Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 маусымда № 11820 тіркелді

Жаңартылған

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Білім беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      3) Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2020 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4) Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.07.2019 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 27.01.2016 № 87 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.07.2019 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.05.2020 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С. Нюсупов) белгіленген заңнамалық тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықтың ресми жариялануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Т.О.Балықбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
А. Сәрінжіпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ____________ Ә.Ө. Исекешев

      2015 жылғы "___"________________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________Е.А. Досаев

      2015 жылғы 4 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 212 бұйрығына 1-қосымша

"Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 27.01.2016 № 87 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық білім саласындағы бақылау департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.03.2017 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;

      2) порталға жүгінген кезде:

      І кезең - құжаттар топтамасының қабылдануын және "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік баждың төленгенін растау бойынша хабарлама алу – 5 (бес ) жұмыс күні;

      ІІ кезең - Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру – 10 (он) жұмыс күні;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді:

      1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты – 15 (он бес) минут;

      2) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты – 15 (он бес) минут.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.03.2017 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – "апостиль" мөртаңбасы қойылған дайын құжаттарды қағаз тасымалдағышта беру;

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген 0,5 айлық есептік көрсеткішті құрайтын мемлекеттік баж алынады.

      Мемлекеттік бажды төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      Портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электронды сұрау берілген кезде төлем "электронды үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады. Алдын ала төленген жағдайда төлем құжатының электронды көшірмесі қоса тіркеледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      көрсетілетін қызметті берушіде – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбі мен жұма аралығында, бекітілген кесте бойынша сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;

      мемлекеттік корпорацияда – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, бекітілген кесте бойынша түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау "электронды" кезек тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша, жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, портал арқылы кезекті броньдауға болады;

      порталда – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген жағдайда өтінішті қабылдау және нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның сенім білдірген өкілі өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      Мемлекеттік корпорацияға:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін);

      3) апостильдеуге ұсынылған құжат (түпнұсқа);

      4) мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек (түпнұсқа).

      порталға:

      1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық сандық қолтаңбасы қойылған электронды құжат түріндегі сұранысы;

      2) апостиль қою үшін ұсынылған құжаттың электронды көшірмесі.

      Жеке басын куәландыратын, бюджетке алым сомасын (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) төлегенін растайтын құжаттар туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттар тиісті құжаттардың қабылданғанын растау туралы қолхат негізінде жеке (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) куәлігін көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай ішінде сақтайды, содан соң оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң өтініш берген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжатты көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Мемлекеттік корпорацияға өтініштің қабылданғанын растау тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;

      2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.03.2017 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жазбаша түрде көрсетілетін қызметті берушінің басшысының не оны алмастырушы тұлғаның атына беріледі.

      Шағым пошта, портал арқылы жазбаша нысанда не кеңсе арқылы қолма-қол беріледі.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Шағымды қабылдаушы адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі бойынша шағымға жауап алу орны мен мерзімі көрсетіле отырып, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні қойылады) шағымның қабылдануын растау болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның www.goscorp.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорацияның филиалының, бөлімінің басшысына жолданады.

      Мемлекеттік корпорацияда немесе көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол, пошта арқылы келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.03.2017 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің control.edu.gov.kz интернет-ресурсында;

      2) Мемлекеттік корпорацияның www.goscorp.kz интернет-ресурсында;

      3) www.egov.kz порталында орналастырылған.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.03.2017 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысы шектелген, денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777 арқылы жүгіну жолымен мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша барып көрсетеді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.03.2017 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-24-30. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.03.2017 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу тәртібінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметі, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.03.2017 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Білім туралы құжаттарға
(түпнұсқалар) апостиль қою"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы Білім
  және ғылым министрлігі Білім
  және ғылым саласындағы
  бақылау комитетінің
  __________________ Білім
  саласындағы бақылау
  департаментінің директорына
  ____________________________
  ______________ мекенжайы
  бойынша тұратын кімнен
  ___________________________
  (тегі, аты, әкесінің аты (бар
  болған жағдайда) көрсетіледі)
  байланыс телефоны __________
  ____________________________
  Ұйымның телефоны/факсы
  Жұмыс немесе оқу орны/
  ____________________________
  ____________________________

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.03.2017 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

ӨТІНІШ

      _________________ еліне бару үшін менің білім туралы құжатымды апостильдеуді

      сұраймын (керегін сызыңыз):

      1) оқу бағдарламасы;

      2) табель;

      3) аттестат (жалпы орта білім туралы, жалпы орта білім туралы үздік, жалпы орта білім

      туралы Алтын белгі аттестаты);

      4. колледж (техникалық және кәсіптік білім туралы, техникалық және кәсіптік білім

