Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 194 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 қарашада № 12318 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 44 (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шарты бекітілсін.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесі белгіленсін.

      3. Мыналар:

      1) сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге жұмсалатын шығыстарының жол берілетін деңгейі сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің 1,5 (бір жарым) пайызынан және әрбір сақтандыру төлемінің 3 (үш) пайызынан аспайтын мөлшерінде;

      2) сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесі кемінде 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. "Сақтандыру ұйымы не тәуелсіз сарапшы зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша жүзеге асыратын сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге жұмсалатын сақтандыру ұйымы шығыстарының жол берілетін деңгейін, зейнетақы аннуитеті үлгі шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 242 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 8814 тіркелген, 2013 жылғы 26 қарашада "Заң газеті" газетінде № 178 (2379) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      5. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      6. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      8. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Қ. Келімбетов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 20 қазандағы
№ 194 қаулысына
1-қосымша

Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шарты

      Сақтандыру ұйымы немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру

      ұйымының филиалы ______________________________________

      (сақтандыру ұйымының немесе Қазақстан Республикасының

      бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының

      ______________________________________________________________

      толық атауы және орналасқан жері)

      бұдан әрі "Сақтандырушы" деп аталады, Жарғы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган "өмірді сақтандыру" саласы бойынша "аннуитеттік сақтандыру" сыныбы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берген 20___жылғы "____" ___________ №______ Лицензия және Сақтандырушы бекіткен "аннуитеттік сақтандыру" сыныбы бойынша сақтандыру қағидалары негізінде іс-әрекет жасайтын __________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))

      ___________________________________________________________________

      арқылы бір жағынан, және азамат

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)), туған күні, тұрғылықты жері,

      ___________________________________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжаты,

      ____________________________________________________________

      (сериясы, нөмірі)

      _____ жылғы "_____"_____________ _____________________________,

      (берілген күні)             (кім берген)

      бұдан әрі "Сақтанушы" деп аталады, екінші жағынан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталады, төмендегілер туралы осы Зейнетақы аннуитеті шартын (бұдан әрі - Шарт) жасады:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Шарттың мәні

      1. Сақтанушы Шартқа сәйкес сақтандыру сыйлықақысы сомасын Сақтандырушыға беруге міндеттенеді, ал Сақтандырушы сақтандыру төлемдерін Сақтанушының және (немесе) сақтандырушылардың пайдасына өмір бойы жүзеге асыруға міндеттенеді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу және сақтандыру төлемдерін
жүзеге асыру тәртібі мен талаптары

      2. Сақтанушының сақтандыру сыйлықақысының мөлшері _____________ (санмен және жазумен) теңгені құрайды және _____________ (санмен және жазумен) теңге мөлшерінде басқа сақтандыру ұйымынан сатып алу сомасынан және _____________ теңге (санмен және жазумен) мөлшерінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жинақталған зейнетақы жинақтарынан тұрады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Сақтандырушыға сақтандыру сыйлықақысын төлеу біржолғы төлеммен және толық көлемде жүзеге асырылады.

      4. Сақтандыру төлемі Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру төлемдерінің кестесі бойынша "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 59-бабына сәйкес айдың __________ күніне дейін жүзеге асырылады.

      5. Бірінші ай сайынғы сақтандыру төлемін Сақтандырушы Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 60-бабы 10-тармағының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

      Бірінші ай сайынғы сақтандыру төлемінің мөлшері _______ теңгені (цифрлармен және жазумен) құрайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Индекстеу мөлшерлемесінің мөлшері _______ пайызды (цифрлармен және жазумен) құрайды. Шарт бойынша сақтандыру төлемдерінің мөлшері жыл сайын индекстеу мөлшерлемесінің мөлшеріне ұлғаяды. Индекстеу ескерілген сақтандыру төлемдері мөлшерінің өзгерістері Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру төлемдерінің кестесінде көрсетіледі.

      Шарт жасау кезінде Тараптар бастапқыда келіскен және қол қойған Сақтандыру төлемдерінің кестесі Шартты қолдану кезеңі ішінде сақтандыру төлемдері ұлғайған жағдайда өзгереді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін (бар болса) жүзеге асыру кезеңі 20__жылғы "___"______ - 20__ жылғы "___"______ аралығындағы _____ жылды құрайды.

