"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 93 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 30 наурызда № 13554 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізімінде № 12590 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:
      3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы (бұдан әрі – бірыңғай ұйымдастырушы) – Заңның 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдігі немесе аудан, қала, қаладағы аудан әкімдігі айқындаған, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Тапсырыс беруші Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Тапсырыс берушілер Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес айына бір реттен асырмай мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.»;
      18-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Тапсырыс беруші Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес шарт жасасқанға дейін:»;
      22232425 және 26-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Тапсырыс беруші Заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкес тапсырыс беруші ұйымдастырушы етіп тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемені айқындауға құқылы.
      23. Тапсырыс беруші Заңның 7-бабының 3-тармағына сәйкес тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме үшін тапсырыс беруші ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
      24. Тапсырыс беруші Заңның 7-бабының 4-тармағына сәйкес тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме үшін тапсырыс беруші олардың арасынан ұйымдастырушыны айқындауға құқылы.
      25. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі Заңның 7-бабының 5-тармағына сәйкес өзіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеме, оған қатысты өзі мемлекеттік басқару органы ретінде әрекет ететін заңды тұлға не оған қатысты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы ретінде әрекет ететін заңды тұлғамен үлестес тұлға үшін ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
      Мемлекеттік кәсіпорын не дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға Заңның 7-бабының 5-тармағына сәйкес өзімен үлестес тұлғалар үшін ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
      26. Тапсырыс беруші конкурс (аукцион) тәсілімен ұйымдастырылатын және өткізілетін мемлекеттік сатып алу рәсімін орындау үшін бірыңғай ұйымдастырушымен келісім бойынша оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде айқындайды.»;
      28-тармақтың 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын
      «1) Қазақстан Республикасының Үкіметі тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушыны айқындайды.
      Бірыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12556 болып тіркелген «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 669 бұйрығына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын бюджеттік бағдарламалардың және (немесе) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша орындайды;»;
      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «31. Әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларда көзделген мәліметтерді қамтитын бiр ғана баға ұсынысын ұсынады, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
      Әлеуетті өнім берушілер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін берілген баға ұсыныстарын қайтаруға рұқсат етіледі. Бұл ретте баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі өткенге дейінгі енгізілген өзгерістермен баға ұсыныстарын қайта ұсынуға жол беріледі.»;
      47-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «47. Біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы Заңның 20-бабының 1-тармағына сәйкес мұндай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурстық құжаттамада олардың біртекті түрлері бойынша лоттарға бөле отырып, көрсетілген тәсілмен бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге құқылы.»;
      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «52. Бірыңғай ұйымдастырушы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді тапсырыс берушінің қазақ және орыс тілдерінде мынадай құжаттарды қамтитын тапсырмасының негізінде жүзеге асырады:
      1) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға немесе жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды тұлға қол қойған, конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін тапсырыс беруші өкілдерінің ішінен үміткерлері көрсетілген тапсырыс берушінің конкурсты өткізуге өтінімі;
      2) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам бекіткен конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелігі, шарттың жобасы және құрылған (тартылған) жағдайда сараптау комиссиясының құрамы.
      Техникалық ерекшеліктің орнына жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттама Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қамтуға тиіс.»;
      54 және 55-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «54. Конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссия хатшысын айқындау туралы шешімді ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам немесе жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.
      55. Егер тапсырыс берушінің өзі тікелей немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесі (лауазымды адам) атынан ұйымдастырушы болып әрекет еткен жағдайда конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссия хатшысын айқындау туралы шешімді Заңның 7-бабының 1-тармағына сәйкес тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам не Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.»;
      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «59. Конкурстық комиссияның мүшелері конкурстық комиссияның төрағасы және басқа да мүшелері болып табылады. Конкурстық комиссияның мүшелері өтінімдерді қарайды және дауыс беруде ауысу құқығынсыз қатысады.
      Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны Заңның 2-бабының 10) тармақшасына сәйкес тақ санды, бірақ кемінде үш адамды құрайды.
      Бірыңғай ұйымдастырушы құратын конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, бірақ кемінде бес адамды құрайды.»;
      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «64. Осы Қағидалардың 28-тармағы 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын бірыңғай ұйымдастырушы конкурс жүргізген кезде тапсырыс берушінің бірінші басшысы конкурстық комиссияның төрағасы болып айқындалады.»;
