Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге жұмсалатын шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 194 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 қарашада № 12318 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шарты бекітілсін.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесі белгіленсін.

      3. Мыналар:

      1) сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша комиссиялық сыйақыны қоса алғанда, істі жүргізуге жұмсалатын шығыстарының жол берілетін деңгейі сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің 3 (үш) пайызынан аспайтын және әрбір сақтандыру төлемінің 3 (үш) пайызы мөлшерінде;

      2) сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      4. "Сақтандыру ұйымы не тәуелсіз сарапшы зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша жүзеге асыратын сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге жұмсалатын сақтандыру ұйымы шығыстарының жол берілетін деңгейін, зейнетақы аннуитеті үлгі шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 242 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 8814 тіркелген, 2013 жылғы 26 қарашада "Заң газеті" газетінде № 178 (2379) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      5. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      6. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      8. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Қ. Келімбетов


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 20 қазандағы
№ 194 қаулысына
1-қосымша

Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шарты

      № ______________ 20 ___ жылғы "___" ________

      ____________________________________________________сақтандыру ұйымы

      (сақтандыру ұйымының толық атауы және орналасқан жері)

      бұдан әрі "Сақтандырушы" деп аталады, Жарғы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган "өмірді сақтандыру" саласы бойынша "аннуитеттік сақтандыру" сыныбы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берген 20___жылғы "____" ___________ №______ Лицензия және Сақтандырушы бекіткен "аннуитеттік сақтандыру" сыныбы бойынша сақтандыру қағидалары негізінде іс-әрекет жасайтын ________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))

      арқылы бір жағынан, және азамат

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)), туған күні,

      тұрғылықты жері,

      жеке басын куәландыратын құжаты, ____________________________________

      (сериясы, нөмірі)

      жылғы "_____"_______________ _______________________________________,

       (берілген күні) (кім берген)

      бұдан әрі "Сақтанушы" деп аталады, екінші жағынан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталады, төмендегілер туралы осы Зейнетақы аннуитеті шартын (бұдан әрі - Шарт) жасады:

1. Шарттың мәні

      1. Сақтанушы Шартқа сәйкес сақтандыру сыйлықақысы сомасын Сақтандырушыға беруге міндеттенеді, ал Сақтандырушы сақтандыру төлемдерін Сақтанушының пайдасына өмір бойы жүзеге асыруға міндеттенеді.

2. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу және сақтандыру төлемдерін
жүзеге асыру тәртібі мен талаптары

      2. Сақтанушының сақтандыру сыйлықақысының мөлшері _______ теңгені (цифрлармен және жазумен) құрайды, зейнетақы жинақтарының сомасы _______ теңгені (цифрлармен және жазумен) құрайды.

      3. Сақтандырушыға сақтандыру сыйлықақысын төлеу біржолғы төлеммен және толық көлемде жүзеге асырылады.

      4. Сақтандыру төлемі Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру төлемдерінің кестесі бойынша "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 59-бабына сәйкес айдың __________ күніне дейін жүзеге асырылады.

      5. Бірінші сақтандыру төлемін Сақтандырушы Шарт бойынша зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры Сақтандырушының шотына аударған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

      Бірінші сақтандыру төлемінің мөлшері _______ теңгені (цифрлармен және жазумен) құрайды.

      6. Индекстеу мөлшерлемесінің мөлшері 5 (бес) пайызды құрайды. Шарт бойынша сақтандыру төлемдерінің мөлшері жыл сайын индекстеу мөлшерлемесінің мөлшеріне ұлғаяды. Индекстеу ескерілген сақтандыру төлемдері мөлшерінің өзгерістері Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру төлемдерінің кестесінде көрсетіледі.

      Шарт жасау кезінде Тараптар бастапқыда келіскен және қол қойған Сақтандыру төлемдерінің кестесі Шартты қолдану кезеңі ішінде сақтандыру төлемдері ұлғайған жағдайда өзгереді.

      Мерзімдік сақтандыру төлемдерінің мөлшері Шарт қолданыста болған кезең ішінде азаймайды.

      7. Кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін (бар болса) жүзеге асыру кезеңі 20__жылғы "___"______ - 20__ жылғы "___"______ аралығындағы _____ жылды құрайды.

      8. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру кезінде Сақтандырушы Сақтанушының Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен төлем көзінен салық салынатын кірісінен есептелген салық сомасын ұстап қалады.

