерді салуға араналған жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу құны Жинақ бағалары бойынша анықталады, бұл ретте әзірленуі күрделі болатын жұмыс түрлерінің құнына 1,2 коэффициенті қолданылады.
29. Қолданыстағы нормативтік құжаттарда көзделгендерге қарсы қысқартылған құрамда және көлемде (жобалауға арналған тапсырма өзгерген кезде жобалау-сметалық құжаттаманы түзету; жобаның қосымша нұсқаларын немесе жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес әзірленетін жекелеген технологиялық, конструктивтік, сәулеттік және басқа да шешімдер әзірлеу), сондай-ақ бұрын пайдаланылған материалдарды пайдалану кезінде орындалатын жобалау жұмыстарының құны сәйкес жобалау-сметалық құжаттаманың құнын бағалардың ұсынылған проценттеріне бөле отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге арналған Жинақтың бағалары бойынша анықталады.
30. Жобалау-сметалық құжаттама бойынша үш жыл ішінде және оны әзірлеуді аяқтаудан кейін үш жылдан астам уақытта құрылыс басталмаса және Қағидаларға сәйкес жаңа сараптама жүргізу мен қайта бекіту талап етілсе, бұрын әзірленген жобалау-сметалық құжаттаманы қайта қарау бойынша жобалау жұмыстарының құны 0,35 төмендету коэффициентімен айқындалады.
31. Жобалау құжаттамасы жекелеген бөлімдерінің құны бағадан проценттерде жобалау-сметалық құжаттаманың құнын ұсынылатын бөлумен Жинақтың бөлімдерінде келтірілген кестелер бойынша анықталады және оны жұмыстарды өз күштерімен орындау кезінде де, сондай-ақ қосалқы мердігерлік жобалау ұйымдарымен келісім бойынша жұмыстардың бір бөлігін оларға беру кезінде де жобалаудың әрбір кезеңі бойынша жалпы құн шегінде жобалау ұйымы нақтылауы мүмкін.
32. Жаңа құрылыс объектілерін қоршаған ортаға қосудың ерекше жағдайларында (тарихи ортадағы, қорғалатын ландшафт аймағындағы, күрделі тығыз орналасқан учаскедегі және басқалары) оны жобалау кезінде сәулет-құрылыс бөлігі, оның ішінде бас жоспар мен абаттандыру бойынша, сондай-ақ инженерлік құрылыстарға, коммуникацияларға жобалау жұмыстарының құны Мемлекеттік нормативке 3-қосымшаға сәйкес коэффициенттер мәні ескеріліп белгіленеді.
33. Күрделі жағдайларда кәсіпорындарды, ғимараттарды және құрылыстарды салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу құны Мемлекеттік нормативке 2-қосымшаға сәйкес түзету коэффициенттері белгіленген тиісті нормативтік құжаттарды әзірлеуге, жобалау жұмыстарының құнын қолданып, Жинақта көрсетілген құн бойынша айқындалады.
Екі және одан да көп күрделі факторлар болған кезде коэффициенттер әрбір фактор үшін қолданылады.
34. Қауіпті физикалық-геологиялық үрдістер мен құбылыстардан (қар көшкіні, селдер, құламалар және басқалары) арнайы қорғаныс құрылыстарын жобалаудың құны еңбек шығындары бойынша құнды есептеу жолымен нақты талаптарды ескере отырып айқындалады және жеке төленеді.
35. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі (бұдан әрі - ББӘ) және/немесе Тапсырыс беруші отандық жобалау ұйымының қатысуымен Қазақстан Республикасында баламасы жоқ жобаны іске асыруды әзірлеу үшін шетелдік жобалау ұйымын тарту қажеттілігі туралы шешім қабылдаған кезде жобалау жұмыстарының құны 1,25 коэффициентімен айқындалады. Отандық жобалау ұйымдарының қатысу деңгейі тараптардың шартымен айқындалады.
36. Жинақтың бағалары бойынша жобалау жұмыстарының құнын анықтау кезінде жобалаудың бірнеше әртүрлі факторлары болған және осыған байланысты бірнеше коэффициенттер қолданылған жағдайда, жалпы коэффициент оларды көбейту жолымен айқындалады.
37. BIM-технологияларды қолдана отырып, жобалау құжаттамасын әзірлеудің құны BIM-модельдерді құру арқылы әзірленген жобаның бөлімдері бойынша 1,3 коэффициентін қолданып, Жинақтың бағалары бойынша айқындалады.
