Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 желтоқсанда № 12590 болып тіркелді

Жаңартылған
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 16-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 23 маусымдағы № 378 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің 2015 жылғы 23 шілдедегі 92255 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 31 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 5-бөлімнің 16-параграфын, сондай-ақ 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 424 және 426-тармақтарды қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Министр
Б. Сұлтанов

      

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 648 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары

      1. Осы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасының "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы, "Ақпараттандыру туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
      2. Қағидалар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібіне сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

1. Жалпы ережелер

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) веб-порталда тіркелу – мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектісінің веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуға қол жеткізуі;
      2) веб-порталға қатысушы – веб-порталда тіркеуден өткен тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші;
      3) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі;
      4) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы (бұдан әрі – ұйымдастырушы) – тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасы не құрылымдық бөлімшесі немесе осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыру үшін айқындалған заңды тұлға;
      5) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы (бұдан әрі – бірыңғай ұйымдастырушы) – Заңның 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдігі немесе аудан, қала, қаладағы аудан әкімдігі айқындаған, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
      6) мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – мемлекеттiк сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      7) мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншiк иесi мемлекет болып табылатын заңды тұлға;
      8) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – шарт) – Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында веб-портал арқылы жасалған, электрондық-цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт;
      9) электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
      10) құжаттың электрондық көшірмесі – өтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушының өзінің жеке қатысуы кезінде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілеттік берілген қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететiн құжат;
      11) уәкілетті өкіл – веб-порталға қатысушының бірінші басшысының тиісті шешімімен веб-порталда барлық іс-қимылдарды атқаруға, соның ішінде электрондық құжаттардың көшірмелерін куәландыруға уәкілеттілік берілген веб-порталға қатысушының қолданушысы.
      12) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермегенін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
      13) жеке кабинет – мемлекеттік сатып алу рәсімдерін, сатып алуға қатысуларын, сондай-ақ веб-порталда орналастырылған автоматтық хабарламалар мен мәліметтерді алуды жүзеге асыруға арналған пайдаланушының веб-порталдағы автоматтандырылған жұмыс орны.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       4. Осы Қағидаларда пайдаланатын басқа да ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес қолданылады.

2. Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау

      5. Осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді мемлекеттік сатып алудың бекітілген немесе нақтыланған жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жоспары) негізінде қабылдайды.
      6. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары, қаржыландыру жоспары) негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және бекітеді.
      7. Тапсырыс беруші Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       8. Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілгенге дейін қолданылады. Тапсырыс беруші тиісті бюджетте (даму жоспарында) бекітілмеген мәліметтерді қоспағанда, мәліметтерді веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарынан мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарына ауыстырады.
      9. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары, қаржыландыру жоспары) бекітілген (нақтыланған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді (нақтылайды).
      10. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) мынадай мәліметтерді қамтиды:
      1) мемлекеттік сатып алудың сәйкестендіру коды;
      2) қосылған құн салығын есепке алмағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, анықтамалыққа сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы;
      3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері;
      4) тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері мен орны;
      5) Заңның 43-бабында көзделген жағдайларда, әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сомалар шегінде кестеге және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері;
      6) Заңның 51-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру шарттары.
      11. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) әзірлеу кезінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен лоттарға бөлуді жүзеге асырады.
      12. Тапсырыс беруші мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) бекiтілген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланбай ұсынылатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, оны веб-порталда орналастырады.
      13. Тапсырыс берушілер Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес айына бір реттен асырмай мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       14. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланбай ұсынылатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды веб-порталда орналастырады.
      15. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) бекітілген немесе мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жоспарланатын мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты бірыңғай ұйымдастырушыға ұсынады.
      16. Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 31), 32) және 35) тармақшаларына және 50-бабына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгiзілуге жатпайды.
      17. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 31), 32) және 35) тармақшаларына және 50-бабына сәйкес сатып алуды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген (нақтыланған) жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуға жол берiлмейдi.
      18. Тапсырыс беруші Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес шарт жасасқанға дейін:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджетті нақтылау (түзету), бюджет жобасын бекіту кезінде болған мемлекеттік сатып алудың бекітілген (нақтыланған) жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған (енгізілмеген);
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, тапсырыс берушінің бюджетіне (даму жоспарына) мемлекеттік сатып алудың бекітілген (нақтыланған) жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттігін жоққа шығаратын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
      Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген жағдайда, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) ағымдағы жылы осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       19. Тапсырыс беруші не ұйымдастырушы осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
      1) өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысатын тұлғаларды қабылданған шешім туралы хабардар етеді;
      2) конкурсқа (аукционға) қатысуға енгізілген өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтарады.

3. Ұйымдастырушыны немесе бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау тәртібі
1-параграф. Ұйымдастырушыны айқындау тәртібі

      20. Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға ретінде әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші ұйымдастырушыны және тапсырыс берушінің алда болатын мемлекеттік сатып алуда мүдделерін білдіретін лауазымды адамын айқындайды.
      21. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындауға жауапты өз құрылымдық бөлімшесінің немесе лауазымды тұлғасының атынан ұйымдастырушы бола алады.
      22. Тапсырыс беруші Заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкес тапсырыс беруші ұйымдастырушы етіп тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемені айқындауға құқылы.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       23. Тапсырыс беруші Заңның 7-бабының 3-тармағына сәйкес тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме үшін тапсырыс беруші ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       24. Тапсырыс беруші Заңның 7-бабының 4-тармағына сәйкес тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме үшін тапсырыс беруші олардың арасынан ұйымдастырушыны айқындауға құқылы.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       25. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі Заңның 7-бабының 5-тармағына сәйкес өзіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеме, оған қатысты өзі мемлекеттік басқару органы ретінде әрекет ететін заңды тұлға не оған қатысты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы ретінде әрекет ететін заңды тұлғамен үлестес тұлға үшін ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
      Мемлекеттік кәсіпорын не дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға Заңның 7-бабының 5-тармағына сәйкес өзімен үлестес тұлғалар үшін ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       26. Тапсырыс беруші конкурс (аукцион) тәсілімен ұйымдастырылатын және өткізілетін мемлекеттік сатып алу рәсімін орындау үшін бірыңғай ұйымдастырушымен келісім бойынша оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде айқындайды.
      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       27. Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға ретінде әрекет еткен жағдайларды қоспағанда, ұйымдастырушы тапсырыс берушімен, әлеуетті өнім берушілермен, тиісті комиссиялармен және сарапшымен өзара қарым-қатынастарда өзінің атынан өкілдік ететін лауазымды адамды айқындайды. Ұйымдастырушының өкілі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкерлері қатарынан айқындалады.

2-параграф. Бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау тәртібі

      28. Бірыңғай мемлекеттік сатып алуды өткізу мақсатында:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушыны айқындайды.
      Бірыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12556 болып тіркелген "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 669 бұйрығына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын бюджеттік бағдарламалардың және (немесе) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша орындайды;
      2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдігі тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушыны айқындайды.
      Бірыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдігі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша орындайды;
      3) ауданның, қаланың, қаладағы ауданның әкімдігі тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушыны айқындайды.
      Бірыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді тиісті ауданның, қаланың, қаладағы ауданның әкімдігі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша орындайды.
      Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
1-параграф. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткізу туралы хабарлама

      29. Ұйымдастырушы баға ұсыныстарын ұсыну мерзiмi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу туралы мынадай:
      1) бөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткізiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң көлемi туралы мәліметтерді;
      2) болған кезде Қазақстан Республикасының ұлттық немесе үкіметтік емес стандарттарын көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасын;
      3) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету орнын;
      4) тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерiн;
      5) әлеуетті өнім берушілердiң баға ұсыныстарын ұсынуды бастау және аяқтау мерзiмi туралы;
      6) техникалық ерекшелігін көрсете отырып, шарттың жобасын веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.
      30. Мыналар:
      1) негізгі (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуді (лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді) қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін;
      2) тауарды лизингке беру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні айқындау және лизингтің нысанасын мұқият сипаттау қажеттігі туындағанда;
      3) тапсырыс берушіде бар тауарды жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету үшін жүзеге үшін мемлекеттік сатып алу жағдайларын қоспағанда, осы Қағидалардың 29-тармағында көзделген орналастырылатын ақпаратта тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға нұсқамалардың болуына жол берілмейді

2-параграф. Әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарын ұсынуы

      31. Әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларда көзделген мәліметтерді қамтитын бiр ғана баға ұсынысын ұсынады, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
      Әлеуетті өнім берушілер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін берілген баға ұсыныстарын қайтаруға рұқсат етіледі. Бұл ретте баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі өткенге дейінгі енгізілген өзгерістермен баға ұсыныстарын қайта ұсынуға жол беріледі.
      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       32. Әлеуетті өнім берушінiң баға ұсынысын беруі оның шарт жобасында көзделген елеулi талаптарды сақтай отырып, тауарды берудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға келiсiм бiлдiргенінің нысаны болып табылады.
      33. Әлеуеттi өнiм берушiнiң баға ұсынысында тауарларды жеткiзуге, жұмыстарды орындауға, қызметтердi көрсетуге байланысты барлық шығыстар кіреді.
      34. Әлеуеттi өнiм берушi баға ұсынысын ұйымдастырушыға веб-портал арқылы хабарландыруда көрсеткен баға ұсыныстарын беру мерзiмi аяқталғанға дейiн осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
      35. Баға ұсынысын берген әлеуетті өнiм берушiге веб-портал тиiстi хабарламаны автоматты түрде жiбергеннен кейiн баға ұсынысы қабылданды деп саналады.

3-параграф. Баға ұсыныстарын салыстыру және баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындыларын шығару

      36. Баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі өткеннен кейін веб-портал автоматты түрде баға ұсыныстарын салыстыруды және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысын шығаруды жүргізеді.
      37. Ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
      38. Екінші орын алған әлеуетті өнім беруші ең төмен баға ұсынысынан кейінгі баға негізінде айқындалады.
      39. Егер ең төмен баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім беруші ұсынған болса, баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрынырақ келіп түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
      40. Заңның 45-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдастырушы мен әлеуетті өнім берушінің арасында веб-портал арқылы не веб-портал қолданылмай өзге де тәсілдермен оның баға ұсынысына қатысты келіссөздер жүргізуге жол берілмейді.
      41. Егер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушінің бір ғана баға ұсынысы ұсынылған болса, веб-портал мұндай мемлекеттік сатып алуды автоматты түрде өткізілмеді деп таниды және ұйымдастырушы осы баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім берушіден бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. Бұл ретте жасалған шарттың бағасы әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысынан аспауға тиіс.
      42. Егер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушілердің бірде-бір баға ұсынысы ұсынылмаса, веб-портал мұндай мемлекеттік сатып алуды автоматты түрде өткізілмеді деп таниды және ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.
      43. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы:
      1) егер ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен;
      2) Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда веб-портал автоматты түрде қабылдамайды.
      Өзге де негіздер бойынша баға ұсыныстарын қабылдамауға жол берілмейді.
      44. Егер осы Қағидалардың 43-тармағында көзделген негіздер бойынша баға ұсыныстарын веб-портал автоматты түрде қабылдамағаннан кейін әлеуетті өнім берушілердің екеуден аз баға ұсынысы қалған болса, онда мұндай мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылады және ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.
      45. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысының осы Қағидалардың 3-қосымшасының нысанына сәйкес хаттамасы ол шығарылғаннан кейін веб-порталда автоматты түрде орналастырылады.

5. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
1-параграф. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезеңдері

      46. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай реттілікпен іс-шараларды орындауды көздейді:
      1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушінің ұйымдастырушыны және алдағы уақытта болатын конкурста соңғысының мүдделерін білдіретін тапсырыс берушінің лауазымды адамын айқындауы;
      2) тапсырыс беруші ұйымдастырушыға конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін ақпараттар мен құжаттарды не бірыңғай ұйымдастырушыға конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін тапсырманы ұсыну;
      3) тапсырыс берушiнің конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жоспарының) тармақтарын жіберуі;
      4) конкурстық комиссияның құрамын, сараптау комиссия тобының құрамын не сарапшыны (қажет болғанда) айқындау және бекіту, конкурстық комиссияның хатшысын айқындау;
      5) конкурстық құжаттаманың жобасын бекіту;
      6) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаны, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мәтінін веб-порталда орналастыру;
      7) конкурстық құжаттаманың жобасын веб-портал арқылы алдын ала талқылау және конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылаудың хаттамасын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мәтінін веб-порталда жариялау;
      8) әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға электронды құжат нысанындағы өтінімдерін ұсыну және оларды веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
      9) өтінімдерді автоматты түрде ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталда жариялау;
      10) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысында әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін, сондай-ақ Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің болмауын конкурстық комиссияның веб-портал арқылы қарауы;
      11) әлеуетті өнім берушілермен конкурсқа қатысуға арналған өздерінің өтінімдерін біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіру;
      12) әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерін қайтадан қарау;
      13) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану, сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынымдарына өлшемшарттардың салыстырмалы мәндерiн қолдану;
      14) конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын веб-порталдың автоматты түрде салыстыруы, ең төменгі шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын, сондай-ақ екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні айқындау және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттаманы веб-порталда жариялау;
      15) тапсырыс берушінің конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамасы негізінде жеңімпазбен шарт жасасуы;
      Осы тармақтың 7) тармақшасында көзделген іс-шаралар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алу кезінде, сондай-ақ конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама қамтылатындықтан, жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алу кезінде жүзеге асырылмайды.
      Осы тармақтың 11) тармақшасында көзделген іс-шаралар конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда жүзеге асырылады.
      47. Біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы Заңның 20-бабының 1-тармағына сәйкес мұндай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурстық құжаттамада олардың біртекті түрлері бойынша лоттарға бөле отырып, көрсетілген тәсілмен бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге құқылы.
      Осы Қағидалардың 48-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледі.
      Ескерту. 47-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       48. Тауарды беретін кемінде бес орын болған жағдайда, конкурс тәсілімен өткізілетін лотта тауарды беретін бірнеше орынды көрсетуге жол беріледі.
      49. Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы осы Қағидалардың 48-тармағының талаптарын ескере отырып, конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және (немесе) беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледі.
      50. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ конкурс жеңімпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.

2-параграф. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу үшін тапсырыс берушінің ұйымдастырушыға (бірыңғай ұйымдастырушыға) ақпараттарды және құжаттарды ұсынуы

      51. Тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайларды қоспағанда, конкурсты жүргізу үшін тапсырыс беруші ұйымдастырушыға қазақ және орыс тілдерінде техникалық ерекшелікті және шарттың жобасын ұсынады.
      Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиіс.
      Сонымен бірге конкурстық құжаттамада мыналар:
      1) негізгі (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуді (лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді) қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін;
      2) тауарды лизингке беру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні айқындау және лизингтің нысанасын мұқият сипаттау қажеттігі туындағанда;
      3) тапсырыс берушіде бар тауарды жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету үшін жүзеге үшін мемлекеттік сатып алу жағдайларын қоспағанда, егер мұндай нұсқама сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін жекелеген өнім берушіге тиістілігін анықтаған жағдайда тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ өзге сипаттамалардағы нұсқамалардың болуына жол берілмейді
      52. Бірыңғай ұйымдастырушы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді тапсырыс берушінің қазақ және орыс тілдерінде мынадай құжаттарды қамтитын тапсырмасының негізінде жүзеге асырады:
      1) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға немесе жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды тұлға қол қойған, конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін тапсырыс беруші өкілдерінің ішінен үміткерлері көрсетілген тапсырыс берушінің конкурсты өткізуге өтінімі;
      2) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам бекіткен конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелігі, шарттың жобасы және құрылған (тартылған) жағдайда сараптау комиссиясының құрамы.
      Техникалық ерекшеліктің орнына жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттама Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қамтуға тиіс.
      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-параграф. Конкурстық комиссияның құрамын, сараптау комиссиясының құрамын не сарапшыны айқындау және бекіту (қажет болған кезде), конкурстық комиссияның хатшысын айқындау

      53. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін орындау үшін ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы әрбір конкурсқа жеке конкурстық комиссияны бекітеді және конкурстық комиссияның хатшысын айқындайды.
      54. Конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссия хатшысын айқындау туралы шешімді ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам немесе жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.
      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       55. Егер тапсырыс берушінің өзі тікелей немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесі (лауазымды адам) атынан ұйымдастырушы болып әрекет еткен жағдайда конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссия хатшысын айқындау туралы шешімді Заңның 7-бабының 1-тармағына сәйкес тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам не Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.
      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       56. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырған жағдайда конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссия хатшысын айқындау туралы шешімді бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам қабылдайды.
      57. Жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде ұйымдастырушы, ал егер ұйымдастырушы ретінде тапсырыс берушінің өзі тікелей, не өзінің құрылымдық бөлімшесі (лауазымды адам) атынан әрекет еткен жағдайда, тапсырыс беруші қажет болған кезде конкурстық комиссияның құрамына тиісті қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша оның веб-порталда тіркелген қызметкерлерінің қатарынан оның өкілдерін енгізеді.
      58. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеу үшін тапсырыс беруші қажет болған кезде сараптау комиссиясын құрады не сарапшыны тартады.
      59. Конкурстық комиссияның мүшелері конкурстық комиссияның төрағасы және басқа да мүшелері болып табылады. Конкурстық комиссияның мүшелері өтінімдерді қарайды және дауыс беруде ауысу құқығынсыз қатысады.
      Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны Заңның 2-бабының 10) тармақшасына сәйкес тақ санды, бірақ кемінде үш адамды құрайды.
      Бірыңғай ұйымдастырушы құратын конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, бірақ кемінде бес адамды құрайды.
      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       60. Осы Қағидалардың 22, 24 және 25-тармақтарында көрсетілген жағдайларда конкурстық комиссияның төрағасы болып ұйымдастырушының бірінші басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға айқындалады.
      Осы Қағидалардың 21 және 23-тармақтарында көзделген жағдайларда конкурстық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам айқындалады.
      Осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысынан не оның міндетін атқарушы тұлғадан төмен емес лауазымды адам не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам айқындалады.
      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       61. Конкурстық комиссия төрағасы болмаған жағдайда комиссия төрағасының кандидатурасы қайта бекітіледі. Бұл ретте конкурстық комиссияның төрағасы болып бірінші басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам, ал ол болмаған жағдайда – бірінші басшы айқындалады.
      Бірыңғай ұйымдастырушы құрған конкурстық комиссияны қайта бекіткен жағдайда тапсырыс беруші бірінші басшысының не Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігі әкімінің міндеттерін атқаратын лауазымды тұлға конкурстық комиссияның төрағасы болып анықталады.
      62. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс жүргізілген кезде, тапсырыс берушінің бірінші басшысы конкурстық комиссияның төрағасы болып айқындалады.
      63. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган, атқарушы орган бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс жүргізген кезде Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің әкімі конкурстық комиссияның төрағасы болып айқындалады.
      64. Осы Қағидалардың 28-тармағы 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын бірыңғай ұйымдастырушы конкурс жүргізген кезде тапсырыс берушінің бірінші басшысы конкурстық комиссияның төрағасы болып айқындалады.
      Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       65. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орталық атқарушы органдардың қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша конкурс өткізген кезде конкурстық комиссияның төрағасын орталық атқарушы органның бірінші басшысы айқындайды.
      66. Осы Қағидалардың 28-тармағы 2) тармақшасына сәйкес айқындалатын бірыңғай ұйымдастырушы конкурс жүргізген кезде конкурстық комиссияның төрағасы болып тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі айқындалуы тиіс.
      67. Осы Қағидалардың 28-тармағы 3) тармақшасына сәйкес айқындалатын мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы конкурс өткізген кезде конкурстық комиссияның төрағасы болып тиісті ауданның, қаланың, қаладағы ауданның әкімі айқындалады.
      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       68. Конкурстық комиссияның төрағасы:
      1) конкурстық комиссияның қызметін басқарады;
      2) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      69. Конкурстық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және шарт жасасқан күні өз қызметін тоқтатады.
      70. Конкурстық комиссияның шешімі веб-порталды пайдалана отырып дауыс беру арқылы қабылданады және конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады.
      Конкурстық комиссияның тиісті хаттамаларында конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда хатшы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда жариялайды.
      71. Конкурстық комиссияның ұйымдастыру қызметін конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Конкурстық комиссия хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.
      Конкурстық комиссияның хатшысы ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесінің лауазымды тұлғаларының арасынан айқындалады.
      72. Конкурстық комиссияның хатшысы:
      1) веб-порталда конкурстық құжаттаманың жобасын қалыптастырады және жариялайды;
      2) веб-порталда конкурс өткізілетіні туралы хабарландыруды, конкурстық құжаттаманың жобасын алдын-ала талқылау хаттамасын, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын, бар болған кезде конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы, сондай-ақ болған кезде басқа да құжаттарды жариялайды;
      3) веб-порталда бар болған жағдайда сараптау комиссиясының немесе сарапшының қорытындысын жариялайды;
      4) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      73. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу кезінде ұйымдастырушы Заңнын 27-бабының 2-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы.
      Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырған жағдайда тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын не сарапшыны бекітеді.
      Ескерту. 73-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       74. Конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің орнына жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастырған және жүргізген кезде конкурстық құжаттама заңнамаға сәйкес сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттаманы қамтиды, сараптау комиссиясы құрылмайды, сарапшы тартылмайды.
      75. Сараптау комиссиясын құру не сарапшыны тарту туралы шешімді ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға не жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.
      Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырған жағдайда сараптау комиссиясын құру туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға не жауапты хатшы не жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.
      Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       76. Конкурсты өткізу басталғанға дейін конкурстық комиссия мүшелері, конкурстық комиссияның хатшысы, сондай-ақ сараптау комиссиясы не сарапшы конкурстық құжаттаманың бекітілген жобасымен және оның қосымшаларымен танысады.
      77. Сараптау комиссиясының төрағасы, төрағасының орынбасары және басқа мүшелері сараптау комиссиясының мүшелері болып табылады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды. Сараптау комиссиясының жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде үш адам болуы тиіс.
      78. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған және өткізген кезде сараптау комиссиясы не сарапшы әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігіне сараптамалық қорытынды береді және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.
      79. Конкурстық комиссия сараптау комиссиясының не сарапшының қорытындысын, егер ол конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шегінде құрылған жағдайда ғана міндетті түрде ескереді. Сараптамалық қорытындыға сараптау комиссиясының мүшелері не сараптау комиссиясын құрмай-ақ сарапшыны анықтаған жағдайда, сарапшы қол қояды және конкурстық комиссия хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталдағы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамасына, мемлекеттік сатып алулардың қорытындысы туралы хаттамаға қоса беріледі.
      80. Сараптау комиссиясының әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін анықтауы ашық дауыс берумен жүзеге асырылады және егер сараптау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
      81. Дауыстар тең болған жағдайда сараптау комиссиясының төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      Сараптау комиссиясының қорытындысымен келіспеген жағдайда осы сараптау комиссиясының кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол сараптау комиссиясының қорытындысына қоса беріледі және құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады.
      Тиісті сараптамалық қорытындыда сараптау комиссиясының қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда конкурстық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда жариялайды.

Параграф 4. Конкурстық құжаттаманың жобасын бекіту және оны веб-порталда жариялау

      82. Ұйымдастырушы не бірыңғай ұйымдастырушы конкурс жүргізудің шарттары мен тәртібін анықтау үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманы қалыптастырады және мынадай:
      1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін;
      2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, оны тапсырыс берушімен келіседі.
      83. Ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманың жобасын тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндеттерін атқарушы тұлға не жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам бекітеді.
      Ескерту. 83-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       84. Осы Қағидалардың 28-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларына сәйкес айқындалатын мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы әзірленген конкурстық құжаттаманың жобасын бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын тұлға бекітеді.
      85. Бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген және бекіткен конкурстық құжаттаманың жобасы конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікті, шарт жобасын және осы Қағидалардың 52-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тапсырыс беруші бекіткен сараптау комиссияның құрамын не сарапшыны қамтуы тиіс.
      Заңның 21-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жобалау-сметалық құжаттаманы қажет ететін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде техникалық ерекшеліктің орнына конкурстық құжаттама Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қамтуы тиіс.
      Ескерту. 85-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-параграф. Конкурс өткізу туралы хабарлама

      86. Ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың жобасы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың жобасын веб-порталда орналастырады.
      Заңның 22-бабы 3-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін ұсынатын мерзімнің соңғы күні конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын және бекітілген конкурстық құжаттаманың мәтінін орналастырған күннен бастап кем дегенде күнтізбелік он бес күнді құрайды.
      Заңның 22-бабы 3-тармағына сәйкес егер осы Қағидалардың 89-тармағына сәйкес конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау жүзеге асырылмаған жағдайда, әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін ұсынатын мерзімнің соңғы күні конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаның мәтінін орналастырған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем болмауы тиіс.
      Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       87. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қайтадан жүзеге асырған жағдайда, ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын веб-порталда өткізілмеген конкурстың конкурстық құжаттамасының өзгермеуі шартымен, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін орналастырады.
      88. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қайтадан жүзеге асырылған және конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда мемлекеттік сатып алу осы Қағидалардың 86-тармағына сәйкес жүргізіледі.

6-параграф. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау және алдын ала талқылау хаттамасын веб-порталда жариялау

      89. Мынадай:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын;
      2) конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама қамтылатындықтан, жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, конкурстық құжаттаманы бекітудің міндетті талабы әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылауы болып табылады.
      90. Конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулерді, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды әлеуетті өнім берушілер веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушіге, ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға жіберуі мүмкін.
      91. Конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулер болмаған кезде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттама бекітілді деп есептеледі.
      92. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы ескертулер болған кезде конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мынадай шешімдерді қабылдайды:
      1) конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
      2) конкурстық құжаттаманың жобасына ескертпелерді қабылдамай, оларды қабылдамау негіздемелері мен себептерін көрсетеді;
      3) конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсінік береді.
      Конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, осы Қағидалардың 83, 84-тармақтарымен белгіленген тәртіпте веб-порталда өзгертілген конкурстық құжаттаманы бекіту туралы шешім қабылданады.
      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген шешімдер қабылданған күннен бастап, конкурстық құжаттама бекітілді деп есептеледі.
      93. Ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-порталда конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын орналастырады.
      Осы Қағидалардың 92-тармағы 1) тармақшасына сәйкес конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың жобасын алған әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасымен бірге конкурстық құжаттаманың бекітілген мәтінін орналастырады.
      94. Заңның 22-бабы 2-тармағына сәйкес конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы конкурстық құжаттаманың жобасына қатысты келіп түскен ескертпелер туралы ақпаратты және олар бойынша қабылданған шешімдерді қамтиды.
      Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын тұлға немесе жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қол қояды.
      Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы өткізген жағдайда конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы қол қояды.
      Осы Қағидалардың 22, 24 және 25-тармақтарында көзделген жағдайларда, конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын тұлға немесе жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қол қояды.
      Ескерту. 94-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       95. Ұйымдастырушы, қажет болған кезде конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларына немесе ескертпелеріне жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді осы Қағидалардың 83-тармағында белгіленген тәртіппен тапсырыс беруші бекітеді.
      96. Конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке немесе шарттың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтыруларды қоспағанда бірыңғай ұйымдастырушы, қажет болған кезде конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, веб-порталға қатысушы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларына не ескертулеріне жауап ретінде конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке және шарттың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді қоспағанда, конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді осы Қағидалардың 84-тармағында белгіленген тәртіппен бірыңғай ұйымдастырушы бекітеді.
      Тапсырыс беруші қажет болған кезде конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке немесе шарттың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы бекітілген шешімді бірыңғай ұйымдастырушыға жібереді.
      97. Бірыңғай ұйымдастырушы тапсырыс беруші бекіткен конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке және шарттың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім негізінде конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке немесе шарттың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
      98. Конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулерді қабылдамау туралы шешім қабылданған жағдайда, осы Қағидалардың 92-тармағы 2) тармақшасына сәйкес конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында оларды қабылдамау себептерінің егжей-тегжей негіздемелері көрсетіледі.
      99. Әлеуетті өнім берушілерден веб-портал арқылы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар келіп түскен жағдайда, осы Қағидалардың 92-тармағы 3) тармақшасына сәйкес конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсіндірме беру мәтіні конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.
      100. Бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің және шарт жобасының ережелеріне түсіндірме беруді тапсырыс беруші жүзеге асырады.
      Конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің және шарт жобасының ережелеріне түсіндірме беру мәтіні конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.

7-параграф. Әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманы немесе конкурстық құжаттаманың жобасын ұсыну

      101. Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап барлық ниет білдірушілерге конкурстық құжаттаманы немесе конкурстық құжаттаманың жобасын веб-порталда тегін алу мүмкіндігі беріледі.
      102. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      103. Веб-порталда конкурс өткізу туралы хабарлау сәтіне дейін конкурстық құжаттаманы не конкурстық құжаттаманың жобасын беруге жол берілмейді.

8-параграф. Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінің мазмұны және оларды беру

      104. Конкурсқа қатысуға өтінім электрондық құжат нысанында веб-портал арқылы конкурстық құжаттамада көрсетілген оны берудің соңғы мерзімі өткенге дейін беріледі және әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарға және шарттарға келісім беру, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары мен Заңның 6-бабында белгіленген шектеулерге сәйкестігін растайтын, өзі туралы мәліметтер алуға келісу нысаны болып табылады.
      105. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінімі конкурстық құжаттаманың нысанында тізбеленген құжаттарды қамтуы тиіс, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің:
      1) Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзушылықтардың болмағандығы туралы;
      2) өзінің және тапсырыс берушінің не ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) арасында Заңда тыйым салынған қарым-қатынастардың болмағандығы туралы;
      3) Заңның 43-бабының 19-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда, шартты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бұзуға келісуі туралы растауды қамтуға тиіс.
      106. Конкурсқа қатысуға өтінім конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушінің тиісті хабарламасын веб-порталмен автоматты түрде жіберу сәтінде қабылданған болып есептеледі.
      107. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға бір ғана өтінім береді.
      108. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі мынадай:
      1) әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға бұрын өтінім берген;
      2) конкурсқа қатысуға өтінім веб-порталға осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түскен;
      3) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен;
      4) Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда, веб-портал оны автоматты түрде қабылдамауға тиіс.
      Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап кем дегенде күнтізбелік алпыс күнді құрайды және конкурстық құжаттамада белгіленген талап етілетін мерзімге сәйкес келуі тиіс.
      Ескерту. 108-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       109. Әлеуетті өнім берушілер берген конкурсқа қатысуға өтінімдер веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.
      110. Әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде өзі енгізген конкурсқа қатысу өтінімін қамтамасыз етуді қайтаруға құқықтарын жоғалтпастан, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін кез келген уақытта өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертеді немесе кері қайтарып алады.
      Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін оны қайтарып алуға жол берілмейді.
      111. Осы Қағидалардың 126-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
      112. Әлеуетті өнім берушіге конкурстық құжаттамаға сәйкес талап етілетін мемлекеттік ақпараттық жүйелерге және (немесе) мемлекеттік дерекқорға жүгіну арқылы не электрондық нысанды толтырып, веб-порталды пайдалану арқылы алынған жекелеген құжаттарды ұсынуға жол беріледі.

9-параграф. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету

      113. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.
      Конкурста бірнеше лот бойынша қатысу жағдайында әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әрбір лот бойынша жеке-жеке ұсынуға құқылы.
      114. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің біреуін:
      1) ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарнаны;
      2) қағаз тасығышта не электрондық құжат нысанында банктік кепілдікті таңдауға құқылы.
      Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі өткенге дейін енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығы үшінші тұлғаларда туындауына алып келетін әрекеттер жасауына жол берілмейді.
      Осы Қағидалардың 117 және 118-тармақтарында көрсетілген әрекеттерді қоспағанда, ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) әлеуетті өнім беруші енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.
      115. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді банктік кепілдік түрінде қағаз тасығышта енгізген жағдайда, оның түпнұсқасы ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға конкурсқа қатысуға өтінім ұсынудың соңғы мерзіміне дейін конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес беріледі.
      Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуды қамтамасыз етуді банктік кепілдік түрінде қағаз тасығышта енгізген кезде ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға осындай қамтамасыз етуді алған фактіні банктік кепілдіктерді тіркеу журналында есепке алады.
      Ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы банктік кепілдіктерді тіркеу журналында мынадай мәліметтерді көрсетеді:
      1) конкурстың атауы мен өткізілетін мерзімі;
      2) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда);
      3) банктік кепілдікті тіркеу күні мен уақыты.
      Банктік кепілдіктерді тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді және конкурстық комиссияның хатшысы әрбір бетіне бұрыштама қояды.
      Банктік кепілдіктерді тіркеу журналының соңғы беті ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.
      Бір қаржы жылы ішінде конкурс (аукцион) тәсілімен барлық мемлекеттік сатып алу бойынша банктік кепілдіктерді тіркеудің бірыңғай журналын жүргізуге жол беріледі.
      116. Әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушының банктік шотына не мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер болып табылатын ұйымдастырушылар, бірыңғай ұйымдастырушы үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдендірілген ақшалай жарна түрінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізген жағдайда, ол кепілдендірілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі түрінде беріледі. Бұл ретте, кепілдендірілген ақшалай жарна конкурстық құжаттамада көрсетілген банктік шотқа конкурсқа қатысуға өтінім берудің түпкілікті мерзіміне дейін енгізіледі.
      117. Ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:
      1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған;
      2) конкурс жеңімпазы не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші шарт жасаса отырып, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не тиісті түрде орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбесе конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.
      118. Осы Қағидалардың 117-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кіріс есебіне жатқызылады.
      119. Ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап:
      1) осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қайтарып алған;
      2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
      3) шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген жағдайларда, үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім беруші енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді өзіне қайтарады.

Параграф 10. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу

      120. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашуды конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін веб-портал автоматты түрде бес минут ішінде жүзеге асырады.
      121. Егер конкурсқа (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім конкурсқа (лотқа) берілген болса, онда мұндай өтінім де осы Қағидаларға сәйкес ашылады және қаралады.
      122. Осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысу өтінімдерді ашу хаттамасын оны ашу жүргізілген кезден бастап веб-портал автоматты түрде орналастырады. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінім берген конкурстық комиссия мүшелеріне, әлеуетті өнім берушілерге веб-портал хабарламаларды автоматты түрде жібереді.
      123. Конкурстық баға ұсыныстарын қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге ашу хаттамасы орналастырылған кезден бастап басқа да әлеуетті өнім берушілердің осы конкурсқа қатысуға берген өтінімдерін көруге қол жеткізу қамтамасыз етіледі.

Параграф 11. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау

      124. Конкурстық комиссия, біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында, веб-портал арқылы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды.
      125. Конкурстық құжаттама техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қамтыған жағдайларды қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияның хатшысы, олар құрылған (тартылған) жағдайда, сараптау комиссиясына не сарапшыға әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктерін олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында ұсынады.
      126. Конкурстық комиссия біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы веб-порталда орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді.
      Заңның 6-бабын бұзған әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығы берілмейді.
      127. Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі нысанасына конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы ресімделеді, оған конкурстық комиссияның төрағасы мен барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді алдын ала қарау туралы шешім қабылданған күні қол қояды.
      128. Заңның 27-бабы 3-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:
      1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің қабылдамау себептері егжей-тегжейлі сипатталған, оның ішінде олардың біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін мәліметтері және растайтын құжаттары көрсетілген тізбесі, сонымен қатар конкурсқа қатысуға берілген өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы ақпарат;
      2) әлеуетті өнім берушіге веб-портал арқылы ұсынылатын біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге жататын қажетті құжаттардың тізбесін.
      Ескерту. 128-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       129. Әлеуетті өнім берушілер біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес болған жағдайда, конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы рәсімделмейді.
      130. Конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешімі конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап он жұмыс күн ішінде қабылданады және конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта бойынша автоматты түрде хабардар ете отырып, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес веб-порталда орналастырады.
      131. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға веб-порталда конкурстық комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
      132. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір келтіруге құқығы бар, ол конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға қоса беріледі және құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда орналастырылады.
      Конкурстық комиссияның тиісті конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамада конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда конкурстық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда орналастырады.
      133. Осы Қағидалардың 126-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін, конкурстық комиссияның хатшысы веб-портал арқылы біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қарау рәсіміне бастамашылық жасайды.
      134. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтадан қарау кезінде конкурстық комиссия:
      1) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттаманың тізбесінде көзделген әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген құжаттар тізбесі бойынша олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірудің толықтығы мәніне қайта қарайды;
      2) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген құжаттардың толық тізбесін бермеген және біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірмеген әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;
      3) Заңның 27-бабы 5-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерден біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарастыруды, бағалауды және салыстыруды оңайлату үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы;
      4) Заңның 27-бабы 5-тармағына сәйкес біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысу өтінімдерінде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы.
      Ескерту. 134-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       135. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді осы Қағидалардың 126-тармағында белгіленген мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімде жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сұрау салу жіберуіне және өзге де әрекеттер жасауына жол берілмейді.
      136. Әлеуетті өнім берушілердің банкроттық не тарату рәсіміне қатысы жоқтығы бөлігінде, олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттық не тарату рәсімдерін өткізуге бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды.
      137. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қараған кезде, әлеуетті өнім берушілерді, конкурстық комиссияның алдын ала рұқсат беру хаттамасында көзделмеген негіздер бойынша қабылдамауға жол берілмейді.
      138. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіргеннен кейін, егер:
      1) ол және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) біліктілік талаптарына және Заңда және осы Қағидаларда айқындалған негіздер бойынша конкурстық құжаттаманың шарттарына сәйкес емес деп айқындалса;
      2) ол Заңның 6-бабында көзделген талаптарды бұзған болса конкурсқа қатысуға (конкурсқа қатысушы деп танылмайды) жіберілмейді.
      139. Егер әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 138-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамада конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдамау үшін негіз болған, растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетіле отырып, мұндай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін қабылдамаудың негіздемелері көрсетіледі.
      140. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтадан қарау нәтижелері бойынша:
      1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және конкурсқа қатысушылар деп таниды;
      2) конкурстық баға ұсынысына осы Заңның 21-бабының 4-тармағында көзделген өлшемшарттардың салыстырмалы мәндерін қолданады;
      3) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілген әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін қайта ұсыну мерзімінен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттаманы ресімдейді.
      141. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысының хаттамасына электрондық көшірме нысанындағы конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетіні туралы сарапшының қорытындысы, бар болған жағдайда сараптау комиссиясы мүшесінің ерекше пікірі тіркеледі.
      142. Заңның 28-бабы 2-тармағына сәйкес конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама мынадай ақпаратты қамтиды:
      1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру туралы;
      2) осы Қағидалардың 134-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес конкурстық комиссияның сұрау салулары туралы;
      3) конкурсқа қатысуға берілген өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қабылдамау себептері егжей-тегжейлі сипатталып, оның ішінде біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетіле отырып, олар туралы ақпарат;
      4) конкурстық комиссияның конкурстық құжаттамада көзделген конкурстық баға ұсынымына әсер ететін өлшемшарттарды қолдануы туралы:
      5) ең төмен шартты баға негiзiнде конкурс жеңiмпазын айқындау туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
      Ескерту. 142-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       143. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттамаға веб-порталда конкурстық комиссияның барлық мүшелері қол қояды және оны конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы шешім қабылданған күні веб-порталда жариялайды.
      144. Конкурстық комиссия мынадай:
      1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;
      2) конкурстық комиссияға:
      конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін берген тұлғаны;
      оған қатысу үшін банктік кепілдік түрінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін конкурстың нөмірін және атауын;
      банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомасын, оны беру шартын;
      конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;
      конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету оның пайдасына енгізілетін тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрініс табатын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген;
      3) конкурсқа (лотқа) бөлінген соманың кемінде бір пайызы мөлшерінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізген жағдайда енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.
      Ескерту. 144-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       145. Тиынмен есептелген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомаларын тиындардың сомаларына қарамастан бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.
      146. Әлеуетті өнім беруші қатысатын конкурста конкурс лоттарының жалпы сомаларына өтінімді қамтамасыз етуді енгізуге жол беріледі.
      147. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында енгізілген конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тану себебін көрсетеді.
      Әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімдерде веб-порталдың арқылы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестікке келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынады.
      148. Өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген немесе оны конкурсқа бөлінген сомаларының нөл бүтін оннан тоғыз пайыз (0,9 %) мөлшерінде енгізген әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға өтінімдерін конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге рұқсат етілмейді.
      149. Осы Қағидалардың 148-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда конкурсқа (лотқа) бөлінген сомадан кем дегенде бір пайыз мөлшерінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізген кезде, әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомаларын конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестікке келтіру мақсатында осы Қағидалардың 114-тармағында көзделген түрлердің бірінде конкурсқа қатысуға өтінімді қосымша қамтамасыз етуді енгізуге құқылы.
      150. Әлеуетті өнім беруші (конкурсқа қатысушы болып танылған) конкурсқа жіберілмейді егер:
      1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы келесі негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:
      Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жолданған), мемлекеттік органдардың ақпараттар жүйесінде расталатын мәліметтердің электрондық көшірмелерін не электрондық түрдегі рұқсаттарды (хабарламаларды) ұсынбауы. Мемлекеттік органдардың ақпараттар жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жолданған) тиісті рұқсаттардың (хабарламалардың) нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады;
      әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынбауы;
      мемлекеттік кірістер органының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайтын бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) болуы;
      конкурстық құжаттаманың 5, 6 және 7-қосымшаларына сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді ұсынбауы;
      конкурстық құжаттамада көрсетілген, шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарына ие болуы бөлігінде әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкес болмауы. Тапсырыс берушіге шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстары конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетіледі.
      Егер техникалық ерекшеліктің орнына конкурстық құжаттамада заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылған болса қажетті материалдық және еңбек ресурстары құрылыс машиналарының, механизмдердің, автокөлік құралдарының негізгі түрлері мен еңбек ресурстарына қажеттілікті қамтитын жобалау-сметалық құжаттаманың (құрылысты ұйымдастыру жобасы) тиісті бөлімінде көрсетіледі.
      Жобалау-сметалық құжаттамада құрылыс машиналарының, механизмдердің, автокөлік құралдарының негізгі түрлері мен еңбек ресурстарына қажеттілікті қамтитын (құрылысты ұйымдастыру жобасы) тиісті бөлім болмаған жағдайда жобалау-сметалық құжаттаманың негізінде осындай қажеттілікті көрсететін құрылыс машиналарының, механизмдердің, автокөлік құралдарының негізгі түрлері мен еңбек ресурстарының тізбесі әзірленеді және жобалаушымен келісіледі.
      біліктілік талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берілмеу фактісі анықталса;
      банкроттық не тарату рәсіміне жатса;
      2) егер оның конкурсқа қатысуға өтінімі келесі негіздемелер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:
      конкурстық құжаттама техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қамтыған жағдайларды қоспағанда, техникалық ерекшелікті ұсынбау;
      әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынуы;
      конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың 10-қосымшасына сәйкес әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлерін орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді бермеу (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан жағдайда);
      қосалқы мердігерлер туралы мәліметтерді берген жағдайда, әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) жұмыстар көлемінің (құрылыс құнының) үштен екіден астам жиынтығын қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) беру;
      конкурстық құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бермеу;
      конкурстық құжаттаманың талабы бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталса;
      3) мемлекеттік сатып алуларға қатысуға байланысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулер болса. Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша, әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі веб-порталдың автоматты түрде қабылдамауына жатады. Заңның 6-бабы 1-тармағының 7), 9) және 10) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша, конкурстық комиссия тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарындағы ақпаратты қарастырады.
      Ескерту. 150-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
       151. Сараптау комиссиясы не сарапшы конкурстық комиссияның төрағасы белгілеген мерзімде, бірақ конкурсқа қатысу өтінімдерді қарау мерзімінен кешіктірмей:
      1) өз құзыретінің шегінде әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін растау үшін олар берген құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресімделуі тұрғысынан қарайды және зерделейді;
      2) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі туралы сараптама қорытындысын ресімдейді, оған қол қояды және конкурстық комиссияның хатшысына ұсынады.
      Сараптамалық қорытындыда әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің (олар болған жағдайда) функционалдық мүмкіндіктері, техникалық параметрлері, сапалық сипаттамалары мен пайдалану шарттары конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде көрсетілген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамаларына қарағанда асып түсетіні туралы ақпаратты қамтуы тиіс.
      152. Сараптамалық қорытындыға сарапшы ерекше пікірін білдіретін жағдайларды қоспағанда, барлық сарапшылар қол қояды және әр бетіне бұрыштама соғады.
      Сараптамалық қорытындыны алғаннан кейін конкурстық комиссияның хатшысы сараптамалық қорытындыны веб-порталда орналастырады және веб-портал арқылы хабарламаларды конкурстық комиссияның барлық мүшелеріне таратады. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді сараптамалық қорытындыны ескере отырып қарайды.
      153. Конкурсқа қатысуға бір өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, конкурстық комиссия конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттаманы қалыптастыру кезінде, Заңның 21-бабының 4-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қолданылатын, конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдерге сәйкес шартты жеңілдіктерді анықтайды.
      Әлеуетті өнім беруші осы өлшемдерді растайтын құжаттарды бермеген жағдайда конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге тиісті шартты жеңілдікті қолданбайды. Шартты жеңілдіктерді қолдану үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған талаптар шартқа енгізіледі.
      154. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарлар, көрсетілетін қызметтер нарығындағы болған жұмыс тәжірибесінің әрбір жылы үшін нөл бүтін оннан бес (0,5 %) пайыз, бірақ бес пайыздан аспайтын шартты жеңілдік береді. Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері бес пайыздан аспайды.
      Сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болғаны үшін шартты бағаға пайыздық әсерді конкурстық құжаттамаға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 154-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       155. Конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс мәні болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша (1 %) пайыз мөлшерінде, бірақ он пайызынан асырмай шартты жеңілдік береді.
      Егер бір жылдың ішінде әлеуетті өнім беруші конкурста сатып алынатын, оның ішінде біреуден артық құрылыс объектісінде осындай (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан екі (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
      Егер конкурстың нысанасы құрылыспен байланысты емес жұмыстар болып табылған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстардың түрлеріне ұқсас (сондай) келесі орындалған әрбір жұмыс үшін нөл бүтін оннан екі (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
      Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері он пайыздан аспайды.
      Жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсерді конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 155-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       156. Егер әлеуетті өнім берушіде ұсынылатын тауарлардың Қазақстан Республикасының ұлттық немесе үкіметтік емес стандарттарына ерікті түрде сәйкестігін растайтын, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес берілген құжат болған кезде, конкурстық комиссия екі пайыз (2 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
      157. Егер әлеуетті өнім берушіде сапа менеджменті жүйесінің ұлттық стандартқа сәйкестігін растайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылған тауарларды өндірушіге, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындаушыға берілген құжат болған кезде, конкурстық комиссия екі пайыз (2 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
      158. Егер әлеуетті өнім берушіде қоршаған ортаны басқару менеджменті жүйесінің ұлттық стандартқа сәйкестігін растайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылған тауарларды өндірушіге, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындаушыға берілген құжат болған кезде, конкурстық комиссия бір пайыз (1 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
      159. Егер әлеуетті өнім берушіде ұсынылған тауарлардың экологиялық таза өнім стандарттарына сәйкестігін растайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірушіге берілген құжат болған кезде, конкурстық комиссия бір пайыз (1 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
      160. Егер тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) неғұрлым жақсы функционалдық, техникалық, пайдалану және сапалық сипаттамалар, технологиялық шешімдер және (немесе) жұмыстарды неғұрлым жақсы материалдардан жасау ұсынылса, әлеуетті өнім берушінің тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге техникалық ерекшелігінің конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық ерекшелікке сәйкес болмауына жол беріледі.
      161. Конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия осы конкурста сатып алынатын тауарларды беру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету нарығында ғана, оның ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ұқсас түрлері бойынша жұмыс тәжірибесін қарайды.
      162. Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары өлшемшарттары және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстар сараптау комиссиясының не сарапшының (ол болған жағдайда) қорытындысына сәйкес қолданылады. Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері он пайыздан аспауға тиіс.
      163. Егер әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінімінде ұсынылған техникалық ерекшеліктегі тауарлардың функционалдық сипаттамасы конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген тауарлардың шекті мүмкіндігінен асқан жағдайда, конкурстық комиссия әр мүмкіндігі үшін нөл бүтін оннан бес (0,5 %) пайыз белгілейді. Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері үш пайыздан (3%) аспайды.
      Ескерту. 163-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       164. Егер әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінің техникалық ерекшеліктерінде ұсынылған тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық сипаттамалары конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшеліктерінде белгіленген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің параметрлерінен асып түскен (жақсартқан) жағдайда, конкурстық комиссия әрбір артық параметр үшін нөл бүтін оннан бес (0,5 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік белгілейді. Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері үш пайыздан аспауға тиіс (3 %).
      165. Егер әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінің техникалық ерекшеліктерінде ұсынылған тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің сапалық сипаттамалары конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің талаптарынан және мақсаттарынан асқан (жақсартқан) жағдайда, конкурстық комиссия осы сипаттама үшін бес (5 %) пайыз белгілейді.
      166. Егер әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінің техникалық ерекшеліктерінде белгіленген тауарлардың пайдалану сипаттамалары (пайдалану мерзімі, тасымалдау, сақтау шарттары, пайдалану шығындары, техникалық қызмет көрсету және жөндеу) конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген шарттарынан асқан (жақсартқан) жағдайда, конкурстық комиссия әрбір асқан шарттар үшін нөл бүтін оннан бес (0,5 %) пайыз белгілейді. Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері үш пайыздан аспауға тиіс (3 %).
      167. Сараптау комиссиясының не сарапшының қорытындысы болмаған жағдайда конкурстық комиссия осы Қағидалардың 166-тармағында көзделген өлшемшарттарды қолданбайды.
      168. Егер конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателіктер болса, ол конкурстық құжаттама талаптарына сай деп танылады.

Параграф 12. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру

      169. Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан конкурсқа қатысуға өтінімді қарау қорытындылары бойынша конкурстық баға ұсыныстарын веб-портал автоматты түрде ашады.
      170. Веб-портал автоматты түрде конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын салыстырылады және неғұрлым аз шартты баға негізінде конкурс жеңімпазын анықтайды.
      171. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру қорытындысы бойынша екінші орын алған конкурсқа қатысушы неғұрлым аз шартты бағадан кейінгі шартты баға негізінде айқындалады.
      172. Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде конкурс нысанасы болып табылатын, сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында, оның ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ұқсас түрлері бойынша мол жұмыс тәжірибесі бар конкурсқа қатысушы жеңімпаз (конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру қорытындысы бойынша екінші орын алған конкурсқа қатысушы) деп танылады. Шартты бағалары тең бірнеше әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрынырақ келіп түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз (конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру қорытындысы бойынша екінші орын алған конкурсқа қатысушы) деп танылады.
      Ескерту. 172-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       173. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру нәтижелері осы Қағидалардың 142-тармағына сәйкес конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамада орналастырылады.

