Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 шілдеде № 11528 тіркелді

Қолданыстағы

      «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-18) тармақшасына және «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1)2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрінің
      міндетін атқарушы                                 Ж.Қасымбек

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 28 мамыр

Қазақстан Республикасы     
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының       
2015 жылғы 17 сәуірдегі     
№ 457 бұйрығымен         
бекітілген           

Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына
аттестаттау қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы және «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңдарына сәйкес әзірленген және шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау жүргізу және куәліктерді беру тәртібін, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын келісу және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) өтініш беруші - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – ХҚО) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттарды ұсынған және шағын көлемді кемелерді басқару құқығына теориялық білімін тексеруден өтетін Қазақстан Республикасының азаматы, сондай-ақ шетелдік және азаматтығы жоқ адам;
      2) шағын көлемдi кеменiң кеме жүргiзушiсi - шағын көлемдi кеменiң меншiк иесi болып табылатынына немесе оны өзге заңды негiзде басқаруына қарамастан, шағын көлемдi кеменi басқаратын және тиісті куәлiгi бар адам. Кеме жүргiзушiге кеме жүргiзуге оқытатын адам теңестiрiледi.
      3. Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына аттестаттауға он сегіз жасқа толған, шағын көлемді кемелерді басқаруға денсаулығының жай-күйі бойынша жарамды деп танылған, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі үлгі бағдарламадан төмен емес шағын көлемді кемені басқару бойынша теориялық арнайы дайындығы бар адамдар жіберіледі.
      4. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарында (бұдан әрi - жергілікті атқарушы органдар) есепке алынуға жатады.
      5. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) шағын көлемді кемелерді басқару құқығын беретін құжаттар болып табылмайды және шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік алуға аттестаттаудан өту кезінде ұсынылады.
      6. Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына аттестаттау кезінде компьютерлік кешеннің тестілеу бағдарламасымен емтихан өткізу арқылы өтініш берушілердің теориялық білімін тексеру жүзеге асырылады.
      Емтихандарды қабылдау мекенжайлары уәкілетті органның интернет-ресурсында көрсетілген ХҚО-да жүзеге асырылады.
      Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктерді ресімдеуді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

2. Емтихандар тапсыруға жіберу тәртібі

      7. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті алу үшін өтініш беруші ХҚО-ға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік беруге өтініш;
      2) кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы диплом не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәлік (анықтама)*;
      ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар берген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін жарамды болып табылады.
      3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 083/у нысаны бойынша медициналық анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген);
      4) 2,5х3,5 сантиметр мөлшерiндегi екi фотосурет;
      5) жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа адамды сәйкестендіру үшін ұсынылады).
      Порталға жүгінген кезде өтініш беруші Қағидалардың осы тармағының 1)2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады. Бұл ретте 2,5х3,5 сантиметр мөлшерiндегi екі фотосурет шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті алу кезінде ХҚО-ға ұсынылады
      Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметін ХҚО қызметкері «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      8. Құжаттарды ХҚО арқылы берген кезде ХҚО қызметкері адамды осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсыну мәніне тексергеннен кейін ХҚО-да өтініш қабылданған сәттен бастап бір сағат ішінде өтініш берушіні емтихан тапсыруға жібереді.
      Құжаттарды портал арқылы берген кезде ХҚО қызметкері осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін порталда өтінішті қабылдаған сәттен бастап бір сағат ішінде өтініш берушінің жеке кабинетіне емтихан өткізу орны мен уақыты туралы хабарламаны жібереді. Бұл ретте емтихан өтініш берушінің жеке кабинетіне хабарламаны жіберген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде өткізіледі.
      9. ХҚО қызметкері өтініш берушіге мынадай:
      1) осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған;
      2) теріс нәтижесі бар соңғы емтихан тапсыру күнінен бастап жеті жұмыс күні - уақытша интервалы болмаған;
      3) кеме жүргізуші курстарын аяқталғаннан кейін он екі ай өткен және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды қайта өтпеген;
      4) емтихандарды он екi ай iшiнде үш реттен артық тапсыра алмаған және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курсты қайта өтпеген;
      5) жергілікті атқарушы органда есепте тұрмаған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәлікті (анықтаманы) ұсынған;
      ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар берген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін жарамды болып табылады.
      6) он сегіз жасқа толмаған адамдар құжаттарды ұсынған;
      7) сот шешімінің негізінде шағын көлемді кемелерді басқару құқығынан айыру мерзімі бітпеген жағдайларда, емтихан тапсыруға жіберуден бас тартады.
      10. Емтихан тапсыруға жіберуден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге құжаттар келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күн ішінде бас тарту себептері көрсетіліп, ұсынылған құжаттар қайтарылады.
      11. Өтініш берушінің емтихан тапсыруға жіберуден бас тарту себептерімен келіспегені туралы түскен өтініші ол келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күн ішінде ХҚО қызметкерлерімен қарастырылуға жатады.
      12. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктен айыру мерзімі өткен соң өтініш беруші осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттарды ұсына отырып, емтихан тапсырады.