      8. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру кезінде Сақтандырушы Сақтанушының Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен төлем көзінен салық салынатын кірісінен есептелген салық сомасын ұстап қалады.

      9. Сақтандырушы сақтандыру төлемін Сақтанушының және (немесе) сақтандырылушылардың Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалында ашылған банктік шоттарына аударады.

      Сақтандыру төлемдері сомаларын аударумен, есепке алумен және төлеумен байланысты банктік қызметтер үшін ақы төлеу Сақтандырушының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Сақтанушы және (немесе) сақтандырылушылар қайтыс болған жағдайда, Сақтандырушы отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға _______ теңге (цифрлармен және жазумен) мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тиісті қаржы жылына арналған айлық есептік көрсеткіштің кемінде 15 еселенген мөлшерде жерлеуге арналған жәрдемақы түріндегі сақтандыру төлемін жүзеге асырады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Сақтанушы және (немесе) сақтандырылушылар қайтыс болған жағдайда Шартта көрсетілген тұлға, ал ол болмаған жағдайда Сақтанушының мұрагерлері, Шартта көзделген, Сақтандырушы төлемеген кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін (ол бар болса), егер Сақтанушы және (немесе) сақтандырылушылар оларды тірі кезінде толық көлемде алмаған не алмаған жағдайда алады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11-1. Сақтанушы және (немесе) сақтандырылушы Шарт бойынша бірінші ай сайынғы сақтандыру төлемін алғанға дейін қайтыс болған жағдайда, Шартта көрсетілген тұлға, ал ол болмаған жағдайда Сақтанушының мұрагерлері Шартқа 1-қосымшада көрсетілген Сақтанушының қайтыс болу мерзіміне сәйкес сатып алу сомасын бір мезгілде алады.

      Ескерту. Үлгілік шарты 11-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11-2. Сақтанушы және (немесе) сақтандырылушылар қайтыс болған жағдайда кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін және (немесе) сатып алу сомасын алуға (Сақтанушының қалауы бойынша толтырылады): _________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))), ______________________________________ (тұрғылықты мекенжайы), ______________________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі), ______________________________________ (жеке басты куәландыратын құжат) құқылы тұлға болып табылады.

      Ескерту. Үлгілік шарты 11-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      12. Сақтанушы:

      1) Сақтандырушы жүргізген сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға;

      2) Сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабын жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды тартуға;

      3) Шарттың көшірмесін алуға;

      4) Сақтандырушымен Шарт жасасу кезенде немесе Шартқа өзгерістер енгізу кезінде сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін міндетті және (немесе) ерікті зейнетақы жарналарын және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын пайдалануға құқылы.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Сақтанушы:

      1) Шарт жасасқан немесе Шартқа өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде осындай Шарттың немесе Шартқа қосымша келісімнің түпнұсқасын бере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын хабардар етуге;

      2) Шарт бұзылған кезде Шартты бұзу туралы өтінішпен жүгінуге және жаңа зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жаңа сақтандыру ұйымымен немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасын беруге міндетті.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Сақтандырушы:

      1) Сақтанушыны сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабымен таныстыруға;

      2) 2 (екі) данасы Сақтанушыға берілетін Шартты 3 (үш) данада ресімдеуге;

      3) жаңа сақтандыру ұйымымен немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасын алған сәттен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген сақтандыру ұйымына немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалына сатып алу сомасын аударуға;

      4) Шартта көзделген сақтандыру төлемдері уақтылы жүзеге асырылмаған кезде Сақтанушыға мерзімін өткізіп алған әр күн үшін төленбей қалған соманың 1,5 пайызы мөлшерінде өсімпұл төлеуге;

      5) Сақтандырушының шотына аударылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы сомасының түскені туралы Сақтанушыға аударылған зейнетақы жинақтарының сомаларын көрсете отырып, жазбаша немесе Шарт тараптарының келісімінде айқындалған өзге тәсілмен хабарлауға;

