Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 68 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 3 шiлдеде № 20923 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы, "Почта туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      2020 жылғы "___" ____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі

      2020 жылғы "___" ____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

      2020 жылғы "___" ____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

      2020 жылғы "___" _____________

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 29 маусымдағы
№ 68 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 42 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 28 қарашадағы № 209 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12529 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 қаңтарда "Егемен Қазақстан" № 7 (28735) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы қаулы Тізбенің 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарын және 2-тармағының үшінші − елуінші абзацтарын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.".

      3. "Ұлттық пошта операторы үшін пруденциялық нормативті, сондай-ақ оның орындалуы туралы есептіліктің нысанын, табыс ету мерзімін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 307 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14786 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Өтімділігі жоғары активтердің есебіне мыналар:

      1) ақша, оның ішінде:

      кассадағы ақша, Ұлттық пошта операторының балансы бойынша активтер сомасының 10 (он) пайызынан аспайды;

      Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша;

      орталық депозитарийдегі шоттардағы меншікті ақша;

      Ұлттық пошта операторының клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларындағы жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттықтар және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын ақша;

      Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді, дара рейтингі немесе Moody's Investors Service, Fitch рейтингтік агенттіктердің немесе олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі - басқа рейтингтік агенттіктер) осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша;

      бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банктік қызметтер ұсынатын Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы шоттардағы ақша;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланған бағалы қағаздарды қоса алғанда);

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі талап етілгенге дейінгі депозиттер;

      4) ықтимал шығындарға арналған резервтер шегерілген, Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредит рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzB"-дан төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      5) ықтимал шығындарға арналған резервтер шегерілген, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В"-дан төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzВB" төмен емес рейтингтік бағасы бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

      6) ықтимал шығындарға арналған резервтер шегерілген, Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

      7) ықтимал шығындарға арналған резервтер шегерілген, Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

      8) ықтимал шығындарға арналған резервтер шегерілген, Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      9) Exchange Traded Funds (ETF) пайлары, олардың активтерінің құрылымы негізгі қор индекстерінің бірінің құрылымын қайталайды немесе олардың пайлары бойынша баға белгілеу негізгі қор индекстеріне байланысты;

      10) Morningstar рейтинг агенттігінің "3 жұлдыздан" төмен емес рейтингтік бағасы бар Exchange Traded Funds (ETF), Exchange Traded Commodities (ETC), Exchange Traded Notes (ETN) пайлары;

      11) тазартылған бағалы қағаздар және металл депозиттер;

      12) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В" төмен емес бағалы қағаздың және (немесе) эмитенттің рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар исламдық қаржыландыру құралдары;

      13) мынадай талаптарды сақтау шартымен ислам банкінің исламдық қаржыландыру құралдары:

      исламдық банктің ірі акционері болып табылатын ұйымда Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+" төмен емес рейтингтік бағасының немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасының болуы;

      Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына сәйкес ислам банкі үшін белгіленген пруденциялық нормативтерді сақтау жөніндегі талаптарды орындау;

      14) кері репо операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздар;

      15) 1 (бір) айға дейін өтеу мерзімі бар автоматты түрде жасалған кері репо операциялары бойынша дебиторлық берешек;

      16) егер осы мәмілелер бойынша міндеттемелер Ұлттық пошта операторының баланс шоттарында ескерілсе және Ұлттық пошта операторының өтімділікке қойылатын талаптарын есептеуге енгізілсе, Ұлттық пошта операторының баланс шоттарында ескерілетін валюталық своп операциялары бойынша талап етілетін сома.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Ұлттық пошта операторының осы қаулының 3-тармағында көзделген өтімділігі жоғары активтерінің есебіне мыналар кірмейді:

      1) Ұлттық пошта операторының міндеттемелері бойынша қамтамасыз етуі болып табылатын және (немесе) Ұлттық пошта операторының меншік құқығы шектелген (репо операцияларын қоспағанда) активтер;

      2) өлшемдері қор биржасының акциялар нарығының индексін есептеу мақсатында пайдаланылатын қор биржасының ресми тізіміне (қор биржасының өкілдік тізімі) кіретін акцияларды қоспағанда Ұлттық пошта операторына қатысты үлестес адамдар болып табылатын заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздар.".

      4. "Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін қолдау жөнінде қолданатын шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 208 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16040 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің, сондай-ақ олардың мәнінің сақталуын сипаттайтын көрсеткіштердің түрлерін белгілеу, Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға тиісті пруденциялық нормативтердің мәндерін есеп айырысу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 79 қаулысының (бұдан әрі – № 79 қаулы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17008 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 маусымда Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 1-тармағының 1) тармақшасының екінші абзацында белгіленген Басқарушының меншік капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерінің қажетті мәнін тұрақты түрде қамтамасыз ету";

      3) Басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерінің № 79 қаулының 1-тармағының екінші абзацында белгіленген қажетті мәнін шұғыл қамтамасыз ету.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерінің қажетті мәнін қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдар Басқарушының ірі қатысушысының Басқарушының орналастырылатын акцияларын сатып алуынан және Басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерінің мөлшерін № 79 қаулыда белгіленген қажетті мәнге келтіру мақсатында осы акциялардың құнын төлеуден тұрады, бірақ олармен шектелмейді".