3. Емтихандарды өткізу

      13. Емтихандар өтініш берушінің теориялық білімін тексеру мақсатында өткізіледі.
      14. Емтихандар тиісті жүзу ауданы үшін шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін кеме жүргізуге даярлаудың үлгілік бағдарламасы көлемінде және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 537 бұйрығымен бекітілген Ішкі су жолдарында жүзу қағидалары (бұдан әрі - Ішкі су жолдарында жүзу қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11347 тіркелген), Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 бұйрығымен бекітілген Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11197 тіркелген) бойынша, сондай-ақ адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қоса алғанда, кеме мен қозғалтқышты орнату және техникалық пайдалану бойынша тапсырылады.
      15. Емтихандарды өткізу нысаны - дара. Емтихан бір және бірнеше адамнан бір уақытта қабылданады. Бұл ретте бір уақытта емтихан тапсырушы адамдардың саны емтихандар тапсыру үшін жабдықталған жұмыс орындарының санына байланысты шектеледі.
      16. Емтихан тапсырған кездегі сұрақтар саны оннан аспайды. Емтихан тапсыру үшін бөлінген уақыт он бес минутты құрайды.
      17. Уақыт хронометражы емтихан тапсыру басталған сәттен бастап компьютерлік кешенмен жүргізіледі.
      18. Сұрақтарға жауаптар бірізділігін өтініш беруші дербес таңдайды.
       19. Емтихан өтініш берушіге арналған жұмыс орындарымен жабдықталған ХҚО үй-жайында (емтихан класында) өткізіледі.
      20. Емтиханды өткізу кезінде ХҚО қызметкері өтініш берушіге көрсетілген автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі - АЖО) отыруды ұсынады. Кешен өтініш берушілердің АЖО қосылған ХҚО қызметкерінің орталық пульттінен (бұдан әрі - ОП) тұрады. Әрбір АЖО клавиатурамен және монитормен жабдықталған.
      Емтихан басталар алдында мониторда АЖО нөмірі, жүзу ауданы және басқаруға емтихан тапсырылатын шағын көлемді кемелердің үлгісі, сондай-ақ осы АЖО белгіленген өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Көрсетілген ақпаратты енгізуді ХҚО қызметкерінің ОП арқылы жүзеге асырылады.
      Сұрақтардың емтихандық блогы өтініш берушінің АЖО клавиатурасында тиісті баспаны басқаннан кейін ғана монитор экранына қалыптасады және шығарылады.
      Емтихан барысында өтініш берушінің АЖО мониторы экранында емтиханның аяғына дейін қалған уақыт көрсетіледі.
      Емтихан тапсыру нәтижесі, сондай-ақ сұрақтарға берілген жауаптардың дұрыстығы туралы ақпарат өтініш берушінің АЖО мониторының экранында барлық сұрақтарға жауап беріліп болғаннан кейін немесе белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін көрінеді.
      21. Емтихан аяқталғаннан кейін өтініш берушінің АЖО-сында оған ұсынылған сұрақтар, сондай-ақ оның таңдаған жауаптары көрсетіледі.
      Емтихан нәтижесі өтініш берушінің АЖО-нан осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басып шығару үшін ХҚО қызметкерінің ОП-ге беріледі.
      22. Емтихан барысында автоматтандырылған кешенде ақау анықталған жағдайда, өтініш берушіге қойылған баға жойылады және емтихан қайта өткізіледі.
      23. «Сынақтан өтті» деген баға өтініш беруші белгіленген уақытта сұрақтардың кемінде сексен пайызына дұрыс жауап бергенде қойылады. Олай болмаған жағдайда, өтініш берушіге «сынақтан өткен жоқ» деген баға қойылады.
      24. «Сынақтан өткен жоқ» деген бағаны алған адамдар емтихан тапсыруға жеті жұмыс күнінен ерте емес қайта тапсыруға жіберіледі.
      25. Кеме жүргізуші курстары аяқталғаннан кейін он екі ай ішінде немесе он екі ай ішінде үш реттен аса емтихан тапсырмаған адамдар оқу курсын жалпы негіздерде қайта өтеді.
      26. Емтиханды жақсы тапсырған кезде емтихан нәтижесі мен осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар бір жұмыс күні ішінде шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті ресімдеу үшін жергілікті атқарушы органға жіберіледі.

4. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктерді
беру тәртібі

      27. Емтиханды сәтті тапсырған өтініш берушілерге жергілікті атқарушы органдармен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша он жыл мерзімге шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктер беріледі.
      Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікте шағын көлемді кемелердің типтері (гидроцикл, желкенді кеме, механикалық қондырғысы бар шағын көлемді кеме) және шағын көлемді кеме жүргізушісіне басқаруға рұқсат етілген жүзу аудандары туралы тиісті белгілер қойылады.
      28. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік бланкісі емтихан нәтижелері мен осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттар негізінде толтырылады, жергілікті атқарушы органның уәкілетті лауазымды тұлғасы қояды және мөрмен куәландаралады.
      Жергілікті атқарушы органда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктерді беруді есепке алу журналы жүргізіледі.
      29. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік өтініш берушіге емтиханды сәтті тапсырған күннен бастап он жұмыс күні ішінде беріледі.
      30. Жергілікті атқарушы орган ХҚО-ға осы Қағидалардың 29-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей шағын көлемді кемелерді басқару құқығына ресімделген куәлікті жібереді.
      31. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына ресімделген куәлікті ХҚО қызметкері онда көрсетілген мерзімде, қолхат негізінде, жеке өзі келген кезде кеме жүргізушісіне жеке басын куәландыратын құжатты көрсету арқылы немесе сенімхат бойынша оның өкіліне береді.
      32. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктер кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын, қозғалтқыш қуаты сегіз киловаттан асатын өздігінен жүретін шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілеріне беріледі.
      33. Жүзуге рұқсат етілген аудан туралы мынадай белгілер:
      1) «ТЖ» – егер кеме жүргізуші 1972 жылғы Теңiзде кемелердiң соқтығысуынан сақтандырудың халықаралық қағидалары туралы Лондон Конвенциясы (Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 4 наурыздағы № 244 қаулысы) қабылдаған Теңізде кемелердің соқтығысуынан сақтандырудың халықаралық қағидалары қолданылатын Қазақстан Республикасының теңіз жағалауындағы суларда кемені басқару құқығына емтиханды тапсырса;
      2) «ІСЖ» – егер кеме жүргізуші Ішкі су жолдары бойынша жүзу қағидасы қолданылатын ішкі су жолдарында кемені басқару құқығына емтихан тапсырса;
      3) «ТЖ» және «ІСЖ» – егер кеме жүргізуші Қазақстан Республикасының теңіз жағалауындағы суларда және ішкі су жолдарында кеме басқару құқығына емтихан тапсырса;
      4) «ІСЖӨ» (өзен учаскелері үшін) және «ІСЖК» (көл учаскелері үшін) – егер кеме жүргізуші кеме қатынасы үшін ашық ішкі су жолдарының тізбесіне енгізілмеген ішкі су қоймаларында ғана шағын көлемді кемелерді басқару құқығына емтихандар тапсырса, қойылады.
      34. Егер кеме жүргізуші теңізде жүзу мақсатында пайдаланылатын сыйымдылығы он екі адамнан аспайтын жолаушы таситын серуендік кемені басқару құқығына емтиханды тапсырса, рұқсат ететін белгілер «ТЖ» жолына және «Механикалық қондырғысы бар шағын көлемді кеме» жолына қойылады. Бұл ретте шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің осы бетінің төменгі жағына «Ерекше белгілер» бөліміне осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Теңізде серуендеу кемесі» деген мөртабан қойылады.
      35. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікке енгізілген жүзу ауданын және (немесе) кеме типін өзгерту тиісті жүзу ауданына және шағын көлемді кеме типіне арналған емтиханнан өткеннен кейін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің түпнұсқасын қоса бере отырып, кеме жүргізушісінің жазбаша арызын ХҚО-ға беру арқылы жүргізіледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағын көлемді кеме жүргізуші өтініште шағын көлемді кеменің тиісті жүзу ауданына және типіне емтиханнан өткеннен кейін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің сериясы мен нөмірін көрсетеді және ХҚО-ға шағын көлемді кемелерді басқару құқығына жаңа куәлікті алған кезде бұрынғы куәліктің телнұсқасын ұсынады.
      Бұл жағдайда шағын көлемді кемелерді басқару құқығына жаңа куәлік беріледі, ал бұрынғы шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік кеме жүргізушісінен қайтарылып алынады, жергілікті атқарушы орган оның өтелуі туралы белгіні қояды және бір жылдан кейін жояды.
      36. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің қолданылу мерзімі өтуінен кейін шағын көлемді кеме жүргізушісі жаңа куәлікті алу үшін ХҚО-ға немесе порталға осы Қағидалардың 7-тармағының 1)3)4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды, сондай-ақ шағын көлемді кемелерді басқару құқығына бұдан бұрын берілген куәлікті ұсынады. Құжаттарды портал арқылы берген жағдайда, 2,5х3,5 сантиметр мөлшерiндегi екі фотосурет ХҚО-ға ұсынылады.
      Бұл ретте шағын көлемді кемені басқару құқығына жаңа куәлікті беру құжаттар берілген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде кеме жүргізушісінің емтихан тапсыруынсыз жүргізіледі.
      Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына бұрын берілген куәлік кеме жүргізушісінен қайтарып алынады және бір жылдан кейін оны жергілікті атқарушы орган жояды.
      37. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті жоғалтқан жағдайда, кеме жүргізуші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ХҚО-ға немесе порталға өтініш береді.
      Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің телнұсқасын беру құжаттар берілген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде кеме жүргізушісінің емтихан тапсыруынсыз, жергілікті атқарушы орган шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктерді беруді есепке алу журналында тексергеннен кейін ХҚО-да жүргізіледі.
      Өтінішке 2,5х3,5 сантиметр мөлшерiндегi бір фотосурет, сондай-ақ өтініш берушіні сәйкестендіру үшін жеке басты куәландыратын құжат қоса беріледі.
      Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің телнұсқасын беру кеме жүргізушісін сот шешімі негізінде шағын көлемді кемелерді басқару құқығынан айыру мәніне тексергеннен кейін жүргізіледі.
      Жоғалған куәліктің орнына берілген шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікке «Телнұсқа» деген белгі қойылады, ал шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктер беруді тіркеу журналына куәлік телнұсқасының берілгені туралы жазба жазылып, оның сериясы мен нөмірі көрсетіледі.

5. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау
бағдарламасын келісу және кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі
курстарды есепке алу тәртібі

      38. Жергілікті атқарушы органдар кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын келісуді және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алуды жүзеге асырады.
      39. Ұйымдар шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі курстарды ашқан кезде жергілікті атқарушы органдарға:
      1) оқытушылар құрамының су көлігі мамандығы бойынша жоғары немесе орта техникалық бiлiмi туралы дипломдарының көшiрмелерiн;
      2) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес шағын көлемдi кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгілік бағдарламасы негізінде әзiрленген шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі оқу бағдарламасын;
      3) оқу процесін ұйымдастыру үшiн меншiк құқығындағы немесе жалға алынған үй-жайдың болуын растайтын құжаттың көшiрмелерін қоса беріп, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметтің басталуы туралы хабарламаны жібереді.
      Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі курстар қызметін жүзеге асырудың басталуы немесе аяқталуы туралы хабарлама «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен беріледі.
      40. Кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымы шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгілік бағдарламасы негізінде әзірлейді және оқу ұйымы басшысының өтініші негізінде курстың ашылуы басталғанға дейін үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органның уәкілетті лауазымды тұлғасымен келісіледі.
      41. Бағдарламаларды, тақырыптық және жұмыс жоспарларын жасау кезінде әзірлеушілер топ дайындалатын кемелердің типіне қарайды.
      42. Шағын көлемді кемені басқарудың практикалық дағдысын пысықтауға бөлінетін сағат санын оқу ұйымы оқушының шағын көлемді кемелерді басқаруға жеке дайындығына байланысты белгілейді.
      Оқу нәтижесінде адам мынадай пәндер бойынша білім алады:
      1) шағын көлемді кемелердің жіктелуі және кеме теориясының негіздері;
      2) кеменің құрылысы;
      3) шағын көлемді кемелерді пайдалану, олардың теңізде жүзу қабілеті және маневрлік қасиеттері;
      4) кемедегі құрылғылар, жүйелер және жабдықтар (құтқару, дабыл беру және өртке қарсы құралдар);
      5) кемелерге қызмет көрсету мен оларды жөндеу (такелаждық және сырлау жұмыстары);
      6) іштен жанатын қозғалтқыштардың жіктелуі (қысқаша техникалық сипаттамасы, шағын көлемді кемелерде қолданылуы);
      7) шағын көлемді кемелердің қозғалтқыштары, типтелуі мен қағидаттық құрылысы;
      8) шағын көлемді кемелердің қозғалтқыштарына қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздік шаралары;
      9) шағын көлемді кемелердің типтелуі, құрылысы және желкенді жабдықтары;
      10) желкенді кемені басқару техникасының негізі, оған қызмет көрсету және жүзудің кауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      11) шағын көлемді кемелердің электр жабдықтары;
      12) су жолдарының жалпы сипаттамасы мен оған қысқаша шолу;
      13) гидрометеорология негіздері, ішкі кеме жүзу жолдарының лоциялары;
      14) ішкі су жолдары бойынша жүзу қағидалары;
      15) теңіз навигациясының негіздері мен теңіздердің лоциясы, теңіздердің навигациялық жабдықтарының құралдары;
      16) кемелердің теңізде соқтығысуынан сақтандырудың халықаралық қағидалары;
