Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 194 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 қарашада № 12318 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 44 (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шарты бекітілсін.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесі белгіленсін.

      3. Мыналар:

      1) сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге жұмсалатын шығыстарының жол берілетін деңгейі сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің 1 (бір) пайызынан және әрбір сақтандыру төлемінің 3 (үш) пайызынан аспайтын мөлшерінде;

      2) сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесі кемінде 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. "Сақтандыру ұйымы не тәуелсіз сарапшы зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша жүзеге асыратын сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге жұмсалатын сақтандыру ұйымы шығыстарының жол берілетін деңгейін, зейнетақы аннуитеті үлгі шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 242 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 8814 тіркелген, 2013 жылғы 26 қарашада "Заң газеті" газетінде № 178 (2379) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      5. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      6. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      8. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Қ. Келімбетов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 20 қазандағы
№ 194 қаулысына
1-қосымша

Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шарты

      № ______________ 20 ___ жылғы "___" ________

      ____________________________________________________сақтандыру ұйымы

      (сақтандыру ұйымының толық атауы және орналасқан жері)

      бұдан әрі "Сақтандырушы" деп аталады, Жарғы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган "өмірді сақтандыру" саласы бойынша "аннуитеттік сақтандыру" сыныбы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берген 20___жылғы "____" ___________ №______ Лицензия және Сақтандырушы бекіткен "аннуитеттік сақтандыру" сыныбы бойынша сақтандыру қағидалары негізінде іс-әрекет жасайтын ________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))

      арқылы бір жағынан, және азамат

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)), туған күні,

      тұрғылықты жері,

      жеке басын куәландыратын құжаты, ____________________________________

      (сериясы, нөмірі)

      жылғы "_____"_______________ _______________________________________,

      (берілген күні) (кім берген)

      бұдан әрі "Сақтанушы" деп аталады, екінші жағынан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталады, төмендегілер туралы осы Зейнетақы аннуитеті шартын (бұдан әрі - Шарт) жасады:

1. Шарттың мәні

      1. Сақтанушы Шартқа сәйкес сақтандыру сыйлықақысы сомасын Сақтандырушыға беруге міндеттенеді, ал Сақтандырушы сақтандыру төлемдерін Сақтанушының және (немесе) сақтандырушылардың пайдасына өмір бойы жүзеге асыруға міндеттенеді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу және сақтандыру төлемдерін
жүзеге асыру тәртібі мен талаптары

      2. Сақтанушының сақтандыру сыйлықақысының мөлшері _______ теңгені (цифрлармен және жазумен) құрайды, зейнетақы жинақтарының сомасы _______ теңгені (цифрлармен және жазумен) құрайды.

      3. Сақтандырушыға сақтандыру сыйлықақысын төлеу біржолғы төлеммен және толық көлемде жүзеге асырылады.

      4. Сақтандыру төлемі Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру төлемдерінің кестесі бойынша "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 59-бабына сәйкес айдың __________ күніне дейін жүзеге асырылады.

      5. Бірінші ай сайынғы сақтандыру төлемін Сақтандырушы Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысының сомасын Сақтандырушының шотына аударған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

      Бірінші ай сайынғы сақтандыру төлемінің мөлшері _______ теңгені (цифрлармен және жазумен) құрайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Индекстеу мөлшерлемесінің мөлшері _______ пайызды (цифрлармен және жазумен) құрайды. Шарт бойынша сақтандыру төлемдерінің мөлшері жыл сайын индекстеу мөлшерлемесінің мөлшеріне ұлғаяды. Индекстеу ескерілген сақтандыру төлемдері мөлшерінің өзгерістері Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру төлемдерінің кестесінде көрсетіледі.

      Шарт жасау кезінде Тараптар бастапқыда келіскен және қол қойған Сақтандыру төлемдерінің кестесі Шартты қолдану кезеңі ішінде сақтандыру төлемдері ұлғайған жағдайда өзгереді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін (бар болса) жүзеге асыру кезеңі 20__жылғы "___"______ - 20__ жылғы "___"______ аралығындағы _____ жылды құрайды.

      8. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру кезінде Сақтандырушы Сақтанушының Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен төлем көзінен салық салынатын кірісінен есептелген салық сомасын ұстап қалады.

      9. Сақтандырушы сақтандыру төлемін Сақтанушының және (немесе) сақтандырылушылардың Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде ашылған банктік шоттарына аударады.