      9. Сақтандырушы сақтандыру төлемін Сақтанушының Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде ашылған банк шотына аударады. Сақтандыру төлемдері сомаларын аударумен, есепке алумен және төлеумен байланысты банктік қызметтер үшін ақы төлеу Сақтандырушының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      10. Сақтанушы қайтыс болған жағдайда, Сақтандырушы отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға _______ теңге (цифрлармен және жазумен) мөлшерінде, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15 еселенген мөлшерінен кем емес жерлеуге арналған жәрдемақы түріндегі сақтандыру төлемін жүзеге асырады.

      11. Сақтанушы қайтыс болған жағдайда оның мирасқорлары Шартта көзделген, Сақтандырушы төлемеген кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін, егер Сақтанушы оларды тірі кезінде толық көлемде алмаған не алмаған жағдайда, алуға құқығы бар.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      12. Сақтанушы:

      1) Сақтандырушы жүргізген сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға;

      2) Сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабын жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды тартуға;

      3) Шартты жоғалтқан жағдайда оның көшірмесін алуға;

      4) Шартты жасасу үшін осы Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге ерікті зейнетақы жарналарын пайдалануға құқылы.

      13. Сақтанушы:

      1) Шарт жасасқан күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде Шарттың түпнұсқасын бере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын хабардар етуге;

      2) Шарт бұзылған кезде Шартты бұзу туралы өтінішпен жүгінуге және жаңа зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жаңа сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасын беруге міндетті.

      14. Сақтандырушы:

      1) Сақтанушыны сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабымен таныстыруға;

      2) 2 (екі) данасы Сақтанушыға берiлетін Шартты 3 (үш) данада ресiмдеуге;

      3) жаңа сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасын алған кезден бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде Шартта көрсетілген сақтандыру ұйымына сатып алу сомасын аударуға;

      4) Шартта көзделген сақтандыру төлемдері уақтылы жүзеге асырылмаған кезде Сақтанушыға мерзімін өткізіп алған әр күн үшiн төленбей қалған соманың 1,5 пайызы мөлшерінде өсімпұл төлеуге;

      5) Сақтандырушының шотына аударылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы сомасының түскендігі туралы Сақтанушыға аударылған зейнетақы жинақтарының сомаларын көрсете отырып, жазбаша немесе Шарт тараптарының келісімінде айқындалған өзге тәсілмен хабарлауға;

      6) Сақтанушы қайтыс болған жағдайда, отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға Шарттың 10-тармағында белгіленген мөлшерде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15 еселенген мөлшерінен кем емес мөлшерде жерлеуге арналған жәрдемақы түрінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.

4. Еңсерілмейтін күш салдарынан міндеттемелерді орындамаған
жағдайда Тараптардың жауапкершілігі

      15. Егер тиісінше орындау еңсерілмейтін күш салдарынан мүмкін болмаса, Тараптар Шарт бойынша мiндеттемелерiн ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Мына жағдайлармен шектелмей, оларды қоса алғанда: өрт, су тасқыны, зілзала, табиғи апаттар, қоршауда қалу, ереуілдер, әскери іс-қимылдар, террорлық актілер және Тараптар болжай алмаған және Шарттың орындалуына тікелей әсер еткен осыған ұқсас өзге де жағдайлар еңсерілмейтін күш жағдайлары болып табылады.

      16. Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндігі болмаған Тарап күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей басқа Тарапқа Шарттың 15-тармағында көрсетілген жағдайлардың басталғаны туралы хабарлайды.

5. Басқа да талаптар

      17. Шарт Сақтанушының жазбаша өтініші негізінде жасалады.

      18. Шарт Сақтандырушыға зейнетақы жинақтары сомасын аударған сәттен бастап күшіне енеді және Тараптар үшін міндетті болып табылады.

      19. Сақтанушы, зейнетақы жинақтары сомасының жеткіліктілігі туралы ақпаратты қамтитын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша қорытынды Шарттың 2-қосымшасына сәйкес ресімделеді.

      20. Шарт _______________ дейін қолданылады.

      21. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісіммен ресімделеді және оған Тараптар қол қояды.

      22. Шарт заң күші бірдей, әрқайсы қазақ және орыс тілдерінде 3 (үш) данада жасалды.