      17) шағын көлемді кемелерді әртүрлі жағдайларда жүргізудің әдістері мен күрделі гидрометеорологиялық жағдайларда жүзу кезінде басқару ерекшеліктері;
      18) алғашқы медициналық жәрдем көрсетудің негіздері.
      43. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі үлгілік бағдарламада шағын көлемді кемелердің жүзу аудандары бойынша оқу сағаттары көрсетіледі.
      44. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне оқыту аяқталып, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәлікті (анықтаманы) бергеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасы бойынша оқудан табысты өткен адамдардың тізімін жібереді.
      Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасы бойынша оқудан табысты өткен адамдардың тізімінде куәліктің (анықтаманың) нөмері, тегі, аты, әкесінің аты, жеке басты куәландыратын құжаттың деректері көрсетіледі.
      45. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстардың қызмет етуі туралы ақпарат бір жыл ішінде берілмеген жағдайда, бұл курстар есептен шығарылады.
      46. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстар жергілікті атқарушы органда есептен шығарылғаннан кейін курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) курстарды есептен шығару кезеңінен бастап жарамсыз деп есептеледі.

Кеме жүргізушілерін шағын
көлемді кемені басқару
құқығына аттестаттау 
қағидаларына     
1-қосымша       

                                                            Нысан

Фотосуретке арналған орын

Жергілікті атқарушы органның
басшысына        
__________________________________
(Т.А.Ә.)         
__________________________________
__________________________________
(Т.А.Ә., туған күні, ЖСН)    

Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына
куәлікті беруге арналған өтініш

Маған _________________________________________________ауданында
   (жүзу ауданын (аудандарын): ТЖ, ІСЖ, ІСЖӨ және ІСЖК,
                ТЖ және ІСЖ көрсету керек)
_____________________________________________________________________
(шағын көлемді кеменің үлгісін көрсету керек: гидроцикл, желкенді
        қайық, механикалық қондырғысы бар шағын көлемді кеме)
басқару құқығына куәлік беруді сұраймын.

      Мынадай құжаттарды ұсынамын:
      1.____________________________________
      2.____________________________________
      3.____________________________________
      4....
      Мекенжайы, байланыс телефондары (факс) ________________________
_____________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      20 ____ ж. «__» ___________ _____________________________
                                   (өтініш берушінің жеке қолы)

Емтихандар нәтижелері

Пәндердің және жүзу аудандарының атауы

Білімді бағалау (сынақтан өтті, сынақтан өткен жоқ)

Емтихан қабылдау күні

Ескертпе

1

2

3

4

ТЖ – теңіздердің аумақтық және ішкі сулары







ІСЖ – кеме жүретін ішкі су жолдары







ІСЖӨ және ІСЖК – Қазақстан Республикасының кеме қатынасы үшін ашылған ішкі су жолдарының тізбесіне енгізілмеген ішкі су айдындары







ТЖ және ІСЖ – теңіздердің аумақтық ішкі сулары және кеме жүретін ішкі су жолдары







_____________________________________________________________________
      (кеме жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты, туған күні)
Басқару құқығына емтихан нәтижесі (сынақтан өтті/сынақтан өткен жоқ)
_____________________________________________________________________
                  (кеме-(лер) санаты (үлгісі))

Жүзу ауданында (аудандарында) _______________________________

20__ж. «__» _____________

М.О.

