Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 83 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 шілдеде № 11653 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 63) тармақшасына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 52-3-бабына, "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. "Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7121 тіркелген, 2011 жылғы 5 қазанда "Заң газеті" газетінде № 144 (1960) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Нұсқаулық бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – жинақтаушы зейнетақы қорлары), банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының, сақтандыру брокерлерiнiң, бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушыларының, арнайы қаржы компанияларының, акционерлік инвестициялық қорлардың және микроқаржы ұйымдарының (бұдан әрi – ұйым) меншiктi ақшаны салымдарға, заемдарға, бағалы қағаздарға, туынды құралдарға, тазартылған қымбат металдарға, шетел валютасына орналастыру операцияларының, хеджирлеу операцияларының, сондай-ақ РЕПО және керi РЕПО операцияларының бухгалтерлiк есебін жүргiзуді нақтылайды.

      Осы Нұсқаулықтың 4, 7, 9, 10 және 11-тараулары исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.".

      2. Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру және қайта сақтандыру жөніндегі операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі қоса беріліп отырған нұсқаулық бекітілсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Қ. Келімбетов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 27 мамырдағы
№ 83 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Нұсқаулық жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.08.2023 № 63 (01.12.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 63) тармақшасына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 52-3-бабына (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң), "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына, халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының (бұдан әрі – исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары) сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізуін нақтылайды.

      2. Нұсқаулыққа, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына, Сақтандыру қызметі туралы заңға және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына қайшы келмейтiн қосымша бухгалтерлiк жазбалар жасауға жол берiледi.

2-тарау. Сыйлықақыны бөлу әдісі бойынша исламдық сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебі

1-параграф. Сыйлықақыны бөлу тәсілін пайдалана отырып, исламдық сақтандыру шарттары топтарының бухгалтерлік есебі

      3. Исламдық сақтандыру шарттарының топтарын бастапқы тану кезінде:

      1) егер сақтанушының бірінші төлемді төлеу күні сақтандырумен қамту кезеңі басталу күніне сәйкес келсе немесе ерте басталса:

      исламдық сақтандыру шарты бойынша қабылданған ақша сомасына мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      баланстық шоттарда:


Дт

1010

Кассадағы ақшалай қаражат



1030

Ағымдағы шоттардағы ақшалай қаражат


Кт

3390 20

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер;

      баланстан тыс шоттарда сақтандыру шарты бойынша сыйлықақы сомасына:


Дт

8770 01

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша клиенттердің ақшалай қаражатын есепке алу шоты


Кт

8840 01

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша ақша ағыны бойынша міндеттемелер;

      2) егер сақтандырумен қамту кезеңінің басталу күні сақтанушының бірінші төлемді төлеу мерзімінен ерте басталса:

      қабылданған исламдық сақтандыру шарттары бойынша төленуге тиіс талаптар сомасына мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      баланстық шоттарда:


Дт

1280 55

Қабылданған исламдық сақтандыру шарттары бойынша алынатын сақтандыру сыйлықақысы


Кт

3390 20

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер

      баланстан тыс шоттарда сақтандыру шарты бойынша сыйлықақы сомасына:


Дт

8840 08

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысы


Кт

8840 01

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша ақша ағыны бойынша міндеттемелер

      сақтандыру сыйлықақысын нақты алған кезде:

      баланстық шоттарда:


Дт

1010

Кассадағы ақшалай қаражат


1030

Ағымдағы шоттардағы ақшалай қаражат


Кт

1280 55

Қабылданған исламдық сақтандыру шарттары бойынша алынатын сақтандыру сыйлықақысы

      баланстан тыс шоттарда:


Дт

8770 01

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша клиенттердің ақшалай қаражатын есепке алу шоты


Кт

8840 08

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысы.

      4. Туындаған сақтандыру шығыны бойынша міндеттемелер туындаған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:


Дт

8780 05

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру қызметіне байланысты шығыс


Кт

8840 07

Исламдық сақтандыру ұйымдарының туындаған шығын бойынша міндеттемелері.