      туралы үздік), лицей, училище (орта білімнен кейінгі білім туралы, орта білімнен кейінгі білім

      туралы үздік) бітіргені туралы диплом;

      5) жоғары білім туралы диплом (бакалавр дәрежесі берілген жоғары білім туралы,

      біліктілік берілген жоғары білім туралы, бакалавр дәрежесі берілген жоғары білім туралы

      үздік диплом);

      6) ҰБТ, ТКТ сертификаты;

      7) анықтама;

      8) басқалар

      Мынадай құжаттар тапсырылды:

      1) Білім туралы құжаттың түпнұсқасы; 

      2) Білім туралы құжатқа қосымшаның түпнұсқасы;

      Күні                              Өтініш беруші

      ________________________________________________________________________________

      Мынадай құжаттар тапсырылды:      Төлемақы жасау реквизиттері:

      Апостиль – Сарыарқа ауданы

      БИН: 981140001115

      БИК: ККМFKZ2A

      КБК: 108125

      КНП: 991

      Мемлекеттік баж: бір құжатқа 0,5 АЕК

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін

      _____________ 20 ___ жылғы "____" ___

      (қолы)

  "Білім туралы құжаттарға
(түпнұсқалар) апостиль қою"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
  (көрсетілетін қызметті
  алушының тегі, аты, әкесінің
  аты (бар болса) (бұдан әрі -
  Т.А.Ә.) немесе ұйымның атауы)
  ____________________________
  ____________________________
  ____________________________
  (көрсетілетін қызметті
  алушының мекенжайы)

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.03.2017 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 ақпандағы Қазақстан

      Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға

      арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы филиалының №

      _____________________________ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің "Білім туралы

      құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында

      көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты

      ________________________________________________________________________________

      мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) __________________________________________;

      2) __________________________________________;

      3) ___________________________________________.

      Осы қолхат әртарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

      _____________________________________________

      Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)

 
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 212 бұйрығына 2-қосымша

"Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 27.01.2016 № 87 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.12.2018 № 681 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) "электронды үкімет" веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2019 № 438 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.12.2018 № 681 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері (егер білім туралы құжат құжатты берген елде заңдастырылған немесе апостильденген болса):

      - Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік корпорация бөлімшелері үшін – 15 (он бес) жұмыс күнін;

      - басқа өңірлердің Мемлекеттік корпорация бөлімшелері үшін – 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

      - порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

      Ресми құжаттарды заңдастырудың күшін жоюды көздейтін халықаралық шартқа (келісімге) қатысушы елде берілген білім туралы құжаттарды қарау мерзімдері:

      - Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік корпорация бөлімшелері үшін – 30 (отыз) жұмыс күнін;

      - басқа өңірлердің Мемлекеттік корпорация бөлімшелері үшін – 45 (қырық бес) жұмыс күнін (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

      - порталға жүгінген кезде – 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды.

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларының (нормативтік құқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5135 тіркелген) 9 және 20-тармақтарында көзделген жағдайларда өтініштерді қарау мерзімі 10 (он) жұмыс күніне ұзартылады.

      Білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін өтініштерді қарау мерзімдері:

      - Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік корпорация бөлімшелері үшін – 7 (жеті) жұмыс күнін;

      - басқа өңірлердің Мемлекеттік корпорация бөлімшелері үшін – 21 (жиырма бір) жұмыс күнін (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді) құрайды.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді.

      Құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2019 № 438 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде және (немесе) электронды (жартылай автоматтандырылған).

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2019 № 438 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

      білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы куәлік;

      білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы куәлік телнұсқасы;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттының 10-1 тармағында көрсетілген негіздер және жағдайлар бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хат.

      2) порталға жүгінген кезде:

      білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы куәліктің электронды нысаны;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттының 10-1 тармағында көрсетілген негіздер және жағдайлар бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хат.

      Көрсетілетін қызметті алушы куәлікті қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен куәландырылады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне", көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі- ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2019 № 438 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).

      Мемлекеттік қызметті көрсету құнын "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 146 бабына сәйкес айқындалып осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес келтірілген.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс кестесі:

      көрсетілетін қызметті берушіде – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында, белгіленген жұмыс кестесі бойынша сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;

      Мемлекеттік корпорацияда: Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау "электронды" кезек тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жүзеге асырылады, портал арқылы кезекті броньдауға болады.

      Порталда - құжаттарды қабылдау жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілісті есептемегенде тәулік бойы жүзеге асады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2019 № 438 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

      1) осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы өтініш;

      2) білім туралы құжаттың және оның қосымшасының заңдастырылған немесе апостильденген көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін, қайтарылып беріледі) және білім туралы құжаттың және оның қосымшасының, мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса).