Кеме жүргізушілерін шағын
көлемді кемені басқару
құқығына аттестаттау 
қағидаларына     
2-қосымша       

                                                            Нысан

Свидетельство об окончании курсов по подготовке судоводителей
маломерных судов
Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі
курстарды бітіргені туралы куәлік

(алдыңғы беті/лицевая сторона) (артқы беті/обратная сторона)

Фотосуретке
арналған орын/
Место для
фотографии

(оқыту ұйымының атауы)
Куәлік
Сериясы № 0000000
_______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты,)
____ ж. «___» _________________
____ ж. «___» _________________
аралығында ___________________
______________________________
бағдарламасы бойынша оқығаны
және бітіру емтихандарында
______ ж. «__» ______________
№ _____________ хаттамаға сәйкес
________________________________ бағасын

(«қанағаттанарлық», «жақсы», «өте жақсы»)
алғаны жөнінде берілді.

Емтихан комиссиясының төрағасы: _______________________________
        (Т.А.Ә., қолы)

Оқыту ұйымының басшысы:

_______________________________
        (Т.А.Ә., қолы)

М.О.

(наименование учебной организации)
Свидетельство
Серия № 0000000
Выдано ___________________________
(фамилия, имя, отчество)
в том, что он(а) обучался(обучалась)
с «__» _______________ ____ г.
по «__» ______________ ____ г
по Программе ____________________
________________________________
и на выпускных экзаменах согласно
протоколу № ___________________
от «___» _____________ ____ г.
получил оценку ___________________________
(«удовлетворительно», «хорошо», «отлично»)
 

Председатель экзаменационной комиссии:

_______________________________
        (Ф.И.О., подпись)

Руководитель учебной организации _______________________________
        (Ф.И.О., подпись)

М.П.

Кеме жүргізушілерін шағын
көлемді кемені басқару
құқығына аттестаттау 
қағидаларына     
3-қосымша       

                                                            Нысан

Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік
Удостоверение на право управления маломерным судном

алдыңғы беті/лицевая сторона) (артқы беті/обратная сторона)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН
Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік
Удостоверение на право управления
маломерным судном

Фотосуретке
арналған
орын/
Место для
фотографии

Тегі/ Фамилия _______________
Аты / Имя ___________________
Әкесінің аты / Отчество _____________________________
Туған жылы, ай-күні/Дата рождения ____________________
______________ облысы (қаласы) бойынша жергілікті атқарушы орган берді/Выдано местным исполнительным органом по ___________ области (городу)
(уәкілетті лауазымды адамның қолы / уполномоченного подпись
должностного лица)
20__ж./г. «___» __________
                (айы/месяц)
М.О.
М.П.
№ серия

ҚАЗАҚСТАН
КАЗАХСТАН

Басқаруға рұқсат берілген
кеме-(лер) санаты (үлгісі)/

Категория (тип) судна-(ов), которыми разрешено управлять

Рұқсат беретін
белгілер/
Разрешающие
отметки

гидроцикл/ гидроцикл


желкенді кеме/ парусное судно


механикалық қондырғымен шағын көлемді кеме/ маломерное судно с механической установкой


Жүзу үшін
рұқсат етілген аудан/ Разрешенный
для плавания
район

ТЖ/МП


ІСЖ/ВВП


ІСЖӨ/ВВПР
және/ и ІСЖК/ВВПО


ТЖ/МП және/ и ІСЖ/ВВП


Берілген күні/Дата выдачи


Қолданылу мерзімі/Срок действия


Айрықша белгілер/ Особые отметки

№ серия

Кеме жүргізушілерін шағын
көлемді кемені басқару
құқығына аттестаттау 
қағидаларына     
4-қосымша       

                                                            Нысан

Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктер беруді
есепке алу журналының нысаны

Құжаттың сериясы және нөмірі

Тегі аты әкесінің аты

Туылған күні

Үй мекенжайы

Хаттама

Берілді

Берілген күні

Ескертпе

Күні

Жүз ауданы

Кеме үлгісі

1











2











3






















Кеме жүргізушілерін шағын
көлемді кемені басқару
құқығына аттестаттау 
қағидаларына     
5-қосымша       

                                                            Нысан

«Теңізде серуендеу кемесі» мөртаңбасы

Теңізде серуендеу кемесі

Мөртабан ұзындығы - 17 мм. Мөртабан ені - 7 мм.