Параграф 13. Конкурсқа қатысуға өтінімнің демпингтік бағасын айқындау тәртібі

      174. Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстарға арналған қатысуға өтiнiмнiң бағасы техникалық-экономикалық негiздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы даярлау үшiн) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген бағадан бес пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады.
      175. Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң техникалық-экономикалық негiздемені, жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) және қала құрылысы жобалары құжаттаманы әзірлеу бойынша қатысуға өтiнiмнiң бағасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 97899 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Төрағасының 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 399-НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі Мемлекеттік нормативке сәйкес тапсырыс беруші есептеген бағадан он пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады.
      Ескерту. 175-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      175-1. Әлеуетті өнім берушінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12681 болып тіркелген) "Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 780 бұйрығына сәйкес белгіленген бағадан төмен болмауға тиіс.
      Ескерту. 13-параграф 175-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       176. Егер әлеуетті өнім берушінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер (техникалық қадағалау) көрсетуге арналған конкурстық өтінімінің бағасы бекітілген мемлекеттік нормативтерге сәйкес есептелген бағадан он пайыздан астамға төмен болған жағдайда, ол демпингтік деп танылады.
      177. Осы Қағидалардың 176-тармағында көзделген қызметтерді қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiнiң қызметтерге арналған конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң бағасы конкурсқа бөлінген бағасынан жетпiс пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк деп танылады.
      178. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша, демпингттік деп танылмайтын, жол берілетін ең төмен бағаның төмендетілген сомасына тең мөлшердегі соманы енгізген жағдайда, демпингтік баға ұсынуға жол беріледі.

Параграф 14. Конкурсты өтпеді деп тану негiздері

      179. Конкурс мынадай негіздердің бірі бойынша:
      1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;
      2) конкурсқа қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылғанда;
      3) егер конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе;
      4) егер конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілсе, өтпеді деп танылады.
      180. Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылса, тапсырыс беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;
      2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;
      3) мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыру туралы.

Параграф 15. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекшеліктері

      181. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай:
      1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің егжей-тегжейлі өзіндік ерекшелігін тұжырымдау әрі олардың техникалық және өзге де сипаттамаларын айқындау қиын және (немесе) әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстарын сұрату не туындаған мәселелер бойынша олармен келіссөз жүргізу қажет болған;
      2) зерттеулер, эксперименттер, іздестірулер жүргізу немесе әзірлемелер жасау қажет болған;
      3) инновациялық және жоғары технологиялық тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін.
      182. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай дәйекті кезеңдердің жиынтығын білдіреді:
      1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
      тапсырыс берушінің ұйымдастырушыны айқындауы;
      ұйымдастырушының сараптама комиссиясын құруы не сарапшыны айқындауы;
      тапсырыс берушінің қажеттілігі негізінде сараптау комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге техникалық тапсырманы қалыптастыруы;
      екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруды веб-порталда орналастыру;
      ұйымдастырушының екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырма беруі;
      әлеуетті өнім берушілердің техникалық тапсырмаға сәйкес әзірленген техникалық ұсыныстарды беруі;
      сараптау комиссиясының не сарапшының әлеуетті өнім берушілердің техникалық ұсыныстарын қарауы және олар сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына, оларды берудің (орындаудың, көрсетудің) шарттық талаптарына қатысты мәселелерді талқылау;
      сараптау комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуі;
      ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және оны тапсырыс берушінің бірінші басшысының не оның міндетін атқаратын адамның, не жауапты хатшының немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамның бекітуі;
      ұйымдастырушының бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақырту жіберуі;
      2) екінші кезеңде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін көзделген іс-шаралар жүзеге асырылады.
      Ескерту. 182-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       183. Егер әлеуетті өнім беруші екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне қатысса, ол конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Параграф 16.01.04.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

Параграф 16. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсты жүзеге асырудың ерекшеліктері

      184. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен Заңның 31-бабы 1-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту. 184-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       185. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс мынадай реттілігімен жүзеге асырылады:
      1) бірінші кезеңде уәкілетті орган тиісті қызмет саласындағы уәкілетті органның өкілдерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен білікті әлеуетті өнім берушілердің тізілімін қалыптастырады;
      2) екінші кезеңде тапсырыс беруші білікті әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер арасында конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
      186. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс Заңмен көзделген біліктілік талаптарын белгілейтін, сонымен қатар сатып алудың рәсімдерін және мерзімдерін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      187. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс веб-портал арқылы Заңның 31-бабы 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастырылған білікті әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің арасында жүзеге асырылады.
      Бұл ретте біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа білікті әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің арасында өткізілетін конкурстың нысанасына сәйкес келтірілген қызмет саласында біліктілігі бар әлеуетті өнім берушілер қатысады.
      Ескерту. 187-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       188. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсты ұйымдастыру және жүргізу мынадай реттіліктегі кезеңдердің жиынтығын білдіреді:
      1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушінің ұйымдастырушыны және алдағы уақытта болатын мемлекеттік сатып алуда соңғысының мүдделерін білдіретін тапсырыс берушінің лауазымды адамын айқындауы;
      2) тапсырыс берушінің ұйымдастырушыға біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін мәліметтер мен құжаттарды немесе бірыңғай ұйымдастырушыға осы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін тапсырманы ұсыну;
      3) тапсырыс берушiнің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының тармақтарын жіберуі;
      4) конкурстық комиссияның құрамын, сараптау комиссиясы тобының құрамын немесе сарапшыны (қажет болғанда) айқындау және бекіту, конкурстық комиссияның хатшысын айқындау;
      5) конкурстық құжаттаманың жобасын бекіту және оны веб-порталда орналастыру;
      6) конкурс тәсілімен біліктілікті алдын ала іріктеумен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаны веб-порталда орналастыру;
      7) әлеуетті өнім берушілердің веб-порталда конкурстық құжаттаманы алуы;
      8) конкурстық құжаттаманың ережелерін веб-портал арқылы түсіндіру;
      9) электрондық құжат нысанында ұсынылған біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа өтінімдерді веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
      10) өтінімдерді ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталда жариялау;
      11) конкурстық комиссиямен Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің болуы тұрғысында әлеуетті өнім берушінің біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға өтінімін қарау;
      12) конкурстық құжаттама техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қамтыған жағдайларды қоспағанда, конкурстық комиссиямен веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілермен өздерінің техникалық ерекшеліктерін сәйкестендіру үшін олардың сәйкес келмеуінің себептерін егжей-тегжей көрсетіп, техникалық ерекшелігі конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің тізілімін айқындау. Осы айқындаудың қорытындысы веб-порталда біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурстың алдын ала рұқсат беру тиісті хаттамасында орналастыру жүзеге асырылады;
      13) конкурстық немесе сараптамалық комиссиясымен әлеуетті өнім берушілердің техникалық ерекшелігін конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігіне сәйкестігін қайтадан қарау;
      14) білікті әлеуетті өнім берушілердің тізіліміндегі мәліметтер негізінде өлшемшарттардың салыстырмалы мәндерін біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысушылардың баға ұсыныстарына қолдану;
      15) біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын веб-порталмен автоматты түрде салыстыру, ең төменгі шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын айқындау және біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурстың қорытындысы туралы хаттамасын веб-порталда жариялау;
      16) тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттамасы негізінде жеңімпазбен шарт жасасу.
      Ескерту. 188-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       189. Ұйымдастырушы немесе бірыңғай ұйымдастырушы біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс жүргізудің шарттары мен тәртібін анықтау үшін веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманы қалыптастырады және мынадай жағдайларды қоспағанда ол тапсырыс берушімен келісіледі:
      1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайда;
      2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырғанда.
      190. Ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы адам немесе жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам бекітеді.
      Ескерту. 190-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       191. Осы Қағидалардың 28-тармағы 1), 2), 3) тармақшаларына сәйкес айқындалған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушымен әзірленген конкурстық құжаттама бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысымен немесе оның міндетін атқарушы адаммен бекітіледі.
      192. Ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс жүзеге асырылатыны туралы хабарландырудың мәтінін, сонымен қатар бекітілген конкурстық құжаттаманы веб-порталда орналастыруға.
      Заңның 22-бабы 3-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға өтінімдерін ұсынатын мерзімнің соңғы күні бекітілген конкурстық құжаттаманың мәтінін орналастырған күннен бастап кем дегенде күнтізбелік он күнді құрайды.
      Ескерту. 192-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       193. Конкурс тәсілімен біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін мемлекеттік сатып алу қайтадан жүзеге асырылған жағдайда, ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік бес күн бұрын веб-порталда өткізілмеген конкурстың конкурстық құжаттамасының өзгермеуі шартымен, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін орналастыруға.
      194. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау жөніндегі Заңның және осы Қағидалардың талаптары қолданылмайды.
      195. Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім беруші қажет болған жағдайда, бірақ біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімінің соңғы күніне дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға веб-портал арқылы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салады.
      196. Ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы сұрауды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру мәтінін веб-порталда жариялайды.
      197. Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын шарттың жобасын және техникалық ерекшелік ережелерін түсіндіру туралы сұрауды жолдаған кезде, бірыңғай ұйымдастырушы веб-порталды пайдалана отырып осындай сұрау келіп түскен күні оны тапсырыс берушіге жолдайды.
      198. Тапсырыс беруші бірыңғай ұйымдастырушыдан өнім берушінің сұрауын алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде веб-порталды пайдалана отырып оған жауап береді.
      199. Бірыңғай ұйымдастырушы, әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап келіп түскен күні конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерге автоматты түрде хабарлай отырып, конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын шарттың жобасын және техникалық ерекшелік ережелерін түсіндіру мәтінін жариялайды.
      200. Ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы қажет болған кезде конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы күні өткенге дейінгі күнтізбелік екі күннен кешіктірмей жеке бастамасы бойынша немесе әлеуетті өнім берушілердің сауалына жауап ретінде, конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы Қағидалардың 83 және 84-тармақтарында белгіленген тәртіппен бекітіледі.
      201. Тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын шарттың жобасына және техникалық ерекшелікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, тапсырыс беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы күні өткенге дейінгі күнтізбелік төрт күннен кешіктірмей бірыңғай ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын шарттың жобасына және техникалық ерекшелікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы бекітілген шешімді жолдайды.
      202. Бірыңғай ұйымдастырушы, тапсырыс беруші бекіткен шешім негізінде, конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы күні өткенге дейінгі күнтізбелік екі күннен кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын шарттың жобасына және техникалық ерекшелікке өзгерістер және (немесе) толықтыруларды енгізеді.
      203. Бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, веб-порталда нақтыланған конкурстық құжаттаманы орналастырады.
      Бұл жағдайда, конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің түпкілікті мерзімі кемінде күнтізбелік он күн мерзімге ұзартылады.
      204. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға өтінім веб-портал арқылы конкурстық құжаттамада көрсетілген оны берудің түпкілікті мерзімі өткенге дейін беріледі және әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарға және шарттарға келісім беру нысаны болып табылады, сонымен қатар әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары мен Заңның 6-бабында белгіленген шектеулерге сәйкестігін растайтын, өзі туралы мәліметтер алуға келісім білдіру түрі болып табылады.
      205. Әлеуетті өнім беруші біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.
      206. Конкурстық комиссия біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтің техникалық ерекшелігі конкурстық құжаттама талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында, веб-порталды пайдалана отырып, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды және әлеуетті өнім берушілерді біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды (конкурсқа қатысушы деп таниды).
      207. Конкурстық комиссия тиісті уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпарат негізінде әлеуетті өнім берушілердің біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға өтінімдерін мемлекеттік сатып алуларға қатысуға байланысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулер тұрғысында қарайды.
      208. Конкурстық құжаттама техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қамтыған жұмысқа қатысты мемлекеттік сатып алуларды қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияның хатшысы, олар құрылған (тартылған) жағдайда, сараптау комиссиясына не сарапшыға әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша техникалық ерекшеліктерін олардың конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында ұсынады.
      209. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша техникалық ерекшеліктерінің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысында әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы ресімделеді, оған конкурстық комиссияның төрағасы мен барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға өтінімдерді алдын ала қарау туралы шешім қабылданған күні қол қояды.
      210. Заңның 27-бабы 3-тармағына сәйкес біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
      1) тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша техникалық ерекшелігі конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің қабылдамау себептері егжей-тегжейлі сипатталған тізілімі;
      2) мемлекеттік сатып алуларға қатысуға байланысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулері бар әлеуетті өнім берушілердің тізілімі.
      Әлеуетті өнім берушілердің тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша техникалық ерекшеліктері конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінің талаптарына сәйкес болған жағдайда, сонымен қатар егер конкурстық құжаттама техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қамтыған жағдайда, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы рәсімделмейді.
      Ескерту. 210-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       211. Конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушілерді біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешімі осы конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қабылданады және конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, веб-порталда орналастырады.
      212. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға веб-порталда конкурстық комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
      213. Осы Қағидалардың 126-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін, конкурстық комиссияның хатшысы веб-порталдың арқылы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қарау рәсіміне бастама жасайды.
      214.Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтадан қарау қорытындысымен конкурстық комиссия:
      1) тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша техникалық ерекшелігі конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;
      2) Осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсынымына білікті әлеуетті өнім берушілердің тізілімінде көрсетілген ақпараттың негізінде Заңның 21-бабының 4-тармағымен көзделген өлшем шарттардың салыстырмалы мәндерін қолданады;
      3) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілген әлеуетті өнім берушілердің біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға өтінімдерін қайта ұсыну мерзімінен бастап үш жұмыс күні ішінде біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттаманы ресімдейді.
      Қорытынды хаттамаға құжаттың электрондық көшірмесі нысанында тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша техникалық ерекшелігінің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды, не, болған жағдайда, сараптау комиссиясы мүшесінің ерекше пікірі қоса беріледі.
      215. Әлеуетті өнім беруші біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға өзінің біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа өтінімдерін конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіргеннен кейін, егер:
      1) әлеуетті өнім беруші ұсынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша техникалық ерекшелік конкурстық құжаттама талаптарына және шарттарына сәйкес келмейді деп айқындалса;
      2) мемлекеттік сатып алуларға қатысуға байланысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулер бар болса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы деп танылмайды).
      216. Егер конкурстық құжаттама техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қамтыса, конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін ашу күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілердің біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа өтінімдерін мемлекеттік сатып алуларға қатысуға байланысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулер тұрғысында қарайды.
      217. Егер әлеуетті өнім беруші біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға Заңның 6-бабында көзделген негіздерге байланысты жіберілмесе, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін қабылдамауға негіз болған растайтын ақпараттары және құжаттары көрсетіледі.
      218. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттамаға веб-порталда конкурстық комиссияның барлық мүшелері қол қояды және конкурстық комиссияның хатшысымен конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы шешім қабылданған күні веб-порталда жариялайды.
      219. Конкурсты жүргізу кезінде веб-порталмен конкурстық баға ұсынымдарын автоматты түрде ашу, бағалау және салыстыру, сонымен қатар жеңімпазды айқындау (конкурстық баға ұсынымдарын бағалау және салыстыру қорытындысымен екінші орын алған конкурс қатысушысы) Заңмен және осы Қағидалармен айқындалған тәртіпте жүзеге асырылады.
      220. Егер осы Қағидалармен басқалар көзделмесе, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсты жүзеге асыру барысында конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру тәртібі қолданылады.

Параграф 17. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекшеліктері

      221. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру тәртібі тапсырыс беруші болып табылатын мемлекеттік органдармен, мемлекеттік мекемелермен және жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындармен қолданылады.
      222. Заңмен көзделген біліктілік талаптарын анықтайтын, сонымен қатар мемлекеттік сатып алуларды өткізудің рәсімдерін және мерзімдерін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алулар Заңға және осы Қағидаларға сәйкес веб-портал арқылы жүзеге асырылады.
      222-1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттама осы Қағидаларға 8-1-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде қалыптастырады.
      Ескерту. 17-параграф 222-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       223. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, жүзеге асырылады.
      224. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың конкурстарына Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы" 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 5-бабымен көзделген бағытта қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар жарғысына сәйкес қатысады.
      225. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алулар кезінде әлеуетті өнім берушілерге келесі біліктілік талаптары қолданылмайды:
      1) төлем қабілеттілігінің болуы;
      2) шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық ресурстарының болуы.
      Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген талаптар бір қаржы жылынан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуларға қатысушы әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.
      226. Бір қаржы жылынан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алулар кезінде Заңмен және осы Қағидалармен көзделген талаптардан басқа, конкурстық құжаттама әлеуетті өнім берушінің материалдық-техникалық базасына сипаттама және талаптар қамтуы тиіс.
      227. Ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін веб-порталда орналастырады.
      228. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу қайтадан жүзеге асырылған жағдайда, ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу қайтадан жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін веб-порталда орналастырады.
      229. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алуларға қатысуға өтінімдерді ашу ұйымдастырушымен конкурстық құжаттамада көрсетілген өтінімдерді ұсынудың күні және уақыты өткен кезде веб-порталмен автоматты түрде жүзеге асырылады.
      230. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алудың ашу хаттамасы ашылған күні веб-порталда автоматты түрде орналастырылады.
      231. Конкурстық комиссия мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысуға өтінімдерді веб-портал арқылы олардың конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі тұрғысында конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап он жұмыс күн ішінде қарайды.
      232. Бір қаржы жылынан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алулар конкурсына өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия конкурстық құжаттама талаптарына, оның ішінде осы Қағидалардың 226-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушінің өтінімін қабылдамайды.
      233. Ұйымдастырушы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілермен ұсынылатын техникалық ерекшелікті бағалау үшін мынадай өлшемшарттарды көздейді:
      1) әлеуетті өнім берушімен ұсынылған жобаның тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігіндегі талаптарына сәйкестігін;
      2) сатып алынатын қызметтердің тапсырыс беруші ұйымының және салалық мамандығының миссияларына сәйкестігін (құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымның мақсаты);
      3) әлеуетті өнім берушінің "Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорыңда" болуы туралы мәліметтерін;
      4) жұмыс тәжірибесінің болуы;
      5) жобаны іске асыру шеңберінде әлеуетті қызметті алатындардың сапалы және сандық құрамы (барлық іс-шаралардың тікелей қатысушылары);
      6) жобаны іске асыру тиімді қорытындысын бағалау индикаторларының бар болуы;
      7) бюджеттік емес көздерден қосымша қаржыларды тарту мүмкіндігі туралы мәлімет (сандық және пайыздық түрінде);
      8) тапсырыс берушімен қойылған мақсаттарға қол жеткізу бойынша егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарының бар болуы (іс-шараның атауы мен нысаны, мақсаттық топ, өткізілетін орны және мерзімі, халықты қамту).
      Осы тармақтың 1)-8) тармақшаларында көзделген өлшемшарттар бойынша баллды есептеу конкурстық құжаттаманың 12-қосымшасына сәйкес есептеледі.
      Ескерту. 233-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       234. 233-тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген өлшемшарттар бойынша бір баллдан төмен жинаған әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдері жалпы жиналған баллдардың санына қарамастан, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
      235. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:
      1) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурс қатысушысы ретінде таниды;
      2) осы Қағидалардың 233-тармағымен көзделген әлеуетті өнім берушілермен ұсынылған техникалық ерекшеліктерді бағалау үшін баллдарды есептейді;
      3) конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілермен ұсынылған конкурстық баға ұсыныстарына осы Қағидалардың 233-тармағында көзделген техникалық ерекшелікті бағалау үшін конкурстық комиссия берген баллдарға қарап шартты азайту бағасын қолданады;
      4) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен (Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нөмірі) көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы осы Қағидаларға 8-2-қосымшаға сәйкес ресімдейді.
      Ескерту. 235-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       236. Барлық өлшемшарттар бойынша конкурстық комиссия қойған баллдар веб-порталмен автоматты түрде қосылып, нәтижесімен әлеуетті өнім берушіге оның техникалық ерекшелігіне баллдармен білдірілген қорытынды баға беріледі.
      237. Техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 11 баллдан төмен әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
      238. Егер әлеуетті өнім берушімен осы Қағидалардың 233-тармағымен көзделген өлшемшарттарды растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, конкурстық комиссия олардың техникалық ерекшеліктерін бағалау үшін тиісті баллдарды есептемейді.
      239. Шартқа әлеуетті өнім берушілермен өздерінің техникалық ерекшеліктерін бағалау үшін ұсынылған шарттары енгізіледі.
      240. Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі және олардың техникалық ерекшеліктерін бағалау тұрғысынан қарау нәтижелері бойынша конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілерге конкурстық ұсыныстарды мынадай шартты азайтуды қолданылады:
      1) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 15 баллдан 20 баллды қоса есептегенде құраса, әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 10%-ға шартты азайтылады;
      2) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 21-ден 27-ге дейін баллды құраса, әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 20%-ға шартты азайтылады;
      3) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 27 баллдан жоғары болса, әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 30%-ға шартты азайтылады;
      241. Конкурстық комиссия осы Қағидалардың 233-тармағымен көзделген баллдарды конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге, оның ішінде конкурсқа қатысуға бір өтінім берілген кезде есептейді.
      242. Конкурсқа қатысуға бір ғана өтінім жіберілген жағдайды қоспағанда, конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсынымдарына бағаны шартты азайтуды қолданады.
      243. Веб-портал автоматты түрде конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын салыстырады және ең төменгі шартты баға негізінде жеңімпазды айқындайды.
      244. Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған жағдайда, сатып алынатын қызметтің нарығында жұмыс тәжірибесі көп конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады.
      Ескерту. 244-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       244-1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын осы Қағидалагрға 8-3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысепн көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт жасалады.
      Ескерту. 17-параграф 244-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       245. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу мынадай негіздердің бірі бойынша:
      1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;
      2) конкурсқа қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылғанда;
      3) егер конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе;
      4) егер конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілсе, өткізілмеді деп танылады.
      246. Егер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылса, тапсырыс беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайта өткізу туралы;
      2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайта өткізу туралы;
      3) мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыру туралы.
      247. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      248. Тапсырыс беруші осы Қағидалардың 246-тармағының 3) тармақшасына сәйкес шешім қабылдаған кезде бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу Заңның 29-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 248-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       249. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде:
      1) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбейді;
      2) конкурстық комиссия Заңның 21-бабы 4-тармағында көзделген конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарына әсер ететін өлшемшарттарды қолданбайды;
      3) конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау рәсімдері жүзеге асырылмайды;
      4) конкурсқа қатысуға алдын-ала рұқсат беру рәсімі жүзеге асырылмайды;
      5) Заңның 26-бабының талаптары қолданылмайды. Әлеуетті өнім берішінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға берген өтінімі, егер берілген конкурстық баға ұсынысы осы Қағидалардың 177-тармағына сәйкес демпингтік болып танылса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
      Ескерту. 249-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       250. Осы Қағидаларда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтеріне мемлекеттік сатып алу жүргізу бойынша конкурс жүзеге асырылған кезде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі қолданылады.

6. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
1-параграф. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу

      251. Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу мынадай реттілікпен іс-шараларды орындауды көздейді:
      1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушінің ұйымдастырушыны және алдағы мемлекеттік сатып алуда соңғысының мүдделерін білдіретін тапсырыс берушінің уәкілетті өкілін айқындауы;
      2) тапсырыс берушінің ұйымдастырушыға аукционды ұйымдастыру және өткізу үшін ақпараттар мен құжаттарды ұсынуы не тапсырыс берушінің бірыңғай ұйымдастырушыға аукционды ұйымдастыруға және өткізуге тапсырманы ұсынуы;
      3) тапсырыс берушiнің бірыңғай ұйымдастырушыға веб-портал арқылы аукционды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының тармақтарын жіберуі;
      4) аукциондық комиссияның құрамын, сараптау комиссиясының құрамын не сарапшыны (қажет болғанда) айқындау және бекіту, аукциондық комиссияның хатшысын айқындау;
      5) аукциондық құжаттаманың жобасын бекіту;
      6) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаны, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың мәтінін веб-порталға орналастыру;
      7) аукциондық құжаттаманың жобасын веб-портал арқылы алдын ала талқылау және аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылаудың хаттамасын, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың мәтінін веб-порталға орналастыру;
      8) әлеуетті өнім берушілердің электрондық құжат нысанындағы аукционға қатысуға өтінімдерін ұсынуы және оларды веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
      9) өтінімдерді автоматты түрде ашу және тиісті ашу хаттамасын
      веб-порталға орналастыру;
      10) аукциондық комиссияның веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға арналған өтінімдерін біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің болмауы тұрғысынан қарауы;
      11) әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға арналған өтінімдерін біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруі;
      12) әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген аукционға қатысуға арналған өтінімдерін қайта қарау;
      13) біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау және оларды аукционға қатысушы деп тану;
      14) аукционға қатысушылардың бастапқы бағаларын веб-порталмен автоматты түрде салыстыру, аукционның ең төменгі бастапқы бағасын айқындау және аукционға қатысуға рұқсат беру хаттамасын орналастыру;
      15) аукционды веб-портал арқылы өткізу;
      16) аукционның қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталда автоматты түрде қалыптастыру және орналастыру;
      17) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама негізінде жеңімпазбен шарт жасасуы.
      252. Аукцион бір лотқа өткізіледі, бұл ретте тауар аукцион мәні болып табылады.
      253. Тауар жеткізудің бірнеше орны болған жағдайда аукцион тәсілімен өткізілетін лотта тауар жеткізудің бірнеше орнын көрсетуге жол беріледі.

2-параграф. Тапсырыс берушінің ұйымдастырушыға (бірыңғай ұйымдастырушыға) аукционды ұйымдастыру және өткізу үшін ақпараттар мен құжаттарды ұсынуы

      254. Тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайларды қоспағанда, аукционды жүргізу үшін тапсырыс беруші ұйымдастырушыға қазақ және орыс тілдерінде техникалық ерекшелікті және шарттың жобасын ұсынады.
      Сонымен қатар, мынадай:
      1) негізгі (орнатылған) жабдықты, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуді (лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді) толық жинақтау, жаңғырту және толық жарақтандыру үшін;
      2) тауарды лизингке беру қызметін жеткізушіні айқындау және лизинг мәнін толық айқындау қажеттілігінің туындауы үшін;
      3) тапсырыс берушіде бар тауарды (жабдықты) жөндеу және (немесе) оған техникалық қызмет көрсету үшін мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, егер тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өндірістік үлгілерге, тауардың шығу орнының атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ өзге де сипаттамаларға көрсетілімдер жекелеген әлеуетті өнім берушіге сатып алынатын тауардың тиесілігін айқындаған жағдайда, аукциондық құжаттамада мұндай көрсетілімдердің болуына жол берілмейді.
      255. Бірыңғай ұйымдастырушы аукцион ұйымдастыруды және жүргізуді тапсырыс берушінің мынадай құжаттарды:
      1) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға немесе жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қол қойған, аукциондық комиссияның құрамына енгізу үшін тапсырыс берушінің өкілдері ішінен кандидатуралар көрсетілген тапсырыс берушінің аукцион өткізуге өтінімін;
      2) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға, не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам бекіткен аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікті, шарт жобасын және құрылған (тартылған) жағдайда сараптау комиссиясының құрамын не сарапшыны қамтитын қазақ және орыс тілдеріндегі тапсырманы ұсынуы негізінде жүзеге асырады.
      Ескерту. 255-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-параграф. Аукциондық комиссияның құрамын, сараптау комиссиясының құрамын не сарапшыны (қажет болғанда) айқындау және бекіту, аукциондық комиссияның хатшысын айқындау

      256. Аукционды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы әрбір аукционға жеке аукциондық комиссия бекітеді және аукциондық комиссияның хатшысын айқындайды.
      257. Аукциондық комиссия құру және аукциондық комиссия хатшысын айқындау туралы шешімді ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға не Заңның 21-бабы 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.
      Ескерту. 257-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       258. Егер тапсырыс беруші өзі тікелей не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесі (лауазымды адам) атынан ұйымдастырушы болып шыққан жағдайда аукциондық комиссия құру және аукциондық комиссия хатшысын айқындау туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға немесе Заңның 21-бабы 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.
      Ескерту. 258-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       259. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырған жағдайда аукциондық комиссия құру және аукциондық комиссия хатшысын айқындау туралы шешімді бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға қабылдайды.
      260. Сатып алынатын тауарлардың техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеу үшін тапсырыс беруші қажет болғанда сараптау комиссиясын құрады не сарапшы тартады.
      261. Аукциондық комиссияның төрағасы және басқа да мүшелері аукциондық комиссияның мүшелері болып табылады. Аукциондық комиссияның мүшелері өтінімдерді қарайды және дауыс беруге ауысу құқығынсыз қатысады.
      Аукциондық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде үш тұлға болуы тиіс.
      Бірыңғай ұйымдастырушы құратын аукциондық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде бес адам болуы тиіс.
      262. Осы Қағидалардың 22, 24 және 25-тармақтарында көзделген жағдайларда ұйымдастырушының бірінші басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға аукциондық комиссияның төрағасы болып айқындалады.
      Осы Қағидалардың 21, 23-тармақтарында көзделген жағдайларда тапсырыс берушінің бірінші басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға аукциондық комиссияның төрағасы болып айқындалады.
      263. Аукциондық комиссия төрағасы болмаған жағдайда аукциондық комиссия құрамы қайта бекітіледі. Бұл ретте, бірінші басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға, ал ол болмаған жағдайда – бірінші басшы аукциондық комиссияның төрағасы болып айқындалады.
      Бірыңғай ұйымдастырушы құрған аукциондық комиссия қайта бекітілген жағдайда, тапсырыс берушінің не Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің бірінші басшының міндетін атқаратын лауазымды тұлға аукциондық комиссияның төрағасы болып айқындалады.
      264. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде аукцион өткізілген кезде, тапсырыс берушінің бірінші басшысы аукциондық комиссияның төрағасы болып айқындалады.
      265. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган, атқарушы орган бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде аукцион өткізген кезде Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің әкімі аукциондық комиссияның төрағасы болып айқындалады.
      266. Осы Қағидалардың 28-тармағы 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын бірыңғай ұйымдастырушы аукцион өткізген кезде Заңның 8-бабының 2-тармағына сәйкес тапсырыс берушінің бірінші басшысы аукциондық комиссияның төрағасы болып айқындалады.
      Бірыңғай ұйымдастырушы орталық атқарушы органдардың қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша аукцион өткізген кезде аукциондық комиссияның төрағасын орталық атқарушы органның бірінші басшысы айқындайды.
      Ескерту. 266-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       267. Осы Қағидалардың 28-тармағы 2) тармақшасына сәйкес айқындалатын бірыңғай ұйымдастырушы аукцион өткізген кезде тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі аукциондық комиссияның төрағасы болып айқындалады.
      Ескерту. 267-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       268. Осы Қағидалардың 28-тармағы 3) тармақшасына сәйкес айқындалатын бірыңғай ұйымдастырушы аукцион өткізген кезде тиісті ауданның, қаланың, қала ішіндегі ауданның әкімі аукциондық комиссияның төрағасы болып айқындалады.
      Ескерту. 268-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       269. Аукциондық комиссияның төрағасы:
      1) аукциондық комиссияның қызметін басқарады;
      2) осы Қағидаларда көзделген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      270. Аукциондық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және шарт жасасқан күні өз қызметін тоқтатады.
      271. Аукциондық комиссияның шешімі веб-портал арқылы дауыс берумен қабылданады және егер аукциондық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда аукциондық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      Аукциондық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы аукциондық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады.
      Аукциондық комиссияның тиісті хаттамаларында аукциондық комиссия төрағасының қолын қоспағанда, аукциондық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда аукциондық комиссия хатшы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда жариялайды.
      272. Аукциондық комиссияның ұйымдастыру қызметін аукциондық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Аукциондық комиссия хатшысы аукциондық комиссияның мүшесі болып табылмайды және аукциондық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы жоқ.
      Аукциондық комиссияның хатшысы ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесінің лауазымды тұлғаларынан айқындалады.
      Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырған жағдайда, аукциондық комиссияның хатшысы бірыңғай ұйымдастырушының лауазымды тұлғаларынан айқындалады.
      273. Аукциондық комиссияның хатшысы:
      1) аукциондық құжаттаманың жобасын қалыптастырады және
      веб-порталда жариялайды;
      2) веб-порталда аукцион өткізілетіні туралы хабарландыруды, аукциондық құжаттаманың жобасын алдын-ала талқылау хаттамасын, аукционға қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын, болған жағдайда аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын, аукционға рұқсат хаттамасын, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамасын, сондай-ақ болған кезде басқа да құжаттарды жариялайды;
      3) веб-порталда сараптау комиссиясының не болған жағдайда сарапшының қорытындысын жариялайды;
      4) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      274. Аукционды ұйымдастыру және жүргізу кезінде ұйымдастырушы не онымен бір тұлға атынан шығатын тапсырыс беруші Заңның 32-бабы 4-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың аукциондық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы.
      Аукционды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырған жағдайда тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын не сарапшыны бекітеді.
      Сараптау комиссиясын құру немесе сарапшы тарту туралы шешімді ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.
      Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырған жағдайда сараптау комиссиясын құру туралы шешімді ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.
      Ескерту. 274-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       275. Аукцион өткізу басталғанға дейін аукциондық комиссия мүшелері, аукциондық комиссияның хатшысы, сондай-ақ сараптау комиссиясы не сарапшы аукциондық құжаттаманың бекітілген жобасымен және оған қосымшалармен танысады.
      276. Сараптау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары және басқа да мүшелері сараптау комиссиясының мүшелері болып табылады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды. Сараптау комиссиясы мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде үш адам болуы тиіс.
      277. Аукционды ұйымдастыру және өткізу кезінде сараптау комиссиясы не сарапшы әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сараптамалық қорытынды береді және аукциондық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру олардың құқығы болмайды.
      278. Аукциондық комиссия сараптау комиссиясының не сарапшының қорытындысын, егер ол аукциондық құжаттамада көзделген талаптар шегінде құрылған жағдайда ғана міндетті түрде ескереді. Сараптамалық қорытындыға сараптау комиссиясының мүшелері, не сараптау комиссиясын құрмай-ақ сарапшы белгіленген жағдайда, сарапшы қол қояды және аукциондық комиссия хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталдағы аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамасына қоса беріледі.
      279. Сараптау комиссиясының әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан ұйғарымы ашық дауыс берумен жүзеге асырылады және егер оған сараптау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
      Дауыстар тең болған жағдайда сараптау комиссиясының төрағасы немесе, ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      Сараптау комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда осы сараптау комиссиясының кез келген мүшесінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол сараптау комиссиясының қорытындысына қоса беріледі және веб-порталда жарияланады.
      Тиісті сараптамалық қорытындыда сараптау комиссиясының қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда аукциондық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда жариялайды.

4-параграф. Аукциондық құжаттаманың жобасын бекіту және оны веб-порталда жариялау

      280. Ұйымдастырушы не бірыңғай ұйымдастырушы аукцион өткізу шарттары мен тәртібін айқындау үшін осы Қағидалардың 9-қосымшаға сәйкес веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде аукциондық құжаттаманы қалыптастырады және:
      1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін;
      2) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жағдайды қоспағанда, оны тапсырыс берушімен келіседі.
      281. Ұйымдастырушы әзірлеген аукциондық құжаттаманың жобасын тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға, жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам бекітеді.
      Ескерту. 281-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       282. Осы Қағидалардың 28-тармағы 1), 2), 3) тармақшаларына сәйкес айқындалған бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген аукциондық құжаттаманың жобасын бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға бекітеді.
      283. Бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген және бекіткен аукциондық құжаттаманың жобасы конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікті, шарт жобасын және осы Қағидалардың 255-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тапсырыс беруші бекіткен сараптау комиссияның құрамын не сараптаушыны қамтиды.
      Ескерту. 283-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-параграф. Аукционды өткізу туралы хабарлама

      284. Ұйымдастырушы аукциондық құжаттаманың жобасы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың жобасын веб-порталға орналастырады.
      Әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімді ұсынуының соңғы күнінің мерзімі аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы мен бекітілген аукциондық құжаттаманың мәтіні орналастырылған күннен бастап кем дегенде күнтізбелік он бес күнді құрайды.
      Ескерту. 284-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       285. Аукцион тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайда, ұйымдастырушы аукционға қатысуға өтінім ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде он күнтізбелік күн бұрын веб-порталда өткізілмеген аукционның аукциондық құжаттамасының өзгермеуі шартымен аукцион тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін орналастырады.
      286. Аукцион тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алу қайтадан жүзеге асырылған және аукциондық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда мемлекеттік сатып алу осы Қағидалардың 284-тармағына сәйкес жүргізіледі.

6-параграф. Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау және алдын ала талқылау хаттамасын веб-порталда орналастыру

      287. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпия туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілердің аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылауы аукциондық құжаттаманы бекітудің міндетті шарты болып табылады.
      288. Аукциондық құжаттаманың жобасына ескертулерді, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды әлеуетті өнім берушілер веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушіге, ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға жіберуі мүмкін.
      289. Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аукциондық құжаттаманың жобасына ескертулер болмаған кезде аукциондық құжаттама бекітілді деп есептеледі.
      290. Ескертулер болған кезде тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы аукциондық құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мынадай шешімдерді қабылдайды:
      1) аукциондық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
      2) аукциондық құжаттама жобасына ескертулерді қабылдамау негіздемелерін көрсете отырып, оларды қабылдамайды;
      3) аукциондық құжаттаманың ережелеріне түсінік береді.
      Аукциондық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, осы Қағидалардың 281, 282-тармақтарында белгіленген тәртіпте веб-порталда өзгертілген аукциондық құжаттаманы бекіту туралы шешім қабылданады.
      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген шешімдер қабылданған күннен бастап аукциондық құжаттама бекітілді деп есептеледі.
      291. Ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы аукциондық құжаттама бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-порталда аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын орналастырады.
      Осы Қағидалардың 290-тармағы 1) тармақшасына сәйкес аукциондық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы аукциондық құжаттаманың жобасын алған веб-порталға қатысушы әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасымен бірге бекітілген аукциондық құжаттаманың мәтінін жариялайды.
      292. Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы аукциондық құжаттаманың жобасына қатысты келіп түскен ескертулер туралы ақпаратты және олар бойынша қабылданған шешімдерді қамтиды.
      Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға, не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қол қойылады.
      Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүргізген жағдайда аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы қол қояды.
      Осы Қағидалардың 22, 24 және 25-тармақтарында көзделген жағдайларда, аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға, не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қол қояды.
      Ескерту. 292-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       293. Ұйымдастырушы, қажет болған жағдайда аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларына немесе ескертулеріне жауап ретінде аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы Қағидалардың 281-тармағында белгіленген тәртіпте бекітіледі.
      294. Аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке және шарттың жобасына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды қоспағанда, бірыңғай ұйымдастырушы, қажет болған жағдайда аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларына не ескертулеріне жауап ретінде аукциондық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке және шарттың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді қоспағанда, аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді бірыңғай ұйымдастырушы осы Қағидалардың 282-тармағында белгіленген тәртіппен бекітеді.
      Тапсырыс беруші қажет болған жағдайда, аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке немесе шарттың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы бекітілген шешімді бірыңғай ұйымдастырушыға аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.
      Ескерту. 294-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       295. Бірыңғай ұйымдастырушы тапсырыс беруші бекіткен аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке немесе шарттың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім негізінде аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке немесе шарттың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
      296. Аукциондық құжаттаманың жобасына ескертулерді қабылдамау туралы шешім қабылданған жағдайда, осы Қағидалардың 290-тармағы 2) тармақшасына сәйкес оларды қабылдамау себептерінің егжей-тегжейлі негіздемелері аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.
      297. Әлеуетті өнім берушілерден веб-портал арқылы аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар келіп түскен жағдайда, осы Қағидалардың 290-тармағы 3) тармақшасына сәйкес аукциондық құжаттаманың ережелеріне түсіндірме беру мәтіні аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында веб-порталда автоматты түрде орналастырылады.
      298. Мемлекеттік сатып алулар бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырған жағдайда аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің және шарт жобасының ережелеріне түсіндірме беруді тапсырыс беруші жүзеге асырады.
      Аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің және шарт жобасының ережелеріне түсіндірме беру мәтіні аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.

7-параграф. Әлеуетті өнім берушілерге аукциондық құжаттаманы не аукциондық құжаттаманың жобасын ұсыну

      299. Аукцион өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап барлық ниет білдірушілерге аукциондық құжаттаманы не аукциондық құжаттаманың жобасын веб-порталда тегін алу мүмкіндігі беріледі.
      300. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      301. Веб-порталда аукцион өткізу туралы хабарландыру сәтіне дейін аукциондық құжаттаманы немесе аукциондық құжаттаманың жобасын беруге жол берілмейді.

8-параграф. Аукционға қатысуға өтінімнің мазмұны және оларды ұсыну

      302. Аукционға қатысуға өтінім электрондық құжат нысанында
      веб-портал арқылы аукциондық құжаттамада көрсетілген оны берудің түпкілікті мерзімі өткенге дейін беріледі және әлеуетті өнім берушінің аукциондық құжаттамада белгіленген талаптармен және шарттармен келісу, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары мен Заңның 6-бабында белгіленген шектеулерге сәйкестігін растайтын ол туралы мәліметтер алуға келісімін білдіру түрі болып табылады.
      303. Аукционға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушінің ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға ұсынатын аукционға қатысуға өтінім аукциондық құжаттамада тізбеленген құжаттарды қамтуы тиіс, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің:
      1) Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді жоқ екендігі туралы;
      2) өзі мен тапсырыс беруші, ұйымдастырушы немесе бірыңғай ұйымдастырушы арасында Заңда тыйым салынған қарым-қатынастардың болмағандығы туралы;
      3) Заңның 43-бабы 19-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда шартты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бұзуға келісу туралы растауды қамтуға тиіс.
      304. Аукционға қатысуға өтінім веб-порталмен автоматты түрде аукционға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге тиісті хабарлама жіберілген сәтте қабылданған болып есептеледі.
      305. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға бір ғана өтінім береді.
      306. Әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімі мынадай:
      1) әлеуетті өнім беруші осы аукционға қатысуға бұрын өтінім берген;
      2) аукционға қатысуға өтінім веб-порталға осы аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдаудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін келіп түскен;
      3) бастапқы баға осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген сомадан асып кеткен;
      4) Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда веб-порталмен автоматты түрде қабылдамауға тиіс.
      Аукционға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын аукционға қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі аукционға қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап кем дегенде алпыс күнтізбелік күнді құрайды және аукциондық құжаттамада белгіленген талап етілетін мерзімге сәйкес келуге тиіс.
      Ескерту. 306-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       307. Әлеуетті өнім берушілер берген аукционға қатысу өтінімдер веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.
      308. Әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде өзі енгізген аукционға қатысуға өтінімін қамтамасыз етуді қайтару құқығын жоғалтпай, аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кез келген уақытта өзінің аукционға қатысуға өтінімін өзгертеді немесе кері қайтарып алады.
      Ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдамауға жол берілмейді.
      309. Осы Қағидалардың 324-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, аукционға қатысуға өтінімдер берудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
      310. Әлеуетті өнім берушінің аукциондық құжаттамаға сәйкес талап етілетін мемлекеттік ақпараттық жүйелерге және (немесе) мемлекеттік дерекқорға жүгіну арқылы не веб-порталды пайдалана отырып, электрондық нысанды толтыру арқылы алынған жекелеген құжаттарды ұсынуына жол беріледі.

9-параграф. Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету

      311. Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету аукцион тәсілімен тауарларды сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.
      312. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің біреуін тағдауға құқылы:
      1) ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарна;
      2) қағаз тасығыштағы не электрондық құжат нысанындағы банк кепілдігі.
      Әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі өткенге дейін енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығы үшінші тұлғаларда туындауына алып келетін әрекеттерді жасауына жол берілмейді.
      Осы Қағидалардың 316 және 317-тармақтарында көрсетілген әрекеттерді қоспағанда, ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) әлеуетті өнім беруші енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.
      313. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қағаз тасығышта банк кепілдігі түрінде енгізген жағдайда, оның түпнұсқасы ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға аукционға қатысуға өтінім ұсынудың түпкілікті мерзіміне дейін аукциондық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес беріледі.
      Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға қамтамасыз етуді қағаз жеткізгіште банк кепілдігі түрінде енгізген жағдайда, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы аукционға қатысуға осындай қамтамасыз етуді алу фактісін банктік кепілдіктерді тіркеу журналына тіркейді.
      Ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы банктік кепілдіктерді тіркеу журналында мынадай мәліметтерді көрсетеді:
      1) аукционның атауы мен өткізу мерзімі;
      2) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
      3) банктік кепілдікті тіркеу күні мен уақыты.
      Банктік кепілдіктерді тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді және аукциондық комиссияның хатшысы әрбір бетін дәйектейді.
      Банктік кепілдіктерді тіркеу журналының соңғы беті ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.
      Бір қаржы жылы ішінде аукцион (конкурс) тәсілімен барлық мемлекеттік сатып алу бойынша бірыңғай банктік кепілдіктерді тіркеу журналын жүргізуге жол беріледі.
      314. Әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушының банктік шотына не мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер болып табылатын ұйымдастырушылар, бірыңғай ұйымдастырушы үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдендірілген ақшалай жарна түрінде аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізген жағдайда, ол кепілдендірілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі түрінде беріледі. Бұл ретте, кепілдендірілген ақшалай жарна аукциондық құжаттамада көрсетілген банктік шотқа аукционға қатысуға өтінім берудің түпкілікті мерзіміне дейін енгізіледі.
      315. Ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі:
      1) аукцион жеңімпазы не екінші орын алды деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған;
      2) аукцион жеңімпазы не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші шарт жасаса отырып, аукциондық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізу және (немесе) мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайлар басталған кезде аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.
      316. Осы Қағидалардың 315-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар немесе олармен үлестес заңды тұлғалар кірісіне есепке жатқызылады.
      317. Ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім беруші енгізген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді өзіне қайтарады:
      1) осы әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін өзінің аукционға қатысуға өтінімін кері қайтаруы;
      2) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қою. Көрсетілген жағдай аукцион жеңімпазы деп айқындалған аукционға қатысушыға қолданылмайды;
      3) шарттың күшіне енуі және аукцион жеңімпазының аукциондық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі.

10-параграф. Аукционға қатысуға өтінімдерді ашу

      318. Аукционға қатысуға өтінімдерді ашу аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткен сәттен бастап бес минут ішінде веб-порталмен автоматты түрде жүргізіледі.
      319. Егер аукционға (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім аукционға (лотқа) берілген болса, онда мұндай өтінім де осы Қағидаларға сәйкес ашылады және қаралады.
      320. Аукционға қатысу өтінімдерді ашу хаттамасы осы Қағидаларға
      11-қосымшаға сәйкес ашу күні веб-порталмен автоматты түрде орналастырылады. Бұл ретте аукциондық комиссия мүшелеріне, аукционға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге веб-портал автоматты хабарламаларды таратады.
      321. Бастапқы бағаларды қоспағанда, аукционға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге ашу хаттамасы орналастырылған кезден бастап басқа да әлеуетті өнім берушілердің осы аукционға қатысуға өтінімдерін қарауға қол жеткізу қамтамасыз етіледі.