      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «67. Осы Қағидалардың 28-тармағы 3) тармақшасына сәйкес айқындалатын мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы конкурс өткізген кезде конкурстық комиссияның төрағасы болып тиісті ауданның, қаланың, қаладағы ауданның әкімі айқындалады.»;
      73-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «73. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу кезінде ұйымдастырушы Заңнын 27-бабының 2-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы.»;
      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «75. Сараптау комиссиясын құру не сарапшыны тарту туралы шешімді ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға не жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.
      Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырған жағдайда сараптау комиссиясын құру туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға не жауапты хатшы не жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.»;
      83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «83. Ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманың жобасын тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндеттерін атқарушы тұлға не жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам бекітеді.»;
      85-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Заңның 21-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жобалау-сметалық құжаттаманы қажет ететін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде техникалық ерекшеліктің орнына конкурстық құжаттама Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қамтуы тиіс.»;
      86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «86. Ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың жобасы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың жобасын веб-порталда орналастырады.
      Заңның 22-бабы 3-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін ұсынатын мерзімнің соңғы күні конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын және бекітілген конкурстық құжаттаманың мәтінін орналастырған күннен бастап кем дегенде күнтізбелік он бес күнді құрайды.
      Заңның 22-бабы 3-тармағына сәйкес егер осы Қағидалардың 89-тармағына сәйкес конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау жүзеге асырылмаған жағдайда, әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін ұсынатын мерзімнің соңғы күні конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаның мәтінін орналастырған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем болмауы тиіс.»;
      94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «94. Заңның 22-бабы 2-тармағына сәйкес конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы конкурстық құжаттаманың жобасына қатысты келіп түскен ескертпелер туралы ақпаратты және олар бойынша қабылданған шешімдерді қамтиды.
      Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын тұлға немесе жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қол қояды.
      Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы өткізген жағдайда конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы қол қояды.
      Осы Қағидалардың 2224 және 25-тармақтарында көзделген жағдайларда, конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын тұлға немесе жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қол қояды.»;
      108-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап кем дегенде күнтізбелік алпыс күнді құрайды және конкурстық құжаттамада белгіленген талап етілетін мерзімге сәйкес келуі тиіс.»;
      128-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «128. Заңның 27-бабы 3-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:»;
      134-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Заңның 27-бабы 5-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерден біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарастыруды, бағалауды және салыстыруды оңайлату үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы;
      4) Заңның 27-бабы 5-тармағына сәйкес біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысу өтінімдерінде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы.»;
      142-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «142. Заңның 28-бабы 2-тармағына сәйкес конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама мынадай ақпаратты қамтиды:»;
      144-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «оған қатысу үшін банктік кепілдік түрінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін конкурстың нөмірін және атауын;»
      150-тармақтың 1) тармақшасының:
      алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «конкурс жарияланған күннен кейін алынған, салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсынбауы;»;
      тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көрсетілген, шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарын иелену бөлігінде сәйкес келмеуі. Бұл ретте, тапсырыс берушіге шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстары конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетіледі. Әлеуетті өнім беруші сатып алынатын құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін болуы қажет негізгі жабдықтардың (тетіктердің, машиналардың) және еңбек ресурстарының негізгі түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткізілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жобалаушы әзірлейді және келіседі.»;
      154 және 155-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «154. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарлар, көрсетілетін қызметтер нарығындағы болған жұмыс тәжірибесінің әрбір жылы үшін нөл бүтін оннан бес (0,5 %) пайыз, бірақ бес пайыздан аспайтын шартты жеңілдік береді. Жұмыс тәжірибесі бір жылдан кем болған немесе ол болмаған жағдайда мұндай пайыз белгіленбейді. Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері бес пайыздан аспайды.
      Жұмыс тәжірибесінің болғаны үшін шартты бағаға пайыздық әсерді есептеу конкурстық құжаттамаға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады.
