Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 1100 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 желтоқсанда № 12479 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына электрондық түрдегі ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
А. Рау

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының
2015 жылғы 25 қарашадағы
№ 1100 бұйрығымен
бекітілген

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидалары

      1. Осы Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 79-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген.

      2. Қағидалар өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларының, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің (бұдан әрі – ТЖЕК) емтихан тапсыру тәртібін айқындайды.

      3. Емтихан тапсыру өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы білімін бағалау үшін жүргізіледі.

      4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) апелляциялық комиссия – емтихан тапсыру нәтижелерімен келіспеген емтихан тапсырушы адамдардың өтініштерін қарау үшін уәкілетті орган құрған комиссия;

      2) емтихан комиссиясы – емтихан тапсырушы тұлғалардан емтихан қабылдау үшін уәкілетті орган құрған комиссия;

      3) емтихан тапсырушы тұлға – ұйымның ТЖЕК басшылары мен мүшелері;

      4) ТЖЕК мүшелері – заңды тұлғамен ТЖЕК құрамына енгізілген тұлғалар;

      5) өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғаның басшысы – технологиялық процеске басшылық етуді жүзеге асыратын, техникалық мәселелер бойынша, өндіріс бойынша басшының орынбасарынан, сондай-ақ бас инженер, бас инженердің орынбасарынан, қызмет (учаске) басшысынан төмен емес тұлғалар;

      6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатқа басшылықты және салааралық үйлестіруді, оны әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      5. Емтихан тапсыратын адамның таңдауы бойынша емтихан тапсыру емтихан тапсыру комиссиясында, үш жылда бір рет мемлекеттік немесе орыс тілінде тестілеу нысанында жүзеге асырылады.

      6. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлға (бұдан әрі – ұйым) емтихан тапсыру үшін, уәкілетті органға не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына көрсетілген бұйрықтын 1-қосымшасына сәйкес үлгіде Заңды тұлғалардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшылық пен тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің емтихан тапсыруға өтініш ұсынады.

      Өтініш заңды тұлғаның басшысы лауазымға тағайындалғаннан немесе ТЖЕК құрамына енгізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде және кезекті емтихан тапсыруды өткізу күніне дейін 45 (қырық бес) жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 925 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Уәкілетті орган өтінішті алғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде емтихан тапсыру күнін белгілейді және ұйымға бұл туралы хабарлайды.

      8. Тесттерді уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді. Заңды тұлғаның өз өнеркәсіп қызметін жүзеге асыратын саласына байланысты тест сұрақтарының саны жүз сұрақтан артық болмайды. Бір тест сұрағына жауап нұсқаларының саны төртеу болады. Тесттерді орындауға арналған уақыт жүз жиырма минуттан аспайды.

      9. Тестілеу уақытында емтихан тапсырушы тұлғаларға басқа адамдармен сойлесуге, материалдармен алмасуға, қағаз және электрондық тасығыштағы ақпараттарды пайдалануға, байланыс құралдарын пайдалануға, бөлмеден шығуға болмайды.

      10. Тест құрамының 70 (жетпіс) пайызына және одан көп бөлігіне дұрыс жауап болғанда емтихан тапсырылған деп есептеледі. Егер емтиханның нәтижесі белгіленген шекті деңгейінен кем болған жағдайда, емтихан тапсырылмады деп есептеледі.

      11. Тест қорытындылары емтихан тапсырушы адамға тест тапсырған күні сұрақтар бойынша дұрыс жауаптар санын және әр сұрақ бойынша жауаптардың нақты нәтижелерін көрсете отырып беріледі.

      12. Емтиханды алғаш рет тапсырған тұлғаларға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірыңғай үлгідегі куәлік беріледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 925 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Емтихан тапсыру қорытындылары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада хаттамамен ресімделеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 925 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Хаттамалар мен куәліктер кезекті емтихан тапсырғанға дейін сақталады.

      15. Емтиханды тапсыра алмаған адамдар қайтадан емтихан тапсырады. Емтиханды қайтадан тапсыру бір рет жүргізіледі және хаттама алған күннен бастап бір айдан кешіктірмей жүргізіледі.

      16. Емтиханды қайта тапсыра алмаған адамдар қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс жасауға жіберілмейді.

      17. Емтихан тапсырушы адамдар емтихан тапсыру қорытындыларымен келіспеген жағдайда, емтихан тапсырушы адамдар емтихан тапсырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өтініш беру арқылы олардың нәтижелерімен дауласа алады.

      Уәкілетті орган өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге апелляциялық комиссия отырысы өтетін күн туралы хабарлайды.

      Апелляциялық комиссия шешімі өтініш берушіге отырыс өткен соң бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.

  Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын
заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Заңды тұлғаның деректемелері (мекен-жайы, Бизнес сәйкестендіру нөмірі , телефоны және т.б.)

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің Индустриялық
даму және өнеркәсіптік
қауіпсіздік комитетінің төрағасы
____________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
(бұдан әрі - ТАӘ )

Өтініш
Заңды тұлғалардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшылық пен тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің емтихан тапсыруға

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 925 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 79-бабы, 8-тармағының талаптарына сәйкес, басшылық пен тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің емтихан тапсыру күнің белгілеп, емтихан қабылдауды сұраймын ____________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      1. _____________________________________________________

      2. _____________________________________________________

      3. _____________________________________________________

      4. _____________________________________________________

      (емтихан тапсырушының Т.А.Ә., лауазмы)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      ___________________________ _____________________________

      (мекеме басшысының лауазымы) (Т.А.Ә. басшының қолы)

  Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын
заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларына
2-қосымша
Нысан

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 925 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      1. Куәлік мұқабасы қатты;

      2. Куәлік өлшемі - 204 х 65 мм;

      3. Фото - 3х4;

      4. Білімін қайта тексеру жөніңдегі қосымша беттер - 4 парақ.

  Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын
заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларына
3-қосымша
Нысан

№ ____ХАТТАМА __________________________ Заңды тұлғаның атауы

      Ескерту. Қағида 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 925 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20__ жылғы "____" _______ ________________________

      Комиссия құрамы:

      Төраға: ______________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі - ТАӘ ), лауазымы Комиссия мүшелері: ___________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасының Заңдарымен және нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының көлемінде білімді тексеру жүргізілді:

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Лауазымы

Білімі

Комиссия қорытындысы (тапсырды,тапсырмады)

1.





2.





3.





      Комиссия төрағасы _____________________________

      (қолы, Т.А.Ә.)

      Комиссия мүшелері _____________________________

      _____________________________

      _____________________________