Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 1100 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 желтоқсанда № 12479 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына электрондық түрдегі ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
А. Рау

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының
2015 жылғы 25 қарашадағы
№ 1100 бұйрығымен
бекітілген

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 10.04.2020 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабының 8-тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру (бұдан әрі – ТЖЕК) тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Емтихан тапсыру өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы білімін бағалау үшін жүргізіледі.

      3. Емтихан тапсыратын адамның таңдауы бойынша емтихан тапсыру үш жылда бір рет мемлекеттік немесе орыс тілдерінде тестілеу нысанында жүзеге асырылады.

      4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) емтихан комиссиясы – емтихан тапсырушы адамдардан емтихан қабылдау үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық департаменттері құрған комиссия;

      2) емтихан тапсырушы адам – заңды тұлғаның басшысы немесе тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссия мүшелері;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және қызмет көрсету нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер;

      4) өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғаның басшысы (бұдан әрі – заңды тұлғаның басшысы) – өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын заңды тұлғаның бірінші басшысы, технологиялық процеске басшылық етуді жүзеге асыратын, техникалық мәселелер бойынша, өндіріс бойынша бірінші басшының орынбасары, сондай-ақ бас инженер, бас инженердің орынбасары, өнеркәсіптік қауіпсіздікке жауапты құрылым басшысы;

      5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатқа басшылықты және салааралық үйлестіруді, оны әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық департаменті - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және бақылау, қадағалау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі ведомствосы;

      7) тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссия мүшелері – заңды тұлға тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссия құрамына енгізген адам.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 31.05.2021 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеру мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 31.05.2021 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      6. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) емтиханды тапсыру үшін "электрондық үкімет" www.egov.kz (бұдан әрі – портал) веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті жібереді.

      7. Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және қызмет көрсету нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттен қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеру мемлекеттік көрсетілетін қызметінде жазылған.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Өтініш заңды тұлғаның басшысы лауазымға тағайындалғаннан немесе ТЖЕК құрамына енгізілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей және кезекті емтихан тапсыруды өткізу күніне дейін 45 (қырық бес) жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырылады.

      Өтінішті қарастырудың жалпы мерзімі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді олар түскен күні жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бөлімше басшысына жолдайды, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

      8-1. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.

      Ескерту. Қағида 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Жауапты орындаушы өтінішті тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде онда көрсетілген мәліметтердің толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерді толық көрсетпеген жағдайда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тартуды дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орнын ауыстыратын адамның ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтініште көрсетілген толық мәліметтерді көрсеткен жағдайда, жауапты орындаушы өтінішті тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға емтиханды қабылдауды жүзеге асыратын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілер тізімімен емтихандарды тапсыру күні туралы хабарламаны жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орнын ауыстырған адамның ЭЦҚ қойылған хабарламаны көрсетілетін қызмет алушының жеке кабинетіне жібереді.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 31.05.2021 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Тест сұрақтарын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық департаменттері әзірлейді. Тест сұрақтарының саны жүз сұрақты құрайды. Бір тест сұрағына жауап нұсқаларының саны төртеу болады, оның біреуі дұрыс жауап. Тестілеу уақыты жүз жиырма минуттан аспайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 31.05.2021 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Тестілеу уақытында емтихан тапсырушы адамдарға басқа адамдармен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, қағаз және электрондық тасығыштағы ақпараттарды пайдалануға, байланыс құралдарын пайдалануға, бөлмеден шығуға болмайды.

      12. Тест құрамының 70 (жетпіс) пайызына және одан көп бөлігіне дұрыс жауап болғанда емтихан тапсырылған деп есептеледі. Егер емтиханның нәтижесі белгіленген шекті деңгейінен кем болған жағдайда, емтихан тапсырылмады деп есептеледі.

      13. Емтихан аяқталғаннан кейін емтихан тапсыратын адамға тестілеуден өткен күні сұрақтар бойынша дұрыс жауаптардың саны және әрбір сұрақ бойынша жауаптардың нақты нәтижелері көрсетілген хаттама беріледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Емтихан нәтижесі осы Қағиданың 4-ші Қосымшасына сәйкес нысан бойынша сертификатпен рәсімделеді және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін емтихан комиссиясы қол қояды.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Сертификат кезекті емтихан тапсырғанға дейін сақталады.

      16. Емтиханды тапсыра алмаған адамдар қайтадан емтихан тапсырады. Емтиханды қайтадан тапсыру бір рет және бір айдан кешіктірмей жүргізіледі.