      5. Сақтандыру ұйымы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асырған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) сақтандыру шарты бойынша сақтандыру түсімінің сомасына:


Дт

8840 01

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша ақша ағыны бойынша міндеттемелер


Кт

8870 05

Сақтандыру түсімі (исламдық сақтандырудан кіріс);

      2) төленуге тиіс ақша сомасына:


Дт

8840 07

Исламдық сақтандыру ұйымдарының туындаған шығын бойынша міндеттемелері


8780 06

Төлем бойынша сақтандыру шығысы


Кт

8770 01

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша клиенттердің ақшалай қаражатынын есепке алу шоты

      және бір мезгілде баланстық шоттарда нақты төленетін ақша сомасына:


Дт

3390 20

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер


1010

Кассадағы ақшалай қаражат


Кт

1030

Ағымдағы шоттардағы ақшалай қаражат.

      6. Қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзетуді көрсету үшін мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:


Дт

8780 03

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету түріндегі сақтандыру шығысы


Кт

8840 02

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету.

      7. Қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзетуді азайтудан кірісті тану кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:


Дт

8840 02

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету


Кт

8870 03

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзетуді азайтудан кіріс.

2-параграф. Кейіннен ауыртпалық туындаған кезде сыйлықақыны бөлу тәсілін пайдалана отырып, исламдық сақтандыру шарттары топтарының бухгалтерлік есебі

      8. Исламдық сақтандыру шарттарының ауыртпалық тобын құратын болашақ байланысты ақша ағынына қатысты күтулер өзгерген кезде:

      1) тәуекелді түзетуді болашақ ақша ағынын бағалауға байланысты қаржылық емес тәуекелге түзету мынадай бухгалтерлік жазбамен көрсетіледі:


Дт

8780 02

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы түріндегі сақтандыру шығысы


Кт

8850 05

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы (қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету бойынша);

      2) шарттардың ауыртпалық тобы бойынша исламдық сақтандыру шарттарының ақша ағындары бойынша міндеттемелер құрамындағы шығынның құрауышын тану мынадай бухгалтерлік жазбамен көрсетіледі:


Дт

8780 02

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы түріндегі сақтандыру шығысы


Кт

8840 03

Шығынның құрауышы (исламдық сақтандыру шарттары бойынша ақша ағыны бойынша міндеттемелер бойынша)".

3-тарау. Жалпы бағалау моделі бойынша сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебі

1-параграф. Ауыртпалықты болып табылмайтын исламдық сақтандыру шарттары топтарының бухгалтерлік есебі

      9. Исламдық сақтандыру шарттарының топтарын бастапқы тану кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) егер сақтанушының бірінші төлемді төлеу күні сақтандырумен қамту кезеңі басталу күніне сәйкес келсе немесе ертерек басталса:

      исламдық сақтандыру шарты бойынша қабылданған ақша сомасына мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      баланстық шоттарда:


Дт

1010

Кассадағы ақшалай қаражат


1030

Ағымдағы шоттардағы ақшалай қаражат


Кт

4040 19

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер

      баланстан тыс шоттарда сақтандыру шарты бойынша сыйлықақы сомасына:


Дт

8770 01

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша клиенттердің ақшалай қаражатын есепке алу шоты


Кт

8850 01

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау


8850 02

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша маржа


8850 03

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету;

      2) егер сақтандырумен қамту кезеңінің басталу күні сақтанушының бірінші төлемді төлеу мерзімінен ерте басталса:

      қабылданған исламдық сақтандыру шарттары бойынша төленуге тиіс сыйлықақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      баланстық шоттарда:


Дт

1280 55

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша алынатын сақтандыру сыйлықақысы


Кт

4040 19

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер

      баланстан тыс шоттарда сақтандыру шарттары бойынша маржа сомасына және қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету сомасына:


Дт

8840 08

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысы


Кт

8850 02

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша маржа


8850 03

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету.

