РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін қадағалау департаменті (Хаджиева М.Ж.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
5. Осы қаулы Тізбенің 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарын және 2-тармағының үшінші − елуінші абзацтарын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.06.2020 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
Министр __________ А. Мұхамедиұлы
2015 жылғы 21 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 28 қарашадағы № 209 қаулысына қосымша |
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 33 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларында сақталуға жататын негізгі құжаттардың тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 203қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8767 тіркелген, 2013 жылғы 12 қарашада "Заң газеті" газетінде № 169 (2370) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында сақталуға жататын құжаттардың тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін белгілеу туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында сақталуға жататын құжаттардың тізбесі мен оларды сақтау мерзімдері осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларында сақталуға жататын негізгі құжаттардың және оларды сақтау мерзімдерінің тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында сақталуға жататын құжаттардың тізбесі мен оларды сақтау мерзімдері";
реттік нөмірі 47-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
47. | Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт деректерінің өзгеруіне әсер ететін құжаттар | 5 жыл1 | 5 жыл1 | 1Тексерулердің аяқталу талабымен шарттың қолданылу мерзімі өткен соң. |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 47-1-жолмен толықтырылсын:
"
47-1. | Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтініш | 5 жыл1 | 5 жыл1 | 1Тексерулердің аяқталу талабымен шарттың қолданылу мерзімі өткен соң. |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 48-1-жолмен толықтырылсын:
"
48-1. | БЖЗҚ-да шартты зейнетақы шоттарын есепке алу бойынша деректер базасы | 80 жыл "Ж"2 | 80 жыл "Ж"2 | 2Электрондық тасымалдағышта |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 49-1-жолмен толықтырылсын:
"
49-1. | БЖЗҚ-да шартты зейнетақы шоттарын тіркеу кітабы | Тұрақты1 | Тұрақты1 | 1Электрондық тасымалдағышта |
";
реттік нөмірі 58-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
58. | Зейнетақы жинақтарын аудару бойынша құжаттар (өтініштер, салымшының (алушының), сенім білдірілген тұлғаның, салымшының (алушының) заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, зейнетақы аннуитеті шарттарының түпнұсқалары, сенімхаттар, хабарламалар (бас болса) және өзге де құжаттар | 5 жыл1 | 5 жыл1 | Қағаз тасымалдағышта - аударым жүзеге асырылғаннан кейін 5 жыл, электрондық тасымалдағышта - қажеттілігі өткенге дейін, кем дегенде 5 |
";
реттік нөмірі 59-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
59. | Зейнетақы төлемдерін алуға БЖЗҚ-қа, ЕЖЗҚ-қа ұсынылған құжаттар (өтініштер, зейнетақы төлемдерін алушының, сенім білдірілген тұлғаның, заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттардың, қайтыс болу туралы, мұраға құқық туралы куәліктің көшірмелері, хабарламалар (бар болса) және өзге де құжаттар) | соңғы төлем жүзеге асырылған және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бұзылған сәттен бастап 10 жыл1 | соңғы төлем жүзеге асырылған және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бұзылған сәттен бастап 10 жыл1 | 1Қағаз тасымалдағышта - соңғы төлем және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты бұзу күнінен бастап 10 жыл, электрондық тасымалдағышта - қажеттілігі өткенге дейін, кем дегенде 10 жыл |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 60-1 жолмен толықтырылсын:
"
60-1. | БЖЗҚ-дағы шартты зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты алуға арналған өтініштер | 1 жыл | 1 жыл |
";
реттік нөмірі 61-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
61. | Тізілімдер (зейнетақы төлемдеріне, БЖЗҚ- дан, ЕЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын аударуға арналған өтініштер/хабарламалар) | 2 жыл | 2 жыл | жыл |
";
реттік нөмірі 64-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
64. | Зейнетақы төлемдерін салымшыларымен (алушылармен) жазысқан хаттар | 5 жыл | 5 жыл |
ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескерту: 80 жыл - "Ж" - осындай сақтау мерзімі белгіленген электрондық тасымалдағыштағы ақпаратты сақтау үшін. Бұл ретте ақпаратты сақтау мерзімін есептеуді ақпаратты сақтау мерзімінің аяқталу кезіне қарай адамның жас мөлшерін ("Ж" әрпімен белгіленген) есепке ала отырып жүргізу қажет. Электрондық тасымалдағыштағы ақпаратты сақтаудың ұзақтығы "Ж" - 80 жыл айырмаға тең болады, мұндағы "Ж" ақпаратты сақтау мерзімінің аяқталу кезіне қарай адамның жас мөлшерін білдіреді.".