      Сақтандыру төлемдері сомаларын аударумен, есепке алумен және төлеумен байланысты банктік қызметтер үшін ақы төлеу Сақтандырушының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Сақтанушы және (немесе) сақтандырылушылар қайтыс болған жағдайда, Сақтандырушы отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға _______ теңге (цифрлармен және жазумен) мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тиісті қаржы жылына арналған айлық есептік көрсеткіштің кемінде 15 еселенген мөлшерде жерлеуге арналған жәрдемақы түріндегі сақтандыру төлемін жүзеге асырады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Сақтанушы және (немесе) сақтандырылушылар қайтыс болған жағдайда Шартта көрсетілген тұлға Шартта көзделген, Сақтандырушы төлемеген кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін, егер Сақтанушы және (немесе) сақтандырылушылар оларды тірі кезінде толық көлемде алмаған не алмаған жағдайда алады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      12. Сақтанушы:

      1) Сақтандырушы жүргізген сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға;

      2) Сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабын жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды тартуға;

      3) Шартты жоғалтқан жағдайда оның көшірмесін алуға;

      4) Сақтандырушымен Шартты жасасу немесе Шартқа өзгерістер енгізу кезінде сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін міндетті және (немесе) ерікті зейнетақы жарналарын, және (немесе) міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын пайдалануға құқылы.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Сақтанушы:

      1) Шарт жасасқан немесе Шартқа өзгерістер енгізген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде мұндай шарттың түпнұсқасын және (немесе) Шартқа қосымша келісімді бере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын хабардар етуге;

      2) Шарт бұзылған кезде Шартты бұзу туралы өтінішпен жүгінуге және жаңа зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жаңа сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасын беруге міндетті.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Сақтандырушы:

      1) Сақтанушыны сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабымен таныстыруға;

      2) 2 (екі) данасы Сақтанушыға берiлетін Шартты 3 (үш) данада ресiмдеуге;

      3) жаңа сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасын алған кезден бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде Шартта көрсетілген сақтандыру ұйымына сатып алу сомасын аударуға;

      4) Шартта көзделген сақтандыру төлемдері уақтылы жүзеге асырылмаған кезде Сақтанушыға мерзімін өткізіп алған әр күн үшiн төленбей қалған соманың 1,5 пайызы мөлшерінде өсімпұл төлеуге;

      5) Сақтандырушының шотына аударылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы сомасының түскендігі туралы Сақтанушыға аударылған зейнетақы жинақтарының сомаларын көрсете отырып, жазбаша немесе Шарт тараптарының келісімінде айқындалған өзге тәсілмен хабарлауға;

      6) Сақтанушы және (немесе) сақтандырылушылар қайтыс болған жағдайда, отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға Шарттың 10-тармағында белгіленген мөлшерде жерлеуге арналған жәрдемақы түрінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4. Еңсерілмейтін күш салдарынан міндеттемелерді орындамаған
жағдайда Тараптардың жауапкершілігі

      15. Егер тиісінше орындау еңсерілмейтін күш салдарынан мүмкін болмаса, Тараптар Шарт бойынша мiндеттемелерiн ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Мына жағдайлармен шектелмей, оларды қоса алғанда: өрт, су тасқыны, зілзала, табиғи апаттар, қоршауда қалу, ереуілдер, әскери іс-қимылдар, террорлық актілер және Тараптар болжай алмаған және Шарттың орындалуына тікелей әсер еткен осыған ұқсас өзге де жағдайлар еңсерілмейтін күш жағдайлары болып табылады.

      16. Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндігі болмаған Тарап күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей басқа Тарапқа Шарттың 15-тармағында көрсетілген жағдайлардың басталғаны туралы хабарлайды.

5. Басқа да талаптар

      17. Шарт Сақтанушының жазбаша өтініші негізінде жасалады.

      18. Шарт Сақтандырушыға зейнетақы сыйлықақысының сомасын толық көлемде аударған сәттен бастап күшіне енеді және Тараптар үшін міндетті болып табылады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Зейнетақы аннуитеті шартына қорытынды Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Шарт _______________ дейін қолданылады.

      21. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісіммен ресімделеді және оған Тараптар қол қояды.

      22. Шарт заң күші бірдей, әрқайсы қазақ және орыс тілдерінде 3 (үш) данада жасалды.

      23. Шартты басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған жағдайда Сақтанушының бастамасымен ғана, бірақ оны жасаған күннен бастап 2 (екі) жылдан бұрын емес мерзімде бұзуға болады.

