"Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 ақпанда № 13186 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 188 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.06.2020 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.03.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 17 қарашадағы Заңының 1-бабы 25-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11238 болып тіркелген, 2015 жылы 24 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген "Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының:

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде:

      тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру (бұдан әрi – лицензия) – 15 (он бес) жұмыс күнi;

      қайта ресiмделген лицензияны беру – 3 (үш) жұмыс күнi.

      Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;";

      8-тармақтың 2) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесi – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.";

      9-тармақтың:

      2) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Мемлекеттік корпорацияға:";

      3) тармақшаның жетінші, сегізінші, тоғызыншы бөліктері мынандай редакцияда жазылсын:

      "Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін алып, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға кері қайтарады және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қолхат негізінде (немесе сенiмді өкілі: құжат бойынша өкілеттілік берілген заңды тұлға; нотариалды рәсімделген куәлігі бойынша жеке тұлға) береді.

      Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет нәтижесін бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік қызметті көрсетудің дайын нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.";

      10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.";

      3 бөлім атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      11-тармақтың:

      бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік корпорация қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация филиалының, бөлімінің басшысының атына www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлары мен телефондары арқылы беріледі.

      Мемлекеттік корпорациясына қолма-қол және пошта арқылы түскен шағымы қабылданғанын растау оның тіркелгені (шағымның екінші нұсқасында немесе қосымша ұсыныс хатқа мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні енгізілуі) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорация мекенжайына келіп түскен шағымы оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауабы көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорация кеңсесінде қолма-қол беріледі.";

      сегізінші бөлік алып тасталсын;

      4 бөлім атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң, оның iшiнде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшелiктерiн ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар"

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Организм функцияларының тұрақтылығы бұзылған, толық және ішінара қабілетінен немесе өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен жүруді жүзеге асыру, бағдарлау мүмкіндігінен айырылған қызметті алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгініп, тұрғылықты жеріне шығумен Мемлекеттік корпорация қызметкерлері жүргізеді.";

      14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Мемлекеттік корпорацияның – www.con.gov.kz интернет-ресурсында;";

      6-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгiленген тәртiпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды;

      3) осы бұйрықты ресми жариялануынан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылдың 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

Қазақстан Республикасының


Мәдениет және спорт


министрі

А. Мұхамедиұлы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрінің

      міндетін атқарушы

      ______________ Ж. Қасымбек

      2016 жылғы 27 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Е. Досаев

      2016 жылғы 2 ақпан



  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2016 жылғы 25 қаңтардағы
№ 12 бұйрығына
қосымша
  "Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі
археологиялық және (немесе)
ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге
асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру"
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына
6-қосымша

      Нысан

      _________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),

      көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы)

      __________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) "Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың атауы:

      1) _______________________________;

      2) _______________________________;

      3) _______________________________.

      ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Қызметкер: _________________________________________ ________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

      Орындаушы: _________________________________________ ________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

      Телефоны: ____________________

      Алды: ______________________________________________ _______________

      (көрсетілетін қызметті алушының (қолы)

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      20__ жылғы "___" _________