      17. Емтиханды қайта тапсыра алмаған адамдар еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымынан шеттетіледі.

      Ұйым басшысына емтиханнан өту нәтижелері қоса берілген хабарлама жіберіледі.

      18. Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      19. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) күн ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өнеркәсіптік қауіпсіздікті
декларациялайтын заңды
тұлғалар басшыларымен,
сондай-ақ аталған заңды
тұлғалардың тұрақты жұмыс
істейтін емтихан комиссиялары
мүшелерімен емтихан тапсыру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      [Заңды тұлғаның деректемелері (мекен-жайы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]

  [Мемлекеттік органның атауы]
  Басшысына

      Өтініш нөмірі: [Нөмірі]

      Өтініш күні: [Күні]

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеру
ӨТІНІШ

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 79–бабы, 8-
тармағының
талаптарына сәйкес, басшылық және тұрақты жұмыс істейтін емтихан
комиссия мүшесінен өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша емтихан қабылдауды
сұраймын _____________________________________
(заңды тұлғаның атауы, өнеркәсіптік саласы, қызмет саласы)
1. ____________________________________________________
2. ____________________________________________________
3. ____________________________________________________
4. ____________________________________________________
(емтихан тапсырушының Т.А.Ә., жеке сәйкестендіру нөмірі, емтихан тапсырушының лауазымы)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісім беремін.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы
хабардармын.


  ____________________________
[Тегі, аты, әкесінің аты (бар
болған жағдайда), электронды
цифрлы қолтаңба]



  Өнеркәсіптік қауіпсіздікті
декларациялайтын заңды
тұлғалар басшыларымен,
сондай-ақ аталған заңды
тұлғалардың тұрақты жұмыс
істейтін емтихан комиссиялары
мүшелерімен емтихан тапсыру
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 31.05.2021 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеру

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны

Электрондық түрде (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Сертификат немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оның орнын ауыстыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме

1) осы "Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-жолында көрсетілген өтініштегі мәліметтерді толық көрсетпеу;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімнің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылған;
4) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарына сәйкес келмеуі.

10

Электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар

ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бiрыңғай байланыс орталығының "1414", 8-800-080-7777 телефондары арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) көрсетілетін қызметті берушінің - www.gov.kz/memleket/entities/kpb "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
2) портал - www.egov.kz

  Өнеркәсіптік қауіпсіздікті
декларациялайтын заңды
тұлғалар басшыларымен,
сондай-ақ аталған заңды
тұлғалардың тұрақты жұмыс
істейтін емтихан комиссиялары
мүшелерімен емтихан тапсыру
қағидаларына 3-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 31.05.2021 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаментінің атауы



 

Наименование территориального департамента Комитета промышленной безопасности Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

__________ қаласы


город __________

Мерзімі: [Берілген күні] жыл [Ұйымның атауы]
Номері: [Құжаттың нөмірі] [Мекенжайы]

Дәлелді бас тарту

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті [аумақтық департаментінің атауы], Сіздің [Мерзімі] жылғы № [Құжаттың кіріс нөмірі] өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды:
[Бас тартудың негіздемесі]
[Қол қоюшының лауазымы] [қол қоюшының тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған жағдайда)]


 

  Өнеркәсіптік қауіпсіздікті
декларациялайтын заңды
тұлғалар басшыларымен,
сондай-ақ аталған заңды
тұлғалардың тұрақты жұмыс
істейтін емтихан комиссиялары
мүшелерімен емтихан тапсыру
қағидаларына 4-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 31.05.2021 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті аумақтық департаментінің атауы



Наименование территориального департамента Комитета промышленной безопасности Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

__________ қаласы


город __________

№ ____СЕРТИФИКАТ

      ______________________________ Заңды тұлғаның атауы

      20__ жылғы "___" ____________

      Комиссия құрамы:

      Төраға: _________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә. ), лауазымы

      Комиссия мүшелері: ______________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      Т.А.Ә., лауазымы

      Қазақстан Республикасының Заңдарымен және нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының көлемінде білімін тексеруді жүргізді:

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

№ № р/с

Емтихан тапсырушының Т.А.Ә.

Лауазымы

Білімі

Комиссия қорытындысы (тапсырды, тапсырмады, келген жоқ)

1.





2.





3.





      Қолданылу мерзімі 20__ жыл "___" ____________ дейін

      Қол қоюшының лауазымы Т.А.Ә.