      23. Шартты басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған жағдайда Сақтанушының бастамасымен ғана, бірақ оны жасаған күннен бастап 2 (екі) жылдан бұрын емес мерзімде бұзуға болады.

      Шартты бұзу кезінде:

      1) сатып алу сомасы төленген сақтандыру сыйлықақысының жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері сомасы мен Сақтандырушының іс жүргізуге жұмсалған шығыстары шегерілген сомасынан кем болмауға тиіс;

      2) жаңадан жасалған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасау күні қолданыстағы зейнетақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға тиіс.

      24. Шартты бұзу кезінде комиссиялық сыйақыны қоса алғанда, Сақтандырушының іс жүргізуге арналған шығыстары сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің 3 (үш) пайызынан және жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерінің 3 (үш) пайызынан аспайды.

      25. Сақтандырушының нақты төленген комиссиялық сыйақының мөлшері Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін айқындау кезінде есептелген комиссиялық сыйақының мөлшерінен аспайды.

6. Дауларды шешу тәртібі

      26. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау барысында келіспеушіліктер туындаған кезде Тараптар оларды соттан тыс тәртібімен реттеу үшін барлық қажетті шаралар қабылдауға міндетті.

      27. Тараптардың Шарт бойынша реттелмеген даулары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының соттарында қаралады.

7. Тараптардың деректемелері және қолдары

      САҚТАНДЫРУШЫ САҚТАНУШЫ

      ______________________________ ______________________________

      ______________________________ ______________________________

      ______________________________ ______________________________

      ______________________________ ______________________________

      (Сақтандырушының, филиалдың (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар

      атауы, заңды мекенжайы, болса), мекенжайы, телефоны,

      телефоны, факс, E-mail) E-mail)

      ______________________________ ______________________________

      банк деректемелері жеке сәйкестендіру нөмірі

      (банктің атауы, ағымдағы шоттың №)

      ______________________________ ______________________________

      Сақтандырушы өкілінің тегі, банктік деректемелер (банктің

      аты, әкесінің аты (ол бар болса) атауы, ағымдағы шоттың №)

      қолы ________________________________

      Сақтанушының қолы

      Күні ________________________ Күні ________________________

      Мөр орны (бар болса)

  Зейнетақы аннуитетінің
үлгілік шартына
1-қосымша

Сақтандыру төлемдерінің кестесі

Төлеу күні

Мерзімдік сақтандыру төлемінің мөлшері (теңге)


















      Мерзімдік сақтандыру төлемдері ай сайынғы немесе тоқсан сайынғы, немесе жартыжылдық, немесе жылдық негізде жүзеге асырылады.

      Жыл бойы тоқсан сайынғы немесе жартыжылдық, немесе жыл сайынғы негізде жүзеге асырылатын мерзімдік төлемдер сомасы жыл ішінде ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын мерзімдік сақтандыру төлемдері сомасының мәнінен кем болмайды.

      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандыру төлемдері ай сайын жүзеге асырылады.

      Актуарий _______________________________________ ________________

       тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы

  Зейнетақы аннуитетінің
үлгілік шартына
2-қосымша

Зейнетақы аннуитеті шартына қорытынды

      № __________ 20 ___ жылғы "___" ________

Сақтанушы туралы ақпарат

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)


Туылған күні, жасы


Жынысы


Зейнетақы аннуитеті шартын жасау негіздемесі


Сақтандыру сыйлықақысының сомасы


Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мерзімі


Кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мерзімі (бар болса)

20 __ ж. "__" ________ – 20 __ ж. "__" ________ аралығында

Кірістіліктің тиімді жылдық пайыздық мөлшерлемесі


Индекстеу мөлшерлемесінің мөлшері


Кепілдік берілген сақтандыру төлемдері ескерілген ағымдағы құн факторы (бар болса)


Кепілдік берілген сақтандыру төлемдері және шығыстар ескерілген ағымдағы құн факторы (бар болса)


Бірінші мерзімдік сақтандыру төлемінің мөлшері


Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін жеткілікті зейнетақы жинақтарының сомасы



      "Зейнетақы аннуитеті шартын жасау негіздемесі" бағанында зейнетақы аннуитеті шартын жасауға негіз болған "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының нормасын (нормаларын) көрсету қажет.

