"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына электрондық түрдегі ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму | |
министрінің міндетін атқарушы | А.Рау |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 1100 бұйрығымен бекітілген |
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидалары
1. Осы Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 79-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген.
2. Қағидалар өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларының, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің (бұдан әрі – ТЖЕК) емтихан тапсыру тәртібін айқындайды.
3. Емтихан тапсыру өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы білімін бағалау үшін жүргізіледі.
4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) апелляциялық комиссия – емтихан тапсыру нәтижелерімен келіспеген емтихан тапсырушы адамдардың өтініштерін қарау үшін уәкілетті орган құрған комиссия;
2) емтихан комиссиясы – емтихан тапсырушы тұлғалардан емтихан қабылдау үшін уәкілетті орган құрған комиссия;
3) емтихан тапсырушы тұлға – ұйымның ТЖЕК басшылары мен мүшелері;
4) ТЖЕК мүшелері – заңды тұлғамен ТЖЕК құрамына енгізілген тұлғалар;
5) өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғаның басшысы – технологиялық процеске басшылық етуді жүзеге асыратын, техникалық мәселелер бойынша, өндіріс бойынша басшының орынбасарынан, сондай-ақ бас инженер, бас инженердің орынбасарынан, қызмет (учаске) басшысынан төмен емес тұлғалар;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатқа басшылықты және салааралық үйлестіруді, оны әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
5. Емтихан тапсыратын адамның таңдауы бойынша емтихан тапсыру емтихан тапсыру комиссиясында, үш жылда бір рет мемлекеттік немесе орыс тілінде тестілеу нысанында жүзеге асырылады.
6. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлға (бұдан әрі – ұйым) емтихан тапсыру үшін, уәкілетті органға емтихан тапсырушы адамдардың тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), лауазымын көрсете отырып, өтінішті еркін түрде ұсынады.
Өтініш заңды тұлғаның басшысы лауазымға тағайындалғаннан немесе ТЖЕК құрамына енгізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде және кезекті емтихан тапсыруды өткізу күніне дейін 45 (қырық бес) жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырады.
7. Уәкілетті орган өтінішті алғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде емтихан тапсыру күнін белгілейді және ұйымға бұл туралы хабарлайды.
8. Тесттерді уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді. Заңды тұлғаның өз өнеркәсіп қызметін жүзеге асыратын саласына байланысты тест сұрақтарының саны жүз сұрақтан артық болмайды. Бір тест сұрағына жауап нұсқаларының саны төртеу болады. Тесттерді орындауға арналған уақыт жүз жиырма минуттан аспайды.
9. Тестілеу уақытында емтихан тапсырушы тұлғаларға басқа адамдармен сойлесуге, материалдармен алмасуға, қағаз және электрондық тасығыштағы ақпараттарды пайдалануға, байланыс құралдарын пайдалануға, бөлмеден шығуға болмайды.
10. Тест құрамының 70 (жетпіс) пайызына және одан көп бөлігіне дұрыс жауап болғанда емтихан тапсырылған деп есептеледі. Егер емтиханның нәтижесі белгіленген шекті деңгейінен кем болған жағдайда, емтихан тапсырылмады деп есептеледі.
11. Тест қорытындылары емтихан тапсырушы адамға тест тапсырған күні сұрақтар бойынша дұрыс жауаптар санын және әр сұрақ бойынша жауаптардың нақты нәтижелерін көрсете отырып беріледі.
12. Емтиханды алғаш рет тапсырған тұлғаларға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірыңғай үлгідегі куәлік беріледі.
13. Емтихан тапсыру қорытындылары осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада хаттамамен ресімделеді.
Хаттаманың бір данасы ұйымға жіберіледі, хаттаманың екінші данасы уәкілетті органда сақталады.
14. Хаттамалар мен куәліктер кезекті емтихан тапсырғанға дейін сақталады.
15. Емтиханды тапсыра алмаған адамдар қайтадан емтихан тапсырады. Емтиханды қайтадан тапсыру бір рет жүргізіледі және хаттама алған күннен бастап бір айдан кешіктірмей жүргізіледі.
16. Емтиханды қайта тапсыра алмаған адамдар қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс жасауға жіберілмейді.
17. Емтихан тапсырушы адамдар емтихан тапсыру қорытындыларымен келіспеген жағдайда, емтихан тапсырушы адамдар емтихан тапсырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өтініш беру арқылы олардың нәтижелерімен дауласа алады.
Уәкілетті орган өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге апелляциялық комиссия отырысы өтетін күн туралы хабарлайды.
Апелляциялық комиссия шешімі өтініш берушіге отырыс өткен соң бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.
1 №___________ КУӘЛІК УДОСТОВЕРЕНИЕ №_______ Берілді__________________________ Выдано (Т.А.Ә.) (Ф.И.О.) _________________________________ (жұмыс орны, лауазымы) (место работы, должность)
__________________________________ | 2 Емтихан комиссиясының хаттамасы Протокол сдачи экзаменов №______ 20____ж(г). "____" _____________ Действительно до 20___ж (г). "__"________дейін жарамды Комиссия төрағасы_______________ Председатель комиссии (қолы)(подпись) (м.т.) (м.п.) |
3 №____________ КУӘЛІККЕ К УДОСТОВЕРЕНИЮ №________ __________________________________ (жұмыс орны, мамандығы) (место работы, специальность) Біліміне тексеру жүргізілді Проверка знаний проведена № _____ хаттама Комиссия төрағасы Протокол №___ Председатель комиссии 201__ж(г). "____" ______________ (қолы) (подпись) (м.т.) (м.п.) | №_________ КУӘЛІККЕ 4 К УДОСТОВЕРЕНИЮ №________ ________________________________ (жұмыс орны, мамандығы) (место работы, специальность) Біліміне тексеру жүргізілді Проверка знаний проведена № ____ хаттама Комиссия төрағасы Протокол №__________ Председатель комиссии 201__ж(г). "____" _______________ (қолы) (подпись) (м.т.) (м.п.) |
1. Куәлік мұқабасы қатты;
2. Куәлік өлшемі - 204 х 65 мм;
3. Фото - 3х4;
4. Білімін қайта тексеру жөніңдегі қосымша беттер - 4 парақ.
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларына 2-қосымша |
Үлгі
№ ____ХАТТАМА
__________________________
Заңды тұлғаның атауы
20__ жылғы "____" _______ _________________
Комиссия құрамы:
Төраға: _____________________________________________________________
Комиссия мүшелері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Заңдарымен және нормативтік құқықтық
актілерімен белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының
көлемінде білімді тексеру жүргізілді:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
р/с №№ | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Лауазымы | Білімі | Комиссия қорытындысы (тапсырды,тапсырмады) |
1. | ||||
2. | ||||
3. |
Комиссия төрағасы ________________________________________
(қолы, күні, Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелері_____________________________
_____________________________
_____________________________