      5. "Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидаларын, Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 189 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17579 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Эмитент оның эмиссиялық бағалы қағаздар айналысының кезеңінде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында 2-қосымшаға сәйкес, қаулымен бекітілген Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарға, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдеріне (бұдан әрі – Талаптар) сәйкес тізбесі Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 102-бабының 5-тармағында айқындалған корпоративтік оқиғалар, эмитенттің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан көп пайызын иеленетін акционерлердің (қатысушылардың) құрамы туралы ақпаратты, эмитент әрбір осындай ұйым акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленетін ұйымдардың тізімін, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару проспектісін, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті, эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының күшін уәкілетті органның жою туралы және (немесе) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарын өтеу туралы ақпаратты, акционерлік қоғам бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында акциялар сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдістемесін жария етуді қамтамасыз етеді.";

      Эмитент ашуы тиіс ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ 2-қосымшаға сәйкес қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында эмитенттің ақпаратты ашуының мерзімі Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға қосымшаға сәйкес акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтер тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      6. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 151 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19369 болып тіркелген, 2019 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы қаулы, Тізбенің 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 5-тармағының үшінші, төртінші және алтыншы абзацтарын, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 9-тармағының тоғызыншы – жиырма сегізінші, отыз алтыншы – бір жүз бірінші, бір жүз оныншы – бір жүз жиырма алтыншы, бір жүз отыз төртінші, бір жүз отыз сегізінші – бір жүз тоқсаныншы абзацтарын және 18-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".

  Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтыру енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 42 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтыру енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 42 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтыру енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 тамыздағы
№ 189 қаулысына
2-қосымша

Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдері

Ақпарат түрі

Ақпарат мазмұны

Жария ету мерзімдері

1

2

3

4

1.

Акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысында немесе жалғыз акционер (қатысушы) қабылдаған шешімдер туралы ақпарат

1) эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты және орны;
2) эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер;
3) акционерлік қоғам акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысында қабылданған шешімдер, дауыс берудің (нәтижелердің) қорытындысын көрсетумен;
4) акционерлік қоғам акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысында эмитентті, оның еншілес ұйымдарын ерікті түрде тарату немесе қайта құру туралы шешім қабылданған жағдайда:
қайта құрылатын немесе таратылатын заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы;
эмитентті қайта құрудың нысаны мен шарттары;
5) акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында ірі мәмілелерді және (немесе) бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: акционерлік қоғамның оларды жасасуға мүдделігі бар және акционерлік қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны акционерлік қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер болып табылатын мәмілелерді жасасу (бұдан әрі – мүдделігі бар мәміле) жөніндегі шешім қабылданған жағдайда:
мәміленің түрі;
мәміленің мәні;
мәмілені жасау туралы шешімді акционерлік қоғам органы қабылдаған күні осы акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнына мәміленің мәні болып табылатын мүлік құнының пайыздық арақатынасы.
Егер акционерлік қоғамның ірі мәміле және (немесе) мүдделігі бар мәміле жасау туралы шешімінде банктік құпияны, сақтандыру құпиясын, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпарат болса, ақпаратты орналастырған кезде тек қана ірі мәміле және (немесе) мүдделігі бар мәміле жасалған күн, сондай-ақ акционерлік қоғамның шешімі бойынша өзге ақпарат жарияланады.
Бір жұмыс күні ішінде акционерлік қоғамның ірі мәміле және (немесе) жасалуында мүдделігі бар мәміле жасау туралы бірнеше шешімдер қабылдаған кезде осындай мәмілелер бойынша ақпаратты акционерлік қоғамға осындай бірнеше шешімдер бойынша ақпарат қамтылған бір өтінім ұсыну арқылы ақпарат беруге рұқсат етіледі.
6) қажет болған кезде өзге де мәліметтер.
Эмитенттің жалғыз акционері (қатысушысы) болған жағдайда жалғыз акционер (қатысушы) шешім қабылдаған күн, жалғыз акционер (қатысушы) қабылдаған шешімдер, эмитенттің ұйғарымы бойынша өзге де мәліметтер көрсетіледі.

акционерлердің (қатысушылардың) немесе жалғыз акционердің (қатысушының) жалпы жиналысында шешім қабылдаған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

2.

