РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2019 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Фильмге прокаттау куәлiгiн беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
3) алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
5) алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын;
4) осы тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді осы іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ. Ахмедьяровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Мәдениет және спорт министрі | А. Мұхамедиұлы |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
____________________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 30 cәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 05 мамыр
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 cәуірдегі № 146 бұйрығына 1-қосымша |
"Фильмге прокаттау куәлiгiн беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. "Фильмге прокаттау куәлiгiн беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) әзiрледi.
3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Министрлiкпен (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "электрондық үкiмет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде – 7 (жетi) жұмыс күнi;
2) көрсетiлетiн қызметтi берушiде құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің қызмет көрсетудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәжді түрде бас тартады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық нысан (iшiнара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12460 болып тіркелген "Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 366 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша фильмге прокаттау куәлiгi, не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру нысаны: электрондық нысан.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы прокаттау куәлiгiн қағаз жеткiзгiште алуға өтiнiш бiлдiрiлген жағдайда, мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi электрондық нысанда ресiмделiп, басып шығарылады және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының мөрiмен куәландырылады.
Порталда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi уәкілетті орган басшысының электрондық цифрлық (бұдан әрi - ЭЦҚ) қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанында, қызмет алушының "жеке кабинетiне" жолданып, сақталады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
8. Жұмыс кестесi:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi;
2) порталда: тәулiк бойы, жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не уәкілетті өкіл) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге:
жеке басты куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде заңды тұлғаның сенімхаты немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат (жеке тұлға үшін) (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
көрсетiлетiн қызметтi алушының фильмге немесе оны пайдалануға құқығын растайтын құжаттар (авторлық шарттардың және (немесе) лицензиялық келiсiмдердiң көшiрмелерi) шет тiлiндегi құжаттарға қазақ және (немесе) орыс тiлдерiнде нотариат куәландырған көшiрмесi қоса берiледi. Егер нотариус тиісті тілдерді білмейтін болса, аударманы аудармашы жасап, қойған қолының түпнұсқалығын нотариус куәландырады;
фильмге көрермендердiң жас шегiн анықтау үшiн, қолда бар барлық көрiнiстердi суреттей отырып, фильм туралы ақпаратты қамтитын фильмнiң аннотациясы;
отандық немесе бiрлесiп түсiрiлген фильмдерде пайдаланылатын туындылар туралы мәлiметтер.
2) порталға:
көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
көрсетiлетiн қызметтi алушының фильмге немесе оны пайдалануға құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшiрмелерi (авторлық шарттардың және (немесе) лицензиялық келiсiмдердiң көшiрмелерi) шет тiлiндегi құжаттарға қоса тiркелетiн қазақ және (немесе) орыс тiлдерiнде нотариат куәландырған көшiрмесi. Егер нотариус тиісті тілдерді білмейтін болса, аударманы аудармашы жасап, қойған қолының түпнұсқалығын нотариус куәландырады;
фильмге көрермендердiң жас шегiн анықтау үшiн, қолда бар барлық көрiнiстердi суреттей отырып, фильм туралы ақпаратты қамтитын фильм аннотациясының электрондық көшiрмесi;
отандық немесе бiрлесiп түсiрiлген фильмдерде пайдаланылатын туындылар туралы мәлiметтердiң электрондық көшiрмесi.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтерiн көрсетiлетiн қызметтi берушi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден – "электрондық үкiмет" шлюзы арқылы алады.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге өтiнiштiң көшiрмесiнде құжаттар топтамасын қабылдау күнi мен уақыты көрсетiле отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу туралы белгi, сонымен қатар құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, жөні (бар болған жағдайда) өтiнiштiң қағаз жеткiзгiште қабылданғанын растау болып табылады;
2) портал арқылы – көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетiледi.
10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн:
1) көрсетiлетiн қызметтi алушының дәйексiз немесе бұрмаланған ақпарат беруi;
2) көрсетiлетiн қызметтi алушының осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағының талаптарына сай келмейтiн құжаттарды табыс етуi;
2-1) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
3) фильмнiң мазмұны республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, ұлттық араздықты тудыруды насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталуы негiз болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қайта жүгінуіне болады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметті көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағым www.mks.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан немесе 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, "Министрлiктер үйi" ғимараты, № 15 кiреберiс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша нысанда берiледi.
Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша, портал арқылы, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушымен қол қойылған шағымда:
1) жеке тұлға үшін - тегі, аты, жөні (бар болған жағдайда) пошталық мекен-жайы;
2) заңды тұлға үшін – атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс номері және мерзімі көрсетіледі.
Шағымның көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып тiркелуi (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.
Портал арқылы жүгiнген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жiберiлген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинеттен" өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.
Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен шағым тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетудiң ерекшелiктерiн ескере отырып, қойылатын өзге талаптар
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
14. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн орынның мекенжайы:
1) Министрлiктiң www.mks.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде;
2) порталда орналастырылған.
15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкiндiгi бар.
16. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi жөнiндегi ақпаратты порталдың "жеке кабинетi" арқылы, сондай-ақ Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде алуға мүмкiндiгi бар.
17. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары www.mks.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде көрсетiлген. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.
"Фильмге прокаттау куәлігін беру" мемлекеттік қызмет стандартына қосымша |
Нысан
___________________________
(фильмге прокаттау куәлігін
беретін органның толық атауы, орган
басшысының тегі, аты,
жөні (бар болған жағдайда)
кімнен__________________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
заңды тұлға басшысының тегі, аты, жөні
немесе жеке тұлғаның тегі, аты,
жөні (бар болған жағдайда)
Өтініш
Сізден фильмге прокаттау куәлігін беруді сұраймын.____________
(фильмнің атауы)
Фильм қоюға негіз болған туындының атауы және авторы:
____________________________________________________________________
Фильмді шығарған ел:________________________________________________
Фильмді шығарушы-студия: ___________________________________________
Фильмнің шыққан жылы: ______________________________________________
Фильмнің форматы: __________________________________________________
Фильмнің хронометражы: _____________________________________________
Сценарий автор(лар)ы: ______________________________________________
Қоюшы-режиссер(лар): _______________________________________________
Қоюшы-оператор(лар): _______________________________________________
Қоюшы-суретші(лер): ________________________________________________
Шығарманың автор(лар)ы: ____________________________________________
Продюсер(лер)і: ____________________________________________________
Фильм серияларының саны: ___________________________________________
Фильмнің жанры: ____________________________________________________
Фильмнің тілі, фильмді дубляждау тілдері (олар бар болған жағдайда):_______________________________________________
Шығарушы ел берген көрермендердің жас шегі бойынша ақпарат:_________________________________________________
Өтініш берушінің деректемелері _____________________________________
(заңды тұлға үшін – заңды мекенжайы, пошталық индексі, электрондық
поштасы, телефондары, факс; жеке тұлға үшін – тұрғылықты мекенжайы,
пошталық индексі, электрондық поштасы, телефондары, факс)
____________________________________________________________________
(заңды тұлға үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі, жеке тұлға үшін –
жеке сәйкестендіру нөмірі)
"Фильмге прокаттау куәлігін беру" мемлекеттік қызмет стандартында
көзделген, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін
Өтініш берілген күн: _______________________________________________
Өтініш берушінің тегі, аты, жөні (бар болған жағдайда) _____________
(қолы)
Мөр Орны
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығына 2-қосымша |
"Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-рестраврациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. "Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) әзiрледi.
3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Министрлiкпен (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.
Өтініш қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерiн беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz "электрондық үкiмет", www.elicense.kz веб-порталдары (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 12.01.2018 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде:
тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру (бұдан әрi – лицензия) – 15 (он бес) жұмыс күнi;
қайта ресiмделген лицензияны беру – 3 (үш) жұмыс күнi.
Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәжді түрде бас тартады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.01.2016 № 12 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.01.2018 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық нысан (iшiнара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi – лицензия беру, лицензияны қайта рәсiмдеу не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық нысан.
Порталда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi уәкілетті органның мемлекеттік қызмет берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетiне" жолданып, сақталады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 12.01.2018 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетiледi.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 471-бабына (Салық кодексі) сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн лицензиялық алым мөлшерлемелері:
1) тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызмет түрiмен айналысу құқығы үшiн – 10 (он) айлық есептiк көрсеткiштi (бұдан әрi – АЕК);
2) лицензияны қайта ресiмдеу үшiн – лицензия беру кезiндегi мөлшерлеменiң 10%-ын құрайды, бiрақ 4 (төрт) АЕК-тен жоғары емес.
Лицензиялық алымды төлеу екiншi деңгейдегi банктер немесе ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес есеп айырысу түрінде банктік жүйелердің жекеленген түрлері арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу портал арқылы берілген жағдайда, төлеу "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
8. Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесi – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбіден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.