      Шартты бұзу кезінде:

      1) сатып алу сомасы төленген сақтандыру сыйлықақысының жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері сомасы мен Сақтандырушының іс жүргізуге арналған шығыстары шегерілген сомасынан кем болмауға тиіс;

      2) жаңадан жасалған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасау күні қолданыстағы зейнетақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға тиіс.

      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 44 (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      24. Шарт бұзылған жағдайда Сақтандырушының іс жүргізуге арналған шығыстары сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің 1 (бір) пайызынан және жүзеге асырылған әрбір сақтандыру төлемінің 3 (үш) пайызынан аспайды.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      25. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6. Дауларды шешу тәртібі

      26. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау барысында келіспеушіліктер туындаған кезде Тараптар оларды соттан тыс тәртібімен реттеу үшін барлық қажетті шаралар қабылдауға міндетті.

      27. Тараптардың Шарт бойынша реттелмеген даулары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының соттарында қаралады.

7. Тараптардың деректемелері және қолдары

      Ескерту. 7-бөлім жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

САҚТАНДЫРУШЫ
_____________________________
(Сақтандырушының, филиалдың атауы,
заңды мекенжайы, телефоны, факсы, E-mail)
_____________________________
банк деректемелері
(банктің атауы, ағымдағы шоттың №)
_____________________________
Сақтандырушы өкілінің тегі, аты,
әкесінің аты (ол бар болса), қолы
Күні _______________________".

САҚТАНУШЫ
_______________________________
_______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса),
мекенжайы, телефоны, E-mail)
_______________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі
_______________________________
банктік деректемелер (банктің атауы,
ағымдағы шоттың №) ____________
_______________________________
Сақтанушының қолы
Күні _____________________________

  Зейнетақы ннуитетінің
үлгілік шартына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 44 (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

Сақтандыру төлемдерінің кестесі

Төлеу күні

Мерзімдік сақтандыру төлемінің мөлшері (теңге)

Сатып алу сомасының мөлшері (теңге)

























      2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша мерзімдік сақтандыру төлемдері ай сайынғы немесе тоқсан сайынғы, немесе жартыжылдық, немесе жылдық негізде жүзеге асырылады.

      Жыл бойы тоқсан сайынғы немесе жартыжылдық, немесе жыл сайынғы негізде жүзеге асырылатын мерзімдік төлемдер сомасы жыл ішінде ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын мерзімдік сақтандыру төлемдері сомасының мәнінен кем болмайды.

      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша сақтандыру төлемдері ай сайын жүзеге асырылады.

      Актуарий ____________________________________ _________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы

  Зейнетақы аннуитетінің
үлгілік шартына 2-қосымша
  Нысан

Зейнетақы аннуитеті шартына қорытынды

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

№ ___________ 20___ жылғы "____" ___________

Сақтанушы туралы ақпарат

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)


Туылған күні, жасы


Жынысы


Сақтандырылушы туралы ақпарат

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)


Туылған күні, жасы


Жынысы


Шарт бойынша ақпарат

Зейнетақы аннуитеті шартын жасау негіздемесі


Сақтандыру сыйлықақысының сомасы


Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мерзімі


Кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мерзімі (бар болса)

20 __ жылғы "____" ______________ 20 __ жылғы "____" _____________ аралығында

Кірістіліктің тиімді жылдық пайыздық мөлшерлемесі


Индекстеу мөлшерлемесінің мөлшері


Кепілдік берілген сақтандыру төлемдері ескерілген ағымдағы құн факторы (бар болса)


Кепілдік берілген сақтандыру төлемдері және шығыстар ескерілген ағымдағы құн факторы (бар болса)


Бірінші мерзімдік сақтандыру төлемінің мөлшері


Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін жеткілікті зейнетақы жинақтарының сомасы


      "Зейнетақы аннуитеті шартын жасау негіздемесі" жолында зейнетақы аннуитеті

      шартын жасауға негіз болған "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру

      туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының нормасын

      (нормаларын) көрсету қажет.

      Актуарий _______________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)            қолы

      Заң бөлімшесінің басшысы_________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)            қолы

      Зейнетақы аннуитеті шартын жасауды дайындауға жауапты бөлімшенің басшысы

      ________________________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)            қолы

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 20 қазандағы
№ 194 қаулысына 2-қосымша

Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру
сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесі

      1. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) 2013 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң), 2000 жылғы 18 желтоқсандағы "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру сыйлықақысының және сақтандыру төлемінің есебіне қойылатын талаптарды белгілейді.