11-параграф. Аукционға қатысуға өтінімдерді қарау, аукционға қатысуға рұқсат

      322. Аукциондық комиссия веб-портал арқылы біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында аукционға қатысуға өтінімдерді қарайды және әлеуетті өнім берушілерді аукционға қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды (аукционға қатысушылар деп таниды).
      323. Аукционға қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей аукциондық комиссияның хатшысы, олар құрылған (тартылған) жағдайда, сараптау комиссиясының не сарапшының қарауы үшін әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлар бойынша техникалық ерекшеліктерді олардың аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында ұсынады.
      324. Аукциондық комиссия біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушілерге аукционға қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы веб-порталда орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аукционға қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді.
      Заңның 6-бабын бұзған әлеуетті өнім берушілерге аукционға қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығы берілмейді.
      325. Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігі нысанасына аукционға қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша аукционға қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы ресімделеді, оған аукциондық комиссияның төрағасы мен барлық мүшелері, сондай-ақ аукциондық комиссияның хатшысы аукционға қатысуға өтінімдерді алдын ала қарау туралы шешім қабылданған күні қол қояды.
      326. Аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:
      1) қабылдамау себептері егжей-тегжейлі сипатталған, оның ішінде олардың біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтері мен құжаттары көрсетілген біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің тізбесі;
      2) әлеуетті өнім берушіге веб-портал арқылы ұсыну және біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру қажет құжаттардың тізбесі.
      Әлеуетті өнім берушілер біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келген жағдайда, аукционға қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы ресімделмейді.
      Ескерту. 326-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       327. Аукциондық комиссияның әлеуетті өнім берушілерді аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешімі аукционға қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданады және аукциондық комиссияның хатшысы аукционға қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта бойынша автоматты түрде хабардар ете отырып, осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес веб-порталда орналастырады.
      328. Аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға веб-порталда аукциондық комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
      329. Аукциондық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы аукциондық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға қоса беріледі және құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда орналастырылады.
      Аукциондық комиссияның тиісті аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамада аукциондық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда аукциондық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда орналастырады.
      330. Осы Қағидалардың 324-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін, аукциондық комиссияның хатшысы веб-порталдың арқылы біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген аукционға қатысуға өтінімдерді қайта қарау рәсіміне бастама жасайды.
      331. Аукционға қатысуға өтінімдерді қайта қарау кезінде аукциондық комиссия:
      1) аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттаманың тізбесінде көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға арналған өтінімдерін аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген құжаттар тізбесі бойынша олардың біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына толық сәйкес келтірілуі тұрғысынан қайта қарайды;
      2) аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген құжаттардың тізбесін толық бермеген және біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;
      3) Заңның 33-бабының 5-тармағына сәйкес аукционға қатысуға арналған өтінімдері біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестендірілген әлеуетті өнім берушілерден аукционға қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды оңайлату үшін олардың аукционға қатысуға өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы;
      4) Заңның 33-бабының 5-тармағына сәйкес біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестендірілген аукционға қатысу өтінімдерінде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы.
      Аукционға қатысуға өтінімдерді осы Қағидалардың 324-тармағында белгіленген мерзімі өткеннен кейін аукционға қатысуға өтінімде жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, аукционға қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге байланысты аукциондық комиссияның сұрау салу жіберуіне және өзге де әрекеттер жасауына жол берілмейді.
      Ескерту. 331-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       332. Әлеуетті өнім берушілердің банкроттық не тарату рәсіміне қатысы жоқтығы бөлігінде олардың біліктілік талаптарына сәйкес келуін нақтылау мақсатында аукциондық комиссия банкроттық не тарату рәсімінің өткізілуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты қарайды.
      333. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдерді қайта қарау кезінде алдын ала рұқсат беру хаттамасында көзделмеген негіздер бойынша әлеуетті өнім берушілерді қабылдамауына жол бермейді.
      334. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімдер біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілгеннен кейін, егер:
      1) ол Заңда және осы Қағидаларда айқындалған негіздер бойынша біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың шарттарына сәйкес келмейді деп айқындалса;
      2) Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер болса, аукционға қатысуға жіберілмейді (аукционға қатысушы деп танылмайды).
      335. Егер әлеуетті өнім беруші Заңның 6-бабында көзделген негіздер бойынша аукционға қатысуға жіберілмеген жағдайда, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамада аукционға қатысуға өтінімді қабылдамау үшін негіз болған растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетіле отырып, осындай әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімін қабылдамаудың негіздемелері көрсетіледі.
      336. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдерді қайта қарау нәтижелері бойынша:
      1) біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және аукционға қатысушылар деп таниды;
      2) әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкестендірілген аукционға қатысуға өтінімдерін қайта ұсынуының түпкілікті мерзімі күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.
      Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға құжаттың электрондық көшірмесі нысанында тауарлардың аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетіні туралы сараптамалық қорытынды, болған жағдайда сараптау комиссиясы мүшесінің ерекше пікірі қоса беріледі.
      337. Аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:
      1) аукционға қатысуға өтінімдердің біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілуі туралы;
      2) осы Қағидалардың 331-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес аукциондық комиссияның сұрау салулары туралы;
      3) аукционға қатысуға өтінімдерінің қабылданбау себептері егжей-тегжейлі сипатталып, оның ішінде біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетіле отырып, аукционға қатысуға өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы ақпарат қамтылуы тиіс.
      Ескерту. 337-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       338. Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға веб-порталда аукциондық комиссияның барлық мүшелері қол қояды және аукциондық комиссияның хатшысы аукционға қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, аукционға қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні веб-порталда орналастырады.
      339. Аукциондық комиссия мынадай: 3) аукционға (лотқа) бөлінген соманың кемінде бір пайызы мөлшерінде аукциондық өтінімді қамтамасыз етуді енгізген жағдайда енгізілген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп таниды.
      1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;
      2) аукциондық комиссияға:
      аукционға қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін берген тұлғаны;
      оған қатысу үшін банктік кепілдік түрінде аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін аукционның атауы мен нөмірі;
      банктік кепілдік түрінде ұсынылған аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомасын, оны беру шартын;
      аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;
      аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету оның пайдасына енгізілетін тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрініс табатын аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген;
      3) аукционға (лотқа) бөлінген соманың кемінде бір пайызы мөлшерінде аукциондық өтінімді қамтамасыз етуді енгізген жағдайда енгізілген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп таниды.
      Ескерту. 239-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
       340. Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің тиындармен есептелген сомасы дөңгелектенеді. Бұл ретте елу тиыннан төмен сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал елу тиынға тең және одан жоғары сома бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.
      Ескерту. 340-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       341. Әлеуетті өнім беруші қатысатын аукционда аукцион лоттарының жалпы сомаларына өтінімді қамтамасыз етуді енгізуге жол беріледі.
      342. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында енгізілген аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тану себебін көрсетеді.
      Әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларда белгіленген мерзімдерде веб-портал арқылы аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынады.
      Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген не оны аукционға (лотқа) бөлінген сомалардың нөл бүтін оннан тоғыз пайызы (0,9 %) мөлшерінде енгізген әлеуетті өнім берушілерге аукционға қатысуға өтінімдерін аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге рұқсат етілмейді.
      343. Осы Қағидалардың 342-тармағының үшініші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, аукционға (лотқа) бөлінген соманың кем дегенде бір пайызы мөлшерінде аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілген кезде, әлеуетті өнім беруші аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру мақсатында аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомаларын осы Қағидалардың 312-тармағына сәйкес түрлердің бірінде аукционға қатысуға өтінімді қосымша қамтамасыз етуді енгізуге құқылы.
      Ескерту. 343-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       344. Әлеуетті өнім беруші (аукционға қатысушы болып таныла алмайды) аукционға жіберілмейді егер:
      1) ол негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:
      Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген), мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын рұқсаттардың электрондық көшірмелерін не электрондық түрдегі рұқсаттарды (хабарламаларды) ұсынбауы. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады;
      әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және сатуға құқығын растайтын патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін не электрондық құжат түрінде ұсынбауы;
      веб-портал автоматты түрде айқындайтын бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) болуы;
      аукциондық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді ұсынбауы;
      әлеуетті өнім берушінің аукциондық құжаттамада көрсетілген, шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарын иелену бөлігінде сәйкес келмеуі. Бұл ретте, тапсырыс берушіге шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстары аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетіледі;
      біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпаратты ұсыну фактісі анықталса;
      банкроттық не тарату рәсіміне жатса;
      2) егер оның аукционға қатысуға өтінімі мынадай негіздер бойынша аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:
      техникалық ерекшелікті ұсынбау;
      әлеуетті өнім берушінің аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынуы;
      аукциондық құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бермеу;
      аукциондық құжаттаманың талаптары бойынша дұрыс емес апқарат беру фактісі анықталса;
      3) мемлекеттік сатып алуларға қатысуға байланысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулер болса. Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша, әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімі веб-порталдың автоматты түрде қабылдамауына жатады. Заңның 6-бабы 1-тармағының 7), 9) және 10) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша, аукциондық комиссия тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарындағы ақпаратты қарайды.
      Ескерту. 344-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
       345. Сараптау комиссиясы не сарапшы аукциондық комиссияның төрағасы белгілеген мерзімде, бірақ аукционға қатысу өтінімдерді қарау мерзімінен кешіктірмей:
      1) өз құзыретінің шегінде әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігін растау үшін олар берген құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресімделуі тұрғысынан қарайды және зерделейді;
      2) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі туралы сараптама қорытындысын ресімдейді, оған қол қояды және аукциондық комиссияның хатшысына ұсынады.
      346. Сараптамалық қорытындыға сарапшы ерекше пікірін білдіретін жағдайларды қоспағанда, барлық сарапшылар қол қояды және әр бетіне бұрыштама соғады.
      Сараптамалық қорытындыны алғаннан кейін аукциондық комиссияның хатшысы сараптамалық қорытындыны веб-порталда орналастырады және веб-портал арқылы хабарламаларды аукциондық комиссияның барлық мүшелеріне таратады. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдерді сараптамалық қорытындыны ескере отырып қарайды.

12-параграф. Аукцион өткізу

      347. Аукцион мемлекеттік сатып алу веб-порталында аукционға қатысуға жіберу туралы хаттамада көрсетілген күні және уақытта өткізіледі.
      Аукционға қатысуға жіберу туралы хаттама орналастырылған күннен бастап екі жұмыс күні өткеннен кейінгі келесі жұмыс күні – аукционды өткізу күні болып табылады.
      Аукцион басталатын уақыт Астана уақыты бойынша сағат 18-00-ден кешіктірілмей белгіленеді.
      348. Аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілер аукционға қатысады.
      349. Өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасынан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион адымына төмендету жолымен аукцион өткізіледі.
      350. Егер өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың бастапқы бағасы аукционның басқа бір қатысушысы ұсынған бастапқы бағаға тең болған жағдайда, басқа ұсыныстарға қарағанда бұрынырақ келіп түскен тауардың бастапқы бағасы ең төмен бастапқы баға болып танылады.
      351. Аукцион қадамы өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасының жарты (0,5) пайызынан бес пайызына дейін құрайды.
      352. Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушылар өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстар береді, онда баға туралы ағымдағы ең төмен ұсынысты аукцион қадамы шегіндегі шамаға төмендету көзделеді.
      353. Егер өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы мұндай ұсынысты да аукционға осы қатысушы берген болса, Заңның 34-бабының 6-тармағына сәйкес аукционға қатысушы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсынысты өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ағымдағы ең төмен ұсыныстан төмен беруге құқығы жоқ.
      Ескерту. 353-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       354. Аукционға қатысушылардың өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткізу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың бағасы туралы соңғы ұсыныс келіп түскеннен кейін он минутты құрайды. Егер көрсетілген уақыт ішінде өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың неғұрлым төмен бағасы туралы бірде-бір ұсыныс келіп түспесе, аукцион аяқталады.
      355. Веб-портал аукцион жеңімпазын ең төмен баға негізінде автоматты түрде айқындайды.
      Екінші орын алған аукционға қатысушы ең төмен бағадан кейінгі баға негізінде айқындалады.
      356. Егер аукционды өткізу басталғаннан кейінгі отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бірде-бірі өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс бермеген болса, бастапқы бағасы ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім беруші аукцион жеңімпазы деп танылады.
      357. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес аукционды өткізу аяқталған күні веб-порталда автоматты түрде қалыптастырылады және орналастырылады.
      Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама Заңның 35-бабының 2-тармағына сәйкес мынадай ақпаратты қамтиды:
      1) аукционға қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру туралы;
      2) осы Қағидалардың 331-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес аукциондық комиссияның сұрау салулары туралы;
      3) қабылданбау себептері егжей-тегжейлі сипаттала отырып, оның ішінде біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетіле отырып, аукционға қатысуға өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы ақпарат;
      4) ең төменгі баға негізінде жеңімпазды айқындау туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
      Ескерту. 357-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

13-параграф. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткізілмеді деп танудың негіздері мен салдарлары

      358. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай негіздердің бірі бойынша:
      1) аукционға қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;
      2) аукционға қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылғанда;
      3) егер аукционға қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе;
      4) егер аукционға қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілсе, өткізілмеді деп танылады.
      359. Егер аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өткізілмеді деп танылса, тапсырыс беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайта өткізу туралы;
      2) аукциондық құжаттаманы өзгерту және аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайта өткізу туралы;
      3) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы.

7. Бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
1-параграф. Жүргізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

      360. Жүргізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу мен ұйымдастыру веб-порталда мынадай жүйелі шаралардың орындалуын қарастырады:
      1) мемлекеттік сатып алудың осы тәсілін қолдану негіздемесімен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу туралы тапсырыс берушінің шешім қабылдауы;
      2) тапсырыс берушінің бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу үшін ұйымдастырушыны айқындауы;
      3) ұйымдастырушының осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыруды веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушіге жіберуі;
      4) Заңның 29-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында, 36-бабының 3-тармағы 1) тармақшасында және 39-бабының 2-тармағы 2) тармақшасында көзделген жағдайларда әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 378-1, 378-2, 378-3 және 378-4-тармақтарының қағидалары бойынша айқындалады;
      5) әлеуетті өнім берушінің шақыруда көзделген құжаттарды қоса, осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес бір көзден мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы келісімді веб-портал арқылы ұйымдастырушыға жіберуі;
      6) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қатысуға оларға ұсынылатын баға негіздемесі, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізілмеді деп танылған мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, ұйымдастырушының веб-портал арқылы өнім беруші ұсынған өнім берушінің біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды қарауы;
      7) веб порталда бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың орналастырылуы;
      8) тапсырыс берушінің бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың негізінде әлеуетті өнім берушімен шарт жасасуы;
      9) Заңның 29-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында, 36-бабы
      3-тармағының 1) тармақшасында, 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда (Заңның 38-бабының 8 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларда) Бір көзден алу/тікелей мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізу қорытындысы туралы есеп веб-порталда осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептің орналастырылуы.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6) және 9) тармақшаларының талаптары Заңның 38-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
      Ескерту. 360-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       361. Тапсырыс беруші бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізу туралы шешімді Заңда және осы Қағидаларда көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізілмеді деп танылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
      362. Жүргізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде ұйымдастырушы осы Қағидаларда көзделген мерзімдерде веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушіге бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру жібереді.
      Әлеуетті өнім берушіге шақыру жіберу, оларға веб-портал арқылы қажетті ақпарат беру және сатып алуды ұйымдастырушының бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталға орналастыруы туралы талаптар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпия туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
      363. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ұйымдастырған және жүргізген кезде, конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізілмеді деп танылған жағдайда, әлеуетті өнім берушіні айқындауды және әлеуетті өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыруды жіберуді тапсырыс беруші Заңға және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
      364. Жүргізілмеген конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде, ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға шақырылған конкурсқа (аукционға) қатысушы, егер ол осы конкурсқа (аукционға) жіберілген жағдайда, осы конкурсқа (аукционға) қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды сол ұйымдастырушыға қайта табыс етпеуге құқылы.
      Бұл ретте, шақыруда қамтылған мәліметтер жүргізілмеді деп танылған конкурстың (аукционның) конкурстық құжаттамасы (аукциондық құжаттамасы) шарттарына сәйкес болуы тиіс. Ағымдағы қаржы жылы шегінде жүргізілмеді деп танылған конкурстың (аукционның) конкурстық құжаттамасында (аукциондық құжаттамасында) көзделген тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдерінен асуына жол беріледі, бірақ бұл мерзім бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға кеткен мерзімнен аспауға тиіс.
      365. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізілмеді деп танылған баға ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, ұйымдастырушы әлеуетті өнім беруші ұсынған құжаттарды олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
      366. Ұйымдастырушы сұратылған ақпаратты әлеуетті өнім беруші ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталда қалыптастырады және орналастырады.
      Ескерту. 366-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       367. Конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы конкурсқа (аукционға) қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы себебінен жүргізілмеді деп танылған жағдайда, ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде веб-портал арқылы тапсырыс беруші айқындаған әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.
      Бұл ретте, әлеуетті өнім беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға келіскен жағдайда, бұл әлеуетті өнім беруші күнтізбелік он күннің ішінде ұйымдастырушыға веб-портал арқылы шақыруда көрсетілген құжаттарды қоса, қатысу туралы өз растамасын жібереді.
      368. Конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы конкурсқа (аукционға) қатысуға екеуден аз өтінімнің ұсынылуы себебінен жүргізілмеді деп танылған жағдайда, ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы осы конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.
      369. Конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеу себебінен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізілмеді деп танылған жағдайда, ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы Заңның 6-бабының талаптарын бұзған тұлғаны қоспағанда, шартты жеңілдікті есепке алғанда ең төменгі баға көрсетілген конкурстық өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.
      370. Конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілу себебінен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алулар өтпеді деп танылған жағдайларда, ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күннің ішінде веб-портал арқылы осы конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушіге оның өтінімінде көзделген шарттарда шақыру жібереді және жасасқан шарттың бағасы оның конкурстық баға ұсынымынан аспауға тиіс.
      371. Аукционға қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеу себебінен аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізілмеді деп танылған жағдайларда, ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері бар тұлғаны есептемегенде, аукционға қатысуға өтінімінде көрсетілген ең төмен бастапқы баға ұсынған әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді. Жасасқан шарттағы баға әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімінде көрсетілген бастапқы бағасынан аспауға тиіс.
      372. Аукционға қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілу себебінен аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізілмеді деп танылған жағдайларда, ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы аукционға қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді және жасасқан шарттың бағасы әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімінде көрсетілген ең төмен бастапқы бағасынан аспауға тиіс.
      373. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде белгіленген мерзімнің ішінде әлеуетті өнім берушіден бір ғана баға ұсынысы берілсе, веб-портал қорытындылар хаттамасы орналастырылған күні осы баға ұсынысын берген әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді. Бұл ретте жасасқан шарттың бағасы әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысынан аспауға тиіс.
      Ескерту. 373-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       374. Егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде белгіленген мерзім ішінде әлеуетті өнім берушілерден бірде-бір баға ұсынысы берілмеген жағдайда, ұйымдастырушы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы тапсырыс беруші айқындаған әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.
      375. Осы Қағидалардың 373 және 374-тармақтарында көзделген жағдайларда, әлеуетті өнім беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға келіскен кезде осы әлеуетті өнім беруші күнтізбелік бес күннің ішінде ұйымдастырушыға веб-портал арқылы шақыруда көрсетілген құжаттарды қоса, қатысу туралы өз растауын жібереді.
      376. Осы Қағидалардың 368, 369, 370, 371 және 372-тармақтарында көзделген жағдайларда әлеуетті өнім беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға келіскен кезде, бұл әлеуетті өнім беруші бес жұмыс күні ішінде ұйымдастырушыға веб-портал арқылы шақыруда көрсетілген құжаттарды қоса, қатысу туралы өз растауын жібереді.

2-параграф. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізілмеді деп тану негіздері

      377. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай негіздердің бірі бойынша:
      1) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізілмеген баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жүзеге асырылған жағдайды қоспағанда, егер әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмеген;
      2) егер әлеуетті өнім берушіде Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер болған;
      3) егер әлеуетті өнім беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысудан бас тартқан жағдайларда жүргізілмеді деп танылады.
      Егер бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу Қағидалардың осы тармағы негізінде жүргізілмеді деп танылған жағдайда, мемлекеттік сатып алу Заңда көзделген тәсілдермен жүзеге асырылады.

3-параграф. Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

      378. Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші өнім берушіні айқындайды және онымен веб-портал арқылы шарт жасасады.
      378-1. Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 11), 15), 28), 50), 51), 53) және 54) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіні айқындау үшін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жарнамасындағы, каталогтарындағы, сипаттамаларындағы және Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасына сәйкес көпшілік оферта болып танылған белгісіз тұлғалар тобына арналған басқа ұсыныстардағы жалпыға қол жетімді ақпарат көздерін зерделеу арқылы сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығын талдау нәтижелері бойынша айқындалған сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында, оның оның ішінде ұқсас тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қызметін жүзеге асыратын кемінде үш әлеуетті өнім берушіге коммерциялық ұсыныстар беру туралы сұрау салулар жібереді.
      Ескерту. 3-параграф 378-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      378-2. Әлеуетті өнім берушіге жіберілетін коммерциялық ұсыныстар беруге сұрау салу осы Қағидаларға 18-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
      Ескерту. 3-параграф 378-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       378-3. Әлеуетті өнім берушілердің коммерциялық ұсыныстары жеткізілетін тауарлардың (орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сипаттамалары көрсетілген прайс-листтер және басқа да растайтын құжаттар түрінде ұсынылуы мүмкін.
      Ескерту. 3-параграф 378-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       378-4. Ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің коммерциялық ұсыныстары негізінде тапсырыс беруші Заңның 4-бабы 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидатын сақтай отырып, тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін әлеуетті өнім берушіні айқындайды.
      Ескерту. 3-параграф 378-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       379. Шарт жасасу мақсатында тапсырыс беруші веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушіге электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын жібереді.
      Егер әлеуетті өнім беруші шарт жобасына веб-портал арқылы оны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қол қоймаса (электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырмаса), тапсырыс беруші осы әлеуетті өнім берушіге жіберілген шарттың жобасын кері қайтарады.
      Ескерту. 379-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       380. Тапсырыс беруші тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы есепті веб-порталда шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналастырады.
      Заңның 41-бабының 2-тармағына сәйкес есепте өнім берушіні таңдаудың негіздемелері, жасалған шарттың бағалары, сондай-ақ осы Қағидалардың 17-қосымшасына сәйкес шарттың өзге де талаптары қамтиды.
      Ескерту. 380-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       381. Осы Қағидалардың 378 және 379-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға, сондай-ақ Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40) және 41) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
      Осы Қағидалардың 380-тармағының талабы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға, сондай-ақ Заңның 39-бабы 3-тармағының 9), 18), 31), 32) және 35) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

8. Заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерінің (консорциумның) мемлекеттік сатып алуға қатысуының ерекше шарттары

      382. Заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктері (консорциум) мемлекеттік сатып алуға қатысқан жағдайда, осы консорциумның қатысушылары болып табылатын заңды тұлғалар өз біліктілік талаптарын растау үшін осы Қағидаларда белгіленген құжаттармен қатар мынадай құжаттардың электрондық көшірмелерін, не электрондық құжаттарды ұсынуға тиіс:
      1) заңды тұлғалардың мүшелері арасында жасалған бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт (консорциялық келісім);
      2) бірлескен шаруашылық қызмет туралы шартта көзделген қызмет ббөлігінде тауарларды ұсыну, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету құқығына лицензия.
      Консорциум конкурсқа қатысқан жағдайда конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды есептеу консорциялық келісімде айқындалған консорциум қатысушыларының біріне қатысты қолданылады.
      Бұл ретте шарт конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт қолданылған консорциумның қатысушысымен жасалады.

9. Шарт
1-параграф. Шарт жасасу

      383. Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері бар тұлғаны қоспағанда, тапсырыс беруші жеңімпазға веб-портал арқылы осы Қағидаларға 19, 20 және 21-қосымшаларына сәйкес тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарттарға сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын:
      1) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға шағымдану мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
      2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы айқындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.
      384. Өнім берушіні таңдау рәсімі, оның ішінде мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары шеңберінде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысына шағым жасау рәсімі тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілгенге дейін аяқталған жағдайларда, шарттың жобасы жеңімпазға тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.
      385. Егер мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары негізінде мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүзеге асырылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді алу шығындары тиісті бюджетте бекітілмесе (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары), шарттың жобасы жеңімпазға жіберілмейді. Бұл ретте Заңның 5-бабы 10-тармағында айқындалған тәртіппен мемлекеттік сатып алудан бас тарту жүзеге асырылады.
      386. Заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы шарттың жобасы қоса берілген хабарлама веб-порталға келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шарттың жобасын электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырады.
      Ескерту. 386-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       387. Тапсырыс беруші конкурс, аукцион тәсілдерімен мемлекеттік сатып алулардың қорытындысы туралы хаттамаға шағым беру мерзімі өткен күннен бастап не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы жеңімпазға шартты ресімдеу үшін шартқа қол қоятын тұлға және өнім берушінің деректемелері туралы мәліметтерді сұратуды жібереді.
      388. Әлеуетті өнім беруші веб-порталда тиісті сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді және өнім берушінің деректемелерін толтырады және растайды.
      Әлеуетті өнім берушінің шартқа қол қоятын тұлға және оның деректемелері туралы мәліметтерді растауы болмаған жағдайда, тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің веб-порталда орналастырылған тіркеу деректеріне сәйкес шартқа қол қояды.
      389. Тапсырыс беруші осы Қағидалардың 388-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушінің мәліметтерді растау мерзімі аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын қалыптастырады және әлеуетті өнім берушіге қол қою үшін жібереді.
      390. Өнім беруші Заңда және осы Қағидаларда белгіленген мерзімде веб-портал арқылы шартқа электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.
      391. Тапсырыс беруші егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші Заңда және осы Қағидаларда белгіленген мерзімде шарттың жобасына қол қоймаса, жеңімпаз шарт жасасудан жалтарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын жібереді. Заңның 43-бабының 7-тармағына сәйкес шарттың жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырады.
      Ескерту. 391-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       392. Тапсырыс беруші егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім берушіде Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер бар болса, осы Қағидалардың 391-тармағында белгіленген мерзімде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге шарттың жобасын жібереді.
      393. Егер екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне шарттың жобасы келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қоймаса, тапсырыс беруші қайта мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
      394. Заңда көзделген жағдайларда шарт қағаз тасығышта жасалуы мүмкін, бұл ретте тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, осы Қағидаларға 19, 20 және 21-қосымшаларға сәйкес үлгі шарттарға сай әзірленген жасалған шарт жобасының екі данасын өнім берушіге жібереді, оған тапсырыс беруші қол қояды және тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі тағайындалмаған жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі әр парағына қол қояды.
      Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шарт жасасу мерзімі өнім берушіге шарттың жобасын жіберген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс.
      395. Өнім беруші шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ Заңда көзделген демпингке қарсы шаралар қабылдаған жағдайда қамтамасыз ету сомасын енгізеді.
      Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап Заңның 39-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының және 3-тармағының негізінде жүзеге асырылған, баға ұсыныстарын сұрату, тауар биржалары арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша айқындалған өнім берушілерге, сондай-ақ Заңның 51-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерге қолданылмайды.
      396. Өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, демпингке қарсы шаралар қабылдаған жағдайда қамтамасыз ету сомасын өзімен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін уақытылы, толық көлемде және тиісінше орындауының кепілі ретінде енгізеді.
      397. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін ұйымдастырушы, тапсырыс беруші шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.
      398. Егер шартта аванс төлеу көзделген болса, өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша, авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді.
      399. Өнім беруші аванстың толық сомасынан не аванстың бір бөлігінен бас тартуға құқылы. Өнім беруші аванстан ішінара бас тартқан жағдайда, аванстың алатын бөлігіне тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді.
      400. Тапсырыс беруші шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына қарай тапсырыс беруші өнім берушінің жазбаша хабарламасы бойынша аванстың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін шартта көзделген міндеттемелерге бара-бар азайтады.
      401. Қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан асатын шарт жасалған жағдайда ағымдағы қаржы жылына шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тиісті қаржы жылында көзделген шарттың жылдық сомасына сүйене отырып, есептеледі. Келесі қаржы жылында шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші тиісті қаржы жылы басталғаннан он жұмыс күні ішінде енгізеді.
      402. Өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:
      1) тапсырыс берушінiң банктік шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiк ақшалай жарнаны;
      2) осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта не электрондық құжат нысанында банктік кепiлдiкті таңдауға құқылы.
      403. Өнім берушінің шарт бойынша мiндеттемелер толық орындалғанға дейiн енгiзiлген кепiлдiк ақшалай жарнаға тұтастай не оның бір бөлiгiн талап ету құқығы үшiншi тұлғаларда туындауына әкеп соғатын әрекеттер жасауына жол берiлмейдi.
      404. Өнім беруші енгiзген кепiлдiк ақшалай жарнаны тапсырыс берушінiң Заңда көзделмеген мақсаттарға пайдалануына жол берiлмейдi.
      405. Тапсырыс беруші енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар (бар болса) қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасын өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.
      Ескерту. 405-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       406. Өнім беруші шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн тиісінше орындамаған жағдайда тапсырыс беруші тиісті бюджеттің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кірісіне тұрақсыздық айыбын төлеу фактісі анықталған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар (бар болса) қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасын қайтарады.
      Ескерту. 406-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       407. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасын (болған кезде) тапсырыс беруші, ұйымдастырушы шарттық міндеттемелерді өнім берушінің орындамауына не тиісінше орындамауына байланысты шарт бұзылған жағдайда өнім берушіге қайтармайды.
      408. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасы (болған кезде) тиісті бюджеттің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кірісіне есепке жатқызылады.
      409. Заңның 43-бабының 13-тармағына сәйкес шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін шартта тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) көзделінеді. Тұрақсыздық айыбының мөлшері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалады.
      Ескерту. 409-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       410. Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер және жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар:
      1) жобалау-сметалық құжаттамада оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзiмi көзделген жұмыстарды;
      2) технологиялық мерзiмiнiң, дайындаудың ұзақтығы оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) беруге негіз болатын активтер мен басқа да тауарларды;
      3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтердi сатып алған жағдайда шартты бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге жасаса алады. Мұндай шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс;
      4) бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге көрсетілетін қызметтердi;
      5) орындаудың ұзақтығына байланысты беру (орындау, көрсету) мерзiмi тиiстi бюджетте белгiленген келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында), даму жоспарында, қаржыландырудың жеке жоспарында белгіленген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтiп-ұстау жөнiндегi жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алған жағдайда шартты бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге жасаса алады. Мұндай шарттың қолданылу мерзiмi Заңның 43-бабының 14-тармағына сәйкес үш жылдан аспайды.
      Ескерту. 410-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       411. Шарттарды үш жылдан астам мерзімге жасасу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      412. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар iс-шараларды орындау үшiн қажеттi ұзақ мерзiмдi шартты басқару органы немесе аталған тұлғалардың жоғары органы бекiткен даму жоспарында белгiленген келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзiмiмен жасаса алады.
      413. Жылдық қаржы есептiлiгiнiң аудитi бойынша көрсетілетін қызметтерге шарт үш жылдан аспайтын мерзiмге жасалуы мүмкiн.
      414. Қолданылу мерзiмі бiр қаржы жылынан асатын шартты бәсекелестiк негiзде өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындысы бойынша айқындалған өнім берушілермен ғана жасасуға жол берiледi.
      415. Тапсырыс берушінiң іркіліссіз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында тапсырыс беруші Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12716 болып тіркелген "Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 677 бұйрығына сәйкес уәкілетті орган бекiткен тiзбе бойынша күн сайынғы немесе апта сайынғы қажеттіліктегі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi шарттың қолданысын конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы шығарылғанға және шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге Заңның 43-бабының 18-тармағына сәйкес ұзартады.
      Бұл ретте мұндай мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішінде тапсырыс берушінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу көлемінен аспайтын көлемде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 415-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
       416. Заңның 43-бабы 19-тармағына сәйкес шарт мынадай фактілердің бірі анықталған:
      1) Заңның 6-бабында көзделген шектеулер бұзылған;
      2) ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге Заңда көзделмеген жәрдем көрсеткен;
      3) міндеттемелері тиісінше орындалған шарттарды қоспағанда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып, шарт жасасу фактiсін айқындаған;
      4) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен шарт жасасудан жалтарған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы шартты қамтуы тиiс. Бұл ретте тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы өнім берушіге шартты бұзуға ниеттілігі туралы хабарлама жібереді. Егер өнім беруші веб-портал арқылы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, тапсырыс беруші шартты бұзу туралы хабарлама жібереді.
      Ескерту. 416-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       417. Заңның 43-бабының 20-тармағына сәйкес шарт осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде тауарларды бергені, жұмыстарды орындағаны не қызметтер көрсеткені үшін толық төлем жасау туралы талаптарды қамтиды.
      Ескерту. 417-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       418. Заңның 43-бабының 23-тармағына сәйкес шарт Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Еуразиялық экономикалық одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді төлеу талаптарын қамтиды.
      Ескерту. 418-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       419. Шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі Заңның 43-бабының 22-тармағына сәйкес тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күнді құрайды.
      Ескерту. 419-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       420. Тапсырыс беруші мен өнім беруші шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді толық орындаған жағдайда көрсетілген шарт орындалды деп есептеледі.
      421. Өнім беруші шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алуды қамтамасыз етеді.
      Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) тиiстi бюджет, мемлекеттiк кәсiпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар кірісінің есебіне жатқызылады.
      422. Заңның 47-бабының 6-тармағына сәйкес уәкілетті органның шешіміне тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының немесе бірыңғай ұйымдастырушының шағымдану кезеңінде шарт жасалуы мүмкін емес.

Параграф 2. Шартты орындау

      423. Шартты орындау кезінде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы, саны, сапасы, техникалық ерекшелігі, құны, оларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) орны мен мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мазмұнына сәйкес келуге тиіс.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      424-т. 01.01.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
      424. Заңмен көзделген жағдайларды қоспағанда, шарттың орындалғаны туралы құжаттар (тауарды қабылдап алу-беру актісі, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі, шот-фактура) электрондық нысанда ресімделеді.
      425. Тапсырыс беруші мен өнім беруші көрсетілген шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық орындаған жағдайда шарт орындалды деп есептеледі.
      426. Тауарларды жеткізген кезде мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау мынадай кезекпен жүзеге асырылады:
      1) жүкқұжаттың түпнұсқасын бере отырып, тауарды жеткізу орнына тауарды жеткізу;
      2) өнім беруші тауарды жеткізу фактісін растайтын жүкқұжаттың электрондық көшірмесін тіркей отырып, веб-портал арқылы тауарды қабылдап алу-беру актісін ресімдейді;
      3) тапсырыс беруші тауарды қабылдайды;
      4) "Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10423 болып тіркелді) (бұдан әрі - Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидалар) сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген электрондық шот-фактураны ресімдеу;
      5) тапсырыс беруші жеткізілген тауар үшін ақы төлейді.
      Ескерту. 426-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       426-1. Жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:
      1) веб-портал арқылы орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін ресімдеу;
      2) орындалған жұмыстарды (көрсетілген қызметтерді) тапсыру және қабылдау;
      3) Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактіралар ақпараттық жүйесі арқылы электрондық шот-фактура ресімдеу;
      4) тапсырыс берушінің орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтеры үшін ақы төлеуі.
      Ескерту. 9-тарау 426-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       426-2. Өнім беруші веб-портал арқылы тапсырыс берушіге тауарлар, жұмыстар, қызметтер туралы мәліметтерді толтыра отырып, электрондық-цифрлық қолтаңбамен бекітілген осы Қағидаларға 22-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды қабылдау-беру актісін (бұдан әрі - тауарларды қабылдау-беру актісі), 22-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстар актісін (бұдан әрі - орындалған жұмыстар актісі), 22-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген қызметтер актісін жібереді.
      Ескерту. 9-тарау 426-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       426-3. Өнім беруші шарттық міндеттемелерін толық орындағаннан кейін тауарларды қабылдау-беру актілерімен, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актілерін бір мезгілде тапсырыс берушіге веб-портал арқылы осы Қағидаларға 22-4 және 22-5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша электрондық-цифрлық қолтаңбамен бекітілген тауарлардағы, жұмыстардағы, қызметтердегі жергілікті қамту үлесі бойынша есеп жібереді.
      Ескерту. 9-тарау 426-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       426-4. Тапсырыс беруші веб-порталда өнім берушінің тауарларды қабылдау-беру актісін, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісін ресімдеуі туралы хабарлама алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей актіде шарт бойынша ақпаратты толтырады және оны электрондық-цифрлық қолтаңбамен бекітеді не дәлелді негіздемелер көрсете отырып, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді қабылдаудан бас тартады.
      Тапсырыс беруші жеткізілген тауарларды, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қосымша зерделеу қажет болған жағдайда, хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген әрекетті орындайды, олар туралы өнім берушіге хабарлама алынған күнінен бастап, үш жұмыс күнінен кешіктірмей веб-портал арқылы хабарлайды.
      Ескерту. 9-тарау 426-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10. Кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік құқығында тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәртібі

      427. Жеке тұлғаға жеке меншік құқығында тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруды ұйымдастырушы веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде, әлеуетті өнім берушілердің – өздеріне тұрғынжай жеке меншік құқығында тиесілі, кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғалардың өтінімді ұсынуының түпкілікті мерзімі өткенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей орналастырады және мынадай:
      1) сатып алынатын тұрғынжайдың орналасуы тиіс елді мекеннің атауы (қала, қаладағы аудан, кент, ауыл);
      2) тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға бөлінген ақшалай қаражат сомасы туралы;
      3) сатып алынатын тұрғынжайдың талап етілетін сипаттамасы және тұрғынжайды сатып алу мерзімі;
      4) әлеуетті өнім берушілердің сатып алуға қатысуға өтінімдерін ұсынуды бастау және аяқтау мерзімі туралы ақпаратты қамтуы тиіс.
      428. Әлеуетті өнім берушінің - кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайы бар жеке тұлғаның өтінімі (әрі қарай – тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім) хабарламада көрсетілген оны ұсыну мерзімінің аяқталғанға дейін веб-портал арқылы электронды құжат нысанында ұсынылады және әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алуларды жүргізу туралы хабарламада көрсетілген шарттар негізінде өзіне тиесілі жеке меншік құқығындағы тұрғынжайды сатуға келісімін білдіру нысаны болып табылады.
      429. Тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім мыналарды:
      1) жеке тұлғаның жеке куәлігінің электрондық көшірмесін;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттардың, оның ішінде техникалық төлқұжаттардың электрондық көшірмесін;
      3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күнге дейін берілген тұрғын үйге тыйым салынбағаны туралы құжаттың электрондық көшірмесін;
      4) тұрғын үйдің ағымдағы жағдайының фотосуретін қоса, Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген жылжымайтын мүлікті (тұрғын үй) бағалау есебінің көшірмесін;
      5) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын;
      6) жұбайлардың екіншісінің нотариат куәландырған келісімінің электрондық көшірмесі не некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмағаны туралы нотариат куәландырған анықтаманың электрондық көшірмесі немесе некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылғаны туралы куәліктің электрондық көшірмесі немесе жесірлігін растаушы куәліктің электрондық көшірмесін қамтиды.
      Ескерту. 429-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       430. Әлеуетті өнім беруші өзіне жеке меншік құқығында тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға бір ғана өтінім береді.
      431. Тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім мынадай:
      1) әлеуетті өнім беруші осы мемлекеттік сатып алуға қатысуға бұрын өтінім берген;
      2) мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім веб-порталға өтінімдерді қабылдаудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін келіп түскен;
      3) баға ұсынысы тұрғынжайды сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен жағдайларда веб-порталдың автоматты түрде қабылдамауына жатады.
      432. Осы Қағидаларға сәйкес тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға ұсынылған өтінімдер веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.
      433. Әлеуетті өнім беруші қажет болған жағдайда тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерін оны ұсыну мерзімінің аяқталуына дейін кез келген уақытта өзгертеді немесе қайтарып алады. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алуға жол берілмейді.
      434. Жеке тұлғаға жеке меншік құқығында тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді ашуды веб-портал автоматты түрде өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін бес минут көлемінде жүзеге асырады, олардың қорытындылары бойынша осы Қағидалардың 23-қосымшасының нысанына сәйкес ашу хаттамасы қалыптастырылады.
      435. Ұйымдастырушы тұрғынжайды хабарламада көзделген шарттарға сәйкестігі тұрғысында мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді қарайды.
      Тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер мынадай:
      1) хабарламада көзделген талаптарға сәйкес келмеген (тұрғынжайдың қажетті сипаттамаға сәйкес келмеуі, жеке меншік құқығын растайтын құжаттардың болмауы және т.б.);
      2) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынымы жылжымайтын мүлік (тұрғынжай) нысанын бағалау есебінде айқындалған бағадан асып түскен жағдайларда қабылдамауға жатады.
      436. Жіберілген әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын веб-портал автоматты түрде салыстырады және ең төмен баға ұсынысын берген жеңімпазды айқындайды.
      437. Егер белгіленген мерзімде тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға бірде-бір өтінім ұсынылмаса немесе олар осы Қағидаларда көзделген негіздер бойынша қабылданбағаннан кейін тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға бірде-бір өтінім жіберілмесе, мұндай мемлекеттік сатып алулар өтпеді деп танылады және тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүргізу туралы шешім қабылданады.
      438. Әлеуетті өнім берушілердің тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға ең болмаса бір өтінімі жіберілсе, мұндай тұрғынжайды мемлекеттік сатып алу өткен деп танылады. Бұл ретте қатысуға өтінімі жалғыз жіберілген әлеуетті өнім берушіні веб-портал осы мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы деп танылады.
      439. Ұйымдастырушымен кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттама осы Қағидалардың 24-қосымшасына сәйкес өтінімді ашқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде веб-порталда орналастырылады. Бұл ретте веб-портал осы мемлекеттік сатып алуларға өтінімдерін ұсынған әлеуетті өнім берушілерге автоматты хабарламаларды таратады.
      440. Кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алу шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалады.

11. Тәжірибе болуы бөлігінде біліктілік талаптарын белгілеу тәртібі

      441. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Заңның 9-бабының 1-тармағына 5) тармақшасына сәйкес тапсырыс берушілер өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесіне ие болуы бөлігінде әлеуетті өнім берушілерге біліктілік талаптарын ұсынады.
      Ескерту. 441-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       442. Конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) белгіленуі мүмкін әлеуетті өнім берушілердің сатып алынатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет нарығындағы жұмыс тәжірибесі мынадай өлшемшарттарға сәйкес:
      1) егер конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына белгіленген жүз мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын болса, екі жылға дейін;
      2) егер конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына белгіленген екі жүз елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын болса, бес жылға дейін айқындалады.
      443. Жұмыс тәжірибесінің бар болуы бойынша біліктілік талаптары конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) қарастырылады.

12. Веб-порталды ақпараттық толықтыруды жүзеге асыру тәртібі

      444. Веб-порталды ақпараттық толықтыруды мәтіндік, гипермәтіндік, графикалық, аудиовизуалдық және өзге де нысандарда, уәкілетті органның келісімі бойынша бірыңғай оператор бекіткен регламентке сәйкес веб-порталда электрондық ақпараттық ресурстарды орналастыру арқылы бірыңғай оператор жүзеге асырады.

  Мемлекеттік сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
1-қосымша

      ____ жылға тауарларды жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары/
      ____ жылға тауарларды жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары
      (көрсетілген мәндердің бірін таңдаңыз)
      Жалпы мәліметтер

Тапсырыс берушінің БСН
Мемлекеттік мекемелер үшін
Тапсырыс берушінің атауы
Қаржы жылы
ММ коды
Бюджеттің түрі
1
2
3
4
5
 
 
 
 
 

      
      Мемлекеттік сатып алу жоспары


Жоспар тармағының түрі
Мемлекеттік мекемелер үшін
Сатып алу мәнінің түрі
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі
Бағдарлама*
Кіші бағдарлама *
Ерекшелік
Қаржыландыру көзі
1
2
3
4
5
6
7
8
 
 
 
 
 
 
 
 

      

Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттауы)
Қосымша сипаттамасы (қазақ тілінде)
Қосымша сипаттамасы (орыс тілінде)
9
10
11
12
13
 
 
 
 
 

      

Сатып алу тәсілі
Өлшем бірлігі
Саны, көлемі
Бір бірлігі үшін баға, теңге
Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома, теңге
Үш жылдық кезеңнің бірінші жылына бекітілген сома, теңге
Үш жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома, теңге
Үш жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома, теңге
14
15
16
17
18
19
20
21
 
 
 
 
 
 
 
 

      

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жоспарланған мерзімі (ай)
Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі(қазақ тілінде)
Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі(орыс тілінде)
ӘАОС
Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (қазақ тілінде)
Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (орыс тілінде)
Аванстық төлемнің мөлшері, %
Өнім берушінің белгісі
22
23
24
25
26
27
28
29
 
 
 
 
 
 
 
 

      Жалпы мәліметтер:
      1) "Тапсырыс берушінің БСН" деген жолақта – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте көрсетілген ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі (он екі мәндегі код);
      2) "ММ коды" деген жолақта – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган беретін мемлекеттік мекеменің коды (жеті мәндегі код) көрсетіледі;
      3) "Бюджеттің түрі" деген жолақта – оның қаражаты есебінен мемлекеттік мекеме ұсталатын бюджеттің түрін білдіретін мән көрсетіледі (республикалық бюджет; облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті, аудандық бюджет, облыстық маңызы бар қала бюджеті);
      4) "Тапсырыс берушінің атауы" деген жолақта – ұйымның толық атауы көрсетіледі;
      5) "Қаржы жылы" деген жолақта – мемлекеттік сатып алу жоспары жасалатын қаржы жылы.
      Мемлекеттік сатып алу жоспары:
      1) "№"деген жолақта – веб-портал айқындайтын мемлекеттік сатып алудың сәйкестендіру коды;
      2) "Жоспар тармағының түрі" деген жолақта – жоспар тармағы түрлерінің мынадай мәндерінің бірі көрсетіледі:
      Қаржы жылынан асып кетпейтін сатып алу;
      Қаржы жылынан асып кететін сатып алу;
      Шартты үнемдеу есебінен сатып алу;
      3) "Әкімшінің коды" деген жолақта – бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган беретін Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды көрсетіледі;
      4) "Бағдарлама" деген жолақта – оның шеңберінде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын шығыстарды функционалдық жіктеудің бюджеттік бағдарламасының коды;
      5) "Кіші бағдарлама" деген жолақта – оның шеңберінде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын шығыстарды функционалдық жіктеудің бюджеттік кіші бағдарламасының коды;
      6) "Ерекшелік" деген жолақта – оның шеңберінде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын шығыстарды экономикалық жіктеудің ерекшелігі коды;
      7) "Қаржыландыру көзі" деген жолақта – түскен тізімнен мемлекеттік сатып алуды қаржыландыру көзін көрсету қажет:
      үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бірлесіп қаржыландыру қаражатын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен;
      үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бірлесіп қаржыландыру қаражаты есебінен;
      мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен ақша есебінен;
      демеушілік және қайырымдылық көмек қаражаты есебінен;
      8) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер есебінен;
      9) "Сатып алу мәнінің түрі" деген жолақта – мемлекеттік сатып алу мәнінің түрі көрсетіледі (тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет);
      10) "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолақта – тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығына сәйкес тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі;
      11) "Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы" деген жолақта – "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы көрсетіледі;
      11) "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттауы)" деген жолақта – "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттауы) көрсетіледі;
      12) "Қосымша сипаттамасы (қазақ тілінде)" деген жолақта – сатып алу мәнінің қазақ тіліндегі қосымша сипаттамасы көрсетіледі (міндетті емес жол);
      13) "Қосымша сипаттамасы (орыс тілінде)" деген жолақта – сатып алу мәнінің орыс тіліндегі қосымша сипаттамасы көрсетіледі (міндетті емес жол);
      14) "Сатып алу тәсілі" деген жолақта – мемлекеттік сатып алу өткізу тәсілі көрсетіледі;
      15) "Өлшем бірлігі" деген жолақта – "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес мемлекеттік сатып алу мәнінің өлшем бірлігі көрсетіледі;
      16) "Саны, көлемі" деген жолақта – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің саны немесе көлемі көрсетіледі;
      17) "Бір бірлігі үшін баға, теңге" деген жолақта – теңгеде мемлекеттік сатып алу мәнінің бірлігі үшін баға көрсетіледі;
      18) "Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома, теңге" деген жолақта – "Саны, көлемі" деген жолақты "Бір бірлігі үшін баға, теңге" деген жолаққа көбейту арқылы есептеледі және сатып алуды жүргізу жоспарланатын соманы білдіреді;
      19) "Үш жылдық кезеңнің бірінші жылына бекітілген сома, теңге" деген жолақта – теңгеде үш жылдық кезеңнің бірінші жылына жоспарланған сома көрсетіледі;
      20) "Үш жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома, теңге" деген жолақта – теңгеде үш жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома көрсетіледі;
      21) "Үш жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома, теңге" деген жолақта – теңгеде үш жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома көрсетіледі;
      22) "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жоспарланған мерзімі (ай)" деген жолақта – мемлекеттік сатып алу жүргізу жоспарланған ай көрсетіледі;
      23) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі (қазақ тілінде)" деген жолақта – қазақ тілінде тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі көрсетіледі; 24) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі (орыс тілінде)" деген жолақта – орыс тілінде тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі көрсетіледі;
      25) "ӘАОС" деген жолақта – "Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы" анықтамалығына сәйкес сандық мәнде елді мекеннің коды көрсетіледі;
      26) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (қазақ тілінде)" деген жолақта – қазақ тілінде тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны көрсетіледі;
      27) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (орыс тілінде)" деген жолақта – орыс тілінде тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны көрсетіледі;
      28) "Аванстық төлемнің мөлшері, %" деген жолақта – жоспарланған аванстық төлем мөлшері көрсетіледі;
      29) "Өнім берушінің белгісі" деген жолақта – әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарында сатып алуды жүргізу белгісі көрсетіледі.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша

Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы

      (әрбір лотқа жеке толтырылады)
      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       Сатып алуды № _______________________________________________________
      Сатып алудың атауы___________________________________________________
      Лоттың № ____________________________________________________________
      Лоттың атауы ________________________________________________________
      Әлеуетті өнім берушінің атауы________________________________________
      БСН/ЖСН/СЖН/ТБН _____________________________________________________
      Өнім берішінің банк деректемелері ___________________________________
      Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы_____________________
      Өндіруші ел (тауарды сатып алу кезінде көрсетіледі)__________________
      Дайындаушы зауыттар (тауарды сатып алу кезінде көрсетіледі)__________
      Баға ұсынысының валюта атауы ________________________________________
      Өлшем бірлігі _______________________________________________________
      Барлық шығыстарды және жеңілдіктерді есепке алғандағы бірлік бағасы__
      _____________________________________________________________________
      Саны (көлемі) _______________________________________________________
      ИНКОТЕРМС 2000 тауар жеткізу шарттары _______________________________
      Жалпы саны (санын бірлік үшін бағаға көбейту) _______________________
      Біз хабарламада айтылған Сіздердің төлем шарттарыңызбен келісеміз.
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
3-қосымша

Қорытынды туралы хаттама (Баға ұсыныстарын сұрату нөмірі)

      бұл ретте нөмір сатып алу тәсілі мен нөміріне байланысты болуға тиіс
      (әрбір лотқа жеке қалыптастырылады)
      Күні мен уақыты
      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       Сатып алудың № ________
      Сатып алудың атауы __________________________________________________
      Өтінімдердің қабылдауы басталған күні _______________________________
      Өтінімдердің қабылдауы аяқталған күні _______________________________
      Ұйымдастырушының атауы ______________________________________________
      Ұйымдастырушының мекенжайы___________________________________________

Лоттың № _____
Лоттың атауы
 
Тапсырыс берушінің атауы
 
Тапсырыс берушінің мекенжайы
 
Бірлік үшін жоспарланған баға, теңге
 
Жоспарланған сома, теңге
 
Өлшем бірлігі
 
Саны
 

      
      Әлеуетті өнім берушілердің веб-портал автоматты түрде қабылдамаған баға ұсыныстары (өтінімдер саны):


Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН)/ ССН/ТЕН
Қабылдамау себебі
 
 
 
 

      
      Әлеуетті өнім берушілер мынадай баға ұсыныстарын ұсынды (өтінімдер саны):


Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН)/ ССН/ТЕН
Бірлік үшін бағасы
Әлеуетті өнім берушінің жалпы сомасы
Өтінім берудің күні және уақыты
(хронологиясы бойынша)
 
 
 
 
 
 

      
      1. №___ лоты бойынша жеңімпаз: {жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН, атауы}, екінші орын алған әлеуетті өнім беруші {екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН атауы} айқындау.
      2. Тапсырыс берушіге {тапсырыс берушінің атауы} "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде {жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН атауы} мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу
      Не:
      "№___ лот бойынша мемлекеттік сатып алуды (сатып алу атауы) _____________________байланысты өтпеді деп тану*":
      Ескертпе: *Мынадай мәндердің бірі: "ұсынылған баға ұсыныстарының болмауы", "бір баға ұсынысының ұсынылуы".
      Не:
      Сатып алуды болдырмау жүргізілді, оған мыналар негіз болып табылады: Уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыным, шешім) № _________ кк.аа.жжжж.
      Болдырмау туралы шешім қабылдаған орган: {_________________________}.
      Не:
      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10-тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тартылды.";
      Ескертпе:
      * Тапсырыс берушілер туралы мәлімет, егер тапсырыс берушілер бірнешеу болса көрсетілмейді.
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
      ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі;
      кк.аа.жжжж. – күні, айы, жылы.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
4-қосымша

       Бекітемін:
      __________________________________________________________________
      (тапсырыс берушінің (бірыңғай ұйымдастырушының ) толық атауы
      __________________________________________________________________
      (конкурстық құжаттаманы бекіткен адамның Т.А.Ә.)
      Шешім № _____ Күні_________Уақыты _____

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА

      __________________________________________________________________
      (сатып алу мәнінің түрі)
      __________________________________________________________________
      (конкурстың атауы)
      Тапсырыс беруші (тапсырыс берушімен бір тұлғаны білдіретін
      ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді)______________________________
      (атауы, орналасқан жері, БСН, банк деректемелері көрсетіледі)
      Тапсырыс берушінің өкілі (тапсырыс берушімен бір тұлғаны білдіретін
      ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді)______________________________
      (Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
      Ұйымдастырушы (бірыңғай ұйымдастырушы) __________________________
      (атауы, орналасқан жері, БСН, банк деректемелері көрсетіледі)
      Ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) өкілі _______________
      __________________________________________________________________
      (Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
      Конкурстық комиссияның хатшысы __________________________________
      (Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)

1. Жалпы ережелер

      1. Конкурс қоса берілген лоттардың тізбесіне сәйкес өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі.
      2. Осы конкурстық құжаттама (бұдан әрі – КҚ) мыналарды:
      1) осы КҚ-ға 1-қосымшаға сәйкес лоттардың тізбесін;
      2) осы КҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес, олар болған кезде Қазақстан Республикасының ұлттық және үкіметтік емес стандарттарын көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың сипаттамасын және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын қамтиды. Бұл ретте техникалық ерекшелік Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы болмауға тиіс. Қажет болған кезде техникалық ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.
      Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде техникалық ерекшеліктің орнына КҚ белгіленген тәртіпте бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы қамтуға тиісті;
      3) осы КҚ-ға 4-қосымшаға сәйкес электрондық конкурсқа қатысуға келісім;
      4) осы КҚ-ға 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес тауарларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;
      5) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 4-тармағына неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті критерийлердің тізбесін қамтиды;
      6) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша осы конкурс үшін бөлінген сома ______ теңгені құрайды.
      Осы конкурс үшін бөлінген сома лоттар бөлінісінде мынаны құрайды:

лот №
Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы)
Лот бойынша бөлінген сома (теңге)
{лот №}
{тауардың____жұмыстың__көрсетілетін қызметтіңатауы}
{лот бойынша____бөлінген___сома}

      
      3. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінім мен қоса тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысу өтінімді қамтамасыз етуді төменде келтірілген нысандардың бірінде енгізеді:
       1) мынадай банктік шотқа орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасын ___________________________________________
      (ұйымдастырушының (бірыңғайұйымдастырушының) банктік шотының толық деректемелері);
      2) осы КҚ-ға 8-қосымшаға сәйкес оның электрондық көшірмесі не электрондық құжат нысанында мемлекеттік сатып алу веб-порталына (бұдан әрі веб-портал) орналастырыла отырып, қағазтасығышта банктік кепілдік.
      Оның электрондық көшірмесі мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырыла отырып, қағаз тасығышта банктік кепілдік берілген жағдайда қағаз тасығышта банктік кепілдік конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзіміне дейін ұйымдастырушыға беріледі.
      4. Конкурсқа қатысу өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.

2. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау, ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушінің
Конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруі

      5. КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде:
      1) олар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қамтитын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде жүзеге асырылмайды.
      2) техникалық ерекшеліктің орнына жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстар КҚ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қамтиды.
      6. КҚ-ның жобасына ескертулерді, сондай-ақ КҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды әлеуетті өнім берушілер веб-портал арқылы тапсырыс берушіге, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберулері мүмкін.
      7. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде КҚ-ның жобасына ескертулер болмаған кезде КҚ бекітілген болып саналады.
      8. Ескертулер болған кезде тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау мерзімі біткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мынадай шешімдерді қабылдайды:
      1) КҚ-ның жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
      2) оларды қабылдамауына негіздемелерін көрсете отырып, КҚ-ның жобасына ескертулерді қабылдамайды;
      3) КҚ-ның ережелеріне түсіндірме береді.
      КҚ-ның жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда, КҚ-ны бекіткен сияқты тәртіппен веб-порталда өзгертілген КҚ-ны бекіту туралы шешім қабылданады.
      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген шешімдер қабылданған күннен бастап КҚ бекітілген болып саналады.
      9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы КҚ бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасын орналастыруға міндетті.
      КҚ-ның жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасымен бірге КҚ-ның бекітілген мәтінін де орналастырады.
      10. КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасында Заңның 22-бабының 2-тармағына сәйкес КҚ-ның жобасына келіп түскен ескертулер мен олар бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпаратты қамтиды.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       11. КҚ-ның жобасына ескертулерді қабылдамау туралы шешім қабылданған жағдайда оларды қабылдамау себептерінің егжей-тегжейлі негіздемесі КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.
      12. КҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілерден сұрау салулар келіп түскен кезде КҚ-ның ережелеріне түсіндіру мәтіні КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрініс табады.
      13. Алдын ала талқылау нәтижелері бойынша тапсырыс берушінің шешімі Заңда айқындалған тәртіппен шағымдалуы мүмкін.

3. Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуіне және оны ұсынуына қойылатын талаптар

      14. Конкурсқа қатысуға өтінім веб-портал арқылы электрондық құжат нысанында беріледі және осы КҚ-да көзделген шарттар мен талаптарға сәйкес тауарды жеткізуге конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісімін білдіру нысаны, сондай-ақ өзі туралы, Заңның 6-бабында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулеріне сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға әлеуетті өнім берушінің келісімі болып табылады.
      15. Әлеуетті өнім беруші өтінімді қалыптастыру алдында осы КҚ-ға 4-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу туралы келісімді қабылдайды.
      16. Конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды:
      1) мынадай:
      әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге құқығын растайтын рұқсаттар (хабарламалар) және/немесе патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар, басқа да құжаттардың;
      осы КҚ-ға 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілігі туралы мәліметтер;
      осы КҚ-ға 10-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер және әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) жиынтығында жұмыстардың үштен екі астамын беруге тыйым салу шарты;
      Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстар не қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларын) тартуды көздеген жағдайда, онда әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға тартылатын мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесін ұсынады.
      2) сатып алынатын тауарлардың сипаттамасын және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары бар, оның ішінде тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттеріне, пайдалы моделдеріне, өнеркәсіптік үлгілеріне, тауардың шыққан жерінің атауын және өндірушінің атауын және осы КҚ-ға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өзге де сипаттамаларын көрсете отырып, техникалық ерекшелікті қамтиды. Қажет болған кезде техникалық ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.
      Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінде өндіруші зауыттан хаттардың, техникалық паспорттардың, өнімнің сәйкестік сертификаттарының көшірмелері, сатып алынатын тауарлардың үлгілері болуы туралы талапқа жол берілмейді;
      3) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді заңнамада белгіленген мөлшерде, мынадай:
      оның электрондық көшірмесін мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыра отырып, қағаз жеткізгіштегі не осы КҚ-ға 8-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы банк кепілдігі. Банк кепілдігін оның электрондық көшірмесін мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыра отырып, қағаз жеткізгіште ұсыну кезінде, қағаз жеткізгіштегі банк кепілдігінің түпнұсқасы ұйымдастырушыға конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың түпкілікті мерзіміне дейін ұсынылады.
      ұйымдастырушының банктік шотында не мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотта орналасқан кепілдік ақшалай жарнаны растайтын қағаз төлем құжатының электрондық көшірмесі түрінде ұсынады.
      4) осы КҚ-ға 11-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағасы.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
       17. Конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі Заңның 24-бабы 6-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап кем дегенде күнтізбелік алпыс күнді құрайды.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       18. Конкурсқа қатысуға өтінімде қамтылатын қағаз құжаттардың электрондық көшірмелері бейненің түсіне қарамастан, дәл және анық болуы тиіс.
      19. Әлеуетті өнім беруші дайындаған электрондық конкурсқа қатысуға өтінім, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтінімге қатысты бүкіл хат-хабарлар мен құжаттар осы КҚ жасалған тілде жасалады және беріледі.
      Оларды әлеуетті өнім беруші басқа тілде жасаған және ұсынған жағдайда оларға дәл (нотариалдық расталған) аудармасы қоса беріледі.

4. Конкурсқа қатысуға өтінімді ұсыну тәртібi

      20. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушыға электрондық құжат нысанында береді.
      21. Әлеуетті өнім берушілер берген конкурсқа қатысуға өтінімдер автоматты түрде веб-порталда электрондық өтінімдер журналында тіркеледі.
      22. Конкурсқа қатысуға өтінім берген өнім берушіге тиісті хабарламаны веб-порталмен автоматты түрде жіберген сәтте конкурсқа қатысуға берілген өтінім қабылданған болып есептеледі.
      23. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға берген өтінімі мынадай:
      1) егер әлеуетті өнім беруші бұрын осы конкурсқа қатысуға өтінім берген;
      2) конкурсқа қатысуға берілген өтінім осы конкурсқа қатысуға берілетін өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін түскен;
      3) бастапқы баға осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен;
      4) Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларында веб-порталдан автоматты түрде кері қайтарылады.
      24. Әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағасы теңгемен көрсетілген болуы тиіс.

5. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді өзгерту және оларды кері қайтарып алу

      25. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталатын күннен кешіктірмей мыналарға:
      1) енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуге және (немесе) толықтыруға;
      2) өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімін қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қайтарып алуға құқылы.
      26. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі біткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу сияқты, оған өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
      27. Әлеуетті өнім беруші, оның конкурсқа қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, Конкурстық комиссия, сараптау комиссиясы (сарапшы) конкурстың қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.

6. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу

      28. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың түпкілікті мерзімінің күні мен уақыты басталғаннан кейін бес минуттың ішінде веб-портал конкурсқа қатысуға өтінімдерді автоматты түрде ашуды жүргізеді.
      Егер конкурсқа қатысуға бір ғана өтінім конкурсқа (лотқа) ұсынылған болса, онда мұндай өтінім де ашылады және қаралады.
      29. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын ашылған күні веб-портал автоматты түрде жариялайды. Бұл ретте веб-портал Конкурстық комиссияның мүшелеріне, веб-порталда автоматты түрде тіркелген әлеуетті өнім берушілерге автоматты түрде хабарламалар таратады.
      30. Бастапқы бағаларды қоспағанда, ашу хаттамасы орналастырылған сәттен бастап, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін қарауға қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

7. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау

      31. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, біліктілік талаптары мен КҚ-ның талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында Конкурстық комиссия жүзеге асырады.
      32. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде Конкурстық комиссия мыналарды:
      1) осы КҚ-ның 33-тармағында көрсетілген жағдайда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын;
      2) қорытындылар туралы хаттаманы ресімдейді.
      33. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын, Конкурстық комиссия біліктілік талаптары мен осы КҚ-ның талаптарына сәйкес келмейтінәлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда ресімдейді.
      34. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында мынадай ақпарат:
      1) оларды қабылдамау себептерін толық сипаттай отырып, оның ішінде олардың біліктілік талаптары мен осы КҚ-ның талаптарына сәйкес келмейтінін растаушы мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып,біліктілік талаптары мен осы КҚ-ның талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің тізбесі;
      2) ұсыну және біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру қажет құжаттардың тізбесі;
      3) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерін ұсыну күні қамтылады.
      35. Конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешімі конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданады және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 7-қосымшаға сәйкес, оны Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні веб-порталда жариялайды.
      36. Әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішіндеконкурсқа қатысуға өтінімді біліктілік талаптары мен КҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру құқығы беріледі.
      37. Конкурстық комиссия:
      1) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін, олардың конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген құжаттар тізбесі бойынша біліктілік талаптары мен КҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру толықтығы тұрғысынан қайта қарайды;
      2) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген құжаттардың толық тізбесін бермеген және біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкестендірмеген әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;
      3) әлеуетті өнім берушілерден, олардың конкурсқа қатысуға өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді қарауды, конкурсқа қатысуға өтінімдерді бағалау мен салыстыруды жеңілдету үшін біліктілік талаптары мен КҚ-ның талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратады;
      4) біліктілік талаптары мен КҚ-ның талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратып алады.
      Конкурстық комиссияның сұрауларына және конкурсқа қатысуға өтінімдерді КҚ-ның талаптарына сәйкес келтіруге байланысты өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді.
      КҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру деп конкурсқа қатысуға өтінімдерді сәйкес келтіру мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімдерде берілген құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды түзету жолымен сәйкес келтіруге бағытталған Конкурстық комиссияның іс-әрекеттері түсініледі;
      5) біліктілік талаптары мен КҚ-ның өзге де талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтайды және конкурс қатысушылары деп таниды.
      Конкурстық комиссия, егер онда конкурсқа қатысуға өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса конкурсқа қатысуға өтінімді КҚ талаптарына сәйкес келетін ретінде қарайды.
      38. Конкурстық комиссия мынадай:
      1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;
      2) Конкурстық комиссияға:
      конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
      оған қатысу үшін банктік кепілдік түрінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін конкурстың атауы мен нөмірі;
      банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;
      конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;
      пайдасына конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтердің жоқтығынан көрінетін конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген;
      3) Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде енгізген жағдайларда енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді КҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп таниды.
      Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етудің тиындармен есептелген сомасы дөңгелектенеді. Бұл ретте елу тиыннан төмен сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал елу тиынға тең және одан жоғары сома бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.
      Өзге негіздер бойынша енгізілген электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудіКҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.
      Ескерту. 38-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       39. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді КҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп тану себебін көрсетеді.
      Әлеуетті өнім берушіні Заңның 10-бабының 1-тармағында және Қағидалардың 150-тармағында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету соманың бір және одан да көп пайызы мөлшерінде енгізілген жағдайда, Конкурстық комиссия енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы КҚ-ның талаптарына сәйкес деп таниды.
      40. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету конкурсқа бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде енгізілген кезде, әлеуетті өнім берушіконкурсқа қатысуға өтінімді КҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру мақсатында, конкурсқа қатысуға өтінімді қосымша қамтамасыз етуді Заңның 25-бабы 3-тармағында көзделген түрлердің бірінде енгізуге құқылы.
      Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға өтінімді КҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру үшін құқық берілмейді.
      41. Әлеуетті өнім беруші мынадай жағдайларда:
      1) өзі және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалған;
      2) Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері болған;
      3) егер оның конкурсқа қатысуға өтінімі КҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп айқындалған, оның ішінде егер ол КҚ-ның және Қағидалардың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынбаған жағдайда конкурсқа қатысуға (конкурсқа қатысушы деп тануға) жіберілмейді.
      42. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қарау кезінде, алдын ала рұқсат беру хаттамасында көзделмеген негіздер бойынша әлеуетті өнім берушілерді қабылдамауға жол берілмейді.
      43. Конкурстық комиссия конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманы қалыптастыру кезінде конкурсқа қатысуға бір өтінім ұсынылған жағдайларды қоспағанда, Заңның 21-бабының 4-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім ұсынған әрбір әлеуетті өнім берушіге қатысты КҚ көзделген критерийлерге сәйкес шартты жеңілдіктерді айқындайды.
      44. Конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін нөл бүтін оннан бес (0,5 %) пайыз мөлшерінде, бірақ он пайызынан асырмай шартты жеңілдік береді.
      Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері бес пайыздан аспайды.
      Жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсерді конкурстық құжаттамаға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады.
      Конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша бір (1 %) пайыз мөлшерінде, бірақ он пайызынан асырмай шартты жеңілдік береді. Жұмыс тәжірибесі бір жылдан кем болған немесе ол болмаған жағдайда осындай пайыз белгіленбейді.
      Егер бір жылдың ішінде әлеуетті өнім беруші конкурста сатып алынатын, оның ішінде біреуден артық құрылыс объектісінде осындай (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан екі (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
      Егер конкурстың нысанасы құрылыспен байланысты емес жұмыстар болып табылған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстардың түрлеріне ұқсас (сондай) келесі орындалған әрбір жұмыс үшін нөл бүтін оннан екі (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
      Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері он пайыздан аспайды.
      Жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсерді конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       45. Ұсынылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұлттық және үкіметтік емес стандарттарына сәйкестігін ерікті растау туралы құжат болған кезде конкурстық комиссия екі пайыз (0,2%) мөлшерінде шартты жеңілдікті береді.
      46. Әлеуетті өнім берушіде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес ұсынылатын тауарларды, жұмыстарды орындауды және қызметтерді көрсетуді өндірушіге берілген Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұлттық стандарттарына сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігін растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия екі пайыз (0,2%) мөлшерінде шартты жеңілдікті береді.
      47. Әлеуетті өнім берушіде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес ұсынылатын тауарларды, жұмыстарды орындауды және қызметтерді көрсетуді өндірушіге берілген Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұлттық стандарттарына экологиялық менеджмент жүйесінің сәйкестігін растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия бір пайыз (0,1%) мөлшерінде шартты жеңілдікті береді.
      48. Әлеуетті өнім берушіде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес ұсынылатын тауарларды өндірушіге берілген экологиялық таза өнім стандартына сәйкестігін растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия бір пайыз (0,1%) мөлшерінде шартты жеңілдікті береді.
      49. Әлеуетті өнім беруші осы критерийлерді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда конкурстық комиссия осындай әлеуетті өнім берушіге шартты жеңілдікті қолданбайды. Шартты жеңілдіктерді қолдану үшін әлеуетті өнім берушіұсынған шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шартқа енгізіледі.
      50. Әлеуетті өнім беруші тауарларының, жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің, егер неғұрлым жақсы функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары бар тауарлар (көрсетілетін қызметтер), технологиялық шешімдер және (немесе) жұмыстарды ең жақсы материалдан орындау ұсынылса, КҚ көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктеріне сәйкес келмеуіне жол беріледі.
      51. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушіде жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесі қаралған жағдайда, конкурстық комиссияосы конкурста сатып алынатын тауарды, орындалатын жұмысты, көрсетілетін қызметті, оның ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ұқсас түрлерін жеткізу нарығында ғана жұмыс тәжірибесін қарайды.
      52. Критерий - тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстар сараптау комиссиясының не сарапшының қорытындысына сәйкес қолданылады (болған жағдайда). Осы критерийдің конкурсқа қатысуға өтінімінің шартты бағасына сомалық пайыздық әсер он пайыздан аспауға тиіс.
      Егер конкурсқа қатысуға арналған өтінімінде әлеуетті өнім беруші ұсынған техникалық ерекшелікте тауарлардың техникалық сипаттамасы КҚ техникалық ерекшелігінде белгіленген тауарлардың мүмкіндіктері шегінен асқан жағдайда сараптау комиссиясы не сарапшы әрбір мүмкіндік үшін нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5%) белгілейді. Бұл ретте әрбір сомалық белгі үш пайыздан (3%) аспауға тиіс.
      Егер конкурсқа қатысуға арналған өтінімінде әлеуетті өнім беруші ұсынған техникалық ерекшелікте тауарлардың техникалық сипаттамасы КҚ техникалық ерекшелігінде белгіленген тауарлардың параметрінен асқан жағдайда сараптау комиссиясы не сарапшы әрбір мүмкіндік үшін нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5%) белгілейді. Бұл ретте әрбір сомалық белгі үш пайыздан (3%) аспауға тиіс.
      Егер конкурсқа қатысуға арналған өтінімінде әлеуетті өнім беруші ұсынған техникалық ерекшелікте тауарлардың сапасы сипаттамасы КҚ техникалық ерекшелігінде белгіленген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің талаптары мен мақсатынан асқан жағдайда конкурстық комиссия осы сипаттама үшін бес пайыз (5%) белгілейді.
      Егер конкурсқа қатысуға арналған өтінімінде әлеуетті өнім беруші ұсынған техникалық ерекшелікте тауарлардың пайдалану сипаттамасы (пайдалану мерзімі, тасымалдау, сақтау талаптары, пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге, жөндеуге арналған шығыстары) КҚ техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптардан асқан жағдайда конкурстық комиссиясы әрбір артқан талап үшін нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5%) белгілейді. Бұл ретте әрбір сомалық белгі үш пайыздан (3%) аспауға тиіс.
      Сараптау комиссиясының не сарапшының қорытындысы болмаған жағдайда конкурстық комиссия осы критерийді қолданбайды.
      53. Конкурсқа қатысуға өтінім, егер онда конкурсқа қатысуға өтінімінде ұсынылатын мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық және арифметикалық қателері болса КҚ талаптарына жауапты деп танылады

8. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурстың жеңімпазын айқындау

      54. Конкурстық баға ұсынысы конкурсқа қатысуға өтінімнің біліктілік талаптарына және КҚ талаптары мәніне қарау қорытындылары бойынша веб-порталда автоматты түрде ашылады.
      55. Веб-портал конкурсқа қатысушылардың бастапқы бағаларын бағалау мен салыстыруды автоматы түрде жүргізеді:
      Қағидаларға сәйкес айқындалатын демпингтік баға есептеледі;
      конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары салыстырылады, ең төмен шартты бағаның негізінде конкурс жеңімпазы, ең төмен шартты бағадан кейінгі бағаның негізінде екінші орын алған әлеуетті өнім беруші айқындалады;
      конкурстық баға ұсыныстарының шартты балаларын теңестірген кезде конкурс мәні болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында ең көп тәжірибесі бар әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып табылады.
      Тең шартты бағалары бар бірнеше әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін теңестірген кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімінен бұрын түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып табылады.
      56. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру нәтижелері конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамада орналастырылады.

9. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару

      57. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бiрi туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде әлеуетті өнім берушіге ол енгiзген конкурсқа қатысу өтiнiмін қамтамасыз етуді:
      1) осы әлеуетті өнім беруші өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдер табыс етудің соңғы мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алған жағдайда;
      2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
      3) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай конкурс жеңiмпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
      4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген және конкурс жеңiмпазы КҚ көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгiзген жағдайда қайтарады.
      58. Ұйымдастырушы мынадай:
      1) конкурс жеңiмпазы деп айқындалған не екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;
      2) конкурстың жеңiмпазы не не екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасаса отырып, АҚ белгіленген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды орындамаған не тиісті түрде, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайлардың бiреуi туындаған кезде конкурсқа қатысуға өтiнiмді қамтамасыз етуді қайтармайды.

10. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт

      59. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі - шарт), Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылып, тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында веб-портал арқылы жасалады.
      Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері болған тұлғаны қоспағанда, тапсырыс беруші Қағидаларға 19, 20 және 21-қосымшаларға сәйкес үлгі шартқа сай жасалған шарттың жобасын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі біткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпазға жібереді.
      60. Өнім берушіні таңдау рәсімдері, оның ішінде мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары шеңберінде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану рәсімдері тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілгенге дейін аяқталған жағдайда шарттың жобасы тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпазға жіберіледі.
      61. Заңның 43-бабы 3-тармағына сәйкес шарттың жобасын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы, шарттың жобасын қоса бере отырып, веб-порталға хабарлама келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырады.
      Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       62. Тапсырыс беруші, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі біткен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы өнім берушіге шартқа қол қоятын тұлға мен өнім берушінің деректемелері туралы мәліметтерге сұрау салу жібереді.
      63. Әлеуетті өнім беруші веб-порталда тиістісұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады және шартқа қол қоятын тұлға мен өнім берушінің деректемелері туралы мәліметтерді растайды.
      Әлеуетті өнім беруші шартқа қол қоятын тұлғасы мен өзінің деректемелерін растау болмаған жағдайда тапсырыс беруші веб-порталда әлеуетті өнім беруші орналастырылған тіркеу деректеріне сәйкес шартқа қол қояды.
      64. Тапсырыс беруші, Қағидалардың 388-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушінің мәліметтерді растау мерзімі біткен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарт жобасын қалыптастырады және оған қол қою үшін әлеуетті өнім берушіге жібереді.
      65. Өнім беруші, Заңда және Қағидаларда белгіленген мерзімде веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен шартқа қол қояды.
      66. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде шарт жобасына қол қоймаса, тапсырыс беруші жеңімпаздың шарт жасасудан жалтарған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын веб-портал арқылы екінші орынды алған әлеуетті өнім берушіге жібереді. Заңның 43-бабы 7-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырады.
      Егер екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің қолы қойылған шартқа белгіленген мерзімде қол қоймаса, тапсырыс беруші қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
      Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       67. Шарт, уәкілетті органның Заңның 47-бабына сәйкес шығарылған шешіміне шағымдану кезеңінде жасалуы мүмкін емес.
      68. Өнім беруші шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес (болған кезде) соманы енгізуге міндетті.
      69. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.
      Егер шартта аванс төленуі көзделген жағдайда, өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етумен бірге авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді.
      Өнiм беруші аванстың толық сомасын төлеуден не аванстың бір бөлігінен бас тартуға құқылы. Аванстан ішінара бас тартқан жағдайда өнім беруші аванстың бір бөлігіне тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізуге міндетті.
      Шарт бойынша міндеттемелерді орындау шамасына қарай тапсырыс беруші өнім берушінің жазбаша хабарламасы бойынша авансты орындауды қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттік сатып алу туралы шартта көзделген орындалған міндеттемелерге барабар азайтады.
      70. Шарт бір қаржы жылынан асатын мерзімге жасалған жағдайда ағымдағы жылға шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тиісті қаржы жылында көзделген шарттың жылдық сомасына сүйене отырып, есептеледі.
      71. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
      1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;
      2) қағаз жеткізгіштегі банк кепілдігін не Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында таңдауға құқылы.
      Тапсырыс беруші енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта көрсетілген мерзімде немесе өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.
      72. Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.
      73. Демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (болған кезде), өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына не тиісінше орындамауына байланысты шартты бұзған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ қамтамасыз ету сомасын қайтармайды.
      74. Заңның 43-бабы 22-тармағына сәйкес шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен мерзімнен кем болмауға, бірақ кем дегенде күнтізбелік он бес күнді құрайды.
      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       75. Егер жеңімпаз деп айқындалған не екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге қол қойылған шартты ұсынбаған немесе шартты жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбесе, мұндай әлеуетті өнім беруші шартты жасасудан жалтарды деп танылады.
      76. Егер мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім беруші (екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші) шартты жасасудан жалтарды деп танылған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудi ұстап қалады.

11. Әлеуетті өнім берушілерге жұмыс тәжірибесі болуы бөлігінде қойылатын талаптар

      77. Біліктілік талаптары әлеуетті өнім берушілерге сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде Қағидалармен көзделген жағдайларда белгіленеді.
      Біліктілік талаптары әлеуетті өнім берушілерге сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде осы КҚ техникалық ерекшелігінде белгіленуі мүмкін.
      78. Егер КҚ техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіпте бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы қамтыса, онда біліктілік талаптары әлеуетті өнім берушілерге сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде осы КҚ-ға 1-қосымшада белгіленеді.
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.
      Ескерту. 4-қосымша аббревиатуралармен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Конкурстық құжаттамаға
1-қосымша

Лоттар тізбесі
(бекітілген жылдық жоспар негізінде қалыптастырылады)

      Конкурстың № ________________________________________________
      Конкурстың атауы______________________________________

Лоттың №
Тапсырыс берушінің атауы
Тауардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы*
Өлшем бірлігі
Саны, көлемі
Жеткізу шарты (Incoterms 2000-ға сәйкес)
Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі
Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны
Аванстық төлем мөлшері, %
Лот бойынша бөлінген сома, теңге
Жұмыс тәжірибесінің болуы **
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
      * Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің толық сипаты мен сипаттамасы
      техникалық ерекшеліктерде көрсетіледі.
      ** Осы КД 78-тармағына сәйкес тапсырыс беруші көрсетеді.

  Конкурстық құжаттамаға
2-қосымша

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі
(тапсырыс беруші үшін)

      Конкурстың № _______________________________
      Конкурстың атауы ____________________________
      Лоттың № ______________________________________________
      Лоттың атауы ___________________________________________
      Техникалық ерекшелікте Қазақстан Республикасының ұлттық немесе үкіметтік емес стандарттарын, ол болған кезде көрсете отырып, қажетті ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) толық сипатын және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы беріледі.
      Бұл ретте техникалық өзіндік ерекшелік Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс. Қажет болған кезде техникалық өзіндік ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.
      Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада техникалық өзіндік ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиіс.
      Техникалық тапсырмада оларды әзірлеу туралы жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу мен техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұлттық және ұлттық емес стандарттарына (олар болған кезде) сәйкес материалдар мен жабдықтарды есептеу және жобалау кезінде қолдану туралы талап көрсетілуі тиіс.
      Тауарларға берілетін техникалық ерекшелікте функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы функционалдық, техникалық сипаттама параметрлері, тауардың тағайындалуы мен тауарды, қызметтерді пайдалану шарттары шегін қамтитын тиісті бөлімдерге бөлінуі тиіс.
      Қажет болған кезде, техникалық ерекшелікте тауарларды жеткізу кезінде тапсырыс берушіге қажет ілеспе қызметтер (монтаждау, теңшеу, оқыту, тауарларды тексеру және сынақтан өткізу және т.б.) мен олар қай жерде шығарылуы тиістігі, тауардың шыққан жылы, кепілдік мерзімі көрсетілуі тиіс.
      Осындай қызметтерді тікелей көрсететін қызметкердің біліктілігіне байланысты қызмет көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайында техникалық ерекшелікте қызметкерге, оған жүктелетін міндеттерді орындау үшін оның деңгейі мен кәсіби даярлық бейінін, жұмыс өтілін айқындайтын, қойылатын талаптардың сипаты беріледі.
      Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуы тиіс.

  Конкурстық құжаттамаға
3-қосымша

Сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігі

      (әрбір лот жеке әлеуетті өнім берушіге беріледі)
      Конкурстың № ___________________________________________
      Конкурстың атауы______________________________________

Лоттың №
 
Лоттың атауы
 
Тауардың атауы (маркасын, моделін, үлгісін және/немесе тауар белгісін не қызмет көрсету белгісін және т.б. көрсете отырып)
 
Өндіруші ел
 
Дайындаушы зауыттар
 
Шығарылған жылы
 
Кепілді мерзімі (болған жағдайда) (айларда)
 
Функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану мінездемесін сипаттау
 
Конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруді растайтын өзге де мәліметтер (техникалық ерекшеліктер).
 

  Конкурстық құжаттамаға
4-қосымша

Конкурсқа қатысу туралы келісім

      Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       Осымен берілген мемлекеттік сатып алуға аукцион тәсілімен әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға тілек білдіреміз және АҚ көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауардың (лардың) жеткізілімін жүзеге асыруға, сондай-ақ Заңның 6-бабында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулеріне біздің келісімімізді растайтын мәліметтер алуға келісім береміз.
      Егер КҚ техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылған болса, онда осымен аталған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жұмыстарды орындауға келісім білдіреміз.
      Осымен Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзушылықтардың болмауын, сондай-ақ менімен (әлеуетті өнім беруші) және тапсырысшы және (немесе) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы арасында Заңда тыйым салынған қатынастардың болмауын растаймыз және Заңның 43-бабының 19-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға келісім береміз.
      Конкурстық құжаттамамен танысқанымызды және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (жеткізілетін тауарды (ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгенімізді растаймыз.
      Конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергеніміз үшін жауапкершілікті өзімізге толық аламыз.
      Біздің конкурсқа қатысуға өтініміміз конкурстық құжаттамада талап етілетін мерзім ішінде қолданылатын болады.
      Біздің өтініміміз конкурстың жеңді деп танылған және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда біз конкурстық құжаттамада көрсетілген мөлшерде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгіземіз және мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға байланысты ақпаратты ашуға (тауарларды жеткізуге арналған жүкқұжат (акт) келісім білдіреміз.

  Конкурстық құжаттамаға
5-қосымша

Біліктілігі туралы мәліметтер

      (әлеуетті өнім беруші жұмысты орындау кезінде толтырады)
      Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
       Электрондық конкурстың № ___________________
      Электрондық конкурстың атауы _______________
      Лоттың №_____
      Лоттың атауы _______________________________
      1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәлімет:
      Атауы _________________________________________
      БСН/ЖСН/СЖН/СЕН _____________________________
      2. Растаушы құжаттардың* (бар болған жағдайда толтырылады) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, әлеуетті өнім берушінің соңғы он жыл ішінде конкурста сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) көрсеткен қызметінің көлемі.

Жұмыстың атауы
Жұмысты орындау орны (объектінің орналасқан жері)
Тапсырыс берушінің атауы
Жұмысты аяқтау жылы, айы
Растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі
Шарттың құны, теңге
 
 
 
 
 
 

      
      3. Әлеуетті өнім беруші растаушы құжаттардың** электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, конкурстық құжаттамада көзделген құрылыс машиналарының, тетіктердің және автокөлік құралдарының не жұмыстарды орындау үшін қажетті ұқсас (қосымша) құрылыс машиналарының, тетіктердің және автокөлік құралдарының болуы туралы мәліметтерді көрсетеді.


Құрылыс машиналарының, тетіктердің және автокөлік құралдарының атауы
Бар бірліктерінің саны
Ахуалы (жаңа, жақсы, жаман)
Меншікті (меншік құқығын растаушы құжаттар қоса берілсін), жалға алынған (кімнен және жалға берушінің меншік құқығын растаушы құжаттар қоса берілсін)
Растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі

      
      4. Растаушы құжаттардың** электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, еңбек ресурстары туралы мәліметтер**

Р/с №
Қызметкердің Т.А.Ә. (жеке куәлігінің электрондық көшірмесі қоса берілсін)
Лауазымы
Азаматтығы
Білімі туралы құжат. бойынша біліктілігі (білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесін қоса беру)
1
 
 
 
 
2
 
 
 
 
3
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      


Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын

      
      Ескерту
      * егер осы конкурста жұмыс тәжірибесінің болуы біліктілік талабы болып табылмаған жағдайда растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерінің болмауы тиісті шартты жеңілдікке әсер етеді;
      егер конкурстың нысанасы жаңа объектілер салу, сондай-ақ бар объектілерді кеңейту, техникалық қайта жасақтау, жаңғырту, реконструкциялау, қайта жаңарту және күрделі жөндеу болып табылған жағдайда объектілерді пайдалануға қабылдап алу актілерінің электрондық көшірмелері жұмыс тәжірибесін растаушы құжат болып табылады (егер әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда орындалған жұмыстарды қабылдап алу және объектіні пайдалануға қабылдап алу актілерінің электрондық көшірмелері ұсынылады);
      егер жобалау-сметалық құжаттама сараптаманың оң қорытындысының электрондық көшірмесі жұмыс тәжірибесін растаушы құжат болып табылады;
      егер конкурстың нысанасы құрылыспен байланысты емес жұмыстардың өзге түрлері болып табылған жағдайда орындалған жұмыстарды қабылдап алу актілерінің электрондық көшірмелері жұмыс тәжірибесін растаушы құжаттар болып табылады;
      егер конкурстың нысанасы жаңа құрылыс болып табылса жаңа объектілер құрылысының жұмыс тәжірибесі ғана ескеріледі;
      егер конкурстың нысанасы кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жасақтау және реконструкциялау болып табылса, онда күрделі жөндеуді қоспағанда, жаңа объектілерді салу, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жасақтау және қолданыста бар объектілерді реконструкциялау жұмысының тәжірибесі ескеріледі;
      егер конкурстың нысанасы күрделі жөндеу болып табылса, онда жаңа объектілерді салу, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жасақтау және қолданыста бар объектілерді реконструкциялау және күрделі жөндеу жұмысының тәжірибесі ескеріледі
      Құрылыс саласында жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде құрылыс объектілерінің функционалдық тағайындауы мен салалық жатқызылуы (құрылыс түрлері бойынша бұдан бұрын орындалған жұмыстардың ұқсастығы мен осы тектестігі) және олардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған техникалық және (немесе) технологиялық күрделілігі ескеріледі
      ** растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін беру конкурстық құжаттамада оларды көрсету көзделген мәліметтер бойынша ғана міндетті. Егер конкурстық құжаттамада тиісті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде талаптар көзделмеген жағдайда, растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін бермеуге де болады;
      жабдықтарды, машиналарды, тетіктерді жалға алу құқығын растаушы құжат жалдау шартының электрондық көшірмесі не алдын ала жалдау шартының электрондық көшірмесі болып табылады. Бұл ретте, шарттар бойынша жалдау мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген жұмыстарды орындау мерзімінен аз болмауы тиіс.
      Жабдықтарды, машиналарды, тетіктерді қосалқы жалға алу шартының электрондық көшірмесін ұсынуға жол берілмейді;
      Тіркеу және есепке қою туралы тиісті құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуге және есепке алуға жататын құрылыс машиналарына, механизмдерге және автокөлік құралдарына меншік құқығын растайтын құжаттар болып табылады.
      Аталған материалдық ресурстарды сатып алу туралы құжаттар, оның ішінде: тауардың жеткізілгенін және оған төлемді растайтын құжаттар (қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жағдайында: шот-фактуралар, жүкқұжаттар, банк белгісі бар төлем тапсырмалары; қолма-қол ақша қаражатымен есеп айырысу жағдайында: жүкқұжат, фискалды жады бар бақылау-касса машиналары қолданыла отырып берілген бақылау чегі) тіркеуге және есепке алуға жатпайтын өзге құрылыс машиналарына, механизмдерге және автокөлік құралдарына меншік құқығын растайтын құжаттар болып табылады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сақтау кезеңінің өтіп кетуіне байланысты тауардың жеткізілгенін және оған төлемді растайтын құжаттарды қоса беру мүмкін болмаса, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес негізгі қөұралдарды есепке алуды растайтын тиісті бухгалтерлік құжаттар қоса беріледі.
      әлеуетті өнім берушіге жобалау-сметалық құжаттаманың (құрылысты ұйымдастыру жобасы) тиісті бөлімінде не еңбек ресурстары мен құрылыс машиналарының, механизмдердің және автокөлік құралдарының негізгі түрлерінің тізбесінде көрсетілген меншікті құрылыс машиналарының, механизмдердің, автокөлік құралдарының болуы туралы талаптар белгіленген болуы мүмкін. Бұл ретте нақты түрлеріне байланыстырмай, тек өз құрылыс машиналарының, механизмдерінің және автокөлік құралдарының санына қойылатын талап көрсетіледі.
      Конкурстық құжаттамада көзделген құрылыс машиналарының, механизмдердің және автокөлік құралдарының және әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінде ұсынылған құрылыс машиналарының, механизмдердің және автокөлік құралдарының бір-бірін ауыстыруы жобалаушымен келісіледі.
      Жобалау-смета құжаттамасы болмаған жағдайда жабдықтардың, құрылыс машиналарының, механизмдердің және автокөлік құралдарының бір-бірін ауыстыруын сараптама комиссиясы не сарапшы айқындайды.
      Егер конкурс мәні құрылыс, сондай-ақ кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, қолда бар объектілерді жаңғырту, реконструкциялау, реставрациялау және күрделі жөндеу болып табылса, әлеуетті өнім беруші сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің құрамында онда тұрақты негізде жұмыс істейтін аттестатталған инженерлік-техникалық қызметкерлерге ие болуға тиіс. Жобалау және құрылыс процесінде қатысатын аттестатталған инженерлік-техникалық қызметкерлердің көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдарда жұмысты қоса атқаруына жол берілмейді.
      Әлеуетті өнім берушінің штатында аттестатталған инженерлік-техникалық қызметкердің болуын растаушы құжат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген біліктілік аттестатының электрондық көшірмесі болып табылады.
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
      Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты.

  Конкурстық құжаттамаға
6-қосымша

Біліктілігі туралы мәліметтер

      (әлеуетті өнім беруші көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде толтырады)
      Ескерту. 6-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       Конкурстың № ___________________________________
      Конкурстың атауы ________________________________
      Лоттың №___________________________________________________
      Лоттың атауы _______________________________________________
      1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәлімет:
      Атауы ______________________________________________________
      БСН/ЖСН/СЖН/СЕН ____________________________________________
      2. Растаушы құжаттардың* (бар болған жағдайда толтырылады) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, әлеуетті өнім берушінің соңғы он жыл ішінде конкурста сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) көрсеткен қызметінің көлемі.

Қызметтің атауы
Қызметті көрсеткен орны
Тапсырыс берушінің атауы
Қызметті көрсеткен жылы
Растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі
Шарттың құны, теңге
 
 
 
 
 
 

      
      3. Әлеуетті өнім беруші қызметті көрсету үшін қажетті растаушы қағаз құжаттардың** электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, конкурстық құжаттамада көзделген жабдықтың (материалдардың) не ұқсас (сол сияқты, қосымша) жабдықтың (материалдардың) болуы туралы мәліметтерді көрсетеді.


Жабдықтың (материалдардың) атауы
Қолда бар бірліктердің саны (дана)
Жай-күйі (жаңа, жақсы, нашар)
Жеке меншік (меншік құқығын растаушы құжаттар қоса берілсін), жалға алынған (кімнен және жалға берушінің меншік құқығын растаушы құжаттар қоса берілсін)
Растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі
 
 
 
 
 
 

      
      4. Әлеуетті өнім беруші растаушы құжаттардың** электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, осы конкурс (лот) бойынша қызметтерді көрсету мақсатында қажетті өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін білікті қызметкерлер туралы мәліметтерді көрсетеді.

Р/с №
Қызметкердің Т.А.Ә. (жеке куәлігінің электрондық көшірмесі қоса берілсін)
Осы конкурста сатып алынатын қызметтерді көрсету саласындағы жұмыс өтілі
Білімі туралы дипломы, куәлігі және басқа да құжаттары. бойынша біліктілігі (мамандығы)
Мамандығы бойынша санаты, разряды сыныбы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
      егер қызметкерлерге және осындай қызметкерлердің болуы жөнінде қойылатын талаптар осы конкурс (лот) бойынша техникалық ерекшелікте көрсетілген болса толтырылады.


Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын

      
      Ескерту
      * егер осы конкурста қызметтерді көрсету тәжірибесінің болуы біліктілік талабы болып табылмаған жағдайда растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерінің болмауы тиісті шартты жеңілдікке әсер етеді. Сатып алынатын көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесін растаушы құжаттар көрсетілген қызметтердің актілері мен шот-фактураларының электрондық көшірмелері болып табылады.
      ** растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін беру конкурстық құжаттамада оларды көрсету көзделген мәліметтер бойынша ғана міндетті. Конкурстық құжаттамада тиісті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде талаптар көзделмеген жағдайда растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін бермеуге де болады.
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
      Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты.

  Конкурстық құжаттамаға
7-қосымша

Біліктілік туралы мәліметтер

      (тауарларды сатып алған кезде әлеуетті өнім беруші толтырады)
      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       конкурс № _________________________________
      конкурстың атауы ______________________
      лот № __________________________________________________
      лоттың атауы _______________________________________
      1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәліметтер:
      Атауы ____________________________________________
      БСН/ЖСН/ССН/СЕН _________________________________________
      2. Растаушы құжаттардың* (бар болған жағдайда толтырылады) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, әлеуетті өнім берушінің соңғы он жыл ішінде жеткізген (шығарған), конкурста сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) тауарлар көлемі.

Тауардың атауы
Алушының атауы
Тауарды жеткізу орны
Тауарды жеткізу күні
Растаушы құжаттың атауы, күні мен нөмірі
Шарттың құны, теңге
 
 
 
 
 
 

      

 
Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын

      
      Ескертпе:
      * Егер осы конкурста тауарды жеткізу тәжірибесінің болуы біліктілік талаптары болып табылған жағдайда растау құжаттарының электрондық көшірмелерінің болмауы тиісті шартты жеңілдікке әсер етеді. Сатып алынатын тауарлар нарығында тауарлар мен шот-фактураларды қабылдап алу актілерінің электрондық көшірмелері жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылады.
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
      ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі.

  Конкурстық құжаттамаға
8-қосымша

Банктік кепілдік

      Банктің атауы _________________________________________________
      Банктің деректемелерi _________________________________________
      Кімге:
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы ____________
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының деректемелерi ____
      № _______ кепілдік міндеттеме
      _____________________________ "_____"___________ ж.
       (орналасқан жері)
      Біз, бұдан әрі "Өнім беруші" __________________________________
      (әлеуетті өнім берушінің атауы)
      _____________________________________________________________________
      (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
      ұйымдастырған ___________________________________ сатып алу жөніндегі
      конкурсқа қатысатынынан және
      _____________________________________________________________________
      (конкурс (лот/-тар) бойынша тауарлардың, жұмыстардың көрсетілетін
      қызметтердің атауы)
      тауарларды жеткізуді (жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді)
      жүзеге асыруға дайын екенінен хабардармыз.
      Жоғарыда аталған аукциондық конкурсты өткізу жөніндегі
      ___________ ж. "____"________ конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім
      берушінің электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді
      банктік кепілдік түрінде енгізуі көзделген.
      Осыған байланысты біз _________________________________ осымен
      (банктің атауы)
      Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды алғаннан кейін, сондай-ақ Өнім беруші:
      конкурс қатысушысы деп танылған Өнім беруші, оның конкурс қатысушысы деп анықталған не екінші орын алған өзінің конкурстық баға ұсынысын ұсынбағанын;
      электрондық конкурстың жеңімпазы етіп айқындалған Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғанын;
       мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамағанын не тиісінше орындамағанын, оның ішінде уақтылы орындамағанын жазбаша растауды алғаннан кейін, Сіздің талабыңыз бойынша Сізге _______________________________________________________
      (сома санмен және жазбаша)
      сомаға тең кері қайтып алынбайтын міндеттемені төлеуді өз міндетімізге аламыз.
      Осы кепілдік міндеттеме конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап күшіне енеді.
      Осы кепілдік міндеттеме Өнім берушінің аукционға қатысуға конкурстық өтінімінің қолданылуының соңғы мерзіміне дейін қолданылады және, егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз ____ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатынына немесе қайтарылмайтынына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды.
      Егер электрондық конкурсқа қатысу өтінімінің қолданылу мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады.
      Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
      Кепілгердің қолы мен мөрі Күні мен мекенжайы

  Конкурстық құжаттамаға
9-қосымша

Берешектің жоқ екендігі туралы анықтама

      Банктің атауы ________________________________
      Банктің деректемелері ________________________
      Банк (атауы) ___________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 30 шілдедегі № 275 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына сәйкес осы Банкте қызмет көрсетілетін (осы Банкте қызмет көрсетілетін заңды тұлғаның толық атауын, телефонын, мекенжайын көрсету қажет) банк алдында анықтама берілген айдың алдындағы үш айдан артық созылған мерзімі өткен берешегінің жоқтығын растайды.
      Күні _____________
      Қолы __________
      МО

  Конкурстық құжаттамаға
10-қосымша

Жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер, сондай-ақ әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (қоса атқарушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлерi

      Ескерту. 10-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
       Конкурстың № ______________________________
      Конкурстың атауы ___________________________
      Лоттың № _____________________________________________
      Лоттың атауы__________________________________________

№ р/с
Қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) Т.А.Ә.
Қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) БСН (ЖСН) / ЖСН / СЕН, оның толық заңды және почталық мекенжайы, байланыс телефоны
Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (қызметтердің) атауы
Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (қызметтердің) ақшалай мәндегі көлемі, теңге
Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (қызметтердің) пайыздық мәндегі көлемі, %
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Осы қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) бойынша барлығы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Осы қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) бойынша барлығы
 
 
Барлық қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) бойынша жиыны
 
 

      
      Осымен конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) қатысуға өтінім беретін әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігері(лері) және (бірлесіп орындаушысы(лары) конкурс (конкурстың толық атауын көрсету) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысудың шарттары туралы өзінің хабардар екендігін білдіреді және әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлеріне (бірлесіп орындаушыларға) қатысты бөлігінде конкурстық құжаттамада көзделген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікті өзіне қабылдайды.

Қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) - заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) Т.А.Ә.
Қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) уәкілетті өкілінің Т.А.Ә.
Қолы
 
 
 
 
 
 
 

      
      Заңның 9-бабы 6-тармағына сәйкес әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) беретін жұмыстар мен қызметтердің көлемі жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемінің үштен екісінен аспайды.
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
      Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты.

  Конкурстық құжаттамаға
11-қосымша

Әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы

      (әрбір лотқа жеке қалыптастырылады)
      Ескерту. 11-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       Конкурстың № ________________________________________________
      Конкурстың атауы______________________________________
      Лоттың № ____________________________________________________
      Лоттың атауы __________________________________________
      Өнім берушінің атауы ____________________________________
      БСН/ЖСН/СЖН/ТБН _________________________________________
      Өнім берішінің банк деректемелері ______________________________
      Баға ұсынысының валюта атауы ____________________
      Өлшем бірлігі __________________________________________
      Барлық шығыстарды және жеңілдіктерді есепке алғандағы бірлік бағасы_________________
      Саны (көлемі) _________________________________________
      ИНКОТЕРМС 2000 тауар жеткізу шарттары ____________________
      Жалпы саны (санын бірлік үшін бағаға көбейту) ____________
      Біз конкурстық құжаттамада айтылған Сіздердің төлем шарттарыңызбен келісеміз.
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
      Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты.

  Конкурстық құжаттамаға
12-қосымша

Техникалық ерекшеліктердің әлеуетті өнім берушілерінің ұсынған бағалау критерийлері

      Ескерту. 12-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.