Құжаттарды қабылдау "электрондық" кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы алдын-ала кезек алуға болады;
2) порталда – тәулiк бойы, жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда (қызмет көрсетуді алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген жағдайда, өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерi келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 12.01.2018 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшін қажеттi құжаттар тiзбесi:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
жеке басты куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде заңды тұлғаның сенімхаты немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат (жеке тұлға үшін) (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
бюджетке лицензияны алу үшiн лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжат;
тарих пен мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2, 3-қосымшаларына сәйкес мәлiметтер нысаны;
осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 4, 5-қосымшаларына сәйкес мамандандырылған жабдықтар бойынша мәліметтер нысаны;
Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi лицензияны алуға көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн қосымша:
көрсетiлетiн қызметтi алушының тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығы, археология саласында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредитациясы бар ғылыми ұйымның ұсынымхаты.
Лицензияны қайта рәсімдеу үшін:
жеке басты куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде заңды тұлғаның сенімхаты немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат (жеке тұлға үшін) (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
бюджетке лицензияны алу үшiн лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжат;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжат;
Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi лицензияны қайта рәсімдеуге көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн қосымша:
көрсетiлетiн қызметтi алушының тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығы, археология саласында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредитациясы бар ғылыми ұйымның ұсынымхат;
2) порталға:
көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш беру;
"электрондық үкiметтiң" төлем шлюзi арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке лицензияны алу үшiн лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi.
тарих пен мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2, 3-қосымшаларына сәйкес мәлiметтер нысаны;
осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 4, 5-қосымшаларына сәйкес мамандандырылған жабдықтар бойынша мәліметтер нысаны;
Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi лицензияны алуға көрсетiлетiн қызметті алушылар үшін қосымша:
көрсетiлетiн қызметті алушының тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығы, археология саласында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредитациясы бар ғылыми ұйымның ұсынымхаттың элетрондық көшірмесі.
Лицензияны қайта рәсімдеу үшін:
көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш беру;
"электрондық үкiметтiң" төлем шлюзi арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке лицензияны алу үшiн лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттың электрондық көшірмесі;
Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi лицензияны алуға көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн қосымша:
көрсетiлетiн қызметтi алушының тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығы, археология саласында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредитациясы бар ғылыми ұйымның ұсынымхаттың электрондық көшірмесі.
Көрсетiлетiн қызметті беруші жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттар, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бюджетіне алым сомасын төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін алып, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға кері қайтарады және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қолхат негізінде (немесе сенімді өкілі: құжат бойынша өкілеттілік берілген заңды тұлға; нотариалды рәсімделген куәлігі бойынша жеке тұлға) береді.
Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет нәтижесін бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік қызметті көрсетудің дайын нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қызмет алушының "жеке кабинетіне" өтініш қабылдау туралы мәлімет хабарлама жіберіледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 12.01.2018 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін:
1) осы субъектiлердiң санаттары үшiн қызмет түрiмен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынуы;
2) тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымның енгiзiлмеуi;
3) көрсетiлетiн қызметтi алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуi;
4) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты оған тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметпен айналысуға тыйым салатын соттың заңды күшiне енген үкiмiнiң болуы;
5) көрсетiлетiн қызметтi алушыға лицензия берудiң келiсушi мемлекеттiк органмен келiсiлмеуi;
6) сот орындаушысының ұсынуы негiзiнде соттың көрсетiлетiн қызметтi алушыға лицензия алуға тыйым салуы негiз болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бастарту себептерін жойған жағдайда, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қайта жүгінуіне болады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағым www.mks.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан немесе 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, "Министрлiктер үйi" ғимараты, № 15 кiреберiс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша нысанда берiледi.
Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушымен қол қойылған шағымда:
1) жеке тұлға үшін - тегі, аты, жөні (бар болған жағдайда) пошталық мекен-жайы;
2) заңды тұлға үшін – атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс номері және мерзімі көрсетіледі.
Шағымның көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде құжаттың тіркелуі (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi), шағымды қабылдаған қызметкердің аты, жөнi мен тегi (бар болған жағдайда), берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiлуі оның қабылдағанын растау болып табылады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация филиалының, бөлімінің басшысының атына www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлары мен телефондары арқылы беріледі.