      Актуарий ______________________________________________ ___________

       тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы

      Заң бөлімшесінің басшысы_______________________________ __________

       тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы

      Зейнетақы аннуитеті шартын жасауды дайындауға жауапты бөлімшенің басшысы

      _______________________________________________________ ___________

       тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 20 қазандағы
№ 194 қаулысына
2-қосымша

Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан
сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін
есептеу әдістемесі

      1. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) 2013 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң), 2000 жылғы 18 желтоқсандағы "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру сыйлықақысының және сақтандыру төлемінің есебіне қойылатын талаптарды белгілейді.

      2. Әдістеменің мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі - зейнетақы аннуитетін жасаған күні қолданыста болған тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының мөлшерінен төмен емес айлық сақтандыру төлемімен зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін талап етілетін зейнетақы жинақтарының сомасы;

      2) кепілдік берілген сақтандыру төлемдері - сақтанушыға не оның мирасқорларына зейнетақы аннуитеті шартында белгіленген уақыт кезеңі ішінде сақтанушының өмір сүруіне қарамастан жасалатын мерзімдік сақтандыру төлемдері;

      3) қор (қорлар) - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры);

      4) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушы зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін өзінің таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымына жіберген зейнетақы жинақтары;

      5) сақтандыру ұйымы – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның "өмірді сақтандыру" саласында "аннуитеттік сақтандыру" сыныбы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлға;

      6) сақтанушы - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 60-бабына сәйкес зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жеке тұлға.

      3. Қор (қорлар) зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын сақтанушының таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарының біріне жібереді.

      4. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының және сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін істі жүргізуге арналған шығыстары ескерілген ағымдағы құн факторы пайдаланылады.

      5. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша ағымдағы құн факторы Әдістемеге 1-қосымшаның 1 және 2-тармақтарына сәйкес айқындалады.

      Сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу кезінде ағымдағы құн факторының барлық өлшемдері жылдық көрсеткіш бойынша пайдаланылады.

      6. Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігін және зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын сақтандыру ұйымының штатындағы актуарий Әдістемеге 1-қосымшаның 3-тармағына сәйкес есептейді.

      7. Сақтандыру ұйымдары зейнетақы аннуитеті бойынша болашақ сақтандыру төлемдерінің ағымдағы құн факторын есептеген кезде Әдістемеге 2-қосымшада көрсетілген ұқсас көрсеткіштерден аспайтын өлім-жітім көрсеткіштерін пайдаланады.

      8. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеу кезінде ұлттық валютада жылдық 6 (алты) пайызынан аспайтын мөлшерде кірістіліктің тиімді жылдық пайыздық мөлшерлемесі пайдаланылады.

      9. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша мерзімдік сақтандыру төлемінің мөлшері Әдістемеге 1-қосымшаның 4-тармағына сәйкес айқындалады.

  Зейнетақы аннуитеті шарты
бойынша сақтандыру ұйымынан
сақтандыру сыйлықақысын және
сақтандыру төлемін есептеу
әдістемесіне
1-қосымша

Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша ағымдағы құн факторын,
зейнетақы жинақтары мен сақтандыру сыйлықақысының
жеткіліктілігін, мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу

      1. Ағымдағы құн факторы алушының зейнетақы аннуитеті шартын жасау күніндегі жасынан жыл ішіндегі сақтандыру төлемін алу жасына дейінгі өмір сүру көрсеткіші (көрсеткіштері) туындыларының, тиісті дәрежедегі дисконттаушы фактордың және индекстеу мөлшерлемесінің сомасы ретінде айқындалады:



      мұнда:


– ағымдағы құн факторы;

– дисконттаушы фактор;

      i – кірістіліктің тиімді пайыздық мөлшерлемесі;

      j – индекстеу мөлшерлемесі;


– аннуитенттің х жасынан x+ t жасына дейін өмір сүру ықтималы.

      Кепілдік берілген сақтандыру төлемдері кезеңінде аннуитенттің өмір сүру ықтималы бірлікке тең;

      x – аннуитет төлемдерін алуды бастау күніндегі аннуитенттің жасы;

      t – 0-ден n-ге дейінгі мәні бар ауыспалы мән;

      n – аннуитет төлемдерін алған жылдардың саны;

      m – сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі.

      2. Сақтандыру ұйымының шығыстары ескерілген ағымдағы құн факторы:



      мұнда:


– ағымдағы құн факторы;

      c – сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен);

      d – сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен).

