Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына исламдық қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есеп жүргізуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 21 тамыздағы № 63 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 қыркүйекте № 33384 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.12.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының исламдық қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есеп жүргізуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Бухгалтерлік есеп департаменті (Д.А. Тайшибаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Н.Қ. Қосбаев) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Ш. Шолпанқұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
Г. Пирматов

  Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2023 жылғы 21 тамыздағы
№ 63 Қаулыға
қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының исламдық қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есеп жүргізуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктердің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктердің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:

      2-тарауда:

      2-параграфта:

      2728-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 2729-шотпен толықтырылсын:


"2729

Инвестициялық депозиттер бойынша кіріс бөлігін төлеу бойынша міндеттемелер";

      5-параграфта:

      5237-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 5238-шотпен толықтырылсын:


"5238

Инвестициялық депозит бойынша кіріс бөлігін төлеу бойынша шығыс";

      3-тарауда:

      1-параграфта:

      2728-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 2729-шотпен толықтырылсын:

      "2729. Инвестициялық депозиттер бойынша кіріс бөлігін төлеу бойынша міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шартқа сәйкес инвестициялық депозиттер бойынша кіріс бөлігін төлеу бойынша міндеттемелер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша инвестициялық депозиттер бойынша кіріс бөлігін төлеу бойынша міндеттемелердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозиттер бойынша кіріс бөлігін төлеу бойынша міндеттемелердің сомасын есептен шығару жазылады.";

      5237-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 5238-шотпен толықтырылсын:

      "5238. Инвестициялық депозит бойынша кіріс бөлігін төлеу бойынша шығыс (актив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шартқа сәйкес инвестициялық депозит бойынша кіріс бөлігін төлеу бойынша шығыс сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит бойынша кіріс бөлігін төлеуге байланысты шығыс сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша жұмсалған шығыс сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.".

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 83 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11653 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының исламдық қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есеп жүргізуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесіне қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

      3. "Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Ислам банктерінің бухгалтерлік есеп жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 46 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15117 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ислам банктерінің бухгалтерлік есеп жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:

      мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:

      "2-1-тарау. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес міндеттемелерді тану критерийлеріне сәйкес келетін инвестициялық депозиттер операцияларының бухгалтерлік есебі

      45-1. Банк инвестициялық депозит туралы шарт бойынша жеке немесе заңды тұлғадан инвестициялық депозит шарты бойынша қабылданған ақша сомасына инвестициялық депозитті қабылдаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:


Дт

1001

Кассадағы қолма-қол ақша



1051

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шот



1052

Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар



2203

Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары



2204

Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары


Кт

2245

Инвестициялық депозиттер.

      45-2. Ивестициялық депозит туралы шарт талаптарына сәйкес инвестициялық депозит бойынша клиентке тиесілі кірісті банктің есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен есептеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:


Дт

5238

Инвестициялық депозит бойынша кіріс бөлігін төлеу бойынша шығыс


Кт

2729

Инвестициялық депозиттер бойынша кіріс бөлігін төлеу бойынша міндеттемелер

      клиентке инвестициялық депозит бойынша кірісті төлеу кезінде:


Дт

2729

Инвестициялық депозиттер бойынша кіріс бөлігін төлеу бойынша міндеттемелер


Кт

2203

Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары



2204

Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары



2205

Жеке тұлғалардың талап етуге дейінгі салымдары



2211

Заңды тұлғалардың талап етуге дейінгі салымдары



1001

Кассадағы қолма-қол ақша



1051

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шот



1052

Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар.

      45-3. Шарт талаптарына сәйкес клиенттің ақшасын басқарғаны үшін банкке тиесілі кіріс бөлігін банктің есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен есептеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады


Дт

1729

Инвестициялық депозиттермен операциялар бойынша есептелген кіріс.


Кт

4618

Инвестициялық депозиттермен операциялар бойынша қызмет үшін кіріс

      және бір мезгілде:


Дт

2245

Инвестициялық депозиттер



2203

Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары



2204

Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары



2205

Жеке тұлғалардың талап етуге дейінгі салымдары



2211

Заңды тұлғалардың талап етуге дейінгі салымдары


Кт

1729

Инвестициялық депозиттермен операциялар бойынша есептелген кіріс.

      45-4. Инвестициялық депозит клиентке қайтарылған жағдайда мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:


Дт

2245

Инвестициялық депозиттер


Кт

2203

Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары



2204

Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары



2205

Жеке тұлғалардың талап етуге дейінгі салымдары



2211

Заңды тұлғалардың талап етуге дейінгі салымдары



1001

Кассадағы қолма-қол ақша



1051

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шот



1052

Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар.".

      4. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, өзара сақтандыру қоғамдарына және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 251 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16390 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      2-тарауда:

      1-параграфта:

      1280 54-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1280 55, 1280 56 және 1280 57-шоттармен толықтырылсын:


"1280 55

Қабылданған исламдық сақтандыру шарттары бойынша алынатын сақтандыру сыйлықақысы


1280 56

Исламдық сақтандыру ұйымының қорды басқару үшін исламдық сақтандыру қорына қойылатын талабы


1280 57

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін исламдық сақтандыру қоры қаражатының жеткіліксіздігіне байланысты исламдық сақтандыру ұйымына қойылатын талап";

      1290 25-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1290 26-шотпен толықтырылсын:


"1290 26

Исламдық сақтандыру ұйымдары берген қарыздардың құнсыздануына арналған резерв (провизия)";

      3-параграфта:

      3390 19-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 3390 20-шотпен толықтырылсын:


"3390 20

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер";

      4-параграфта:

      4040 18-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 4040 19-шотпен толықтырылсын:


"4040 19

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер";

      6-параграфта:

      6280 44-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 6280 45-шотпен толықтырылсын:


"6280 45

Исламдық сақтандыру қорын басқарудан исламдық сақтандыру ұйымының комиссиялық кірісі";

      9-параграфта:

      8760-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 8770 01, 8780 01, 8780 02, 8780 03, 8780 04, 8780 05, 8780 06, 8780 07 және 8790 04-шоттармен толықтырылсын:


"8770 01

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша клиенттердің ақшалай қаражатын есепке алу шоты


8780 01

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша ақша ағыны бойынша міндеттемелер шығынының құрауышы түріндегі шығыс


8780 02

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы түріндегі сақтандыру шығысы


8780 03

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету түріндегі сақтандыру шығысы


8780 04

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін аквизициялық шығыс


8780 05

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру қызметіне байланысты шығыс


8780 06

Төлем бойынша сақтандыру шығысы


8780 07

Исламдық сақтандыру бойынша қаржылық шығыс


8790 04

Исламдық сақтандыру қорын басқару үшін комиссиялық шығыс";

      8830-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 8840 01, 8840 02, 8840 03, 8840 04, 8840 05, 8840 06, 8840 07, 8840 08, 8850 01, 8850 02, 8850 03, 8850 04, 8850 05, 8850 06, 8860 01, 8860 02, 8860 03, 8870 01, 8870 02, 8870 03, 8870 04 және 8870 05-шоттармен толықтырылсын:


"8840 01

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша ақша ағыны бойынша міндеттемелер


8840 02

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету


8840 03

Шығынның құрауышы (исламдық сақтандыру шарттары бойынша ақша ағыны бойынша міндеттемелер бойынша)


8840 04

Шығынның құрауышы (исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету бойынша)


8840 05

Исламдық сақтандыру шарттары тобына жататын аквизициялық ақша ағыны бойынша міндеттемелер


8840 06

Исламдық сақтандыру шарттары тобына жататын басқа да ақша ағыны бойынша міндеттемелер


8840 07

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін туындаған шығын бойынша міндеттемелер


8840 08

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысы


8850 01

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау


8850 02

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша маржа


8850 03

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету


8850 04

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы (күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау бойынша)


8850 05

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы (қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету бойынша)


8850 06

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысы


8860 01

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қарыздарды қайта бағалауға арналған резерв


8860 02

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша күтілетін және орын алған кредиттік шығынға бағалау резервтері (провизиялар)


8860 03

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қарыздар бойынша күтілетін және орын алған кредиттік шығынға бағалау резервтері (провизиялар)


8870 01

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін аквизициялық ақша ағынының құнсыздануы бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден (жоюдан) кіріс


8870 02

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы бойынша шығысты түзету


8870 03

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзетуді азайтудан кіріс


8870 04

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша маржаның амортизациясынан кіріс


8870 05

Сақтандыру түсімі (исламдық сақтандырудан кіріс)";

      3-тарауда:

      1-параграфта:

      1280 54-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1280 55, 1280 56 және 1280 57-шоттардың нөмірлерімен, атауларымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:

      "1280 55 "Қабылданған исламдық сақтандыру шарттары бойынша алынатын сақтандыру сыйлықақысы"

      Мақсаты: қабылданған исламдық сақтандыру шарттары бойынша алынуға тиіс сақтандыру сыйлықақысының сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған исламдық сақтандыру шарттары бойынша алынуға тиіс сақтандыру сыйлықақысының сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сақтанушы сақтандыру сыйлықақысының сомасын төлеген немесе төлеуді кешіктірген кезде оны есептен шығару жазылады.

      1280 56 "Исламдық сақтандыру ұйымының қорды басқару үшін исламдық сақтандыру қорына қойылатын талабы"

      Мақсаты: исламдық сақтандыру шарттарының топтары бойынша туындаған қорды басқару үшін ұйымның дебиторлық берешегін есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша исламдық сақтандыру шарттарының топтары бойынша туындаған қорды басқару үшін ұйымның дебиторлық берешегі көрсетіледі.

      Шоттың кредиті бойынша қорды басқару үшін дебиторлық берешекті өтеу немесе ұйымның балансынан есептен шығару кезінде оны есептен шығару көрсетіледі.

      1280 57 "Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін исламдық сақтандыру қоры қаражатының жеткіліксіздігіне байланысты исламдық сақтандыру ұйымына қойылатын талап"

      Мақсаты: шарттар бойынша міндеттемелерді орындау үшін исламдық сақтандыру ұйымынан исламдық сақтандыру қоры алуға тиіс талаптардың сомасын есепке алу

      Шоттың дебеті бойынша шарттар бойынша міндеттемелерді орындау үшін исламдық сақтандыру ұйымынан исламдық сақтандыру қоры алуға тиіс талаптардың сомасы жазылады

      Шоттың кредиті бойынша талаптардың сомасын сақтандыру ұйымы төлеген немесе төлеуді кешіктірген кезде оны есептен шығару жазылады.";

      1290 25-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1290 26-шоттың нөмірімен, атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:

      "1290 26 "Исламдық сақтандыру ұйымдары берген қарыздардың құнсыздануына арналған резерв (провизия)"

      Мақсаты: исламдық сақтандыру ұйымдары берген қарыздардың құнсыздануына арналған резервтер (провизиялар) сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша исламдық сақтандыру ұйымдары берген қарыздардың құнсыздануына арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша құрылған резервтердің (провизиялардың) сомасын есептен шығару жазылады.";

      3390 19-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 3390 20-шоттың нөмірімен, атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:

      "3390 20 "Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер"

      Мақсаты: сыйлықақыларды бөлу тәсілі негізінде бағаланатын исламдық сақтандыру шарттарының топтары бойынша ақша ағыны бойынша міндеттемелерді есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша исламдық сақтандыру шарттары бойынша ақша ағыны жөніндегі міндеттемелер көрсетіледі.