Мемлекеттік корпорациясына қолма-қол және пошта арқылы түскен шағымы қабылданғанын растау оның тіркелгені (шағымның екінші нұсқасында немесе қосымша ұсыныс хатқа мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні енгізілуі) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорация мекенжайына келіп түскен шағымы оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауабы көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорация кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының: 1414 телефоны немесе портал арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жiберiлген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинеттен" өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.01.2016 № 12 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң, оның iшiнде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшелiктерiн ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13. Организм функцияларының тұрақтылығы бұзылған, толық және ішінара қабілетінен немесе өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен жүруді жүзеге асыру, бағдарлау мүмкіндігінен айырылған қызметті алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгініп, тұрғылықты жеріне шығумен Мемлекеттік корпорация қызметкерлері жүргізеді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.01.2016 № 12 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің – www.mks.gov.kz интернет-ресурсында;
2) Мемлекеттік корпорацияның – www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналастырылған.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.01.2016 № 12 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары көрсетiлетiн қызметтi берушiнің интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде көрсетiлген. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.
"Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымша |
Нысан
_________________________________
(лицензиардың толық атауы)
кiмнен __________________________
_________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес
сәйкестендiру нөмiрi/жеке тұлғаның тегi,
аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда),
жеке сәйкестендiру нөмiрi)
Өтiнiш
____________________________________________________________________
(қызметтiң түрiн көрсету)
_________________________жүзеге асыруға лицензияны берудi сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы __________________________________________
(пошталық индекс, облыс, қала, аудан,
___________________________________________________________________
елдi мекен, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмiрi)
Электрондық поштасы________________________________________________
Телефондары/Факс___________________________________________________
Банктiң есеп-шоты__________________________________________________
(шот нөмiрi, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметтi жүзеге асыру мекенжайы(лары)______________________________
(пошталық индекс, облыс, қала, аудан, елдi мекен,
___________________________________________________________________
көше атауы,үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмiрi)
Қосымша__________парақта
Мыналары:
көрсетiлген барлық деректердiң ресми деректер болып табылатыны және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелерi бойынша кез келген ақпаратты жiберуге болатыны;
көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызметтiң лицензияланатын түрiмен және (немесе) кiшi түрiмен айналысуға сот тыйым салмағаны;
қоса берiлiп отырған құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетiнi және жарамды болып табылатындығы расталады.
Заңды тұлға басшысы/ Мөр орны
жеке тұлға
_______________________ ________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
(болған жағдайда)
"Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет стандартында көзделген, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Толтыру күні:
20 __ жылғы "__" __________ ________________
(қолы)
"Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымша |
Нысан
Бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер
(заңды тұлға үшін)
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі _______________________
(археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау)
жұмыстарын жүзеге асыру қызметін лицензиялау кезінде заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестікті растайтын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер.
Ғылыми жетекшілер туралы деректер:
1)_________________________________________________________________;
(тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________________________________________;
(ғылыми дәрежесі, мамандығы және біліктілігі)
___________________________________________________________________;
(жоғарғы білімі туралы дипломының нөмірі, берілген уақыты, мамандығының және біліктілігінің атауы, дипломды берген оқу орнының атауы)
2) тарих және мәдениет ескерткіштерін _____________________________
(археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау) саласындағы еңбек өтілі:
___________________________________________________________________;
(жұмыс орны, атқаратын лауазымы, жұмысқа қабылдануы туралы бұйрықтың немесе жеке еңбек шартының нөмiрi және күнi, жұмыстан босату туралы бұйрықтың немесе бұзу туралы шарттың нөмірі және күні)
3) _____________________________ саласындағы жобалар туралы ақпарат:
(археологиялық және (немесе) ғылыми-реставарациялау жұмыстары)
____________________________________________________________________
(жобаның атауы, жылы, объектінің аты және орналасқан жері, орындалған жұмыс туралы қысқаша ақпарат)
Жетекші _____________________________ Мөр үшін орын ______________
(заңды тұлғаның атауы, (қолы)
тегі, атауы, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Толтырылған күні: " " __________ 20 __ жыл
"Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымша |
Нысан
Бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер
(жеке тұлға үшін)
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі _______________________
(археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау)
жұмыстарын жүзеге асыру қызметін лицензиялау кезінде заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестікті растайтын мәліметтер.
