"Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 қарашадағы № 633 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14541 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 206 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.05.2020 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11260 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 маусымда "Әділет" нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау" көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарты:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Орталыққа және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

      1) білім туралы құжаттарды тану рәсімі бойынша – көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9–тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 2 (екі) айдан аспайды (Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

      2) білім туралы құжаттарды нострификациялау рәсімі бойынша – көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9–тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) айдан аспайды (Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді).

      Егер білім туралы құжатты берген білім беру ұйымына және/немесе көрсетілген білім беру ұйымы қарамағына жататын білім беру саласындағы басқару органына тануға ұсынылған білім туралы құжаттың білім мазмұнын, алған білімнің нысанын сипаттайтын мәліметерді ұсыну және құжатты берген ұйым орналасқан мемлекетте білім туралы құжаттың танылуы тұралы тиісті сұраныс жолданған жағдайда білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы өтініштерді қарау мерзімі тағы күнтізбелік 30 (отыз) күнге ұзартылады.

      Құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

      9–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      Орталыққа:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2–қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы өтініш;

      2) білім туралы құжаттың және оның қосымшасының (егер соңғысы мұндай құжат берген мемлекеттің заңнамасында көзделген болса) нотариалды куәландырылған көшірмесі және білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған аудармасы, оның ішінде мөрдің аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса).

      Құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары куәландырады.

      3) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын куәландыратын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың немесе паспорттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге);

      Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырса, тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқаны теңестіру үшін);

      4) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (салыстыру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжаты (көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде);

      5) төлем туралы түбіртек.

      Білім туралы құжаттың иегері өзінің дайындығын дәлелдейтін, оның ішінде кәсіби қызметке рұқсат беретін, практикалық тәжірибесі туралы дәлелді құжаттарын ұсынады. Аталған құжаттар олардың белгіленген тәртіппен нотариалды куәландырылған аудармасымен, оның ішінде мөрдің аудармасымен бірге ұсынылады (егер құжат толығымен шет тілінде болса).

      Мемлекеттік корпорацияға:

      Телнұсқаны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы орталыққа немесе Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2–1– қосымшасына сәйкес нысан бойынша телнұсқаны беру туралы өтініш;

      2) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын куәландыратын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге);

      3) Қазақстан Республикасының мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған жоғалғаны туралы ақпарат;

      4) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде);

      5) төлем туралы түбіртек.

      Телнұсқа құжаттың түпнұсқасы берілген тегіне, атына, әкесінің атына (бар болған жағдайда) ресімделеді. Берілген куәлік бланкісінің оң жақ жоғары бұрышына "Телнұсқа" деген мөртабан басылады.

      Телнұсқаны беру туралы өтінішті қарау мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күнді құрайды.

      Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

      Мемлекеттік ақпарат жүйелерінде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар, неке туралы немесе оны бұзу туралы куәліктер (2008 жылдан кейін берілген) туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйелері арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың түпнұсқасын мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ұсынылған мәліметтермен және құжаттардың жасалған электрондық көшірмелерімен салыстырады, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдағанын растайтын қолхат негізінде жеке басын куәландыратын куәлігін көрсеткен жағдайда (немесе уәкілетті өкілдің наториалды куәландырылған сенімхаты негізінде) жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация қорытындыны өзінде бір ай бойы сақтайды, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң хабарласқан жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір күн ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Мемлекеттік корпорацияға өтініштің қабылданғанын растау тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат болып табылады.";

      келесі мазмұндағы 10–1–тармақпен толықтырылсын:

      "10–1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.";

      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес 2–1–қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (А.Ә. Пірімқұлов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;

      3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс–шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы А.Ә. Пірімқұловқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі

Е. Сағадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      _________________________ Д. Абаев

      2016 жылғы 15 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________________Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 18 қараша

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 2 қарашадағы
№ 633 бұйрығына
қосымша
  "Білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-1-қосымша

      Үлгі

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

      минситрлігі Білім және ғылым саласындағы

      бақылау комитеті

      ________________________________________

      (Аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      __________________________________________

      __________________________________________

      Азаматтығы: ______________________________

      __________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаты (паспорт/жеке

      куәлік):____________________________________

      __________________________________________

      (нөмері, сериясы, кім бергені және күні)

      __________________________________________

      Тұрғылықты мекен-

      жайы:___________________________________

      __________________________________________

      (мемлекет, облыс, қала, аудан, көше атауы)

      __________________________________________

      үй және пәтер нөмрі)

      Байланыс_________________________________

      ________________________________________

      (ұялы, жұмыс/үй телефондары,

      электронды пошта адресі)

      ___________________________________________

      __________________________________________

      Жұмыс немесе оқу орны:____________________

      _________________________________________

Өтініш

      Сізден ______________________________________________________________

      (білім туралы құжатты тану/нострификациялау туралы куәліктің телнұсқасын беру)

      _____________________________________________________________________

      Себебі ______________________________________________________________

      (куәліктің жоғалуы/бүлінуіне және т.б. себебі)

      Білім туралы құжаттың сериясы, нөмрі және түрі

      _____________________________________________________________________

      (диплом, аттестат, куәлік, сертификат)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (білім беру ұйымының, елдің атауы)

      мамандық бойынша ____________________________________________________

      (толық атауы)

      Берілген

      біліктілік/академиялық дәреже _______________________________________

      _____________________________________________________________________

      (толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына толық жауап беремін.

      "___" _____________ 20___жыл ________________________________________

      (Аты, тегі, әкесінің аты (бар болған

      жағдайда)) жеке немесе уәкілеті тұлғаның қолы)