      Шоттың дебеті бойынша исламдық сақтандыру шарттары бойынша ақша ағыны жөніндегі міндеттемелерді есептен шығару/азайту көрсетіледі.";

      4040 18-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 4040 19- шоттың нөмірімен, атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:

      "4040 19 "Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер"

      Мақсаты: жалпы бағалау моделі негізінде бағаланатын исламдық сақтандыру шарттарының топтары бойынша ақша ағыны жөніндегі міндеттемелерді есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша исламдық сақтандыру шарттары бойынша ақша ағыны жөніндегі міндеттемелер көрсетіледі.

      Шоттың дебеті бойынша исламдық сақтандыру шарттары бойынша ақша ағыны жөніндегі міндеттемелерді есептен шығару/азайту көрсетіледі.".;

      6280 44-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 6280 45-шоттың нөмірімен, атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:

      6280 45 "Исламдық сақтандыру қорын басқарудан исламдық сақтандыру ұйымының комиссиялық кірісі"

      Мақсаты: исламдық сақтандыру қорын басқарудан исламдық сақтандыру ұйымының комиссиялық кірісін есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша исламдық сақтандыру қорын басқарудан исламдық сақтандыру ұйымының комиссиялық кірісінің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша басқа да кірістің сомасын № 5610 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      3-параграфта:

      8760-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 8770 01, 8780 01, 8780 02, 8780 03, 8780 04, 8780 05, 8780 06, 8780 07 және 8790 04-шоттардың нөмірлерімен, атауларымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:

      "8770 01" Исламдық сақтандыру шарттары бойынша клиенттердің ақшалай қаражатын есепке алу шоты"

      Мақсаты: исламдық сақтандыру шарттары бойынша клиенттердің ақшалай қаражатының сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша исламдық сақтандыру шарттары бойынша клиенттердің ақшалай қаражатының сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша исламдық сақтандыру шарттары бойынша клиенттердің ақшалай қаражатының сомасын оларды мақсаты бойынша пайдалану кезінде есептен шығару жазылады.

      8780 01 "Исламдық сақтандыру шарттары бойынша ақша ағыны бойынша міндеттемелер шығынының құрауышы түріндегі шығыс"

      Мақсаты: исламдық сақтандыру шарттары бойынша ақша ағыны бойынша міндеттемелер шығынының құрауышын қалыптастыру бойынша шығысты есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша исламдық сақтандыру шарттары бойынша ақша ағыны бойынша зиянның құрауышы жөніндегі шығыс көрсетіледі.

      Шоттың кредиті бойынша жұмсалған шығысты № 5610 баланстық шотқа есептен шығару көрсетіледі.

      8780 02 "Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы түріндегі сақтандыру шығысы"

      Мақсаты: исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы бойынша шығысты есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы бойынша шығыс көрсетіледі.

      Шоттың кредиті бойынша жұмсалған шығысты № 5610 баланстық шотқа есептен шығару көрсетіледі.

      8780 03 "Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету түріндегі сақтандыру шығысы"

      Мақсаты: сыйлықақыны бөлу тәсілін пайдалану кезінде қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзетуді қалыптастыру бойынша шығысты есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сыйлықақыларды бөлу тәсілін пайдалану кезінде қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзетуді қалыптастыру бойынша шығыс көрсетіледі.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығысты № 5610 баланстық шотқа есептен шығару көрсетіледі.

      8780 04 "Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін аквизициялық шығыс"

      Мақсаты: исламдық сақтандыру ұйымдарының аквизициялық шығысын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша исламдық сақтандыру ұйымдарының аквизициялық шығысы көрсетіледі.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығысты № 5610 баланстық шотқа есептен шығару көрсетіледі.

      8780 05 "Исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру қызметіне байланысты шығыс"

      Мақсаты: исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру қызметіне байланысты шығыс сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру қызметіне байланысты шығыс сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру қызметіне байланысты жұмсалған шығыстың сомасын № 5610 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      8780 06 "Төлем бойынша сақтандыру шығысы"

      Мақсаты: исламдық сақтандыру шарттарының топтары бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемдері түріндегі шығысты есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша исламдық сақтандыру шарттарының топтары бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемдері түріндегі шығыс көрсетіледі.

      Шоттың кредиті бойынша жұмсалған шығысты № 5610 баланстық шотқа есептен шығару көрсетіледі.

      8780 07 "Исламдық сақтандыру бойынша қаржылық шығыс"

      Мақсаты: ақшаның уақытша құнының әсерін және қаржылық тәуекелдің әсерін көрсететін шығысты есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша ақшаның уақытша құнының әсеріне және қаржылық тәуекелдің әсеріне байланысты шығыстың қалыптасуы/құрылуы көрсетіледі.

      Шоттың дебеті бойынша кірісті № 5610 баланстық шотқа есептен шығару көрсетіледі.

      8790 04 "Исламдық сақтандыру қорын басқару үшін комиссиялық шығыс"

      Мақсаты: исламдық сақтандыру қорын басқару үшін комиссиялық шығыстың сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша исламдық сақтандыру қорын басқару үшін комиссиялық шығыстың сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша жұмсалған шығыстың сомасы № 5610 баланстық шотқа есептен шығарылады.";

      8830-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 8840 01, 8840 02, 8840 03, 8840 04, 8840 05, 8840 06, 8840 07, 8840 08, 8850 01, 8850 02, 8850 03, 8850 04, 8850 05, 8850 06, 8860 01, 8860 02, 8860 03, 8870 01, 8870 02, 8870 03, 8870 04 және 8870 05-шоттардың нөмірлерімен, атауларымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:

      "8840 01 "Исламдық сақтандыру шарттары бойынша ақша ағыны бойынша міндеттемелер"

      Мақсаты: сыйлықақыларды бөлу тәсілі негізінде бағаланатын исламдық сақтандыру шарттарының топтары бойынша ақша ағыны бойынша міндеттемелерді есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша исламдық сақтандыру шарттары бойынша ақша ағыны бойынша міндеттемелер көрсетіледі.

      Шоттың дебеті бойынша исламдық сақтандыру шарттары бойынша ақша ағыны жөніндегі міндеттемелерді есептен шығару/азайту көрсетіледі.