      155. Конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс мәні болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша (1 %) пайыз мөлшерінде, бірақ он пайызынан асырмай шартты жеңілдік береді. Сатып алынатын жұмыстар нарығында жұмыс тәжірибесі болған кезде, оның ішінде жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша бір жылдан кем болған немесе ол болмаған жағдайда осындай пайыз белгіленбейді.
      Егер бір жылдың ішінде әлеуетті өнім беруші конкурста сатып алынатын, оның ішінде біреуден артық құрылыс объектісінде осындай (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша жұмыстарды (құрылыспен байланысты емес бір жұмыстан асатын) орындаған жағдайда, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі (құрылыспен байланысты емес келесі жұмыс үшін) үшін нөл бүтін оннан бір (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
      Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері он пайыздан аспайды.
      Жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсерді есептеу конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.»;
      163-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «163. Егер әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінімінде ұсынылған техникалық ерекшеліктегі тауарлардың функционалдық сипаттамасы конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген тауарлардың шекті мүмкіндігінен асқан жағдайда, конкурстық комиссия әр мүмкіндігі үшін нөл бүтін оннан бес (0,5 %) пайыз белгілейді. Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері үш пайыздан (3%) аспайды.»;
      172-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «172. Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде конкурс нысанасы болып табылатын, сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында, оның ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ұқсас түрлері бойынша мол жұмыс тәжірибесі бар конкурсқа қатысушы жеңімпаз (конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру қорытындысы бойынша екінші орын алған конкурсқа қатысушы) деп танылады. Шартты бағалары тең бірнеше әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрынырақ келіп түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз (конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру қорытындысы бойынша екінші орын алған конкурсқа қатысушы) деп танылады.»;
      175-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «175. Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң техникалық-экономикалық негiздемені, жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) және қала құрылысы жобалары құжаттаманы әзірлеу бойынша қатысуға өтiнiмнiң бағасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 97899 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Төрағасының 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 399-НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі Мемлекеттік нормативке сәйкес тапсырыс беруші есептеген бағадан он пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады.»;
      182-тармақтың 1) тармақшасының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және оны тапсырыс берушінің бірінші басшысының не оның міндетін атқаратын адамның, не жауапты хатшының немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамның бекітуі;»;
      184-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «184. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен Заңның 31-бабы 1-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша жүзеге асырылады.»;
      187-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «187. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс веб-портал арқылы Заңның 31-бабы 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастырылған білікті әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің арасында жүзеге асырылады.»;
      190-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «190. Ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы адам немесе жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам бекітеді.»;
      192-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Заңның 22-бабы 3-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға өтінімдерін ұсынатын мерзімнің соңғы күні бекітілген конкурстық құжаттаманың мәтінін орналастырған күннен бастап кем дегенде күнтізбелік он күнді құрайды.»;
      210-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «210. Заңның 27-бабы 3-тармағына сәйкес біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:»;
      233-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) әлеуетті өнім берушінің «Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорыңда» болуы туралы мәліметтерін;»;
      248 және 249-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «248. Заңның 29-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес егер конкурсқа қатысуға бір ғана әлеуетті өнім беруші жіберілсе, тапсырыс беруші осы әлеуетті өнім берушіден бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. Бұл ретте жасалған шарттың бағасы оның конкурстық баға ұсынысынан аспауы тиіс.
      249. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде:
      1) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбейді;
      2) конкурстық комиссия Заңның 21-бабы 4-тармағында көзделген конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарына әсер ететін өлшемшарттарды қолданбайды;
      3) конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау рәсімдері жүзеге асырылмайды;
      4) конкурсқа қатысуға алдын-ала рұқсат беру рәсімі жүзеге асырылмайды;
      5) Заңның 26-бабының талаптары қолданылмайды. Әлеуетті өнім берішінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға берген өтінімі, егер берілген конкурстық баға ұсынысы осы Қағидалардың 177-тармағына сәйкес демпингтік болып танылса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.»;
      255-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «255. Бірыңғай ұйымдастырушы аукцион ұйымдастыруды және жүргізуді тапсырыс берушінің мынадай құжаттарды:
      1) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға немесе жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қол қойған, аукциондық комиссияның құрамына енгізу үшін тапсырыс берушінің өкілдері ішінен кандидатуралар көрсетілген тапсырыс берушінің аукцион өткізуге өтінімін;