Эмитенттің басқару органының (байқаушы кеңесінің), атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) құрамын көрсете отырып, эмитенттің басқару органын (байқаушы кеңесін), атқарушы органын (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаны) сайлау, сондай-ақ эмитенттің басқару органының (байқаушы кеңесінің), атқарушы органының (атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) құрамындағы өзгерістер туралы ақпарат

1) шешім қабылдаған эмитент органының атауын көрсетумен эмитент органының құрамын сайлау (тағайындау) не оның өзгеруі туралы шешім қабылдаған күні. Егер басқару органы және (немесе) атқарушы орган мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, олардың бастамасы бойынша жүзеге асырылған жағдайда, онда эмитенттің басқару органының жазбаша хабарламасын алған күні көрсетіледі;
2) құрамы сайланған (тағайындалған) не өзгерген эмитент органының атауы;
3) эмитент органының құрамы не эмитенттің органы құрамына өзгерістердің мәні: орган құрамына сайланған (тағайындалған) адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), орган құрамына сайланған (тағайындалған), сондай-ақ орган құрамынан шығарылған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
4) эмитент органының құрамына кіретін әрбір адамның тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса) көрсете отырып, эмитент органына енгізілген өзгерістер ескерілген құрамы;
5) эмитенттің директорлар кеңесі сайланған (тағайындалған) мүшесіне тиесілі дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлесі) эмитенттің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлесі) жалпы санына пайыздық арақатынасы;
6) еншілес ұйымдардағы эмитенттің директорлар кеңесі сайланған (тағайындалған) мүшесіне тиесілі акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлесі) осы ұйымдардың орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлесі) жалпы санына пайыздық арақатынасы.
Егер эмитенттің акционерлерінің (қатысушылар) жалпы жиналысында және (немесе) директорлар кеңесінде (қадағалау кеңесін) эмитенттің органдары құрамының өзгеруі туралы ғана шешім қабылданған жағдайда осындай шешім туралы ақпарат бұл жөнінде көрсетіле отырып, осы қосымшаның 2-тармағына сәйкес қана орналастырылады.

эмитент органының құрамын сайлау (тағайындау) не эмитент органы құрамының өзгеруі туралы шешім қабылдаған күннен кейін немесе эмитенттің басқару органы жазбаша хабарламаны алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

3.

Эмитенттің акционерлерінің (қатысушыларының) құрамы туралы және (немесе) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан да көп пайызын иеленетін акционерлердің (қатысушылардың) құрамындағы өзгерістер туралы ақпарат

1) эмитенттің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан да көп пайызына ие акционерлердің (қатысушылардың) құрамы:
жеке тұлға үшін - тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
заңды тұлға үшін - заңды тұлғалардың толық атауы мен орналасқан жері;
2) эмитенттің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызына иеленетін акционерлердің (қатысушылардың) құрамын өзгерту күні (бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесінде өзгерістер енгізу немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесі тіркелген күні);
3) эмитенттің акционерлерінің (қатысушылардың) құрамындағы өзгерістердің мәні:
жеке тұлға үшін - акционерлердің (қатысушылардың) құрамына енгізілген не акционерлердің (қатысушылардың) құрамынан шығарылған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
заңды тұлға үшін - акционерлердің (қатысушылардың) құрамына енгізілген не акционерлердің (қатысушылардың) құрамынан шығарылған заңды тұлғаның толық атауы мен орналасқан жері.

эмитент бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесіндегі немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі өзгерістердің тіркелуін растайтын құжаттарды алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

4.

Эмитенттің директорлар кеңесі қабылдаған немесе акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің акционерлердің (қатысушылардың) жылдық және кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген тиісті органының шешімі туралы ақпарат

1) шешім қабылданған күн;
2) эмитенттің директорлар кеңесі қабылдаған немесе акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің акционерлердің (қатысушылардың) жылдық және кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген тиісті органының шешімі;
3) қажет болған кезде өзге де мәліметтер.

эмитенттің директорлар кеңесі немесе осы шешімді қабылдауға өкілетті акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің тиісті органы шешім қабылдаған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

5.

Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі қабылдаған акцияларды орналастыру (өткізу) туралы, оның ішінде жарияланған акциялардың саны шегінде орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың саны, оларды орналастыру (өткізу) тәсілі мен бағасы туралы ақпарат

1) шешім қабылданған күн;
2) директорлар кеңесі қабылдаған шешім (шешімдер);
3) орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың түрі және саны;
4) орналастыру тәсілі;
5) орналастыру (өткізу) бағасы;
6) қажет болған кезде өзге де мәліметтер.

акционерлік қоғамның директорлар кеңесі шешім қабылдаған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

6.

Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі қабылдаған, егер қоғам сатып алатын акциялардың саны орналастырылған акциялардың жалпы санының бір пайызынан асып түссе, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларды сатып алуы және оларды сатып алу бағасы туралы шешім қабылдау туралы ақпарат

1) шешім қабылданған күн;
2) қоғамның директорлар кеңесі қабылдаған шешім (шешімдер);
3) қоғамның бастамасы бойынша сатып алынатын акциялардың түрі және саны;
4) қоғамның бастамасы бойынша сатып алынатын акциялардың бағасы;
5) қоғамның бастамасы бойынша акцияларды сатып алу мерзімі мен талаптары;
6) қажет болған кезде өзге де мәліметтер;

акционерлік қоғамның директорлар кеңесі шешім қабылдаған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

7.