      2. Әдістеменің мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі - зейнетақы аннуитеті шартына қорытынды жасау күніне қолданыста болған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақының мөлшерінен төмен емес айлық сақтандыру төлемінің мөлшерімен зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін талап етілетін зейнетақы жинақтарының сомасы;

      2) кепілдік берілген сақтандыру төлемдері - сақтанушыға және (немесе) сақтандырылушыларға не оның мирасқорларына зейнетақы аннуитеті шартында белгіленген уақыт кезеңі ішінде сақтанушының және (немесе) сақтандырылушының өмір сүруіне қарамастан жасалатын мерзімдік сақтандыру төлемдері;

      3) қор (қорлар) - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры);

      4) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушы зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін өзінің таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымына жіберген зейнетақы жинақтары;

      5) сақтандыру ұйымы - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның "аннуитеттік сақтандыру" сыныбы бойынша "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлға;

      6) сақтандырылған - зейнетақы аннуитеті шартында айқындалған және зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес зейнетақы төлемдерін алушы болып табылатын жеке тұлға.";

      7) сақтанушы - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 60-бабына сәйкес зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жеке тұлға.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қор (қорлар) зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын сақтанушының таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарының біріне жібереді.

      4. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының және сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін істі жүргізуге арналған шығыстары ескерілген ағымдағы құн факторы пайдаланылады.

      5. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша ағымдағы құн факторы Әдістемеге 1-қосымшаның 1 және 2-тармақтарына сәйкес айқындалады.

      Сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу кезінде ағымдағы құн факторының барлық өлшемдері жылдық көрсеткіш бойынша пайдаланылады.

      6. Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігін және зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын сақтандыру ұйымының штатындағы актуарий Әдістемеге 1-қосымшаның 3-тармағына сәйкес есептейді.

      7. Сақтандыру ұйымдары зейнетақы аннуитеті шарты бойынша болашақ сақтандыру төлемдерінің ағымдағы құн факторын есептеу кезінде Әдістемеге 2-қосымшада көрсетілген зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдерін есептеу үшін өлім-жітім көрсеткіштерін пайдаланады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 44 (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      8. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеу кезінде ұлттық валютада жылдық 6 (алты) пайызынан аспайтын мөлшерде кірістіліктің тиімді жылдық пайыздық мөлшерлемесі пайдаланылады.

      9. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша мерзімдік сақтандыру төлемінің мөлшері Әдістемеге 1-қосымшаның 4-тармағына сәйкес айқындалады.


  Зейнетақы аннуитеті шарты
бойынша сақтандыру ұйымынан
сақтандыру сыйлықақысын және
сақтандыру төлемін есептеу
әдістемесіне
1-қосымша

Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша ағымдағы құн факторын, зейнетақы жинақтары мен сақтандыру сыйлықақысының жеткіліктілігін, мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Ағымдағы құн факторы алушылардың зейнетақы аннуитеті шартын жасау күніндегі жасынан жыл ішіндегі сақтандыру төлемін алу жасына дейінгі өмір сүру көрсеткіші (көрсеткіштері) туындыларының, тиісті дәрежедегі дисконттаушы фактордың және индекстеу мөлшерлемесінің сомасы ретінде айқындалады:



      мұнда:


- ағымдағы құн факторы;

- дисконттаушы фактор;

      i - кірістіліктің тиімді пайыздық мөлшерлемесі;

      j - индекстеу мөлшерлемесі;

      iPx- аннуитенттің х жасынан x + t жасына дейін өмір сүру ықтималы.

      Кепілдік берілген сақтандыру төлемдері кезеңінде аннуитенттің өмір сүру ықтималы бірлікке тең;

      x - аннуитет төлемдерін алуды бастау күніндегі аннуитенттің жасы;

      t - 0-ден ∞-ке дейінгі мәні бар ауыспалы мән;

      m - сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі.

      Егер зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдері бірнеше сақтандырылушының пайдасына жүзеге асырылатын болса, ағымдағы құн факторы алушылардың зейнетақы аннуитеті шартын жасау күніндегі жасынан жыл ішіндегі сақтандыру төлемін алу жасына дейінгі өмір сүру көрсеткіші (көрсеткіштері) туындыларының, тиісті дәрежедегі дисконттаушы фактордың және индекстеу мөлшерлемесінің сомасы ретінде айқындалады:



      мұнда:


- ағымдағы құн факторы;

- дисконттаушы фактор;

      i - кірістіліктің тиімді пайыздық мөлшерлемесі;

      j - индекстеу мөлшерлемесі;


- аннуитенттің x1 және x2 жасынан x1 + t және x2+ t жасына дейін өмір сүру ықтималы.

