"Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 196 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 сәуірде № 20418 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 1100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12479 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 10 сәуірдегі
№ 196 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
20___ жылғы "___" __________
№ ___ бұйрығымен
бекітілген

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабының 8-тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру (бұдан әрі – ТЖЕК) тәртібін айқындайды.

      2. Емтихан тапсыру өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы білімін бағалау үшін жүргізіледі.

      3. Емтихан тапсыратын адамның таңдауы бойынша емтихан тапсыру үш жылда бір рет мемлекеттік немесе орыс тілдерінде тестілеу нысанында жүзеге асырылады.

      4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) емтихан комиссиясы – емтихан тапсырушы адамдардан емтихан қабылдау үшін уәкілетті орган құрған комиссия;

      2) емтихан тапсырушы адам – заңды тұлғаның басшысы немесе ТЖЕК мүшелері;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және қызмет көрсету нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер;

      4) өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғаның басшысы (бұдан әрі – заңды тұлғаның басшысы) – бірінші басшы (басқарма төрағасы, Бас директор, директор); ұйымның бас инженері (басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары, бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары, директордың өндіріс жөніндегі орынбасары), өнеркәсіптік қауіпсіздікке жауапты құрылым басшысы;

      5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатқа басшылықты және салааралық үйлестіруді, оны әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) ТЖЕК мүшелері – заңды тұлға ТЖЕК құрамына енгізген адам.

      5. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеру мемлекеттік көрсетілетін қызметін болып табылады (бұдан – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Идустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      6. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) емтиханды тапсыру үшін "электрондық үкімет" www.egov.kz (бұдан әрі – портал) веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті жібереді.

      7. Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және қызмет көрсету нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттен қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеру мемлекеттік көрсетілетін қызметінде жазылған.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Өтініш заңды тұлғаның басшысы лауазымға тағайындалғаннан немесе ТЖЕК құрамына енгізілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей және кезекті емтихан тапсыруды өткізу күніне дейін 45 (қырық бес) жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырылады.

      Өтінішті қарастырудың жалпы мерзімі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді олар түскен күні жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бөлімше басшысына жолдайды, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

      9. Жауапты орындаушы өтінішті тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде онда көрсетілген мәліметтердің толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерді толық көрсетпеген жағдайда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оның орнын ауыстырған адамның ЭЦҚ-сын куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы жібереді.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтініште көрсетілген толық мәліметтерді көрсеткен жағдайда, жауапты орындаушы өтінішті тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға емтиханды қабылдауды жүзеге асыратын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілер тізімімен емтихандарды тапсыру күні туралы хабарламаны жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орнын ауыстырған адамның ЭЦҚ қойылған хабарламаны көрсетілетін қызмет алушының жеке кабинетіне жібереді.

      10. Тест сұрақтарын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді. Тест сұрақтарының саны жүз сұрақты құрайды. Бір тест сұрағына жауап нұсқаларының саны төртеу болады, оның біреуі дұрыс жауап. Тестілеу уақыты жүз жиырма минуттан аспайды.

      11. Тестілеу уақытында емтихан тапсырушы адамдарға басқа адамдармен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, қағаз және электрондық тасығыштағы ақпараттарды пайдалануға, байланыс құралдарын пайдалануға, бөлмеден шығуға болмайды.

      12. Тест құрамының 70 (жетпіс) пайызына және одан көп бөлігіне дұрыс жауап болғанда емтихан тапсырылған деп есептеледі. Егер емтиханның нәтижесі белгіленген шекті деңгейінен кем болған жағдайда, емтихан тапсырылмады деп есептеледі.

      13. Тест қорытындылары емтихан тапсырушы адамға тест тапсырған күні сұрақтар бойынша дұрыс жауаптар санын және әр сұрақ бойынша жауаптардың нақты нәтижелерін көрсете отырып беріледі.

      14. Емтихан қорытындылары осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификатпен ресімделеді және тестілеуден өту күні емтихан комиссиясымен қол қойылады.

      15. Сертификат кезекті емтихан тапсырғанға дейін сақталады.

      16. Емтиханды тапсыра алмаған адамдар қайтадан емтихан тапсырады. Емтиханды қайтадан тапсыру бір рет және бір айдан кешіктірмей жүргізіледі.

      17. Емтиханды қайта тапсыра алмаған адамдар еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымынан шеттетіледі.

      Ұйым басшысына емтиханнан өту нәтижелері қоса берілген хабарлама жіберіледі.

      18. Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      19. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) туралы шағым өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган), мемлекеттік қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілуі мүмкін.

      20. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган - тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      21. Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымын қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      22. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Өнеркәсіптік қауіпсіздікті
декларациялайтын заңды
тұлғалар басшыларымен,
сондай-ақ аталған заңды
тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары
мүшелерімен емтихан тапсыру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, БСН, телефоны және басқалар)

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрлігінің
Индустриялық
даму және өнеркәсіптік
қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
___________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
(бұдан әрі – Т.А.Ә. )

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеруге арналған өтініш

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 79–бабы, 8–тармағының талаптарына сәйкес, тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиясының басшысы мен мүшелерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесі бойынша емтихан қабылдауды сұраймын

      ________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, өнеркәсіптік саласы, қызмет саласы)

      1. ______________________________________________________________________

      2. ______________________________________________________________________

      3. ______________________________________________________________________

      4. ______________________________________________________________________

      (емтихан тапсырушының Т.А.Ә., ЖСН, емтихан тапсырушы адамның лауазымы)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

      ______________________________             ____________________________

      (ұйым басшысының лауазымы)                         (Т.А.Ә.)

  Өнеркәсіптік қауіпсіздікті
декларациялайтын заңды
тұлғалар басшыларымен,
сондай-ақ аталған заңды
тұлғалардың тұрақты жұмыс
істейтін емтихан комиссиялары
мүшелерімен емтихан тапсыру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

"Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі

"электрондық үкіметтін" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны

Электрондық түрде (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Сертификат немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оның орнын ауыстыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме

1) осы "Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8 жолында көрсетілген өтініштегі мәліметтерді толық көрсетпеу;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады;
4) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарына сәйкес келмеуі.

10

Электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар

ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ бiрыңғай байланыс орталығының "1414", 8-800-080-7777 телефондары арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда:
1) көрсетілетін қызметті берушінің - www. comprom.mііd.gov. kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған;
портал - www. egov. kz

  Өнеркәсіптік қауіпсіздікті
декларациялайтын заңды
тұлғалар басшыларымен,
сондай-ақ аталған заңды
тұлғалардың тұрақты жұмыс
істейтін емтихан комиссиялары
мүшелерімен емтихан тапсыру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан



  Өнеркәсіптік қауіпсіздікті
декларациялайтын заңды
тұлғалар басшыларымен,
сондай-ақ аталған заңды
тұлғалардың тұрақты жұмыс
істейтін емтихан комиссиялары
мүшелерімен емтихан тапсыру
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

№ ____СЕРТИФИКАТ __________________________ Заңды тұлғаның атауы

      20__ жылғы "____" _________________

      Комиссия құрамы:

      Төраға: ___________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы

      Комиссия мүшелері: ________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы

      Қазақстан Республикасының Заңдарымен және нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының көлемінде білімне тексеру жүргізді:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Лауазымы

Білімі

Комиссия қорытындысы (тапсырды, тапсырмады)

1.





2.





3.





      Қол қоюшының лауазымы Т.А.Ә.