Эмитенттің директорлар кеңесі қабылдаған немесе акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің облигациялар мен туынды бағалы қағаздарды шығару туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген тиісті органының шешімі туралы ақпарат

1) шешiм қабылданған күн;
2) шешім қабылдауға уәкілетті акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің тиісті органымен немесе директорлар кеңесімен қабылданған шешім (шешімдер);
3) облигациялар мен туынды бағалы қағаздардың саны мен түрі;
4) номиналды құны және номиналды құн валютасы;
5) шығарылымның көлемi;
6) қажет болған кезде өзге де мәліметтер.

эмитенттің директорлар кеңесі немесе осы шешімді қабылдауға уәкілетті акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің тиісті органы шешім қабылдаған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

8.

Эмитенттің директорлар кеңесі қабылдаған немесе акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің ірі мәмілелерді және бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: акционерлік қоғамның оларды жасасуға мүдделігі бар және акционерлік қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны акционерлік қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер болып табылатын мәмілелерді жасасу жөніндегі шешім қабылдауға уәкілеттік берілген тиісті органының шешімі туралы ақпарат

1) ірі мәміле және (немесе) мүдделілігі бар мәміле туралы шешiм қабылданған күн;
2) акционерлік қоғамның директорлар кеңесі қабылдаған шешім (шешімдер);
3) мәміленің түрі;
4) мәміленің мәні;
5) мәмілені жасау туралы шешімді акционерлік қоғам органы қабылдаған күні осы акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнына ірі мәміленің және (немесе) мүдделігі бар мәміленің мәні болып табылатын мүлік құнының пайыздық арақатынасы.
Егер акционерлік қоғамның ірі мәміле және (немесе) мүдделігі бар мәміле жасау туралы шешімінде банктік құпияны, сақтандыру құпиясын, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпарат болса, ақпаратты орналастырған кезде тек қана ірі мәміле және (немесе) мүдделілігі бар мәміле жасалған күн, сондай-ақ акционерлік қоғамның шешімі бойынша өзге ақпарат жарияланады.
Бір жұмыс күні ішінде акционерлік қоғамның ірі мәміле және (немесе) жасалуында мүдделігі бар мәміле жасау туралы бірнеше шешімдер қабылдаған кезде осындай мәмілелер бойынша ақпаратты акционерлік қоғамға осындай бірнеше шешімдер бойынша ақпарат қамтылған бір өтінім ұсыну арқылы ақпарат беруге рұқсат етіледі.

эмитенттің директорлар кеңесі немесе осы шешімді қабылдауға өкілетті акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің тиісті органы шешім қабылдаған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

9.

Акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын және (немесе) өзге де ақшалай міндеттемелерін акционерлік қоғамның жай акцияларына конвертациялау туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын және (немесе) өзге де ақшалай міндеттемелерін акционерлік қоғамның жай акцияларына айырбастау туралы шешім қабылдаған күн;
2) акционерлік қоғамның айырбасталуы тиіс бағалы қағаздары және (немесе) өзге де ақшалай міндеттемелерінің саны, бағалы қағаздарды айырбастау тәртібі.

орналастырылған акциялардың (қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) жалпы санының он және одан да көп пайызына ие акционерлері туралы, бағалы қағаздарды айырбастау және (немесе) акционерлiк қоғамның жай акцияларындағы өзге де ақшалай міндеттемелерін растайтын орталық депозитариймен берілетін анықтаманы алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде.

10.

Акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастау туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастау туралы шешім қабылдаған күн;
2) айырбасталуы тиіс акциялар саны және айырбасталмауы тиіс акциялар саны, орналастырылған акцияларды айырбастау тәртібі.

орналастырылған акциялардың (қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) жалпы санының он және одан да көп пайызына ие акционерлері туралы, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының бір түріне алмастыруды растайтын орталық депозитариймен берілетін анықтаманы алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні iшiнде.

11.

Эмитент әрбір осындай ұйым акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленетін ұйымдардың тізімі және (немесе) ұйымдар тізіміндегі өзгерістер туралы ақпарат

1) эмитент әрбір осындай ұйым акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленетін ұйымдардың тізімі;
2) эмитент акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленген (иелігі тоқтаған) ұйымның толық атауы;
3) акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан да көп пайызына эмитент иеленген ұйымдар тізімінің өзгерген күнінен кейінгі күніне сәйкес ұйымның акциялар (үлестер, пайлар) мөлшерінің орналастырылған акциялардың (үлестердің, пайлардың) жалпы мөлшеріне пайыздық арақатынасы.

эмитент ұйым акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленгенін (иелігі тоқтағанын) растайтын құжаттарды алған соң 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

12.