      8840 02 "Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету"

      Мақсаты: исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзетулерді есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету көрсетіледі.

      Шоттың дебеті бойынша исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелдік түзетуді азайту және (немесе) есептен шығару көрсетіледі.

      8840 03 "Шығынның құрауышы (исламдық сақтандыру шарттары бойынша ақша ағыны бойынша міндеттемелер бойынша)"

      Мақсаты: исламдық сақтандыру шарттарының топтары бойынша ақша ағыны бойынша міндеттемелер бойынша шығын құрауышын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша исламдық сақтандыру шарттары бойынша ақша ақша ағыны міндеттемелер бойынша шығын құрауышы көрсетіледі.

      Шоттың дебеті бойынша исламдық сақтандыру шарттары бойынша ақша ақша ағыны міндеттемелер бойынша шығын құрауышының азаюы көрсетіледі.

      8840 04 "Шығынның құрауышы (исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету бойынша)"

      Мақсаты: исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету бойынша шығын құрауышын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету бойынша шығын құрауышы көрсетіледі.

      Шоттың дебеті бойынша исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету бойынша шығын құрауышының азаюы көрсетіледі.

      8840 05 "Исламдық сақтандыру шарттары тобына жататын аквизициялық ақша ағыны бойынша міндеттемелер"

      Мақсаты: исламдық сақтандыру шарттарының танылған тобына жататын аквизициялық ақша ағыны бойынша міндеттемелерді есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша исламдық сақтандыру шарттары бойынша аквизициялық ақша ағыны бойынша міндеттемелер көрсетіледі.

      Шоттың дебеті бойынша исламдық сақтандыру шарттары бойынша аквизициялық ақша ағыны бойынша міндеттемелерді есептен шығару/азайту көрсетіледі.

      8840 06 "Исламдық сақтандыру шарттары тобына жататын басқа да ақша ағыны бойынша міндеттемелер"

      Мақсаты: исламдық сақтандыру шарттарының танылған тобына жататын, бірақ аквизициялық ақша ағыны болып табылмайтын басқа да ақша ағынына қатысты міндеттемелерді есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша исламдық сақтандыру шарттарының тобына жататын басқа да ақша ағыны бойынша міндеттемелер көрсетіледі.

      Шоттың дебеті бойынша исламдық сақтандыру шарттары бойынша басқа да ақша ағыны бойынша міндеттемелерді есептен шығару/азайту көрсетіледі.

      8840 07 "Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін туындаған шығын бойынша міндеттемелер"

      Мақсаты: өткен кезеңдердің қызметтеріне қатысты шарттарды орындау бойынша ақша ағынын қамтитын исламдық сақтандыру ұйымдары үшін туындаған сақтандыру шығыны бойынша міндеттемелерді есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша исламдық сақтандыру ұйымдары үшін туындаған сақтандыру шығыны бойынша міндеттемелер көрсетіледі.

      Шоттың дебеті бойынша исламдық сақтандыру ұйымдары үшін туындаған сақтандыру шығыны бойынша міндеттемелерді есептен шығару/азайту көрсетіледі.

      8840 08 "Исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысы"

      Мақсаты: исламдық сақтандыру шарттары бойынша болашақ ақша ағынының бағалау сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша исламдық сақтандыру шарттары бойынша болашақ ақша ағынының бағалау сомасы көрсетіледі.

      Шоттың кредиті бойынша исламдық сақтандыру шарттары бойынша болашақ ақша ағынының бағалау сомасын есептен шығару және (немесе) азайту көрсетіледі.

      8850 01 "Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау"

      Мақсаты: исламдық сақтандыру шарттарының топтары бойынша күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалауды есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша исламдық сақтандыру шарттарының топтары бойынша күтілетін ақша ағынының ең жақсы бағасы көрсетіледі.

      Шоттың дебеті бойынша есептік бағалаулар өзгерген кезде күтілетін ақша ағынының ең жақсы бағасын есептен шығару және (немесе) азайту көрсетіледі.

      8850 02 "Исламдық сақтандыру шарттары бойынша маржа" (пассивті).

      Мақсаты: исламдық сақтандыру шарттарының топтары бойынша шартта көзделген қызметтер үшін маржаны есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша шартта көзделген қызметтер үшін маржа көрсетіледі.

      Шоттың дебеті бойынша шартта көзделген қызметтер үшін маржаның есептен шығарылуы көрсетіледі.

      8850 03 "Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету"

      Мақсаты: исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзетуді есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша исламдық сақтандыру ұйымдары үшін тәуекелді қаржылық емес тәуекелге түзету көрсетіледі.

      Шоттың дебеті бойынша исламдық сақтандыру ұйымдары үшін тәуекелді қаржылық емес тәуекелге түзетудің азаюы және (немесе) есептен шығарылуы көрсетіледі.

      8850 04 "Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы (күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау бойынша)"

      Мақсаты: исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау бойынша шығын компонентін есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау бойынша шығын компоненті көрсетіледі.

      Шоттың дебеті бойынша исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау бойынша шығын компонентінің азаюы көрсетіледі.

      8850 05 "Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы (қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету бойынша)"

      Мақсаты: исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелді тәуекелге түзету бойынша шығынның құрауышын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша исламдық сақтандыру ұйымдары үшін тәуекелді қаржылық емес тәуекелге түзету бойынша шығынның құрамдас бөлігі көрсетіледі

      Шоттың дебеті бойынша исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелдік түзету бойынша залал шығынның құрамдас бөлігінің азаюы көрсетіледі.

      8850 06 "Исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысы"

      Мақсаты: исламдық сақтандыру шарттары бойынша болашақ ақша ағынын бағалау сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша исламдық сақтандыру шарттары бойынша болашақ ақша ағынын бағалау сомасы көрсетіледі.