Бағалау критерийі
Балл
 
Балдарды таратып жазу
 
 
 
 
 
1
Тапсырыс берушінің техникалық ерекшеліктерінің талаптарына әлеуеттік өнім берушінің ұсынатын жобасының сәйкес келуі
0-ден 2-ге дейін
0
тапсырыс берушінің техникалық ерекшеліктерінің талаптары жобасына сәйкес келмеуі* (әлеуетті өнім беруші сәйкес келмеген жағдайда конкурсқа қатысуға жіберілмейді)
1
тапсырыс берушінің техникалық ерекшеліктерінің талаптарына жобаның сәйкес келуі
2
әлеуетті өнім берушінің ұсынылып отырған жобасы неғұрлым жақсы сипаттаманы қамтиды
2
Сатып алынатын қызметтің Тапсырыс берушінің салалық мамандандыру ұйымы миссиясына (ұйым мақсатының құрылтайшы құжаттарға сәйкес келуі) сәйкес келуі
0-ден 3-ке дейін
0
әлеуетті өнім берушінің құрылтайшы құжаттарында сатып алынатын қызмет мәніне сәйкес келетін қызмет түрлері жоқ
1
миссиясы/мақсаты сатып алынатын қызметке сәйкес келеді, бірақ Тапсырыс берушінің салалық мамандандандыруына сәйкес келмейді
2
миссиясы/мақсаты сатып алынатын қызметке сәйкес келеді және Тапсырыс берушінің салалық мамандануға ішінара сәйкес келеді
3
миссиясы/мақсаты сатып алынатын қызметке сәйкес келеді және Тапсырыс берушінің салалық мамандануына сәйкес келеді
3
Әлеуетті өнім берушінің "Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында" болуы туралы мәліметтер
0-ден 1-ге дейін
0
Базада орналаспаған өнім беруші
1
Базада орналасқан өнім беруші
4
Жұмыс тәжірибесінің болуы (бір критерий ғана алынады)
0-ден 6-ге дейін
0
жұмыс тәжірибесінің болмауы
1
екі жылға дейін әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды іске асыру саласындағы жұмыс тәжірибесі
2
екі жылдан бес жылға дейін әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды іске асыру саласындағы жұмыс тәжірибесі
3
бес жылдан жоғары әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды іске асыру саласындағы жұмыс тәжірибесі
4
екі жылға дейін сатып алынатын қызметтердің мәніне сәйкес келетін қызмет нарығындағы жұмыс тәжірибесі
5
екі жылдан бес жылға дейін сатып алынатын қызметтердің мәніне сәйкес келетін қызмет нарығындағы жұмыс тәжірибесі
6
бес жылдан жоғары сатып алынатын қызметтердің мәніне сәйкес келетін қызмет нарығындағы жұмыс тәжірибесі
5
Жобаны іске асыру шеңберіндегі қызметтерді әлеуетті алушылардың сандық және сапалық құрамы
1-ден 2-ге дейін
1
қызметтерді алушылардың сандық және сапалық құрамы бойынша жобаға сәйкес
2
қызметтерді алушылардың неғұрлым кең сандық және сапалық құрамы ұсынылады
6
Жобаны іске асыру нәтижелерін тиімді бағалау бойынша индикаторлардың болуы
0-ден 3-ке дейін
0
техникалық ерекшелікте индикаторлар жоқ
1
сандық немесе сапалық индикаторлардың болуы
2
сандық немесе сапалық индикаторлардың болуы
3
барлық деңгейлердегі сандық және сапалық индикаторлардың болуы (салым, процесс, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді нәтижелер)
7
Бюджеттен тыс көздерден қосымша қаражатты тарту мүмкіндігі туралы мәліметтер (пайыздық және мәндік шамада)
0-ден 10-ға дейін
0
өнім беруші қосымша қаражаттың тартылу мүмкіндігінің болмауын көрсетті
5
өнім беруші сұралатын сомадан 5% сомада жоба үшін қажетті бюджеттен тыс көздерден қаржы қаражатын тарту мүмкіндігін растады
10
өнім беруші сұралатын сомадан 10% сомада жоба үшін қажетті бюджеттен тыс көздерден қаржы қаражатын тарту мүмкіндігін көрсетті
8
Тапсырыс беруші қойған мақсатқа қол жеткізу бойынша іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспарының болуы (іс-шаралардың атауы мен нысаны, нысаналы топ, өткізу орны мен мерзімі, хатықты қамту)
0-ден 2-ге дейін
0
Тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізу бойынша іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспары жоқ
1
Тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізу бойынша іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспары конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді
2
Тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізу бойынша іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспары конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келеді

      
      Ескерту
      * Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуге қатысты конкурстық құжаттама ережелері Заңның 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар арасында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде көрсетілмейді

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
5-қосымша

Конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылау хаттамасы

      №___
      Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
       Конкурстың № ______________________________________________
      Конкурстың атауы ___________________________________________
      Конкурстық құжаттама жобасына ескертулерді, сондай-ақ конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды қабылдау мерзімі ________ бастап ___________ дейін
      Ұйымдастырушының атауы _______________________________
      Конкурстық құжаттама жобасына ескерту(лер), сондай-ақ конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұрау салу(лар) мынадай шешім(дер) қабылданған өнім беруші(лер)ге жіберілген:


Әлеуетті өнім берушінің БСН (БСН)/ БСН/ТЕН
Өтініш тұрпаты (түсіндіру туралы ескерту, сұрау салу)
Өтініш мәтіні
Түсіндіру туралы ескертуді, сұрау салуды жіберу күні мен уақыты
Шешім қабылданды
Ауытқу себебі, түсіндіру мәтіні
 
 
 
 
 
 
 

      
      Осы конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер осы хаттаманы және бекітілген конкурстық құжаттама мәтінін мемлекеттік сатып алудың веб-порталында орналастыру сәтінен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей қабылданады.

Бірінші басшы не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам, тапсырыс беруші не оның міндетін атқаратын тұлға
 
ТАӘ қолы

      
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
      Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
6-қосымша

Ашу хаттамасы (ашық конкурстың нөмірі)

      бұл ретте нөмір сатып алудың тәсілі мен нөміріне байланысқан болуы
      тиіс
      (лот бойынша жекеше қалыптастырылады)
      Күні мен уақыты
      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       Тапсырыс беруші* ____________________________________________________
      Конкурстың № ________________________________________________________
      Конкурстың атауы ____________________________________________________
      Ұйымның атауы _______________________________________________________
      Ұйымдастырушының мекенжайы __________________________________________
      Конкурсық комиссияның құрамы:


Т.А.Ә.
Ұйымдағы лауазымы
Комиссиядағы рөлі
 
 
 
 

      
      Жалпы сомасы көрсетілген сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі ___________

р/с

Лоттың №
Лоттың атауы
Саны
Бірлік үшін баға
Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге
 
 
 
 
 
 

      
      Лоттың № ______________________________________________________
      Лоттың атауы ____________________________________________
      Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер мынадай әлеуетті өнім берушілермен ұсынылған (өтінімдер саны):


Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН) / СТН / ТЕН
Әлеуетті өнім берушінің мекенжайы (облыс,қала,көше, үй, пәтер)
Өтінімдерді беру күні мен уақыты
( хронология бойынша)
 
 
 
 
 

      
      Конкурстық құжаттамада көзделген құжаттардың болуы (болмауы) туралы ақпарат:

Әлеуетті өнім берушінің № БСН (ЖСН) / СТН / ТЕН

Құжаттың атауы
Болу белгісі
 
 
 

      
      Ескертпе:
      * Тапсырыс берушілер туралы мәлімет, егер тапсырыс берушілер бірнешеу болса көрсетілмейді.
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
      ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі;
      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
7-қосымша

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік
сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру
хаттамасы
(ашық конкурстың нөмірі)

      бұл ретте нөмір сатып алудың тәсілі мен нөміріне байланысқан болуы
      тиіс
      (лот бойынша жекеше қалыптастырылады)
      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       Күні мен уақыты
      Тапсырыс беруші* ____________________________________________________
      конкурс № ___________________________________________________________
      Конкурстың атауы ____________________________________________________
      Ұйымдастырушының атауы ______________________________________________
      Ұйымдастырушының мекенжайы __________________________________________
      Конкурстық комиссияның құрамы:


Т.А.Ә.
Ұйымдағы лауазымы
Комиссиядағы рөлі
 
 
 
 

      
      Жалпы сомасы көрсетілген сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі ___________

р/с

Лоттың

Лоттың атауы
Саны
Бірлік үшін бағасы, теңге
Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге
 
 
 
 
 
 

      
      лот № _______________________________________________________
      Лоттың атауы ____________________________________________
      Конкусқа (лотқа) қатысуға берілген өтінімдер туралы ақпарат туралы (хронология бойынша): (өтінімдер саны)


Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН
Өтінім берілген күн мен уақыт
( хронология бойынша)
 
 
 
 

      
      Конкурстық комиссия мүшелерінің алдын ала дауыс беру нәтижелері:

р/с

Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілердің тізбесі), БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН
 
Комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.
Комиссия мүшесінің шешімі
Конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келмеу себептерінің егжей-тегжейлі сипаттамасы
Бас тарту себептеріне негіздеме
Конкурстық құжаттаманың талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келтірілуі қажет әлеуетті өнім берушінің өтініміндегі құжаттар тізбесі
 
 
 
 
 
 

      
      Конкурсқа қатысуға бас тартылған өтінімдер: (өтінімдер саны):

р/с

Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН
Бас тарту себебі
 
 
 
 

      
      Конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысуға өтінімдер: (өтінімдер саны)


Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН
 
 
 

      
      Әлеуетті өнім берушілер конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерін берудің соңғы күні мен уақыты: мемлекеттік сатып алудың веб-порталында осы хаттаманы жариялаған сәттен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей.
      Ескертпе:
      * Тапсырыс берушілер туралы мәлімет, егер тапсырыс берушілер бірнешеу болса көрсетілмейді.
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
      ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі;
      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
8-қосымша

Қорытындылар туралы хаттама (ашық конкурстың нөмірі)

      бұл ретте нөмір сатып алудың тәсілі мен нөміріне байланысқан болуы
      тиіс
      (лот бойынша жекеше қалыптастырылады)
      Күні мен уақыты
      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       Тапсырыс беруші* ____________________________________________________
      конкурс № ___________________________________________________________
      Конкурстың атауы ____________________________________________________
      Ұйымдастырушының атауы ______________________________________________
      Ұйымдастырушының мекенжайы __________________________________________
      Конкурстық комиссияның құрамы:
      № Т.А.Ә. Ұйымдағы лауазымы Комиссиядағы рөлі
      Жалпы сомасы көрсетілген сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі ___________

р/с

Лоттың №
Лоттың атауы
Саны
Бірлік үшін бағасы, теңге
Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге
 
 
 
 
 
 

      
      лоттың № _______________________________________________________
      Лоттың атауы ____________________________________________
      Конкусқа (лотқа) қатысуға берілген өтінімдер туралы ақпарат туралы (хронология бойынша): (өтінімдер саны)


Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН
Өтінім берілген күн мен уақыт
(хронология бойынша)
 
 
 
 

      
      Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келтірілгені туралы ақпарат (осы ақпарат конкурсқа қатысуға арналған алдын ала рұқсат хаттамасы болған кезде жарияланады) (өтінімдер саны):


Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН
Өтінім берілген күн мен уақыт (хронология бойынша)
 
 
 
 

      
      Конкурстық комиссияның біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қайта қарау кезінде мынадай құжаттар сұратылған болатын (Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 27-бабының 5-тармағына сәйкес сұрау салулар жүзеге асырылған жағдайда толтырылады):


Сұрау салу жіберілген ұйымның/тұлғаның атауы
Сұрау салу туралы ақпарат
Сұрау салудың қысқаша сипаттамасы
Сұрау салуға берілген жауап сомасы
 
 
 
 
 

      
      Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:

р/с

Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілердің тізбесі), БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН
 
Комиссия мүшесінің А.Т.Ә.
Комиссия мүшесінің шешімі
Бас тарту себебі
Конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына олардың сәйкес келмеуін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, бас тарту себептерін егжей-тегжейлі сипаттау
 
 
 
 
 

      
      Конкурсқа қатысудан бас тартылған өтінімдер (өтінімдер саны):


Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН
Бас тарту себебі 1
 
 
 
 

      
      ________________________________________________________ 1үш мәтінді мәні бар анықтамалық: (біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеу, Заңның 6-бабының талаптарын бұзу)
      Конкурсқа қатысуға мынадай өтінімдерге рұқсат етілген (өтінімдер саны):


Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН
 
 
 

      
      Осы конкурсқа қатысуға ұсынылған конкурсқа қатысуға арналған барлық өтінімдерге Заңның 21-бабының 4-тармағында көзделген критерийлердің салыстырмалы мәнін қолдану нәтижелері туралы ақпарат:


Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН) / СЖН/ СЕН
Шартты жеңілдіктер, %
Жұмыс тәжірибесі
Әлеуетті өнім берушіде ұлттық стандартқа сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігін растайтын құжаттың болуы
Әлеуетті өнім берушіде ұлттық стандартқа экологиялық менеджмент жүйесінің сәйкестігін растайтын құжаттың болуы
Әлеуетті өнім берушіде өнімнің экологиялық тазалығы стандартына сәйкестігін растайтын құжаттың болуы
Ұлттық немесе үкіметтік емес стандарттарға ұсынылатын тауарларға сәйкестігін ерікті растайтыны туралы құжаттың болуы
Тауарлардың функционалдық сипаттамасы
Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық сипаттамасы
Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің сапалы сипаттамалары
Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің пайдалану сипаттамасы
Жалпы шартты жеңілдік, %
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
      Конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларының есебі:


Өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН) / СЖН/ СЕН
Бөлінген сома
Өнім берушінің бағасы
Заңның 26-бабына сәйкес сәйкестік сомасы
Шартты жеңілдіктің мөлшері, %
Шартты жеңілдікті ескере отырғандағы баға
Жұмыс тәжірибесі
Өтінімді беру күні мен уақыты
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
      Конкурстық комиссияның шешімі:
      1. №___ лот бойынша жеңімпазды айқындау: {БСН/ЖСН жеңімпаздың әлеуетті өнім берушісінің атауы}, екінші орын алған әлеуетті өнім беруші {БСН/ЖСН екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің атауы }.
      2. Тапсырыс берушіге {тапсырыс берушінің атауы} "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде {БСН/ЖСН жеңімпаздың әлеуетті өнім берушісінің атауы} мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу.
      Не:
      "Мемлекеттік сатып алуды (№___ лот бойынша сатып алудың атауы _____________________ * байланысты өтпеді деп тану":
      Ескертпе: *келесі мән-мағыналардың бірі: "ұсынылған өтінімдердің болмауы", "кем дегенде екі өтінімді ұсыну", "конкурстық қатысуға бірде бір әлеуетті өнім берушінің жіберілмеуі", "конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім берушінің жіберілуі".
      Не:
      Сатып алудың күшін жою жүргізілді, оған мыналар негіз болып табылатын: Уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыну, шешім) кк.аа.жжжж. № _________
      Жою туралы шешімді қабылдаған орган: {_________________________}.
      Не:
      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 10-тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тарту жүргізілді.
      Ескертпе:
      * Тапсырыс берушілер туралы мәлімет, егер тапсырыс берушілер бірнешеу болса көрсетілмейді.
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
      ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі;
      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
8-1-қосымша

      Бекітемін:
      _____________________________________________________________________
      (тапсырыс берушінің (бірыңғай ұйымдастырушының ) толық атауы
      _____________________________________________________________________
      (конкурстық құжаттаманы бекіткен адамның Т.А.Ә.)
      Шешім № _____ Күні_________Уақыты _____

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген кқрсетілетін
қызметтерді Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттама

      Ескерту. Қағида 8-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
       _____________________________________________________________________
      (сатып алу мәнінің түрі )
      _____________________________________________________________________
      (конкурстың атауы)
      Тапсырыс беруші (тапсырыс берушімен бір тұлғаны білдіретін
      ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді)_________________________________
      (атауы, орналасқан жері, БСН, банк деректемелері көрсетіледі)
      Тапсырыс берушінің өкілі (тапсырыс берушімен бір тұлғаны білдіретін
      ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді)_________________________________
       (Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
      Ұйымдастырушы (бірыңғай ұйымдастырушы) ______________________________
      (атауы, орналасқан жері, БСН, банк деректемелері көрсетіледі)
      Ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) өкілі __________________
      _____________________________________________________________________
      (Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
      Конкурстық комиссияның хатшысы ______________________________________
       (Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс қоса берілген лоттар тізбесіне сәйкес өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі.
      2. Осы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық құжаттама (бұдан әрі – КҚ) мыналарды:
      1) КҚ-ға 1-қосымшаға сәйкес лоттардың тізбесін;
      2) КҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес сатып алынатын қызметтердің сипаттамасын және талап етілетін техникалық, сапалық сипаттамаларын;
      3) КҚ-ға 4-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу туралы келісімді;
      4) КҚ-ға 6-қосымшаға сәйкес қызметтер көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметті;
      5) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 233-тармағына сәйкес неғұрлым сапалы қызметтерді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурстың жеңімпазын анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін әлеуетті өнім берушілер ұсынған техникалық ерекшеліктерді бағалау үшін міндетті критерийлердің тізбесін қамтиды;
      6) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша осы конкурс үшін бөлінген сома ______ теңгені құрайды.
      Осы конкурс үшін бөлінген сома лоттар бөлінісінде мынаны құрайды:

лот №
Көрсетілетін қызметтің атауы)
Лот бойынша бөлінген сома (теңге)
{лот №}
{көрсетілетін қызметтің атауы}
{лот бойынша____бөлінген___сома}

2. Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімді
ресімдеуіне және оны ұсынуына қойылатын талаптар

      3. Конкурсқа қатысуға өтінім веб-портал арқылы электрондық құжат нысанында беріледі және осы КҚ-да көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызмет көрсетуге конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісімін білдіру нысаны, сондай-ақ өзі туралы, Заңның 6-бабында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулеріне сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға әлеуетті өнім берушінің келісімі болып табылады.
      4. Әлеуетті өнім беруші өтінімді қалыптастыру алдында КҚ-ға
      4-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу туралы келісімді қабылдайды.
      5. Конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтиды:
      1) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелерін не оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растауда әлеуетті өнім беруші ұсынатын электрондық құжаттарды:
      заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәлікті немесе анықтаманы қамтуы тиіс. Егер заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бекітілген Үлгілік жарғы негізінде қызметті жүзеге асырса, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті;
      заңды тұлға Үлгілік жарғы негізінде қызметті жүзеге асырған жағдайды қоспағанда, заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген жарғыны;
      құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді не акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірмені қамтитын құрылтайшы құжатты (егер жарғы құрылтайшылар немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметті қамтымаған жағдайда);
      әлеуетті өнім берушінің қызметтер көрсетуге құқығын растайтын рұқсаттар (хабарламалар) және (немесе) патенттер, куәліктер, сертификаттар, басқа да құжаттарды;
      өзіне мыналарды: растау құжаттарының электрондық көшірмелерінің қосымшасымен конкурста сатып алынатын ұқсас (сай келетін) растау құжаттарының электрондық көшірмелерінің қосымшаларымен соңғы он бес жыл ішінде әлеуетті өнім беруші көрсеткен көлемдер туралы мәліметті; қызмет көрсету үшін қажетті конкурстық құжаттамада көзделген жабдықтың (материалдың) не ұқсас (сай келетін, қосымша) жабдықтың (материалдардың) болуы туралы мәліметті (осы талап мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржылық бір жылдан астам мерзімге қызметтерді мемлекеттік сатып алған жағдайда белгіленеді); растау құжаттарының электрондық көшірмелерінің қосымшаларымен қызмет көрсету мақсатында қажетті жүктелген міндеттемелерді орындау үшін жұмысшылардың біліктілігі туралы мәліметті қамтитын КҚ-ға 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілік туралы мәліметті;
      КҚ-ға 10-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу мәні болып табылатын қызмет көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар туралы мәлімет және әлеуетті өнім берушінің бірлесіп орындаушыларға бірлесіп орындауға жиынтығында жұмыстардың үштен екі астамын беруге тыйым салу шартын қамтуы тиіс.
      Егер әлеуетті өнім беруші көрсетілетін қызметтерді бірлесіп орындаушыларды тартуды көздеген жағдайда, онда әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға тартылатын бірлесіп орындаушылардың белгіленген талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесін ұсынады.
      2) сатып алынатын қызметтердің техникалық, сапалық сипаттамалары бар, оның ішінде КҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша сипаттамаларын көрсете отырып, техникалық ерекшелікті қамтиды. Қажет болған кезде техникалық ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.
      3) КҚ-ға 11-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында конкурстық баға ұсынысы;
      6. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі Конкурстық өтінімдерді ашу күнінен бастап кемінде күнтізбелік алпыс күнді құрауы тиіс.
      7. Конкурсқа қатысуға өтінімде қамтылатын қағаз құжаттардың электрондық көшірмелері бейненің түсіне қарамастан, дәл және анық болуы тиіс.
      8. Әлеуетті өнім беруші дайындаған электрондық конкурсқа қатысуға өтінім, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтінімге қатысты бүкіл хат-хабарлар мен құжаттар осы КҚ жасалған тілде жасалады және беріледі.
      Оларды әлеуетті өнім беруші басқа тілде жасаған және ұсынған жағдайда оларға дәл (нотариалдық расталған) аудармасы қоса беріледі.

3. Конкурсқа қатысуға өтінімді ұсыну тәртібi

      9. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушыға электрондық құжат нысанында береді.
      10. Әлеуетті өнім берушілер берген конкурсқа қатысуға өтінімдер автоматты түрде веб-порталда тіркеледі.
      11. Конкурсқа қатысуға өтінім берген өнім берушіге тиісті хабарламаны веб-порталмен автоматты түрде жіберген сәтте конкурсқа қатысуға берілген өтінім қабылданған болып есептеледі.
      12. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға берген өтінімі мынадай:
      1) егер әлеуетті өнім беруші бұрын осы конкурсқа қатысуға өтінім берген;
      2) конкурсқа қатысуға берілген өтінім осы конкурсқа қатысуға берілетін өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін түскен;
      3) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен;
      4) конкурстық баға ұсынысының бағасы Қағдалардың 177-тармағына сәйкес демпингтік болып табылған;
      5) Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларында веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.
      13. Әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы теңгемен көрсетілген болуы тиіс.

4. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді өзгерту және оларды кері
қайтарып алу

      14. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталатын күннен кешіктірмей мыналарға:
      1) енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуге және (немесе) толықтыруға;
      2) өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қайтарып алуға құқылы.
      15. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі біткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу сияқты, оған өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
      16. Әлеуетті өнім беруші, оның конкурсқа қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптау комиссиясы (сарапшы) конкурстың қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.

5. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу

      17. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың түпкілікті мерзімінің күні мен уақыты басталғаннан кейін бес минуттың ішінде веб-портал конкурсқа қатысуға өтінімдерді автоматты түрде ашуды жүргізеді.
      Егер конкурсқа (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім конкурсқа (лотқа) ұсынылған болса, онда мұндай өтінім де ашылады және қаралады.
      18. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын ашылған күні веб-портал автоматты түрде жариялайды. Бұл ретте веб-портал Конкурстық комиссияның мүшелеріне, веб-порталда автоматты түрде тіркелген әлеуетті өнім берушілерге автоматты түрде хабарламалар таратады.
      19. Конкурстық баға ұсыныстарын қоспағанда, ашу хаттамасы орналастырылған сәттен бастап, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін қарауға қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

6. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау

      20. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, біліктілік талаптары мен КҚ-ның талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.
      21. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:
      1) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар деп таниды;
      2) мынадай критерийлер:
      әлеуетті өнім беруші ұсынған жобаның Тапсырыс берушінің техникалық ерекшеліктері талаптарына сәйкестігі;
      Тапсырыс берушінің сатып алатын қызметтері мен салалық мамандандыруды ұйымдастыру миссиясына сәйкестігі (ұйымдастырудың мақсаты құрылтайшы құжаттарға сәйкес келуі);
      "Үкіметтік емес ұйымдардың деректер қорында" әлеуетті өнім берушінің болуы туралы мәліметтер;
      жұмыс тәжірибесінің болуы;
      жобаны іске асыру шеңберінде көрсетілетін қызметтерді әлеуетті алушылардың сапалы құрамы мен саны (барлық іс-шараларға тікелей қатысушылар);
      жобаны іске асырудың нәтижелері тиімділігін бағалау бойынша индикаторлардың болуы;
      бюджеттен тыс көздерден қосымша қаражатты тарту мүмкіндігі туралы мәлімет (пайыздық және сандық мәнде);
      Тапсырыс беруші қойған мақсатқа жету бойынша іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспарының болуы (іс-шараның атауы мен нысаны, нысаналы топ, өткізу орны мен мерзімі, халықтың қамтылуы) негізінде әлеуетті өнім берушілер ұсынған техникалық ерекшеліктерді бағалау үшін баллдарды есептейді.
      Осы тармақтың осы тармақшасымен көзделген критерийлер бойынша баллдарды есептеу КҚ-ға 12-қосымшаға сәйкес есептеледі.
      Конкурстық өтінімдері осы тармақтың 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген критерийлер бойынша бір баллдан кем алған әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
      Техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 11 баллдан аз әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
      Әлеуетті өнім беруші көрсетілген критерийлерді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда конкурстық комиссия олардың техникалық ерекшеліктерін бағалау үшін тиісті баллдарды есептемейді.
      Әлеуетті өнім берушілер ұсынған талаптар өздерінің техникалық ерекшеліктерін бағалау үшін шартқа енгізіледі.
      3) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген техникалық ерекшеліктерді бағалау үшін конкурстық комиссия берген баллдар санына байланысты бағалардың шартты азаюы конкурсына қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкуртық баға ұсынысына қолданады.
      22. Барлық санаттар бойынша конкурстық комиссия қойған баллдар веб-порталда автоматты түрде қосылады, нәтижесінде әлеуетті өнім берушіге баллда көрсетілген оның техникалық ерекшелігін қорытынды бағалау қойылады.
      23. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманың және олардың техникалық ерекшеліктерін бағалаудың талаптарына сәйкестігі мәнін қарастыру нәтижелері бойынша конкурстық ұсыныстардың мынадай шартты азайтулары қолданылады:
      егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағалауы 15-тен 20 баллды қоса құраса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы шартты түрде 10%-ға азаяды;
      егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағалауы 21-ден 27 баллды қоса құраса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы шартты түрде 20%-ға азаяды;
      егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағалауы 27 баллдан жоғарыны құраса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы шартты түрде 30%-ға азаяды.
      24. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қатысты, оның ішінде конкурсқа қатысуға бір өтінім берілсе де баллдарды есептейді.
      25. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарына, конкурсқа қатысуға бір өтінім жіберілгенді қоспағанда, бағалардың шартты азаюын қолданады.
      26. Конкурстық комиссия осы КҚ-ға 8-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді.
      27. Конкурстық комиссия, егер онда конкурсқа қатысуға өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса конкурсқа қатысуға өтінімді КҚ талаптарына сәйкес келетін ретінде қарайды.
      28. Әлеуетті өнім беруші мынадай:
      1) өзі және (немесе) оның бірлесіп орындаушысы біліктілік талаптарына (егер белгіленген тәртіппен көзделген жағдайда) және конкурстық құжаттамада белгіленген техникалық ерекшеліктер талаптарына сәйкес емес деп айқындалған;
      2) Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері болған;
      3) оның конкурсқа қатысуға өтінімі КҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп айқындалған жағдайда конкурсқа қатысуға (конкурсқа қатысушы деп тануға) жіберілмейді.
      29. Әлеуетті өнім берушіні басқа негіздер бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.

7. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және
конкурстың жеңімпазын айқындау

      30. Конкурстық баға ұсынысы конкурсқа қатысуға өтінімді қарау қорытындылары бойынша веб-порталда автоматты түрде ашылады.
      31. Веб-портал конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыруды автоматы түрде жүргізеді:
      конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары салыстырылады, ең төмен шартты бағаның негізінде конкурс жеңімпазы, ең төмен шартты бағадан кейінгі бағаның негізінде екінші орын алған әлеуетті өнім беруші айқындалады;
      конкурстық баға ұсыныстарының шартты балаларын теңестірген кезде конкурс мәні болып табылатын сатып алынатын көрсетілетін қызметтер нарығында ең көп тәжірибесі бар әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып табылады.
      Тең шартты бағалары бар бірнеше әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін теңестірген кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімінен бұрын түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып табылады.
      32. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру нәтижелері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамада орналастырылады.

8. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы
шарт

      33. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі - шарт), Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылып, тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында веб-портал арқылы жасалады.
      Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері болған тұлғаны қоспағанда, тапсырыс беруші үлгі шартқа сай жасалған шарттың жобасын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі біткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпазға жібереді.
      34. Өнім берушіні таңдау рәсімдері, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары шеңберінде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану рәсімдері тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілгенге дейін аяқталған жағдайда шарттың жобасы тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпазға жіберіледі.
      35. Тапсырыс беруші электрондық шартты ресімдеу үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі біткен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы өнім берушіге шартқа қол қоятын тұлға мен өнім берушінің деректемелері туралы мәліметтерге сұрау салу жібереді.
      36. Әлеуетті өнім беруші веб-порталда тиісті сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады және шартқа қол қоятын тұлға мен өнім берушінің деректемелері туралы мәліметтерді растайды.
      Әлеуетті өнім беруші шартқа қол қоятын тұлғасы мен өзінің деректемелерін растау болмаған жағдайда тапсырыс беруші веб-порталда әлеуетті өнім беруші орналастырылған тіркеу деректеріне сәйкес шартқа қол қояды.
      37. Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің мәліметтерді растау мерзімі біткен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарт жобасын қалыптастырады және оған қол қою үшін әлеуетті өнім берушіге жібереді.
      38. Өнім беруші, Заңда және Қағидаларда белгіленген мерзімде веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен шартқа қол қояды.
      39. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде шарт жобасына қол қоймаса, тапсырыс беруші жеңімпаздың шарт жасасудан жалтарған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын веб-портал арқылы екінші орынды алған әлеуетті өнім берушіге жібереді. Шарт жобасы екінші орын алған әлеуетті өнім берушімен электрондық цифрлық қолтаңба арқылы оған шарт жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде расталуы тиіс.
      Егер екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің қолы қойылған шартқа белгіленген мерзімде қол қоймаса, тапсырыс беруші қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
      40. Шарт, уәкілетті органның Заңның 47-бабына сәйкес шығарылған шешіміне шағымдану кезеңінде жасалуы мүмкін емес.
      41. Шарт бойынша қызмет көрсетудің ең аз мерзімі қызмет көрсетуге жұмсалатын мерзімнен аз болмауға, бірақ күнтізбелік он бес күннен аз болмауға тиіс.
      42. Егер жеңімпаз деп айқындалған не екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге қол қойылған шартты ұсынбағаса, онда мұндай әлеуетті өнім беруші шартты жасасудан жалтарды деп танылады.
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
8-2-қосымша

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен (Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырыстың нөмірі) көзделген көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама

      Ескерту. Қағида 8-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       бұл ретте нөмір сатып алудың тәсіліне және нөміріне байланыстырылуы тиіс
      (әрбір лотқа жеке қалыптастырылады)
      Күні мен уақыты
      Тапсырыс беруші* ____________________________________________________
      Конкурстың № ________________________________________________________
      Конкурстың атауы ____________________________________________________
      Ұйымдастырушының атауы ______________________________________________
      Ұйымдастырушының мекенжайы___________________________________________
      Конкурстық комиссияның құрамы:


Т.А.Ә
Ұйымдағы лауазым
Комиссиядағы рөлі
 
 
 
 

      
      Жалпы сомасын көрсете отырып, сатып алынатын қызметтер тізбесі ___________


р/р
Лоттың №
Лоттың атауы
Саны
Бірлігіне баға, теңге
Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге
 
 
 
 
 
 

      
      Лоттың № _______________________________________________________
      Лоттың атауы ____________________________________________
      Конкурсқа (лотқа) қатысуға ұсынылған өтінімдер туралы ақпарат: (хронология бойынша) (өтінімдер саны)


Әлеуетті өнім берушілер атауы
БСН (ЖСН)/
ССН / ТЕН
Өтінім беру күні мен уақыты
(хронология бойынша)
 
 
 
 

      
      Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:


р/р
Әлеуетті өнім берушінің атауы (Әлеуетті өнім берушілер тізбесі), БСН (ЖСН)/ ССН / ТЕН
 
Комиссия мүшесінің Т.А.Ә
Комиссия мүшесінің шешімі
Бас тарту себебі
Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына олардың сәйкес келмеуін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, бас тарту себептерін егжей-тегжей сипаттау
 
 
 
 
 

      
      Конкурсқа қатысуға бас тартылған өтінімдер: (өтінімдер саны)

р/р

Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН
Бас тарту себебі
 
 
 
 

      
      ________________________________________________________ 1
      үш мәтіндік мәннен анықтама: (біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеу, Заңның 6-бабының талаптарын бұзу)
      Конкурсқа қатысуға мынадай өтінімдерге рұқсат етілген (өтінімдер саны):


Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН
 
 
 

      
      Қағидалардың 233-тармағымен көзделген өлшемдердің
      салыстырмалы мәніне қолдану нәтижелері туралы ақпарат


Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН
Шартты жеңілдіктер, %
Әлеуетті өнім беруші ұсынып отырған жобаның Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінің талаптарына сәйкес келуі
Сатып алынатын қызметтерді ұйымның миссиясына және тапсырыс берушінің салалық мамандығына сәйкес келуі (құрылтайшы құжаттарға сәйкес ұйымның мақсаты)
"Үкімет емес ұйымдардың деректер қорында" әлеуетті өнім берушінің болуы туралы мәлімет
Жұмыс тәжірибесінің болуы
Жобаны іске асыру шеңберінде көрсетілетін қызметтерді алатын әлеуетті өнім берушілер құрамының саны мен сапасы (барлық іс-шарлардың тікелей қатысушылары)
Жобаны іске асыру тиімділігі мен нәтижелерін бағалау бойынша индикаторлардың болуы
Бюджеттен тыс көздерден қосымша қаражатты тарту мүмкіндігі туралы мәліметтер
Тапсырыс берушінің қойған мақсаттарына қол жеткізу бойынша егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарының болуы (іс-шараның атау мен нысаны, нысаналы топ, өткізу орны мен мерзімдері, халықты қамту)
Жалпы бал
Шартты азайту мөлшері, %
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
      Конкурсқа қатысушылардың шартты бағалараның есебі:


Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН
Бөлінген сома
Өнім берушінің бағасы
Шартты жеңілдік мөлшері, %
Шартты жеңілдікті есептегендегі баға
Жұмыс тәжірибесі
Өтінімді берген күні мен уақыты
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
      Конкурстық комиссияның шешімі:
      1. №___ лот бойынша жеңімпазды айқындау: {БСН/ЖСН жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің атауы }, екінші орын алған әлеуетті өнім беруші, {БСН/ЖСН екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің атауы}.
      2. Тапсырыс беруші {тапсырыс берушінің атауы} "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде { БСН/ЖСН жеңімпаз өнім берушінің атауы}-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.
      Не:
      "Мемлекеттік сатып алу (№___ лот бойынша сатып алудың атауы)_____________________ байланысты өтпеді деп танылсын *":
      Ескерту: *Мынадай мағыналардың біреуі: "берілген өтінімдердің болмауы", "кемінде екі өтінімнен беру", "конкурсқа бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген", "аукционға бір әлеуетті өнім беруші қатысуға жіберіледі".
      Не:
      Сатып алуды жою жүргізілді, оның негізі мынау болып табылады: Уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыным, шешім) № _________ күні.айы.жылы.
      Жою туралы шешім қабылдаған орган: {_________________________}.
      Не:
      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10-тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тарту жүргізілді".
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты;
      кк.аа.жжжж. – күн, ай, жыл

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
8-3-қосымша

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін
қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт

      Ескерту. Қағида 8-3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       <Сәйкестендіру нөмірі >
      <Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>
      Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын <Тапсырыс берушінің толық атауы>, <Тапсырыс берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Тапсырыс берушінің лауазымы> <Тапсырыс берушінің ТАӘ> атынан бір тараптан және бұдан әрі бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын <Өнім берушінің толық атауы>, <Өнім берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Өнім берушінің лауазымы> <Өнім берушінің ТАӘ> атынан екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және <қорытындылардың күні> жыл № <қорытындылардың нөмірі> <сатып алу тәсілі> мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде осы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және мына төмендегі туралы келісімге келді:

1. Шарттың мәні

      1.1. Өнім беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оған қосымшаларда көрсетілген шарттарға, талаптарға сәйкес және баға бойынша Қызмет(тер) көрсетуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші осы Шарттың талаптарымен Көрсетілген қызмет(тер)ді қабылдауға және Шарт бойынша Өнім беруші өз міндеттемелерін тиісінше орындау шартында төлеуге міндеттенеді:
      <Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <1-ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>;
      …
      <Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <N-ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>1.
      1.2. Төменде келтірілген құжаттар мен онда келісілген шарттар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
      1) осы Шарт;
      2) сатып алынатын көрсетілетін қызметтер тізбесі (1-қосымша);
      3) техникалық ерекшелік (2-қосымша).

2. Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары

      2.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа № 1 қосымшада айқындалады және <Шарттың сомасы> (сома жазумен) теңгені құрайды және қызметтерді көрсетумен байланысты барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, оның ішінде ҚҚС <ҚҚС сомасы> / <ҚҚС есепке алмағанда> (бұдан әрі – Шарттың сомасы) қамтиды.
      2.2. Қазынашылықтың аумақтық органында Шарт <Бағдарламаның коды мен атауы> бюджеттік бағдарламасы, <Кіші бағдарламаның коды мен атауы> кіші бағдарламасы, <Ерекшелік коды мен атауы> - <ерекшелік бойынша сома> теңге ерекшелігі бойынша (<ерекшелік бойынша сома жазумен>), <оның ішінде ҚҚС> <ҚҚС сомасы> теңге/<ҚҚС есепке алмағанда>2 <_____> жылы тіркеуге жатады.
      2.3. Шарт күшіне енгеннен кейін Тапсырыс беруші 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді.
      Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты барабар ұстау ескеріле отырып, көрсетілген қызмет актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару <төлем шарты> арқылы төлейді3.
      Көрсетілген қызмет үшін төлемді Тапсырыс беруші көрсетілген қызмет актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару <төлем шарты> арқылы жүргізеді.
      Қызмет көрсету актісінің нысанын Өнім беруші алдын ала Тапсырыс берушімен келіседі.
      2.4. Сандық және құндық шамадағы көрсетілетін қызмет көлемі Шартқа 1-қосымшада келтірілген.
      2.5. Төлеу алдындағы қажетті құжаттар:
      1) <аумақтық қазынашылық органында тіркелген/қол қойылған> Шарт;
      2) көрсетілген қызмет актісі (актілері);
      3) осы Қағидаларға 22-4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту үлесі бойынша есеп;
      4) Өнім беруші Тапсырыс берушіге көрсеткен қызметтердің сипаттамасымен, жалпы сомасы көрсетіле отырып, шот-фактура;
      _________________________________
      1 Бұл тармақ қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің сатып алуын қоспағанда, мемлекеттік мекемелер үшін көрсетіледі. Көрсеткіштер әрбір жылға әрбір ерекшелік бойынша бөлек көрсетіледі.
      2 Бұл тармақ қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің сатып алуын қоспағанда, мемлекеттік мекемелер үшін көрсетіледі. Көрсеткіштер әрбір жылға әрбір ерекшелік бойынша бөлек көрсетіледі.
      3 Бұл тармақ егер шарт бойынша аванс көзделсе көрсетіледі.

3. Тараптардың міндеттемелері

      3.1. Өнім беруші мыналарға:
      1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;
      2) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін қамтамасыз етуге;
      3) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың жағдайларын орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналдан басқа оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс;
      4) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда көрсетілген құжаттарды және ақпаратты Шартты жүзеге асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;
      5) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;
      6) Өнім берушінің Шарттың талаптарын тиісінше орындамауынан және/немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттермен туындаған келтірілген залалдарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге міндеттенеді.
      7) Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген көрсетілген қызметтер актісін жіберу және ресімдеуге;
      8) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісін бекіткеннен кейін Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазуға міндеттенеді.
      <n) жаңа тармақша>
      3.2. Өнім беруші:
      1) Тапсырыс берушіден Шарт бойынша көрсетілген Қызметтерге төлем талап етуге;
      2) Тапсырыс берушімен алдын ала орындау мерзімін келісе отырып, Шартқа № 1 қосымшада көрсетілген Қызметті мерзімінен бұрын көрсетуге құқылы.
      3.3. Тапсырыс беруші:
      1) Қызметтерді көрсету үшін Өнім берушінің мамандарының қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
      2) көрсетілген Қызметтердің сәйкессіздіктері анықталған кезде тез арада Өнім берушіні жазбаша хабарландыруға;
      3) Қызметті қабылдау кезінде көрсетілген қызмет актісіне қол қоюға не оның қабылданбауының дәлелді негіздемелерін көрсете отырып қабылдаудан бас тартуға;
      3-1) көрсетілген қызметтер актісін бекіткеннен кейін Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда Өнім беруші жазып берген шот-фактураны бекіткеннен кейін қабылдауға;
      4) осы Шартта белгіленген тәртіпте және мерзімдерде төлем жүргізуге міндеттенеді.
      <n) жаңа тармақша>
      3.4. Тапсырыс беруші:
      1) көрсетілген Қызметтердің сапасын тексеруге;
      2) Қызмет мерзімінен бұрын көрсетілген жағдайда Тапсырыс беруші қызметті мерзімінен бұрын қабылдауға және ол үшін Шарт талаптарына сәйкес ақы төлеуге құқылы. Қызметті мерзімінен бұрын көрсетуден бас тартуға оны қабылдау мүмкін болмаған жағдайларда жол беріледі.

4. Қызметтердің техникалық ерекшелікке сәйкестігін тексеру

      4.1. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері Көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелікте (Шартқа 2-қосымша) көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан бақылау мен тексеру жүргізе алады. Бұл ретте осы тексерістер бойынша барлық шығыстарды Өнім беруші көтереді. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы мақсаттар үшін белгіленген өз өкілдері туралы жазбаша түрде уақтылы хабарлауы тиіс.
      4.2. Осы Шарт шеңберінде көрсетілген Қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес немесе олардан жоғары болуы тиіс.
      4.3. Егер тексеру кезінде көрсетілген Қызметтердің нәтижелері техникалық ерекшеліктің (Шартқа 2-қосымша) талаптарына сәйкес келмейді деп танылса, Өнім беруші, Тапсырыс беруші тарапынан ешқандай қосымша шығынсыз, техникалық ерекшелік талаптарына сәйкессіздіктерді жою бойынша шараларды тексеру сәтінен бастап <cәйкессіздіктерді жою мерзімі> ішінде қолданады.
      4.4. Жоғарыда көрсетілген ешбір тармақ Өнім берушіні Шарт бойынша басқа міндеттемелерден босатпайды.
      <N. жаңа тармақ>

5. Қызметтер көрсету

      5.1. Өнім берушінің қызметтерді көрсетуі Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шартқа 1-қосымшада көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырылады.
      5.2. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5.3. Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға дәл сәйкестікте қызметті толық тапсыруы шартында Қызмет көрсетілді деп есептеледі.
      <N. жаңа тармақ>

6. Кепілдік

      6.1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге үздіксіз, сапалы және уақтылы Қызмет көрсетудің қамтамасыз етілуіне кепілдік береді.
      6.2. Өнім беруші техникалық ерекшеліктің (Шартқа 2-қосымша) Қызметтерінің қателерін, жете өңделмеулері мен басқа да сәйкессіздіктерін ақысыз түзетуге кепілдік береді.
      6.3. Тапсырыс беруші берілген кепілдікке байланысты барлық шағымдары туралы Өнім берушіге жазбаша түрде жедел хабарлауға міндетті, одан кейін Өнім беруші, осыған байланысты барлық шығыстарды қоса алғанда, өз есебінен кемшіліктерді жою шараларын Тапсырыс беруші хабарламасында белгілеген мерзімде қолдануға тиіс.
      6,4. Егер Өнім беруші хабарламаны алып, тиісті кемшіліктерді жою шараларын уақтылы қолданбаса, Тапсырыс беруші Шарт бойынша Өнім берушіге қатысты өзінің басқа құқықтарына ешқандай нұқсан келтірмей және Өнім беруші есебінен қажетті санкциялар мен кемшіліктерді жою шараларын қолдана алады.
      <N. жаңа тармақ>

7. Тараптардың жауапкершілігі

      7.1. Тараптар осы Шарт шеңберіндегі өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
      7.2. Секвестр және/немесе тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақша жетіспеген жағдайларда, егер Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиесілі қаражатты Шартта көрсетілген мерзімдерде төлемесе, Тапсырыс беруші Өнім берушіге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиесілі соманың 0,1 % (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде ұсталған төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс.
      7.3. Қызмет көрсету мерзімдерін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс.
      7.4. Өнім беруші Қызмет көрсетуден бас тартқан немесе Шарт бойынша Қызмет көрсету мерзімі өткен күннен бастап, бірақ Шарт қолданысының аяқталу мерзімінен кешіктірмей, бір айдан аса мерзімге Қызмет көрсету мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасын өндіріп ала отырып, бір жақты тәртіпте осы Шартты бұзуға құқылы.
      7.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
      7.6. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша қызмет көрсету үшін қажетті құнның немесе мерзімдердің азаюына әкелетін болса, Шарт сомасы немесе қызмет көрсету кестесі, немесе екеуі де тиісінше түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Өнім берушінің түзету жүргізуге барлық сұрау салулар Өнім беруші Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынуға тиіс.
      7.7. Өнім беруші толығымен де, ішінара да біреуге осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін бермеуі тиіс.
      7.8. Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы Шарт аясында жасалған барлық бірлесіп орындаушылармен шарттардың көшірмелерін ұсынуы тиіс. Бірлесіп орындаушылардың болуы Өнім берушіні Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.
      Қызмет көрсету үшін бірлесіп орындаушыларға берілуі мүмкін көрсетілетін қызметтің шекті көлемі жиынтықта көрсетілетін қызмет көлемінің үштен екісінен аспауға тиіс.
      Бұл ретте бірлесіп орындаушыларға өткізілетін мемлекеттік сатып алу мәні болып табылатын қызмет көрсету көлемдерін өзге бірлесіп орындаушыларға беруге тыйым салынады.
      Қазақстан Республикасының мүгедектер қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының мүгедектер қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға көрсетілетін қызметтерге өткізілетін мемлекеттік сатып алу мәні болып табылатын қызмет көрсету бойынша бірлесіп орындаушылар тартуға жол берілмейді4.
      <N. жаңа тармақ>
      _______________________________
      4 Осы мәтін баға ұсынысын сұрату тәсілін қоспағанда, сатып алудың барлық тәсілдері үшін көрсетіледі.

8. Шарттың қолданыс мерзімі және бұзу талаптары

      8.1. Шарт <Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін/қол қойған күннен бастап> күшіне енеді және <_____> дейін қолданылады.
      8.2. Мынадай оқиғалар олардың көбеюi бөлiгінде қызмет көрсету ұзақтығы мерзiмдерiнің өзгеруiне әкеп соқтырады:
      1) Тапсырыс беруші Объектiнiң барлық учаскелерiн пайдалануға тыйым салады, ол өз кезегінде қызмет көрсетудің кешіктірілуіне әкеп соқтырады;
      2) Тапсырыс беруші Өнім берушіге Шартта жоспарланбаған сынақтарды жүргiзу үшiн қызмет көрсетуді тоқтатуға нұсқау береді. Бұл ретте, егер аталған сынақтар ақауларды анықтамаған жағдайда, қызмет көрсетуді тоқтату уақыты қызмет көрсету мерзіміне қосылады.
      <Жаңа абзац>
      8.3. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Тапсырыс беруші кез келген уақытта Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жіберіп біржақты тәртіпте Шарт талаптарын орындаудан бас тарта алады. Бұл жағдайда Шарттың талаптарын орындаудан бас тарту тез арада жүзеге асырылады, және Тапсырыс беруші егер Шарттың талаптарын орындаудан бас тарту ешқандай залал келтірмейтін немесе салдарынан Тапсырыс берушіге қойылған немесе қойылатын қандай да бір әрекеттерді жасауға немесе санкцияларды қолдануға құқықтарды қозғамайтын шартта Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндет көтермейді.
      8.4. Жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты Шарт жойылған кезде, Өнім беруші Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгi iс жүзiндегi шығындар үшiн ғана төлем талап етуге құқылы.
      8.5. Шарт талаптарын бұзғаны үшін қандай да бір санкцияларға зиян келтірместен Тапсырыс беруші, Өнім берушіге міндеттемелерін орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып:
      1) егер Өнім беруші көрсетілетін қызметті Шартта көзделген мерзімде немесе Тапсырыс беруші ұсынған осы Шарттың ұзартылған кезеңі ішінде орындай алмаса;
      2) егер Өнім беруші өз міндеттемелерін орындай алмаса, осы Шартты толық немесе ішінара бұза алады.
      8.6. Шарт:
      1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның
      6-бабында көзделген шектеулердің бұзылғаны анықталған;
      2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген қолдауды көрсеткен;
      3) уәкілетті орган міндеттемелері тиісінше орындалған шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы бұзыла отырып Шарт жасасу фактісін анықтаған жағдайда кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін.
      8.7. Шарт тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.

9. Хабарлама

      9.1. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама төленген тапсырыс хатпен немесе телеграф, телекс, телефакс не веб-портал арқылы жіберіледі.
      9.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күні (егер хабарламада көрсетілсе), осы екі күннің қайсысы кеш келетініне байланысты күшіне енеді.

10. Форс-мажор

      10.1. Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып табылса, Тараптар ол үшін жауапкершілікте болмайды.
      10.2. Егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып табылса, Өнім беруші Шарт талаптарының орындалмауына байланысты тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапты болмайды.
      10.3. Шарт мақсаттары үшін "форс-мажор" Тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар мыналарды қамти алады, бірақ тек олар ғана емес: соғыс қимылдары, табиғи немесе дүлей апаттар және басқалар.
      10.4. Форс-мажорлық жағдаяттар туындаған кезде Өнім беруші тез арада Тапсырыс берушіге осындай жағдаяттар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден басқа жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттерін мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдаяттарға байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздейді.

11. Даулы мәселелерді шешу

      11.1. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктер немесе даулар тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.
      11.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

12. Өзге де шарттар

      12.1. Салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.
      12.2. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасу нысаны сияқты нысанда жасалады.
      12.3. Өнім берушінің таңдауы үшін негіз болған сапаның өзгермеуі шарты мен басқа да шарттарда жасалған Шартқа өзгерістерді енгізуге:
      1) көрсетілетін Қызметтің бағасын және тиісінше Шарт сомасының азаюы бөлігінде Тараптардың өзара келісімі бойынша;
      2) Шартта көрсетілген Қызметтердің бірлігі үшін бағаның өзгермеуі шартында көрсетілетін Қызметтер көлемінде қажеттіліктің азаюымен не ұлғаюымен байланысты Шарт сомасының азаюы не ұлғаюы бөлігінде;
      3) егер Өнім беруші онымен жасасқан Шартты орындау үдерісінде көрсетілетін қызмет бірлігі үшін бағаның өзгермеуі шартында онымен жасасқан Шарттың мәні болып табылған көрсетілетін қызметтің анағұрлым жақсы сапалы және (немесе) техникалық сипаттамасын не мерзімін және (немесе) талаптарын ұсынған жағдайда рұқсат беріледі.
      12.4. Тараптардың біреуінің Шарт бойынша міндеттерін беруіне тек екінші Тараптың жазбаша келісімімен жол беріледі.
      12.5. Шарт веб-портал арқылы жасалған бірдей заңды күшіне ие қазақ және орыс тілінде жасалды.
      12.6. Шартта реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
      <N. жаңа тармақ>

13. Тараптардың деректемелері

Тапсырыс беруші:
<Тапсырыс берушінің толық атауы>< Тапсырыс берушінің толық заңды мекенжайы>
БСН < Тапсырыс берушінің БСН>
БСК< Тапсырыс берушінің БСК>
ЖСК< Тапсырыс берушінің ЖСК>
<Банктің атауы> Тел.: <Тапсырыс берушінің телефоны> <Тапсырыс берушінің лауазымы><Тапсырыс берушінің ТАӘ>
Өнім беруші:
<Өнім берушінің толық атауы><Өнім берушінің толық заңды мекенжайы>
БСН/ССН/ТЕН <Өнім берушінің БСН/ССН/ТЕН> БСК
< Өнім берушінің БСК> ЖСК
<Өнім берушінің ЖСК> <Банктің атауы> Тел.: <Өнім берушінің телефоны>
<Өнім берушінің лауазымы><Өнім берушінің ТАӘ>

      
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      БСК – банктік сәйкестендіру коды;
      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
      ТЕН – төлеушінің есепке алу нөмірі;
      ҚҚС – қосылған құн салығы;
      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.