Акционерлік қоғамның ірі мәмілелерді және бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: акционерлік қоғамның оларды жасасуға мүдделігі бар және акционерлік қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны акционерлік қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер болып табылатын мәмілелерді жасауы туралы ақпарат

1) ірі мәміле туралы және (немесе) қоғамның уәкілетті органы сондай мәміле жасау туралы шешім қабылдаған жасалуында мүдделігі бар мәміленің немесе қосымша келісімнің (шартқа қосымша келісімнің) жасалған күні;
2) iрi мәмiленiң және (немесе) мүдделілігі бар мәміленің мәнi, мәмiле тараптарының атауы;
3) акционерлік қоғамның органы ірі мәміле және (немесе) мүдделігі бар мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған күні;
4) ірі мәміле және (немесе) мүдделігі бар мәміле жасасу туралы шешімді акционерлік қоғам органы қабылдаған күнге ірі мәміле және (немесе) мүдделігі бар мәміле мәні болып табылатын мүліктің құны;
5) мәміле және (немесе) мүдделігі бар мәміле мәні ақша және (немесе) бастапқы нарықтағы шығарылған (орналастырылған) бағалы қағаздар болып табылатын жағдайларды қоспағанда) ірі мәміленің және (немесе) мүдделігі бар мәміленің мәні болып табылатын мүліктің соңғы бағалау күні;
6) акционерлiк қоғам органы iрi мәмiленi және (немесе) мүдделігі бар мәмілені жасау туралы шешiм қабылдаған күнге акционерлiк қоғамның активтерiнiң жалпы құнына iрi мәмiленiң және (немесе) мүдделігі бар мәміленің мәні болып табылатын мүліктің құнының пайыздық арақатысы.
7) ірі мәміле және (немесе) мүдделігі бар мәміле тараптары, сатып алынған немесе иелігінен шығарылатын активтер, мәміле мерзімдері мен талаптары, тартылған тұлғалардың қатысу үлестерінің сипаты мен көлемі туралы мәлімет, сондай-ақ бар болса, мәміле туралы өзге мәлімет.
Егер акционерлік қоғамның ірі мәміле және (немесе) мүдделігі бар мәміле жасасу туралы шарты Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын банк құпиясы, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны және басқа да құпия болып табылатын ақпаратты қамтитын болса акционерлік қоғамның мәміле туралы ақпаратты орналастыру кезінде тек жасасу күні, сондай-ақ акционерлік қоғамның шешімі бойынша басқа да ақпарат жарияланады.
Бір жұмыс күні ішінде акционерлік қоғамның ірі мәміле және (немесе) жасалуында мүдделігі бар мәміле жасау туралы бірнеше шешімдер қабылдаған кезде осындай мәмілелер бойынша ақпаратты акционерлік қоғамға осындай бірнеше шешімдер бойынша ақпарат қамтылған бір өтінім ұсыну арқылы ақпарат беруге рұқсат етіледі.

акционерлік қоғам шарт немесе шартқа қосымша келісім жасау сәтінен;
iрi мәмiленi және (немесе) мүдделігі бар мәмілені жасау үшін міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеу қажет болған жағдайда, акционерлік қоғам оның мемлекеттік немесе өзге тіркеуін растайтын құжатты алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

13.

Эмитентті мәжбүрлеп тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы, сондай-ақ оның еншілес және тәуелді ұйымдарын мәжбүрлеп тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы сот шешімі туралы ақпарат

1) эмитентті, еншілес ұйымдарын және тәуелді ұйымдарын мәжбүрлеп тарату немесе қайта құру туралы шешім қабылдаған күні;
2) эмитентті, еншілес ұйымдарын және тәуелді ұйымдарын мәжбүрлеп тарату немесе қайта құру туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы;
3) эмитентті, еншілес ұйымдарын және тәуелді ұйымдарын мәжбүрлеп тарату немесе қайта құру туралы шешім қабылдау негізі;
4) эмитенттің қайта құрылатын еншілес ұйымдарының және (немесе) қайта құрылатын тәуелді ұйымдарының орналасқан жері мен атауы;
5) эмитенттің, еншілес ұйымдарының және тәуелді ұйымдарының қайта құрылу формасы мен талаптары;
6) эмитенттің, еншілес ұйымдарының және тәуелді ұйымдарының қайта құрылуының өзге де талаптары.

соттың тиісті шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.

14.

Эмитенттің мүлкін осы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілге (қайта кепілге) беру, сондай-ақ эмитенттің мүлкін осы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілден (қайта кепілден) шығару туралы ақпарат