      Шоттың кредиті бойынша исламдық сақтандыру шарттары бойынша болашақ ақша ағынын бағалау сомасын есептен шығару және (немесе) азайту көрсетіледі.

      8860 01 "Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қарыздарды қайта бағалауға арналған резерв"

      Мақсаты: исламдық сақтандыру ұйымдары үшін басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қарыздардың құнын қайта бағалау резервтерінің сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша өзге жиынтық кіріс арқылы ескерілетін қарыздардың құнын оң қайта бағалау сомасы, сондай-ақ олар бойынша шығарылған немесе исламдық сақтандыру ұйымдары үшін тиісті баланстық шоттармен корреспонденцияда қаржы активтерінің басқа санатына аударылған жинақталған қайта бағалау сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша өзге жиынтық кіріс арқылы ескерілетін қарыздардың құнын теріс қайта бағалау сомасы, сондай-ақ олар бойынша шығарылған немесе исламдық сақтандыру ұйымдары үшін тиісті баланстық шоттармен корреспонденцияда қаржы активтерінің басқа санатына аударылған жинақталған қайта бағалау сомасы жазылады.

      8860 02 "Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша күтілетін және орын алған кредиттік шығынға бағалау резервтері (провизиялар)"

      Мақсаты: исламдық сақтандыру ұйымдары үшін басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша ескерілетін қаржы активтері бойынша шығынды жабуға арналған резервтер (провизиялар) сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша исламдық сақтандыру ұйымдары үшін өзге жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша ескерілетін қаржы активтері бойынша шығынды жабуға құрылатын резервтердің (провизиялардың) сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша құрылған резервтердің (провизиялардың) сомасы исламдық сақтандыру ұйымдары үшін баланстан қаржы активі бойынша талаптарды жойған немесе есептен шығарған кезде әділ құны бойынша өзге жиынтық кіріс арқылы ескерілетін қаржы активтері бойынша шығынды жабуға есептен шығарылады.

      8860 03 "Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қарыздар бойынша күтілетін және орын алған кредиттік шығынға бағалау резервтері (провизиялар)"

      Мақсаты: исламдық сақтандыру ұйымдары үшін басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қарыздар бойынша шығынды жабуға арналған резервтер (провизиялар) сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қарыздар бойынша шығынды жабуға құрылатын резервтердің (провизиялардың) сомасы олардың күші жойылған немесе исламдық сақтандыру ұйымдары үшін баланстан қаржы активі бойынша талаптар есептен шығарылған кезде жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша құрылған резервтердің (провизиялардың) сомасын исламдық сақтандыру ұйымдары үшін өзге жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша ескерілетін заемдар бойынша шығынды жабуға есептен шығару жазылады.

      8870 01 "Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін аквизициялық ақша ағынының құнсыздануы бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден (жоюдан) кіріс"

      Мақсаты: исламдық сақтандыру ұйымдары үшін аквизициялық ақша ағынының құнсыздануы бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіру (жою) сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша исламдық сақтандыру ұйымдары үшін аквизициялық ақша ағынының құнсыздануы бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден (жоюдан) түскен кіріс сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кіріс сомасын № 5610 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      8870 02 "Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы бойынша шығысты түзету"

      Мақсаты: исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығысты азайту кезінде шығын құрауышы бойынша шығысты түзету сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығын компоненті бойынша шығысты түзету көрсетіледі.

      Шоттың дебеті бойынша № 5610 баланстық шотқа түзетуді есептен шығару көрсетіледі.

      8870 03 "Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзетуді азайтудан кіріс".

      Мақсаты: исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзетуді азайтудан кірісті есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша исламдық сақтандыру ұйымдары үшін тәуекелді қаржылық емес тәуекелге түзетудің азаюына байланысты кіріс көрсетіледі.

      Шоттың дебеті бойынша кірісті № 5610 баланстық шотқа есептен шығару көрсетіледі.

      8870 04 "Исламдық сақтандыру шарттары бойынша маржаның амортизациясынан кіріс"

      Мақсаты: исламдық сақтандыру шарттарының топтары бойынша шартта көзделген қызметтер үшін маржаның амортизациясынан кірісті есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша көзделген қызметтер үшін маржаның амортизациясына байланысты кіріс көрсетіледі.

      Шоттың дебеті бойынша кірісті № 5610 баланстық шотқа есептен шығару көрсетіледі.

      8870 05 "Сақтандыру түсімі (исламдық сақтандырудан кіріс)"

      Мақсаты: кезең ішінде қызмет көрсету салдарынан сақтандыру өтемінің қалған бөлігі бойынша міндеттемелердің азаюына байланысты сақтандыру бойынша кірісті есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша кезең ішінде қызметтер көрсету салдарынан сақтандыру өтемінің қалған бөлігі бойынша міндеттемелердің азаюына байланысты кіріс көрсетіледі.

      Шоттың дебеті бойынша кірісті № 5610 баланстық шотқа есептен шығару көрсетіледі.".

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
исламдық қаржы ұйымдарының
бухгалтерлік есеп жүргізуі
мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізілетін
кейбір қаулылары тізбесіне
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 27 мамырдағы
№ 83 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 63) тармақшасына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 52-3-бабына (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң), "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына, халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының (бұдан әрі – исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары) сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізуін нақтылайды.

      2. Нұсқаулыққа, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына, Сақтандыру қызметі туралы заңға және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына қайшы келмейтiн қосымша бухгалтерлiк жазбалар жасауға жол берiледi.