      2) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға, не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам бекіткен аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікті, шарт жобасын және құрылған (тартылған) жағдайда сараптау комиссиясының құрамын не сарапшыны қамтитын қазақ және орыс тілдеріндегі тапсырманы ұсынуы негізінде жүзеге асырады.»;
      257 және 258-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «257. Аукциондық комиссия құру және аукциондық комиссия хатшысын айқындау туралы шешімді ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға не Заңның 21-бабы 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.
      258. Егер тапсырыс беруші өзі тікелей не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесі (лауазымды адам) атынан ұйымдастырушы болып шыққан жағдайда аукциондық комиссия құру және аукциондық комиссия хатшысын айқындау туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға немесе Заңның 21-бабы 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.»;
      266-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «266. Осы Қағидалардың 28-тармағы 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын бірыңғай ұйымдастырушы аукцион өткізген кезде Заңның 8-бабының 2-тармағына сәйкес тапсырыс берушінің бірінші басшысы аукциондық комиссияның төрағасы болып айқындалады.»;
      267 және 268-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «267. Осы Қағидалардың 28-тармағы 2) тармақшасына сәйкес айқындалатын бірыңғай ұйымдастырушы аукцион өткізген кезде тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі аукциондық комиссияның төрағасы болып айқындалады.
      268. Осы Қағидалардың 28-тармағы 3) тармақшасына сәйкес айқындалатын бірыңғай ұйымдастырушы аукцион өткізген кезде тиісті ауданның, қаланың, қала ішіндегі ауданның әкімі аукциондық комиссияның төрағасы болып айқындалады.»;
      274-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «274. Аукционды ұйымдастыру және жүргізу кезінде ұйымдастырушы не онымен бір тұлға атынан шығатын тапсырыс беруші Заңның 32-бабы 4-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың аукциондық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы.
      Аукционды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырған жағдайда тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын не сарапшыны бекітеді.
      Сараптау комиссиясын құру немесе сарапшы тарту туралы шешімді ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.
      Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырған жағдайда сараптау комиссиясын құру туралы шешімді ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.»;
      281-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «281. Ұйымдастырушы әзірлеген аукциондық құжаттаманың жобасын тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға, жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам бекітеді.»;
      283-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «283. Бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген және бекіткен аукциондық құжаттаманың жобасы конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікті, шарт жобасын және осы Қағидалардың 255-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тапсырыс беруші бекіткен сараптау комиссияның құрамын не сараптаушыны қамтиды.»;
      284-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімді ұсынуының соңғы күнінің мерзімі аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы мен бекітілген аукциондық құжаттаманың мәтіні орналастырылған күннен бастап кем дегенде күнтізбелік он бес күнді құрайды.»;
      292-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «292. Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы аукциондық құжаттаманың жобасына қатысты келіп түскен ескертулер туралы ақпаратты және олар бойынша қабылданған шешімдерді қамтиды.
      Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға, не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қол қойылады.
      Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүргізген жағдайда аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы қол қояды.
      Осы Қағидалардың 2224 және 25-тармақтарында көзделген жағдайларда, аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға, не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қол қояды.»;
      306-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Аукционға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын аукционға қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі аукционға қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап кем дегенде алпыс күнтізбелік күнді құрайды және аукциондық құжаттамада белгіленген талап етілетін мерзімге сәйкес келуге тиіс.»;
      326-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «326. Аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:»;
      331-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Заңның 33-бабының 5-тармағына сәйкес аукционға қатысуға арналған өтінімдері біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестендірілген әлеуетті өнім берушілерден аукционға қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды оңайлату үшін олардың аукционға қатысуға өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы;
      4) Заңның 33-бабының 5-тармағына сәйкес біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестендірілген аукционға қатысу өтінімдерінде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы.»;
      337-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «337. Аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:»;
      344-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «аукцион жарияланған күні немесе одан кейін, салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсынбауы;»;
      353-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «353. Егер өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы мұндай ұсынысты да аукционға осы қатысушы берген болса, Заңның 34-бабының 6-тармағына сәйкес аукционға қатысушы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсынысты өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ағымдағы ең төмен ұсыныстан төмен беруге құқығы жоқ.»;
      357-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама Заңның 35-бабының 2-тармағына сәйкес мынадай ақпаратты қамтиды:»;