3-тарау. Еңбек шығындары бойынша есептер негізінде жобалау жұмыстарының құнын айқындау
38. Олар үшін Жинақтағы бағалар аналог бойынша келтірілмеген және қабылдануы мүмкін емес объектілерді салуға арналған жобалау құжаттамасын әзірлеу бойынша жұмыстардың құны, сондай-ақ, Жинақпен көзделмеген қосымша жобалау жұмыстарының құны еңбек шығындары бойынша жеке есеппен айқындалады.
39. Жобалаудың еңбек сыйымдылығының есептік көрсеткіштері, сондай-ақ жобалау жұмыстарын орындаушылардың лауазымдық санаттары 3П нысаны бойынша орындалатын құрылыс үшін жобалау жұмыстарына арналған шығындар калькуляциясын дайындау үшін шығыс негізі болып табылады. Осы нысан Мемлекеттік нормативке 6-қосымшаға сәйкес жобалау жұмыстарына арналған шығындар калькуляциясында келтірілген.
40. Жобалау жұмыстарының еңбек сыйымдылығының нормативтік көрсеткіштерін айқындау жобалау құжаттамасының барлық бөлімдері мен бөлімшелері үшін орындалады, олардың құрамы сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік нормативтермен белгіленген. Құрылыс үшін жұмыс құжаттамасын орындаудың еңбек сыйымдылығының көрсеткіштері Құрылыс үшін жобалау құжаттамасы жүйесінің стандарттарымен (бұдан әрі - ҚҮЖҚЖС) белгіленген жұмыс құжаттамасының барлық негізгі жиындары (жұмыс сызбаларының маркалары) үшін айқындалады.
41. Жобалау жұмыстарының құны мынадай тәртіппен еңбек сыйымдылығының көрсеткіштері бойынша айқындалады:
1) жобалаудың технологиялық үрдістеріне сәйкес орындауға жоспарланатын жобалау жұмыстарының тізбесін қалыптастыру;
2) жұмыстарды орындаушылардың сандық және біліктілік құрамын айқындау;
3) еңбек сыйымдылығының алынған көрсеткіштері негізінде жобалау жұмыстарының құнын айқындау.
42. Жобалау үрдісінің еңбек сыйымдылығы нақты жобалау практикасын талдау және пысықтау негізінде жүзеге асырылады.
43. Жобалау үрдісіне енгізілетін жұмыстардың тізбесі оңтайландырылған құрамда және оларды орындаудың ұтымды технологиялық жүйелілігі бойынша ұсынылады. Әрбір жобалау жұмысы үшін осы жұмысты орындаушы маманның лауазымдық санатын тағайындау қажет.
44. Орындаушы мамандардың лауазымдық санаттарын көрсете отырып әзірлеген жобалау жұмыстарының тізбесі негізінде әзірленетін жобалау үрдісіне енгізілген жұмыстардың әрбір позициясы үшін еңбек сыйымдылығын айқындау орындалады. Жобалау жұмыстары еңбек сыйымдылығының көрсеткіштері "адам-сағат" (адам-сағ.) мөлшерлігіне қарай айқындалады.
45. Жобалау жұмыстарын жобалаудың еңбек сыйымдылығы көрсеткіштерін айқындау нақты жобалау практикасын талдау және пысықтау негізінде орындалады.
46. Еңбек сыйымдылығы көрсеткіштерінің есептері негізінде айқындалатын жобалау жұмыстарының құны мынадай формула бойынша есептеледі:
(4)
мұндағы:
– і жобалау жұмысын орындаудың еңбек сыйымдылығы, адам-сағ.;
– жобалауға арналған жалпы шығындардағы өндірістік персоналдың жалақысының үлесін белгілейтін коэффициент. () мәні 0,35 деп қабылданады;
Қазақстан Республикасындағы жобалаушылардың орташа сағаттық еңбекақысын төлеу. Мынадай формула бойынша айқындалады:
(5)
мұндағы:
Қазақстан Республикасы бойынша орташа алғанда өткен жыл үшін "кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет" экономикалық қызметінің түрі бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша орташа айлық жалақының шамасы, теңге;
- 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414 Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 68-бабына сәйкес бір айға тең кезең үшін жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы, сағат;
– ағымдағы жылғы айлық есептік көрсеткіш, теңге;
– өткен жылдың айлық есептік көрсеткіші, теңге.
47. Тапсырыс беруші еңбек шығындары және шығындар калькуляциясы бойынша жобалау жұмыстары құнының есебін бекітеді.