      Кепілдік берілген сақтандыру төлемдері кезеңінде аннуитенттің өмір сүру ықтималы бірлікке тең;

      x1, x2 - аннуитет төлемдерін алуды бастау күніндегі аннуитенттің жасы;

      t - 0-ден ∞-ке дейінгі мәні бар ауыспалы мән;

      m - сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі.

      2. Сақтандыру ұйымының шығыстары ескерілген ағымдағы құн факторы:



      мұнда:

      ä - ағымдағы құн факторы;

      c - сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен);

      d - сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен).

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 12.09.2019 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі және зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы мынадай формула бойынша есептеледі:



      СС - сақтандыру сыйлықақысы;

      ЗЖ - зейнетақы жинақтарының сомасы;

      СТ - зейнетақы аннуитеті шартын жасау күні қолданыста болған тиісті қаржы жылында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес сақтандыру төлемінің мөлшері;

      m - сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі;

      ä - ағымдағы құн факторы;

      c - сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен);

      d - сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен).

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 12.09.2019 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:



      мұнда:

      СС - сақтандыру сыйлықақысы;

      СТ - зейнетақы аннуитеті шартын жасау күні қолданыста болған тиісті қаржы жылында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес сақтандыру төлемінің мөлшері;

      m - сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі;

      ä - ағымдағы құн факторы;

      c - сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен);

      d - сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен).

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 12.09.2019 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Зейнетақы аннуитеті шарты
бойынша сақтандыру
ұйымынан сақтандыру
сыйлықақысын және
сақтандыру төлемін есептеу
әдістемесіне 2-қосымша

Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдерін есептеу үшін өлім-жітім көрсеткіштері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 44 (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

Жасы

Ерлер

Әйелдер

45

0,00506324

0,00105021

46

0,00541322

0,00115314

47

0,00578732

0,00126615

48

0,00618720

0,00139024

49

0,00661461

0,00152647

50

0,00707133

0,00167605

51

0,00755957

0,00184026

52

0,00808139

0,00202055

53

0,00856150

0,00221848

54

0,00911608

0,00243578

55

0,00974127

0,00267434

56

0,01043421

0,00293622

57

0,01119231

0,00322371

58

0,01212124

0,00353929

59

0,01305795

0,00388571

60

0,01400278

0,00426596

61

0,01501191

0,00468334

62

0,01596719

0,00514145

63

0,01692128

0,00564423

64

0,01787294

0,00619604

65

0,01882189

0,00680160

66

0,01976891

0,00746613

67

0,02067111

0,00819532

68

0,02161884

0,00899540

69

0,02256598

0,00987319

70

0,02351273

0,01083618

71

0,02551640

0,01189253

72

0,02781936

0,01305117

73

0,03048121

0,01432187

74

0,03357435

0,01571531

75

0,03718733

0,01724312

76

0,03942173

0,01891804

77

0,04240343

0,02075393

78

0,04527532

0,02276590

79

0,04833681

0,02497042

80

0,05159970

0,02738210

81

0,05507533

0,03002636

82

0,05877769

0,03292159

83

0,06272054

0,03609071

84

0,06691831

0,03955854

85

0,07138613

0,04335197

86

0,07613984

0,04750000

87

0,08119598

0,05203393

88

0,08657181

0,05698741

89

0,09325468

0,06239659

90

0,10149249

0,06830019

91

0,11160518

0,07473955

92

0,12400550

0,08175869

93

0,13922717

0,09042079

94

0,15632075

0,10110721

95

0,17551690

0,11431587

96

0,19707469

0,13069990

97

0,22128032

0,15112112

98

0,24847002

0,17473764

99

0,27900683

0,20205015

100

0,31330354

0,23363790

101

0,35182396

0,27016395

102

0,39508920

0,31241675

103

0,44368478

0,36128724

104

0,49826864

0,41781337

105

0,55958003

0,48319612

106

0,62844965

0,55882516

107

0,70582143

0,64631980

108

0,79272471

0,74751993

109

0,87892804

0,85071915

110

1

1