Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Банктік емес ұйымдарды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А. Біртановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы | Е. Досаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 маусымдағы № 103 қаулысына қосымша |
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 27 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 33 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 60 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 58 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 27 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
6. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 28 қарашадағы № 209 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12529 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 қаңтарда "Егемен Қазақстан" № 7 (28735) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінде:
отыз төртінші және отыз бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен мыналар:
міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша ашылған және жабылған жеке зейнетақы шоттары туралы ақпаратпен алмасу;";
отыз жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік корпорация мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалған шарттың негізінде жеке зейнетақы шоттарындағы, шартты зейнетақы шоттарындағы қозғалыс;";
отыз тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен ақпараттың негізінде міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары салымшысының (алушысының), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында атына шартты зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның деректемелеріне өзгерістер енгізу бойынша өзара іс-қимыл етуді қамтамасыз етеді.".
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне қосымша |
Ескерту. Қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 № 27 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.