  Мемлекеттік сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
9-қосымша

       Бекітемін:
      __________________________________________________________________
      (тапсырыс берушінің (бірыңғай ұйымдастырушының ) толық атауы
      __________________________________________________________________
      (аукциондық құжаттаманы бекіткен адамның Т.А.Ә.)
      Шешім № _____ Күні_________Уақыты _____

АУКЦИОНДЫҚ ҚҰЖАТТАМА

      __________________________________________________________________
      (аукцион атауы)
      Тапсырыс беруші (тапсырыс берушімен бір тұлғаны білдіретін ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді)______________________________
      (атауы, орналасқан жері, БСН, банк деректемелері көрсетіледі)
      Тапсырыс берушінің өкілі (тапсырыс берушімен бір тұлғаны білдіретін ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді)______________________________
      (Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
      Ұйымдастырушы (бірыңғай ұйымдастырушы) __________________________
      (атауы, орналасқан жері, БСН, банк деректемелері көрсетіледі)
      Ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) өкілі _______________
      __________________________________________________________________
      (Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
      Аукциондық комиссияның хатшысы __________________________________
      (Т.А.Ә., ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)

1. Жалпы ережелер

      1. Аукцион қоса беріліп отырған аукцион мәніне (лотына) сәйкес өнім берушіні (лерді) таңдау мақсатында жүргізіледі.
      2. Осы аукциондық құжаттама (бұдан әрі - АҚ) мыналарды:
      1) осы АҚ 1-қосымшаға сәйкес аукцион мәні;
      2) осы АҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес, олар болған кезде Қазақстан Республикасының ұлттық және үкіметтік емес стандарттарын көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың сипаттамасын және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын қамтиды. Бұл ретте техникалық ерекшелік Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы болмауға тиіс. Қажет болған кезде техникалық ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.
      3) осы АҚ-ға 4-қосымшаға сәйкес аукционға қатысу туралы келісім;
      4) осы АҚ-ға 5-қосымшаға сәйкес тауарларды жеткізу үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер;
      5) осы аукционға бөлінген сома __ теңгені құрайды.
      3. Аукционға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтініммен бірге төменде тізбеленген нысандардың бірінде тауарларды сатып алуға бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді:
       1) мынадай банк шотында орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасы __________________________________________
      (тапсырыс берушінің не ұйымдастырушының банк шотының толық
      деректемелері)
       2) оның электрондық көшірмесін мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыра отырып, қағаз жеткізгіштегі не осы АҚ-ға 6-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы банк кепілдігі. Банк кепілдігін оның электрондық көшірмесін мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыра отырып, қағаз жеткізгіште ұсыну кезінде, қағаз жеткізгіштегі банк кепілдігінің түпнұсқасы ұйымдастырушыға аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдаудың түпкілікті мерзіміне дейін ұсынылады.
      4. Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі аукционға қатысуға өтінімнің өзінің қолданылу мерзімінен кем болуы мүмкін емес.

2. Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау, ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушінің аукциондық құжаттама ережелерін түсіндіруі

      5. АҚ-ның жобасын алдын ала талқылау, олар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қамтитын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде жүзеге асырылмайды.
      6. АҚ-ның жобасына ескертулерді, сондай-ақ АҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды әлеуетті өнім берушілер веб-портал арқылы тапсырыс берушіге, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберулері мүмкін.
      7. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде АҚ-ның жобасына ескертулер болмаған кезде АҚ бекітілген болып саналады.
      8. Ескертулер болған кезде тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы АҚ-ның жобасын алдын ала талқылау мерзімі біткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мынадай шешімдерді қабылдайды:
      1) АҚ-ның жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
      2) оларды қабылдамауына негіздемелерін көрсете отырып, АҚ-ның жобасына ескертулерді қабылдамайды;
      3) АҚ-ның ережелеріне түсіндірме береді.
      АҚ-ның жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда, АҚ-ны бекіткен сияқты тәртіппен веб-порталда өзгертілген АҚ-ны бекіту туралы шешім қабылданады.
      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген шешімдер қабылданған күннен бастап АҚ бекітілген болып саналады.
      9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы АҚ бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда АҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасын орналастыруға міндетті.
      АҚ-ның жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, АҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасымен бірге АҚ-ның бекітілген мәтінін де орналастырады.
      10. АҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасында АҚ-ның жобасына келіп түскен ескертулер мен олар бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпаратты қамтиды.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       11. АҚ-ның жобасына ескертулерді қабылдамау туралы шешім қабылданған жағдайда оларды қабылдамау себептерінің егжей-тегжейлі негіздемесі АҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.
      12. АҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілерден сұрау салулар келіп түскен кезде АҚ-ның ережелеріне түсіндіру мәтіні АҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрініс табады.
      13. Алдын ала талқылау нәтижелері бойынша тапсырыс берушінің шешімі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңында (бұдан әрі – Заң) айқындалған тәртіппен шағымдалуы мүмкін.

3. Әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімді ресімдеуіне және оны ұсынуына қойылатын талаптар

      14. Аукционға қатысуға өтінім веб-портал арқылы электрондық құжат нысанында беріледі және осы АҚ-да көзделген шарттар мен талаптарға сәйкес тауарды жеткізуге аукционға қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісімін білдіру нысаны, сондай-ақ өзі туралы, Заңның 6-бабында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулеріне сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға әлеуетті өнім берушінің келісімі болып табылады.
      15. Әлеуетті өнім беруші өтінімді қалыптастыру алдында осы АҚ-ға 4-қосымшаға сәйкес аукционға қатысу туралы келісімді қабылдайды.
      16. Аукционға қатысуға өтінім мыналарды:
      1) мынадай:
      әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге құқығын растайтын рұқсаттар (хабарламалар) және/немесе патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар, басқа да құжаттардың;
      осы АҚ-ға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілігі туралы мәліметтердің электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған құжаттардың электрондық көшірмелерін не әлеуетті өнім беруші өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын электрондық құжаттарды қамтуы тиіс.
      2) сатып алынатын тауарлардың сипаттамасын және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары бар, оның ішінде тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттеріне, пайдалы моделдеріне, өнеркәсіптік үлгілеріне, тауардың шыққан жерінің атауын және өндірушінің атауын және осы АҚ-ға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өзге де сипаттамаларын көрсете отырып, техникалық ерекшелікті қамтиды. Қажет болған кезде техникалық ерекшелікте нормативтік- техникалық құжаттама көрсетіледі.
      Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерінде өндіруші зауыттан хаттардың, техникалық паспорттардың, өнімнің сәйкестік сертификаттарының көшірмелері, сатып алынатын тауарлардың үлгілері болуы туралы талапқа жол берілмейді;
      3) аукционда қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді заңнамада белгіленген мөлшерде, мынадай:
      оның электрондық көшірмесін мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыра отырып, қағаз жеткізгіштегі не осы АҚ-ға 6-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы банк кепілдігі. Банк кепілдігін оның электрондық көшірмесін мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыра отырып, қағаз жеткізгіште ұсыну кезінде, қағаз жеткізгіштегі банк кепілдігінің түпнұсқасы ұйымдастырушыға аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдаудың түпкілікті мерзіміне дейін ұсынылады.
      ұйымдастырушының банктік шотында не мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотта орналасқан кепілдік ақшалай жарнаны растайтын қағаз төлем құжатының электрондық көшірмесі түрінде ұсынады.
      4) осы АҚ-ға 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағасы.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
       17. Аукциондық өтінімнің қолданылу мерзімі аукциондық өтінімдерді ашу күнінен бастап кемінде күнтізбелік алпыс күнді құрауы тиіс.
      18. Аукционға қатысуға өтінімде қамтылатын қағаз құжаттардың электрондық көшірмелері бейненің түсіне қарамастан, дәл және анық болуы тиіс.
      19. Әлеуетті өнім беруші дайындаған электрондық аукционға қатысуға өтінім, сондай-ақ аукционға қатысуға өтінімге қатысты бүкіл хат-хабарлар мен құжаттар осы АҚ жасалған тілде жасалады және беріледі.
      20. Оларды әлеуетті өнім беруші басқа тілде жасаған және ұсынған жағдайда оларға дәл (нотариалдық расталған) аудармасы қоса беріледі.

4. Аукционға қатысуға өтінімді ұсыну тәртібi

      21. Аукционға қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушыға электрондық құжат нысанында береді.
      22. Әлеуетті өнім берушілер берген аукционға қатысуға өтінімдер автоматты түрде веб-порталда электрондық өтінімдер журналында тіркеледі.
      23. Аукционға қатысуға өтінім берген өнім берушіге тиісті хабарламаны веб-порталмен автоматты түрде жіберген сәтте аукционға қатысуға берілген өтінім қабылданған болып есептеледі.
      24. Әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға берген өтінімі мынадай:
      1) егер әлеуетті өнім беруші бұрын осы аукционға қатысуға өтінім берген;
      2) аукционға қатысуға берілген өтінім осы аукционға қатысуға берілетін өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін түскен;
      3) бастапқы баға осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен;
      4) Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларында веб-порталдан автоматты түрде кері қайтарылады.
      25. Әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағасы теңгемен көрсетілген болуы тиіс.

5. Аукционға қатысуға өтінімдерді өзгерту және оларды кері қайтарып алу

      26. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталатын күннен кешіктірмей мыналарға:
      1) енгізілген аукционға қатысуға өтінімін өзгертуге және (немесе) толықтыруға;
      2) өзі енгізген аукционға қатысуға өтінімін қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің аукционға қатысуға өтінімін қайтарып алуға құқылы.
      27. Аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі біткеннен кейін аукционға қатысуға өтінімді қайтарып алу сияқты, оған өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
      28. Әлеуетті өнім беруші, оның аукционға қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, аукциондық комиссия, сараптау комиссиясы (сарапшы) аукционның қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.

6. Аукционға қатысуға өтінімдерді ашу

      29. Аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдаудың түпкілікті мерзімінің күні мен уақыты басталғаннан кейін бес минуттың ішінде веб-портал аукционға қатысуға өтінімдерді автоматты түрде ашуды жүргізеді.
      Егер аукционға қатысуға бір ғана өтінім аукционға (лотқа) ұсынылған болса, онда мұндай өтінім де ашылады және қаралады.
      30. Аукционға қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын ашылған күні веб-портал автоматты түрде жариялайды. Бұл ретте веб-портал аукциондық комиссияның мүшелеріне, веб-порталда автоматты түрде тіркелген әлеуетті өнім берушілерге автоматты түрде хабарламалар таратады.
      31. Бастапқы бағаларды қоспағанда, ашу хаттамасы орналастырылған сәттен бастап, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге басқа әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерін қарауға қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

7. Аукционға қатысуға өтінімдерді қарау

      32. Аукционға қатысуға өтінімдерді қарауды, біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында аукциондық комиссия жүзеге асырады.
      33. Аукционға қатысуға өтінімдерді қарау кезінде аукциондық комиссия мыналарды:
      1) осы АҚ-ның 34-тармағында көрсетілген жағдайда аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын;
      2) осы АҚ-ның 44-тармағында көрсетілген жағдайда аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.
      34. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын, аукциондық комиссия біліктілік талаптары мен осы АҚ-ның талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда ресімдейді.
      35. Аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында мынадай ақпарат:
      1) оларды қабылдамау себептерін толық сипаттай отырып, оның ішінде олардың біліктілік талаптары мен осы АҚ-ның талаптарына сәйкес келмейтінін растаушы мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, біліктілік талаптары мен осы АҚ-ның талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің тізбесі;
      2) ұсыну және біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру қажет құжаттардың тізбесі;
      3) аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келтірілген аукционға қатысуға өтінімдерін ұсыну күні қамтылады.
      36. Аукциондық комиссияның әлеуетті өнім берушілерге аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешімі аукционға қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданады және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 12-қосымшаға сәйкес, оны аукциондық комиссияның хатшысы аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні веб-порталда жариялайды.
      37. Әлеуетті өнім берушілерге аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аукционға қатысуға өтінімді біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру құқығы беріледі.
      38. Аукциондық комиссия:
      1) аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерін, олардың аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген құжаттар тізбесі бойынша біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру толықтығы тұрғысынан қайта қарайды;
      2) аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген құжаттардың толық тізбесін бермеген және біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкестендірмеген әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;
      3) әлеуетті өнім берушілерден, олардың аукционға қатысуға өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді қарауды, аукционға қатысуға өтінімдерді бағалау мен салыстыруды жеңілдету үшін біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келтірілген аукционға қатысуға өтінімдерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратады;
      4) біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келтірілген аукционға қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратып алады.
      Аукциондық комиссияның сұрауларына және аукционға қатысуға өтінімдерді АҚ-ның талаптарына сәйкес келтіруге байланысты өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді.
      АҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру деп аукционға қатысуға өтінімдерді сәйкес келтіру мерзімі аяқталғаннан кейін аукционға қатысуға өтінімдерді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, аукционға қатысуға өтінімдерде берілген құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды түзету жолымен сәйкес келтіруге бағытталған аукциондық комиссияның іс-әрекеттері түсініледі;
      5) біліктілік талаптары мен АҚ-ның өзге де талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтайды және аукцион қатысушылары деп таниды.
      Аукциондық комиссия, егер онда аукционға қатысуға өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса аукционға қатысуға өтінімді АҚ талаптарына сәйкес келетін ретінде қарайды.
      39. Аукциондық комиссия мынадай:
      1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;
      2) аукциондық комиссияға:
      аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
      оған қатысу үшін банктік кепілдік түрінде аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін аукционның атауы мен нөмірі;
      банктік кепілдік түрінде ұсынылған аукционда қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;
      аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;
      пайдасына аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтердің жоқтығынан көрінетін аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген;
      3) аукциондық өтінімді қамтамасыз етуді аукционға бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде енгізген жағдайларда енгізілген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді АҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп таниды.
      Аукционға қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етудің тиындармен есептелген сомасы дөңгелектенеді. Бұл ретте елу тиыннан төмен сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал елу тиынға тең және одан жоғары сома бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.
      Өзге негіздер бойынша енгізілген электрондық аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді АҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.
      Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       40. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында енгізілген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді АҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп тану себебін көрсетеді.
      Әлеуетті өнім берушіні Заңның 9-бабының 1-тармағында және Қағидалардың 344-тармағында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді. Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету соманың бір және одан да көп пайызы мөлшерінде енгізілген жағдайда, аукциондық комиссия енгізілген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы АҚ-ның талаптарына сәйкес деп таниды.
      41. Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету аукционға бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде енгізілген кезде, әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімді АҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру мақсатында, аукционға қатысуға өтінімді қосымша қамтамасыз етуді Заңның 25-бабы 3-тармағында көзделген түрлердің бірінде енгізуге құқылы.
      Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген әлеуетті өнім берушілерге аукционға қатысуға өтінімді АҚ-ның талаптарына сәйкес келтіру үшін құқық берілмейді.
      42. Әлеуетті өнім беруші мынадай жағдайларда:
      1) өзі және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалған;
      2) Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері болған;
      3) егер оның аукционға қатысуға өтінімі АҚ-ның талаптарына сәйкес емес деп айқындалған, оның ішінде егер ол АҚ-ның және Қағидалардың талаптарына сәйкес аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынбаған жағдайда аукционға қатысуға (аукционға қатысушы деп тануға) жіберілмейді.
      43. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдерді қайта қарау кезінде, алдын ала рұқсат беру хаттамасында көзделмеген негіздер бойынша әлеуетті өнім берушілерді қабылдамауға жол берілмейді.
      44. Біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келтірілген аукционға қатысуға өтінімдерді қайта қарау нәтижелері бойынша, әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптары мен АҚ-ның талаптарына сәйкес келтірілген аукционға қатысуға өтінімдерін қайта ұсынуының түпкілікті мерзімі күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттама ресімделеді.
      45. Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға құжаттың электрондық көшірмесі нысанында тауарлардың сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды, болған кезде, сараптау комиссиясы мүшесінің ерекше пікірі қоса беріледі.

8. Бастапқы бағаларды бағалау мен салыстыру және аукционның бастапқы бағасын айқындау

      46. Веб-портал аукционға қатысушылардың бастапқы бағаларын бағалау мен салыстыруды автоматы түрде жүргізеді. Ең төмен бастапқы бағаның негізінде бастапқы баға айқындалады.
      Өткізіліп отырған аукционның мәні болып табылатын тауарға аукционға басқа қатысушының ұсынған бастапқы бағасына тең бастапқы баға ұсынылған жағдайда, ең төмен бастапқы баға деп басқа ұсыныстардан бұрын ұсынылған тауар бағасы танылады.

9. Аукционды өткізу

      47. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу веб-порталда нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады, оларды өткізуді мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор қамтамасыз етеді.
      48. Аукцион веб-порталында, аукционға қатысуға рұқсат беру хаттамасында көрсетілген күні және мерзімде өткізіледі.
      Аукционды өткізу күні аукционға қатысуға рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап екі жұмыс күні өткеннен кейінгі күн болып табылады.
      Аукцион басталатын уақыт Астана уақыты бойынша сағат 18-00-ден кешікпейтін етіп белгіленеді.
      49. Аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілер аукционға қатысады.
      50. Аукцион, өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасынан бастап, баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион адымына төмендету жолымен жүргізіледі.
      51. Аукцион адымы өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасының жарты (0,5) пайызынан бастап бес пайызына дейін құрайды.
      52. Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушылар баға туралы ағымдағы ең төменгі ұсынысты аукцион адымы шегіндегі шамаға төмендетуді көздейтін, өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстарын береді.
      53. Аукционға қатысушы, егер өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың бағасы туралы мұндай ұсынысты аукционның осы қатысушысы берген жағдайда, өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың бағасы туралы ағымдағы ең төмен ұсыныстан төмен болатын ұсынысты беруге құқығы жоқ.
      54. Аукционға қатысушылардың өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткізу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың бағасы туралы соңғы ұсыныс келіп түскеннен кейінгі он минутты құрайды. Егер көрсетілген уақыт ішінде өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың неғұрлым төмен бағасы туралы бір де бір ұсыныс келіп түспесе, аукцион аяқталады.
      55. Веб-портал ең төменгі баға негізінде жеңімпазды автоматты түрде айқындайды.
      Екінші орынды алған аукционға қатысушы ең төменгі бағадан кейінгі келесі баға негізінде айқындалады.
      56. Егер аукционның басқа бір қатысушысы ұсынған, өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың аукционның басқа бір қатысушысы ұсынған бастапқы бағасына тең бастапқы баға ұсынылса, онда аукционның мәні болып табылатын тауардың бастапқы бағасы туралы басқа ұсыныстардан бұрын келіп түскен ұсыныс ең төмен бастапқы баға болып танылады.
      57. Егер аукционды өткізу басталғаннан кейінгі отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бір де біреуі өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс бермеген болса, аукционның жеңімпазы деп бастапқы бағасы ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім беруші танылады.
      58. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама аукционды өткізу аяқталған күні Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде қалыптастырылады және орналастырылады.
      59. Заңның 35-бабы 2-тармағына сәйкес аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама мынадай ақпаратты қамтиды:
      1) аукционға қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен АҚ-ның өзге де талаптарына сәйкес келтіру туралы;
      2) Заңның 33-бабының 5-тармағы 1) және 2) тармақшаларына сәйкес аукциондық комиссияның сұрау салулары туралы;
      3) оларды қабылдамау себептерін толық сипаттай отырып, оның ішінде олардың біліктілік талаптары мен осы АҚ-ның талаптарына сәйкес келмейтінін растаушы мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, аукционға қатысуға өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы ақпаратты қамтылуы тиіс.
      Ескерту. 59-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10. Аукционға қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару

      60. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бiрi туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде әлеуетті өнім берушіге ол енгiзген аукционға қатысу өтiнiмін қамтамасыз етуді:
      1) осы әлеуетті өнім беруші өзiнiң аукционға қатысуға өтiнiмiн аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етудің соңғы мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алған жағдайда;
      2) аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
      3) аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай аукцион жеңiмпазы деп айқындалған аукционға қатысушыға қолданылмайды;
      4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген және аукцион жеңiмпазы АҚ көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгiзген жағдайда қайтарады.
      61. Ұйымдастырушы мынадай:
      1) аукцион жеңiмпазы деп айқындалған не екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;
      2) аукционның жеңiмпазы не не екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасаса отырып, АҚ белгіленген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды орындамаған не тиісті түрде, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайлардың бiреуi туындаған кезде аукционға қатысуға өтiнiмді қамтамасыз етуді қайтармайды.

11. Аукцион қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алуы туралы шарт

      62. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі - Шарт), Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылып, тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында веб-портал арқылы жасалады.
      Заңның 6-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулері болған тұлғаны қоспағанда, тапсырыс беруші Қағидаларға 19, 20 және 21-қосымшаларға сәйкес үлгі шартқа сай жасалған шарттың жобасын аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі біткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпазға жібереді.
      Өнім берушіні таңдау рәсімдері, оның ішінде мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары шеңберінде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану рәсімдері тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілгенге дейін аяқталған жағдайда шарттың жобасы тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпазға жіберіледі.
      63. Заңның 43-бабы 3-тармағына сәйкес шарттың жобасын аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы, шарттың жобасын қоса бере отырып, веб-порталға хабарлама келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырады.
      Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       64. Тапсырыс беруші, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі біткен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы өнім берушіге шартқа қол қоятын тұлға мен өнім берушінің деректемелері туралы мәліметтерге сұрау салу жібереді.
      65. Әлеуетті өнім беруші веб-порталда тиісті сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады және шартқа қол қоятын тұлға мен өнім берушінің деректемелері туралы мәліметтерді растайды.
      Әлеуетті өнім беруші шартқа қол қоятын тұлғасы мен өзінің деректемелерін растау болмаған жағдайда тапсырыс беруші веб-порталда әлеуетті өнім беруші орналастырылған тіркеу деректеріне сәйкес шартқа қол қояды.
      66. Тапсырыс беруші, Қағидалардың 388-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушінің мәліметтерді растау мерзімі біткен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарт жобасын қалыптастырады және оған қол қою үшін әлеуетті өнім берушіге жібереді.
      67. Өнім беруші, Заңда және Қағидаларда белгіленген мерзімде веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен шартқа қол қояды.
      68. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде шарт жобасына қол қоймаса, тапсырыс беруші жеңімпаздың шарт жасасудан жалтарған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын веб-портал арқылы екінші орынды алған әлеуетті өнім берушіге жібереді.
      69. Заңның 43-бабы 7-тармағына сәйкес шарттың жобасын екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші өзіне шарттың жобасы ұсынылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыруға тиіс.
      Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       70. Егер екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің қолы қойылған шартқа белгіленген мерзімде қол қоймаса, тапсырыс беруші қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
      71. Шарт, уәкілетті органның Заңның 47-бабына сәйкес шығарылған шешіміне шағымдану кезеңінде жасалуы мүмкін емес.
      72. Өнім беруші шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес (болған кезде) соманы енгізуге міндетті.
      73. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.
      Егер шартта аванс төленуі көзделген жағдайда, өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етумен бірге авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді.
      Өнiм беруші аванстың толық сомасын төлеуден не аванстың бір бөлігінен бас тартуға құқылы. Аванстан ішінара бас тартқан жағдайда өнім беруші аванстың бір бөлігіне тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізуге міндетті.
      Шарт бойынша міндеттемелерді орындау шамасына қарай тапсырыс беруші өнім берушінің жазбаша хабарламасы бойынша авансты орындауды қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттік сатып алу туралы шартта көзделген орындалған міндеттемелерге барабар азайтады.
      74. Шарт бір қаржы жылынан асатын мерзімге жасалған жағдайда ағымдағы жылға шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тиісті қаржы жылында көзделген шарттың жылдық сомасына сүйене отырып, есептеледі.
      75. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
      1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;
      2) қағаз жеткізгіштегі банк кепілдігін не Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында таңдауға құқылы.
      Тапсырыс беруші енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта көрсетілген мерзімде немесе өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.
      76. Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.
      77. Демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (болған кезде), өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына не тиісінше орындамауына байланысты шартты бұзған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ қамтамасыз ету сомасын қайтармайды.
      78. Заңның 43-бабы 22-тармағына сәйкес шарт бойынша тауарларды жеткізудің ең аз мерзімі тауарды жеткізуге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге) кеткен мерзімнен кем емес, бірақ кем дегенде күнтізбелік он бес күнді құрайды.
      Ескерту. 78-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       79. Егер жеңімпаз деп айқындалған не екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге қол қойылған шартты ұсынбаған немесе шартты жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбесе, мұндай әлеуетті өнім беруші шартты жасасудан жалтарды деп танылады.
      80. Егер мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім беруші (екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші) шартты жасасудан жалтарды деп танылған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ол енгізген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудi ұстап қалады.

12.Әлеуетті өнім берушілерге жұмыс тәжірибесі болуы бөлігінде қойылатын талаптар

      81. Заңның 9-бабы 1-тармағына сәйкес Қағидалардың 442-тармағының <тармақша нөмірі> тармақшасына сәйкес әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарлар нарығындағы, оның ішінде тауарлардың ұқсас түрлері бойынша жұмыс тәжірибесі <кезең көрсетілсін> жылдан кем болмайды.
      Ескерту. 81-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту
      * аукционға қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуге қатысты аукциондық құжаттама ережелері Заңның 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар арасында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде көрсетілмейді.
      Ескерту. 9-қосымша ескертумен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.
      Ескерту. 9-қосымша аббревиатуралармен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Аукциондық құжаттамаға
1-қосымша

Аукцион мәні (лот)

      Аукционның №__________________________________________
      Аукционның атауы______________________________________

№ лот
Тапсырыс берушінің атауы
Тауардың атауы*
өлшем бірлігі
Саны, көлемі
ИНКОТЕРМС 2000 тауар жеткізу шарттары
Тауардың жеткізу мерзімі
Тауардың жеткізу орны
Аванстық төлем мөлшері, %
Лот бойынша бөлінген сомма, теңге
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10

      
      * Тауардың толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшеліктерде көрсетіледі.

  Аукциондық құжаттамаға
2-қосымша

Аукциондық құжаттамаға сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігі

      Аукционның №________________________________________________
      Аукционның атауы______________________________________
      Техникалық ерекшелікте қажетті ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, ол болған кезде Қазақстан Республикасының ұлттық немесе үкіметтік емес стандарттарын көрсете отырып,сатып алынатын тауарлардың толық сипатын және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы беріледі.
      Бұл ретте техникалық ерекшелік техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарына қайшы келмеуге тиіс. Қажет болған кезде техникалық ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.
      Қажет болған кезде техникалық ерекшелікте тауарларды жеткізу кезінде тапсырыс берушіге қажетті ілеспе қызметтер (монтаждау, ретке келтіру, оқыту, тауарларды тексеру және сынақтан өткізу және т.б.) мен олар қай жерде шығарылуы керек екендігі, тауардың шыққан жылы, кепілдік мерзімі көрсетілуі тиіс.

  Аукциондық құжаттамаға
3-қосымша

Сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігі

      (әлеуетті өнім берушіге беріледі)
      Аукционның № _____________________________________
      Аукционның атауы__________________________

Лоттың №
 
Лоттың атауы
 
Тауардың атауы (маркасын, моделін, үлгісін және/немесе тауар белгісін не қызмет көрсету белгісін және т.б. көрсете отырып)
 
Өндіруші ел
 
Дайындаушы зауыттар
 
Шығарылған жылы
 
Кепілді мерзімі (болған жағдайда) (айларда)
 
Функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану мінездемесін сипаттау
 
Аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестендіруді растайтын өзге де мәліметтер (техникалық ерекшеліктер).
 

  Аукциондық құжаттамаға
4-қосымша

Аукционға қатысу туралы келісім

      Осымен берілген мемлекеттік сатып алуға аукцион тәсілімен әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға және тауардың (лардың) жеткізілімін АҚ көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес жүзеге асыруға келісім беруге, сондай-ақ Заңның 6-бабында белгіленген біліктілік талаптары мен шарттарына сәйкес біздің келісімімізді растайтын мәліметтерді алуға келісім беруге тілек білдіреміз.
      Осымен Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзушылықтардың болмауын, сондай-ақ менімен (әлеуетті өнім беруші) және тапсырысшы және (немесе) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы арасында Заңда тыйым салынған қатынастардың болмауын растаймыз және Заңның 43-бабының 19-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға келісім береміз.
      Аукциондық құжаттамамен танысқанымызды және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға және аукциондық комиссияға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (жеткізілетін тауарды (ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгенімізді растаймыз.
      Аукционға қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергеніміз үшін жауапкершілікті өзімізге толық аламыз.
      Біздің аукционға қатысуға өтініміміз конкурстық құжаттамада талап етілетін мерзім ішінде қолданылатын болады.
      Біздің өтініміміз аукционда жеңді деп танылған және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда біз аукциондық құжаттамада көрсетілген мөлшерде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгіземіз және мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға байланысты ақпаратты ашуға (тауарларды жеткізуге арналған жүкқұжат (акт) келісім білдіреміз.
      Біздің аукционға қатысуға берген өтініміміз оны жеңді деп тану туралы хабарламамен бірге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу сәтіне дейін тапсырыс беруші мен біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін орындайтын болады.

  Аукциондық құжаттамаға
5-қосымша

Біліктілік туралы мәліметтер

      Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       Аукцион № ___________________________________________________
      Аукцион атауы ____________________________________________
      1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәліметтер:
      Атауы _________________________________________________
      БСН/ЖСН/ССН/СЕН ___________________________________________
      2. Растау құжаттарының электрондық көшірмелерінің қосымшасы бар аукционда сатып алынатын ұқсас (бірдей) әлеуетті өнім берушімен қойылған (орындалған) тауарлар көлемі соңғы оң жыл ішінде* (бар болса толтырылады).

Тауардың атауы
Тапсырыс берушінің атауы
Тапсырыс берушінің телефон нөмірі
Тауарды жеткізу орны
Тауарды жеткізу күні
Растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі
Шарттың құны, теңге (көрсетпеуге болады)
 
 
 
 
 
 
 

      


Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын

      
      * тауарды жеткізу тәжірибесі осы аукционда білікті талап болып табылмаған жағдайда растау құжаттарының электрондық көшірмелерінің болмауы тиісті шартты жеңілдікке ықпал етеді
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі.

  Аукциондық құжаттамаға
6-қосымша

Банктік кепілдік

      Банктің атауы ___________________________________________
      Банктің деректемелерi ____________________________________
      Кімге:
       Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы_________________________________________________________
       Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының деректемелерi________________________________________________________
      № _______ кепілдік міндеттеме
      _____________________________ "_____"____________ж.
      (орналасқан жері)
      Біз, бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын______________________
       (әлеуетті өнім берушінің атауы)
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
      ұйымдастырған ________________________________________ сатып алу жөніндегі аукционға қатысатынынан және
      _______________________________________________________________
      (аукцион бойынша тауарлардың атауы)
      тауарларды жеткізуді жүзеге асыруға дайын екенінен хабардармыз.
      Жоғарыда аталған аукционды өткізу жөніндегі ___________ ж. "____"________ аукциондық құжаттамада әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді банктік кепілдік түрінде енгізуі көзделген.
      Осыған байланысты біз ________________________________________ осымен
      (банктің атауы)
      Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды алғаннан кейін, сондай-ақ конкурс жеңімпазы деп айқындалған не екінші орын алған Өнім беруші:
      мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғандығына;
      мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы аукциондық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамағанын не тиісінше орындамағанын, оның ішінде уақтылы орындамағанын жазбаша растауды алғаннан кейін;
      Сіздің талабыңыз бойынша Сізге
      ______________________________________________________________
      (сома санмен және жазбаша)
      сомаға тең кері қайтып алынбайтын міндеттемені төлеуді өз міндетімізге аламыз.
      Осы кепілдік міндеттеме аукционға қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап күшіне енеді. Осы кепілдік міндеттеме Өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімінің қолданылуының соңғы мерзіміне дейін қолданылады және егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз ____ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатынына немесе қайтарылмайтынына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды.
      Егер аукционға қатысуға өтінімднің қолданылу мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады. Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
      Кепілгердің қолы мен мөрі Күні мен мекенжайы

  Аукциондық құжаттамаға
7-қосымша

Берешектің жоқтығы туралы анықтама

      Банктің атауы __________________________________________
      Банктің деректемелері ___________________________________
      Банк (атауы) ___________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес осы Банкте қызмет көрсетілетіннің (заңды тұлғаның толық атауы, тел., мекенжайы, көрсетiлciн) банк алдында анықтама берiлген айдың алдындағы үш айдан артық созылған мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығын растайды.
      Күні _____________ Қолы __________ МО

  Аукциондық құжаттамаға
8-қосымша

Әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағасы

      Ескерту. 8-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       Аукционның №________________________________________________
      Аукционның атауы______________________________________
      Лоттың № ____________________________________________________
      Лоттың атауы __________________________________________
      Өнім берушінің атауы ____________________________________
      БСН/ЖСН/СЖН/ТБН _________________________________________
      Өнім берішінің банк деректемелері______________________________
      Баға ұсынысының валюта атауы ____________________
      Өлшем бірлігі __________________________________________
       Барлық шығыстарды және жеңілдіктерді есепке алғандағы бірлік бағасы _________________
      Саны (көлемі) _________________________________________
      ИНКОТЕРМС 2000 тауар жеткізу шарттары ____________________
      Жалпы саны (санын бірлік үшін бағаға көбейту) ____________
      Біз аукциондық құжаттамада айтылған Сіздердің төлем шарттарыңызбен келісеміз.
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
10-қосымша

Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы
№___

      Ескерту. 10-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
       Аукционның №__________________________________________________
      Аукционның атауы____________________________________________
      Аукциондық құжаттаманың жобасына ескертулерді, сондай-ақ конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды қабылдау мерзімі ________ бастап ___________ дейін
      Ұйымдастырушының атауы ______________________________________
      Аукциондық құжаттама жобасына ескерту(лер), сондай-ақ конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұрау салу(лар) мынадай шешім(дер) қабылданған өнім беруші(лер)ге жіберілген:


Әлеуетті өнім берушінің БСН (БСН)/ БСН/ТЕН
Өтініш тұрпаты (түсіндіру туралы ескерту, сұрау салу)
Өтініш мәтіні
Түсіндіру туралы ескертуді, сұрау салуды жіберу күні мен уақыты
Шешім қабылданды
Ауытқу себебі, түсіндіру мәтіні
 
 
 
 
 
 
 

      
      Осы аукцонға қатысуға арналған өтінімдер осы хаттаманы және бекітілген конкурстық құжаттама мәтінін мемлекеттік сатып алудың веб-порталында орналастыру сәтінен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей қабылданады.

Бірінші басшы не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам, тапсырыс беруші не оның міндетін атқаратын тұлға
 
ТАӘ қолы

      
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
11-қосымша

Ашу хаттамасы (Аукционның нөмірі)

      Ескерту. 11-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       бұл ретте нөмір сатып алудың тәсіліне және нөміріне байланыстырылуы тиіс
      Күні және уақыты
      Тапсырыс беруші* ____________________________________________________
      Аукционның № ________________________________________________________
      Аукционның атауы ____________________________________________________
      Ұйымдастырушының атауы ______________________________________________
      Ұйымдастырушының мекенжайы ______________________________
      Аукциондық комиссияның құрамы:


Т.А.Ә.
Ұйымдағы лауазымы
Комиссиядағы рөлi
 
 
 
 

      
      Жалпы соманы көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың тізбесі ___________

Лоттың №
Лоттың атауы
Тауардың сипаттамасы
Саны
Бірлік үшін баға, теңге
Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге
 
 
 
 
 
 

      
      Аукционға қатысуға өтінімдерді мынадай әлеуетті өнім берушілер ұсынды (өтінім саны:


Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН
Әлеуетті өнім берушінің мекенжайы (облыс, қала, көше, пәтер)
Өтінім беру күні мен уақыты
(хронология бойынша)
 
 
 
 
 

      
      Аукциондық құжаттамада көзделген құжаттардың болуы (болмауы) туралы ақпарат:

№. Әлеуетті өнім берушінің атауы БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН

Құжаттың атауы
Болу белгісі
 
 
 

      
      Ескертпе:
      * Тапсырыс беруші туралы мәліметтер, егер Тапсырыс берушілер бірнешеу болса көрсетілмейді.
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
12-қосымша

Алдын ала рұқсат беру хаттамасы (Аукционның нөмірі)

      Ескерту. 12-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       бұл ретте нөмір сатып алудың тәсіліне және нөміріне байланыстырылуы тиіс
      (әрбір лотқа жеке қалыптастырылады)
      Күні және уақыты
      _____
      Тапсырыс беруші* ____________________________________________________
      Аукционның №_________________________________________________________
      Аукционның атауы ____________________________________________________
      Ұйымдастырушының атауы ______________________________________________
      Ұйымдастырушының мекенжайы __________________________________________
      Аукциондық комиссияның құрамы:


Т.А.Ә.
Ұйымдағы лауазымы
Комиссиядағы рөлi
 
 
 
 

      
      Жалпы соманы көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың тізбесі ___________


р/р
Лоттың №
Лоттың атауы
Саны
Бірлік үшін баға
Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге
 
 
 
 
 
 

      
      Лоттың №_______________________________________________________
      Лоттың атауы ____________________________________________
      Аукционға (лотқа) қатысуға берілген өтінімдер туралы ақпарат (хронология бойынша): (өтінім саны)


Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН
Өтінім берілген күні және уақыты
(хронология бойынша)
 
 
 
 

      
      Аукциондық комиссия мүшелерінің алдын ала дауыс беру нәтижелері:

№ р/р
Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілер тізбесі), БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН
 
Комиссия мүшесінің Т.А.Ә.
Комиссия мүшесінің шешімі
Конкурстық комиссия құжаттамасы талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келмеу себебінің толық сипаттамасы
Бас тарту себептеріне негіздеме
Конкурстық құжаттаманың талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысу үшін өтінім келтіру үшін қажетті құжаттар тізбесі
 
 
 
 
 
 

      
      Аукционға қатысуға бас тартылған өтінімдер: (өтінім саны)


р/р
Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН
Бас тарту себебі
 
 
 
 

      
      Аукциондық комиссия құжаттамасы талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келетін аукционға қатысуға өтінімдер: (өтінім саны):


Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН
 
 
 

      
      Әлеуетті өнім берушілер аукциондық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келтірілген аукционға өтінімдерін берудің соңғы күні мен уақыты: осы хаттаманы жариялаған сәттен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей.
      Ескертпе:
      * Тапсырыс беруші туралы мәліметтер, егер Тапсырыс берушілер бірнешеу болса көрсетілмейді.
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
13-қосымша

Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттама
(Аукционның нөмірі)

      Ескерту. 13-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       бұл ретте нөмір сатып алудың тәсіліне және нөміріне байланыстырылуы тиіс
      Күні және уақыты
      Тапсырыс беруші* ____________________________________________________
      Аукционның №_________________________________________________________
      Аукционның атауы ____________________________________________________
      Ұйымдастырушының атауы ______________________________________________
      Ұйымдастырушының мекенжайы __________________________________________
      Аукциондық комиссияның құрамы:


Т.А.Ә.
Ұйымдағы лауазымы
Комиссиядағы рөлi
 
 
 
 

      
      Жалпы соманы көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың тізбесі ___________

Лоттың

Лоттың атауы
Тауардың сипаттамасы
Саны
Бірлік үшін баға
Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге
 
 
 
 
 
 

      
      Аукционға (лотқа) қатысуға берілген өтінімдер туралы ақпарат (хронология бойынша): (өтінім саны)


Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН
Өтінім берілген күні және уақыты
(хронология бойынша)
 
 
 
 

      
      Аукционға қатысуға арналған аукциондық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келтірілгені туралы ақпарат (осы ақпарат аукционға қатысуға арналған алдын ала рұқсат хаттамасы болған кезде жарияланады) (өтінім саны):


Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН
Өтінім берілген күні және уақыты
(хронология бойынша)
 
 
 
 

      
      Аукциондық комиссияның біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қайта қарау кезінде мынадай құжаттар сұратылған болатын (Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 23-бабының 5-тармағына сәйкес сұрау салу жүзеге асырылған жағдайда толтырылады):


Сұрау салу жіберілген ұйымның/тұлғаның атауы
Сұрау салу жіберілген күн
Сұрау салудың қысқаша сипаттамасы
Жауап берілген күн
 
 
 
 
 

      
      Аукциондық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:

№ р/р
Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілер тізбесі), БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН
 
Комиссия мүшесінің Т.А.Ә.
Комиссия мүшесінің шешімі
Бас тарту себебі
Біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына олардың сәйкес келмеуін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, бас тарту себептерін егжей-тегжей сипаттау
 
 
 
 
 

      
      Аукционға қатысудан бас тартылған өтінімдер (өтінім саны):


Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН
Бас тарту себебі 1
 
 
 
 

      
      ________________________________________________________ 1үш мәтінді мәні бар анықтамалық: (біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмеу, Заңның 6-бабының талаптарын бұзу)
      Аукционға қатысуға мынадай өтінімдер аукционға қатысушылармен танылған және рұқсат етілген (өтінім саны):


Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН
 
 
 

      
      Аукционға қатысушылардың бастапқы бағалары:


Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН
Өнім берушінің бірлік үшін бағасы, теңге
Өнім берушінің жалпы сомасы, теңге
Өтінімді беру күні мен уақыты
Ескертпе: (мәні: ең аз бастапқы баға*)
1
2
3
4
5
6
7
 
 
 
 
 
 
 

      
      * ең аз бастапқы баға – кімнің бастапқы бағасы аз және басқа ұсыныстардан бұрын түскен аукционға қатысушыға беріледі.
      Аукциондық сауда-саттықтың күні мен уақыты туралы хабарлама осы хаттамаға қоса беріледі.
      Әлеуетті өнім берушілердің кем дегенде екеуі жіберілген жағдайда сауда-саттық өтпейді.
      Ескертпе:
      * Тапсырыс беруші туралы мәліметтер, егер Тапсырыс берушілер бірнешеу болса көрсетілмейді.
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
14-қосымша

Қорытындылар туралы хаттама (Аукционның нөмірі)

      Ескерту. 14-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       бұл ретте нөмір сатып алудың тәсіліне және нөміріне байланыстырылуы тиіс
      Күні және уақыты
      Тапсырыс беруші* ____________________________________________________
      Аукционның №_________________________________________________________
      Аукционның атауы ____________________________________________________
      Ұйымдастырушының атауы ______________________________________________
      Ұйымдастырушының мекенжайы __________________________________________
      Аукциондық комиссияның құрамы:


Т.А.Ә.
Ұйымдағы лауазымы
Комиссиядағы рөлi
 
 
 
 

      
      Жалпы соманы көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың тізбесі ___________

Лоттың

Лоттың атауы
Тауардың сипаттамасы
Саны
Бірлік үшін баға
Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге
 
 
 
 
 
 

      
      Аукционға қатысуға берілген өтінімдер туралы ақпарат: (өтінім саны)


Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН
Өтінім берілген күні және уақыты
(хронология бойынша)
 
 
 
 

      
      Аукционға қатысуға арналған аукциондық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келтірілгені туралы ақпарат (осы ақпарат аукционға қатысуға арналған алдын ала рұқсат хаттамасы болған кезде жарияланады) (өтінім саны):


Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН
Өтінім берілген күні және уақыты
(хронология бойынша)
 
 
 
 

      
      Аукциондық комиссияның біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қайта қарау кезінде мынадай құжаттар сұратылған болатын (Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 23-бабының 5-тармағына сәйкес сұрау салу жүзеге асырылған жағдайда толтырылады):


Сұрау салу жіберілген ұйымның/тұлғаның атауы
Сұрау салу жіберілген күн
Сұрау салудың қысқаша сипаттамасы
Жауап берілген күн
 
 
 
 
 

      
      Аукциондық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:


р/р
Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілер тізбесі), БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН
 
Комиссия мүшесінің Т.А.Ә.
Комиссия мүшесінің шешімі
Бас тарту себебі
Біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына олардың сәйкес келмеуін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, бас тарту себептерін егжей-тегжей сипаттау
 
 
 
 
 

      
      Аукционға қатысудан бас тартылған өтінімдер (өтінім саны):


Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН
Бас тарту себебі 1
 
 
 
 

      
      ________________________________________________________ 1үш мәтінді мәні бар анықтамалық: (біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмеу, Заңның 6-бабының талаптарын бұзу)
      Аукционға қатысуға мынадай өтінімдер аукционға қатысушылармен танылған және рұқсат етілген (өтінім саны):


Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН
 
 
 

      
      Аукционға қатысушылардың бастапқы бағалары:


Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН) / ССН / ТЕН
Өнім берушінің бірлік үшін бағасы, теңге
Өнім берушінің жалпы сомасы, теңге
Өтінімді беру күні мен уақыты
Ескертпе: (мәні: ең аз бастапқы баға*)
1
2
3
4
5
6
7
 
 
 
 
 
 
 

      
      * ең аз бастапқы баға – кімнің бастапқы бағасы аз және басқа ұсыныстардан бұрын түскен аукционға қатысушыға беріледі.
      Аукционның басталу күні мен уақыты: (КК.АА.ЖЖЖЖ СС:ММ:СС)
      Аукционның аяқталу күні мен уақыты: (КК.АА.ЖЖЖЖ СС:ММ:СС)
      Аукционға қатысушылардың ұсыныстары туралы мәліметтер:

Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН) / СЖН/ СЕН
Өнім берушінің бірлік үшін бағасы, теңге
Өнім берушінің жалпы сомасы, теңге
Ұсынысты беру уақыты
 
 
 
 
КК.АА.ЖЖЖЖ СС:ММ:СС (Астана қаласының уақыты бойынша)

      
      Аукциондық комиссияның шешімі:
      1. №___ лот бойынша жеңімпазды айқындау: {БСН/ЖСН жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің атауы }, екінші орын алған әлеуетті өнім беруші, {БСН/ЖСН екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің атауы}.
      2. Тапсырыс беруші {тапсырыс берушінің атауы} "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде {жеңімпаз өнім берушінің атауы}-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.
      Не:
      "Мемлекеттік сатып алу (№___ лот бойынша сатып алудың атауы)_____________________ байланысты өтпеді деп танылсын *":
      Ескерту: *Мынадай мағыналардың біреуі: "берілген өтінімдердің болмауы", "кемінде екі өтінімнен беру", "конкурсқа бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген", "аукционға бір әлеуетті өнім беруші қатысуға жіберіледі".
      Не:
      Сатып алуды жою жүргізілді, оның негізі мынау болып табылады: Уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыным, шешім) № _________ күні.айы.жылы.
      Жою туралы шешім қабылдаған орган: {_________________________}
      Не:
      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10-тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тарту жүргізілді".
      Ескертпе:
      * Тапсырыс беруші туралы мәліметтер, егер Тапсырыс берушілер бірнешеу болса көрсетілмейді.
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты;
      кк.аа.жжжж. – күн, ай, жыл;
      сс.мм.сс. – сағат, минут, секунд.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
15-қосымша

Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру

      Құрметті қатысушы (әлеуетті өнім берушінің атауы).
      Сіз веб-портал арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға (шақыру №, шақыру атауы) шақырылдыңыз.
      Шақыруды қарау үшін сілтеме (шақыруға сілтеме) бойынша жүріңіз.
      Егер жоғарыда көрсетілген сілтеме ашылмаса, оны алмасу буферіне көшіріп алыңыз да браузердің мекенжай жолына қойыңыз және "Енгізуді" басыңыз.

  Бiр көзден алу тәсiлiмен
мемлекеттiк сатып алуға қатысуға
шақыруға қосымша

Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттік сатып алу (лоттар) тізбесі

      (бекітілген жылдық жоспар негізінде қалыптастырылады)
      Шақыру № ______________________________________
      Шақырудың атауы _______________________________

Лот №
Тапсырыс берушінің атауы
Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауы*
Өлшем бірлігі
Саны, көлемі
Жеткізу шарты (Incoterms 2000-ға сәйкес)
Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі
Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны
Аванстық төлем мөлшер, %
Лот бойынша бөлінген сома, теңге
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10

      
      * Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшелікте көрсетіледі

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
16-қосымша

Мемлекеттік сатып алудың веб-порталы жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы келісім

      Осымен аталған электрондық мемлекеттік сатып алу жолымен бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниетімізді білдіреміз және белгіленген талаптар және шарттар бойынша (тауарды (тауарларды) жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді) жүзеге асыруға келісімімізді, сондай-ақ Заңның 6-бабында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулерге біздің келісімімізді растайтын мәліметтерді алуға келісім білдіреміз.
      Осымен Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзушылықтардың болмауын, сондай-ақ менімен (әлеуетті өнім беруші) және тапсырысшы және (немесе) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы арасында Заңда тыйым салынған қатынастардың болмауын растаймыз және Заңның 43-бабының 19-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға келісім береміз.
      Сондай-ақ, (тауарды (тауарларды), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алу туралы шарттың бұзылуына әлеуетті өнім берушінің келісімін білдіреміз және мемлекеттік сатып алу туралы шартты (тауарды жеткізуге арналған жүкқұжат (акт) орындауға байланысты ақпаратты ашуға келісім білдіреміз.
      Құжаттар тізімімен танысқанымызды және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға өзіміздің заңдылығымыз, біліктіліктігіміз, сапалық және өзге мінездемелеріміз (жеткізілетін тауар (тауарлар), орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы дәйексіз мәліметтерді ұсынылғаны үшін, авторлық және аралас құқықтардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулердің сақталуына жауапкершілік туралы хабарланғанын растаймыз.
      Сатып алуға қатысуға жауапта және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дәйексіз мәліметтердің ұсынылуы үшін өзімізге толық жауапкершілікті аламыз.

  Мемлекеттік сатып алу веб-порталы
арқылы бiр көзден алу тәсiлiмен
мемлекеттік сатып алуға қатысу
туралы келісімге қосымша

Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы

      (әрбір мемлекеттік сатып алуға (лотқа) жеке-жеке толтырылады
      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       Шақыру № _________________________________________________
      Шақырудың атауы __________________________________________
      Лоттың № _________________________________________________
      Лоттың атауы _____________________________________________
      Өнім берушінің атауы _____________________________________
      БСН/ЖСН/СЖН/ТБН __________________________________________
      Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы__________
      ТЖҚС коды ________________________________________________
      Баға ұсынысының валютасы _________________________________
      Баға ұсынысы валютасының коды ____________________________
      Өлшем бірлігі ____________________________________________
      Барлық шығыстарды есепке алғандағы бірлік бағасы__________
      Саны (көлемі) ____________________________________________
      ИНКОТЕРМС 2000 тауар жеткізу шарттары ____________________
      Жалпы бағасы (санды бірлік бағасына *) ___________________
      Біз сіздің төлем жасау шарттарыңызбен келісеміз.
      Күні және уақыты ____________________________
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
      ТЖҚС Коды – Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сыныптама коды.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
17-қосымша

Бір көзден алу/тікелей мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу
жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізу
қорытындысы туралы есеп

      Ескерту. 17-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       Лоттың № /сатып алудың сәйкестендіру коды ______________________
      Лоттың /сатып алудың атауы_________________________________
      Сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер):
      1. Коммерциялық ұсынысты беру туралы сұрау салу жіберілген әлеуетті өнім берушілер туралы мәлімет *:

р/с

Коммерциялық ұсынысты беруге сұрау салу жіберілген әлеуетті өнім берушілердің атауы
Коммерциялық ұсынысты беруге сұрау салу жіберілген әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат көздері
Шығыс сұрау салудың нөмірі және күні
 
 
 
 

      
      2. Коммерциялық ұсынысты берген әлеуетті өнім берушілер туралы мәлімет (прайс-парақтар және басқа да растаушы құжаттар)*:

р/с №
Коммерциялық ұсынысты берген әлеуетті өнім берушінің атауы
Коммерциялық ұсынысқа сәйкес ұсынылған тауарлардың жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің (марқасын, моделін көрсете отырып) қысқаша сипаттамасы
Тауарларды жеткізудің, жұмыстардың орындаудың, қызметтерді көрсетудің елеулі шарттары (баға, сапа, мерзімдер)
 
 
 
 

      
      3. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырылған/тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу туралы тікелей шарт жасасуға айқындалған әлеуетті өнім беруші туралы мәлімет және оны шақыруға/айқындауға негіздеме:

Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН)/
ССН / ТЕН
Деректемелер
Өнім берушіні таңдауды негіздеу
Жасасқан шарттың бағасын негіздеу
 
 
 
 
 

      
      4. Тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудың шарты/өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша

Әлеуетті өнім берушінің атауы
Тауарлардың жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы
Тәсілді қолданудың негіздемесі
Сатып алуға бөлінген сома, теңге
Өнім берушінің бағасы
Үнем
 
 
 
 
 
 

      
      * бұл мәтін осы Қағидалардың 360-тармағы 2-1) тармақшасында және 378-4-тармағында көрсетілген жағдайларда көрсетіледі.
      Тапсырыс беруші өкілінің Т.А.Ә. және лауазымы,
      Бір көзден мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру үшін әлеуетті өнім берушіні айқындау туралы шешім қабылдағанның қолы
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.

