"Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 681 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 17949 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 206 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.05.2020 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11260 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 маусымда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау" көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелері";

      3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      – білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы куәлік;

      - білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы куәлік телнұсқасы;

      - мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттының 10-1 тармағында көрсетілген негіздер және жағдайлар бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту .

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.";

      9, 10 және 10-1 мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы өтініш;

      2) білім туралы құжаттың және оның қосымшасының заңдастырылған немесе апостильденген көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін, қайтарылып беріледі) және білім туралы құжаттың және оның қосымшасының, мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса).

      Білім туралы құжат Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын ресми құжаттарды заңдастырудың күшін жоюды көздейтін құқықтық көмек туралы халықаралық шартқа (келісімге) қатысушы елде берілген жағдайда білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі және нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса) ұсынылады, мұндай құжаттарды заңдастыру немесе апостильдендіру талап етілмейді.

      3) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін) немесе нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты.

      Қазақстан Республикасының резиденті емес адамдар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен).

      Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырса тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет;

      4) төлем туралы түбіртек.

      Көрсетілетін қызметті алушы өзінің дайындығын дәлелдейтін, оның ішінде кәсіби қызметке рұқсат беретін, практикалық тәжірибесі туралы дәлелді құжаттарын ұсынады. Аталған құжаттар олардың белгіленген тәртіппен нотариалды куәландырылған аудармасымен, оның ішінде мөрдің аудармасымен бірге ұсынылады (егер құжат толығымен шет тілінде болса).

      Осы тармақтың 2 және 3 тармақшаларында көрсетілген құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары куәландырады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісім алады.

      Мемлекеттік ақпарат жүйелерінде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар, неке туралы немесе оны бұзу туралы куәліктер (2008 жылдан кейін берілген) туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкіметі" шлюзі арқылы Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйелерінен алады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың түпнұсқасын мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ұсынылған мәліметтермен салыстырады, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдағанын растайтын қолхат негізінде жеке басын куәландыратын куәлігін көрсеткен жағдайда (не уәкілетті өкілдің натариалды куәландырылған сенімхаты негізінде) жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация қорытындыны өзінде бір ай бойы сақтайды, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң хабарласқан жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір күн ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      10-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың және деректердің (мәліметтердің) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      3) "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесі" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығында көрсетілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бас тартуға арналған басқа да негіздер.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда берілсін:

      "4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің: www.enic-kazakhstan.kz;

      2) Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған;

      Мемлекеттік қызмет стандартының 2, 2-1 және 3 қосымшалары осы бұйрықтың 2, 2-1 және 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырсын:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен күннен күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі интернет-ресурсында орналастыру;

      4) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1, 2, 3 тармақшаларында көрсетілген шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсыну.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 681 бұйрығына
1-қосымша
  "Білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  Үлгі
  Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің
"Болон процесі және
академиялық ұтқырлық
орталығы" РМК
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты)*
____________________________
____________________________
Азаматтығы:*
__________________________
____________________________
Жеке басын растайтын құжаты
(паспорт/жеке куәлік:*
____________________________
(нөмірі, сериясы, күні және кім
бергені)
____________________________
Тұрғылықты
мекенжайы:__________________
____________________________
(ел, облыс, қала, аудан, көше
атауы,
____________________________
үй және пәтер нөмрі)
Байланыс деректері*__________
____________________________
(ұялы, жұмыс/үй телефондары,
электронды пошта адресі)
____________________________
____________________________
Жұмыс немесе оқу орны:*_____
____________________________
____________________________

Өтініш

      Сізден*_________________________________________________________________

                                    (тану, нострификациялау)

      Мақсат*________________________________________________________________

                              (жұмысқа орналасу, оқуды жалғастыру)

      _______________________________________________________________________

      Білім туралы құжаттың түрі, сериясы және нөмірі* ____________________________

                                                (диплом, аттестат, куәлік, сертификат)

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      Кім берген*_____________________________________________________________

                              (білім беру ұйымының, елдің толық атауы)

      Мамандық/бағыты бойынша*_____________________________________________

      (толық атауы) Берілген біліктілік/

      дәреже*_______________________________________________

      _______________________________________________________________________

      (толық атауы)

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға

      келісім беремін.

      "___" ____________ 20___жыл _____ ________________________________

                                                (жеке қолы немесе уәкілетті өкілі)

      *- толтырылуы міндетті":

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 681 бұйрығына
2-қосымша
  "Білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-1-қосымша
  Үлгі
  Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің
"Болон процесі және
академиялық ұтқырлық
орталығы" РМК _____________
(Аты, тегі, әкесінің аты (бар
болған жағдайда
____________________________
____________________________
Азаматтығы: ________________
____________________________
Жеке басын куәландыратын
құжаты (паспорт/жеке
куәлік)______________________
(нөмері, сериясы, кім бергені
және күні)
____________________________
Тұрғылықты мекен-жайы:_____
____________________________
(мемлекет, облыс, қала, аудан,
көше атауы,
____________________________
үй және пәтер нөмрі)
Байланыс деректері
____________________________
____________________________
(ұялы, жұмыс/үй телефондары,
электронды пошта адресі)
____________________________
____________________________
Жұмыс немесе оқу
орны:________________
____________________________

Өтініш

      Сізден _________________________________________________________________

      (білім туралы құжатты тану/нострификациялау туралы куәліктің телнұсқасын беру)

      Себебі _________________________________________________________________

                              (куәліктің жоғалуы/бүлінуіне және т.б. себебі.)

      _______________________________________________________________________

      Білім туралы құжаттың сериясы, нөмрі және түрі _____________________________

                                                (диплом, аттестат, куәлік, сертификат)

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

                              (білім беру ұйымының, елдің атауы)

      Мамандық/бағыттары бойынша ___________________________________________

                                          (толық атауы)

      Берілген біліктілік/академиялық дәреже ____________________________________

      _______________________________________________________________________

                                          (толық атауы)

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына толық жауап беремін.

      ___" _____________ 20___жыл _______ _____________________________

                                                            ( қолы)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 681 бұйрығына
3-қосымша
  "Білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау
туралы"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
  Үлгі
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі - Т.А.Ә.)
____________________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)
____________________________

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1. ________________________________________;

      2. ________________________________________;

      3. …….

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

      ________________________________________________ _____________

            Т.А.Ә. (бар болса) (Мем.корпорация қызметкері)             (қолы)

      Телефон________________ Алдым:___________________________________________

                        көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының Т.А.Ә./қолы

      "__" _______ 20 __ жылы