      6) Сақтанушы және (немесе) сақтандырушылар қайтыс болған жағдайда, отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға Шарттың 10-тармағында белгіленген мөлшерде жерлеуге арналған жәрдемақы түрінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4. Еңсерілмейтін күш салдарынан міндеттемелерді орындамаған
жағдайда Тараптардың жауапкершілігі

      15. Егер тиісінше орындау еңсерілмейтін күш салдарынан мүмкін болмаса, Тараптар Шарт бойынша мiндеттемелерiн ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Мына жағдайлармен шектелмей, оларды қоса алғанда: өрт, су тасқыны, зілзала, табиғи апаттар, қоршауда қалу, ереуілдер, әскери іс-қимылдар, террорлық актілер және Тараптар болжай алмаған және Шарттың орындалуына тікелей әсер еткен осыған ұқсас өзге де жағдайлар еңсерілмейтін күш жағдайлары болып табылады.

      16. Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндігі болмаған Тарап күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей басқа Тарапқа Шарттың 15-тармағында көрсетілген жағдайлардың басталғаны туралы хабарлайды.

5. Басқа да талаптар

      17. Шарт Сақтанушының жазбаша өтініші негізінде жасалады.

      18. Шарт Сақтандырушыға зейнетақы сыйлықақысының сомасын толық көлемде аударған сәттен бастап күшіне енеді және Тараптар үшін міндетті болып табылады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Зейнетақы аннуитеті шартына қорытынды Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Шарт өмір бойы қолданылады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісіммен ресімделеді және оған Тараптар қол қояды.

      22. Шарт заң күші бірдей, әрқайсы қазақ және орыс тілдерінде 3 (үш) данада жасалды.

      23. Шартты басқа сақтандыру ұйымымен немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған жағдайда Сақтанушының бастамасымен ғана, бірақ оны жасаған күннен бастап 2 (екі) жылдан бұрын емес мерзімде бұзуға болады.

      Шартты бұзу кезінде:

      1) сатып алу сомасы төленген сақтандыру сыйлықақысының жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері сомасы мен Сақтандырушының іс жүргізуге арналған шығыстары шегерілген сомасынан кем емес мөлшерде айқындалады;

      2) жаңадан жасалған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалынан ай сайынғы сақтандыру төлемінің мөлшері Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 60-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24. Шарт бұзылған жағдайда Сақтандырушының іс жүргізуге арналған шығыстары сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің 1,5 (бір бүтін оннан бес) пайызы және жүзеге асырылған әрбір сақтандыру төлемінің 3 (үш) пайызы болады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24-1. Шартты жасау кезінде Сақтандырушы Сақтанушыны сақтандыру дивидендтеріне, яғни Шарт кепілдік бермеген, Сақтандырушының ішкі қағидаларына сәйкес есептелген сақтандырушының пайдасын бөлу есебінен тиесілі ақша сомасына қатысты етуге құқылы.

      Ескерту. Үлгілік шарты 24-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      25. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6. Дауларды шешу тәртібі

      26. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау барысында келіспеушіліктер туындаған кезде Тараптар оларды соттан тыс тәртібімен реттеу үшін барлық қажетті шаралар қабылдауға міндетті.

      27. Тараптардың Шарт бойынша реттелмеген даулары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының соттарында қаралады.

7. Тараптардың деректемелері және қолдары

      Ескерту. 7-бөлім жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

САҚТАНДЫРУШЫ
_____________________________
(Сақтандырушының, филиалдың атауы,
заңды мекенжайы, телефоны, факсы, E-mail)
_____________________________
банк деректемелері
(банктің атауы, ағымдағы шоттың №)
_____________________________
Сақтандырушы өкілінің тегі, аты,
әкесінің аты (ол бар болса), қолы
Күні _______________________".