  Мемлекеттік сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
18-қосымша

Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама

      (әрбір мемлекеттік сатып алуға (лотқа) әрбір лотқа жекелей толтырылады)
      Ескерту. 18-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       Шақыру №_____________________________________________
      Шақыру атауы_________________________________________
      Лот № _______________________________________________
      Лот атауы ___________________________________________
      Тапсырыс беруші өкілі және ұйымдастырушы өкілі туралы ақпарат:


Т.А.Ә.
Лауазымы
Рөлі
1
 
 
Тапсырыс беруші өкілі
2
 
 
Ұйымдастырушы өкілі

      
      Сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер):

Лот нөмірі
Тауар, жұмыс, қызметтер атауы
Қолдануға негіздеме
Сатып алу (тауар, жұмыс, қызметтер) мәні түрі
Сатып алуға бөлінген сома, теңге
 
 
 
 
 

      
      Шақырылған әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат:

Өнім беруші атауы
БСН (ЖСН)/ЖСН/ СЕН
Деректемелер
 
 
 

      
      Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы туралы ақпарат:

Бөлінген сома
Өнім беруші бағасы
Баға ұсынысын жасау күні және уақыты
 
 
 

      
      Біліктілік талаптарына сәйкестік/сәйкессіздік нәтижелері:

Шақырылған әлеуетті өнім беруші атауы
Ұйымдастырушы өкілі
Ұйымдастырушы өкілі шешімі
Сәйкессіздік себебі
(Өнім берушінің толық атауы)
Ұйымдастырушы өкілінің ТАӘ, ұйымдағы лауазымы)
(Мәндер анықтамалығына сәйкес:
техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес келеді/сәйкес келмейді;
біліктілік талаптарына сәйкес келеді/сәйкес келмейді;
Заңның 6-бабына сәйкес келеді/сәйкес келмейді)
(Техникалық ерекшелік;
Біліктілік талаптарына;
Заңның 6-бабының талаптарына сәйкес келмеу жағдайында ұйымдастырушы өкілі енгізген себеп)

      
      Шақырылған әлеуетті өнім берушімен (әлеуетті өнім беруші атауы) "Бір көзден электронды сатып алу" тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалады деп шешілді.
      Не:
      Бір көзден электронды сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу шақырылған әлеуетті өнім берушінің (әлеуетті өнім беруші атауы) бір көзден электронды сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысудан бас тартуына байланысты өтпеді.
      Не:
      Бір көзден электронды сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу шақырылған әлеуетті өнім беруші (әлеуетті өнім беруші атауы) бір көзден электронды сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға жауабын белгіленген мерзімде бермегеніне байланысты өтпеді.
      Не:
      Бір көзден электронды сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу шақырылған әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкес еместігіне байланысты өтпеді.
      Не: Сатып алуды болғызбау, оған мыналар негіз болып табылады: Уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыным, шешім) № _________ КК.АА.ЖЖЖЖ.
      Болғызбау туралы шешім қабылдаған орган: {_________________}.
      Не:
      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 10-тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тартылды
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
      Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты;
      кк.аа.жжжж. – күн, ай, жыл.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
18-1-қосымша

      нысан
      _________________________________________
      (әлеуетті өнім берушінің атауы, мекенжайы)
      Күні __________ № ______________

Коммерциялық ұсынысты беру туралы сұрау салу

      Ескерту. Қағида 18-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       Осымен ________________________ (тапсырыс беруші) бір көзден алу тәсілімен мынадай тауарларға жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге тікелей шарт жасасу жолымен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға ниет білдіру туралы хабардар ету:

сатып алынатын тауарлардың жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы
мемлекеттік сатып алуды өткізудің нысаны болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі
мемлекеттік сатып алуға бөлінген сома
тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны
тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
      Осыған байланысты, әлеуетті өнім берушіні айқындау мақсатында жеткізілетін тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің), орындалатын жұмыстардың сипаттамасын жаза отырып, Сіздің коммерциялық ұсынысыңызды 20__жылғы "__"__________ дейінгі мерзімде (үш жұмыс күннен кешіктірілмеуі тиіс) жіберуді сұраймыз.
      Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алу туралы шарт мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалатынын атап өтеміз. Қосымшасы: техникалық ерекшеліктерді көрсете отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы
      _____________________________ ________ _________________________
      (Тапсырыс берушінің лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

  Мемлекеттiк сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
19-қосымша

Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт

      <Сәйкестендіру нөмірі >
      <Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>
      Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын <Тапсырыс берушінің толық атауы>, <Тапсырыс берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Тапсырыс берушінің лауазымы> <Тапсырыс берушінің ТАӘ> атынан бір тараптан және бұдан әрі бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын <Өнім берушінің толық атауы>, <Өнім берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Өнім берушінің лауазымы> <Өнім берушінің ТАӘ> атынан екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және <қорытындылардың күні> жыл № <қорытындылардың нөмірі> <сатып алу тәсілі> мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде осы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және мына төмендегі туралы келісімге келді:

1. Шарттың мәні

      1.1. Өнім беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оған қосымшаларда көрсетілген шарттарға, талаптарға сәйкес және баға бойынша Тауарды жеткізуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші осы Шарттың талаптарымен Тауарды қабылдауға және Шарт бойынша Өнім беруші өз міндеттемелерін тиісінше орындау шартында төлеуге міндеттенеді:
      <Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <1-ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>;
      …
      <Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <N-ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>.
      1.2. Төменде келтірілген құжаттар мен онда келісілген шарттар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
      1) осы Шарт;
      2) сатып алынатын көрсетілетін қызметтер тізбесі (1-қосымша);
      3) техникалық ерекшелік (2-қосымша).
      _____________________________________
      1 Бұл тармақ қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің сатып алуын қоспағанда, мемлекеттік мекемелер үшін көрсетіледі. Көрсеткіштер әрбір жылғы әрбір ерекшелік бойынша бөлек көрсетіледі..

2. Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары

      2.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа № 1 қосымшада айқындалады және <Шарттың сомасы> (сома жазумен) теңгені құрайды және Тауарлар жеткізумен байланысты барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, оның ішінде ҚҚС <ҚҚС сомасы> / <ҚҚС есепке алмағанда> (бұдан әрі – Шарттың сомасы) қамтиды.
      2.2. Қазынашылықтың аумақтық органында Шарт <Бағдарламаның коды мен атауы> бюджеттік бағдарламасы, <Кіші бағдарламаның коды мен атауы> кіші бағдарламасы, <Ерекшелік коды мен атауы> - <ерекшелік бойынша сома> теңге ерекшелігі бойынша (<ерекшелік бойынша сома жазумен>), <оның ішінде ҚҚС> <ҚҚС сомасы> теңге/<ҚҚС есепке алмағанда>1<_____> жылы тіркеуге жатады.
      2.3. Шарт күшіне енгеннен кейін Тапсырыс беруші Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, Заңның 26-бабына сәйкес аванс пен (немесе) соманы қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді.
      Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты барабар ұстау ескеріле отырып, көрсетілген қызмет актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару <төлем шарты> арқылы төлейді.
      Жеткізілген Тауар үшін төлемді Тапсырыс беруші Тауарларды қабылдап алу-беру актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару <төлем шарты> арқылы жүргізеді.
      2.4. Сандық және құндық шамадағы жеткізілетін тауар көлемі Шартқа 1-қосымшада келтірілген.
      2.5. Төлеу алдындағы қажетті құжаттар:
      1) <аумақтық қазынашылық органында тіркелген/қол қойылған> Шарт;
      2) жүкқұжат;
      3) тауарларды қабылдап алу-беру актісі (актілері);
      4) осы Қағидаларға 22-4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардағы жергілікті қамтудың үлесі бойынша есеп (шарттық міндеттемелер толық орындалғаннан кейін ұсынылады);
      5) тауарлардағы жергілікті қамтудың үлесі бойынша есеп (шарттық міндеттемелер толық орындалғаннан кейін ұсынылады);
      <№. Жаңа тармақша>
      Ескерту. 2.5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Тараптардың міндеттемелері

      _________________________________
      2 Бұл тармақ егер шарт бойынша аванс көзделсе көрсетіледі
      3 Бұл тармақ егер шарт бойынша аванс көзделмесе көрсетіледі
      3.1. Өнім беруші мыналарға:
      1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;
      2) Шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жалпы <қамтамасыз ету сомасын> (қамтамасыз ету сомасы жазумен) құрайтын Шарттың жалпы сомасының <сома> теңгеге тең 3 пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және <сома> теңгеге Шартқа 1-қосымшаға сәйкес шарт мәні бойынша көзделген аванс мөлшерін төмендегідей түрде енгізуге міндеттенеді:
      мемлекеттік сатып алу веб-порталына (бұдан әрі – веб-портал) растайтын құжаттың көшірмесін орналастыра отырып, <қала> қаласы бойынша <банк атауы> № <кепілдікті жарнаға арналған шот>, <БСК> БСК Тапсырыс берушінің банк шотына кепілдікті ақшалай жарна банк шотына кепілдікті ақшалай жарна;
      не:
      Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 22-қосымшаға сәйкес веб-порталда электрондық көшірмесін орналастыра отырып, қағаз тасығышта не электрондық құжат нысанында банктік кепілдік. Банктік кепілдікті электрондық көшірмесін веб-порталға орналастыра отырып, қағаз тасығышта ұсынылған кезде банктік кепілдіктің түпнұсқасы қағаз тасығышта тапсырыс берушіге ұсынылады.
      Бұл ретте, Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін;
      3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға тауарлардың сәйкестігін қамтамасыз етуге;
      4) Тауарларды түпкілікті арналған пунктіне тасымалдау кезінде олардың бұзылудан немесе бүлінуден сақтай алатын орауышын қамтамасыз етуді. Орауыш қандай да бір шектеусіз қарқынды жүктеу-тасымалдау өңдеуі мен экстремалды температуралардың әсерлерге, тасымалдау кезінде тұздар мен жауын-шашынға, сондай-ақ ашық түрде сақтауға төзе алатын болуы қажет. Оралған жәшіктер габариттері мен олардың салмақтарын айқындау кезінде, Тауарлар тасымалының барлық пункттерінде жеткізудің соңғы пунктінің алыстылығын және қуатты жүккөтергіш құралдарының бар болуын ескеру қажет;
      ____________________________
      4Бұл мәтін мынадай шарттарда көрсетіледі: 1) Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы мен 3-тармағы негізінде жүзеге асырылған баға ұсыныстарына сұрау салу, тауар биржасы арқылы, бір көзден тәсілін, сондай-ақ Заңның 51-бабы 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерді қоспағанда, барлық сатып алу тәсілдері үшін;
      5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың жағдайларын орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналдан басқа оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс.
      6) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда көрсетілген құжаттарды және ақпаратты Шартты жүзеге асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;
      7) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;
      8) Өнім берушінің Шарттың талаптарын тиісінше орындамауынан және/немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттермен туындаған келтірілген залалдарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге міндеттенеді;
      9) Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген орындалған жұмыстар актісін жіберу және ресімдеуге;
      10) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісін бекіткеннен кейін Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазуға міндеттенеді.
      <n) жаңа тармақша>
      Ескерту. 3.1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
       3.2. Өнім беруші:
      1) Тапсырыс берушіден Шарт бойынша жеткізілген Тауарларға төлем талап етуге;
      2) Тапсырыс берушімен алдын ала орындау мерзімін келісе отырып, Шартқа № 1 қосымшада көрсетілген Тауарды мерзімінен бұрын жеткізуге құқылы.
       3.3. Тапсырыс беруші:
      1) Тауар жеткізу үшін Өнім берушінің мамандарының қол жетімділігін қамтамасыз етуге;
      2) Тауардың сәйкессіздіктері мен кемшіліктері анықталған кезде тез арада Өнім берушіні жазбаша хабарландыруға;
      3) Тауарды қабылдап алу кезінде веб-портал арқылы Тауарды қабылдап алу-беру актісін бекітуге не Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 426-4-тармағында белгіленген мерзімде оны қабылдамаудың дәлелді негіздемелерін көрсете отырып қабылдаудан бас тартуға;
      3-1) тауарды (тауарларды) қабылдау-беру актісі бекітілгеннен кейін Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда Өнім беруші жазып берген шот-фактураны қабылдауға;
      4) осы Шартта белгіленген тәртіпте және мерзімдерде төлем жүргізуге міндеттенеді.
      <n) жаңа тармақша>
      Ескерту. 3.3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
       3.4. Тапсырыс беруші:
      1) жеткізілген Тауарлардың сапасын тексеруге;
      2) Тауар мерзімінен бұрын жеткізілген жағдайда Тапсырыс беруші Тауарды мерзімінен бұрын қабылдауға және ол үшін Шарт талаптарына сәйкес ақы төлеуге құқылы. Тауарды мерзімінен бұрын жеткізуден бас тартуға оны қабылдау мүмкін болмаған жағдайларда жол беріледі.

4. Қызметтердің техникалық ерекшелікке сәйкестігін тексеру

      4.1. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері жеткізілген Тауарлардың техникалық ерекшелікте (Шартқа 2-қосымша) көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан бақылау мен тексеру жүргізе алады. Бұл ретте осы тексерістер бойынша барлық шығыстарды Өнім беруші көтереді. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы мақсаттар үшін белгіленген өз өкілдері туралы жазбаша түрде уақтылы хабарлауы тиіс.
      4.2. Осы Шарт шеңберінде жеткізілген Тауарлар техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес немесе олардан жоғары болуы тиіс.
      4.3. Егер тексеру кезінде жеткізілген Тауарлардың нәтижелері техникалық ерекшеліктің (Шартқа 2-қосымша) талаптарына сәйкес келмейді деп танылса, Өнім беруші, Тапсырыс беруші тарапынан ешқандай қосымша шығынсыз, техникалық ерекшелік талаптарына сәйкессіздіктерді жою бойынша шараларды тексеру сәтінен бастап <cәйкессіздіктерді жою мерзімі> ішінде қолданады.
      4.4. Тауарлардың техникалық ерекшелікке сәйкестілігін тексеру Өнім беруші немесе қосалқы мердігер(лер) аумағында, жеткізу орнында және (немесе) Тауарлардың түпкілікті мақсат пунктіне жүргізілуі мүмкін. Егер олар Өнім беруші немесе оның қосалқы мердігері(лері) аумағында жүргізілетін болса, Тапсырыс беруші инспекторларына, Тапсырыс беруші тарапынан ешқандай қосымша шығынсыз, сызбалар мен өндірістік ақпараттарға рұқсатты қоса алғанда, барлық қажетті құралдар мен көмек ұсынылатын болады.
      4.5. Жоғарыда көрсетілген тармақтың ешқайсысы Өнім берушіні Шарт бойынша басқа міндеттемелерден босатпайды.
      <N. жаңа тармақ>

5. Тауарларды жеткізу және құжаттама

      5.1. Өнім беруші Тауар арналған пунктте Тапсырыс берушінің өкіліне мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:
      1) жүкқұжат түпнұсқасы <дана саны көрсетіледі>
      2) ақпарат Тауардың өзінде және/немесе орамасында көрсетілген не Тауар сапасы дайындаушы кәсіпорынның мөртаңбасымен немесе белгілерді таратып жаза отырып, басқа белгімен Тауардың өзінде және/немесе оның орамасында расталған жағдайларды қоспағанда, Тауардың жиынтығы, оның техникалық сипаттамасы, пайдалану қағидалары, кепілдігі туралы мәліметтерді және Тауардың сапасын және оның Қазақстан Республикасында танылған нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкестігін айқындау үшін қажетті басқа да мәліметтерді қамтитын дайындаушы зауыт (жөнелтуші) берген зауыттың сапа сертификатының және/немесе Тауардың техникалық паспортының түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      3) сәйкестігін міндетті түрде растауға жатпайтын Тауарларды қоспағанда, өнім беруші растаған Тауардың сәйкестігін бағалау туралы құжаттың (сәйкестік сертификаты / сәйкестігі туралы декларация / мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) көшірмесі;
      4) Дайындаушының немесе Жеткізушінің (қажет болған кезде) кепілдік (міндеттеме) сертификаты;
      <№. жаңа тармақ>
      Ескерту. 5.1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       5.2. Тауарға меншік құқығы және кездейсоқ опат болуы, Тауардың жоғалуы немесе бүлінуі тәуекелін қоса алғанда, онымен байланысты барлық тәуекелдер Тараптар Тауарды қабылдап алу-беру актісіне қол қойған сәттен бастап Тапсырыс берушіге ауысады. Осы сәттен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде Өнім беруші Тапсырыс берушіден Тауарды қабылдау кезінде анықтау мүмкін болмаған Тауардың ақаулықтарына байланысты кінараттарды қабылдайды.
      5.3. Жеткізу Өнім беруші Тапсырыс берушіге Тауарды техникалық ерекшелікте көрсетілген талаптарға дәл сәйкестікте толық беру шартында жасалды деп есептеледі.
      5.4. Осы Шарттың 5.3-тармағының талаптары сақталған кезде Тауарды жеткізу/беру күні деп өнім берушінің веб-портал арқылы тапсырыс берушіге тауарды қабылдап алу-беру актісін жіберген күні есептеледі.
      Ескерту. 5.4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6. Кепілдік. Сапа

      6.1. Өнім беруші осы Шарт шеңберінде жеткізілетін Тауардың:
      1) сапалы және нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетініне (МЕМСТ, СТ, ЖСТ, ТУ, техникалық регламент және т.б.);
      2) жаңа, пайдаланылмаған, зауыт орамасында, материалы мен орындауында ешқандай ақаулықтары жоқ екендігіне;
      3) өнеркәсіптік және (немесе) басқа зияткерлік меншікке негізделген үшінші тұлғаның кез келген құқықтары мен талаптарынан бос екеніне кепілдік береді.
      6.2. Тауардың сатып алынатын тауарлар тізбесіне және осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген техникалық ерекшелікке сәйкес толық жеткізілмегені анықталған немесе жеткізілген Тауарда ораманы ашу кезінде жасырын қандай да бір зауыт ақаулары анықталған жағдайда немесе егер Тауар сапасы техникалық дайындау талаптарына толық сәйкес келмесе, Тапсырыс беруші жиырма күндік мерзімде жарнамалық акті жасайды, ал Өнім беруші 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде өз есебінен Тауарды жаңасына ауыстырады.
      6.3. Жеткізілетін Тауардың кепілді кезең Тауар Тапсырыс берушінің қоймасына түскен күннен бастап 12 (он екі) күнтізбелік ай деп белгіленеді. Ауыстырылған немесе жөнделген Тауар үшін кепілдік мерзімі жаңа Тауарға ауыстырылған сәттен бастап басталады. Тауар ақауларын жою, ауыстыру бойынша, оның ішінде кедендік тазалауға байланысты барлық шығыстарды Өнім беруші көтереді. Егер туындаған ақауларды жоюда іркіліс Өнім берушінің кінәсінен болған жағдайда кепілдік беру мерзімі тиісті уақыт кезеңіне ұзартылатын болады.
      <N. жаңа тармақ>

7. Тараптардың жауапкершілігі

      7.1. Тараптар осы Шарт шеңберіндегі өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
      7.2. Секвестр және/немесе тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақша жетіспеген жағдайларды қоспағанда, егер Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиесілі қаражатты Шартта көрсетілген мерзімдерде төлемесе, Тапсырыс беруші Өнім берушіге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиесілі соманың 0,1 % (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде ұсталған төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-ынан аспауға тиіс.
      7.3. Тауарды жеткізу мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-ынан аспауға тиіс.
      7.4. Өнім беруші Тауарды жеткізуден бас тартқан немесе Шарт бойынша Тауар жеткізу мерзімі өткен күннен бастап, бірақ Шарт қолданысының аяқталу мерзімінен кешіктірмей, бір айдан аса мерзімге Тауар жеткізу мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасын өндіріп ала отырып, бір жақты тәртіпте осы Шартты бұзуға құқылы.
      7.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптады осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
      7.6. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша Тауар жеткізу үшін қажетті құнның немесе мерзімдердің азаюына әкелетін болса, Шарт сомасы немесе Тауар жеткізу кестесі, немесе екеуі де тиісінше түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Өнім берушінің түзету жүргізуге барлық сұрау салулары Өнім беруші Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынуға тиіс.
      7.7. Өнім беруші толығымен де, ішінара да біреуге осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін бермеуі тиіс.
      7.8. Тапсырыс беруші Өнім берушінің осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауына байланысты Шарт бұзылған жағдайда оның орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.
      <N. жаңа тармақ>

8. Шарттың қолданыс мерзімі және бұзу талаптары

      8.1. Шарт <Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін/қол қойған күннен бастап> күшіне енеді және <_____> дейін қолданылады.
      8.2. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Тапсырыс беруші кез келген уақытта Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жіберіп біржақты тәртіпте Шарт талаптарын орындаудан бас тарта алады. Бұл жағдайда Шарттың талаптарын орындаудан бас тарту тез арада жүзеге асырылады, және Тапсырыс беруші егер Шарттың талаптарын орындаудан бас тарту ешқандай залал келтірмейтін немесе салдарынан Тапсырыс берушіге қойылған немесе қойылатын қандай да бір әрекеттерді жасауға немесе санкцияларды қолдануға құқықтарды қозғамайтын шартта Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндет көтермейді.
      8.3. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8.4. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8.5. Шарт талаптарын бұзғаны үшін қандай да бір санкцияларға зиян келтірместен Тапсырыс беруші осы Шарттың 7.4-тармағының талаптарын ескере отырып, Өнім берушіге міндеттемелерін орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жіберіп:
      1) егер Өнім беруші Шартта көзделген мерзімде немесе Тапсырыс беруші ұсынған осы Шарттың ұзартылған кезеңі ішінде тауар жеткізе алмаса;
      2) егер Өнім беруші өз міндеттемелерін орындай алмаса, осы Шартты толық немесе ішінара бұза алады.
      Ескерту. 8.5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       8.6. Шарт мынадай фактілердің бірі анықталған жағдайда кез келген кезеңде оның бұзылуы туралы талапты қамтуы тиіс:
      1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуының анықталуы;
      2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген қолдауды көрсету;
      3) уәкілетті орган міндеттемелері тиісінше орындалған шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы бұзыла отырып Шарт жасасу фактісінің анықтауы;
      4) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін қызмет көрсетілген жағдайды қоспағанда, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес сомаларды енгізбеу арқылы Шарт жасасудан жалтару.
      8.7. Шартты одан әрі орындау орынсыз болған жағдайда оны тараптардың келісімі бойынша бұзуға болады.
      Шарт жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты жойылған кезде Өнім беруші Шарт бойынша бұзылуға байланысты бұзылған күнге іс жүзіндегі шығындар үшін ақы талап етуге құқылы болады.
      Ескерту. 8.7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       ____________________________
      5Бұл мәтін мынадай шарттарда көрсетіледі: 1) Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы мен 3-тармағы негізінде жүзеге асырылған баға ұсыныстарына сұрау салу, тауар биржасы арқылы, бір көзден тәсілін, сондай-ақ Заңның 51-бабы 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерді қоспағанда, барлық сатып алу тәсілдері үшін;

9. Хабарлама

      9.1. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама төленген тапсырыс хатпен немесе телеграмма, телекс, телефакс не веб-портал арқылы жіберіледі.
      9.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күні (егер хабарламада көрсетілсе), осы екі күннің қайсысы кеш келетініне байланысты күшіне енеді.

10. Форс-мажор

      10.1. Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып табылса, Тараптар оның толық немесе ішінара орындалмауы үшін жауапкершілік көтермейді.
      10.2. Егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып табылса, Өнім беруші өзінің Шарттың орындалуын қамтамасыз етуінен айырылмайды және Шарт талаптарының орындалмауына байланысты тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапты болмайды.
      10.3. Шарт мақсаттары үшін "форс-мажор" Тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар мыналарды қамти алады, бірақ тек олар ғана емес: соғыс қимылдары, табиғи немесе дүлей апаттар және басқалар.
      10.4. Форс-мажорлық жағдаяттар туындаған кезде Өнім беруші тез арада Тапсырыс берушіге осындай жағдаяттар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден басқа жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттерін мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдаяттарға байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздейді.

11. Даулы мәселелерді шешу

      11.1. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктер немесе даулар тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.
      11.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

12. Өзге де шарттар

      12.1. Салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.
      12.2. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасу нысаны сияқты нысанда жасалады.
      12.3. Өнім берушінің таңдауы үшін негіз болған сапаның өзгермеуі шарты мен басқа да шарттарда жасалған Шартқа өзгерістерді енгізуге:
      1) Шартта жеткізілген Тауарлардың бірлігі үшін бағаның өзгермеуі шартында жеткізілетін Тауарлар көлемінде қажеттіліктің азаюымен не ұлғаюымен байланысты Шарт сомасының азаюы не ұлғаюы бөлігінде;
      2) егер Өнім беруші онымен жасасқан Шартты орындау үдерісінде тауар бірлігі үшін бағаның өзгермеуі шартында онымен жасасқан Шарттың мәні болып табылған жеткізілетін тауардың анағұрлым жақсы сапалы және (немесе) техникалық сипаттамасын не мерзімін және (немесе) талаптарын ұсынған жағдайда
      3) көрсетілетін Қызметтің бағасын және тиісінше Шарт сомасының азаюы бөлігінде Тараптардың өзара келісімі бойынша;
      4) егер Өнім беруші жеткізілетін тауардың өндірушісі болып табылған жағдайда Тауар жеткізу туралы шарттың орындалу мерзімі өзгерген бқөлігінде рұқсат беріледі.
      12.4. Тараптардың біреуінің Шарт бойынша міндеттерін беруіне тек екінші Тараптың жазбаша келісімімен жол беріледі.
      12.5. Шарт веб-портал арқылы жасалған бірдей заңды күшіне ие қазақ және орыс тілінде жасалды.
      12.6. Шартта реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
      <N. жаңа тармақ>

13. Тараптардың деректемелері

Тапсырыс беруші:
<Тапсырыс берушінің толық атауы>< Тапсырыс берушінің толық заңды мекенжайы>
БСН < Тапсырыс берушінің БСН>
БСК< Тапсырыс берушінің БСК>
ЖСК< Тапсырыс берушінің ЖСК>
<Банктің атауы> Тел.: <Тапсырыс берушінің телефоны> <Тапсырыс берушінің лауазымы><Тапсырыс берушінің ТАӘ>
Өнім беруші:
<Өнім берушінің толық атауы><Өнім берушінің толық заңды мекенжайы>
БСН/СЖН/ТБН <Өнім берушінің БСН/СЖН/ТБН> ЖСК
<Банктің атауы>
Тел.: <Өнім берушінің телефоны>
<Өнім берушінің лауазымы><Өнім берушінің ТАӘ>

      
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      БСК – банктік сәйкестендіру коды;
      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
      ТЕН – төлеушіні есепке алу нөмірі;
      ҚҚС – қосылған құн салығы;
      Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты.
      Ескерту. 19-қосымша аббревиатуралармен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Мемлекеттiк сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
20-қосымша

Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт

      <Сәйкестендіру нөмірі >
       <Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>
      "Тапсырыс берушінің лауазымы" атынан әрекет ететін бұдан әрі "Тапсырыс беруші деп аталатын <Тапсырыс берушінің толық атауы> "Тапсырыс берушінің негіздемесі" негізінде әрекет ететін <Тапсырыс берушінің ТАӘ> бір тараптан және "Өнім берушінің лауазымы" атынан әрекет ететін бұдан әрі "Мердігер/Орындаушы" деп аталатын <"Өнім берушінің толық атауы"> екінші тараптан <"Өнім берушінің негіздемесі"> негізінде әрекет ететін Өнім берушінің ТАӘ, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және "қорытындылардың күні" № "қорытындылардың нөмірі" "сатып алу тәсілі" тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде осы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегі туралы келісімге келді:

1. Ұғымдар мен айқындамалар

      1.1. Осы Шартта төменде тізбеленген ұғымдар мынадай мағынаға ие:
      1) Бас мердігер (бұдан әрі – Мердігер) – Тапсырыс берушімен жасалған Шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға, сондай-ақ, консорциум (Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларда);
      2) қосалқы мердігер – Шарт бойынша жұмыстардың бір бөлігін орындауға Мердігермен/орындаушымен шарты және (немесе) келісімі бар тұлға немесе ұйым;
      3) техникалық қадағалаушы – мердігерлік жұмыстарды Мердігердің Шарттың ережелеріне сәйкес орындауы жөніндегі бақылауды жүзеге асыруға Тапсырыс беруші тағайындаған және Мердігерге хабарланған тұлға;
      4) объект – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Мердігердің Шартта көзделген түрде салуға, қайта жаңартуға және Тапсырыс берушіге беруге тиіс деп анықтаған ғимарат, құрылым;
      5) учаске – Объект құрылысын салуға немесе жұмыстарды жүргізуге бөлінген аумақ;
      6) уақытша құрылымдар – Объектінің құрылысын салу мен жөндеу үшін қажетті, тұрғызылатын, орнатылатын және Объектінің құрылысын салуды аяқтағаннан кейін Мердігер алып тастайтын барлық уақытша ғимараттар мен құрылымдар.
      <n) жаңа тармақша>

2. Шарттың мәні

      2.1. Мердігер/Орындаушы осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оған қосымшаларда көрсетілген шарттарға, талаптарға сәйкес және баға бойынша жұмысты (жұмыстарды) орындауға міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші орындалған Жұмысты (Жұмыстарды) қабылдауға және Мердігер/Орындаушы Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған кезде ол үшін осы Шарттың талаптарында ақы төлеуге міндетті.
      <Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <1-ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>;
      …
      <Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <N ерекшелігі бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>.
      2.2. Жұмыстар - <сатып алу сипаттамасы> Жобасы бойынша орындалады, онда <объектінің орналасқан жері> бар.
      Бас жобалаушы - <Бас жобалаушының аты>.
      2.3. Төменде тізбеленген құжаттар және оларда айтылған шарттар осы Шартты құрады және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:
      1) осы Шарт;
      2) сатып алынатын жұмыстардың тізбесі (1-қосымша);
      <n) жаңа тармақша>

3. Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары

      3.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа № 1 қосымшамен анықталады және "шарттың сомасы" (сома жазу үлгісімен) теңгені құрайды және Жұмыстарды орындаумен байланысты болатын барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, <оның ішінде ҚҚС-ты <ҚҚС сомасын> теңге>/ҚҚС-сыз (бұдан әрі – Шарттың сомасы) қамтиды.
      ____________________________________________
      63-6) тармақшалар құрылыс, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау бойынша "Мердігер" ретінде өнім берушіні таңдаған кезде көрсетіледі.
      7Осы тармақ қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің сатып алуын қоспағанда, мемлекеттік мекемелер үшін көрсетіледі. Көрсеткіштер әр жылға әр ерекшелік бойынша көрсетіледі.
      8Осы тармақ құрылыс, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау бойынша "Мердігер" ретінде өнім берушіні таңдаған кезде көрсетіледі
      3.2. Аумақтық қазынашылық органында Шарт < Бағдарламаның коды мен атауы> бюджеттік бағдарламасы, <Кіші бағдарламаның коды мен атауы> кіші бағдарламасы, <ерекшеліктің коды мен атауы> ерекшелігі бойынша - <ерекшелігі бойынша сомасы> (ерекшелік бойынша сомасы жазумен) теңге, <оның ішінде ҚҚС> <ҚҚС сомасы> теңге/<ҚҚС есепке алусыз> <_____> жылға тіркеуге жатады.
      3.3. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның10 26-бабына сәйкес соманы енгізгеннен кейін №1 қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлемді жүргізеді.
      Қалған соманы Тапсырыс беруші Мердігердің/Орындаушының <ақы төлеу шарты> есепшотына ақшалай қаражатты аудару жолымен, бұдан бұрын төленген авансты11 тепе-тең ұстап қалумен Тараптар Орындалған жұмыстардың актісіне қол қойған күннен бастап, күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей төлейді.
      Орындалған жұмыс үшін төлемді <төлем шарты> Тапсырыс беруші Тараптар орындаған жұмыстардың актісіне қол қойған күнінен бастап, 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Мердігердің/Орындаушының есеп айырысу шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүргізеді.
      Егер құрылысқа байланысты жұмыстарды бір қаржы жылының шеңберінде орындаған жағдайда Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстарды аяқтағаннан және Тапсырыс беруші объектіні пайдалануға қабылдау туралы актіні қазынашылық органға тапсырғаннан кейін <сомасы> мөлшерінде осы шарт сомасының қалған 5%-ын төлейді.
      Егер құрылысқа байланысты жұмыстарды орындаған жағдайда Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстарды аяқтағаннан және Тапсырыс беруші объектіні құрылысты аяқтаудың соңғы жылында пайдалануға қабылдау туралы актіні қазынашылық органға тапсырғаннан кейін <сомасы> мөлшерінде осы шарт сомасының қалған 5%-ын төлейді.
      Ескерту. 3.3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       3.4. Орындалатын жұмыстардың көлемі Шартқа 1-қосымшада айтылған.
      3.5. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:
      1) <аумақтық қазынашылық органында тіркелген/қол қойылған> Шарт;
      2) орындалған жұмыстардың актісі (актілері)30;
      3) осы Қағидаларға 22-4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту үлесі бойынша есеп;
      4) Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге ұсынған орындалған жұмыстардың жалпы сомасын сипаттай, көрсете отырып, шот-фактура;
      <n) жаңа тармақша>.
      <№. Жаңа тармақша>.
      Ескерту. 3.5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Тараптардың міндеттемелері

      4.1. Мердігер/Орындаушы:
      1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;
      2) Шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде <сома> теңгеге тең Шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және <сома> теңгеге тең Шартқа 1-қосымшаға сәйкес шарт мәндері бойынша көзделген аванс мөлшерлерін, сондай-ақ <сома> теңгеге тең Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізуге міндеттенеді, бұл жалпы алғанда мынадай:
      _________________________________________________
      9Осы тармақ қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің сатып алуын қоспағанда, мемлекеттік мекемелер үшін көрсетіледі. Көрсеткіштер әр жылға жеке әрбір ерекшелік бойынша көрсетіледі.
      10Заңның 26-бабында көрсетілген жағдай болған кезде
      11Осы тармақ егер шарт бойынша аванс көзделсе көрсетіледі
      мемлекеттік сатып алу веб-порталында (бұдан әрі – веб-портал) растау құжатының көшірмелерін орналастыра отырып, Тапсырыс берушінің № <кепілдік жарнасына арналған шот> банктік шотына <қала> қаласы бойынша <банктің атауына> кепілді ақшалай жарна;
      не:
      Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 22-қосымшаға сәйкес веб-порталда электрондық көшірмесін орналастыра отырып, қағаз тасығышта не электрондық құжат нысанында банктік кепілдік. Банктік кепілдікті электрондық көшірмесін веб-порталға орналастыра отырып, қағаз тасығышта ұсынылған кезде банктік кепілдіктің түпнұсқасы қағаз тасығышта тапсырыс берушіге ұсынылады;13
      Бұл ретте Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын Мердігер/Орындаушы Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін ол Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін;
      3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде орындалатын Жұмыстардың Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етуге;
      4) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың талаптарын орындау үшін Мердігер/Орындаушы тартқан персоналды қосқанда, оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс;
      5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз жоғарыда тізбеленген құжаттарды және ақпаратты Шартты жүзеге асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;
      6) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;
      7) Мердігердің/Орындаушының Шарт талаптарын тиісінше орындамауымен және/немесе өзге заңсыз іс-әрекеттермен келтірген шығындарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге міндеттенеді;
      8) Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген орындалған жұмыстар актісін жіберу және ресімдеуге;
      9) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісін бекіткеннен кейін Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазуға міндеттенеді.
      <n) жаңа тармақша>
      Ескерту. 4.1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
       4.2. Мердігер/Орындаушы:
      1) Шарт бойынша орындалған Жұмыстар үшін тапсырыс берушіден ақы төлеуді талап етуге;
      _________________________________________________
      12Заңның 26-бабында көрсетілген жағдай болған кезде
      13Осы мәтін шарттар орындалған кезде көрсетіледі: 1) Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы және 3-тармағы негізінде жүзеге асырылған баға ұсыныстарын сұрату, тауар биржалары арқылы, бір көзден алу тәсілінен басқа барлық сатып алу тәсілдері, сондай-ақ Заңның 51-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілер үшін;
      2) Тапсырыс берушімен орындау мерзімін алдын ала келісе отырып, шартқа № 1 қосымшада көрсетілген Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындауға құқылы;
       4.3. Тапсырыс беруші:
      1) Жұмыстарды орындау үшін Мердігер/Орындаушы мамандарының кіруін қамтамасыз етуге;
      2) орындалған Жұмыстардың сәйкес келмеуі анықтаған кезде дереу жазбаша Мердігерді/Орындаушыны хабардар етуге;
      3) Жұмыстарды қабылдау кезінде веб-портал арқылы орындалған жұмыстар актісін бекітуге не Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 426-4-тармағында белгіленген мерзімде оның қабылданбауына дәлелді негіздемелерді көрсете отырып жұмысты қабылдаудан бас тартуға;
      3-1) орындалған жұмыстар актісі бекітілгеннен кейін Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйелері арқылы электрондық нысанда Мердігер жазған шот-фактураны қабылдауға;
      4) осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде ақы төлеуді жүргізуге міндеттенеді.
      <n) жаңа тармақша>
      Ескерту. 4.3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
       4.4. Тапсырыс беруші:
      1) орындалған Жұмыстардың сапасын тексеруге;
      2) Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындаған жағдайда Тапсырыс беруші Шарттың талаптарына сәйкес жұмыстарды мерзімінен бұрын қабылдауға және оған ақы төлеуге құқылы. Жұмыстарды қабылдау мүмкіндігі болмаған жағдайда оны мерзімінен бұрын орындаудан бас тартуға жол беріледі.

5. Жұмыстардың техникалық ерекшелікке және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін тексеру

      5.1. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері техникалық ерекшелікте және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамада (Шартқа 2-қосымша) көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тұрғысында орындалған жұмыстарды бақылауды және тексеруді жүргізуі мүмкін. Бұл ретте осы тексерулер бойынша барлық шығыстарды Мердігер/Орындаушы тартады. Тапсырыс беруші осы мақсаттар үшін анықталған өзінің өкілдері туралы Мердігерді/Орындаушыны жазбаша түрде уақтылы хабардар етуі тиіс.
      5.2. Осы Шарт шеңберінде орындалатын жұмыстар техникалық ерекшелікте және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген стандарттарға сәйкес келуі немесе олардан жоғары болуы тиіс.
      5.3. Егер орындалған Жұмыстардың нәтижелері тексеру кезінде техникалық ерекшелік және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама талаптарына (Шартқа 2-қосымша) сәйкес келмейді деп танылса, Мердігер/Орындаушы тексеру сәтінен бастап <сәйкессіздіктерді жою мерзімі> ішінде Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығындарсыз техникалық ерекшелік және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама талаптарына сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.
      5.4. Жұмыстардың техникалық ерекшелікке және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келуін тексеру кезінде Тапсырыс берушінің инспекторларына Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығындарсыз сызбалар мен өндірістік ақпаратқа қол жеткізуді қоса алғанда, барлық құралдар беріледі және жәрдем көрсетілетін болады.
      5.5. Жоғарыда көрсетілген тармақтың біреуі де Мердігерді/Орындаушыны Шарт бойынша басқа міндеттемелерден босатпайды.
      <N. Жаңа тармақ>.

6. Жұмыстарды тапсыру және қабылдап алу тәртібі

      6.1. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6.2. Жұмыс орындалды деп саналады Өнім берушінің Жұмыстарды осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға толық сәйкестікте Тапсырыс берушіге толық тапсырған жағдайда орындалды деп саналады.
      <N. Жаңа тармақ>

7. Кепілдік. Сапа

      7.1. Мердігер Тапсырыс берушіге Шарт бойынша Жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылатын материалдар мен жабдықтардың техникалық ерекшеліктерге және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама сәйкес болуына, Жұмыстар оның сапасын техникалық ерекшеліктің және (немесе) жобалау-сметалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін деңгейге дейін төмендететін ақауларсыз орындалатынына кепілдік береді. Осы талаптарға сәйкес келмейтін Жұмыстар, оның ішінде жеткіліксіз негізделген және рұқсатсыз өзгертілген жұмыс ақаулы деп танылады. Мердігер (қосалқы Мердігер) жүзеге асырмаған пайдалану, түрлендіру ережелерін бұзу, дұрыс ұстамау немесе жеткіліксіз техникалық қызмет көрсету себебінен, сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезінде оның ұйғарынды тозуы немесе бүлінуі себебінен залалды өтеу немесе түзету Мердігер беретін кепілдіктерге кірмейді. Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша Мердігер материалдар мен жабдықтардың сапасының техникалық ерекшеліктерге және/немесе жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес келетінін куәландыратын құжаттарды беруге тиіс14.
      Орындаушы Тапсырыс берушіге Шарт бойынша жұмыстарды орындау нәтижелері кезінде пайдаланылатын материалдар мен жабдықтардың
      _________________________________________________
      14Осы тармақ құрылыс, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау бойынша "Мердігер" ретінде өнім берушіні таңдау кезінде көрсетіледі;
      техникалық ерекшеліктерге және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама сәйкес болуына, Жұмыстар оның сапасын техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтін деңгейге дейін төмендететін ақауларсыз орындалатынына кепілдік береді. Осы талаптарға сәйкес келмейтін Жұмыстар, оның ішінде жеткіліксіз негізделген және рұқсатсыз өзгертілген жұмыс ақаулы деп танылады. Орындаушы (қосалқы Мердігер) жүзеге асырмаған пайдалану, түрлендіру ережелерін бұзу, дұрыс ұстамау немесе жеткіліксіз техникалық қызмет көрсету себебінен, сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезінде оның ұйғарынды тозуы немесе бүлінуі себебінен залалды өтеу немесе түзету Орындаушы беретін кепілдіктерге кірмейді. Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша Орындаушы материалдар мен жабдықтардың сапасының техникалық ерекшеліктерге және/немесе жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес келетінін куәландыратын құжаттарды беруге тиіс15.
      7.2. Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге пайдалануға кепілдікті <кепілдік мерзімі>мерзіміне береді.
      7.3. Мердігер/Орындаушы орындалған Жұмыстарды және Жұмыстарға байланысты барлық материалдарды, жабдықтарды, ресурстарды және өзге де позицияларды жаңбырға, су тасқынына, аязға, өртке, ұрлауға және өзге де себептерге байланысты зиянның, зақымданудың, жойылудың барлық түрлерінен қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.
      Мердігер/Орындаушы өзінің жұмыстарын жүргізу кезінде жоба бойынша басқа жұмыстарды, сондай-ақ Тапсырыс берушіге тиесілі меншікті және оған тиесілі құрылыстарды қандай да бір зақымдану түрлерінен және жолды, ғимараттарды, материалдардың қоймаларын және жылжымалы және жылжымайтын мүліктің өзге де түрлерін қоса алғанда (бірақ, онымен шектеліп қоймай) басқа да себептерден қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Мердігер/Орындаушы жоғарыда айтылғандарға байланысты шеккен барлық шығындар Тапсырыс берушінің тарапынан қосымша өтелуге жатпайды.
      <N. Жаңа тармақ>

8. Тараптардың жауапкершілігі

      8.1. Тараптар өз міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда осы Шарт шеңберінде барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
      8.2. Секвестр және/немесе тиісті бюджеттердің қолма-қол бақылау шотында ақшаның жеткіліксіз болған жағдайларды есептемегенде, егер Тапсырыс беруші өзіне тиесілі қаражатты Мердігерге/Орындаушыға Шартпен қаралған мерзімдерде төлемесе, онда Тапсырыс беруші Мердігерге/Орындаушығакешіктірілген әр күн үшіншарттың тиесілі сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасынан 10%артпауы тиіс.
      ________________________________________________
      15Осы абзац құрылыс, құрылыс-монтаждау болып табылмайтын жұмыстарды орындау бойынша "Орындаушы" ретінде өнім берушіні таңдау кезінде көрсетіледі.
      8.2. Мердігер/Орындаушы Жұмыстарды орындаудан бас тартқан немесе Шарт бойынша Жұмыстарды орындау мерзімі өткен күннен бастап екі айдан астам мерзімде, бірақ Шарттың қолдануы аяқталу мерзімінен кешіктірмей Жұмыстарды орындау мерзімін кешіктірген жағдайда, Мердігерден/Орындаушыдан мерзімін кешіктірген әр күн үшін Шарттың жалпы сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) өндіре отырып, осы Шартты біржақты тәртіпте бұзуға құқығы бар.
      Бұл ретте Тапсырыс беруші барлық орындалған (қабылданған) Жұмыстардың құны үшін төлем жүргізеді.
      8.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) төлеуосы Шартта көзделген міндеттерді орындаудан Тараптарды босатпайды.
      8.6. Кез келген өзгеріс Шарт бойынша Жұмыстарды орындау үшін Мердігерге/Орындаушыға қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына әкелетін болса, Шарттың сомасы немесе Жұмыстарды орындау кестесі, немесе екеуіне де сәйкес түрде түзетулер енгізіледі, ал Шартқа сәйкес түзетулер енгізіледі. Мердігердің/Орындаушылардың түзетулерді жүргізу туралы барлық сұранымдары Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы тапсырма алған күннен 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуы тиіс.
      8.7. Мердігердің/Орындаушының Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін біреуге толықтай да, ішінара да беруіне жол берілмейді.
      Ескерту. 8.7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       8.8. Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда, Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы мердігерлердің болуы Мердігерді/Орындаушыны Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.
      Жұмыстарды орындау үшін қосалқы мердігерлерге берілуі мүмкін жұмыстардың шекті көлемдері жиынтығында орындалатын жұмыстардың үштен екі көлемінен аспауға тиіс.
      Бұл ретте қосалқы мердігерлерге өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге беруге тыйым салынады.
      Жұмыстарды орындайтын Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлерді тартуға жол берілмейді16.
      _________________________________________________
      16Осы мәтін сатып алулардың баға ұсынысын сұрату тәсілін қоспағанда барлық тәсілдерде көрсетіледі
      Ескерту. 8.8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       8.9. Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша Мердігер/Орындаушы өз міндеттемелерін орындамауына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзған жағдайда оның орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды17.
      <N. Жаңа тармақ>

9. Шарттың қолданылу мерзімі және бұзылу талаптары

      9.1. Шарт <Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін/қол қойған күннен бастап> күшіне енеді және <қолдану мерзімі> жылға дейін қолданылады.
      9.2. Мынадай оқиғалар өзінен кейін олардың ұлғаюы бөлігінде:
      1) Тапсырыс беруші Объектінің барлық учаскелерін пайдалануға тыйым салады, ол өз кезегінде Жұмыстарды орындауды кешіктіруге әкеп соғады.
      2) Тапсырыс беруші Шартта жоспарланбаған сынақтарды жүргiзу үшiн жұмыстарды тоқтатуға Мердiгер/Орындаушыға нұсқау береді. Бұл ретте, егер бұл сынақтар ақауларды анықтамаса, онда Жұмыстарды өндіру тоқтатылған уақыт Жұмыстарды орындау мерзiміне қосылады;
      3) Тапсырыс беруші дәлелдеу техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу және жобалау-сметалық (үлгiлік жобалау-сметалық) құжаттама әзiрлеу жөніндегі жұмыстарға бастапқы деректермен жобалауға Тапсырма беруді кідіртеді;
      9.3. Егер басқа тарап Шарттың талаптарын Шартта көзделген қағидатты талаптардан айыратындай елеулі бұзушылық жасаған болса, Тапсырыс берушi немесе Мердiгер/Орындаушы Шартта көрсетiлген мерзiмге дейiн Шартты бұза алады. Шарттың талаптарын елеулі бұзу өзіне мыналарды қамтиды, бiрақ тізбеленгенмен шектелiп қалмайды:
      егер Мердiгер/Орындаушы Жұмыстарды орындау мерзiмiн бiрнеше рет бұзса, Тапсырыс берушi Шартты бұза алады;
      2) Мердiгер/Орындаушы "күн саны" күнге дейiн Жұмыстарды тоқтата тұрады, бұл ретте тоқтатуға Тапсырыс берушiнiң рұқсаты болмаса;
      3) Мердiгер/Орындаушы Тапсырыс берушi айқындаған негiзделген уақыт кезеңi iшiнде Тапсырыс берушi көрсеткен Ақауларды жоймаса;
      4) Тапсырыс берушi Мердiгерге/Орындаушыға Жұмыстар барысын кiдiртуге нұсқау берсе және осындай нұсқау "күн саны" күн iшiнде күшiн жоймаса;
      5) не Тапсырыс берушi, не Мердiгер/Орындаушы оның қайта ұйымдастырылуын немесе бiрлесуiн қоспағанда, банкротқа ұшыраса немесе қандай да бiр себептермен таратылса;
      _________________________________________________
      17Осы мәтін Заңның 39-бабының 2-тармағының 2) тармақшасы және 3-тармағы негізінде баға ұсыныстарын сұрату тәсілінен, тауар биржалары арқылы,бір көзден алудан басқа,сатып алудың барлық тәсілдері, сондай-ақ Заңның 51-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілер үшін көрсетіледі;
      6) Мердiгер/Орындаушы жобалау құжаттамасында және (немесе) шарттық құжаттамада көрсетiлген жұмыстарды жүргiзу қағиадаларын, нұсқаулықтары мен ережелерiн ескермейтiн болса.
      9.4. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9.5. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9.6. Шарт, оны одан әрі орындау орынсыз болған жағдайда тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.
      Шарт жоғарыда көрсетілген жағдаяттар себебінен жойылған кезде, Мердігер/Орындаушы Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзу күніндегі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.
      Ескерту. 9.6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       9.7. Мына фактiлердiң бiрi анықталған жағдайда:
      1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулердiң бұзылуы;
      2) сатып алуды ұйымдастырушы Мердiгерге/Орындаушыға Заңда көзделмеген жәрдемдерді көрсетсе;
      3) уәкілетті орган, олар бойынша міндеттемелер тиісінше орындалған шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып, Шарт жасасу фактісін айқындаса;
      4) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі біткенше жұмыстар орындалған жағдайларды қоспағанда, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбеу жолымен Шартты жасасудан жалтарса мемлекеттiк сатып алу туралы Шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін.
      9.9. Егер Шарт бұзылса Мердiгер дереу жұмысты тоқтатады, Объектiнi консервациялауды қамтамасыз етедi және белгiленген тәртiппен оны Тапсырыс берушiге береді.
      9.10. Егер Мердiгердiң Шарт талаптарын елеулі бұзуы себебiнен Шарт бұзылатын болса, Объектiдегi барлық материалдар мен Жабдық, сондай-ақ уақытша құрылымдар мен орындалған құрылыс жұмыстары Тапсырыс берушiнiң меншiгi болып саналады және Шартты бұзуға байланысты қаржылық талқылаулар шешiлгенге дейiн оның билiгiнде болады.
      9.11. Шартты тараптардың келісімі бойынша бұзуға болады.