      баланстан тыс шоттарда сақтандыру сыйлықақысын нақты алған кезде:


Дт

8770 01

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша клиенттердің ақшалай қаражатын есепке алу шоты


Кт

8850 01

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау


8840 08

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысы

      және бір мезгілде баланстық шоттарда:


Дт

1010

Кассадағы ақшалай қаражат


1030

Ағымдағы шоттардағы ақшалай қаражат


Кт

1280 55

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша алынатын сақтандыру сыйлықақысы.

      10. Ақшаның уақытша құнының әсерін көрсету кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау бойынша қаржылық шығыс сомасына:


Дт

8780 07

Исламдық сақтандыру бойынша қаржылық шығыс


Кт

8850 01

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау;

      2) шартта көзделген қызмет үшін маржа бойынша қаржылық шығыс сомасына:


Дт

8780 07

Исламдық сақтандыру бойынша қаржылық шығыс


Кт

8850 02

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша маржа.

      11. Қаржылық емес тәуекелге тәуекелдік түзетуді азайтудан кірісті тану кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:


Дт

8850 03

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету.


Кт

8870 03

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзетуді азайтудан кіріс.

      12. Шартта көзделген қызмет үшін маржаның амортизациясынан түсетін кірісті тану кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:


Дт

8850 02

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша маржа


Кт

8870 04

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша маржаның амортизациясынан кіріс.

      13. Болашақ кезеңдердің қызметіне жататын қаржылық емес тәуекелге тәуекелдік түзету ұлғайған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:


Дт

8850 02

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша маржа


Кт

8850 03

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету.

      14. Ақшалай қаражаттың болашақ ағынының келтірілген құнын есептік бағалары ұлғайған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:


Дт

8850 02

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша маржа


Кт

8850 01

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау.

      15. Болашақ кірісті арттыратын болашақ байланысты ақша ағынына қатысты күтулер өзгерген кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) болашақ кезеңдердің қызметіне жататын қаржылық емес нарыққа тәуекелдік түзету азайған кезде:


Дт

8850 03

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету


Кт

8850 02

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша маржа;

      2) ақшалай қаражаттың болашақ ағынының келтірілген құнын есептік бағалары азайған кезде:


Дт

8850 01

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау


Кт

8850 02

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша маржа.

2-параграф. Кейіннен олар бойынша ауыртпалық туындаған кезде ауыртпалық салынбаған исламдық сақтандыру шарттары топтарының бухгалтерлік есебі

      16. Осы тараудың 2-параграфына сәйкес ескерілетін, кейіннен сақтандыру шарттарының ауыртпалық тобын құрайтын исламдық сақтандыру шарттарының болашақ байланысты ақша ағынына қатысты күтулер өзгерген кезде:

      1) шартта көзделген қызмет үшін маржа шотында есептелетін қалдықтар шегіндегі сомаға мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:


Дт

8850 02

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша маржа


Кт

8850 01

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау


8850 03

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету;

      2) тәуекелі бар түзетуді болашақ ақшалай қаражат ағынын бағалауға байланысты қаржылық емес тәуекелге түзету мынадай бухгалтерлік жазбада көрсетіледі:


Дт

8780 02

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы түріндегі сақтандыру шығысы


Кт

8840 04

Шығынның құрауышы (исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету бойынша);

      3) шарттардың ауыртпалық тобы бойынша күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау бойынша шығын құрауышын тану мынадай бухгалтерлік жазбада көрсетіледі:


Дт

8780 02

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы түріндегі сақтандыру шығысы


Кт

8850 04

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы (күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау бойынша);

      4) ақшаның уақытша құнының шығынның құрауышына әсері көрсетілген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:


Дт

8780 07

Исламдық сақтандыру бойынша қаржылық шығыс


Кт

8850 01

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау


8850 04

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы (күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау бойынша).