      Білім туралы құжат Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын ресми құжаттарды заңдастырудың күшін жоюды көздейтін құқықтық көмек туралы халықаралық шартқа (келісімге) қатысушы елде берілген жағдайда білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі және нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса) ұсынылады, мұндай құжаттарды заңдастыру немесе апостильдендіру талап етілмейді.

      3) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін) немесе нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты.

      Қазақстан Республикасының резиденті емес адамдар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен).

      Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырса (2008 жылға дейін) тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет;

      4) төлем туралы түбіртек (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-2-тармағында келтірілген негіздер бойынша қайта жүгінген жағдайда қажет емес).

      Көрсетілетін қызметті алушы өзінің дайындығын дәлелдейтін, оның ішінде кәсіби қызметке рұқсат беретін, практикалық тәжірибесі туралы дәлелді құжаттарын ұсынады. Аталған құжаттар олардың белгіленген тәртіппен нотариалды куәландырылған аудармасымен, оның ішінде мөрдің аудармасымен бірге ұсынылады (егер құжат толығымен шет тілінде болса).

      порталға жүгінген кезде:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы өтініш;

      2) заңдастырылған немесе апостильденген білім туралы құжаттың және оның қосымшасының және білім туралы құжаттың және оның қосымшасының, мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған аудармасының (егер құжат толығымен шет тілінде болса) сканерленген көшірмесі.

      Білім туралы құжат Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын ресми құжаттарды заңдастырудың күшін жоюды көздейтін құқықтық көмек туралы халықаралық шартқа (келісімге) қатысушы елде берілген жағдайда білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған сканерленген көшірмесі және нотариалды куәландырылған аудармасының (егер құжат толығымен шет тілінде болса) сканерленген көшірмесі ұсынылады.

      3) Қазақстан Республикасының резиденті емес адамдар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың сканерленген көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен).

      Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырса (2008 жылға дейін) тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған сканерленген көшірмесін ұсынуы қажет;

      4) төлем туралы түбіртектің сканерленген көшірмесі (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-2-тармағында келтірілген негіздер бойынша қайта жүгінген жағдайда қажет емес).

      Құжаттарды портал арқылы қабылданған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметіке өтінімі қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.

      Аталған тармақта көрсетілген құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары куәландырады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісім алады.

      Мемлекеттік ақпарат жүйелерінде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар, неке туралы немесе оны бұзу туралы куәліктер (2008 жылдан кейін берілген) туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкіметі" шлюзі арқылы Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйелерінен алады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың түпнұсқасын мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ұсынылған мәліметтермен салыстырады, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдағанын растайтын қолхат негізінде жеке басын куәландыратын куәлігін көрсеткен жағдайда (не уәкілетті өкілдің натариалды куәландырылған сенімхаты негізінде) жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация қорытындыны өзінде бір ай бойы сақтайды, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң хабарласқан жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір күн ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2019 № 438 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-1. Көрсетілетін қызметті алушы телнұсқа алу үшін Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша телнұсқаны беру туралы өтініш;

      2) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін) немесе нотариальды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты;

      Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге);

      3) Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырса (2008 жылға дейін) тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесін ұсынуы қажет;

      4) төлем туралы түбіртек.

      Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2019 № 438 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.12.2018 № 681 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10–1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың және деректердің (мәліметтердің) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      3) "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесі" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығында көрсетілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бас тартуға арналған басқа да негіздер.

      Ескерту. 2-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.11.2016 № 633 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.12.2018 № 681 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10-2. Егерде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы білім туралы құжаттың берілу дерегін және (немесе) білім туралы құжатты берген білім беру ұйымының тиісті білім беру қызметімен айналасуға құқығы бар екенін анықтау жөніндегі қайта жолданған сұрауға жауап болмаған жағдайлар бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен дәлелді бас тартылған жауапты алған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта өтініш береді.

      Жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша қайта өтініш берген жағдайда төлем алынбайды.

      Ескерту. 10-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2019 № 438 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.12.2018 № 681 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Министрлік басшысының не оны алмастырушы адамның атына жазбаша түрде беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетіліп, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.

      Мемлекеттік корпорация кеңсесіне қолма-қол және пошта арқылы түскен шағымның қабылдануын растау оның тіркелуі (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні қойылады) болып табылады.

      Сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16-тармағында көрсетілген Бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушының Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорация атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымның қаралу нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға өтінішпен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.12.2017 № 635 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.12.2018 № 681 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің: www.enic-kazakhstan.kz;

      2) Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.12.2018 № 681 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Заңнамада белгіленген тәртіпте өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүруді, бағдарлануды жүзеге асыру қабілеттерінен немесе мүмкіндігінен толық немесе жартылай айырылған көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы өтініш беру жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.12.2017 № 635 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтері, бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.12.2017 № 635 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.12.2017 № 635 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету құны

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.07.2017 № 349 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


п/п

Қызмет атауы

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бір бірлігінің бағасы айлық есептік көрсеткішпен (АЕК)

1

Негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау

6 АЕК

2

Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау

8 АЕК

3

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау

10 АЕК

4

Тану және нострификациялау куәліктерінің телнұсқасын жасау

3 АЕК


  "Білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  Үлгі
  Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің
"Болон процесі және
академиялық ұтқырлық
орталығы" РМК
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты)*
____________________________
____________________________
Азаматтығы:*
__________________________
____________________________
Жеке басын растайтын құжаты
(паспорт/жеке куәлік:*
____________________________
(нөмірі, сериясы, күні және кім
бергені)
____________________________
Тұрғылықты
мекенжайы:__________________
____________________________
(ел, облыс, қала, аудан, көше
атауы,
____________________________
үй және пәтер нөмрі)
Байланыс деректері*__________
____________________________
(ұялы, жұмыс/үй телефондары,
электронды пошта адресі)
____________________________
____________________________
Жұмыс немесе оқу орны:*_____
____________________________
____________________________

Өтініш

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.12.2018 № 681 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Сізден*_________________________________________________________________

                                    (тану, нострификациялау)

      Мақсат*________________________________________________________________

                              (жұмысқа орналасу, оқуды жалғастыру)

      _______________________________________________________________________

      Білім туралы құжаттың түрі, сериясы және нөмірі* ____________________________

                                                (диплом, аттестат, куәлік, сертификат)

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      Кім берген*_____________________________________________________________

                              (білім беру ұйымының, елдің толық атауы)

      Мамандық/бағыты бойынша*_____________________________________________

      (толық атауы) Берілген біліктілік/

      дәреже*_______________________________________________

      _______________________________________________________________________

      (толық атауы)

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға

      келісім беремін.

      "___" ____________ 20___жыл _____ ________________________________

                                                (жеке қолы немесе уәкілетті өкілі)

      *- толтырылуы міндетті

  "Білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-1-қосымша
  Үлгі
  Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің
"Болон процесі және
академиялық ұтқырлық
орталығы" РМК _____________
(Аты, тегі, әкесінің аты (бар
болған жағдайда
____________________________
____________________________
Азаматтығы: ________________
____________________________
Жеке басын куәландыратын
құжаты (паспорт/жеке
куәлік)______________________
(нөмері, сериясы, кім бергені
және күні)
____________________________
Тұрғылықты мекен-жайы:_____
____________________________
(мемлекет, облыс, қала, аудан,
көше атауы,
____________________________
үй және пәтер нөмрі)
Байланыс деректері
____________________________
____________________________
(ұялы, жұмыс/үй телефондары,
электронды пошта адресі)
____________________________
____________________________
Жұмыс немесе оқу
орны:________________
____________________________

Өтініш

      Ескерту. Стандарт 2-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.11.2016 № 633 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.12.2018 № 681 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Сізден _________________________________________________________________

      (білім туралы құжатты тану/нострификациялау туралы куәліктің телнұсқасын беру)

      Себебі _________________________________________________________________

                              (куәліктің жоғалуы/бүлінуіне және т.б. себебі.)

      _______________________________________________________________________

      Білім туралы құжаттың сериясы, нөмрі және түрі _____________________________

                                                (диплом, аттестат, куәлік, сертификат)

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

                              (білім беру ұйымының, елдің атауы)

      Мамандық/бағыттары бойынша ___________________________________________

                                          (толық атауы)

      Берілген біліктілік/академиялық дәреже ____________________________________

      _______________________________________________________________________

                                          (толық атауы)

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға

      келісім беремін. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ұсынылған

      мәліметтердің дұрыстығына толық жауап беремін.

      ___" _____________ 20___жыл _______ _____________________________

                                                            ( қолы)

  "Білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау
туралы"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
  Үлгі
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі - Т.А.Ә.)
____________________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)
____________________________

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.12.2018 № 681 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1. ________________________________________;

      2. ________________________________________;

      3. …….

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

      ________________________________________________ _____________

            Т.А.Ә. (бар болса) (Мем.корпорация қызметкері)             (қолы)

      Телефон________________ Алдым:___________________________________________

                  көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының Т.А.Ә./қолы

      "__" _______ 20 __ жылы

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 212 бұйрығына
3-қосымша

"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2020 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
  Білім және ғылым министрінің
  2015 жылғы 16 сәуірдегі
  № 212 бұйрығына
  4-қосымша

"Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.07.2019 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.