Жеке тұлғаның жеке деректері:
1)_________________________________________________________________;
(тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________________________________________;
(ғылыми дәрежесі, мамандығы және біліктілігі)
___________________________________________________________________;
(жоғарғы білімі туралы дипломының нөмірі, берілген уақыты, мамандығының және біліктілігінің атауы, дипломды берген оқу орнының атауы)
2) тарих және мәдениет ескерткіштерін _____________________________
(археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау) саласындағы еңбек өтілі:
___________________________________________________________________;
(жұмыс орны, атқаратын лауазымы, жұмысқа қабылдануы туралы бұйрықтың немесе жеке еңбек шартының нөмiрi және күнi, жұмыстан босату туралы бұйрықтың немесе бұзу туралы шарттың нөмірі және күні)
3)_____________________________ саласындағы жобалар туралы ақпарат:
(археологиялық және (немесе) ғылыми-реставарациялау жұмыстары)
___________________________________________________________________
(жобаның атауы, жылы, объектінің аты және орналасқан жері, орындалған жұмыс туралы қысқаша ақпарат)
Жеке тұлға __________________________ Мөр үшін орын ______________
(жеке тұлғаның атауы, (қолы)
(бар болған жағдайда)
тегі, атауы, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Толтырылған күні: " " __________ 20 __ жыл
"Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 4-қосымша |
Нысан
Бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер
(заңды тұлға үшін)
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі _______________________
(археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау)
жұмыстарын жүзеге асыру қызметін лицензиялау кезінде заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестікті растайтын мамандандырылғани жабдықтар туралы мәліметтер:
1)_________________________________________________________________;
(мамандандырылған жабдықтардың атауы және моделі, мамандандырылған жабдықтарды сатып алу/сату/жалдау шартының нөмірі және жасалған күні, шарт жасалған заңды және (немесе) жеке тұлғаның атауы)
2)________________________________________________________________.
Жетекші _____________________________ Мөр үшін орын ______________ (заңды тұлғаның атауы, (қолы)
тегі, атауы, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
Толтырылған күні: " " __________ 20 __ жыл
"Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 5-қосымша |
Нысан
Бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер
(жеке тұлға үшін)
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі _______________________
(археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау)
жұмыстарын жүзеге асыру қызметін лицензиялау кезінде заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестікті растайтын мамандандырылғани жабдықтар туралы мәліметтер:
1)__________________________________________________________________;
(мамандандырылған жабдықтардың атауы және моделі, мамандандырылған жабдықтарды сатып алу/сату/жалдау шартының нөмірі және жасалған күні, шарт жасалған заңды және (немесе) жеке тұлғаның атауы)
2)_________________________________________________________________.
Жеке тұлға __________________________ Мөр үшін орын ______________
(жеке тұлғаның атауы, (бар болған жағдайда) (қолы)
тегі, атауы, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Толтырылған күні: " " __________ 20 __ жыл
"Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 6-қосымша |
Нысан
_________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),
көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы)
__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.01.2016 № 12 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) "Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атауы:
1) _______________________________;
2) _______________________________;
3) _______________________________.
ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Қызметкер: _________________________________________ ________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
Орындаушы: _________________________________________ ________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
Телефоны: ____________________
Алды: ______________________________________________ _______________
(көрсетілетін қызметті алушының (қолы)
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
20__ жылғы "___" _________
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығына 3-қосымша |
"Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың объектiлердi Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу туралы қолдаухаттарын қарау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығына 4-қосымша |
"Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) әзiрледi.
3. Мемлекеттiк қызмет облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарынымен (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижеcін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.elicense.kz, www.e.gov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде – 10 (он) жұмыс күнi;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәжді түрде бас тартады.
5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нысаны: электрондық нысан (iшiнара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10320 болып тіркелген "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 19 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк (бұдан әрi – куәлiк), не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру нысаны: электрондық нысан.
Куәлiктi қағаз жеткiзгiште алуға өтiнiш бiлдiрiлген жағдайда, мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi электрондық форматта ресiмделiп, басып шығарылады және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мөрiмен куәландырылады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.