2-тарау. Сыйлықақыны бөлу әдісі бойынша исламдық сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебі

1-параграф. Сыйлықақыны бөлу тәсілін пайдалана отырып, исламдық сақтандыру шарттары топтарының бухгалтерлік есебі

      3. Исламдық сақтандыру шарттарының топтарын бастапқы тану кезінде:

      1) егер сақтанушының бірінші төлемді төлеу күні сақтандырумен қамту кезеңі басталу күніне сәйкес келсе немесе ерте басталса:

      исламдық сақтандыру шарты бойынша қабылданған ақша сомасына мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      баланстық шоттарда:


Дт

1010

Кассадағы ақшалай қаражат



1030

Ағымдағы шоттардағы ақшалай қаражат


Кт

3390 20

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер;

      баланстан тыс шоттарда сақтандыру шарты бойынша сыйлықақы сомасына:


Дт

8770 01

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша клиенттердің ақшалай қаражатын есепке алу шоты


Кт

8840 01

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша ақша ағыны бойынша міндеттемелер;

      2) егер сақтандырумен қамту кезеңінің басталу күні сақтанушының бірінші төлемді төлеу мерзімінен ерте басталса:

      қабылданған исламдық сақтандыру шарттары бойынша төленуге тиіс талаптар сомасына мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      баланстық шоттарда:


Дт

1280 55

Қабылданған исламдық сақтандыру шарттары бойынша алынатын сақтандыру сыйлықақысы


Кт

3390 20

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер

      баланстан тыс шоттарда сақтандыру шарты бойынша сыйлықақы сомасына:


Дт

8840 08

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысы


Кт

8840 01

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша ақша ағыны бойынша міндеттемелер

      сақтандыру сыйлықақысын нақты алған кезде:

      баланстық шоттарда:


Дт

1010

Кассадағы ақшалай қаражат


1030

Ағымдағы шоттардағы ақшалай қаражат


Кт

1280 55

Қабылданған исламдық сақтандыру шарттары бойынша алынатын сақтандыру сыйлықақысы

      баланстан тыс шоттарда:


Дт

8770 01

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша клиенттердің ақшалай қаражатын есепке алу шоты


Кт

8840 08

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысы.

      4. Туындаған сақтандыру шығыны бойынша міндеттемелер туындаған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:


Дт

8780 05

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру қызметіне байланысты шығыс


Кт

8840 07

Исламдық сақтандыру ұйымдарының туындаған шығын бойынша міндеттемелері.

      5. Сақтандыру ұйымы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асырған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) сақтандыру шарты бойынша сақтандыру түсімінің сомасына:


Дт

8840 01

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша ақша ағыны бойынша міндеттемелер


Кт

8870 05

Сақтандыру түсімі (исламдық сақтандырудан кіріс);

      2) төленуге тиіс ақша сомасына:


Дт

8840 07

Исламдық сақтандыру ұйымдарының туындаған шығын бойынша міндеттемелері


8780 06

Төлем бойынша сақтандыру шығысы


Кт

8770 01

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша клиенттердің ақшалай қаражатынын есепке алу шоты

      және бір мезгілде баланстық шоттарда нақты төленетін ақша сомасына:


Дт

3390 20

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер


1010

Кассадағы ақшалай қаражат


Кт

1030

Ағымдағы шоттардағы ақшалай қаражат.

      6. Қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзетуді көрсету үшін мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:


Дт

8780 03

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету түріндегі сақтандыру шығысы


Кт

8840 02

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету.

      7. Қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзетуді азайтудан кірісті тану кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:


Дт

8840 02

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету


Кт

8870 03

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзетуді азайтудан кіріс.

2-параграф. Кейіннен ауыртпалық туындаған кезде сыйлықақыны бөлу тәсілін пайдалана отырып, исламдық сақтандыру шарттары топтарының бухгалтерлік есебі

      8. Исламдық сақтандыру шарттарының ауыртпалық тобын құратын болашақ байланысты ақша ағынына қатысты күтулер өзгерген кезде:

      1) тәуекелді түзетуді болашақ ақша ағынын бағалауға байланысты қаржылық емес тәуекелге түзету мынадай бухгалтерлік жазбамен көрсетіледі:


Дт

8780 02

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы түріндегі сақтандыру шығысы


Кт

8850 05

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы (қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету бойынша);

      2) шарттардың ауыртпалық тобы бойынша исламдық сақтандыру шарттарының ақша ағындары бойынша міндеттемелер құрамындағы шығынның құрауышын тану мынадай бухгалтерлік жазбамен көрсетіледі:


Дт

8780 02

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы түріндегі сақтандыру шығысы


Кт

8840 03

Шығынның құрауышы (исламдық сақтандыру шарттары бойынша ақша ағыны бойынша міндеттемелер бойынша)".

3-тарау. Жалпы бағалау моделі бойынша сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебі

1-параграф. Ауыртпалықты болып табылмайтын исламдық сақтандыру шарттары топтарының бухгалтерлік есебі

      9. Исламдық сақтандыру шарттарының топтарын бастапқы тану кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) егер сақтанушының бірінші төлемді төлеу күні сақтандырумен қамту кезеңі басталу күніне сәйкес келсе немесе ертерек басталса:

      исламдық сақтандыру шарты бойынша қабылданған ақша сомасына мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      баланстық шоттарда:


Дт

1010

Кассадағы ақшалай қаражат


1030

Ағымдағы шоттардағы ақшалай қаражат


Кт

4040 19

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер

      баланстан тыс шоттарда сақтандыру шарты бойынша сыйлықақы сомасына:


Дт

8770 01

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша клиенттердің ақшалай қаражатын есепке алу шоты


Кт

8850 01

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау


8850 02

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша маржа


8850 03

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету;

      2) егер сақтандырумен қамту кезеңінің басталу күні сақтанушының бірінші төлемді төлеу мерзімінен ерте басталса:

      қабылданған исламдық сақтандыру шарттары бойынша төленуге тиіс сыйлықақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      баланстық шоттарда:


Дт

1280 55

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша алынатын сақтандыру сыйлықақысы


Кт

4040 19

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер

      баланстан тыс шоттарда сақтандыру шарттары бойынша маржа сомасына және қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету сомасына:


Дт

8840 08

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысы


Кт

8850 02

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша маржа


8850 03

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету.