САҚТАНУШЫ
_______________________________
_______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса),
мекенжайы, телефоны, E-mail)
_______________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі
_______________________________
банктік деректемелер (банктің атауы,
ағымдағы шоттың №) ____________
_______________________________
Сақтанушының қолы
Күні _____________________________

  Зейнетақы ннуитетінің
үлгілік шартына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 44 (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

Сақтандыру төлемдерінің кестесі

Төлеу күні

Мерзімдік сақтандыру төлемінің мөлшері (теңге)

Сатып алу сомасының мөлшері (теңге)

























      2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша мерзімдік сақтандыру төлемдері ай сайынғы немесе тоқсан сайынғы, немесе жартыжылдық, немесе жылдық негізде жүзеге асырылады.

      Жыл бойы тоқсан сайынғы немесе жартыжылдық, немесе жыл сайынғы негізде жүзеге асырылатын мерзімдік төлемдер сомасы жыл ішінде ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын мерзімдік сақтандыру төлемдері сомасының мәнінен кем болмайды.

      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша сақтандыру төлемдері ай сайын жүзеге асырылады.

      Актуарий ____________________________________ _________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы

  Зейнетақы аннуитетінің
үлгілік шартына
2-қосымша
  Нысан

Зейнетақы аннуитеті шартына қорытынды

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

20___ жылғы "____"___________ № ___________

Сақтанушы туралы ақпарат

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)


Туылған күні, жасы


Жынысы


Сақтандырылушы туралы ақпарат

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)


Туылған күні, жасы


Жынысы


Шарт бойынша ақпарат

Зейнетақы аннуитеті шартын жасау негіздемесі


Сақтандыру сыйлықақысының сомасы


Басқа сақтандыру ұйымынан жиынтық сомасының мөлшері


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарының сомасы


Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мерзімі


Кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мерзімі (бар болса)

20 __ жылғы "____" ______________ - 20 __ жылғы "____" _____________ аралығында

Кірістіліктің тиімді жылдық пайыздық мөлшерлемесі


Индекстеу мөлшерлемесінің мөлшері


Кепілдік берілген сақтандыру төлемдері ескерілген ағымдағы құн факторы (бар болса)


Кепілдік берілген сақтандыру төлемдері және шығыстар ескерілген ағымдағы құн факторы (бар болса)


Бірінші мерзімдік сақтандыру төлемінің мөлшері


      "Зейнетақы аннуитеті шартын жасау негіздемесі" жолында зейнетақы аннуитеті шартын жасауға негіз болған "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының нормасын (нормаларын) көрсету қажет.

      Актуарий ________________________________________________________________

                        тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы

      Заң бөлімшесінің басшысы

      ________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы

      Зейнетақы аннуитеті шартын жасауды дайындауға жауапты бөлімшенің басшысы

      ________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 20 қазандағы
№ 194 қаулысына 2-қосымша

Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру
сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесі

      1. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) 2013 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң), 2000 жылғы 18 желтоқсандағы "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру сыйлықақысының және сақтандыру төлемінің есебіне қойылатын талаптарды белгілейді.

      Әдістеменің сақтандыру ұйымдарына қатысы бойынша қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасының аумағында ашылған филиалдарына қолданылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Әдістеменің мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 59-бабы 2-тармағында айқындалған бір айлық сақтандыру төлемінің мөлшерімен зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін талап етілетін зейнетақы жинақтарының сомасы;

      2) кепілдік берілген сақтандыру төлемдері - сақтанушыға және (немесе) сақтандырылушыларға не зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген тұлғаға зейнетақы аннуитеті шартында белгіленген уақыт кезеңі ішінде сақтанушының және (немесе) сақтандырылушының өмір сүруіне қарамастан жасалатын мерзімдік сақтандыру төлемдері;

      3) қор (қорлар) - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры);

      4) сақтандыру сыйлықақысы – басқа сақтандыру ұйымымен немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартын бұзу кезінде алынған, сақтанушы зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін өзінің таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымына немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалына жіберген зейнетақы жинақтары және (немесе) сатып алу сомасы;

      5) сақтандыру ұйымы - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның "аннуитеттік сақтандыру" сыныбы бойынша "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлға;

      6) Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалы – заңды тұлға болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның "аннуитеттік сақтандыру" сыныбы бойынша "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы негізінде сақтандыру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымы филиалының оқшауланған бөлімшесі;

      7) сақтандырылған - зейнетақы аннуитеті шартында айқындалған және зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес зейнетақы төлемдерін алушы болып табылатын жеке тұлға.