Қазақстан Республикасында құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативке 1-қосымша |
|
№ 1П нысан |
Жобалау жұмыстарына арналған жиынтық смета
_______________________________________________________________
Объектінің (кәсіпорынның, ғимараттың, құрылыстың), жобалау кезеңінің,
сатысының, жобалау жұмыстары түрінің атауы
Жобалау ұйымының атауы:
Тапсырыс беруші ұйымның атауы:
Р/с № | Орындалатын жұмыстардың тізбесі | Кәсіпорынның, ғимараттың, құрылыстың сипаттамасы | №2П және 3П нысандары бойынша сметалар № сілтеме | Жұмыс құны, теңге |
Смета бойынша жиыны ____________________________________________________
(сомасы жазбаша)
Жобалау ұйымының басшысы __________________________________________
(қолы, аты-жөні, тегі, аты, бар болса әкесінің аты)
Жобаның бас инженері _________________________________________________
(қолы, аты-жөні, тегі, аты, бар болса әкесінің аты)
Қазақстан Республикасында құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативке 2-қосымша |
|
Нысан |
Жобалауды күрделендіретін факторлар болған кездегі түзету коэффициенттері
Жобалауды күрделендіретін факторлар | Коэффициент | |
"жоба" сатысында | "жұмыс жобасы" және "жұмыс құжаттамасы" сатыларында | |
Шөгетін және ісінетін топырақтар; карстық және қар көшкіні құбылыстары; құрылыс алаңының тау-кен қазбаларының үстінде, су басатын аймақтарда орналасуы | 1,05 | 1,2 |
Сейсмикалығы 7 балл | 1,05 | 1,2 |
Сейсмикалығы 8 балл | 1,1 | 1,3 |
Сейсмикалығы 9 балл | 1,1 | 1,4 |
Қазақстан Республикасында құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативке 3-қосымша |
|
Нысан |
Реконструкциялау түрлері бойынша Кр коэффициентінің мәні
№ | Реконструкциялау (техникалық қызмет көрсету) бойынша жұмыстардың түрлері | Реконструкциялау коэффициенттерінің мәні Кр |
Азаматтық мақсаттағы объектілер | ||
1 | Объектілерді реконструкциялау | |
1.1 | Жабындарды, инженерлік мақсаттағы жүйелерді ауыстырып, қасбеттерді өзгертпей объектінің мақсатын сақтау | 1,05-1,10 |
1.2 | Жабындарды, инженерлік мақсаттағы жүйелерді ауыстырып, қасбеттерді өзгертіп, терезе конструкцияларын және іргетастарды қайта орнатумен объектінің мақсатын сақтау | 1,10-1,20 |
1.3 | Жабындарды, инженерлік мақсаттағы жүйелерді ауыстырып, көлемін өзгертумен, тіреу конструкцияларды және іргетастарды күшейту арқылы объектінің мақсатын сақтау | 1,20-1,30 |
1.4 | Жабындарды, инженерлік мақсаттағы жүйелерді ауыстырып, ішкі қаңқаны орнатумен, ішкі қоршауларды ішінара ауыстыру және қосымша іргетастар орнату арқылы объектінің мақсатын сақтау | 1,30-1,40 |
1.5 | Жабындарды, инженерлік мақсаттағы жүйелерді ауыстырып, ғимараттың астына коллекторлар, өтпе жолдар, тоннельдер салумен объектінің мақсатын сақтау | 1,40-1,50 |
2 | Азаматтық мақсаттағы объектілер кешенін реконструкциялау | |
2.1 | Қосымша құрылыстар салмастан, жеке тұрған ғимараттарды бірыңғай технологиялық процеспен біріктіру кезінде | 1,05-1,10 |
2.2 | Өтпе галереялары, көлік байланыстары түрінде қосымша құрылыстар салу арқылы жеке тұрған ғимараттарды бірыңғай технологиялық процеспен біріктіру кезінде | 1,10-1,15 |
2.3 | Төменгі қабаттар бойынша біріктіретін кеңістік салу арқылы жеке тұрған ғимараттарды бірыңғай технологиялық процеспен біріктіру кезінде | 1,15-1,20 |
2.4 | Бір ғимаратта әртүрлі мақсаттағы екі немесе одан да көп объектілер салу кезінде | 1,10-1,15 |
3 | Құрылыс салынған аумақтарды реконструкциялау | |
3.1 | Босатылатын учаскелердегі бар қорды және жаңа құрылысты толқынды түрде көшіру әдісімен реконструкциялауды үйлестіру арқылы құрылыс салу тығыздығын ұлғайту | |
- 2 кезеңдік көшіру кезінде | 1,15 | |
- 3 және одан да көп көшіру кезеңдерінде | әрбір кезеңге 0,05 қосу | |