1) кепілге беру (қайта кепілге) туралы эмитент органының шешім қабылдаған күні;
2) эмитенттің мүлкін кепілге беру (қайта кепілге беру) құқығы туындаған күні;
3) эмитенттің кепілге берілетін (қайта кепілге берілетін) мүлігінің құны;
4) эмитенттің кепілге (қайта кепілге) берілетін мүлкін соңғы бағалау күні (егер мұндай бағалауды жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілсе);
5) эмитент органы эмитенттің мүлкін кепілге беру (қайта кепілге беру) туралы шешімді қабылдау күнінде кепілге (қайта кепілге) берілетін мүлік құнының осы эмитент активтерінің жалпы құнына пайыздық арақатынасы;
6) кепілден (қайта кепілге беруден) алып тастау күні.
Егер эмитент жасаған эмитенттің мүлкін кепілге беру (қайта кепілге беру) туралы мәміле бір уақытта ірі мәміле және (немесе) жасалуында эмитенттің мүдделігі бар мәміле болып табылады, осындай мәміле туралы ақпарат бұл жөнінде көрсете отырып, осы қосымшаның 14-тармағына сәйкес қана орналастырылады.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кепілі тіркелуі тиіс мүлікке қатысты - осы эмитенттің активтерінің жалпы баланстық құнының он және одан да көп пайыз сомасын құрайтын мүлікті кепілге беру (қайта кепілге беру) шартын тіркелгенін растайтын құжаттарын алған;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кепілі тіркелмейтін мүлікке қатысты - осы эмитенттің активтерінің жалпы баланстық құнының он және одан да көп пайыз сомасын құрайтын мүлікті кепілге беру (қайта кепілге беру) шартын жасаған;
осы эмитенттің активтерінің жалпы баланстық құнының он және одан да көп пайыз сомасын құрайтын эмитент мүлігін кепілден (қайта кепілге беруден) шешкенін растайтын құжаттарын алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

15.

Құны эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан астам пайызын құрайтын эмитенттің мүлкіне тыйым салу (мүліктен тыйымды алу) туралы ақпарат

1) эмитенттің активтерінің жалпы баланстық құнының он және одан да көп пайызын құрайтын мүлікке тыйым салу (мүліктен тыйымды алу) туралы қабылданған шешімнің күні, нөмірі;
2) эмитенттің активтерінің жалпы баланстық құнының он және одан да көп пайызын құрайтын мүлікке тыйым салу (мүліктен тыйымды алу) туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы, тыйым салудың негізі;
3) эмитенттің тыйым салынған (тыйым салу алынып тасталған) мүліктің атауы және эмитенттің мүлкіне тыйым салынған (тыйым салу алынып тасталған) күнге эмитенттің активтерінің жалпы құнына пайыздық арақатынасы. Егер банктердегі, банктің жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы борышкердің ақшасына тыйым салынған (тыйым салу алынып тасталған) жағдайда - тыйым салынған (тыйым салу алынып тасталған) ақша сомасын көрсету. Егер эмитенттің бағалы қағаздарына тыйым салынған (тыйым салу алынып тасталған) жағдайда - тыйым салынған (тыйым салу алынып тасталған) бағалы қағаздардың жалпы саны, олардың түрлері, сәйкестендіру нөмірі, осы бағалы қағаздардың эмитенті туралы мәлімет.

эмитенттің активтерінің жалпы баланстық құнының он және одан да көп пайыз сомасын құрайтын мүлігіне тыйым салу (мүліктен тыйымды алу) туралы шешімді алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

16.

Эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің жиырма бес және одан көп пайызын құрайтын мөлшерде эмитенттің қарыз алуы, сондай-ақ осы қарыз бойынша негізгі борышты және есептелген сыйақыны толық өтеу туралы ақпарат

1) эмитент органының қарызды алу (кредит желісі) туралы шешім қабылдаған күні;
2) қарызды (кредит желісін) алу туралы шарт жасалған күні;
3) эмитент алған қарыздың (кредит желісінің) шартта белгіленген жалпы мөлшері;
4) эмитенттің қарызды алу мақсаты;
5) эмитент алған қарыздың (кредит желісінің) мөлшеріне эмитент органының қарызды алу туралы шешім қабылдаған күні эмитенттің активтерінің жалпы баланстық құны мөлшеріне пайыздық арақатынасы;
6) негізгі берешекті және аталған қарыз бойынша есептелінген сыйақыны толық төлеген күні.
Егер кредит желісі бойынша есептелген сыйақыны ескере отырып шығарылған және өтелмеген кредиттің жалпы сомасы эмитенттің активтерінің жалпы баланстық құнының жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын мөлшерге жеткен жағдайда, эмитент екінші деңгейлі банкпен кредит желісін жасағаны жайлы корпоративтік оқиға туралы ақпарат орналастырылады.
Акционерлік қоғамның қарызды алу бойынша жасалған мәмілесі бір мезгілде ірі мәміле және (немесе) акционерлік қоғамның оны жасауға мүдделілігі бар мәміле болып табылса, мұндай мәміле туралы ақпарат бұл туралы көрсетумен осы қосымшаның 16-тармағына сәйкес ғана орналастырылады.

эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің жиырма бес және одан көп пайызын құрайтын мөлшерде эмитенттің қарыз алуы немесе кредит желісі туралы шартын жасаған немесе эмитенттің осы қарыз немесе кредит желісі бойынша негізгі борышты және есептелген сыйақыны толық өтеген;
есептелген сыйақы есебімен бір кредит желісі аясында алынған және өтелмеген қарыздың жалпы сомасы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің жиырма бес және одан көп пайызына жеткен күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

17.

Солардың нәтижесінде баланстық құны эмитент активтерінің жалпы мөлшерінің он және одан көп пайызын құраған эмитенттің мүлкі жойылған төтенше сипаттағы мән-жайлардың басталуы туралы ақпарат.