      8) сақтанушы - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 60-бабына сәйкес зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жеке тұлға.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қор (қорлар) зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын сақтанушының таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарының біріне жібереді.

      4. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының және сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін істі жүргізуге арналған шығыстары ескерілген ағымдағы құн факторы пайдаланылады.

      5. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша ағымдағы құн факторы Әдістемеге 1-қосымшаның 1 және 2-тармақтарына сәйкес айқындалады.

      Сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу кезінде ағымдағы құн факторының барлық өлшемдері жылдық көрсеткіш бойынша пайдаланылады.

      6. Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігін және зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын сақтандыру ұйымының штатындағы актуарий Әдістемеге 1-қосымшаның 3-тармағына сәйкес есептейді.

      7. Сақтандыру ұйымдары зейнетақы аннуитеті шарты бойынша болашақ сақтандыру төлемдерінің ағымдағы құн факторын есептеу кезінде Әдістемеге 2-қосымшада көрсетілген зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдерін есептеу үшін өлім-жітім көрсеткіштерін пайдаланады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 44 (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      8. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеу кезінде ұлттық валютада жылдық 6 (алты) пайызынан аспайтын мөлшерде кірістіліктің тиімді жылдық пайыздық мөлшерлемесі пайдаланылады.

      9. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша мерзімдік сақтандыру төлемінің мөлшері Әдістемеге 1-қосымшаның 4-тармағына сәйкес айқындалады.


  Зейнетақы аннуитеті шарты
бойынша сақтандыру ұйымынан
сақтандыру сыйлықақысын және
сақтандыру төлемін есептеу
әдістемесіне
1-қосымша

Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша ағымдағы құн факторын, зейнетақы жинақтары мен сақтандыру сыйлықақысының жеткіліктілігін, мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Ағымдағы құн факторы дисконттаушы фактордың, тиісті дәрежелердегі индекстеу мөлшерлемесінің және зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күнгі жастан бір жылға сақтандыру төлемдерін алу жасына дейінгі алушының өмір сүру көрсеткіші (көрсеткіштері) туындыларының сомасының, дисконттаушы фактордың және тиісті дәрежелердегі индекстеу мөлшерлемесінің туындысы ретінде айқындалады:



      мұнда:


– x0 жастағы аннуитент үшін ағымдағы құн факторы;

– дисконттаушы фактор;

      і – кірістіліктің тиімді пайыздық мөлшерлемесі;

      j – индекстеу мөлшерлемесі;


– аннуитенттің x жастан x + t жасқа дейін өмір сүру ықтималдығы;

      x – аннуитенттің аннуитеттік төлемдерді алудың басталу күніндегі жасы;

      x0 – аннуитенттің шарт жасасу сәтіндегі жасы;

      t – 0-ден

- ге дейінгі мәндері бар айнымалы;

      Кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру кезеңінде және шарт жасасудан бастап Шарттың 5-тармағында көрсетілген жасқа дейінгі кезеңде аннуитенттің өмір сүру ықтималдығы бірлікке тең;

      m - сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі;

      Егер зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдері бірнеше сақтандырылушының пайдасына жүзеге асырылатын болса, ағымдағы құн факторы алушылардың зейнетақы аннуитеті шартын жасау күніндегі жасынан жыл ішіндегі сақтандыру төлемін алу жасына дейінгі өмір сүру көрсеткіші (көрсеткіштері) туындыларының, тиісті дәрежедегі дисконттаушы фактордың және индекстеу мөлшерлемесінің сомасы ретінде айқындалады:



      мұнда:


– ағымдағы құн факторы;

– дисконттаушы фактор;

      і – кірістіліктің тиімді пайыздық мөлшерлемесі;

      j - индекстеу мөлшерлемесі;


– аннуитенттің x1 және x2 жасынан x1 + t және x2+ t жасына дейін өмір сүру ықтималы.