      баланстан тыс шоттарда сақтандыру сыйлықақысын нақты алған кезде:


Дт

8770 01

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша клиенттердің ақшалай қаражатын есепке алу шоты


Кт

8850 01

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау


8840 08

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысы

      және бір мезгілде баланстық шоттарда:


Дт

1010

Кассадағы ақшалай қаражат


1030

Ағымдағы шоттардағы ақшалай қаражат


Кт

1280 55

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша алынатын сақтандыру сыйлықақысы.

      10. Ақшаның уақытша құнының әсерін көрсету кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау бойынша қаржылық шығыс сомасына:


Дт

8780 07

Исламдық сақтандыру бойынша қаржылық шығыс


Кт

8850 01

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау;

      2) шартта көзделген қызмет үшін маржа бойынша қаржылық шығыс сомасына:


Дт

8780 07

Исламдық сақтандыру бойынша қаржылық шығыс


Кт

8850 02

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша маржа.

      11. Қаржылық емес тәуекелге тәуекелдік түзетуді азайтудан кірісті тану кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:


Дт

8850 03

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету.


Кт

8870 03

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзетуді азайтудан кіріс.

      12. Шартта көзделген қызмет үшін маржаның амортизациясынан түсетін кірісті тану кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:


Дт

8850 02

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша маржа


Кт

8870 04

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша маржаның амортизациясынан кіріс.

      13. Болашақ кезеңдердің қызметіне жататын қаржылық емес тәуекелге тәуекелдік түзету ұлғайған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:


Дт

8850 02

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша маржа


Кт

8850 03

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету.

      14. Ақшалай қаражаттың болашақ ағынының келтірілген құнын есептік бағалары ұлғайған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:


Дт

8850 02

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша маржа


Кт

8850 01

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау.

      15. Болашақ кірісті арттыратын болашақ байланысты ақша ағынына қатысты күтулер өзгерген кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) болашақ кезеңдердің қызметіне жататын қаржылық емес нарыққа тәуекелдік түзету азайған кезде:


Дт

8850 03

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету


Кт

8850 02

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша маржа;

      2) ақшалай қаражаттың болашақ ағынының келтірілген құнын есептік бағалары азайған кезде:


Дт

8850 01

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау


Кт

8850 02

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша маржа.

2-параграф. Кейіннен олар бойынша ауыртпалық туындаған кезде ауыртпалық салынбаған исламдық сақтандыру шарттары топтарының бухгалтерлік есебі

      16. Осы тараудың 2-параграфына сәйкес ескерілетін, кейіннен сақтандыру шарттарының ауыртпалық тобын құрайтын исламдық сақтандыру шарттарының болашақ байланысты ақша ағынына қатысты күтулер өзгерген кезде:

      1) шартта көзделген қызмет үшін маржа шотында есептелетін қалдықтар шегіндегі сомаға мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:


Дт

8850 02

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша маржа


Кт

8850 01

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау


8850 03

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету;

      2) тәуекелі бар түзетуді болашақ ақшалай қаражат ағынын бағалауға байланысты қаржылық емес тәуекелге түзету мынадай бухгалтерлік жазбада көрсетіледі:


Дт

8780 02

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы түріндегі сақтандыру шығысы


Кт

8840 04

Шығынның құрауышы (исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету бойынша);

      3) шарттардың ауыртпалық тобы бойынша күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау бойынша шығын құрауышын тану мынадай бухгалтерлік жазбада көрсетіледі:


Дт

8780 02

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы түріндегі сақтандыру шығысы


Кт

8850 04

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы (күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау бойынша);

      4) ақшаның уақытша құнының шығынның құрауышына әсері көрсетілген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:


Дт

8780 07

Исламдық сақтандыру бойынша қаржылық шығыс


Кт

8850 01

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау


8850 04

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы (күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау бойынша).

3-параграф. Ауыртпалық салынған исламдық сақтандыру шарттары топтарының бухгалтерлік есебі

      17. Исламдық сақтандыру шарттарының ауыртпалық салынған топтары бойынша исламдық сақтандыру шарттарының топтарын бастапқы тану осы топтар ауыртпалық салынған күні жүзеге асырылады, бұл ретте мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      сақтанушыдан сақтандыру сыйлықақысын алған кезде баланстық шоттарда:


Дт

1010

Кассадағы ақшалай қаражат


1030

Ағымдағы шоттардағы ақшалай қаражат


Кт

4040 19

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер

      исламдық сақтандыру шарты бойынша сыйлықақы сомасына баланстан тыс шоттарда:


Дт

8770 01

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша клиенттердің ақшалай қаражатын есепке алу шоты


Кт

8850 01

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау


8850 03

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету

      және бір мезгілде шығынның құрауышы сомасына:


Дт

8780 02

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы түріндегі сақтандыру шығысы


Кт

8850 04

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы (күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау бойынша)


8840 04

Шығынның құрауышы (исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету бойынша).

      18. Ақшаның уақытша құнының әсерін көрсету кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:


Дт

8780 07

Исламдық сақтандыру бойынша қаржылық шығыс


Кт

8850 01

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау


8850 04

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы (күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау бойынша).

      19. Қаржылық емес тәуекелге тәуекелдік түзетуді азайтудан түскен табысты тану кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) шығынның құрауышы бойынша:


Дт

8840 04

Шығынның құрауышы (исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету бойынша)


Кт

8870 02

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы бойынша шығысты түзету;

      2) кіріс құрауышы бойынша:


Дт

8850 03

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету.


Кт

8870 03

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзетуді азайтудан кіріс.