      366-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «366. Ұйымдастырушы сұратылған ақпаратты әлеуетті өнім беруші ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталда қалыптастырады және орналастырады.»;
      379-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер әлеуетті өнім беруші шарт жобасына веб-портал арқылы оны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қол қоймаса (электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырмаса), тапсырыс беруші осы әлеуетті өнім берушіге жіберілген шарттың жобасын кері қайтарады.»;
      380-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «380. Тапсырыс беруші тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы есепті веб-порталда шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналастырады.
      Заңның 41-бабының 2-тармағына сәйкес есепте өнім берушіні таңдаудың негіздемелері, жасалған шарттың бағалары, сондай-ақ осы Қағидалардың 17-қосымшасына сәйкес шарттың өзге де талаптары қамтиды.»;
      386-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «386. Заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы шарттың жобасы қоса берілген хабарлама веб-порталға келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шарттың жобасын электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырады.»;
      391-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «391. Тапсырыс беруші егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші Заңда және осы Қағидаларда белгіленген мерзімде шарттың жобасына қол қоймаса, жеңімпаз шарт жасасудан жалтарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын жібереді. Заңның 43-бабының 7-тармағына сәйкес шарттың жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырады.»;
      409-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «409. Заңның 43-бабының 13-тармағына сәйкес шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін шартта тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) көзделінеді. Тұрақсыздық айыбының мөлшері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалады.»;
      410-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) орындаудың ұзақтығына байланысты беру (орындау, көрсету) мерзiмi тиiстi бюджетте белгiленген келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында), даму жоспарында, қаржыландырудың жеке жоспарында белгіленген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтiп-ұстау жөнiндегi жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алған жағдайда шартты бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге жасаса алады. Мұндай шарттың қолданылу мерзiмi Заңның 43-бабының 14-тармағына сәйкес үш жылдан аспайды.»;
      415-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «415. Тапсырыс берушінiң іркіліссіз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында тапсырыс беруші Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9883 болып тіркелген «Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 677 бұйрығына сәйкес уәкілетті орган бекiткен тiзбе бойынша күн сайынғы немесе апта сайынғы қажеттіліктегі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi шарттың қолданысын конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы шығарылғанға және шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге Заңның 43-бабының 18-тармағына сәйкес ұзартады.»;
      416-тармақта:
      бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «416. Заңның 43-бабы 19-тармағына сәйкес шарт мынадай фактілердің бірі анықталған:»;
      1) тармақшаның екінші бөлігі алып тасталсын;
      417418 және 419-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «417. Заңның 43-бабының 20-тармағына сәйкес шарт осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде тауарларды бергені, жұмыстарды орындағаны не қызметтер көрсеткені үшін толық төлем жасау туралы талаптарды қамтиды.
      418. Заңның 43-бабының 23-тармағына сәйкес шарт Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Еуразиялық экономикалық одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді төлеу талаптарын қамтиды.
      419. Шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі Заңның 43-бабының 22-тармағына сәйкес тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күнді құрайды.»;
      429-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «429. Тұрғынжайды мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім мыналарды:
      1) жеке тұлғаның жеке куәлігінің электрондық көшірмесін;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттардың, оның ішінде техникалық төлқұжаттардың электрондық көшірмесін;
      3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күнге дейін берілген тұрғын үйге тыйым салынбағаны туралы құжаттың электрондық көшірмесін;
      4) тұрғын үйдің ағымдағы жағдайының фотосуретін қоса, Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген жылжымайтын мүлікті (тұрғын үй) бағалау есебінің көшірмесін;
      5) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын;
      6) жұбайлардың екіншісінің нотариат куәландырған келісімінің электрондық көшірмесі не некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмағаны туралы нотариат куәландырған анықтаманың электрондық көшірмесі немесе некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылғаны туралы куәліктің электрондық көшірмесі немесе жесірлігін растаушы куәліктің электрондық көшірмесін қамтиды.»;
      441-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «441. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Заңның 9-бабының 1-тармағына 5) тармақшасына сәйкес тапсырыс берушілер өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесіне ие болуы бөлігінде әлеуетті өнім берушілерге біліктілік талаптарын ұсынады.»;
      Қағидаларға 4-қосымшада, Конкурстық құжаттама:
      10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. КҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасында Заңның 22-бабының 2-тармағына сәйкес КҚ-ның жобасына келіп түскен ескертулер мен олар бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпаратты қамтиды.»;
      16-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мынадай:
      әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге құқығын растайтын рұқсаттар (хабарламалар) және/немесе патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар, басқа да құжаттардың;