Кеме жүргізушілерін шағын
көлемді кемені басқару
құқығына аттестаттау 
қағидаларына     
6-қосымша       

                                                            Нысан

Жергілікті атқарушы органның басшысына
__________________________________
(Т.А.Ә.) __________________________________
(Т.А.Ә. туған күні, үйінің мекенжайы,
байланыс телефоны, ЖСН)     

Шағын көлемді кемені басқару құқығына
куәліктің телнұсқасын беруге арналған өтініш

      Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын беруді сұраймын.
      20__жылғы «__» ________ шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік мынадай жағдайларда жоғалған: ________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Мынадай құжаттарды ұсынамын:
      1.____________________________;
      2.____________________________.
      3....

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

20 ____ жылғы «___» ___________ ____________________________
                                (өтініш берушінің жеке қолы)

Кеме жүргізушілерін шағын
көлемді кемені басқару
құқығына аттестаттау 
қағидаларына     
7-қосымша       

Шағын көлемді кемелерді жүргізушілерді даярлау жөніндегі
үлгілік бағдарлама

Бөлімдер мен тақырыптардың атауы

Жүзу аудандарына арналған оқу сағаттарының саны

ТЖ

КСІСЖ

ІСЖӨ, ІСЖК

ТЖ, КСІСЖ

1

2

3

4

5

6

1. Кемелер теориясының негіздері және шағын көлемді кеменің құрылысы

1

Шағын көлемді кемелерді жіктеу және кеме теориясының негіздері. Кемелердің құрылысы. Корпус

4

4

4

4

2

Шағын көлемді кемелерді пайдалану, олардың теңізде жүру және маневрлік қасиеттері

10

8

4

10

3

Кеме құрылғылары, жүйелер мен жабдықтау. Құтқару, дабыл беру және өртке қарсы құралдар

6

4

4

6

4

Кемелерге қызмет көрсету және оларды жөндеу. Такелаж және бояу жұмыстары

4

2

2

4

2. Кеме қозғалтқыштары мен қозғаушылары, оларды пайдалану. Шағын көлемді кемелердің электр жабдықтары

5

Шағын көлемді кемелерде қолданылатын іштен жанатын қозғалтқыштардың үлгілері

4

2

2

4

6

Шағын көлемді кемелердің қозғаушылары, жіктелуі мен қағидаттық құрылысы

4

2

2

4

7

Шағын көлемді кемелердің қозғалтқыштары мен қозғаушыларына техникалық қызмет көрсету. Қауіпсіздік шаралары

4

2

2

4

8

Желкенді шағын көлемді кемелердің жіктелуі, құрылысы және желкенмен жабдықталуы

4

4

2

4

9

Желкенді кемені басқару техникасының негіздері, оған қызмет көрсету және жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету

6

6

4

6

10

Шағын көлемді кемелердің электр жабдықтары

6

6

4

6

3. Кеме жүргізу

11

Су жолдарының жалпы сипаттамасы және оларға қысқаша шолу

6

6

4

6

12

Гидрометеорология негіздері. Ішкі кеме журетін жолдардың лоциясы

4

4

4

4

13

Ішкі су жолдары бойынша жүзу қағидалары

6

12

4

12

14

Теңіз навигациясының негіздері және теңіздер лоциясы

14

1

1

14

15

Теңіздердің навигациялық жабдық құралдары (НЖҚ)

6

1

1

6

16

Кемелердің теңізде соқтығысуын болдырмаудың халықаралық қағидасы

8

1

1

8

17

Шағын көлемді кемелерді әртүрлі жағдайларда жүргізу әдістері. Күрделі гидрометеорологиялық жағдайларда басқару ерекшеліктері

4

4

4

4

4. Су қоймаларында жүзу қауіпсіздігін,құқық қорғауды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету

18

Суға батқан адамға алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары мен әдістері

4

4

4

4

19

Шағын көлемді кемелерді және олардың тұруына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы. Кеме жүргізушінің әкімшілік жауапкершілігі

4

4

4

4

Барлығы

108

77

57

114