3-параграф. Ауыртпалық салынған исламдық сақтандыру шарттары топтарының бухгалтерлік есебі

      17. Исламдық сақтандыру шарттарының ауыртпалық салынған топтары бойынша исламдық сақтандыру шарттарының топтарын бастапқы тану осы топтар ауыртпалық салынған күні жүзеге асырылады, бұл ретте мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      сақтанушыдан сақтандыру сыйлықақысын алған кезде баланстық шоттарда:


Дт

1010

Кассадағы ақшалай қаражат


1030

Ағымдағы шоттардағы ақшалай қаражат


Кт

4040 19

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер

      исламдық сақтандыру шарты бойынша сыйлықақы сомасына баланстан тыс шоттарда:


Дт

8770 01

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша клиенттердің ақшалай қаражатын есепке алу шоты


Кт

8850 01

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау


8850 03

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету

      және бір мезгілде шығынның құрауышы сомасына:


Дт

8780 02

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы түріндегі сақтандыру шығысы


Кт

8850 04

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы (күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау бойынша)


8840 04

Шығынның құрауышы (исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету бойынша).

      18. Ақшаның уақытша құнының әсерін көрсету кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:


Дт

8780 07

Исламдық сақтандыру бойынша қаржылық шығыс


Кт

8850 01

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау


8850 04

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы (күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау бойынша).

      19. Қаржылық емес тәуекелге тәуекелдік түзетуді азайтудан түскен табысты тану кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) шығынның құрауышы бойынша:


Дт

8840 04

Шығынның құрауышы (исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету бойынша)


Кт

8870 02

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы бойынша шығысты түзету;

      2) кіріс құрауышы бойынша:


Дт

8850 03

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету.


Кт

8870 03

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзетуді азайтудан кіріс.

4-параграф. Ауыртпалық салынған, кейіннен ауыртпалық салынбайтын исламдық сақтандыру шарттары топтарының бухгалтерлік есебі

      20. Осы тараудың 4-параграфына сәйкес ескерілетін, исламдық сақтандыру шарттарының болашақ кірістілігін ұлғайтатын болашақ байланысты ақша ағынына қатысты күтулер өзгерген кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) бұрын танылған шығынның құрауышы шегіндегі сомаға:


Дт

8850 04

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы (күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау бойынша)


Кт

8870 02

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы бойынша шығысты түзету;

      2) шартта көзделген қызмет үшін маржа бұрын танылған шығынның құрауышынан асып кеткен сомаға танылған кезде:


Дт

8850 01

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау


Кт

8850 02

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша маржа.

5-параграф. Сақтандыру төлемдері бойынша операциялардың бухгалтерлік есебі

      21. Туындаған сақтандыру шығыны бойынша міндеттемелер туындаған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:


Дт

8780 05

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру қызметіне байланысты шығыс


Кт

8840 07

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін туындаған шығын бойынша міндеттемелер.

      22. Сақтандыру ұйымы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асырған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) ауыртпалық болып табылмайтын исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру түсімінің сомасына:


Дт

8850 01

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау


Кт

8870 05

Сақтандыру түсімі (исламдық сақтандырудан кіріс)

      төленуге жататын ақша сомасына:


Дт

8840 07

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін туындаған шығын бойынша міндеттемелер


8780 06

Төлем бойынша сақтандыру шығысы


Кт

8770 01

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша клиенттердің ақшалай қаражатын есепке алу шоты

      және бір мезгілде:


Дт

8780 06

Төлем бойынша сақтандыру шығысы


Кт

8780 05

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру қызметіне байланысты шығыс;

      2) исламдық сақтандыру шарттарының (инвестициялық құрамдас бөліктерді қоспағанда) ауыртпалық тобы бойынша сақтандыру түсімінің сомасына:


Дт

8850 01

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау


Кт

8870 05

Сақтандыру түсімі (исламдық сақтандырудан кіріс)