10. Хабарлама

      10.1. Бір тарап екінші тарапқа жолдайтын кез келген хабарлама Шартқа сәйкес төленген тапсырыс хатымен немесе телеграф, телекс, факс, телефакс бойынша не веб-портал арқылы жіберіледі.
      10.2. Күндердің қайсысы кешірек болуына байланысты хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енудің көрсетілген күні (хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді.

11. Форс-мажор

      11.1. Егер дүлей апат, әскери iс-қимылдар, эпидемия, ірі ауқымды ереуілдер, тікелей немесе жанама түрде тыйым салатын, сондай-ақ осы Шарт бойынша тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі болатын заңнамалық және үкіметтік актілердің күшіне енуі жататын форс-мажорлық жағдаяттар туындаған жағдайда, өзіне алған міндеттемелерді орындау үшін жауапкершіліктен босатылады. Бұл ретте, тарап форс-мажор басталғаны туралы жазбаша түрде дереу хабарлауға тиіс. Олай болмаған жағдайда бұл жағдаятқа сілтеме жасауға құқығы жоқ.
      11.2. Форс-мажор жағдаяттары кезінде екінші тараптың өз міндеттемелерін орындамауына байланысты шығынға ұшыраған тарап осы оқиғалардың ауқымы туралы, сондай-ақ оның қызметіне тигізген әсері туралы құзыретті органдар мен ұйымдар растаған құжаттамалық дәлелдерді одан алуға құқығы бар.
      11.3. Форс-мажор жағдайында Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатыла тұрғаны туралы хабарлайды. Мердiгер/Орындаушы тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейiн қысқа мерзiмде Жұмыстардың тоқтатыла тұруын қамтамасыз етеді.
      11.4. Егер форс-мажор жағдаяты Шарттың орындалуын бұзатын болса, Тапсырыс берушi Шарттың тоқтатыла тұруын куәландырады. Мердiгер тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейiн қысқа мерзiмде Объектiнi консервациялауды қамтамасыз етедi және жұмыстарды тоқтатады. Тапсырыс берушi Мердiгерге Объектiнi тоқтатқан күнге дейiн орындалған жұмыстардың барлық көлемi үшiн және Объектiні18 консервациялауға байланысты жұмыстар үшiн ақы төлеудi жүргiзедi.

12. Даулы мәселелерді шешу

      12.1. Тапсырыс беруші мен Мердігер/Орындаушы Шарт бойынша немесе соған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.
      12.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Шарт бойынша дауды Тапсырыс беруші мен Мердігер/Орындаушы бейбіт жолмен шеше алмайтын болса, тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
      _______________________________________
      18Осы тармақ құрылыс, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау бойынша өнім берушіні "Мердігер" ретінде таңдау кезінде көрсетіледі.

13. Басқа да шарттар

      13.1. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.
      13.2. Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасқан нысанда жасалады.
      13.3. Өнім жеткізушінің таңдауы үшін негіз болып табылатын сапаның өзгермеуі мен басқа жағдайларда жасалған Шартқа:
      1) жұмыстардың бағасын және тиісінше Шарттың сомасын азайту бөлігінде тараптардың өзара келісім бойынша;
      2) мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қабылданған мұндай өзгерістердің сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса Шарттың сомасын көбейту бөлігінде;
      3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, осы жұмыстардың жасалған Шартында көрсетілген жұмыс бірлігі үшін бағасы өзгертпеу шартымен, сатып алынатын жұмыстар көлеміне қажеттілікті азайтумен не арттырумен байланысты Шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде. Жасалған Шартты осылай өзгерту осы жұмыстарды19 сатып алу үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген сома шегінде жол беріледі.
      осы жұмыстардың жасалған Шартында көрсетілген жұмыс бірлігі үшін бағасы өзгертпеу шартымен, сатып алынатын жұмыстар көлеміне қажеттілікті азайтумен не арттырумен байланысты Шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде. Жасалған Шартты осылай өзгерту осы жұмыстарды20 сатып алу үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген сома шегінде жол беріледі.
      4) Қазақстан Республикасының салық, кеден және басқа да заңнамасының өзгеруінен туындаған келесі (одан кейінгі) жылы (жылдары) аяқтау мерзімімен Шарттың сомасын азайту немесе ұлғайту бөлігінде;
      5) келесі (одан кейінгі) жылы (жылдары) аяқталу мерзімімен Шарттың сомасын азайту бөлігінде;
      6) жасалған шарттың сомасын өзгертпеу шартымен немесе жұмыстардың сметалық құны азайған жағдайда және кейіннен мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға (бар болса) тиісті өзгерістер енгізілсе, мемлекеттік бюджет есебінен жылдар бойынша қаржыландыру өзгерген жағдайда Шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде;
      ______________________________________
      1912.3 тармағының 2) тармақшасы мен 3) тармақшасының бірінші абзацы құрылыс, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде "Мердігер" ретінде өнім берушіні таңдау кезінде көрсетіледі.
      20Осы абзац құрылыс, құрылыс-монтаждау болып табылмайтын жұмыстарды орындау бойынша "Орындаушы" ретінде өнім берушіні таңдау кезінде көрсетіледі.
      7) тапсырыс берушінің және (немесе) Мердігердің/Орындаушының лауазымдық тұлғасына қатысты Шартты орындауға байланысты қылмыстық іс қозғалған жағдайда Шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде өзгерістер енгізуге болады.
      13.4. Шарт бойынша бір Тараптың міндеттемелерін беруге екінші Тараптың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.
      13.5. веб-портал арқылы жасалған Шарт, бірдей заңдық күші бар қазақ және орыс тілдерінде жасалды.
      13.6. Шартпен реттелмеген бөлігінде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
      <N.Жаңа тармақ>

14. Тараптардың деректемелері

Тапсырыс беруші
< Тапсырыс берушінің толық атауы>< Тапсырыс берушінің толық заңды мекенжайы> БСН < Тапсырыс берушінің БСН-і> БСК
< Тапсырыс берушінің БСК-сі> ЖСК< Тапсырыс берушінің ЖСК-сі>
<Банктің атауы> Тел.: <Тапсырыс берушінің телефоны><Тапсырыс берушінің лауазымы><Тапсырыс берушінің ТАӘ>
Өнім беруші
<Өнім берушінің толық атауы>
<Өнім берушінің толық заңды мекенжайы> БСН/ЖСН/ТЕН <Өнім берушінің БСН/ЖСН/ТЕН-і> БСК <Өнім берушінің БСК-сі> ЖСК
<Өнім берушінің ЖСК-сі>
<Банктің атауы> Тел.: <Өнім берушінің телефоны>
<Өнім берушінің лауазымы><Өнім берушінің ТАӘ>

      
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      БСК – банктік сәйкестендіру коды;
      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
      ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі;
      ҚҚС – қосылған құн салығы;
      Т.А.Ә. – аты-жөні.
      Ескерту. 20-қосымша аббревиатурамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Мемлекеттiк сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
21-қосымша

Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт

      <Сәйкестендіру нөмірі >
      <Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>
      Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын <Тапсырыс берушінің толық атауы>, <Тапсырыс берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Тапсырыс берушінің лауазымы> <Тапсырыс берушінің ТАӘ> атынан бір тараптан және бұдан әрі бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын <Өнім берушінің толық атауы>, <Өнім берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Өнім берушінің лауазымы> <Өнім берушінің ТАӘ> атынан екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және <қорытындылардың күні> жыл № <қорытындылардың нөмірі> <сатып алу тәсілі> мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде осы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және мына төмендегі туралы келісімге келді:

1. Шарттың мәні

      1.1. Өнім беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оған қосымшаларда көрсетілген шарттарға, талаптарға сәйкес және баға бойынша Қызмет(тер) көрсетуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші осы Шарттың талаптарымен Көрсетілген қызмет(тер)ді қабылдауға және Шарт бойынша Өнім беруші өз міндеттемелерін тиісінше орындау шартында төлеуге міндеттенеді:
      <Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <1-ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>;
      …
      <Ерекшелік коды> ерекшелігі бойынша - <N-ерекшелік бойынша шарт мәнінің қысқаша сипаттамасы>21.
      1.2. Төменде келтірілген құжаттар мен онда келісілген шарттар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
      1) осы Шарт;
      2) сатып алынатын көрсетілетін қызметтер тізбесі (1-қосымша);
      3) техникалық ерекшелік (2-қосымша).
      ____________________________
      21Бұл тармақ қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің сатып алуын қоспағанда, мемлекеттік мекемелер үшін көрсетіледі. Көрсеткіштер әрбір жылға әрбір ерекшелік бойынша бөлек көрсетіледі.

2. Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары

      2.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа № 1 қосымшада айқындалады және <Шарттың сомасы> (сома жазумен) теңгені құрайды және қызметтерді көрсетумен байланысты барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, оның ішінде ҚҚС <ҚҚС сомасы> / <ҚҚС есепке алмағанда> (бұдан әрі – Шарттың сомасы) қамтиды.
      2.2. Қазынашылықтың аумақтық органында Шарт <Бағдарламаның коды мен атауы> бюджеттік бағдарламасы, <Кіші бағдарламаның коды мен атауы> кіші бағдарламасы, <Ерекшелік коды мен атауы> - <ерекшелік бойынша сома> теңге ерекшелігі бойынша (<ерекшелік бойынша сома жазумен>), <оның ішінде ҚҚС> <ҚҚС сомасы> теңге/<ҚҚС есепке алмағанда>22 <_____> жылы тіркеуге жатады.
      2.3. Шарт күшіне енгеннен кейін Тапсырыс беруші Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, Заңның 26-бабына сәйкес23 аванс пен (немесе) соманы қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді.
      Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты барабар ұстау ескеріле отырып, көрсетілген қызмет актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару <төлем шарты> арқылы төлейді24.
      Көрсетілген қызмет үшін төлемді Тапсырыс беруші көрсетілген қызмет актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару <төлем шарты> арқылы жүргізеді.
      Қызмет көрсету актісінің нысанын Өнім беруші алдын ала Тапсырыс берушімен келіседі.
      2.4. Сандық және құндық шамадағы көрсетілетін қызмет көлемі Шартқа 1-қосымшада келтірілген.
      2.5. Төлеу алдындағы қажетті құжаттар:
      1) <аумақтық қазынашылық органында тіркелген/қол қойылған> Шарт;
      2) көрсетілген қызмет актісі (актілері);
      3) осы Қағидаларға 22-4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту үлесі бойынша есеп;
      4) Өнім беруші Тапсырыс берушіге көрсеткен қызметтердің сипаттамасымен, жалпы сомасы көрсетіле отырып, шот-фактура;
      <n) жаңа тармақша>
      <№. Жаңа тармақ>
      Ескерту. 2.5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       ____________________________
      22Бұл тармақ қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің сатып алуын қоспағанда, мемлекеттік мекемелер үшін көрсетіледі. Көрсеткіштер әрбір жылға әрбір ерекшелік бойынша бөлек көрсетіледі.
      23Заңның 26-бабында көрсетілген жағдай болған кезде көрсетіледі.
      24Бұл тармақ егер шарт бойынша аванс көзделсе көрсетіледі.

3. Тараптардың міндеттемелері

      3.1. Өнім беруші мыналарға:
      1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;
      2) Шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жалпы <қамтамасыз ету сомасын> (қамтамасыз ету сомасы жазумен) құрайтын Шарттың жалпы сомасының <сома> теңгеге тең 3 пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және <сома> теңгеге Шартқа 1-қосымшаға сәйкес шарт мәні бойынша көзделген аванс мөлшерін, <сондай-ақ <сома> теңгеге тең Заңның 26-бабына сәйкес соманы>25 төмендегідей түрде енгізуге міндеттенеді:
      мемлекеттік сатып алу веб-порталына (бұдан әрі – веб-портал) растайтын құжаттың көшірмесін орналастыра отырып, <қала> қаласы бойынша <банк атауы> № <кепілдікті жарнаға арналған шот>, <БСК> БСК Тапсырыс берушінің банк шотына кепілдікті ақшалай жарна банк шотына кепілдікті ақшалай жарна;
      не:
      Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 22-қосымшаға сәйкес веб-порталда электрондық көшірмесін орналастыра отырып, қағаз тасығышта не электрондық құжат нысанында банктік кепілдік. Банктік кепілдікті электрондық көшірмесін веб-порталға орналастыра отырып, қағаз тасығышта ұсынылған кезде банктік кепілдіктің түпнұсқасы қағаз тасығышта тапсырыс берушіге ұсынылады;27
      Бұл ретте, Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін;
      3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін қамтамасыз етуге;
      4) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың жағдайларын орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналдан басқа оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс;
      ____________________________
      25Заңның 26-бабында көрсетілген жағдай болған кезде көрсетіледі;
      26Бұл мәтін мынадай шарттарда көрсетіледі: 1) Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы мен 3-тармағы негізінде жүзеге асырылған баға ұсыныстарына сұрау салу, тауар биржасы арқылы, бір көзден тәсілін, сондай-ақ Заңның 51-бабы 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерді қоспағанда, барлық сатып алу тәсілдері үшін;
      5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда көрсетілген құжаттарды және ақпаратты Шартты жүзеге асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;
      6) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;
      7) Өнім берушінің Шарттың талаптарын тиісінше орындамауынан және/немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттермен туындаған келтірілген залалдарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге міндеттенеді;
      8) Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген көрсетілген қызметтер актісін жіберу және ресімдеуге;
      9) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісін бекіткеннен кейін Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазуға міндеттенеді.
      <n) жаңа тармақша>
      Ескерту. 3.1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
       3.2. Өнім беруші:
      1) Тапсырыс берушіден Шарт бойынша көрсетілген Қызметтерге төлем талап етуге;
      2) Тапсырыс берушімен алдын ала орындау мерзімін келісе отырып, Шартқа № 1 қосымшада көрсетілген Қызметті мерзімінен бұрын көрсетуге құқылы.
      3.3. Тапсырыс беруші:
      1) Қызметтерді көрсету үшін Өнім берушінің мамандарының қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
      2) көрсетілген Қызметтердің сәйкессіздіктері анықталған кезде тез арада Өнім берушіні жазбаша хабарландыруға;
      3) Қызметті қабылдау кезінде веб-портал арқылы көрсетілген қызметтер актісін бекітуге не Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 426-4-тармағында белгіленген мерзімде оның қабылданбауына дәлелді негіздемелерді көрсете отырып жұмысты қабылдаудан бас тартуға;
      3-1) көрсетілген қызметтер актісін бекіткеннен кейін Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда Өнім беруші жазып берген шот-фактураны бекіткеннен кейін қабылдауға;
      4) осы Шартта белгіленген тәртіпте және мерзімдерде төлем жүргізуге міндеттенеді.
      <n) жаңа тармақша>
      Ескерту. 3.3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
       3.4. Тапсырыс беруші:
      1) көрсетілген Қызметтердің сапасын тексеруге;
      2) Қызмет мерзімінен бұрын көрсетілген жағдайда Тапсырыс беруші қызметті мерзімінен бұрын қабылдауға және ол үшін Шарт талаптарына сәйкес ақы төлеуге құқылы. Қызметті мерзімінен бұрын көрсетуден бас тартуға оны қабылдау мүмкін болмаған жағдайларда жол беріледі.

4. Қызметтердің техникалық ерекшелікке сәйкестігін тексеру

      4.1. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері Көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелікте (Шартқа 2-қосымша) көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан бақылау мен тексеру жүргізе алады. Бұл ретте осы тексерістер бойынша барлық шығыстарды Өнім беруші көтереді. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы мақсаттар үшін белгіленген өз өкілдері туралы жазбаша түрде уақтылы хабарлауы тиіс.
      4.2. Осы Шарт шеңберінде көрсетілген Қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес немесе олардан жоғары болуы тиіс.
      4.3. Егер тексеру кезінде көрсетілген Қызметтердің нәтижелері техникалық ерекшеліктің (Шартқа 2-қосымша) талаптарына сәйкес келмейді деп танылса, Өнім беруші, Тапсырыс беруші тарапынан ешқандай қосымша шығынсыз, техникалық ерекшелік талаптарына сәйкессіздіктерді жою бойынша шараларды тексеру сәтінен бастап <cәйкессіздіктерді жою мерзімі> ішінде қолданады.
      4.4. Жоғарыда көрсетілген ешбір тармақ Өнім берушіні Шарт бойынша басқа міндеттемелерден босатпайды.
      <N. жаңа тармақ>

5. Қызметтер көрсету

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       5.1. Өнім берушінің қызметтерді көрсетуі Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шартқа 1-қосымшада көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырылады.
      5.2. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 22.12.2016 № 683 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5.3. Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға дәл сәйкестікте қызметті толық тапсыруы шартында Қызмет көрсетілді деп есептеледі.
      <N. жаңа тармақ>

6. Кепілдік

      6.1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге үздіксіз, сапалы және уақтылы Қызмет көрсетудің қамтамасыз етілуіне кепілдік етеді.
      6.2. Өнім беруші техникалық ерекшеліктің (Шартқа 2-қосымша) Қызметтерінің қателерін, жете өңдеулері мен басқа да сәйкессіздіктерін ақысыз түзетуге кепілдік береді.
      6.3. Тапсырыс беруші берілген кепілдікке байланысты барлық шағымдары туралы Өнім берушіге жазбаша түрде жедел хабарлауға міндетті, одан кейін Өнім беруші, осыған байланысты барлық шығыстарды қоса алғанда, өз есебінен кемшіліктерді жою шараларын Тапсырыс беруші хабарламасында айқындалған мерзімде қолдануға тиіс.
      6,4. Егер Өнім беруші хабарламаны алып, кемшіліктерді жою шараларын уақтылы қолданбаса, Тапсырыс беруші Шарт бойынша Өнім берушіге қатысты өзінің басқа құқықтарына ешқандай нұқсан келтірмей және Өнім беруші есебінен қажетті санкциялар мен кемшіліктерді жою шараларын қолдана алады.
      <N. жаңа тармақ>

7. Тараптардың жауапкершілігі

      7.1. Тараптар осы Шарт шеңберіндегі өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
      7.2. Секвестр және/немесе тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақша жетіспеген жағдайларда, егер Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиесілі қаражатты Шартта көрсетілген мерзімдерде төлемесе, Тапсырыс беруші Өнім берушіге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиесілі соманың 0,1 % (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде ұсталған төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс.
      7.3. Қызмет көрсету мерзімдерін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс.
      7.4. Өнім беруші Қызмет көрсетуден бас тартқан немесе Шарт бойынша Қызмет көрсету мерзімі өткен күннен бастап, бірақ Шарт қолданысының аяқталу мерзімінен кешіктірмей, бір айдан аса мерзімге Қызмет көрсету мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасын өндіріп ала отырып, бір жақты тәртіпте осы Шартты бұзуға құқылы.
      7.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
      7.6. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша қызмет көрсету үшін қажетті құнның немесе мерзімдердің азаюына әкелетін болса, Шарт сомасы немесе қызмет көрсету кестесі, немесе екеуі де тиісінше түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Өнім берушінің түзету жүргізуге барлық сұрау салулар Өнім беруші Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынуға тиіс.
      7.7. Мердігердің Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін біреуге толықтай да, ішінара да беруіне жол берілмейді.
      Ескерту. 7.7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       7.8. Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда, Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) болуы Өнім берушіні Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.
      Қызмет көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) берілуі мүмкін көрсетілетін қызметтің шекті көлемі жиынтықта көрсетілетін қызмет көлемінің үштен екісінен аспауға тиіс.
      Бұл ретте қосалқы мердігерлерге өткізілетін мемлекеттік сатып алу мәні болып табылатын қызмет көрсету көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беруге тыйым салынады.
      Қазақстан Республикасының мүгедектер қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының мүгедектер қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға көрсетілетін қызметтерге өткізілетін мемлекеттік сатып алу мәні болып табылатын қызмет көрсету бойынша қосалқы мердігерлер тартуға жол берілмейді27.
      Ескерту. 7.8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       7.9. Тапсырыс беруші Өнім берушінің осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарт бұзылған жағдайда оның орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды28.
      <N. жаңа тармақ>

8. Шарттың қолданыс мерзімі және бұзу талаптары

      8.1. Шарт <Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін/қол қойған күннен бастап> күшіне енеді және <_____> дейін қолданылады.
      8.2. Мынадай оқиғалар олардың көбеюi бөлiгінде қызмет көрсету ұзақтығы мерзiмдерiнің өзгеруiне әкеп соқтырады:
      1) Тапсырыс беруші Объектiнiң барлық учаскелерiн пайдалануға тыйым салады, ол өз кезегінде қызмет көрсетудің кешіктірілуіне әкеп соқтырады;
      2) Тапсырыс беруші Өнім берушіге Шартта жоспарланбаған сынақтарды жүргiзу үшiн қызмет көрсетуді тоқтатуға нұсқау береді. Бұл ретте, егер аталған сынақтар ақауларды анықтамаған жағдайда, қызмет көрсетуді тоқтату уақыты қызмет көрсету мерзіміне қосылады;
      <Жаңа абзац>
      8.3. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Тапсырыс беруші кез келген уақытта Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жіберіп біржақты тәртіпте Шарт талаптарын орындаудан бас тарта алады. Бұл жағдайда Шарттың талаптарын орындаудан бас тарту тез арада жүзеге асырылады, және Тапсырыс беруші егер Шарттың талаптарын орындаудан бас тарту ешқандай залал келтірмейтін немесе салдарынан Тапсырыс берушіге қойылған немесе қойылатын қандай да бір әрекеттерді жасауға немесе санкцияларды қолдануға құқықтарды қозғамайтын шартта Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндет көтермейді.
      ____________________________
      27Осы мәтін сатып алулардың баға ұсынысын сұрату тәсілін қоспағанда барлық тәсілдеріде көрсетіледі.
      28Бұл мәтін Заңның 39-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы мен 3-тармағы негізінде жүзеге асырылған баға ұсыныстарына сұрау салу, тауар биржасы арқылы, бір көзден тәсілін, сондай-ақ Заңның 51-бабы 6-тармағында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерді қоспағанда, барлық сатып алу тәсілдері үшін көрсетіледі.
      8.5. Тапсырыс берушi Өнім берушіге тиiстi жазбаша хабарлама жiберiп, Шартты одан әрi орындаудың орынсыздығына байланысты оны кез келген уақытта бұза алады. Хабарламада Шарт талаптарын орындаудан бас тарту себебi, Шарттың бұзылғаны күшiне енген күн көрсетілуге тиіс.
       8.6. Шарт талаптарын бұзғаны үшін қандай да бір санкцияларға зиян келтірместен Тапсырыс беруші осы Шарттың 7.4-тармағының талаптарын ескере отырып, Өнім берушіге міндеттемелерін орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып:
      1) егер Өнім беруші көрсетілетін қызметті Шартта көзделген мерзімде немесе Тапсырыс беруші ұсынған осы Шарттың ұзартылған кезеңі ішінде орындай алмаса;
      2) егер Өнім беруші өз міндеттемелерін орындай алмаса, осы Шартты толық немесе ішінара бұза алады.
      Ескерту. 8.6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       8.7. Шарт талаптарын бұзғаны үшін қандай да бір санкцияларға зиян келтірместен Тапсырыс беруші, Өнім берушіге міндеттемелерін орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып:
      1) егер Өнім беруші көрсетілетін қызметті Шартта көзделген мерзімде немесе Тапсырыс беруші ұсынған осы Шарттың ұзартылған кезеңі ішінде орындай алмаса;
      2) егер Өнім беруші өз міндеттемелерін орындай алмаса, осы Шартты толық немесе ішінара бұза алады.
      8.8. Шарт:
      1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылғаны анықталған;
      2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген қолдауды көрсеткен;
      3) уәкілетті орган міндеттемелері тиісінше орындалған шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы бұзыла отырып Шарт жасасу фактісін анықтаған;
      4) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін қызмет көрсетілген жағдайды қоспағанда, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес сомаларды енгізбеу арқылы Шарт жасасудан жалтару жағдайында кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін.
      8.9. Шарт тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.

9. Хабарлама

      9.1. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама төленген тапсырыс хатпен немесе телеграмма, телекс, телефакс не веб-портал арқылы жіберіледі.
      9.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күні (егер хабарламада көрсетілсе), осы екі күннің қайсысы кеш келетініне байланысты күшіне енеді.

10. Форс-мажор

      10.1. Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып табылса, Тараптар ол үшін жауапкершілік көтермейді.
      10.2. Егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып табылса, Өнім беруші өзінің Шарттың орындалуын қамтамасыз етуінен айырылмайды және Шарт талаптарының орындалмауына байланысты тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапты болмайды.
      10.3. Шарт мақсаттары үшін "форс-мажор" Тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар мыналарды қамти алады, бірақ тек олар ғана емес: соғыс қимылдары, табиғи немесе дүлей апаттар және басқалар.
      10.4. Форс-мажорлық жағдаяттар туындаған кезде Өнім беруші тез арада Тапсырыс берушіге осындай жағдаяттар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден басқа жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттерін мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдаяттарға байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздейді.

11. Даулы мәселелерді шешу

      11.1. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктер немесе даулар тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.
      11.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

12. Өзге де шарттар

      12.1. Салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.
      12.2. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасу нысаны сияқты нысанда жасалады.
      12.3. Өнім берушінің таңдауы үшін негіз болған сапаның өзгермеуі шарты мен басқа да шарттарда жасалған Шартқа өзгерістерді енгізуге:
      1) көрсетілетін Қызметтің бағасын және тиісінше Шарт сомасының азаюы бөлігінде Тараптардың өзара келісімі бойынша;
      2) Шартта көрсетілген Қызметтердің бірлігі үшін бағаның өзгермеуі шартында көрсетілетін Қызметтер көлемінде қажеттіліктің азаюымен не ұлғаюымен байланысты Шарт сомасының азаюы не ұлғаюы бөлігінде;
      3) егер Өнім беруші онымен жасасқан Шартты орындау үдерісінде көрсетілетін қызмет бірлігі үшін бағаның өзгермеуі шартында онымен жасасқан Шарттың мәні болып табылған көрсетілетін қызметтің анағұрлым жақсы сапалы және (немесе) техникалық сипаттамасын не мерзімін және (немесе) талаптарын ұсынған жағдайда рұқсат беріледі.
      12.4. Тараптардың біреуінің Шарт бойынша міндеттерін беруіне тек екінші Тараптың жазбаша келісімімен жол беріледі.
      12.5. Шарт веб-портал арқылы жасалған бірдей заңды күшіне ие қазақ және орыс тілінде жасалды.
      12.6. Шартта реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
      <N. жаңа тармақ>

13. Тараптардың деректемелері

Тапсырыс беруші:
<Тапсырыс берушінің толық атауы>< Тапсырыс берушінің толық заңды мекенжайы>
БСН < Тапсырыс берушінің БСН>
БСК< Тапсырыс берушінің БСК>
ЖСК< Тапсырыс берушінің ЖСК>
<Банктің атауы> Тел.: <Тапсырыс берушінің телефоны> <Тапсырыс берушінің лауазымы><Тапсырыс берушінің ТАӘ>
Өнім беруші:
<Өнім берушінің толық атауы><Өнім берушінің толық заңды мекенжайы>
БСН/СЖН/ТБН <Өнім берушінің БСН/СЖН/ТБН> ЖСК
<Банктің атауы>
Тел.: <Өнім берушінің телефоны>
<Өнім берушінің лауазымы><Өнім берушінің ТАӘ>

      
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      БСК – банктік сәйкестендіру коды;
      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
      ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі;
      ҚҚС – қосылған құн салығы;
      Т.А.Ә. – аты-жөні.
      Ескерту. 21-қосымша аббревиатурамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Мемлекеттік сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
22-қосымша

Банктік кепілдік

      (мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету нысаны)
      Банктің атауы: _________________________________________
      (банктің атауы мен деректемелері)
      Кімге: _______________________________________________________
      (тапсырыс берушінің атауы мен деректемелері)
      Кепілді міндеттеме № ______ ________________ "___" _______ ___ ж.
      (орналасқан жері)
      "Өнім беруші" ___________________________ (өнім берушінің атауы)
      _____________________________________________________________
      (тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің
      сипаттамасы) жеткізуге (орындауға, көрсетуге) _____ __________ ___ ж.
      № ___ мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі - Шарт) жасасқанын
      (жасасатынын)* және Сіз Шартта Өнім беруші жалпы
      сомасы________________________________ теңгеге банктік кепілдік
      түрінде оның орындалуын қамтамасыз етеді деп көздегеніңізді назарға
      ала отырып, осымен_______________________________________________________________
      ________ (банктің атауы) жоғарыда көрсетілген Шарт бойынша кепілгер
      болып табылатынымызды және Сіздің төлеуге жазбаша талабыңызды,
      сондай-ақ Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағанын
      немесе тиісінше орындамағанын жазбаша растауды алғаннан кейін Сізге
      _______________________________ (сомасы санмен және жазумен) тең
      соманы төлеуге өзімізге қайтарусыз міндеттеме аламыз. Осы кепілді
      міндеттеме қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді және Өнім беруші
      Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін әрекет
      етеді. Осы кепілді міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар
      мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
      Кепілгерлердің қолы/электронды-сандық Күні және мекенжайы
      қолтаңбасы, мөрі (қағаз тасығышта)
      (Банктің (банк филиалының) атынан оның бірінші басшысы немесе оның орынбасары және банктің бас бухгалтері).

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
22-1-қосымша

Тауар(лар)ды қабылдап алу-беру актісі

      Ескерту. Қағида 22-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       №_______ "___"_______________ 20_____г.
      Құжаттың нөмірі* жасалу күні* (өнім беруші актінің күнін,
       жіберілген уақытын тіркейді)
      Осы акті төменде қол қойылған Өнім берішінің атынан
      _____________________, (Өнім беруші) берілгені, ал
      (Өнім берушінің атауы*)
      20 __ жылғы "__"____ № __ ____________ шартқа (және қосымша
      (шарттың (және қосымша келісімнің) атауы, күні және нөмірі*)
      келісімге) сәйкес тапсырыс берушінің өкілі
      атынан _______________ (Тапсырыс беруші) қабылдағаны жөнінде жасалды:
       (Тапсырыс берушінің атауы*)

Тауар туралы мәліметтер**

Тауарды беру орны
Тауардың атауы
Номенклатуралық (зауыттық) нөмірі (болған жағдайда)
Өлшем бірлігі
Саны
бірлік үшін баға (теңге), оның ішінде ҚҚС/ҚҚС есепке алмағанда
Сома, теңге
1
2
3
4
5
6
7
1
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 

      
      Шартқа сәйкес осы акт бойынша тауар(лар)дың құны ____________________
       (цифрмен, әріппен жазылады)
      теңгені құрайды, оның ішінде ҚҚС/ҚҚС есепке алмағанда**,

Өнім берішінің атауы*
ЖСН/БСН*
ЖСК/БСК*
Банк*
Заңды мекенжайы*
Өнім берішінің өкілдері **
Бекітемін **
лауазымы, Т.А.Ә.
қолы
лауазымы, Т.А.Ә.
қолы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      

Шарт бойынша ақпарат***
1
Жалпы мәлімет
Шарттың жалпы құны *
Аванстық төлемдер сомасы ***
Шарттың қолданылуынан бастап төлем сомасы***
Бұрын актіленгендердің сомасы***
Тауарды жеткізу мерзімін өткізіп не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасы***
Мерзімі өткен күндердің саны***
1
2
3
4
5
6
 
 
 
 
 
 
 
2
Шығыстардың бірыңғай бюджеттік сыныптамасының коды: Бағдарлама/Кіші бағдарлама/Ерекшелік***
 
3
осы акті бойынша өнім беруші жүргізген шығыстар ***
 
Тауардың атауы*
Өлшем бірлігі*
Саны*
Баға, теңге*
Сома, теңге*
 
1
2
3
4
5
1
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
4
Өнім берушіге аудару талап етiлетiн сома***
 

      
      Қосымшасы: құжаттардың электрондық көшірмелерінің тізбесі (болған жағдайда өнім беруші/тапсырыс беруші тіркеп отырады)

Тапсырыс берішінің атауы*
ЖСН/
БСН*
ЖСК/
БСК*
Банк*
Заңды мекенжайы***
Тапсырыс берішінің өкілдері***
Бекітемін***
(ұйымның басшысы)
Тауарлар қабылдау үшін жауапты
Ресімдеудің дұрыстығына жауапты (деректемелер мен ерекшеліктердің сәйкес келуі)
Т.А.Ә.
қолы
Т.А.Ә.
қолы
Т.А.Ә.
қолы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
      Ескертпе:
      *мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде толтырылады;
      ** өнім беруші толтырады;
      *** тапсырыс беруші толтырады.
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      БСК – банктік сәйкестендіру коды;
      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
22-2-қосымша

Орындалған жұмыстар актісі ****

      Ескерту. Қағида 22-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       №_______ 20_____ж. ___"_________________
      Құжаттың нөмірі* жасалу күні* (өнім беруші актінің күнін,
       жіберілген уақытын тіркейді)
      Осы акті төменде қол қойылған Орындаушының атынан
      _____________________, (Орындаушы) берілгені, ал
      (Орындаушының атауы*)
      20 __ жылғы "__"____ № __ ____________ шартқа (және қосымша
      (шарттың (және қосымша келісімнің) атауы, күні және нөмірі*)
      келісімге) сәйкес тапсырыс берушінің өкілі
      атынан _______________ (Тапсырыс беруші) қабылдағаны жөнінде жасалды:
       (Тапсырыс берушінің атауы*)

Орындалған жұмыс туралы мәліметтер**

Жұмыстың орындаған орны
Жұмыстарды орындау күні/кезеңі
Атауы
Өлшем бірлігі
Саны
бірлік үшін баға (теңге), оның ішінде ҚҚС/ҚҚС есепке алмағанда
Сома, теңге
1
2
3
4
5
6
7
1
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 

      
      Шартқа сәйкес осы акт бойынша орындалған жұмыстың құны ______________
       (цифрмен, әріппен жазылады)
      теңгені құрайды, оның ішінде ҚҚС/ҚҚС есепке алмағанда**

Орындаушының атауы*
ЖСН/БСН*
ЖСК/БСК*
Банк*
Заңды мекенжайы*
Орындаушының өкілдері **
Бекітемін **
лауазымы, Т.А.Ә.
қолы
лауазымы, Т.А.Ә.
қолы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      

Шарт бойынша ақпарат
1
Жалпы мәлімет
Шарттың жалпы құны *
Аванстық төлемдер сомасы ***
Шарттың қолданылуынан бастап төлем сомасы***
Бұрын актіленгендердің сомасы***
Жұмысты орындау мерзімін өткізіп не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасы***
Мерзімі өткен күндердің саны***
1
2
3
4
5
6
 
 
 
 
 
 
 
2
Шығыстардың бірыңғай бюджеттік сыныптамасының коды: Бағдарлама/Кіші бағдарлама/Ерекшелік***
 
3
Осы акті бойынша іс жүзінде орындалған жұмыстар (техникалық ерекшелікке, тапсырмаға, жұмыстар болған кезде оларды орындау кестесіне сәйкес олардың кіші түрлері бөлінісінде жұмыстардың атауы)***
 
Атауы*
Жұмыстарды орындау күні/кезеңі
Өлшем бірлгі*
Саны*
Баға, теңге*
Сома, теңге*
 
1
2
3
4
5
6
1
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
4
Өнім берушіге аудару талап етiлетiн сома***
 

      
      Қосымшасы: құжаттардың электрондық көшірмелерінің тізбесі (болған жағдайда өнім беруші/тапсырыс беруші тіркеп отырады)

Тапсырыс берішінің атауы*
ЖСН/
БСН*
ЖСК/
БСК*
Банк*
Заңды мекенжайы***
Тапсырыс берішінің өкілдері***
Бекітемін***
(ұйымның басшысы)
Тауарлар қабылдау үшін жауапты
Ресімдеудің дұрыстығына жауапты (деректемелер мен ерекшеліктердің сәйкес келуі)
Т.А.Ә.
қолы
Т.А.Ә.
қолы
Т.А.Ә.
қолы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
      2-В нысаны

20__ жылдың "_" ______ №__ Орындалған жұмыстардың актісі

      Тапсырыс беруші:_____________________________________________________
       (толық атауы, мекен жайы, байланыс құрал туралы деректер)
      Мердігер:____________________________________________________________
      (толық атауы, мекен жайы, байланыс құрал туралы деректер)
      Құрылыс:_____________________________________________________________
      (атауы, мекен жайы)
      Объект:______________________________________________________________
      (атауы)
      Мердігерлік келісімшарт (келісімшарт) 20__ жылдың "_" ______ №__

Нөмірі
Ресурстар коды және норма шифры
Жұмыстар және шығындар атауы
Өлшем бірлігі
Орындалған жұмыстар
Реті бойынша
Сметалық жайғасымы
Саны
Бірлік үшін баға
Құны, теңге
1
2
3
4
5
6
7
8
 
 
 
 
 
 
 
 
Жиыны
 
 
 

      
      Өткізді (Мердігер) Қабылдады (Тапсырыс беруші)
      ____________________ ____________________________
       (ұйымның атауы) (ұйымның атауы)
      _____________________________ ____________________________
      М.О. (лауазым, қолы, қолының М.О. (лауазым, қолы, қолының
       таратып жазу) таратып жазу)
      Техникалық қадағалауының сарапшы (лар) ___________________ __________
       (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
      Ескертпе:
      *мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде толтырылады;
      ** өнім беруші толтырады;
      *** тапсырыс беруші толтырады;
      **** құрылыс-монтаж жұмыстарын қоспағанда орындалған жұмыстарды қабылдап алу-беру үшін қолданылады;
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      БСК – банктік сәйкестендіру коды;
      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
22-3-қосымша

Көрсетілген қызмет актісі

      Ескерту. Қағида 22-3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       №_______ 20_____ж. ___"_______________
      Құжаттың нөмірі* жасалу күні* (өнім беруші актінің күнін,
       жіберілген уақытын тіркейді)
      Осы акті төменде қол қойылған Өнім берішінің атынан
      _____________________, (Өнім беруші) берілгені, ал
      (өнім берушінің атауы*)
      20 __ жылғы "__"____ № __ ____________ шартқа (және қосымша
      (шарттың (және қосымша келісімнің) атауы, күні және нөмірі*)
      келісімге) сәйкес тапсырыс берушінің өкілі
      атынан _______________ (Тапсырыс беруші) қабылдағаны жөнінде жасалды:
       (Тапсырыс берушінің атауы*)

Көрсетілген қызмет туралы мәліметер**

Қызметті көрсету орны
Атауы
Өлшем бірлігі
Саны
Бірлік үшін баға (теңге), оның ішінде ҚҚС/ҚҚС есепке алмағанда
Сома, теңге
1
2
3
4
5
6
1
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 

      
      Шартқа сәйкес осы акт бойынша көрсетілген қызметтердің құны _________
       (цифрмен, әріппен жазылады)
      теңгені құрайды, оның ішінде ҚҚС/ҚҚС есепке алмағанда**

Өнім берішінің атауы*
ЖСН/БСН*
ЖСК/БСК*
Банк**
Заңды мекенжайы**
Өнім берішінің өкілдері **
Бекітемін **
лауазымы, Т.А.Ә.
қолы
лауазымы, Т.А.Ә.
қолы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      

Шарт бойынша ақпарат
1
Жалпы мәлімет
Шарттың жалпы құны *
Аванстық төлемдер сомасы ***
Шарттың қолданылуынан бастап төлем сомасы***
Бұрын актіленгендердің сомасы***
Жұмысты орындау мерзімін өткізіп не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасы***
Мерзімі өткен күндердің саны***
1
2
3
4
5
6
 
 
 
 
 
 
 
2
Шығыстардың бірыңғай бюджеттік сыныптамасының коды: Бағдарлама/Кіші бағдарлама/Ерекшелік***
 
3
Осы акті бойынша іс жүзінде көрсетілген қызметтер (болған кезде техникалық ерекшелігіне, тапсырмасына, қызметтерді орындау кестесіне сәйкес олардың кіші түрлері бөлінісінде қызметтердің атауы)***
 
Атауы*
Өлшем бірлгі*
Саны*
Баға, теңге*
Сома, теңге*
ғылыми зерттеулер, маркетингтік, консультациялық және өзге де қызметтер туралы есеп (күні, нөмірі, парақтар саны) (болған жа,дайда)****
 
1
2
3
4
5
6
1
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
4
Өнім берушіге аудару талап етiлетiн сома***
 
 

      
      Қосымшасы: құжаттардың электрондық көшірмелерінің тізбесі (болған жағдайда өнім беруші/тапсырыс беруші тіркеп отырады)

Тапсырыс берішінің атауы*
ЖСН/
БСН*
ЖСК/
БСК*
Банк*
Заңды мекенжайы***
Тапсырыс берішінің өкілдері***
Бекітемін***
(ұйымның басшысы)
Тауарлар қабылдау үшін жауапты
Ресімдеудің дұрыстығына жауапты (деректемелер мен ерекшеліктердің сәйкес келуі)
Т.А.Ә.
қолы
Т.А.Ә.
қолы
Т.А.Ә.
қолы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
      Ескертпе:
      *автоматты түрде мемлекеттік сатып алу веб-порталымен толтырылады;
      ** орындаушы толтырады;
      *** тапсырыс беруші толтырады;
      ****ғылыми зерттеулер, маркетингтік, консультациялық және өзге де қызметтер туралы есеп болған жағдайда толтырылады;
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      БСК – банктік сәйкестендіру коды;
      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
22-4-қосымша

Сатып алынатын Тауарлардағы жергілікті қамту туралы есеп нысаны

      Ескерту. Қағида 22-4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Товардың р/с №
(n)
Шартты орындау мақсатында Өнім берушінің сатып алынған тауарлардың саны
Тауардың бағасы
KZT
Құны (CTi)
KZT
Сертификатқа сәйкес КС үлесі СТ-KZ (Ki)
%
СТ-KZ сертификаты
Ескертпе
Нөмірі
Берілген күні
1
 
 
 
 
 
 
 
n
 
 
 
 
 
 
 
ЖИЫНЫ
 
 
 
 
 
 
 

      
      Үкіметтің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 964 қаулысымен бекітілген Ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесіне сәйкес жегілікті қамтымның үлесі сәйкес мынадай формула бойынша есептеледі:
      


      КСт шарттағы тауарларды жеткізуде жегілікті қамту (КСт)
      n тауарларды жеткізуде шартты орындау мақсатында өнім беруші беретін тауарлар атауының жалпы саны;
      i тауарларды жеткізуде шартты орындау мақсатында өнім беруші беретін тауардың реттік нөмірі;
      CTi і-тауар құны;
      Ki "CT-KZ" сертификатында көрсетілген тауардағы жергілікті қамту үлесі;
       Ki = 0, "CT-KZ" сертификаты болмаған жағдайда;
      S шарттың жалпы құны
       Жегілікті қамтудың үлесі (%):
      *КСт = ___________
      * шартта цифрлық форматта жүздік үлеске дейін (0,00)жергілікті
      қамтымның қорытынды үлесі көрсетіледі __________________________ М.О.
      __________________________________
      Басшының тегі, аты, әкесінің аты, қолы Орындаушының тегі, аты.
       әкесінің аты, байланыс телефоны

  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
22-5-қосымша

Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту
бойынша есептілік

      Ескерту. Қағида 22-5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Товардың
р/с №
(m)
Шарттың құны (СДj)
KZT
Шарт шеңберіндегі тауарлардың жиынтық құны (СТj)
KZT
Шарт шеңберіндегі қосалқы мердігерлік шарттардың жиынтық сомасы (ССДj)
KZT
j-шартты (Rj) орындайтын қазақстандық еңбек ақы төлеу қорының үлесі
%
Товардың р/с №
(n)
Өнім беруші шартты орындау мақсатында сатып алынған тауарлардың саны
Тауардың бағасы
KZT
Құны (CTi)
KZT
Сертификатқа сәйкес КС үлесі СТ-KZ (Ki) %
СТ-KZ сертификаты
Ескертпе
Нөмірі
Берілген күні
1
 
 
 
 
1
 
 
 
 
 
 
 
2
 
 
 
 
2
 
 
 
 
 
 
 
m
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ЖИЫНЫ
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
      Үкіметтің 2012 жылғы 14 сәуірдегі № 463 қаулысымен бекітілген Ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесіне сәйкес жегілікті қамтымның үлесі сәйкес мынадай формула бойынша есептеледі:
       n m
       КСр/у = 100% х [(

СТi х Ki +

(СДj - СТj - ССДj) х Rj] / S,
       i=1 j=1
      КСр/у Жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) жеткізуде шарттағы
      жергілікті қамтым (КСр/у),
      n мердігерлердің және қосалқы мердігерлердің жұмыстарды
      (көрсетілетін қызметтерді) сатып алу туралы шартын орындау мақсатында
      алатын тауарларды сатып алудың жалпы саны;
      і Тауардың реттік нөмірі
      CТi j-тауардың құны;
      Ki "CT-KZ" сертификатында көрсетілген тауардағы жергілікті
      қамтымның үлесі;
       "CT-KZ" сертификаты болмаған жағдайда Ki = 0;
      m жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) жеткізу мақсатында
      жасалған шарттардың, тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы
      шартты, мердігер мен қосалқы мердігердің және т.б. арасындағы
      Шарттарды қоса алғандағы жалпы саны;
      j Шарттың реттік нөмірі;
      СДj j-шартының құны;
      CTj j-шартты орындау шеңберінде мердігерлердің немесе қосалқы
      мердігерлердің сатып алынған тауарлардың жиынтық құны;
      CСДj j-шартты орындау шеңберінде жасалған қосалқы мердігерлік
      шарттарының жиынтық қоры
      Rj Өнім берушінің немесе j-шартты орындайтын қосалқы
      мердігерлердің қызметкерлерінің жалпы еңбекақы төлеу қорындағы
      қазақстандық кадрлардың еңбекақы қорының үлесі;
      S Жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) сатып алу туралы шарттың
      жалпы құны
      Rj Өнім берушінің немесе j-шартты орындайтын мердігер
      қызметкерлерін жалпы еңбекақы төлеу қорындағы қазақстандық кадрлардың
      еңбекақы қорының үлесі мына формула бойынша есептелді
      ҚЕАҚ – өнім берушінің немесе j-шартты орындайтын қосалқы мердігердің
      j-шартының қолданылу кезеңіндегі қазақстандық кадрлардың еңбекақы
      төлеу қоры;
      ЕТҚ – өнім берушінің немесе j-шартты орындайтын қосалқы мердігердің
      j-шартының қолданылу кезеңіндегі қазақстандық кадрлардың жалпы
      еңбекақы төлеу қоры;
      Шарттағы жергілікті қамтымның үлесі (%):
      ____________________________ М.О.
      Басшының тегі, аты, әкесінің аты, қолы **КСр/у = ________
      ** шартта цифрлық форматта жүздік үлеске дейін (0,00)жергілікті
      қамтымның қорытынды үлесі көрсетіледі
      _______________________________________________________________
      Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты, байланыс телефоны

  Мемлекеттік сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
23-қосымша

Тұрғын үй-жайды мемлекеттік сатып алу жөнінде ашу хаттамасы
(нөмірі мен күні)

      Ескерту. 23-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       Сатып алу № __________________________________________________
      Сатып алу аты_________________________________________________
      Лоттың №_____________________________________________________
      Лоттың атауы_________________________________________________
      Тұрғын үй-жайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді мынадай
      әлеуетті өнім берушілер ұсынды:


Әлеуетті өнім берушінің Т.А.Ә.
ЖСН
Байланысу деректері, деректемелері
Өтінімнің берілген күні мен уақыты
 
 
 
 
 

      
      Хабарландыруда көзделген құжаттардың бар екендігі (жоқ болуы) туралы ақпарат:


Әлеуетті өнім берушінің Т.А.Ә.
ЖСН
Құжаттың атауы
Болу белгісі
 
 
 
 
 

      
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      Т.А.Ә. – аты-жөні.

  Мемлекеттік сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
24-қосымша

Тұрғын үй-жайды мемлекеттік сатып алу жөнінде қорытынды туралы хаттама
(нөмірі мен күні)

      Ескерту. 24-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 03.10.2016 № 521 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       Сатып алу № ___________________________________________
      Сатып алу аты _________________________________________
      Лоттың № ______________________________________________
      Лоттың атауы __________________________________________
      Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге ___________________
      Берілген өтінімдер туралы ақпарат:


Әлеуетті өнім берушінің Т.А.Ә.
ЖСН
Байланысу деректері, деректемелері
Өтінімнің берілген күні мен уақыты
 
 
 
 
 

      
      Өтінімдерді қарау нәтижелері:


Әлеуетті өнім берушінің Т.А.Ә.
ЖСН
Шешім (жіберілді/жіберілген жоқ)
Хабарландыруда көзделген талаптарға сәйкес келмеу себебі
Негіздеме (болған жағдайда көрсетіледі)
 
 
 
 
 
 

      
      Жіберілген қатысушылардың баға ұсыныстары туралы мәліметтер:


Әлеуетті өнім берушінің Т.А.Ә.
ЖСН
Бөлінген сома
Өнім берушінің бағасы
Бюджетті төмендету пайызы
Өтінімнің берілген күні мен уақыты
 
 
 
 
 
 
 

      
      Сатып алудың №___ лоты бойынша жеңімпаз: {жеңімпаз өнім берушінің атауы}.
      Тапсырыс беруші {тапсырыс берушінің атауы} "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде {жеңімпаз өнім берушінің атауы}-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.
      Не:
      "Мемлекеттік сатып алу (№___ лот бойынша сатып алудың атауы)_____________________ байланысты өтпеді деп танылсын*":
      Ескерту: *Мынадай мағыналардың біреуі: "берілген өтінімдердің болмауы", "конкурсқа бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген".
      Не:
      Сатып алуды жою жүргізілді, оның негізі мынау болып табылады: Уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыным, шешім) № _________ күні.айы.жылы.
      Жою туралы шешім қабылдаған орган: {_________________________}
      Не:
      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10-тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тарту жүргізілді.
      Аббревиатураларды таратып жазу:
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
      Т.А.Ә. – аты-жөні;
      кк.аа.жжжж. – күні, айы, жылы.
      ___________________________________________
      30 Құрылыс, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау бойынша "Мердігер" ретінде өнім берушіні таңдау кезінде орындалған жұмыстардың актісі 2-В нысаны бойынша көрсетіледі.