1) эмитенттің мүлкінің жойылуына әкеп соққан төтенше сипаттағы мән-жайлар туындаған күн;
2) төтенше сипаттағы мән-жайлардың туындауы нәтижесінде жойылған эмитенттің мүлкінің атауы; 3) төтенше сипаттағы мән-жайлардың туындауы нәтижесінде жойылған эмитенттің мүлкінің баланстық құны.

4) эмитенттің активтерінің жалпы баланстық құнының он және одан да көп пайызын құрайтын эмитент мүлкінің жойылуына әкеп соққан төтенше сипаттағы мән-жайлар туындаған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

18.

Сотта корпоративтік дау бойынша істі қозғау туралы ақпарат

1) корпоративтік дау бойынша талапкер, жауапкер туралы мәлімет (жеке тұлға үшін) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), (заңды тұлға үшін) толық атауы, орналасқан жері;
2) талап-арыз берген күні, шағым талаптардың қысқаша мазмұны;
3) корпоративтік дау бойынша талап-арыз қаралатын соттың атауы.

эмитент корпоративтік дау бойынша азаматтық іске қатысты тиісті сот хабарламасын (шақыруын) алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

19.

Бірінші санаттағы рұқсаттарды алу (тоқтату, тоқтата тұру) туралы ақпарат

1) бірінші санаттағы рұқсатты берген, бірінші санаттағы рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату туралы шешім қабылдаған рұқсат беру органының атауы;
2) бірінші санаттағы рұқсаттың берілген күні, нөмірі, рұқсаттың қолданылу мерзімі;
3) бірінші санаттағы рұқсатқа сәйкес жүзеге асырылатын қызмет түрінің атауы;
4) рұқсат беру органының бірінші санаттағы рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру (тоқтата тұру мерзімі), қолданылуын жаңарту күні туралы шешімді қабылдаған күні;
5) бірінші санаттағы рұқсатты тоқтата тұруға (жаңартуға) негіздеме;
6) жүзеге асырылуына рұқсаты тоқтатыла тұрған (жаңартылған) қызмет түрінің атауы;
7) рұқсат беру органының бірінші санаттағы рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімді қабылдаған күні;
8) бірінші санаттағы рұқсаттың қолданылуын тоқтатуға негіздеме;
9) жүзеге асырылуына рұқсаты тоқтатылған қызмет түрінің атауы.

уәкілетті органда тіркелген жарғыны және (немесе) жарғыға өзгертулерді алған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

20.

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар эмитентінің негізгі қызмет түрлерін өзгертуі туралы ақпарат

1) қызметтің негізгі түрлерін өзгерту туралы шешім қабылдау күні;
2) өзгерген қызмет түрлерінің атауы;
3) эмитент жарғысын және (немесе) жарғысына өзгертулерді мемлекеттік тіркеу күні;
4) жарғының және (немесе) жарғыға өзгертулердің сканерленген көшірмесі.

уәкілетті органда тіркелген жарғыны және (немесе) жарғыға өзгертулерді алған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

21.

Енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару проспектісі

1) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісін уәкілетті органның мемлекеттік тіркеу күні немесе эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары шығару проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтыруларды уәкілетті органның тіркеу күні;
2) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары шығару проспектісінің уәкілетті орган тіркеген PDF форматындағы сканерленген көшірмесі;
3) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары шығару проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулардың уәкілетті орган тіркеген PDF форматындағы сканерленген көшірмесі;
4) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары шығару проспектісінің оған енгізілген өзгерістері және (немесе) толықтырулары ескерілген электрондық нұсқасы.
Эмитент бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органнан эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары шығару проспектісіне бірнеше өзгерістер мен толықтырулар алған жағдайда, эмитенттің проспектіге енгізілген осындай бірнеше өзгерістер мен толықтырулар бойынша ақпаратты қамтитын бір өтінім ұсынуы арқылы ақпарат беруіне рұқсат етіледі.

эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісін уәкілетті органның мемлекеттік тіркеуін немесе эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары шығару проспектісіне өзгерістер не толықтыруларды уәкілетті органның тіркеуін растайтын құжаттарды алған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

22.

Уәкілетті органның акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есептерді бекіту туралы ақпарат

1) акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту күні;
2) акцияларды орналастырудың есепті кезеңі;
3) есепті кезеңде орналастырылған акциялардың саны мен түрі.

акционерлік қоғам уәкілетті орган бекіткен акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

23.

Уәкілетті органның эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының күшін жою туралы және (немесе) эмиссиялық бағалы қағаздарын өтеу туралы ақпарат

1) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының күшін жою және (немесе) оларды өтеу күнi;
2) шығарылымының күші жойылған және (немесе) өтелген бағалы қағаздардың халықаралық сәйкестендіру коды (ISIN);
3) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарының шығарылымын өтеуге және (немесе) жоюға негіздеме;
4) эмитенттің өтелген және (немесе) жойылған эмиссиялық бағалы қағаздарының саны мен түрі.

эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарының күшін жою және (немесе) оларды өтеу туралы растайтын құжаттарды алған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

23-1

Акционерлік қоғам бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында акцияларды сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдістемесі

1) құрылтайшылардың жалпы жиналысы (жалғыз құрылтайшы) қабылдаған шешім күні
2) акционерлік қоғам акционерлерінің (жалғыз акционерінің) жалпы жиналысы әдістемені бекіту туралы қабылдаған шешім күні, егер ол құрылтай жиналысында бекітілмеген болса;
3) акционерлік қоғам акционерлерінің (жалғыз акционерінің) жалпы жиналысы әдістемеге өзгерістерді бекіту туралы қабылдаған шешім күні;
4) барлық өзгерістер мен толықтырулармен қоса әдістеменің PDF форматындағы электрондық нұсқасы.

акционерлік қоғамның құрылтай жиналысында (жалғыз акционері) әдістеме бекітілген жағдайда уәкілетті органның акциялар шығарылымы проспектісін мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттарды алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде немесе қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында (жалғыз акционер) әдістеме және (немесе) әдістемеге өзгерістер бекітілген жағдайда акционерлердің жалпы жиналысы (жалғыз акционер) шешім қабылдаған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

24.

Эмитенттің жарғысына және эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне сәйкес эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) және (немесе) инвесторлардың мүдделерін қозғайтын өзге де оқиғалар туралы ақпарат

1) эмитенттің жарғысы мен эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне сәйкес эмитенттің акционерлерінің (қатысушыларының) және (немесе) инвесторлардың мүддесін қозғайтын мәліметтер;
2) эмитент мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісінде көзделген талаптарды сақтамаған кезде:
облигациялардың ұлттық сәйкестендіру номері (ҰСН) немесе халықаралық сәйкестендіру коды (ISIN), облигациялардың түрін, орналастырылған облигациялардың санын, купон мөлшерлемесінің мөлшерін, дефолт күнін, купондық сыйақы бойынша берешек сомасын, негізгі борыш бойынша берешек сомасын, реттелмеген борыш қалдығын көрсете отырып, орындалмаған міндеттемелер сомасы, міндеттемелерді орындамау себептері.

егер "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының заңында және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңда бағалы қағаздарды ұстаушылардың назарына жеткізудің өзге мерзімдері көзделмеген жағдайда, эмитенттің жарғысына және эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне сәйкес эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) және (немесе) инвесторлардың мүдделерін қозғайтын өзге де оқиғалар туындаған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісінде көзделген талаптарды сақтамаған күнінен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде

  Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтыру енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
4-қосымша
  Эмитенттің ақпаратты жария
ету қағидаларына қосымша
  Нысан

Акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтер (акционерлік қо,ғамның атауы)

Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімінің деректеріне сәйкес жарияланған акциялар шығарылымын халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) және күні

Үлестес тұлғалар туралы мәліметтер ұсынылатын күн

Жеке тұлғалар

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

Үлестестігін тану негіздері

Үлестестігінің туындау күні

Резиденттігі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7








      кестенің жалғасы:

Заңды тұлғалар

Заңды тұлғаның толық атауы

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды тұлғаның пошталық мекенжайы және нақты орналасқан жері

Үлестестігін тану негіздері

Үлестестігінің туындау күні

Резиденттігі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

      Атауы ________________________ Мекенжайы________________________

      Телефоны __________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________________

      Орындаушы _______________________________________ ___________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)                  қолы, телефоны

      Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұрған тұлға

      __________________________________________________ ___________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)                  қолы, телефоны

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

  Акционерлік қоғамның үлестес
тұлғалары туралы мәліметтер
нысанына қосымша

"Акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтер" нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) "Акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Формат "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 102-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      3. Нысанды акционерлік қоғам тоқсан сайын жасайды және есепті жылғы 1 қаңтардағы, 1 сәуірдегі, 1 шілдедегі және 1 қазандағы жағдай бойынша толтырады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. 3-бағанда жеке тұлғалар болып табылатын, акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді көрсету үшін туған күні - кк.аа.жж (күні/айы/жылы) форматында жеке жолдарға бөлусіз жеке сәйкестендіру нөмірімен (ЖСН) бір бағанда көрсетіледі.

      5. 3-бағанда заңды тұлғалар болып табылатын, акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді көрсету үшін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды тұлғаның пошталық мекенжайы және нақты орналасқан жері жеке жолдарға бөлусіз бір бағанда көрсетіледі.

      6. 4-бағанда "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабының 1 және 1-1-тармақтарының тиісті тармақшасына немесе "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-бабына сілтеме жасау қажет - екiншi деңгейдегi банктер үшін.

      7. 5-бағанда үлестестігінің туындау күні - кк.аа.жж (күні/айы/жылы) форматында көрсетіледі.

      8. 3 және 5-бағандарда күндер толығымен цифрлармен толтырылады және акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген тәртіппен акционерлер және акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары ұсынған ақпарат негізінде белгіленеді.

      9. Жеке тұлға болып табылатын акционерлік қоғамның үлестес тұлғасының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) және резиденттігі қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ашық қол жеткізу арқылы жарияланбайды.