ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 57-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларында сақталуға жататын құжаттардың тізбесі және олардың сақталу мерзімдері белгіленсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 33 Қаулысына 1-қосымша |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларында сақталуға жататын құжаттардың тізбесі және олардың сақталу мерзімдері
Тармақ № | Құжаттардың түрлері | Сақталу мерзімі | Ескертпе | |
Орталық органында | БЖЗҚ*, ЕЖЗҚ** филиалдарында және өкілдіктерінде | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІ | ||||
1. | БЖЗҚ, ЕЖЗҚ отырыстарының хаттамалары, стенограммалары, акционерлерінің жалпы жиналысының шешімдері, оларға қоса берілетін құжаттар (баянжазбалар, анықтамалар, жобалар, шешімдер) | Тұрақты | Қажеттілігі өткенге дейін | |
2. | БЖЗҚ, ЕЖЗҚ атқарушы органының хаттамалары, стенограммалары, жобалар, оларға қоса берілетін құжаттар (баянжазбалар, анықтамалар, жобалар, шешімдер) | Тұрақты | Қажеттілігі өткенге дейін | |
3. | БЖЗҚ, ЕЖЗҚ директорлар кеңесі отырыстарының хаттамалары, стенограммалары, оларға қоса берілетін құжаттар (баянжазбалар, анықтамалар, жобалар, шешімдер) | Тұрақты | Қажеттілігі өткенге дейін | |
4. | БЖЗҚ, ЕЖЗҚ әзірлеген қағидалар, ережелер, нұсқаулықтар, әдістемелік нұсқаулар, ұсынымдар | Тұрақты | Жаңасымен алмастырғанға дейін | |
| БЖЗҚ, ЕЖЗҚ басшыларының бұйрықтары, өкімдері: | |||
негізгі қызмет бойынша; | Тұрақты | Тұрақты | ||
жеке құрам бойынша; | 75 жыл | 75 жыл | ||
демалыстар, іссапарлар бойынша | 75 жыл | 75 жыл | ||
2. БАҚЫЛАУ | ||||
6. | Уәкілетті мемлекеттік органдары, аудиторлық ұйымдар және ішкі аудит жүргізетін БЖЗҚ, ЕЖЗҚ, олардың құрылымдық бөлімшелері қызметінің ревизиялары мен тексерулер құжаттары (баяндама, баянжазбалар, анықтамалар, актілер, қорытындылар, есептер, қарсылықтар, хат-хабар алмасу) | Тұрақты | Тұрақты | |
7. | Тексерулер және ревизиялар нәтижелері бойынша ұсыныстардың орындалуы туралы құжаттар (баянжазбалар, есептер, анықтамалар, хат-хабар алмасу) | 5 жыл СТК | 5 жыл СТК | |
8. | ЕЖЗҚ және БЖЗҚ жүргізетін ревизиялар мен тексерулердің құжаттары (актілер, анықтамалар, хат-хабар алмасу) | 5 жыл СК | 5 жыл СК | |
9. | Жүргізілген ревизиялар мен тексерулерді, жүзеге асырылған ревизиялар (тексерулер) бойынша қабылдаған шешімдердің орындауын бақылауды есепке алу журналы | 5 жыл | 5 жыл | |
3. ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІК | ||||
10. | БЖЗҚ, ЕЖЗҚ, оның филиалдары мен БЖЗҚ өкілдіктері қызметі бойынша статистикалық есептер және кестелер: |
Электрондық тасымалдағышта. | ||
жиынтық жылдық есептер және үлкен мерзімділігі бар есептер; | Тұрақты | - | ||
жылдық есептер және үлкен мерзімділігі бар есептер; | Тұрақты | 10 жыл | ||
жарты жылдық есептер; | 5 жыл 1 | 5 жыл | ||
тоқсандық есептер; | 5 жыл 2 | 5 жыл | ||
айлық есептер | 1 жыл 3 | 1 жыл | ||
11. | БЖЗҚ, ЕЖЗҚ атқарушы органы қызметінің нәтижелері туралы есептер: |
1 Жылдық есептер болмаған кезде - тұрақты. | ||
жиынтық жылдық есептер және үлкен мерзімділігі бар есептер; | Тұрақты | - | ||
жылдық есептер және үлкен мерзімділігі бар есептер; | Тұрақты | 10 жыл | ||