      конкурс жарияланған күннен кейін берілген, әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар әлеуетті берушінің осы КҚ-ға 9-қосымшаға сәйкес Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген «Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады) анықтаманың;
      конкурс жарияланған күннен кейін салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтердің;
      осы КҚ-ға 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілігі туралы мәліметтер;
      осы КҚ-ға 10-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер және әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) жиынтығында жұмыстардың үштен екі астамын беруге тыйым салу шарты;
      Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстар не қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларын) тартуды көздеген жағдайда, онда әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға тартылатын мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесін ұсынады.»;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі Заңның 24-бабы 6-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап кем дегенде күнтізбелік алпыс күнді құрайды.»;
      44-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «44. Конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша (1 %) пайыз мөлшерінде, бірақ он пайызынан асырмай шартты жеңілдік береді. Жұмыс тәжірибесі бір жылдан кем болған немесе ол болмаған жағдайда осындай пайыз белгіленбейді.
      Егер бір жылдың ішінде әлеуетті өнім беруші конкурста сатып алынатын, оның ішінде біреуден артық құрылыс объектісінде осындай (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша жұмыстарды (құрылыспен байланысты емес бір жұмыстан асатын) орындаған жағдайда, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі (құрылыспен байланысты емес келесі жұмыс үшін) үшін нөл бүтін оннан бір (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
      Осы өлшемшарттың конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері он пайыздан аспайды.
      Жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсерді есептеу конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады»;
      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «61. Заңның 43-бабы 3-тармағына сәйкес шарттың жобасын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы, шарттың жобасын қоса бере отырып, веб-порталға хабарлама келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырады.»;
      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «66. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде шарт жобасына қол қоймаса, тапсырыс беруші жеңімпаздың шарт жасасудан жалтарған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын веб-портал арқылы екінші орынды алған әлеуетті өнім берушіге жібереді. Заңның 43-бабы 7-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырады.
      Егер екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің қолы қойылған шартқа белгіленген мерзімде қол қоймаса, тапсырыс беруші қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.»;
      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «74. Заңның 43-бабы 22-тармағына сәйкес шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен мерзімнен кем болмауға, бірақ кем дегенде күнтізбелік он бес күнді құрайды.»;
      конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаның сегізінші бөлігі алып тасталсын;
      конкурстық құжаттаманың 5-қосымшаның ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ескерту
      * егер осы конкурста жұмыс тәжірибесінің болуы біліктілік талабы болып табылмаған жағдайда растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерінің болмауы тиісті шартты жеңілдікке әсер етеді
      егер құрылыс конкурстың нысанасы болып табылған жағдайда орындалған жұмыстарды қабылдап алу мен объектілерді пайдалануға қабылдап алу актілерінің электрондық көшірмелері жұмыс тәжірибесін растаушы құжат болып табылады (егер әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда орындалған жұмыстарды қабылдап алу актісінің электрондық көшірмесі ұсынылады)
      егер жұмыстардың өзге түрлері конкурстың нысанасы болып табылған жағдайда орындалған жұмыстарды қабылдап алу актілерінің электрондық көшірмелері мен шот-фактуралары жұмыс тәжірибесін растаушы құжаттар болып табылады
      егер жаңа құрылыс конкурстың нысанасы болып табылса жаңа объектілер құрылысының жұмыс тәжірибесі ғана ескеріледі
      егер кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жасақтау және реконструкциялау конкурстың нысанасы болып табылса, онда күрделі жөндеуді қоспағанда жаңа объектілерді салу, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жасақтау және қолданыста бар объектілерді реконструкциялау жұмысының тәжірибесі ескеріледі
      егер күрделі жөндеу конкурстың нысанасы болып табылса, онда жаңа объектілерді салу, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жасақтау және қолданыста бар объектілерді реконструкциялау және күрделі жөндеу жұмысының тәжірибесі ескеріледі
      Құрылыс саласында жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде құрылыс объектілерінің функционалдық тағайындауы мен салалық жатқызылуы (құрылыс түрлері бойынша бұдан бұрын орындалған жұмыстардың ұқсастығы мен осы тектестігі) және олардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған техникалық және (немесе) технологиялық күрделілігі ескеріледі
      ** растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін беру конкурстық құжаттамада оларды көрсету көзделген мәліметтер бойынша ғана міндетті. Егер конкурстық құжаттамада тиісті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде талаптар көзделмеген жағдайда, растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін бермеуге де болады»;
      конкурстық құжаттамаға 10-қосымшадағы:
      «Әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) беретін жұмыстар мен қызметтердің көлемі жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемінің үштен екісінен аспауға тиіс.» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Заңның 9-бабы 6-тармағына сәйкес әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) беретін жұмыстар мен қызметтердің көлемі жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемінің үштен екісінен аспайды.»;
      конкурстық құжаттамаға 12-қосымшада реттік нөмірі жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