      Кепілдік берілген сақтандыру төлемдері кезеңінде аннуитенттің өмір сүру ықтималы бірлікке тең;

      x1, x2 – аннуитет төлемдерін алуды бастау күніндегі аннуитенттің жасы;

      t - 0-ден

-ке дейінгі мәні бар ауыспалы мән;

      m - сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Сақтандыру ұйымының шығыстары ескерілген ағымдағы құн факторы:



      мұнда:

      ä - ағымдағы құн факторы;

      c - сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен);

      d - сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен).

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 12.09.2019 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі және зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы мынадай формула бойынша есептеледі:



      СС - сақтандыру сыйлықақысы;

      ЗЖ - зейнетақы жинақтарының сомасы;

      СТ - зейнетақы аннуитеті шартын жасау күні қолданыста болған тиісті қаржы жылында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс мөлшерінің 70 (жетпіс) пайызынан төмен емес сақтандыру төлемінің мөлшері;

      m - сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі;

      ä - ағымдағы құн факторы;

      c - сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен);

      d - сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен).

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:



      мұнда:

      СС - сақтандыру сыйлықақысы;

      СТ - зейнетақы аннуитеті шартын жасау күні қолданыста болған тиісті қаржы жылында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс мөлшерінің 70 (жетпіс) пайызынан төмен емес сақтандыру төлемінің мөлшері;

      m - сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі;

      ä - ағымдағы құн факторы;

      c - сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен);

      d - сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен).


      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Зейнетақы аннуитеті шарты
бойынша сақтандыру
ұйымынан сақтандыру
сыйлықақысын және
сақтандыру төлемін есептеу
әдістемесіне 2-қосымша

Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдерін есептеу үшін өлім-жітім көрсеткіштері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 44 (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

Жасы

Ерлер

Әйелдер

45

0,00506324

0,00105021

46

0,00541322

0,00115314

47

0,00578732

0,00126615

48

0,00618720

0,00139024

49

0,00661461

0,00152647

50

0,00707133

0,00167605

51

0,00755957

0,00184026

52

0,00808139

0,00202055

53

0,00856150

0,00221848

54

0,00911608

0,00243578

55

0,00974127

0,00267434

56

0,01043421

0,00293622

57

0,01119231

0,00322371

58

0,01212124

0,00353929

59

0,01305795

0,00388571

60

0,01400278

0,00426596

61

0,01501191

0,00468334

62

0,01596719

0,00514145

63

0,01692128

0,00564423

64

0,01787294

0,00619604

65

0,01882189

0,00680160

66

0,01976891

0,00746613

67

0,02067111

0,00819532

68

0,02161884

0,00899540

69

0,02256598

0,00987319

70

0,02351273

0,01083618

71

0,02551640

0,01189253

72

0,02781936

0,01305117

73

0,03048121

0,01432187

74

0,03357435

0,01571531

75

0,03718733

0,01724312

76

0,03942173

0,01891804

77

0,04240343

0,02075393

78

0,04527532

0,02276590

79

0,04833681

0,02497042

80

0,05159970

0,02738210

81

0,05507533

0,03002636

82

0,05877769

0,03292159

83

0,06272054

0,03609071

84

0,06691831

0,03955854

85

0,07138613

0,04335197

86

0,07613984

0,04750000

87

0,08119598

0,05203393

88

0,08657181

0,05698741

89

0,09325468

0,06239659

90

0,10149249

0,06830019

91

0,11160518

0,07473955

92

0,12400550

0,08175869

93

0,13922717

0,09042079

94

0,15632075

0,10110721

95

0,17551690

0,11431587

96

0,19707469

0,13069990

97

0,22128032

0,15112112

98

0,24847002

0,17473764

99

0,27900683

0,20205015

100

0,31330354

0,23363790

101

0,35182396

0,27016395

102

0,39508920

0,31241675

103

0,44368478

0,36128724

104

0,49826864

0,41781337

105

0,55958003

0,48319612

106

0,62844965

0,55882516

107

0,70582143

0,64631980

108

0,79272471

0,74751993

109

0,87892804

0,85071915

110

1

1