жарты жылдық есептер; | 5 жыл 1 | 5 жыл 2 | ||
тоқсандық есептер; | 5 жыл 3 | 5 жыл 4 | ||
айлық есептер | 3 жыл 5 | 3 жыл 6 | ||
12. | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына сәйкес берілетін, бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті адамдар қол қойған БЖЗҚ, ЕЖЗҚ есептілігі | 3 жыл | Электрондық тасымалдағышта. | |
13. | БЖЗҚ, ЕЖЗҚ құрылымдық бөлімшелері қызметінің нәтижелері туралы есептер: | |||
жылдық есептер; | 5 жыл | |||
жарты жылдық есептер; | 5 жыл | |||
тоқсандық есептер; | 5 жыл | |||
айлық есептер | 3 жыл | |||
14. | Аудиторлық есептер: |
Қағаз тасымалдағышта. | ||
жылдық; | Тұрақты | 10 жыл | ||
тоқсандық | 5 жыл 1 | 5 жыл 2 | ||
15. | БЖЗҚ, ЕЖЗҚ қаржылық есептілігі: |
Электрондық тасымалдағышта. | ||
шоғырландырылған; | Тұрақты | - | ||
жылдық; | Тұрақты | 10 жыл | ||
тоқсандық; | 5 жыл1 | 5 жыл2 | ||
ай сайынғы | 5 жыл | 5 жыл | ||
16. | Өткізу актілері, бөлу, тарату баланстары, оларға түсіндірме жазбалар | Тұрақты | 10 жыл | Қағаз тасымалдағышта. |
17. | Жылдық қаржылық есептілікті әзірлеу және талдау жасау жөніндегі талдамалық кестелер | Тұрақты | 5 жыл | Электрондық тасымалдағышта. |
18. | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен хат-хабар алмасу | 3 жыл | 3 жыл | Қағаз тасымалдағышта және олармен бірдей электрондық тасымалдағышта. |
19. | Шаруашылық операциясын жасау фактісін белгілейтін және бухгалтерлік жазба үшін негіз болып табылатын бастапқы құжаттар және олардың қосымшалары (зейнетақы активтері және меншікті активтері бойынша) | 5 жыл | 5 жыл | Электрондық тасымалдағышта- зейнетақы активтері бойынша сақталады. Қағаз тасымалдағышта- меншікті активтері бойынша сақталады. Тексерулер аяқталған жағдайда. Даулар, келіспеушіліктер, тергеу және сот істері туындаған жағдайда- түпкілікті шешім шыққанға дейін сақталады. |
20. | Есеп айырысу (есеп айырысу-төлем) ведомостары | 5 жыл | Жеке шоттар болмаған жағдайда - 75 жыл. | |
21. | Түгендеу карточкалары және негізгі қаражатты есепке алу кітаптар | Тұрақты | Тұрақты | Электрондық тасымалдағышта. |
22. | Ақша сомалары мен тауар-материалдық құндылықтарды алуға сенімхат (оның ішінде күші жойылған сенімхаттар) | 5 жыл | 5 жыл | Күші жойылған сенімхаттар қаржы-шаруашылық қызметі бойынша сенімхаттарды тіркеу журналымен бірге сақталады. |
23. | Есепке алу тіркелімдері (бас кітап, журналдар-ордерлер, әзірлеме кестелер), қосалқы және бақылау кітаптары, журналдар, картотекалар, кассалық кітаптар, айналым ведомостары | 5 жыл | 5 жыл |
Электрондық тасымалдағышта. |
24. | Шоттарды, кассалық ордерлерді, сенімхаттарды, төлем тапсырмаларын тіркеу журналдары, кітаптары (зейнетақы активтері және меншікті активтер бойынша) | 5 жыл | 5 жыл | Электрондық тасымалдағышта - зейнетақы активтері бойынша сақталады. Қағаз тасымалдағышта және оларға ұқсас электрондық тасымалдағышта - меншікті активтер бойынша сақталады. |
25. | Қорлар, жалақы лимиттерін есепке алу мен олардың бөлінуін қадағалау туралы, жалақы бойынша артық жұмсалым мен берешек туралы, жалақыдан, әлеуметтік сақтандыру қаражатынан ұсталымдар туралы, демалыс және жұмыстан босату жәрдемақыларын төлеу туралы мәліметтер | 5 жыл | 5 жыл | |