3

Әлеуетті өнім берушінің «Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында» болуы туралы мәліметтер

0-ден 1-ге дейін

0

Базада орналаспаған өнім беруші

1

Базада орналасқан өнім беруші

                                                                  »;

      мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      «Ескерту
      * Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуге қатысты конкурстық құжаттама ережелері Заңның 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар арасында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде көрсетілмейді»;
      қағидаларға 5-қосымшада, Конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылау хаттамасы:
      «Бірінші басшы не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге лауазымды адам, тапсырыс беруші не оның міндетін атқаратын тұлға» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бірінші басшы не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам, тапсырыс беруші не оның міндетін атқаратын тұлға»;
      осы Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 8-1-қосымшамен толықтырылсын;
      Қағидаларға 9-қосымшада, Аукциондық құжаттама:
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. АҚ-ның жобасын алдын ала талқылау хаттамасында АҚ-ның жобасына келіп түскен ескертулер мен олар бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпаратты қамтиды.»;
      16-тармақтың 1) тармақшасының:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «аукцион жарияланған күннен кейін берілген, әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар әлеуетті берушінің осы АҚ-ға 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 28 ақпанда № 6793 тіркелген «Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады) анықтаманың;»;
      төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «аукцион жарияланған күннен кейін алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтердің;»;
      59-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «59. Заңның 35-бабы 2-тармағына сәйкес аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама мынадай ақпаратты қамтиды:»;
      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «63. Заңның 43-бабы 3-тармағына сәйкес шарттың жобасын аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы, шарттың жобасын қоса бере отырып, веб-порталға хабарлама келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырады.»;
      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «69. Заңның 43-бабы 7-тармағына сәйкес шарттың жобасын екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші өзіне шарттың жобасы ұсынылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыруға тиіс.»;
      78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «78. Заңның 43-бабы 22-тармағына сәйкес шарт бойынша тауарларды жеткізудің ең аз мерзімі тауарды жеткізуге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге) кеткен мерзімнен кем емес, бірақ кем дегенде күнтізбелік он бес күнді құрайды.»;
      81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «81. Заңның 9-бабы 1-тармағына сәйкес Қағидалардың 442-тармағының <тармақша нөмірі> тармақшасына сәйкес әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарлар нарығындағы, оның ішінде тауарлардың ұқсас түрлері бойынша жұмыс тәжірибесі <кезең көрсетілсін> жылдан кем болмайды.»;
      мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      «Ескерту
      * аукционға қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуге қатысты аукциондық құжаттама ережелері Заңның 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар арасында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде көрсетілмейді.»;
      Қағидаларға 10-қосымшада, Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы:
      «Бірінші басшы не жауапты хатшы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам, тапсырыс беруші не оның міндетін атқаратын тұлға» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бірінші басшы не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам, тапсырыс беруші не оның міндетін атқаратын тұлға»;
      Қағидаларға 17-қосымша, Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу қорытындылары туралы есеп осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жазылсын;
      Қағидаларға 19-қосымшада, Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт:
      3.1-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 22-қосымшаға сәйкес веб-порталда электрондық көшірмесін орналастыра отырып, қағаз тасығышта не электрондық құжат нысанында банктік кепілдік. Банктік кепілдікті электрондық көшірмесін веб-порталға орналастыра отырып, қағаз тасығышта ұсынылған кезде банктік кепілдіктің түпнұсқасы қағаз тасығышта тапсырыс берушіге ұсынылады.»;
      Қағидаларға 20-қосымшада, Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт:
      4.1-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 22-қосымшаға сәйкес веб-порталда электрондық көшірмесін орналастыра отырып, қағаз тасығышта не электрондық құжат нысанында банктік кепілдік. Банктік кепілдікті электрондық көшірмесін веб-порталға орналастыра отырып, қағаз тасығышта ұсынылған кезде банктік кепілдіктің түпнұсқасы қағаз тасығышта тапсырыс берушіге ұсынылады;13»;
      8.7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8.7. Мердігердің/Орындаушының Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін біреуге толықтай да, ішінара да беруіне жол берілмейді.»;
      8.8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда, Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы мердігерлердің болуы Мердігерді/Орындаушыны Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.»;
      Қағидаларға 21-қосымшада, Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт:
      3.1-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 22-қосымшаға сәйкес веб-порталда электрондық көшірмесін орналастыра отырып, қағаз тасығышта не электрондық құжат нысанында банктік кепілдік. Банктік кепілдікті электрондық көшірмесін веб-порталға орналастыра отырып, қағаз тасығышта ұсынылған кезде банктік кепілдіктің түпнұсқасы қағаз тасығышта тапсырыс берушіге ұсынылады;27»;
      7.7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7.7. Мердігердің Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін біреуге толықтай да, ішінара да беруіне жол берілмейді»;
      7.8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «7.8. Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда, Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) болуы Өнім берушіні Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркегеннен он кейін күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау қорында орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                                   Б. Сұлтанов

2016 жылғы 29 ақпандағы
№ 93 бұйрыққа  
1-қосымша    

Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
8-1-қосымша    

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша қызметтердің қорытындылары туралы хаттама
(әр лотқа жеке қалыптастырылады)
(нөмірі мен күні)

Конкурстың № __________________________________________
Конкурстың атауы ______________________________________
Лоттың № ______________________________________________
Лоттың атауы __________________________________________

Конкурстық комиссияның құрамы:

Т.А.Ә.