3.2 | Бұрын өндірістік, коммуналдық, қойма мақсатында пайдаланылған аумақтарда жаңа құрылыс салу | 1,10-1,15 |
Өндірістік мақсаттағы объектілер | ||
4 | Өндірістік мақсаттағы объектілерді реконструкциялау (жеке тұрған объектілер) | |
4.1 | Қасбеттерді өзгертпестен, технологиялық процесі бар көлемнің шегінде жетілдірумен байланысты үй-жайларды ішінара қайта жоспарлай отырып реконструкциялау | 1,05-1,10 |
4.2 | Жабындарды ауыстырмастан терезе қуыстарының орналасу орындарын ішінара өзгерте отырып, қолданыстағы көлемінің шегінде үй-жайларды ішінара реконструкциялау | 1,10-1,20 |
4.3 | Жабындарды ауыстырып, тіреу конструкциялар мен іргетастарды күшейтумен терезе қуыстарының орналасу орындарын ішінара өзгерте отырып, қолданыстағы көлемінің шегінде үй-жайларды ішінара реконструкциялау | 1,20-1,30 |
4.4 | Ғимараттың көлемін өзгертіп, ішкі қаңқаны орнатумен терезе қуыстарының орналасу орындарын ішінара өзгерте отырып, қолданыстағы көлемінің шегінде үй-жайларды ішінара реконструкциялау | 1,30-1,40 |
4.5 | Пайдаланылатын жерасты құрылғысын жасаумен терезе қуыстарының орналасу орындарын ішінара өзгерте отырып, қолданыстағы көлемінің шегінде үй-жайларды ішінара реконструкциялау | 1,40-1,50 |
5 | Өндірістік мақсаттағы объектілердің кешенін реконструкциялау | |
5.1 | Қасбеттерді және инженерлік қамтамасыз ету жүйелерінің орналасу орындарын өзгертпестен, технологиялық процесі бар көлемнің шегінде жетілдіруге байланысты үй-жайларды ішінара қайта жоспарлай отырып реконструкциялау | 1,10-1,20 |
5.2 | Жабындарды ауыстырып, тіреуіш конструкцияларды және іргетастарды күшейте отырып реконструкциялау | 1,20-1,30 |
5.3 | бұл да, ғимараттың көлемін өзгертумен, қаңқаны орнатумен | 1,30-1,40 |
5.4 | бұл да, пайдаланылып отырған жерасты кеңістігін жасаумен | 1,40-1,50 |
5.5 | Біріктіргіш құрылыстарды салмастан және өндірістің бейінін сақтай отырып, жеке тұрған объектілерді бірыңғай технологиялық процеске енгізу кезінде | 1,05-1,10 |
5.6 | Инженерлік, көліктік коммуникациялар мен өтпе галереялары түріндегі біріктіргіш құрылыстарды салу арқылы жеке тұрған объектілерді бірыңғай технологиялық процеске енгізу кезінде | 1,15-1,20 |
5.7 | Жеке тұрған ғимараттарды төменгі қабаттардың шегінде бірыңғай кеңістікпен біріктіру арқылы жеке тұрған объектілерді бірыңғай технологиялық процеске енгізу кезінде | 1,20-1,25 |
5.8 | Жабдықтарды жұмыс істеп тұрған қуаттардың шегінде ауыстыру арқылы өндірісті реконструкциялау | 1,15-1,30 |
5.9 | Кәсіпорынның өндірістік қуаттарын ұлғайтып, жабдықтарды ауыстыру арқылы өндірісті реконструкциялау | 1,30-1,50 |
6 | Инженерлік құрылыстар мен коммуникацияларды реконструкциялау | |
6.1 | Жүріс бөлігін кеңейтумен және өткізу қабілетін ұлғайтумен қала жолдарын, көшелерін, магистральдарды реконструкциялау | 1,20-1,30 |
6.2 | Жұмыс істеп тұрған коммуникациялар мен жылу желілерінің арналары жағдайында жабындарды, қабырғаларды, арақабырғаларды ауыстырып, коллекторларды реконструкциялау | 1,20-1,40 |
6.3 | Инженерлік желілердің қуатын, өнімділігін, құбырлардың диаметрін және т.б. өзгертумен реконструкциялау | 1,1-1,3 |
7 | Азаматтық қорғаныс объектілері | |
7.1 | Азаматтық қорғаныс баспанасын бейбіт уақытта жаңа мақсатта пайдалану үшін реконструкциялау, жаңғырту, жетілдіру немесе бейімдеу | 1,1-1,2 |
7.2 | Радиацияға қарсы пананы немесе Б типіндегі құрылысты бейбіт уақытта жаңа мақсатта пайдалану үшін реконструкциялау, жаңғырту, жетілдіру немесе бейімдеу | 1,1-1,2 |
7.3 | Запастағы қалалық басқару пункттерін (бұдан әрі - ЗҚБП) реконструкциялау, жаңғырту, жетілдіру немесе оны ЗҚБП үшін панаға бейімдеу | 1,3-1,5 |