8. Жұмыс кестесi:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде – көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен, көрсетiледi;
2) порталда – тәулiк бойы, жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның уәкілетті өкiлi) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге:
жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) заңды тұлғаның сенімхат немесе нотариалды куәландырылған сенімхат (жеке тұлғаға) - көрсетілетін қызметті алушының өкiлi жүгінген кезде (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
мәдени құндылықтарға меншiк құқығын растайтын құжаттардың көшiрмелерi;
қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың мақсаттары мен болу талаптары туралы шарттың көшiрмесi;
мәдени құндылықтардың беткi жағы мен керi жақтары суреттелген А-5 форматындағы екi фотосуретi;
заңды тұлғалар үшiн – уақытша әкету кезеңiне мәдени құндылықтардың сақталуы үшiн белгiлi бiр адамға жауапкершiлiк жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығы;
сараптауға жататын мәдени құндылықтар ретiнде қаралатын заттар;
2) порталға:
көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
мәдени құндылықтарға меншiк құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшiрмесi;
қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың мақсаттары мен болу талаптары туралы шартының электрондық көшiрмесi;
мәдени құндылықтардың беткi және керi жақтары суреттелген А-5 форматындағы электрондық фотосуретi;
заңды тұлғалар үшiн – сұрау салуға қоса тiркелетiн, уақытша әкету кезеңiне мәдени құндылықтардың сақталуы үшiн белгiлi бiр адамға жауапкершiлiк жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығының электрондық көшiрмесi;
көрсетiлетiн қызметтi алушы сараптамаға жататын мәдени құндылықтар ретiнде қаралатын заттарды (көрсетiлетiн қызметтi берушiге қолма-қол ұсынады).
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтерiн көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкiмет" шлюзі арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынылған заттар қабылдау және өткiзу журналында белгіленеді. Сараптама өткізілген кейін ұсынылған заттарды қабылдау және өткiзу журналына белгi қоюмен көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарылады.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге – өтiнiштiң көшiрмесiнде құжаттар топтамасын қабылдаудың күнi мен уақыты көрсетiле отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу туралы белгi өтiнiштiң қағаз жеткiзгiште қабылданғанын растау болып табылады;
2) портал арқылы – "жеке кабинетiнде" көрсетiлетiн қызметтi алушының өтініштер тарихында мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетiле отырып.
9-1. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) әкетілетін мәдени құндылықтарды реставрациялау мақсатында уақытша әкету жағдайларын қоспағанда, олардың қанағаттанарлықсыз физикалық жай-күйі;
3) мәдени құндылықтардың халықаралық және (немесе) мемлекеттік іздестіруде болуы;
4) мәдени құндылықтың уақытша әкету мақсатының "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 35-бабының 1-тармағымен сәйкес келмеуі негіздер болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қайта жүгінуіне болады.
Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет мәселелерi бойынша әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданған жағдайда: шағым Министрлiктің www.mks.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына берiледi.
Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша, портал арқылы немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол тапсырылады.
Көрсетілетін қызметті алушымен қол қойылған шағымда:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), почталық мекенжайы;
2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Шағымның көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркелуi (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оның тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күн iшiнде қаралуға жатады.
Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.
Сондай-ақ, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414 немесе портал арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жiберiлген кезде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинеттен" өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.
Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен шағым тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетудiң ерекшелiктерiн ескере отырып, қойылатын өзге талаптар
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
13. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн орындардың мекенжайлары Министрлiктiң www.mks.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған.
14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi электрондық цифрлық қолы болған жағдайда, электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкiндiгi бар.
15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi жөнiндегi ақпаратты порталдың "жеке кабинетi" арқылы, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде алуға мүмкiндiгi бар.
16. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.mks.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде көрсетiлген. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру" мемлекеттiк көрсетiлген қызмет стандартына қосымша |
Нысан
________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қала мен
_____________________________________
астананың жергілікті атқарушы органы)
_____________________________________
_____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
немесе заңды тұлғаның атауы)
ӨТІНІШ
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беруіңізді сұраймыз
1) _________________________________________________________________
2) _________________________________________________________________
(атауы, сипаттама, саны)
Әкету мақсаты: _____________________________________________________
(орналасқан жері және елдің атауы)
____________________________________________________________________
Өтініш берушінің деректері: ________________________________________
(туылған күні, азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің №,
____________________________________________________________________
оның берілген күні, тұратын жері, байланыс телефондары немесе заңды тұлғаның деректемелері)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
"Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартымен көзделген ақпараттық жүйелердегi мемлекет қорғайтын құпия болып табылатын ақпараттарды пайдалануға келiсiм беремiн.
Өтініш берушінің қолы _________ Күні ___________
Мөр үшін орны (заңды тұлға үшін) |
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығына 5-қосымша |
"Жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргiзуге келiсiм беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. 5-қосымша алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.