4-параграф. Ауыртпалық салынған, кейіннен ауыртпалық салынбайтын исламдық сақтандыру шарттары топтарының бухгалтерлік есебі

      20. Осы тараудың 4-параграфына сәйкес ескерілетін, исламдық сақтандыру шарттарының болашақ кірістілігін ұлғайтатын болашақ байланысты ақша ағынына қатысты күтулер өзгерген кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) бұрын танылған шығынның құрауышы шегіндегі сомаға:


Дт

8850 04

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы (күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау бойынша)


Кт

8870 02

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы бойынша шығысты түзету;

      2) шартта көзделген қызмет үшін маржа бұрын танылған шығынның құрауышынан асып кеткен сомаға танылған кезде:


Дт

8850 01

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау


Кт

8850 02

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша маржа.

5-параграф. Сақтандыру төлемдері бойынша операциялардың бухгалтерлік есебі

      21. Туындаған сақтандыру шығыны бойынша міндеттемелер туындаған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:


Дт

8780 05

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру қызметіне байланысты шығыс


Кт

8840 07

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін туындаған шығын бойынша міндеттемелер.

      22. Сақтандыру ұйымы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асырған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) ауыртпалық болып табылмайтын исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру түсімінің сомасына:


Дт

8850 01

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау


Кт

8870 05

Сақтандыру түсімі (исламдық сақтандырудан кіріс)

      төленуге жататын ақша сомасына:


Дт

8840 07

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін туындаған шығын бойынша міндеттемелер


8780 06

Төлем бойынша сақтандыру шығысы


Кт

8770 01

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша клиенттердің ақшалай қаражатын есепке алу шоты

      және бір мезгілде:


Дт

8780 06

Төлем бойынша сақтандыру шығысы


Кт

8780 05

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру қызметіне байланысты шығыс;

      2) исламдық сақтандыру шарттарының (инвестициялық құрамдас бөліктерді қоспағанда) ауыртпалық тобы бойынша сақтандыру түсімінің сомасына:


Дт

8850 01

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау


Кт

8870 05

Сақтандыру түсімі (исламдық сақтандырудан кіріс)

      және бір мезгілде төленуге тиіс сомаға (инвестициялық құрамдас бөліктерді қоспағанда):


Дт

8840 07

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін туындаған шығын бойынша міндеттемелер


8780 06

Төлем бойынша сақтандыру шығысы


8850 04

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы (күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау бойынша)


8840 04

Шығынның құрауышы (исламдық сақтандыру ұйымдары үшін қаржылық емес тәуекелге тәуекелді түзету бойынша)


Кт

8770 01

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша клиенттердің ақшалай қаражатын есепке алу шоты

      және бір мезгілде:


Дт

8780 06

Төлем бойынша сақтандыру шығысы


Кт

8780 05

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру қызметіне байланысты шығыс;

      3) кейіннен исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру түсімінің сомасына (инвестициялық құрамдас бөліктерді қоспағанда) ауыртпалыққа айналатын исламдық сақтандыру шарттары бойынша:


Дт

8850 01

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау


Кт

8870 05

Сақтандыру түсімі (исламдық сақтандырудан кіріс);

      исламдық сақтандыру ауыртпалық шарттарының топтары бойынша шығынын қалпына келтіру сомасына:


Дт

8850 04

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы (күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау бойынша)


Кт

8870 02

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін шығынның құрауышы бойынша шығысты түзету;

      4) исламдық сақтандыру шарттары бойынша инвестициялық құрамдас бөліктерді төлеу кезінде:


Дт

8850 01

Исламдық сақтандыру ұйымдары үшін күтілетін ақша ағынын ең жақсы бағалау


Кт

8770 01

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша клиенттердің ақшалай қаражатын есепке алу шоты

      және бір мезгілде баланстық шоттарда нақты төленетін ақша сомасына:


Дт

4040 19

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер


Кт

1010

Кассадағы ақшалай қаражат


1030

Ағымдағы шоттардағы ақшалай қаражат".

4-тарау. Исламдық сақтандыру ұйымының қызметіне байланысты операциялардың бухгалтерлік есебі

      23. Исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі және (немесе) исламдық сақтандыру қорының қаражатын инвестициялаудан алынған кіріс бөлігі түріндегі сыйақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) баланстық шоттарда есептелген сыйақы сомасына:


Дт

1280 56

Исламдық сақтандыру ұйымының қорды басқару үшін исламдық сақтандыру қорына қойылатын талабы


Кт

6280 45

Исламдық сақтандыру қорын басқарудан исламдық сақтандыру ұйымының комиссиялық кірісі;

      2) баланстық шоттарда нақты төленген ақша сомасына:


Дт

1010

Кассадағы ақшалай қаражат


1030

Ағымдағы шоттардағы ақшалай қаражат


Кт

1280 56

Исламдық сақтандыру ұйымының қорды басқару үшін исламдық сақтандыру қорына қойылатын талабы;

      3) нақты төленген ақша сомасына баланстан тыс шоттарда:


Дт

8790 04

Исламдық сақтандыру қорын басқару үшін комиссиялық шығыс


Кт

8770 01

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша клиенттердің ақшалай қаражатын есепке алу шоты".

5-тарау. Исламдық сақтандыру қоры қаражатының жеткіліксіздігіне байланысты исламдық сақтандыру ұйымы берген ақшаның бухгалтерлік есебі

      24. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан исламдық сақтандыру қоры исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін олардың болашақта ақшалай түсімдер есебінен қайтарылуы талабымен исламдық сақтандыру қорының қаражатының жеткіліксіздігіне байланысты берілген ақшаны алған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:


Дт

1280 57

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін исламдық сақтандыру қоры қаражатының жеткіліксіздігіне байланысты исламдық сақтандыру ұйымына қойылатын талап


Кт

4040 19

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер


3390 20

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер.

      25. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының исламдық сақтандыру қоры ақшаны қайтарған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:


Дт

1010

Кассадағы ақшалай қаражат


1030

Ағымдағы шоттардағы ақшалай қаражат.


Кт

1280 57

Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін исламдық сақтандыру қоры қаражатының жеткіліксіздігіне байланысты исламдық сақтандыру ұйымына қойылатын талап".