7.4 | Көрсетілген құрылысқа қондырманы жобалау кезінде баспаналарды және азаматтық қорғаныстың басқа құрылыстарын реконструкциялау | 1,4-1,6 |
Ескертпе: |
Қазақстан Республикасында құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативке 4-қосымша |
|
Нысан |
Қоршаған ортаға кіріктірудің ерекше шарттарына арналған түзету коэффициенттерінің мәндері
№ | Объектіні (құрылысты қоса алғанда) қоршаған ортаға кіріктіру шарттары | Коэффициенттердің мәні | Кесте пункттері бойынша ескертпелер |
1 | Тарихи ортадағы (тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағындағы немесе оларға тікелей жақын жердегі) объект | 1,3 | - |
2 | Қорғалатын ландшафт аймағындағы (бақ-саябақ ансамблдері, саябақтар, қорық аймақтары, скверлер және т.б.) объект | 1,2 | ескертпені қара |
3 | Күрделі учаскелердегі объект | - | |
3.1 | Аумақтың тығыздығы (нормативтегіден аз), қолайсыздық тудыратын немесе оларды жою бойынша қосымша іс-шаралар жүргізуді талап ететін қатар орналасқан бар объектілердің болуы | 1,1 | - |
3.2 | Жобаланып отырған объектіге тікелей жақын жерде шуды, тербелісті және т.б. азайту бойынша қосымша іс-шараларды талап ететін қала көлігінің (жерүсті және жерасты) кернеу режимінің болуы | 1,05 | - |
3.3 | Табиғатты қорғау мақсаттарында жер массасының ауқымды көлемін (жерді рекультивациялау, археологиялық қазбалар кезінде) ауыстыру қажеттілігі | 1,2 | Жұмыстардың көлеміне қарай тапсырыс берушімен келісім бойынша |
3.4 | Инженерлік желілерді, жолдарды (3-тен астам) қайта төсеу қажеттілігі | 1,12 | Қайта салынатын коммуникацияларды жобалау құнына |
Ескертпе |
Қазақстан Республикасында құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативке 5-қосымша |
№ 2П нысан
________________________________________________________ қосымша
(шартқа, қосымша келісімге)
Жобалау жұмыстарына арналған
№ смета
_________________________________________________________________________
Объектінің (кәсіпорынның, ғимараттың, құрылыстың), жобалау кезеңінің, сатысының,
жобалау жұмыстары түрінің атауы
Жобалау ұйымының атауы:
Тапсырыс беруші ұйымының атауы:
Смета 20__ ж. ___ бағасында жасалған
№ Р/с № | Кәсіпорынның, ғимараттың, құрылыстың сипаттамасы | Құрылыс үшін жобалау жұмыстарына арналған баға жинағының бөлімдеріне бөліктердің, тараулардың, кестелердің, нұсқаулардың нөмірі | Құн есебі | Жұмыс құны, теңге |
Смета бойынша жиыны ____________________________________________________
(сомасы жазбаша)
Жобаның бас инженері __________________________________________
(қолы, аты-жөні, тегі, аты, бар болса әкесінің аты)
Сметаны жасаушы _________________________________________________
(қолы, аты-жөні, тегі, аты, бар болса әкесінің аты)
Қазақстан Республикасында
құрылысқа арналған жобалау
жұмыстарының құнын айқындау
жөніндегі мемлекеттік
нормативке
6-қосымша
№ 3П нысан
___________________________________ қосымша
(шартқа, қосымша келісімге)
Жобалау жұмыстарына арналған шығындарының № калькуляциясы
_____________________________________________________________________
Объектінің (кәсіпорынның, ғимараттың, құрылыстың), жобалау кезеңінің, сатысының,
жобалау жұмыстары түрінің атауы
Жобалау ұйымының атауы:
Тапсырыс беруші ұйымының атауы:
Р/с № | Орындалатын жұмыстардың тізбесі | Орындаушылар | Адам-сағат саны | Орташа еңбекті төлеу, адам-сағ. | Еңбекті төлеу (барлығы) | |
саны | лауазымы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Еңбекті төлеу жиыны, теңге _______________________________________________
Ұйым басшысы___________________________________________________
(қолы, аты-жөні, тегі, аты, бар болса әкесінің аты)
Сметаны жасаушы_______________________________________________________
(қолы, аты-жөні, тегі, аты, бар болса әкесінің аты)