Ұйымдағы лауазымы

Комиссиядағы рөлi





Сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер):

Лоттың нөмірі

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы

Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге




Ұсынылған конкусқа қатысуға өтінімдер туралы ақпарат:

Өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН/ТБН

Деректемелері

Өтінімді ұсыну күні мен уақыты






Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:

Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілер тізбесі)

БСН (ЖСН) / ССН/ТБН

Т.А.Ә. лауазымы комиссиядағы рөлі

Комиссия мүшесінің шешімі

Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеу себептері

Негіздеме (болған жағдайда көрсетіледі)








Қабылданбаған конкурсқа қатысуға өтінімдер:

Өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН/ТБН

Қабылдамау себебі 1





________________________________________________________ 1үш мәтінді
мәні бар анықтамалық: (біліктілік талаптарына сәйкес келмеу,
конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеу, Заңның 6-бабының
талаптарын бұзу)

Мынадай конкурсқа қатысуға өтінімдер жіберілді:

Өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН/ТБН

Деректемелер





Қағидалардың 233-тармағында көзделген өлшемшарттардың салыстырмалы
мәндерін қолдану нәтижелері туралы ақпарат:

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН/ ТБН

Шартты жеңілдіктер, %

Әлеуетті өнім беруші ұсынған жобаның Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестігі

Сатып алынатын қызметтің ұйымның миссиясына және Тапсырыс берушінің салалық мамандығына сәйкестігі (ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес мақсаттары)

«Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында» әлеуетті өнім берушінің орналасуы туралы мәліметтер

Жұмыс тәжірибесінің болуы

Жобаны іске асыру шеңберінде қызметтерді әлеуетті алушылардың саны және сапалы құрамы (барлық іс-шаралардың барлық тікелей қатысушылары)

Жобаны іске асыру нәтижелерінің тиімділігін бағалау бойынша индикаторлардың болуы

Бюджеттен тыс көздерден қосымша қаражат тарту мүмкіндігі туралы мәліметтер (пайыздық және сандық мәнде)

Егжей-тегжейлі Тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізу бойынша іс-шаралар жоспарының болуы

(іс-шаралардың атауы мен нысаны, нысаналы топ, өткізу орны мен мерзімдері, халықты қамтуы)

Жалпы балл

Шартты азаю мөлшері, %














Конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларының есебі:

Өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / ССН/ТБН

Бөлінген сома

Өнім берушінің бағасы

Шартты жеңілдік мөлшері, %

Шартты жеңілдікті есептегендегі баға

Жұмыс тәжірибесі

Өтінімді берген күні мен уақыты










№___ сатып алу лоты бойынша жеңімпаз: {жеңімпаз өнім берушінің
атауы }.
Тапсырыс берушіге {тапсырыс берушінің атауы} «Мемлекеттік сатып алу
туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде
{жеңімпаз өнім берушінің атауы } мемлекеттік сатып алу туралы шарт
жасасу.

Не:
«Мемлекеттік сатып алуды (№ ___ лот бойынша сатып алу атауы)
_____________________ * байланысты өтпеді деп танылсын»:
Ескертпе: *Мынадай мәндердің бірі: «ұсынылған өтінімдердің болмауы»,
«екеуден аз өтінімнің ұсынылуы», «конкурсқа қатысуға бір де бір
әлеуетті өнім беруші жіберілмеді», «конкурсқа қатысуға бір әлеуетті
өнім беруші жіберілген».

Не:
Сатып алудың күшін жою жүргізілді, оған негіз уәкілетті мемлекеттік
органдардың КК.АА.ЖЖЖЖ № _________ актілері (нұсқама, хабарлама,
ұсыныс, шешім) болып табылды
Күшін жою туралы шешімді қабылдаған орган:{___________________}.

Не:
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы
10-тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тарту
жүргізілді.»;

2016 жылғы 29 ақпандағы
№ 93 бұйрыққа   
2-қосымша    

Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
17-қосымша      

Бір көзден алу /мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу қорытындылары туралы есеп

Лоттың №/сатып алудың сәйкестендіру коды________________________
Лоттың/сатып алудың атауы ______________________________________
Сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер):

Лоттың нөмірі/ сатып алудың сәйкестендіру коды

Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы

Қолдану негіздемесі

(тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алу нысанасының түрі

Сатып алуға бөлінген сома, теңге






Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу үшін тапсырыс
беруші айқындаған /бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға
қатысуға шақырылған әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат және оның
шақырылуына/айқындалуына негіздеме:

Шақырудың нөмірі мен күні/ мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу үшін өнім берушіні айқындау туралы шешімнің нөмірі

Шақырудың/шешімнің күні

Өнім берушінің шешімімен шақырылған /айқындалған өнім берушінің БСН (ЖСН)/ЖСН/ТБН

Өнім берушінің шешімімен шақырылған /айқындалған өнім берушінің атауы

Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу үшін/ бір көзден мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру үшін әлеуетті өнім берушіні айқындауға негіздеме







Бір көзден мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру үшін әлеуетті өнім берушіні айқындау туралы шешім қабылдаған тапсырыс беруші өкілінің ТАӘ және лауазымы

қолы»