26. | Түгендеу жөніндегі құжаттар (түгендеу комиссиялары отырыстарының хаттамалары, түгендеу тізімдемелері, актілер, салыстырмалы ведомостар) | 5 жыл | 5 жыл | Түгендеулер аяқталған жағдайда. Даулар, келіспеушіліктер, тергеу және сот істері туындаған жағдайда- түпкілікті шешім шыққанға дейін сақталады. |
27. | Жәрдемақылар, зейнетақылар, әлеуметтік сақтандыру бойынша жұмысқа жарамсыздық парақтарын төлеу жөніндегі құжаттар (есептердің көшірмелері, хаттамалардан үзінді-көшірмелер, қорытындылар) | Қажеттілігі өткенге дейін | Қажеттілігі өткенге дейін | Кемінде 5 жыл. |
28. | Атқару парақтары | Қажеттілігі өткенге дейін | Қажеттілігі өткенге дейін | Кемінде 5 жыл. |
29. | Демалыстарға ақы төлеу, салықтар бойынша жеңілдіктер алу үшін бухгалтерияға ұсынылатын анықтамалар | Қажеттілігі өткенге дейін | Қажеттілігі өткенге дейін | Кемінде 5 жыл. |
30. | Дебиторлық берешек, кем шығу, ысырап қылу, талан-тараж бойынша құжаттар (анықтамалар, актілер, міндеттемелер, хат-хабар алмасу) | Қажеттілігі өткенге дейін | Қажеттілігі өткенге дейін | Кемінде 5 жыл. |
31. | Негізгі қорларды қайта бағалау жөніндегі құжаттар (хаттамалар, актілер, есептер) | Тұрақты | Қайта бағалағанға дейін | |
32. | Негізгі құрал-жабдықты қайта бағалау және тозуын айқындау актілері, ведомостары | Тұрақты | Қайта бағалағанға дейін | |
33. | Ғимараттардың, құрылыстардың және жабдықтардың паспорттары | Тұрақты | Тұрақты | |
34. | Құжаттамалық ревизиялар мен бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізу жөніндегі құжаттар (жоспарлар, есептер, хат-хабар алмасу) | 3 жыл | ||
35. | БЖЗҚ, ЕЖЗҚ, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің қаржы-шаруашылық қызметінің құжаттамалық ревизиясының актілері, құжаттары (анықтамалар, ақпараттар, баяндамалық жазбалар) | Тұрақты | Тұрақты | Түгендеулер аяқталған жағдайда. Даулар, келіспеушіліктер, тергеу және сот істері туындаған жағдайда - түпкілікті шешім шыққанға дейін сақталады. |
36. | Кассаларды, салықтарды өндіріп алудың дұрыстығын тексеру актілері | 5 жыл | 5 жыл | |
37. | Шарттар, келісімдер | 5 жыл | 5 жыл | Шарттың, келісімнің қолданыс мерзімі өткеннен кейін, түгендеулер аяқталған жағдайда. |
38. | Шарттардың тізілімдері | 5 жыл | ||
39. | Материалдық жауапкершілік туралы шарттар. | 5 жыл | 5 жыл | Материалдық жауапты адам жұмыстан шыққаннан кейін. |
40. | Әкімшілік-шаруашылық мәселелері бойынша хат-хабар алмасу | 5 жыл | ||
41. | Қол қою (материалдық жауапты тұлғалардың) үлгілері | Қажеттілігі өткенге дейін | Қажеттілігі өткенге дейін | |
42. | БЖЗҚ және ЕЖЗҚ салық декларациялары және оларға салықтардың барлық түрі бойынша есептеулер, салықтық басқару бойынша құжаттар және резиденттік сертификаттары | 5 жыл СТК | Қағаз тасымалдағышта және олармен бірдей электрондық тасымалдағышта | |
4. ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІ | ||||
43. | Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға лицензия алу үшін лицензиарға берілген құжаттар (қаржы құжаттары, зейнетақы қағидалары, инвестициялық декларация, ішкі бақылау туралы ереже, есеп саясаты, экономикалық негіздеме, кастодиандық шарт) | Тұрақты | ||