      3. Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі және зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      СС – сақтандыру сыйлықақысы;

      ЗЖ – зейнетақы жинақтарының сомасы;

      СТ – зейнетақы аннуитеті шартын жасау күні қолданыста болған тиісті қаржы жылында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес сақтандыру төлемінің мөлшері;

      m – сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі;


– ағымдағы құн факторы;

      c – сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен);

      d – сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен).

      4. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      СТ – сақтандыру төлемінің мөлшері;

      СС – сақтандыру сыйлықақысы;

      m – сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі;


– ағымдағы құн факторы;

      c – сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен);

      d – сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен).

  Зейнетақы аннуитеті шарты
бойынша сақтандыру ұйымынан
сақтандыру сыйлықақысын және
сақтандыру төлемін есептеу
әдістемесіне
2-қосымша

Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдерін
есептеуге арналған өлім-жітім көрсеткіштері

Жасы

Ерлер

Әйелдер

25

0,0024481809

0,0006274238

26

0,0025943697

0,0006676971

27

0,0027233502

0,0007056074

28

0,0028425047

0,0007412992

29

0,0029577995

0,0007767228

30

0,0030798642

0,0008119244

31

0,0032114459

0,0008505828

32

0,0033612022

0,0008924813

33

0,0035291163

0,0009385639

34

0,0037197668

0,0009906002

35

0,0039348729

0,0010483273

36

0,0041784741

0,0011163161

37

0,0044493232

0,0011944894

38

0,0047483920

0,0012837138

39

0,0050708321

0,0013820340

40

0,0054208771

0,0014874267

41

0,0057993651

0,0016000204

42

0,0062130588

0,0017212900

43

0,0066625747

0,0018544187

44

0,0071474184

0,0020023703

45

0,0076680100

0,0021676861

46

0,0082244930

0,0023516809

47

0,0088216652

0,0025538640

48

0,0094584171

0,0027714017

49

0,0101280734

0,0030039882

50

0,0108212272

0,0032509632

51

0,0115228363

0,0035141552

52

0,0122233730

0,0037896536

53

0,0129133803

0,0040738105

54

0,0135955053

0,0043618174

55

0,0142859526

0,0046536866

56

0,0150084234

0,0049548709

57

0,0157948684

0,0052740418

58

0,0166676936

0,0056276768

59

0,0176400368

0,0060313270

60

0,0187181346

0,0065036410

61

0,0199037048

0,0070585173

62

0,0212196935

0,0077140411

63

0,0226839310

0,0084825984

64

0,0243147043

0,0093742669

65

0,0261183219

0,0103971349

66

0,0280940488

0,0115659366

67

0,0302425933

0,0129055099

68

0,0325700636

0,0144510322


Жасы

Ерлер

Әйелдер

69

0,0350858599

0,0162382933

70

0,0378016624

0,0182951136

71

0,0407143335

0,0206292088

72

0,0438107362

0,0232341066

73

0,0470696180

0,0260982484

74

0,0504811467

0,0292280131

75

0,0540616273

0,0326530238

76

0,0578665497

0,0364307871

77

0,0619843680

0,0406359180

78

0,0664916973

0,0453425305

79

0,0714740982

0,0506171641

80

0,0769774599

0,0565051459

81

0,0830319346

0,0630317637

82

0,0896147271

0,0702018558

83

0,0966845108

0,0779949274

84

0,1042579696

0,0864008004

85

0,1122879396

0,0954219949

86

0,1207280202

0,1050267964

87

0,1295129290

0,1151705866

88

0,1385844507

0,1258039246

89

0,1481204333

0,1369032122

90

0,1582202894

0,1485338001

91

0,1691737115

0,1610224830

92

0,1809266576

0,1738000217

93

0,1934419461

0,1871487399

94

0,2065024009

0,2007375293

95

0,2203274393

0,2150498902

96

0,2350011690

0,2300562069

97

0,2507578103

0,2455860090

98

0,2673864944

0,2613597427

99

0,2847965003

0,2771617489

100

0,3046228561

0,2955023955

101

0,3275264532

0,3170455227

102

0,3549860330

0,3437003847

103

0,3868036658

0,3745180950

104

0,4235753219

0,4101464523

105

0,4660173959

0,4516534218

106

0,5147843396

0,5000418052

107

0,5634808009

0,5490524338

108

0,6239580347

0,6110982356

109

0,7883509815

0,7810056771

110

1,0000000000

1,0000000000