Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 маусымда № 11820 тіркелді.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.05.2020 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3) Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2020 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4) Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.07.2019 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 27.01.2016 № 87 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.07.2019 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.05.2020 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.05.2020 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С. Нюсупов) белгіленген заңнамалық тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықтың ресми жариялануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Т.О.Балықбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
А. Сәрінжіпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ____________ Ә.Ө. Исекешев

      2015 жылғы "___"________________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________Е.А. Досаев

      2015 жылғы 4 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 212 бұйрығына 1-қосымша

"Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 27.01.2016 № 87 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық білім саласындағы бақылау департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.03.2017 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;

      2) порталға жүгінген кезде:

      І кезең - құжаттар топтамасының қабылдануын және "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік баждың төленгенін растау бойынша хабарлама алу – 5 (бес ) жұмыс күні;

      ІІ кезең - Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру – 10 (он) жұмыс күні;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді:

      1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты – 15 (он бес) минут;

      2) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты – 15 (он бес) минут.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.03.2017 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – "апостиль" мөртаңбасы қойылған дайын құжаттарды қағаз тасымалдағышта беру;

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген 0,5 айлық есептік көрсеткішті құрайтын мемлекеттік баж алынады.

      Мемлекеттік бажды төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      Портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электронды сұрау берілген кезде төлем "электронды үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады. Алдын ала төленген жағдайда төлем құжатының электронды көшірмесі қоса тіркеледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      көрсетілетін қызметті берушіде – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбі мен жұма аралығында, бекітілген кесте бойынша сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;

      мемлекеттік корпорацияда – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, бекітілген кесте бойынша түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау "электронды" кезек тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша, жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, портал арқылы кезекті броньдауға болады;

      порталда – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш білдірген жағдайда өтінішті қабылдау және нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның сенім білдірген өкілі өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      Мемлекеттік корпорацияға:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін);

      3) апостильдеуге ұсынылған құжат (түпнұсқа);

      4) мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек (түпнұсқа).

      порталға:

      1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық сандық қолтаңбасы қойылған электронды құжат түріндегі сұранысы;

      2) апостиль қою үшін ұсынылған құжаттың электронды көшірмесі.

      Жеке басын куәландыратын, бюджетке алым сомасын (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) төлегенін растайтын құжаттар туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттар тиісті құжаттардың қабылданғанын растау туралы қолхат негізінде жеке (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) куәлігін көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай ішінде сақтайды, содан соң оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң өтініш берген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжатты көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Мемлекеттік корпорацияға өтініштің қабылданғанын растау тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;

      2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.03.2017 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жазбаша түрде көрсетілетін қызметті берушінің басшысының не оны алмастырушы тұлғаның атына беріледі.

      Шағым пошта, портал арқылы жазбаша нысанда не кеңсе арқылы қолма-қол беріледі.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Шағымды қабылдаушы адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі бойынша шағымға жауап алу орны мен мерзімі көрсетіле отырып, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні қойылады) шағымның қабылдануын растау болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның www.goscorp.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорацияның филиалының, бөлімінің басшысына жолданады.

      Мемлекеттік корпорацияда немесе көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол, пошта арқылы келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.03.2017 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің control.edu.gov.kz интернет-ресурсында;

      2) Мемлекеттік корпорацияның www.goscorp.kz интернет-ресурсында;

      3) www.egov.kz порталында орналастырылған.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.03.2017 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысы шектелген, денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777 арқылы жүгіну жолымен мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша барып көрсетеді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.03.2017 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-24-30. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.03.2017 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу тәртібінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметі, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.03.2017 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Білім туралы құжаттарға
(түпнұсқалар) апостиль қою"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы Білім
  және ғылым министрлігі Білім
  және ғылым саласындағы
  бақылау комитетінің
  __________________ Білім
  саласындағы бақылау
  департаментінің директорына
  ____________________________
  ______________ мекенжайы
  бойынша тұратын кімнен
  ___________________________
  (тегі, аты, әкесінің аты (бар
  болған жағдайда) көрсетіледі)
  байланыс телефоны __________
  ____________________________
  Ұйымның телефоны/факсы
  Жұмыс немесе оқу орны/
  ____________________________
  ____________________________

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.03.2017 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

ӨТІНІШ

      _________________ еліне бару үшін менің білім туралы құжатымды апостильдеуді

      сұраймын (керегін сызыңыз):

      1) оқу бағдарламасы;

      2) табель;

      3) аттестат (жалпы орта білім туралы, жалпы орта білім туралы үздік, жалпы орта білім

      туралы Алтын белгі аттестаты);

      4. колледж (техникалық және кәсіптік білім туралы, техникалық және кәсіптік білім

      туралы үздік), лицей, училище (орта білімнен кейінгі білім туралы, орта білімнен кейінгі білім

      туралы үздік) бітіргені туралы диплом;

      5) жоғары білім туралы диплом (бакалавр дәрежесі берілген жоғары білім туралы,

      біліктілік берілген жоғары білім туралы, бакалавр дәрежесі берілген жоғары білім туралы

      үздік диплом);

      6) ҰБТ, ТКТ сертификаты;

      7) анықтама;

      8) басқалар

      Мынадай құжаттар тапсырылды:

      1) Білім туралы құжаттың түпнұсқасы; 

      2) Білім туралы құжатқа қосымшаның түпнұсқасы;

      Күні                              Өтініш беруші

      ________________________________________________________________________________

      Мынадай құжаттар тапсырылды:      Төлемақы жасау реквизиттері:

      Апостиль – Сарыарқа ауданы

      БИН: 981140001115

      БИК: ККМFKZ2A

      КБК: 108125

      КНП: 991

      Мемлекеттік баж: бір құжатқа 0,5 АЕК

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін

      _____________ 20 ___ жылғы "____" ___

      (қолы)

  "Білім туралы құжаттарға
(түпнұсқалар) апостиль қою"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
  (көрсетілетін қызметті
  алушының тегі, аты, әкесінің
  аты (бар болса) (бұдан әрі -
  Т.А.Ә.) немесе ұйымның атауы)
  ____________________________
  ____________________________
  ____________________________
  (көрсетілетін қызметті
  алушының мекенжайы)

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.03.2017 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 ақпандағы Қазақстан

      Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға

      арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы филиалының №

      _____________________________ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің "Білім туралы

      құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында

      көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты

      ________________________________________________________________________________

      мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) __________________________________________;

      2) __________________________________________;

      3) ___________________________________________.

      Осы қолхат әртарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

      _____________________________________________

      Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)

 
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 212 бұйрығына 2-қосымша

"Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.05.2020 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 212 бұйрығына 3-қосымша

"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2020 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
  Білім және ғылым министрінің
  2015 жылғы 16 сәуірдегі
  № 212 бұйрығына 4-қосымша

"Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.07.2019 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.