44. | БЖЗҚ, ЕЖЗҚ басшы қызметкерлеріне үміткерлерді келісу үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсынылған құжаттар (өтініш, сауалнама, жеке құжаттардың көшірмелері, бұйрық, хаттамадан үзінді- көшірме) | Тұрақты | Тұрақты | |
45. | БЖЗҚ, ЕЖЗҚ филиалдары мен өкілдіктерін ашуға және жабуға арналған құжаттар (бұйрық, шешім, экономикалық негіздеме, сенімхат) | Тұрақты | Тұрақты | |
46. | БЖЗҚ, ЕЖЗҚ автоматтандырылған ақпарат жүйесі туралы құжаттар (техникалық тапсырма, актілер, есептер, сипаттама) | Тұрақты | ||
47. | Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт деректерінің өзгеруіне әсер ететін құжаттар (бар болса), оның ішінде шарттарға қосымша келісімдер | Тұрақты | Тұрақты | Электрондық тасымалдағышта. |
48. | Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтініш | Тұрақты | Тұрақты | Электрондық тасымалдағышта. |
49. | Жеке зейнетақы шоттары бойынша дерекқор (оның ішінде Жеке зейнетақы шоттарын тіркеу кітабы) | Тұрақты | Тұрақты | Электрондық тасымалдағышта. |
50. | БЖЗҚ-да шартты зейнетақы шоттарын есепке алу бойынша дерекқор (оның ішінде БЖЗҚ-да шартты зейнетақы шоттарын тіркеу кітабы) | Тұрақты | Тұрақты | Электрондық тасымалдағышта. |
51. | Зейнетақы жарналарының түсуін растайтын бастапқы құжаттар және оларға қосымшалары | 5 жыл | Электрондық тасымалдағышта. Ревизиялар аяқталған жағдайда. Даулар, келіспеушіліктер, тергеу және сот істері туындаған жағдайда - түпкілікті шешім шыққанға дейін сақталады. | |
52. | Банктік, кастодиандық шоттардан үзінді-көшірмелер және оларға қосымшалар | 5 жыл | Электрондық тасымалдағышта. | |
53. | Инвестициялық портфельді басқарушысымен және кастодиан-банкпен салыстырып тексеру актілері | 5 жыл | Қағаз тасымалдағышта. | |
54. | Зейнетақы активтерінің шартты бірлік құнын есептеу | Тұрақты | Электрондық тасымалдағышта. | |
55. | БЖЗҚ қызметін жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік органдардан (органдарға) және ұйымдардан (ұйымдарға), оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамынан (қоғамына) алынатын/ ұсынылатын электрондық мәліметтер | Тұрақты | Электрондық тасымалдағышта. | |
56. | Зейнетақы жинақтарын аудару бойынша құжаттар (өтініштер, салымшының (алушының) сенім білдірілген тұлғасының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері және өзге де құжаттар) | 5 жыл1 | 5 жыл1 |
1Қағаз тасымалдағышта - аударым жүзеге асырылғаннан кейін, |
Тұрақты2 | Тұрақты2 | |||
57. | Зейнетақы төлемдерін алу үшін БЖЗҚ-қа, ЕЖЗҚ-қа ұсынылған құжаттар (өтініштер, зейнетақы төлемдерін алушының, сенім білдірілген тұлғаның, заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттардың, қайтыс болу туралы, мұраға құқық туралы куәліктертің көшірмелері, хабарламалар (бар болса), сенімхаттар және өзге де құжаттар) | 10 жыл1 | 10 жыл1 |
1Қағаз тасымалдағышта - зейнетақы шоты жабылған күннен бастап, |
Тұрақты2 | Тұрақты2 | |||
58. | Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алуға өтініштер | 1 жыл | 1 жыл | |
59. | БЖЗҚ-дағы шартты зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алуға арналған өтініштер | 1 жыл | 1 жыл | |
60. | Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруына қайтаруға арналған инвестициялық портфельді басқарушының тізілімдері (зейнетақы төлемдеріне өтініштер, зейнетақы жинақтарын аудару, инвестициялық портфельді басқарушысын сайлау (өзгерту) туралы) | 2 жыл | 2 жыл | Электрондық тасымалдағышта. |
61. | БЖЗҚ-дан алынған, жеке зейнетақы шоттарынан үзінді-көшірмелер | 1 ай | 1 ай | Электрондық тасымалдағышта. |
62. | БЖЗҚ, ЕЖЗҚ, БЖЗҚ-ның филиалдары мен өкілдіктерінің негізгі қызметі бойынша хат-хабар алмасу | 5 жыл | 5 жыл | Қағаз тасымалдағышта және олармен бірдей электрондық тасымалдағышта. |
63. | Салымшыларымен (зейнетақы төлемдерін алушылармен) хат-хабар алмасу | 5 жыл | 5 жыл | Қағаз тасымалдағышта және олармен бірдей электрондық тасымалдағышта. |
64. | ЕЖЗҚ қайта ұйымдастыруға және таратуға қатысты құжаттар (қаулылар, шешімдер, хаттамалар, актілер, хабарландыру қорытындылары және басқалары) | Тұрақты |
Ескертпе:
БЖЗҚ* – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры;
ЕЖЗҚ** – ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры.
"Қажеттілігі өткенге дейін" белгісі құжаттаманың практикалық мәні ғана бар екенін білдіреді. Оларды сақтау мерзімін ұйымның өзі анықтайды, бірақ бір жылдан кем болмауы қажет.
"СТК" – сараптау-тексеру комиссиясы белгісі, мұндай құжаттардың бір бөлігінің ғылыми-тарихи мәні бар екенін және мемлекеттік архивке берілуі немесе жиынтықтау көзі болып табылмайтын ұйымдарда сақталуы мүмкін екенін білдіреді. Соңғы жағдайда істер номенклатурасында "СТК" белгісінің орнына "СК" – сараптау комиссиясы белгісі қолданылады.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 33 Қаулысына 2-қосымша |
Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі
1. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында сақталуға жататын құжаттардың тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 203 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8767 болып тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 28 қарашадағы № 209 қаулысымен бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12529 болып тіркелген).
3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 маусымдағы № 103 қаулысымен бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18995 болып тіркелген).
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 262 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 6-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19864 болып тіркелген).
5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу, Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актісінің жекелеген құрылымдық элементінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 2 қаулысымен бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22137 болып тіркелген).
6. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында сақталуға жататын құжаттардың тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 203 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 28 мамырдағы № 65 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22900 болып тіркелген).