2. "Зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 218 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8801 тіркелген, 2013 жылғы 12 желтоқсанда "Заң газеті" газетінде № 187 (2388) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарда:
4-тармақтың бірінші абзацы мен 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының автоматтандырылған ақпараттық жүйелері мынадай функционалдық модульдерді қамтиды:
1) "Зейнетақы жинақтарын және шартты зейнетақы міндеттемелерін дербес есепке алу" модулі;";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының автоматтандырылған ақпараттық жүйелері мынадай функционалдық модульдерді қамтиды:
1) "Зейнетақы жинақтарын дербес есепке алу" модулі;
2) "Есептілік" модулі;
3) "Сыртқы пайдаланушылармен өзара әрекеттесу" модулі;
4) "Ішкі аудит" модулі.";
5) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының "Зейнетақы жинақтарын және шартты зейнетақы міндеттемелерін дербес есепке алу" модулі мыналардың:
1) міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының, ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шарттарының;
2) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарына түсетін зейнетақы жарналарының, жинақтардың, өсімпұлдардың;
3) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарындағы инвестициялық табыстың;
4) міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының, ерікті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы төлемдерінің;
5) ерікті зейнетақы жарналарының есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтары аударымының;
6) міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтары аударымының зейнетақы жинақтары аударымының дербес есебін жүргізуге арналған.";
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының "Зейнетақы жинақтарын дербес есепке алу" модулі мыналардың:
1) ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шарттарының;
2) ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарына түсетін зейнетақы жарналарының, жинақтардың, өсімпұлдардың;
3) ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарындағы инвестициялық табыстың;
4) ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы төлемдерінің;
5) ерікті зейнетақы жарналарының есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтары аударымының дербес есебін жүргізуге арналған.";
6-тармақта:
бірінші абзац пен 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының "Зейнетақы жинақтарын және шартты зейнетақы міндеттемелерін дербес есепке алу" модулі мыналарды:
1) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарымен;
жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалардың шартты зейнетақы шоттарымен;
операциялардың талдау және синтетикалық бухгалтерлік есебін жүргізуді қамтамасыз етеді;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен мыналар:
міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша ашылған және жабылған жеке зейнетақы шоттары туралы ақпаратпен алмасу;
жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының есебі бойынша аттарына шартты зейнетақы шоттары ашылған жеке тұлғалар жөніндегі ақпаратпен алмасу;
Мемлекеттік корпорация мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалған шарттың негізінде жеке зейнетақы шоттарындағы, шартты зейнетақы шоттарындағы қозғалыс;
төлем құжаттарымен алмасу;
Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен ақпараттың негізінде міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары салымшысының (алушысының), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында атына шартты зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның деректемелеріне өзгерістер енгізу бойынша өзара іс-қимыл етуді қамтамасыз етеді.";
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының "Зейнетақы жинақтарын дербес есепке алу" модулі мыналарды:
1) ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарымен операциялардың талдау және синтетикалық бухгалтерлік есебін жүргізуді;
2) төлем құжаттарын қалыптастыру;
3) төлем құжаттарын дұрыс қалыптастыруды тексеруін жүзеге асыруды;
4) салымшыларды (алушыларды) бірегей деректемелері бойынша (шарттың нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, бар болса - әкесінің аты және басқа өлшемдер бойынша) сәйкестендіруді қамтамасыз етеді.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының, ерікті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асырған кезде мынадай:
1) міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының, ерікті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының есебінен әрбір зейнетақы төлемдерін алушы бойынша міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының, ерікті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы төлемдерінің сомасын есептеу;
2) Заңға сәйкес міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының, ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы төлемдерінің тиесілі сомасынан табыс салығын ұстау;
3) міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының, ерікті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының есебінен берілген күнге және (немесе) берілген уақыт аралығына зейнетақы төлемдерін болжау функцияларының орындалуы қамтамасыз етіледі.";
13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағдарламалық қамтамасыз етуді және (немесе) автоматтандырылған ақпарат жүйесіндегі ақпаратты рұқсатсыз өзгертуге жол бермеу мақсатында жұмыс істейтін модульдерге өзгерістер енгізу, жаңа модульдерді әзірлеу, жүйені енгізу және пайдалануға беру бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі мен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі шешімімен бекітілген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының даму корпоративтік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.".
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.06.2019 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.