      және бір мезгілде төленуге тиіс сомаға (инвестициялық құрамдас бөліктерді қоспағанда):


Дт

8840 07

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін туындаған шығын бойынша міндеттемелер


8780 06

Төлем бойынша сақтандыру шығысы


8850 04

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы (күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау бойынша)


8840 04

Шығынның құрауышы (исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету бойынша)


Кт

8770 01

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша клиенттердің ақшалай қаражатын есепке алу шоты

      және бір мезгілде:


Дт

8780 06

Төлем бойынша сақтандыру шығысы


Кт

8780 05

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру қызметіне байланысты шығыс;

      3) кейіннен исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру түсімінің сомасына (инвестициялық құрамдас бөліктерді қоспағанда) ауыртпалыққа айналатын исламдық сақтандыру шарттары бойынша:


Дт

8850 01

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау


Кт

8870 05

Сақтандыру түсімі (исламдық сақтандырудан кіріс);

      исламдық сақтандыру ауыртпалық шарттарының топтары бойынша шығынын қалпына келтіру сомасына:


Дт

8850 04

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы (күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау бойынша)


Кт

8870 02

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы бойынша шығысты түзету;

      4) исламдық сақтандыру шарттары бойынша инвестициялық құрамдас бөліктерді төлеу кезінде:


Дт

8850 01

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау


Кт

8770 01

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша клиенттердің ақшалай қаражатын есепке алу шоты

      және бір мезгілде баланстық шоттарда нақты төленетін ақша сомасына:


Дт

4040 19

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер


Кт

1010

Кассадағы ақшалай қаражат


1030

Ағымдағы шоттардағы ақшалай қаражат".

4-тарау. Исламдық сақтандыру ұйымының қызметіне байланысты операциялардың бухгалтерлік есебі

      23. Исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі және (немесе) исламдық сақтандыру қорының қаражатын инвестициялаудан алынған кіріс бөлігі түріндегі сыйақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) баланстық шоттарда есептелген сыйақы сомасына:


Дт

1280 56

Исламдық сақтандыру ұйымының қорды басқару үшін исламдық сақтандыру қорына қойылатын талабы


Кт

6280 45

Исламдық сақтандыру қорын басқарудан исламдық сақтандыру ұйымының комиссиялық кірісі;

      2) баланстық шоттарда нақты төленген ақша сомасына:


Дт

1010

Кассадағы ақшалай қаражат


1030

Ағымдағы шоттардағы ақшалай қаражат


Кт

1280 56

Исламдық сақтандыру ұйымының қорды басқару үшін исламдық сақтандыру қорына қойылатын талабы;

      3) нақты төленген ақша сомасына баланстан тыс шоттарда:


Дт

8790 04

Исламдық сақтандыру қорын басқару үшін комиссиялық шығыс


Кт

8770 01

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша клиенттердің ақшалай қаражатын есепке алу шоты".

5-тарау. Исламдық сақтандыру қоры қаражатының жеткіліксіздігіне байланысты исламдық сақтандыру ұйымы берген ақшаның бухгалтерлік есебі

      24. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан исламдық сақтандыру қоры исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін олардың болашақта ақшалай түсімдер есебінен қайтарылуы талабымен исламдық сақтандыру қорының қаражатының жеткіліксіздігіне байланысты берілген ақшаны алған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:


Дт

1280 57

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін исламдық сақтандыру қоры қаражатының жеткіліксіздігіне байланысты исламдық сақтандыру ұйымына қойылатын талап


Кт

4040 19

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер


3390 20

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер.

      25. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының исламдық сақтандыру қоры ақшаны қайтарған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:


Дт

1010

Кассадағы ақшалай қаражат


1030

Ағымдағы шоттардағы ақшалай қаражат.


Кт

1280 57

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін исламдық сақтандыру қоры қаражатының жеткіліксіздігіне байланысты исламдық сақтандыру ұйымына қойылатын талап".